ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР және даму министРлігінің бұйРығы



жүктеу 2.78 Mb.

бет1/29
Дата14.09.2017
өлшемі2.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

22 ТАМЫЗ 2017 жЫл

13

РЕСМИ


ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР

және даму министРлігінің бұйРығы

2017 жылғы 30 маусым             №412          Астана қаласы



«тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың 

үлгілік нысанын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 

2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер 

енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 

50-бабының 2-тармағына сәйкес 

бұйырамын:

1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту тура-

лы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 

бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 тіркелген, 

2016 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай 

өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың 

үлгілік нысанында:

2-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;

9-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Шартты жергілікті атқарушы органда есепке қойғаннан кейін Шарттың есеп жазбасы 

туралы үзіндіні, осы Шарттың 40-тармағында Үлескер көрсеткен мекенжай бойынша, поштамен 

жіберу арқылы немесе жеке қолына қолхат табыстау арқылы Үлескерге беру;

7)  Шартта  белгіленген  мерзімде  тұрғын  үй  ғимаратын  салуды,  оны  пайдалануға 

қабылдауды, Үлескерге тұрғын үй ғимаратындағы үлесін беруді қамтамасыз етуге;»;

11-тармақтың  6)  тармақшасына  орыс  тілінде  өзгеріс  енгізіледі,  мемлекеттік  тіліндегі 

мәтіні өзгермейді;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Шарт бірдей заңдық күші бар үш данада қазақ және орыс тілдерінде жасалды.».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті: 

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ 

және  орыс  тілдеріндегі  қағаз  тасығыштағы  және  электрондық  нысандағы  көшірмелерін 

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми 

жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін 

мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ин-

тернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін  он  жұмыс  күні  ішінде  осы  тармақтың  1),  2),  3)  және  4)  тармақшаларына  сәйкес  іс-

шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және 

даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. ҚАСЫМБЕК

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 та-

мызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №15414 

болып енгізілді.

ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР

және даму министРлігінің бұйРығы

2017 жылғы 30 маусым              №417          Астана қаласы



«кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау 

туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және 

даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйырамын: 

1. «Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы 

Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 ақпандағы № 372 бұйрығына (Қазақстан 

Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11235 болып 

тіркелген, 2015 жылы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 

мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi осы бұйрыққа 

қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер 

қойнауын пайдалану комитеті: 

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ 

және  орыс  тілдеріндегі  қағаз  тасығыштағы  және  электрондық  нысандағы  көшірмелерін 

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми 

жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін 

мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ин-

тернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін  он  жұмыс  күні  ішінде  осы  тармақтың  1),  2),  3)  және  4)  тармақшаларына  сәйкес  іс-

шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және 

даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. ҚАСЫМБЕК

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының 

Ұлттық экономика министрі 

_____________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 11 шілде 

ҚазаҚстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2017 жылғы 17 тамыз             №490            Астана, Үкімет Үйі



«мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру 

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №266 қаулысына 

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі 



қаулы етеді: 

1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №266 қаулысына 

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №11, 122-құжат) мынадай өзгерістер 

енгізілсін: 

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: 

«Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасының  мәдениет 

саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы»; 

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1.  Қоса  беріліп  отырған  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  – 

Елбасының  мәдениет  саласындағы  мемлекеттік  стипендиясын  беру  қағидалары 

бекітілсін.». 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі. 



Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР 

және даму министРлігінің бұйРығы

2017 жылғы 27 маусым                №399             Астана қаласы



«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында 

бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар 

және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 

50-бабының 2- тармағына сәйкес 

бұйырамын:

1.  «Қазақстан  Республикасының  азаматтық  авиациясында  бортсеріктердің  жұмысын 

ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму 

министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  11063  болып  тіркелген,  «Әділет»  ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында 

бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бортсеріктердің бастапқы дайындығы авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кәсіптік деңгейін қолдау мақсатында бортсерік – нұсқаушылар, бортсерік – емтихан-

шылар үш жылда бір рет азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында біліктілікті 

арттыру курстарынан өтеді. »;

11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11.  Бортсеріктерге  Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің 

2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  15325  болып  тіркелген)  Қазақстан  Республикасының 

азаматтық  авиациясындағы  медициналық  куәландыру  және  қарау  қағидаларына  сәйкес 

берілетін медициналық қорытынды болған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 

министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген 

жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларына (Нормативтік 

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген) сәйкес нысан бой-

ынша жеке медициналық кітапша болған жағдайда ұшуға рұқсат беріледі»; 

12- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бортсеріктерді қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу Заңның 76-бабының 5-тармағына 

сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде 

әуе бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес олар азаматтық 

авиацияның авиациялық оқу орталықтарында қажетті даярлаудан өткенен кейін жүзеге асы-

рылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Бортсерікке үш үлгіден аспайтын әуе кемелерінде ұшуға рұқсат беріледі. Егер ӘК 

екі  үлгісінде  авариялық-құтқару  жабдықтары,  ӘК  үлгісін  есепке  ала  отырып  стандарттық 

және авариялық рәсімдері ұқсас, сондай-ақ ӘК үлгісін есепке ала отырып стандарттық және 

авариялық рәсімдері бірдей жағдайда әуе кемесінің үлгісін ескермей отырып, төртінші әуе 

кеме үлгісінде ұшуды орындауға уәкілетті орган рұқсат береді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Пайдаланушы бортсеріктердің ұшудағы практикалық жұмысын тексеруді мынадай 

мақсатта уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша ұйымдастырады және жүргізеді:

1) әуе кемесінің бортындағы дербес жұмысқа рұқсат алу;

2) алты айдан он екі айға дейін ұшу қызметіндегі үзілістен кейін әуе кемесінің бортындағы 

жұмысқа рұқсат алу;

3) әуе кемесінің бортында бip жылдан астам және бес жылға дейін ұшу кызметіндегі 

үзілістен кейін жұмысқа рұқсат алу;

4) әуе кемесінің бортында бес жылдан астам ұшу кызметіндегі үзілістен кейін жұмысқа 

рұқсат алу;

5) мамандығы бойынша біліктілігін айқындау немесе растау. »;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Практикалық жұмысты тексеру нәтижелері ұшу кітапшасына енгізіледі және:

1) бортсеріктер үшін (бортсерігі, аға бортсерігі, бортсерік – инструктор біліктілік сыныбына 

қарамастан) бір жыл ішінде;

2) әуе кемесінің жаңа типіне қайта даярлаудан кейін дербес жұмыстың бірінші жылы ішінде 

бортсеріктер үшін үш ай ішінде жарамды болып табылады.»;

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация 

комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте: 

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ 

және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы 

нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін 

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін 

мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ин-

тернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін  он  жұмыс  күні  ішінде  осы  тармақтың  1),  2),  3)  және  4)  тармақшаларына  сәйкес  іс-

шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және 

даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі. 

 Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар және даму министрі Ж. ҚАСЫМБЕК 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының  

Денсаулық сақтау министрі 

___________Е. Биртанов

2017 жылғы 10 шілде

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 та-

мызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №15444 

болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 

30 маусымдағы №417 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 

31 наурыздағы № 372 бұйрығына қосымша

Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi

1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі 

бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, 

тамақ өнеркәсiбi үшін әктас.

2. Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы.

3. Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пем-

залар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), 

ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, 

саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алев-

ролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары 

(трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан 

кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа 

құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 та-

мызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №15465 

болып енгізілді.

ҚазаҚстан Республикасы 

білім және ғылым министРлігінің бұйРығы

2015 жылғы 15 маусым           № 384          Астана қаласы



техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары 

бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін 

оқу бағдарламаларын бекіту туралы

(Жалғасы. Басы 2016 ж. 167, 169, 172, 174, 176, 178, 181, 183, 186, 188, 191, 193, 

201, 203, 206, 208, 211, 213, 216,221, 2017 ж. 59, 61, 66, 69, 79, 85, 91, 96, 103, 106, 

118,126, 130, 132, 137, 140, 152, 155, 157-нөмірлерде)

АП. 00

Арнайы пәндер

467 275 142 50 2,3

АП. 01


Еңбекті қорғау және өнеркәсіп 

экологиясының негіздері

+

+

60



50

10

2



АП. 02

Химиялық-технологиялық 

процестерді моделдеу негіздері

+

36



36

2

АП. 03



Биохимиялық өндірістің технологи-

ясы мен жабдықтары

+ + + + 200 140 30

30 2,3


АП. 04

Өндірісті техникалық талдау және 

бақылау

+

99



9

90

3



АП. 05

Өндірісті ұйымдастыру және жос-

парлау

+ + + + 72



40

12

20 2,3



БҰАП. 00 Білім беру ұйымы анықтайтын 

пәндер*

42-


468*

ӨО және 

КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік 

практика

1728

ӨО. 00

Өндірістік оқыту

414

ӨО. 01


Танысу практикасы

72

ӨО. 02



Зертханалық жұмыстар техникасы

90

ӨО. 03



Слесарлық практика

72

ӨО. 04



Биохимиядан зертханалық прак-

тикум


108

ӨО. 05


Арнайы технология практикумы

72

КП. 00



Кәсіптік практика

1314

КП. 01


Бастапқы кәсіптік дағдылар 

қалыптастыру практикасы

288

КП. 02


Өндірістік технологиялық практика

504


КП. 03

Диплом алды практикасы, соның 

ішінде дипломдық жобаны 

орындау


522

АА. 00

Аралық аттестаттау 

144

ҚА. 00

Қорытынды аттестаттау:

72

ҚА. 01


Қорытынды аттестаттау**

60

ҚА. 02



(КДДБ)

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау 

және біліктілікті беру

12

Міндетті оқытудың 



қорытындысы

4320

К

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан артық емес

Ф

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан артық емес

Барлығы:

4960

Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - 

әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП 

– жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – 

өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестат-

тау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру; К – консультациялар; 

Ф – факультативтік сабақтар.

ТжКБ-ның МЖМБС-на сәйкес пәндердің тізімі үлгілік оқу жоспарында орындауға міндетті 

болып табылады. Бақылау нысандары (курстық (жоба) жұмыс, бақылау жұмысы, емтихан, 

сынақ), пәнді оқыту тәртібі үлгі болып табылады және оқыту нысанына, мамандықтардың 

ерекшеліктеріне, жергілікті және басқа да жағдайларға (жайлар) қарай, оның ішінде жұмыс 

берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

*Білім беру ұйымы анықтайтын пәндерге арналған сағат көлемі жалпы кәсіптік және арнайы 

пәндер циклдарының сағат көлемін (25% дейін) қысқарту есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

**Ұсынылатын қорытынды аттестаттау түрлері: дипломдық жобаны қорғау.

Оқу-өндірістік  жабдықтар  және  техникалық  оқыту  құралдарының  тізімі  шамамен  тиісті 

мамандықтың пәндері бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнына қарай анықталады. 

Нақты  оқу  орнын  жабдықтау  үшін  оқу-өндірістік  жабдықтар  және  техникалық  оқыту 

құралдарының тізіміжұмыс оқу бағдарламаларын есепке ала отырып, кадрлар даярланатын 

серіктес кәсіпорынмен бірлесіп анықталады. Бұл ретте саланың даму келешектерін есеп-

ке алғанда, IT-технологиялар, 3D-технологиялар, АКТ, қашықтықтық, модульдік, дуалдық, 

кредиттік оқытуды ескеру ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы

№ 384 бұйрығына 156-қосымша 

Үлгілік оқу жоспары 

техникалық және кәсіптік білім



Білім коды және бейіні: 0800000 – Мұнай газ және химия өндірісі

Мамандығы: 0818000 – Химиялық өндірістің технологиясы (бейін бойынша)

Біліктілігі: 081801 3 – Техник-технолог

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай

негізгі орта білім базасында



Циклдер 

және 

пәндер-

дің 

индексі

Циклдер

және

пәндердің

атаулары

Бақылау 

нысаны

Оқу уақытының 

көлемі (сағ.)

Курстар бойынша бөлу

емтихан

сынақ

бақылау жұмысы

курстық жоба (жұмыс)

Барлығ

ы

оның ішінде:

теориялық сабақтар

практикалық (зертхана-

лық-практикалық сабақтар)

курстық жоба (жұмыс)

1

2



3 4 5 6

7

8



9

10

11



ЖБП. 00 Жалпы білім беретін пәндер

1448

1,2

ЖГП. 00 Жалпы гуманитарлық пәндер 

(кәсіптік қазақ (орыс) тілі, кәсіптік 

шетел тілі, дене тәрбиесі)

376

2,3,4

ӘЭП. 00 Әлеуметтік-экономикалық 

пәндер (мәдениеттану, филосо-

фия негіздері, экономика негіздері, 

әлеуметтану және саясаттану 

негіздері, құқық негіздері)



180

1,2,3

ЖКП. 00 Жалпы кәсіптік пәндер

1091 606 455 30 1,2,3,4

ЖКП. 01 Мемлекеттік тілде іс қағаздарын 

жүргізу

+

36



36

4

ЖКП. 02 Сызу



+ +

104


104

1,2


ЖКП. 03 Техникалық механика негіздері

+ +


92

62

30



2

ЖКП. 04 Электрониканың негіздерімен 

электротехника

+ +


64

44

20



2

ЖКП. 05 Физикалық және коллоидтық химия + + +

131 107 24

2,3


ЖКП. 06 Аналитикалық химия

+

+



112 22

90

2



ЖКП. 07 Органикалық химия

+ + +


108 70

38

2



ЖКП. 08 Химия өнеркәсібінің процестері 

мен аппараттары

+ + + + 152 86

36

30 2,3



ЖКП. 09 Жалпы химиялық технология

+ +


70

60

10



3

ЖКП. 10 Конструкциялық материалдар

+

45

39



6

2

ЖКП. 11 Химиялық өндірістің 



технологиялық процестерін авто-

маттандыру негіздері

+ +

60

50



10

3

ЖКП. 12 Стандарттау, метрология және 



өнім сапасын басқару негіздері

+

36



30

6

3



ЖКП. 13 Қолданбалы информатика

+

45



45

2

ЖКП. 14 Менеджмент негіздері



+

36

36



3



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал