Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5.03 Kb.

бет1/13
Дата13.05.2017
өлшемі5.03 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Мұнай жəне газ институты
Мұнай жəне газ кəсіпшілілгінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
         СТУДЕНТТЕРДІҢ ПƏНДІК
          ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
 “Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау”  пəні
бойынша
5В072400  - “Мұнай жəне газ өндірісінің технологиялық машиналары
мен жабдықтары”  мамандығына арналған
Алматы 2011

2
Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ студенттеріне  арналған 5В072400 – Мұнай
жəне  газ  өндірісінің  технологиялық  машиналары  мен  жабдықтары мамандығы
бойынша «Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау»  пəнінен оқу-
əдістемелік кешен.
 Құрастырған «Мұнай  жəне  газ  кəсіпшілігінің  машиналары  мен
жабдықтары» кафедрасының  аға  оқытушысы  Г.Қ. Айтөреева, Алматы:
ҚазҰТУ, 2011ж.
Аңдатпа
Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  студенттеріне  арналған 050724 –
«Технологиялық машиналар  мен  жабдықтар» мамандығы бойынша «Бұрғылау
жабдықтарын  есептеу  жəне  конструкциялау» пəнінің  оқу-əдістемелік  кешені
нақты  курс  концепциясын  анықтаушы  құжат. ОƏҚ  типтік  бағдарламадан,
пəннің  оқу  бағдарламасынан (syllabus), қысқаша  дəріс  конспектісінен,
əдістемелік материялдардан, студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған оқу-
əдістемелік  материалдардан, бақылау  құралдары  мен  қажетті  əдебиеттер
тізімінен тұрады.
Оқу-əдістемелік  кешенінде  кестелерге  сəйкес  студенттерге  берілетін
тапсырмалардың  тізімі  жəне  оларды  орындау  сұлбасы  көрсетілген. Білімді
бағалау əдісі рейтингтік жүйеге негізделген.
Дəрістер  мазмұны  пəн  материалдарын  жақсы  игеру  үшін  тақырыптық
материалдарды түсіндіруші иллюстрацияны құрайды.
Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ студенттеріне  арналған 5В072400 – Мұнай
жəне  газ  өндірісінің  технологиялық  машиналары  мен  жабдықтары мамандығы
бойынша «Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау» пəнінің оқу-
əдістемелік  кешені  мұнай  жəне  газ  кəсіпшілігінің  басқа  да  мамандықтарын
оқыту үшін қолдануға болады.
                                                     © Қ.И.Сəтбаев атындағы
                                                     Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2011

3
ПІКІР
“Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау” пəні бойынша
оқу-əдістемелік кешеніне
(5В072400 – Мұнай жəне газ өндірісінің технологиялық машиналары мен
жабдықтары мамандығы үшін)
Автор: аға оқытушы Айтөреева Г.Қ
 
Оқу  əдістемелік  кешен (ОƏК) Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  оқу-
əдістемелік  департаменті  жасаған  кредиттік  жүйе  бойынша  оқитын,
студенттерге  арналған  ОƏК  құрастыру  бойынша  əдістемелік  нұсқауға  сəйкес
жасалынған.
Оның құрамына кіретін қажетті материалдар:
Пəннің  оқу  бағдарламасы SILLABUS жəне  білім  алуға  қажетті
материалдардың  толық  мазмұны. ОƏК  мазмұны  студенттерге “Бұрғылау
жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау” пəні туралы, оны оқудың əдістері
мен  заңдылықтары  туралы  жалпы  түсінік  береді. Студенттерге  қажет  болған
жағдайда, өз  бетінше  оқу  немесе  жеке  тақырыптар  бойынша  білімін
тереңдетуге, жеке  тапсырма  бойынша  жұмыстарын  орындауға  қажетті
қосымша материал болып табылады.
      
ОƏК  студенттердің  тəжірибелік  сабағына,  курстық  жобасына  сонымен
бірге  СӨЖ  жəне  СОӨЖ  белсенді  дайындалуды  қарастырады, сондықтан  жеке
бөлімдермен  олардың  кейбір  сұрақтары  студенттердің  СӨЖ  жəне  СОӨЖ
орындау процесінде өз бетінше жұмыс істеуі үшін қарастырылған.
ОƏК 050724 мамандығы  бойынша  бакалаврларды  дайындау  үшін 4
кредит (165 сағат) көлемінде құрастырылған.
ОƏК  мазмұны 5В072400 – Мұнай  жəне  газ  өндірісінің  технологиялық
машиналары  мен  жабдықтары  мамандығының  бакалаврларының  біліктілік
сипаттамасының талаптарына сəйкестендіріліп жасалынған.
Ұсынылған  əдебиеттер  тізімі  студенттерге  ОƏК  жəне  бағдарлама
сұрақтарына  жауап  табуына, сонымен  бірге  өз  бетінше  жұмыс  жасау  кезінде
қажетті білімін алуға мүмкіндік береді.
Жалпы  ОƏК  көрсетілген  мамандық  бойынша “Бұрғылау  жабдықтарын
есептеу  жəне  конструкциялау” пəнін  оқыту  кезінде  қызмет  көрсетуге  қажетті
ОƏК ретінде ұсынылады.
                 ҰБТжТ кафедрасының
доценті,                                                                  К.С. Исраилов.

4
 1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1Оқытушылар туралы мəліметтер:
          Сабақ жүргізуші оқытушы – Айтөреева Гүлзия  Қалдыбайқызы, МГКМЖ
кафедрасының  аға   оқытушысы.
  Байланыс түрі:
  
Кеңсе: Мұнай  жəне  газ  кəсіпшілігінің  машиналары  мен  жабдықтары
кафедрасы
  Мекенжай: 480013, Алматы қаласы, Сəтбаев көшесі 22 , аудитория 702 МҒ
  Тел.: (8-327-2) 57-71-59
  E-mail:
allnt@kazntu.sci
. kz.
  Кафедрада болатын уақыты – кесте бойынша
1.2Пəн туралы мəліметтер:
Пəн атауы «Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау»
  Кредит саны – 4
  Өткізу орны – Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 703, 706 мұнай ғимараты.
                                                                                                                      1-кесте
Оқу жоспарының  көшірмесі
1 аптадағы академиялық сағаттар
курс
семест
р
кред
иттер
Дəрістер 
Лаб.
сабақтар
Тəжірибелік
сабақтар/семин.
сабақтар
  C
ӨЖ
*
 СОӨ
Ж
*
1аптадағы
академ.
сағаттар
Бақылау
түрі
1  2  3
4
5
6
7
 8
9
10
3  6  4
2
-
2
3
 3
10
Емтихан
 1.3  Алғыреквизиттер:
осы  пəнді  оқыту  үшін  қажетті  пəндер
(мамандықтың жұмыс оқу жоспары бойынша пəндер тізімі)
 TANP – Мұнайгаз өндірісіне қалыптастыру бойынша тренинг;
 ONGD – Мұнайгаз ісінің негіздері;
 TBGS – Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылау технологиясы;
 BMK  – Бұрғылау машиналары мен кешендері;
 PiKTM – Технологиялық машиналарды жобалау жəне конструкциялау.
1.4
 Артқыреквизиттер: осы  пəннен  алған  білімді  қолданатын  пəндер
тізімі (мамандықтың жұмыс оқу жоспары бойынша)
         TICE – Бұрғылау жабдықтарын монтаждау технологиясы;
 ERNMO – Мұнайгаз  машиналары  мен  жабдықтарын  жөндеу  жəне
пайдалану.
1.5Пəннің қысқаша мазмұны
 Пəннің мақсаттары мен міндеттері
 Бағдарлама 5B072400 – Мұнай  жəне  газ  өндірісінің  технологиялық
машиналары  мен  жабдықтары  мамандығы  бойынша  бакалаврлар  даярлауға
бағытталған  жəне  бұрғылау  машиналары  мен  жабдықтарын  пайдаланудың

5
физикалық негіздерін тереңдетіп оқытуға, сонымен бірге əлемдік фирмалармен
игерілген, қолданылып  жүрген  жабдықтар  негізінде  жаңа  бұрғылау
жабдықтарын 
жобалауға 
көзделген. Механизмдер 
жұмысын 
ұзақ
мерзімділікпен  жəне  беріктікпен  қамтамасыз  ететін, бөлшектер  мен
тораптардың өзара күштік əсерін жəне есептеу əдістерін, жабдықтар жұмысын
теория  саласында  студенттердің  білімін  тереңдетіп  оқыту  пəннің  мақсаты
болып табылады.
Бұрғылау  жабдықтарын  есептеу  жəне  конструкциялау  пəні, 5B072400 –
Мұнай  жəне  газ  өндірісінің  технологиялық  машиналары  мен  жабдықтары
мамандығы  студенттерінің  кəсіптік  білімін  қалайтын  арнайы  пəн. Жер
қойнауынан  мұнай  мен  газды  өндіруге  арналған  бұрғылау  ұңғыларын
қамтамасыз  ететін  бұрғылау  машиналары  мен  механизмдерін  пайдалануға
дайындау, сонымен қатар жаңа ғылым мен техникалық жетістіктердің негізінде
жаңа жабдықтарды конструкциялау жəне игеруді оқыту пəнінің  міндеті болып
табылады.
Бақылау_түрлері'>1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі:
2-кесте
Тапсырмалардың түрлері жəне оларды орындау мерзімі
Бақылау
түрлері
Жұмыс түрі
Жұмыстың тақырыбы  Ұсынылатын
əдебиеттерге
сілтеме
Тапсыру
уақыты
№1
тəжірибелік
сабақ
Көтеріп-түсіру
элементтерін есептеу
1,2 – апта
№2
тəжірибелік
сабақ
Ұңғы конструкциясын
есептеу
3 – апта
№3
тəжірибелік
сабақ
Тəл жүйесін есептеу
4,5 – апта
Ағымдық
бақылау
№4
тəжірибелік
сабақ
Бұрғылау шығырын жəне
оның элементтерін есептеу
6,7 – апта
1-Аралық
бақылау
№1,2,3,4
тəжірибелік
сабақтар
Жоғарыда көрсетілген
тақырыптар бойынша
сұрау
Барлық  негізгі
жəне  қосымша
əдебиеттер
8 – апта
№5
тəжірибелік
сабақ
Бұрғылау сорабын жəне
оның элементтерін есептеу
9 – апта
№6
тəжірибелік
сабақ
Бұрғылау ұршығын жəне
оның элементтерін
беріктікке есептеу
10,11– апта
Ағымдық
бақылау
№7
тəжірибелік
сабақ
Бұрғылау  роторын  жəне
оның
элементтерін
беріктікке есептеу
12,13– апта
Бақылау-
дың басқа
түрлері
Курстық
жұмыс
Бұрғылау жабдықтарын
есептеу жəне
конструкциялау
14 – апта

6
Бақылау
түрлері
Жұмыс түрі
Жұмыстың тақырыбы  Ұсынылатын
əдебиеттерге
сілтеме
Тапсыру
уақыты
2- Аралық
бақылау
№5,6,7-
тəжірибелік
сабақтар
Жоғарыда көрсетілген
тақырыптар бойынша
сұрау
Барлық  негізгі
жəне  қосымша
əдебиеттер
15 – апта
Қорытынд
ы бақылау
емтихан
№1, 2, 3 – модулдер
тқырыптары бойынша
Барлық  негізгі
жəне  қосымша
əдебиеттер
Кесте
бойынша
    1.7    Əдебиеттер тізімі
Негізгі əдебиеттер
    
1.  Б.Ə.  Мырзахметов,  Б.А.Ахметов,  Г.Қ.Айтөреева 
Бұрғылау
жабдықтарын есептеу жəне құрылымдау: оқу құралы – Алматы: ҚазҰТУ, 2010
– 362 бет.
2. Ефимченко  С.И. Прыгаев  А.К. Расчет  и  конструирование  машин  и
оборудования  нефтяных  и  газовых  промыслов: Учеб. для  вузов/ Рос. гос
университет НиГ им. Губкина.-М.: Нефть и газ, 2006
3. Баграмов Р.А. Буровые машины и комплексы. Учебник для вузов. М.:
Недра, 1988.
4. Ильский  А.Л., Миронов  Ю.В., Чернобыльский  А.Г. Расчет  и
конструирование бурового оборудования.- М.: Недра, 1985.
      
5.  Алексеевский  Г.В.  Буровые  установки  Уралмашзавода.-М.:  Недра,
1981. 528с.
      
6.  Северинчик  И.А.  Машины  и  оборудование  для  бурения  скважин.-
М.:Недра,1986.368с.
     
7.  Ефимченко  С.И.  Расчеты  ресурса  несущих  элементов  буровых
установок.- М.: РГУ им. И.М. Губкина, 2001.
     8. Ефимченко С.И. Расчеты бурового оборудования с применением ЭВМ.
– М.: МИНГ им.Губкина,1987.
     
9.  Аванесов  В.А.  ,  Смолина  А.К.,  Москалева  Е.М.  Расчеты  буровых
машин  и  механизмов  с  применением  ЭВМ. Учебное  пособие.- Перьм.
Ухтинский индустриальный институт, Ухта,1989.134 с.
         
10.  Александровская  Л.  Н.  Современные  методы  обеспечения
безотказности  сложных  технических  систем  учебник  для  студентов  вузов,
обучающихся  по  инж.-техн. напр. и  спец. / Л. Н. Александровская,
Ф. П. Афанасьев А. А. Лисов. – М.: Логос, 2003. – 208 с.
         
11.  Амиров  Ю. Д. Технологичность  конструкции  изделия: справочник  /
Ю. Д. Амиров, Т. К. Алферова, П. Н. Волков. – М.: Машиностроение, 1990. –
768 с.
         
12.  Макаров  Е.  Г.  Инженерные  расчеты  в  Mathcad:  учеб.  курс/Е.Г
Макаров. – М. – СПб.: ПИТЕР, 2005. – 448 с.
         13. Макушкин Д. О. Расчет и конструирование машин и оборудования для
нефтяных  и  газовых  промыслов : учеб. пособие / Д. О. Макушкин, Т. С.

7
Спирин. – Красноярск : ИПК СФУ, 2009. – 155 с. – (Расчет и конструирование
машин  и  оборудования  для  нефтяных  и  газовых  промыслов : УМКД  № 1627-
2008 / рук. творч. коллектива Д. О. Макушкин).
         
14. Фролов  К. В. Конструирование  машин : справ. метод. пособие /К. В.
Фролов, А. Ф. Крайнев и др. – М. : Машиностроение, 1994. – 530 с. – Т. 1.
Қосымша əдебиеттер
         
15.  Абубакиров  В.  Ф.  Буровое  оборудование  справочник: в 2 т.  /В.  Ф.
Абубакиров. – М.: Недра, 2003. – 1000 с.
         16. Агамиров Л. В. Сопротивление материалов краткий курс для студентов
вузов / Л. В. Агамиров. – М.: Изд-во «Астрель», Изд-во «АСТ», 2003. – 256 с.
         
17.  Алямовский  А.  А.  SolidWorks.  Компьютерное  моделирование  в
инженерной практике / А. А. Алямовский, А. А. Собачкин, Е. В. Одинцов, А. И.
Харитонович, Н. Б. Пономарев. – СПб.: БХВ – Петербург, 2000. – 800 с.
         18. Амиров  Ю. Д. Основы  конструирования. Творчество-стандартизация-
экономика: справочник / Ю. Д. Амиров. – М.: Изд-во стандартов, 1991. – 392 с.
         19. Басарыгин Ю. М. Бурение нефтяных и газовых скважин: учеб. пособие
для  вузов / Ю. М. Басарыгин, А. И. Булатов, Ю. И. Проселков. – М. :Недра –
Бизнесцентр, 2002. – 632 с.
         
20. Басс  Г. И. Математический  анализ: справ. пособие /Г. И. Басс, В. А.
Никифоров. – М.: Вузовская книга, 2000. – 100 с.
         
21.  Буровые  комплексы.  Современные  технологии  и  оборудование.
Екатеринбург. Объединенные машиностроительные заводы, группа Уралмаш. –
Ижора, 2002. – 592 с.
22. Вадецкий  Ю. В. Бурение  нефтяных  и  газовых  скважин : учебник  для
нач. проф. образования / Ю. В. Вадецкий. – М. : Академия, 2003.
23. Ганин  Н. Б. Компас – 3D V7: учеб. пособие / Н. Б. Ганин. – М.:ДМК
Пресс, 2005. – 384 с.
24. Дунаев П. Ф. Конструирование узлов и деталей машин / П. Ф. Дунаев,
О. П. Леликов. – М.: Высш. шк., 2004. – 447 с.
25. Иванов  В. Г. Гидромашины  и  компрессоры: учеб. пособие / В. Г.
Иванов. – Красноярск : КГТУ, ИПЦ, 2003. – 164 с.
26. Ивановский В. Н. Скважинные насосные установки: справочник /     В.
Н. Ивановский, В. И. Дарищев, А. А. Сабиров, В. С. Каштанов, С. С. Пекин. –
М.: Нефть и газ, 2002. – 842 с.
27. Лебедев Л. В. Технология  машиностроения: учебник для  вузов / Л. В.
Лебедев, В. У. Мнацаканян, А. А. Погонян. – М. : Академия, 2006. –528 с.
         28. Марченко С. И. Теория механизмов и машин : конспект лекций /С. И.
Марченко, Е. П. Марченко, Н. В. Логинова. – Ростов н/Д : Феникс, 2003. –256 с.
29. Мельников, В. А. Техника  и  технология  бурения  нефтяных  и  газовых
скважин : учеб. пособие / В. А. Мельников, Е. Е. Милосердов. – Красноярск :
ИПК СФУ, 2008. – 295 с.
30. Турецкий, В. Я. Математика и информатика : учебник для вузов /В. Я.
Турецкий. – М. : ИНФРА-М, 2002. – 560 с.
31. Уваров, А. С. AutoCAD-2007 для конструкторов : учеб. пособие /А. С.
Уваров. – М. : ДМК Пресс, 2007. – 400 с.

8
32. Журналы « Нефтяное  хозяйство», «Бурение  и  нефть», «Вестник
буровых предприятий», информационные бюллетени и рекламная информация
зарубежных  и  отечественных  предприятий-производителей  бурового  и
нефтегазопромыслового оборудования.
Оқу-əдістемелік құралдар
33. Электрондық ресурстар.
34. Презентациялық материалдар.
Нормативтік сілтемелер
35. ҚР СТ 1.5 – 2008 ҚР МТРЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына,
ресімделуіне жəне мазмұнына қойылатын талаптар.
36. ҚР  СТ 1.12 – 2000 ҚР  МСЖ. Нормативтік  мəтіндік  құжаттар.
Стандарттардың  құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне  жəне  мазмұнына
қойылатын жалпы талаптар.
37. ҚР СТ 1.14 – 2004 ҚР МСЖ. Ұйым стандарттары. Əзірлеу түрлері мен
тəртібі.
38. МемСТ 2.105 – 95 КҚБЖ. Мəтіндік  құжаттарға  қойылатын  жалпы
талаптар.
39. МемСТ 2.106 – 96 КҚБЖ. Мəтіндік құжаттар.
40. МемСТ 7.1 – 2003 СИБИД. Құжаттардың библиографиялық сипаты.
41. МемСТ 7.32 – 2001 СИБИД. Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  есебі.
Құрылымы жəне рəсімделу ережесі.
42. МемСТ 8.417 – 2002 МӨЖ. Физикалық өлшем бірліктері.
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау
1-кесте
Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
Қорытынды бақылау түрі
Бақылау түрлері
Пайыздар, %
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
Курстық жұмыс
100
Емтихан,
курстық жұмыс
Ағымдық бақылау
100
2-кесте
 «Бұрғылау жабдықтарын есептеу жəне конструкциялау» пəні бойынша
оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
Апталар
1  2 3  4  5  6  7  8  9  10 11 12 13 14 15
Апталық
бақылау
саны
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
Бақылау
түрлері
Тс
1
Тс
1
Тс
2
Тс
3
Тс
3
Тс
4
Тс
4
АБ
1
Тс
5
Тс
6
Тс
6
Тс
7
Тс
7
К
Ж
АБ
2
Бақылау  түрлері: Тс – тəжірибелік  сабақ; АБ – аралық  бақылау; КЖ – курстық
жұмыс
Студенттердің  білімі, шеберлігі  мен  дағдысы 3-кестеде  келтірілген
төмендегі жүйе бойынша бағаланады.

9
3-кесте
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға
Əріптік
эквивалент
Рейтингтік балл
пайызбен (%)
Балмен
Өте жақсы
А
А-
95-100
90-94
4
3,67
Жақсы
В+
В
В-
85-89
80-84
75-79
3,33
3,0
2,67
Қанағаттанарлық
С+
С
С-
D+
D-
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
Қанағаттанарлықсыз
Ғ
0-49
0
Модульдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге
арналған сұрақтар тізімі:
1 – модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
1.
Бұрғылау қондырғыларының тағайындалуы мен пайдалануы.
2.
Бұрғылау  қондырғысының  негізгі  параметрлері  мен  өлшем  қатарлары,
түрлері.
3.
Бұрғылау қондырғыларының жұмыс режимдері мен əсер етуші күштері.
4.
Бұрғылау қондырғыларының элементтерін есептеудің ерекшеліктері.
5.
Бұрғылау қондырғыларының түрін, негізгі технологиялық сипаттамаларын
жəне сұлбасын таңдау.
6.
Статикалық беріктікке есептеудің негізі.
7.
Тозуға есептеу.
8.
Бұрғылау  тораптары мен  бөлшектерін  дайындауға арналған  болат  түрлері
туралы жалпы мағұлмат.
9.
Бұрғылау қашаулары, олардың конструкциясы мен сипаттамасы.
10. Шарошкалы қашаудың киниматикасы.
11. Шарошкалы қашаудың тірегін есептеу.
12. Шарошкалы қашаудың конструкциясы.
13. Бұрғылау жəне шегендеу құбырларын есептеу, конструкциялау.
14. Бұрғылау тізбегіннің түрлері, оларды беріктік пен тозуға есептеу.
15. Анықталған жүктеме бойынша конусты бұранданы есептеу.
16. Құлыпты жəне бұрандалы байланыстарды бұрау сəтін анықтау.
17. Бұрғылау тізбегінің  шекті түсіру тереңдігін есептеу.
18. Роторды есептеу жəне конструкциялау.
19. Ротордың конструктивті сұлбасын талдау.
20. Ротор элементтерін жүктеу режимдерін есептеу.
21. Ротордың  негізгі тірегінің подшипниктерін есептеу.
22. Ұршықты есептеу жəне конструкциялау.
23. Ұршықтардың конструкциясы мен сұлбасы, тағайындалуы.

10
24. Ұршықтың негізгі тірегінің подшипниктерін таңдау жəне штропты,
оқпанды есептеу.
25. Бұрғылау сорабын есептеу жəне конструкциялау.
26. Бұрғылау сораптарының конструкциясын, олардың жеке функциональді
бөлшектерін талдау.
27.
Бұрғылау  сорабын  есептеу  əдістері (тиімді  қуат, П.Ə.К., цилиндрлі
втулканың, штоктың, қақпақшалар  мен  қақпақ  серіппелерінің  геометриялық
есебі).
28. Бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігін жəне оның жетегін беріктікке
есептеу.
29. Сыналықайысты берілісті есептеу.
30. Бұрғылау аспабын көтеріп-түсіру жүйесін есептеу жəне конструкциялау.
2 – модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
31. Тəлдіблоктар мен кронблоктар, оларды конструкциялау жəне есептеу
ережелері.
32. Тəл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітуге арналған механихм.
33. Шығырды есептеу жəне конструкциялау.
34. Шығырдың кинематикалық жəне конструктивті сұлбасы, шығыр жетегінің
қуатын қолданудың киниматикалық коэффициенті.
35. Жылдамдықтар арасындағы қатынасты тиімді таңдау.
36. Барабан элементтерінің өлшемдерін жəне оның арқан сыйымдылығын
анықтау.
37. Барабан элементтерін беріктікке есептеу.
38. Шығырдың  таспалы тежегішін есептеу жəне конструкциялау.
39. Бұрғылау мұнарасы мен негізін есептеу жəне конструкциялау.
40. Бұрғылау мұнарасының конструктивті сұлбасын талдау.
41. Бұрғылау мұнарасына əсер етуші жүктемелер, жүктемелердің сəйкестігі.
42. Шекті жағдай бойынша бұрғылау мұнарасын есептеу.
43. Теңізде бұрғылауға арналған бұрғылау мұнарасын есептеу.
44. Жартылай батырылған жəне жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
мұнараларын есептеу.
45. Бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесінің жабдығын конструкциялау.
46. Бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесінің жабдығының конструктивті
сұлбасын талдау.
47. Дірілдеткіштер мен құмбөлгіштерді конструкциялау əдістері.
48. Бұрғылау аспабының берілуін реттегіш қондырғысын конструкциялау
жəне есептеу.
49. Бұрғылау аспабының берілуін реттегіш қондырғысын талдау.
50. Қашауды беруге арналған қондырғының негізгі параметрлерін таңдау жəне
есептеу.
51. Əр түрлі жүктелу кезіндегі шарошкалы қашаудың тірегіне əсер етуші
жүктемені есептеу.
52. Қашау тірегінің подшипниктерін таңдау жəне есептеу.
53. Дербес компьтерде есептер бағдарламасын игеру.

11
54. Бұрғылау сорабының цилиндріндегі қысымның өзгеруін жəне сораптың
кривошипті білігінің айналу моменттін анықтау.
55. Терең ұңғыларды бұрғылау кезіндегі қисық өтімділікті есептеу.
56. Блок-сұлбаны құру. Дербес компьютерді есептеуде қолдану. Алгаритмдер
мен бағдарламаны құру жəне берілген параметрлерді есептерді ЭЕМ-да
орындау.
57. Ұңғыны өткізу циклы кезіндегі свечаларды көтеру санын есептеудің
бағдарламасын жəне алгаритімін құру.
58. Ұңғыны өткізу циклы кезіндегі бұрғылау құбырын көтерудің машина
уақытын анықтау.
59. Бұрғылау қондырғысының көтеру механизімінің подшипниктерін
ұзақмерзімділікке ЭЕМ-ын қолданып есептеу.
60. Тəлді жүйенің подшипніктерінің ұзақмерзімділігіне есептеу.
Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
1. Жобалау əдістемесі мен кезеңдері.
2. Терминдер мен анықтамалар.
3. Жобалаудың процедуралық моделі (ЖПМ).
4. Бұйымды  жасау  түрлері  мен  кезеңдері  жəне  техникалық  құжаттардың
құрамы
5. Жаңа машиналарды игеру əдістері.
6. Көтергіш агрегаттар жəне жалпы КТК үшін құрылымдық шешімдерді іздеу
7. Ұңғы конструкциясын жəне бұрғылау тізбегінің компановкасын таңдау.
8. Ұңғыманың құрылымын таңдау.
9. Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау.
10. Бұрғылау жабдықтарын беріктікке есептеу əдістемесі.
11. Cтатикалық жүктемелер кезіндегі беріктік.
12. Айнымалы кернеулер кезіндегі беріктік.
13. Пісіру жалғауларын есептеу.
14. Негізгі  құрылымдық  жəне  технологиялық  факторлардың  пісіру  жіктерінің
шаршауға қарсыласуына əсерлері.
15. Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі жəне оларды есептеу əдістемелері.
16. бұрғылау жабдықтарының сенімділігі.
заңдары
17. Мұнай-газ сұрыпындағы болаттардың сыныптамасы.
18. Бұрғылау жабдықтарына арналған машина жасау болаттары.
19. Бұрғылау қондырғысының көтеріп-түсіру кешені.
20.  Бұрғылау құрылғысының тəл жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал