Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 1.1 Mb.

бет11/12
Дата08.01.2017
өлшемі1.1 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

     Попов  Ю.  Академиктiң  хаттары: 

математик  ғалым  О.А.Жәутiковті  еске 



алу

 / Ю.Попов //Орталық Қазақстан. – 1992. – 29 сәуiр. 



     Жаңбырбаев  Б.  Ұстаз  тұлғасы: 

академик  О.А.Жәутiковтың  80 



жылдығына орай

 /Б.Жаңбырбаев // Қазақстан мұғалiмi. – 1991. – 24 мамыр. 



      Қайым  Қ.  Қиялы  ұшқыр  ғұлама  ғалым: 

академик  О.А.Жәутiковтың 



туғанына 85 жыл 

 /Қ.Қайым // Информатика. Физика. Математика. – 1996. –     



№5. – 74-75 б. 

      

 

 



Мамыр 

5 жұлдыз 

 

Педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  әдiскер-



ғалым  Бувихан  Алахунованың  туғанына  85  жыл 

5.05.1931-16.03.2013



 

       Алахунова  Бувихан  1931  жылы    5  мамырда  Алматы  облысы,  Ұйғыр 



ауданындағы  Үлкен  Ақсу  ауылында  туған.  1952  жылы  Абай  атындағы 

педагогикалық  институтының  (қазiргi  Алматы  мемлекеттiк  университетi) 

қазақ  тiлi  мен  әдебиетi  факультетiн  бiтiрiп  ауыл  мектебiнде  мұғалiм  болып 

iстедi. 


       1958 жылы Қазақ КСР Оқу ағарту министрлiгiнiң бұйрығымен ұйғыр тiлi 

мен  әдебиетiн  оқыту  әдiстемесi  бөлiмiнде  ғылыми  қызметкер  болып 

ауыстырылды.  1971  жылы  «Ұйғыр  әдебиетiн  оқыту  әдiстемесi»  мамандығы 

бойынша  «Ұйғыр  орта  мектебiнде  Умар  Мұхамедi  өмiрi  мен 

шығармашылығын  оқу»  тақырыбына  кандидаттық  диссертация  қорғады. 

Педагогика ғылымы саласындағы ұйғыр халқының тұңғыш ғалымы. 

       1958  жылдан    еңбек  демалысына  шыққанға  дейін  Қазақстан 

Республикасы  Бiлiм  министрлiгiнiң  Ы.Алтынсарин  атындағы  педагогика 

ғылымдары  ғылыми-зерттеу  институтында  (қазiргi  Қазақтың  Бiлiм 

Академиясы)  кiшi  ғылыми  қызметкер,  аға  ғылыми  қызметкер,  тақырып 

жетекшiсi,  ұйғыр  мектебiнде  ұйғыр  тiлi  мен  әдебиетiн  оқыту  әдiстемесi 

лабораториясының  меңгерушiсi  болып  iстедi.  Республикадағы  ұйғыр 

мектептері  үшін    оқулықтар  мен  оқу-әдiстеме  құралдарының  авторы  болып 

табылады.  Қазіргі  уақытта  Ұйғыр  мәдени  орталығында  әйелдер  кеңесінің 

төрайымы болып  қызмет істейді. 

       Ол  жалпы  бiлiм  беретiн  ұйғыр  мектептерiне  арналған  ұйғыр  тiлi  мен 

әдебиетi  жөнiндегi  жаңа  бiрегей  бағдарлама  жасады.  Оның  басшылығымен 

мектепте ұйғыр тiлiн оқыту бағдарламасы әзiрлендi. 

       Облыстық  мұғалiмдер  бiлiмiн  жетiлдiру  институтының  курстарында, 

ұйғыр  мектептерiнде  ұйғыр  тiлi  мен  әдебиетiн  оқыту  әдiстемесi  жөнiнде 

үнемi дәрiстер оқыды, конференциялар мен семинарларда баяндама жасады. 

      Ұйғыр тiлi лабораториясын басқарған жылдары педагог мамандар әзiрлеу 

жұмысын  жүргiзді.  Бүгінде  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім 

академиясының  ұйғыр  тілі  мен  әдебиеті  лабораториясы  Алахунова 

Бувиханның есімімен аталады. 

      Халық  ағарту  iсi  мен  педагогика  ғылымын  дамытудағы  көп  жылғы 

қызметi  үшiн  «Еңбектегi  ерлiгi  үшiн»,  «В.И.Лениннiң  100  жылдығы 


71 

 

қарсаңында ерен еңбегi үшiн», «Ы.Алтынсарин атындағ», «Еңбек ардагерi», 



«Қазақ  ССР  халыққа  бiлiм  беру  iсiнiң  үздiгi»,  «КСРО  халық  ағарту  iсiнiң 

үздiгi» белгілерімен, КСРО халық ағарту министрлiгiнiң жоғары мектеп пен 

ғылыми  мекемелер  қызметкерлерi  кәсiподағы  Орталық  комитетiнiң  Құрмет 

грамотасы  және  Қазақстан  Республикасының  Құрмет  грамотасымен  

марапатталды. 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

       Алахунова Б.  Һәсни хат 2. / Б.Алахунова. - Алмута

 Рауан, 1996. – 32 б. 



      Әлахунова Б.  Һәсни хат 3. / Б.Әлахунова.  - Алмута

 Рауан, 1994. – 32 б. 



      Әлахунова  Б.  Елипбә:  Башланғуч  мәктәпниң  биринчи  синипи  үчүн 

дәрислик /Б.Әлахунова, А.Шәмиева. -Алмута

Рауан,1994.– 95 б. 



       Әлахунова  Б.  Елипбә:  Төрт  жиллиқ  башланғуч  мәктәпниң  биринчи 

синипи  үчун  дәрислик.  –  5  нәшри.  /Б.Әлахунова,  А.Шәмиева  –  Алмута: 

Рауан, 1992. – 96 б. 

       Алахунова Б. Толық шешiмiн табады / Б.Алахунова // Қазақстан мектебi. 

– 1986. – № 10. – 14-15 б. 

      Алахунова  Б.  Ұйғыр  мектептерiнде  Абай  шығармаларының  оқытылуы       

/ Б.Алахунова  // Қазақстан мұғалiмi. – 1995. – 19 шiлде. 

     Алахунова  Б.  Бубихан  Алахунова

  «



Қазақша  сөйле,  Қазақша  амандас, 

қазақша ән сал…»

 



белгiлi ғалым, танымал педагог Б.Алахуновамен сүхбат

 

/сұхбаттасқан Д.Нұрмұхамбет ––Алматы ақшамы. – 2002. – 14 желтоқсан. 



Ол туралы: 

       


Аюпов  Ш.   Ана  бақыты:  [әдіскер  ғалым,  ұйғыр  мектептеріне  арналған 

оқулықтар  мен  ғылыми  мақалалардың  авторы  Бувихан  Алахунова  туралы]       

/ Ш. Аюпов // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр. 

      Аюпов  Ш.   Бүвихан  апаның  бақыты:  [ұстаз-ғалым  Бүвихан  Алахунова 

туралы] / Ш. Аюпов // Жетісу. - 2011. - 7 мамыр. 



     Келес  М.  Бүбіхан  апаның  бақыты.  Педагогика  ғылымдарының  ұйғыр 

халқынан  шыққан  тұңғыш  кандидаты,  ғалым-ұстаз  Бүбіхан  Алахуновамен 

сұхбат /М.Келес // Қазақстан әйелдері. – 2006. - № 5. – 8-9 б. 

 

7 мамыр  -  



Отан қорғаушылар күні 

          1991  жылы  25  қазанда  Қазақстан  Президентінің  Жарлығымен  Қазақ 

КСР-ң  мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  құрылды.  Кейін  республиканың 

қорғаныс  мәселелерін  толық  түрде  жеке  шешуге  көшуіне  байланысты 

қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып 

қайта  құрылды.  1992  жылдың  7  мамырында  тәуелсіз  елдің  заңдық 

құқықтарының негіздеріне  және  тәуелсіз  мемлекеттер  достығына  қатысушы 

мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығы  шықты.  Бұл  Жарлық  бойынша,  Қазақстан 

аумағына  орналасқан  Қарулы  Күштер   өздерінің  мүліктерімен  қоса, 

республиканың  қарауына  өтті.  Жоғарғы  Бас  Қолбасшы  ретінде  Қарулы 

Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс 



72 

 

ісімен  тікелей  шұғылданатын  алғашқы  Қорғаныс  министрі  болып  генерал-



полковник 

С.Нұрмағанбетов 

тағайындалды. 

Бұл 


күн 

Қазақстан 

Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан 

«7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. 

      

Аталған  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 



Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы 

күштері  мен  әскери-теңіз  күштерінің  бас  штабтары  бекітілді.  Аэроұтқыр 

күштерге  Жоғарғы  Бас  қолбасшының  резерві  құзыры  берілді.  2001  жылдан 

Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. 

        Бүгінгі  күні  Қазақстан  өз  азаматтарының  әскери  қызмет  атқаруының 

жағдайы  мен  тәртібін  дербес  анықтайды,  өз  аумағында  әскерлердің,  қару–

жарақтың  және  техниканың  орналасу  мәселесін  шешеді.  Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  Күштеріне  жалпы  мақсаттағы  күштер,  әуе-

қорғаныс  күштері,  мемлекеттік  шекараны  қорғау  күштері  және  де  ұлттық 

гвардия  мен  ішкі  әскерлер  кіреді.  Өз  кезегіне  қарай,  қарулы  күштер  түрлі 

бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 

      


Мектептерде  бұл  мереке  қарсаңында  көптеген  іс-шаралар  өтеді. 

Оқушыларды  Қазақстан  Қарулы  Күштерімен  таныстырып,  олардың  қандай 

түрлері бар екенін түсіндіру  мақсатында әр сыныпта тәрбие сағатын өткізу 

керек. Сонымен бірге осы күнге лайықты басқа да  шаралар ұйымдастыруға 

болады.  Атап  айтсақ,  5-8  сынып  оқушылары  арасында  «Қауіпсіз  дөңгелек» 

атты  әскери-спорттық  жарыстар  болса,  9-11  сыныптар  арасында  «Саптық 

байқау» жарыстары өтеді. Сонымен қатар патриоттық әндерден мектепішілік 

байқау ұйымдастыруға болады. 9-11 сынып оқушыларының «Саптық байқау» 

жарыстарында  оқушылар  әскери  киімдер  киіп,  өздерінің  ұрандарын  және 

патриоттық әнді сап түзей жүріп айтып шығады. Одан кейін әртүрлі әскери 

жаттығулардан жарыстарға қатысады.  

ӘДЕБИЕТТЕР: 

       Аймуханов  Б.Қ.   Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушыларды 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу  /  Б.  Қ.  Аймуханов  //Алғашқы  әскери 

дайындық.Өмір  қауіпсіздігі  негіздері=Начальная  военная  подготовка. 

Основы безопасности жизнедеятельности. - 2014. - № 1. - 5-6 б. 



        Алтынбаев  М.   Мұхтар  Алтынбаев:  Қысқа  мерзім  ішінде  қарулы 

күштерімізді  құра  алдық:  [Отан  қорғаушылар  күніне  орай  Армия  генералы 

М.Алтынбаевпен  сұхбат]  /әңгімелескен  А.Қалжанов  /  М.  Алтынбаев 

// Астана ақшамы. - 2014. - 6 мамыр. 



        Әсембеков Е. Айбынды біздің армия: [Қазақстанның Қарулы Күштеріне 

- 20 жыл] /Е.Әсембеков //Астана ақшамы. - 2012. - №50. - 8 мамыр. 

        Балқыбекова  Б.П.   «Отан  қорғау  -  азаматтық  борышың»:  [7  мамыр 

Ұландар  күніне  арналған  кеш]  /  Б.  П.  Балқыбекова  //Қазақ  тілі  Қазақстан 

мектебінде=Казахский язык в казахстанской школе. - 2013. - № 4. - 48-49 б. 

        Еңсепбаев 

М.    Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің 

Гарнизондық  және  қарауылдық  қызметтерінің  жарғысы:  [алғашқы  әскери 

дайындық пәні] /М.Еңсепбаев //Мектептегі дене шынықтыру. - 2012. - №2. - 

12-13 б. 



73 

 

         Ертаев  Б.   Ауған  соғысында  қаһармандық  көрсеткен  қазақтар  аз 



болған  жоқ:  [Халық  қаһарманы,  армия  генералы  Бақытжан  Ертаевпен  сыр-

сұхбат] /әңгімелескен Еламан Қоңыров / Б. Ертаев //Ислам және өркениет. - 

2012. - 1-10 мамыр. 

       Жолдыбай  О.   Армия  сақадай-сай  болуға  тиіс.  7  мамыр  күні  Астанада 

Отан  қорғаушылар  күніне  арналған  әскери  шеру  өтті  /  О.  Жолдыбай 

// Президент және халық. - 2014. - 9 мамыр. 

      

Қазақ  армиясының  қауқары  мықты:  [еліміздің  қарулы  күштерінің 

құрылғанына  20  жыл  толуына  орай  1999-2001  жылдардағы  Қорғаныс 

министрі,  запастағы  генерал-полковник  Сәт  Тоқпақбаевпен  сұхбат]                       

/сұхбаттасқан С.Әмірбекұлы  //Айқын . - 2012. - №83. - 9 мамыр. 



       

Қуатты  әскер  -  тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  кепілі.  Кеңес  Одағының 

батыры,  Халық  Қаһарманы,  армия  генералы  Сағадат  Нұрмағамбетовпен 

әңгіме  /әңгімелескен  Сапарғали  Жағыпаров  //Егемен  Қазақстан.  -  2012.  -  8 

мамыр. 


     

  Майкеев  Б.   Армиядағы  арулар:  [әскери  қызметші  қыз-келіншектер 

туралы] / Б. Майкеев //Егемен Қазақстан. - 2012. - 3 сәуір. 



       Мықты армия  -  мықты  Қазақстан!:  [7  мамыр -  Отан  қорғаушы  күні] 

// Егемен Қазақстан. - 2013. - 9 мамыр. 



       Омар  Ж.   Қазақстан  армиясы.  Ол  қалай  құрылып  еді?  Қазір  қандай?               

/ Ж. Омар // Егемен Қазақстан. - 2012. - 27 наурыз. 

       Тоқпақбаев С.   Қазақ армиясының қауқары мықты: [Қазақстан армиясы 

туралы] / С. Тоқпақбаев //Айқын. - 2012. - 9 мамыр. 



       Төлеуова  А.Т.   «Жігіт  сұлтаны»  (Астананың  15  жылдық  мерейтойына 

және  Отан  қорғаушылар  күніне  орай  ұйымдастырылған  өнер  сайысының 

сценарийі) / А. Т. Төлеуова  //Отбасы және балабақша. - 2013. - № 4. - 13-16 б. 

 

9 мамыр - Жеңіс күні 

           1941—1945-жылдар  аралығындағы  Ұлы  Отан  соғысына  35  млн.  адам, 

соның  ішінде  1,5  млн.  қазақстандық  қатысты.  Бұл республика халқының 18 

бен  50  жас  аралығындағы  ересектердің  70  пайызы.  Ұрыстардың  алғы 

шебінде  Қазақстаннан  жіберілген  23  бірлестік,  50  шақты  полктар  мен 

батальондар  шайқасты.  Қазақстандықтар  Мәскеу  мен  Ленинградты  жанын 

қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге 

атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. 

      


Ондаған  мың  қазақстандық  ерен  еңбегі  мен  ерліктері  үшін 

марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт 

адам  бұл  атаққа  екі  мәрте  ие  болды,  142  адам  Даңқ  орденінің  толық 

жинағының иегері атанды.  

     

Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстандықтардың  ерен  ерлігімен 



таныстыру,  адамгершілік  қасиеттерді  бойларына  сіңіру,  Отансүйгіштікке 

тәрбиелеу  мақсатында  мектеп  қабырғасында  көптеген  мерекелік  шаралар 

өтіледі.  Солардың  бірі  «Ер  есімі  –  ел  есінде»  атты  тәрбие  сағатын  өткізуге 

болады. Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, сыныпты гүлмен, 

шармен, жалаулармен безендіруге болады. Барысы: 1.Жеңіс күніне арналған 


74 

 

өлеңдер  мен  қанатты  сөздер.  2.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  қазақ 



батырларының ерлігі және жеңіс туралы әндер айтылып, билер биленеді.    

ӘДЕБИЕТТЕР: 

      


Ғабдуллин  М.  Ел  намысы  –  ер  намысы  /  М.Ғабдуллин  .  –Алматы: 

Жазушы, 1966. – 75 б. 



         Сәрсенбаев Ә Батырлардың ізімен /Ә.Сәрсенбаев. – Алматы: Жазушы, 

1974. – 208 б. 

*     *     * 

         Абдикалымова  Л.   Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында:[тарихты 

оқыту] / Л. Абдикалымова // XXI ғасыр мектебі. - 2012. - № 5. -17-18 б. 

      

Айтмағамбетов  Е.  Қыранның  самғауы:  [Ержүрек  ұшқыш  Талғат 

Бигелдинов  туралы]  /Е.  Айтмағамбетов  //Ана  тілі.  -  2012.  -  №19.  -  9-16 

мамыр. 

        Алибаева  Г.  Батыр  ұл  –  Бауыржан:  [Бауыржан  Момышұлы  туралы] 



/Г.Алибаева //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 5. – 38-39 б. 

      


Алпартегі  Ж. «Марсқа» қатысқан қазақ бригадасы: [Ржев қаласының 

маңында  соғысқан  бригададағы  қазақ  жауынгерлерінің  ерлігі  туралы]             

/ Ж.Алпартегі // Айқын. – 2014. – 1 мамыр 

        Аупбаев  Ж.   «Қара  қабылан».  Соғыс  кезінде  немістер  барлаушы 

Мұхамеджан  Бәйтеновті  осылай  деп  атап  кетіп  еді.  /  Ж.  Аупбаев 

// Егемен Қазақстан. - 2015. - 22 сәуір. 

       Аупбаев  Ж.   Ресейдегі  қазақ  батырлары:  [Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

ресейлік  қазақтар  туралы]  /  Ж.  Аупбаев  //Егемен  Қазақстан.  -  2015.  -  21 

қаңтар; 22 қаңтар. 

         Ахметова Ғ. Отан үшін от кешкен – ару қыздар: [Ұлы Отан соғысында 

ерлік көрсеткен батыр қыздар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,  Хиуаз 

Доспанова,  Рахила  Ералина,  Әкима  Ақжолаева  туралы  сахналық  көрініс]         

/ Ғ.Ахметова //Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 

2014. - № 5. – 4-7 б. 

        Әбішева  Т.   Майдандағы  қазақ  арулары:[Ұлы  Отан  соғысына  тарихи 

деректер  бойынша  Қазақстаннан  5183  қыз-келіншек  аттанған.  Ерлік 

көрсеткен батыр қыздарымыз, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк 

Мәметова,  Шәрипа  Тұрымбетова,  Халима  Өзбақанова  туралы]  /  Т.  Әбішева 

// Президент және халық. - 2015. - 27 наурыз. 

       Әлімжан  Е.   Бауыржан  Момышұлы  кім?.Бұл  сұрақтың  толыққанды 

жауабын  беретін  уақыт  жетті  /  Е.  Әлімжан  //  Егемен  Қазақстан.  -  2014.  -          

9 қаңтар. 

      Бекенов  Ж.   Бауыржан  мен  Мәлік  немесе  қан  майданда  шыңдалған 

достық: [Бауыржан Момышұлы мен оның майдандас серігі Мәлік Ғабдуллин 

туралы] / Ж. Бекенов // Егемен Қазақстан. - 2013. - 13 ақпан. 

       Домбай  Н.   «Ана  аты бәрінен  қымбат»:  [Ұлы  Отан  соғысының батыры, 

Халық  Қаһарманы  Хиуаз  Доспанова  туралы  баласы  Ерболат  Әміров 

әңгімелейді] / Н. Домбай  //Ана тілі. - 2015. - 5-11 наурыз. 



75 

 

      Ибраева  Г.  Ерлікке  баулу:  [тақырыбы:  Ол  халқына  адал  болды.  Даңқты 

қолбасшы  Б.  Момышұлына  арналған  тәрбие  сағаты]  /Г.  Ибраева  //Оқыту- 

тәрбиелеу технологиясы. - 2012. - №2. - 42-43 б. 



         Иманбаева  Д.  Мәншүктің  мәңгілік  мекеніне  барамыз:  [Кеңес 

Одағының  Батыры,  шығыстың  қос  шынары  атанған  ержүрек  қазақ  қызы 

Мәншүк Маметованың туғанына 90 жыл ] /Д. Иманбаева //Алматы ақшамы. - 

2012. - №54-55. - 8 мамыр. 

       Көлбаев Т.   Сұрапыл жылдар жаңғырығы:[Ұлы Отан соғысындағы ерлік 

көрсеткен  қазақстандықтар  және  соғыс  жылдарындағы  Қазақстан]                   

/ Т. Көлбаев  // Ана тілі. - 2015. - 29 қаңтар - 3 ақпан. 

      Құлияс Т.   Даңқы жер жарған: [Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан 

Қошқарбаев туралы] / Т. Құлияс // Астана ақшамы. - 2014. - 25 ақпан. 

       Лушникова Н.   Қарғалының қарлығашы Зияда Досбергенова: [Ұлы Отан 

соғысында  ерлігімен  танылған,  ІІ  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы  ордені  қаза 

болғаннан  кейін  берілген]  /  Н.  Лушникова  //Егемен  Қазақстан.  -  2015.  -           

7 мамыр. 

      

Озғанбаев  Ө.   Өшпес  жара,  ұмытылмас  тарих:  [Ұлы  Отан  соғысына 

қатысқан  қазақстандықтар  туралы  республикалық  «Ардагерлер  ұйымы» 

қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы әңгімелейді] / Ө. Озғанбаев 

// Президент және халық. - 2014. - 9 мамыр. 



        Оразбаев  Қ.   Момышұлының  біз  ескермеген  қырлары:  [Бауыржан 

Момышұлының  соғыс  тактикасы  туралы]  /  Қ.  Оразбаев  //Қазақ  әдебиеті.  - 

2015. - 10 сәуір. 

       Рәш М.   Бресті қорғаған қазақ: [Брест қамалын қорғаған, Украина жерін 

азат  еткен,соғыстан  кейін  көп  жылдар  Қазақ  ұлттық  унитверситетінің 

профессоры болған, даңқты майдангер Ғаббас Жұматұлы туралы ] / М. Рәш 

// Ана тілі. - 2015. - 19-25 ақпан. 

        Сейітқали  Д.   Тылдағы  Ақмола:  [Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Ақмола 

өңірінің  халқы  майдан  үшін  аянбай  еңбек  еткен]  /  Д.  Сейітқали  //Астана 

ақшамы. - 2015. - 21 ақпан. 

        Темірханов  О.   Рейхстагқа  ту  тіккен  Рақымжан  Қошқарбаев  есімін  өзі 

өмірден  өткенше  басқарған  қонақ  үй  төбесіне  көтерсек  /  О.  Темірханов 

// Алматы ақшамы. - 2015. - 19 ақпан. 

        Тоқашбаев  М.  Екінші  жаһан  соғысы  және  Қазақстан:  [Екінші 

дүниежүзілік  соғыстағы  Қазақстандық  әскерлердің  құрамы  және  көрсеткен 

ерліктері  туралы]  /М.  Тоқашбаев  //Президент  және  халық  .  -  2012.  -  №19.  -      

4 мамыр. 

       Төленқызы  Р.  Аспаннан  «Алтын  жұлдыз»  алып  түскен  ер  қазақ:  [Екі 

мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры,  генерал-майор  Талғат  Бигелдинов  туралы]                  

/Р. Төленқызы //Астана ақшамы. - 2012. - №50. - 8 мамыр. 

         Төрежан  Қ.   Рейхстаг  қалай  құлады?:[Рейхстагқа  бірінші  болып  ту 

тіккен  батыр  Рақымжан  Қошқарбаев  және  басқа  да  ту  тіккен  жауынгерлер 

М.Егоров,  М.Кантария,  Г.Булатов,  А.Берест  т.б.  туралы  ]  /  Қ.  Төрежан 

//Айқын. - 2015. - 9 мамыр. 


76 

 

           Ту  тіккен  батыр:  [Рейхстагқа  ту  тіккен  қаһарман  батыр  Рақымжан 

Қошқарбаев туралы] //Бала тәрбиесі. - 2013. - № 5. - 15 б. 

         Тұрғанбайқызы  Г.   Генерал  Жексенбаевты  қалай  ұлықтасақ  та 

жарасады:  [Кеңес  Одағы  кезінде  қазақтан  екі  генерал  шыққан,  біріншісі 

Сабыр  Рақымов,  екіншісі  Шәкір  Жексенбаев]  /Г.  Тұрғанбайқызы 

// Айқын. - 2015. - 23 сәуір. 

       Үмбетова Н. Батыр ұлы халқының: [Кеңес Одағының Батыры Бауыржан 

Момышұлы туралы] /Н. Үмбетова //Жетісу. - 2012. -№52. - 8 мамыр. 

       Хасан  С.   Қазақтың батыр қызы: [Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 

қаһарман  қазақ  қыздарының  бірі  -  бөлім  командирі,  сержант,  радист  Зоя 

Досбергенова туралы] / С. Хасан //Айқын. - 2015. - 18 наурыз. 

      Шарахымбай Б.   «Дала тажалдары» туралы шындық немесе түркітектес 

сұрмергендер  хақында:  [Ұлы  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен  мергендер 

туралы] / Б. Шарахымбай //Түркістан. - 2015. - 7 мамыр. 

     Шертекова  С.   Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысының  шешуші 

шайқастарына қатысуы / С. Шертекова // Білім кілті=Ключ знаний. - 2014. - 

№ 10. - 30-31 б.

 

 



 

Мамыр 

20 жұлдыз 

Филология  ғылымдарының  кандидаты,  профессор,  немiс  тiлi 

оқулықтарының  авторы  Мұхтар  Ғалиұлы  Арыновтың 

туғанына 80 жыл 

20.05.1936-10.09.1995





     Арынов Мұхтар Ғалиұлы 1936 жылы 20 мамырда Алматы облысы Ақсу 

ауданының  Ақсу  ауылында  дүниеге  келген.  1957  ж.  Алматы  мемлекеттiк 

педагогикалық  шет  тiлдер  институтын 

қазiргi  Халықаралық  қатынастар 



және әлем тiлдерi университетi

 бiтiрген. Осы институтта оқытушы, кафедра 



меңгерушiсi,  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының 

проректоры болып қызмет iстедi. 

       1981-1983  жж.  Бiлiм  министрлiгiнiң  бөлiм  меңгерушiсi  болды.  1983 

жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетiнiң 

ректоры болды. 

       М.Арыновтың  «Немiс  тiлiнiң  қысқаша  грамматикасы»,  «Немiс  тiлi 

грамматикасы 

морфология



»  оқулықтары  тiл  бiлiмi  ғылымындағы  елеулi 

табыс  ретiнде  бағаланды.  60-қа  жуық  ғылыми,  ғылыми-көпшiлiк  және 

публицистикалық  еңбектер,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар 

мен оқу құралдарының авторы. 

       М.Арынов  ұлт  мәдениетiн  өркендетуге  елеулi  үлес  қосты.  1989  ж. 

Халықаралық  «Қазақ  тiлi»  қоғамының  құрылуына  ұйытқы  болды.  Ақтөбе 

облысындағы «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы болып, ұлт тiлiнде оқытатын 

мектептердiң 

ашылуына 

көп 

күш-жiгер 



жұмсады. 

Арыновтың 

ұйымдастыруымен  «Ақтөбе  өңiрiндегi  бiлiм  беру  жүйесiнiң  дамуы» 

мұражайы,  Абай  мұражайы  ашылды.  Ол  қазақ  тiл  бiлiмiнiң  тұңғыш 

профессоры  Қ.Жұбановтың  90  жылдығына  орай  республикалық  ғылыми-

теориялық  конференция  ұйымдастырып,  «Жұбанов  тағылымы»  оқуларын 



77 

 

жыл  сайын  өткiзудi  дәстүрге  айналдырды.  Қ.Жұбановтың  мұражайы  мен  



зертханасын ашуға басшылық еттi. 

      М.  Арыновтың  жазған  «Бес  анық»  кiтабы  -  қазақ  халқының  дәстүрлi 

дүниетанымын  зерделеуге  арналған  алғашқы  еңбектердiң  бiрi  болды. 

Сонымен  қатар  ол  Есет,  Көтiбар  батырлардың,  күйшi  Қазанғаптың  тарихи-

архитектуралық  кешендерiнiң  бой  көтеруiне  ұйтқы  болды.  Әйтеке  бидiң, 

Кердерi  Әбубәкiрдiң  шығармашылығын  зерттеуге  елеулi  үлес    қосты. 

Арынов  –  белгiлi  қоғам  қайраткерi.  Ол  ҚР  Жоғарғы  Кеңесiнiң  депутаты 

ретiнде тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының, «Тiлдер туралы», 

«Жоғары  бiлiм  туралы»  заңдарының  қабылдау  мен  талдау  жұмысына 

қатысты. 




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал