Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 0.83 Mb.

бет1/7
Дата12.09.2017
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Машинажасау институты

Сызба геометрия жəне графика кафедрасы

Қ.А. Тұрғымбаев, У.Т.Қарымсақов

СЫЗБА  ЖƏНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА

Пəннің оқу-əдістемелік кешені

(5В071100 – «Геодезия жəне картография » мамандығы үшін)

Алматы, 2010



2

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Қ.А. Тұрғымбаев, У.Т. Қарымсақов. Сызба  жəне

компьютерлік  графика. Пəннің  оқу-əдістемелік  кешені(5В071100 – «Геодезия

жəне  картография» мамандығы  үшін). – Алматы: Қ.И. Сəтбаев  атындағы

ҚазҰТУ, 2010, 90б.

Аңдатпа


«Мұнай-газ  ісі» мамандығына  арналған  сызба  геометрия  жəне

компьютерлік графика пəнінің оқу-əдістемелік кешені кредиттік жүйемен оқуға

қатысты  барлық  қажетті  мағлұматтардан  тұрады. Оқу-əдістемелік  кешеніне

пəннің  оқу  бағдарламасы (SYLLABUS), глоссарий, дəрістердің  қысқаша

конспекті, оқу-əдістемелік  материалдар  жəне  графикалық  жұмыстар  туралы

мағлұматтар,  студенттер  өз  білімін  тексеруге  арналған  сұрақтар  мен

тапсырмалар, емтихан сұрақтары, ұсынылатын əдебиеттер тізімі, студенттердің

оқуы  жемісті  болуына  негізделген  қысқаша  ұсыныстар  енгізілген. Сабақтар

арнайы  жабдықталған  сызу  залдарында  жəне  компьютерлік  дəрісханаларда

жүргізілуі  тиіс. «Сызба  геометрия  жəне  компьютерлік  графика» пəні  құрылыс

мамандығында  оқитын  студенттерді  дайындауға  арналған  жалпытехникалық

пəндердің қатарына кіреді.

Пəнді  оқу  барысында  сызбаларды  орындау  мен  оқуға  қажетті, сонымен

қатар  конструкторлық  құжаттардың  графикалық  бөлімдерін  автоматты  түрде

дайындауда AutoCAD графикалық  жүйесін  пайдалану  үшін  қажетті  алынған

білім  мен  дағдылар  арнайы  пəндерді  оқу, курстық  жəне  дипломдық

жұмыстарды, жобаларды  орындау  кездерінде  жəне  магистратура  мен

аспирантурада қолданылады.

Қорытынды жол (9 кесте, 85 сурет )

Рецензент, т.ғ.к., доцент           Турсбеков С.В.

Қазақстан  Республикасы  білім  жəне  ғылым  министрлігінің 2010 жылға

бекітілген Типтік оқу бағдарламасы бойынша басылуда

© Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2010


3

1. Пəннің оқу бағдарламасы — Syllabus

1.1

Оқытушылар туралы ақпарат:

Дəріс  жүргізетін  оқытушылар: Тұрғымбаев  Қ.А., доц., т.ғ.к., Қарымсақов

У.Т., доц.., т.ғ.к.

Байланыс телефондары: 257-70-86. 257-72-49

Кафедрада болу уақыты:   715 ауд., уақыты  9

00

 – 18



00

.

1.2



Пəн туралы ақпарат:

Атауы: Сызба  жəне компьютерлік графика

Кредиттер саны: 4

Жүргізілу  орындары: «Сызба  жəне  компьютерлік  графика» кафедрасы,

БОҒ 708-721 аудиториялар.

 1-кесте


Оқу жоспарынан алынған көшірме

Академиялық сағат аптасына

Курс

Семест


р

Кредитт


ер

Дəрістер


Зерт.

сабақтар


Практикалық

сабақтар/

семинар

сабақтар


СӨЖ* СОӨЖ

*

  Барлығ



ы

Бақылау


түрі

1  1 4


1

3

-



4

4

12



Емтихан.

1.3Пререквизиттер

Пəнді меңгеру үшін келесі пəндерді білу қажет:

- матақырыптика,

- тригонометрия,

- ақпараттану;

1.4Постреквизиттер

«Сызба  жəне  компьютерлік  графика»  пəнін  оқығаннан  кейін  алатын

білім  мен  дағды, техниклық  жəне  мамандық  пəндерді  меңгеруге  негіз  болып

табылады:

- техникалық графика;

- азаматтық жəне өндірістік ғимараттар;

- құрылыс  конструкциялары  жəне  мамандықтың  оқу  жоспары  бойынша

оқытылатын басқа да пəндер.

1.5 «Сызба  жəне компьютерлік графика» пəнінің мақсаты мен

міндеттері

1.5.1  «Сызба жəне компьютерлік графика» пəнін оқыту мақсаты:

– студенттердің  кеңістіктік  пішіндерді  жазықтықта  бейнелеудің  негізгі

əдістерін меңгеруі;


4

– кеңістіктік  ойлауды, кеңістіктік  пішіндердің  графикалық  модельдері

негізінде контруктивті-геометриялық ойлауды дамыту;

– құрылыстық  сызбаларды  оқуға  жəне  орындауға, эскиздерді  жəне  жұмыс

сызбаларын  орындауға қажетті білім алып, дағдылану;

– конструкторлық құжаттардың графикалық бөлімдерін AutoCAD ортасында

автоматты түрде дайындаудың негізін оқу.

1.5.2 Пəнді оқудың міндеттері:

- Сызу  құралдары  жəне  компьютер  көмегімен  сызбаларды  дұрыс  орындау

мен безендіруді үйрету;

- МЕСТ(Мемлекеттік  стандарт) КҚБЖ(Конструкторлық  құжаттардың

бірыңғай жүйесі)-ның негізігі талаптарын таныстыру;

Пəнді аяқтағаннан кейін студент келесілерді білуі қажет:

- проекциялау əдістерінің теоретикалық негіздерін;

- көріністерді тұрғызудың теоретикалық негіздері;

-сызбаларды  орындаудың, безендірудің  жəне  мəтіндік  құжаттарды

орындаудың МЕСТ жəне КҚБЖ-мен орнатылған ережелерін;

- сызбада  бұйым  көріністерін  орындау, түзету  жəне  сызбаларды  безендіру

командаларын;

- AutoCAD  ортасында  конструкторлық  құжаттардың  графикалық  бөлігін

автоматты түрде дайындау алгоритмдерін,



жасай білуі керек:

- комплекстік  сызбада, аксонометрияда  жəне  сандық  белгілері  бар

проекцияларда түрлі позициялық жəне метрикалық есептерді шығару;

- əр түрлі сызу жəне өлшеуіш құралдармен, құрылғылармен жүмыс жасау;

- сызбаларда  бұйым көріністерін орнату, орындау, түзету жəне безендіруде

командаларын қолдану;

- бұйымның жазық сызбасын орындап жəне олардың 3 өлшемді модельдерін

түрғызу;


- сызбалардың файлдарын құрып, оларды принтер немесе плоттерге шығару;

меңгеруі қажет:

- түрлі  геометриялық  тұрғызулар  мен  проекциялық  көріністерді  сызу

құралдарының жəне де компьютер көмегімен орындай білуді;

 - бұйымның сызбаларын жəне оның 3 өлшемдерін автоматты түрде даярлау,

түзету  жəне  безендіруді, сонымен  қатар  блоктар  мен  сызбалар  кітапханасын

құрып, олардың қатты көшірмесін дайындауды меңгеруі қажет.



1.6 Тапсырмалардың  түрлері, олардың  тізімдері  жəне  оларды

орындаудың кестесі

Оқылатын  пəнді  толық  меңгеру  үшін  студент  өз  бетінше  міндетті

графикалық  жұмыстарды (ГЖ) қолымен  сызуы  керек  жəне  зертханалық

жұмыстарды (З) компьютердің көмегімен  орындап, ағымдық  жəне  қорытынды

бақылаулардан (ҚБ) сүрінбей  өтуі  тиіс. Сондықтан, оқу  жылының  басында


5

оқушылардың  назарына тапсырмамардың  түрлері  мен  оларды  орындау



мерзімінің тізімі беріледі, оның пішімі 2-кесте бойынша құрылған.

2-кесте


Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі

Бақылау


түрі

Тапсырма


түрі

Тапсырманың атауы

Ұсынылған

əдебиеттерге

сілтемелер

(беттері


көрсетілген)

Тапсыру


мерзімі

1

2



3

4

5



Графикалық

жұмыс 1


Түйіндесу.

5 нег.[56-58]

2 қос. [14-40]

3 апта


Графикалық

жұмыс 2


Көпжақтың жазықтықпен қимасы

1 нег.[43-62]

2 нег. [40-66]

4 апта


Графикалық

жұмыс 3


Берілген  екі  көрініс  бойынша

үшіншісін  тұрғызу. Аксономет-

риялық көрінісін тұрғызу.

4 нег.[40-46]

5 нег. [69-101]

5 апта


Модуль 1

Ағымдық


бақылау

Графикалық

жұмыс 4

Қарапайым  тіліктер. Аксономет-



риялық көріністерін тұрғызу.

4 нег.[40-46]

5 нег. [69-101]

7 апта


Шектік

бақылау 1

Позициялық есептерді шығару

5 нег.[56-58]

2 қос. [14-40]

8 апта


Графикалық

жұмыс 5


Күрделі тіліктер.

4 нег.[40-46]

5 нег. [69-101]

9 апта


Графикалық

жұмыс 6


Беттердің өзара қиылысуы

1 нег.[191-200]

2 нег.[131-145]

11 апта


Модуль 2

Ағымдық


бақылау

Графикалық

жұмыс 7

Сандық белгілері  бар  проекциялар.



Жер  жұмыстарының шерарасын

анықтау.


1 нег.[290-300]

2 нег.[148-152]

14 апта

Шектік


бақылау 2

Метрикалық 

есептерді 

шешу.


Беттердің өзара қиылысуы

1 нег.[191-200]

2 нег.[131-145]

15 апта


Қорытынды

бақылау


Емтихан

Барлығы


1.7  Əдебиеттер тізімі

Негізігі əдебиеттер

1.Есмұхан.Ж.М Есмұханова Ж.Ж. Сызба геометрия . – Алматы, 2000.

2.Крылов Н.Н., Лобандиевский П.И., Мэн С.А. Начертательная геометрия. –

1990г.

3.Есмұханов Ж.М. Сызба геометрияның есептер минимумы  А.2000 Каз ПТИ



1980.

4.Есмуханов Ж.М. Задачник-минимум по инженерной графике.1980.

5.ГОСТы ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей. ГОСТ 2.301-68 – ГОСТ

2.321-84.



6

6.Строительное черчение/В.П. Каминский, О.В. Георгиевский, Б.В. Будасов;

Под ред. О.В.Георгиевского. – М., 2006.

7.Чуприн А.И. AutoCAD 2002. Лекции и упражнения. СПб.:2001.

Қосымша əдебиеттер

1.Короев Ю.И. Начертательная геометрия. – М., 2004.

2.Годик Е.Н., Хаскин А.М. Справочное руководство по черчению.М.,1974.

3.Федоренко  В.А.,Шошин  А.И. Справочник  по  машиностроительному  черче-

нию. Ленинград 1981.

4.Михайленко В.Е., Пономарев А.М. Инженерная графика. К., 1980.

5.Рахметова Ш.Т. Абилдабекова Д.Д. Компьютерная графика. М/указ к лабора-

торно-практическим занятиям. КазНТУ, 2000.

6.Чуприн А.И. AutoCAD 2002. Трехмерное проектирование. СПб.:2002.

7.Чекмарев А.А. Инженерная графика. М; 2000.

8.Полещук Н. Самоучитель AutoCAD 2002. Санкт-Петербург, СПб.: БХВ, 2002.

9.Финкельштейн Э. AutoCAD 2002. Библия пользователя. СПб.:2002.

10.Левицкий В.С. Курс машиностроительного черчения. М; 1987.

11.Кузнецов Н.С. Начертательная геометрия.- М.1981.

12.Есмуханов Ж.М., Искакова С.И., Георгиев Ю.Ф. Оформление чертежей.

Геометрические построения. Методические указания №1 к выполнению графи-

ческих работ по черчению и инженерной графике. - Алма-Ата, 1985

13.Есмуханов Ж.М., Черненко В.И. Параллельная аксонометрия. Виды, разрезы

и сечения. Методические указания №2. - Алма.Ата, 1978.

14.Есмуханов Ж.М., Салимжанов К.С. Методическое руководство к решению

задач по начертательной геометрии. Алма.Ата, 1982.

1.8 Білімді тексеру жүйесі

3-кесте


Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау тұрлері

%

Қорытынды бақылау

100

Аралық бақылау



100

Емтихан


Ағымдық бақылау

100


4-кесте

«Сызба геометрия жəне компьютерлік графика» пəні бойынша оқу

үрдісінің күнтізбелік кестесі

Апталар


1  2  3  4  5  6  7  8  9 10 11 12 13 14 15

Бақылау


түрлері

З1

З2



З3

ГЖ1


З4

ГЖ2


З5

ГЖ3


З6

З7

ГЖ4



З8 З9

ГЖ5


З10 З14

ГЖ6


З11 З12 З13

ГЖ7


З15

Бақылау саны

1 1 2 2 2 1 2 2 2 1 2 1 1 2 2

Бақылау түрлері: АБ 1,2 – аралық бақылау

                             З. –зертханалық, ГЖ – өзіндік жұмыс


7

5-кесте


Студенттердің білімін бағалау

Баға

Əріптік

эквивалент

Рейтингтік балл

(пайызбен %)

Баллмен

А

95-100



4

Өте жақсы

А-

90-94


3,67

В+

85-89



3,33

В

80-84



3,0

Жақсы


В-

75-79


2,67

С+

70-74



2,33

С

65-69



2,0

С-

60-64



1,67

D+

55-59



1,33

Қанағаттанарлық

D

50-54


1,0

Қанағаттанрлықсыз

F

0-49


0

1.8 Модульдер  мен  аралық  аттестация (емтихан) бойынша  бақылау

жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

Модуль  №1 бойынша бақылау сұрақтары

1.  Проекциялардың қандай əдістері бар жəне олардың аппараттары.

1.Тік бұрыштап проекциялау жəне оның қасиеттері.

2.Стандарт аксонометриялық проекцияларды атаңыз.

3.Негзгі көріністерді атаңыз.

4.Горизонталь h дегеніміз не жəне оны салудың ерекшеліктерін атаңыз.

5.Фронталь f дегеніміз не жəне оны салудың ерекшеліктерін атаңыз.

6.Бəсекелес  нүктелер  дегеніміз  не. Нүкте, түзу  жəне  жазықтықтың

көрінетіндігі қалай анықталады.

7.Қиюшы жазықтықпен көпжақты қиюдың əдістерін атаңыз.

8.Қандай  есептерді  метрикалық  есептер  деп  атаймыз. Кесіндінің  нақты

шамасын қалай табамыз?

9.Проекциялар жазықтығын алмастыру əдісінің мəні неде?

10.Проекциялар  жазықтығын  алмастыру  əдісі  арқылы  жазықтықтың  нақты

шамасын қалай анықтаймыз (мысал келтіру)?

11.Командаларды шақырудың əдістерін атаңыз.

12.Таңдау дəлдеуіші мен меңзер қиылысының ролі туралы айтып беріңіз.

13.Контекстік менюдегі командалардың құрамы қандай факторларға

қатысты өзгерді?

14.Кесіндіні қандай команданың көмегімен салуға болады?

15.Шеңберді салудың əдістерін атаңыз.


8

16.Қандай команданың көмегімен объектіні қажетті өлшемге дейін ұзартуға

болады.

17.Объектіліердің бөліктерін ұзарту үшін қолданылатын команда.



18.Сызбада объектінің масштабын өзгерту үшін қандай команда

қолданылады?

19.Бір түзуден байыппен екіншіге көшуді орындауға қандай команда

мүмкіндік береді?

20.Түзету үшін керекті объектіні қалай таңдаймыз?

Модуль  №2 бойынша бақылау сұрақтары

1.Беттің анықтауышы дегеніміз не?

2.Айналу беті қалай құрылады, жəне олар сызбада қалай көрсетіледі?

3.Конус, сфера, цилиндр беттерінің анықтауышы жəне олардың сызбада

бейнеленуі.

4.Қандай беттер сызықты параллелизм жазықтығы бар беттер деп аталады.

Оның түрлерін атаңыз. Олар сызбада қалай беріледі жəне олардың бейнеленуі?

5.Беттердің қиылысу сызығын тұрғызудың əдістерін атап шығыңыз.

Мысалар келтіріңіз.

6.Беттің жаймасы дегеніміз не? Қандай беттерді жайылатын беттер деп

атаймыз.

7. Жаймада жайылатын беттің қандай қасиеттері бар.

8.Сандық белгілері бар проекциялар əдісінің мəні.

9.Түзудің көлбулігі мен интервалы дегеніміз не?

10.Жазықтықтың  көлбеулігінің масштабы дегеніміз не?

11.Сандық белгілері бар проекцияларда екі жазқтықтың қиылысу сызығы

қалай құрылады?

12.Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін қалай анықтаймыз?

13.Түзу мен беттің қиылысу нүктелерін қалай тұрғызамыз?

14.Жазықтық пен топографиялық беттің қиылысу сызығы қалай

тұрғызылады?

15.AutoCAD жүйесінде қандай типтік қатты денелі объектілерді құруға

болады?

16.Созу денесін қалай құруға болады?



17.Айналу денесін қалай құруға болады?

18.Үш өлшемді модельдердің қандай түрлері бар?

19.Командалық жол мен мəтіндік терезенің тағайындамалары туралы

айтыңыз.


20.Таңдау дəлдеуіші мен меңзер қиылысының ролі туралы айтып беріңіз.

Аралық  аттестацияны жүргізуге арналған сұрақтар:

1.Проекциялар əдісі. Центрлік жəне параллель проекциялар.

2.Тік бұрыштап проекциялау жəне оның қасиеттері.

3.Аксонометриялық көріністер жəне бұрмалану коэффициенттері.



9

4.Стандарт аксонометриялық проекцияларды атаңыз.

5.Негізгі көріністер. Тіліктер, қималар. МЕСТ 2.305-68.

6.Монж эпюрі.

7.Дербес жағдайдағы түзулер.

8.Түзудің ізі.

9.Дербес жағдайдағы жазықтықтар.

10.Жазықтықтың басты сызықтары.

11.Жазықтықтың ізі.

12.Қандай есептерді позициялық есептер деп атаймыз. Мысал келтіру.

13.Қандай есептер метрикалық есептер деп атаймыз. Мысал келтіру.

14.Кесіндінің нақты шамасын анықтау.

15.Көрінетіндікті анықтау. Бəсекелес нүктелер дегеніміз не.

16.Жазықтыққа параллель түзулер мен жазықтықтар.

17.Жазықтыққа перпендикуляр түзулер мен жазықтықтар.

18.Түзу мен жазықтықтың қиылысуы.

19.Екі жазықтықтың өзара қиылысуы.

20.Көрінетіндікті анықтау. Бəсекелес нүктелер дегеніміз не.

21.проекциялар жазықтығын алмастыру əдісі.

22.Айналдыру əдісі.

23.Көпжақтың қимасын қиюшы жазықтықпен қию əдісі арқылы анықтау.

24.Қандай  жағдайда  тік  бұрыш  ортогональді  түрде  нақты  шамаға

проекцияланады.

25.Түзу  мен  жазықтықтың  перпендикулярлығының  қажетті  жəне  жеткілікті

шарттары.

26.Көпжаққа анықтама беріңіз. Көпжақтың элементтерін атаңыз.

27.Қандай көпжақтарды дұрыс көпжақтар деп атаймыз?

28.Көпжақтардың  өзара  қиылысу  сызығын  тұрғызудың  екі  əдісінің  мəнін

түсіндіріңіз.

29.Алгебралық жəне трансцендентті қисық сызықтар. Алгебралық қисықтың

реттілігі деп нені атаймыз?

30.Кеңістіктік қисық сызықтар.

31.Беттерді құру жəне олардың берілуі. Беттің анықтауышы дегеніміз не?

32.Айналу беттері қалай құрылады, жəне олардың сызбада берілуі.

33.Қандай  беттер  параллелизм  жазықтығы  бар  сызықтық  беттер  деп

аталады? Оның  түрлерін  атаңыз. Олар  сызбада  қалай  беріледі  жəне  олардың

бейнеленуі?

34.Беттердің  проекциялаушы  жазықтықтармен  қиылысу  сызығының

нүктелерін анықтаудың жалпы схемасын атаңыз.

35.Беттердің  жалпы  жағдайдағы  жазықтықпен  қиылысу  сызығының

нүктелерін анықтаудың жалпы схемасын атаңыз.

36.Беттер  мен  жазықтықтардың  қиылысу  сызығының  қандай  нүктелерін

тіректік нүктелер деп атаймыз?


10

37.Айналу  конусын  қиған  кезде  шеңбер, эллипс, гипербола, парабола,

қиылысатын түзулер, нүкте шығатын жағдайлардың шарттарын  атаңыз.

38.Беттердің қиылысу сызығын тұрғызудың əдістерін атаңыз.

39.Қиюшы жазықтықтар əдісі. Қиюшы сфералар əдісі.

40.Жазықтыққа берілген нүктеде жанап өтуші жазықтық деп қандай

жазықтықты айтамыз?

41.Беттің жаймасы дегеніміз не? Қандай беттерді жайылатын беттер деп

атаймыз?

42. Жаймалардың негізгі қасиеттерін атаңыз.

43.Сандық белгілері бар проекциялар əдісінің мəні.

44.Түзудің көлбеулігі жəне интервалы дегеніміз не? Түзуді бөліктеу.

45.Жазықтықтың көлбеулігінің масштабы дегеніміз не? Жазықтықтың

горизонтальдары көлбеулік масштабқа қатысты қалай орналасқан?

46.Сандық белгілері бар проекцияларда екі жазықтықтың қиылысу сызығы

қалай тұрғызылады?

47.Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін қалай анықтаймыз?

48.Беттің горизонталі дегеніміз не?

49.Топографиялық бет. Жазықтық пен топографиялық беттің қиылысу

сызығы қалай құрылады?

50.Топографиялық беттің қандай бейнесі профиль деп аталады?

1.9 Курстың саясаты мен əрекеттері

Беріліп  отырған  пəн  Сізді  сызба  геометрия  жəне  сызу  саласында  тұғырлы

болуға көмектеседі.

«Сызба  геометрия  жəне  компьютерлік  графика» пəні  бойынша

тапсырмалардың  жəне  бақылаудың  келесідей  түрлері  қарастырылған:

зертханалық  жұмыстар, міндетті  графикалық  жұмыстар, есептер  шығару,

шектік бақылау.

Жұмыстардың  барлық  түрлері  тиесілі  уақытта  орындалып, тапсырылуы

қажет.

Тапсырманың  барлық  түрлерін  орындамаған  студенттер, емтиханға

жіберілмейді.

Студент


³ 50% жинаған  кезде  қорытынды  бақылау(емтихан) тапсырылды

деп  есептеледі. Студент  бақылаудың  барлық  түрлерін  орындап,  рейтингтік

пайыздың қосындысында

³ 50% жинаған кезде қорытынды бақылауға(емтихан)

жіберіледі.


11

2. Берілетін материалдың мазмұны.

     6-кесте



2.1 Пəннің  тақырыптық жобасы.

Академиялық сағат саны

Тақырыптың аты

Дəріс 

Зерт. СОӨЖ  СӨЖ

1

2

3

4

5

2

2



4

4

1.  Сызба геометрия. Кіріспе. Проекциялар əдісі. Монж

эпюрі. Монж эпюрінде  жалпы жəне дербес жағдайдағы

түзулер.


Компьютерлік 

графика. AutoCAD графикалық

жүйесімен  танысу. Графикалық  примитивтер(нүкте,

кесінді, шеңбер, доға, сақина, эллипс, көпбұрыш, жолақ)

жəне  оларды  тұрғызу. Примитивтерді  салудың  əдістері,

орындалған 

примитивтердің 

қасиеттерін 

өзгерту.


Мəтінді  жазу.  Біржолдық  жəне  көпжолдық  мəтін.

Мұқаба бетті құру.

0

3

3



3

2

2



4

4

2.  Сызба геометрия. Жазықтық. Позициялық есептер.



Компьютерлік  графика.  Қабаттар. Жаңа  қабат  құру.

Қабаттың  қасиеттерін  орнату. Сызбаны  құрудың  үш

негізгі  даярлық  қадамдары  жəне  түйіндесу  элементтері

бар жазық сызбаны орындау.

0

2

2



2

3

3



6

6

3.  Сызба  геометрия. Көпжақтар. Көріністер, тіліктер,

қималар. Аксонометриялық проекциялар.

Компьютерлік 

графика. AutoCAD графикалық

жүйесінде көріністер мен тіліктерді орындау.

0

2

2



2

2

2



4

4

4.  Сызба  геометрия. Метрикалық есептер. Сызбаны

түрлендірудің əдістері.

Компьютерлік 

графика. AutoCAD

графикалық

жүйесінде  3  өлшемді  күрделі,  қатты  денелі  объектіні

құру. Үшөлшемді объектілерді өзгерту.

0

2

2



2

2

2



4

4

5.   Сызба  геометрия. Қисық  сызықтар  мен  беттер,

Беттердің жазықтықпен жəне түзумен қиылысуы.



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал