Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, 1961—1972. 
2. Валиханов Ч. Этнографическое наследие казахов. Астана: Алтын Кітап, 2007. 
3. Забелин И. М. Чокан Валиханов. М., 1986. 
4. Ауэзов М. О. Ф. М. Достоевский и Чокан Валиханов, Алма-Ата, 1981. 
5. Хасанов К. Чокан Валиханов как уйгуровед. Алма-Ата, 1993. 
6. Марков С. Н. Идущие к вершинам (историко-биографическая повесть). М.,  
    1993. 
7. Муканов С. Промелькнувший метеор. Роман-трилогия. Алма-Ата, 1997. 
8. Бегалин С. Чокан Валиханов (повесть). М., 1996. 
9. Стрелкова И.И. Валиханов (серия ЖЗЛ). М., 1983. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
75 
Абай – философ, ағартушы.  «Нақыл сөздері» 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің  
 
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» 
 
кафедрасының аға оқытушысы 
Сәрсенбеков Н.Ж. 
 
 
Абай Құнанбаев - ұлы ақын, жазушы,  композитор,  қоғамдық қайраткер, 
қазақ жазбаша әдебиетінің  негізін қалаушы және оның тұңғыш классигі, білімді 
либералдық  ислам  негізінде  орыс  және  еуропа  мәдениетін  жақындастыру  
рухындағы мәдениет реформаторы.  
Абай қазақ халқы мәдениетінің  тарихында  ерекше орын  алады.  Ол оған 
дейін жинақталған  рухани  мұраны  өзіне  қабылдап, ұлттық мәдениетте жаңа 
бағытты құрады. 
Абай  көзқарасының  қалыптасуына  гуманистік  идеяларды  ұстанған, 
Шығыстың  ақындары  мен  ғалымдары  (Фирдоуси,  Әлішер  Науаи,  Низами, 
Физули, Ибн Сина және т.б.), сондай-ақ орыс классиктерінің  шығармалары, ал 
олар арқылы жалпы  еуропалық әдебиетте  ықпал етті.  
Абайдың  заманы  күрделі  және  тынышсыз  болды.  Даладағы  ғасырлық 
патриархалды-феодалдық
 
құрылыс 
ауылға  келе  бастаған  тауар-ақша  қатынас-
тарының  тегеурінімен  шайқала  бастады,  феодалдық  және  отаршылдық  езгі 
күшейді.  Хандықтардың  таратылуы  және  болыстық  басқарманың  орнатылуы   
билік үшін күресті, өшпенділікті күшейтті, «бөліс және билік ет» принципінің 
нағыз  қызған  кезі  болды.  Сонда  да  жергілікті  және  отаршылдық  биліктер   
қазақтың прогрессивті қоғамдық ойды және көркем әдебиетті тоқтата алмады. 
Бұл уақыт негізін қалаушы Абай Құнанбаев болып табылған, ұлттық реалистік 
әдебиеттің қалыптасуына және әрі қарай дамуына байланысты болды.  
Сөз тартыстарында жеке талантты билердің – шешендердің өткір сөздерін 
жиі естуге тура келген айтыс-тартыстарды талқылағанда Абайдың үнемі болуы, 
әкесінің  елшісі  ретінде  ауылдарға  жиі  баруы  болашақ  ақын  үшін  пайдасыз 
болмады.  Абайдың  алдында  күрделі  әлемнің,  қоғамның  әр  түрлі  топтары 
өмірінің,  заңсыздық  пен  әділетсіздіктің  есігі  ашылды.  Абай  15  жасында-ақ, 
дауларға  түсіп, күрделі  істерді талқылауға қатысып, өзінің білімі мен біреуге 
тартпаушылығын көрсете білді.  
Абайдың Семейге жер аударылған орыс  революционерлерімен достығы, 
оның жеке тұлға ретінде қалыптасуында, сондай-ақ ұлы ағартушының  қоғам-
дық қызметінде үлкен роль атқарды. Абай оны  жаңа идеялар әлеміне ғана емес, 
сонымен  бірге  жаңа  адамдар  әлеміне  енгізген  Е.П.  Михаэлиспен  аса  жақын 
болды.  Михаэлис  оны  саяси  жер  аударылғандар  Н.И.  Долгополовпен,  С.С. 
Гросспен,  А.П.  Леонтьевпен  және  басқалармен  таныстырды,  олар  Абайға  көп 
ықпал етті. 1883 жылы Семейдегі  жер аударылғандардың  күшімен қоғамдық 

 
76 
кітапхана және өлкетану мұражайы  ұйымдастырылды. Аймақ үшін және жалпы 
алғанда  Қазақстан  үшін  соншалықты  маңызды  істерге  тартылған  Абай  өзінің 
ақыл-кеңестерімен оларға баға жетпес көмек көрсетті. Жақындарының  естелік-
тері бойынша  ол  өлкетану мұражайына қазақ халқының қолданбалы өнерінің  
және тұрмысының 60-тан артық  затын берді. 
1885 жылғы жазда Абай халық арасында «Абайдың 96 мақаласы» немесе 
«Шар  ережесі»  деген  атпен  белгілі  дала  ережесін  әзірлеуге  қатысты,  өйткені 
оның биі Абай болып сайланған «төбенің» төтенше съезі Шар өзенінің жағасын-
да  (Семейден  70  шақырымда)  Қарамола  жерінде  өткен.  Съезге  Қарқаралы, 
Павлодар,  Семей,  Өскемен  уездерінен  және  Зайсан  жасауылдығынан  100-ден 
артық  би  –  Орта  жүздің  барлық  руларының  өкілдері  қатысты,  оларға  Абай 
бірауыздан қабылданған кәдімгі құқық реформасының  өз жобасын ұсынды. 
Абай өмір бойы шындықты іздеді, бірақ  шындық деген ол процесс. Осы 
себепті оны барлық іс жасалды деген сезім ешқашан билемеген. Сондықтан да  
оның  өмірі  –  бұл    толастамайтын  рухани  даму,  мәңгі  ізденіс,  рухани  қауырт 
жұмыс. 
Абай өзінің шығармашылығымен туған елін әлемдік өркениеттің байлық-
тарына  жақындатты  және  сонымен  бірге  оған    қазақ  этносының  үздік  рухани 
құндылықтарын  енгізді. Ойшылдың  қазақтардың ұлттық санасының оянуына, 
олардың әлеуметтік-саяси және философиялық-этикалық ойын дамытуға, жаңа 
қазақ әдебиетін қалыптастыруға және қазақ әдеби тілін бекітуге, ұлттық  поэзия 
мен  музыкаға,  ғылым  тілінде  «Қоғамдық  сана»  деп  аталатынның  барлығына  
қосқан үлесіне баға жетпейді. 
Абай  осы  ұғымның  ең  жоғары  мазмұнында  өз  халқының  ағартушысы 
болды. Ойшылдың гуманизмі және ағартушылығы, олардың  қазақ қоғамының  
тіршілік  әрекетінің  барлық  салаларына  ықпал  етуі,  халық  мүдделерін  нәзік 
және терең сезіну, оларды жүзеге асыру бойынша риясыз, табанды  қызмет ету 
ұлы ойшыл-ақынның жеке тұлғасына шынайы құрмет сезімін тудырды. 
Даулы істерді өз бетімен талқылаған кезде Абай өзін шындықты, әділет-
тілікті  жақтаушы  ретінде  көрсетті.  Заңсыздық  пен  қылмыстардың  нақты 
кінәлыларын  айқындап,  ол  оларды  жазалауды  талап  етті.  Абайдың  мұндай 
тәртібі,  оның  біреуге  тартпаушылығы  қазақ  феодалдарының  наразылығын 
тудырды, бұл Абайдың  қазақ феодалдарының табынан  идеялық алшақтауына 
әкелді. Ол енді заңсыздыққа,  
патриархаттықт
ың қатаң дәстүрлеріне шыдағысы 
келмеді  және  өз  халқының  даму,  оның  экономикалық  тоқыраудан  шығу 
жолдарын  іздей  бастады.  Абай  ағарту  ісін,  білімді,  мәдениетті  таратуды 
қоғамдық даму құралы деп санады.  
Абайдың  шығармалары  мен  аудармалары  халық  арасында  қолжазба 
түрінде және ауызша түрде жылдам таралды. Таңқаларлық поэтикалық талант, 
ашық  ой,  ізгілік,  әділеттілік  және  халыққа  деген  сүйіспеншілік    —  Абайдың  
осы тамаша қасиеттерінің  барлығы оны  таңқаларлық танымал адам  етті. Одан 
феодалдардан,  шенеуніктерден  қысым  көрген  адамдар,  ешқайдан  әділдік  
таппаған адамдар көмек сұраған, одан білім  алу және  поэтикалық  шеберлікке 
үйрену үшін ойшыл, зерек жастар  келді.  

 
77 
Абайдың мұндай танымалдығы жаңашылдықтың қарсыластарына: Абай-
ды оның демократиялық сенімдері және ағартушылық қызметі үшін жек көрген 
отарлаушы-шенеуніктерге,  моллаларға  ұнамады.  Оның  сыртынан  өсек  айтып, 
«халықтың  арасына  іріткі  салушы»,  «салт-дәстүрлерді,  әкелер  мен  аталардың 
құқықтары мен заңдарын тынымсыз бұзушы» деп атаған. Істің арты Абайдың 
ауылында  тінту  жүргізіп,  полицияның  оның  орыстың  саяси  жер  аударылған-
дарымен  кездесуіне тыйым салуымен аяқталды, оны құпия бақылау жүргізілді.  
Осының  барлығы  Абайға  рухани  жара  салды.  Және  де  ол  әрбір  қадам 
аттаған  сайын  болмыстың  жағымсыз  кемістіктерімен,  әлеуметтік  және  
адамгершілік  езгімен  қақтығысты.  
 
«Болыс  болдым,  мінеки»,  «Қартайдық,  қайғы  ойладық, ұлғайды  арман» 
өлеңдерінде  ақын  еңбекші  халық  жауларының:  болыстардың,  екі  жүзді 
старшиналар  мен  дүниеқор  байлардың,  билердің,  «екі  жүзді  жемқорлардың 
халықты  тонағанын»  дала  шонжарларының  портреттерін  бірнеше  мәнерлі 
штрихтармен суреттейді.  
Ақын  өлеңдерінің  арасында  «Болыс  болдым,  мінеки»  («Күлембайға») 
өлеңі  аса  үлкен  әлеуметтік  өткірлігімен  ерекшеленеді.  Өлең  1889  жылы  онда 
болыстар  сайланған,  Семей  және  Жетісу  облыстарындағы  қазақ  руларының   
төтенше  съезінен  алған  жаңа  әсермен  жазылған.  Бұл  өлең  —  билікке  қолы 
жеткен  екі  жүзді  жемқор  болыстың  бейнесін,  сол  кездегі  әлеуметтік-саяси 
тәртіптерді  «улы  сия,  ащы  тілмен»  шенеп,  сықақ  ету.  Бұл  өлеңнің    болыстың  
өзінің монолог түрінде өз аузымен баяндалуының арқасында, бұл сықақ одан да 
өткір бола түседі.  
Абай  болыс  жайында  айқын  көрініс  жасай  алды.  Бұл  XIX  ғасырдың 
екінші жартысының ел билеушісінің типтік сипаты. Ақынның болыстың  есімін 
атамауы кездейсоқ емес,  өйткені бұл жинақталған  бейне.  
Абай  не  жайында  жазса  да,  ол  өзін  ойшыл  ақын,  философ,  ағартушы-
гуманист ретінде, өз халқын сүйетін және оған сенетін  адам ретінде  көрсете 
білді. Абай бүгінгісі мен болашағы  туралы, қоғамдағы жастардың орны туралы   
көп толғанады. Абайдің пікірінше, жастық шақ  адам өміріндегі ең жақсы кезең, 
бұл кезеңде оның жеке тұлғасының аса құнды қасиеттері  қалыптасады.  
Абайдың  жастық  шаққа  арналған  өлеңдерінде  кемшіліктерімен  және 
жетістіктерімен  бірге  олардың  өмірінің  бейнесі,  мінезі,  ақылы  мен  ойының 
жүйесі  бойынша  әр  түрлі  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  жастардың 
галереясы құрылады. Үлкен сезімдер  мен  игі ұмтылыстар  ақыны, Абай өзінің  
ұрпағын  барлық  құдыреттіге,  ізгілік  пен  зұлымдыққа,  поэзия  мен  өнер 
туындыларына    ұятты    немқұрайдылықта  жазғырады.  Сезімдердің  суықтығы, 
жүрексіздік әрекетсіздікке, рухтың сөнуіне әкеледі.  
Бірақ  Абай  жастарға,  «жас  өскінге»  сенген,  және  өз  жолдарының 
жалынын      ойшыл,    саналы  жастарға    арнаған  («Жігіттер,  ойын    арзан,  күлкі 
қымбат»,  «Әсемпаз  болма    әрнеге»,
 
«Ғашықтық  құмарлықпен  –  ол  екі  жол»). 
Мұнда  Абай  адамның  идеалын  суреттейді.  Нағыз  адам  болып  аталу  үшін, 
адамгершілік, шынайылық, рухани тұрақтылық, сезімге берілгендік,  махаббат  
үшін  құрбан болуға қабілеттілік қажет. Егер  адам  еңбек пен  білім  жолымен 
жүрсе,  онда адамда осы адамгершілік қасиеттер қалыптасуы мүмкін.  

 
78 
Абай  Құнанбаевтың  қазақ  пен  орыс  халқының  достығын  нығайтудағы  
еңбегі  орасан зор.  Өз халқының  экономикалық және мәдени  даму жолын  ұлы 
гуманист  ақын білім  тарату  ісінен, озық  демократиялық орыс  мәдениеті  және 
ол  арқылы  жалпы адамзат мәдениеті арқылы білім беруден көрген. «Бастысы 
— 
орыс ғылымын үйрену. Ғылым, білім, молшылық, өнер — осының барлығы  
орыстарда. Кемістіктерді болдырмау және ізгілікке қол жеткізу үшін, орыс тілі 
мен  орыс  мәдениетін  білу  қажет»,—  деп  жазған  Абай.  Сондықтан  Абай  ұлы 
орыс  жазушылары  —  Крыловтың,  Пушкиннің,  Лермонтовтың  және  т.б.  
шығармаларын аударумен  айналысқан.  
Орыс  классикалық  әдебиетіне  қатысты  Абай  өзінің  гуманистік,  білім 
таратушы  міндеттеріне  сенімді    болып  қалады.  Ол  өзінің    идеясы  мен  көңіл-
күйіне қарай өзіне жақын шығармаларды аударады. Абай Пушкиннің ең сырлас 
шығармаларының  бірі — «Евгений Онегинді» жанына жақын көрді, онда ұлы 
орыс  ақынының  құпия  ойлары  мен  сезімдері,  оның  қазіргі  өмір  жайлы 
толғануы,  оның  адамгершілік  идеалы  үйлескен.  Абай  Пушкин  шығарма-
шылығынан  орыс халқы рухының ұлылығы, орыс мәдениетінің байлығы айқын 
байқалған  ұлттық  ақынды  көрген.  Сондықтан  Абай  танысуды  «Евгений 
Онегиннен» бастап, қазақ халқын Пушкиннің  шығармашылығымен  таныстыру 
шешімін қабылдады.  
Абай  Лермонтовті  де  сүйіп  оқыған.  Ол  оның  30-дан  астам  шығармасын 
аударды. Олардың арасында «Дума», «Выхожу один я на дорогу», «Исповедь», 
«И  скучно,  и  грустно»,  «Парус»,  «Кинжал»,  «Горные  вершины»,  «Бородино», 
«Демон» поэмасынан және  «Вадим» романынан үзінділер. 
Абай  И.А.  Крыловтың  көптеген  әлеуметтік  және  адамгершілік-
философиялық мысалдарын  қазақ тіліне аударған: «Бақа мен өгіз»,  «Шегіртке 
мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі», «Піл мен қанден», «Есек пен бұлбұл» және 
т.б. Бұл мысалдарда  орыс қоғамының  кемшіліктері  әшкереленіп,  азаматтық 
және патриоттық парыз туралы үнемі оқырманның есіне  салып отырған, қазақ 
халқына білім тарату ісіне арналған.  
Орыс  әдебиетінің  арқасында  Абай  батыс-еуропалық  классикамен 
танысты. Ол  Шиллердің, Гетенің, Байронның, Мицкевичтің кейбір өлеңдерін   
қазақ тіліне аударды.  Абайдың шығармашылығына және Пушкин, Лермонтов, 
Крыловтың  шығармашылығына,  батыс-еуропалық  классикасына  ортақ 
гуманистік бағытталғандық  тән.  
Өмірінің соңғы  онжылдығында Абай прозаға көңіл аударады. Ол    «Қара 
сөздерін» жазады. Олардың барлығы қырық бес сөзді құрайды. Бұл болмыстың, 
адамдар өмірінің, қоғамның, табиғаттың көптеген құбылыстары туралы  өзіндік 
лирика-публицистикалық,  әлеуметтік-философиялық,  қоғамдық-саяси,  мораль-
дық-этикалық этюдтер. «Қара сөздер»  ойшылдың   аса маңызды проблемаларға  
көзқарасын ашады.  
Абайдың  тақырыбы  әр  түрлі  прозасының  оның  поэзиясымен  көп  
параллельдері  бар.  Өлеңдері  сияқты,  Абайдың  «Сөздерінде»  феодалдық-
патриархат қоғамын сынау, халықтың тағдыры туралы,  адамның  адамгершілігі 
туралы,  жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы    еңбек  пен    ақылдың    ролі  туралы,   
қоғамның дамуы үшін білім мен мәдениеттің мәні туралы  ойлар бар.  

 
79 
Абайдың  «Қара  сөздері»  терең  философиялық  сипатты  иеленеді.  Ол  
табиғаттың  және  қоғамның,    қоршаған  ортаның    құбылыстарын,  құпияларын 
тереңінен  тану  қажеттілігі  туралы  жазады.  Бірқатар  «Қара  сөздері»  өмірдің  
заңдарын  таныған    кемеңгердің  өсиеттерін  білдіреді.  Ойшыл  еңбек,  ғылым, 
білім, мәдениет туралы, ана тілі және орыс тілі туралы  көп және құштарлықпен 
жазады.  
Абай  «Қара сөздерінде» не туралы жазса да,  не туралы ойласа да, біз өз 
халқын  сүйген  және  оның  тағдырына  қатты  алаңдаған  ойшыл  азаматтың, 
ағартушының бейнесін көреміз. Абайда  ақынның еріксіздік пен зомбылықтан, 
халықтың надандығынан туған терең қайғысы,  қасіреті  оның халқына, туған 
еліне деген сүйіспеншілікпен  жалғасады.  
Абай халықтың өз тағдырын қолына  алуы үшін  қандай жолды таңдауы 
керектігін  көрсете алмаса да, ол  оның болашағына, келешектегі жарылқаушы  
өзгерістер болатынына сенді. «Кім зұлымдықты басынан кешірген жоқ? — деп 
жазды Абай. — Жігерсіз ғана  үмітін жоғалтады. Әлемде  тұрақты ештеңе жоқ 
деген  ақиқат  қой,  ендеше,  зұлымдық  та  мәңгі  емес.  Қатал,  қары  көп  қыстан 
кейін    гүлденген,    суы  мол,  тамаша  көктем  келмейді  ме?»  «Сөздерінің»  бірі: 
«Мен болашаққа сеніммен  қарап  өмір сүрген  жақсы шығар деп ойлаймын» - 
деген оймен аяқталады. 
Кез  келген  халықтың  рухани  байлығы  өз  қоғамына  аса  көп  ізгілік  
әкелгендердің іс-әрекеттерімен өлшенеді. Халықтың  адамгершілік санасы онда 
тіршілік  нәрін  алатын  қорек  көзін,  әлеуметтік  және  моральдық  жетілдірудың  
сарқылмас  қайнар  бұлағын  табады.  Қазақ  халқының  осындай  ұлы,  әрі  
сарқылмас  рухани  қайнар  бұлақтарының  бірі  Абай  болған  және  Абай  болып 
қалады. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Есим Г. Философский трактат об Абае. Алматы, 2006. 
2. Энциклопедия «Абай» /Под ред. Р.Н. Нургалиева. Алматы, 1995. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
80 
А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,  
Ш. Құдайбердиев  – ХХ ғасыр басындағы либералдық-
демократиялық зиялы қауым өкілдері 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
 
техникалық университеті,  
«Қазақстан тарихы» кафедрасының   
оқытушысы  
  
А.Е. Тұяқова, 
 
 
 
XX ғасырдың басы Қазақстанда  халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуімен 
белгілі  болды.  Қазақ  қоғамында  ұлттық  қозғалыс  біртекті  болған  жоқ,  оның 
түрлі ағымдары болды, оның өзегі ұлттық зиялы қауым болды.   
Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист 
А.Н.  Бөкейхановтың  (1866-1937  жж.)  қызметі  ерекше  орын  алады.  Орта  жүз 
сұлтандарының  ұрпағы  Семей  облысы  Қарқаралы  уезінде  туған.  Білімін 
Петербург орман техникалық институтында алған. 1896 жылы 3-курс студенті 
болып жүріп, Қазақстанды зерттеу бойынша белгілі зерттеуші Ф. А. Щербина 
басқарған  экспедицияға  қатысушы  болды.  Экспедиция  барысында 
А.Н.Бөкейханов  Қазақстан  экономикасын,  этнографиясын,  мәдениетін 
жоспарлы түрде зерделеу негіздерін салды. Ол «Россия. Полное географическое 
описание  нашего  отечества»  басылымының  редакциялық-авторлық  ұжымы 
құрамына  кездейсоқ  енген  жоқ.  Әсіресе  Қазақстанға  арналған  XVIII  томды 
құрастыруда оның ролі айтарлықтай.    
ХХ ғасырдың басында Ресей империясында, «қанды жексенбі» оқиғасына 
енген  орыс-жапон  соғысында  жеңілу  нәтижесінде  күшейе  түскен  саяси 
дағдарыстың өршуі, либералдық-демократиялық зиялы қауымды - П. Б. Струве, 
М.  И.  Туган  -  Барановский,  П.  Н.  Милюков,  А.  И.  Гучков,  В.  И.  Вернадский 
және  т.б.  сияқты  Ресей  ғылымы  мен  мәдениетінің  белгілі  өкілдерін    Ресей 
либералдарының  партиясын  құруға  итермеледі.  1905  жылы  11-18  қазанда 
Мәскеуде  құрылтай  съезі  өтті,  онда  Конституциялық-демократиялық  партия 
құрылды. Осы съездің делегаты ретінде Омбыдан А.Н. Бөкейханов болды. 1905 
ж. желтоқсанда А.Н. Бөкейхановтың бастамасы бойынша Уралда Қазақстанның 
бес  облысы  өкілдерінің  съезі  өтті,  онда  кадеттер  партиясы  қазақ  ұлттық 
филиалын құру шешілді.  Алайда осы бастама партияның ОК –да да, партияның 
екінші  съезінде  де  қолдау  таппады,  себебі  кадеттер  Ресейді  «біртұтас  және 
бөлінбес»  деп  санады,  ал  ұлттық  филиалдарды  құру  осы  тұжырымдамаға 
қайшы келді.     
І  Госдумада  сайлау  туралы  патша  жарлығы  жарияланғаннан  кейін 
А.Н.Бөкейханов сайлау компаниясына енді және оның депутаты болды.  Бірақ 
1906 жылы 6 шілдеде ІІ Николай жарлығы бойынша Бірінші Дума таратылды.    
А.Н.Бөкейханов  Думаны  таратуға  қарсы  Выборг  манифестіне  қол  қоюға 
қатысқаны  үшін  тұтқындалды.  Түрмеден  босатылғаннан  кейін  ол  Самараға 

 
81 
қоныстанды,  онда  Донск  жер  банкінің  статисі  болып  жұмыс  істеді.  Самара 
тұсында ол энциклопедия шығарушылар Ф.А.Брокгаузбен және И.А.Ефронмен 
қызметтес  болды,  4-21  томдарды  шығаруға  қатысты.  Қазақтар  энтогенезіне, 
мәдениетіне,  олардың  мемлекеттерінің  құрылуы  мен  даму  мәселелеріне 
арналған  «Қазіргі  мемлекеттердегі  ұлттық  қозғалыс  түрлері»  жинағында 
қазақтар  туралы  очерк  жазды.  Ол  мұнда  Кенесары  Қасымовтың  тарихымен 
жұмыс істеді, Абай өмірі туралы очерк жариялады.   
А.Бөкейханов  ұлттық-демократиялық  партияны  құру  жоспарларын 
көтерді.  Ол  қоғамдық-саяси  өмірде  басылымға  маңызды  роль  бөлді.  Жалпы 
ұлттық  газет  ұйымдастыру  шешілді,  ол  жалпы  ұлттық  байланыстың,  қазақ 
халқының  өркендеу  рупоры  болды.  Газет  шығару  орны  ретінде  Орынбор 
таңдап  алынды,  ал  газет  «Қазақ»  (1913-1918  жж.)  деп  аталды.  Редакция 
жұмысына  ұлттық  зиялы  қауымның  көрнекті  өкілдері  жұмылдырылды.  
Олардың арасында – ақын, прозаик М.Дулатов (1885-1935жжг.). Оның алғашқы 
«Оян,  қазақ»  атты  өлеңдер  жинағы  1909  ж.  шықты.  Кітаптың  тақырыбы  ХХ 
ғасырдың  басындағы  ұлттық-езілген  халықтың  манифесті  болды,  барлық 
тиражды патша үкіметінің  тәркілеуі  тегін  емес  еді.    М.  Дулатов  езілген  қазақ 
әйелінің  қасіретті  тағдырына  арналған  1910  жылы  жарық  көрген    «Бақытсыз 
Жамал»  романының  авторы.  Ол  сонымен  қатар  «Азамат»  (1913  ж.),  «Терме» 
(1915 
ж.)  өлеңдер  жинағының  авторы.  Ақын,  аудармашы,  лингвист,  педагог 
А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің редакторы болды.   
А.Бөкейхановпен  бірге  Уралда  Қазақ  съезіне  шақыру  және  кадет 
партиясының  ұлттық  филиалын  құру  бастамашылы  Әбілқайырдың  ұрпағы 
Б.Қаратаев  (1860-1934  жж.)  болды.  Б.Қаратаев  1890  жылы  Петербург 
университетінің  заң  факультетін  бітіріп,  тамаша  білім  алды.  Ол  Урал 
облысынан  ІІ  Мемлекеттік  Думаның  депутаты  болды,  оның  Мемлекеттік 
Думада  1907 жылы  16  мамырда  сөйлеген  сөзі  белгілі,  ол оны былай бастаған 
еді: «Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған 
қарамастан,  мемлекетіміздегі  шиеленісіп  отырған  аграрлық  мәселені 
шаруаларды  Далалық  облыстар  территориясына  қоныс  аудару  арқылы 
шешкісі келетіндер бар...» [1]. Өз сөзінде ол барлық өткірлікпен аграрлық және 
ұлттық  мәселені  көтерді,  Столыпиннің  орыс  және  украин  шаруаларын 
Қазақстанға қоныс аударту жоспарларының халыққа қарсылығын көрсетті.   
«Қазақ»  газеті  мен  «Айқап»  журналы  (1911-1915  жж.)  ұлттық  зиялы 
қауым  арасында  түрлі  идеялық-саяси  пікірлер  мен  ағымдардың  анықтағышы 
болды.  Газет  либералдық-демократиялық  бағыттар  идеяларын  білдірді,  оның 
айналасында    А.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов  және  басқалары 
шоғырланды. «Айқап» баспагері және редакторы  М. Сералин болды, журналда  
Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С.М. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин қызмет 
етті.  Осы  басылымдар  жалпы  ұлттық  идеяларды,  қазақ  халқының  отарлық 
күйдегі жағдайында мүдделерін білдіру арқылы бірікті.   
 
Революциядан  кейін  1905-1907  жж.  Қазақстанда  қоныс  аудару  саясаты 
айтарлықтай  жанданды,  бұл  аграрлық  мәселеленің  күрт  асқынуына, 
отаршылықтың  күшеюіне  алып  келді  және  ХХ  ғасырдың  екінші  он 
жылдығының  басы  қайтадан  еңбекшілердің  ұлттық  және  әлеуметтік  езгіге 

 
82 
қарсы  шығуларымен  белгілі  болды.  1911  жылы  мамырда  «Атбасар  мыс 
кеніштері»  акционерлік  қоғамы  жұмысшыларының  ереуілі  өтті.  1912  жыл 
демократиялық  қозғалыстың  жаңа  өрлеу  кезеңі  болды:  Байқоңыр 
көміршілерінің  ереуілі  болды,  көтерілістер  мен  митингтер  Семейде,  Торғай 
уезінде,  Омбыда,  Орыборда,  Петропавлда,  Өскеменде,  Доссор,  Ембі 
кәсіпшіліктерінде өтті.   
 
Ахмет  Байтұрсынов  –  қазақ  қоғам  қайраткері,  ағартушы,  ғалым-
лингвист,  әдебиет  танушы,  түркітанушы,  аудармашы,  араб  графика  негізінде 
қазақ алфавитін құрастырушы. Оның әкесі тәуелсіз және тәкаппар адам болды. 
Ахмет  он  жасар  жасөспірім  кезінде-ақ,  каторгаға  айдалған  әкесінен  айрылып 
өмірдің оған ащы дәмін тартты.  Бұл, атақты батыр Үмбетейдің ұлы  Байтұрсын 
Шошақұлы  уезд  бастығына  полковник  Яковлевке  бағынбағай,  оны  аттан 
құлатып  түсіріп,  ұрғаны  үшін  болған  еді.  Ахмет  сауатын  ауыл  молласынан 
ашты.  Орыс-қазақ  училищесін  бітірген  соң,  ол  Орынборға  барады  да,  қазақ 
мұғалімдері  мектебіне  түседі.  1895–1909  жылы  Ақтөбе,  Қостанай,  Қарқаралы
 
уездеріндегі
 
ауылдық  болыстық  училищелерде  сабақ  береді.
 
Ғалымның  әйелі 
орыс  болды.  Қостанай  уезінде  жұмыс  істеген  кезде  Ахмет  Байтұрсынов 
орманшының үйінде тұрды, онда Александра Ивановнаға ғашық болады. Олар 
үйленеді. Олардың некесі Қостанайда мұсылманша қиылады және әйелі өзінің 
тегі  мен  атын  өзгертеді  де,  Бадриссафа  Мұхамедсадыққызы  Байтұрсынова 
болып  аталады.   Олар  Қостанайда  өмір  сүрді,  онда  ол  орыс-қазақ  мектебінде 
мұғалім болып жұмыс істеді. Сосын  Омбыға,  кейін  Қарқаралыға  көшіп келді, 
онда 1907 жылға дейін болады.    
А.  Байтұрсынов  оқытушылық  міндеттерімен  шектеліп  қалған  жоқ.  Ол 
ауылдарға барып, адамдарды ағарту ісінің пайдасына үгіттеді, олармен арманы 
туралы  бөлісті.  Байтұрсынов, патша үкіметінің  аяусыз  отарлық  саясаты  қайда 
апаратынын түсінді және өз сөздерінде халық алдында оны  батыл әшкереледі.     
1
905  жылғы  революция  оны  белсенді  әрекеттерге  итермеледі.  Осы  кезден  
бастап ол саяси қызметке белсенді араласады.  Осындай бірінші акция петиция 
құрастыруға қатысуы болды, онда қазақтардың жеріне экспроприацияны тыю, 
қоныс  аударушылар  ағынын  тоқтату,  халық  земствосын  ұйымдастыру 
талаптары  деклорацияланды.  Сонымен  қатар  мұсылман  халқын  православие 
орнату саясатына қарсы  бірігуге шақырды. Петиция ағарту жүйесінің жаңадан 
ұйымдасуын  да,  қазақ  халқының  ойы  мен  арманын  бейнелейтін  цензурасыз 
газет басылымына рұқсат етуді, мемлекеттік аппаратта және сот органдарында 
қазақ  тілінде  іс  қағаздарын  жүргізуді  енгізуді    қарастырды.    Осы  ойлар  қазақ 
халқына тұқымын шашты және зиялы қауым өкілдерінің көбісі қолдау жасады.    
Осы  уақыттан  бастап  А.Байтұрсыновтың  ойлағандары  халық  санасын 
оятуға  бағытталды.  Еске  салынған  петиция  1905  жылы  26  шілдеде  атақты 
Қоянды жәрмеңкесінде қазақтың бірінші заң магистрі Жақып Ақпаевпен және 
ірі  саясаткер,  ғалым-экономист  Әлихан  Бөкейхановпен  бірлесіп  жазылды.   
Әділдік  іздеу  және  патша  әкімшілігі  әрекетін  сынау  ізсіз  өте  алмады.  1909 
жылы мұғалімдікпен айналысқан Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесіне сотсыз 
8  айға  қамалады.  Сол  уақыттан  бастап  ол  озбырлыққа  қарсы  ашық  күреске 

 
83 
көшеді,  халық  езгісіне  қарсы  күреске  шақыратын,  бостандық  туралы  өлеңдер  
жазады.   
 
1913  жылы  А.  Байтұрсынов  Орынборда  «Қазақ»  газетін  ашады.    Жуық 
арада  оның  басылымына  Әлихан  Бөкейханов  қосылады  және  жетекші 
авторлардың 
бірі 
болады. 
Орынбор 
губерниясының 
жандармдар 
басқармасының бастығы  генерал-майор Бабич өзінің 1914 жылы 24 қарашада 
Торғай  губернаторына  «Қазақ»  газеті  туралы  жазған  хатында  былай  дейді:      
«Газеттің  ірі  қызметкерлерінің  ішінде:  І  мемлекеттік  Думаның  бұрынғы 
мүшесі,  далалық  облыстардың  аграрлық  мәселесі  жөнінде  маманы  Әлихан 
Бөкейханов»[2].  
Ахмет Байтұрсыновқа «Қазақ» газетінің айналасына Міржақып Дулатов, 
Шәкәрім  Құдайбердиев,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов  және  т.б. 
сияқты  көрнекті  қайраткерлер  мен  ақындарды  біріктіре  алады.  Осындай 
көрнекті  қайраткерлердің  қуаты  мен  күштерінің  арқасында,  қазақ  халқының 
санасын  оятуда  айтарлықтай  роль  атқарып,    газет  қоғамдық  басылым  болды.  
Газеттің сегіз мыңдық тиражы (сол уақыт бойынша аз емес) халыққа толқытар 
мәселелерді жеткізуге мүмкіндік берді.    
«Қазақ» газеті (1913 ж.) номерлерінің бірінде Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ 
ұлтының болғанының өзі өткер мәселе болды» деп жазды [2]. Осы өжет сөздері 
оның  аузынан  кездейсоқ  шығып  кеткен  жоқ.  ХХ  ғасырдың  басында  азиялық 
Шығысты отарлау және шаруаларды еліміздің Еуропалық бөлігінен қарқынды 
қоныс  аударту  үдемелі  қадамдармен  жүріп  жатты.  Нәтижесінде  1916  жылы 
қазақтар  жақсы  жерлерінің  40  млн.  гектарынан  айрылды  және  құнарсыз  дала 
мен тауларға ығыстырылды.    
Әсіресе бірінші дүниежүзілік  соғыс жылдары Дала өлкесін  тонау  ашық, 
хайуандық  болды,  сол  кезде  далалы  жерлерден  мәжбүрлі  бағалармен  көп  
малдарын айдап әкетіп жатты. Патша әскері үшін күймелі арбалар мен киіздер 
реквизициясы  жүргізілді.  Бір  мезгілде  орыс  колонистері  үшін  жаңа  жерлерді 
тартып алуға дайындық жүрді. Егер осыған әлеуметтік қанауды, жазасыздықты 
және  шенеуліктердің  алым-салықтарын  қоссақ,  онда  Ахмет  Байтұрсынов 
сияқты жеке тұлғалар болып жатқан оқиғалардан тыс қала алмағаны түсінікті 
болады.  Газет 5 жыл – 1917 жылға дейін қызмет етті.  Осы уақыт ішінде басты 
ұлттық-қоғамдық-саяси  және  ғылыми-әдебиет  басылымы  болды.  Сталиндік 
тазарту  жылдары  «Қазақ»  газеті  қызметкерлеріне    қатаң  жаза  тағылғаны 
кездейсоқ емес.    
Азаматтық  соғыс  барысында  кеңес  үкіметі,  революция  жағына  білікті 
мамандарды  тартуға  тарасып,  1919  жылғы  4  сәуірден  бастап  БРАК  қаулысын 
жариялайды,  онда,  жеке  алғанда:  «кеңес  үкіметіне  қарсы  азаматтық  соғысқа 
қатысқан қырғыздар (қазақтар), сонымен қатар бұрынғы «Алаш орда» ұлттық 
қырғыз  үкіметінің  мүшелері  мен  қызметкерлері  өзінің  бұрынғы 
контрреволюциялық  қызметі  үшін  ешқандай  қуғындауға  және  жазалауға 
жатпайды» делінген [3]. Осы қаулыдан кейін «Алаш орда» үкіметінің көптеген 
көшбасшылары  кеңес  үкіметінің  жағына  көшеді.  1919  жылы  тамызда 
«Революция  және  қырғыздар»  мақаласында  Ахмет  Байтұрсынов:  «Ресей 
халықтары  құқықтарының  деклорациясын»  жариялау  қазақтың  ұлттық 

 
84 
мәселесіне  назар  аудара  бастауы  деп  санауға  болады,  мен  шын  жүректен 
жолдастарымды,  кеңес  үкіметін  Колчаковтан  артық  көре  отырып,  біз 
қателескен жоқпыз деп жұбата аламын» [3].  
Кеңес  үкіметі  ағарту  ісінің  дамуына  күшін  аямағанын  атап  өткен  жөн. 
Қазақ әйелдеріне ерекше назар аударылды.  1930-31 оқу жылында - отырықшы 
аудандарда, ал 1931 жылдан бастап көшпенді халқы бар аудандарда  жалпыға 
міндетті  оқу  енгізілді.  Мәдени  өрлеуді  жеделдетуге  ұлттық  зиялы  қауымның 
көптеген қайраткерлері көп көңіл бөледі. Сол жылдары Ахмет Байтұрсыновтың 
ана тілі бойынша жазған оқу құралы, ликбездер жүйесіне арналған оқулықтар, 
20-
жылдары  бірнеше  басылымнан  өткен  иллюстрациялы  әліппе  үлкен 
танымалдықпен пайдаланылды. 20-30-жылдар Қазақстанда ғылымның орнаған 
кезеңі  болды.  Өлке  тарихын,  этнографиясын,  экономикасын  және 
жаратылыстану  ғылымдарын  зерделеудің  ірі  орталығы  Қазақстанды  зерделеу 
қоғамы  болып  табылды.  Жаратылыс-географиялық,  этнографиялық  және 
тарихи-археологиялық секциялар жұмысына көрнекті ғалымдар  
С. Асфендияров, А. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және басқалары 
қатысты.  
Алайда КСРО-да басталған қатыгез репрессия толқыны Қазақстанға төніп 
келді.  1920  ж.  Ахмет  Байтұрсынов  тұтқындалды.  Оны  -  Архангельскіге,  ал  
әйелі мен қызы Шолпанды жер аударды. Бірақ 1934 жылы сол кездері Қызыл 
Крест  комиссиясында  жұмыс  істеген  Е.  Пешкованың  қолдаухаты  бойынша 
босатылды.  Алайда  1937  жылы  қазанда  оны  қайтадан  тұтқындап,  атып 
тастайды.   
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал