Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
 
 
2. 1 әл-Фараби педагогикасы 
 
Өз  заманында  Аристотельден  кейінгі  «Екінші  ұстаз» 
атанған  әлемге  әйгілі  ойшыл,  ғұлама  ғалым,  халқымызға 
білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-
Фарабидің шығу тегіне тоқталайық. 
Ұлы ұстаздың толық есімі бүгінгі таңда оның өз Отаны-
Қазақстанда да әр түрлі жазылып келеді. Ең алғашқы Қазақ 
кеңес  Энциклопедиясында  ол:  «Әбу  Наср  әл-Фараби 
(Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани)» деген атпен 
берілсе  (1970,  2-том,  9-бет),  ал  сексенінші  жылдардың 
соңында 
жарық 
көрген 
«Қазақ 
ССР» 
Қысқаша 
энциклопедиясында: 
«Әл-Фараби, 
Фараби, 
ӘбуНаср 
Мұхаммед  ибн  Тархан  әл-Фараби»  деген  нұсқада  берілген 
(1988,  3-том,  109-бет).  Тәуелсіздік  жылдарында  басылған 
«Қазақстан»  энциклопедиясында:  «Әбу  Наср  әл-Фараби, 
Әбу  Наср  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлағ  әл-Фараби» 
делінген 
(1998, 
1-том, 
613-бет). 
Бір 
елдің 
үш 
энциклопедиясында  бабамыздың  толық  аты-жөні  үш  түрлі 
жазылған.  Соынмен  ұстаздың  көзі  тірісінде-ақ  әлем 
мойндаған толық есімі қандай болған?  
Дамаск  қаласының  Баб  ас-Сағир  қорымындағы  баба 
зиратында  араб  тілінде  алты  жолдан  тұратын  мынадай 
сөздер жазылған: Фатиха (1-ші жол) Бисмиллаһи ир-рахман 
(2-ші жол) һаза зарих аль-алим уа аль-файласуф уа аль-адаб 
уа  аль-мусиқи  аль-ислами  (3-ші  жол)  Мұхаммед  бин 

 
33 
 
Мұхаммед  бин  Тархан  бин  Узлағ  (4-ші  жол)  аль-машһур 
Абу  Наср  аль-Фараби  (5-ші  жол)  улиғам  260  хижра  фи 
Фараб  уа туффари фи  Димашқ 329 хижра (6-шы жол).  Бұл 
сөздердің  аудармасы:  Фатиха  (Құран  кәрімнің  бірінші 
сүресі-1-ші  жол),  рахымды  Алла  атымен  бастаймын  (2-ші 
жол),  бұл  зират  мұсылман  ғалымы  және  философы  және 
әдебиетшісі  және  музыканты  (3-ші  жол),  Мұхаммед  бин 
Мұхаммед  бин  Тархан  бин  Узлағ  (4-ші  жол),  мәшһүр  Әбу 
Наср  Әл-Фараби  (5-ші  жол)  хижраның  260  жылы  Фарабта 
туды  және  хижраның  329  жылы  Дамаскіде  опат  болды  (6-
шы жол). 
Бұл  жазу  баба  зиратына  ол  қайтыс  болғаннан  кейін 
қойылған.  Арада  бірнеше  жүздеген  жылдар  өтіп,  жазу 
өшуге 
айналғанда 
оның 
бірде-бір 
сөзі, 
таңбасы 
өзгертілместен  ақ  мәрмәр  тақтаға  көшіріліп,  құлпытастың 
бас  жағына  орнатылған.  Зираттағы  жазудан  шығар 
қорытынды:  оның  шын  аты  –  Мұхаммед,  әкесінің  есімі  – 
Мұхаммед, атасының ныспысы – Тархан, бабасы Узлағ екен 
(бабамыз  есімінің  қазақша  қалыптасқан  айтылуы  мен 
жазылуы Әбу Насыр екені белгілі) [35. Б.4].  
Ұлы  бабамыздың  шыққан  тегі  оның  туған  жеріне  де 
байланысты.  Бұл  жөнінде  де  біздің  ғалымдарымыз 
зерттеулер  жүргізіп,  оның  қазақ  жерінің  топырағында 
туғанын  дәлелдеген.  Олардың  алғашқысы  -  қазақтың 
«қазақ»  атанып,  тарих  сахнасына  шығудан  600  жылдай 
бұрын  –  орта  ғасырдың  басында  туған  әл-Фарабиді  қазақ 
еткен  ғұлама  әл-Машани  Ақжан  Жақсыбекұлы  [36.Б.5].Ол 
ғұламаның  туған  жеріне  байланысты  былай  деп  жазады: 
«әл-Фарабидің  туған  жері  Сырдария  бойындағы  Фараб 
(Отырар)  екенін  дәлдеп  жазып,  картаға  түсірген  атақты 
ғалым-географ  ибн-Хаукал.  Ол  өзінің  «Китаб  Масалик  уа 
мамалик»  аталатын  географиялық  еңбегінде  Түркістан 

 
34 
 
аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол 
Отырарды  жазғанда,  картаға  түсіргенде  әдейі  арнайы 
тоқтап:  «Бұл  жер  атақты  ғұлама,  асқан  философ  әл-
Фарабидің  туған  жері»,  -  деп  жазған.  Ибн-Хаукал  әл-
Фарабидің  шамалы  кіші  замандасы  және  екеуі  бірін-бірі 
жақсы  білген,  екеуі  де  Сирияның  сол  кездегі  атақты  әмірі 
Сайф-ад-даула  сарайында  қызмет  еткен  адамдар.  Ибн-
Хаукалдың  сол  кездегі  жасаған  картасы  біздің  қолымызда. 
Оны  қазіргі  картамен  салыстырғанда,  ғажайып  дәлдікті 
көреміз.  Демек,  әл-Фарабидің  туған  жері  туралы  ешбір 
күмән  болмаса  керек.  Мұны  дәлелдеп,  анықтап  көрсету 
себебіміз:  кейбір  адамдар  әл-Фарабидің  туған  жерін 
бұлдыратып,  оны  Қазақстаннан  алыстату  қарекетін  жасап, 
шатысатындары  бар  [37.Б.52].  Бұлай  шатыстыруға  да 
өзіндік негіз бар. Себебі, сол дәуірде Орта Азияда бір емес, 
екі  Фараб  болған.  Ежелгі  Фарабтың  бірі  Әмударияның 
жағасында  орналасқан  екен.  Академик  В.В.Бартольдтің  «К 
истории орошения Туркестана»  атты еңбегінің Әмударияға 
арналған 
бөлімінде 
Макдиси, 
Балазури, 
Нершахи 
еңбектеріндегі  деректер  бойынша:  «в  середине  века  здесь 
были  город  Амуль  на  левой  стороне  реки  и  Феребр,  или 
Фараб, на правой. О Фарабе еще говорится, что в половодье 
расстояние  между  ним  и  рекой  уменшалось  до  ½  фарсаха, 
иногда  река  доходила  до  самого  города.  Фараб,  как 
известно,  сохранил  до  сих  пор  свое  средневековое 
название»,  -  деп  жазылған  [38.Б.161-162].  Бұл  қала  қазіргі 
Түркіменстанның  Шарджоу  облысында,  В.В.Бартольд 
жазғандай, 
Әмудың 
оң 
жағалауында 
орналасқан, 
ортағасырлық  атын  күні  бүгінге  дейін  сақтап,  Фараб  деп 
аталады.  Ал  әл-Фарабидің  туған  жері  туралы  ол 
ортағасырлық  араб  тарихшылары  Ибн  Халликан,  Ибн 
Хаукаль,  Истархи,  Яқут,  т.б.  еңбектерін  талдай  отырып, 

 
35 
 
былай деп жазады: «Фараб...округ...в среднем течении Сыр-
Дарьи,  по  обеим  ее  берегам,  там,  где  в  нее  справа  впадает 
Арыс.  ...Главный  город  (касаба)  назывался  Кедер  и 
лежал...восточнее  Сыр-Дарьи,  следовательно,  его  следует 
искать  западнее  руин  позднейшего  Отрара;  от  Сыр-Дарьи 
до  Отрара  нужно  было  проехать  2  фарсаха.  На  западном 
берегу  Сыр-Дарьи,  в  2  фарсахах  ниже  Кедера,  лежал 
Весидж,  согласно  Ибн  Хаукалью,  родиной  философа  Абу 
Насра аль-Фараби. Согласно Макдиси (273), главный город 
назывался  так  же  как  и  сам  округ.  Фараб...следует  считать 
новым  городом,  а  Кедер-старым;  даже  позднейший  Отрар 
постоянно отождествлялся с городом Фарабом. ...Ислам был 
принесен  в  Фараб,  очевидно,  лишь  в  саманидское  время, 
после  покорения  Асбиджаба  (или  Исфиджаба)  Нухом 
б.Асадом в 225/839-40 г.» [38.Б.525-526]. 
Сонымен  Фараб,  ең  алдымен,  округтың  аты  (нақтырақ 
болу  үшін  округ:  Мақдисиде  -  рустақ,  Яқутта  -  вилайа); 
екіншіден,  осы  аттас  округтің  басты  қаласы;  үшіншіден, 
Фараб өзіне дейінгі ескі қала Кедердің орнына салынған, ал 
Весидж  Кедердің  іргесіндегі  шағын  қалашық  болып 
табылады.  Сондықтан  ортағасырлық  араб  ғалымдарының 
әл-Фарабиді  бірде  Весидж  (дұрысы  -  Уасидж),  бірде  – 
Кедер,  бірде  –  Фараб,  ал  кейінірек  Отырарда  туған  деп 
жазуындағы  бәрінің  айтып  жүргені  мұсылман  дүниесінде 
Фараб  деген  атпен  танылған  өлкедегі  осы  аттас  қала  мен 
округ болып шығады [35.Б.4]. 
Отырар  (арабтар  оны  Фараб  деп  атаған)  –  орта  ғасыр 
заманындағы  –  Оңтүстік  Қазақстанның  ғана  емес,  бүкіл 
Орта  Азияның  мәдени,  ғылыми  және  саяси  ірі 
орталықтарының  бірі.  1956  жылы  Мәскеуде  жарық  көрген 
көп  томды  «Дүниежүзілік  тарихта»  біздің  заманымыздың 

 
36 
 
ІІІ-ІV  ғасырларында  Отырар  өлкесі  мәдениетінің  жоғары 
болғаны айтылған. 
Отырар 
шаһары 
ежелден 
келе 
жатқан 
түркі 
халықтарының,  оның  ішінде  қаңлы,  үйсін,  қыпшақ,  т.б. 
тайпалардың мекені болған. М.Қашқари «Диуани Луғат ат-
түрік»  атты  еңбегінде  «Фараб  қаласының  түрікше  аты-
Қарашоқы» деген [39. Б.6.]. 
Ал енді ру жағына келгенде әл-Фарабидей ұлы адамды 
халық адамы деп тану керек. Оның кезіндегі рулар басқаша 
болған. Сондықтан оны ұсақ руға байланыстыру шатастыру 
болады.  Шындығында  әл-Фараби  түркі  нәсілдес  тайпадан 
шыққан, туған жері Сыр бойы, Отырар десе болғаны, сонда 
ол өзінен өзі  қазақ болып жатыр. Кейде оның жалпы руын 
қыпшақ  деп  кетеді.  Бірақ  әл-Фараби  заманындағы  қыпшақ 
сол  кездегі,  онан  да  бұрынғы  түркі  нәсілді  халықтардың 
бәріне ортақ мемлекеттік, хандық ат, аңыздағы Өгіз ханның 
Қыпшағы деп білу керек [37. Б.59].  Осының дәлеліндей әл-
Фараби  есейген  шағында  Шам  шаһарында  жүргенде  мына 
өлең жолдарын жазған: 
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп
Шықтым, жұртым, шалғай ғылым атты шам іздеп... 
Айналайын атам Қыпшақ, туған жерім, сағындым, 
Өз атыңа, үрметіне қайда жүрсем табындым [40. Б.6]. 
Ұлы  бабамыздың  аты-жөні  мен  туған  жерін  анықтап 
алған  соң,  оның  туған  жылына  қатысты  мағлұматтарды  да 
беруді жөн көрдік. 
Ұлы  ұстаз  туралы  неміс,  ағылшын,  француз,  т.б. 
тілдердегі  батыс  авторлары,  орыс  ғылыми  әдебиеттері  мен 
энциклопедияларда оны 870 жылы туып, 950 жылы қайтыс 
болған 
деп 
жазады. 
Осы 
деректер 
Қазақ 
энциклопедияларының 
барлық 
басылымдарында 
да 
қайталанып,  көптеген  зерттеушілер  еңбегінде  де  осы  дата 

 
37 
 
өзгеріссіз беріліп отырады. Мұны заң ғылымының докторы, 
профессор, 2003 жылы Дамаск қаласындағы баба зиратына 
барып  қайтқан  М.Құл-Мұхаммед  «жаңылыс  есептен  туған 
жаңсақ  дерек»  екенін  айтады  [35].  Оның  туындауына 
төмендегідей  жағдай  себеп  болғанын  атап  көрсетеді: 
«Ортағасырлық араб зерттеушілері көбінесе әл-Фарабиді 80 
жасқа  келіп  қайтыс  болды  деп  жазады.  Әл-Фараби 
зиратының  басындағы  жазуда  ол  хижраның  260  жылында 
туып,  339  жылдың  реджеб  айында,  яғни  желтоқсанның 
аяғы, қаңтардың басында, басқаша айтсақ, 79-дан асып, 80-
ге  қараған  шағында  қайтыс  болғаны  анық  көрсетілген. 
...Араб  авторлары  әл-Фарабидің  туған,  өлген  жылдарын 
хижра  бойынша  көрсеткен.  Біздің қазіргі қолданып  жүрген 
григориан  күнтізбесі  бойынша  хижраның  алғашқы  жылы 
622  жылға  сәйкес  келеді,  нақтырақ  айтсақ,  622  жылдың 
шілде  айының  15-інен  16-сына  қараған  түнге....  Хижра 
бойынша  әрбір  30  жылдың  11  жылы  355  күннен,  ал  19 
жылы  354  күннен  тұрса,  григорианда  365-366  күннен 
тұрады.  Айырма  -11  күн.  Сол  себепті  мұсылмандық  жыл 
есебі  32-33  жылда  григорианнан  бір  жыл  қалып  отырады. 
Сондықтан  екі  күнтізбедегі  айырымды  төмендегідей 
формуламен анықтауға болады: 260-260:33-622=874,12. Осы 
есеп  бойынша  әл-Фараби  қазір  біз  қолданып  жүрген 
григориан күнтізбесі бойынша осы күнге дейін батыс және 
орыс  энциклопедиялары  жазып  жүргендей  870  жылы  емес 
(нақты  мысал  үшін:  «Оксфорд»  энциклопедиясы,  7-
том,2002,304-бет; 
«Российский 
энциклопедический 
словарь»,  БРЭ,2001,  2-том,  с.1656),  874  жылдың  басында 
туған  болып  шығады.  Зират  басындағы  жазу  бойынша  ол 
хижраның  339  жылы  қайтыс  болған.  Жоғарыдағы  формула 
бойынша:  339-339:33+622=950,72.  Демек,  әл-Фараби, 

 
38 
 
григориан  бойынша  950  жылдың  екінші  жартысында  77-ге 
қараған жасында қайтыс болған» [35. Б.4]. 
Қазіргі  таңда  педагогика  ғылымының  әдіснамасын 
жетілдіру  және  мазмұнын  байыту  үшін  ғасырлар  бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп,  өзінің  жалпыадамзаттық  және 
педагогикалық 
құндылығын 
жоғалтпаған 
рухани 
мұраларымызды 
пайдаланудың 
теориялық 
және 
практикалық мәні зор. Теориялық тұрғыдан алатын болсақ, 
жалпыадамзаттық  педагогикалық  құндылықтар  білім  беру 
мазмұнын  жаңа  сапаға  көтереді,  педагогика  ғылымының 
қайнар  көздерін  анықтайды,    тұжырымдамалық  негіздерін 
айқындайды. 
Практикалық 
тұрғыдан 
педагогика 
ғылымының  қолданбалы  қызметін  іске  асырып,  тұлғаның 
үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.   
Ұлттық  мәдениеттің  тарихи  аясының  кеңейіп,  қайта 
жаңғырып  өркендеуі,  халықтың  рухани  мұрасы  мен 
дәстүрлерін  бүгінгі  күннің  игілігіне  жарату  оның 
дүниежүзілік  өркениеттер  арасындағы  өзіндік  дербестігін 
айғақтайды.  Осы  көшпелі  өркениеттің  тіршілік  тынысына 
үлес  қосып,  биіктерге  көтеретін  болмыс  –  Адам.  Бұл 
жөнінде  түркітанушы  ғалым  А.Егеубаев  былайша  ой 
тұжырымдайды:  «Осыдан  он  ғасыр  бұрынғы  бабалар  сөзі 
көңілге  үйірілгенде,  көне  дәуір  ғұламаларының  ой-
толғамдары  ұшқын  атып  санаға  сіңгенде  Адам  баласының 
қарапайым,  ғажайып  даналығына,  құдыретті  мәңгілік 
қымбат  қасиеттеріне  үнсіз  мойынсұнасың.  Өмірдің  өзіндей 
мәңгілік даналық. Тарихтың көзі де, өзі де – адам. Дамудың 
лүп-лүп  соққан  ыстық  жүрегі  де  -  адам.  Адам  пендесінің 
құйттай  әжімді  алақанынан  нұр  шашып  жатқан  тас  дәуірі 
мен  атом  ғасырының  небір  кереметтері  тарих  атты  ұлы 
көштің құс жолындай жарқырайды» 
[41. Б.5]. 

 
39 
 
Философиялық  тұрғыдан  адам  үшін  пайдалы  мәнге  ие 
болатындардың  барлығы,  яғни  адамзат  қоғамының  іргелі 
дамуы  мен  адамның  жеке  тұлғасын  жетілдіруге  тиімді 
ықпал ететіндердің барлығы құндылық болып табылады. 
Қазіргі 
кезде 
мыңжылдық 
тарихы 
бар, 
ұлы 
бабаларымыздың қолымен жазылып, бүгінгі ұрпаққа жеткен 
құнды дүниелер даналықтың, парасаттылықтың құндылығы 
ретінде  жоғары  бағаланып  отыр.  Олардың  ішінен  әл-
Фарабидің  педагогикалық  мұрасын,  Ж.Баласағұнидің 
«Құтты  білік»  дастанын,  М.Қашқаридің  «Түрік  сөздігі» 
еңбегін 
ерекше 
атап 
өтуге 
болады. 
Олардың 
жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  мәнін  былай  ашып 
көрсетуге болады:
 
-  біріншіден,  адамгершілік,  руханилық,  әсемдік, 
ақиқат,  ізгілік,  еркіндік,  рахымшылдық,  кешірімділік, 
тәуелсіздік сияқты жалпы құндылықтар жүйесі; 
-  екіншіден,  ұлттың  өз  мәдениетін  меңгере  отырып, 
әлемдік 
рухани 
ынтымақтастық 
рухта 
дүниежүзі 
мәдениетімен  байланысын  қамтамасыз  ететін  ұлттық 
құндылықтар жүйесі; 
-  үшіншіден,  тұлғаның  жан  дүниесін  байытатын  адами 
құндылықтар жүйесі. 
Мұның  өзі  ортағасырда  өмір  сүрген  ұлы  ғұламалар 
еңбектерінің  жалпы,  ұлттық  және  адами  құндылықтар 
жүйесі  ретінде  жалпыадамзаттық  құндылық  болып 
табылатындығын дәлелдейді. 
Жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  ұлттың  ұлы 
ұстазы  әл-Фарабидің  өмірі  мен  ғылыми  мұрасы  бүгінде 
әлемнің  алуан  тілде  жазатын  аса  ірі  ойшылдар  еңбегімен 
толығып,  «Фарабитану»  атты  тұтас  бір  ғылым  саласына 
айналды.  Фарабитануды  құрайтын  мол  мұраны  шартты 
түрде бес топқа жіктеуге болады. 

 
40 
 
Бірінші 
топқа 
ортағасырлық 
араб, 
парсы 
оқымыстыларының жазбалары кіреді. Олардың бастауында 
ХІІ  ғасырда  өмір  сүрген  араб  тарихшысы  Абдул  Хасан  әл-
Байхақидің «Даналық сөздерге толықтырма», Ибн Саид әл-
Қифтидің  «Ғұламалар  мен  ойшылдар  туралы  ақпарлар», 
Ибн  Аби  Усайбиғаның  «Тәуіптер  біліктілігі  туралы 
мағлұматтар  қайнары»,  Ибн  Халликанның  «Белгілі 
адамдардың  опат  болуы  мен  замана  перзенттері  туралы 
мағлұматтар» атты еңбектері тұрды. 
Екінші топқа ХІХ-ХХ ғасырдағы Египет, Сирия, Ливан, 
Иран  және  Ауғаныстан  ғалымдарының  еңбектері  жатады. 
Олардың  ішінде  Ш.Сами,  Ю.Кумер,  Д.Салиб,  О.Амин,  әл-
Фақұр,  әл-Жарр,  А.  әл-Ихвани,  И.Мадқұр,  К.Раджаби, 
Табризи, З.Сафа, М.Мехрдада, О.Фаррух, т.б. бар. 
Фарабитанудағы  үшінші  топты  батыс  авторлары 
құрайды.  Бұл  саласадағы  ұстаз  мұрасына  ықылас  ХV 
ғасырдан 
басталады. 
Оларды 
А.Шмельдерс, 
М.Штейншнейдер,  Ф.Дитерици,  О.Шпенглер  еңбектері 
құрайды.  Сонымен  бірге  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  батыс 
ғалымдары  ішінде  неміс  М.Хортен,  Ф.Кирхнер,  голланд  де 
Буур,  француздар  И.Форгет,  С.Дугат,  Л.Гухтер,  М.Мунк, 
Э.Ренан,  И.Финнеген,  итальяндар  А.Нагу,  К.Наллино, 
Г.Куадри,  А.Кортабарин,  испандықтар  А.Г.Паленсия, 
М.Алонсо, 
американдық 
Г.Сартон, 
Р.Хаммонд, 
Д.М.Дунлоп,  Г.Фармер,  Н.Решер,  т.б.  ғалымдар  еңбектерін 
ерекше атап өтуге болады.   
Фарабитанудағы  төртінші  үлкен  топты  патша  және 
кеңес  заманындағы  орыс  шығыстанушылары  құрайды. 
Олардың ішінде В.В.Бартольд, В.В.Розен, М.Е.Оболенский, 
М.М.Филлипов,  Е.Э.Бертельс,  С.Н.Григорян,  А.В.Сагдеев 
және тәжіктің көрнекті ғалымы Б.Ғафуровтар бар.  

 
41 
 
Фарабитану  ғылымының  бесінші  тобына  түркі  тілдес 
халықтар  ғалымдарының  еңбектерін  жатқызуға  болады. 
Өткен  ғасырдың  ортасында  бұл  іске  түрік  оқымыстылары 
белсене  атсалысты.  Олардың  ішінде  А.Атеш,  К.Бурслан, 
Н.Кеклик,  С.Ануар,  Х.Үлкендер  бар.  Әсіресе,  Ахмед 
Атештің  «Фараби  шығармаларының  библиографиясы» 
(1951),  Зия  Үлкеннің  «Ислам  философиясының  тарихы» 
(1957), Нихат Кекликтің «Мантық тарихы» (1969) еңбектері 
-  түрік  фарабитануының  көш  басында  тұрған  дүниелер. 
Профессор  А.Атештің  библиографиясында  әл-Фарабидің 
160  трактатының  аты  аталып,  олардың  қашан,  қай  жерде 
жарық  көргені  немесе  қайда  сақталғаны  жөнінде  толық 
мағлұматтар келтірілген. 
Өткен  ғасырдың  60-70  жылдарында  Қазақстан 
фарабитанудың  әлемдегі  ең  ірі  орталықтарының  біріне 
айналды.  Қазақ  фарабитанушыларының  көш  басында 
академик  А.Машанов  пен  педагог-ғалым  А.Көбесов 
тұрғанын  ерекше  атап  өткен  жөн.  Сонымен  бірге  өткен 
ғасырдың  соңғы  ширегінде  А.Қасымжанов,  М.Бурабаев, 
Ә.Дербісалиев, 
Қ.Жарықбаев, 
Г.Шаймұхамбетова, 
С.Сатыбековалардың 
еңбектері 
қазақстандық 
фарабитанудың көкжиегін кеңейте түсті. 
Фарабитану 
ғылымына 
өзбек 
ғалымдары 
М.Хайруллаев,  О.Матякубов,  тәжік  ғалымы  А.Джахид,  т.б. 
өзіндік үлестерін қосты 
[35. Б.3]. 
әл-Фараби 
мұрасының 
педагогика 
ғылымында 
жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  мәні  орасан  зор. 
Себебі,  ғұламаның  еңбектері  педагогика  ғылымының 
қайнар  көзі  бола  отырып,  оның  философиядан  бөлініп 
шығуы  мен  ғылыми  жүйеге  енуіне  негіз  болып  табылады. 
әл-Фарабиді  ірі  педагог-ғалым  ретінде  неміс  педагогы 
К.Шмидт өзінің көптомдық «Педагогика тарихы» еңбегінде 

 
42 
 
атап  өткен  [42].  Ғұламаның  педагогикалық  көзқарастары 
туралы  кеңестік  педагогика  тарихында  ең  алғаш  рет 
А.Саади  «Шығыстың  педагогикалық  ой-пікірлері»  атты 
баяндамасында  мәлімдеме  жасады  [43].  Ол  тезис 
формасында әл-Фарабидің тәрбиеге байланысты айтқан ой-
пікірлеріне 
қорытындылар 
жасайды, 
оның 
ұрпақ 
тәрбиесіндегі  маңыздылығын  атап  көрсетеді,  бірақ 
ғұламаның  педагогикалық  көзқарастарын  оның  нақты  ой-
пікірлері  арқылы  мазмұндық  тұрғыдан  ашып  көрсетпейді. 
Сонымен  бірге  әл-Фарабидің  педагогикалық  ой-пікірлері 
туралы Қ.Б.Жарықбаевтың [44;45], Х.Х.Тллашевтің [46;47], 
М.М.Хайруллаевтың 
[48] 
жекеленген 
еңбектерінде 
қарастырылып,  ғұламаның  адам  мәселесі  мен  оның 
тәрбиесі,  тәрбиенің  мақсаты  мен  құралдары,  ғылыми  білім 
алу  әдістері,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қатынастар 
және  т.б.  айтқан  идеяларына  шолу  жасалынады,  олардың 
әлеуметтік  міндеттерді  шешудегі  және  ұрпақ  тәрбиесіндегі 
құндылығына баса назар аударылады. 
Қазақстандық 
көрнекті 
ғалым 
А.Көбесов 
«әл-
Фарабидің педагогикалық  мұрасы»  тақырыбына орындаған 
докторлық 
диссертациясында 
[49] 
ғұламаның 
педагогикалық  көзқарастарын  ғылыми  тұрғыдан  анықтап, 
педагогика  ғылымының  қалыптасу  тарихына  тың  серпін 
берді. Ол зерттеу аумағында жүзден астам еңбектер жазып, 
ғұламаның  белгілі  еңбектері  мен  оның  ғылыми-
философиялық  мұрасы  бойынша  жарияланған  басылымдар 
негізінде ұлы ойшылдың атақты педагог, әдіснамашы және 
әдіскер  ретіндегі  бейнесін  жасап  берді.  А.Көбесовтың   
«Педагогическое  наследие  аль-Фараби»  [50]  «әл-Фараби» 
[51], 
«Математическое  наследие  аль-Фараби»  [52], 
«Астрономия  в  трудах  аль-Фараби»  [53],  «Сөнбес 
жұлдыздар» [54], «әл-Фарабидің ашылмаған әлемі» [55], т.б 

 
43 
 
еңбектерінде  әл-Фарабидің  Шығыс  Ренессансы  дәуірінде 
философия, ғылым және ағарту ісінің алғашқыларының бірі 
болып,  ортағасырлық  таяу  және  орта  Шығыста  педагогика 
мен  ғылыми  білімнің  философиялық  негізін  қалағанын, 
оның  өзінің  алдындағы,  әсіресе  Платон  мен  Аристотельдің 
педагогикалық  мұраларын  шығармашылықпен  дамыту 
арқылы  өзіне  тән  тәрбие  мен  білім  беру  туралы  ілімді 
жасағанын  анықтайды,  әл-Фарабидің  дидактикаға  қосқан 
ерекше  үлесін  бөліп  көрсетеді,  оның  ғылымдар  жіктемесін 
ұсынғанын,  олардың  мазмұнын  анықтағанын  ғылыми 
тұрғыдан  тұжырымдайды,  «Музыканың  ұлы  кітабы»  атты 
еңбегінің  оқу-педагогикалық  шығарма  екендігін  дәлелдей 
отырып,  дидактикалық  құндылығын  ашып  көрсетеді, 
ғұламаның математика, астрономия, әдіснама және әдістеме 
ғылымының қалыптасуына қосқан үлесін айқындайды және 
өзінен  кейінгі  таяу  және  орта  шығыста,  Европада 
педагогикалық  ойлардың  дамуына  тигізген  ықпалына 
ғылыми негіздеме береді.  әл-Фарабиді  ұлы педагог ретінде 
анықтап,  педагогика  ғылымының  әдіснамасын  дамыту 
бойынша  жүргізіген  көрнекті  ғалым  А.Көбесовтың  еңбегі 
орасан  зор,  ешқашан  құндылығын  жоғалтпайтын  рухани 
мұра  болып  табылады.  Дегенмен,  бүгінгі  таңда  әл-
Фарабидің  педагогикалық  идеялары  әрқырынан  терең 
қарастырылып  отырған  шақта  оның  педагогиканың  ғылым 
ретінде  қалыптасуының  бастау-бұлағы,  қайнар  көзі 
екендігін ашып көрсету қажеттілігі артып отыр. Сондықтан 
қазіргі кезде педагогиканың арнайы зерттеу пәні бар ғылым 
ретінде  қалыптасуы  әл-Фараби  есімімен  байланысты 
екендігін  дәлелді  түрде  негіздеу,  Фараби  еңбектерінің 
педагогика 
ғылымының 
әдіснамасын 
жасаудағы 
практикалық  мәнін  ашып  көрсету,  ұрпақ  тәрбиесі  туралы 
тұжырымдамалық  идеяларының  негіздерін  айқындау, 

 
44 
 
әлемдік  педагогикамен  үндестігі  мен  сабақтастығын 
анықтау,  бүгінгі  таңдағы  педагогика  теориясы  мен 
практикасында  алатын  орнын  бөліп  көрсету,  оларды  білім 
беру  жүйесінде  қолдану  бойынша  нақты  ғылыми-
әдістемелік  ұсыныстар  жасау  заман  талабынан  туындайды. 
Ұлттық 
педагогиканың 
адамзаттық 
өркениет 
құбылыстарымен  терең  байланыстылығы,  ол  үрдісті  өз 
мәнінде зерделеу егеменді еліміздің жалпыадамзаттық даму 
жолындағы  үлесін  айқындап,  рухани  өсудің  болашақ 
белестерін  саралап  көрсетеді.  әл-Фарабидің  педагогикалық 
мұрасы  сонау  көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен 
рухани  даму  үрдісінің  үздіксіз  желісін  үзбей  келе  жатқан 
педагогика  ғылымындағы  жалпыадамзаттық  құндылық 
ретінде әрқашан биіктерде тұратынын анық.. 
Педагогика  ғылымының  жүйесіндегі  негізгі  ғылыми 
пән  болып  табылатын  жалпы  педагогиканы  оның  жалпы 
негіздері,  дидактика  (оқыту  теориясы),  тәрбие  теориясы 
және  мектептану  құрайды.  әл-Фараби  өз  дәуірінде  сол 
уақыттың талаптарына сәйкес осы мәселелерді қарастырып, 
еңбектеріне  арқау  еткенін  бүгінгі  күнде  педагогика 
ғылымының даму тұрғысынан талдау арқылы көз жеткізуге 
болады.  Енді  әл-Фараби  еңбектеріндегі  педагогикалық  ой-
пікірлерді  қазіргі  педагогикамен  салыстыра  отырып,  толық 
қарастырайық.. 
Халқымызға  білімнің  нәрін  сепкен  ұлттың  ұлы  ұстазы 
Әбу  Насыр  әл-Фараби  «кез  келген  адамның  қалайтыны, 
мақсаты бақыт болып  табылады»  деп көрсете отырып, осы 
бақытқа  жетудің  жолы  адамның  бойында  ізгілікті 
қасиеттердің  қалыптасуы  деп  біледі:  «Қайырымдылық 
бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде 
де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды» 
[56.
Б.301].  Ал  бақытты  зерттейтін  ғылымды  азаматтық 

 
45 
 
ғылым  деп  бөліп  көрсетеді:  «Азаматтық  ғылым  ең  бірінші 
кезекте  бақыт  дегеннің  не  екендігін  зерттейді:  ал  бақыт 
атаулының  екі  түрі  болады.  Оның  алғашқысы  –  сырттай 
қарағанда  бақыт  болып  көрінгенімен  де,  шын  мәнісінде 
нағыз бақыт болып табылмайтын түрі.  Ал екіншісі  - өзінің 
мәнділігмен 
ерекшеленіп, 
ешқашанда 
айырбастауға 
болмайтын  шынайы  бақыт...Одан  кейін  азаматтық  ғылым 
танып-білу  және  үлгі  өнегелілік  мақсатында  адамның 
қылықтарын,  өмір  салтын,  әдет-ғұрыптарын,  мінез-
құлықтарын,  ерік-жігер  қабілеттерін  зерттейді»  [
57.
Б.56]. 
Ғұламаның  азаматтық  ғылымға  берген  анықтамасы  қазіргі 
педагогиканың  адамды  тәрбиелеу  туралы  ғылым  деген 
анықтамасына  сәйкес  келеді.  Педагогиканың  мақсаты, 
мұраты  туралы  Фараби  ұсынған  гуманистік  идеялар  мен 
қорытындылар  адам  өмірінің  қазіргі  кезеңінде  де 
ағартушылықтың  маңызды  тіректерінің  бірі  болып  отыр. 
«Біздің  міндетіміз  –  бақытты  адам  тәрбиелеу.  Бақыт 
материалдық  және  рухани  игіліктерді  өзімшілдік  мақсатта 
тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан тыс та 
оқшау  өзіне  ғана  тән  жан  рахатын  беретін  кішкене  дүние 
жасауда емес. Азаматтың бақыты  -   асқақ та  биік мақсат  – 
жаңа  өмір  жолындағы  жасампаз  рухани  күштердің 
гүлденуін терең сезінуде» [
57
.Б.147].  
Ұрпақ  тәрбиесімен,  адамды  тәрбиелеу  мәселесімен 
айналысатын  ұстаздардың  қажеттілігі  туралы  әл-Фараби 
«Азаматтық саясат» еңбегінде былай дейді: «Адамның өмір 
сүру  мақсаты  ең  жоғарғы  бақытқа  жету  болатын  болса,  ол 
адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің 
мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол 
бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет 
жасауы 
керек. 
Әр 
түрлі 
индивидтердің 
түрліше 
қасиеттерінің  айтылғанынан  мынадай  айқын  қорытынды 

 
46 
 
шығады: білуі тиіс болған нәрселер мен бақытты кез келген 
адам  біле  бермейді.  Бұл  нәрсе  кез  келген  адамға  бітетін 
қасиет емес. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек» [56. Б.306]. 
Педагогикалық  ойлардың  даму  тарихы  ғылымдағы 
ұғымдар  аппараты  біртіндеп  қалыптасқанын  және  олармен 
өзара  байланыста  педагогиканың  жаңа  ұғымдары  пайда 
болғанын  дәлелдейді.  Педагогика  ғылымында  ұғымдардың 
пайда болуы негізінен адамзат қоғамының даму тарихымен 
тығыз  байланысты.  Алғашқы  адамдардың  пайда  болуымен 
бірге  үлкендердің  өзінен  кішілерді  үйрету  тәжірибесі 
қалыптасып,  ол  ұрпақтан  ұрпаққа  «оқыту»,  «тәрбиелеу» 
ұғымдары ретінде жетіп отырды. 
Қазіргі  педагогика  ғылымының  мәнін  және  оның 
зерттейтін салаларын толық түсіну үшін, ең алдымен оның 
негізгі  педагогикалық  ұғымдарын  қарастырудың  маңызы 
зор.  Әрбір  ғылымның  өзіне  тән  тану  саласы  және  ғылыми 
ұғымдары  бар.  Мысалы,  философияда  мұндай  ұғымдар  - 
болмыс,  материя,  қозғалыс,  саясаттануда  -  қоғамның 
өндіргіш  күштері  мен  өндірістік  қатынастары,  ал 
педагогикада - тәрбие, оқыту, білім беру.  
Ұғымдар  -  объективтік  құбылыстарды,  қасиеттерді 
және  қатынастарды  бейнелейтін  ойлау  формасы.  Сонымен 
бірге 
ұғымдар 

біздің 
санамыздың 
сатылары. 
Педагогикалық 
ұғымдар 
арқылы 
педагогикалық 
құбылыстарды,    олардың  өзара  байланысын  танып-білуге 
болады.  Педагогикада  «мақсат»,  «әдіс»,  «құрал»,  «даму», 
«қалыптасу»  сияқты  ұғымдар  да  кездеседі.  Бірақ  олар 
барлық  ғылымдарға  ортақ  ұғымдар 
болғандықтан, 
педагогикада  тек  оқу,  тәрбие  мәселелеріне  сәйкес 
қарастырылады. 
әл-Фарабидің  педагогика  ғылымының  негізін  салушы 
екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық 

 
47 
 
ұғымдардың  анықтамалары  неғұрлым  нақтылай  түседі. 
Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен 
тәрбиеге  мынадай  ғұлама  мынадай  түсініктеме  береді: 
«Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық 
дарыту  болады,  ал  тәрбие  -  білім-білікке  негізделген  өнер 
арқылы  оларға  этикалық  қайрымдылық  дарыту  тәсілі. 
Оқыту  сөз  арқылы  жүзеге  асырылады,  ал  тәрбие  кезінде 
адамдар  мен  халыққа  белгілі  қимыл-әрекет  дағдысын 
егеді...» 
[58].
  
Әл-Фарабидің 
педагогикалық 
ұғымдарға 
берген 
анықтамасы  қазіргі  педагогикада  «оқыту»  мен  «тәрбие» 
ұғымдарына  берген  анықтамалармен  сабақтасып,  өзара 
байланысып жатады.  
Қазіргі  педагогикада  «тәрбие»  ұғымы  кең  және  тар 
әлеуметтік  мағынада,  сонымен  бірге  кең  және  тар 
педагогикалық мағынада қолданылады. 
Кең  әлеуметтік  мағынада,  тәрбие  -  аға  ұрпақ 
өкілдерінің  жинақтаған  тәжірибесін  жас  ұрпаққа  жеткізу. 
Тәжірибе  деп  барлық  адамдарға  белгілі  білім,  білік,  ойлау 
тәсілдерін,  адамгершілік,  этикалық,  құқықтық  ережелерді,  
яғни  бір  сөзбен  айтқанда,  адамзаттың  тарихи  даму 
процесінде  жасалынған  рухани  мұраны  айтады.  Тәрбие 
адамзат  қоғамымен  бірге  қалыптасып,  оның  өмірі  мен 
дамуының  құрамдас  бөлігі  саналады,  сондықтан  қоғам  бар 
жерде  тәрбие  де  өмір  сүріп,  баршаға  ортақ  және  мәңгілік 
категория ретінде әрекет етеді. 
Көптеген  философтар  қоғамдық  өмірді  басқаратын 
заңдарға  талдау  жасай  отырып,  тәрбие  мен  қоғамның 
өндіргіш  күштерінің  даму  деңгейі  арасындағы  объективті 
байланысты  анықтады.  Тәрбие  қоғамның  дамуына  әсер 
етеді,  өз  кезегінде  қоғам  тәрбие  үшін  мүмкіндіктер 
жасайды. Тәрбиенің бағыты мен сипаты өндіргіш күштердің 

 
48 
 
даму  деңгейі  мен  өндірістік  қатынастардың  сипатына 
сәйкес  келеді.  Сондықтан  тәрбие  нақты  тарихи  сипатқа  ие 
болады. Қоғамдық-экономикалық формация типінің өзгеруі 
тәрбие  типінің  өзгеруіне  әкеліп  соқтырады.  Қоғамдық 
қатынастардың  өзгеруі  тәрбиенің  мақсатын,  міндеттерін, 
формалары  мен  ұйымдастыру  жолдарын  түбегейлі 
өзгертеді.  Өмірдің  әлеуметтік  жағдайы  да  тәрбиенің 
сипатын және оның адамдардың санасы мен мінез-құлқына 
әсерін өзгертеді. 
Қоғамда  таптардың  пайда  болуымен  байланысты 
тәрбие таптық сипатқа ие болады. Ол үстемдік етіп отырған 
тапқа  қызмет  етеді,  осы  тап  өкілдері  тәрбиенің  бағытын, 
мақсатын, мазмұны мен формасын анықтайды. 
Тәрбиенің  кең  әлеуметтік  мағынада  алғанда,  нақты 
әлеуметтік,  әсіресе  педагогикалық  мәні  -  тәрбиемен,  яғни 
жинақталған  тәжірибені  жеткізумен  тек  маман  педагогтар 
арнайы  құрылған  оқу-тәрбие  мекемелерінде  айналысады. 
Қазіргі  қоғамда  өзінің  күшін  тәрбиеге  бағыттайтын 
институттардың  тұтас  кешені  әрекет  етеді,  олар  -  отбасы, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары,  әдебиет,  өнер,  еңбек 
ұжымдары, құқықтық тәртіп орындары. 
Тар  әлеуметтік  мағынада,  тәрбие  деп  қоғамдық 
институттардың  адамға,  оның  бойында  белгілі  бір  білім, 
көзқарас  пен  сенім,  адамгершілік  құндылықтар,  саяси 
бағдар,  өмірге  дайындықты  қалыптастыру  мақсатымен 
ықпал  жасауын  айтады.  Әрине,  тәрбиенің  табысты  болуы 
барлық  институттардың  өзара  бірлесіп,  ұйымдасқан  түрде 
жұмыс  істеуіне  байланысты  екеніне  күмән  келтіруге 
болмайды.  Дей  тұрғанмен,  қоғамда  тәрбиелік  ықпал  ету 
орталығы  арнайы  ұйымдастырылған,  мамандандырылған 
педагогтар  басқаратын  оқу-тәрбиелік  мекемелер  екендігі 
даусыз. 

 
49 
 
Кең педагогикалық мағынада алғанда, тәрбие деп - оқу-
тәрбие  мекемелерінде  арнайы  дайындалған  мамандар 
арқылы  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  біртұтас, 
саналы ұйымдастырылған педагогикалық үрдісті айтады. 
Тар педагогикалық мағынада, тәрбие дегеніміз – нақты 
тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  бағытталған  тәрбие  үрдісі 
мен оның нәтижесі. 
Оқыту  -  білім  берудің  жолы.  Оқыту  оқытушы  мен 
оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері,  сондықтан  да  ол  екі 
жақты  біртекті  процесс:  біріншіден,  оқытушы  оқушыларға 
білім  беріп,  олардың  білік,  дағдысын  қалыптастырады, 
екіншіден,  оқушы  таным  міндеттерін  жете  түсініп,  жаңа 
білімді,  білікті,  дағдыны  игереді  және  оларды  өмірде 
қолданады. 
Міне,  қазіргі  педагогикадағы  «тәрбие»  мен  «оқытуды» 
анықтау 
көрнекті 
ғалым 
А.Көбесовтің 
мына 
түсініктемесімен  нақтыланып,  әл-Фараби  идеяларының 
бүгінгі  күнмен  үндесіп  жатқанын  аңғартады:  «Фарабидің 
пайымдауы  бойынша  оқу  –  философия  негіздерін, 
теориялық  білімдерді  игеру,  ал  тәрбие  -  ол  мұғалімнің, 
тәлімгердің  адамға  белгілі  бір  адамгершілік,  құлық 
қалыптарын  және  практикалық  өнерді  игеру  дағдыларын 
қалыптастыру  бағытындағы  іс-әрекеті,  ол  шәкірттерге 
белгілі  бір  оң  қасиетті,  сапаны  дарыту  үшін  қалай  болса 
солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген тәрбие жұмысына 
басты мән береді» [55.Б.150]. 
Әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы 
болып  табылатын  «білім  беру»  ұғымы  да  қарастырылған. 
«Оқу  бастамасы  біздерге  болмыс  бастауларын  білу  құралы 
болып  табылады,  ал  олардан  шығарылатын  қорытындылар 
–  ғылыми  пәндерді  игерудің  бастамасы  мен  құралы»  [58] 
деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім 

 
50 
 
беру  -    оқыту  нәтижесі,  тура  мағынасында  ол  оқып-
үйренілетін  пән  туралы  алғашқы  түсініктің,  ұғымның 
қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс 
табады.  
Сонымен  бірге  қазіргі  педагогикада  білім  беру  деп 
табиғат  пен  қоғам  жайында  ғылымда  жинақталған  білім, 
білік,  дағды  жүйесін  жеке  тұлғаның  меңгеруін  және  оны 
өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Осы анықтамамен 
өзара 
тікелей 
мағыналас 
ғұламаның 
педагогика 
философиясы жайында айтқан ой-пікірі бар: «Көркемдіктің 
екі  түрі,  атап  айқанда,  тек  білім  және  білім  мен  әрекет 
болатындықтан,  философия  өнері  де  екі  түрге  бөлінеді: 
мұның бір түрі арқылы дүниеде бар заттарды, адам әрекеті 
дарымайтын  заттарды  танып,  ол  туралы  білім  аламыз.  Бұл 
теориялық  философия  деп  аталады.  Екінші  түрі  арқылы 
адам  әрекеті  даритын  заттарды,  осындай  қасиеті  бар 
заттарды  танып,  сол  туралы  білім  аламыз.  Тамаша 
көркемдікті  жасау  қабілеті,  атап  айтқанда,  дәл  осы 
екіншісінде  болады.  Бұл  өзі  практикалық  және  азаматтық 
философия деп аталады... 
Азаматтық  философия  екі  түрге  бөлінеді:  оның  біреуі 
арқылы  жақсы  әрекеттерді  тудыратын  және  осы 
әрекеттердің  себептерін  анықтау  қабілетін  тудыратын 
жақсы  әрекеттер  мен  мінез-құлықтарды  танимыз.  Осының 
арқасында 
тамаша 
нәрселер 
өзіміздің 
қасиетімізге 
айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады... Екінші түрі 
қағидаларды,  қағидалар  дегенде,  қала  тұрғындары  сол 
арқылы  тамаша  көркемдікке  ие  болу,  оны  сақтай  білу 
қабілетіне  жететін  қағидаларды  біліп  алуды  қамтиды.  Бұл 
түр саяси философия деп аталады» [58]. 
Қазіргі  кезде  педагогиканың  негізгі  ұғымдарына 
«тұлғаны  қалыптастыру»  ұғымы  да  жатқызылады.  Себебі, 

 
51 
 
бүгінде  білім  беру  парадигмасының  өзгеруіне  байланысты, 
бірінші  кезекке  оқушыларда  пәндік  білім,  білік,  дағдыны 
қалыптастыру емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, 
тұлғаға  бағдарланған  оқыту  мен  тәрбиелеуді  іске  асыру 
көзделуде. 
Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби 
былай  анықтайды:  «Жақсы  мінез-құлық  пен  ақыл-күші 
бұлар  адамшылық  қасиеттер  болып  табылады.  Егер  осы 
екеуі  бірдей  болып  келсе,  біз  өз  бойымыздан  және  өз 
әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы 
екеуінің  арқасында  біз  ізгі  игілікті  және  қайырымды  адам 
боламыз,  біздің  өмір  бейнеміз  қайырымды,  ал  мінез-
құлқымыз мақтаулы болады» [58]. 
Міне,  осы  айтылған  мәселелер  ұлы  ойшыл  әл-
Фарабидің  педагогиканың  негізгі  ұғымдарын  анықтауға 
алғаш  талпыныс  жасаған  ғалым  екендігін  дәлелдейді. 
Мұның  өзі  әл-Фарабидің  педагогикалық  идеяларын  қазақ 
педагогика  ғылымының қайнар көзі,  бастау бұлағы ретінде 
қарауға толық негіз бар екендігін көрсетеді. 
Қоғамда  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер  ХХІ 
ғасырда  өндірістік  парадигмадан  жаңа  білім  мен  ойлаудың 
жалпы  әлемдік  қағидаларына  негізделген  мәдениет 
парадигмасына;  машиналы  технологиядан  әлеуметтікке; 
ғылыми  білімдер  түріндегі  білім  беру  нәтижелерінен  іс-
әрекет  әдіснамасына;  ұлттық  экономикадан  әлемдік 
экономикаға  көшу  үрдістерінің  дүниеге  келуіне  себепші 
болды. Мұның өзі білім беру жүйесінде жаңа парадигманы -  
ізгілендіру парадигмасын тудырды. 
Ізгілендіру  әл-Фарабидің  педагогикалық  идеясының 
негізгі  өзегі  болған,  ғұлама  білім  берудің  ізгілендіру 
принципіне  негізделуі  қажет  екендігін  өз  уақытында 
ғылыми  тұжырымдалған  ой-пікірлерімен  айқындап  кеткен. 

 
52 
 
Міне,  бүгінгі  таңда  әл-Фарабидің  көрегендігі  мен 
ғұламалығы  дәлелденіп,  мыңдаған  жылдар  өтсе  де,  жаңа 
білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр. 
әл-Фараби  білімді болудың нәтижесінде бақытқа жету 
үшін  оны  ізгілендіру  керектігі  туралы  былай  деп  жазады: 
«Жаратылысында  әрбір  адамға  өз  тіршілігі  үшін  және  ең 
жоғары  кемелділік  дәрежесіне  жету  үшін  көп  нәрсе  керек, 
ол  мұны  өзі  жалғыз  жүріп  таба  алмайды  және  бұған  жету 
үшін  ол  қандай  да  бір  адам  қауымын  қажет  етеді,  осы 
қауымдағы 
адамдардың 
әрқайсысын 
оған 
қажетті 
нәрселердің  жалпы  жиынтығынан  қандай  да  бір  затты 
тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен 
басқа  екінші  адам  жөнінде  де  нақ  осындай  күйге  түседі. 
Міне,  сондықтан  да  бір-біріне  көмектесіп  отыратын  біреуі 
екіншісінің  өмір  сүруіне  қажетті  нәрселердің  бір  бөлігін 
тауып  беріп  отыратын  көптеген  адамдар  бірлестіктері 
арқылы  ғана  адам  өзінің  жаратылысына  сай  кемелділік 
дәрежесіне жете алады» 
[58].
 Кемелділік дәрежесі адамның 
білімділігімен, 
мәдениеттілігімен, 
парасаттылығымен, 
инабаттылығымен  сипатталады.  Сондықтан  кемелділік 
дәрежесіне  ие  болу  бақытқа  қол  жеткізудің  басты,  әрі 
қажетті  шарты  болып  табылады.  Ол  жөнінде  ұлы  ұстаз 
былай дейді: «Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие 
болған  кезде  солардың  арқасында  міндетті  түрде  бақытқа 
жетеміз...Бұл  екеуі  бар  кезде  біздің  өзіміз  және  іс-
әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында 
біз шын мәнінде  қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз» 
[58]. 
Адамдардың  арасындағы  қатынастардың  да  ізгілікке 
құрылу  қажеттілігі  туралы:  «Адамдар  туралы  айтсақ, 
оларды  қосатын,  байланыстыратын  дәнекер,  тұтқа  -  
адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат 

 
53 
 
тегіне  жататын  болғандықтан,  өзара  бейбітшілік,  татулық 
сақтауы  ләзім»  [58].  Ғұламаның  осы  ойлары  лаңкестік  пен 
экстремизмге  қарсы  күрес  бүгінгі  күні  барлық  өркениетті 
елдердің  басты  мәселесі  болып  отыр  шақта  білім  беруді 
ізгілендіру  парадигмасының  құндылығын  арттыра  түсетіні 
анық. 
Ізгілендіру  мәдениеттің  объективті  құбылысы  бола 
отырып,  жеке  тұлғаны  өз  халқының  рухани  қазынасы, 
ұлттық  мәдениетi,  игi  дәстүрлерi  негiзiнде  рухани-
адамгершілік 
тұрғыдан 
қалыптастыруды 
көздейді. 
Сондықтан  бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  алдында 
тұрған  негізгі  міндет  әрбір  адамның  өзін  өзі  тануға,  өзінің 
ұлттық  мәртебесіне  ие  болуға  және  қайырымдылық  пен 
адамшылықты  бойына  сіңірген  маңызды  тұлға  болуға 
көмектесу болып табылады. 
әл-Фарабидің 
білім 
беруді 
ізгілендіру 
туралы 
педагогикалық  көзқарастары  бойынша  Қ.Жарықбаев  пен 
С.Қалиев мынадай түйін жасайды: «әл-Фарабидің оқу-білім, 
тәлім-тәрбие  мәселелері  жайлы  айтқан  пікірлерінің  құятын 
үлкен  бір  арнасы  адам  атаулыны  гуманистік,  ізгілік 
қасиеттерге  баулу  мәселесіне  келіп  тіреледі.  Адам  деген 
ардақты  атты  лайықпен  алып  жүруден  артық  бақыттылық 
жоқ.  Нағыз  бақыт  осы  дүниеде  ғана,  оны  басқа  жерден 
іздестірудің  қажеті  жоқ.  Әлемдегі  жаман  мен  жақсыны 
адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым 
меңгеру,  өнерге  жетілу  аса  қажет.  Осы  жолда  өмір  бойы 
еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт. 
Бірақ дүниеде жалғыз жүріп бақытқа жетуге болмайды. Ол 
үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен 
ойлы,  парастты  болуға,  ақыл-ойының  жан-жақты  дамуына 
ерекше  көңіл  бөлуі  қажет,  парасаттылық  адмаға  өзінен-өзі 
келмейді.  Ол  ұлан-ғайыр  еңбек  етіп,  ғылым-біліммен 

 
54 
 
молынан  сусындаған  кісіге  ғана  қонады.  Бақытты  болу, 
кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – барлығы да 
білімділікке байланысты» [
59. Б.100].
  
Қазіргі 
таңда 
педагогиканың 
әдіснамасын 
тек 
теориялық  педагогика  ғана  емес,  білім  беру  философиясы 
да құрайды. Сондықтан бұл мәселемен педагогтармен қатар 
кәсіби  тұрғыдан  білім  беру  проблемасын  зерттеп  жүрген 
психологтар мен философтар да айналысады.  
әл-Фараби  педагогиканың  философиялық  негіздерін 
зерттей  отырып,  білім  беру  философиясын  жасаған,  оны 
өркендетуге үлес қосқан ұлы ғалым-ұстаз болып табылады. 
Ол  педагогиканы  азаматтық  немесе  саяси  философия 
құрамына  жатқыза  отырып,  мынадай  келелі  ой-пікір 
айтады: «Тек тамаша көркемдікке жетуді мақсат ететін өнер 
философия  немесе  абсолюттік  мағынада  айқанда,  даналық 
деп аталады...[58]. 
Білім  беру  философиясы  -  аксиология,  онтология, 
гносеология,  антропология  тұрғысынан  білім  беруді 
әлеуметтік-мәдени  гуманитарлық  тәжірибенің  ерекше 
саласы  ретінде  қарастыратын  жалпы  ілім,  яғни  шынайы 
кемеңгерлікке, 
парасатылық 
пен 
данышпандыққа 
жетелейтін  басты  әдіснамалық  негіз  болып  табылады.  «Біз 
бақытқа  тек  әдемілік,  пәк  тазалықты  бойға  сіңіру  арқылы 
жетеміз,  ал  ондай  кемел  тазалық  пен  әдемілік  философия 
өнері  арқылы  келетіндіктен  біз  бақытқа  нақ  философия 
арқылы  ғана  жетеміз»  [58].  әл-Фарабиді  ғұлама  етіп 
отырған  осы  ғылыми  әдіснамалық  ой-тұжырымдардың 
құндылығының  жоғары  екендігіне  еш  күмән  келтіруге 
болмайды,  себебі  бүгінгі  таңда  білім  беру  философиясы 
педагогика 
әдіснамасы 
бойынша 
орындалатын 
зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.  

 
55 
 
Педагогиканың  әдіснамасын  анықтауда  зерттеуші-
ғалым  В.В.Краевский  өз  көзқарасын  былай  білдіреді: 
«Педагогиканың  әдіснамасы  -  бұл  тек  педагогика 
ғылымының  негіздері  мен  құрылымы,  педагогикалық 
болмысты бейнелейтін білімге қол жеткізудің жолдары мен 
тәсілдерінің принциптері туралы білім жүйесі ғана емес. Ол 
осындай  білім  алуды  және  арнайы-ғылыми  педагогикалық 
зерттеулерді 
әдіснамалық 
қамтамасыз 
етуді, 
жаңа 
әдіснамалық  білім  алуды  көздейтін  іс-әрекет  жүйесі
»  [60].
 
Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады, педагогика 
ғылымының  объектісі  педагогикалық  практикалық  іс-
әрекет,  ал  педагогика  ғылымы  әдіснамасының  объектісі 
ғылыми іс-әрекет болып табылады. Бұл мәселе ең алғаш рет 
әл-Фарабидің  «Музыканың  ұлы  кітабы»  атты  ғылыми 
маңызды  еңбегінде  қарастырылған.  Осы  кітаптың  алғы 
сөзінде  былай  жазылған:  «Қандай  ғылым  болсын,  оның 
теориясына  жетік  болу  үшін  үш  түрлі  шарт  керек: 
ғылымның  барлық  түпкі  негіздерін  –  принциптерін  білу 
керек;  сол  принциптерден  осы  ғылымға  жататын  қажетті 
қорытындыларды,  салдарларды  шығара  білу  керек;  осы 
ғылым  жайлы  бұрын-соңды  айтылған  пікірлерді  талдап, 
түзете білу керек. 
Осы  негізге  сүйеніп,  мен  өз  еңбегімді  екіге  бөлдім: 
бірінші  бөлімде  музыка  ғылымының  негіздерін  түсіндіруге 
тырыстым, 
сонан 
кейін 
ол 
негіздерден 
қандай 
қорытындылар 
мен 
салдарлар 
шығатынын 
талдап 
көрсеттім.  Екінші  бөлімде  музыка  теориясын  жасаушы  аса 
көрнекті ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды...» 
[61]. 
Педагогиканың  әдіснамасы  мәселесі  әл-Фарабидің 
педагогикалық  мұрасының  негізгі  арқауы  болғанын 
А.Көбесов  былай  атап  көрсетеді:  «Фарабидің  пікірінше, 
ғылымдарды  оқып-үйрену  көп  тәсілдермен  жүзеге  асады, 

 
56 
 
бірақ  қайсысын  басшылыққа  алғанда  да  ғылымдағы 
бастапқы  ұғымдарды,  қағидаларды,  алғышарттарды  біліп 
алудан бастау қажет. Осының нәтижесінде түпкі шындық – 
болмыс  және  оның  көріністері  танып  білінеді» 
[
55.Б.159].
 
Мұның  өзі  әл-Фарабидің  теориялық  іс-әрекетті  ғылыми  іс-
әрекетпен  байланыстыра  алғандығының  белгісі  болып 
табылады. 
Педагогика  ғылымының  негізгі  әдіснамалық  негізі 
таным 
теориясы 
болып 
табылады. 
әл-Фараби 
философиясында  таным  теориясының  тұжырымдамалық 
негізі  жасалған.  Бұл  жөнінде  белгілі  философ  ғалымдар 
Ж..Абдильдин,  Ғ.Есім,  Ә.Нысанбаев,  А.Х.Қасымжанов, 
А.А.Қасымжанова  және  т.б.  өз  еңбектерінде  қарастырып, 
ғылыми  негіз  берген  болатын.  Ж.Абдильдин  өзінің  «әл-
Фарабидің  логикасы  және  таным  теориясы»  деген  ғылыми 
мақаласында  былай  деп  жазды:  «Ол  таным  теориясын 
дүниені, он түрлерін тану, сана мен түйсік туралы ілім деп 
біліп,  арнайы  айналысты...  әл-Фарабидің  таным  теориясы 
оның  адам  субъект  ретінде  сыртқы  әлемге-объектіге 
қатынасы  туралы  ілімімен  байланысты.  Таным  процесін 
басқаратын орталық адамның жаны болып табылады. Жанға 
адам  денесінде  өмірді  сақтайтын  және  адамның  сыртқы 
әлеммен  байланыс  жасауына  ықпал  ететін  әртүрлі  күштер 
тән» 
[62.Б.333]. 
Ал 
Ғ.Есім 
әл-Фараби 
ілімінің 
ерекшеліктерін  бөліп  көрсете  отырып,  мынадай  тұжырым 
айтады:  «Таным  мәселесіне  келсек,  Фараби  ақыл  қуатына 
сенген.  Ол  «Ақыл  туралы»  трактатында  адам  ақылы 
жаратушы  құдыретінің  бір  көрінісі  деген.  Ғылым- 
Фарабидің  айтуынша  ақылдың  нәтижесі,  оның  екі  түрі 
болады: 
теориялық 
және 
практикалық. 
Теориялық 
ғылымдар:  логика,  табиғаттану  ғылымдары,  метафизика, 
практикалық – этика мен саясат» [
63. Б.45].
   

 
57 
 
Сонымен  данышпан  ғалым  әл-Фараби  педагогика 
ғылымын  білімнің  ерекше  түрі,  іс-әрекеттің  ерекше  түрі, 
әлеуметтік  институт  ретінде  қарастыра  отырып,  оның 
негізін қалаған ғұлама болып табылады. 
Қазіргі  кездегі  ғылыми  педагогика  педагогика 
ғылымының  тарихымен  тығыз  байланысты.  Тарихи 
принцип  дегеніміз  қандай  да  болсын  ғылым дамуының  аса 
маңызды принципі, өйткені өткенді зерттеу, оны қазіргімен 
салыстыру  осы  заманғы  құбылыстардың  дамуының  негізгі 
кезеңдерін  жақсылап  қадағалауға  немесе  өткеннің  бағалы 
тәжірибелері  мен  жетістіктерін  пайдалануға  көмектесіп 
қана  қоймайды,  сондай-ақ  қателіктерді  қайталаудан 
сақтандырады және болашаққа жол сілтейтін ұсыныстарды 
неғұрлым негізді ете түседі. 
Педагогикалық  ойлардың  тарихында  әл-Фараби  оқыту 
теориясын білім жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс 
жасады  деуге  толық  негіз  бар.  Енді  әл-Фараби 
еңбектеріндегі дидактика мәселелерін ашып көрсетейік. 
әл-Фараби 
еңбектерінде 
дидактиканың 
негізгі 
ұғымдары  «оқыту»  мен  «білім  берудің»  мән-мағынасы 
ашып  көрсетіледі.  «Оқыту  адамдар  мен  халықтарда 
теориялық 
қайырымдылық 
дарыту 
болады», 
«Оқу 
бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып 
табылады,  ал  олардан  шығарылатын  қорытындылар  – 
ғылыми  пәндерді  игерудің  бастамасы  мен  құралы»  [56]. 
Сонымен бірге ол «Бақытқа жету жайында» атты еңбегінде 
білім,  оқыту  мәселесіне  ерекше  мән  бере  отырып,  «Егер 
өмірде  бар  нәрселердің  әрбірі  жөніндегі  алғашқы  білімдер 
зерттеушіні  осы  тектес  көздеулі  мақсаттағы  анық  білімге 
жеткізетін  қағидалар  мен  шарттар  болатын  болса  –  ол  сол 
заттағы  оқу-білімнің  негіздері»    [56]  дей  отырып,  оқудың, 
білімнің негізгі мағынасын ашып көрсетеді.  

 
58 
 
Оқыту  процесінде  басты  әрекет  танымдық  іс-әрекет 
болып  табылады.  Ерте  заманнан-ақ  адам  өзін  қоршаған 
дүниенің  заңдылықтарын  және  өзін-өзі,  өзінің  табиғатқа 
және  басқа  адамдарға  қатынасын  танып-білуге  тырысты. 
Адамнан  тыс  таным  процесінің  болуы  мүмкін  емес. 
Сондықтан  адам  танымы    белгілі  бір  қоғамда  қоғамның 
практикалық  қажеттілігіне  сәйкес  жүріп  жатады.  Ендеше 
адамзат  дамуында  адам  танымының  қоғамдық,  тарихи 
сипаты  болады.  Таным-адам  санасын  дамытудың  негізі. 
Танымды  адамның  жаңа,  әрі  тың  білімді  игеріп,  рухани 
баюы деп есептеуге болады. 
Г.Гегель  «Таным  дегеніміз-сыртқы  заттар  мен 
құбылыстар  қасиеттерін,  мәнді  қатынастарын  адам 
санасында  идеалды  образдар  жүйесі  ретінде  бейнелеудің 
қайшылыққа  толы  күрделі  процесі»  -  деді  [64].  әл-Фараби 
танымның  екі  жолын  бөліп  айтады.  Адамның  көрінеу 
(айқын)  болмысы  –  бес  сезім  мүшесі.  Көмес  (жасырын) 
болмысы – рухани күш қуаты. Рухани күш-қуат, Фарабише, 
екеу:  іс-әрекетпен  айналысушы,  таныммен  айналысушы 
күш-қуат.  Алғашқысы  өсімдік  дүниесінде,  мақлұқат 
әлемінде  және  адам  болмысында  кездеседі.  Танымның 
мақлұқаттық  (түйсіктік)  және  адами  (ғақыли)  түрлері  бар. 
Танымның  бұл  екі  түрінің  арақатынасын  әркім  өзінше 
шешкен.  Демокрит  пен  Платон  түйсікті  бірінші  қойғаны 
белгілі. әл-Фараби мұндай біржақты пайымға бармайды. Ол 
адамның  денесінде  пайда  болған  сезім  оның ой  ойлауынан 
туатынын айта келіп, таным процесін  «тән» мен  «жанның» 
өзара  шарттылығы  түрінде  көрсетеді.  Тән  сырқат  болса, 
дұрыс  мағлұмат  бере  алмайды,  соған  сәйкес  жан  беретін 
ақпар  да  жалған  болмақ.  Түйсік  (сезім)  ғақли  танымнан 
төмен. Шын білім ғақли таным арқылы келеді. Ғақли таным 
айнала  дүниенің  деректі  жағын  қалдырып,  дерексіз  жағын 

 
59 
 
түгел  қамтиды.  Танымның  бұл  түрі  кезінде  адам  «ақылға 
салады». Ақылдың өзі  екі  түрлі. Ақыл түріндегі  кез келген 
адамның  табиғи  қабілеті  және  таным  тереңдеген  кезде 
қалыптасатын 
адамзаттық 
сипаттағы 
ақыл-парасат. 
Соңғысы  әрекетшіл  және  бұл  дүниеге  тән,  осы  дүниенің 
заңдылығы.  Тән  өледі,  бірақ  әрекетшіл  ақыл-парасат 
өлмейді 
[65.Б.17]. 
әл-Фараби 
«Интеллект 
(сөзінің) 
мағынасы жайындағы пайымдама» атты еңбегінде адамның 
ақыл-парасат мүмкіндігіне терең талдау жасай отырып, оны 
«потенциалды  интеллект»,  «актуалды  интеллект»,  «жүре 
келе  дарыған  интеллект»,  «әрекетшіл  интеллект»  сияқты 
категорияларға  бөліп,  әрқайсысына  мағыналық  сипаттама 
береді.  Ол  «Актуальды  интеллект,  бұлар  актуальды 
пайымдалғыш  болғандықтан  интеллектінің  формалары 
болып 
табылатын 
интеллекцияның 
пайымдағыш 
объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды саналып 
келген  интеллект  жүре  келе  дарыған  интеллектіге 
айналады»  [56]  дей  отырып,  интеллект  ұғымын  адам 
бойындағы парасаттылық қасиет ретінде түсіндіреді. «Адам 
бұл қасиетке тек ұлғая келе ие болады, өйткені жанның бұл 
бөлшегі  ұзақ  тәжірибені  керек  етеді,  ал  тәжірибе  тек  ұзақ 
уақыт  бойына  жинақталады  және  ол  адамда  (ілгеріде 
айтылған)  ой  қорытындыларымен  нығая  түседі»  [56]  деген 
ой  тұжырымдары  адам  туғаннан  ақылды,  білімді  болып 
тумайтыныны,  интеллектінің  өзі  жүре  келе,  естіп,  көріп 
барып  дамитынын  ескертеді.  Сонымен  бірге  ғұлама  өзінің 
«Мемлекеттік  қайраткерлердің  нақыл  сөздері»  атты 
еңбегінде  «Адамның    әуелден  тоқымашы  немесе  хатшы 
болып  тумайтыны  сияқты,  ізгілік  пен  жаман  қылық  та 
адамға  әуел  бастан,  жаратылысынан  дарымайды.  Бірақ 
ізгіліктер  немесе  жаман  қылықпен  (байланысты)  күйге 
жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да 

 
60 
 
болсын  басқа  әрекеттерден  гөрі  әлгі  (күйден)  туатын 
әрекеттерді  істеу  оңайырақ  болады.  Дәл  сол  сияқты,  ол 
жазумен  немесе  қандай  да  болсын  басқа  өнермен 
байланысты  әрекеттерге  бейім  болуы  мүмкін,  сонда  ол 
қандай  да  болсын  басқа  әрекеттерден  гөрі  әлгі  әрекеттерді 
оңайырақ  орындайды»  [57.Б.158]  дей  отырып,  адамның 
бойындағы 
жақсы 
және 
жаман 
қасиеттердің 
жаратылысынан  емес,  тұлғалық  сапаларының  даму 
жағдайына байланысты қалыптасатынын тұжырымдайды. 
Табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип - 
адамдардың  әлеуметтік  қызметінің  мәнін  ашып,  оның  сан 
қилы  қасиеттерін,  түрлері  мен  формаларын,  қоғамдық 
қатынастар  мен  сананың  арақатынасын  анықтау  қажет. 
Адамның  әлеуметтік  мәні  қанша  бай,  терең  болса,  адам 
қызметі  сонша  көп  түрлі  болып  келеді.  Таным  процесінің 
диалектикасы  белгілі  бір  тарихи  дәуірде  өндірістің, 
ғылымның  даму  дәрежесінен,  білімдеріміздің  шағындығы 
мен  мәңгі  дами  беретін  объективтік  шындықтың  шексіз 
күрделілігінің, 
ұшан-теңіз 
көптігінің 
арасындағы 
қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді 
кеңейтетін, 
тереңдететін 
және 
анықтап 
отыратын 
ғылымның  үсті-үстіне  жаңа  табыстарға  жетуі  формасында 
үнемі  шешіліп,  жеңіп  алынып  отырады,  бірақ  ешқашан  да 
толық  жоғалып  кетпейді.  Мұны  танымның  субъектісі  мен 
объектісі  арасындағы  шешуші  қайшылық  дейді.  Ол  үнемі 
практика  негізінде  шешіліп,  онан  басқа  формада  қайта 
пайда  болып  отырады.  әл-Фараби  адамның  танымдық 
әрекеті  мәселесін  зерттей  отырып,  мынадай  құнды  пікір 
айтады:  «Адам  зерттеу  және  оқу  арқылы  танып  білуге 
талпынатын  нәрселер  алғашқыда  белгісіз  болады.  Ал  егер 
адам оны зерттеп, оған қол тигізсе, олар көздеулі  мақсатқа 
айналады,  егер  де  осылайша  зерттеп,  оқығаннан  кейін 

 
61 
 
адамда  сенім,  көзқарас  немесе  білім  қалыптасатын  болса, 
онда 
бұлар 
қорытындыға 
айналады» 
[56], 
яғни 
педагогикалық тұрғыдан келетін болсақ, таным – «адамның 
сана-сезіміндегі 
шындық 
құбылыстардың 
бейнесінің 
ерекше процесі» екендігін көрсетеді. 
әл-Фараби  еңбектерінде  дидактиканың  негізгі  мәселесі 
білім  беру  мазмұны  терең  қарастырылған.  Ол  «Ғылымдар 
энциклопедиясы»  атты  еңбегін  жаза  отырып,  оның 
кіріспесінде  былай  деп  жазады:  «Бұл  кітапта  біз  белгілі 
ғылымдардың  әрқайсысын  дара-дара  саралап,  мазмұнын 
толық баяндауды көздедік; сонымен қатар ол ғылымдардың 
бөліктері болса, оларды да атап, мазмұнын келтірмекшіміз. 
Бұл  кітап  мынадай  бес  тараудан  тұрады:  1.  Тіл  білімі 
және  оның  тараулары.  2.  Логика  және  оның  тараулары.  3. 
Математика, 
яғни 
арифметика, 
геометрия, 
оптика, 
математикалық  астрономия,  музыка,  статика,  айла-әрекет 
жөніндегі  ғылым.  4.  Физика  және  оның  тараулары, 
метафизика  және  оның  тараулары.  5.  Азаматтық  ғылым 
және  оның  тараулары,  заң  ғылымы  және  кәлям  (дін 
ғылымы).  Бұл  кітапта  қамтылған  нәрселердің  барлығы  да 
пайдалы  деп  білеміз,  өйткені  егер  кімде-кім  осы 
ғылымдардың  кейбіреуін  терең  зерттеп,  үйренбекші  болса, 
ол  құрғақ  жоба,  соқыр  сезіммен  емес,  білікті  және  саналы 
түрде  алдын-ала  нені,  не  үшін  үйренбекші  екендігін,  одан 
қандай  пайда,  абырой,  атақ  алатынын  біліп  отырады»  [56]. 
Ғұламаның  өзі  айтып  отырғанындай,  аталмыш  еңбекте 
көрсетілген  әрбір  ғылымның  мазмұны  толық  ашып 
көрсетілген,  ал  оқу  пәні  ғылымдардың  негізі  болса,  онда 
осы  ғылымдар  бойынша  білім  беру  мазмұны  айқындалып 
отыр.  Мәселен,  математикалық  білім  беру  мазмұны 
былайша 
ашып 
көрсетіледі: 
«Өмірдегі 
заттардың 
зерттелетін,  адамды  ақыл-ойы  ауытқуы  мен  абыржуынан 

 
62 
 
құтқаратын  бірінші  тегі  -    сан  мен  шама.  Сан  мен 
шамаларды қамтитын ғылым – математика. Ең алдымен, біз 
саннан  бастаймыз.  Оқушының  сан  жөніндегі  білім 
мағлұматтары бар, осының нәтижесінде есептеу жүргізіледі, 
сонымен қатар есептеуге, саналуға тиісті басқа шамалардың 
қалай  есептелетіндігі  жөнінде  білім  алынады.  Онан  соң  ол 
шама,  кескін,  жағдай,  реттілік,  үйлесімділік  пен  жүйелілік 
жөнінде  білім  алады;  ол  сан  барлық  шамаларды  оқып 
зерттейді...» [56].  
әл-Фараби  математиканы  ірі  жеті  тарауға  бөліп 
қарастырады:  арифметика,  геометрия,  оптика,  астрономия, 
музыка,  жаратылыстану  және  метафизика.  Осыдан  кейін, 
математиканың осы әрбір саласы бойынша білім мазмұнын 
айқындайды. Мәселен, «Геометрия екі ғылымды біріктіреді: 
біріншісі  –  практикалық  геометрия,  екіншісі  теориялық 
геометрия.  Практикалық  геометрия  сызықтар  мен  беттерді 
ағаш  ұстасы,  темірші,  тас  қалаушы,  жер  өлшеушілердің 
ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде немесе 
жер бетінде қарастырады. 
Осыған  ұқсас  практикалық  геометрияның  маманы 
сызықты,  жазықты,  шаршы,  дөңгелек,  үшбұрышты 
денелерді  заттай  материя  түрінде  белгілі  бір  өнердің  пәні 
ретінде зерттейді. 
Теориялық  геометрия  сызықтары  мен  жазықтары 
абсолют  мағынада  барлық  денелерге  ортақ  мағынада 
қарастырады» [56].  
Азаматтық  ғылымның  мазмұнын  былайша  анықтайды: 
«Азаматтық  ғылым  ең  бірінші  кезекте  бақыт  дегеннің  не 
екендігін  зерттейді:  ал  бақыт  атаулының  екі  түрі  болады. 
Оның  алғашқысы  –  сырттай  қарағанда  бақыт  болып 
көрінгенімен  де,  шын  мәнісінде  нағыз  бақыт  болып 
табылмайтын  түрі.  Ал  екіншісі  -  өзінің  мәнділігімен 

 
63 
 
ерекшеленіп, ешқашанда айырбастауға болмайтын шынайы 
бақыт...Одан  кейін  азаматтық  ғылым  танып-білу  және  үлгі 
өнегелілік  мақсатында  адамның  қылықтарын,  өмір  салтын, 
әдет-ғұрыптарын, 
мінез-құлықтарын, 
ерік-жігер 
қабілеттерін зерттейді» [57.Б.56]. 
Сонымен  әл-Фараби  білім  беру  мазмұнын  қарастыра 
отырып,  оның  негізгі  элементтері  білім,  білік,  дағды 
жиынтығы,  танымдық  іс-әрекет  және  әлемге,  адамдарға 
қатынас  нормалары  екендігін  ашып  көрсетті,  олардың 
әрқайсысы  әлем  бейнесін  қалыптастырудың  әдіснамалық 
негізін,  мәдениетті  қайта  жаңғыртуды,  сақтауды  және 
дамытуды,  еңбекке,  оның  өнімдеріне,  адамдарға  қатынас 
жасауды қамтамасыз етеді. 
әл-Фараби  еңбектерінде  оқытудың  принциптері  де 
жүйеленген.  Жүйелілік  пен  бірізділік  принципі  ғылыми 
білімнің  жүйелі  түрде  берілуіне  негізделеді,  әл-Фарабидің 
ілімі  бойынша  математиканы  оқу  кезінде  ой  қозғалысы 
дерексізден  деректіге,  абстрактылардан  нақтылыққа  қарай 
бағытталуы, 
яғни 
арифметикадан 
геометрияға, 
геометриядан  оптикаға,  сонан  кейін  астрономияға, 
музыкаға,  статикаға,  айла-әрекеттер  жайлы  ғылымға  көшуі 
қажет.  Сондай-ақ,  әл-Фараби  музыка  теориясын  жасауда 
теория  мен  практиканың  өзара  байланысын  принцип 
ретінде  тұжырымдайды:  «Ғылым  мен  өнер  философия  мен 
кемеңгерліктің нәтижесі деген пікір көп адамды адастырып 
жүр.  Біз  үшін  маңыздысы  мынау:  музыкалық  практика 
теориядан  көп  бұрын  шығады.  Практика  дамудың  барлық 
сатысынан  өткен  кезде  мелодиялар  пайда  болып, 
музыкалық  шығармаларды  сезіну  белгілі  бір  табиғи 
қалыпқа  келген  кезде  және  басқа  музыкаға  қатысты 
көптеген  нәрселер  шыққаннан  кейін  ғана  теория  пайда 
болады»  [57].  әл-Фараби  музыкасының  философиясын 

 
64 
 
зерттеген  С.Даукеева  «Ғалымдардың  ақылмен  ұғынуға 
болатын  білім  мен  практика  арасындағы  байланысты 
анықтауға  тырысуы  ортағасырлық  мәдениеттің  өзіндік 
ерекшелігі болатын» деп есептейді. Мұны көптеген музыка 
теоретиктерінің 
ғылыми 
қызметті 
әртүрлі 
аспапта 
музыкалық  шығармаларды  орындаумен  бірге  алып 
жүргенінен  көруге  болады.  әл-Фараби  бұл  мәселеге 
«Музыканың үлкен кітабында» тоқталып кетіп, рациналды-
логикалық  жолмен  алынған  мәліметтерді  және  ғалымның 
«музыкант-практиктерден алғышарттар ретінде алуы керек» 
қазіргі  заманғы  музыка  өнері  мәліметтерін  теорияда 
үйлестіру  керектігін  айтады  [66.Б.23].  Жалпы,  әл-Фараби 
еңбектерінде  айқындалған  дидактика  принциптерін  былай 
көрсетуге болады (Сурет 1):  
 
 
Сурет 1 – әл-Фараби тұжырымдаған дидактикалық 
принциптер 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал