Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/15
Дата09.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
БАҚРАДЕНОВА АЛТЫН 
 
 
 
 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
АУЫЗША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2012 

 

УДК 372.881.1 
ББКК 74.261.3 
Б 21 
 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтының ғылыми  
кеңесінің шешімімен оқу құралы ретінде ұсынылды. 
 
 
 
 
 
 
Пікір білдіргендер: 
Жұмабекова Ф.Н.– педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор 
                         (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) 
Кененбаева М.А.– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
                         (Павлодар мемлекеттік пединституты) 
 
 
 
 
Б  21    Бақраденова  А.Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  дамыту. 
Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. - 153 бет. 
 
ISBN 9965-652-40-6 
 
 
 
Бұл  оқу-әдістемелік  құралында  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі  берілген.  Өзге  ұлт  балаларының  мемлекеттік  тілді  екінші  тіл  ретінде  үйрене 
білуіне  және  орыстілді  ортада  тәрбиеленген  баланың  қазақша  сөйлеу  тілін  қалыптастыруға 
арналған  теориялық  бөлім  мазмұны,  балабақшада  өткізілетін  қазақ  тілі  сабақтарын 
жинақтаған  практикалық  бөлімі  бүгінгі  технология  талаптарына  сәйкестендірілген.  Құрал 
мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде,  тәрбиешілер  дайындайтын  колледждер  мен 
пединституттарға,  балабақшадағы  қазақ  тілі  мұғалімдеріне,  тәрбиешілеріне,  ата-аналар 
қауымына арналған. 
 
 
ISBN 9965-652-40-6 
 
 
УДК 372.881.1 
ББКК 74.261.3 
 
 
 
 
 
 
 
© Бақраденова А.Б., 2012 
© ПМПИ, 2012 

 

АЛҒЫ СӨЗ 
 
Білім  берудің  барлық  салаларында  мұғалімдер  мен  тәрбиешінің  кәсіби 
шеберліктеріне жаңаша көзқарастар туындап отыр. Ұрпақтың болашағы бүгінгі 
оқу  мен  тәрбиені  жеке  тұлғалық  сипатта  дамытуымызға  байланысты.  Осыған 
орай  балалар  бақшасынан  бастап  тіл  сабақтарын  дұрыс  ұйымдастырып, 
баланың  мемлекеттік  тілге  бүлдіршін  шағынан  дұрыс  оқытудың  қажеттілігі 
айқындалды.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  қазақ  тіліне  үйрету  республика 
балабақшаларының  барлық  түрлерінде  –  ұлты  басқа  тілді  балаларды 
тәрбиелейтін  балбақшаларда  да,  қазақ  балабақшаларында  да,  әсіресе  аралас 
балабақшаларда  да  –  міндетті  мемлекеттік  іс  болып  отыр.  Мемлекеттік  тілге 
үйретудің  басты  мақсаты  –  баланың  қазақ  тілінде  ауызекі  сөйлеу  тілін 
қалыптастыру.  Бұл  мақсатқа  жеткізу  3-4  жастағы  балаларға  жеңіл  сабақтар 
үстінде  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасқа  түсетіндей  сөз  қоры  мен 
қарапайым  грамматикалық  құрылымды  тілдесімге  жаттықтырудан  басталып 
[1], 5-7 жас аралығындағы балаларға қазақша байланыстырып сөйлеуге үйрету 
жүйелі  түрде  ұйымдастырылатын  қазақ  тілі  сабақтарында  [2],  арнайы  оқыту 
әдістері арқылы жүзеге асырылады. 
Балабақшадағы  бүгінгі  қазақ  тілі  мамандарының  қазақ  тілін  оқытуға 
арналған әдістемелік білім қорлары жоқ. Әр түрлі саладан келген мұғалімдер өз 
жұмыстарын осы саладағы еңбегі барысында қалыптасқан кәсіби шеберлігі мен 
өз  тәжірибелерінен  түрлі  дидактикалық  материалдарды  жинақтауы  арқасында 
ғана  жүргізіп  келеді.  Осы  қажеттіліктің  орнын  толтыру  мақсатымен  арнайы 
жазылып  отырған  бұл  оқу  құралында  бүлдіршіндердің  қазақша  сөйлеу  тілін 
қалыптастырып  дамытуға  қажетті  әдістемелік  нұсқаулар  мен  модуль  арқылы 
жіктелген тақырыптар бойынша сабақ үлгілері беріліп отыр. 
Құрал  1992  жылы  «Рауан»  баспасынан  «Орыс  тілінде  жұмыс  істейтін 
балабақшада  қазақ  тілін  оқыту  методикасы»  атты  балабақша  тәрбиешілеріне 
және  педагогикалық  институттардың,  педучилищелердің  мектепке  дейінгі 
балалар  мекемелеріне  тәрбиешілер  даярлайтын  бөлімдеріне  арналып,  
ҚР  Халыққа  білім  беру  министрлігі  рұқсатымен  5000  дана  көлемінде 
шығарылған  алғашқы  оқу  құралының  (авторлары  А.  Бақраденова,  Б. 
Баймұратова)  [3],  2001,  2005  жылдары  «Изучаем  казахский  язык»  деген 
аталыммен 6-7 жастағы балаларға арналған, 5-6 жастағы ересек топқа лайықты 
деп  ұсынылған  «Күншуақ»  атты  «Алматы-кітап»  баспасынан  жарық  көрген 
әдістемелік  оқулық  нұсқаулары  [4],  авторларының  (Б.  Баймұратова,  З.  Д. 
Еденбаева)  ұсынған  бағдарламалары  мен  сабақ  жоспарлары,  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  [5],  Тіл  туралы  Заңдары  [6]  және 
Мемлекеттік  жалпы  міндетті  5-тен  6-жасқа  дейінгі  мектепалды  дайындық 
жастағы балабақша стандарты [7] негізінде жазылды.  
Он  бес  жылға  таяу  іс-тәжірибе  көрсеткендей,  орыс  тілінде  тәрбиеленген 
бала сөздігін қалыптастыру мен сөйлеуге үйретуде ойын-жаттығулар мен сурет, 
көрнекі құралдарды қарастыру аздық етеді. Жекелей бағдар мен дамыта оқыту 
бағдарламаларының  маңызы  мектепте  ерекше  көрініс  беріп  отырған  тұста 
мектепалды  кезеңіндегі  бүлдіршіндерге  талаптар  жаңаша  қойылуда.  Бірінші 

 

сыныпқа баратын бала терең ойлай алатын, қазақ тілінде қойылған қарапайым 
сұрақты  түсініп,  жауап  бере  алатындай,  өз  атынан  3-4  сөйлемнен  тұратын 
монолог сөз құрастыра алатындай болуы қажет. 
Мемлекеттік  тілде  сөйлеу  республикамыздың  әр  азаматына  міндетті 
болып  тұрған  кезеңде  кәсіптік  білім  беретін  колледждер  мен  жоғары  оқу 
орындарында  балабақшаға  қазақ  тілі  мамандарын  даярлайтын  курстар  мен 
бөлімдер  әлі  де  ашылмай  отыр.  Сондықтан  бұл  балабақша  мен  мектептегі 
балаларды 6 жастан оқытуда бірден-бір қажетті құрал болмақ. Оқу құралының 
әдістемелік  бөлімінде  теориялық-әдістемелік  нұсқаулар  мынадай  жүйеде 
беріліп отыр: 
- Балалардың қазақ тілінде сөздік қорын байыту; 
- Бала сөзінің дыбыстық жағын тәрбиелеу; 
- Қарапайым грамматика элементтеріне үйрету;  
- Балаларды қазақ тілінде байланыстырып  сөйлеу дағдыларына баулу; 
- Көркем мәтіндермен таныстыру (тақпақ жаттау, мәтін бойынша  
  әңгімелету), қазақ тілінде сөйлеу интонациясына жаттықтыру.  
Аталған  теориялық  мәселелерді  оқып-біліп  қарастырып  алғаннан  соң, 
балабақша  тәрбиешісі  мен  қазақ  тілі  мұғалімі  оқулықтың  екінші  бөлімінде 
жинақталған сабақ үлгілеріндегі  жаттығуларды үйде де,  топтарда,  сыныпта да 
жұмыс  дәптерлерінде  орындатып,  балаларды  дағдыландырғандары  жөн.  Қазақ 
тілін  алғаш  рет  үйреніп  келе  жатқан  баланың  логикалық  және  салыстыра-
ұқсастыра талдау дағдыларын жаттықтыру арқылы ойлауы дамытылады. Сабақ 
барысындағы  танымдық  әрекеттер  арқылы  бала  бұрын  айта  алмайтын  сөз 
формалары  мен  айналасындағы  заттардың  атын,  түрін-түсін,  мәнін  қазақ 
тілінде  танып,  атай  бастайды.  Балалар  жеке  тұрғандағы  атауларды  сөз 
тіркесінде,  тілдік  қатысымда  қолданатын  болады.  Осылайша  баланың  қазақ 
тілінде  байланыстырып  сөйлеу  қабілеттері  қалыптасады.  Фонематикалық 
қабылдаулары  мен  сөз,  мәтін  ішінен  өздері  білуге,  дұрыс  айтуға  тиісті 
дыбыстарды,  сөздерді  дұрыс  болжап,  айтылуын  жаттықтыру  жұмыстары 
жүргізіледі.  Дұрыс  қабылдап,  дұрыс  үйренуде  міндетті  дағдылардың  бірі  – 
баланың  өзін-өзі  бақылауы.  Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  бала  алдына 
«Мен  бүгін  қандай  сөз  үйрендім,  не  жаттадым?»,  «Қалай  үйрендім?»,  «Енді 
нені  біліп,  нені  үйренуім  керек?»  деген  сұрақтармен  талаптар  қойса,  мақсатқа 
жететіндігі баланың есіне ұдайы салынып отырғаны жөн. 
Жаңа  технология–тілді  үйренуге  жаңа  қарқын  беру,  әр  баланың 
сұранысын  қамтамасыз  ету.  Еске  ұстайтын  жайт:  қазіргі  орыс-қазақ  тілді 
балабақшаның  қай  тобында  да  тілді  мүлде  білмейтін,  аздап  түсінетін  және 
жақсы  меңгеріп  келе  жатқан  балалар  қатарынан  жүр.  Тілді  тиімді  деңгейде 
оқытудың  жолы  балалардың  тілдік  деңгейлерін  анықтағаннан  кейін,  олардың 
сұраныстары  мен  қызығушылықтарына  қарай  тапсырмаларды  жұптап,  топтап, 
жекелей-даралап  лайықтап  беру.  «Күншуақ»  бағдарламасы  бойынша  берілген 
тілдік материалдар орыстілді балаларға арналғанмен, олардың қабылдауларына  
қиындық  туғызады.  Балабақшада  қазақ  тілін  аздап  түсінетін  және  жақсы 
меңгеру  қабілеттері  бар  балалар  бөлек  оқытылса,  бұл  оқу  құралындағы  сабақ 
үлгілері тиімді екені байқалады. Ал тілді мүлде білмейтін басқа ұлт балаларына 

 

және  үйде  ана  тілінде  сөйлемейтін  қазақ  отбасы  балаларына  лайықтап,  сөздік 
қорды  қалыптастыруда  тірек-сызбаларды  практика  жүзінде  қолдану  тиімді 
екені  дәлелденді.  2010  жылы  мемлекеттік  тілді  дамыту  президенттік  қоры 
жанында  өткізілген  «Мектепке  дейінгі  мекемелерде  қазақ  тілін  оқытудың 
таңдаулы  әдістемесі»  байқауының  жүлдегері  біздің  облысымыздан  танылып 
отырғаны–  ізденіс  нәтижесі.  Тәжірибеде  қолданылып  келген  бірнеше 
бағдарламалар  мен  көпшілік  назарына  іліккен  сабақ  жазбаларын  салғастыра 
келе,  Павлодар  қаласының  №116  балабақшасының  қазақ  тілі  мұғалімі, 
президенттік  қордың    жеңімпазы  Кәрімова    Айгерімнің  жинақтауымен  қазақ 
тілі  сабақтарының  үлгілері  осы  әдістемелік  оқу  құралына  енгізілді.  Бұл 
сабақтар  алғаш  шыққан  оқу  құралындағы  («Орыс  тілінде  жұмыс  істейтін 
балабақшада  қазақ  тілін  оқыту  методикасы»  авторлары:  А.Б.  Бақраденова,  Б. 
Баймұратова) сабақ мазмұнын сақтай отырып, жаңа технологиялар талаптарына 
сәйкестендіріле  құрастырылған.  Әр  сабақта  берілген  жаңа  сөздіктер  де, 
қайталау,  бекіту  жаттығулары  да,  грамматикалық  тапсырмалар  да  балаларды 
ойлауға, ойнап отырып тілдік материалдарды жүйелі қабылдауға және баланың 
қазақша сөйлеу тілінің қалыптасуына негіз бола алады. 
6-7 
жастағыларға  арналған  тақырыптардың  жүйесі,  Қазақстан 
Республикасы  Мемлекеттік  білім  беру  тұжырымдамасына  [8]  толық  жауап 
береді. Жас бүлдіршіндерді туған тілі мен мемлекеттік мәртебедегі екінші тілге 
құрмет,  ізгілік  танытуға  тәрбиелейтін  мәтіндік  материалдары  қызғылықты, 
тартымды  алынған.  Тіл  сындыратын  өлеңдер,  мәнмәтіндік  сөз  тіркестері  мен 
сөйлем  түрлері  «жеңілден  –  ауырға»  ұстанымы  бойынша  жүйеленген.  Бұл 
сабақтардың  тиімділігі  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ойлап  барып  сөйлеуге 
әрекеттенуін,  құр  ауызша  болғаннан  гөрі  бірнеше  белгі-штрихтармен  белгілеп 
отырып  сөздерді,  тіркестерді  тез  жаттауға  машықтануы  жүзеге  асырылуында. 
Тәжірибелі  маман  1992  жылы  шығарылған  оқу  құралы  мазмұнын  сақтай 
отырып,  жүйесін  жетілдіріп,  интегративті  оқыту  әдісімен  бағдарламалық 
материалдарды  толық  қабылдата  алды.  Еске  сақтау,  көру  және  әрекет  ету, 
қимылдау,  не  әрекетті  бір  белгі-суретпен,  тірек-сызбалармен  таңбалап  беру 
тиімді болып шықты. Қазіргі педагогикада креативті ойлауға итермелейтін бұл 
әдістің тәсілі балабақшада осы нұсқада қалыптасып отыр. Жазу сауаты дамыған 
мектеп  баласы  сызбаға  ойындағысын  жазып  орналастыру  дағдысына  тез 
жаттықса,  балабақша  баласы  суретін  салу,  не  кейбір  сөздерді  штрих-
таңбалармен  белгілеу  әдісімен  сөйлеуді  жеделдете  алады.  Ойын,  сызба, 
штрихтармен еске сақталғанды еске түсіруде осы дағдыланған таңбалар ересек 
балалар  тобында  қойылғын  сұраққа  жедел  жауап  беруге  итермелейді.  Ал 
мектепке  даярлық  топта  көрнекі  модельдер  арқылы  балалар  сөз  тіркестерін, 
сөйлемдер  құрастырады.  Түрлі  заттық  таңбаларды  (жанды-жансыз,  ұшатын-
ұшпайтын,  жүретін-жүрмейтін)  аңғарып  үйренген  бала  сызбаларды  дыбыстар 
мен  сөздерге  толықтыру  арқылы  қазақ  тілінің  буын  сандарын,  әріптің  сөздегі 
орындарын дәл табуға жаттығады. 
Соңғы  жылдары  балалардың  сөйлеу  деңгейлерінің  орыс  тілінде  дамуы 
ерекше  байқалуда.  Бұл,  біріншіден,  қазақ  отбасыларының  қалада  көп 
шоғырлануына  байланысты,  екіншіден,  өзге  ұлт  баласына  бағдарламалық 

 

оқытудың  тығыздап  берілуінен  («Изучаем  казахский  язык»–соңғы  жылдары 
таратылып  жүрген  оқу  әдістемелік  кешен,  «Күншуақ»  бағдарламасы)  деуге 
болады.  Бұл  факторлар  балалардың  қазақша  сөйлеу  деңгейлерінің  әркелкі 
қалыптасып  дамуына  тікелей  әсер  етеді.  Тілдің  жақсы  дамуы  –  мектепалды 
дайындықтың  негізгі  көрсеткіші.  Баланы  мектепке  жақсы  дайындау,  сауатын 
ашудың  негізін  дұрыс  қалау  тілді  ауызша  дамыту  үдерісінің  сапасына 
байланысты.  Сонымен,  баланың  қазақша  сөйлеу  тілін  дамытуға:  біріншіден, 
сөйлеу  үлгілерін  беретін  тілдік  орта  (балабақшада  тәрбиеші  мен  қазақ  тілі 
мұғалімі,  қала  берді  балабақшаның  барлық  қызметкерлері);  екіншіден,  тілді 
үйретуші  мен  үйренушінің  тілдік  белсенділігі;  үшіншіден,  балалардың 
әрқайсысының  отбасында  қалыптанған  тілдік  тәжірибесі  қажет  екендігіне  көз 
жеткізіліп отыр. 
Отбасындағы үлкендер мен балалардың, балабақшадағы бүлдіршіндердің 
өзара  сөйлесуі  және  тәрбиеші-мұғаліммен  тілдік  әрекетке  түсуі  тілдік  орта 
болып  табылады.  Егер  де  бала  тіл  мәдениетін  және  әдістемесін  толық 
меңгерген  мұғалімдермен,  үлкендермен  және  өзі  араласатын  балалармен 
белсенді қарым – қатынас жасап, олармен әңгімелесіп отыратын болса, осындай 
тілдік  ортаның  тіл  дамытудағы  әсері  нәтижелі  бола  түседі.  Балалардың 
әңгімесіне  салғырт  қарау,  олармен  тілдескенде  айналасындағы  адамдардың 
дұрыс  сөйлемеуі  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жалпы  психикасы  мен 
тілінің  дамуына  кері  әсерін  тигізеді.  Ал  ата-аналар  мен  тәрбиешілердің 
балаларға  үлгі  болатындай  дұрыс  бейнелі  сөйлеуі  –балалар  тілінің  тез 
дамуының алғы шарты.  
Балалармен  оқып-талдайтын  әдеби  шығармаларды  іріктеуде  де  тілге 
қатысты  белгілі  бір  мақсаттар  (сөздік  қорды,  грамматикалық  формаларды,  сөз 
тіркестерін,  т.б.  қалыптастыру,  бекіту)  көзделеді.  Шығармалар  мазмұны 
негізінде балалардың ұлттық үдеріс өзара тұлғалық қарым-қатынас тәжірибесін 
байыта  түсетін  мағлұматтар  болуы  назарға  алынады.  Шығарма  мазмұны 
арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге  және 
не  үшін  сөйлеп  тұрғанын  түсініп,  өзінің  тілдік  тәжірибесін  жасауына  жағдай 
туғызып отыру қажет.  
Бүлдіршіннің  өзіндік  тілдік  тәжірибе  жинақтауына  нысан  ретінде  орыс 
тілінде  оқытып-тәрбиелейтін  топтарда  сурет  салғызу,  картина  қарастыру  
сәттері  де  алынады.  Байланыстырып  сөйлеу  барлық  сабақ  кезеңдерінде  де, 
сабақтан тыс кезеңдерде де дамытылуы көзделді. Ата-аналардың оларды дұрыс 
сөйлеуге  табиғи  тілдік  ортада  тәрбиелеуі  тілді  баланың  жауқазын  шағынан 
табиғи  сезінуіне  әкеледі.  Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  [9] 
көзделген мақсатқа орай–балаларға «өз ойларын және сезімдерін саналы түрде 
әрбір  тыңдаушы  мен  баға  берушіге  ұғынықты  болатындай,  олардың  ой  мен 
сезім-ықыластарын  көрсете  алатындай  жеткізуіне  жағдай  жасау»  қазақ  тілі 
сабақтарында  балалардың  тілді  қабылдау  шамаларына  қарата  орындалса,  ал 
үйде,  қазақ  балабақшаларында  тіл  дамыту  жұмыстарында  әрдайым  ескерілуі 
тиіс.  Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құрал  осы  аталған  талаптар 
тұрғысында жазылды.  
 

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК, ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

І ТАРАУ 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қазақ  халқының  сөйлеу  тілі  –  халық  өмірінің,  мінез-құлқының,  іс-
әрекетінің,  шаруашылығының  тұтқасы  іспеттес.  Ол  –  ең  алдымен  балаларды 
өздері  өсіп  келе  жатқан  ортасымен  жақындастыратын,  республикамыздың 
мемлекеттік  тіліне  қарай  есікті  айқара  ашатын  басты  құрал.  Қазақ  тілін  екінші 
тіл  ретінде  оқыту  күрделі  қарапайым  емес,  көп  ізденісті,  жан-жақты  білімді 
қажет ететін әрекет. Адам қоғамның ұзақ өмірінде пайда болған сөз байлығын, 
сөз мағынасын, тілдің дыбыстық, грамматикалық құбылыстарын бойына сақтап, 
коммуникативтік қызметінде көріне білген қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілін 
балабақшада  қазақ  тілін  оқытудың  басты  міндетіне  жатқызуымыз  –  жас  болса 
да, балалардың өздері күнделікті жүрген ортасындағы жергілікті тұрғындардың 
тілін түсінетін, тіпті сол тілде қарапайым формада сөйлесе алатын болсын деген 
тілектен  туған.  Мемлекеттік  тілді  үйретуге  ынта  білдіру  дұрыс,  бірақ 
балалармен  жұмыс  жасау  тілді  үйренетін  баланың  еске  сақтауының, 
қабылдауының  және  тіл  үйренуге  қызығушылығының  жақсы  болуына 
байланысты. Тілді үйретушінің бала шақтан қос тілділікке, көп тілділікке үйрету 
туралы  түсінігі  болмай,  балабақшада  сабақ  түрлері  мен  оны    ұйымдастыру 
талаптары  туралы  педагогикалық-психологиялық  арнайы  біліммен  қаруланбай 
жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес. 
Сөйлеу  тілінің  екі  түрі  барын  ескерсек,  балаларға  үйретілуге  тиістісі–
әдеби  емес,  қарапайым  сөйлеу  тілі.  Ауызекі  сөйлеудің  жеңіл  түрі  балалардың 
айналасындағылармен  сұрақ,  тілек  үлгісімен  сөйлесу  орайында  танылады. 
Әрине, отбасында қарапайым түрде қазақ тілінде сөйлеп өскен бала үшін қазақ 
тілін  балабақшада  жалғастыру  қиын  емес.  Ондай  бала  күнұзақ  балабақшада 
орыс тілінде сөйлеп, үйге келгенде қарапайым түрде қазақ тіліне көше алады. 
Біздің  республика  халықтарының  жағдайында  қос  тілді  араластырып 
сөйлейтін  отбасылар  көптеп  кездеседі.  Тіпті  аралас  некеден  туған  сәбилерде 
ғана  емес,  солтүстік  аймақтарда  қатарынан  екі-үш  тілді  отбасылары  да  бар. 
Сөздерді,  сөйлемдерді  сығымдап,  шолақ  қайыру  арқылы  айтып,  қысқартып 
сөйлейтін  ауызекі  сөйлеу  тілінің  қарапайым  түрі  осындай  отбасынан  шыққан 
балаларда  кездесе  береді.  Адамның  кей  сөзді,  сөз  тұлғаларын  «жұтып  қойып» 
сөйлеуі (барам, айтам) бетпе-бет қатыса сөйлесу кезінде жиі кездесіп отырады, 
ал  арнайы  оқытуда  балаларға  сөйлесу  үстіндегі  сөз  формаларының  
грамматикалық  нормада  құрылуын  қалыптастыратын  қазақ  тілі  мұғалімі 
екендігі белгілі.  
Балалық  шақта  екі  тілді  қатарынан  меңгеру  қандай  балабақшада  да  өз 
нәтижесін бере алады. Ана тілін жетік білмейтін қазақ балалары үшін олардың 
сөйлеу үлгілерін меңгеруі басты меже болса, ал тілді енді үйренушілер сөздерді 
қысқа  формасында  қабылдайды.  Өйткені  оның  сөздік  қорына  қазақ  сөздері 
бастапқыда  жеке,  ізінен  ана  тіліміздің  грамматикалық  құрылымдары  түрінде 
қысқа  қайырылатын  формада  беріледі,  басқа  ұлт  балаларына  қазақ  тілінің 

 

фонетикалық,  грамматикалық  заңдары  жайында  балабақша    жасынан  түсінік 
беру тіптен көзделмейді. 
 
1. Балалардың тілді қабылдау ерекшеліктері 
Арнайы  зерттеулер  екі  тілді  қатарынан  жастайынан  үйренген  баланың 
психикасында  ешқандай  тежелістер  болмайтындығын  дәлеледеп  отыр.  Қайта 
мұндай  жеткіншектердің  тіл  ерекшеліктерін  жақсы  аңғаратындықтары,  тіл 
қатынасына  ерекше  дайындықпен  жауапты  қарайтындықтары,  еске  сақтау, 
ойланып, дәл сөйлеуге қабілетті  келетіндіктері байқалды. Қос тілді отбасында 
бала  тілді  еркін  қабылдап  жаттығады,  ал  айналасындағылар  орыс  тілінде 
сөйлеп  тұрса,  балада  мемлекеттік  қазақ  тілін  үйренуіне  қажеттілік  болмайды. 
Сондықтан  қазақ  тіліне  үйрету  арнайы  оқыту  үдерісінде  баланың  ана  тілінде 
сөйлеу тілінің жақсы қалыптасқанынан кейін басталады. 
Сөйлеу тілінің әдеби түрі жазба әдеби тілінен қоректенеді. Ал балабақша 
балаларының  жазу  және  оқу  мүмкіндіктерінің  болмауы  себепті  сөйлеу  тілі 
қалай да біршама қарапайым формада, яғни қысқаша берілген сұраққа түсініп, 
жауап  беру  түрінде  болатындығы  балабақша  жасындағы  бала  тілінің  табиғи  
ерекшеліктері. 
Қазақ  тілі  тарихында  жазба  әдеби  тіл  жасалмай  тұрып-ақ,  ауызша  тіл 
қаншама  бай,  көркем,  шешен  тіл  болғаны  белгілі.  Беттесіп  сөйлеуде  бола 
беретін психологиялық күй, интонациялық, тағы да басқа сөз бедерлерін жазба 
әдебиетте  дәл  сол  қалпында  қағазға  түсіру  оңай  емес.  Бұл  жағынан  алғанда 
ауызекі  сөйлеу  тілінде  артықшылық  бар,  яғни  өз  ойын  жеткізуде  тілі  жетпей 
жатқан  бала  ым-ишаратпен,  іс-әрекетімен  айтайын  дегенін  қайтсе  де 
түсіндіруге  тырысады.  Шетел  зерттеушілерінің  пайымдауынша,  3  жаста 
баланың  екі  тілде  сөйлеуі  жиі  болмайтын  жағдай.  Кейбір  балабақшаларда 
оқытуды  3  жастан  бастап  жүргенмен,  әрі  осы  жаста  баланың  тілді  үйренуі 
жедел қарқында көрінгенімен, олар жекелеген сөздерді жатқа ғана білетін және 
ұғатын  болады.  Қазақ  тілін  дұрыс  тілдік  жүйесімен,  тиімді  дидактикалық 
материалдарымен,  баланың  тілді  қабылдау  қабілеттерін  есепке  ала  үйрету 
маңызды  болып  шығады.  Ана  тіліне  қосақтап  екінші  тілді  тиімсіз  жағдайда 
оқытуды  Ж.  Аймауытов  баланы  жайдақ  атқа  теріс  отырғызып  жібергенмен 
бірдей  екендігін  кезінде  тегін  айтпаған.  Екінші  тілдің  қабылдануында  еске 
ұстайтын  ұстанымдар  да  баршылық.  Солардың  ішінен  қазақ  тілін  оқытуға 
қонымдысын ескеруіміз керек. 
Заманымыздың  беделді  педагогы  әрі  психологы  Ш.А.  Амонашвили 
балаларды  екінші  тілде  ауызша  сөйлеуге  үйрету  әдістемесін  жасауда  үш 
ұстанымға  сүйенуді  дұрыс  деп  есептейді.  «Біріншіден,–дейді  ғалым,  - 
балалардың  бойында  басқа  тілді  үйренудің  ешқандай  қиындығы  жоқ  деген 
түсінікті  қалыптастыру  керек.  Үлкен  адамдар  орыс  тілінде  қате  жіберіп 
сөйлеуден  ұялады,  ал  менің  балаларымда  ондай  қорқыныш  болмауы  керек. 
Олар  тіпті  ыммен  немесе  ана  тіліндегі  сөздерді  қосып  сөйлесіп,  қателессе  де 
болады.  Ең  негізгісі–оларды  сол  тілде  бір-біріне  тіл  қатуға,  тілді  түсінуге 
бағыттау. Менің оларды орыс тілін меңгеру процесіне жасайтын басшылығым 

 
10 
тіпті  сезілмейтін  болады,  өйткені  мен  арнайы  түрде  ұйымдастырылатын 
сөйлесу, бір-біріне тіл қату ситуацияларына өзім араласып отырамын» [10]. 
Ш. А. Амонашвилидің тіл үйретуде ұстанған екінші ұстанымы – балалар 
бойына қысқа мерзім аралығында үйреніп отырған тілде бір-бірін түсінетіндей, 
тіпті  өзара  сөйлесе  алатындай  сезім-сенімдер  туғызу  ұстанымы.  Баланың  
күшіне,  өз  қабілетіне  деген  шынайы  сенімді  қалай  қалыптастыратындығы 
жайлы  психолог  ғалым  былай  деп  түсіндіреді:  «Бала  маған  ол  тілде  бір 
нәрселерді  айтпақ  болғанын  сезіп,  мен  оған  басымды  изеймін.  Егер  оларға 
ертегі немесе тақпақтар оқып отырсам, олардың мазмұнын сөздердің көмегімен 
ғана  емес,  экспрессияның  әсерімен  түсінікті  ете  түсуді  ойластырамын.  Жаңа 
сөздер мен сөз тіркестерін анық естілетіндей ашық дауыспен жеткіземін».  
Зерттеушінің  еңбегінде  ұсынатын  үшінші  басты  ұстанымы  –  балаларға 
тілді  тез  меңгерту  үшін  тілдік  қатынасқа  негізделген  ситуациялық  жағдайлар 
туғызу. «Бала тілді бөлшектеп үйренбеуі керек,–деп атап көрсетеді ғалым, – тіл 
әр  уақыт  бір  тұтастықта,  баю,  жетілу  тұрғысында  қабылдануы  тиіс.  Мұндай 
тұтас  қабылдауды  мен  «тілді  сезіну»  деп  атаймын.  Балалардың  өзге  тілді  өте 
жоғары  дәрежеде  қабылдауына  педагогпен  немесе  өзара  тілдік  қарым-
қатынасқа  түсіретін  жағдайлар,  сол  сияқты  ерекше  ұйымдастырылған  тілдік 
әрекеттер қатты әсерін тигізеді». 
Сонымен,  республикамыздың  орыс  тілінде  оқытып,  тәрбиелейтін 
балабақшалардағы бүлдіршіндерді мемлекеттік тілге үйрету ісінде басты орын 
олардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға берілуі керек. Балалардың 
бірнеше  көркем  шығармаларды,  сөйлем  құрылымдарын  жатқа  білуі  оның  сол 
тілде  сөйлеуінің  көрінісі  бола  алмайды.  Сөз  қорын  дамыту,  грамматикалық 
дағдыларды  дамыту,  дыбыстық  мәдениетке  баулу  –  барлығы  да  баланың  сол 
тілде байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін қалыптастыруға ыңғайластырып 
алған жағдайда ғана баланың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасады. 
Ситуациялық әрекет кезінде бала әңгімеге қызығып, бір-екі сөз айтып та 
жатады. Бала ситуацияға қатысты ең маңызды, қажетті сөзді атаған болса, оны 
құптап  отыру  керек.  Әңгімеге  осылайша  бір  сөзбен  қатысып,  баланың  ойын 
жеткізуін  байланыстырып  сөйлеудің  ең  кішкене  бөлшегі  деп  алуымызға 
болады.  Академик  Л.  В.  Шербаның  пайымдауынша  ,  «сөйлеу  тілінің  қысқа 
бөліктері  деп  бірнеше  сөздер  тобын  айтамыз».  Ондай  бөліктерді  ол 
«синтагмалар» деп атаған.  
Ана  тілін  жетік  білмейтін  балаларды  қазақ  тілінде  ауызша  сөйлеуге 
үйретуде  қысқа  синтагмалар  («Күншуақ»  бағдарламасы  бойынша)  алғашқы 
сабақтардан-ақ беріледі. Ал қазақша түсініп сөйлесетін балалар тобында ондай 
синтагмалар  үш-төрт  жасынан  қалыптасқан.  Мысалы,  «Бұл  кім?»,  «Бұл  – 
Мұрат.»,  «Тыңдап тұрған кім?», «Тыңдап тұрған  – Мұрат.» Қазақ тілін  алғаш 
рет үйрету жүйесінде, яғни таза орыс тілді топтарда, қарым-қатынасқа түсіретін 
қысқа  синтагмалар  үшінші,  төртінші  сабақтарда  амандасу,  танысуға  үйрету, 
«Не  бар,  не  жоқ?»  ойынын  ойнату  кезеңдерінде,  «А»  тобындағы  балалар 
(қазақша  түсінбейтіндер)  «Ә»  тобындағылардың  (қазақша  сөйлейтіндерінің) 
ықпалымен «Сәлемет пе, сәлеметсіз бе», «Апай, сау болыңыз», «Қуыршақ бар, 
доп  жоқ»  деген  қысқа  сөйлем  үлгілері  түрінде  беріледі.  Дегенмен,  мұндай 

 
11 
синтагмалар басқа сөйлем байланыстарымен ілесіп сөйлеу тілінің негізін құрай 
алмайды. 
Балалардың қысқа мерзімде екінші тілде сөйлей алуына олардың ақыл-ой 
белсенділігі  ерекше  ықпал  етеді.  Психолигнвистика  саласында  зерттеулер 
жүргізген М. Павлованың «Қос тілге үйретудің психологиялық негіздері» деген 
мақаласында балаға екінші тілді үйретудегі қиындықтар анықталған. Онда оқу 
үдерісі  кезінде  қайта-қайта  әсер  етіп  тұрған  тітіркендіргіштердің  баланың  ми 
қабаттарына  уақытша  динамикалық  стереотип  туғызатындығы,  яғни 
үйретілетін  материалдың  мида  көшірмесі  ғана  пайда  болатыны  сөз  болады. 
Баланың жаңадан үйрене бастаған тіл дағдыларына көшуі үшін мидағы дайын 
стереотипті  қолдана  салмай,  сол  тілдің  грамматикалық  ережелерін, 
фонетикалық,  лексикалық  ерекшеліктерін  мида  қорытып,  ойланып,  дұрыс 
жауап  беруге  төселуін  көздеу  қажет  делінеді  [11].  Үйренген  сөздерінен  жаңа 
сөз  байланыстарын  өздігінен  құрастыра  біліп,  қазақша  сөйлеуді  дағдыға 
айналдыру  нәтижесінде  ғана  баланың  ақыл-ой  қызметі  арта  түседі.  Мысалы, 
тиісті  әрекеттер  мен  амал-тәсілдер  арқылы  балаға  «Балабақшада  кім  бар?» 
деген сұраққа жауап бергізіп дағдыландырғаннан кейін, «Телефон», «Отбасы», 
ойындары  кезінде  «Үйде  кім  бар?»  деген  сұраққа  өздігінен  ойланып  жауап 
беруге  бағыттамай,  тағы  да  осы  құрылымды  жаңа  материал  ретінде  үйретсек, 
бала  өздігінен  тілдік  операция  жасай  алмайды.  Бұл  жөнінде  өткен  ғасырдың 
педагог  жазушысы  Л.  Н.  Толстой  былай  деп  ескерткен  болатын:  «Үйренген 
сөзін  баланың  қолдана  білуіне  жағдай  туғызу  керек,  сол  сөзін  сөйлеу  тілінде, 
өзінің  ауызекі  сөйлеу  тілінде  бір  рет  қолдана  білсе,  ол  сөз  сонда  ғана  өзінің 
жеке меншігіне айналады [12].  
Шетел психологтары Б. Уайт, Дж. Брунер, В. Пенфильд, Л.Р. Робертс, 
кеңес заманы ғалымдары  Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейндердің теориялары 
бойынша  9  жасқа  дейінгі  бала  –  ауызекі  сөйлеудің  түрлі  формаларын 
меңгерудің  тамаша  маманы  [13].  Бұл  кезеңнен  кейін  сөйлеу  кезіндегі  ми 
механизмдері  қызметі  бәсеңдей  бастайды.  Бала  миы  екінші  тілді  меңгеруге 
ерекше қабілетті келеді, бірақ ол жас ұлғайған сайын азаяды. 
Қоғамдық,  әлеуметтік  жағдайларға  байланысты  ана  тілін  екінші  тіл 
ретінде оқуға мәжбүр болған балалардың осы қабілетті кезеңін жіберіп алмай, 
ана  тілінде  сөйлеуге  дағдыланған  баланы  мемлекет  тіліне  еркін  көше  
алатындай  жағдай  тудыруды  ойластыруымыз  керек.  Тілші-ғалым  Л.С. 
Выготский  айтқандай  [14],  ана  тілін  меңгеру  үстінде  бала  сөз  бен  сол  сөздің 
мағынасында  бейнеленген  объектілердің,  құбылыстардың,  іс-әрекеттердің 
арасына  шек  қоймайды,  оларды  бір-бірінен  ажыратып  жатпайды,  оның 
санасында  сөз  нысанның,  іс-әрекеттің  т.б.  ажырамас  құрамды  қасиеті,  бөлігі 
сияқты боп қалыптасады. Сондықтан баланың айналадағы дүниені білсем деген 
табиғи  қажеттігі  ана  тілін  білуге  деген  қажеттілікке  өз-өзінен,  еш  кедергісіз 
ұштасып жатады.  
Өткен  заман  белесінің  тұғырынан  биік  орын  алған,  ғұлама  жазушы 
баланың мектеп жасына дейінгі қабілетіне ерекше бас иіп айтқан мына сөздері 
де  бүгінде  өмір  шындығын  танытып  отыр:  «Мен,–  деп  жазады  Лев 
Николаевич,- қазіргі өмірімдегі бар білетінімді ең жас кезімде меңгердім және 

 
12 
сонша  көп,  сонша  тез  меңгергендіктен  қалған  өмірімде  оның  жүзден  бірін  де 
меңгергенім  жоқ.  Бес  жастағы  баладан  маған  дейін  бір-ақ  қадам.  Жаңа  туған 
баладан бес жасар балаға дейін үлкен қашықтық» [14]. 
Баланың  айналасындағы  заттарды,  олардың  жеке  бөлшектері,  көрінетін, 
көрінбейтін  құбылыстар  жайлы  «Мынау  не?»  деген  мазасыз  сұрақтарды 
жаудыра  қоятын  кезеңі  3-5  жас  аралығы.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  қарапайым 
формалары да осы кезде қалыптасып бітеді. Білуге өте құмар келетін  
4-5  жастағы  сәби  балалар  ересектерге  күніне  400  сұраққа  дейін  қояды  екен. 
Естігені  мен  көргендерін  есте  сақтағыш,  тез  қабылдағыш,  мейлінше  сенгіш, 
еліктегіш,  білуге  құмар  кезінде  қала  тұрмысындағы  баланы  қазақ  тіліне 
үйретуді 3-6 жастан бастау дұрыс деп табылып отыр. Қазақстан Республикасы 
ғылым  және  білім  министрлігінің  шешімімен  балабақшаның  ересек  және 
мектепке даярлық топ балаларының ішінен қазақ мектептеріне барғысы келетін 
балалар үшін тілді тереңдей оқытып, олардың мемлекеттік тілде ауызша сөйлеу 
тілін  дамыту  мақсатында  қазақ  тілі  сабақтарын  қолдану  шаралары  жүзеге 
асырылуда. 
Орыс  халқының  ұлы  педагогы  К.Д.  Ушинскийдің:  «Баланың  бүкіл  жан 
дүниесіне,  оның  толысып  дамуына  оны  қоршаған  табиғат,  айналасындағы 
адамдар,  оның  өз  бөлмесінде  ілулі  тұрған  суретке  дейін,  өзі  ойнайтын 
ойыншықтарына  дейін  әсер  ететін  болса,  өзіндік  ерекше  сипаты  бар  осы 
құбылысқа  қандай  да  болмасын  сол  халықтың  тілі  арқылы  ықпал  етуіне  біз 
қалайша  қарсы  тұра  аламыз?»  дегенін  еске  ұстап,  орыс  балабақшаларында 
тәрбиеленіп, қазақ тілінде оқығысы келетін балалардың тілектерін орындамауға 
болмайды.  Ресей  елінде  ХІХ  ғасырдың  бас  кезінде  өткен  жағдайлар  орыс 
тілінің  тамырына  балта  шаба  жаздағанын  Л.  Д.  Ушинский  мен  М.  Пирогов 
сияқты замана зиялылары тез түсінген де, баланы ата-ана, туған  орта аясынан 
айырып  шетел  тілін  оқытуға  беруге  қарсы  тұрған  [15].  «Мұның  зияны,–  деп 
жазған  М.  Пирогов,–  бала  зейіні  өздері  білетін  заттардың  тереңірек  зерттей 
танудың,  ойлау  процесінің  жетілуіне  қызмет  етудің  орнына,  сол  заттардың 
жаңаша  атауларын  үйренуге  ауып  кетеді.  Баланың  назары  сөздің  сыртқы 
формасында  тұрақтап  қалады,  оның  толық  болмыс-бітімі,  мазмұны  қозғаусыз 
тұра  береді.  Кейін  де  осылайша  назар  аудару  бағыты  үйреншікті  әдетке 
айналады,  ал  ойлау  бір  жақтыланып,  үстірттеніп  кетеді»  [16].  Мемлекет  тілі 
қазақ  тілі  бола  тұра,  орыс  тіліне  қоса  шетел  тілін  үйретуді  қолдайтын  зиялы 
топтарға,  әсіресе  ата-анаға  жоғарыда  келтірілген  тұжырымдарды  ескермеске 
болмайды. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал