Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5.03 Kb.

бет7/13
Дата13.05.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Көміртегінің
шамасы
Қоспаланға
н
элементтерд
ің шамасы
Болаттың
құрылымдық
сыныбы
(қалпына
келгеннен
кейін)
Сапасы
Тағайындалуы
1
2
3
4
5
А
Б
Кəдімгі
сапалы
В
Көміртекті
құрылымдық:
-құрылысқа
-қазандыққа
-пісірілетін
құрылымдар үшін
Қоспалан-
баған
ферритті,
ферритті-
перлитті
сапалы
сапалы
төмен
қоспаланған
(2,5% дейін)
ферритті-
перлитті
жоғары
сапалы
Қоспаланған
құрылымдық:
-пісірілетін
құрылымдар үшін
-машина жасауға
(жылулық
беріктендірілетін)
Төмен
көміртектенген
(0,025-0,25%)
орташа
қоспаланған
(2,5-10,0%)
ферритті,
ферритті-
мартенситті
сапалы
Қоспаланған
құрылымдық:
-жылуға төзімді
-жегіге төзімді
жоғары
сапалы
аса жоғары
сапалы
сапалы
жоғары
сапалы
жоғары
қоспаланған
(10% астам)
ферритті,
аустенитті,
мартенситті,
аралас
аса жоғары
сапалы
Ерекше қасиетті:
-жегіге төзімді
-ыстыққа төзімді
-ыстыққа берік
А
Б
Кəдімгі
сапалы
В
Көміртекті
құрылымдық.
-машина жасауға
қоспаланбаға
н
перлитті
сапалы
сапалы
төмен
қоспаланған
(2,5% дейін)
перлитті
жоғары
сапалы
Орташа
көміртектенген
(0,25-0,55%)
орташа
қоспаланған
 (2,5-10,0%)
перлитті,
мартенситті
сапалы
Қоспаланған
құрылымдық:
-машина жасауға
(жылулық
беріктендірілетін)
-рессорлық-серіппелік
-штамптық

57
8.1-кестенің жалғасы
жоғары
сапалы
аса жоғары
сапалы
сапалы
жоғары
сапалы
жоғары
қоспаланған
(10% астам)
мартенситті,
мартенситті-
аустенитті
аса жоғары
сапалы
Жоғары
көміртектенге
н (>0,55%)
қоспаланбаған  мартенситті
сапалы
жоғары
сапалы
Көміртекті
құрылымдық.
Көміртекті құралдық:
-өлшеу құралдары үшін
-штапмтық
орташа
қоспаланған
(2,5-10,0%)
аса жоғары
сапалы
Қоспаланған құралдық
жоғары
қоспаланған
(10% астам)
мартенситті-
аустенитті-
карбидті
Тез кесуші
Құрамындағы көміртегі 0,55-тан 0,85%-ға  дейінгі жоғары  көміртектенген
құрылымдық  сапалы  болаттар  жоғары  беріктігі  мен  тозуға  төзімділігімен
қатар  жақсы  серпімділік  қасиеттерін  сақтау  талап  етілетін  жағдайларда  жиі
қоданылады (мысалы, 60, 70, 75, 85 болаттар). Талап  етілетін  қасиеттер
кешеніне 820-840
0
С  шынықтырумен  жəне 550-650
0
С  жоғары  жасытумен  қол
жеткізіледі. Бұлар  жылжымалы  құрамның  бөлшектерін, рессорларды,
серіппелерді, амортизаторларды жасауда пайдаланылады.
Қоспаланған  құрылымдық  болаттар  төмен  көміртектенген, төмен  жəне
орташа  қоспаланған  болаттарға  жатады. Олардың  белгіленуіндегі  алдыңғы  екі
цифр  пайыздың  жүздік  үлесімен  құрамындағы  көміртегін  сипаттайды, бұл
цифрлардың оң жағындағы əріптер болатқа қоспаланған элементтерді көрсетеді
(1.2-кесте).
Егер құрамындағы қоспаланған элемент мөлшері 1,5%-дан асса, онда сəйкес
əріптерден  кейін 2  жəне  одан  жоғары  цифрлармен  белгіленеді. Мұнай-газ
саласында  жауапты  құрылымдарды  жасауға  болаттың 09Г2, 16ГС, 17ГС,
17Г1С, 09Г2С, 15ГФ, 10ХСНД маркалары көп қолданыс тапты. Бұл болаттарға
негізгі қоспаланатын элементтер кремний мен марганец. Олар тұтқырлығы мен
беріктігін арттырады. Басқа қоспаланатын элементтер арнайы қасиеттерді беру
үшін қосылады.
Бұл  топтың  болаттарын  құрылымдық  белгілері  бойынша  былай  бөлуге
болады:
- ферритті-перлиті  құрылымды  төмен  қоспаланған  болаттар – термиялық
өңдеусіз алынған немесе термиялық өңдеу нəтижесінде қалыптасқан;
- ферритті-бейнитті құрылымды төмен қоспаланған болаттар – шынықтыру
жəне жасыту режимдері бойынша термиялық өңдеу нəтижесінде алынған;

58
- бейнитті  құрылымды  төмен  қоспаланған  болаттар – шынықтыру  мен
жасытудан кейін алынған.
Қоспаланған құрылымдық машина жасауға арналып жалпы тағайындалған
болаттарға (МЕСТ 4543) төмен жəне орташа көміртектенген болаттар жатады.
Белгіленуінің  алдыңғы  топтардан  айырмашылығы  жоқ. Егер  болат  жоғары
сапалы болса, онда белгілеудің соңында А əріпі болады.
Бұл топтың болаттары əртүрлі машиналар мен механизмдер жұмыс істейтін
пайдалану  шарттарының  кең  спектрін  қамтамасыз  ету  үшін  пайдаланылады,
талап  етілетін  қасиеттер  кешенін  қамтамасыз  ету  үшін  химиялық  құрамы
əртүрлі  болады  жəне  өңдеу  технологиясы  да  түрлі  болады. Қажет  етілетін
қасиеттер  кешенін  қамтамасыз  ету  технологиясы  бойынша  машина  жасау
болаттарын термиялық өңделген (термиялық жақсартылған), цементелетін жəне
азотталатын деп бөлуге болады.
8.2-кесте
Болаттарға қоспаланатын элементтердің белгіленуі
Элемент
Символы 
Белгіленуі 
Элемент
Символы 
Белгіленуі
Азот
N
А
Марганец
Mn
Г
Алюминий
Al
Ю
Мыс
Cu
Д
Бериллий
Be
Л
Молибден
Mo
М
Бор
B
Р
Никель
Ni
Н
Ванадий
V
Ф
Ниобий
Nb
Б
Висмут
Bi
Ви
Вольфрам
W
В
Сирек
элементтер
-
Ч
Галий
Ga
Гл
Титан
Ti
Т
Кадмий
Cd
Кд
Көміртек
C
У
Кобальт
Co
К
Фосфор
P
П
Кремний
Si
С
Хром
Cr
Х
Магний
Mg
Ш
Цирконий
Zr
Ц
15Х, 20Х, 15Н2М, 12Х2НА  маркілі  төмен  көміртектенген  қоспаланған
құрылымдық болаттар үйкелісе тозу шартында, айнымалы таңбалы күшсалмақ
кезінде  жұмыс  істейтін, ауыр  жүктелген  бөлшектер  үшін  қолданылады  жəне
қаттылығын  арттыру  үшін  беттік  қабатын  цементтейді. Бұл  болаттардан
жауапты бөлшектер – тісті доңғалақтар, өстер, поршень саусақтары – жасалады.
Бұл  топшаның  құрамындағы  көміртек  мөлшері 0,20%-дан  аспайды, негізгі
қоспаланатын элемент – хром.
Термиялық  өңделген  күйде (көбіне  шынықтыру  мен  жоғары  жасытудан
кейін) қолданылатын, орташа  көміртектенген  қосапаланған  құрылымдық
болаттардың беріктігі, пластикалығы  жоғары, шыдамдылық шегі биік, жасыту
морттығына сезімділігі  азайған, жақсы күйдіріледі. Олардың  құрамына 0,30%-
дан 0,50%-ға дейінгі көміртек болуы тəн жəне қоспалану жүйесінің ауқымы да
кең (30Х, 40Х, 25ХГМ, 40ХН, 30ХГТ  типті  болаттар). Бұлар  жүктелетін  көлік
механизмдерінің  біліктерін, тісті  біріктіру  жалғастырғыштарын, төлкелі-
роликті  шынжыр  роликтерін, өстерін  жəне  жоғарылатылған  беріктік  жəне
тұтқырлық  талаптары қойылатын, дірілдік  жəне  динамикалық күшсалмақтарға
ұшырайтын, басқа да жауапты бөлшектерін жасау үшін қолданылады.

59
Ауыр  жүктелген, жауапты  бөлшектер (əртүрлі  серпімді  элементтер,
сораптарға  арналған  жүктелген  серіппелер, сақтандыру  клапандары  жəне  т.б.)
үшін  құрамындағы  көміртегі 0,50-0,70% қоспаланған  құрылымдық  болаттар
(60С2, 55Г, 50ХГ, 50ХФА) термиялық  өңделген  күйде  қолданылады. Бұндай
болаттардың  механикалық  қасиеттеріне  қойылатын  негізгі  талаптар:
серпімділік  шегінің  жоғарғы  мəндерін  қамтамасыз  ету, жоғарғы  шаршаулық
беріктік жəне +350
0
С-ге дейінгі жұмыс температураларында қирауға қарсыласу.
Жылуға  төзімді  болаттар (МЕСТ 20072) ерекше  қасиетті  төмен  жəне
орташа  қоспаланған  болаттарға  жатады. Бұл  топтың  болаттарының  белгіленуі
қоспаланған  құрылымдық  болаттардың  белгіленулерімен  ұқсас. Бұлар
құрамындағы  көміртегі 0,08-0,15% (кейде  оны 0,2-0,3% дейін  көтереді),
хроммен, молибденмен  жəне  ванадиймен  қоспаланған, құрамындағы
қоспаланған элементтері 3-5% төмен  көміртектенген  болаттар, мысалы 12МХ,
12Х1МФ, 18Х3МВ, 20Х1М1ФТР. Жоғарылатылған  температураларды  бұл
болаттардың  беріктігін  сақтауы  қатты  ерітіндіні  хроммен, бастысы
молибденмен  қоспалаумен, сондай-ақ  еруі  қиын  карбидтердің  болуымен
түсіндіріледі. Мұнай-газ  кешенінде  негізгі  қолданылу  обылысы – қысым
астында 510-540
0
С  дейінгі  температурада  жұмыс  істейтін, ыдыстар  мен
аппараттардың корпустары.
Ыстыққа төзімді, ыстыққа берік жəне жегідеге төзімді болаттар (МЕСТ
5632) тағайындалуы  мен  жұмыс  қасиеттеріне  талаптарға  тəуелді  түрлі  жүйелі
қоспаланған  төмен  көміртектенген  жоғары  қоспаланған  болаттар  тобына
жатады. Бұл  топтағы  бүкіл  болаттар  да  қоспаланған  құрылымдық  болаттар
секілді  белгіленеді. Бұл  топтың  негізгі  қоспаланушы  элементтері  никель  мен
хром болып табылады.
      Нег.: 1, 4.
      Қос.: 27.
      Бақылау сұрақтары:
1. Болаттардың химиялық құрамы
2. Болаттардың тағайындалуы.
3. Жылуға төзімді болаттар.
№9-дəріс.  Бұрғылау  жабдықтарына  арналған  машина  жасау
болаттары
Механикалық  қасиеттері  мен  технологиялық  сипаттамаларын  анықтайтын,
химиялық  құрамына  тəуелді  құрылымдық  машина  жасау  болаттары  бірнеше
топтарға бөлінеді:
- орташа көміртектенген қоспаланбаған;
- орташа  көміртектенген  төмен  қоспаланған  құрамындағы  қоспаланатын
элементтер мөлшері 2,5%-ға дейін;
- орташа  көміртектенген  орташа  қоспаланған  құрамындағы  қоспаланатын
элементтер мөлшері 6,5%-ға дейін;
- төмен көміртектенген төмен қоспаланған;
- төмен көміртектенген орташа қоспаланған болаттар.

60
Қажетті қасиеттер кешенін алу үшін құрылымдық машина жасау болаттары
өңдеудің əрқилы түрлеріне ұшырайды.
9.1 Орташа көміртектенген қоспаланбаған болаттар
 Орташа  көмітектендірілген  болаттардың  құрамында 0,3-тен 0,5%-ға  дейін
көміртек  болады. Бұл  топтың  кейбір  болатары  құқрамында  марганецтің
артырылған шамасы болуы мүмкін. Кейбір орташа көміртектенген болаттардың
қасиеттері 7-қосымшадағы кестеде көрсетілген.
Бұл  болаттарды  термиялық  өңдемей  қолдану  тиімді  емес, өйткені
термиялық өңделмеген болаттың беріктігінің төмен көміртектенген жəне төмен
қоспаланған 
болаттардікінен  айырмашылығы 
жоқ, тіпті 
құрамында
көміртегінің жоғарылығынан соққылық тұтқырлығы төмендеу.
Бұл  болаттар  үшін  термоөңдеу  ретінде, жоғарылатылған  беріктік  пен
тұтқырлықты  қатар  беретін, жоғары  жасытулы  шынықтыру  ұсынылады.
Орташа көміртектенген болаттарды қолдану ерекшеліктері:
- болаттарды шынықтыру кезінде жоғары жылдамдықты суыту (суда суыту)
талап етіледі, бұндай суытуды күрделі  пішінді бұйымдарды қолдануды үгітілу
мен шынықтырулық шытынаудың пайда болу мүмкіндігі шектейді;
- болаттардың күйдірілгіштігі үлкен емес - 10-12 мм, яғни көлденең қимасы
үлкен бұйымның ортасы шынықтырылмай қалады.
Беріктік  қасиеттерін  жəне  күйдірілу  тереңдігін  жақсарту  үшін  орташа
көміртектенген болаттарға марганец қосады, ол күйдірілгіштікті 15-18 мм дейін
өсіреді жəне ірі емес бұйымдарды майда, ал ірілерін – суда суытады.
Бұл  болаттарды  аз  күшсалмақтанатын – білікше, майда  тістегершіктер,
төлке, саусақ  жəне  с.с. типтегі  бөлшектерді, сондай-ақ  ЖЖТ (ТВЧ)
қыздырылып  немесе  төменгі  жасытулы  басқа  əдістермен  шынықтырлатын
бөлшектерді жасауға қолданады.
9.2 Орташа  көміртектенген  төмен  қоспаланған  болаттар.  Бұл  топ
болаттарының  беріктік  қасиеттерін  артыруға  қоспаланатын  компоненттерді
(хром мен  никель) енгізу  жəне термоөңдеумен қол жеткізіледі. Хромды  енгізу
болаттың  беріктігін, никельді  енгізу – тұтқырлығын  арттырады. Бұдан  басқа
хром  мен  никель, аустенитте  еріп, оның  тұрақтылығын  арттырады  жəне
шынықтыру  кезінде  суытудың  сынбағалық  жылдамдығын  төмендетеді, бұл
бөлшекті  майда  шынықтыруға, соның  есебінен  термиялық  өңдеу  кезінде
бұйымның  үгітілуін  азайтуға  жəне  болаттардың  күйдірілгіштігін 30 мм  дейін
арттыруға мүмкіндік береді.
Орташа көміртектенген төмен қоспаланған болаттар тобына сондай-ақ таза
хромды  орташа  көміртектенген  болаттарды  да  жатқызады. Бұл  болаттарда
никельдің  болмауы  олардың  күйдірілгіштігінің  төмендеуі (15 мм  дейін)
көрсетеді. Кейде  хром-никельді  болаттардағы  никельді  ішінара  марганецпен
ауыстырады (38ХГН  болаты). Бұл  кезде  болаттың  күйдірілгіштігі  сақталады,
бірақ суыққа төзімділігі хром-никельділерден төмен. Соған байланысты орташа
көміртектенген  хром-никельді  болаттар  жоғары  жасытудан  кейін  жасытулық
морттыққа бейім, олар əлде майда, əлде тіпті суда шапшаң суытуды талап етеді.
Қималар  өзгеретін  жерлерде  жəне  кернеулер  шоғырландырушыларда
үгітілулер  мен  шынықтыру  шытынаулары  пайда  болу  мүмкіндігі  себебінен,

61
бұндай  болаттарды  ұзын  жəне  күрделі  пішінді  бөлшектер  жасамаған  жөн.
Сондықтан  орташа  көміртектенген  хром-никельді  болаттар  ұзындығы  үлкен
емес қарапайым пішінді бұйымдарды (өстерді, саусақтарды, білікшелерді жəне
т.с.с.) жасау үшін пайдаланылады.
9.3 Орташа көміртектенген орташа қоспаланған болаттар
Бұл топ болаттарының негізгі қоспаланатын элементтері хром жəне никель
болып табылады. Қосымша элементтері молибден, кейбір жағдайларда ванадий
болып табылады.
Күйдірілгіштігін  жəне  қималары  үлкейтілген  бұйымдарды  жасау
мүмкіндігін  арттыру  үшін  болатқа  никельдің, ал  кейде  хромның  да
арттырылған мөлшері  енгізіледі. Молибден негізінен жоғары  жасытудан кейін
суыту  кезінде  жасытулық  морттыққа  бейімдігін  төмендету  үшін  енгізіледі.
Бұдан  басқа  молибден  шынықтыруға  қыздыру  кезінде  түйіршіктің  өсуін
шектеуге  септігін  тигізеді. Болатқа  ванадийді  енгізу  қосымша  майдаланған
түйірлер  алуға  жəне  жасыту  температурасына  тəуелді  тұтқырлықты  немесе
беріктікті азғана арттыруға мүмкіндік береді.
Беріктігін  арттыру  үшін  хром-никельді  болатты  марганецпен  жəне
кремниймен  қоспалайды. Беріктігі  жоғары  хром-никель-марганецті  болат
(38ХГСНА) шынықтырудан  жəне  жоғары  емес  жасытудан  немесе  жасытулы
изотермиялық шынықтырудан кейін қолданылады.
Бұл  топ  болаттарының  қасиеттерінің  сипаттамасы 10-қосымшасының
кестесінде келтірілген.
9.4 Төмен  көміртектенген  төмен  жəне  орташа  қоспаланған  болаттар.
Төмен  көміртектенген  болаттардың  негізгі  қоспаланатын  элементтері,
шынықтырылғыштыңы  мен  күйдірілгіштігін  қамтамасыз  ететін, тағы  да  хром
мен никель болып табылады. Бұл топ болаттарынан жасалған бұйымдар əдетте
цементеуге – термоөңдеуден  кейін  жоғары  қаттылықты  жəне  жоғары  емес
тұтқырлықты жоғары көміртектенген  қабатты жасауға – ұшырайды. Бұл кезде
беттік  қабаттың  астындағы  бұйымның  негізгі  бөлігі  термоөңдеуден  кейін
жоғары тұтқырлықты төмен көміртектенген болып қала береді.
Беріктік  пен  тұтқырлықтың  бұлай  үйлесуі  үйкелуші  беттердің  тозуға
төзімділігінің  жоғарылығын, шаршауға  қарсылығының  жоғарылығын  жəне
сонымен  қатар  өзегінің  тұтқырлығы  есебінен  динамикалық  күшсалмақтар
əсеріне жақсы қарсыласуын қамтамасыз етеді. Бұйымнан бетінің жоғары тозуға
төзімділігі 
талап 
етілмеген, ал 
өте 
жоғары 
тұтқырлық, кернеу
шоғырландырушылары  бар  кезде  динамикалық  күшсалмақтар  əсеріне  төмен
сезімталдық 
талап 
етілген 
жағдайларда, алдын-ала 
цементтелмеген
шынықтырылып  жасытылған  төмен  көміттек-ендірілген  қоспаланған  болаттар
қолданады. Егер  бұл  кезде  болатты  төмен  жасытумен (180-250
0
С)
шынықтырылған  болса, онда  жоғары  беріктік  пен  жақсы  тұтқырлық  алуға
болады.
Бұл топқа таза хромдалған болаттар (15ХА, 20Х), хром-ванадийлі болаттар
(15ХФ, 20ХФА) жəне  хром-молибденді  болаттар (15ХМ, 20ХМА) жатады.
Бірақ бұл  болаттардың күйдірілгіштігі  үлкен емес, беріктігі жоғарырақ. Хром-
ванадийлі  жəне  хром-молибденді  болаттар  соларға  ұқсас  хромдалған

62
болаттардан жоғарырақ тұтқырлығымен ерекшеленеді.
Төмен  көміртектенген  қоспаланған  болаттардан  жасалған  цементтелген
бөлшектерді  екі  қайтара  шынықтыруға  ұшыратады. Бірінші  шынықтыру
цементелмеген  өзектегі  металды  қайта  кристалдау  үшін, цементтеу  кезінде
өзектегі  өскен  түйірлерді  майдалау  үшін  жəне  құрамындағы  көміртегінің
аздығынан  жоғары  сынбағалық  температураға  ие, өзекті  шынықтыру  үшін
жоғарырақ  температураға  қыздырумен  жүргізіледі. Екінші  шынықтыру
цементтелген  қабатта «қызып  кетпеген» мартенситті  алу  үшін, жоғары
көміртектенген  цементелген  қабаттың  сынбағалық  температурасына  жауапты,
төменірек  температураға  қыздырумен  жүргізіледі. Цементтелген  қабаттың
тұтқырлығын  біршама  арттыруға  мүмкіндік  беретін, 180-200
0
С  төмен  жасыту
термиялық өңдеудің ақырғы операциясы болып табылады.
9.5 Бұрғылау  жабдықтарына  арналған  машина  жасау  болаттарын
таңдау жəне тағайындалу бойынша негізгі ережелері
Газ-мұнай  саласының  құрылымдары, əсіресе  бұрғылау  жабдықтары  үшін
материал  таңдау  кезінде, пайдалану  процесінде  жұмысқабілетін  жоғалту
себептерінің  мүмкіндіктерін  ескеру  қажет. Сыныптаманың  негізі  келесі
алғышарттарға қаланған:
- күштік  жүктемелеу, қажалу  жегі  нəтижесінде  бөлшектер  өзінің
жұмысқабілетін жоғалтады;
- болаттардың механикалық қасиетін тозуға төзімділігі анықтайды;
- сыртқы  күштік  жүктемелеудің  əртүрлі  шарттарында  тозуды, жегіні  жəне
қирауды біріктіріп есепке алу қажет.
Құрылымдық болатты дұрыс таңдау жабдық жұмысының сенімділігін жəне
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [45].
Жоғары  жүктелген  бұйымдар  үшін  болаттарды  таңдау  кезіндегі  негізгі
ережелер:
1. Жұмыс 
режимімен 
шарттастырылған 
бөлшектің 
кернеулік-
деформациялық  күйі (бетінже  тозу  белгісінің  болуы  жəне  оның  сипаттамасы,
күшсалмақ  түсірілуінің  циклділігі, иілу, бұралу  жəне  т.б.). күшсалмақтау
шарттарына  жəне  қажетті  шыдам  мерзіміне  байланысты  беттік  беріктендіру
түрлері – цементтеу, азоттау, беттік шынықтыру, беттік деформация өңдеулері
жəне т.б. – таңдалады.
2. Бұйымның  көлденең  қимасының  өлшемі  бойынша  күйдірілгіштікке,
онымен  шарттастырылған  беттік  қабат  беріктігіне  жəне  бұйым  өзегінің  талап
етілетін қасиеттеріне ие болаттар тобы анықталады.
3. Белгіленген күйдірілгіштігі бойынша таңдалған болаттар тобынан, талап
етілетін механикалық қасиеттерді қамтамасыз ететін, болат таңдалады.
4. Күйдірілгіштігі  жəне  механикалық  қасиеттері  бойынша  талаптарды
қанағаттандыратын болаттардан белгілі сынбағаларға – ең аз қоспаланған, яғни
арзандау, бүтіндей  алғанда  бөлшектің  немесе  бұйымның  ең  кіші  өлшемдерін
қамтамасыз ететін жəне т.б. – жауапты болаттар таңдалып алынады.
5. Егер суда суытумен шынықтыруда үгітілуге бейім, күрделі пішінді бұйым
кезінде, сондай-ақ шынықтыру шытынаулары пайда болуы мүмкін, қимасының
шұғыл  өтулері, ойықтары, тесіктері  жəне  басқа  шоғырландырушылары  бар

63
болса, онда  бұл  жағдайларда  майда, ал  кейде  ауада  шынықтырылатын
болаттарға басымдық беріледі.
Жабдықты  жобалау  жəне  жасау  тəжірибесінде  керекті  маркілі  болат  жоқ
болса, оны  механикалық  жəне  басқа  қасиеттері  бойынша  жақын, болаттың
басқа  маркасымен  ауыстырады (бөлшекті  пайдалану  жəне  термо  өңдеу
шарттарын ескере).
Нег.: 1, 2, 4.
      Қос.: 27.
      Бақылау сұрақтары:
1. Құрылымдық машина жасау болаттары.
2. Орташа көміртектенген қоспаланбаған болаттар.
3. Орташа көміртектенген төмен қоспаланған болаттар.
4. Орташа көміртектенген орташа қоспаланған болаттар.
5. Бұрғылау  жабдықтарына  арналған  машина  жасау  болаттарын  таңдау
жəне тағайындалу бойынша негізгі ережелері
№10-дəріс.  Бұрғылау қондырғысының көтеріп-түсіру кешені
10.1 Бұрғылау қондырғысының тəл жүйесінің құрылымы мен жұмысы
Тəлдік жүйе қазіргі бұрғылау қондырғыларының ең басты жауапкершілікті
түйіндерінің  бірі  болып  табылады. Арқанның  үзілуімен  болатын  апаттардың
қауіптілігі  тəлдік  жүйе  параметрлерін  есептеуге, сонымен  қатар  пайдалану
үрдісінде  арқан  күйін  қадағалауды  негіздейді. Тереңдіктердің  жəне  бұрғылау
көлемдерінің  перспективті  ұлғаюы  жəне  көтеріп-түсіру  үрдістерінің
қарқындауы  арқанның  жұмыс  жағдайын  ауырлатады  жəне  сəйкесінше  арқан
шығынын  да  арттырады. Бұрғылау  құрылғыларының  тəлдік  жүйесі  шығыр
барабанының  айналмалы  қозғалысын  бұрғылау  тізбегі  ілінген  ілгектің  орын
ауыстыруына түрлендіру, сонымен бірге оның қозғалыс жылдамдығын арттыру
есебінде  шығыр  барабанына  оралатын  тəл  арқанның  тартылу  күшін  азайту
қызметін  атқарады. Тəлдік  жүйе  жылжымайтын  кронблоктан, жылжымалы
тəлді  блоктан, иілгіш  байланыстан (жылжымалы  жəне  жылжымайтын  блокты
біріктіруші  тəл  арқаны), бұрғылау  тізбегі  немесе  құбырлары  ілінілетін
бұрғылау ілгішінен, штроптан жəне элеватордан, тəл арқанның жылжымайтын
соңын бекіту құрылғысынан тұрады.
Тəлдік жүйе ауыспалы циклдік жүктемелер шартында, əсіресе КТО кезінде,
бұрғылау  үрдісіндегі  жəне  КТО  кезіндегі  дірілден  болатын  жүктеме
жағдайында  жұмыс  істейді. Тізбектердің  дірілі  тəлдік  жүйеге  беріледі  жəне
оның  элементтерінің  ғана  емес, сонымен  бірге  мұнараның  да  тербелістерін
болдырады. Тəлдік жүйе əбзелдері құрылымдарын бағалау жəне таңдау кезінде,
оның  құрылымы  мен  түріне  КТО  жұмсалатын  уақыт  тікелей  байланысты
болатынын ескеру қажет.
Ұңғымалар тереңдіктерінің артуымен бірге түсіру жəне қайта көтеру қажет
болатын  барлық  бұрғылау  тізбектерінің  салмағы  артады, ал  тəлдік  арқанның
шығыр  барабанына  оратылу  жылдамдығы  барлық  бұрғылау  құрылғылары
сыныбы  үшін  өзгеріссіз (V<20м/с) қалады. Сондықтан  да  құрылғылардың  əр

64
сыныбы  үшін  өзіндік  еселік  жабдықталған  тəлдік  жүйе  қолданылады.
Бұрғылау  құрылғыларында  тəлдік  жүйелердің 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталу  түрі
кеңінен қолданылады, сонымен бірге МЕМСТ бойынша 7х8 типтік жабдықталу
жоспарлануда. Мұндай  жабдықталуда  диаметрлері 25, 28, 35, 38мм  арқандар
кеңінен қолданылады.
Тəлдік  жүйенің  еселілік  жабдықталуын  дұрыс  таңдаудың  маңызы  зор.
Жабдықталу  еселігінен  жəне  ілгіш  жүктемесіне  ұңғымаларды  бұрғылаудағы
көтеріп-түсіру  операцияларында  қатысатын  бұрғылау  құрылғы  кешенінің
көтеріп-түсіру  элементтерінің  параметрлері  тікелей  байланысты. Сонымен
бірге  жабдықталу  еселілігіне  жəне  ілгіш  жүктемесіне  қолданылатын  тəлдік
арқанның  ұзындығы  мен  диаметрі, трансмиссиялық  бөліктің  кинематикасы
жəне  тəлдік  механизм, бұрғылау  шығыры  жəне  оның  жетектерін  қамтитын
бұрғылау кешенінің барлық көтеру бөлігінің жүктелуі де байланысты.
Арқан  ішектері  күшінің  төмендеуімен  бірге  оның  диаметрін, сəйкесінше
шығыр барабанының диаметрін жəне тəлдік блок пен кронблоктың шкивтерінің
диаметрін  азайтуға  болады. Ал  арқанның  ұзындығын  арттыруда  барабанның
арқансыйымдылығына, орамдау  қабат  санына, тартқыш  ішектің  қозғалу
жылдамдықтарына  қажеттілік  артады. Жабдықталу  еселіктерінің  артуынмен
бірге шкивтердегі арқандардың иілу (бүгілу) санына да артадаы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал