Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/11
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 

 

 

 
КІРІСПЕ 
 
Қазақстан  Республикасы  егеменді  ел  болғалы  ғылым, 
мәдениет  салаларында  жасалып  жатқан  шаралардың 
барлығы  жастарға  жалпыадамзаттық  және  жеке  ұлттық 
игіліктер  негізінде  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  неғұрлым 
жоғары  деңгейге  көтеруге  ықпал  етуде.  Бүгінгі  таңда 
қоғамдық  өмірді  демократияландыру  және  ізгілендіру 
жағдайында  ұлттық  ерекшелігімізді  айқындайтын  рухани 
мәдениетімізді  жетілдіру  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Отаршылдық  езгісі  әсер  еткен  ұлттық  менталитетімізді 
қалпына  келтіріп,  нығайту  және  өркениетті  елдер 
қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді 
қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі.         
Республика 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
«Тарих 
толқынында» 
атты 
еңбегінде: 
«Қазақтар 

ұлы 
өркениеттердің  мұрагерлері  тарихтың  сан-сапалақ  құз-
қияларынан  өзінің  ұлттық  «МЕН»  дегізерлік  қасиеттерін 
алып  шыға  алды.  Жай  ғана  алып  шығып,  жай  ғана  сақтай 
білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді» - деп 
жазып  [1.Б.23],  қазақ  халқының  мол  мәдени,  рухани 
мұраларының өміршеңдігіне баса назар аударды. 
Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы 
Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және 
жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау»  екендігі  атап  көрсетіледі  [2.Б.6]. 
Сондықтан  халқымыздың  өткен  тарихындағы  озық 
педагогикалық  идеяларды  ұлттық  және  адамзаттық 
құндылықтар  тұрғысынан  қарап,  бүгінгі  ұрпақты  жан-

 

 
жақты  дамыған  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  пайдалану 
керектігі айқын. 
Қазіргі  таңда  еліміз  жаңа  даму  қарқынына  аяқ  басып, 
бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  мақсатын  қойып 
отырған  шақта,  біз  ең  алдымен,  өзіміздің  тарихымызды 
нақты  айқындап  алуымыз  қажет,  бұл  -  әрбір  ғылымның 
саласына 
қатысты 
мәселе. 
Күні 
бүгінге 
дейін 
педагогиканың  философиядан  бөлініп  шығуы  мен  оның 
ғылыми  жүйеге  енуі  Я.А.Коменский  есімімен  байланысты 
болып  келгендігі  белгілі.  Дегенмен  де,  тарих  қойнауына 
үңіліп  қарасақ,  мыңжылдық  тарихы  бар  әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридің  еңбектерінде  қазіргі 
педагогика  ғылымының  негізгі  мәселелері  қарастырылып, 
оның  ғылыми-әдіснамалық  негіздері  тұжырымдалғанын 
мойындайтын  уақыт  жеткен  сияқты.  Сондықтан  ұлы 
ойшылдарымыз 
әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің, 
М.Қашқаридің  еңбектерінің  педагогикалық  мәнін  ашып 
көрсете  отырып,  олардың  педагогика  ғылымының  өзінің 
зерттеу  пәні  бар  ғылыми  білімнің  арнайы  саласы  ретінде 
қалыптасуының 
алғашқы 
көзі 
болғанын 
ғылыми-
педагогикалық  тұрғыдан  айқындау  және  оны  бүгінгі  ұрпақ 
тәрбиесінде  қолдану  бойынша  ғылыми  тұжырымдалған 
ұсыныстарды жасау қажет деп есептейміз.   
Бұл 
проблеманың 
көкейкестілігін 
педагогика 
ғылымында  түркі  тектес  халықтардың  педагогикалық 
идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуын  тарихи  тұрғыдан 
зерттеуге  арналған  еңбектер  де  нақтылай  түседі. 
Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, 
А.К.Көбесовтің,  Ә.Н.Көшербаеваның,  К.Ж.Ибраеваның, 
Т.Ә.Ахметовтың  және  т.б.  осы  тақырып  бойынша 
орындалған  еңбектерінің  құндылығы  өте  жоғары.  Бұл 
еңбектерде  әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридің 

 

 
педагогикалық идеяларына теориялық негіздеме мен жүйелі 
талдау 
жасалынған. 
Қ.Б.Жарықбаев, 
С.Қ.Қалиев, 
К.Ж.Ибраева  ортағасырлық  Қазақстандағы  тәлімдік  ой-
пікірлердің 
(Йоллығтегін, 
Орхон-Енисей 
жазба 
ескерткіштері,    Қорқыт  ата,  Әбу  Насыр  әл-Фараби, 
Ж.Баласағұни,  М.Қашқари  және  т.б.)  қалыптасуы  мен 
дамуына  талдау  жасай  отырып,  олардың  Қазақстанда 
ұлттық  білім  беру  жүйесі  мен  педагогикалық  ғылымның 
дамуына  қосатын  үлесін  бөліп  көрсетеді.  А.Көбесов  әл-
Фарабидің  педагогикалық  мұрасын  зерттей  отырып, 
мынадай 
мәселелерді 
қарастырады: 
әл-Фараби 
педагогикасының философиялық және әлеуметтік-этикалық 
алғышарттары; 
әл-Фарабидің 
жалпыпедагогикалық 
иедеялары; 
дидактика 
мәселелері; 
әл-Фарабидің 
математикалық 
еңбектерінде 
жалпыпедагогикалық 
идеяларды  қолдануы  және  іске  асыруы.  Ж.Баласағұнидің 
тәлім-тәрбиелік 
идеялары 
Т.Ә.Ахметов 
пен 
Ә.Н.Көшербаеваның  еңбектерінің  зерттеу  арқауы  болса, 
М.Қашқаридің  педагогикалық  мұрасы  К.М.Қалиеваның 
еңбегінде қарастырылады.  
Қандай  да  болмасын  ғылым  саласының  пайда 
болуының 
алғашқы 
себебі 
өмірдің 
қажеттілігінен 
туындайтыны  белгілі.  Адамдар  өмірінде  білім  ерекше 
рольге  ие  болатын  уақыт  келді.  Қоғамның  дамуы  өскелең 
ұрпақты  тәрбиелеудің  қандай  деңгейде  қойылғанына 
байланысты болатындығы анықталды. Міне, осы мәселелер 
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлімдік ой-
пікірлерінің негізгі арқауы болды. 
Республикамызда  бүгінгі  күні  рухани  салада  жүріп 
жатқан  сананың  жаңаруы,  адами  құндылықтарды  қайта 
бағамдау 
процестері 
нәтижесінде 
ғасырлар 
бойы 
жинақталып,  ата-баба  тарихынан  бізге  жеткен  тәлім-

 

 
тәрбиелік  мол  мұраларды  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуге 
пайдалану  мүмкіндігі  туып  отыр.  Осыған  байланысты, 
ұлттық  педагогика  тарихының  маңызды  кезеңдері  болып 
есептелетін ортағасырлық ойшылдардың педагогикалық ой-
пікірлерінің  өзіндік  қалыптасу,  даму  ерекшеліктерін, 
олардың  өздерінен  кейінгі  ұрпақ  санасына  еткен  әсері  мен 
пікір  сабақтастығын  жан-жақты  жүйелі  зерттеу  заман 
талабынан туындайды. 
Қазіргі  кездегі  ғылыми  педагогика  педагогика 
ғылымының  тарихымен  тығыз  байланысты.  Тарихи 
принцип  дегеніміз  қандай  да  болмасын  ғылым  дамуының 
аса  маңызды  принципі,  өйткені  өткенді  зерттеу,  оны 
қазіргімен  салыстыру  осы  заманғы  құбылыстардың 
дамуының  негізгі  кезеңдерін  жақсылап  қадағалауға  немесе 
өткеннің 
бағалы 
тәжірибелері 
мен 
жетістіктерін 
пайдалануға  көмектесіп  қана  қоймайды,  сондай-ақ 
қателіктерді  қайталаудан  сақтандырады  және  болашаққа 
жол сілтейтін ұсыныстарды неғұрлым негізді ете түседі. әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Кашқаридің педагогикалық 
идеяларына 
педагогика 
ғылымының 
әдіснамасы 
тұрғысынан  талдау  жасай  отырып,  оларды  бүгінгі 
педагогика  теориясы  мен  тәжірибесінде  қолданудың 
маңыздылығы зор. Міне, осы мәселелер біздің зерттеуімізге 
арқау  болып,  аталмыш  еңбекті  қолға  алуымызға  негіз 
болды. 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
І ТАРАУ 
 
ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
 
1.1
 
 Орта ғасырда түркі тектес халықтардың 
педагогикалық ой-пікірлерінің 
қалыптасуының әлеуметтік-мәдени 
алғышарттары 
 
Мұсылмандар  үшін  орта  ғасыр  дәуірін  шартты  түрде 
екі  кезеңге  бөлуге  болады,  бұл  -  VІІ  ғасыр  мен  ІХ  ғасыр 
және  ІХ-Х  ғасыр  мен  ХІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы 
арасындағы  уақыт  аралығы.    Бірінші  кезең  әлемдік  ғылым 
мен  мәдениетті  жинақтаумен  және  меңгерумен,  ал  екінші 
кезең  жаңа  білім  мен  жаңа  мәдениетті  жасаумен 
сипатталады.  
Грек 
мәдениетін 
оқып-үйрену 
және 
меңгеру 
Александрия  мектебінде  VII  ғасырда  кең  өріс  алды, 
кейіннен  Сирияда,  900  жылдар  шамасында  Бағдатта  тарай 
бастады.  Евфрат  жағалауындағы  Нисибинде  неоплатонизм 
оқытыла  бастайды,  грек  және  халдей  философиясы  ар-Рох 
сириялық  мектебінің  зерттеу  пәні  болады,  бұл  мектеп 
Гундишапурде  құрылып,  кейіннен  философия  мен 
медицина  институына  айналады  (VII  ғ.).  Сонымен  бірге 
мұнда тек грек философиясы ғана емес, үнді  философиясы 
да  оқытылады.  Бұл  мектеп  грек,  үнді  және  парсы 
мәдениетінің  негізгі  ошағы  болып  саналады.  Грек  және 
арамея  мәдениетінің  мұрагерлері  –  сирия  философтары, 
ғалымдары  мен  дәрігерлері  Омейядтар  ауласына  жиі 

 
10 
 
шақырылып  отырылған.  Билікке  Аббасидтердің  келуімен 
байланысты  вавилондардың,  египтеттіктердің,  үнділердің, 
финдердің,  парсылардың  және  римдіктердің  ғылымы  мен 
мәдениетінің  жетістіктерін  мұра  еткен  мәдениет  шынайы 
көркейіп,  гүлдене түседі 
[3. Б.30]
.  
Ғылымның  қадір-қасиетін  дұрыс  түсіне  білген  бағдат 
халифтері  аталы-балалы  –  немерелі  әл-Мансур,  һарон 
Рашид (кәдімгі «Мың бір түннің» кейіпкерлерінің бірі), әл-
Мамундар  (VІІІ-ІХ  ғғ.)  ғылымды  дамыту  мәселесіне  көп 
көңіл бөледі. Бағдатта және басқа қалаларда асторномиялық 
обсерваториялар  салдырылады.  Һарон  Рашид  Бағдатта 
«Даналық  үйі»  («Бейіт  әл-Хикма»)  деп  аталатын,  жанында 
жақсы  жабдықталған  кітапханасы,  арнаулы  аудармашылар 
орталығы  бар,  үлкен  ғылым  ордасын  ұйымдастырады. 
Кейінгі  халиф  әл-Мамун  бұл  орталыққа  мемлекеттік  сипат 
беріп, көптеген қаржы бөледі. Грек, сирия, үнді тілдеріндегі 
қолжазбаларды  мол  алдырып,  оларды  мұқият  аудару 
жұмысын 
қызу 
жүргізеді. 
Көп 
ұзамай 
үнді 
астрономдарының  және  Гиппократ,  Платон,  Аристотель, 
Евклид,  Архимед,  Менелай,  Аполлоний,  Герон,  Диофант 
сияқты  грек  ғылымының  көрнекті  өкілдерінің  еңбектері 
араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды
 [4. Б.97].
  
Сонымен  бірге  ислам  мәдениеті  парсы  мен  сирия 
мәдениетінің  жетістіктерін  де  игерді.  Парсылар  мен 
үнділердің  ықпалы  нақты  ғылымдар  саласы  мен 
медицинада айқын байқалды.   
Мұсылмандардың  философиялық  және  теологиялық 
сипаттағы  үнді  және  парсы  әдебиетіне  қызығушылығы  да 
белгілі  бір  дәрежеде  айқын  байқалады.  Белгілі  оқымысты 
Маджид  Фахри  оны  VIII  ғасырдың  соңында  арабтардың 
арасында  иесі  белгісіз  «Үнділердің  діни  сенімдері»  атты 
трактаттың кеңінен таралғаны дәлелдейтінін атап көрсетеді.   

 
11 
 
Арабтар  парсылардан  ауызша  сөйлеу  мен  жазу  стилін 
алып  пайдаланды,  музыка  шығару  өнерлеріне  еліктеді, 
олардың  музыкалық  аспаптарынан  үлгі  алды.  Парсы  тілі 
арабтардың  қоғамдық-саяси,  музыкалық  және  мәдениет 
лексиконын  толықтырды.  Сонымен  бірге  араб  әдебиетіне 
парсылардың  ықпалы  парсы  тарихын  оқып-үйрену,  аңыз 
әңгімелермен, діни ілімдермен, астрономиямен және сәулет 
өнерімен танысу барысында көрініп отырды. 
Орта  ғасыр  дәуірінің  екінші  кезеңінде  Орта  Азия  мен 
Қазақстан 
территориясын 
мекендеген 
тайпалық 
бірлестіктер  мен  этникалық  одақтардың  қоғамдық-мәдени 
өмірінде  ерекше  өзгеріс  болды.  Ежелгі  түрік,  византия, 
араб,  парсы,  үнді,  қытай  мәдениеттері  тоғысқан  Азияның 
кіндігіндегі құтты мекеннің көне атауы –Тұран, кейінірек –
Түркістан,  қазіргі  атауы  –  Орталық  Азия  екендігі  тарихтан 
белгілі.  ІХ  ғасырда  осы  Түркістан  жерінде  жаңа  түркі 
мемлекеті  құрылады.  «Қараханидтер  империясы  шығыс 
және  Батыс  Түркістан  территориясында  ІХ  ғ.  бірінші 
жартысында  пайда  болып,  ХІІІ  ғ.  басына  дейін  (840-1212 
жж.)»  өмір  сүрді  [5.  Б.3].  Сол  кездегі  замандастары 
«Афрасияб 
үйі», 
«Мулюк-әл-Хакания» 
«империя 
билеушлері»  атаған  Қарахандықтар  династиясын  Тәңірі 
текті,  түрік  тілді  қарлұқ  тайпасынан  хандар  құрды. 
Мәуренақырды, Ферғананы, Жетісуды, Қашқарды қосатын, 
яғни  Хотаннан  (Шыңжан)  Әмударияның  жағасына  дейінгі 
аралықты 
алып 
жатқан 
Қарахан 
мемлекетінің 
басқарушылары да қарлұқ тайпасы болды. Империяның екі 
орталығы  болды.  Шығыста  –  Қашқар  қаласы,  батыста  – 
Баласағұн  қаласы,  Жетісуда  Шу  өзенінің  алабында 
орналасқан.  Х  ғасырдағы  араб  географы  әл-Мукадасидің 
айтуы бойынша «үлкен, халқы көп және бай қала».  [
6.Б.40]. 

 
12 
 
Қарахандар  династиясының  пайда  болу  басында 
Оғұлшақтың  інісі  Сатұқ  Боғра-хан  (915-955  жж.)  тұрды. 
Боғра-хан 
мұсылмандықты 
қабылдап, 
Саманилердің 
көмегімен  Оғұлшаққа  қарсы  шығады,  оны  күйрете  жеңіп, 
Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 ж. ол Баласағұнның 
билеушісін  тақтан  тайдырып,  өзін  ұлы  Қаған  деп 
жариялайды.  Осы  кезден  бастап  Қарахан  мемлекетінің 
тарихы басталады [7. Б.398-399].   
Қарахандар  дәуірінде  мемлекет  бүкіл  хан  руының 
меншігі  болып  есептелініп,  көптеген  үлкенді-кішілі 
аймақтарға бөлінген. Осы бөлшектенген аймақ билеушілері 
арасындағы жаугершілік салдарынан ел билеушілері де тез  
ауысуға  мәжбүр  болған.  Сондықтан,  «династияның  әр   
мүшелерінің  билік  құрған  хронологиясының  металл 
ақшалар  (монета)  арқылы  болса  да,  дәл  анықтауға 
мүмкіншілік  жоқ»  [8. Б.74].     Кейбір   деректер      бойынша,   
«IX  ғасырдың  аяғында  және  X  ғасырда  Саманилер 
династиясына  караған  Иран  мемлекетін  1000-жылдар  
төңірегінде  түркілер  құлатты» [9. Б.382]. Бірақ, осы күнге 
дейін  Орта  Азиядағы  Қарахандық  жаулап  алушылықтың 
салдары  «үлкен күйреуге әкеп соқты деген ұстаным ақиқат 
фактілерге сәйкес емес» [10.Б.5]. 
Қарахандықтар  империясында  сол  уақытта  үш  тіл  – 
түркі,  араб  және  парсы  кеңінен  қолданылды.  Түркі  тілі 
тұрғылықты  халықтың  тілі  еді  де,  араб  тілі-дін,  ғылым, 
құқықтық  іс  жүргізу  және  жекеленген  поэзияның  тілі  еді. 
Парсы тілі – тамаша поэтикалық түрде дамыды. Х ғасырдан 
бастап  Түркістанда  да  парсы  тілі  дамыған  әдебиет  болды. 
Барлық  үш  тіл  ортақ  жалпы  мұсылмандық  алфавитін 
пайдаланды,  сонымен  қатар  түркі  тілінде  жазу  үшін  ұйғыр 
алфавиті  пайдаланылды.  Жалпы  алғанда,  түркі  жазуы  өте 

 
13 
 
көне 
уақыттан, 
VІІ 
ғасырдан 
түркі 
руникалық 
ескерткіштерінен бастау алады [11. Б.43]. 
Қарахандар  дәуірі  экономикалық,  әлеуметтік  және 
мәдени  даму  тұрғысынан  да  ерекшеленеді.  Бұл  кездегі 
шаруашылықтың басым түрі мал өсіру болады, оның ішінде 
қой,  жылқы,  ірі  қара  мал  өсіру  басты  салаларға  айналады. 
Еңбек өнімі ретінде барынша көбейтілген мал айырбас пен 
сауданыңы дамуына жағдай жасады. 
ХІ-ХІІ  ғасырларда  түркі  тайпаларының  біразы 
егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа 
бастайды.  Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  мал 
шаруашылығы  егіншілікпен  ұласып,  дамиды.  Мұның  өзі 
саудаға  арналған  қолөнер  бұйымдарын  өндіру  ісінің 
қалыптасуына,  қолөнердің  егіншіліктен  бөлінуіне  жол 
ашады. 
Қолөнер  кәсібіндегі  ілгерілеулер  жеке  қоныстардың 
заттықбұйымдардың нақтылы бір түрлерін өндіргендігінен, 
елдің ішкі саудасының өсуінен, қолөнер өнімдеріне сұраныс 
өзге елдерден болғандығынан байқалады. Мәселен, Қытайға 
жібек  және  басқа  тауарларға  айырбас  үшін  шыныдан 
жасалған заттар шығарылған. 
Бұл  кезеңде  керамика  қолөнері  де  айтарлықтай  алға 
басады.  Ерте  ортағасыр  кезеңімен  салыстырғанда,  қолмен 
жапсырып,  сылап-сипап  жасайтын  ыдыс-аяқтар  үлесі 
төмендеп,  құйма  керамика  өмірге  келеді.  Шыны  бұйымдар 
жасау  ісі  жаппай  таралады.  Мұндай  бұйымдардың  кең 
жайылған  түрі  -  графиндер,  құмыралар,  кеселер,  зерендер, 
саптыаяқтар, шөлмектер болған. 
Ол  заманның  шеберлері  бейнелеу  өнері  жөнінен 
айтарлықтай  дәрежеге  жеткен.  Шеберлік  өнерінде  үлкен 
орын алған нәрсе металдан жасалған әшекейлер болды. Жәй 
металл  мен  асыл  металдарды  өңдеу  ісі  айтарлықтай 

 
14 
 
дамыды. Түсті металдардан үй-жиһаз заттары, тәжірибелік, 
сәндік маңызы бар мүсіндік бейнелер жасалды. Ал «мыстан 
мүліктер жасайтын орындар калалардың бәрінде де болған, 
өйткені мысты түсті металдар Қаратаудағы, Қырғыз, Талас, 
Іле,  Жоңғар  Алатауларындағы  қала  орталыктарына  жақын 
кендерден өндірілетін еді» [12.Б.97-98]. 
Х-ХІІ  ғасырлардағы  сәулет  өнерінің  дамығанын 
байқататын  көлемді  архитектуралық  ескерткіштер  біздің 
заманымызға  дейін  сақталып  отыр.  Тараз  қаласының 
іргесінде  орналасқан  Айша  бибі  мазары,  Аякқамыр, 
Алашахан  күмбезі,  Әулие  ата  Қарахан  мазары,  Бабаджы-
Хатун  күмбезі  –  міне,  осындай  көркемдік  талғамының 
жоғарылығымен  көңіл  аудартатын  тамаша  ғимараттар 
халық  арасынан  шыққан  құрылыс  шеберлері  қолымен 
жасалған. 
Құрылыс  кәсіпшілігі  мен  архитектураның  дамуы 
қалалардың  өсуіне  байланысты  болды.  Ірі-ірі  қалаларда 
керуен-сарайлар, моншалар, әсіресе, медресе, мешіт сияқты 
құрылыстар  салуға  көбірек  көңіл  бөлінген.  Мұндай 
үйлердің  салынуы  сол  кезеңнің  талаптарына,  әсіресе, 
исламды  таратуға  жігерлене  кірісіп,  оны  мемлекеттік  дінге 
айналдыруға 
тырысқан 
карахандықтардың 
мүдде-
тілектеріне сай келіп отырған. 
Бұған  дейін  маңызды  сауда  орталығы  болған  Тараз 
қаласының  X-XII  ғасырларда  сәнді  архитектуралық 
құрылыстарымен  аты  шықты.  Оның  күйдірген  кірпіштен 
салынған  қоғамдық  моншасы,  су  құбырлары  болған.  Қала 
тұрғындарының  елеулі  бөлігі  қолөнершілікпен  айналысты. 
Олардың  арасында  ұсташылық,  зергерлік,  тоқымашылық, 
былғары илеушілер, қыш құмыра жасау сияқты кәсіп иелері 
аз болмаған [13]. 

 
15 
 
Түркістанның  сол  кездегі  мәдени  өміріндегі  екі  түрлі 
астанасы  –  Баласағұн  қаласы  мен  Қашқар  қаласының 
алатын  орындары  да  ерекше  болды.  Бұл  қалалар  арқылы 
кезінде  Қытай  мен  Византия  арасында  жалғасар  «Ұлы 
Жібек жолы» өтті. Сол арқылы қытай жібегі мен фарфорын 
былай  қойғанда,  Шығыстың  құнды  қолжазбалары  және 
басқа  ел,  басқа  қала,  басқа  салты,  өзге  мәдениет  туралы 
әңгімелер  таралды,  қара  халық  арасында  сіңісті,  өзара 
сұхбат  құрды.  ХІ  ғасырда  бұл  қалалар  түркілік  мұсылман 
әдебиетінің 
басты 
орталықтары 
болды. 
Көптеген 
жазушылар  мен  ақындардың  бүгінгі  күнге  жеткен  аты-
жөндеріне  қарағанда,  Орталық  Азияның  Қарахан  кезіндегі 
әдебиет  пен  ғылымының  дамуы  ерекше  болғанын 
байыптауға болады [14. Б.12]. 
Ислам  өркениетінің  дамуы  ислам  дінінің  келуімен 
тікелей  байланысты.  Қарахан  әулетінің  негізін  қалаушы 
Сатұқ  Боғра  хан  (915-955)  ислам  дінін  қабылдады  [7].  Бұл 
дін  Орталық  Азия  түркілерінің  мемлкеттік  дініне  айналып, 
орта  ғасырдағы  үш  өркениеттің  бірі-ислам  өркениетінің 
тікелей  ықпалында  дамыды.  Бұл  халықтардың  қоғамдық 
құқытары,  мемлкеттік  басқару  жүйелері,  өнерлері, 
әдебиеттері  мен  білім  салалары,  салт-дәстүрлері  ислам 
дінінің  тікелей  әсерімен  алға  өрледі.  Жаңа  дін  ұлы  күшке 
айналып, 
ислам 
мәдениеті 
көпұлттық 
тайпаларды, 
халықтарды  біріктірді.  Ислам  дініне  кірген  халықтардың 
көп  салалы  өмірлерінде  алға  өрлеушілік  болды.  Мұсылман 
халықтарының  ішінен  жаратылыстану  және  гуманитарлық 
ғылымдардың  саласынан  ғалымдар  шығып,  олар  өздерінің 
ғылымдағы  жетістіктерімен  әлемді  таңқалдырды.  Көптеген 
елдердің  ғалымдары  ислам  елдерінің  зерттеушілеріндей 
болуға  ұмтылды.  Орта  ғасырда  Батыс  және  Еуропа 
халықтарындағы  ғылыми  білім  христиан  діні  тарапынан 

 
16 
 
қуғынға  ұшыраған  шақта,  ислам  дінін  қабылдаған  араб, 
парсы,  түркі  халықтары  ертедегі  Грекияның,  Римнің, 
Византияның  ғылыми  жетістіктерін  сақтап  қалды.  Бұл 
халықтардың арасынан шыққан ғұламалар сапалы, ғылыми 
негізде  Геродоттың,  Аристотельдің,  Платонның  және  т.б. 
сол  дәуірдегі  ғұламалардың  еңбектерін  өз  тілдеріне 
тәржімелеп, оларды ел арасына кең көлемде таратты. 
Ислам  дінінің  негізі  болған  Құран  халықтың  заттай 
және  рухани  мәдениетінің  дамуына  үлкен  әсерін  тигізді. 
Бұрын бір дінді мойындамаған түркілер ислам дініне кіріп, 
оның елді, халықты өркендетуге үлкен әсер ететінін түсініп, 
Құрандағы  діни  қағидаларды  орындауға  және  ислам  дінін 
дәріптеуге  кірісті.  Бұл  діннің  буддизмге  қарағнада 
түркілердің 
болмысына, 
мінез-құлқына, 
мәдени 
талаптарына, жалпы менталитетіне жақын келетінін түсініп, 
оны  қабылдап,  түркі  елінің  мемлкеттік  діні  ретінде 
құрметтеді. 
Құран 
білімге 
және 
ғылымға 
сүйіспеншілікпенқарайтын  қалың  халық  арасынан  қолдау 
тауып,  түркілер,  басқа  да  халықтар  сияқты,  перзенттерін 
оқуға беруге, ислам дінінің қағидаларын үйретуге айрықша 
көңіл  бөлді.  Орталық  Азияда  мектеп,  медресе  және  діни, 
ғылыми орындар ашылды. Тек Қарахандардың бас астанасы 
болған  Баласағұнда  Махмуд  Ибн-Валидің  айтуынша:  «діни 
адамдардың  жұма  намазын  оқитын  40  мешіті,  күнделікті 
намаз  оқитын  200-ден  астам  мешіті,  20  ханқа  және  10 
медресе болған» [15]. 
Исламды 
ұстанатын 
халық 
санының 
өсуімен 
байланысты  Жікіл,  Баласағұн,  Фараб,  Сүткент,  Барысхан, 
Атлак,  Мерке  тағы  да  басқа  үлкенді-кішілі  қалаларда 
мешіттер  мен  медреселер  пайда  болады.  Мемлекетке 
дінбасылары мен сауатты адамдар аса қажет еді. 

 
17 
 
Жергілікті  дін  басқарушылары,  имам  және  молда  бір 
мезгілде  бастауыш  мектеп  -  мектебе  оқытушылары 
қызметін  атқарды.  Ірірек  мешіттерде  медресе  құрылды. 
Мұнда  түрлі  дәрежедегі  дін  қызметкерлері  болашақ 
дінбасылары  мен  заң  мамандарын  ислам  даналығына 
үйретті. Ислам, оның тарихы, қағидалары, қасиетті мәтіндер 
білгірлері  қатары  осылайша  толыкты.  Олардын  арасынан 
дінбасылары  (имамдар),  қатардағы  дін  қызметкерлері 
мұғалімдер  (молдалар),  әкімдер  мен  қазылар,  заң 
мамандары және тағы басқалары шықты. 
Қазақстанның  оңтүстік  өлкесінің  исламдандырылуы, 
мұсылман  дінінің  көшпелі  ақсүйектер  ортасына  терең 
тамыр  жаюы  нәтижесінде  ежелгі  түрік  руна  жазулары 
ығыстырылып,  араб  графикасы  негізінде  жаңа  түрік  жазуы 
калыптаса бастайды [16. Б.106]. 
Мешіттер  жанынан  ұйымдастырылған  мұсылман 
мектептерінің  қатары  артады.  Бұл  мектептердің  негізгі 
мақсаты  халық  арасына  ислам  сенімін  тарату  болғанымен, 
олар  ұлғая  келе,  өздеріне  ірі  ғылыми  орталықтарды 
біріктірген  рухани  оқу  орындары  қызметін  қоса  атқарды 
[17. Б.13]. 
Міне,  осы  алғышарттардың  барлығы  шығыстану 
ғылымында  ІХ-ХІІІ  ғғ.  шығыс  Ренессансы  кезеңі  деп 
санауға 
негіз 
болды. 
Белгілі 
философ 
ғалым 
А.Х.Қасымжанов  «ренессанс  сөзбе-сөз  бұл  қайта  туу, 
қалпына  келтіру,  мәдениеттің  қайсыбір  классикалық 
жағдайына  қайта  оралу  деген  сөз»  [16.  Б.90]  деп  түсіндіре 
отырып,  оны  басқаша  мағынада  да  қолдануға  болатынын 
айтады:  «таяу  және  орта  Шығыста  «мұсылмандық 
ренессанс» прогрессивті бағытта және философиялық ойды 
дамытқан  әл-Кинди,  әл-Фараби,  Ибн-Сина,  Бируни, 
Хорезми,  Туси,  Омар  Хаям,  Хафиз  секілді,  т.б.  көрнекті 

 
18 
 
ойшылдардың  еңбектері  әлемдік  философия  тарихының 
маңызды  елеулі  бөлшегі  болып  табылады»  [18.  Б.96]. 
Түркітанушы 
ғалым 
В.В.Бартольд 
мұсылмандық 
ренессанстың батыспен салыстырғанда үш айырмашылығы 
бар екендігін атап көрсетеді: 
1. Ежелгі мәденииетке еліктеу Еуропадағыдай дәрежеге 
жеткен жоқ. 
2. Алдыңдағы «орта» уақыттағы мәдениетке қамқорлық 
көрсетілмеді. 
3.  Сырттан  алып  ауысып  пайдалану  тек  антикалық 
білімділікке байланысты жүргізілді, ал өнер жергілікті әдет-
ғұрып көлеңкесінде қалды [6. Б.146]. 
Шынында  да  араб-мұсылман  әлемінің  ойшылдары 
ислам  идеологиясы  тұрғысынан  антикалық  ілімнің  рухани 
мұрасын  терең  оқып-үйрене  отырып,  оны  қайтадан 
жаңғыртты. 
Мұның 
өзі 
мұсылман 
теологиясында 
рационалистік үрдістердің дамуына мүмкіндік берді. 
Аристотельді  араб  тіліне  алғаш  аударуды  VІІІ  ғ. 
Бағдатқа  шақырылған  сириялық  дәрігерлер  бастағаны 
белгілі,  кейіннен  бұл  жерде  «Даналық  үйі»  құрылып,  онда 
ұлы  ойшылдар  әл-Фараби,  әл-Кинди,  Ибн-Сина,  Ибн-Рушд 
және  т.б.  қатысуымен  ғылыми  пікірталастар  іске 
асырылған. 
Олардың 
Аристотель 
мен 
Платонның 
еңбектеріне берген түсініктемелері жалпы ғылыми білімнің 
дамуына  ықпал  етті,  өйткені  араб  аристотелизмі  нақты 
ғылымдармен 
– 
математикамен, 
астрономиямен, 
медицинамен  және  өте  шамалы  дәрежеде  ислам  дінімен 
тығыз байланысты болатын. Шығыс ренесансының өкілдері 
өздерінің  дүниетанымында  дүниенің  мәңгілігі  идеясына 
сүйенді.  Оларды  Құдай  мен  адам,  адам  мен  табиғат 
арасындағы  өзара  қатынас,  дін  мен  ғылымның  шекарасын 
анықтау  мәселелері  ерекше  қызықтырып,  ғылыми  зерттеу 

 
19 
 
жүргізуге итермеледі.  Платон мен Аристотель сияқты олар 
да  құдай  дүниені  бар  етуші,  қозғалысқа  келтіруші  тек 
бірінші  себеп  –  «алғашқы  түрткі»  ғана  деген  идеяны 
қолдаушы  болғанымен,  сол  уақыттың  өзінде  тәжірибе  мен 
логикалық  дәлелдемелерге  негізделген  білімді  өте  жоғары 
бағалай  отырып,  табиғат  (материя)  өз  бетімен,  өз 
заңдылығымен құдайға тәуелсіз даму  жолына түскен деген 
пікірді қуаттайды. 
Сонымен  қарахандар  дәуіріндегі  әлеуметтік  мәдени 
жағдай  түрік  халықтарына  әлемдік  руханиятқа  үлес  қосуға 
мүмкіндік  бере  отырып,  барлық  адамзат  баласын  талай 
ғасырлар  бойы  толғандырып  келе  жатқан  адам  мен  оның 
тәрбиесі  туралы  ілімнің  қыр-сырын  зерттеуге  жол  ашты. 
«Қараханиттер  дәуіріндегі  түрік  халықтарының  мәдениеті 
іргелес  елдердің  мәдениетімен  тығыз  байланыста  дамыған 
және шығыстың рухани даму қарқынынан қалып қоймаған. 
Бұл  жерде  сөз  жекелеген  құбылыстар  туралы  емес  –  осы 
өңірдегі  мәдениет  тарихына  бойлай  енген  қоғамдық 
маңызға  ие  болған  мәдениет  жөнінде  болып  отыр.  Осы 
арада «тек арабтар мен парсылар ғана емес, түркілер де ... өз 
халқының, 
мұсылман 
жұртының, 
жалпы 
әлемдік 
мәдениеттің  дамуына  үлес  қосқан»  деген  Г.Э.Фон 
Грюнебаумның орынды пікірін де айта кеткен жөн» - деген 
көрнекті философ ғалымымыз А.Қасымжановтың [18. Б.97] 
ой-тұжырымы көңілге тұрарлық.. 
 
 
 
 
 
 

 
20 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал