Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5.03 Kb.

бет3/13
Дата13.05.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 2.4 Пайдалану  факторларының  экономиялық  тиімділікке  тигізетін
əсері
 Суммарлық  экономиялық  тиіділік, яғни  бұрғылау  қондырғыларының
жұмыс  істеген  уақыттағы  жалпы  кірісі, қондырғының  суммарлық  пайдалы
тиімділігі  мен  ұзақ  мерзімділігіне  пропорциональ  жəне  жабдықтың  құны  мен
пайдалану шығындарына тəуелді.
 Экономиялық  тиімділік  ұзақ  мерзімділік
t
  пен  қызмет  көрсету  уақыты  Т
артыруда бірден өседі.
 Бұрғылау  жабдықтарының  құнын  төмендету  экономикалық  тиімділікке
тек  қана  аз  қызмет  көрсету  əсерін  тигізеді. Үлкен  қызмет  көрсету  уақытында
жабдықтардың құнын көтеру эканомиялық тиімділікке өте аз əсер етеді.
 Энергия  мен  жанар-жағар  майлалардың  шығынын  азайту  эканомиялық
тиімділікке əсерін тигізеді.
  Бұрғылау  бригадасының  құрамы  тұрақты  болған  жағдайда, жұмысшы
күшке қатысты шығындар азаймайды.
  Эканомиялық  тиімділік  пайдалы  беріліс  пен  ұзақ  мерзімділікке  тікелей

21
тəуелді болғандықтан бұл факторларға бұрғылау жабдықтарын конструкциялау
кезінде ерекше көңіл бөліну керек.
  Сонымен  бірге  көлем, жөндеу  құны  мен  қызмет  көрсетуді  анықтайтын
бұрғылау жабдықтары сенімділігінің де үлкен мəні бар.
  
Бұрғылау  жабдықтарын  дұрыс  конструкциялаған  жағдайда  барлық
пайдалану мерзімі кезіндегі жөндеудің құны жаңа жабдықтардың құнынан əлде
қайда төмен болуы тиіс. Шындығында кейбір бұрғылау жабдықтарын жөндеуге
кеткен  шығыны  жабдықтарының  өзінің  құнынан  бірнеше  есе  асып  кетеді, ол
кірісті өшіріп бұрғылау жабдықтарын  пайдасыз етеді.
   
Бұрғылау  жабдықтарын  құрастырып  жобалау  кезінде  конструктор  өз
алдына мынадай мақсаттар қоюы керек:
- жөндеуі мейлінше аз жабдықтарды пайдалану;
- жабдықтарды капиталды жəне қайта жаңасымен ауыстырып жөндеуді
болдырмау;
- тек  тозған  бөлшектер, жиналмалы  элементтер  мен  агрегаттарды
ауыстырумен  жəне  жинақты  жөндеулермен  шектелу, жоспарлы-
ескертулі жөндеуге көшу.
  Жоспарлы-ескертулі  жөндеулерді  өткізу  жеке  бөлшектердің  сынуының
əсерінен болатын мəжбүрлік жөндеулерден сақтандырады.
  Жабдықтардың  құнына  əсер  ететін  бірнеше  фақторларды  қарастырдық,
бірақ  конструктор  арзан  машиналарды  жасауға  ұмтылуы  керек, тек оның ұзақ
мерзімділігі мен сенімділігін төмендетуге болмайды.
Нег.: 1, 2.
      Бақылау сұрақтары:
1. Бұйымдардың пайдалану түрі бойынша бөлінуі.
     2.  Техникалық құжаттардың құрамы.
3. Бұрғылау жабдықтарын конструкциялаудың принциптері.
   4. Бұрғылау жабдықтарын конструкциялаудың экономиялық негіздері.
      5. Пайдалану факторларының экономиялық тиімділікке тигізетін əсері.
     №3-дəріс.  Жаңа машиналарды игеру əдістері
     
Машиналардың  жаңа  үлгілерін   жасау  қажеттілігін  шешетін  негізгі
факторлар:
1. Технологиялық  процесстердің, машиналардың  жəне  агрегаттардың
тиімділігін арттыру талаптары (қажеттілігі);
2. Жаңа, алдыңғы  қатарлы  технологиялық  процестерді  іске  асыру
талаптары (қажеттілігі);
3. Ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде іске асыру талаптары (қажеттілігі).
Машиналардың тиімділігін жəне өнімділігін көбейту, мысалы, ұңғыларды
бұрғылау кезінде, келесілер көмегімен іске асырылуы мүмкін:
а) қашауға  өтуді  арттыру  жəне  өтудің  механикалық  жылдамдығын
арттыру;
ə) КТО уақыттын азайту;
б) бір рейсте дайындау-аяқтау жұмыстары уақытын азайту;
в) жөндеу жəне техникалық қызмет көрсетудің уақытын азайту арқасында

22
бұрғылау қондырғының айналымдылығы коэффициентін арттыру;
г) ұңғыны  игеру  мен  сынау  кезінде  монтаж-демонтаж  жұмыстарының,
тасымалдау, аяқтау жұмыстарының уақытын азайту.
Жаңа  технологиялық  процестерді  игеру  жəне  жаңа  ғылыми
жаңалықтарды  іске  асыру  айналатын  қашаумен  тау  жынысын  бұзу  жəне
бұрғыланған  жынысты  жер  бетіне  шығарудың  дəстүрлі  тəсілін  ауыстыруға,
сонымен қатар ұңғыма оқпанын жасаудың басқа да бір тəсілдеріне, мысалы: а)
ұңғыма  түбіне  қысымы 100 МПа  жəне  одан  да  жоғары  сұйықты  жіберіп,
бұрғыланған  жынысты  жер  бетіне  жуу  сұйықтығымен  шығарудың
эжекциялық  бұрғылау  əдісіне; б) лазермен  жəне  басқа  да  жылу  энергиясын
сəулелендіргіштері қолданылатын жағу жəне ізінше ұңғыманы үрлеу əдісіне; в)
ұңғыма  түбіне  депрессия  беруге, сонымен  қатар  ұңғыны  бұрғылаудың
қолданыстағы  айналдыру  тəсілінің  өнімділігін  арттыруға – ауыстыруға
бағыталуы мүмкін.
Көп  жағдайда  жаңа  жабдықтар  моральдық  ескірген  жабдықтың  орнына
жасалады. Мұны  Уралмашзавод  бұрғылау  сораптары  өндірісінде  байқауға
болады. Алғашқы У8-3 сорабының орнына У8-4, содан кейін  У8-6, У8-6М, У8-
7, жəне  соңғы  кезде  үш  поршеньді  НБТ-600, УНБТ-950 шығарыла  бастады.
Бірақ, бұл  жағдайда  конструкторлар  алдына  қойылатын  мақсат  техникалық
параметрлері 
жоғарырақ, өнімді, яғни 
бұрғылау 
жылдамдығын
жоғарылататын  машиналар  шығару. Бұл  жағдайда  моральды  тозған
машиналарды  алдыңғы  қатарлы  жəне  тиімді  машиналарға  ауыстыру  тізбегі
байқалады.
Машиналардың  моральды  тозуының  екі  түрі  бар. Бірінші  түрде
тұтынушының  салыстырмалы  фондберілісі  азаяды, яғни  машинаның  жасаған
жұмыс  құнының  машинаның  өзінің құны мен  оны пайдалануға  кеткен шығын
арасындағы  қатынас  азаяды. Моральдық  тозудың  екінші  түрі  техникалық
көрсеткіштері 
жоғарырақ 
машинаның 
пайда 
болуы. Жаңа 
өнімді
машиналардың пайда болуы машинаның ескі моделін шығаруын тоқтатып,  ал
барларын  метал  сынығына  тапсыру  керектігін  білдірмейді. Бірақ  бұл  оларды
шығару программасында жəне жұмыс мерзімінде есепке алынуы тиіс.
Моральдық  жəне  физикалық  тозуды  пайдалану  жəне  шығару
сфераларындағы «өмір циклдері» анықтайды.
Өндіру  сферасында  машинаның «өмір  циклі» 3.1-суретте  көрсетілген
қисықтар түрінде болады.
Өндірістің  инерттілігі  салдарынан  сату  мен  кіріс  қисықтарының
максимумдары келіспейді.
Пайдалану  саласындағы  машинаның «өмір  циклі» 3.2-суретте
көрсетілген.
Т
кр
  сəтінен  кейін  машинаны  пайдалану  шығындарға  əкеледі. Пайдалану
шығындардың  көбеюі  жөндеу-қалпына  келтіру  жұмыстарын, тозған
бөлшектерді ауыстыруын, жиі реттеулерді қажет ететін машинаның физикалық
тозуымен түсіндіріледі.
Жаңа  жабдықты  шығарудың  негізі – оны  шығару  мүмкіндігін
анықтайтын  факторлардың  болуы. Оған  жоғарыда  айтылған  өмір  циклдерінің

23
Құ
нды
қ кө
рсет
кіш
тер
анализі, патенттер, ойлап  табу  авторлық  куəліктері, ғылыми  зерттеулер,
конструкторлық игерулер, ұқсас машиналарды пайдалану тəжірибесі т.б. кіреді.
Жаңа  жабдықты  шығарудың  негізі – оны  шығару  мүмкіндігін
анықтайтын  факторлардың  болуы. Оған  жоғарыда  айтылған  өмір  циклдерінің
анализі, патенттер, ойлап  табу  авторлық  куəліктері, ғылыми  зерттеулер,
конструкторлық игерулер, ұқсас машиналарды пайдалану тəжірибесі т.б. кіреді.
   Бұрғылау жабдықтары обылысында жаңа машиналарды шығару жоғарыда
айтылып  кеткен  барлық  параметрлер  бойынша  тиімділігін  артттыру
мақсатымен  параллель  жүргізіледі. Мысалы, өнімділігі  жоғарырақ  қашау,
жетегі  бар  жаңа  шығыр, көтергіш  бөлігінің  тиімділігін  арттыратын  тəл
жүйелерінің  тораптары, бұрғылау  сораптары, ұршықтар, роторлар, айдау
желісінің  байлау  элементтерінің  құрылымдары  бір  уақытта  жасалады,
бұрғылау  қондырғысын  монтаж-демонтаждау, тасымалдау  жеңілдетілуі  үшін
жалпы компоновкасы жақсартылады.
Қазіргі  кезде  жаңа  ерекше  бəсекеге  жарайтын  машинаны  шығару  үшін
60-қа  жуық  жаңа  əртүрлі  идеяларды  қарастыру  керектігі  анықталды. Жаңа
идеяларды  генерациялау, олардың  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  табу,
бұларды  жарыққа  шығару  жолдарын  табу  үшін  жаңа  идеялардың  пайда  болу
тəсілдерін білген жөн.
Қазіргі 
уақытта 
белгілі 
техникалық 
шешімдер 
əдіс-тəсілдері
қалыптастыру дəрежесі бойынша үш топқа бөледі:
1. Қалыптанбаған  эвристикалар  əдістері – эврисикалар  жинағынан
тұратын.
2. Жартылай  қалыптанбаған  эвристикалар  əдісі – операциялардың  бір
бөлігі алгоритмдермен жазылған эвроритмдер.
3. Толық қалыптанған əдіс-тəсілдер – алгоритмдер.
Айтылған  топтар  бір  бірінен  құрамына  кіретін  əдістер  санымен
ерекшеленеді. Ең  үлкен  топ – кез-келген  техникаға  қолданылатын  жалпылама
3.1-сурет. Өндіру саласындағы
машинаның «өмір циклі»:
1-айналымдағы машиналардың санының
өсу қисығы;
2-жасаушының кірісінің өзгеру қисығы
М
аш
инаны 
жасау
Са
туды
ң 
өсуі
Т
ұрақт
ы
 сат
у
Нары
қт
ы
қ 
сат
у
Тоқ
ыр
ау
Жа
лып
 қ
ұн
ы
 ж
əн
е л
ір
іс
і
уақыт
3.2-сурет. Пайдалану саласындағы
машинаның «өмір циклі»:
1-пайдалану саласындағы кіріс
қисығы; 2-тұтынушының пайдалану
шығындары

24
əдістері  бар, жəне  техникалық  жүйе  жəне  оның  элементтерінің  белгілі  бір
сыныбын қамтитын жеке  əдістер.
Толық  қалыптанған  əдістер  ең  кіші  топты  құрайды. Сол  əдістердің
əрқайсысы  техниканың  белгілі  бір  түріне  қолдануы  мүмкін. Жобалау
əдістемесінің  дамуына  байланысты  əдістер  бірінші  топтан  екіншісіне, екінші
топтан үшіншісіне өтетінін айтып кеткен жөн.
Автоматтанған жобалау екінші топқа, ал автоматты үшіншіге негізделген.
Эвристикалық  тəсілдер – керекті  техникалық  шешімді  алу  үшін
қолданыстағы техникалық шешімді қалай өзгерту керектігін көрсетеді.
Эврисикалық  əдістердің  көбі 2 бөлімді  қамтиды: біріншісі «не  өзгерту
керек?» екіншісі «қалай  өзгерту  керек?» сұрағына  жауап  береді. Біріншіде
бірнеше  айнымалы, ал  екіншісінде – оларды  өзгертудің  бірнеше  тəсілдері
болуы  мүмкін. Əдістер  бірнеше  іздеу  қадамдарынан  тұрады. Сала  аралық
қорларда сақталған эвристикалық əдістер (250 тəсілдер) белгілі.
Эвристикалық  əдістерді  қолдана  отырып, техникалық  шешімдерді  іздеу
барысында келесі жұмыстар жасалуы керек:
1) техникалық  тапсырмадағы  жобалау  мақсаттарын  біліп, керекті
техникалық шешімнің белгілер тізімін құру;
2) белгілі  техникалық  шешімдерден, белгілер  тізімі  бойынша  ең
жақындардың біреуін немесе бірнеше прототипін таңдау керек.
3) прототиптерге  анализжүргізіп, керекті  шешіммен  сəйкес  еместіктерін
табу;
4) өзгертілуі керек белгілерге сəйкес ортақ немесе жеке қордан жарайтын
тəсілді таңдау
Ассоциациялар  əдісі. Ассоциация  немесе  идеялар  байланысы – бұл
байқау, тыңдау, иіскеу  жəне  қол  жетерлік  басқа  тəсілдермен  адамның  көзіне
елестетіп,   бір нəрсеге ұқсатып қабылдауынан тұратын құбылыс. Немесе, соған
ұқсас, бір идея екіншісінің негізінде пайда болатын идеялар байланысы.
Сынамалар  мен  қателер  əдісі – əртүрлі  шешімдер  варианттарын
кезегімен  ұсыну  мен  қарастыруға  негізделген. Егер  ұсынылған  идея  сəтсіз
болса, басқа  жаңа  идея  ұсынылады.  Идея  ұсыну  шарттары  жоқ, сондықтан
мағынасыз  идеялар  ұсынылуы  мүмкін. Сынамалар  мен  қателіктер
эксперименталды жəне ойша болуы мүмкін.
Бақылау  сұрақтар  əдісі – бұл  əдіс  бойынша  ойлап  табушы  біреудің
немесе  өзінің  сұрақтар  тізімін  қолданылады (мысалы: «нысанды  қалай
қарапайымдандыруға  болады?», «нені  үлкейтуге  болады?», «нені  төңкеруге
болады?» т.б.) Бұл  əдіс  өз-өзіне  қайшы: керекті  көмекті  жіберіп  алмау  үшін
тізім ұзын болуы керек, есепті тезірек шешу үшін тізім қысқа болуы керек.
«Рольге кіру» əдісі (role plaeing) – ақауды іздеу мен анализі кезінде жəне
ерекше  қиын  проблемаларды  шешу  үшін  қолданылады. Бұл  əдісті  қолдану
кезінде  идея  іздеп  жатқан  адам  өзін  қарастырылып  жатқан  идея  мен  құрылғы
орнына қойып, бұл жағдайда нені істемеу керегін ойлайды.
Идея диаграммасының негізінде  идея генерациялау əдісі – мысалы, теңіз
платформарының, ұңғыма  сағасына  қызмет  көрсету  су  асты  аппараттарының
диаграммаларын  құру, көлік  даму  диаграммасы  негізінде  жаңа  көлік  жүйесін

25
іздеу.
Тəуелсіз айнымалылардың морфологиялық анализі – қойылған мақсат пен
шешіліп жатқан проблемамен байланысты.
Бұл  айнымалылардың  əрқайсысына  əртүрлі  параметрлер, жүйелер
типтері, қасиеттер немесе  əдістер қарастырылады, ал  бірігіп бұл  сипаттамалар
кесте  немесе  матрица  құрайды. Сипаттамалардың  əртүрлі  жинақтары  балама
идеялар  немесе  қойылған  мақсатты  шешуге  арналған  шешімдер  тудырады.
Мысалы, солайша мойынетіректерді таңдайды.
Ми  шабуылы  əдісі
– ұйымдасқан  топтың  жеке  мүшелерінің
шығармашылық  серіктестіктік  жолымен  жаңа  идеялар  табу  əдісі. Ми  шабуыл
əдісі  өткен  ғасырдың  ортасынла  американдык  ғалым  Алекс  Осборнмен
игерілген, ол 1953 жылы «Басқарылатын  ой: шығармашылық  ойлаудың
принциптері мен процедуралары» кітабын шығарды. Ми шабуылы бұл кітапта
əбір топтың өз интеллектуалдық мүмкіндіктерін қойылған мақсатқа тез жетуге
пайдалану əдісі ретінде көрсетілді. Осборн екі фактіні ескере отырып өз əдісін
дəлелдеді. Ол  біреулер  идеяларды  жақсы  тауып, бірақ  сынбағалық  талдауды
қиын игеретінін, жəне керісінше біреулер сынбағалық талдауды жақсы игеріп,
жаңа  идеяларды  шығара  алмайтынына  негіздеді. Бұл  процестің  негізі  идея
іздеуді екі кезеңге бөлуде.
60-шы жылдардан бастап ми шабуылы өте таралған əдіске айналды жəне
оны General Electric, IBM жəне  басқа  да  ірі  компаниялар  қолданды. Қазір  ол
мемлекеттік  құрылымдарда, қоғамдық  ұйымдарда  тек  қана  техникалық  кана
емес, сонымен  қатар  əкімшілік, экономикалық  жəне  əлеуметтік  мəселелерді
шешуге қолданылады
Шарикті  бірқатарлы
радиалды
+
-
     -
а) радиалды
Шарикті  бірқатарлы
радиалды тіректі
- (+)
- (+)
   +
     б) өстік
Шарикті  бірқатарлы
тіректі
-
+
-
в) радиалды +өстік
Жүктеме немесе жүктемелер жиынтығы
Əдістің  басты  ерекшеклігі  мəселені  шешуге  мəселені  шешуге
проблеманы  жақсы  білетін  жəне  оларға  тікелей  қатысы  бар 3-тен 12 адамға
дейін топ жиналады. Бұл мамандарға проблеманы шешуге бағытталған алдағы
жиналыс туралы  алдын-ала хабарланады. Бұл оларды іздеуге бағыттайды жəне
адамдар  бұл  мəселеге  басшылықтың  қызығушылын  көреді. Жұмыс  бастардан
бұрын  топ  басшысы  проблеманы  анық  қоюы, проблеманы  шешу  жолында
əртүрлі нұсқаларды, күлкілі жəне орайсыз болса да, айтуға шақыруы керек. Бұл
кезде идеялар ешқандай бағаланбайды.
Идея  шығарудың  бірінші  кезеңінде  қатысушылар  шешім  нұсқаларын
дайындайды. Бұл  процесс  кезінде  қолдау  атмосферасы  болу  керек, яғни
Мойынтірек типі

26
шешімдерді  бағалау  мен  сынаудың  қажеті  жоқ. Жетекші  адамдардың
мотивациясын қолдап, бəсекелестікті  болдырмау қажет.
Топтың  əрбір  мүшесі  шешіліп  жатқан  мəселеге  өз  назарын  аударып,
мəселеге сəйкес идеялар ұсынуы керек.
Мамандар  тобы 20-60 минут тиімді жұмыс  істейді. Содан  кейін адамдар
шаршайды. Үзіліс қажет болады.
Екініші кезең, шешімдерді бағалау мен ең тиімді нұсқасын таңдау кезінде
ми  шабуылы  кезінде  ұйымдастырушы  əр  мəселеге  сынбағалар  қалыптастыру
керек. Соңғы  кезеңде  шешімдерді  бағалау «жақсы», «өте  жақсы» «дұрыс»,
«дұрыс емес» түрінде емес, тиімді жəне тиімсіз жақтары көрсетілу керек.
Ең жақсы нəтижелер ми шабуыл əдісінде, келесі факторларды сақтап, бір
сағат топтық жұмыс кезінде ең жақсы нəтижелер береді:
- идеяны еркін айту;
- идеяны сынауды болдырмау;
- неғұрлым идеялар көп болса, соғұрлым жақсы.
Топ  мүшелері  өз  əріптестерінің  идеяларын  қолдауға  тырысу, бір  идея
негізінді екінші идея құру керек.
Ми  шабуыл  сеансын  өткізу  үшін  жетекші  мен  стенографист (немесе
магнитофон) қажет.
Тəжірибе  көрсеткендей  ми  шабуыл  əдісі  ойлап  табу  мəселелерінен  гөрі
ұйымдастырушылық мəселерге жарайды.
Синектика – ми  шабуыл  əдісінің  жетілген  түрі  болып  табылады. Бұл
əдіспен  əдіскерлердің  тұрақты  тобы  жұмыс  істейді, идея  іздегенде  олар
синектикада  белгілі  төрт  аналогияларды  кезектесіп  қолданады. Бұл  əдісті
АҚШ-та  кеңінен  қолданады, ол  өткендерден  жақсы, бірақ  басқа  əдістердің
пайдалы мінездемелерін қолданбайды.
      Нег.: 1, 2.
      Бақылау сұрақтары:
1. Машиналардың  жаңа  үлгілерін  жасау  қажеттілігін  шешетін  негізгі
факторлар.
2. Эвристикалық тəсілдер.
       №4-дəріс.     Ұңғыманың құрылымын таңдау
Ұңғыманың  құрылымы  деп, шегендеу  тізбегінің  санын, диаметрін,
қабырға  қалыңдықтарын, түсірілу  тереңдігін  жəне  шегендеу  құбырына
арналған  бұрғы  қашауының  диаметрін  айтамыз. Ұңғыманың  құрылымы
бұрғылау  мақсатына, бұрғыланатын  аймақтың  геологиялық  жағдайларына,
ұңғыма  тереңдігіне, бұрғылау  тəсілі  мен  техникасына, ұңғыманы  пайдалану
мен жөндеуіне байланысты болады.
Шегендеу құбырының үлкен диаметрлерін таңдау бұрғылау шығырының,
бұрғылау  сораптарының, ротордың, түптік  қозғалтқыштардың  қуатының
шектен тыс өсуіне жəне тəл арқандары мен мұнаралардың жүк көтергіштігінің
өсуіне  əкеліп  соғатынын  ескеру  керек. Басқа  жағынан  алғанда  шегендеу
құбырларының  диаметрін  шамадан  тыс  кішірейту, беріктік  көрсеткіштері
төмен, бұрғылау  кезеңі  ұңғыманы  жууда  үлкен  гидравликалық  кедергілерді

27
туғызатын  кіші  диаметрдегі  бұрғылау  құбырларын  қолдануға  мəжбүр  етеді.
Сондықтан  пайдалану  тізбегінің  кіші  диаметрі  ұңғымаларды  пайдалануды
қиындатады. Ұңғыманың  тағайындалуына, мұнайдың  немесе  газдың  күтілетін
дебитіне, гиофизикалық  жəне жөндеу  жұмыстарын орындауға, сонымен қатар
мұнайды  өндіруді  механикаландыруға  арналған  жабдықтарды  түсіру
мүмкіндігіне  тəуелді  таңдалатын  пайдалану  тізбегінің  диаметрі  ұңғыма
құрылымын жобалауда шешуші параметр болып табылады.
Пайдалану  тізбегіне  арналған  бұрғылаулардағы  қашау  диаметрін  таңдау
қолданыстағы шегендеу құбырларының жалғастырғышы диаметрлеріне тəуелді
түрде жүзеге асырады.
,                                                   (4.1)
мұндағы, D
Д
– қашаудың  диаметрі; D
М
 - шегендеу  құбыры
жалғастырғышының  диаметрі; ∆
К
 – ұңғыма  қабырғасы  мен  шегендеу  құбыры
жалғастырғышы  арасындағы  диаметралдық  саңылау. Ұңғыма  қабырғасы  мен
жалғастырғыш  диаметрі  арасындағы  саңылау  өлшемі  шегендеу  тізбегін
кедергісіз  түсіруге  сай  болу  керек. Ұңғыма  қабырғасы  мен  шегендеу
құбырының арасындағы рұқсат етілетін диаметрлердің əр  түрлілігі 4.1-кестеде
көрсетілген.
Дегенмен  де  соңғы  жылдардағы  бұрғылау  тəжірибесі  көрсеткендей
шегендеу  құбырының  жалғастырғышы  мен  ұңғыма  қабырғасы  арасындағы
саңылауды  азайтуға  ұмтылысты  байқатады. Саңылауларды  кішірейту
мақсатында  жалғастырғышсыз  шегендеу  құбырларын  жəне  пісірілген
құбырларды қолданады.
4.1-кесте
Қашаулар мен түсірілетін шегендеу құбырларының диаметрлерінің
сəйкестігі
Диаметр, мм
Қашаудың
минималды
диаметрі, мм
Шегендеу
құбырының
Шегендеу құбыры
жалғастырғыштарының
Ұңғы қабырғасы мен
жалғ-ш арасында
мин. рауалы саңылау
139,7
114,3
-
-
165,1
127,0
139,7
146
жалғастырғышсыз
15
-
190,5
139,7
168,3
159
жалғастырғышсыз
20
-
215,9
168,3
177,8
188
196
25
25
244,5
193,7
219,1
216
жалғастырғышсыз
25
-
269,9
219,1
244,5
245
жалғастырғышсыз
30
-
295,3
244,5
270
30
349,2
273,1
298,9
299
324
35
35
393,7
323,9
351,0
351
376
45
45
490,0
377,0
425,5
402
50
50

28
Кейбір жағдайларда қашау диаметрін мына формуламен анықтайды:
 ,                                  (4.2)
мұндағы, D
қаш.
– қашаудың  минимал  диаметрі, мм; D – шегендеу
құбырының  диаметрі, мм; D
М
 – шегендеу  құбыры  жалғастырғышының
диаметрі, мм.
Осыдан  кейін, пайдалану  тізбегіне  арналған  бұрғы  қашауы  өте  алатын
аралық тізбектің диаметрін таңдаймыз.
 ,                                                  (4.3)
мұндағы, d
H
 – аралық  шегендеу  құбырының  сыртқы  диаметрі, мм; ∆ -
шегендеу  құбырының  ішкі  диаметрі  мен  қашау  арасындағы  диаметралдық
саңылау, мм; δ – құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм.
Диаметралды саңылаудың ∆ шамасы 4-6 мм-ден кіші жəне 10-20 мм-ден
артық  болмауы  тиіс. Алынған  нəтиже  бойынша  минимал  диаметрі  есептік
диаметрге жақын шегендеу құбырын таңдайды. Бұрғылауға арналған қашаулар
мен  құбырлардың  өлшемдері  жəне  жоғары  бөлімдерді  бекіту  аналитикалық
түрде анықталады.
4.1-суретте  мұнай-газ  ұңғыларын  бұрғылауды  жоспарлағанда  шегендеу
құбырлары  мен  қашаулардың  диаметрін  таңдауға  арналған  номограмма
келтірілген [3].
4.1 Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау
Тік  ұңғымаларды  бұрғылау  процесі  кезінде  бұрғылау  тізбегі  бұрғылау
тізбегінің компоновкасынан (БТК) жəне бұрғылау құбырларынан (БҚ) тұрады.
БТК  ауырлатылған  бұрғылау  құбырларынан (АБҚ), қашаулардан, түптік
қозғалтқыштардан  жəне  центрлеуші  элементтерден (колибратор, центратор)
тұрады. Олардың  үйлесімі  берілген  профиль  бойынша  ұңғыны  бұрғылауға
мүмкіндік береді.
Егер  БТК-ны  АБҚ-ның  бір  сатысы  ретінде  алсақ, онда  роторлы
бұрғылауда  БТК-ны  есептеу  қашауға  түсетінкүшсалмақты, компоновканың
төзімділігін  жəне  беріктігін  қамтамасыз  ететін  АБҚ-ның  ұзындығы  мен
диаметрін анықтауға негізделген.
АБҚ-ның  бір  сатылы  компоновкасының  ұзындығы  мына  формула
бойынша анықталады:
 ,                                             (4.4)
мұндағы, l
АБҚ
 – АБҚ-ның жалпы ұзындығы, м; Р
Д
 – қашауға түсетін осьтік
күшсалмақ, кН;
,
 - сұйық пен АБҚ материалының тығыздығы, кг/м
3
; q
АБҚ
– АБҚ метрінің массасы, кг/м; =9,81 м/с
2
 – еркін түсу үдеуі.
      Нег.: 1, 2.    Қос.: 22.
      Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғыманың тағайындалуы.
2. Бұрғылауға арналған қашаулар мен құбырлардың өлшемдері.
3. Ұңғыманың конструкциясы.
     4.  Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау.

29
4.1-сурет. Шегендеу құбырлары мен қашауларды таңдауға арналған номограмма:
а – тегіс жалғастырғышты ОГ/м; б – жоғары герметикалық қосылысты ОТТГ (МЕСТ 632-80); в – жалғастырғышсыз шығыңқы шеттермен ТБО-4; г
– жалғастырғышсыз бір шеті шығыңқы ТБО (МЕСТ 632-80); д – трапециялы бұрандамен ОТТМ (МЕСТ 632-80); е – үшбұрышты бұрандамен (МЕСТ
632-80); А – құбыр тесіктері арқылы өтетін қашаулар; Б – ұңғыма қабырғасы мен құбырлардың бұрандалы қосылысы арасында саңылауды қамтамасыз
ететін қашаулар; В – бір-біріне сəйкес келмейтін қашаулар мен құбырлар

30

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал