Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5.03 Kb.

бет13/13
Дата13.05.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

15.6 Ротордың есептеуі
Ротордың  шыдам  мерзімі  негізінен  əсер  етуші  жүктемелердің  шамасына,
оның  жасалыну  сапасы  мен  конструкциясына, подшипниктер  мен  тісті
берілістердің монтажына қатысты болады.
Конустық  тісті  дөңгелек  берілісі  спиральді  немесе  иілу  бұрышы
C
0
10
£
b
қисық тісті болып жасалшынады.
Конустық  берілістің  қоршау  жылдамдығы 15-20 м/с  жəне  одан  жоғарыға
жететіндіктен, беріліс  дəлдіктің  үшінші  сыныбынан  кем  етілмей  жасалынады.
Роторлаларда  əдетте  беріліс  қатынасы
5
5
,
2
¸
=
и
. Жетектегі  дөңгелектің
өлшемдері  ротор  үстелінің  кіру  саңылауының  диаметріне  конструктивті
анықталынатын болғандықтан, оның тістер саны беріліс қатынасы мен есептеу
жолымен  алынған  модулге  байланысты  таңдап  алынады. Конустық  жұптың
модулі əдетте 12-16 тең.
Конустық  беріліс  үшін  тісті  дөңгелектің  ені
2
.
0
6
£
Е, мұндағы  Е-конусты
дисстанция; шестернаның  ені 6(0,15
¸
0,2) А, мұндағы  А-берілістің  орталық
аралық ара қашықтығы.
Жетекші  біліктің  тірегіне  роликті  подшипниктердің  барлық  түрлері  дерлік
қолданылады. Ең  көп  жүктелген  радиалді  күш  болып, жетекші  конустық
дөңгелекке  қондырылған  подшипниктер  болып  табылады. Конустық
подшипниктерді  қолданылғанда  жетекші  білікті  стақанда  жинақтайды, жəне
конустық  берілісті  реттеуді  іске  асыру  қажет. Реттеуді  əдетте  стақан  фланеці
мен  қақпақтың  арасына  қойылған  жұқа  металл  пластиналар  жинағымен  іске
асырады.
Тірекке  əсер  ететін  жүктемелер  машиналар  бөлшектерінде  жалпы
қолданылатын əдістермен анықталынады.
Ротор үстелі тірегінің өлшемдері ротор тесігінің диаметрлеріне байланысты
конструктивті  таңдалады, ал  шарлар  саны  мен  олардың  диаметрі-əсер  етуші
жүктемелердің мөлшеріне байланысты алынады. Подшипниктердің ұзақ уақыт
жарамдылығы  подшипникке  əсер  етуші, шартты  жүктемені  табатын
эквиваленті жүктемемен анықталынады.
Роторлар үшін динамикалық коэффициент
5
.
2
2
1
¸
=
R
.
ЛБУ-1400 бұрғылау шығырының білігін жетектеу кезіндегі ротор үстелінің
айналу жиілігін анықтау.
Ротор  трансмиссиясындағы  шығырының  жетекші  шынжырлы  дөңгелегінің
тістер саны
27
=
бз
z
.
Осы дөңгелектің айналу жиілігі (айн./мин):
- 1-ші жылдамдықта
211
1
=
n
,
- 2-ші жылдамдықта
324
2
=
n
,

114
- 3-ші жылдамдықта
513
3
=
n
.
Осыған сəйкес ротор үстелінің айналу жиілігі (айн./мин) болады:
P
B
p
з
б
i
pi
u
z
z
n
n
.
.
=
,                                                  (15.11)
мұнда
pb
Z
=ротор  білігіндегі  жұлдызды  тістердің  саны .
р
и
=2,76 – ротордың
конустық берілісінің берілістік қатынасы;
98
76
.
2
21
27
211
1
=
×
×
=
p
n
айн/мин.
Трансмиссялық біліктегі жұлдызшаның айналу жиілігіне сəйкес ауыстырып
2
p
n
 жəне
3
p
n
 табуға болады.
151
76
.
2
21
27
324
2
=
×
×
=
p
n
 айн./мин.
238
76
.
2
21
27
513
3
×
×
=
p
n
 айн./мин.
15.7 Роторды жобалаудың ережелері
Роторды  жобалау  барлық  күштілік  механизмдер  мен  бұрғылау
қондырғысының  тораптарының  тұтас  жобалануымен  толығымен  сəйкес
болады, ал  оның  конструксиясы  ұңғы  конструксиясына  тəуелді  болады.Ұңғы
тереңдігі, бұрғылау жəне шегендеу тізбегінің конструкциясы, олардың диамерті
мен  бағыттауыш  жəне  конструктор  диаметрі, роторды  жобалау  үшін  берілген
мəндері болып табылады.
Ұңғылар  констукциясы  бойынша  қашаудың  максималь  диаметрі
тағайындалады. Ол ротор үстеліндегі тесікті анықтайды.
Үстелдің  айналу  жиілігі  мен  жылдамдық  саны, ұңғының  апаттан
сақтандыру жұмыстарына қойылатын талапрарды ескеретін, бұрғылау əдісінен
есептелініп  алынады. Əдетте ротор  үстелінің минимальді айналу  жиілігі  мына
аралықта n =15÷60 айн/мин алынады.
 Берілген  мəндерді  анықтағаннан  соң, ротор  есебі  келесі  сүлбе  бойынша
орындалынады:
- бұрғыланушы  ұңғының  шегендеуші  жəне  бұрғылау  тізбектерінің
салмағын, яғни ротор үстелі тірегінің есептік жүктеуін анықтайды;
- ротор жетегінің қуатын анықтайды;
- айналудың киниматикалық жəне конструктивті сұлбасы белгілейді;
- тиісті берілістің есебін шығарады;
- негізгі  подшипникті  тіректі  есептейді  жəне  есеп  бойынша  оның
подшипнигін таңдайды;
- біліктер  мен  подшипниктерді  төзімділік  пен  ұзақ  тұрақтылыққа
есептеуінің  тексерілген  нəтижелері  бойынша  олардың  негізгі  өлшемдері
іріктелініп алынады;
- шынжырлы жəне карданды берілістері, муфталарды, шпонкаларды немесе
шлицті  байланыстырды  жəне  ротор  мен  жетекші  айналдырушы  басқа
бөлшектерді есептейді;
- корпус  бөлшектерінің  параметірлерін, сонымен  бірге  олардың  мұнара

115
түбімен өз ара бектілу бөлшектерін анықтайды;
- ротор  үстелінен, жетекші  құбырға  айналу  моментін  беретін  қаптаманың
есептейді
15. 8 Ротордың күштік есебі
Ротор жетегінің куаты, бұрғылау тізбегі мен ротордың жерүсті тораптарын
айналдыруға қажетті қуаттардың суммасымен анықталады.
Бұрғылау  тізбегін  айналдыруға  қажетті  қуатты  есептеуде, оны  түпті  бұзу
мен  қашауды  айналдыру  жəне  бұрғылау  құбыры  тізбектерін  айналдыруға
кажетті  қуатты  есептеуде, оны  түпті  бұзу  мен  қашауды  айналдыру  жəне
бүрғылау құбыры тізбектерін айналдыруға қажетті қуатқа жатқызады.
 П.И. Шумилов  айналдырғыштың  жер  үсті  тораптары  мен  бұрғылау
құбырылары тізбегінің айналдыру қуатын біріктірді.
Тəжіребелік  зерттеулерді  негізге  ала  отырып  оны  анықтауға  мына
формуланы ұсынды:
                               N= n
n·10
2
-
 (2,2+ 16d
2
Lρ) ,                               (15.12)
мұнда n - бұрғылау  тізбегінің  айналу  жиілігі, айн/мин; d - бұрғылау
құбырының  сыртқы  диаметрі, см; L - бұрғылау  тізбегінің  ұзындығы, м; ρ  -
бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы,г/см
3
.
Бұрғылау  тізбегінің  бос (зая) айналуына  жұмсалынатын  қуатты  мына
формуламен [16] анықталынады:
                                             N=D
c
 С
2
Lρп,                                              (15.13)
мұндағы  С - ұңғының  иілу  дəрежесін  ескеретін  коэффицент, 8.7-кестеден
алынады;
D
с
-бұрғылау тізбегінің сыртқы диаметрі;
L   - бұрғылау тізбегінің ұзындығы;
ρ  - бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы;
n  - бұрғылау тізбегінің айналу жиілігі.
                                                                                     15.1-кесте
Ұңғының иілу дəрежесін ескеретін коэффицент
Иілу
бұрышы,
град.
3-5
6-9
10-16
18-25
26-35
10
5
·С
22,7
34,1
37,7
44,1
49,9
  Бұрғылау  ерітіндісінің  тығыздығы  қатынас  бойынша  ұңғы  тереңдігінің
үлкейуіне байланысты өседі,
                                             ρ=0,351gL+1,45.                                            (15.14)
Тау  жыныстарын  бұзуға  қажетті, шарошкалар  қашаулар  мен  бұрғылаған
кездей қуаттың максималь мəні мына формуламен анықталынады:
N=7·10
5
-
D
k
P
k
n,                                            (15.15)
мұнда D
k
- қашау диаметрі, м; P
k
-қашаудың өстік диаметрі, м; п - қашаудың
айналу жиігі, айн/мин.

116
Қашау  диаметрі  ұңғы  тереңдігіне  тиісті  берілістің  негізгі  өлшемдердің
анықтағаннан соң, тістердің жанасу төзімділігін (С, МПа) тексеру жүргізіледі,
                                       С=2M
1
max
(i
21
+1)K
K
/Bd
2
i
21
,                               (15.16)
мұнда K
K
- жанасу  төзімділігі  бойынша  жүктеу  коэффициенті, HRK<40
болғанда K
K
=1,2; HRС<40 болғанда K
K
=(1÷2).
(С) жанасу төзімділігі коэффициеті 1÷2 МПа тең жəне тістердің қаттылығын
НRC>56 болғанда, оның шектік мəні [С]=9,5 МПа болуы керек.
Тісті  доңғалақ  ротордың  қуыс  білігіне  тығыздалып  отырғызылады  жəне
шпонкалармен  бекітілмейді. Жүрдек  біліктің  тісті  доңғалағы  білікке
тығыздалынады, бірақ қосымша шпонкалармен бекітіледі.
 Бұрғылау  тізбегін  айналдыруға  кететін  үлкен  куатта, ротор  үстелінің
айналдыру  жылдамдылығы  15÷30 м/с  құрайтынын  ескеру  кажет. Сондықтан
тісті  доңғалақ  модулі 12÷16 мм  болғанда, тісті  доңғалақтарды 3-сынып
бойынша  жасау  ұсынылады, тісті  доңғалақтың беткі қабатының  қатаңдығы 45
НRC-тен аз болмауы керек.
15.9 Ротордың негізгі мойынтіректі тірегін есептеу
МЕСТ  18854-82 жəне  МЕСТ 18855-82 байланысты  мойынтіректерді
динамикалық  жүккөтергіштік  бойынша  есептейді  жəне  олардың  номинальді
ұзақ ғұмырлығын анықтайды.
Номинальді  ұзақғұмырлық (L) млн. айналымымен  немесе (L
h
) сағатпен
эквиваленті  жүктеу  (Р) жəне  подшипниктің  динамикалық  жүккотергіштігі
бойынша мына формуламен анықталынады:
                                  L=(C/P)
R
жəне L
h
=10
6
L/60
n
                                   (15.17)
мұнда  Р=3 шарикті  подшипниктер  үшін; n-ротор  үстелінің  айналу  жиілігі,
мин
1
-
.
Роторлардың  негізгі  тіректерінде  шариктердің  диаметрі  25,4 мм-ден
жоғары  арнайы  родиальді  мойынтіректер  қолданылады. Мойынтіректердің
динамикалық жүккөтергіштігі мына формуламен анықталынады:
                                С=f
с
 (cosβ)
0,7
· tgβ·z
2/3
· 3,647 Д
ш
4
,
1
                                (15.18)
мұнда f
с
 – мойынтіректердің  бөлшектерінің  геометриясына, олардың
жасалуына дəлдіктерінің жəне материалдарына тəуелді коэффициент.
β=45
0
 жəне Д
ш
cosβ/d
ш
=0,4 қатынасы кезінде f
с
 =6,45;
β-шариктер  жанасу  алқабы  мен  сыртқы  сақинаның  тербелу  жолы  жəне
перпендикуляр  жазықтықтың  мойынтірек  өсі  арасындағы  номинальді  жанасу
бұрышы; z - шариктер  саны; Д
ш
- шариктер  диаметрі, мм; d
ш
- шариктердің
ортасы арқылы өсетін тетіктің диаметрі, мм.
Эквивалентті  жүктеу, яғни  мойынтіректі  ішкі  сақинамен  айналдыруда
тіркеген  кездегі  жүктеу, мойынтіректі  шын  мəніндегі  жүктеу  кезіндегідей
ұзақғұмырлықпен қамтамасыз етеді жəне мына формуламен анықталады:
                                      P=(ΧVF
r
+YF
a
)K
s
K
t
,                                            (15.19)
мұнда Х - радиальді  жүктеу  коэффициенті,
β=45
0
  болғанда  радиальді
подшипниктер  үшін  Х =0,66; V- айналу  коэффициенті, ішкі  сақинамен
айналдыру кезінде V =1; F
r
= В – ротордың негізгі тірегі үшін радиальді жүктеу;

117
Y- өстік  жүктеу  коэффициенті; F
a
Р
0
 – ротор  үшін  өстік  жүгі  Н; К
σ
  –
қаупсіздік  коэффициенті, роторды  жүктеу  шарттары  үшін  К
б
=2,5÷3; K
t
=1,1 –
температуралық  коэффициент, мойынтіректі  жұмысшы  температураға  дейін
қыздырған кезде t=150
0
C.
Роторды  есептеуге  арналған  эквивалентті  жүктеудің  формуласын  мына
түрде өрнектеуге болады:
                                          Р=2,178 В+3,3 Р
0
.                                              (15.20)
Егер  ұзақғұмырлықтың  есептік  мəні  мүмкіндігінен  кем, яғни L
h
< [L
h
]
болса, онда  мойынтіректің  өлшемдерін  үлкейту  арқылы  оның  динамикалық
жүккөтергіштігін арттыру керек.
Ротор  тірегі  эквивалентті  жүктеуге  есептелуден  басқа  статикалық
жүккөтергіштікке де есептелінуі керек, яғни 0,0001· Д
ш
-ға . Тең  шариктермен
сақинаның  қалдық  деформациясын  тудыратын  жүктеуге. Мойынтіректің
статикалық жүккөтергіштігін мына формуламен анықталады:
                                        С
0
=50zД
2
ш
sinβ>P
0
                                          (15.21)
 15.10 Ротордың  тұлға бөлшектерін жобалау
Бұрғылау  қондырғыларының, соның  ішінде  ротордың  тұлға  бөлшектері
əдетте құймамен  жасалынғандықтан жəне  конфигурацияларының  күрделігінен
оларды  есептеу  қиын. Жобалау  кезінде  конструктордың  артықшылығы
маңызды  фактор болып  табылады. Конструкторлы артықшылық –бұл  жобалау
кезіндегі берілген пішіннің алдыңғы тəжіриебесін, қолданылған конструкцияда
болған барлық пайдалы жобаларды енгізуді пайдалану.
Жобалаудың  жалпы  ережелеріне  қаныққан  соң, роторды  жобалау  кезінде
бөлшектердің  қимасынан  тəуелді  болатын  конструкцияның  қаттылығын
арттыруға  ұмтылу  керек, сондықтан  ротор  тұлғасы 15...30 мм [11] аралықта
белгілеуге болады.
Құйма  бөлшектер  беріктіктің  төмендеуі  мен  құйманың  əр  түрлі
механикалық  қасиеттермен, кернеу  мен  дефектірлер  пайда  болуға
бейімділігімен сипатталынады.
Ротор тұлғасының  қимасы қорапшалы болғандықтан, қабықшалы, сфералы
пішінде қолдану жəне олардың бедірлеу ұсынады, сонымен бірге майысу жəне
созылу деформациясын болдырмау керек.
Ротордың  үлкен  габаритті  өлшемдерін  ескеріп, олардың  тұлғасын  үлкен
габаритті  құймалардың  жобалаудың  кең  тараған  жəне  жалғыз  əдісімен
жасайды. Құйма  жасаудан  дəлдігі  құйма  қоспаларының  қасиеттері  мен
номинальді өлшемдердің ауытқуына тəуелді болады жəне орташа 7% , ал кедір-
бұдырлық параметірлері   R
Z
=40 мкм жетеді.
Құйма  бөлшектер  қабырғасындағы  кристалдану  шарттарының  əр  түрлі
болуынан,көлденең  қимада  беріктіктері  бірдей  болмайды  жəне  металдың
максимальді беріктігі қабаттың үстіне болады.
Құйма  қабырғасының  орта  бөлігі  ақырын  суыйды  жəне  қабырға  неғұрлым
массивті болса, өзекше мен қабыршықтар арасындағы беріктікке айырмашылық
соғұрлым жиі болады.
Сондықтан  қабырға  қалыңдығын  көбейту  құйма  беріктігін  арттыруға

118
пропорциональ келмейді.
Ротор  тұлғасын  жобалау  кезінде  құйма  қабырғасының  барынша  азайтып
орындайды. Қажетті беріктік жəне қаттылықпен шығыңқы, күмбез жерлер жəне
сол сияқты пішіндер беру мен бедірлеу арқылы қамтамасыз етуге болады.
Жобалау  процессінде  құйма  пішінінің  қуысына  қарай  бағытталған  жəне
перпендикуляр орналасқан, шұңқыр жəне шығыңқы жерлерді болдырмау керек.
Сонымен  бірге  ротор  тұлғасын  жобалау  кезінде  пішіндік  еңістерді  арттырған
конструкторларды  еңістерді  ескеру  керек, біреқ  стандартты  конструкторлы
еңістерді ұстап тұрудың қажеті жок.
Қабырғадан  қабырғаға  өтуді  галтелдермен  жəне  өтудің  максимальді
радиусы  қолданумен  орындауға  болады. Ротор  қабырғаларын  əдеттегідей
жалғау кезінде жалғастыру радиусын қабырға қалаңдығынан 1,5....2 кем етпей
(8.23-сурет) немесе  жазылғандардың  ішінен  біреуін (а), əртүрлі  орталықтар,
əйтпесе  əр  түрлі  орталықтан  таңдап  алынған  жалғастыру  радиусын  алу
ұсынылады. Қаттылықты  көтеру  үшін  кейде  жалғау  кезінде  ішкі  бедер (в)
қондырылады.
Тұйықталған  бұрышпен  жалғасқан  қабырғалар R=(50-100)S радиусымен
байланыстырылады, мүндағы (S) – құйма  қабырғасының  қалыңдығы. Тұлға
қабырғаларын  тік  бұрышты  жалғастырудан  сақтану  қажет. Т-үлгісіндегі
жалғауда  жалғастыру  радиусы  R=(0,5-1,0)S
0
 (8.23-сурет), мұндағы S
0
  -
жалғанатын беттер қалыңдықтарының орташа арифметикалық мəні.
Бобышкалар  қабырғаларымен  пішінді  жобада R=29 радиусымен  немесе
қаттылық  қабырғасының  күштеуімен 1:1-ге  дейінгі  еніспен  жалғанады, ал
жоспарлы  жобада  жалғану  Р=(3-5)S радиусымен  орындалады. Жалғану
радиусының  аз  ғана  өзгеруі  құйма  сапасынан  аз  əсерін  тигізгендіктен,
радиустарды бір ыңғайлау жəне бүтін санға дейін дөңгелектеу ұсынылады.
Бөлшектер  сызбасында  көрінбейтін  радиустар  техникалық  талаптарда
15.4-сурет. Қатаңдық қабырғаларының максималь
салыстырмалы қадамын анықтау графигі

119
«көрсетілмеген радиустар Rмм» деген жазумен көрсетеді.
Ротор  тұлғасының  беріктігі  мен  қаттылығын  арттыру  үшін  бедірлеуді
қолдану керек.
Беріктігі  бойынша  жоғарғы  бөлігі  қалыңдатылған  бульболы  жəне  таврлы
бедрлер ұтымды. Бедірдің жоғарғы бөлігінде радиусы R=0,5S галтелдер болуы
мідетті.
Сыртқы бедір қалыңдығын əдетте 0,6S-ке ал ішкісін 0,5S-ке тең етіп алады,
мұндағы S-бөлшек қабырғасының қалыңдығы.
Бөлшек  қабырғаларының  қималарына  қатысты  аз, қысқа, жіңішке  жəне
сирек  қойылған  бедірлер  ротор  тұлғасының  қаттылығын  арттырғанымен,
беріктігін  төмендетеді. Бөлшектің  беріктігін  əлсіретпейтін, максималь  қадам
мына формула бойынша анықталынады,
                                                    Т=2S
cp
(h/S)
2
,                                           (15.22)
Мұнда S
cp
- бедірдің орташа қалыңдығы, мм; h - бедірдің орташа биіктігі, мм;
S- қабырға қалыңдығы, мм.
Бедердің  максималь  салыстырмалы  қадамын h/S
cp
(15.4-сурет) графикпен
анықтауға болады.
Бедірлерді  қаттылық  түйіндеріне –қабырға  бағыты  өзгерген  түйіндер  мен
бекіту түйіндеріне жүргізген дұрыс.
Ротор тұлғасын беті механикалық өңделген жəне өңдалмеген остов ретінде
қарастыруымызға  болады. Тұлғаны  жобалау  кезінде  белгілі  ережелерді  сақтау
керек.
Құйма  бөлшектерді  жасау  кезінде, құйма  жасаудың  дəлдік  сыныбы  оның
өлшемдеріне  тəуелді, өңделмеген беттердің араласуы (t) шамада болуы мүмкін.
Сондықтан  өңделген  беттер, өңделмеген  беттерден  осы (t) шамасында
жоғары орналасуы керек.
Тереңдетілген өңделген беттер, өңделмеген беттерден (t) шамасында төмен
орналасуы қажет.
Өңделген  бетке  тиісті  қабырға  қалыңдығы, конструкторлық  қажеттіден (t)
шамасында үлкен болуы керек.
Жапсардың  перпендикуляр  жазықтығының  бетін, оның  жанасу  жиегін
көрсету үшін, (t) ұзындықтан кем етпей орындау керек.
(t) шамасын табу үшін ? суреттегі графикті қолдануға болады
Бобышка  қабырғаларының  қалыңдығын S=as  қатынасынан  анықтайды,
мұндағы s – құйма  қабығасының  орташа  қалындығы; а=(1,5;1,7;1,8)-
коэффициент, дəлдіктің  бірінші, екінші  жəне  үшінші  сыныбына  сəйкестеліп
табылған.
      Нег.: 1, 2.
      Қос.: 27.
      Бақылау сұрақтары:
1. Бұрғылау қондырғысының құрылымы мен жұмысы.
2. Роторлардың негізгі параметрлері.
3. Ротордың жұмысшы элементтерін есептеу.
4. Ротордың  тұлға бөлшектерін жобалау.

120
2.3
Семинар сабақтарының жоспары
     №1-тəжірибелік сабақ. «Көтеріп-түсіру элементтерін есептеу»
      Тапсырма:
1. Ілмекті көтерудің орташа механикалық жылдамдығын анықтау.
2. Көтеру жүйесінің кинематикалық параметрлерін анықтау.
     Əдістемелік ұсыныстар:
     Бұрғылау тізбектерін түсіру жəне көтеруге арналған кешендерді жобалау.
     Нег. 4 [188-215]
№2-тəжірибелік сабақ. «Ұңғы конструкциясын есептеу»
      Тапсырма:
1. Пайдалану  тізбегіне  арналған  бұрғылаулардағы  қашау  диаметрін
таңдау.
2. Шегендеу құбырлары мен қашауларды таңдау.
3. Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау.
      Əдістемелік ұсыныстар:
     Нег. 1[50-55] ; 2 [300-320]
№3-тəжірибелік сабақ. «Тəл жүйесін есептеу»
     Тапсырма:
1. Кронблоктар мен тəл блоктарының жұмысшы элементтерін беріктікке
есептеу.
2. Тəл жүйесінің шкивтер мойынтректерін ұзақмерзімділікке есептеу.
     Əдістемелік ұсыныстар:
     Нег. 4 [249-256]
№4-тəжірибелік сабақ. «Бұрғылау шығырын жəне оның элементтерін
есептеу»
     Тапсырма:
1. Бұрғылау шығырларының кинематикалық сұлбасын игеру.
2. Бұрғылау шығырының біліктері мен барабандарын есептеу:
- көтеру білігін беріктік пен шыдамдылыққа есептеу;
- барабан өлшемдерін таңдау,
- барабан бөшкесінің қабырға қалыңдығын анықтау.
     Əдістемелік ұсыныстар:
     Нег. 4 [262-279]
№5-тəжірибелік сабақ. «Бұрғылау сорабын жəне оның элементтерін
есептеу»
     Тапсырма:
1. Бұрғылау  сорабының  кинематикалық  жəне  принциптік  сұлбасын
игеру.
2. Бұрғылау сораптарының жұмысшы элемттерін есептеу:
- сораптардың қуаты мен П.Ə.К. анықтау;

121
- сораптың гидравликалық бөлігінің негізгі өлшемдерін анықтау;
- сораптың трансмиссиялық бөлігінің негізгі элементтерін есептеу.
     Əдістемелік ұсыныстар:
     Нег. 4 [371-393], 2 [250-270]
№6-тəжірибелік сабақ. «Бұрғылау ұршығын жəне оның элементтерін
беріктікке есептеу»
     Тапсырма:
1. Ұршықтың мойынтрегін беріктікке есептеу.
2. Ұршықтың оқпанын беріктікке есептеу.
3. Ұршықтың штропын беріктікке есептеу.
     Əдістемелік ұсыныстар:
      Нег. 1 [272-289]
№7-тəжірибелік сабақ. «Бұрғылау роторын жəне оның элементтерін беріктікке
есептеу»
     Тапсырма:
1. Ротор  столының айналу санын анықтау.
2. Ротордың жылдам жүрісті білігін  беріктікке есептеу.
3. Ротор  столының  жəне  жылдам  жүрісті  білігінің  мойынтіректерін
беріктікке есептеу
     Əдістемелік ұсыныстар:
      Нег. 1 [290-328],
РЖ
2.4
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мазмұны
    Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – бұл берілген  тапсырмаларды өз
бетінше  шешуге, танымдық  əрекетке  қызығушылықты  қалыптастыруға  жəне
мамандықтың  нақты  саласыныа  байланысты  білімін  толықтыруға  бағытталған
оқу жүктемесінің ерекше түрі.
  
СӨЖ  мақсаты  мен  міндеттері  дəрістік  курстағы  жəне  өзіндік
дайындығында  алған  теориялық  білімдерін  толықтыру  жəне  меңгеру  болып
табылады.
1. Дəрістер курсымен жұмыс істеу (15 сағат);
2. Тəжірибе  сабақтарына  дайындалу, есептерді  дайындау, қорғауға
дайындалу (10 сағат);
3. Аралық бақылауға дайындалу (2 сағат);
4. Курстық жұмысты орындау (15 сағат);
5. Қорытынды бақылауға дайындалу (3 сағат).
2.5  Студенттердің оқытушы басшылығымен (СОӨЖ) жүргізілетін
өзіндік жұмыстарының мазмұны
     2.5.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен (СОӨЖ) жүргізілетін
өзіндік жұмыстарының мазмұны (дəрісханалық) – 15 сағат

122
         
СОӨЖ (дəр.) мазмұны  болып  келетіндер – семестрлік  тақырыптар  жəне
олардың  бақылау  сұрақтары  бойынша  тестік  немесе  экспресс – сұрақтар,
сондай-ақ модульдер жəне тақырыптар бойынша есептер шығару.
1-сабақ (2 сағат)
1.   1.1- тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.   «Бұрғылау  тізбегі  конструкциясын  жобалау  жəне  беріктікке  есептеу»
тақырыбына есептер шығару.
2-сабақ (2 сағат)
1.   1.2- тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.   «Бұрғылау  тізбегі  конструкциясын  жобалау  жəне  беріктікке  есептеу»
тақырыбына есептер шығару.
3-сабақ (2 сағат)
1.    2.1- тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.    Бұрғылау  қондырғылары  жабдықтарының  компоновкалу  əдісі  мен
сұлбасын оқып үйрену.
4-сабақ (2 сағат)
1.    2.2 - тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.    Бұрғылау  қондырғылары  жабдықтарының  компоновкалу  əдісі  мен
сұлбасын оқып үйрену.
5-сабақ (2 сағат)
1.   3.1- тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
        
2.  Бұрғылау  қондырғыларының  жұмыс  режимдері  жəне  əсер  ететін
жүктемелер.
6-сабақ (2 сағат)
1.  3.2- тақырыбы  жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша  тестік немесе
экспресс сұрау.
      
2.  Бұрғылау  қондырғыларының  жұмыс  режимдері  жəне  əсер  ететін
жүктемелер.
      7-сабақ (2 сағат)
1.  4.1-  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.  Ротор элементтерін беріктікке есептеу.
  8-сабақ (2 сағат)
1.  5.1 - тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.   Ұршық  бөлшектерін  есептеу. Ұршық  оқпанын  статикалық  беріктікке
жəне шаршауға қарсылыққа есептеу.
 9-сабақ (2 сағат)
1.  5.2 - тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.

123
 2. Кронблокты  беріктікке  есептеу  жəне  конструкциялау. Жүктемелерді
анықтау. Тəлді жүйеге болат арқандарды таңдау. Арқан конструкциясы.
 10 –сабақ (2 сағат)
       1.  6.1-  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.  Бұрғылау шығырын жəне оның элементтерін есептеу.
11 –сабақ (2 сағат)
       1.  6.2 - тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
        2.      Бұрғылау сораптары мен олардың элементтерін  есептеу.
 12 –сабақ (2 сағат)
 1.  7.1 - тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.    Бұрғылау сорабының трансмиссиялық бөлігінің элементтерін есептеу.
 13 –сабақ (2 сағат)
1.  7.2-  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша тестік немесе
экспресс сұрау.
2.   Бұрғылау мұнаралары мен олардың параметрлерін есептеу.
 14 –сабақ (2 сағат)
1. 8 - тақырып  жəне  ондағы  бақылау  сұрақтары  бойынша  тестік  немесе
экспресс сұрау.
2.   Мұнараға əсер ететін жүктемелерді есептеу.
 15 –сабақ (2 сағат)
№1, 2 – модулдер бойынша сұрақтарды еске алып, қайталау.
         2.5.2 Студенттердің оқытушы басшылығымен (СОӨЖ) жүргізілетін
өзіндік жұмыстарының мазмұны (офис) – 45 сағат
        
СОӨЖ (офис) мазмұны  болып  келетіндер – семестрлік  тақырыптар  жəне
өзіндік  жұмыстары, тақырыптар  бойынша  кеңестер  жəне  өзіндік  жұмыстарды
қабылдау.
 1.   Мамандық  саласына  сəйкес  еліміздің, шет  елдерде  мұнай  жəне  газды
өндіруе, дайындауда мұнай  жəне газ ұңғыларын бұрғылауда, мұнай мен газды
тасмалдау 
мен 
сақтауда «Бұрғылау 
жабдықтарын 
есептеу 
жəне
конструкциялау» пəнінен  алған  білімдерді  ары  қарай  дамыту, толықтыруға
кеңестер. (1 сағат)
 2.  1.1 тақырыбы  жəне  ондағы  бақылау  сұрақтары  бойынша  кеңес  беру.
(2 сағат)
 3.  №1 – тəжірибелік жұмыс бойынша кеңес беру жəне жұмысты қабылдау.
(1 сағат)
        4.  Курстық   жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
 5. 1.2 тақырыбы  жəне  ондағы  бақылау  сұрақтары  бойынша  кеңес  беру.
(2 сағат)
 6.  №2 – тəжірибелік жұмыс бойынша кеңес беру жəне жұмысты қабылдау.
(1 сағат)

124
         
7.  Курстық  жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
 8. 2.1 тақырыбы  жəне  ондағы  бақылау  сұрақтары  бойынша  кеңес  беру.
(2 сағат)
 9.   №3 – тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау. (1 сағат)
         
10.    Курстық  жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
 11.   2.2 тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         
12.  №4  –  тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау. (1 сағат)
         
13.    Курстық  жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
 14.  3.1 тақырыбы  жəне ондағы  бақылау сұрақтары  бойынша кеңес  беру.
(2 сағат)
         
15.  №5–  тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау. (1 сағат)
         
16.    Курстық  жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
         17.  3.2 тақырыбы жəне  ондағы  бақылау сұрақтары  бойынша  кеңес  беру.
(2 сағат)
         
18.  №6–  тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау. (1 сағат)
         
19.    Курстық  жұмыс   бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмыстарды  қабылдау.
(1 сағат)
         20.    4.1 тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         
21.  №7–  тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау. (1 сағат)
         
22. 5.1 тақырыбы  жəне  ондағы  бақылау  сұрақтары  бойынша  кеңес  беру.
(2 сағат)
         
23.  №8  –  тəжірибелік  жұмыс  бойынша  кеңес  беру  жəне  жұмысты
қабылдау.  (1 сағат)
         24.   5.2  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         25.  6.1  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         26.  6.2  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         27.  7.1  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         28.  7.2  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)

125
         29.  8.1   тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
         30.  8.2  тақырыбы жəне ондағы бақылау сұрақтары бойынша кеңес беру.
(2 сағат)
    2.6   Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыбы
Курстық жұмыстың сипаты
Курстық жұмыс «Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау»
пəнін  оқытудың  қорытынды  кезеңі  болып  табылады. Курстық  жұмыстың
мақсаты  студенттердің  осы  пəнді  оқу  барысында  жəне  өндірістік  практикада
алған білімдерін беріктендіру.
Курстық жұмысқа тапсырма
Курстық жұмысты орындау үшін студентке келесі ақпараттардан тұратын
жеке тапсырма беріледі:
- бұрғылауға арналған жабдық түрі;
- бұрғылауға арналған жабдықтың техникалық сипаттамасы;
- жұмыстың  арнайы  сұрағының  тақырыбын  студент  өзі  анықтайды
немесе қажет болған жағдайда жұмыс жетекшісі береді.
Курстық жұмыстың мазмұны мен көлемі
Курстық жұмыс мəтінді, есептеу жəне сызба бөлімінен тұрады.
Жұмыстың мəтінді  материалы  есептеу-түсіндірме  жазбадан  тұрады
жəне  ол  РМК  СТ 38944979–09–2009 мəтіндік  жəне  графикалық
материалдардың  құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне  жəне  мазмұнына
қойылатын жалпы талаптарға сəйкес келесі құрамнан тұруы керек:
- титул парағы;
- жобалауға тапсырма;
- аңдатпа;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім (технологиялық жəне есептеу бөлімдері);
- арнайы сұрақ;
- қорытынды;
- қолданылған əдебиеттер тізімі; қосымшалар.
Түсіндірме жазбаның негізгі бөлімі 25-30 бет көлемінде болуы керек.
Жұмыстың сызба материалы кемінде екі беттен тұрады, А1, А2, А3, А4
форматтарына масштабпен сызылады.
Курстық жұмыстың тақырыптары
Тақырып атаулары
1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
1. Ұңғы сағасының жабдықтары:
1.1. Тізбек басының  жұмыс
қысымы, МПа
1.2. Плашкалы превентордың
типтік өлшемі
1.3. Сақиналы превентордың
25
180х210
180х210
40
230х350
230х350
60
280х350
230х700

126
Тақырып атаулары
1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
типтік өлшемі
1.4. Айналмалы превентордың
типтік өлшемі
1.5. Лақтыруға қарсы жабдықтарды
басқару станциясының жұмыс
қысымы, МПа
156х320
10
230х320
14
307х200
25
2. Көтеріп-түсіру кешені:
2.1. Бұрғылау шығырының
жүккөтергіштігі, т
2.2. Қондырғылардың тəл
жүйесінің БҚ типтік өлшемдері
160
2900/175
250
1600/100
320
3200/200
3. Айналдыру жабдықтары:
3.1. КТО  орындауға  арналған
қосымша
құрылғылары 
бар
бұрғылау  роторының  өту  тесігінің
диаметрі, мм
3.2.Ұршығының жүккөтергіштігі, т
460
160
560
250
760
320
4. Сорапты-циркуляциялық кешен:
4.1. Бұрғылау  сорабының  қуаты,
кВт
4.2. Ерітіндіні тазалау жүйесі
475
дірілдеткіш
 елек
600
гидроциклон
950
центрифуга
5. Күштік 
жетектер 
жəне
трансмиссиялар:
5.1.
Дизельді-гидравликалық
жетекті  БҚ  шынжырлы  беріліс
беру  қорабының  БҚ  типтік
өлшемдері
5.2. Осы 
типтік 
өлшемдерге
арналған тісті беріліс қорабы
2500/160
2500/160
3200/200
3200/200
5000/320
5000/320
6. Цементтеу жабдықтары:
6.1. Цементті 
араластыру
қондырғысының түрі
6.2. Цементтеу агрегаты
6.3. Құрылғы-жинақты  цементтеу
басының диаметрі, мм
2СМ20
ЦА320М
168
1АС20
ЦА400А
245
УС50-30
Насос160х40
324
7.
Гидравликалық 
түптік
қозғалтқыштар:
7.1. Турбобұрғылар
7.2. Винттік түптік қозғалтқыштар
Типтік
өлшем
таңдау
таңдау
таңдау

127
2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Бұрғылау  қондырғысы қанша категорияға бөлінеді?
А)  5;
В)   7;
С)   4;
D)   12;
Е)    2.
2. Бұрғылау қондырғысының түрлері қандай шарттарға байланысты таңдап
алынады?
А)   құрлықта жəне теңізде;
В)   климаттық жағдайларға;
С)   тереңдікке;
D)   ілмекке түсетін жүктемеге;;
Е)    жұмыс режиміне.
3. Конструкцияладың  негізгі мақсаты.
А)  бұрғылау  процесінде  технологиялық  функцияларды  орындаудың
жəне  техника-экономикалық, пайдалану  көрсеткіштерінің  ең  тиімдісін
таңдап алу;
В)   автоматтандыру;
С)   экономикалық  тиімділікке  қол  жеткізу  мақсатында  жабдықтың
өзіндік құнын азайту;
D)   жабдықтардың жеке тораптары мен агрегаттар санын азайту;
Е)   еңбек сыйымдылығын азайту.
4. Бұрғылау жабдықтарын жобалаудың реті:
А)  техникалық  ұсыныс, эскизді  жоба, прототип, техникалық  жоба,
жұмыс құжаты;
В)   эскизді  жоба, прототип, техникалық  ұсыныс, жұмыс  құжаты,
техникалық жоба;
С)   прототип, техникалық  ұсыныс, эскизді  жоба, техникалық  жоба,
жұмыс құжаты;
D)  прототип, жұмыс  құжаты, техникалық  ұсыныс, эскизді  жоба,
техникалық жоба;
 Е)  жұмыс құжаты, техникалық ұсыныс, эскизді жоба, техникалық жоба,
прототип;
5. Бұрғылау жабдықтарының киниматикалық сұлбасын игеру үшін неше
сұлбасын қарастырады?
А)   24;
В)   4;
С)   14;
D)    2;

128
Е)     6.
6.  Втулкамен байланысқан ротор үтелі екі тірекке бекітіледі, олар:
А)   жетекші жəне көмекші;
В)   басты жəне көмекші,
С)   басты жəне жетекші;
D)   жоғарғы жəнен төменгі;
Е)   айналмалы жəне тісті.
  7.  Ротордың атқаратын қызметі:
А)   қашауға  бұрғылау ерітіндісін жібереді,
В)   бұрғылау, шегендеу тізбектерін ұстап тұрады;
С)   КТО-сын орындайды,
D)   қашауға  беріліс  береді  жəне  бұрғылау, шегендеу  тізбектерін  ұстап
тұрады;
Е)    құбырларды шешеді жəне бұрайды.
  8. Ұршықтың атқаратын қызметі:
А)   қашауға  бұрғылау ерітіндісін жібереді,
В)   бұрғылау, шегендеу тізбектерін ұстап тұрады;
С)   КТО-сын орындайды,
D)   қашауға  беріліс  береді  жəне  бұрғылау, шегендеу  тізбектерін  ұстап
тұрады;
Е)    құбырларды шешеді жəне бұрайды.
  9.  Тəл жүйесінің қандай жабдықталуы болмайды?
А)   3х4;
В)    5х7;
С)    6х7;
D)    4х5;
Е)     5х6.
 10.   Тəл жүйесінің негізгі элементтері:
А)   шығыр, тəл  арқаны, тəл  блогы, кронблок, реверсор,ілмекті  блок
немесе бұрғылау ілмегі;
В)   шығыр, реверсор,тəл арқаны, ұршық, кронблок, ілмекті блок немесе
бұрғылау ілмегі;
С)   шығыр, тəл  арқаны, тəл  блогы, реверсор, ілмекті  блок  немесе
бұрғылау ілмегі;
D)   тəл  арқаны,сорап, тəл  блогы, кронблок, ілмекті  блок  немесе
бұрғылау ілмегі;
Е)    шығыр, тəл  арқаны, сорап, ротор, ұршық, тəл  блогы, кронблок,
ілмекті блок немесе бұрғылау ілмегі;
 11. Тəл жүйесінің арқандары неге байланысты таңдап алынады?

129
А)   беріктігіне,
В)   материалына;
С)   ұзындығына;
D)   қалыңдығына;
Е)   конструкциясына.
12.   Тəл жүйесін жабдықтаудың  екі түрі бар, олар:
А)    тік жəне көлбеу;
В)    тік жəне үшжақты;
С)    екі жəне төрт жақты,
D)    тік жəне төртжақты,
Е)     төртжақты жəне алты жақты.
13.  Бұрғылау қондырғысының сорапты кешеніне сораптар санын қандай
факторларға байланысты таңдап алады?
А)   тереңдікке;
В)   жер қыртысына;
С)   экономикалық жəне техникалық талдауға;
D)   бұрғылау ерітіндісінің түріне;
Е)  техникалық жəне пайдалану шарттарына.
14. Бұрғылау  қондырғысының  əр  бір  сыныбына  сорапты  қандай
параметрлеріне байланысты таңдап алады?
А)   қуаты, берілісі, жəне қысымына;
В)   қуаты, салмағы, көлемі;
С)   салмағы, берілісі жəне қысымы,
D)   берілісі, қуаты, көлемі,
Е)    конструкциясы, көлемі жəне арыны.
15.   Бұрғылау сорабының сақтандыру клапаны қандай қызмет атқарады?
А)   қысымды арттыраы;
В)   артық қысымнан сақтайды;
С)   сұйық шығынынан сақтайды;
D)   арынының артуынан сақтайды;
Е)   тоқтап қалудан сақтайды.
16. Бұрғылау  қондырғысында  неше  бұрғылау  сорабына  дейін  қолануға
болады?
А)  1, 2, 3;
В)   2, 3, 4;
С)   5;
D)   4;
Е)    8.
17.  Шарошкалы  қашаумен  роторы  бұрғылаудағы  типтік  режимдер

130
параметрлері:
А)   қашау диаметрі, ілмекке түсетін күш, тізбек ұзындығы;
В)   қашау диаметрі, тізбекке түсетін күш, тізбек ұзындығы;
С)   қашау  диаметрі, қашаудың  айналу  жылдамдығы, қашауға  түсетін
остік жүктеме;
D)  ілмекке  түсетін  күш, тізбек  ұзындығы; қашауға  түсетін  остік
жүктеме;
Е)  қашау диаметрі, ілмекке түсетін күш, қашауға түсетін остік жүктеме;
18. Бұрғылау ұршығы қандай болат маркасынан жасалады?
А)  40ХН;
В)   40ХН, 38ХГН;
С)   легирленген немесе аз легирленген;
D)   аз легирленген немесе 30ХГСА;
Е)   аз легирленген жəне көміртекті.
19. Бұрғылау шығыры жақтауының пішінін анықтайды:
А)  шынжырлы беріліс;
В)  шынжырлы беріліс жəне біліктің орналасуы;
С)  біліктің орналасуы;
D)  механизмдер мен біліктің орналасу сұлбасы;
Е)  механизмдер сұлбасы.
20. Тəл арқанының конструкциясында  сымдардың  жанасу түрі:
А)  сызықты;
В)   нүктелі, қайырылып;
С)  сызықты, нүктелі, қайырылып;
D)  сызықты, қайырылып;
Е)  сызықты, тік, қайырылып;
21. Шығыр жақтауы қандай материалдан жасалынады?
А)  Ст3;
В)   30ХН;
С)  40ХН;
D)  30ХМА;
Е)  40ХМА;
22. Мына формулалардың қайсысы мұнара биіктігін анықтайды?
А)
4
3
2
1
f
f
l
f
f
H
+
+
+
+
=
;
В)
r
n
f
h
h
l
h
h
H
+
+
+
+
=
2
,  ;
С)
l
h
h
H
+
+
=
2
1
  ;
D)
4
3
2
1
b
a
l
b
a
H
+
+
+
+
=
 ;
Е)
4
3
2
1
h
h
l
h
h
H
+
+
+
+
=
;

131
23. Конструкцияның тиімділігін бағалайтын формула
А)
n
n
c
k
c
k
c
k
R
+
+
=
...
2
2
1
1
0
,;
В)
r
n
f
h
h
l
h
h
H
+
+
+
+
=
2
,  ;
С)
n
k
k
k
R
+
+
=
...
2
1
0
,  ;
D)
4
3
2
1
b
a
l
b
a
H
+
+
+
+
=
 ;
Е)
n
n
a
k
a
k
a
k
R
+
+
=
...
2
2
1
1
0
.
24. Шын мəніндегі ұзақ мерзімділік
А)
Т
P
K
R
t
T
=
 ;
В)
l
R
l
T
p
e
=
 ;
С)
Р
н
ф
R
t
t
=
 ;
D)
l
R
l
F
p
e
=
,;
Е)
l
F
l
T
p
e
=
,
25.  Жобалаудың алғашқы кезеңі:
А)  конструкторлық құжат;
В)  техникалық жобалау;
С)  эскиз;
D)  техникалық тапсырма;
Е)   техникалық деңгей картасы.
26.  Бұрғылау тізбектерін есептеу əдісі:
А)   төменнен - жоғары;
В)    жоғарыдан –төмен;
С)   айналмалы;
D)   секциялы;
Е)    тұрақты.
27.   Ерітіндінің қозғалу жылдамдығы.
    А)
зп
u
Q
c
/F
    В)
зп
u
= F
c
/S
    С)
зп
u
Q
c
/S
    D)
зп
u
Q
c
/D
    Е)
зп
u
D
c
/S
28.    Фрикционды муфталарды қалай атайды?
А)    белгілегіш;

132
В)    ауыстырғыш;
С)    тартқыш;
D)    тоқтатқыш;
Е)     оперативті.
29.   Кронблоктың шыдамдылық шегі.
А)
4
4
10
10
...
10
3
×
×
2
м
H
k
В)
4
4
10
60
...
10
30
×
×
2
м
H
k
С)
4
4
10
80
...
10
60
×
×
2
м
H
k
D)
4
4
10
6
...
10
3
×
×
2
м
H
k
Е)
4
4
10
60
...
10
20
×
×
2
м
H
k
30.  Бұрғылау сораптарын конструкциялау неден басталады?
А)   принципиалді құрылымдық сұлбасын таңдаудан;
В)   техникалық тапсырмадан;
С)   конструкторлық құжат;
       D)   техникалық жобалау;
Е)   эскиз;
«Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау»
 пəні бойынша тест сұрақтарының жауабы.
Сұрақ
номері
Жауап
номері
Сұрақ
номері
Жауап
номері
1
Е
16
А
2
А
17
С
3
А
18
Е
4
С
19
D
5
D
20
С
6
В
21
А
7
D
22
Е
8
А
23
А
9
В
24
С
10
А
25
D
11
Е
26
А
12
D
27
C
13
С
28
Е
14
А
29
В
15
В
30
А

133
2.9  Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Бұрғылау қондырғыларының тағайындалуы мен пайдалануы.
2. Бұрғылау  қондырғысының  негізгі  параметрлері  мен  өлшем  қатарлары,
түрлері.
3. Бұрғылау қондырғыларының жұмыс режимдері мен əсер етуші күштері.
4. Бұрғылау қондырғыларының элементтерін есептеудің ерекшеліктері.
5. Бұрғылау 
қондырғыларының 
түрін, негізгі 
технологиялық
сипаттамаларын жəне                                           сұлбасын таңдау.
6. Статикалық беріктікке есептеудің негізі.
7. Тозуға есептеу.
8. Бұрғылау тораптары мен бөлшектерін дайындауға арналған болат түрлері
туралы жалпы мағұлмат.
9. Бұрғылау қашаулары, олардың конструкциясы мен сипаттамасы.
10.Шарошкалы қашаудың киниматикасы.
11.Шарошкалы қашаудың тірегін есептеу.
12.Шарошкалы қашаудың конструкциясы.
13.Бұрғылау жəне шегендеу құбырларын есептеу, конструкциялау.
14.Бұрғылау тізбегіннің түрлері, оларды беріктік пен тозуға есептеу.
15.Анықталған жүктеме бойынша конусты бұранданы есептеу.
16.Құлыпты жəне бұрандалы байланыстарды бұрау сəтін анықтау.
17.Бұрғылау тізбегінің  шекті түсіру тереңдігін есептеу.
18.Роторды есептеу жəне конструкциялау.
19.Ротордың конструктивті сұлбасын талдау.
20.Ротор элементтерін жүктеу режимдерін есептеу.
21.Ротордың  негізгі тірегінің подшипниктерін есептеу.
22.Ұршықты есептеу жəне конструкциялау.
23.Ұршықтардың конструкциясы мен сұлбасы, тағайындалуы.
24.Ұршықтың негізгі тірегінің подшипниктерін таңдау жəне штропты,
оқпанды                   есептеу.
25.Бұрғылау сорабын есептеу жəне конструкциялау.
26.Бұрғылау сораптарының конструкциясын, олардың жеке функциональді
бөлшектерін талдау.
27.Бұрғылау сорабын есептеу əдістері (тиімді қуат, П.Ə.К., цилиндрлі
втулканың, штоктың, қақпақшалар мен қақпақ серіппелерінің
геометриялық есебі).
28.Бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігін жəне оның жетегін
беріктікке есептеу.
29.Сыналықайысты берілісті есептеу.
30.Бұрғылау аспабын көтеріп-түсіру жүйесін есептеу жəне конструкциялау.
31.Тəлдіблоктар мен кронблоктар, оларды конструкциялау жəне есептеу
ережелері.
32.Тəл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітуге арналған механихм.
33.Шығырды есептеу жəне конструкциялау.

134
34.Шығырдың кинематикалық жəне конструктивті сұлбасы, шығыр
жетегінің қуатын қолданудың киниматикалық коэффициенті.
35.Жылдамдықтар арасындағы қатынасты тиімді таңдау.
36.Барабан элементтерінің өлшемдерін жəне оның арқан сыйымдылығын
анықтау.
37.Барабан элементтерін беріктікке есептеу.
38.Шығырдың  таспалы тежегішін есептеу жəне конструкциялау.
39.Бұрғылау мұнарасы мен негізін есептеу жəне конструкциялау.
40.Бұрғылау мұнарасының конструктивті сұлбасын талдау.
41.Бұрғылау мұнарасына əсер етуші жүктемелер, жүктемелердің сəйкестігі.
42.Шекті жағдай бойынша бұрғылау мұнарасын есептеу.
43.Теңізде бұрғылауға арналған бұрғылау мұнарасын есептеу.
44.Жартылай батырылған жəне жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
мұнараларын есептеу.
45.Бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесінің жабдығын конструкциялау.
46.Бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесінің жабдығының конструктивті
сұлбасын талдау.
47.Дірілдеткіштер мен құмбөлгіштерді конструкциялау əдістері.
48.Бұрғылау аспабының берілуін реттегіш қондырғысын конструкциялау
жəне есептеу.
49.Бұрғылау аспабының берілуін реттегіш қондырғысын талдау.
50.Қашауды беруге арналған қондырғының негізгі параметрлерін таңдау
жəне есептеу.
51.Əр түрлі жүктелу кезіндегі шарошкалы қашаудың тірегіне əсер етуші
жүктемені есептеу.
52.Қашау тірегінің подшипниктерін таңдау жəне есептеу.
53.Дербес компьтерде есептер бағдарламасын игеру.
54.Бұрғылау сорабының цилиндріндегі қысымның өзгеруін жəне сораптың
кривошипті білігінің айналу моменттін анықтау.
55.Терең ұңғыларды бұрғылау кезіндегі қисық өтімділікті есептеу.
56.Блок-сұлбаны құру. Дербес компьютерді есептеуде қолдану. Алгаритмдер
мен бағдарламаны құру жəне берілген параметрлерді есептерді ЭЕМ-да
орындау.
57.Ұңғыны өткізу циклы кезіндегі свечаларды көтеру санын есептеудің
бағдарламасын жəне алгаритімін құру.
58.Ұңғыны өткізу циклы кезіндегі бұрғылау құбырын көтерудің машина
уақытын анықтау.
59.Бұрғылау қондырғысының көтеру механизімінің подшипниктерін
ұзақмерзімділікке ЭЕМ-ын қолданып есептеу.
60.Тəлді жүйенің подшипніктерінің ұзақмерзімділігіне есептеу.
61.Ұңғыларды  тереңдету  кезіндегі  тəлді  жүйесінің  шкив  подшипниктерінің
эквиваленттік  коэффициенті  мен  динамикалық  жүккөтергіштік  есебінің
алгаритімі мен бағдарламасын құру.
62.Бұрғылау шығырының көтеру білігінің тіректі подшипниктерінің  есебіне
бағдарлама жəне блок-сұлба құру.

135
63.А-үлгісіндегі мұнараны беріктікке есептеу.
64.Мұнараны жылжыту есебі.
65.Дербес компьютерде жүктелудің əртүрлі режимі кезінде подшипниктерді
есептеу.
66. Жобалау əдістемесі мен кезеңдері.
67. Терминдер мен анықтамалар.
68. Жобалаудың процедуралық моделі (ЖПМ).
69. Бұйымды  жасау  түрлері  мен  кезеңдері  жəне  техникалық  құжаттардың
құрамы
70. Жаңа машиналарды игеру əдістері.
71. Көтергіш  агрегаттар  жəне  жалпы  КТК  үшін  құрылымдық  шешімдерді
іздеу
72. Ұңғы конструкциясын жəне бұрғылау тізбегінің компановкасын таңдау.
73. Ұңғыманың құрылымын таңдау.
74. Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау.
75. Бұрғылау жабдықтарын беріктікке есептеу əдістемесі.
76. Cтатикалық жүктемелер кезіндегі беріктік.
77. Айнымалы кернеулер кезіндегі беріктік.
78. Пісіру жалғауларын есептеу.
79. Негізгі  құрылымдық  жəне  технологиялық  факторлардың  пісіру
жіктерінің шаршауға қарсыласуына əсерлері.
80. Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі жəне оларды есептеу əдістемелері.
81. бұрғылау жабдықтарының сенімділігі.
заңдары
82. Мұнай-газ сұрыпындағы болаттардың сыныптамасы.
83. Бұрғылау жабдықтарына арналған машина жасау болаттары.
84. Бұрғылау қондырғысының көтеріп-түсіру кешені.
85.  Бұрғылау құрылғысының тəл жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері.

136
Глоссарий
Долото (қашау) – мұнай  жəне  газ  ұңғыларын  бұрғылау  кезінде  тау
жыныстарын талқандаушы аспап талқандаушы аспап.
Шарошка – қашаудың  түрі, орташа  қаттылықтағы  тау  жыныстарын
талқандаушы аспап.
У – құбырлардың  түрлері, яғни  шегендеу  құбырларының  У  əріпі –
ұзартылған, үшбұрышты бұрандалы дегенді білдіреді.
ОТТМ – трапеция тəріздес бұрандалы жəне муфталы құбырлар.
ОТТГ – жоғары саңылаусыздықты жəне муфталы құбырлар.
ТБО – муфтасыз құбырлар.
Вертлюг (ұршық) – бұрғылау  ерітіндісін  бұрғылау  тізбегінің
айналдырушы жетекші құбырына жіберуге арналған.
Ротор – бұрғылау  процесінде  бұрғылау  тізбегін  айналдырушы  жəне
көтеріп-түсіру операциясы кезінде оларды ұстап тұру қызметін атқарады.
Турбобұрғы – көпсатылы гидравликалық турбина.
Статор –турбобұрғының дискасы.
Т-12 жəне  ТС – турбобұрғылардың  түрлері. С – секциялы  турбобұрғы
деген сөзді білдіреді. 12 – секция ұзындығы.
ТСШ – шпиндельді секциялы турбобұрғы.
ГТ – гидротежегіш секциясы бар турбобұрғылар.
КТД – тізбекті турбобұрғылар.
ТО – арнайы тағайындалған турбобұрғылар.
Элеватор – көтеріп-түсіру  операциялары  кезінде  бұрғылау  тізбектерін
ұстап тұру үшін қолданылады.
Клиновой  захват (ұстаушы  сына) – құбырларды  ұстау  үшін, асып  қою,
ашып-жабу қызметін атқарады.
УМК - əмбебап  машина  кілті – бұрғылау  жəне  шегендеу  құбырларын
бекітіп  ашу  үшін  қолданылады. Екі  машина  кілті  болады, біреуі  бұрайды,
екіншісі ұстап тұрады.
АКБ –3М – бұрғы кілті.
Тəл  жүйесі  - шығыр  барабанының  айналмалы  қозғалысын  ілмектің
ілгерілмелі  қозғалысына  айналдыру  жəне  тəл  арқаны  ілмектеріне  түсетін
салмақты жеңілдету қызметін атқарады.
Кронблок – ось пен шкивті тіректерден құрастырылған рама. Рама – кейде
мұнараның жоғарғы шетімен біріктіріле дайындалады.
Тəл  блоктары – кронблок  сияқты  ішінде  шкив  пен  подшипник  тіректері
қондырылған тұрық түрінде болады.
Тəл  арқандары – алты  жұмыр  еспелі  болат  арқандар. Арқанды, жоғары
көміртекті жəне жоғары марганецті болат сымдардан жасалады. Тəл жүйесінде
айқастыра өрілген сым арқандар қолданылады.
Бұрғылау  шығырлары – бұрғылау  құбырлары  тізбегін  көтеріп-түсіру,
ұстап тұру, бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру жəне шегендеу құбырларын
түсіру үшін қолданылады.
Свеча – бір-бірімен тізбек арқылы жалғанған құбырлар.

137
Бұрылғылау  сораптары – ұңғыға  қысым  мен  жуу  сұйығын  айдау  үшін
қолданылады.
Мұнара – керегеторлы, төртқырлы қима пирамида пішінді құрылым.
Превентор – ұңғы  ішінен  су-мұнай-газ  атқылау  кезінде  тойтарыс  жасау,
ұңғыны  басқару, газ  тəріздес  агенттермен  бұрғылау  барысында  бұрғылау
процесін қалыпты іске асыру, шегендеу тізбектерін шегендеу цементтеу кезінде
құбыр  сыртындағы  кеңістікті  саңылаусыздандыру, кері  цементтеу  жəне  басқа
операциялар үшін қолданылады.
Дірілдеуіш  елек – жуу  сұйықтарын  тазарту  үшін  қолданылады. Ол  ең
бірінші саты қондырғысына жатады. Ең күрделі жəне міндетті саты.
Гидроциклондық  шлам  айырғыш – екі  түрде  болады. Құм  жəне  ылай
болып бөлінеді. Мұнай құрамынан құм-ылай айыру үшін жұмыс істейді.
Шарнир - топса
Балrа - сырық
Цементтеу  агрегаттары – көмегімен  цемент  ерітінділері  дайындалып,
ұңғы  ішіне  айдалынады  жəне  құбыр  сыртындағы  кеңістікке  көтеріледі.
Сонымен  қатар, цементтеу  агрегаттары  ұңғы  ішінде  цемент  көпірлерін, мұнай
ванналарын қоюда, тізбектерді саңылау жоқтығына сынау сияқты жұмыстарда
да қолданылады.
Цемент  араластырғыш  машиналар – цемент  ерітінділерін  дайындау
үшін қолданылады.

138
Айтөреева Гүлзия Қалдыбайқызы
Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау
5В072400 – «Мұнай жəне газ өндірісінің технологиялық машиналары мен
жабдықтары» мамандығы үшін
 ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Редактор
№___ «_____»___________2011ж
___________________
Техникалық редактор
        СП ОƏК Мұнай жəне газ кəсіпшілігінің
        машиналары мен жабдықтары
        кафедрасының мəжəлəсəнде талқыланған          2011 ж  «2»маусым № 11 хаттамасы
СП ОƏК   Мұнай жəне газ    институтының
Ғылыми-əдістемелік кеңесінде талқыланып,
       мақұлданған                                                                  2011ж «29» сəуір №3    хаттамасы
_________________________________________________________
Басуға ___.___.2011ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітəп-журнал қағазы.
Көлемі  ___.___ес.-б.т. Таралымы___дана. Тапсырыс  №___.
______________________________________________________________
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің типографиялық баспаханасында басылған
Алматы қ-сы, Ладыгин к-сі- 32

Document Outline

  • Мұнай және газ институты
  • 2  НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
    • 2  НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
      • 2.1 Курстың тақырыптық жоспары
        • СП ОӘК Мұнай және газ кәсіпшілігінің
        • машиналары мен жабдықтары
        • кафедрасының мәжәләсәнде талқыланған          2011 ж  «2»маусым № 11 хаттамасы
        • СП ОӘК   Мұнай және газ    институтының
        • Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,
        • мақұлданған                                                                  2011ж «29» сәуір №3    хаттамасы


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал