Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Түрік сөздігінде» 
Халық 
педагогикасында 
Тәрбиенің 
бағыттары 
Еріншекке  есік  асу 
болар, бұлт жүк болар  
Еріншекке  от  басы 
айшылық жер 
Еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу 
Құрғақ  қасық  ауызға 
жарамас, 
құр 
сөз 
құлаққа жақпас 
Құр 
судан 
май 
шықпайды, 
құр 
сөзден мән шықпайды 
Бос  сөйлеуден  аулақ 
болып, 
сөзді 
қадірлеуге үйрету 
Іскердің  ерні  –  май, 
еріншектің басы-қан 
Ерінбей еңбек етсең – 
ерінің 
асқа 
тиеді, 
ерініп  ілбіп  кетсең  – 
иегің тасқа тиеді 
Адал 
еңбек 
етуге 
баулу,  еңбекқорлыққа 
тәрбиелеу 
Кісі аласы ішінде, мал 
аласы сыртында 
Адам  аласы  ішінде, 
мал аласы сыртында. 
Адамгершілікке 
тәрбиелеу 
Әдеп басы - тіл 
Әдеп алды -тіл 
Әдептілікке баулу 
Сараң 
кісінің  аты 
шықпас. 
Сараң да бір, сасық су 
да бір. 
Жомарттыққа 
тәрбиелеу 
Бес бармақ түзу емес. 
Бес  саусақ  бірдей 
емес. 
Адамшылыққа 
тәрбиелеу 
Кеңескен  білік  озар, 
кеңессіз білік тозар 
Кеңесіп  пішкен  тон 
келте болмас. 
Ақыл-ой тәрбиесі 
Сынамаса 
алданар, 
сақтанбаса алдырар 
Жеті  рет  өлшеп,  бір 
рет кес 
Ұқыптылыққа 
тәрбиелеу 
Қарға  қазға  еліктесе, 
аяғы сынар 
Әлің білмеген әлек 
Өнегелік тәрбиесі 

 
179 
 
Кестеде  тарихи-салыстырмалы,  логикалық  талдау 
әдістеріне  сүйене  отырып,  халық  педагогикасы  мен  «Түрік 
сөздігіндегі»  тәрбие  бағыттарының  мазмұны  мен  мәні 
мақал-мәтелдер арқылы ашып көрсетіледі. Еңбектегі халық 
тәлім-тәрбиесімен  салыстыра  келтірілген  мақал-мәтелдер 
мен  олардың  тәрбиелік  бағыттары,  біріншіден,  халықтың 
дүниетанымын,  ой  тереңдігін,  өмірлік  тәжірибесін; 
екіншіден,  әдет-ғұрып  және  дәстүр  ерекшеліктерін; 
үшіншіден,  ұрпақ  тәрбиелеудегі  халықтың  жетекші  ролін 
көрсетеді. 
М.Қашқаридің  педагогикалық  тұжырымдамасының 
негізін  дидактика  мәселелері  құрайды.  Ғұлама  арнайы 
«дидактика» 
терминін 
қолданып, 
оны 
педагогика 
ғылымының 
саласы 
– 
оқыту 
теориясы 
ретінде 
анықтамағанымен, 
оның 
еңбегінің 
өн 
бойынан 
дидактикалық мазмұн айқын көрініп тұрады. Дидактиканың 
қазіргі  кезде  арнайы  ғылым  саласы  ретінде  анықталып, 
оның  заңдылықтары  мен  негізгі  зерттеу  мәселелері 
айқындалып  отырған  бүгінгі  таңда  М.Қашқаридың 
еңбегіндегі дидактиканың көрініс беруін аңғару қиын емес. 
Мұны ғұламаның өзі еңбектің кіріспесінде ескертеді: «Мен 
істі  оңайлату  әрі  кітапты  ықшамдау  үшін,  менен  бұрын 
ешкім  түзбеген  уа  ешкімге  мәлім  болмаған  өзгеше  бір 
тәртіпте  түзіп  шықтым.  Бұл  жазған  еңбегім  талапқа  сай 
болсын,  пайдаланушыларға  анық,  қолдануға  қолайлы 
болсын  деген  ниетпен  бірқатар  қағидаларды  түзіп,  өлшем 
үлгілерді  жасадым»  [104.Б.33].  М.Қашқари  дидактикасын 
екі  деңгейде  қарастыруға  болады:  жалпы  дидактика  және 
дербес  дидактика.  Жалпы  дидактика  тұрғысынан  алып 
қарасақ,  біріншіден,  ғұлама  білім  беру,  оқыту,  үйрету, 
пайымдау  сияқты  дидактиканың  негізгі  ұғымдарына 
анықтама  берген,  екіншіден,  білім  беру  мазмұнын, 

 
180 
 
оқытудың  принциптерін,  әдістері  және  құралдарын 
айқындаған.  Білім  беруді  ғұлама  адамзаттың  жинақтаған 
тәжірибесін,  заттар  мен  құбылыстарды,  табиғат  пен  қоғам 
заңдарын  тану  нәтижесі  деп  біліп,  соған  сәйкес  барлық 
материалдарды  өз  еңбегіне  арқау  етеді.  Оқытудың 
мұғалімнің  басшылығымен  іске  асырылатын  іс-әрекет, 
соның нәтижесінде адамның жан-жақты дамуы, білім, білік, 
дағдыны  игеруі  көзделетінін  анықтайды.  Мұның  дәлелі 
ғұлама оқыту, білім, беруге мынадай түсініктемелер береді:   
«Ол  менімен  бірге  кітап  оқысты»,  «Кітап  оқылды»,  «Ол 
маған  кітап  оқытты»,  «Ол  білім  үйренді»,  «Ол  маған  білім 
үйретті;  демек,  білім-білік  үйретті»;  «Ол  бір  нәрсені 
пайымдады,  яғни  жақсы-жаманды  айырып  аңғарды», 
«Кеңескен  білік  озар,  кеңессіз  білік  тозар».  Сонымен  бірге 
мынадай  өлең  жолдарын  келтіре  отырып,  өзінің  ойын 
нақтылай түседі: 
Ерендер озған еді (өткен еді), 
Таудай білікті, өнерлі бектер еді
(Олар) көп насихат - өсиет айтты, 
Көңілім содан сара болады. 
Өсиет алғын білге ерен сөздерінен, 
Ізгі сөз қастерлесе ділге сіңер! 
Иемді мақтармын, 
Білікті топтармын; 
Көңілді түптермін, 
Үстіне өнер үйілер. 
М.Қашқари  еңбегінде  ғылымның  әр  саласынан  білім 
беру  көзделген,  егер  білім  берудің  басты  қызметі  алдыңғы 
ұрпақ  өкілдерінің  жинақтаған  тәжірибесін  жеткізу  болса, 
ғұлама  ең  алдымен,  білім  берудің  осы  қызметін  іске 
асыруды мақсат етіп қойған. «Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа 
таусылмас-түгесілмес,  азып-тозбас  бір  байлық  болсын  деп, 

 
181 
 
бір  Тәңірге  сыйынып,  осы  кітапты  түзіп  шықтым  да,  оған 
Диуану  лұғат-ит-түрк»  деген  ат  бердім»  [104.Б.31]  дей 
отырып,  өз  оқырманына  түркі  өркениетінің  тарихы,  тілі, 
әдебиеті,  географиясы,  қоғамы  және  өмір  салты  туралы 
білім беруді көздейді.  
Ғұламаның 
еңбегінде 
оқытудың 
ғылымилық, 
түсініктілік,  жүйелілік  пен  бірізділік,  беріктік,  көрнекілік, 
өмірмен  мен  тәжірибенің  байланысы,  оқытудың  тәрбиелік 
сипаты  принциптері  негізделген.  М.Қашқари  әрбір 
принципке  нақтылы  анықтама  беріп,  оның  педагогикалық 
мәнін  ашып  көрсетпегенімен,  оларды  өз  еңбегінде 
басшылыққа  ала  отырып,  практикалық  тұрғыдан  айқындап 
береді.  Оның  өз  еңбегінде  табиғат,  қоғам,  мәдениет  және 
ойлау  дамуының  заңдылықтарын  басшылыққа  алуы 
оқытудың 
ғылымилық 
принципін 
айқындап, 
оқырмандарының  таным  қабілетінің  дамуына,  дүниеге 
көзқарасының  және  жоғары  адамгершілік  қасиеттерінің 
қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ғұлама  кітаптың  кіріспесінде 
«Түрік,  түркмен,  оғыз,  шығыл,  йағма,  қырғыздардың 
сөздерін  және  (сөздерінің)  қасиет,  құпияларын  анықтап 
шықтым,  оларды  пайдаландым.  Мен  бұл  істерді  осы 
тілдердегі  әрбір  кішігірім  айырмашылықтарды  парықтап 
білу  үшін  істедім.  Сонымен  олардың  әрқайсысының  тілі 
менің  көңілімде  ұялап,  берік  сақталып  қалды.  Мен  оларды 
мұқият  реттеп,  әбден  тәртіпке  келтіріп,  жүйелеп 
шықтым....Әрбір  бөлімді  атаулар  (есімдер)  мен  етістіктер 
секілді  екіге  ажыраттым.  Алдымен  атауларды  (есім 
сөздерді), содан кейін етістіктерді келтірдім де, әрқайсысын 
өз орнына қарай бөлімдерге бөлдім. Алдына келетіндерді – 
алдына,  кейін  келетіндерді  кейін қойдым.  Түсінікті,  айқын 
болу  үшін  кітаптар  мен  бөлімдерде  арабша  атауларды 
(терминдерді)  қолдандым...  Әйтсе  де,  мен  сөздерді  анық 

 
182 
 
табуды  және  кісілердің  қызығып  пайдалануын  есте 
ұстағандықтан,  ықшамдастырдым  да,  қолданылып  жүрген 
сөздерді алдым, қолданудан шыққандарды тастадым. Менің 
ұстанған  бұл  жолым  тура,  дұрыс  жол»  [104.Б.31-32]. 
Ғұламаның  көрнекілік  принципін  алғаш  рет  ғылыми 
тұрғыдан  тұжырымдағанын  оның  дөңгелек  картасы 
дәлелдейді.  Осы  картаға  ғұлама  ежелгі  түрік  өркениетінің 
басты  шаһарларын,  елді  мекендерін,  жер  бедерін  түсіре 
отырып,  Рим  жерінен  Тынық  мұхитқа  дейінгі  аралықтағы 
түрік  тайпаларына  сипаттама  береді,  олардың  мекендеген 
жерлерін 
көрсетіп, 
көлемін 
анықтайды, 
тілдік 
ерекшеліктеріне  тоқталады.  Түрік  дүниесі  туралы  толық 
сипаттама мен талдау жасалынған ғұламаның өлмес мұрасы 
– түріктің әлемдік картасы көрнекі құралдың ғажайып үлгісі 
болып табылады. 
 М.Қашқари  оқытудың  тәрбиелік    ролін  өте  жоғары 
бағалайды.  Ол  оқыту  мен  тәрбиелеу  ұғымдарын  өзара 
бірлікте  қарастырады.  Оқытуды  тәрбиенің  қуатты  құралы 
ретінде  анықтай  отырып,  әрбір  ұғымды  оқыту  барысында 
міндетті  түрде  тәрбиелік  мәні  зор  нақыл  сөздерді,  мақал-
мәтелдерді  және  өлең  жолдарын  мысалға  келтіреді,  сол 
арқылы ғылымның адамзаттың қоғамдық тәжірибесі ретінде 
жеке  тұлғаның  дамуына  тәрбиелік  тұрғыдан  әсер  ету  үшін 
жағдай  тудырып  отырады.  Сонымен  бірге  ғұлама  оқыта 
отырып  тәрбиелеудің  дамытушылық  сипатына  да  көңіл 
бөледі.  Ғұламаның  еңбегіндегі  әрбір  тұжырым  тұлғаның 
ойлауын, сөйлеуін, есте сақтау қабілетін, қиялын дамытуға 
бағытталып,  адамды  қоғамдық  өмірге,  еңбек  етуге  даярлау 
қызметін атқарады. 
Дербес 
дидактика 
тұрғысынан 
алып 
қарасақ, 
М.Қашқари еңбегінде тілдерді оқыту әдістемесінің ғылыми-
теориялық  негізі  жасалынған.  Бұл  еңбек  түркі  тілдерінің 

 
183 
 
салыстырмалы  сөздігі,  алғашқы  тілдік  филологиялық 
зерттеу  болып  табылады,  онда  түркі  елдерінің  тілдері 
тұңғыш рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы 
мен  этимологиясы  түсіндіріледі.  Келтіріліп  отырған 
сөздердің  қай  ұлыстың  тіліне  тән,  қай  тіл  жүйесіне  жатуға 
тиіс  екені  көрсетіледі.  Түрік  тілдерінде  қолданылатын 
әріптер,  олардың  жазылуы,  сөздердің  өз  түзілімі  бойынша 
ілгері-кейін  келу  тәртібі,  әріптердің  ілгері-кейін  қойылу 
тәртібі,  тілдегі  және  сөйлегендегі  өзгешеліктер  туралы 
толық 
түсініктеме 
беріледі. 
Ғұлама 
тілді 
оқыту 
әдістемесінің  ғылыми  негізін  жасай  отырып,  мынадай 
мәселелердің шешімін табуды көздейді: 
-  әрбір  сөздің  жасалуын,  жазылуын  және  айтылуын 
көрсету; 
- сөздердің мағынасына түсініктеме беру; 
- сөздердің өмірдегі қолданысын ашып көрсету; 
-    тілдің  ақиқатты  танытудың  құралы  ретіндегі  мәнін 
ашып көрсету; 
- тілдің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірді түсіну 
және өмірді оқып-үйрену құралы ретіндегі ролін айқындау. 
М.Қашқари  тілтану  саласында  орасан  зор  еңбек  жаза 
отырып,  тіл  болмаса  адам  өмірінің  болуы,  адамзат 
қоғамының  тіршілік  етуі  және  ғылыми  білім  саласының 
дамуы  мүмкін  еместігін  түсінеді,  сондықтан  өзінен  кейінгі 
ұрпаққа  тілді  үйренуді  уағыздайды.  Тілді  үйрене  отырып, 
әрбір  адам  тек  шартты  белгілер  мен  дыбыстарды  ғана 
үйреніп  қоймайтынын,  ең  бастысы  халықтың  рухани 
дүниесін  игеретінін,  мәдениетін,  тарихын,  әдебиетін, 
қоғамдық  тәжірибесін  меңгеретінін  басты  қағида  ретінде 
ұстанады. Ғұлама түрік тілін меңгерту арқылы әр адамға тек 
жекеленген  сөздер,  олардың  жасалуы  мен  түр  өзгерістері 
туралы білім беріп қана қоймай, шексіз көп ұғымдар, терең 

 
184 
 
ойлар,  сезімдер,  көркемдік  бейнелер,  тілдің  логикасы  мен 
философиясы туралы түсінік қалыптастыруды көздейді. Әр 
халықтың  тілі  сол  халықтың  ой-сезім  әлеміне,  өміріне 
апаратын жол, сондықтан тілді үйрену үшін материалдарды 
тиянақты  қарастырып  алудың  маңызыдылығын  көрсетеді: 
«Мен  бұл  кітапты  хиқмат  сөздер,  сежілер  (ұйқасты, 
үйлесімді  сөздер),  мақал-мәтелдер,  өлең-жырлар,  режез 
(қаһармандық, батырлық жырлардан үзінді деген мағынада) 
және  несір  (қара  сөз)  секілді  әдеби  сөздермен  безендіріп, 
мақсұс  әліппесі  ретімен  түзіп  шықтым»  [104.Б.31]. 
М.Қашқари  еңбегінің  қазіргі  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесін 
жетілдіруде  пайдаланудың  құндылығы  өте  зор.  Оны  тіл 
ғылымдарының  маманы  А.Егеубайдың  мына  ойлары 
дәлелдейді:  ««Түрік  сөздігі»  қазіргі  қазақ  тілінің  де 
ерекшеліктерін,  мол  шығармашылық  мүмкіндіктерін, 
көркемдік  мағыналық  мәнін  тереңдеп  біле  түсуге  жол 
ашатын құнды еңбек. Түрік тілінің мәуелі бұтағы қазақ тілі 
қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде дамудың өзгеше 
белесіне қанат жайды. Тіл білімінің теориялық, тәжірибелік 
маңызы  артты.  Нақ  осындай  қайта  жаңғыру,  қайта  өрлеу 
белесінде ғұлама ғалым Махмұт Қашқаридың өлмес мұрасы 
атамекеніміздегі  рухани  түлеулердің  заңды  тұғыры, 
кемелдікке бастайтын алтын бесігі санатты. «Түрік сөздігі» 
ұлттық  мәдениетіміздің,  тіліміздің  мәртебесін  көтеріп, 
беделін бекітетін өркенді кітап» [104.Б.22-23]. 
М.Қашқаридың  кемеңгерлігінің  өзі  оның  түрік  тілін 
зерттеуінде  болып  отыр.  Ғұлама  тұңғыш  түрік  тілінің 
оқулығын  жасай  отырып,  тек  тіл  ғылымының  қалыптасуы 
мен  дамуына  ғана  емес,  тілді  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу 
құралы  ретінде  пайдаланып,  педагогика  ғылымының  да 
негізін салуға өзіндік үлес қосты.  
 

 
185 
 
ІІІ ТАРАУ 
ӘЛ-ФАРАБИ, Ж.БАЛАСАҒҰНИ, 
М.ҚАШҚАРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК 
ПЕДАГОГИКАМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
 
  
3.1 әл-Фараби, Ж.Баласағұни, 
М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының 
өзара ықпалдастығы мен тарихи жалғастығы
 
 
Әлемдік  мәдениеттің  көшбастаушылары  әл-Фараби, 
Ж..Баласағұни 
және 
М.Қашқаридың 
еңбектеріне 
жасалынған  жан-жақты,  әрі  терең  тарихи-педагогикалық 
талдау  негізінде  олардың  педагогикалық  ой-пікірлерінің 
арасындағы  өзара  ғылыми  үндестік  пен  мазмұндық 
ықпалдастық  анықталды.  Педагогика  ғылымының  бүгінгі 
дамуы 
тұрғысынан 
алып 
қарасақ, 
ғұламалардың 
педагогикалық  теориялары  педагогика  ғылымын  өзінің 
зерттеу  пәні  бар  ғылыми  білімнің  арнайы  саласы  екендігін 
негіздейтінін  айқын  көруге  болады.  Оның  дәлелі  әл-
Фарабидің  трактаттарының,  Ж.Баласағұнидің  «Құтты 
білігінің»,  М.Қашқаридың    «Түрік  сөздігінің»  мазмұнына 
арқау  болған  педагогикалық  негізгі  ұғымдар,  жалпы 
педагогиканың  негіздері,  тәрбие  теориясы  мен  дидактика 
мәселелері болып табылады. Қазіргі педагогиканың ғылыми 
таным  саласы  тәрбие  болса,  ғұламалардың  еңбектерінде 
қоғамдық  өмірдегі  тәрбиенің  мәні  мен  ролі  анықталған, 
мазмұны  ашып  көрсетілген.  Олардың  педагогикалық  ой-
пікірлері тәрбиенің негізгі мақсаты ретінде қоғамға қажетті 
жан-жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру  мәселесінің 

 
186 
 
шешімін  табуда  бір  арнаға  тоғысып,  қазіргі  педагогикамен 
байланысады (Кесте 6).  
  
Кесте  –  6  -  әл-Фараби,  Ж.Баласағұни,  М.Қашқаридің 
педагогикалық теорияларының өзара ықпалдасуы 
Педагогика-
ның  
негізгі 
мәселелері 
әл-Фараби 
Ж.Баласағұни 
М.Қашқари 




Тәрбиенің 
негізгі 
мақсаты 
Білім-парасаты, 
мінез-құлқы 
кемелденген 
бақытты 
адамды 
тәрбиелеу: 
Текті, 
парасатты, 
ізгі,  әділ  адамды 
тәрбиелеу 
«Ұлылыққа 
ұмтылған», 
«білімділікті 
іздеген», 
«даналықты 
таңдаған», 
«біліктіге  серік 
болған», 
«бабалардың 
әдеп-ақлақты 
насихатын 
ұстанған» 
тұлғаны 
тәрбиелеу 
Негізгі 
педагогикалық 
ұғымдар 
Оқыту  адамдар  мен 
халықтарда 
теориялық 
қайырымдылық 
дарыту  болады,  ал 
тәрбие 

білім-
білікке  негізделген 
өнер арқылы оларға 
этикалық 
қайрымдылық 
дарыту тәсілі.  
  Ұл-қызына үйрет 
білген білімді, 
   Қолына ұстат 
кеудеңдегі күніңді. 
   Сонда, ұл-қызың 
адамдықтан 
таймайды, 
   Көңілі – таза, көзі 
шоқтай жайнайды! 
 
Ұл,  менен 
насихат 
ал, 
жәрдем тіле,Елде 
ұлық, 
дана 
болып, 
білік 
үлес;.  Өнер-білім 
ізде,  үйренуден 
өркөкірек  болма, 
жиренбе, 
Өнер-білімсіз 
білімденсе, 
сынақта қиналар. 
Тәрбиенің 
мазмұны 
 Адамгершілік,  
     ақыл-ой
еңбек,            
эстетикалық,  дене,   
     патриоттық,  
имандылық тәрбие 
   
 
 
Адамгершілік,  
     ақыл-ой, 
еңбек,            
эстетикалық, 
отбасы,   
     құқықтық,  
имандылық тәрбие 
 
Адамгершілік,  
    ақыл-ой, 
еңбек,            
эстетикалық, 
дене, 
патриоттық, 
э   экологиялық,  
имандылық  
 
 

 
187 
 
Кесте 6 - жалғасы 
 




Негізгі  идея  - 
ізгілендіру 
Адамдар 
туралы 
айтсақ, 
оларды 
қосатын, 
байланыстыратын 
дәнекер,  тұтқа  -  
адамгершілік болып 
табылады. 
Сондықтан  адамдар 
адамзат 
тегіне 
жататын 
болғандықтан, 
өзара  бейбітшілік, 
татулық 
сақтауы 
ләзім 
Ізгілік  пен  жақсы    
қылық – амалы, 
Мұнымен  ер  екі        
дүниені алады. 
Сен  ізгілік  тілер 
болсаң;  одан  да,   
Кел 
ізгілік 
қыл, 
сөзіңді доғар да. 
Кісі 
әсілін 
танытады  қылығы, 
Ісі  қандай  –  сондай 
тіні,  құлығы.  Құлқы 
ізгінің  қылығы  да 
әдемі, Оңбағандық – 
оңбас құлық әлегі!  
Ұлықтық  болса 
(тапсаң), 
сен 
ізгілік істе, 
Кішік 
болғын, 
бектер 
қатарында 
жақсылықты 
жалғастыр; 
Ақылды ерді ізгі 
тұтып, 
сөзін 
тыңда, 
Істе 
қолдан, 
үйрен 
дағы 
өнерін 
Негізгі 
педагогикалық 
принциптер 
Халықтық, 
табиғатқа 
сәйкестілік, 
тұлғалық 
Халықтық, 
табиғатқа 
сәйкестілік, 
тұлғалық
 
Халықтық, 
табиғатқа 
сәйкестілік, 
тұлғалық
 
Дидактика 
мәселелері 
Дидактиканың 
негізгі  ұғымдары  – 
білім 
беру 
мен 
оқытудың 
мәні, 
білім беру  
мазмұны, 
дидактикалық 
принциптер, 
оқыту 
әдістері, 
оқыту  құралдары, 
оқытуды 
ұйымдастыру 
түрлері  
Дидактиканың 
негізгі  ұғымдары  - 
білім,  білік,  дағды 
ұғымдарының мәні, 
білім беру  
мазмұны, 
педагогикалық 
процесс құрылымы 
Дидактиканың 
негізгі  ұғымдары 
–  білім  беру  мен 
оқытудың  мәні, 
білім беру  
мазмұны, 
дидактикалық 
принциптер, 
дербес дидактика 
мәселелері 
Ұстаз 

тәрбиеші 
тұлғасы 
туралы  
Мұғалімдік 
(ұстаздық) 
еткен 
адамның 
өлшеу 
әдісі  тым  өктем 
(қатаң) 
болмасын 
және  тым  асыра 
босаңсытқан 
төмендікпен 
де 
болмасын. 
Ғалым  білім  береді, 
заң-әкімнің 
қолында,  ақ  жол 
түбі 
деп 
білем, 
екеуінің  жолын  да. 
Қанатты 
сөз 
құйылған 
данышпанның  
жанынан,  күшті  ол 
кейде, 
патшадан, 
табиғаттың заңынан.  
Ерендер 
озған 
еді (өткен еді), 
Таудай  білікті, 
өнерлі 
бектер 
еді;  (Олар)  көп 
насихат  -  өсиет 
айтты,    Көңілім 
содан 
сара 
болады. 
 
 
 

 
188 
 
әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  және  М.Қашқаридың 
педагогикалық 
теорияларындағы 
өзара 
ықпалдастық 
педагогика  ғылымының  тамыры  тереңге  жайылғандығын 
аңғартады.  Оның  рухани  бастауы,  қайнар  көзі  орта 
ғасырдан  –  Х  ғасырдан  нәр  алып,  қазіргі  таңда  арналы 
ағысқа  айналып  отыр.  Орта  ғасырда  негізі  қаланған 
педагогика  ғылымы  араға  он  ғасыр  салып  қазіргі 
педагогикамен  тарихи  тұрғыда  жалғастық    тауып,  бүгінгі 
күнмен сабақтасады. Әрине, он ғасыр аясындағы педагогика 
ғылымы  оның  қалыптасуы  мен  дамуына  үлес  қосқан  ұлы 
ағартушылардың  мұрасында  анық  таңбаланып  тұр. 
Олардың  әрқайсысының  мазмұнына  неғұрлым  терең 
үңілген  сайын,  педагогика  ғылымының  арнасы  соғұрлым 
кеңейе түсетіні анық. 
Ұрпақ тәрбиесі қай қоғамда болмасын ең басты мәселе 
болып,  педагогика  ғылымындағы  тарихи  жалғастықты 
қамтамасыз  етіп  отырған.  Белгілі  ғалым,  жазушы 
Н.Келімбетов 
«тарихи 
жалғастықты 
ақыл-парасат 
жалғастығы» 
деп 
көрсетеді 
[163].
 
Ақыл-парасат 
жалғастығының  көрінісі  -  түркі,  шығыс  халықтарының 
заңды  мақтанышы  болып,  жалпыадамзаттық  мәдениеттің 
дамуына  зор  үлес  қосуымен  бүкіләлемдік  деңгейдегі  ұлы 
тұлғалар  санатына  енген  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Жүсіп 
Баласағұни,  Махмұт  Қашқаридың  педагогикалық  ой-
тұжырымдарының  өзінен  кейінгі  дәуірлердегі  ойшыл 
ағартушылардың  тәлім-тәрбиелік  идеяларымен  үндестік 
табуы болып табылады. 
 Барлық  уақыттың  және  барлық  халықтардың  педагог-
ойшылдарының  арасында  ең  алғашқы  орындардың  бірі 
чехтың  ұлы  педагогы  Я.А.Коменскиийге  (1592-1670  жж.) 
беріледі. 
Кеңестік 
ғалымдар 
Е.Н.Медынский, 
Н.А.Констанинов, 
Н.К.Гончаров, 
А.А.Красновский, 

 
189 
 
Д.О.Лордкипанидзе,  А.И.Пискунов,  С.А.Фрумов  және  тағы 
басқалардың  зерттеулерінде  Я.А.Коменскийдің  ілімі  жан-
жақты  қарастырылып,  оның  бүгінгі  күндегі  маңыздылығы 
ашып көрсетілген.  Соның ішінде Д.О.Лордкипанидзе [164] 
мен 
А.А.Красновский 
[165] 
Я.А.Коменскийдің 
педагогикалық  ілімінің  мәніне  талдау  жасай  отырып,  оны 
педагогика 
ғылымының 
негізін 
салушы 
және 
педагогиканың атасы деп ерекше атап көрсетеді. Міне, күні 
бүгінге дейін педагогика тарихында осы ұғым қалыптасқан. 
әл-Фарабидің  педагогикалық  мұрасын  зерттеген  көрнекті 
ғалым  А.Көбесов  «әл-Фарабидің  энциклопедиялық  мұрасы 
Европада 
педагогикадағы 
Я.А.Коменский 
ұсынған 
пансофиялық  қозғалыстың  таралуына  алғашқы  түрткі 
болды» 
деп 
есептейді 
[49.Б.30]. 
Ж.Баласағұнидің 
мұрасындағы  ізгілендіру  идеяларының  дамуын  зерттеген 
қазақстандық  ғалым  А.Н.Көшербаева  Ж.Баласағұни  мен 
Я.А.Коменский 
педагогикалық 
ілімдеріндегі 
өзара 
үндестікті  ашып  көрсетеді.  Мысалы,  ұлы  чех  педагогы  – 
демократ  Я.А.Коменскийдің  педагогикалық  көзқарасы 
бойынша  тәрбие  адамдар  мен  халық  арасында  әділ  және 
достық 
қарым-қатынасты 
орнатудың 
маңызды 
алғышарттарының бірі ретінде әрекет етеді. Бұл идея оның 
«Адамдық  істерді  түзету  туралы  жалпыға  бірдей  кеңес» 
атты  басты  еңбегінің  негізгі  өзегі  болып  табылады,  осы 
еңбектің  бір  бөлімі  «Пампедия»,  яғни  «жалпыға  бірдей 
тәрбие» деп аталады. Бұл жерде адам танымының шексіздігі 
туралы  ой  дамытылып  тұр,  яғни  мектеп  жастарды 
болашақта  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  өздігінен  білім  алуға 
дайындаудың  негізгі  звеносы  ретінде  қызмет  етуі  тиіс. 
Я.А.Коменскийдің  «ақымақтар  мен  дарындыларға  да», 
«байлар  мен  кедейлерге  де»,  «басқарушылар  мен 
бағынушыларға  да»  тәрбие  беру  қажеттілігі  туралы  ой-

 
190 
 
пікірлері 
ерекше 
қызығушылық 
тудырады. 
Өзінің 
алдындағы  ежелгі  гуманистердің  утопиялық  идеяларымен 
салыстырғанда  Я.А.Коменский  білімді  алудың  шынайы 
жолдарын  ұсынады.  «Басқаларға  басшылық  ететіндерге  – 
патшаларға,  князьдарға,  шіркеу  қызметкерлеріне  және 
ғалымдарға  қатысты  айтқанда,  оларға  ең  алдымен,  жол 
бастаушыға  -  көз,  аудармашыға  –  тіл,  құбырға  –  дыбыс, 
семсерге  -  өткірлік  керек  сияқты,  ақыл-парасат  қажет». 
Я.А.Коменскийдің  бұл  ой-пікірлері  мазмұны  жағынан  ғана 
емес,  ішкі  мәтіні  жағынан  Ж.Баласағұнидің  басқару 
ғылымында  ең  бастысы  ақыл,  білім  және  әділдік  керек 
деген  ой-пікірлерімен  үндес  болып  келеді  [79.Б.221].  Бұл 
ой-пікір  әл-Фарабидің  «Интеллект  (сөзінің)  мағынасы 
жайындағы  пайымдама»,  «Мемлекеттік  қайраткерлердің 
нақыл  сөздері»  атты  еңбектерінде  өз  шешімін  тапқан 
болатын.  Сонымен  бірге  М.Қашқаридың  педагогикалық 
тұжырымдамасы  да  тұлғаның  дамуындағы  тәрбиелік 
ықпалдың  маңыздылығына  бағытталып,  ақыл-парасаттың 
және білімнің жетекші ролін бөліп көрсетеді. 
Д.О.Лордкипанидзе 
Я.А.Коменскийді 
педагогика 
ғылымының  негізін  салушы,  ғылыми  педагогиканың  атасы 
деп  атауға  негіз  болған  оның  іліміндегі  мынадай  басты 
мәселелерді бөліп көрсетеді: 
-      Я.А.Коменский    педагогиканың  басты  ұғымдарына 
тікелей  анықтама  бермейді,  бірақ  оның  тәрбие  мен  оқыту 
мәселелері 
бойынша 
еңбектерін, 
әсіресе 
«Ұлы 
дидактиканы»  талдау,  осы  мәселе  бойынша  оның 
көзқарасын  анық  көрсетеді.  Мысалы,  Я.А.Коменский 
педагогикаға ғылым ретінде анықтама бермейді, бірақ оның 
еңбектерінің  мазмұнынан  педагогиканы  ол  баланы 
тәрбиелеу  туралы  ғылым  ретінде  түсінгендігін  көруге 
болады; Я.А.Коменский ешқандай жерде тәрбиеге анықтама 

 
191 
 
бермейді,  бірақ  оның  ілімінен  тәрбие  деп  ол  тәрбиеші-
мұғалімнің 
тікелей 
басшылығымен 
арнайы 
ұйымдастырылған 
ортада 
бала 
мен 
жасөспірімді 
қалыптастырудың 
мақсатқа 
бағытталған 
және 
ұйымдастырылған 
процесі 
деп 
түсінгені 
анық; 
Я.А.Коменский  ешқандай  жерде  сабаққа  анықтама 
бермейді,  бірақ  ол  өз  еңбектерінде  сабақты  оқытуды 
ұйымдастыру  формасы  ретінде  анықтау  үшін  жан-жақты, 
әрі толық дәйектемелер келтіреді, т.с.с. 
-    Я.А.Коменский  өз  еңбектерінде  педагогиканың 
негізгі  ұғымдарын  (категорияларына)  жан-жақты  және 
дәйекті 
түрде 
қарастыра 
отырып, 
балалар 
мен 
жасөпірімдерді тәрбиелеудің, білім берудің және оқытудың 
белгілі бір ғылыми теориясын жасады; 
-  Я.А.Коменскийдің  «Ұлы  дидактикасы»  сол  уақыт 
үшін  дәйектілігімен  және  жүйелілігімен  ерекшелене 
отырып,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  барлық  мәселелерін 
қарастырады.  Бұл  туралы  оның  «Адамдық  істерді  түзету 
туралы  жалпыға  бірдей  кеңес»,  «Пансофиялық  мектеп», 
«Ана  мектебі»  және  тағы  басқа  еңбектерін  айтуға  болады 
Оларды  қарастырылған  педагогика  теориясының  барлық 
негізгі 
мәселелерін 
былай 
жіктеуге 
болады: 
жалпыпедагогикалық  идеялар,  мектеп  туралы  ілім, 
дидактика,  тәрбие  теориясы,  ұстаз  туралы  ілім,  мектеп 
басқаруға  көзқарастар,  мектеп  және  отбасы  [164.  С.150-
151]. 
Біз  жоғарыда  әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  және 
М.Қашқаридың  педагогикалық  ілімдеріне  тарихи  және 
ғылыми-педагогикалық  тұрғыдан  талдау  жасай  отырып, 
педагогиканың  мектептанудан  басқа  барлық  мәселелерінің 
олардың  еңбектерінің  мазмұнына  рақау  болып,  жан-жақты 
қарастырылғанына 
көз 
жеткіздік. 
Мұның 
өзі 

 
192 
 
Я.А.Коменскийдің 
педагогикалық 
ілімі 
ортағасыр 
ойшылдары 
әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің 
және 
М.Қашқаридың 
педагогикалық 
идеяларының 
тарихи 
жалғасы болып табылатындығын дәлелдейді. 
Орыстың  «нағыз  халық  мұғалімі»  атанған  ұлы 
ағартушысы, ресейдегі халық мектептерінің негізін салушы 
К.Д.Ушинскийдің  (1824-1870  жж.)  педагогикалық  ой-
пікірлері 
де 
әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің 
және 
М.Қашқаридың  педагогикалық  ілімінен  бастау  алады. 
Мәселен,  К.Д.Ушинскийдің  ұсынған  тәрбиенің  халықтық 
принципі 
М.Қашқаридың 
«Түрік 
сөздігінде» 
тұжырымдалған.  К.Д.Ушинский  халықтық  деп  әрбір 
халықтың өзінің тарихи дамуына, гографиялық және табиғи 
жағдайларына 
байланысты 
ерекшеліктерін 
түсінді. 
Сондықтан  тәрбие  ана  тілі,  орыс  халықының  тарихы  мен 
Ресейдің  георграфиясын  оқыту  арқылы  іске  асырылу 
қажеттелігін ұсынды. Осы пәндер адамгершілік сапаларды-
патриотизмді, 
Отанға 
деген 
сүйіспеншілікті, 
Отан 
алдындағы борышты, ұлттық мақтанышты,басқа халықтарға 
сыйлы  қатынасты  тәрбиелейді  және  еңбек  етуге 
дайындайды. 
К.Д.Ушинскийдің 
осы 
ой-пікірлері 
М.Қашқаридың  түрік 
өркениетінің  тілін, 
тарихын, 
географиясын  және  табиғи  жағдайларының  ерекшеліктерін 
көрсете  отырып,  жан-жақты  дамыған  тұлғаны  -  өз 
халықының  нағыз  саналы  азаматын  қалыптастыруды 
көздеген  педагогикалық  тұжырымдамасымен  ғылыми 
сабақтастықты  айқындайды.  К.Д.Ушинскийдің  тәрбиенің 
мақсаты  мен  құралдары,  адамгершілік  және  эстетикалық 
тәрбие,  еңбектің  өмір  мен  тәрбие  факторы  жайындағы  ой-
пікірлері мен дидактикалық көзқарастары түрік ғұламалары 
әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  және  М.Қашқаридың 
педагогикалық  іліміндегі  негізгі  тұжырымдармен  тығыз 

 
193 
 
байланысып,  заманның  талаптарына  және  қоғамның 
дамуына  байланысты  неғұрлым  педагогика  ғылымының 
мазмұны мен аясын тереңдете түседі. 
Қазақ  халқы  ежелгі  түрік  мәдениетінің  мұрагерлері 
болып  табылады.  Сондықтан  Түрік  жерінің  ұлы  мәдени 
мұралары болып саналатын әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің 
және 
М.Қашқаридың 
еңбектеріндегі 
педагогикалық 
тұжырымдардың  қазақ  ойшылдарының  дүниетанымымен, 
ұлттық  рухымен  және  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерімен 
үндесіп  келуі  -  заңды  құбылыс.  Адам  бойындағы 
адамгершілік 
қасиеттер, 
мінез-құлық 
ерекшеліктері 
мәселесі  педагогика  ғылымының  мәңгілік  мәселесі 
екендігін,  оның  әрқашан  жаңғырып,  жаңаша  сипат  ала 
отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, 
ортағасырлық  ғұлама  бабаларымыз  мен  қазақтың  ұлы 
ағартушылары шығармашылығы кейінгі дәуірлердің, соның 
ішінде  бүгінгі  замандағы  өмір  шындығын  танып-білуге 
себін  тигізе  алатынын  мойындауымыз  қажет.  Сондықтан 
ұлы  ғұламалар  еңбектері  өз  дәуірінің  шеңберінде  ғана 
қалатын,  осы  мағынада  біз  үшін  тек  тарихи  маңызы  бар, 
өткінші  құбылыс  деп  санауға  болмайды,  олар  заман 
ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері 
арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұралар болып 
табылады.  
Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы,  тәлім-тәрбиелік  терең 
ойлардың  иесі  Абай  Құнанбаев  пен  әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридың педагогикалық идеяларын 
табыстыратын  басты  мәселе  –  тұлғаның  жетілуі  түрінде 
танылатын  кісілік  кемелділік.  Екі  ғұлама  ойының 
сабақтастығы  адамгершіліктің  жүйесін  жасаумен,  адами 
құндылықтарды айқындаумен, тұлғаның жетілуі мен кісілік 
кемелденудің мәнін ашумен ерекшеленеді. 

 
194 
 
Педагогика  ғылымында  адамгершілік  қоғамның, 
өмірдің  объективті  заңдылықтарына  сәйкес  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынасты  реттеуге  негіз  болып 
табылатын, талапқа сай белгілі бір ізгілендіру принциптерін 
бейнелейтін  моральдық  қасиет  ретінде  анықталады.  Ол 
адамның 
мінез-құлқы, 
іс-әрекеті, 
қарым-қатынасы, 
көзқарасы  арқылы  сипатталады  (әдептілік,  мейірімділік, 
қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.).  
әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридың  және 
А.Құнанбаевтың 
шығармаларында 
адам 
баласының 
бойындағы 
әділеттілік, 
мейірімділік, 
имандылық, 
рақымдылық,  жомарттық  тәрізді  тұлғаның  адамгершілік 
қасиеттері  басты  орынға  қойылған.  Олардың  әрқайсысы 
ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 
мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер, 
бойында  ізгі  қасиеттер  қалыптасқан  толық,  жетілген  адам 
бейнесін сомдап, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді 
саралайды. 
Толық,  жетілген  адамның  қадір-қасиеті  ең  алдымен, 
біліммен,  ақылмен  өлшенетіні  туралы  ғұламалардың 
даналық  ой-пікірлерінің  сабақтастығы  бойынша  көптеген 
нақты  деректер  келтіруге  болады.  Мәселен,  әл-Фарабидің 
адам  бойындағы  ақыл-парасат  туралы  педагогикалық  мәні 
зор  ой  тұжырымдары  араға  тоғыз  ғасырдай  уақыт  сала 
отырып,  қазақ  қоғамының  жаңа  тарихи  жағдайында  ұлы 
Абайдың  терең  педагогикалық  шығармаларынан
 
өзінің 
дәстүрлі  жалғастығын  табады.  әл-Фарабидің  «интеллект» 
жайындағы ой-пікірлері Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде»: 
«Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  көріп, 
ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-
дағы,  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді 
болады.  Естілердің  айтқан  сөздерін  ескеріп  жүрген  кісі  өзі 

 
195 
 
де  есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол 
естілерден  естіп,  білген  жақсы  нәрселерін  ескерсе,  жаман 
дегеннен  сақтанса,  сонда  іске  жарайды,  соны  адам  десе 
болады»  [166.Б.105]  –  деген  тұжырымдарымен  өзара 
үндестік  тауып,  ақыл-естің  тәрбиенің  жемісі  арқылы 
жетілетінін  ғылыми  тұрғыдан  негіздей  түседі.  Бұл  туралы 
Ж.Баласағұни: 
Білік берді – адам бүгін жетілді, 
Ақыл берді – талай түйін шешілді. 
Кімге құдай берсе, білім, ақылды, 
Қолы  жетіп,  алар  ол  мол  асылды!  –  деп  ой 
тұжырымдайды. Ал М.Қашқари: 
Өнер-білім ізде,  
Үйренуден өркөкірек болма, жиренбе, 
Өнер-білімсіз білімденсе,  
Сынақта қиналар – дейді. 
Ғұламалардың  даналық  тұжырымдары  ұлы  Абайдың 
ой-санасымен үндестік тауып, былайша сабақтасады: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 
Білгендердің сөзіне 
Махаббатпен ерсеңіз. 
Ақыл сенбей сенбеңіз, 
Бір іске кез келсеңіз [167]. 
Ғылым-білімді 
уағыздаған 
ұлағаты 
мол 
ұлы 
ойшылдардың ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы 
парасаттылықтың белгісі болып табылады. Дүниенің сырын 
ұғып-білуде,  өмірдің  мәнін  танып-түсінуде  білім  мен 
ақылдың мүмкіндігінің шексіздігін дәріптейді. 
Ортағасыр  ғұламалары  мен  мен  ұлы  Абай  толық, 
жетілген,  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  адамды  барлық 

 
196 
 
адамгершілік  қасиеттерді  бойына  сіңірген  ақылды, 
қайратты ер жүрек тұлғасы ретінде анықтайды. 
Әл-Фараби  өзінің  «Қайырымды  кала  тұрғындарының 
көзқарастары»  атты  философиялық  трактатында  «Қайрат», 
«Ақыл»  және  «Жүрек»  сияқты  үғымдарға  түсінік  бере  келіп: 
«Жүрек  —басты  мүше,  мұны  тәннің  ешқандай  басқа  мүшесі 
билемейді.  Бұдан  кейін  ми  келеді.  Бұл  да  басты  мүше,  бірақ 
мүның  үстемдігі  бірінші  емес».  -  дейді  [58.Б.289].  Әл-
Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі осы 
— философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» 
өзінің  логикалық  жалғасын  тапқан  сияқты.  Абайдыңосы 
сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін 
мықтысанап, айтысып, таласып, ақыры Ғылымға келіпжүгінеді. 
Сонда    «Ғылым»  бұл  үшеуіңнің  де  айтқандарың  рас,  үшеуің  де 
к,ажетсің.  Ей,  Қайрат,  сенсіз  еш  нәрсенің  болмайтұғыны  да 
рас, бірақ каруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, 
бірақ  залалың  да  мол,  кейде  жаксылықты  берік  ұстап,  кейде 
жамандықты  берік  ұстап кетесің,  соның  жаман»,  -  депті.  Бұдан 
кейін  «Ғылым»  өз  шешімін  «Ақылға»  айтыпты:  «Жаратқан 
тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен 
білесің. Бірақ сонымен турмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен 
шығады. Жақсының, жаманның екеуініңде сүйенгені, сенгені 
-  сен,  екеуінің  іздегенін  тауып  беріп  жүресің,  соның  жаман 
депті».  Бұдан  кейін  Абай  осы  үш  категория  жайында  түйін 
жасап,  әл-Фарабидің  жоғарыда  айтылған  пікірін  өз 
оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай «Осы үшеуің 
басынды  қос,  бәрін  де  «Жүрекке»  билет,  -  деп  ұқтырып 
айтушының  аты  «Ғылым»  екен.  —  Осы  үшеуің  бір  кісідей, 
менің  айтқанымдай  табыссаңдар,  табанының  топырағы  көзге 
сүртерлік  қасиетті  адам  сол.  Үшеуің  ала  болсаң,  мен 
«Жүректі»  жақтадым.  Құдайшылық.  сонда,  қалпыңды  таза 

 
197 
 
сақта,  құдай  тағала  қалпыңа  әрдайым  карайды деп кітаптың 
айтқаны осы», -депті деген қорытындыға келеді [167.Б.104]. 
Әл-Фарабидің 
«қайрат», 
«ақыл» 
және 
«жүрек» 
жайындағы  философиялық.ой-пікірлерін  Абай  өзінің  «Әсемпаз 
болма әр неге» атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі  аса 
дарынды  сөз  зергері  ретінде  оқырманға  зор  шеберлікпен 
жеткізген. 
Абай  ақыл  мен  қайраттың  иесі  болған  адамды  «жарты 
адам»  дейді.  Өйткені  ондай  адам  тек  «суық  ақыл»  мен 
«жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал, бойына 
осы екі қасиетпен қоса-қабат әділет-шапқат (жүрек) біткен адам 
ғана  «толық адам», яғни  ол  енді  «нұрлы  ақылдың»  өкілі  деп 
танылады.  Сөйтіп,  Абайдың  «нұрлы  ақыл»  жайындағы 
тұжырымының  қайнар-бастаулары  әл-Фарабидің  интеллект 
туралы ілімінде жатқанын аңғару қиын емес [163. Б.154]. 
Ж.Баласағұни  толық,  жетілген  адамдарға  қажетті 
сапаларды саралай отырып, оларды бойға сіңіру кемелділік 
дәрежесіне жету деп біледі: 
Ерге керек төзімділік, күш-қайрат, 
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап. 
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті, 
Білімділік, ақылдылық қажетті. 
Ақыл керек, білім таңдап аларға
Білім керек, іске жақсы қарарға. 
Жарамды мен жарамсызды көрерге, 
Керектіні-керексізден бөлерге. 
Барлық іске зерек болса, парықтап, 
Ала білсе, өз керегін анықтап. 
Сонда толық болар ісің, пішінің, 
Білімді асты жейді баппен пісіріп. 
Мұндай кісі тілегіне жетеді, 
Қос жаһанда ісі оң боп өтеді.   

 
198 
 
Абайдың  педагогикалық  ұстанымы  Ж.Баласағұнимен 
ұштаса  отырып,  ақыл,  қайрат,  жүректің  бірлігі  адамдық 
қасиеттің кемелденуі екендігі нақтылана түседі: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 
М.Қашқари  өз  еңбегінде  түріктердің  асқақ  рухты 
ақылгөй, дана, ержүрек болғандығын айтып, тәңірінің өзі 
жарылқаған жандар екендігін мақтанышпен еске алады. 
Ғұламалардың  әрқайсысының  ой-пікірлері  Абайдың 
данышпандық тұжырымдарымен өзара сабақтасып жататын 
тұстары  көп.  Солардың  ішінен  біз  Ж.Баласағұни  мен  Абай 
арасындағы  даналық  ой  сабақтастығына  толығырақ  
тоқталуды жөн көрдік. 
Сабырлылық 
Ж.Баласағұни 
мен 
Абайда 
адамгершіліктің  маңызды  сапасы  ретінде  ерекше  мәнге  ие 
болып,  адами  құндылық  тұрғысынан  қарастырылады. 
Мәселен, Ж.Баласағұни «Сабыр – ақыл-парасаттың белгісі» 
десе, Абай «Сабыр түбі – сары алтын» деп баға береді. 
Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  дастанында  кісіліктің, 
парасаттылықтың  адам  болмысын  жақсартатын  күш  екені, 
бүкіл  қоғам  болмысы  тұлғаның  осы  бір  ішкі  әлемінің 
сұлулығынан  туындап,  жалғасатын  тірек  екендігі  айқын 
көрінеді.  Шығармада  адами  қалыпты  сақтаудың  жолы  ұят 
пен  әділет,  оларға  қарама-қарсы  адамды  кісіліктен 
ажыратын  арсыздық,  мақтану,  жамандық,  сараңдық, 
еріншектік екендігі нақты мысалдармен сипатталады. 
Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа! 
Күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа! 
Қай істе де жоғалтпағын сабырды, 
Ұстамдылық үйірер мал бағыңды,  

 
199 
 
Тіліңді тый, қарай жүргін көзіңе 
Нәпсіңді тый, құлқының – жұт өзіңе.   
Ұлы  Абай  «Сап,  сап,  көңілім,  сап  көңілім!»  дей 
отырып,  сабырсыздық  арсыздықтың  белгісі  екендігін 
ескертеді: 
Сабырсыз, арсыз, еріншек, 
Көрсеқызар, жалмауыз, 
Сорлы қазақ сол үшін, 
Алты бақан, ала ауыз. 
Өзін-өзі күндейді,  
Жақынын жалған міндейді, 
Ол – арсыздық белгісі. 
«Құтты 
білік» 
дастанында 
кейіпкерлердің 
символикалық  сипаттары  арқылы  берілген  төрт  жетекші 
педагогикалық 
идеялардан 
өрбитін 
тағылымдық 
құндылықтар  адам  болудың  негізі  болып  табылады.  Олар: 
әділдіктің  бейнесі  Күнтуды  Елік  патша  арқылы  берілген 
бұлжымас әділ заң мен тура жол; патшаның уәзірі Айтолды 
бейнесімен  берілген  бақ-дәулет,  ырыс-байлық;  уәзірдің 
баласы  Өгдүлміш  арқылы  берілген  ақыл  мен  парасат; 
уәзірдің  жұрағаты  тақуа  жан  Одғұрмыш  бейнесі  арқылы 
берілген қанағат, ынсап, барға риза болу, ұстамдылық. 
Ж.Баласағұни  Күнтуды  Елік  патша  арқылы  әділдіктің 
сипаттамасын  бере  отырып,  әділдік,  адалдық  адамдықтың 
белгісі екендігін дәріптейді: 
Ұлым ба, әлде жақыным ба, алыс па, 
Кештеу жүрген қонақ па, әлде таныс па? 
Заң алдында, бәрі бірдей мен үшін, 
Кесем әділ, болмайды еш келісім... 
Бектік берік - әділ заңның жөнімен, 
Бұра тұртсаң абыройың төгілер. 

 
200 
 
Бұл  тағылымы  мол  тәлімдік  ой-пікірлерден  әділдік, 
адалдық бар жерде адамның ар-ожданы таза, абыройы биік, 
мәртебесі жоғары болатындығы туралы қорытынды жасауға 
болады:  
Әділдік – құт. Құт құрығы-кішілік. 
Әділдіктің заты - тұнған кісілік. 
Абай  әділдікті  ең  жоғарғы  моральдық  қағида  ретінде 
ұстанып, өз шығармаларының негізгі арқауы етіп алған: 
Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да, қуғанға. 
Әділет, шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға. 
Бастапқы екеу соңғысыз 
Біте қалса қазаққа, 
Алдың – жалын, артың – мұз, 
Барар едің қай жаққа? - дейді  «Әсемпаз болма әрнеге» 
атты  өлеңінде.  Сол  арқылы  ұлы  Абай  әділеттілік  болмаған 
жерде  ақыл  мен  қайрат  та  адамды  жақсылыққа  жеткізе 
алмайды деп ой түйеді. Міне, осыдан екі ғұламаның ойы бір 
жерде  түйісетінін  байқауға  болады.  Екі  ғұламаның  да 
педагогикалық  идеясының  негізгі  өзегі  -  әділеттің  мерейін 
үстем ету. Ж.Баласағұни әділетті бек сипатындағы Күнтуды 
Еліктің  бейнесі  ретінде  көрсетіп,  көпті  түзеу,  жолға  салу 
бектің ісі, сондықтан әділетті болуды ел басшысы бекке тән 
деп  біледі.  Өйткені  Ж.Баласағұни  адамды  тәрбиелеу  ісінде 
бек  бейнесі  мен  қызметін  негізгі  тәрбие  құралы  ретінде 
пайдаланады.  Әділет  -  кісіні  ізгілікпен  табыстыратын  төте 
жол,  әрі  ізгілік  те  әділетсіз  толыққанды  тірлігімен 
көрінбейтіндігін  тұжырымдай  отырып,  әділетті  өмірдің 
мәні, тірліктің тірегі деп біледі. Ал ұлы Абай болса, әділетті 
халықтың, көптің салты, азығы ретінде бағалайды: 
Ғадаләт пен мархамат – көп азығы, 

 
201 
 
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек. 
«Құтты  білік»  дастанында  әділет  бейнесіндегі  бектің 
Күнтуды  аталуы  тегін  емес.  Күннің  шуағы  жер  бетіндегі 
жаны  бардың  бәріне  тиеселі  болса,  әділет  те  -  көпшілік 
ырзығы: 
Қарасып тұр кедей, жетім, тұлдарға, 
Шын әділдік – соларға көз бұрғанда – дейді ғұлама.  
Абай өз шығармаларында Ж.Баласағұни секілді басшы, 
бек бейнесіне негіз болған әділет қасиетінің жетекші орнын 
нақты  бөліп  көрсетеді.  Абай  ақылды  нұрлы,  жүректі  ізгі 
етуші  әділет  деп  біледі.  Әділет  Абайдағы  үш  танымның, 
яғни толық адам (ақыл, қайрат, жүрек), жәуанмәртлік (ақыл, 
рақым,  әділет),  имани  гүл  (Алла,  адам,  әділетті  сүю) 
құрамында келеді.  Абайдың, әсіресе әділетке айрықша үміт 
артқанын  оның  имани  гүл  танымынан  байқауға  болады. 
Бірінші  сүюдегі  Алланы  ақын  әділет  пен  махаббат  деп 
біледі де, оны, яғни Алланы әсіресе әділеті үшін сүйеді. Ал 
екінші  сүюдегі  адамзат  ақылымен,  ақылын  нұрлы,  ізгі 
ететін  әділетімен  ғана  мұратына  жетіп,  болмысын  баянды 
етпек.  Сөйтіп,  Абай  танымының  шыңы  мен  мәні  –  имани 
гүл,  имани  гүлдегі  әділет  болып  табылады.  Оның 
«Адамшылықтың алды махаббат, ғадаләт сезім»  деп айтуы 
текке  емес  болар.  «Құтты  біліктегі»  әділет  бейнесінің  бек, 
басшы  түрінде  берілуі  құт-береке,  ақыл-парасат,  қанағат-
рақымның  әділетке  кіріптар,  тәуелді  екенін  көрсетеді. 
Халық  түсінігіндегі  ең  киелі  ұғым,  дастанның  атына 
айналған құт-береке, бақ-дәулет әділет пен ізгілікке құштар, 
өйткені  әділет  пен  ізгілік  болған  жерде  құт  болады  [168]. 
Міне,  екі  ғұламаның  негізгі  педагогикалық  идеясының 
түйіні осы.  
Ж.Баласағұни  «Құт  бір  күндік,  алды  жар  да,  арты  бал, 
толар  дәулет,  толған  айдай  сарқырар!»  немесе  «Мен  де 

 
202 
 
айдай  жаңаланып  тұрамын,  бірде  бармын,  бірде  жұмбақ 
тұрағым» дей отырып, адамға қажетті құттылықтың белгісі 
бақ-дәулет, ырыс-байлықтың мәңгілік еместігін, сондықтан 
дәулетің,  байлығын  болса,  менменсіп,  адамдық  қасиетті 
бойыннан жоғалтпау қажеттігін айта отырып, «Дәулет бітсе, 
менменсіме,  тасыма,  жақсылық  қыл,  жиылсын  жұрт 
қасына»  деп  тағылым  береді.  Мұның  өзі  педагогикалық 
мәні  жоғары  тәлімдік  тәрбие  өнегесі  болып  табылады. 
Қазіргі  заман  тұрғысынан  алсақ,  нарық  қатынастарының 
өркендеуіне  байланысты  жаңа  заманның  ұрпағы  дүниеге 
келіп отыр. Сондықтан жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде 
ғұламаның  «Құтты  білік»  дастанында  айтылған  ой-
пікірлердің маңыздылығы арта түседі. Дәулетті адамдардың 
байлығына,  жиған-тергеніне  мәз  болып,  өмірдің  мәні, 
тіршіліктің  сәні  осы  екен  деп,  айналасындағы  ұмытып, 
адамдық қасиеттерден арылуына жол берілмеуі тиіс.  
Ж.Баласағұнидың тәлімдік ой–пікірін сабақтай отырып, 
Ұлы  Абай  дәулетті  адамның  адал  болуы  туралы  былай 
дейді: 
Адамзат тірілікті дәулет білмек, 
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. 
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, 
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек? 
Ж.Баласағұни  мен  Абайдың  негізгі  тақырыптарының 
бірі ақыл мен парасат болып табылады. Ақыл-парасаттылық 
пен  білімділік  туралы  екі  ғұламаның  ойы  бір-бірімен 
сабақтасып, бірін-бірі толықтырып тұрады. 
Дастанда  уәзірдің  баласы  Өгдүлміш  арқылы  ақыл  мен 
парасаттың  мәні  ашып  көрсетіледі.  Ж.Баласағұни  ақылды 
«қымбатыңның  қымбаты,  онсыз  құнсыз  тәннің  сымбаты» 
деп өте жоғары бағалай отырып, оны былайша анықтайды: 
Ақыл тұрар қатпарында миынның,  

 
203 
 
Баста бәрі – қимас асыл сыйыңның. 
Ж.Баласағұни  ақылды  туғанда  адамда  болатын  қасиет 
деп біледі, ақыл арқылы жинақталатын жанның қорын білім 
деп түсінеді: 
«Оқу-тоқу берер-білім, парасат, 
Оның бәрі ақыл емес, қарасақ. 
Ақыл-зейін хақ бұйрығы сіңірген 
Желек жаяр, қосылғанда біліммен!» 
Ақыл-ес те хақтың берген еншісі,  
Білім – кенге түскен мидың елшісі. 
Абай  адамда  туғанда  ақылдылыққа,  білімділікке 
апаратын  білсем  екен,  көрсем  екен,  үйренсем  екен  деген 
жан  құмары  болады  деп  біледі  де,  «аз  ба,  көп  пе,  білсем 
екен, көрсем екен деген арзу (тілек, мақсат), бұлардың басы 
– жибили (туа біткен қасиет, ақыл), ғылым – бұлар – кәсиби 
(жинақталған,  еңбекпенен  табылған)»  деп  тұжырымдайды. 
Сонымен  Абай  ақылды  таза  кәсіби  қасиет  дей  отырса  да, 
Ж.Баласағұни  танымынан  алшақ  кетпей  «білсем,  көрсем, 
үйренсем»  деген  ақылдың  алғашқы  нышандары  туғаннан 
адам  баласында  болатынын  айтады.  Абаймен  ойын 
ұштастыра  отырып,  Ж.Баласағұни  да  ақылдың  жүре  келе 
толысатын кәсіби қасиетін жоққа шығармайды: 
Ақыл – есі бар адамның белгісі: 
Біліп бәрін, келер біле бергісі. 
Ж.Баласағұни  мен  Абайдың  адамды  тәрбиелеу  туралы 
тәлімдік  ой-пікірінің  тағы  бір  түйісетін  тұсы  –  қанағат, 
ынсап,  барға  риза  болу,  ұстамдылық  мәселесі.  «Құтты 
білік»  дастанында  бұл  уәзірдің  жұрағаты  тақуа  жан 
Одғұрмыш бейнесі арқылы беріледі. Дастанда «Нәпсіні тый, 
құмарлықтан  арылғын,  белгісі  бұл  ерлік,  ақыл,  арыңның» 
десе,  Абай  қанағатты  адам  бойындағы  бес  асыл  істің  бірі 
деп біледі.  

 
204 
 
Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  дастанының  негізгі 
өзегі  болған  адам  болу  А.Құнанбаевтың  «Ғылым  таппай 
мақтанба»  атты  өлеңінде  жалғасын  табады.
 
Ж.Баласағұни 
адамның  бойындағы  кісілік  қасиетін  жоғары  қоя  отырып, 
кісі ділі, тіні, негізі – кісілігімен ғана Адам деген құрметке 
ие екендігін ашып көрсетеді: 
«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те – 
Кісілікті кісілікпен құрметте! 
Тірі кісі кісілігін асырсын; 
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; 
Кісілікке түсер содан ұлы жол
Адамшылық жаса адамға, адам бол; 
Адам атын мақтаныш қып адал бол! 
Ұлы Абай  атамыз да  «Атаның баласы болма, адамның 
баласы  бол»  дей  отырып,  адам  болу  үшін  қандай 
қасиеттерді  бойға  сіңіріп,  қандай  қасиеттерден  аулақ  болу 
керектігін  көрсетіп  бергені  баршамызға  мәлім.  Міне,  екі 
ғұламаның педагогикалық идеяларының сабақтасатын тұсы 
осы  жерде  деп  білеміз.  Тұлғаның  да,  қоғамның  да  жетіліп, 
кемелденуін,  үйлесімді  дамуын  көздеген  екі  ғұлама  әрбір 
адамның,  жеке  тұлғаның  кеселді  қасиеттерден  тазарып, 
арылуын  тілейді.  Жан-дүние,  ділің  мен  әрекетіңнің кеселді 
қасиет,  ой,  қылықтан  тазаруы  кісілік  кемелділік  кепілі,  әрі 
оның  алғашқы  асуы  секілді.  Кісілік  кемелділік  жолындағы 
келесі  асу  кеселді  қасиеттерден  арылып,  тазарған  жан-
дүние, діліне адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп дарыту. 
Ғұламалардың  педагогикалық  ой-пікірлерінің  негізгі  түйіні 
осыған әкеп саяды: 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз. 
Тілеуің, өмірің алдыңда, 

 
205 
 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой – 
Бес асыл іс көнсеңіз.   
Ортағасырлық  ойшылдардың  педагогикалық  ой-
тұжырымдары  Абайдың  ізін  жалғастырушы,  ХХ  ғасырдың 
басында 
педагогика 
ғылымында 
ағартушылық 
ой-
пікірлерімен  өзіндік  орны  бар  дара  тұлға  А.Байтұрсынов 
еңбектерінде  дәстүрлі  жалғасын  тапты.  «Білім  мен  әрекет 
тән  болған  –  ақырына  дейін  жеткізіліп  аяқтаушы  әрекет. 
Егер  бұл  нәрселерді  білудің  қасында  әрекет  болмаса,  онда 
ол білімде негіз жоқ, мақсат жоқ. Ал ақыл-парасаттың білім 
бар  да,  әрекет  жоқ  болатын  түрі  тек  білімде  ғана  ақырына 
дейін  жеткізіліп  аяқталады.  Осы  екі  түрдің    әрбіреуі 
қайсыбір  өнерлерді  қамтиды»  [58]  деп,  әл-Фараби  өнердің 
пайда  болу  төркінін  адамның  ақыл-парасаты  мен  білімінен 
шығатынын  тұжырымдаса,  М.Қашқари  «Ақылды  ерді  ізгі 
тұтып,  сөзін  тыңда,  істе  қолдан,  үйрен  дағы  өнерін»  деп,  
әл-Фарабидің 
терең 
ойын 
жалғастыра 
түседі, 
А.Байтұрсынов  «Әдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінде 
«Біздің  анық  көріп,  сезіп,  біліп  тұрған  айналамыздағы 
нәрселердің  бәрі  не  табиғат  ісінен  шыққан  жаратынды 
нәрсе.  Не  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нәрсе.  Табиғат 
ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі 
болады,  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нәрселердің  бәрі 
өнер  дүниесі  болады.  Өйткені  жасалынды  нәрселердің 
істеліп  шығуына  адам  ақылы,  әдіс-амалы,  шеберлігі,  өнер 
күші  кіріскен»  [169]  деп,  табиғаттан  адамның  ақыл-

 
206 
 
парасаты, білімі, еңбегі мен шеберлігі нәтижесінде алынған 
нәрселер негізінде өнердің пайда болатынын айтады. 
Бабалар мұрасындағы үндестік педагогика ғылымының 
өзекті  мәселесі  жеке  тұлғаның  тәрбиесі  туралы  ой-
тұжырымдарда  да  айқын  көрінеді.  Адамның  бойындағы 
адамгершілік 
қасиеттер 
мен 
адамгершілікке 
жат 
қасиеттердің 
ара 
салмағын 
ашып, 
саралауда 
данышпандардың  келелі  ойлары  бір  тоғынға  түйіседі.  әл-
Фараби  «Бақыт  жолын  сілтеу»  еңбегінде  «Адамның  өз 
ожданы  алдында  адал,  шыншыл  болуы  адам  өзіне-өзі  ізгі 
қасиетті  болуынан,  жүріс-тұрысы  ізгі  болуынан  туады.  Ал 
егер  өз  бойында  жоқ  бола  тұрып,  адам  өзін  ізгі  қасиетті 
адамға,  жүріс-тұрысы  жөнді  адамға  жатқызса,  онда  ол 
адамда  өзі  туралы  жалған  пікір  туғандығы.  Егер  адам  өз 
бойында жоқ нәрселерді  өзіне жатқыза беретін болса, онда 
ол  адамда  көлгірсушілік  пайда  болады»  [56]  дей  отырып, 
тұлғаның бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ара 
салмағын жіктейді. 
Тұлғаның  дамуы,  оның  ішкі  дүниесінің  тазалығы 
туралы  Ш.Құдайбердиев  шығармашылығында  «Ашу  мен 
ынсап»,  «Анық  пен  танық»,  «Ер  қоспақ  пен  сөйлемек», 
«Мақтау  мен  сөгіс»,  «Талап  пен  ақыл»,  «Өзіме»,  т.б. 
өлеңдерінің  алатын  орны  ерекше.  Мәселен,  «Ашу  мен 
ынсап»  өлеңінде  кейіпкерлер  ретінде  еріншектік,  ашудың 
адамға  жағымсыз  қасиет  екендігін  көрсете  отырып,  оған 
қарама-қарсы  адам  бойындағы  ізгі  қасиет  –  сабырды 
дәріптейді. 
Бір жағынан Еріншек 
Тағы келді салпылдап,  
«Болмаймын, - деп – келіншек,» - 
 Ашу шықты арсылдап, 
«Елді сөк те жаманда!» - 

 
207 
 
Деп ұрысты Ашуым. 
Иә, осыдан соң Сабыр келеді: 
Сабыр келді аяңдап
«Жарамас, - деп, - сасуың, 
Бәріне де хабар сал, 
Рақым, Ұят, Ар қайда? 
Қаруыңды жиып ал, 
Құр ашудан не пайда? 
Көріне ме, маңайда? 
Өлше істің ақтығын, 
Ынсап бар ма, оңайда?» [170]. 
Ш.Құдайбердиевтің  тәлімдік  ой-пікірлерінен  адамның 
бойындағы  жақсы  қасиеттерді  дәріптеу  анық  байқалып, 
жағымсыз қасиеттерден арылу жолдары көрінеді. 
Осы  жоғарыда  айтылғандардан  бабалар  мұрасындағы 
тарихи 
дәстүр 
жалғастығын, 
даналық 
ой-пікір 
сабақтастығын  айқын  көруге  болады.  Мұның  өзі  қай 
ғасырда,  қандай  заманда  өмір  сүргеніне  қарамастан  ұлы 
ойшылардың  көздеген  мақсаты  бір,  яғни  жаны-тәні  сұлу, 
рухани 
кемелденген 
елінің 
азаматын 
тәрбиелеу 
болғандығын  аңғартады.  Бұл  ХХ  ғасырда  қазақтың  ұлы 
ағартушысы  М.Жұмабаевтың  «Тәрбиедегі  мақсұт  адамды 
һәм  сол  адамның  ұлтын,  асса,  барлық  адамзат  дүниесін 
бақытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлт 
бақытты,  адамзат  дүниесінің  мүшесі  -  әрбір  ұлт  бақытты 
болса,  адамзат  дүниесі  бақытты.  Қысқасын  айтқанда, 
тәрбиеден  мақсұт  адам  деген  атты  құр  жала  қып 
жапсырмай, шын  мағынасымен адам қылып шығару»  - деп 
[171.Б.14-15]  айтқан  терең  ой  тұжырымымен  тікелей 
байланыс табады.  
ХХІ  ғасыр  -  өркениет  дамуының  постиндустриялық 
кезеңі.  Өркениеттің  даму  кезеңінің  ауысуы  педагогика 

 
208 
 
ғылымының алдына тың міндеттер қойып, тәрбиеге жаңаша 
көзқарасты  талап  етеді.  Мұнда  адамның  білімі,  тәжірибесі 
және  құндылық  бағдарлары  жетекші  фактор  болады.  Бұл-
ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі, 
адамға Тұлға ретінде қарау дәуірі. Осыған байланысты ХХІ 
ғасырда 
ізгілендіру 
дүниежүзілік 
қауымдастықтың 
қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық мақсаты 
ретінде  жарияланды.  әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  және 
М.Қашқаридың ізгілендіру идеялары қазіргі педагогиканың 
алдында  тұрған  еркін,  рухани  және  ізгі,  адамгершілігі  мол 
тұлғаны  тәрбиелеу  мақсатын  шешуге  бағытталып,  ізгілік 
педагогикасымен тарихи жалғастық табады. Жаңа заманның 
ұстазы  Ш.А.Амонашвили  ізгілік  педагогикасының  негізгі 
принциптерін былай атап көрсетеді: 
- бала нағыз адамшылықты тануы және меңгеруі тиіс; 
- өзін адам ретінде танып-білуі керек; 
- өзінің нағыз дербестігін көрсетуі тиіс; 
-  өзінің  нағыз  табиғатын  дамыту  үшін  қоғамдық  кеңістік 
таба алуы керек; 
- оның мүддесі жалпыадамзаттық  мүдделермен сәйкес келу 
керек;  
-  баланы  қоғамдық  жат  қылықтарға  итермелейтін  көздерді 
аластату керек [172].  
Ғұламалардың 
еңбектерінде 
ізгілендіру 
адамдар 
арасындағы  қатынастардың  адамгершілікке  негізделуі, 
адамшылықты  жоғары  қою,  адамды  құрметттеу  ретінде 
қарастырылып,  адамда  адамдық  ізгі  қасиеттерді  тәрбиелеу 
идеясын  іске  асыруды  көздейді.  Ізгілік  педагогикасы 
баланың  қоршаған  ортасын  адамиландыра  отырып,  оны 
еркін  ойлаудың,  рухани  танымның  және  адамшылықтың 
шынайы иесі ретінде тәрбиелеуді мақсат етіп қояды. 

 
209 
 
Қазіргі  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  міндет 
оқушыға  өзін  өзі  тануға,  өзінің  ұлттық  мәртебесіне  ие 
болуға  және  қайырымдылық  пен  адамшылықты  бойына 
сіңірген маңызды тұлға болуға көмектесу болып табылады. 
Сондықтан оқушыларды тәрбиелеу үшін ең алдымен оларға 
жасалынатын қатынастар-тұғырлар жаңаша сипат алу керек. 
Белгілі  ғалым  Н.Е.Щуркова  «қазіргі  заманғы  тәрбиенің 
мақсаты  -  Адамға  тән  өмірді  құруға  қабілетті  тұлға»    деп 
атап  көрсетеді  [173.Б.15].
 
Мұның  өзі  педагогикалық 
процесті  құру  және  жүзеге  асыру  барысында  тұлғаға  оның 
мақсаты,  субъектісі,  нәтижесі  және  тиімділігінің  басты 
өлшемі ретінде бағдар жасау керектігін білдіреді. Оқушыны 
қандай  болмасын  бір  іс-әрекетті  жасамастан  бұрын 
ойлануға  тәрбиелеу,  тұлғаның  таңдауы  мен  шешімін 
сыйлау,  оның  ұстанымдарымен,  көзқарастарымен,  баға 
беруімен  және  қабылдаған  шешімімен  санасу  қажеттілігін 
көрсетеді.  Бұл  талаптарға  ізгілендіру  қағидаларына 
негізделген  тұлғаға  бағдарланған  тәрбие  жауап  береді. 
Тұлғаға  бағдарланған  тәрбиенің  баланы  ең  жоғары 
құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын 
қамтамасыз  ету,  оқу-тәрбие  процесінде  танымдық  және 
рухани 
қажетттіліктерін 
қанағаттандыру 
қағидалары 
ортағасыр  ойшылдарының  тұлғаны  рухани  дамытуға 
бағытталған ой-пікірлерімен ғылыми үндестік табады. 
Тұлғалық-бағдарлы  тәрбиенi  ic-жүзiнде  тәжiрибеге 
енгізген  ғалымдардың  бiрi  -  жаңа  заманның  тәрбие 
теориясы  мен  технологиясы  бойынша  бірнеше  еңбектің 
авторы  Н.Е.Щуркова.  Оның  бағдарламасындағы  басты 
талаптар мыналар: 
-  тәрбиеге  жалпыадамзаттық  мәдениет  тұрғысынан 
келгендегi педагогикалық көзқарас; 

 
210 
 
-  педагогикалық  процесс  барысында  жалпыадамзаттық 
мәдениетке  енудi  педагогикалық  түсінік  негiзiнде  игерiп, 
қолдану;  
- тәрбие үрдiсiнiң мазмұнын анықтауда адамдық, кісілік 
өміpге  лайықты  құндылықтар  жүйесiн  белгiлеу,  ал  бiлiм 
мен  бiлiктiлiкке  адамның  дүниеге  қатынасын  анықтайтын 
құрал деп қарау; 
-  баланың  күнделiктi  өмipiн  тәрбиелiк  үрдiске 
айналдыру; 
- баланың даму деңгейiне лайықты өмiрлiк мәселелерді 
сатылы  түрде  анықтап,  баланы  өз  өмiрiнің  субъектiсiне 
айналдыру; 
-  өмip  сүрудiң  философиялық  және  педагогикалық 
мазмұнын  үздiксiз  шешуге,  сонымен  қатap  оны  іскe  acыpy 
барысында  туындайтын  мәселелермен  бірге,  әркімнің 
лайықты  өміp  сүруі  мен  соған  жетуі  жолындағы 
жауапкершiлiктi,  өмip  жолын  өз  еркімен  таңдай  бiлуін 
тәрбиелеу [174. Б.36]. 
Кейінгі  жылдары  Н.Е.Щуркова  бақыт  мәселесін 
педагогикалық  мәселе  ретінде  қарастырып,  мектепте 
бақытты 
адамды 
тәрбиелеудің 
педагогикалық 
технологиясын ұсынып отыр [175]. Педагогика ғылымында 
жаңа  бағыт,  жаңашыл  көзқарас  болып  саналатын  бұл  идея 
да  әл-Фарабидің  «біздің  міндетіміз  –  бақытты  адам 
тәрбиелеу» деген ой-пікірімен үндес. 
  
 
 
 
 
 
 

 
211 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал