Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мақсаты:
 текті, парасатты, ізгі, әділ адамды 
тәрбиелеу 
Міндеттері:
  құтты  білімді  дарыту,  парасаттылыққа 
үйрету,  мәдени  құндылықтарды  игерту,  ізгі  сапаларды 
қалыптастыру,  адамгершілік  мінез-құлық  дағдыларын 
қалыптастыру, қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау 
 
 
 
 
 
 
Мазмұны: 
табиғат, қоғам, іс-әрекет тәсілдері туралы білім жүйесі 
-  санаткерлік  және  тәжірибелік  іс-әрекет  біліктері  мен 
дағдының жүйесі 
- шығармашылық, ізденгіштік іс-әрекет тәжірибесі 
- құндылық қатынастар тәжірибесі 
Құралдары 
халықтық 
педагогика 
мұрасы 
Әдіс-
тәсілдері 
үйрету 
- түсіндіру 
 - өнеге 

ынталандыру 
Ұйымдастыру 
түрлері 
пікірталас 
ақыл-кеңес 
-тәрбиелік 
жағдаят 
Нәтиже: текті, парасатты, ізгі, әділ кісі 

 
113 
 
-  текті,  парасатты,  ізгі,  иманды  адамды  тәрбиелеу 
процесінің 
қоғамының 
әлеуметтік-экономикалық 
қажеттіліктерімен өзара байланысы; 
-тәрбиенің,  оқытудың,  білім  берудің  және  дамудың 
өзара байланысы; 
-  педагогикалық  процестің  екі  жақты  сипаты  бар 
(тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекет)і; 
-  педагогикалық  процестің  мақсатқа  бағытталуы 
қоғамның мақсатын білдіреді, яғни әлеуметтік тапсырыстан 
туындайды; 
-  тәрбиеленушілердің  шығармашылық  белсенділігі 
басқарушының 
(ұстаздың) 
ойластырылған 
және 
ұйымдасқан іс-әрекетіне байланысты; 
- тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу; 
- тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; 
- тұлғаның әлеуметтенудегі қарым-қатынастың шешуші 
ролі.    
«Құтты  білік»  еңбегінде  педагогикалық  процестің 
атқаратын  қызметін  және  олардың  өзара  байланысын  да 
көруге болады (Сурет 5): 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет – 5 – Педагогикалық процестің қызметтері және 
олардың өзара байланысы 
Тұтас педагогикалық процесс 
Атқаратын қызметтері 
Тәрбиелеу 
Білім беру 
Оқыту 
Дамыту 
Аксиологиялық 

 
114 
 
Тұтас  педагогикалық  процестің  заңдылықтары  оқыту 
мен  тәрбие  принциптерінде  бейнеленетіні  педагогика 
ғылымында  анықталған.  Принцип  –  латын  сөзі,  негізгі, 
бастапқы  деген  ұғымды  білдіреді.  Оқыту  мен  тәрбиеге 
қойылатын 
талаптардың 
бастапқы 
белгілі 
жүйесін 
педагогикалық процестің принциптері деп атайды [89. Б.90]. 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
теориясында 
тұтас 
педагогикалық  процестің  мынадай  принциптерін  бөліп 
көрсетуге болады: 
-
 
тәрбиелеу,  оқыту,  білім  берудің  мақсаттылық 
принципі
-
 
өмірмен байланыс принципі; 
-
 
табиғатқа сәйкестілік принципі; 
-
 
халықтық принцип; 
-
 
кісілік принципі; 
-
 
түсініктілік принципі; 
-
 
жүйелілік пен бірізділік принципі; 
-
 
тұлғаға бағыттылық принципі; 
-
 
құндылық бағдар принципі; 
-
 
этномәдени принципі. 
Енді  осы  принциптердің  дастандағы  көрінісіне 
мазмұндық  сипаттама  берейік.  Тәрбиелеу,  оқыту,  білім 
берудің 
мақсаттылық 
принципі 
дастанның 
негізгі 
идеясынан  айқын көрініп тұрады.Тұлғаны  тәрбиелеу  ісінде 
мақсат-міндеттерді  нақты  ойластырып,  анықтап  алу 
қажеттілігін ғұлама өзінің негізгі ұстанымы деп біледі: 
Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер, 
Білім білсе, әзиз тірлік өткерер! 
Ақыл күллі ісіңді алып шығатын, 
Бұл біліммен көрер бектер мұратын! 
Мақсаттылық 
принципі 
ғұламының 
мына 
ой-
тұжырымдарынан да байқалады: 

 
115 
 
Ей, білімпаз, бір сөзім бар ойымда
Парасат пен білімпаздық жайында. 
Ақыл – ой шамшырағың түндегі, 
Білімдарлық – жарық көзі күндегі, - деген жыр жолдары 
арқылы  адамдарды  білімге,  үлкен  парасаттылыққа 
шақырып,  тек  білім  ғана  адамға  дұрыс  жол  көрсете  алады 
деп,  кейінгі  ұрпаққа  өсиет  айтады.  Сонымен  бірге  ақыл-ой 
өрісі білім бар жерде ғана өз мәнінде кеңейетінін ескертеді: 
«Ұстау керек ел-жұртыңды біліммен, білім жоқ па, ақылың 
да  бүлінген...»,  «Білікті  бек  елді  ақылмен  ұстайды,  білім 
жоқ  па  ақылыңды  ел  ұқпайды»,  «Білігі  мол,  ақыл-ой  сай 
кісі, кішіге – ұлы, ал кедейі - бай кісі», «Ақылды сөз – асыл 
сөз, інжу-маржан секілді, ақылды ердің сөзің ұқ, оңға бұрып 
бетіңді». 
Халықтық  принципті  басшылыққа  ала  отырып, 
Ж..Баласағұн  «Құтты  білік»  дастанындағы  салт-дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптарды  көрсете  білді.  Олардың  ішінде  айқын 
көрінетін  жар  таңдау,  отау  тігу,  қонақжайлылық,  үлкен-
кішіні  сыйлау,  әке  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынас, 
қыз  тәрбиесі,  т.б.  салт-дәстүрлер  ерекше  орын  алады.  Бұл 
тақырыпты  ашуда  халық  педагогикасының  әдіс-тәсілдері: 
мақтау,  сөгу,  жаттықтыру,  байқау,  үйрету,  әңгімелесу,  т.б. 
анық  көрінеді.  «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлердің 
сұхбатынан  әрбір  нақты  жағдайда  тәрбие  міндетін  шешу 
үшін  әдістердің  ұтымды,  үйлесімді  таңдап  ала  білу 
керектігін байқауға болады [90. Б.23]. 
Тұлғалық  принцип  ғұламаның  тұлғаларды  дастанның 
өн  бойында  дәріптеп,  құрметтеп  отырауынан  анық 
байқалады.  Жүсіп  Баласағұни  адамзат  тарихындағы  жеке 
тұлғаның  рөлін  жақсы  түсініп,  дастанда  Мұхаммед 
пайғамбарды,  оның  сахабаларын,  ортағасырлық  түркілер 
тарихында  болған  тарихи  тұлғаларды,  өзінің  кітабындағы 

 
116 
 
төрт  кейіпкерлерді  жұртқа  үлгі  етеді.  Дастанда  «Бектікке 
лайық  бек  қандай  болуы  керек»  деген  тарауда  өз  бойына 
тектілік,  парасат,  ақыл,  ержүректілік,  білімділік,  әділдік 
сияқгы  қасиеттерді  жинақтаған  адам  ғана  нағыз  бек  бола 
алатындығын айтады.  Сондай бек қана  «Жасай алар ізгілік 
пен ірілік, Заң, ұятты сақтай алар жүгініп! Осындай бек — 
болар  халык  көсемі!»  [80.  Б.51]  дей  отырып,  тұлғаны 
жоғары  құндылықтың  иесі  ретінде  түсіну,  мойындау, 
қабылдау 
негізінде 
оның 
бойында 
адамгершілік 
(мейірімділік, сыпайылық,, адалдық, табандылық, еріктілік, 
белсенділік) сапаларды қалыптастыруды көздейді. 
Бүкіл  тәрбиі  ісі  Ж.Баласағұни  бойынша  табиғатқа  тән 
жалпы  заңдылықтарға  сәйкес  болуға  тиіс.  Ол  адамды 
табиғаттың  бір  бөлігі  ретінде  алып  қарап,  тәрбие  ісін 
адамның  табиғатына  сәйкес,  оның  табиғи  қабілеті  мен 
қасиеттерін  дамытуға  бағыттап  жүргізу  қажеттілігін 
тұжырымдады.  Осы  талап  оның  педагогикалық  ілімінде 
тәрбие  мен  білім  берудің  жалпы  принципі  ретінде 
айқындалды.  Кейіннен  Ж.Баласағұнидің  анықтаған  бұл 
тұжырымы  педагогикада  «табиғатқа  сәйкестілік  принципі» 
деп  аталды.  Ж.Баласағұни  адам  өзінің  дамуында  жалпы 
табиғатқа  қатысты  заңдарға  тәуелді  деп  есептеді.  Оны 
Айтолды бейнесін табиғатпен сәйкестендіруі жатады: 
Айтолды айтты: - Дана кісі, атымды, 
Қойған екен Айға меңзеп затымды... 
«Бақ қонса адам, көңілі судай сарқырар, 
Жаңа айдай толысар да, жарқырар. 
Құт бір күндік, алды жар да, арты-бал
Толар дәулет, толған айдай сарқылар!»  
Табиғатқа  сәйкестілік  принципі  ғұламаның  тәрбие  мен 
білім  беру  адамның  жас  ерекшеліктері  мен  даму 

 
117 
 
сатыларына  сәйкес  болу  керек  деген  ой-пікірінен  де 
көрінеді. 
Дастанда  оқытудың  теориялық  негіздері  (дидактика)  сол 
уақыттың  талабы  тұрғысынан  өте  жоғары  деңгейде 
айқындалған. Дидактиканың негізгі  ұғымдары  - білім, білік, 
дағды  ұғымдарының  мәні  толық  ашып  көрсетілген  (Кесте 
2). 
 
Кесте  2  –  Ж.Баласағұнидің  «білім,  білік,  дағды» 
ұғымдарына анықтамалары 
 
Білім 
«Білім  –  інжу,  түбінде  –  анық,  қойма  сан»;  «Ақыл, 
білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып 
көкке  шық»;  «Ақыл-шырақ,  қара  түнді  ашатын, 
білім-жарық,  нұрын  саған  шашатын»;  «Білім-
байлық,  азаймас  һәм  жоғалмас,  еш  қарақшы,  ұрыға 
да тоңалмас!», т.б. 
Білік 
«Ақылды-ұлы,  біл,  білімді-білікті,  екеуі  ұлы  етер, 
қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, 
білім  кімде  болса,  сол  білікті  болады»;  «Біліктіні 
тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның 
құнары»;  «білік  мәнін  біл,  не  дейді  білген  ер:  білім 
білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б. 
Дағды 
«Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – талай 
түйін  шешілді»;    «Оқу-тоқу  берер  –  білім,  парасат, 
оның  бәрі  ақыл  емес,  қарасақ»;    «Біліп  сөйлеп, 
біліммен  бу  тіліңді,  ұғып  іс  қыл  бастағы  ақыл-
піріңді», т.б. 
 
Ж.Баласағұнидің  еңбегінде  дидактиканың  көкейкесті 
мәселесі білім беру мазмұны да қарастырылады. Білім беру 
мазмұны  арқылы  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  адам 
баласының  іс-әрекет  тәсілдерді  меңгеруі  мен  жүйелі  білім 
алуы,  білік  пен  дағдының  қалыптасуы,  ақыл-ойы  мен 

 
118 
 
сезімінің 
дамуы, 
таным 
арқылы 
көзқарастарының 
қалыптасуы  жүзеге  асырылады.  Ж.Баласағұни  білім  беру 
мазмұнын  білім,  білік,  дағды,  шығармашылық  іс-әрекет, 
дүниеге  және  қоршаған  адамдарға  қатынас  құрайтынын 
негіздеп,  мұның  өзі  дүниенің  бейнесін  қалыптастырудың 
әдіснамалық  негізін,  мәдениетті  қайта  жаңғырту  мен 
сақтауды, 
мәдениетті 
дамытуды, 
еңбекке, 
оның 
нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін 
тұжырымдайды (Сурет 6). 
 
 
Сурет 6 - Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны 
Білім беру мазмұны 
Жалпы элементтері – 
құттың төрт діңгегі
 
Нені қамтамасыз 
етеді 
Әділет 
Дәулет 
Ақыл 
Қанағат 
әділетті қоғам құру 
бақытқа жол 
көрсету 
парасаттылықты 
тәрбиелеу 
қарым-қатынас 
мәдениетін 
қалыптастыру 

 
119 
 
Ж..Баласағұни  өзінің  педагогикалық  ілімін  тәрбие 
теориясы мен тәжірибесінде жинақталған құнды дүниелерге 
сүйеніп  жасады.  Оның  педагогикалық  ілімінің  қайнар 
көздері мыналар болып табылады: 
-  көне      түркілердің      тәлім-тәрбиелік      тәжірибелері   
және   салт-дәстүрлері; 
- халықтық педагогика; 
-  Шығыс  (араб,  парсы,  т.б.)  ғұламалары  мен  түркі 
ойшылдарының ғылыми еңбектері; 
-  ислам  дінінің  және  тәңіршілдік  наным-сенімдерінің 
қағидалары. 
Ғұламаның  көне  түркілердің  тәлім-тәрбиелік  мұрасын 
өз ілімінің рухани бастауы етіп алғандығы туралы зерттеуші 
Т.Ә.Ахметов  былай  деп  жазады:  «Жүсіп  Баласағұнидің 
«Құтты  білігі»  тасқа  кашалған  Орхон-Енисей  жазба 
ескерткіштеріндегі  (ҮІ-ҮІІ  ғғ.)  көне  түріктердің  алғашқы 
әдебиет  үлгілерінің  занды  жалғасы  іспеттес.  Ондағы 
«Күлтегін»  ескерткішіндегі  жазулар  мен  «Құтты  білік» 
арасындағы  поэтикалық  үндестік,  рухани  туыстық,  тілдік 
және сөздік байланыс туралы мысалдарды көптеп келтіруге 
болады.  «Тоныкөк»  (Кіші  жазу)  және  «Күлтегін» 
жырларында  бірнеше  қайтара  айтылатын  жер-су,  тайпа 
аттары, «Өтүкен» секілді сөздер «Қүтты білікте» де жиі-жиі 
қайталанып  отырады:  «Өтүкеннің  бегі  айтқан  тебіреніп...» 
(2682-бәйіт). 
Поэмада 
аталатын 
«Яғбу», 
«Ұмай», 
«Көктүрік»  сияқгы  көптеген  атаулардың  түп-төркінін  де 
Орхон-Енисей 
жазуларынан 
жолықтырамыз. 
Бұл 
айтылғандар  көне  Орхон-Енисей,  Талас  ескерткіштері  (V-
VІІ ғғ) мен «Құтты білік» (XI ғ.) арасында дәстүрі үзілмеген 
тұтас мәдени-әдеби кезең жатқандығын айғақтайды» [80. Б. 
28].   

 
120 
 
Ж.Баласағұнидің 
халықтық 
педагогиканың 
бай 
мұрасымен сусындап, оны өз еңбегінде пайдалануы, рухани 
бастау, қайнар көз етіп алуы ғасырлар сынынан өткен тәлiм-
тәрбиелiк  және  танымдық  мүмкiндiктерi  мол  халық 
тәжірибесін  оның  жоғары  бағалауы  болып  табылады. 
Белгілі  әдебиет  тарихын  зерттеуші  ғалым  Х.Сүйіншәлиев 
«Ғасырлар  поэзиясы»  атты  еңбегінде  Ж.Баласағұнидің 
халықтық  педагогикадан  нәр  алғандығын  былайша 
жеткізеді:  ««Құтты  білік»  кітабының  әр  беті  халықтың  ең 
көне  мұраларының  бірі  болып  есептелінетін  мақал-
мәтелдерге,  қанатты  сөздерге,  афоризмдерге  толы»  [91. 
Б.98].  «Құтты  білік»  еңбегінде  халықтық  педагогиканың 
негізіне  педагогикалық  мазмұн  мен  бағыттағы  халық  ауыз 
әдебиетінің  шығармалары,  этнографиялық  материалдар, 
халықтық  тәрбие  дәстүрлері,  әдет-ғұрыптар,  отбасы 
тәрбиесінің тәжірибелері және т.б жатады. 
Ж.Баласағұнидің  педагогикалық  ілімінен  оның  Шығыс 
ғұламалары  Кайкаустың  «Кабуснамасынан»,  Фирдоусидің 
«Шахнамасынан»  және  әл-Фарабидің,  ибн-Синаның,  Әбу-
Райхан  әл-Берунидің  және  т.б.  еңбектерінен  талай  ғылым-
білімнің  негізін  үйренгенін,  тәлім-тәрбие  алғанын,  рухани 
тұрғыдан  толысығанын  байқауға  болады.    Шығыс 
педагогикасы тарихында аса бағалы педагогикалық туынды 
«Қабуснаманың»  авторы  –  Қайкаус  Каспий  теңізінің 
оңтүстік  жағалауында  мекендейтін  Гилан  ру-тайпасының 
ұсақ  феодал  семьясында  (1021-1022  жылдарда)  дүниеге 
келеді.  Ол  63  жасында  «Қабуснаманы»  өзінің  ұлы 
Гиланшахқа  арнап  жазады.  Өзінің  қартайғанын  баяндай 
келіп:  «Менің  дүниедегі  жиып-терген  ең  қымбат  асыл 
заттарым – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым»,-
дейді  [92].
 
«Қабуснама»  мың  жасқа  қарай  қадам  басқан 
мәңгі  өлмес  жәдігерліктер  қатарында  келер  ұрпақтарға  да 

 
121 
 
өзінің  тәлім-тәрбиелік  мән-мағынасымен  құнды  дүние 
болып  табылады,  онда  жан-жақты  дамыған  тұлғаны 
қалыптастыруды 
көздейтін 
рухани-адамгершілік, 
иандылық, отбасы тәрбиесі және кәсіби білім беру бойынша 
тәлім-тәрбиелік  идеялар  жеткілікті.  «Құтты  білік»  дастаны 
мен 
«Кабуснамада» 
мұрагерлік 
дәстүр, 
ата-ананы 
құрметтеу, дене мен тамақтану гигиенасы, отбасы тәрбиесі, 
шешендік  өнерге  баулу  мен  имандылыққа  үйрету  сияқты 
тағылымдық  ой-пікірлер  арасында  рухани  шығармашылық 
сабақтастық айқын көрініп тұрады.  
Дастанда  Шығыс  ойшылдарының  бірі  Абулкосим 
Фирдоусидің  (940-1025ж.ж.)  құндылығы  жоғары  поэмасы  
«Шахнамадағы»  Ануширван,   Феридун, Рүстем, Афрасиаб 
сияқты  кейіпкерлердің  ерлік  істері  дәріптелініп,  ғұлама  өз 
жерлестерін    солардан    үлгі    алуға  шақырады.  Сондай-ақ, 
дастан  мазмұнында  «Шахнама»  поэмасына  тікелей 
сілтемелер де жасалады: «Байқа Заххақ сорлы неге сорлады, 
Фаридун  жолын  қалай  қолдап,  оңдады?»,  «Ұстап  жасын 
қылышын  да  Қайдардың,  Рүстемдей  даңқпен  жерді 
жайлармын»,  т.с.с.  «Шахнама»  сөзі  «Патшалар  кітабы» 
дегенді  білдіреді.  Позмада  Иранның  елу  мифологиялық 
және  тарихи  патшаларының  ел  басқаруы  сөз  болады,  ол 
көлемі жағынан әртүрлі үш бөлімнен тұрады:  
1)  мифологиялық  бөлім,  онда  Иранның  алғашқы  он  ел 
басқарушысы туралы мәліметтер келтіріледі; 
2)  ерлік  бөлім,  онда  негізінен  Рүстемнің  ерлік  істері 
баяндалады; 
3)  тарихи  бөлім,  Иран-Сасанидтердің  шынайы 
Шаханшахтарының  әртүрлі  кезеңдерде  ел  басқарулары 
суреттеледі. 
«Шахнама»  - адамгершілік қазынасы болып табылады, 
оның  негізгі  идеясы  -  қайырымдылық  пен  зұлымдық 

 
122 
 
арасындағы  күрес,  Отанға  деген  шексіз  сүйіспеншілік,  ол 
күрес,  соғыс,  қарақшылық,  ерлік,  батырлық  және 
сүйіспеншілік туралы кітап қана емес, сонымен бірге өнеге, 
ақыл-кеңес,  адамгершілікті  насихаттау,  этика  мен  мінез-
құлықты  тәрбиелеу  бойынша  таптырмайтын  асыл  мұра 
болып  саналады  [93].  «Шахнама»  мен  «Құтты  білік» 
арасында 
ақыл 
мен 
парасат, 
ақылдылық 
пен 
парасаттылықтың  тұлғаның  адамгершілік  сапасы  ретіндегі 
мәні,  жетілген  тұлғаны  қалыптастыру  факторлары,  отбасы 
тәрбиесі,  патриотизм  мәселелері  бойынша  педагогикалық 
ойларының өзара байланысы бар. 
Ж.Баласағұнидің  моральдық-этикалық,  психологиялық 
қағидалары 
ибн-Сина 
мен 
әл-Фараби 
ілімдерімен 
сабақтасып  жатады.
 
Өйткені  аталмыш  дастаннан  да 
адамдарды  тәрбиелеу  –  мемлекет  көздейтін  негізгі 
шаралардың  бірі,  зұлымдық  барып  тұрған  әлеуметтік  ауру, 
оны  оқу–тәрбие  арқылы  ғана  «емдеуге»  болады. 
Адамдардың  жақсы  қылықтары  мен  қасиеттерін  жетілдіре 
білсе, қоғамды да, мемлекетті де жақсартуға болады дейтін 
ағартушылық идея аңғарылады [94]. 
Ғұламаның дүниетанымдық көзқарастарын  ислам   діні   
және      отырықшы      елдердің  арасында  осы  дінге  дейін 
таралған  тәңіршілдік,  зороастризм,  буддизм,  манихей  және 
христиан  секілді  әртүрлі  діни  наным-сенім  белгілері   
құрайды.    Осы   діни   ағымдардың   арасынан     «Құтты 
біліктің»  мазмұнынан  анық  байқалатын  және  сана-сезімге 
тікелей әсер ететін   көріністер   -   тәңіршілдіктегі   пұтқа   
табыну,      шамандық  наным-сенімдер.  Адамның  бақыты, 
өмірдің мәні, фәни дүниенің жалғандығы,    бақи   дүниенің   
баяндығы        сияқгы      мұсылмандық  ұғымдармен  қатар 
жастық  өмірдің  қас-қағымда  өтуі,  кәрілік  пен  өлімнің 

 
123 
 
ақиқаттығына  қайғыру  секілді  шамандық  сарындар  Жүсіп 
Баласағұнидің   дүниетанымынан   айқын байқалады. 
Сонымен  ұлы  ойшылдың  дүниетанымында  дүниеге 
пантеистикалық  көзқарас  қалыптасқан.  Дастанда  Құдай 
дүниені  жаратушы  бірінші  себеп  ретінде  көрінеді.  Оны 
ғұламаның 
«Алла 
атымен 
айттым 
сөздің 
әлібін, 
жарылқаған,  жаратқан  бір  тәңірім»  деген  ой-  тұжырымы 
дәлелдейді.  Орта  Азияның  басқа  перипатетиктері  (Фараби, 
Беруни,  Ибн  Сина)  сияқты  Жүсіп  те  Алланың  әмірімен 
пайда  болған  дүние  өз  бетімен  тіршілік  етіп,  өз 
заңдылығымен  дамиды  деген  тұжырымдаманы  ұстанады. 
Дүниенің  үлгісі  және  оның  үйлесімді  дамуы  туралы  айта 
отырып, ол ерекше қызығушылық тудыратын ой-пікірлерді 
білдіреді.  
Жүсіптің 
әлемнің 
құрылысы 
туралы 
ілімінің 
Аристотель-Птолемей  жүйелерімен  көп  ұқсастығы  бар. 
Бірақ, 
өз 
дәуіріндегі 
жаратылыстану 
ғылымының 
жетістіктеріне  сүйене  отырып,  ғұлама  өз  осінің  айналас 
ында  айналатын  жердің  шар  тәріздес  екендігі  туралы 
тұжырымдаманы 
қолдайды. 
Ежелгі 
ойшылдардың 
дәстүрлерін  жалғастыра  отырып,  Ж.Баласағұни  қоршаған 
болмысты төрт материалдық денеден (жер, су, ауа және от) 
тұрады  және  олар  жердегі  тіршілік  пен  өмірдің  негізі  деп 
есептеді.    Ол  жер  негізгі  орынға  ие  бола  отырып,  төрт 
стихияның  негізін  құрайды  деп  білді.  Ғұлама  табиғат  пен 
қоғамның  барлық  құбылыстары  дамиды  және  заңды  түрде 
өзгереді деген тұжырым айтты. 
Гносеология  саласы  бойынша  ұлы  ойшыл  сананың 
шығу тегі мен мәні, адам өміріндегі ақыл мен білімнің ролі 
туралы  құнды  ой-пікірлерді  ұсынды.  Шығыс  перипатетизм 
өкілдері  сияқты,  ол  да  рационалист  ретінде  ойларын 
танытып  отырды.  Ж.Баласағұни  ақылды  шығармашылық 

 
124 
 
күш  және  материалдық  дүниенің  заттарын  танып-білу 
құралы  ретінде  қарастырды.  Оның  тұжырымдамасы 
бойынша,  ақыл  адамды  білім  жарығымен  нұрландырады. 
Дей  тұрғанмен,  ғұлама  ақиқатты  тануда  сезімдік 
қабылдаудың  ролін  де  жоққа  шығармайды.  Ойшылдың 
адамның  санаткерлік  іс-әрекетіндегі  ақылдың  ролі  туралы 
мәселені өте орынды қойып отырғанын баса айтқан абзал. 
Өзінің 
замандастарының 
назарын 
Ж.Баласағұни 
білімсіз  таным  болмайтындығына  аударады:  дүниені 
неғұрлым  терең  танып-білу  үшін  үнемі  жүйелі  түрде 
біліміңді  толықтырып  отыру  қажеттігі  мәселесін  алға 
тартады.  Ол  адамның  жануардан  айырмашылығы  оның 
ақылы мен білімінде екендігін көрсете отырып, даналық,оқу 
және білім адамды құрметтеу мен бағалаудың негізі, білім-
басты  байлық,  онсыз  адамның  сөзі  де,  ақылы  да  жеміссіз 
деген  ой  түйіндейді.  Ғұлама  ағарту  мен  ғылымға  сүйене 
отырп,  қоғамдық  өмір  мен  ел  басқаруды  жетілдіруге 
болатындығына терең сенім білдірді [95].  
Ж.Баласағұнидің  тәрбие  теориясының  негізі  болып 
табылатын  жетілген  тұлғаны  тәрбиелеу  туралы  ілімі  оның 
қоғамдық-саяси  көзқарастарынан  рухани  бастау  алады, 
соның  ішінде  педагогикалық  ой-пікірлері  ерекше  мәнге  ие 
болады.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  ғұламаның 
педагогикасы  ізгілендіруге  бағытталған.  Сонымен  бірге 
онда  мұсылмандық  дін  идеялары  да  басым  екендігін 
ешқашан  есте  шығармауымыз  керек.  Өйткені  мұсылман 
идеологиясының  қайнар  көзі  болып  саналатын  Құран  – 
бүкіл  мұсылман  қауымы  үшін  қасиетті  де,  мәңгілік  кітап, 
ешқашан  өзгермейтін  «Алланың  сөзі»  ретінде  аса 
құрметтеледі. 
Жалпы, 
Ж.Баласағұнидің 
тәрбие 
теориясының мазмұнын былай көрсетуге болады (Сурет 7).    
 

 
125 
 
 
 
Сурет 7 - Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы 
МАҚСАТЫ: 
Жетілген тұлғаны тәрбиелеу 
Ізгілендіру идеясы  
Адамгершілік тәрбие 
Адами қасиеттер 
Ақыл-ой тәрбиесі 
Эстетикалық тәрбие 
Еңбек тәрбиесі 
Құқықтық тәрбие 
 
Имандылық тәрбиесі 
 
Отбасы тәрбиесі 
 
Білім, ақыл, тіл 
Сұлулық, өнер 
Еңбек-тіршілік көзі 
Ел басқару 
Ислам қағидалары 
Халық педагогикасы 
Тұлғаның үйлесімді дамуы 

 
126 
 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
ілімінің 
негізін 
дидактика  құрайтынын  жоғарыда  айттық,  өйткені  «Құтты 
білік»  атауының  өзі  айтып  тұрғандай,  оқу-білім  мәселесіне 
арналған.  Бірақ,  Ж.Баласағұнидің  педагогикалық  ілімінің 
ерекшелігі  оның  барлық  дидактикасы  жетілген  тұлғаны 
тәрбиелеу,  адамда  адамдық  ізгі  қасиеттерді  тәрбиелеу 
идеясына  негізделеді.  Ізгілікті  (адами  қасиеттерді) 
тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің ойынша жоғары адамгершілік 
сана  мен  мінез-құлықты  қалыптастыру  басты  роль 
атқарады,  соның  негізінде  ішкі  және  сыртқы  дүниесі  өзара 
тең,  рухани  және  дене  әсемдігі  өзара  үйлескен  жан-жақты 
дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады. 
Адамда  адами  қасиеттерді  тәрбиелеу  туралы  айтқанда, 
Ж.Баласағұни  тәрбиенің  төрт  тұғырына  сүйенеді:  әділет, 
дәулет,  парасат,  қанағат.  Зерттеуші  А.Рыскиева  аталмыш 
төрт  тұғырдың  диалектикалық  тұрғыдан  бірін-бірі  өзара 
толықтырып  отыратынын  айта  келіп,  онсыз  тұлғаны 
тәрбиелеудің  мақсаты  болып  табылатыны  бақытқа  жету 
мүмкін  еместігін  көрсетеді:
 
«Әділеттің  ақ  туы  іспеттес 
Күнтуды  (әділет)  басты  тұлға.  Себебі,  ізгілікті  қоғамның 
мәңгілік  арқауы  әділеттік,  ол  -  ана  сүтімен  сүйекке  сіңетін 
қасиет.  Ал  ақыл  да,  дәулет  те,  қанағат  та,  сезім  де 
туылғаннан  емес  жүре  бітер  қасиеттер  және  тұракты 
болмайды,  өзара  қарама-қайшылықта  болады.  Мәселен, 
дәулет  баянсыз,  тұрақсыз  түлеп,  жанғырып  тұрады.  Ақыл 
адалға  да,  арамға  да  бітеді,  қанағат  жаңғырып  тұрады. 
Олардың  әрқайсысы  жеке-дара  алып  қарағанда  дүниеге 
тұтқа болмайды. Адамды бақытқа жетелей алмайды. Бұлар 
әділеттің төңірегіңе тоқтаса ғана үміт оты көрінеді. Әділет, 
бақ,  ақыл  мен  қанағат  диалектикалық  бірлікте  болған 
жағдайда  ғана  халықты  бақытқа  әкеледі»  [96.Б.127]. 
Зерттеуші  осы  «төрт  тұғырлық»  өлшемдік  қағиданың 

 
127 
 
«Құтты  біліктің»  құрылымдық-мазмұндық  негізіне  арқау 
болғанын ерекше атап көрсетеді.    
Қазіргі 
педагогикада 
оқушының 
жалпы 
және 
психикалық  дамуының  жеткiлiктi  деңгейiне  қол  жеткiзу 
үшiн‚  ең  алдымен  1-шi  кезекке‚  бұрынғыша  оқушыны 
пәндiк  бiлiм‚  бiлiктердiң  белгiлi  бiр  жиынтығымен 
қаруландыру  емес‚  оқу  әрекетiн  қалыптастыру  негiзiнде 
тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Осы 
тұрғыдан  алғанда,  Ж.Баласағұнидің  ілімінде  адамның 
адамгершілік  тұлғалық  сапаларын  қалыптастыруға  ерекше 
көңіл бөлінеді, яғни адамгершілік тәрбиесі басты орынға ие. 
Ғұлама  адамды  адам  ететін  мынадай  сапаларды  бөліп 
көрсете  отырып,  олардың  адамилық,  адамгершілік  мәніне 
тоқталады: 
1.  Кісілік  –  адамгершіліктің  негізгі  тұтқасы, 
адамилықтың  биік  шыңында  тұратын  құнды  қасиет, 
Адамды  адам  етіп  құрметтеудің,  бағалаудың  белгісі 
ретіндегі  сапалық  көрсеткіш.  Ғұлама  кісілікке  тән 
сипаттарды  былай  бөліп  көрсетеді:  тіл  –  адал  сөйлеп, 
шындығын  айту;  әділет  -  әділдікті  сақтау,  ар-намысты 
қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және 
қол  кең  болу;  қайсарлық  –  елін-жерін  қорғау,  жаудан 
сақтану.  
 
Ж.Баласағұни  адамның  бойындағы  кісілік  қасиетін 
жоғары  қоя  отырып,  кісі  ділі,  тіні,  негізі  –  кісілігімен  ғана 
Адам деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: 
 
Кісі екенсің, тінің сенің – кісілік, 
 
Кісілерге адамдық ет кешіріп... 
 
Кісілікпен танытасың затыңды, 
 
Кісілікпен шығарасың атыңды. 
 
Кісілерді кісі еткен кісілік, 
  Кісілікпен аты шығар кісінің... 

 
128 
 
  Кісі ізгісі – қайрымды кең кісі
  Ел сарасы, кісіліктің белгісі... 
Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. 
Әділдіктің заты – тұнған кісілік. 
Ғұламаның  «кісіліктің»  мәнін  ашып  көрсету  бойынша 
айтқан  даналық  тағылымдары  дастанның  өн  бойынан 
кездесіп отырады. Қазіргі жастарымыздың бойында кісілікті 
қалыптастыру  ең  маңызды  мәселе  болса,  Ж.Баласағұнидің 
еңбегі - кісіліктің әліппесі ретінде баға жетпес құнды дүние. 
2. 
Ізгілік. 
Ж.Баласағұнидің 
ілімі 

ізгілік 
педагогикасының  қайнар  көзі,  дастанда  ізгіліктің  сипаты, 
пайдасы  толық  ашып  көрсетіледі.  Ғұлама  адам  бойындағы 
ізгілік жақсы адамға тән екендігін айта отырып, жақсы адам 
мен  жаман  адамның  өмірдегі  мәні  салыстырмалы  таладу 
жасайды. Жақсы адамның ешқашан аты өшпейтінін, жаман 
адамның  ешқашан  аты  аталмайтынын  ескерте  отырып,  ізгі 
іс  қай  адамды  болмасын  (бекті  де,  құлды  да)  жақсылыққа 
апаратын жол, құрметке бөлейтін қасиет екендігін меңзейді: 
Ізгілік пен жақсы қылық – амалы, 
Мұнымен ер екі дүниені алады. 
Сен ізгілік тілер болсаң; одан да, 
Кел ізгілік қыл, сөзіңді доғар да. 
Адам бойындағы ізгілік оның ізгі ниетінен, ізгі сөзінен 
және  ізгі  қылығынан  көрінетінін  ғұлама  өте  көрегендікпен 
тұжырымдаған. Ізгі ниет - адамды ізгілікке, адамгершілікке 
итермелейтін  ішкі  күш,  алғашқы  түрткі,  сондықтан  оны 
адам бойында қалыптастырудың маңызы зор: 
Жақсы болса ердің ниет-құлығы, 
Іс-тілегі түгел болар ғұмыры. 
Ниеті оң – тек жақсылық табады, 
Ниеттен-ақ жанға сауап алады. 

 
129 
 
Ғұлама  ізгі  сөз  сөйлеген  адамның  шапағатқа 
бөленетінін,  ізгі  сөзі  арқылы  өзінің  білімділігін, 
ақылдылығын, даналығын, кісілігін танытатынын айтады:  
Кісі көркі – сөз, бұл сөздің түрі көп, 
Ізгі сөзді ерді мақта, тілі өрт!... 
Тілмен адам өң береді сөзіне, 
Жақсы сөзбен нұр береді өңіне. 
Ізгі қылық ізгі ниет пен ізгі сөздің іс жүзіндегі көрінісі, 
ол  адамның  мінез-құлқынан  көрінеді.  Ізгі  қылық  арқылы 
адам  өзінің  жақсылығын  айналасындағы  адамдарға  күн 
нұрының  шуағындай  тарата  алады,  ай  сәулесіндей  көрсете 
біледі, жарқырап тұрған жұлдыздардай таныта алады: 
Кісі әсілін танытады қылығы, 
Ісі қандай – сондай тіні, құлығы. 
Құлқы ізгінің қылығы да әдемі
Оңбағандық – оңбас құлық әлегі! 
3.  Тектілік.  Адам  баласының  адамгершілік  қарым-
қатынасындағы  атаға,  руға,  ұлтқа  бөліп,  адамдық  асыл 
сезімдерге  жол  бермей,  күндестік,  бақталастық,  дүние 
таластықты тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат 
көрсетіп,  қылмыс  жасау  текті  сыйламаудан,  адамдық 
қасиеттерді 
қастерлемеуден 
туындайды 
[97.Б.43]. 
Ж.Баласағұни  тектілікті  тұқым  қуалаушылық  шеңберінен 
шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне көтереді. Ол 
тектіліктің  тұқым  қуалау  арқылы  да  адамның  бойына 
тарайтынын  жоққа  шығармайды.  Оны  мына  ой-пікірлері 
дәлелдейді: 
Елік ойын мәтелдеді, балады: 
«Текті ердің текті ұрпағы қалады!»... 
Тегі жақсы болса, жақсы адам да  
Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда.  

 
130 
 
Ғұламаның  данышпандығы  тектілікті  тәрбие  арқылы 
қалыптастыруға  болатын  тұлғалық  сапа  ретінде  анықтауы 
болып  табылады.  Оның  негізгі  мәні  –  «әкеңді  сыйласаң, 
атаңды  құрметтей  білесің,  бабаңды  қастерлеп,  бабаның 
өнегесін  орындайсың  да,  еліңе  елеулі,  халқыңа  қалаулы, 
бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан 
екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: 
Текті атанңы баласы туыс іздейді
Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. 
Асыл болса кімнің ата-тегі егер, 
Одан елге пайда тиер, сене бер!. 
Тәрбиенің  жетекші  роліне  сүйене  отырып,  тек  - 
адамдық  қасиет,  өйткені  әрбір  тұлғаның  тегі  –  Адам, 
сондықтан  оны  тұлғаның  бойында  қалыптастыруға  болады 
деген тұжырым жасайды: 
Бектер сөзі тілді буып алмасын, 
Текті сөздің тек әділін арнасын... 
Ізгі іс істесең – текті тірлік сүргенің, 
Жауыздығың - көрге тірі кіргенің. 
4. 
Парасаттылық.. 
Адамның 
данышпандығы, 
білімділігі,  ақылдылығы,  даналығы,  терең  ойшылдығы  мен 
кемеңгерлігі оның парасаттылығын білдіреді. Ж.Баласағұни 
парасаттылықты  жеке  тұлғаның  қадір-қасиетін,  кісінің 
кемелділігін 
білдіретін 
жиынтық 
ұғым, 
адамның 
адамгершілік  сапаларының  бірден-бір  өлшемі  ретінде 
қарастырады. «Өгдүлмішті сонан соң сөзге қостым, Ақылы 
асқан  жоқ  одан  өзге  достым»  дей  отырып,  Ақыл  бейнесін 
уәзірдің баласы Өгдүлміш  арқылы беріп, парасаттылықтың 
мәнін ашып көрсетеді. Тұлғаның бойында парасаттылық туа 
біткен  ақыл-есті  біліммен  толықтыру  нәтижесінде  пайда 
болатындығы  туралы  ой-пікір  айта  отырып,  оны  дамыту 

 
131 
 
үшін  үнемі  білім,  өнер  нәрімен  сусындатып  отыру,  оқып-
үйрену еңбегімен шұғылдану қажеттілігін ашып көрсетеді: 
Туып оқу-тоқусыз, өмір бойы оқиды
Дүние сырын ақылмен санасына тоқиды. 
Анадан да шарана білімсіз боп туады, 
Біліп, оқып,үйреніп дана жолын қуады. 
Тек ақыл-ес табиғаттан бұйырар, 
Ақыл-еске білім, өнер құйылар. 
5.  Әділдік.  Әділдік  ханның,  әміршінің  бейнесі  арқылы 
суреттеліп,  дастан  мазмұнында  де  өлмейтін  кейіпкерге 
айналғандығы бекер емес. Бұдан туатын ой  — қай заманда 
болмасын  әділдіксіз,  әділ  заңсыз,  құқықтық  тәрбиесіз 
ешқандай 
қоғам 
алға 
ілгерілемек 
емес. 
Ал                                                                                                                                                                                                                   
педагогикалық 
процесс 
кезінде 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушілердің  арасында,  тіпті,  балалардың  өзара 
қатынастары 
жағдайында 
әділеттілік 
қағидасының 
сақталмауы  өскелең  ұрпақ  үшін  зардабы  үлкен  құбылысқа 
айналатындығы  анық.  Сондықтан,  педагог-ақын  әділдікті 
әлемдегі тіршіліктің көзі - Күнге теңеп: «Жарқыраған Күнді 
көр де, көр мені, Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені» — деп 
әділдіктің  Күн  сияқгы  қоғамдық  өмірге  нұрын  шашып, 
адамдардың қарым-қатынасын сәулелендіріп тұратындығын 
айтып, ұлағатты педагогикалық ой түйеді [80. Б.43]. Ғұлама 
әділдіктің  мағынасы  туралықты,  шыншылдықты,  түзулікті 
білдіреді,  одан  таю,  яғни  әділдікке  жатпайтын  іс  істеу 
қиянат  жасау,  жазықсыз  жапа  шектіру  деп  түсіндіреді. 
Сондықтан  дастанда  әділдік  адамның  ең  асыл  қасиеті, 
адамгершіліктің негізі деп саналады: 
Елік айтты: - Біл, әділ жан бір шынар, 
Тілі, ділі сөзіменен бір шығар. 
Тысы-ішіне, іші-тысқа жарасып, 
Туған жаннан кетпес шындық адасып... 

 
132 
 
Әділдік – құт. Құт құрығы-кішілік. 
Әділдіктің заты – тұнған кісілік. 
Сонымен 
бірге 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
ілімінде  адамгершіліктің  асыл  сапалары,  негізгі  өлшемдері 
болып 
табылатын 
қайырымдылық, 
кішіпейілділік, 
жомарттық, 
әдептілік, 
сыпайылық, 
сабырлылық, 
инабаттылық,  имандылық,  достық,  жолдастық  сияқты 
қасиеттердің  мән-мағынасы  айқындалып,  оларды  дұрыс 
ұйымдастырылған  тәрбие  арқылы  тұлғаның  бойында 
қалыптастыруға  болатындығы  айтылады.  Ғұламаның 
ойынша,  тұлғаның  рухани  дамуы  оның  бойындағы  жақсы 
және  жаман  қасиеттердің  бірін-бірі  жоққа  шығаруы 
арқасында 
мүмкін 
болады. 
Мәселен, 
надандықты 
парасаттылық, 
күншілдікті 
достық, 
жауыздықты 
қайрымдылық, 
сараңдықты 
жомарттық 
жойып, 
адамгершілігі  мол,  рухани  дүниесі  бай  жетілген  тұлғаны 
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
Ж..Баласағұнидің  педагогикалық  ілімінде  ақыл-ой 
тәрбиесіне  де  ерекше  орын  беріледі.  Ғұламаның  пікірінше, 
адамда туғанда танып-білуге деген қабілет  (ынта) болады: 
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,  
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса... 
Осы ынтаны оятып, әрі қарай дамыту үшін, яғни ақыл-
ой  тәрбиесін  іске  асыру  үшін  адамның  бойында  қандай 
сапалар болу керектігін Ж.Баласағұни өз еңбегінде көрсетіп 
берген, мұнда да ол төрт тұғырға сүйенеді: біріншісі – ақыл, 
екіншісі  –  ерік,  үшіншісі    -  әрекет,  төртіншісі  –  сөз.  Осы 
төрт тұғырдың адам денесінде алатын орны бар: ми, жүрек, 
қол  және  тіл.  Ғұлама  дастанда  ақыл-ой  тәрбиесін  берудің 
педагогикалық  жүйесін  данышпандықпен  көрсете  біледі. 
Бұл  қазіргі  ұстаздар  қауымы  үшін  құндылығы  жоғары 

 
133 
 
тәрбие технологиясы болып табылады. Біз Ж.Баласағұнидің 
ақыл-ой тәрбиесінің жүйесін былай көрсетеміз (Кесте 3 ):  
 
Кесте 3 – Ж.Баласағұни іліміндегі ақыл-ой тәрбиесі 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал