Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.2 Түркі тектес халықтардың алғашқы 
педагогикалық ой-пікірлерінің даму генезисі 
 
Түркі  тектес  халықтардың  барлығына  ортақ  алғашқы 
педагогикалық  ой-пікірлердің  дамуы  VІ-ІХ  ғасырлардан 
бастау  алады,  бұл  қоғамдық  сананың  алғаш  дүниеге  келу 
кезеңі  (Орхон-Енисей  жазу  ерекшеліктері,  Қорқыт  ата 
тағылымдары, т.б.) болып табылады [19;20;21]. 
Қазіргі  қазақ  халқының  арғы  төркіні  көне  түркі 
ұлыстары тайпасынан шығатыны, олардың бір кезде бірлесе 
мәдениет жасаған ел болғаны қазір  ешкімге жаңалық  емес. 
Сондықтан  Қазақстан  жерінен  табылып  жатқан  көне  дәуір 
деректері  осы  өлкені  мекендеген  ежелгі  ұлыстардың  көне 
мәдениетінен  тиісті  мәліметтер  береді.  Олар  Қазақстан  өз 
алдына  халық  болып  құрылғанға  дейінгі  мәдениет 
үлгілерінің сол кездегі тайпалар мен бірлестіктердің бәріне 
ортақ  игілік  болғанын  бейнелейді.  Ал  қазақ  хандығының 
құрылуы  ХV  ғасырдан,  Жәнібек  пен  Керейдің  хандық 
құрған  жылдарынан  басталады  екен.  Олай  болса,  ХV 
ғасырға  дейінгі  мәдениет  табыстары  қазіргі  түркі 
халықтарының  көбіне  (өзбек,  ұйғыр,  қазақ,  қырғыз, 
қарақалпақ  және  басқаларға)  ортақ  мұра  болмақшы  [22. 
Б.15]. 
Түркі  тектес  халықтардың  алғашқы  педагогикалық  ой-
пікірлерін  анықтайтын  құнды  мәдени  ескерткіштер  мен 
мұралардың  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін  мекендейтін 
барлық  ұлттар  мен  ұлыстарға  ортақ  дүниелер  екендігін 
шығыстану  зерттеушілері  П.М.Мелиоранский,  Е.Бертельс, 
Ш.Уәлиханов, т.б. атап көрсеткен болатын. 
Педагогикалық  алғашқы  тағылымдар  Орхон-Енисей 
бойынан  табылған  құлпытастарға  ойылған  жазба  түрінде 
бізге жеткен, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, 

 
21 
 
Тоныкөк 
(VІІ-VІІІ 
ғасырлар) 
басына 
қойылған 
құлпытастардағы 
жазылған 
ой-пікірлердің 
тәлімдік-
тәрбиелік  мәні  өте  жоғары.  Бұл  жазба  ескерткіштерді  оқу, 
аудару,  жариялау,  зерттеу  ісімен  айналысқан  көрнекті 
шығыстанушы  және  түркітанушы  ғалымдар  В.Томсон, 
В.В.Радлов,  П.М.Мелиоранский,  С.Е.Малов,  т.б.  бұл 
жазбалардың 
түркі 
тектес 
халықтардың 
мәдениеті 
тарихында  маңыздылығы  мен  құндылығы  зор  екендігін 
анықтаған. 
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі Талас жазулары 
болып  табылады,  олар  V-VІІ  ғасырлардың  мұрасы  ретінде 
саналады.  Бұл  жазудар  арқылы  қазіргі  қазақ  сөздерінің 
шығу төркіні  туралы мәліметтер алуға болады [23;  24;  25]. 
Бұл  ескерткіштерде  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  –  ертедегі 
өлең,  жыр,  ертегі,  аңыздар,  жоқтау,  мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар  көп  кездеседі.  Ол  туралы  белгілі  ғалым 
Ғ.Айдаров  былай  дейді:  «...Орхон  ескерткіштерінен  түркі 
тайпаларының  тарихы,  мәдениеті,  тілі  мен  әдебиеті,  әдет-
ғұрпы,  салт-санасы  жөнінде  толып  жатқан  деректер 
табылады...»  [26.  Б.7].  Ал  қазақ  тілінің  тарихын  зерттеуші 
С.Аманжолов «менің түсінігімше, қазіргі дулаттар V-VІІІ ғ. 
ежелгі Орхон-Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары. Түркі 
тайпаларының  (қазақтың)  ордаға,  яғни  жүздерге  бөлінуі, 
сөйтіп,  тайпа  одағын  құруы  өте  ерте  басталып,  ұзаққа 
созылған процесс. Бұл одақтардың кейбірінің өзіндік әдеби 
тілі,  жазуы  болды...»  деп  атап  көрсетеді  [25.  Б.36].  Ауыз 
әдебиеті жас ұрпаққа тәрбие берудің қуатты құралы екендігі 
белгілі, ендеше Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде ауыз 
әдебиеті үлгілерінің кездесуі, бір жағынан, бұл дүниелердің 
педагогикалық  мәнін  көрсетіп,  педагогика  тарихындағы 
орнын айқындауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қазіргі 

 
22 
 
педагогика  ғылымының  қалыптасу  тарихы  тым  әріде 
жатқанын аңғартады. 
Тарихта 
Орхон-Енисей 
ежелгі 
түркі 
жазба 
ескерткіштерінің  авторы  Йоллығтегін  деп  көрсетеді. 
Жазбаша  ескерткіштердің  мазмұнына  жасалынған  талдау 
оның өз заманында тарихты, шежірені, ауыз әдебиетін терең 
білген  дана  адам  екендігін  айғақтайды.  Бүгінгі  таңда 
Йоллығтегін  көне  түркі  әдебиетінің  аты  мәлім  алғашқы 
авторы болып табылады. Тарихқа сүйенсек, Білге қаған інісі 
Күлтегін қайтыс болғаннан кейін (731 ж.) оны өмірлік есте 
қалдыру  үшін  көптеген  шеберлер  алдырып,  Қожа-сайдам 
ойпатынан  үлкен  ескерткіш  орнатады  да,  ондағы  жазуды 
Йоллығтегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған да інісінің 
қасына  жерленеді.  «Күлтегінге»  («Түркі  қағанаты  туралы 
сөз»)  дейін  да  халық  жадында  сақталған  бабалардың  ерлік 
істерін,  тұрмыс-салтын  жырлаған  шежірелер  болуы 
ықтимал.  Йоллығтегін  түркілер  тарихын  олардың  саяси 
майданға шыққан кезі – VІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни 
түркі  ордасын  құрған  дәуірден  бергі  200  жылдық  тарихты 
сөз  етеді.  «Күлтегін»  ескерткіші  желісі  жағынан  «Кіші 
Күлтегін»  және  «Үлкен  Күлтегін»  деп  аталатын  екі 
бөлімнен  тұрады.  Біріншісі  –  түркі  тарихының  кіріспе 
бөлімі  іспеттес  те,  екіншісі  –  мемлекет  тарихының  негізгі 
бөлімі, «ел өсиеті» болып есептеледі [19. Б.88]. 
Құтылығұлы Күл-тегін (684-731 ж.ж.) – Екінші Шығыс 
Түркі  қағанаты  әскерінің  бас  қолбасшысы,  «көк  түркінің 
көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім 
қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күл-тегін 
тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып
жау  жарағын  асынып,  түркі  еліне  тұс-тұстан  төнген 
басқыншы  жауға  қарсы  үлкендер  қатарында  тұрып, 
ерлікпен күреседі. Батырдың ерлігін оның басына қойылған 

 
23 
 
жазба  ескерткіште  Йоллығтегін  былайша  суреттейді:  «Он 
алты  жасқа  келгенде...  алты  чуб,  соғдыларға  қарсы 
аттандық.  Күл-тегін  жауға  жалғыз  ұмтылды.  Он  тұтықты 
қарулы  басшыларымен  қолға  түсірді.  Ол  әскерді  сонда 
талқандадық.  Жиырма  бір  жасында  Чача  Сеңүнмен 
айқастық. Күл-тегін әуелі тадықан шораның Боз атын мініп 
шапты.  Ол  ат  сонда  өлді.  Екіншісінде  Ышбыр  Жамтардың 
Боз  атын  мініп  шапты.  Ол  ат  та  сонда  өлді.  Үшіншісінде 
Сілікбек-иегінің  Торы  атын  мініп  шапты.  Ол  ат  та  сонда 
өлді.  Күл-тегіннің  сауытына,  қалқанына  жүздеген  оқ  тиді, 
бірақ бірі  де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты 
жасқа  келгенде  қырғыздарға  қарсы  аттандық.  Күлтегін 
Байырқының  Ақбоз  айғырына  мініп,  шабуылға  ұмтылды. 
Бір  батырын  оққа  ұшырды,  екі  батырын  найзамен  түйреп 
түсірді.  Ақбоз  айғырдың  белі  үзілді.  Қырғыз  қағанын 
өлтіріп,  елін  алдық...  Тоғу  қаласында  шайқастық.  Күлтегін 
Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, 
жетіншісін  қылышпен  шапты.  Тоғыз  батырын  қуып  жетіп, 
тақымға  басты...  Оғыздармен  соғыстық.  Күлтегін  Жетімек 
(Өгсіз)  ақты  мініп  шауып,  тоғыз  ерін  шанышты...Түргеш 
хақы  жау  болды.  Күлтегінді  шағын  қолмен  жібердік. 
Жойқын соғыс жасапты.қара түргеш халқы сол жерде өлім 
тауыпты...».  Осылайша  жалғаса  береді.  Мұның  өзі 
Күлтегіннің  47  жасқа  жетіп,  қаза  тапқанша,  жаумен 
ерлікпен  шайқасып,  елін,  жерін  қорғап  отырғанын 
дәлелдейді 
[27.Б.41]. 
Ескерткіште 
жазылған 
осы 
деректердің  өзі  педагогикалық  мәнге  ие  болып,  ұрпақ 
тәрбиесінде  ерекше  орын  алады.  Автордың  көркемдеп 
жазып  отырған  әрбір  ойының  тәлімдік-тәрбиелік  маңызы 
зор.  Батыр  бабамыздың  ерлік  істері  бүгінгі  тәуелсіз 
Қазақстанның  иегерілеріне  үлгі-өнеге  болып  табылады. 
Оларды 
елін, 
жерін, 
Отанын 
сүюге 
тәрбиелеп, 

 
24 
 
халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе 
жатқан  қаһармандық  дәстүрлерін  құрметтеуге,  дәріптеуге 
баулиды.  Тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  біз  жастарға 
патриоттық  тәрбие  беруді  өзіміздің  ата-тегіміз  түркі 
халықтарының ерлігінен бастау алып, қарастыру тиімді деп 
есептейміз.  Өйткені  бүгінде  жалпы  тәрбиелеу  процесі  тек 
қана  батыс  европалық  және  американдық  үлгіні  қабылдап 
бара  жатқанға  ұқсайды.  Адам  баласының  әрқайсының  өз 
өмір  жолы  болатыны  тәрізді,  кез-келген  халықтың,  қоғам 
мен  мемлекеттің  өз  тарихи  ғұмыры  бар,  сол  сияқты 
Қазақстаннның  даму  жолында  өзінің  сара  жолы  бар  екені 
анық.. 
Сонымен  бірге  жазба  ескерткіште  Күлтегіннің  түркі 
елінің бірлігі, ынтымақтастығы және бейбітшілігі үшін күн-
түн ұйқысын бөліп, ерлік жасағаны туралы да баяндалады: 
Тәңірі жарылқады... 
Өлімші халықты тірілттім. 
Жалаңаш халықты, 
Кедей халықты бай еттім. 
Аз халықты көп қылдым. 
Тату елге жақсылық қылдым, 
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бірдей теңгердім қылдым... [28]. 
Осы  шумақтар  батыр  бабамыздың  рухын  тірілтіп, 
бүгінгі  жастарды  да  елін-жерін  қорғауға  шақырып 
тұрғандай  әсер  береді.  Ескерткіштегі  жазуларда  түркі 
қоғамының ерлік, батырлық дәстүрлері баяндалады, мұның 
өзі  бүгінгі  жастарды  елін,  жерін,  атамекенін  қастерлеуге 
үйретеді. 
Күлтегін  ескерткіші  түркі  елінің  бір  кездегі  тарихын, 
халықтық  поэзиясын  танытарлық  баға  жетпес  мұра 
болуымен  қатар,  педагогикалық  ой-пікірлерге  толы  көркем 

 
25 
 
туынды  болып  табылады.  Батырдың  ерлік  істерін, 
жорықтардағы батыл әрекеттерін бейнелеген көркем сөздер, 
оның  өліміне  байланысты  айтылған  жоқтау  сөздер  бүгінде 
байсалдылық, 
табандылық, 
батылдылық, 
батырлық, 
қайсарлық  туралы  білім  ғана  емес,  өнегелік  көрсету  қажет 
болып  отырған  уақытта  аса  маңызды  тәрбиелік  мәнімен 
ерекшеленді.  Тәрбиенің  басты  құралы  сөз  екендігі  қазақ 
халқында  берік  қалыптасқан,  оның  дәлелі  -  «Сөз  тапқанға 
қолқа жоқ»,   «Жақсы сөз-жан азығы»,  «Жаман сөз  – жанға 
кірген  тікен,  жақсы  сөз-таптырмайтын  ем»,  т.с.с.  халық 
даналығынан туындаған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер. 
Белгілі 
түркітанушы 
ғалым 
Л.Н.Гумилев 
Күлтегін 
ескерткішіндегі  әрбір  шумақтың  педагогикалық  мәні  бар 
нақыл  сөз  екендігін  айта  келіп,  оның  адамның  санасына 
тікелей  әсерін  баса  көрсеткен:  «Түріктер  сөз  күшін  реалды 
күштен  санағанға  ұқсайды.  Өзінің  200  жылға  созылған 
тарихында түріктер мифологиялық белден өтіп, образды ой 
түйіндеуден  тарихи  реалды  ойлауға  бірте-бірте  өсіп 
отырғаны байқалады» [29. Б.68].    
VІІІ  ғасырдың  ортасында  өмір  сүрген  түркі  тектес 
халықтардың 
дүниетанымын, 
қоғамдық, 
әлеуметтік 
жағдайларын,  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерін  танытан  тағы 
да бір ескерткіш Тоныкөк құлпытасындағы жазбалар болып 
табылады. 
Тоныкөк  (Тонұқық)  (646-741  ж.ж.)  –  Екінші  Шығыс 
Түркі  қағанатының  негізін  қалаушылардың  бірі,  оғыз 
тайпасынан  шыққан  ұлы  дана,  заманында  Түркі 
қағанатының үш бірдей қағанына  уәзір  болып, түркі  елінің 
халқын  көбейтіп,  жерін  кеңейтуге  үлкен  үлес  қосқан 
кемеңгер.  Көшпелілер  тарихында  артында  өшпес  атақ-
даңқын  қалдырып,  ақыл-парасатына,  қол  қайратына, 
көрегендігіне 
табындырып, 
ел-жұртының 
қасіретін, 

 
26 
 
қуанышын,  ерлігі  мен  елдігін  тасқа  жыр  ғып  қашап, 
мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес [27. 
Б.36].  
Түрік  халқының  азат  ел  болып,  өз  бетімен  дамып 
отыруына  елеулі  үлес  қосқан  дана  ойшыл  Білге  Тоныкөк 
өзінің  тарихта  алатын  орнын,  халқы  үшін  сіңірген  еңбегін 
өзі  қашатып,  тасқа  жаздырып  кетеді:  «Тәңірі  жарылқады. 
Бүкіл  түркі  жұртына  қарулы  жау  келтірмедім,  атты  әскер 
жолатпадым.  Ел  төресі  жауламаса,  оған  еріп  мен 
жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабылуының 
нәтижесінде, менің шабылуымның нәтижесінде еліміз қайта 
ел  болды,  халқымыз  қайта  халық  болды.  Өзім  қартайдым, 
ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырған 
–Білге Тоныкөкпін» [27. Б.38]. Кемеңгер дана қарттың осы 
ұлағатты сөздері оның елі, жері үшін жауға қарсы әрқашан 
шабуылға  дайын  болғанын, халқын  шын  сүйіп,  бүкіл  түркі 
жұртының  ұлы  болғанын  білдіреді.  Ата-бабамыздан  бізге 
жеткен  осындай  тәлімдік  мәні  зор  қасиетті  жазбалардың 
бүгінгі ұрпақ тәрбиесінда құндылығына еш күмән келтіруге 
болмайды.  Олар  жастарға  жаңа  ұлттық  рух  береді, 
мақтаныш  сезімін  оятады,  рухани  күш-қуат  болады. 
Тоныкөк  түрік  халқының  жерін  сақтап  қалу  үшін  болған 
талай  жорықтардың  куәгері,  өнер  мен  мәдениетті  терең 
бағалаған  ойшыл  ретінде  ерлік  пен  ездік,  соғыс  пен  бейбіт 
өмір,  құлдық  пен  тәуелсіздік,  билік  пен  басқару,  тәлім-
тәрбие,  тұрмыс-салт  мәселелері  туралы  асқақ  сезіммен, 
тебірене баяндайды. «Әкеміз, ағамыз құрған халықтың аты, 
даңқы  өшпесін  деп,  түркі  халқы  үшін  түн  ұйықтамадым, 
күндіз  отырмадым...»  деген  ойлары  халқын  шын  сүйген 
азаматтың толғанысы екені белгілі. 
Орхон-Енисей  ескерткіштеріндегі  жазбаларды  терең 
оқи  отырып,  педагогикадағы  тұлға  мәселесін  жетілдіруге 

 
27 
 
негіз бар екенін байқауға болады. Бұл жазбаларда Күлтегін 
мен Тоныкөк тұлғасына толық сипаттама беріледі, олардың 
бойынан адамгершілік тұлғалық сапалар – ата-баба жолына 
берік  болу,  бабаларының  ерлік,  батырлық  дәстүрлерін 
дәріптеу,  мақтан  тұту,  батырлық,  ақылдылық,  қайсарлық, 
ерлік,  төзімділік,  борыштық,  табандылық  және  т.б. 
қасиеттер  айқын  көрінеді.  Осы  ескерткіштерде  кездесетін 
«Өлімнен  ұят  күшті»,  «Ер  жүрек  халық  –  күшті  халық...», 
«Су  ағысы  тартылса  –  жас  жапырақ  қурайды,  адамдардан 
күш  кетсе  –  жат  кісіге  бағынады...»,  «Жақын  отырған 
сыйдың  құрметтісін  алады,  алыс  отырған  сыйдың 
«немкеттісін» алады» [19. Б.89] деген ұлағатты сөздер оның 
иелерінің  тұлғасын  неғұрлым  жан-жақты  аша  түседі. 
Күлтегін  тұлғасы  қаһарман  батыр  ретінде  суреттелсе, 
Тоныкөк  көпті  көрген  білімді,  ақылгөй  дана  ретінде 
сипатталады.   
Ескерткіштер  түріктердің  ерекшелігін  ғылыми-тарихи 
тұрғыдан  айшықты  етіп  көрсете  қоймайды,  дегенмен  де 
оның авторларында түрік әлемін түсінудің өзіндік сыры бар. 
Оның  мәнісі  түрік  халқының  ата-бабасынан  мұра  болып 
қалған  жер-суы  үшін  болған  шайқастардағы  батырлық, 
ерлік  істерін  дәріптеу  және  оны  көркем  сөзбен  таста  ойып 
жазу арқылы мәңгілік етіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып 
табылады.  Түріктерше  дұрыс  өмір  шайқаса  отырып,  өзінің 
мемлекетін  нығайту  және  өз  істерінің  жетістіктерін  тас 
ескерткіштерде  жазбаша  белгілермен  бекіту  арқылы 
құрылады.  «Мемлекет»  сөзінің  анықтамасы  зерттелген 
мәтіндерде  екі  ұғымдық  жіктен  тұрады:  әлеуметтік  және 
табиғи,  алғашқысы - табиғи болып табылады. Табиғи және 
әлеуметтік  қатынастар  арасындағы  пропорция  арқылы 
табиғат 
пен 
қоғам 
өмірінің 
қайталануы 
мен 
иррациональдығы сияқты тұрақты, әрі үйлесімді қасиеттері 

 
28 
 
беки  түседі,  сонымен  бірге  әлеуметтік  сәттерді  тану 
бойынша  шаралар  енгізіледі.  Мәтінішілік  синоним  тәсілі 
бойынша  «мемлекет»  сөзінің  атауы  мынадай  құрылымдық 
байланыстармен сиптталады [30]:  
                                                                 Аспан        Тәңірі 
 
Мен (түрік қағаны)/мемлекет     халық        Жер              Отан  
                                                                         
                                                                               Су  
                                                                                                                                                                                      
  
Ескерткіштерде мен (түрік қағаны), көк аспан (түріктің) 
және  Отан  (түріктің)  ұғымдары  ажырамас  қасиетті 
үшбұрыш ретінде беріледі: 
 
Мен (түрік қағаны)                                              Аспан 
                                                                               (түрік)                                              
 
 
                                                            
                                                                  Отан (түрік) 
 
Күлтегін  ескерткіші  мен  Тоныкөк  ескерткішіндегі 
оқиғалардың  басталуы,  дамуы  және  аяқталуы,  яғни  оқиға 
желісі  ұқсас  болып  келеді.  Күлтегін  жорықтарының 
барлығы 
бас 
қаһарманның 
жеңісімен 
аяқталады. 
Ескерткіште батырдың тұлғасы, оның астына таңдап мінген 
атының түсі, тегі әсем суреттеліп, одан кейін жорықтардағы 
батыр  қимылдары,  ерлік  істері,  жеткен  жеңістері 
мадақталады. 
Тоныкөкте 
оның 
білімі, 
тәрбиелігі, 
данышпандығы  да  Күлтегін  ескеркішіндегі  сияқты  көркем 
тілмен  суреттеліп,  дұшпанның  айла-амалын  алдын-ала 
ссезіп,  көрегендікпен  шешім  қабылдауы,  ұтымды  келіссөз 

 
29 
 
жүргізу шеберлігі бен елшілік істерін ұйымдастыру деңгейі 
дәріптеледі.  Оларды дүниеге келгеннен бастап, өмір бойы, 
әрбір  жорықтары мен істерінде Аспан тәңірі, қасиетті  жер-
су  қолдап  отырады.  Мұның  өзі  түріктердің  аспанда  тәңірі 
мекен  етіп,  жердегі  адам  тәңірдің  басқа  салғанын 
орындайды  деген  түсінігінің  болғанын  көрсетеді.  Тұлға, 
Көк  аспан  және  Отан  арасында  тығыз  өзара  байланыстың 
болуы түріктердің дүниетанымын анықтайды.  
Орхон-Енисей  ескерткіштерінен  кейін  түркі  тектес 
халықтардың  алғашқы  педагогикалық  ой-пікірлерінің 
дамуы  Қорқыт  есімімен  байланысты.  Халқымыз  ежелден 
Қорқыт  бабаны  қобызға  алғаш  тіл  бітіріп,  оның  қыл 
ішегінен  жаһандағы  жаратылыс  атаулының  үнін  күй  етіп 
сөйлеткен  өнер  иесі,  күй  атасы  деп  біледі.  Сонымен  бірге 
Қорқыт  есімі  шығыстану  ғылымында  да  белгілі.  Ол  түркі 
тілдес  халықтардың  бірден-бір  көне  мәдениет  ескерткіші  – 
«Кітәби  дәдем  Қорқыт»  («Қорқыт  ата  кітабы»)  жырының 
негізгі кейіпкері, әрі авторы саналады. Бұл жырлар бізге екі 
қолжазба  түрінде  жетті.  Оның  бірінші  нұсқасы  1815  жылы 
Дрезден  кітапханасынан  табылды,  ал  Ватиканда  (Италия) 
сақталған  екінші  түрі  ғылымға  соңғы  жылдары  белгілі 
болды [31. Б.5]. 
Қорқыт  –  тарихта  болған  өнер  иесі,  өз  заманның 
данышпан-ақылгөйі, 
түрік 
халқының 
ұстаз-ойшылы. 
Тарихқа  сүйенсек,  ол  оғыз  қыпшақтардың  Баят-қият 
руынынан  шығып,  VІІІ-Х  ғасырларда  Сырдарияның 
жағасында  өмір  сүрген.  Қызылорда  облысының  «Қорқыт» 
станциясынан 5 км жерде Қорқыттың моласы дейтін күмбез 
болған,  оны  бірнеше  жылдар  бойы  жергілікті  халық  киелі 
орын  санап,  басына  шырақа  жағып  келген.  1980  жылы  сол 
ескі зиратқа жақын жерге архитектор Б.Ыбыраев пен физик-
акустик  С.Исатаевтың  жобасы  бойынша  төрт  қобызды 

 
30 
 
біріктіру  арқылы  ерекше  архитектуралық  келісімде 
құйылған ескерткіш орнатылды [31.Б.6]. 
Халықтың  таным-түйсігінен  туып,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып келе жатқан Қорқыт баба туралы аңыздарда терең 
философиялық  мағына  бар.  Олардың  бүгінгі  күнге  дейін 
мәнін  жоймай,  рухани  мұрамыздың  құнды  дүниесі  болып 
бағалануының  сыры  осында  жатыр.  Аңыздардағы  Қорқыт 
философиясының  негізгі  түйіндерінің  бірі  –  ажалды 
өмірдегі  барлық  зұлымдық  пен  жауыздықтың  басы  деп 
тану, онымен күресу, өмірдің тұрлаусыздығын мойындамау, 
мәңгілік  ғұмырды  аңсау.  Бұл  туралы  М.Әуезов  былай  деп 
ой  түйіндейді:  «...Аңыздарда  оптимистік  мағына  басым. 
Қорқыт  жайындағы  аңыздардың  тақырыбы  -  құдаймен 
алысу  туралы  тақырып.  Қорқыт  жазмыш,  тағдыр  даярлап 
қойған  талайына  қарсы  алысады»  [32.  Б.228].  Ал  академик 
Ә.Марғұлан «Қорқыттың өліммен алысу туралы фәлсафасы 
–  дүние  тарихында  өте  сирек  жолығатын,  адам  баласы 
тудырған  ойдың  ең  жарқын  бейнесінің  бірі  болып 
суреттеледі.  Мұны  тек  Прометей  мен  Харта  туралы 
айтылған  дүниежүзілік  әдебиет  мұраларына  теңеуге 
болады» деп өз бағасын береді [33. Б.155]. 
«Қорқыт  ата  кітабы»  түркі  тілдес  халықтардың  ортақ 
рухани  мұрасы  ретінде  дүние  жүзі  ғалымдарының  назарын 
аударып, әр қырынан зерттелуде. Оны тұңғыш зерттеушінің 
бірі  неміс  ғалымы  Н.Ф.Диц  өзінің  «Аталар  сөзі»  атты 
жинағында  Қорқыттың  әкесі  қармыш  (немесе  Қырмыш), 
шешесі  дию пері  қызы деген аңыз бар дейді  және оны 366 
алып  батыр,  24  бек,  32  даңқты  сұлтандар  шыққан  Оғыз 
тайпасының  өкілі  дей  келіп,  көп  халықтардың  әулие 
тұтатынын  ескертеді.  Ал  оғыздар  ІХ-Х  ғасырларда  ірі 
мемлкет  құрған.  Олар  Алтайдан  бастысқа  қараған  кең 
өлкені,  Орта  Азия  мен  Кавказ  жерлерін  түгел  дерлік  өзіне 

 
31 
 
қаратқан.  Осынша  байтақ  жұртты  билеген  оғыздардың 
құрамында  қазіргі  түркі  тілдес  халықтардың  көпшілгі-ақ 
болған. Соның ішінде кейін қырғыз, қазақ, түрікмен, өзбек, 
азербайжан  аталып  кеткен  халықтар  да  бар.  Сондықтан 
«Қорқыт  ата  кітабын»    сол  халықтар  арасында  кең  тараған 
ескі  аңыз  сюжеттерінің  негізінде  жасалды  деуші 
ғалымдардың 
(В.В.Бартольд, 
А.Ю.Якубинский, 
В.М.Жирмунский, т.б.) пікірлерін қостамасқа болмайды [20. 
Б.31].  Қазіргі  таңда  Қорқыттың  ғажайып  музыкалық-
этнографиялық  мұрасы  достастық  елдерді  мекендейтін 
түркі  тілдес  халықтардың  барлығының  ортақ  игілігі  болып 
табылады.  Оны  біздің  халыққа  танытуда  шығыстанушы, 
академик  В.В.Бартольдтің  еңбегі  ерекше.  Ол  1894-1904 
жылдары жырдың төрт тарауын орыс тіліне аударды. Ғалым 
бұл  еңбекке  кейіннен  бірнеше  рет  қайта  оралып,  қалған 
тарауларының 
аудармасын 
жасады. 
«Қорқыт 
ата 
кітабының»  аударылған  толық  нұсқасы  В.М.Жирмунский 
мен  А.Н.Кононовтың  редакциясымен  1962  жылы  КСРО 
Ғылым академиясының баспасынан жарық көрді [34].  
«Қорқыт  ата  кітабында»  ел  басына  қиын-қыстау  күн 
туғанда  халқын  жаудан  қорғап,  қамал  бұзған  қас 
батырлардың  ерлігі,  халқына  ақыл-өсиет  айтып,  өз 
заманында  елге  ұйтқы  болған  ақылгөй  даналардың,  дуалы 
ауыз  шешендердің  өнегесі  жырланады.  Сонымен  бірге 
аталмыш  шығармада  тәлім-тәрбиелік  мәні  зор  афоризмдер, 
қанатты  сөздер  мен  ұстаздық  тағылымдар  жиі  кездеседі. 
Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма 
ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлімдік-
тәрбиелік  ой-пікірлерінің  өзіндік  ерекшелігін айқындайтын 
педагогикалық туынды екендігін білдіреді. 
 
 

 
32 
 
ІІ ТАРАУ 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал