Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2 Ж.Баласағұнидің педагогикалық 
теориясы
 
 
 
XI  ғасырда  өмір  сүрген  түркі  данасы,  ойшыл-ақын 
Жүсіп  Баласағұнидің  туған  жылын  зерттеуші  ғалымдар 
шамамен  1015  жылы  деп  анықтайды.  Мұны  ғұламаның 
атын  тарихта  қалдырып,  мәңгілік  еткен  «Құтты  білікті» 
көне  түркі  тілінен  аударып,  алғы  сөзі  мен  түсініктерін 
жазған  жазушы,  түркітанушы  ғалым  А.Егеубаевтың 
мағлұматтары  нақтылай  түседі:  «Қазір  бүкіл  шығыс 
зерттеуші  ғалымдардың  назарын  күн  санап  өзіне  аудара 
түскен  «Құтадғу  білік»  1069-1070  жылдары  он  сегіз  айдың 
ішінде  жазылған.  Авторы:  Жетісу  өңірінің  Шу  өзенінің 
бойындағы  тарихқа  ықылым  заманнан  белгілі  ірі 
шаһарлардың  бірі  Баласағұнда  (Құзорда  деп  те  аталған) 
туып,  өскен  Жүсіп  Баласағұн.  Жүсіп  бұл  қоғамдық-
әлеуметтік  мәні  терең,  халықтың  моральдық-этикалық 
бағдарламасы іспеттес еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы 
Рашид  Рахмати  Араттың  жобалауы  бойынша)  жазған. 
Ежелгі  Баласағұн  қаласында  бастап,  Қашқарда  аяқтап, 
Қараханидтер  мемлекетінің  сол  кездегі  әмірі  Бұғра  ханға 
тарту  еткен.  Хан  оның  еңбегін  жоғары  бағалап,  «Хас 
Хажыб»  деген  атақ  берген.  Сөйтіп,  Жүсіп  Хас  Хажыб 
Баласағұн  деген  аты  дүниеге  тараған»  [41.  Б.6].  Дегенмен, 
кейбір  ғалымдар  ғұламаны  1018  жылы  туды  деп  те 
болжайды. Мәселен, түріктің филолог ғалымы А.Дильачар: 
«Ж.Баласағұни  біздің  эрамыздың  1018  жылы  шамасында 
туып, 1068 жылы Қашғарға аттанды да, сол жерде 18 айдың 
ішінде  дастанды  жазады  және  келесі  -  1069  жылы  оны 
«Шығыс  пен  Қытай  патшасы»  Табғаш  Боғраханға  немесе 
«хандардың Ханы табғаш-Қара-Боғра-ханға» әкеледі, толық 

 
89 
 
ат-жөні  мен  лауазымы:  Табғаш-Боғра-Қара-хақан  Әбу  Әли 
Хасан,  Сүлейменнің,  Арслан-Қара-хақанның  ұлы  (біздің 
эрамыздың 1056-1103 жылдары билік құрған)» - деп жазады 
[74.Б.23].  
Ж.Баласағұнидің  туған  жері  Батыс  Түрік  қағанатының 
басты  астанасы,    саяси,  экономикалық  және  рухани 
мәдениеттің  орталығы  ретінде  аты  әлемге  әйгілі  болған 
ортағасырлық  ірі  қала  Баласағұн  екендігі  тарихтан  белгілі. 
Қазақстандық  белгілі  тарихшы,  этнолог  және  археолог-
ғалым  У.Х.Шәлекеновтың  жүргізген  бірнеше  жылдық 
қомақты зерттеуі бойынша бүгінде Баласағұн қаласы «бізге 
жердің  қойнауына  түгелімен  енген  археологиялық 
ескерткіш  түрінде  жеткен.  Бұл  қаланың  орны  Жамбыл 
облысының  Шу  ауданы,  бұрынғы  «Калинин»  колхозының 
(қазіргі  Баласағұн  ауылының)  жерінде,  Алматы-Тараз  тас 
жолының  бойында.  Ол  Шарғау,  Ақсу,  Қарабалта  және 
Тоқташ 
өзендерінің 
Шу 
өзеніне 
құятын 
төменгі 
ағыстарындағы  тегістікке  орналасқан»  [75.Б.9].  Ғалымның 
пайымдауынша, Баласағұн қаласы  V ғасырда  пайда болып, 
ХІІІ  ғасырдың  басында  қираған.  Ол  өзінің  «V-ХІІІ 
ғасырлардағы  Баласағұн  қаласы»  атты  монографиясында 
Баласағұн  қаласы  туралы  жазылған  тарихи  әдебиеттерді 
талдай  отырып,  оның  тарих  сахнасынан  түсіп,  аты  да, 
орналасқан  жері  де  бейтаныс  болып  қалуының  себебі 
туралы  мынадай  тарихи  дерек  келтіреді:  «1210  жылы 
Мұхаммед 
Хорезмшахпен 
Қарақытай 
(Қарақидан) 
мемлекетінің  билеушісі  Гурхан  (астанасы  Баласағұн) 
арасында  Талас  өзенінің  жағасында,  Тараз  шаһарының 
қасында  болған  шайқаста,  Хорезм  билеушілігі  жеңіске 
жетіп,  Баласағұннан  келген  Гурхан  жеңілген.  Жеңіске 
жеткенмен  Мұхаммед  Хорезмшах  Баласағұнға  бармай, 
елдегі  жағдайға  байланысты  Самарқандқа  қайтып  оралған. 

 
90 
 
Бұл  жағдайдан  кейін  Гурхан  қалған  әскерлерімен  өзінің 
астанасы  Баласағұнға  жеткен.  Бірақ  қала  тұрғындары 
мықты бекініп, Гурханды қалаға жібермеген. Билеуші өзінің 
тұрғындарымен 16 күн соғысып, ақырында, қаланың батыс 
дарбазасын  сындырып,  қаланың  тұрғындарын  қанға 
батырып, Баласағұнды үш күн өртеуге жендеттеріне бұйрық 
берген. Сол қырғынның нәтижесінде бас көтеретін қаланың 
азаматтарынан 47 мың адам өлтірілген және  қала негізінен 
қираған.  Тұрғындардың  тірі  қалғандары  бас  сауғалап  жан-
жаққа  босып  кеткен.  Баласағұн  қаңырап  бүлінген  күйінде 
қайта  тұрғызылмай  қала  берген.  Арада  бір  жыл  өтпей-ақ, 
1211 жылы Найманнан шыққан Кушлук (Кучлук) Гурханды 
тұтқынға алып, оның мемлекетін 1218 жылға дейін билеген. 
Осы  жылы  Баласағұнды  Шыңғыс  ханның  қолбасшысы 
Жебе-ноян  соғыссыз  алып,  оған  «гобалық»  (жақсы  қала) 
деген ат берген. Соған қарағанда, монғолдар келгенде азып-
тозып, тек атын әлі  жоймаған қала күйінде сақталса керек. 
Сөйтіп, Баласағұн қаласы тарихи сахнадан түсіп, уақыттың 
өтуімен  аты  да,  орналасқан  жері  де  ХІV  ғасырда  белгісіз 
болып,  кейін  жергілікті  тұрғындар  шаһардың  ортасында 
сақталып қалған биік төбенің атымен Ақтөбе деп атап кете 
берген»  [75.Б.53].  Сөйтіп,  Шу  өзенінің  сол  жағасында 
орналасқан,  тарихта  ортағасырлық  Ақтөбе  қаласы  деген 
атпен  белгілі  ескерткішті  терең  зерттеу  арқылы  оның 
тарихи Баласағұн екендігі дәлелденді.  
Ж.Баласағұнидің  шыққан  тегі  және  ортасы  туралы 
Х.Сүйіншәлиевтің келтірген мынадай дерегі бар: «Жүсіптің 
әкесі  де  өнер  иесі,  күйші-музыкант  екен.  Ол  да  Қарахан 
мемлекетінің  қожасы  Боғраханға  (толық  аты  Табғач  Бұғра 
Қарахан  Әбу-Әлі  Хасан)  қызмет  еткен.  Ел  аңызының 
айтуынша,  ол  Боғраханның  аталарының  бірі  Хұсайын 
дегенге  арнап,  «Дәрди  Хұсайын»  («Құсайынның  дерті») 

 
91 
 
деген  күй  шығарған  белгілі  қобызшы  болыпты.  Жүсіп  осы 
талантты  өнерпаз  әкесінің  тәлімін  алып  өскен.  Жасынан 
зерделілігімен  көзге  түсіп,  сарай  қожаларының  көңілін 
аударған.  Шығыс  Түркістан,  Қашқар,  Баласағұн,  Жетісу 
өлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1012 ж. өлген) Жүсіптен 
зор үмітті боп, оны баулыған. Жүсіп кезіндегі атқаты білім 
ордаларында  болып,  көп  тілдерді  үйреніп,  тез  жетілген. 
Әділет  жолын  іздеп,  алас  ұрған  жігерлі  жас  әдебиет  пен 
ғылым салаларын  жете меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді 
адамы  саналған.  Ол  жасынан  оқып,  түркі  тілдеріне  қоса 
парсы,  араб,  қытай  тілдерін  жақсы  білген.  Сол  кез 
әдебиетінен, 
тарихынан, 
астрономиясынан, 
геометриясынан,  тағы  басқа  ғылымдарынан  мағлұмат 
алған» [22. Б.86].     
Бүгінгі  таңда  Ж.Баласағұнидің  тәлімдік-тәрбиелік 
идеялары,  олардың  педагогикалық  мәнділігі  бірнеше 
зерттеулердің  арқауы  болып,  тың  нәтижелерге  қол 
жеткізуге  мүмкіндік  беріп  отыр.  Солардың  ішінде  оның 
«Құтты  білік»  атты  педагогикалық  еңбегін  О.Альбертс, 
В.В.Радлов,  В.В.Бартольд,  С.Е.Малов,  О.Прицак,  А.Мец, 
Р.Р.Арат,  К.Кәрімов,  С.М.Иванов,  А.Н.Кононов,  т.б.  
ғалымдар  әдебиеттану,  тіл  білімі,  тарих  және  философия 
ғылымдары  ауқымында,  аударма  саласында  салыстыра 
зерттеген. 
«Құтты  білік»  еңбегінің  жазылуының  алғышарттары 
мен  ғұлама  өмір  сүрген  Қарахандар  дәуірінің  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси-мәдени  өмірінің  ерекшеліктерін 
А.В.Валитова, 
Е.Э.Бертельс, 
И.В.Стеблева, 
С.М.Мутталибов, 
О.К.Қараев, 
В.У.Махпиров, 
С.М.Моллаудов, Ю.М.Мухлисов, Э.Н.Наджип, М.С.Фомкин 
және  т.б.  өз  зерттеулерінде  қарастырады.  Дастанды  тарихи 
тұрғыдан  сараптап,  оның  әдеби  және  лингвистикалық 

 
92 
 
жақтарын 
қазақстандық 
әдебиетші 
ғалымдар 
Б.К.Кенжебаев, 
Қ.Ө.Өмірәлиев, 
Х.Ж.Сүйіншәлиев, 
Ә.Б.Дербісалиев, 
М.Ж.Жолдасбеков, 
Н.К.Келімбетов, 
М.М.Мырзахметов,  А.Қ.Егеубаев,  т.б.  зерттеп,  оның 
әдебиет  теориясында  алатын  орнын  ашып  көрсетті. 
Сонымен  бірге  Жүсіп  Баласағұнидің  философиялық 
көзқарасы да арнайы зерттеу пәні болды (А.Х.Қасымжанов, 
Д.М.Мәжиденова, Ж.Т. Әміребаева, т.б.). 
Бүгінгі 
таңда 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
идеяларына  теориялық  негіздеме  беріп,  оларды  жүйелі 
түрде 
талдауға 
А.К.Ахметова, 
Т.Ә.Ахметов,  
Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қалиев,  А.Н.Көшербаева,  К.Ж.Ибраева 
зерттеулері арналған. 
Ғұламаның бізге қалдырған асыл мұрасы – түркі тілінде 
жазылған 13 мың жолдық «Құтты білік» дастаны. Бұл – сан 
ғасырлар  сынынан  өтіп,  өзінің  рухани  баға  жетпес 
құндылығымен  иесінің  (авторының)  есімін  аспан  көгіндегі 
жарық жұлдыздай етіп, әлем мәдениеттің тарихына мәңгілік 
етіп  жазып  қалдырған  көне  түркі  ғылымының  ұлы 
ескерткіші,  саясат, өнеге, тәрбие, еңбек жөнінде толғанысқа 
құрылған,  тәрбиелік  мәні  мен  маңызы  зор,  тұлғаның 
қалыптасуы  мен  дамуын  дәріптейтін  философиялық  және 
педагогикалық  туынды.  Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік» 
дастаны  бойынша  жүргізілген  зерттеулердің  барлығында 
оның  бізге  дейін  сақталып  келген  үш  нұсқасы  бар  екендігі 
айтылады.  Академик  В.В.Бартольд  «Тюрки:  Двенадцать 
лекции  по  истории  турецких  народов  Средней  Азии»  атты 
атақты  еңбегінде  «Құтты  білік  бізге  үш  қолжазба  түрінде 
жетті,  біріншісі  ұйғыр  алфавитімен,  1439  жылы  Гератта 
жазылған,    және  екеуі  араб  алфавитімен  жазылған,  оның 
біреуі  –Египетте,  екіншісі  –  Ферғанада  табылған»  -  деп 
жазады  [76.Б.103].  Бұл  туралы  А.Н.Кононов  [77], 

 
93 
 
А.Егеубаев  [78],  А.Н.Көшербаева  [79],  Т.Ә.Ахметов  [80], 
Х.Сүйіншәлиев [22], О.А.Төребаев [14], т.б. зерттеулерінде 
де айтылады [Кесте 1]. 
 
Кесте  1  –  Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  дастанының 
түпнұсқаларына мазмұндық сипаттама 
 
1-нұсқа 
2-нұсқа 
3-нұсқа 
Вена  нұсқасы,  қазіргі 
оның 
табылған 
орны, 
немесе  көшіріп  алынған 
жеріне 
қарай 
Герат 
нұсқасы.  1439  жылы  17 
маусымда  көшіріп  біткен, 
көшірушінің 
аты-жөні 
Хасан  Қара  Сейіл  болу 
керек  деген  болжам  бар,  
араб  әрпімен  жазылған 
жазбадан  ұйғыр  әрпімен 
көшірілген.  Бұл  нұсқа 
белгісіз 
себептермен 
Гераттан    Тоқат  қаласына 
(Түркия), 
сосын 
1474 
жылы 
Стамбулдан 
шығады. 
1796 
жылы 
елшілік  қызметте  жүріп, 
австрия  ғалымы  Иосиф 
фон 
Хаммер-Пургшаль 
(1774-1856) 
букинистен 
сатып 
алып, 
оны 
Венедағы 
Король 
кітапханасына  тапсырады. 
Нұсқа 
ұқыпсыз 
көшірілген, 
сондықтан 
онда кейбір бәйіттер жоқ. 
Каир 
(Мысыр) 
нұсқасы, 
араб 
әрпімен 
жазылған, 
1896  жылы  Каирде 
Хидив 
(Кедивен) 
кітапханасының 
директоры, 
неміс 
ғалымы 
Б.Мориц 
тапқан. Қолжазбаның 
сапасы 
нашар, 
көптеген 
бәйіттер 
жоқ. 
«Құтты 
біліктің» 
каир 
нұсқасының 
көшірмесін 
1898 
жылы 
В.В.Радлов 
Петербург 
Ғылым 
Академиясының 
Азия 
музейіне 
алдырған,  ол  қазір 
Ресей 
Ғылым 
Академиясы 
Шығыстану 
институтының  Санк-
Петербург 
бөлімшесінің 
қолжазбалар 
қорында сақтаулы. 
Наманған 
(Ферғана) 
нұсқасы, ең толық, 
жақсы 
сақталған 
қолжазба, 
араб 
әрпімен  жазылған. 
Оны  1913  жылы 
Наманған 
қаласынан 
(Өзбекстан) 
Мұхаммедхожа 
ишан 
Лоләріш 
дегеннің 
жеке 
кітапханасынан  
А.-З. 
Валидов 
(1991-1970) 
тапқан.  Кейінірек, 
1925  жылы  өзбек 
ғалымы 
Фитрат 
қайта  тауып  алып, 
Ташкентте 
ол 
туралы 
қысқаша 
түсініктемелер 
жазады. 
Қазір 
Наманған  нұсқасы 
Өзбекстан    Ғылым 
Академиясының 
Шығыстану 
институтында 
сақтаулы.  
 

 
94 
 
«Құтты  білік»  дастаны  бүгінде  бірнеше  әлем  тілдеріне 
аударылып,  халықтың  рухани  игілігіне  айналып  отыр. 
Алғашқы аударманы шығыстанушы ғалым Г.Вамбери неміс 
тілінде  жасады  (1870  ж.).  Академик  В.В.Радлов  дастанның 
толық аудармасын жасауға өзінің 20 жылдық өмірін арнады. 
Ол  1890  жылы  Вена  нұсқасы  бойынша  жұмысты  бастап, 
1897  жылы  басып  шығаруға  кіріскен  уақытында,  Каир 
нұсқасы  табылады  да,  жұмысты  шамалы  тоқтатуға  тура 
келеді. Сөйтіп, 1900 жылы екі нұсқа бойынша неміс тілінде 
дастанды  басып  шығаруды  бастап,  оны  толығымен  1910 
жылы аяқтайды.  
Сонымен  бірге  дастан  түрік  (Р.Р.Арат,  1947  ж.),  орыс 
(С.Е.Малов,  1929  ж.;  Н.Н.Гребнев,  1963  ж.,  1971  ж.; 
С.Н.Иванов, 1983 ж.), өзбек (К.Кәрімов, 1972 ж.), ұйғыр (бір 
топ  аудармашылар,  1977)  және  қазақ  (А.Егеубаев,  1986  ж.; 
Ә.Құрышжанұлы, 2004 ж.) тілдеріне аударылған. 
Қазақ  философиясының  білгір  маманы,  профессор 
М.С.Орынбеков  «Бұл  шығармада  сол  кездегі  қоғамның 
әлеуметтік  шындығы  көрініс  тапқан.  Сондықтан  да  нақты 
философиясы  көзге  ұрып  тұр»  [81.Б.132]  десе,  көрнекті 
философ  А.Х.Қасымжанов  ««Құтты  білік»  тек  қана  саяси 
трактат  емес,  ол  сол  ғасырдағы  әртүрлі  ғылым  мен 
мемлекет  салаларындағы  дамуды  да  көрсетті.  Бұл  еңбек 
автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының 
тереңдігін, адам құқының сол замандағы дамуын көрсетеді» 
-  деген  тұжырым  жасай  отырып,  дастанның философиялық 
астарына  үлкен  мән  береді  [82.Б.34].  Татар  ғалымы 
Р.М.Амирханов «Орта ғасырдағы (ХІІІ-ХVІ ғғ.) түрік-татар 
философиялық  ойлары»  бойынша  қомақты  зерттеу  жүргізе 
отырып,  Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  дастанының 
философиялық  тұстарын  ашып  көрсетеді:  ««Құтты 
біліктен»  біз  тек  әлеуметтік-этикалық  ғана  емес,  сонымен 

 
95 
 
бірге орта ғасыр ойшылдарына тән көптеген философиялық 
(космологиялық, 
онтологиялық, 
гносеологиялық) 
мәселелерді  де  табамыз.  Бұлар  -  Әлем,  планета  құрылысы 
мен құрамы, ақылдың материалдық негізі болып табылатын 
адам  миының  құрылысы,  зайырлы  және  діни  білімдер  мен 
сенімдердің өзара қатынасы, өмірдің, өлімнің және мәңгілік 
тіршіліктің мәні және т.с.с. мәселелер. Ойшыл-рационалист 
Ж.Баласағұнидің  философиялық  ойларында  Ақыл,  оның 
табиғаты,  қызметі,  таным  процесінің  шексіздігі  мен 
сарқылмайтындығы  туралы  мәселелер  ерекше  орын  алады. 
Ақылдың, білімнің адам өміріндегі шешуші ролі дастанның 
атауынан-ақ  көрініп  тұр.  Сондықтан  оның  түгелдей  дерлік 
мазмұнының  өн  бойында  ғұлама  оқушыны  «игіліктің 
барлығы  –  ғылымда,  ал  ұлылық  -  танымда»  деген  ойға 
жетелеп  отырады»  [83.Б.38].  Дастандағы  әлем  мен  адамды 
танып-білуідің  құралдары  мен  тәсілдері  туралы  айтатын 
болсақ,  таным  бастамасы-  әділдік  пен  азаттыққ  ұмтылу. 
Әділдікке жету жолындағы талпыныс әлем заңдылықтарын 
білуге жеткізетін болса, азаттыққа ұмтылу тұлғаның өзіндік 
санасын  жетілдіреді.  Маңызды  танымдық  принцип  ретінде 
Жүсіп  антикалық  мәдениеттен  келе  жатқан  ұғым  –  макро 
және  микро  ғарыштардың  бірлігін  қолданады.  Адам  мен 
әлемді бөлетін нақтылы шекара жоқ. Ғарыштың өзі субъект 
болып  табылады.  Тұлға  ғарыштан  өзінің  жалғасын  таба 
отырып, ол сонымен қатар өзінен дүниені табады. Олардың 
арасындағы  үйлесімділікті  Жүсіп  дүниенің  атрибутивтік 
қасиеті  ретінде  қабылдайды  [14.Б.22].  Ғұлама  Әлем 
құрылымын, 
адамдарға 
тән 
іс-әрекетті 
жеткізуде 
космогония  мен космогониялық  танымды  қолдана  отырып, 
адам  өмірінің  табиғат  заңдылықтарымен  біте  қайнасқан 
бірлігін  көрсете  алады.  «Құтты  білік»  шығармасының  өзі 

 
96 
 
Әлем мен дүниенің жаратылысын сипаттаудан басталатыны 
осының дәлелі: 
Алла атымен айттым сөздің әлібін,  
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім! 
Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір, 
Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір... 
Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді, 
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді. 
Тіледі де, жаратты бар болмысты
«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды
1

 Бұл  өлең  жолдарында  тәңір  құдіреттілігінің  бар 
болмысы  –  айды,  күнді,  жерді,  көкті  жаратқандығы 
баяндалып,  тәңірдің  сандық  қатынастардан,  кеңістік  пен 
уақыттан  тыс  екендігі,  көзден  жырақ,  бірақ  көңілге 
жақындығы  ескертіледі.  Оның  еш  жерде  тұрағы  жоқ,  ол 
мәңгі табиғаттың барлық құбылыстары тауы, орманы, көлі – 
бәрі  құдіреттің  жасампаздық  әрекетінің  ізі,  суреті  екенін 
айтады  [84.  Б.220].  Сөйтіп,  Ж.Баласағұни  адам  мен  әлем, 
табиғат  заңдылықтары  арасындағы  өзара  үйлесімділік 
мәселесін алға тартады. Дастанның негізгі түйіні адам, оның 
жетілген  тұлға  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуына  әкеліп 
саяды. Сондықтан қазіргі кезде философтар, әдебиеттанушы 
ғалымдар  және  педагогика  саласының  мамандары  бұл 
еңбектің  қоғамда  мәдени  мұра  ретінде  алатын  орнын  және 
тұлғаны  қалыптастырудағы  ролін  ашып  көрсетіп,  оның 
теориялық  және  практикалық  құндылығын  дәлелдеп  отыр. 
Мұның  өзі  Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  еңбегінің 
педагогика  тарихында  алатын  орнына  шынайы  баға  беру 
                                                 
1
  Бәйіттердің  барлығы  Ж..Баласағұн  Құтадғу  біліг  /  Ауд. 
А.Егеубаев.  –  Алматы:  Жазушы,  1986.  -  616  б.  кітабы 
бойынша беріледі. 
 

 
97 
 
қажет 
екендігіне 
меңзейді. 
Оның 
педагогикалық 
теориясының  қазақ  педагогика  ғылымының  өзінің  зерттеу 
пәні  бар  ғылыми  білімнің  арнайы  саласы  ретінде 
қалыптасуының  алғашқы  көзі  болғанын  теориялық-
әдіснамалық  тұрғыдан  негіздеу  және  бүгінгі  ұрпақ 
тәрбиесінде  қолданылуының  ғылыми  тұжырымдамасын 
жасау ең басты мақсат болып табылады. 
«Құтты  білік»  еңбегі  қазақ  педагогика  ғылымының 
қайнар  көзі  болып  табылады.  Өйткені  еңбектің  негізгі 
идеясы  педагогиканың  ең  маңызды  мәселесі  тәрбиеге 
негізделіп,  оның  мазмұнында  педагогиканың  жалпы 
негіздері,  дидактика  және  тәрбие  теориясының  негізгі 
мәселелері,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған 
адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек,  дене,  құқықтық,  т.б. 
тәрбие мазмұны қарастырылады.  
 Жалпыадамзаттық  құндылықтар  тұрғысынан  алып 
қарасақ,  «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы 
үшін құндылығы мынада болып табылады: 
-
 
«Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім
-
 
ұрпақтарға,  адамға  бақыт  сыйлайтын,  құт  әкелетін 
білім; 
-
 
ғасырлар  бойы  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  ұрпаққа 
адамдық, 
азаматтық 
қасиеттерін, 
адалдық 
дәстүрлерін 
бойына 
сіңіріп, 
жан-дүниесіне 
дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. 
Ғұламаның  өзі  «Кітап  атын  «Құтадғу  білік»  қойдым  – 
Құтын  тұтсын  оқушым  білікті  ойдың»  дей  отырып, 
дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі. 
Академик А.Н.Кононовтың сөзімен айтсақ: «...дастанда 
қай  заманда  болмасын  барлық  халықтарды  толғандырып 
келген  жалпы  адами  идеялардың,  ізгі  мұраттар  мен 
ойлардың  өзіндік  ерекше  көркем  де,  аса  айшықты 

 
98 
 
бейнеленуі»  [5.Б.7]  оның  адамды  тәрбиелеу  мәселесінде 
өміршеңдігін  білдіреді.  Сонымен  бірге  ол  «Құдатғу 
біліктің»  авторы  өзінің  дидактикалық  мақсаттарына  халық 
даналығын,  түркі  халықтарының  ақындық  ауыз  әдебиетін, 
мақалдарды,  мәтелдерді,  қанатты  сөздер  және  тағы 
басқаларды  кеңінен  пайдаланады»  -  деп  жазды.  Мұның  өзі 
еңбектің 
қазақ 
халық 
педагогикасымен 
тығыз 
байланыстылығын  көрсетіп,  онда  нағыз  қазақ  халқының 
бала  тәрбиелеуде  қолданған  әдіс-тәсілдері  мен  құралдары 
негізге  алынғанын  дәлелдейді.
 
«Құтты  білік»  тамырын 
тереңге  жайған  дидактикалық  шығарма  екендігі  туралы 
А.Н.Кононов  былай  жазады:  «Бұл  жанр  ертедегі 
египеттіктерде,  үнділерде,  арабтар  мен  парсыларда,  ал 
бертін  Ренессанс  дәуірінде,  яғни  «Құтадғу  біліктен»  кейін 
бес  ғасырдан  соң  европалықтарға  белгілі  болды»  [5.Б.5]. 
Мұның өзі чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскиийдің  «Ұлы 
дидактика» атты еңбегі  алты ғасырдан кейін ХVІІ ғасырда 
жазылғанын,  ал  «Құтты  білік»  ХІ  ғасырда  жазылып, 
педагогика 
ғылымының 
қайнар 
көзі 
болып 
табылатындығын  нақтылайды.  Себебі,  Ж.Баласағұнидің 
«Құтты  білік»  дастанында  педагогика  ғылымының  барлық  
маңызды 
мәселелері 
қарастырылады. 
Ғұлама 
педагогиканың  негізгі  ұғымдарының  анықтамасын  қазіргі 
педагогикадағыдай  нақты  бермейді,  бірақ    дастанда  оның 
тәрбие  мен  оқыту  мәселелері  бойынша  ой-пікірлері  мен 
көзқарастары  анық  байқалады.  Мысалы,  Ж.Баласағұни 
еңбегінде  педагогикаға  ғылым  ретінде  анықтама  бермейді, 
бірақ  «Құтты  білікте»  адам  тәрбиесі  туралы  ғылымның 
негізі  жатқандығы  оның  өн  бойынан  көрініп  тұр,  яғни 
Ж.Баласағұни «педагогика» терминін қолданбағанымен, сол 
ғылымның  мазмұнын  баяндап  тұрғанына  ешкім  күмән 
келтірмейді; 
Ж..Баласағұни 
тәрбиенің 
анықтамасын 

 
99 
 
бермейді,  бірақ  оның  ілімінен  тәрбие  деп  оның  басшы-
ұстаздың  тікелей  басқаруымен  арнайы  ұйымдастырылған 
ортада  тұлғаны  қалыптастырудың  мақсатқа  бағытталған 
және ұйымдасқан процесін түсінгенін аңғаруға болады.  
Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  еңбегінде  тәрбиенің 
мақсатына  ерекше  мән  беріледі.  Еңбекте  тәрбиенің  түпкі 
мақсаты  ретінде  текті,  парасатты  адамды  тәрбиелеу 
көзделеді.  Мұның  өзі  қазіргі  педагогикадағы  тәрбиенің 
негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани 
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, 
еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  ізгі  қасиеттер 
қалыптасқан  адамды  тәрбиелеумен  өзара  үндесіп  жатыр. 
Ғалым  Т.Ә.Ахметов  өз  зерттеуінде  Ж.Баласағұнидің  тәлім-
тәрбиелік 
идеяларын 
тарихи-педагогикалық 
және 
аксиологиялық  тұрғыдан  талдап,  дастандағы  адами 
құндылықтар  жүйесіндегі  «Текті,  парасатты,  иманды  кісі» 
бейнесін  жасайды.  Аталмыш  бейнені  ғалым  былайша 
сипаттайды: 
«Біріншіден,  адамдар  өмір  сүретін  қоғамның  төрт 
тұғыры  «Құтты  білік»  кейіпкерлерінің  тағылымдық 
принциптеріне сәйкес болуы керек. Олар: әділ заң үстемдік 
еткен,  құқықтық  мемлекет;  бақ-дәулеті  дәуірлеген,  ырыс-
байлығы  тасыған  қоғам;  қоғам  мүшелерінің  ақыл-
парасаттылығының  биік  деңгейі;  адамдардың  қанағатшыл, 
ұстамды, барға риза болу өмір салтын ұстануы. 
Екіншіден,  бай,  орта  кедей  болып  бөлінген  жалпы 
халықтың 
ұстаным 
бағдары 
тектілік, 
имандылық, 
парасаттылық  және  кісілік  секілді  рухани  құндылықтар 
болуы керек. 
Үшіншіден,  адамның  жан  дүниесін  байытатын  ізгілік, 
ақкөңілділік,  мейірбандық,  бауырмалдылық,  ұяттылық,  ар-
ождан,  отансүйгіштік,  ерлік,  адамгершілік  қасиеттер  мен 

 
100 
 
күнделікті  өмір  сүру  тәжірибесіне  аса  қажетті  ақыл-ой, 
саналылық,  оқу-білімге  құштарлық,  біліктілік,  кәсіпкерлік, 
еңбексүйгіштік,  қайраткерлік,  сабырлылық  секілді  туа 
біткен және жүре сіңетін қасиеттерді дамыту. 
Төртіншіден, ел басына әділ, текті, парасатты хан келіп, 
маңайына  елдің  патриоттары  боларлық  уәзірлер,  бектер, 
әскербасылар,  ғалымдар,  ақындар  секілді  т.б.  зиялыларды 
жинап,  елдегі  әлеуметтік  топтың  тілін  тауып,  мемлекет 
ішінде  саяси-экономикалық  тұрақтылық  және  қоғамдық 
келісім  жағдайын  орнату»  [80.Б.77-78].  Сонымен  бірге 
зерттеуде қоғамға қажетті, тәрбиенің негізгі мақсаты болып 
табылатын  тұлғаның  «текті,  парасатты,  иманды  кісі» 
бейнесі  деп  алыну  себебі  ашып  көрсетіледі:  «текті  сөзі  – 
тұқым қуалаушылық, парасатты сөзі тәрбие және оқу-білім 
арқылы  берілетін,  ал  иманды  сөзі  тәрбие  арқылы  іске 
асатын қасиеттер» [80. Б.79].                                    
Қазақстандық 
зерттеуші 
ғалым 
Ә.Н.Көшербаева 
Ж.Баласағұнидің  педагогикалық  мұрасындағы  ізгілендіру 
идеяларының  дамуын  зерттей  отырып,  оның  теориялық-
әдіснамалық  негіздемесін  жасады.  Зерттеуде  Ж.Баласағұни 
ұсынған  тәрбие  жүйесі  беріледі.  Осы  жүйеге  сәйкес 
тәрбиенің  мақсаты  бақытқа  жету  жолдарын  көрсету, 
жетілген, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғаны тәрбиелеу, 
азаматты тәрбиелеу болып табылады [79. Б.34]. 
Х-ХІV  ғғ.  Қазақстандағы  тәлімдік  ой-пікірлердің 
қалыптасуы  мен  дамуын  зерттеген  ғалым  К.Ж.Ибраева 
«Құтты  білік»  еңбегінде  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  ретінде 
халықтық  педагогика  арқылы  толық  адам  қалыптастыру 
екендігін ашып көрсетеді. 
«Дастандағы  құт-береке  мен  бақ  –  толық,  жетілген 
адамның  еншісі,  халықтық  педагогика  мен  психологияның 
мақсаты,  анықтамасы,  бастау  бұлағы.  Ақынның  айтуынша, 

 
101 
 
құттың  кілті  –  кісінің  ділі,  тілі,  қылығын  бірдей  қамтыған 
жан-жақты жетілуі мен кемелденуі. Діл мен тіл – сол кездегі 
түркі  тектес  халықтың  нысанасы.  Толық  адам  -  өзінің 
қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл 
адам. Ол – кісілікке жат қасиеттен әбден арылып, тазарған, 
ішкі  рухани  дүниесі,  ділі,  діні  ағарып,  періштелікке  бет 
алған адам» [85. Б.57]. 
«Құтты 
білік» 
дастанында 
кейіпкерлердің 
символикалық  сипаттары  арқылы  берілген  төрт  жетекші 
педагогикалық 
идеялардан 
өрбитін 
тағылымдық 
құндылықтар  тәрбие  мақсатына  қол  жеткізудің  көзі  болып 
табылады.  Олар:  әділдіктің  бейнесі  Күнтуды  Елік  патша 
арқылы  берілген  бұлжымас  әділ  заң  мен  тура  жол; 
патшаның  уәзірі  Айтолды  бейнесімен  берілген  бақ-дәулет, 
ырыс-байлық;  уәзірдің  баласы  ¤гдүлміш  арқылы  берілген 
ақыл мен парасат;  уәзірдің жұрағаты тақуа жан Одғұрмыш 
бейнесі  арқылы  берілген  қанағат,  ынсап,  барға  риза  болу, 
ұстамдылық. 
Бүгінгі  күндегі  тәрбиенің  нақты  мақсаты  -  адамды 
қабілеті  мен  дарындылығына  сүйене  отырып,  жан-жақты 
дамыту.  Осы  мақсатқа  сәйкес  мектепте  әрбір  балаға  жеке 
тұлға  ретінде  қарап,  оның  өзіне  тән  санасы,  еркі,  өзіндік 
әрекет  жасай  алатын  қабілеті  бар  екенін  ескере  отырып, 
төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: 
-  ұлттық  мәдениет  пен  өнер  негізінде  жан-жақты 
эстетикалық тәрбие беру: сұлулыққа, тазалыққа үйрету; 
-  адамзат  қоғамында  бұрын-соңды  жасалған  мәдени 
мұраны  жүйелі  меңгеруге,  жалпы  әлемдік  рухани 
игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу; 

жастар 
тәрбиесінде 
«бостандық», 
«теңдік», 
«демократия»  деген  үш  ұғымның  маңызын  жете  түсіндіру, 
мемлекеттік белгілерді сыйлау; 

 
102 
 
-  мемлекет  заңдарын  білу  және  оған  сый-құрметпен 
қарау,  оны  жүзеге  асыруға  дайын,  ынталы  болу,  қоғамдық 
заң  ережелерін  бұзушыларға  төзбестік  білдіру,  бұл  жолда 
азаматтық  жауапкершілік  көрсету,  адамгершілікке  жат 
кеселдерге  қарсы  күресуді  әрбір  жастың  күнделікті  мінез-
құлқына айналдыру; 
-  жастардың  ішімдікке,  есірткіге  әуестенуіне  жол 
бермей, салауатты өмір сүруге баулу. 
Бұл    міндеттерге  жету  құралы  біріншіден,  адамның 
мәдениеттің  базалық  негіздерін  игеруі  болып  табылады. 
Осыдан  келіп  тәрбие  мазмұнының  негізгі  ұғымы  -  жеке 
тұлғаның  базалық  мәдениеті  туындайды:  экономикалық 
мәдениет,  еңбек  мәдениеті,  саяси,  демократиялық, 
құқықтық,  адамгершілік,  экологиялық,  көркемдік,  тағы 
басқа мәдениеттер; 
-  екіншіден,    балалар  мен  ересектердің  бірлескен  іс-
әрекеттері; 
-  үшіншіден,  өзін-өзі  анықтау.  Тәрбие  мазмұнының 
маңызды  элементі  -  адамның  өмірлік  өзін-өзі  анықтау 
мәдениеті.  Өмірлік  өз  орнын  табу  кәсіптік,  тіпті 
азаматтыққа  қарағанда  кең  ұғым.  Өзін-өзі  анықтау 
мәдениеті  адамды  өз  өмірі  мен  өз  бақытының  иесі 
(субъектісі) ретінде сипаттайды
-  төртіншіден,  тәрбиенің  тұлғалық  бағыттылығы. 
Тәрбиенің  негізгі  орталығы  -  бағдарламалар,  шаралар, 
формалар  мен  әдістер  емес,  адам  болу  керек,  сондықтан 
адамның  дара  қабілеттері  мен  қызығушылықтарын, 
жауапкершілік сезімдерін, т.б. дамыту керек; 
- бесіншіден,  еріктік; 
- алтыншыдан, ұжымдық бағыттылық.. 

 
103 
 
Жеке  тұлғаның  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін 
Ж.Баласағұнидің 
тұлға 
сипаттамасындағы 
төрт 
құрылымдық компненттің болуы шарт: 
-парасат  (сөзбе-сөз  сана,  ақыл,  ойлау  қабілеті, 
даналық), бұл  компонент тұлғаның когнитивтік құбыласын 
тудыра отырып, оның танымдық,  санаткерлік іс-әрекетімен 
сай келеді. 
- қанағат (сөзбе-сөз қанағаттанарлық, алғыс, өзіңде бар 
азға  да  қанағат  тұту,  бірақ  азға  қанағат  тұтып  қалмай  өз 
мақсатыңа жетуің керек, ол үшін біреудің ала жібін аттама), 
бұл  тұлғаның  рухани-адамгершілік  құбыласын  тудыра 
отырып,  оның  құндылық-  бағыттылық  іс-әрекетімен  сай 
келеді. 
-  әділет  (сөзбе-сөз  әділеттілік,  ақиқат:  адамның 
әлеммен,  табиғатпен,  қоғаммен  қарым-қатынасының  ең 
жоғарғы  деңгейі),  бұл  тұлғаның  әлеуметтік-нормативтік 
құбыласын тудыра  отырып,  оны коммуникативті реттеу іс-
әрекетімен сәйкестендіреді. 
-  дәулет  (сөзбе-сөз  молшылық,  жетістік,  материалды 
байлықты  білдіреді,әрине  бұл  жерде  бірінші  және  негізгі 
байлық  психикалық  және  физиологиялық  денсаулықты 
білдіреді),  бұл  құрылымдық  компонент  тұлғаның  психо-
физиологиялық 
құбыласын 
тудыра 
отырып, 
оның 
эстетикалық,  дене  және  тәжірибелік  іс-әрекетімен  сай 
келеді. 
Тұлғаның  үйлесімді  дамуы  осы  төрт  құрылымдық 
компоненттің    өзара  бір-бірімен  тепе-теңдігінен  көрінеді  – 
«төрт құбыласы тең». Осы төрт құбыланың біреуі бұзылған 
жағдайда  немесе  олардың  дамуында  тепе-теңдіктің 
болмауынан  тұлға  тұтастығының  үйлесімділігі  болмайды. 
ұлы  ойшыл  Жүсіп  Баласағұни  тұлғаның  осы  қасиеттері  ел 
басшылары  мен  халық  батырларына,  әмірлер  мен 

 
104 
 
падишахтарға  тән  болу  керектігін  көрсетеді.  Бұл  тәлімдік 
идеялар  қазіргі  педагогикадағы  тұлғаны  қалыптастыру 
мақсатымен  өзара  байланысып,  бүгінгі  таңда  да 
маңыздылығы артып отыр. 
Осы  тұжырымдама  қазақ  халық  даналығындағы  «сегіз 
қырлы  бір  cырлы»  нақыл  сөзімен  байланысып  төрт 
құбыланың (психо-физиологиялық, әлеуметтік-нормативтік, 
когнитивті, 
рухани-адамгершілік) 
қиылысуы 
мен 
ажырамастығын  кесімдейтін  тұлғаның    сегіз  қырын 
көрсетеді. 
Қазіргі  кезде  педагогика  ғылымында  жетілген  адамды 
тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру  көкейкесті мәселе болып 
табылады.  Қазақ  этнопедагогикасын  зерттеуші  ғалым  
К.Ж.Қожахметова 
жетілген 
адам 
қазақ 
халқының 
түсінігіндегі  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы  адам»  екендігін  айта 
келіп,  ер  жігіт  пен  қыз  баланың  бейнесін  сомдайды  [86. 
Б.169-171]. 
Осы 
бейнелердегі 
негізгі 
сипаттар 
Ж.Баласағұнидің  «текті,  парасатты  адам»  бейнесімен 
тікелей астасып жатады. Мұның өзі бүгінгі қазақ педагогика 
ғылымының  бастау  бұлағы  сонау  көне  замандағы 
Ж.Баласағұнидің  педагогикалық  теориясынан  туындап 
отырғанын дәлелдейді. 
Ж.Баласағұнидің  «Құтты  білік»  дастанында  тәрбиенің 
практикалық  мәнділігіне  сәйкес  мақсаты  да  көрсетілген. 
Адамды өмірде үш рольге – азамат, қоғам иесі, отбасы иесі 
ретінде тәрбиелеуге ерекше орын берілген. 
Азамат  ретінде  адамға  тән  сапалар  ретінде  кісілік, 
тектілік,  парасаттылық,  жолдастық,  достық,  рухтылық, 
мәрттік,  серілік,  антқа  беріктік,  аманатқа  адалдық 
қасиеттерді  ұлағат  етеді.  Дастанның  мазмұны  азаматтың 
кісілік  қадір-қасиетін,  мән-мағынасын,  қыр-сырын  терең 
сипаттауға бағытталған. Мәселен: 

 
105 
 
«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те –  
Кісілікті кісілікпен құрметте! 
Тірі кісі кісілігін асырсын; 
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; 
Кісілікке түсер содан ұлы жол
Адамшылық жаса адамға, адам бол; 
Адам атын мақтаныш қып адал бол!.      
Сонымен  бірге  дастанда  адамның  Отаны,  туған  жері, 
атамекені  алдындағы  перзенттік  парызы  дәріптеледі.  Елдің 
бірлігін, мемлекеттің мызғымастығын, халықтың байлығын 
сақтап  қалу  үшін  ғұлама  жастарды  еңбекқор  болуға, 
отансүйгіштікке  шақырады,  ерлік,  батырлық,  намыскерлік, 
жауапкершілік сапаларын жоғары қояды. 
Дастанда  Ж.Баласағұни  әр  әлеуметтік  топ  иелеріне 
нақты, 
әрі 
жан-жақты 
сипаттама 
бере 
отырып, 
әрқайсысының  өз  міндеттерін  ашып  көрсетеді.  Мәселен, 
дастанда хан, бас уәзір, бектер, әскер басшылары, елшілерге 
тән сапалар беріліп, олардың қарапайым халықпен, басқа да 
кәсіп иелерімен қатынасы сипатталады. 
«Құтты  білік»  еңбегінің  тағы  бір  ерекшілігі  отбасы 
тәрбиесінің  қазіргі  педагогикамен  өзара  үндесіп  жатуы 
болып  табылады.  Ж.Баласағұни  жігітке  жар  таңдауда 
айтқан ақылынан оның әйелдің отбасы иесі ретіндегі роліне 
аса мән бергенін байқауға болады: 
«Сұлуды аңсап, сор қума. 
Бай әйелден үміткер, 
Құлы болып қалма, білікті ер. 
Адамшылық сіңген асылды ал. 
Ақниет, әдепті, пәк ұятты, 
Ақылды әйел ізде сен».  
Сонымен  Ж.Баласағұнидің  тәрбие  мақсаты  туралы 
идеялары  қазіргі  педагогикадағы  тәрбиенің  мақсатымен 

 
106 
 
тікелей  байланысып,  бүгінгі  күнге  дейін  өз  мәнін  жоймай 
келе  жатқандығы  оның  өміршеңдігін,  үнемі  ұрпақ 
тәрбиесінде жалғасын таба беретіндігін дәлелдейді. 
Дастанда  педагогиканың  «оқыту»  және  «білім  беру» 
ұғымдарының  да  мәні  ашып  көрсетіледі.  Мәселен,  «Тіл 
өнерінің  қасиет-сипаты  мен  пайда-зияны  туралы»  баяндай 
отырып,  оқыту  мен  білім  берудің  толық  сипаттамасын 
береді: 
Біліп айтқан сөз – білікті, саналар, 
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар. 
Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім, 
Және сөйлеп және ештеңе өңбеді! 
Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін, 
Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйірін... 
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өн болсын
Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын! 
Біліксіздер өзі нағыз басырдың, 
Білім үйрен, надан, көзің ашылсын! 
Міне,  осындай  ғұламаның  оқыту  мен  білім  беру 
ұғымдарының  педагогикалық  мәні  туралы  ой-пікірлері 
дастан мазмұнының әрбір түйінінен байқалып тұрады.  
«Құтты  білік»  дастанында  қазіргі  педагогикада 
көкейкесті  болып  табылатын  «әлеуметтену»  ұғымы  да 
қарастырылған.  Индивидтің  тұлға  және  азамат  ретінде 
дамуы  үшін  оның  әлеуметтік  ортадағы  іс-әрекеті  талап 
етіледі,  яғни  әлеуметтену  дегеніміз  –  индивидтің  қарым-
қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс 
және  оның  әлеуметтік  тәжірибені  игеруінің  нәтижесі  [87. 
Б.38]. 
Тұлғаның 
әлеуметтенуінің 
мәні 
қоғамның 
толыққанды  мүшесі  болуы  үшін  білім,  құндылық  жүйесін 
және  мінез-құлық  дағдыларын  игеруі  болып  табылатыны 
белгілі.  Бүгінгі  таңда  педагогиканың  көтеріп  отырған 

 
107 
 
көкейкесті  мәселелерінің  бірі  де  тұлғаны  өзімен-өзі  және 
әлеуметпен  үйлесімде  болатындай  етіп  дамыту  екендігі 
анық..  Бұл  «Құтты  білікте»  де  қарастырылып,  ғұлама 
әлеуметтік  институт  ретінде  отбасын  және  әлеуметтік 
топтарды  (адамдар  қауымын)  алады.  Отбасының  тұлғаның 
әлеуметтенудегі ролін былай көрсетеді: 
Ұл мен қыздың өнегесі ата-ана
Бәрі бізден – дұрыс па, әлде қата ма, 
Атасы – мен, бетім әрі қарады
Ұлым-шикі. Кімге телмең қағады?! 
Қақым болса, сіңсе ісім халыққа 
Өтеуіне – баламды оңға бағытта. 
Қамқор боп, сал өнер-білім соңына
Қонар құт боп білікті ел қолына. 
Сонымен  бірге  Ж..Баласағұни  әлеуметтік  топтардың 
ықпалын  да  жоққа  шығармайды.  Ол  бұл  топты  жақсылар 
мен  жамандар  деп  бөледі  де,  олардың  әрқайсысына 
сипаттама  береді.  Ғұламаның  пайымдауынша,  жақсы 
адамдардың,  яғни  «ізгілік  жолын  шындап  тұтқандардың» 
өзі  екі  түрлі  болады:  бірі  –  анадан  ізгі  болып  туғандар, 
ондай  адамдар  өмір  бойы  ізгілік  қасиеттерінен  айрылмай, 
қайырымды,  жақсы  адам  болып,  өмір  сүреді;  екіншісі  - 
әлеуметтік  ортаға,  тәрбиеге  байланысты  өмір  сүре  келе 
жақсы атанған адамдар. 
Жаман  адамдар  да  екі  түрлі  болады.  Біріншісі  - 
дүниеге  тумысынан  оңбаған  болып  келгендер.  Олардың 
түзелуі  де,  түзелмеуі  де  күмәнді.  Өйткені,  ондайлар: 
«Жаман болып туған мұның бірі де, Өле-өлгенше арылмас 
өз  кірінен».  Дүниені  бүлдіретін,  айналасындағылардың 
шырқын  бұзып,  әлек  салатын  имансыздар  да  осылар. 
Екіншісі  —  қүбылмалы  адамдар.  Олар  —  ата-тегі  өнегелі 
болғанымен,  жаман  қылықгарды  тіршілікте  бойына 

 
108 
 
жұқтырғандар.  Егер,  ондай  адамдар  ізгі  адамдармен 
араласып,  игі  ниетте  болса,  тәрбиеге  мойын  ұсынуы 
мүмкін 
дегенді 
айтады 
ұлы 
ойшыл 
[80.Б.69]. 
Ж.Баласағұнидің 
бұл 
ой-пікірлерінен 
қазіргі 
педагогикадағы  жеке  тұлғаның  қалыптасуы,  оның  дамуы 
және  оған  ықпал  ететін  тұқым  қуалаушылық,  әлеуметтік 
орта және тәрбие туралы мәселенің қозғалып тұрғаны анық 
байқалады. 
        Тұқым  қуалаушылық  -  ата-анасынан  ұрпақтарына 
қандай  да  бір  белгілердің,  ерекшеліктердің  берілуі.  Тұқым 
қуалаушылықты 
тарататындар–гендер 
(грек 
тілінен 
аударғанда- «туа біткен»), сондықтан оны зерттейтін ғылым 
генетика деп аталады. 
           Тұқым қуалаушылық қасиеттері: 
1)
 
сыртқы белгілері (денесі, шаштың түсі, т. б.) 
2)
 
жүйке  жүйесінің  ерекшеліктері,  қан  аурулары, 
ергежейлік, т.б. 
Адам  дамуының  заңдылықтарын  педагогикалық 
тұрғыдан 
зерттеу 
үш 
басты 
проблеманы 

интеллектуальдық,  арнайы  және  моральдық  сапалардың 
тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды. 
Адам әлеуметтік процесте ғана, яғни басқа адамдармен 
қарым-қатынас,  өзара  іс-әрекет  барысында  жеке  тұлға 
болып қалыптасады. Адамның дамуы күрделі процесс, оған 
табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - 
бұл  түрлі  табиғат  жағайларының  адам  тұрмысына, 
қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік орта - жеке тұлғаның 
дамуына  ықпал  жасайтын  қоғамдағы  әлеуметтік  қатынас, 
адамдар,  олардың  іс-әрекеттері.  Сонымен  бірге  әлеуметтік 
орта  ұғымына  қоғамдық  құрылым,  өндірістік  қатынастар 
жүйесі,  өмірдің  материалдық  жағдайы,  өндірістік  және 
әлеуметтік  процестердің  жылжу  сипаты,  т.б.  енеді  (алыс 

 
109 
 
орта).  Адамға  жақын  орта  -  оның  отбасы,  туысқандары, 
достары.  Адамның  дамуында  отбасы  үлкен  роль  атқарады, 
әсіресе  адамгершілік  және  әлеуметтік  сапалар  балалық 
кезде  қалыптасады.  Ж.Баласағұни  адамның  бойындағы 
қабілеттер  мен  қасиеттер    туралы  мәселені      ежелгі  грек 
философиясынан  белгілі  нативизм  және  эмпиризм 
бағыттарын  ұстана  отырып,  талдайды.  Нативизм    ағымы 
Сократ  пен  Платоннан  бастау  алады,  онда  идеялардың  туа 
пайда  бола  алатындығы  туралы  көзқарас  қалыптасқан,  ал 
екінші  бағыт  –  эмпиризм  ежелгі  материалистер  Гераклит, 
Демокрит,  Аристотельдің  көзқарасын  білдіріп,  онда 
идеялардың  туа  пайда  болатындығы  жоққа  шығарылып, 
«таза  тақта»  (Аристотель)  деген  теория  дамытылады. 
Ж.Баласағұни  негізінен  аристотельдік  эмпиризм  теориясын 
ұстана  отырып,  демократиялық  дүниетанымды  білдіреді, 
яғни  әрбір  адам  шыққан  тегіне,  жынысына  және  табына 
қарамастан, оқуға және білім алуға қабілетті деп есептейді: 
Есті сөзді еске түйіп ал енді: 
«Білген құлдан білікті жоқ әлемде!» 
Әуелі  - оқып, оны ойыңа өре біл, 
Өзі-ақ келер сонсоң жазу өнері. 
Надандықты құрта алмассың дәрімен, 
Біліммен тек құтын қашыр әріден. 
Ол  білім  туа  бітпейді,  білімге  деген  қабілет  туа  пайда 
бола дей отырып, өзінің эмпирикалық көзқарасын білдіреді: 
«Зерде берген білімге бой ұрсын деп, тірлігінде қайырымды 
іс  қылсын  деп».  Сонымен  бірге  Ж.Баласағұни  нативизмдік 
ұстанымды  да  қолдайды,  ол  құдайдың  жаратуымен  ізгі 
адамдардың  туатынын  мойындайды.  Бұл  таңқаларлық 
жағдай  емес,  өйткені  эмпирикалық  психология  да, 
сенсуализм 
сияқты 
қарама-қарсы 
екі 
бағытта 
(материалистік  және  идеалистік)  дами  отырып,  табиғаты 

 
110 
 
жағынан  метафизика  аумағында  қалды.  Ж.Баласағұни  жек 
тұлғаның  қалыптасуында  тұқым  қуалаушылық  пен 
әлеуметтік  ортаның  ықпалын  көрсете  отырғанымен, 
тәрбиенің жетекші ролін ерекше анықтайды: 
Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз, 
«Өнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз... 
Қатты тұтып, өсірсе ата баланы
Өркені өсіп, бақ жұлдызы жанады. 
Ұл-қызына үйрет білген білімді, 
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді. 
Сонда, ұл-қызың адамдықтан таймайды, 
Көңілі – таза, көзі шоқтай жайнайды! 
Сөйтіп, Ж..Баласағұни өз еңбегінде тәрбие, оқыту, білім 
беру,  тұлғаның  әлеуметтенуі,  қалыптасуы  мен  дамуы 
сияқты  педагогикалық  ұғымдарды  өзара  тығыз  байланыста 
қарастыра  отырып,  тәрбие  мен  оқыту  теориясының  белгілі 
бір ғылыми теориясын жасады. 
Ж.Баласағұни  педагогикасының  құндылығы  ондағы 
ізгілендіру  идеяларының  дамуымен  байланысты.  Оның 
негізіне  адамның  мүмкіншілігінің  шексіздігіне,  өзін-өзі 
дамыту  қабілетіне  деген  сенімі  мен  ерік-бостандығын, 
абыройын  қорғау,  адамның  бақытқа  жету  жолындағы 
құқығы  мен  оның  барлық  сұраныстарын  қамтамасыз  ету 
қоғамның  түпкілікті  мақсаты  деген  мұрат  жатады. 
Қазақстандық  ғалым  А.Н.Көшербаева  «Құтты  білік» 
дастанындағы  ізгілендіру  идеяларының  негізгілерін  былай 
бөліп көрсетеді: 
- таным теориясының рационалдық дамуы; 
-  ғажайып  ізгілік  жүйесін  жасау:  әділдік,  ақыл,  дәулет, 
қанағат; 
- жетілген тұлға тәрбиелеу; 

 
111 
 
-  тұлға  тәрбиелеудегі  детерминанттарды  есепке  алу, 
санаткерлік сапаларды дамыту; 
- мұрагерлік принципінің регламентациясы; 

ақиқат 
білімді 
қабылдаудың 
педагогикалық 
талаптарын бекіту [88. Б.54].   
Ғұламаның  ізгілендіру  идеялары  қазіргі  педагогика 
ғылымының  дамуында  білім  беруді  ізгілендіру,  басқару 
педагогикасы,  ғылым  мен  тәжірибенің  кіріктірілуі, 
құзыретті тұлғаны қалыптастыру, білім беру философиясы, 
білім  берудегі  құндылық  қатынас,  тұлғаға  бағдарланған 
оқыту  мәселелерін  шешу  тұрғысынан  алғанда  баға  жетпес 
құндылығымен ерекшеленеді. 
«Құтты 
білік» 
дастанында 
Ж..Баласағұни 
педагогикалық  процеске  қазіргі  педагогикадай  анықтама 
беріп,  оның  құрылымын  көрсетпегенімен,  еңбектің  өн 
бойынан 
педагогикалық 
процестің 
оқушыны 
(тәрбиеленушіні)  мәдениет  байлығын  игеруге  және  еңбек 
пен  қоғамдық  өмірге  дайындауға  бағытталған  мұғалімнің 
(тәрбиешінің)  басшылығымен  іске  асырылатын  өзара 
бірлескен  іс-әрекет  ретіндегі  мәні  және  оның  құрылымы 
(мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,  әдіс-тәсілдері,  іс-әрекетті 
ұйымдастыру  түрлері,  нәтижесі)  айқын  көрініп  тұрады 
(Сурет  4).  
Педагогика  процестің  диалектикасы  оның  өзара 
байланысында,  үздіксіз  дамуында,  жылжымалығында  және 
қарама-қайшылығында 
ашылады. 
Құбылыстар 
мен 
процестер  арасындағы  мәнді  байланыс  философияда 
заңдылық 
деп 
аталады. 
Педагогикалық 
процестің 
заңдылықтары 
оның 
тұтастығын 
дәлелдейді. 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
теориясында 
педагогикалық процестің заңдылықтары да айқындалған: 
 

 
112 
 
 
 
Сурет - 4 – «Құтты біліктегі» педагогикалық процесс 
құрылымы 
Қоғамның әлеуметтік тапсырысы 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал