Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 0.83 Mb.

бет6/7
Дата12.09.2017
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

15əріс.

Сандық  белгілері  бар  проекциялардағы  позициялық  жəне

метрикалық есептер.

Екі  жазықтықтың  қиылысу  сызығын

тұрғызу  үшін  олардың  сандық  белгілері

бірдей  горизонтальдарының  екі  жұбының

қиылысу  нүктелерін  анықтау  керек (15.1-

сурет).


Егер  екі  жазықтықтың  құлау  бұрыштары

бірдей 


болса, қиылысу 

сызығының

проекциясы 

берілген 

жазықтықтардың

горизонтальдарының  арасындағы  бұрыштың

биссектрисасы болады.

Егер  түзудің  екі  нүктесі  жазықтықтың

горизонтальдарында  жатса, яғни  сандық

белгілері 

горизонтальдардың

сандық


белгілерімен бірдей болса, ондай түзу осы жазықтықта жатады.

Жазықтықта  жатқан  кез  келген  түзуге

параллель  түзу  осы  жазықтыққа  параллель

болады.


Кез  келген  басқа  жағдайда  түзу  мен

жазықтық қиылысады.

АВ  түзуінің  жазықтықпен  қиылысу

нүктесін анықтау үшін келесі тұрғызуларды

орындау керек:

1) берілген  түзу  арқылы  жалпы

жағдайдағы  көмекші  жазықтық  жүргіземіз.

Ол үшін түзудің екі нүктесі арқылы сызбаны

орындауға  қолайлы бағытта екі горизонталь

жүргіземіз, бұл  горизонтальдар  көмекші

жазықтықты анықтайды;

2) берілген  жазықтық  пен  көмекші  жазықтықтың  қиылысу  сызығын

саламыз (MN түзуі);

3) берілген АВ  түзуі  мен  тұрғызылған MN  түзуінің  қиылысу  нүктесін  -

ізделінді К нүктесін анықтаймыз.

Егер  түзу  мен  жазықтық  өзара  перпендикуляр  болса, онда  планда  түзудің

проекциясы  жазықтықтың  көлбеулік  масштабына  параллель (жазықтықтың

горизонтальдарының  проекцияларына  перпендикуляр) болады, ал  түзу  мен

жазықтықтың  сандық  белгілері  қарама-қарсы  бағытта  өседі  жəне  түзудің

l

т

интервалы жазықтықтың



l

ж

 интервалына кері пропорционал болады, яғни



l

т

 =



Dh/  l

ж

.



К

7

  нүктесінде  көлбеулік  масштабымен  берілген Р



i

  жазықтығына

перпендикуляр  тұрғызамыз (15.3-сурет).

K  нүктесі  арқылы  жазықтықтың

горизонтальдарына перпендикуляр а түзуін  - перпендикулярдың проекциясын

15.1-сурет

15.2-сурет



57

жүргіземіз. Түзуді  бөліктейміз: ол  үшін  перпендикулярдың  интервалдарын

жоғарыда  келтірілген  формула  бойынша  есептейміз  немесе  келесі

тұрғызуларды орындаймыз: қалауымызша алынған А нүктесі арқылы ұзындық

бірлігіне 

тең


AD 

кесіндісін

жүргіземіз.

AD

түзуіне


перпендикулярдың бойына ұзындығы

жазықтық  интервалына  тең



BD

кесіндісін  өлшеп  саламыз; А  жəне В

нүктелерін  қосамыз.

АВ  түзуіне

перпендикуляр  жəне DB  түзуімен С

нүктесінде  қиылысатын АС  түзуін

жүргіземіз.



CD

кесіндісі

перпендикулярдың  интервалына  тең

болады.


Жер 

беті 


оның 

дискреттік

каркасымен -  горизонтальдармен

немесе  профильдермен  немесе

бұлардың екеуімен де беріледі.

Түзудің  бетпен  қиылысуы. Түзудің  жазықтықпен  қиылысу  сызығын

анықтау  үшін берілген  түзу арқылы

жалпы 

жағдайдағы 



жазықтық

жүргіземіз. Ол 

үшін 

түзуді


бөліктеміз  жəне 5,6 ... нүктелері

арқылы 


сызбаны 

орындауға

қолайлы  бағытта  өзара  параллель

горизонтальдар 

жүргіземіз. Бұл

горизонтальдар 

көмекші

жазықтықты  анықтайды. Жазықтық



пен  беттің  сандық  белгілері  бірдей

горизонтальдарының 

қиылысу

нүктелерін  тауып, оларды  қисық



сызықпен  қосамыз. Бұл  сызық

көмекші  жазықтық  пен  беттің

қиылысу  сызығының  проекциясы

болады. Табылған  қисық  берілген

түзумен  ізделінді K

нүктесінде

қиылысады.

Түзудің  көрінетіндігі  бəсекелес

нүктелер  тəсілімен  анықталады. Олар А жəне В  нүктелері. Бұл  нүктелердің

біреуі  түзуге  тиісті  жəне  топограифялық  беттің  горизонталінде  орналасқан

екінші  нүктеден  сандық  белгісінің  мəні  кіші. Сондықтан  бұл  жерде  түзу

көрінбейтін  болады. Көріну  шекарасы  түзу  мен  беттің  қиылысу  нүктесі - K

нүктесі болады.

15.4-сурет

15.3-сурет


58

Құрылыс алаңындағы үйінді мен қазынды шекараларын анықтау.

Биіктік  белгісі 68м  болатын  горизонталь  құрылыс  алаңын  салу  үшін  жер

жұмыстарының  шекарасын  анықтау  керек  болсын (15.5-сурет). Қазынды

құламаларының  көлбеулігі

i

қ

=1:1, үйінді  құламаларының  көлбеулігі



i

ү

=1:1,5.



Алаңға шығатын жолдың көлбеулігі

i

ж

=1:6.



Нольдік  жұмыстардың  сызығы  жер  телімінің 68-ші  горизонталі  бойымен

өтеді. Алаңның  сол  жақ  бөлігі  қазындыда, ал  оң  жақ  бөлігі  үйіндіде  болады.

Жер  жұмыстарының  ізделінді  шекарасы  топографиялық  беттің  үйінді  мен

қазынды  құламаларымен  қиылысу  сызықтары  болады. Бұл  сызықтарды  салу

үшін  барлық  құламалардың  горизонтальдарын  салу  керек. Жазық

құламалардың  горизонтальдары  алаңның  сəйкес  жиектеріне  параллель

сызықтар болады. Алаңның жартышеңбер болып келген бөлігіндегі үйінді мен

қазынды  беттері  консутық  беттер  болып  келеді. Олардың  горизонтальдары

                  15.5-сурет


59

шоғырлас 

шеңберлер 

болады. Жолдың 

жазық 

құламаларының



горизонтальдарын  салу  кезінде  олар  жолдың  көлбеу  жиектері  арқылы  өтетіні

ескеріледі.

Нəтижесінде үйінді мен қазынды құламаларының барлығы горизонтальдары

арқылы  кескінделді. Енді  бұл  құламалардың  бір-бірімен  жəне  топографиялық

бетпен  қиылысу  сызықтарын  табу  қалды. Ізделінді  сызықтар  қарастырылып

отырған  беттердің  сандық  белгілері  бірдей  горизонтальдарының  қиылысу

нүктелері арқылы анықталады.

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[301-321],  2 қос. [152-175]



Негізгі əдебиет: 1 қос.[319-324].

Бақылау сұрақтары:

1. Беттің горизонтальдары дегеніміз не?

2. Түзудің бетпен қиылысу нүктесін анықтаудың жолын баяндаңыз.

3.Жазықтықтың топографиялық бетпен қиылысу сызығы қалай анықталады?

4. Сызбада конустық, цилиндрлік жəне топографиялық беттерді бейнелеңіз.

5. Қандай кескінді топографиялық беттің профилі деп атайды?



2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары

Тапсырма 1. Сызба  геометрия.  Сызу  құралдары. Оларды  қолданудың

ережелері. МЕСТ КҚБЖ Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. Пішімдер,

негізгі  жазу. Масштабтар, сызықтың  түрлері, сызба  шрифтері. Сызбаны

безендірудегі  стандарттар: МЕСТ 2.301-68 –2.307-68. Тау-кен  графикалық

құжаттарының стандарттары: ГОСТ 2.870-2.875-78.

Негізгі əдебиет:  4нег.[19- 49], 5 нег.[ 12-55].

Қосымша əдебиет: 2қос. [ 127-132].

Бақылау сұрақтары:

1 Сызба  қағазының  негізгі  форматтары  қалай  құрылады. Олар  қалай

аталады?

2 Стандартпен қандай масштабтар бекітілген?

3 МЕСТ 2.303-68 стандартымен сызбаның қандай сызық түрлері бекітілген?

4 МЕСТ 2.304-81 стандартымен қандай шрифтар бекітілген?

5 Шрифттің өлшемі деген не?

Тапсырма 2. Компьютерлік  графика.  Графикалық  жүйемен  танысу.

AutoCAD интерфейсі.  AutoCAD графикалық  жүйесінде  мұқаба  бетті  жасау.

Негізгі жазу.

1. Бағдарламаның негізгі бөліктерімен танысу.

2. «Сурет салу» аспаптар тақтасымен танысу.

3. «Түзету» аспаптар тақтасымен танысу.



Негізгі əдебиет: (6 нег. [25-51]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [3-8]), (10 қос. [21-48]).

Бақылау сұрақтары:

1. AutoCAD бағдарламасының негізгі бөліктерін атаңыз.



60

2. AutoCAD бағдарламасында барлығы неше аспаптар тақтасы бар?

3. «Орто» режимі қандай функцияны атқарады?

4. Командалық жол жəне мəтіндік терезе не үшін қажет екенін айтып беріңіз.

5. Графикалық терезе аймағында не орналасқан?

Тапсырма 2. Сызба геометрия. Геометриялық тұрғызулар. Түйіндесу.

Негізгі əдебиет: (5 нег. [56-68])

Қосымша əдебиет: (2 қос. [14-40])

Бақылау сұрақтары:

1. Түйіндесу дегеніміз не?

2. Түйіндесудің негізгі элементтері.

3. Түрлі геометриялық фигуралардың түйіндестірулеріне мысал келтіру.

4. Көлбеулік дегеніміз не?

5. Конустылық дегеніміз не?

6. Берілген  доға  радиусы  бойынша  ішкі  түйіндестіруді  қалай  орындауға

болады?


Тапсырма 3. Компьютерлік графика.  Примитивтерді тұрғызу. Нүкте,

кесіндіні тұрғызу. Мұқаба бет пен негізгі жазуды орындау. Бір жолды мəтінмен

танысу.

Негізгі əдебиет: (6 нег. [381-412]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [6-14]), (10 қос. [348-380]).

Бақылау сұрақтары:

1. Кесіндіні қандай команда арқылы сызуға болады?

2. А3 жəне А4 форматтарының өлшемдерін атаңыз.

3. Бір жолдық мəтінді қандай команда жүзеге асырады?

4. Мəтіннің стилін өзіміздің қалауымызша қалай құруға болады?

Тапсырма 3. Сызба геометрия. Монж  эпюрінде  есептерді  шығару. Нүкте,

түзу жəне жазықтықтарды салу.

Əдістемелік нұсқаулар-эпюрде нүкте, түзу жəне жазықтықтарды сала білу.

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[35-42 ],  2 нег. [40-49 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[19-20].

Бақылау сұрақтары:

1. Монж эпюрінде жалпы жағдайдағы түзулер.

2. Монж эпюрінде дербес жағдайдағы түзулер.

3. Монж эпюрінде жалпы жағдайдағы жазықтықтар.

4. Монж эпюрінде дербес жағдайдағы жазықтықтар.

5. Комплекстік сызбада жазықтықтардың графикалық берілуін атап айтыңыз

жəне сызып көрсетіңіз.

6. Жазықтықтың ізі дегеніміз не?



61

Тапсырма 3. Компьютерлік графика. Примитивтерді тұрғызу. Нүкте, түзу,

шеңбер жəне басқа да примитивтерді салу. Примитивтердің координаттарын

жəне параметрлерін енгізу.

Негізгі əдебиет:(6 нег. [181-223]).

Қосымша əдебиет: (6 қос., [6-14])

Бақылау сұрақтары:

1.  Кесіндінің ұшын көрсету үшін қандай əдістерді қолдануға болады?

3. Шеңберлерді салудың əдістерін атаңыз.

4. Көпбұрышты қандай команда арқылы тұрғызамыз?

5. Көпбұрышты тұрғызудың негізгі параметрлерін атаңыз.

6. Полисызық дегеніміз не?



Тапсырма 4.  Сызба геометрия. Монж эпюрінде есептерді шығару. Нүкте,

түзу жəне жазықтықтарды салу.

Əдістемелік нұсқаулар-эпюрде нүкте, түзу жəне жазықтықтарды сала білу.

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[43-62 ],  2 нег. [40-66 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

1. Түзу қашан жазықтыққа тиісті болады?

2. Нүкте қашан жазықтыққа тиісті болады?

3. Жазықтықтың басты сызықтарын атап, сызып көрсетіңіз.

4. Қандай жағдайда түзу жазықтыққа параллель?

5. Сызбада екі жазықтықтың параллельдігін қалай анықтауға болады?



Тапсырма 4. Компьютерлік графика

Қабаттар. Жаңа қабаттар құру. Қабаттардың қасиеттерін орнату

(сызықтардың түрлері, түсі, қалыңдығы) жəне өлшемдерді тұрғызу. Сызбаны

құрудың  негізгі даярлық үш кезеңі жəне түйіндесу элементтері бар жазық

сызбаны орындау.

 Əдістемелік нұсқаулар – қабаттар менджерімен жұмыс істеуді үйрену.



Негізгі əдебиет:(6 нег. [280-380]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [10-13]), (10 қос. [203-280]).

Бақылау сұрақтары:

1. Қабаттар дегеніміз не?

2. Жаңа қабатты қалай құруға болады?

3. Жаңа қабатқа қандай қасиеттер орнатуға болады?

4. Қабаттарды сақтау үшін қандай қорғау құралдарын пайдаланса болады?

Тапсырма 5. Сызба геометрия. Позициялық есептер. Көпжақтар.

Əдістемелік нұсқаулар –  нүктенің түзуге, жазықтыққа тиістілігін, түзу мен

жазықтықтың, екі  түзудің, екі  жазықтықтың  өзара  орналасуларын  анықтау

есептерін шешуді үйрену.



62

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[43-62 ],  2 нег. [40-66 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы  жағдайда  жатқан  жазықтық  пен  түзудің  қиылысу  нүктесін

тұрғызудың қадамдарын атаңыз.

2. Қандай беттерді көпжақтар деп атаймыз?

3. Қандай көпжақтарды дұрыс көпжақтар деп атаймыз?

4. Көпжақты  жалпы  жағдайда  орналасқан  жазықтықпен  қиюдың  мəнін

түсіндіріңіз.

Тапсырма 5. Компьютерлік графика. Екі өлшемді примитивтерді

түзетудің командалары. Түзету объектілерін таңдау. Өшіру, көшіру, айналық

бейне, объектігіе ұқсастықты салу, шеңберлік жəне тік бұрышты массивтерді

құру.


Əдістемелік нұсқаулар– екі өлшемді примитивтерді түзетуді үйрену.

Негізгі əдебиет:(6 нег. [280-380]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [10-13]), (10 нег. [203-280]).

Бақылау сұрақтары:

1.Түзету командаларын атаңыз.

2.Түзету объектілерін қалай таңдаймыз?

3. Қандай команда объектілерді өшіреді?

4.Массивтердің қандай түрлері бар?

5.Объектінің айналық бейнесін қандай команда тұрғызады?



Тапсырма 6. Сызба геометрия. Көпжақты жазықтықпен қию.

Əдістемелік  нұсқаулар- нүктенің  көпжаққа  тиістілігін, көпжақтың  түзумен

жəне жазықтықпен қиылысуларын анықтау есептерін шешуді үйрену.

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[95-116 ],  2 нег. [111-146 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[37-57].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай беттерді көпжақтар деп атаймыз?

2. Қандай көпжақтарды дұрыс көпжақтар деп атаймыз?

3. Көпжақты  дербес  жағдайда  орналасқан  жазықтықпен  қиюдың  мəнін

түсіндіріңіз.

4. Көпжақты  жалпы  жағдайда  орналасқан  жазықтықпен  қиюдың  мəнін

түсіндіріңіз.

5. Көпжақ  пен  түзудің  қиылысу  нүктесін  тұрғызудың  алгоритмін  айтып

беріңіз.

6. Көпжақтардың  өзара  қиылысуын  тұрғызудың  екі  əдісінің  мəнісін

түсіндіріңіз.


63

Тапсырма 6. Компьютерлік  графика. Түйіндесу  элементтері  бар  жазық

сызбаны сызу.

 Əдістемелік  нұсқаулар  –  түйіндестіруді  орындау  үшін  керекті

командаларды пайдалана білу.



Негізгі əдебиет:(6 нег. [280-380]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [10-13]), (10 нег. [203-280]).

Бақылау сұрақтары:

1. Түйіндесуді  орындау үшін қандай команданы пайдалану керек.

2. Шеңбер командасы арқылы түйіндестіру тұрғызуға болады ма?

3. Жаңа қабатқа қандай қасиеттер тағайындауға болады?

4. Қабаттарды сақтау үшін қандай қорғау құралдарын пайдаланса болады?

Тапсырма 7. Сызба геометрия. Қарапайым тіліктерді тұрғызу. Берілген екі

көрініс бойынша үшіншісін тұрғызу.

Əдістемелік  нұсқаулар– қарапайым  тіліктерді  орындай  білу, көріністердің

бөліктері мен тіліктердің бөліктерін біріктірудің əдістерін оқып үйрену.



Негізгі əдебиет: 4 нег.

[40-46 ],  5 нег. [69-101 ]



Қосымша əдебиет: 2 қос.[148-186].

Бақылау сұрақтары:

1 Тілік дегеніміз не? Тіліктердің негізгі түрлерін атаңыз.

2. Кандай  сызбаларға  көріністің  жартысы  мен  тіліктің  жартысы  бірігіп

салынады?

3. Қима дегеніміз не? Тілік пен қиманың айырмашылығы неде?

4. Жергілікті тілік дегеніміз не?

5. Тіліктерді қалай белгілейді?

Тапсырма 7. Компьютерлік  графика. Жазық  сызбаларды  тұрғызу.

AutoCAD графикалық жүйесінде көріністер мен тіліктерді орындау.

Əдістемелік  нұсқаулар – сурет  салу  жəне  түзету  командаларын  пайдалана

білу.


Негізгі əдебиет:(6 нег. [280-380]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [10-13]), (10 нег. [203-280]).

Бақылау сұрақтары:

1. Кесіндіні қандай команда арқылы тұрғызуға болады?

2. Шеңбер командасы арқылы түйіндесуді тұрғызуға болады ма?

3. Жаңа қабатқа қандай қасиеттер орнатуға болады?

4. Қабаттарды сақтау үшін қандай қорғау құралдарын пайдаланса болады?

Тапсырма 8. Сызба  геометрия.  Стандарт  аксонометриялық  бейнелер. ¼

бөлігі тіліп алынған аксонометрияны орындау.

Əдістемелік нұсқаулар –  стандарт аксонометриялық проекцияларды қолдана

білу.


Негізгі əдебиет: 1 нег.

[208-233 ],  2 нег. [176-200 ]



64

Қосымша əдебиет: 1 қос.[205-219].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай проекциялар аксонометриялық деп аталады?

2. Аксонометриялық проекциялардың түрлерін атаңыз.

3. Бұрмалану коэффициенті дегеніміз не?

4. Аксонометрияның негізгі теоремасы – Польке теоремасын айтыңыз.

5. Тік  бұрышты  изометрия  мен  диметрияның  осьтер  бойынша  бұрмалану

коэффициенттерін атаңыз.

Тапсырма 8. Компьютерлік графика. Сызықшалауды (штрихтауды)

таңдау мен оны орындау түрлері. Орындалған сызықшалауды түзету.  Сызбада

өлшемдерді қою. Өлшемдерді түзету. Өзіндік өлшем стилін құру.

Əдістемелік  нұсқаулар – өлшемдік  стильдерді  құра  білу, өлшемдерді

орнату, сызықшалау əдістерін үйрену.

Негізгі əдебиет: (6 нег. [225-236]; [414-483]).

Қосымша əдебиет: (6 қос.. [10-30]), (10 қос. [482-493]; [380-462]).

Бақылау сұрақтары:

1. Ассоциативтік жəне ассоциативтік емес сызықшалау дегеніміз не?

2. Сызықшалауды орындаудың түрлерін атаңыз.

3. Өлшемдердің қандай түрлері бар?

4. Өлшемдердің жаңа стилін қалай құруға болады?

Тапсырма 9. Сызба геометрия. Күрделі тілікті орындау.

Əдістемелік нұсқаулар– күрделі тіліктерді оқып үйрену.



Негізгі əдебиет: 4 нег.

[40-46 ],  5 нег. [69-101 ]



Қосымша əдебиет: 2 қос.[148-186].

Бақылау сұрақтары:

1. Күрделі тілік дегеніміз не?

2. Күрделі тіліктердің түрлерін атаңыз.

3. Сатылы тілік дегеніміз не?

4. Сынық тілік дегеніміз не?

Тапсырма 9. Компьютерлік графика. Үш өлшемді қатты денені тұрғызу.

Стандарт үш өлшемді объектілер: параллелепипед, сына, шар, конус, цилиндр,

тор.

Əдістемелік  нұсқаулар – үшөлшемді  қатты  денені  тұрғызу  үшін  қажетті



командаларды оқып үйрену.

Негізгі əдебиет: (6 нег. [102-150]; [159-198]).

Қосымша əдебиет: (6 қос. [10-30]),  (10 қос. [653-723];[764-780])

Бақылау сұрақтары:

1. AutoCAD-та қандай қатты денелерді тұрғызуға болады?

2. Үшөлшемді модельдердің қандай түрлері бар?

3. Типтік үшөлшемді беттерді атаңыз.



65

Тапсырма10. Сызба  геометрия. Метрикалық  есептер. Түзулер  мен

жазықтықтардың перпендикулярлығы.

Əдістемелік  нұсқаулар – метрикалық  есептерді  шығара  білу, кесінділердің

арақашықтықтары мен нақты шамаларын анықтай білу.



Негізгі əдебиет: 1 нег.

[27, 60-62 ],  2 нег. [40-56 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай  есептерді  метрикалық  есептер  деп  атаймыз? Кесіндінің  нақты

шамасын қалай анықтаймыз?

2. Қандай жағдайда тік бұрыш нақты шамаға ортогональ проекцияланады?

3. Горизонталь h-қа нүктеден перпендикулярды қалай тұрғызамыз.

4. Фронталь f-қа нүктеден перпендикулярды қалай тұрғызамыз.

5. Түзу  мен  жазықтықтың  перпендикулярлығына  қажетті  жəне  жеткілікті

шарттарды айтыңыз.

6.  f

Çh жазықтығына  нүктеден  перпендикулярды  қалай  түсіреміз. Мысал



келтіру.

Тапсырма 10. Компьютерлік графика.  Қатты денелерді түзету. Денелерді

біріктіру, бірін-бірінен  алып  тастау, денелердің  қиылысуы. Қатты  дененің

қырлары мен беттерінің түстерін өзгерту. Қабықша құру.

Əдістемелік нұсқаулар – қатты денені түзету командаларын оқып үйрену.



Негізгі əдебиет:(6 нег. [220-228]; [242-276]).

Қосымша əдебиет:(6 қос.. [10-30]), (10 қос. [786-815])

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай команда бір денеден екіншісін алып тастауға мүмкіндік береді?

2. Денелерді біріктіру үшін қандай команда қолданылады?

3. Қандай команда қабықша құрады?



Тапсырма11. Сызба геометрия. Метрикалық есептер.Сызбаны түрлендіру

тəсілдері.

Əдістемелік нұсқаулар – метрикалық есептерді шеше білу, кесінділердің,

жазық фигуралардың нақты шамаларын  сызбаны түрлендіру тəсілдерін

қолданып отырып таба білу.

Негізгі əдебиет: 1 нег.

[65-95 ],  2 нег. [94-110 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[29-37].

Бақылау сұрақтары:

1. Проекциялар  жазықтықтарын алмастыру тəсілімен түрлендірудің мəні?

2. Проекциялар  жазықтығын  бір  рет  алмастыруды  қажет  ететін  есептерді

қалай  айтамыз?

3. Проекциялар  жазықтығын  екі  рет  алмастыруды  қажет  ететін  есептерді

қалай  айтамыз?



66

4. Проециялар  жазықтығына  перпендикуляр  осьтен  айналдыру  тəсілінің

мəні неде?

5. Проекциялар  жазықтығын  алмастыру  арқылы  жазық  фигураның  натурал

шамасын анықтағандағы графикалық тұрғызулар алгоритмін  көрсетіңіз.

Тапсырма 11. Компьютерлік  графика. AutoCAD графикалық  жүйесінің

парақ  кеңістігінде  сызбаны  орналастыру. Объектінің  үшөлшемді  моделінің

негізінде жазық сызбаны құру.

Əдістемелік  нұсқаулар – AutoCAD графикалық  жүйесіндегі  парақ

кеңістігінде жұмыс жасай білу, көрініс экрандармен жұмыс жасай білу.

Негізгі əдебиет:(6 нег. [220-228]; [242-276]);

Қосымша əдебиет:(6 қос. [10-30]), (10 қос. [786-815]).

Бақылау сұрақтары:

1. Үш өлшемді модельдің парақ кеңістігінде ортогональ проекцияларын

қалай салуға болады?

2. Solview коандасының қызметін айтып беріңіз.

3. Көрініс экрандарының масштабтарын қалай өзгертуге болады?

Тапсырма 12. Сызба геометрия

Беттің жазықтық жəне түзумен қиылысуы. Конустық қималар.

Əдістемелік нұсқаулар – түзу мен беттердің қиылысу нүктелерін тұрғызуды

оқып үйрену, конустық қималардың түрлері.



Негізгі əдебиет: 1 нег.

[117-162 ],  2 нег. [67-93 ]



Қосымша əдебиет: 1 қос.[57-84].

Бақылау сұрақтары:

1. Беттің проекциялаушы жазықтықтармен қиылысу сызығының нүктелерін

анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.

2. Беттің  жалпы  жағдайдағы  жазықтықтармен  қиылысу  сызығының

нүктелерін анықтаудың жалпы қадамдарын атап шығыңыз.

3. Бет  пен  жазықтықтың  қиылысу  сызығының  қандай  нүктелері «тірек

нүктелері» деп аталады?

4. Айналу  конусын  жазықтықпен  қиғанда  шеңбер, эллипс, гипербола,

парабола, қиылысатын түзулер, нүкте болатын шарттарын атап шығыңыз.

5. Конустық қиманың ең жоғарғы жəне ең төменгі нүктелерін тұрғызу.




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал