Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5.03 Kb.

бет2/13
Дата13.05.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
Студентер  міндетті  түрде  сабаққа  қатысуы  керек. Қатыспаған  сабақтарын
жұмыспен  өтеу  қажет. Тапсыратын  уақытымен  сəйкесті  практикалық  жəне
өздік  жұмыстары, ағымдағы  бақылау  түрінде, уақытында  тапсырылуы  керек.
Уақытында  тапсырылмаған  жұмыстар  ағымдағы  бақылаудың  балын  азайтады.
Аралық  бақылау  тест  түрінде  жоспарланган  жəне  оқу  процесінің  күнтізбелік
графигі бойынша орындалады.

12
     2  НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша сағат бөлу
Академиялық сабақ саны
Тақырыптар атаулары мен мазмұны
Дəріс 
Тəж-
лік
сабақ
СОӨЖ 
СӨЖ
1. Жобалау əдістемесі жəне кезеңдері
4
6
5
1.1 Жобалаудың рəсімдік моделі
2
1.2 Бұйымды жасау түрлері мен кезеңдері
жəне техникалық құжаттардың құрамы
2
1.3 Жаңа машиналарды игеру əдістері
2
2. Ұңғы конструкциясын жəне бұрғылау
тізбегінің компановкасын таңдау
4
7
5
2.1 Ұңғы конструкциясын таңдау
2
3. Бұрғылау жабдықтарын беріктікке есептеу
əдістемесі
7
5
3.1 Статикалық жүктемелеу кезіндегі беріктік 
2
3.2 Пісіру жалғауларын есептеу
2
4. Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі жəне
есептеу əдістемелері
8
6
4.1 Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі
2
5. Конструкциялық болаттардың жалпы
сипаттамасы жəне таңдауы
8
6
5.1 Мұнайгаз саласындағы болаттардың
сыныптамасы
2
5.2 Бұрғылау жабдықтарына арналған
машина жасау болаттары
2
6. Бұрғылау қондырғысының көтеріп-түсіру
кешені
4
8
6
6.1 Бұрғылау қондырғысының тəл жүйесі
2
4
6.2 Бұрғылау шығыры
2
7. Бұрғылау қондырғысының сорапты-
циркуляциялық кешені
4
8
6
7.1  Сорапты-циркуляциялық кешеннің
жұмысы жəне құрылымы
2
7.2 Сорапты-циркуляциялық кешеннің негізгі
параметрлері
2
8. Бұрғылау қондырғысының айналдыру
жабдықтары
10
8
6
8.1 Бұрғылау ұршығын жобалау жəне есептеу 
2
8.2 Бұрғылау роторын жобалау жəне есептеу
2
Барлығы:
30
30
60
45

13
 2.2 Дəрістік сабақ конспектілері
 №1-дəріс. Жобалау əдістемесі жəне кезеңдері.
 1.1 Терминдер мен анықтамалар
Жаңа  машиналарды  жобалау  дегеніміз – бұл  жобалау  əдістемелері  мен
сатыларын жақсы білетін жəне жаңа бұйымды жасауда жобалау рəсімдері мен
операцияларды  практикада  қолдана  алатын  құрылымдаушы-жобалаушылар
маманданған əрекеттерінің негізгі саласы.
Жобалау бұл:
- қолданыстағы  үлгілерді  көз  жұма  көшіре  салмай, ойланып, заманауи
машина  жасауда  игерілген, берілген  жағдайларда  ең  тиімді  құрылымдық
шешімдер мүмкіндігінен оймен таңдап құрылымдау керек;
- əр  түрлі  мəліметтерді  дұрыс  үйлестіре  игеріп, жаңаларын  жəне
жақсартылғандарын  таңдап  игеру  керек, яғни  шығармалық  бастамамен,
өнертапқыштықпен  құрылымдау  керек; өзінің  өнертапқыш  қарқынымен  жаңа
жобаларды жасай білу.
- өндірістің  даму  динамикасын  ескере  отырып, ұлттық  экономиканың
өскелең талабын  қанағаттандыратын  жəне  техникалық  ескіруден  ұзақ  уақытқа
сақтандырылған, өміршең, икемшіл, резервтері бай машиналарды жасау;
- машиналардың  құрылымдық  тиімділігі, кинематикалық  жəне  күштік
сұлбасының  жетілгендігі, жасау  құны, энергия  сыйымдылығы, габариттері,
металл сыйымдылығы, сенімділігі жəне массасы, технологиялығы, күтім жасау
қолайлылығы, жинау-бөлшектеу, тексеруі, реттелуі  жəне  т.б. жағынан  мұқият
салыстырмалы бағалай, бірнеше жобалық нұсқаларды талдау.
Жобалау  əдістемесі – бұл  əлі  де  жасалмаған  нысанның  құрылысы,
логикалық  ұйымдасуы, принцип  əрекеттері  мен  құрамы  жөнінде  іздеу  жəне
шешім  қабылдау  əдістері, құралдары  жəне  алгоритмдері, сонымен  қатар  оны
берілген жағдайда жасау үшін қажетті сипаттаулар жасау жөніндегі ғылым.
Жобалау шешімі  – бұл жобалаудың əрі қарайғы бағыттарын немесе оны
аяқтауды  қарастыру  жəне  анықтау  үшін  қажетті  жəне  жеткілікті  жобалау
обьектісінің аралық немесе ақырғы сипаттамасы.
Жобалау  алгоритмі – жобалауды  орындау  үшін  қажетті  сипаттаулар
жиынтығы.
Жобалау тілі  – жобалау кезінде ұсыныстар мен өзгерістерді таныстыруға
арналған тіл.
Жобалау  рəсімі – орындалуы  жобалау  шешімдерімен  аяқталатын
əрекеттер жиынтығы.
Жобалау  операциясы  – жобалау  рəсімдерінің  бір  бөлігін  құрайтын,
алгоритмі  жобалау  рəсімдерінің  бірқатары  үшін  өзгеріссіз  қалатын  əрекеттер
немесе əрекеттер жиынтығы.
Бұйымды  өңдеудің  барлық  сатылары  МЕСТ  бойынша  міндетті  түрде
орындау  қарастырылмайды. Əдетте, ол  əр  жобалау  ұйымдарының  тəртібі
бойынша орындалады жəне олар қателіктерге əкелуі мүмкін.
1.2 Жобалаудың рəсімдік моделі (ЖРМ)
ЖРМ – бұл жүйелік амалдарды жүзеге асыратын жобалаудың логикалық
сұлбасы (1.1-кесте).

14
1.1-кесте
Жобалаудың рəсімдік моделі
Игеру
кезеңдері
Жобалау рəсімдері
Жобалау мəселелерін
шешу əдісі
Ақпарат көзі
Өтініштер
мен
бастапқы
талаптар
Техникалық
тапсырма
(ТТ)
Техникалық
ұсыныстар
(Ұ)
Эскиздік
жоба (Э)
Техникалық
жоба (Т)
Жұмыс
құжаттары
Машиналарды
жобалауға
қажеттіліктерді
анықтау
Мақсатты
анықтау
Негізгі белгілерді
анықтау
Техникалық
шешімдер
нұсқаларын іздеу
Шешімді қабылдау
Қабылданған
шешімді талдау
Машина  əрекетінің
режімдері 
мен
параметрлерін
тандау
Машинаны
құрылымдау
Бөлшектер 
мен
жинау
бірліктерін
құрылымдау
Сценарийлер,
графикалық
мақсаттар
Ойлап табу
мəселелерін шешу
алгоритмі, батыл
ойлау, қабылдау
кестелері жəне т.б.
Шешім
матрицалары
Модельдеудің
кинематикалық
жəне  динамикалық
талдаулары
Статикалық
мəліметтерді
өңдеу,
оңтайландыру
əдістері
Сапа бағасы
Технологиялыққа,
сенімділікке,
эргономикалыққа,
эстетикалыққа,
беріктікке  өңдеу.
Стандарттардың
бірізділігі
Үкімет
шешімдері,
халықшаруашыл
ық жоспары,
өндірістің күйі
Техникалық
журналдар мен
əдебиеттер,
патент көздері,
аяқталған
жобалау
жұмыстары
Машиналарды
пайдалану
тəжірибелері
Ғылымның
жетістіктері,
жобалау
тəжірибелері,
МЕСТ 
жəне
т.б.
Жобалаудың  барлық  жағдайында  жобаның  техникалық  жəне  технико-
экономикалық  тиімділігін, мүмкіндік  шешімдердің  əртүрлі  нұсқаларын
таңдауды, шешімдерді  салыстырмалы  бағалауды, эскиздік  жобаны  орындауды
ескеру қажет.
Бірақ  жобаны  шамадан  тыс  сатылау  уақыт  шығыны  мен  жұмыс
ресурстарының  өндірістік  емес  шығындарына  əкеледі. Сондықтан  сатыны
таңдау нысанның күрделілігін ескерумен, жаңару дəрежесімен жəне жобалауда
кететін қателіктер салдарын ескеруі керек.

15
Жобалау  процедурасының  мазмұнын  тереңірек  қарастырайық. Жаңа
нысанды жасауда қажеттілікті  анықтау мəжбүрленеді:
1) өндіріс саласының күйімен;
2) жаңа технологиялар мен жаңалықтарды орындау қажеттілігімен;
3) еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігімен;
4) қол жұмыстарын жоюмен;
5) жарақаттануды азайтумен.
Сонымен  бірге  бұл  халық  шаруашылық  жоспарларында  мен  салалық
ұйымдар жоспарларында көрсетіледі.
Жобалау  мақсатын  анықтау. Жобалау  мақсатының  қалыптастыруы
нысанды  игеру  нəтижесін  анықтайды. Мақсатты  тандау  рəсімінің  негізгі
мəселесі  болжаудың  инженерлік  əдістері  негізінде  нысанның  жалпы  тұлғасын
жобалау болып табылады.
Игерілетін нысанның негізгі белгілерді анықтау элементтер арасында көп
белгілі қатынастарының сұлбасын тұрғызудан тұрады.
Бұл  уақытта  мүмкін  болатын  бəсекелік  даму  бағыты, болашақта
пайдалану мүмкіндгі, іске асыру тиімділігі мен мүмкіндіктері ескеріледі.
Техникалық  шешімдердің мүмкін  нұсқаларын  іздеу  шығармашылық
бастауға, белгілі  тəсілдері  жəне  алгоритмі  бар  шығармашылық  ізденіске  жəне
ақпарат көздеріне сүйенеді.
Шешімді  қабылдау – бұл  белгілі  мақсаттарға  техникалық  шешімнің
сəйкестігін анықтайтын көрсеткіш нұсқалары немесе көрсеткіштер бойынша ең
тиімді нұсқасын таңдау. Шешім қабылаудың соңғы кезеңінде шешім қабылдау
теориясын жəне экономикалық есептеуді қолданылады.
Қабылданған  шешімді  талдау – бұйымды  жұмыс  қабілеттілігіне  жəне
техникалық іске асыру мүмкіндігіне тексеру. Талдау тəсілдері: кинематикалық,
динамикалық, модельдеу. Соңғы кезең – техникалық ұсынысты игеру.
Нег.: 1, 2.
     Бақылау сұрақтары:
1. Жаңа машиналарды жобалау дегеніміз не?
2. Терминдер мен анықтамалар.
3. Жобалау мақсатын анықтау.
№2-дəріс.  Бұйымды  жасау  түрлері  мен  кезеңдері  жəне  техникалық
құжаттардың құрамы
 Бұйымдардың пайдалану түрі бойынша бөлінуі:
- тұтынушыға арналған, негізгі өндіріс бұйымдары;
- көмекші өндіріс бұйымдары – жасап шығаушы мекеменің өз қажеттілігіне
арналған.
құрамы мен күрделілігі бойынша:
- материалдың бір бөлігінен жасалатын бұйымдар;
- жинау  бірліктері – функционалдық  қызметіне  байланысты  бір  түйінге
жинастырылған  бөліктерден  тұрады (жинау  бірлігі  бірнеше  жинау
бірліктерінен тұруы да мүмкін).
- кешенді бұйымдар – пайдалануға тағайындалуы ортақ, жасаушы бір-біріне

16
қосқан немесе қоспаған;
- көмекші  сипаттағы  пайдалануға  тағайындалуы  ортақ  жинақ-бұйымдар,
жасаушы жинау операциясымен бір-біріне қоспайтын, мысалы, құрал, қосалқы
бөлшектер.
Негізгі  өндірістік  бұйымды  жобалаудың  бастапқы  құжаты  тұтынушы
жасайтын  өтініш  жəне  бұйымды  игеруге  бастапқы  талаптар  болып  табылады.
Өтінште  жабдықтың  талап  етілетін  параметрлері, алдағы  жылдарда  қажетті
саны көрсетіледі.
Игеруші  əрі  қарай  техникалық  тапсырма (ТТ) жасайды, онда  мыналар
көрсетіледі:
- бұйымның негізгі тағайындалуы;
- техникалық сипаттамасы;
- игерілетін  бұйымның  сапа  көрсеткіштері  мен  оған  қойылатын  техника-
экономикалық талаптар.
Техникалық  тапсырма  құрылымдық  құжаттарты  игерудің  қажетті  игеру
кезеңдерін орындауды жəне оның құрамын анықтайды.
Техникалық тапсырма негізінде игеруші техникалық ұсыныс (ТҰ) жасайды.
Онда көрсетіледі:
- бұйымды игерудің техника-экономикалық негіздері;
- бұйымның құрылымының мүмкін шешімдерінің салыстырмалы бағасы;
- бұйымның  патенттік  тазалығы  мен  патентке  қабілеттілігі  анықталады,
авторлық  куəлігін, бұйымның  құрылымы  мен  сұлбасына  қабылданған
шешімдерге  патент  алудың, оны  шығару  лицензиясын  басқа  мемлекеттерге
сату  мүмкіндігі  қарастырылады. Мұның  бəрі  патенттік  формулярда  орын
алады.
Техникалық тапсырма (ТТ) мен техникалық ұсыныс (ТҰ) негізінде игеруші
эскиздік жоба (ЭЖ) жасайды. Мұнда келесілер көрсетіледі:
- құрылымның принциптік шешімі;
- бұйымның жұмыс принципі көрсетіледі;
- бұйымның  негізгі  параметрлері, габариттері, массасы  жəне  т.б.
анықталады;
- патенттік формуляр құрастырылады;
- техникалық деңгейдің картасы құрастырылады.
Эскиздік жоба  негізінде бұйымның макетті үлгісі жасалуы мүмкін.
Макеттік үлгіні бұйымды жасау үшін сынайды.
Эскиздік  жоба (ЭЖ) негізінде техникалық  жоба (ТЖ) жасалады, онда
көрсетіледі:
- соңғы құрылымдық шешім;
- бұйым  құрылымы  жөнінде  түсінік  пен  оның  бөлек  бөлшектерінің
байланысы;
- техникалық деңгей картасы мен патенттік формулярды тексеру мен қайта
құрастыру;
- бұйымның жаңа макеттік үлгісін жасау мен сынау мүмкіндігі;
Техникалық жоба негізінде бірқатар жұмыс жобаларын жасайды:
Тəжірибелік үлгі немесе тəжірибелік партияға жұмыс құжаттары.

17
Бұл кезде жасайтыны:
- жинау бірліктері мен бөлшектің конфигурациясы;
- машинаның негізгі көрсеткіштерін белгілеу;
- игерушілер, жасаушылар, тұтынушылар, Мемтехқадағалау  мен  еңбекті
жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  өкілдері  қатысуымен  өтетін  сынақтар  үшін
бұйым үлгілерін жасайды;
Құрастыру партиясының жұмыс құжаттары келесі мақсатпен жасалады:
- сынау нəтижелері бойынша құжаттарды тəжірибелік үлгіні дұрыстау жəне
орындаушының  талаптарына  сəйкес  техникалық  құжаттарды  өзгертумен
техникалық процесті жасау.
Бұл  жоба  негізінде  орнату  сериясы  жасалады  жəне  сынақтардан  кейін
жаппай мен сериялық шығару үшін құжаттар дайындалады.
Оның мақсаты:
- құжаттарды дұрыстаудың соңғы кезеңі;
-  бұйымның басты топтамасын жасау мен сынау;
- бұйымды жасау мен оны тұтынушыға жеткізу.
Жұмыс жобасына патенттік формулярлар мен техникалық деңгей карталары
қосылады.
Құжаттардағы (сызба, жазуы) əрбір кезеңнің литері  болады: ТЗ, П,Э,Т,О,А
немесе Б.
Техникалық құжаттардың құрамы.
Өндірістегі  бұйымды  шығару  графиктік, тексттік  құжаттар  сияқты
құрылымдық құжаттар бойынша жүргізіледі.
Графиктік  жəне  тексттік  құжаттар  бөлек  немесе  бірге  бұйымның  құрамы
мен  құрылысын  анықтайды  жəне  оның  игеруге  немесе  жасалуға, бақылауға,
қабылдауға, пайдалану мен жөндеуге қажетті мəліметтерден тұрады.
Графиктік құжаттар былай бөлінеді:
1. Бұйымның  сызбасы – бұйымның  көрінісі мен құрастыру мен бақылауға
арналған басқа да мағлұматтардан тұратын құжат;
2. Жинақ сызбасы (ЖС) – жинақ бірілігінің көрінісі мен оны жинау (жасау)
мен бақылауға арналған басқа да мағлұматтардан тұрады;
Сонымен қатар жинақ сызбаларына гидромонтаждық, пневномомонтаждық
жəне электромонтаждық сызбалар жатады.
3. Жалпы  көрініс  сызбасы (ЖКС) – бұйымның  құрылымын, оның  негізгі
бөлшектердің өзара əсері жəне жұмыс принципін қарастыратын құжат;
4. Теоретикалық сызба (ТС) – бұйымның геометриялық формасы мен оның
жəне бөлшектердің орналасу координаттары көрсетілген құжат;
5. Габариттік сызба (ГС) – габаритті, орнату жəне  қосылыс өлшемдері  бар
контурлық көрінісі бар құжат.
6. Монтаждық сызба (МС) - бұйымның контурлық (қарапайым) сызбасы бар
жəне оны қолдану жерінде құрастыру мағлұматтары бар құжат.
7. Сұлба – бұйымның  бөлшектері  мен  арасындағы  байланыс  шартты
көріністер немесе белгіленулер түрінде көрсетілген құжат.
Бұйымның  тексттік  құрылымдық  құжаттарына  жататындар: түсіндіру
жазуы, кестелер, есептеулер, техникалық  шарттар,  пайдалану  жəне  жөндеу

18
құжаттары, патенттік формуляр, техникалық деңгей жəне сапа картасы, əртүрлі
ведомостер, спецификация – кешеннің  немесе  комплектінің, жинақ  бірлігінің
құрамын анықтайтын құжат.
Бұйымның  негізгі  құрылымдық  құжаты  берілген  бұйымды  жəне  оның
құрамын толықтай анықтайды. Негізігі құрылымдық құжаттарға жататындар:
-бөлшектер үшін - бөлшек сызбасы;
-жинақтар, кешендер жəне жинау бірліктері үшін – спецификация.
Құрылымдық  құжаттардың  негізгі  жинағы  бұйымға  жататын  құрылымдық
құжаттарды біріктіреді, мысалы жинақ сызбасы, сұлба т.б.
   2.1 Бұрғылау жабдықтарын конструкциялаудың принциптері.
Бұрғылау  жабдықтарын  конструкциялаудың  техникалық  негіздері  мен
міндеті.
Конструкциялаудың  негізгі  міндеті – ең  үлкен  экономиялық  тиімділікті
беретін (яғни  ұңғының  бір  метр  тереңдігінің  құны  барынша  аз), бұрғылау
жағдайларына байланысты мұнай мен газ ұңғыларын құрастыру процесстерінің
технологиялық  функцияларын  толық  орындайтын  жəне  ең  жоғарғы  технико-
экономикалық 
пен 
пайдалану 
көрсеткіштерінен 
тұратын 
бұрғылау
жабдықтарын жасау.
Сапаның  басты  көрсеткіші  болып  өндірістік-технологиялық  жəне
пайдалану көрсеткіштері табылады.
Өндірістік-технологиялық  көрсеткіштер – машина  жасаудың  еңбек
мөлшері, металл  мөлшері, конструкциялық  унификациялаудың  дəрежесі (бір
қалыпқа келтіру).
 Пайдаланудың  көрсеткіштері –  өнімділік,  сенімділік, қуат, тиісті  масса,
өлшемдер, жөндеуге  бейімділік, энергияның  меншікті  шығыны, сақталынуы,
қызмет  көрсетудің  қарапайымдылығы  мен  қауіпсіздігі, басқарудың  қолайлы
болуы мен монтаждаудың, демонтаждаудың жəне бұрғылаудың бір нүктесінен
келесісіне апарудың тез орындалуы.
 Жер  бетінің  бұрғылау  жабдықтырын  конструкциялау  кезінде  техникалық
эстетиканың 
талаптарын 
сақтау 
қажет. Бұрғылау 
жабдықтырының
машиналардың  сыртқы  көріністері  қатал  жəне  сұлу  болуы  керек.
Конструкциялау кезінде психологиялық, санитарлы-гигеналық, өртке қарсылық
жəне т.б. нормаларды қатаң сақтау керек.
 Сонымен  бірге  атқаратын  жұмысы  мен  функцияларына  байланысты
жабдықтардың элементтерінің түсі мен үлгісінің ақпараттық ролін ескерудің де
маңызы бар.
  
Машиналардың 
конструкциясын 
жаңартуда,  инженер 
алдыңғы
қолданылған  машинамен  салыстырғанда, жаңа  машинаға  қызмет  көрсетудің
барлық мезгілінде жоғарғы экономикалық тиімділікпен қамтатасыз етуі керек.
  Бұл міндеттің шешіміне əсер ететін негізгі факторлар өнімділігін арттыру,
ұзақ  мерзімділігін  ұзарту  жəне  пайдалану  шығындарын  азайту  болып
табылыды.
 Ұңғыларды  бұрғылаудың  құны  факторлардың  үлкен  санына, мысалға
бұрғылау технологиялық жұмысын ұйымдастыру, климаттық жəне геологиялық
шартттарға жəне т.б. байланысты болады.

19
 Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы тез жетілдіріліп отырады, тіпті ең
жақсы  конструкциялы  бұрғылау  жабдықтыры  мен  тау  жыныстарын  бұзушы
құралдар  тез  ескіреді  жəне  оларды  жаңасымен  ауыстру  қажет. Сонымен  бірге
конструкциялау мен есептеудің əдістері де үздіксіз ізденісте болады, өйткені ол
жаңа берік жəне сенімді жабдықтар жасауға мүмнідік береді.
 Бұрғылау  жабдықтырының  жаңа  конструкциясын  өңдеу,  кейде
тəжірибелік үлгіні жасауға, оларды сынауға, өндірістік серияларды игеруге ұзақ
уақытты талап етеді (3-7 жыл). Сондықтан машина  жасаушылар  тек  бұрғылау
технологиясын дамытудың жолдарын қарастырып қана қоймай, сонымен бірге
көптеген  себептерге  тəуелді, жаңа  жабдықтарды  жасауды  жылдамдатудың
əдістерін ісдестірулері керек.
 
2.2  Бұрғылау  жабдықтарын  конструкциялаудың  экономиялық
негіздері.
 Конструкциялау  кезінде  экономикалық  тиімділікті  арттыру  бірінші
дəрежелі  орын  алуы  керек. Бұрғылау  жабдықтарын  жасаушы  зауыттарда
жабдықтарды  жасаудың  құнын  азайту  мақсатында  арзан  материалдарды  жəне
өңдеудің  қарапайым  əдістерін  қолданады. Бірақ  олар  басты  экономиялық
тиімділік  өнімділік  пен  жабдықтардың  барлық  жұмыс  істеу  мезгіліне  кететін
пайдалану шығындарының жиынтығымен анықталынатынын ұмытып кетеді.
 Жабдықтардың  амортизациясының  құны  ұңғыны  өткізуге  кеткен
шығынның жалпы жиынтығының шамалы бөлігін құрайды, ал апат пен тоқтап
тұрудың салдарынан болатын шығын  жабдықтың құнын көп  есеге  арттырады,
мысалға, бір бұрғылау құбырының немесе оның құлпының нашар жасалуынан
болған  апат  соңдай  оншақты  құбырлар  мен  құлыптардан  тұратын, барлық,
бұрғылау тізбегінің құнын көтсететін шығынға əкеліп соғады.
 Бұрғылау жабдықтарын конструкциялау экономиялық бағытталған болып
табылады:
 -  экономиялық тиімділігін анықтайтын барлық кешен факторларын ескеру
қажет;
 - конструктор  əртүрлі  факторлардың  тиісті  мағаналарын  бағалай  білуі
тиіс.
 Факторлардың жалпы құнын ескермейтін жеке экономия, əдетте бұрғылау
жабдықтарының экономиялығын төмендетеді.
 2.3 Бұрғылау қондырғысының пайдалы берілісі.
 Қондырғыны пайдаланғандағы пайдалы беріліс немесе суммарық пайдалы
тиімділік  бұрғылау  жабдықтарымен  бұрғыланған  барлық  метрлер  санының
уақыт  бірлігінде  алғандағы  құны  немесе  қондырғының  жұмыс  істеу
уақытындағы барлық өткізілген ұңғыларды бұрғылау құнымен өрнектеледі.
 Пайдалы  берілістің  шегі  бұрғылау  жабдықтарының  өнімділігіне
байланысты болады, яғни уақыт бірлігінде алынған бұрғыланған метрлер саны
мен 1м  бұрғыланған  ұңғы  құны. Пайдалы  беріліс  сонымен  бірге  көптеген
факторлармен  де  анықталынады: бұрғылаудың  техникалық  əдістері, бұрғылау
бригадасы  мен  монтаждау, демонтаждау  жəне  жабдықтарды  əкелу, тасмалдау
бойынша мамандардың біліктілігі.
  
Монтаждауға,  демонтаждауға  тасмалдауға  жəне  бұрғылауды  күтуге

20
кететін уақыттарды азайту қондырғының пайдалы берілісін бірден арттырады.
  Негізінде  пайдалы  берілісті  арттырудың  міндеттерін  конструктивті  жəне
ұйымдық  шаралармен  шешу  керек. Бұрғылау  қондырғылары  тек  бұрғылау
технологиясының шын мəніндегі талаптарымен ғана емес, сонымен бірге оның
жақын  келешектегі  даму  жетістіктеріне  де  сəйкестендірілген, көтеру  жəне
сорапты кешендерді қажетті қуатпен қамтамасыз етуі керек.
  Бұрғылау жабдықтарының өнімділігін арттыратын негізі факторлар:
- бұрғылау технологиясының талаптарына сай бұрғылау сопаптарының
берілісі мен қысымы;
- бұрғылау  тізбегін  түсіру  жəне  көтеру  жылдамдығы  мен  қуатының
қабылдалған нормаларға сəйкес болуы;
- бұрғылау технологиясын бақылау мен басқаруда автоматтандырылған
əдістерді қолдану;
-  қашауға  жүтеме  мен  айнау  жиілігін  қажетті  мөлшерде  беру
мүмкіндігі;
- бұрғылау  қондырғысын  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  əкелуді
жылдамдату (мысылға  бұрғылау  қондырғысын  жаңа  нүктеге
жинақталған  түрде  немесе  ірі  блоктармен  тасмалдау  осы  жұмыстың
уақытын он есе азайтады);
- қашауға үлкен гидравликадық қуат беру арқылы бұрғылауға көшу;
-  қашаудың  өтуін  арттыру  жəне  түсіріп-көтеру  операциясының
уақытын қысқарту жəне т.б.
  Жаңа  конструкцияның  ескісімен  салыстырғандағы  тиімділігін  бағалау
үшін  көрсекіштерінің  қатарын  қолдануға  болады, бағалайтын  қатарларды
сипаттайтын, жалпы көрсеткіштер:
n
n
c
k
c
k
c
k
R
+
+
=
...
2
2
1
1
0
,                                              (2.1)
Мұндағы
n
k
k
k
,...
,
2
1
- бағасына əсерін тигізетін, машиналардың қасиеттері;
n
c
c
c
,...
,
2
1
- əр бір қасиетке қатысты ерекшеліктерді сипаттайтын, коэффициент.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал