Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Казахстанская правда, 21 февраля и 27 июня 1998 г. 
2.
 
История Второй мировой войны 1939-1945 гг. М. 1975, т.4. с. 93. 
3.
 
Казахстанская правда, 12 декабря 1990 г. 
4.
 
Козыбаев М.К. История и современность.- Алматы, 1991. 
5.
 
Герои Советского Союза.Краткий биограф.словарь, т.2, с. 510, 365, 289. 
6.
 
Герои Советского Союза – карагандинцы. Караганды, 1990, с. 15. 
7.
 
Герои Советского Союза. Краткий биограф. словарь, т.2, с. 21-22. 
8.
 
Белан П.С. Казахстанцы в боях свободу Украины и Молдавии. 1941-1944 
гг. Алма-Ата, Наука, 1984, с. 72-76.  
 

 
101 
Қ.И. Сәтпаев, Д.А. Қонаев –  
Қазақстанның  ұлы ғалымдары 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің  
 «
Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының профессоры, тарих ғ.к.  
Шаймұханова С.Д. 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің  
 «
Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының аға оқытушысы 
Волкова А.В.
 
 
 
 
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев - көрнекті геолог, ғалым  және 
ірі ғылым ұйымдастырушысы, Қазақ КСР республикалық геология қызметінің  
және ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, қазіргі уақытта оның атымен 
аталатын, Үлкен Жезқазғанды және Геология ғылымдары институтын құрушы. 
Ол  –  Қазақстан  ғылымдар  Академиясының  тұңғыш  Президенті  және  тұңғыш 
одақтық қазақ академигі (1946 ж. бастап). Оның есімімен геологиялық зерделеу 
және Қазақстанның жер қойнаулары  байлықтарын  ашу тарихының, пайдалы 
қазбалар кен орындарын жылдам айқындауға және елдің  минералдық-шикізат 
базасын  кеңейтуге  бағытталған,  кең  кешенді  зерттеулерді  ұйымдастырудың   
жарқын беттерінің бірі байланысты. 
Қ.И. Сәтпаев 1899 жылғы 12 сәуірде көшпелі қазақтың отбасында  Павло-
дар облысы Баянауыл ауданының № 4 ауылында дүниеге келген. Ауыл мекте-
бінде,  сонан  соң  Павлодардың  орыс-қазақ  училищесінде  оқыды  және  1918 
жылы  Семей  мұғалімдер  семинариясын  сәтті  бітірген  соң,  Семейде  педаго-
гикалық курстарда жаратылыстану мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1920 жылы  
халық судьясы болып тағайындалады. Қ.И. Сәтпаевтің өтініші бойынша, Семей 
ревкомы 1921 жылы оны Томск технологиялық институтына жібереді,  онда ол 
тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөлімшесінің студенті болады. 
Атап  айтқанда,  студенттік  жылдарда  Сібір  геологтар  мектебінің  және  
әсіресе оның сүйікті  ұстазы және тәлімгері  профессор М.А. Усовтың пайдалы 
әсерінен  Қ.И.  Сәтпаевтің  ғылыми-инженерлік  дүниетанымы  қалыптаса 
бастады, М.А. Усовтың терең ғылыми идеялары мен білімдері кейінірек  Қ.И. 
Сатпаевтің барлық шығармашылық қызметінің негізіне жатты. 

 
102 
Оның    көп  қырлы  жеке  тұлғасының    қалыптасуына    тамаша  педагогтар 
ғана  емес,  сонымен  бірге  академиктер  М.А.  Усов  және  В.А.  Обручев  сияқты  
ұлы ұстаздар да мүмкіндік туғызды. Қ.И. Сәтпаев ХIХ ғасырдағы қазақ ағарту-
шыларын: тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты, қазақ әдебиетінің негізін 
қалаушы Абай Құнанбаевты, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринді жоғары 
бағалады. Адамзаттың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы ұлы 
жаңалықтарымен  байланысты  сол  кезеңнің  рухани  атмосферасының  өзі, 
талантты адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруға ұтымды мүмкіндік туғызды. 
Оқуын  бітірген  соң,  Мәскеуде  біраз  уақыт  жұмыс  істеп,  1926  жылғы 
күзде,  жас  инженер-геолог  Қаныш  Сәтпаев  Қарсақпайға  кетеді.  Оның  үлесіне   
бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы  пайдалы  қазбалар қорларын  жоспарлы 
айқындауға  бастама  болған,  Жезқазған  мыс  және  Байқоңыр  көмір  кен  орын-
дарында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру  мен 
жүргізу    міндеті    тиеді.  Жемісті  жұмысының  нәтижесінде  1928  жылы  Қ.И. 
Сәтпаев мынадай  батыл және негізделген шешімге келеді: «Жезқазған ауданы 
аса  бай  мыс  провинцияларының  бірін  білдіреді,  болашақта  оның  пайдасына   
Уралдың  кен  орындары  ғана  емес,  сонымен  бірге  Американың  белгілі  мыс  
провинцияларының  көпшілігі  біріншілік  пальмасын  беруі  мүмкін»  [1]. 
Жезқазғанның  үлкен  болашағына  деген  қайсар  сеніммен  рухтанатын  және   
Қ.И.Сәтпаевтің  табандылығы  мен  қажымас  энергиясының  арқасында,  ол 
басқарған  жас барлаушы-геологтар ұжымы  үлкен  энтузиазммен жұмыс істеді 
және,  сол  жылдардың  үлкен  қиындықтарына  қарамастан,  үш  жыл  ішінде 
тамаша  нәтижелерге  қол  жеткізе  алды.  1931  жылдың  аяғына  қарай  
Жезқазғанның  жер  қойнауларында    руданың  орасан  көп  қоры  табылды  және 
бұрынғы  Одақтың  мыс  кен  орындарының  арасында  бірінші  орынды  мықты 
иеленді.  1938  жылы    Жезқазған  кен-металлургия  комбинатының  құрылысын  
жобалау    және  бастау  туралы  шешім  қабылданды.  1940  жылы  Жезқазған-
Ұлытау  ауданын  геологиялық  зерделеудегі  көрнекті  жетістіктері  үшін  
Қ.И.Сәтпаев  Ленин  орденімен  марапатталды.  Жас  тау-кен  инженері-геолог 
Қаныш Сәтпаев Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кешенді геологиялық қызметті 
он  бес  жыл  басқарды.  Үлкен  Жезқазғанды  академик  Қаныш  Сәтпаевтің  төл 
тумасы деп орынды айтады [2]. 
Өмірлік  жолын  әрдайым  гүл  шоқтары  жауып  жатпады,  әділетсіз  қуғын-
дау, қынжылу мен ауыртпалықтар жылдары болды. Сонымен, отызыншы жыл-
дары үш бірдей Сәтпаев қуғын-сүргінге ұшыратылып, қаза болды.  Сәтпаевтың 
туған ағасы Ғазиз (1892-1937) революцияға дейін Семей гимназиясында білім 
алды,  медицина  қызметкері  болуға  даярланып  жүрген.  Қаныш  оны  жақсы 
көретін  және  құрметтейтін,  оның  парасаты  мен  рухани  қасиеттерін  жоғары 
бағалаған.  Кәрім  Жәмінұлы  Сәтпаев  та  (1897-1936)  әділетсіздіктің  құрбаны 
болды.  Замандастарының  куәлік  етуі  бойынша,  бұл    білімді,  сүйкімді  адам,  
талантты скрипкашы,  этнографиялық кештерді ұйымдастырушы болған. Және 
үшіншісі – ірі педагог, қазақтардың арасындағы  тұңғыш орыс тілі және әдеби-
еті,  жаратылыстану  жөніндегі  маман,  Семей  семинариясының  және  Семей 
педагогикалық  техникумының    тұңғыш  директоры  А.З.  Сатпаев  (1881-1938). 

 
103 
Бірақ Қаныш Имантайұлы ылғи да көзі жеткен оптимист болған, ешқашан өзіне 
деген сенімін жоғалтпаған және шындық үшін  шыдамды түрде күрескен. 
1941 жылғы күзде Қ.И. Сәтпаев КСРО ҒА Қазақ филиалының Төралқасы 
төрағасының орынбасары, ал бір жылдан кейін төрағасы болып тағайындалды. 
Қ.И.  Сәтпаевтің  басшылығымен  республика  геологтарымен  шешілген  маңыз-
ды проблемалардың арасында соғыс жылдарында майданды металлмен, көмір-
мен, мұнаймен толассыз қамтамасыз ету   болды. Майданға қазақстандық көмек 
көрсетудің  маңызы    және  мұндағы  Қ.И.  Сәтпаевтің  ролі  орасан  зор  болғаны 
сөзсіз.  Ол  түсінікті  мақтанышпен  бірнеше  рет  айтқан  болатын:  «Гитлер 
басқыншыларын  ойсырататын  он  оқтың  тоғызы  Қазақстанда  өндірілген 
қорғасыннан соғылады» [3]. 
Фашизммен жүргізілген соғыс жетекшісі  Қ.И. Сатпаев болып табылған,  
Қазақ Ғылымдар Академиясы филиалының қызметін қайта құруды талап етті. 
Осы ауыр кезеңде  оның бастамасы бойынша  Жезқазған рудасын қайта өңдеуге  
тарту есебінен  Балқаш зауытында мыс балқыту  қарқындатылады, ол  отандық 
зерттеушілердің  қызметін  шебер  бағыттай  білген  және  Рудалы  Алтай  мен 
Оңтүстік  Қазақстанның  металлургия  кәсіпорындарының  шикізат  базасын 
кеңейту және оңтайландыру  жұмысына белсенді қатысады. 
Қаһарлы  соғыс  жылдары Қ.И. Сәтпаев және  оның  қызметтестері осы 
ғылыми  ерлікті  жасады.  Жау  сол  кезде  жалғыз  жұмыс  істеп  тұрған  Украина-
дағы  Никопольск  марганец  кен  орнын  жаулап  алғанда,  Кавказдағы  Чиатураға 
жолды жауып тастағанда, Уральск танк зауыттары сауытты болат өндіру үшін 
шикізатсыз қалды. 1942 жылдың басында  Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 
төрағасы И. Сталиннің қолы қойылған шифрланған жеделхат алынды, ол гео-
логтарды  сауытты  болатты  шығару  үшін  талап  етілетін  марганец  кен  орнын 
жедел  табуға  міндеттеді.  Дәл  сол  күні Үкімет  үйіне  Алматыда болған барлық  
геологтар мен ғалымдарды шақырды, ОК бірінші хатшысының атынан  келесі 
күні  таңертең  осы  себепті  дайын  ұсыныстармен  келу  тапсырмасы  берілді. 
Қ.Сәтпаев орнынан тұрып, майдан үшін қажетті ферромарганец рудасы Жезқаз-
ған станциясынан не бары 45 шақырым ара қашықтықта Жезді деген жерде ай-
тарлықтай  жеткілікті  мөлшерде  бар  деп  жауапты  мәлімдегенде,  залда  үнсіз 
отырған, қайта жиналған мамандардың таң қалғаны қандай болды десеңізші.  
Осы  уақытқа  дейін  белгісіз  болған  кен  орнынының    рудалы  үлгілерін  
тексерген соң, тәулік бойы  бір күнге де тоқтамаған, руда  өндіруге  дайындық  
басталды. Мемлекеттік қорғаныс комитеті, әскери әрекеттер майданынан алған 
сияқты,  Жезді  құрылысшыларынан    күн  сайын    мәліметтер    алып  отырды. 
Қабылданған    қатаң  шаралар  мен  жезқазғандықтардың  батырлық  әрекеттері 
нәтижесінде  дайындық  жұмыстары  басталған  соң,  38  күннен  кейін  бағалы 
марганец рудасының алғашқы тонналары  тиелді, үш ай ішінде темір жолдың, 
онымен бірге кеніштің  және жұмысшылар кентінің құрылысы аяқталды. 
1946  жылғы  1  маусымда  Қазақ  КСР  Ғылымдар  Академиясы  құрылды, 
оның салтанатты ашылуында Қ.И Сәтпаев тұңғыш Президенті болып тағайын-
далды,  сонымен  бірге  Геология  ғылымдары  институтының  директоры  болып 
қалды.  Ұлттық  ғылымдар  Академиясының  құрылуы  үлкен  саяси  маңызды  
тарихи  акт және  қазақ халқының  ғылымы мен мәдениетін  дамытудағы  үлкен 

 
104 
қадам болып табылды. Бұл уақытта республиканың ғылыми орталығында 1500-
ден астам адам, оның ішінде 78 ғылымдар докторы мен профессорлар, 200-ге 
жуық ғылымдар кандидаты болды. Қ.И. Сәтпаевтің көрнекті еңбектерінің бірі – 
бұл «қазақстандық геологтар мектебін» құруы, оның  ізі қазіргі уақытқа дейін 
геологиялық  ғылым  мен  практикада  сенімді  көрініп  келеді.  Қысқа  мерзім 
ішінде осы  жас ұйым  200-ден астам  қызықты жұмысты әзірледі  және  халық 
шаруашылығына ендіру үшін берді, олардың көпшілігінің авторы мен қосалқы 
авторы  Қ.И.  Сәтпаев  болған.  Оның  бастамасы  бойынша  бірқатар  жаңа  акаде-
миялық    институттар  ашылды:  ядролық  физика,  математика  және    механика, 
гидрогеология және гидрофизика, Атырауда мұнай мен табиғи тұздар химиясы, 
Қарағандыда химия-металлургия, Өскеменде Алтай кен-металлургия, Балқашта 
ихтиология  және  балық  шаруашылығы,  эксперименттік  биология,  экономика, 
философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі институттары және т.б. 
Ғалым көптеген  жылдар бойы  көпшіліктің назарында  болды.  Ғылымдар 
Академиясының  Президенті  бола  тұрып,  Қ.И.  Сәтпаев    ғылыми-ұйымдастыру 
қызметімен  бір  мезгілде  мемлекеттік  және  қоғамдық  жұмысты  белсенді 
атқарды: 1946 жылдан 1964 жылға дейін бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің 
және  1947 жылдан 1959 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты 
болып  сайланды.  1962  жылдан  1964  жылға  дейін  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің 
Кеңес  Одағының  алтыншы  шақыруы  Төрағасының  орынбасары  қызметін 
атқарды. Екі ондаған реттен артық  үкіметтік наградалармен, соның ішінде төрт 
рет Ленин орденімен марапатталды. Қаныш Имантайұлы көптеген  мемлекеттік 
комитеттер мен комиссиялардың, ғылыми журналдардың, саяси және ғылыми 
қоғамдардың  редакциялық  алқаларының  мүшесі  болды.  Қазақстан    ғылымдар  
Академиясының  халықаралық  байланыстарын    қалыптастыру  мен  дамытуға, 
Ресейден,  Украинадан,  Өзбекстаннан,  Грузиядан,  Қырғызстаннан,  Тәжікстан-
нан және басқа республикалардан  әріптестермен  ынтымақтастығын   нығайту 
мен  тереңдетуге  айтарлықтай күші мен қуатын жұмсады. Қ.И. Сәтпаев өте көп 
жазған.  Оның  қаламынан  орыс,  қазақ,  қытай,  араб,  ағылшын  және  басқа 
тілдерде жарияланған, 800-ден астам баспа  жұмыстары шыққан. 
Тұңғыш  қазақ  инженер-геологының  Жезқазған  кен  орнын  ашумен,    
металлогенияны  –  геология  тарихының  негізгі  кезеңдерімен  байланысты 
рудалы  кен  орындарын  құрудың  аймақтық  шарттарын  және  оларды  орналас-
тыру заңдылықтарын зерттейтін геология бөлімін дамытумен, және ақырында,  
әлемде тұңғыш рет Орталық Қазақстанның металлогениялық болжамдық карта-
сын  жасаумен  байланысты  жарқын  еңбектерін  бүкіл  әлем  таныды.  КСРО  ҒА 
тұңғыш академигі және шығыс ғалымдары қатарынан КСРО ҒА Төрағасының 
мүшесі,  Қазақстан  ҒА  тұңғыш  Президенті    ретінде  осы  тамаша  ғалым  мен 
ойшылдың, ірі мемлекеттік қайраткердің есімі  оның көзі тірі кезінде   шынайы  
даңқ  пен  танылу  құрметіне  бөленді.  Қ.И.  Сәтпаев,  академик  В.М.  Келдыштің 
сөздері бойынша, жетекші геолог-теоретиктердің бірі, ғылымды және геология-
лық  қызметті  ірі  ұйымдастырушы  болды,  қазақстандық  геологтар  мектебін 
басқарды. Оның қажымас еңбегі  және оның ізбасар геологтарының  арқасында 
Қазақстанның жер қойнауларында Менделеевтің периодтық жүйесінің  барлық 
дерлік  элементтері  ашылған.  Жер  асты  қойнауларын  барлаушы  мамандығы 

 
105 
еліміздің экономикасын көтеру және өндірістік күштерін дамыту үшін маңызды 
мәнге  ие болды. 
Қ.И.  Сәтпаев  ұлы,  сонымен  бірге  қарапайым,  қарым-қатынасқа  жеңіл, 
байсалды  адам  болған.  Табиғат  оған  шешендікті,  ұзын  бойды,  келбетті 
сымбатты сыйлаған. Ол  кез келген қалың топтың ішінен ерекшеленіп тұратын, 
ол  бірінші  болып  есте  сақталып  қалатын.  Мысалы,  1947  жылы  қазақ  ғалымы 
Англияға кеңестік парламентарийлердің құрамында келгенде осы елде мынадай 
жағдай  болған.  Ресми  емес  қабылдау  кезінде  Ұлыбританияның  экс-премьер-
министрі  У.  Черчилль  оған  қалжыңдап:  «Барлық  қазақтар  Сіз  сияқты  батыр 
тұлғалы,  денелі    ме?»,  -  деп  сұрақ  қояды.  «О  не  дегеніңіз,  Черчилль  мырза, 
қазақтардың арасында мен ең кішкентайымын, менің халқым менен биік!» - деп 
жауап беріпті академик Қ.И. Сәтпаев [4].  
Ұлы орыс ғалымы Сергей Есенин: «Бетпе-бет қарасаң,  бетін  көрмейсің  - 
үлкен  нәрсе ара қашықтықтан  көрінеді»,  - деген екен. Сол айтпақшы, біз де   
Қаныш  Имантайұлы  Сәтпаевтің  Қазақстанның  бүкіл  аумағындағы  табиғи 
қоймалар байлықтарын  зерттеуге  қосқан  орасан зор үлесін қазір ғана сезініп, 
лайықты бағалап жатырмыз. 
 
Қ.И. Сәтпаев 1964 жылғы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында 65 жасын-
да қайтыс болды. Оның  көп қырлы  қызметінің  материалдық  жағынан жүзеге 
асырылуының нәтижесі Үлкен Жезқазған және Жезді ғана емес, сонымен бірге 
Орталық  Қазақстанның,  республиканың  шығысы  мен  оңтүстігінің  ірі  кен-
металлургия кешендері болды, оның батыстың мұнай және газ кен орындарын 
қазудағы  еңбегі  ерекше.  Жақында  оның  есімімен  аталатын,  ҚазҰТУ  жанында 
ескерткіш ашылды. ЮНЕСКО академиктің 100 жылдық мерейтойын  тойлауды 
осы ықпалды халықаралық ұйымның басшылығымен және  қатысуымен білім, 
ғылым  және  мәдениет  саласындағы  мәселелер  бойынша  атаулы  және 
мерейтойлы күндер күнтізбесіне енгізді. 
Академик  Қ.И.  Сәтпаевтің  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  мұрасы-
ның елеулі бөлігін Қазақстан тарихы жөніндегі еңбектері құрайды. Қ.И.Сәтпаев 
Ұлытау,  Жезқазған  аудандарының  археологиясы  және  ежелгі  металлургиясы  
мәселелеріне  қызығушылық  танытқан,  Ұлытау  төңірегінде,  Арғанаты  таула-
рында және Торғайдың бастауларында көптеген ескерткіштерді ашқан, Жетіқыз 
өзеніндегі  -  тас  мүсіндерді,  Жыланшық  (Сырлытам)  өзеніндегі  -  сәулеттік 
ескерткіштерді, Бұланты өзенінің  оң жағалауындағы тасқа салынған суреттерді  
зерттеген [5]. 
Қ.И.  Сәтпаевтің  тапқан  маңызды  жаңалығы  Алтын  Шоқы  тауының 
оңтүстік-батыс баурайында байқалған, Темірдің жазуы бар тақта болып табыла-
ды. Бұл тау Ұлытаудың бас  жотасынан  солтүстік-батысқа  қарай 30-40 км-де   
орналасқан. Мұнда  Орта Азиядан  Оңтүстік Уралға керуен жолы  өткен. Жазу  
1391  жылы  Темірдің  Дешті-Қыпшаққа  жорығы  кезінде  ойып  түсірілген. 
Академик  И.А.  Орбелидің  өтініші  бойынша  тақта  Ленинградқа  әкелініп,  
Эрмитаж  залдарының  біріне  қойылған.  Енді  Қарсақпай  деген  атпен    белгілі, 
атақты Ұлытау жазбасы шифрланып, ғылым әлемінде  лайықты бағаланған. 
Академик  Қ.И.  Сәтпаевтің  есімімен  ҚР  ғылымдар  Академиясының  
Геологиялық ғылымдар институты, Қарағанды облысында қала, Жезқазған кен-

 
106 
металлургия  комбинаты,  Торпақ  шоқжұлдызындағы  кіші  планета,  минерал, 
Жоңғар  Алатауының  мұздығы  және  тау  шыңы,  гүлдердің  сорты,  Қазақстан 
Республикасының қалалары мен кенттеріндегі  көшелер мен мектептер аталған. 
Қазіргі  уақытта  ҚР  БҒМ  жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы  
көрнекті  жетістіктері  үшін  академик  Қ.И.  Сәтпаев  атындағы  сыйлықтар 
тағайындайды. 2008 жылы осы бірінші дәрежелі сыйлықты  марқұм  профессор 
А.Н.  Данияровтың  жетекшілік  етуімен  жұмыс  жасаған  ҚарМТУ  ғылыми 
мектебі иеленді. 
Сонымен,  академик  Қ.И.  Сәтпаевтің    ғылыми-ұйымдастырушы    және 
қоғамдық  қызметі  өзінің  қарқындылығымен    ерекшеленді  және  өмір  сүру 
нормасы болып  табылып,    адамдарға   қызмет  етуге    арналған.  Ғылымға  және  
шындыққа    ұмтылысы    ғалымның    ғылыми-зерттеу    мұрасының  алуан  түрлі 
аспектілерінде   өрнектеліп, оған  табыс әкелді. 
Қазақстан  тарихында  Дінмұхамед  Ахмедұлы  Қонаевтың  өмірі  мен  
қызметі    халық  үшін  қалай  өмір  сүру  мен    еңбек  ету  керектігінің    тамаша  
үлгісі  болып  қалады.  Үш  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері,  8  Ленин  орденімен, 
КСРО,  шетелдік  мемлекеттердің  басқа  ордендерімен  және  медальдарымен 
марапатталған.  
Қазақстанның  көрнекті  мемлекеттік  және  саяси  қайраткері,  ғалым, 
Дінмұхамед  Ахмедұлы  Қонаев  1912  жылғы  12  қаңтарда  Верный  (қазіргі 
Алматы)  қаласында    дүниеге  келген.  Чернышевский  атындағы  №  19  бірінші 
сатылы  мектепте  оқыды.  Төртінші  сыныпты  бітірген  соң  14-ші  мектепте 
оқыды.  Дінмұхамед  оқу  озаты  болмаған,  бірақ    қиын  ғылымдарды  үлкен 
сүйсінушілікпен  меңгерген.  Мектептегі  сабақтарынан  кейін  республика 
Мемлекеттік  жоспарының  аудандандыру  секторында  статист  болып    жұмыс 
істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.  
1931  жылы  жас  Д.А.  Қонаев  Мәскеуге  Қазақстан  өлкелік  комсомол 
комитетінің жолдамасымен  М.И. Калинин атындағы  Мәскеу түсті  металдар 
және  алтын  институтына  оқуға  түсу  үшін  барады.  1936  жылғы  шілде  айында 
Д.А.  Қонаев  институттың  тау-кен  факультетін  бітіріп,  Қоңырат-Балқаш 
құрылысына  жіберіледі.  Өзінің  Балқаш-Қоңыратқа  жіберілгені  туралы  кейін-
нен былай деп жазған: «Мұнда менің еңбек  жолым басталды. Мен бұл өлкеге 
бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық практикадан өткенде, Қоңыратпен  және 
оның адамдарымен  танысқан болатынмын. Ол кезде  мен жаңа ғана құрылған  
шығыс  үйіндінің  ондығы  болып  жұмыс  істегенмін.  Жұмыс  істеп  жүріп, 
«Жылына  90  мың  тонна  қара  мыс  өндіру  үшін  Қоңырат  карьерінің  қуатын 
анықтау»  тақырыбына  арналған  дипломдық  жұмысыма  материал  жинадым. 
Дипломымды  «өте жақсы» деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы 
алғашқы    қадамдарым    Қазақстанның    түсті  металлургиясымен  байланысты 
болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты мыс  өнеркәсібі-
нің,  сонан кейін  Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш  өнеркәсібінің   қалыптас-
тыруға  қатысушылардың бірі болғанымды  осы күнге дейін мақтаныш етемін» 
[6].  Осында  болғанда,  Д.А.Қонаев  бұрғылау  станогының  машинисі,  шебер, 
ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 

 
107 
жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік 
награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін  иеленді.  
1939  жылғы  қыркүйек  айында  Дінмұхамед  Ахмедұлын  Риддер  руда 
басқармасының директоры ретінде Риддер полиметалл комбинатына жібереді. 
Соғыс  алдындағы  КСРО  шекараларындағы  жағдай  стратегиялық  мақсат  – 
металлургия  өнеркәсібіне  қойылатын  талаптарды  күшейтті.  Қысқа  мерзім 
ішінде  кеніштің  жаңа  директоры  өндіріс  көлемдерін    көп  есе  ұлғайтып,  оны 
артта  қалушылар  қатарынан  озықтар  қатарына  шығарды.  1941  ж.  Риддер 
Лениногорск деп қайта аталды. Соғыс жылдарында жауға атылған 10 оқтың  9 
оғы Лениногорск қорғасынынан  балқытылды. 
 
Д.А. Қонаевтың жеке тұлғасының  қалыптасуы, оның  дамуы сталиндік 
дәуір, қатаң орталықтандырылған әкімшілік жүйесі жағдайларында болған, бұл   
Қазақстанның  болашақ  көшбасшысының  саяси  социализациялануының  себебі 
болды.  Д.А.  Қонаевтың  тағдыры    әлеуметтік-саяси    процестердің  әсерімен 
қалыптасты,  оларға  бір  жағынан  -  жалпыға  ортақ  оптимизм  және  халықтың 
социализм  мұраттарына  мұқалмай  сенуі,  екінші  жағынан,  қуғын-сүргін,  -
тарихты,  этникалық  мәдениетті  және  дәстүрлерді  «күйдіретін»  жүйенің  қатаң 
еріктік  шешімдері  тән  болды,  бұл  Қазақстанның  болашақ  басшысына  әсерін 
тигізбей қоймады.  
1942 ж.  сәуірде Д.А. Қонаев ОК билігіне  шақырылып, онда  20 сәуірде  
республиканың  Кеңестік  халық  комитеті  төрағасының  орынбасары  болып 
тағайындалады.  1942  ж.  6  маусымнан  бастап  Д.А.  Қонаев  ҚазКСР  Халық  
Комиссарлары  Кеңесінде  жұмыс  істей  бастады.  Оның  міндеттерінің  шеңбері   
түсті металлургия кәсіпорындарының, көмір және мұнай өнеркәсібінің, электр 
станцияларының,  темір  жолдардың,  автокөліктің,  қорғаныс  зауыттарының 
жұмысын үйлестіру болып анықталды. 30 жасында Д.А. Қонаевқа мемлекеттік 
басқарудың аса жауапты бөлігі, қазіргі шамамен - Премьер-министр орынбаса-
рының постысы тапсырылған. 1949 ж. ақпанның аяғында Қазақстан коммунис-
терінің 6-шы съезінде Д.А. Қонаев алғаш рет ОК мүшесі болып сайланды [7].  
1951 ж. желтоқсан айында Д.А. Қонаевты сол кездегі  ҚКП ОК  бірінші 
хатшысы  Ж.А. Шаяхметов шақырып алып, Қазақстан тарихын идеологиялық   
жариялау  бойынша  жағдайды  түзету  қажеттілігіне  байланысты  ғылымдар  
Академиясын басқаруды ұсынды, ол ұсыныстан бас тартты. 2 айдан соң ОК-ға  
шақыру  қайталанды.  Бұл  жолы  Ж.А.  Шаяхметов  Д.А.  Қонаевтың  ғылым 
басқармасына  ауысуға  келісімін  алды  [8].  1952  жылғы  16-17  сәуірде    респуб-
ликаның  ғылымдар  Академиясының  жалпы  жиналысының  сессиясы  өтті.  ОК 
идеология  жөніндегі  хатшысының    қысымымен  бірінші  күні  академиктер 
М.П.Русаков  және  А.К.  Жұбанов,  корреспондент  мүшесі  К.Д.  Жұмалиев 
атақтарынан  айырылды.  Кейіннен  оларға    қатысты  әділдікті  орнату  мүмкін 
болды.  17  сәуірде  ірі  қазақ  ғалымы  Қ.И.  Сәтпаев    құпия  дауыс  берумен  
Ғылымдар Академиясы Президенті қызметінен және Төралқасының мүшесінен 
босатылды. Оның  орнына  бірауыздан  Д.А. Қонаев сайланды.  
Сталиннің өлімінен кейін елді Н.С. Хрущев басқарды. Л.П. Берия қамауға 
алынып,  атылды,  Г.В.  Маленков  –  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы 
қызметінен  босатылды  және  біртіндеп  саяси  бейболымға  жіберілді. 

 
108 
Н.С.Хрущев партияның және елдің  толық билеуші қожайыны болды. Ол кезде 
Орталықта  Қазақстандағы  экономиканың,  әсіресе  ауыл  шаруашылығы  
саласындағы  жағдайға наразылық  өрби берді.  
ҚКП  ОК  Пленумында  1954  ж.  ақпанда  селоны  қанағаттанарлықсыз 
басқарғаны үшін бірінші хатшы  Ж.А. Шаяхметов өз орнынан  босатылды. Көп 
ұзамай  Қазақстанның  КП  VII  съезінде  бірінші  хатшы  -  П.К.  Пономаренко, 
екінші  хатшы  Л.И.  Брежнев  болып  сайланды.  Алғашқы  жұмыс  күндерінен 
бастап ғылымдар Академиясының Президенті мен партияның жаңа басшылығы  
арасында іскерлік, ізгі қатынастар қалыптасты, олар академиялық институттар-
дың  материалдық-техникалық  базасын    нығайтуда    елеулі  роль  атқарды. 1954 
жылғы 30 қарашада республикалық ғылымдар Академиясы жалпы жиналысы-
ның сессиясы өтті, оған 13 академик және 17 корреспондент мүшесі сайланды, 
ал  Қ.И.  Сәтпаев  Геологиялық  ғылымдар  институтының  директоры  қызметіне   
бекітілді.  
1955  ж.    наурызда  Мәскеуде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  сессиясы  өтті, 
онда ҚазКСР ғылымдар Академиясы  Президентінің сөз сөйлеуі жоспарланды.   
Қазақ тұрақты өкілеттігі ғимаратында баяндама жасауға дайындалып жатқанда, 
Д.А.  Қонаев  шұғыл  түрде  П.К.  Пономаренкоға  және  Л.И.  Брежневке 
шақырылды. Мұнда  оның ОК  бюросында республиканың Министрлер Кеңесі-
нің  Төрағасы  қызметіне  бекітілгенін  және  ғылымдар  Академиясының 
Президенті  қызметінен  босатылғанын  хабарлайды.  Д.А.  Қонаевтың  табанды-
лығымен  республикалық  ғылымдар  Академиясының  Президенті    болып  оның 
негізін қалаушы Қ.И. Сатпаев сайланды. 
1955  жылғы  1  сәуірден  бастап    ҚазКСР  Министрлер  Кеңесінің    Қазақ 
республикасы  құрылғаннан  бастап  сегізінші  Төрағасы  Д.А.  Қонаев  өзінің  
лауазымдық міндеттерін орындауға  кірісті. Ол республика үкіметінің басшысы 
болғанда  түсті  металлургия,  құрылыс-жинақтау  жұмыстары,  геология, 
энергетика және т.б. министрліктер ұйымдастырылды.  
1960  ж.  19  қаңтарда  Д.А.  Қонаев  ҚКП  ОК  Бірінші  хатшысы  болып  
бірауыздан  сайланды.  1962  ж.  желтоқсан  айында  мақта  өсіру  аудандарын  
Өзбекстанға беру туралы Н.С. Хрущевпен келіспеушіліктерден,  Д.А. Қонаевты 
ҚКП  ОК    Бірінші  хатшысы    міндеттерінен  босатып,  Қазақ  КСР    Министрлер 
Кеңесінің  Төрағасы етіп тағайындайды. 
1964  ж.  қазан  айында  Д.А.  Қонаев  Мәскеуде  болып,  Бірінші  хатшы 
қызметінен  Н.С.  Хрущевті  босатып,  осы  постқа  Л.И.  Брежневті  сайлаған, 
КОКП  ОК  Пленумына  қатысады.  1964  жылғы  қараша  айында  Қазақстан 
Компартиясы  ОК  бюросының  барлық  мүшелері  мен  ҚазКСР  Министрлер 
Кеңесі  Төрағаларының  орынбасарларын  Мәскеуге  шақырып,  Д.А.  Қонаевты 
ҚКП ОК Бірінші хатшысы  етіп тағайындайды. 
КОКП ОК қазан және қараша айларындағы пленумдарының қорытынды-
ларын қарастырып, Қазақстан Компартиясы ОК мүшелері  партия жұмысының 
түрлері  мен  әдістерін  жетілдіруге,  мәдени  және  шаруашылық  құрылысының 
міндеттерін    шешуде    ұйымдастыру  жұмысын    күшейтуге  әзірлігін  білдірді. 
Қараша айындағы пленумның қаулысына сәйкес  партияның ауылдық аудандық 
комитеттері  қалпына  келтірілді.  Сондықтан  Целинный,  Батыс  Қазақстан  және 

 
109 
Оңтүстік  Қазақстан  өлкелері  таратылды.  Сондай-ақ  кеңестік  халық 
шаруашылықтары да таратылды. Өнеркәсіпті кеңестік халық шаруашылықтары 
арқылы  басқаруға    өту  мәселесінің    аяғына  дейін    ойластырылмағанын  өмір  
дәлелдеді. 
          
Жаңа  бесжылдық  басталды    және    оның  бірінші  жылы  (1965)  өте  ауыр 
болды.  Осыған  қарамастан,  өнеркәсіп  пен  құрылыс  салалары  бірқатар  ірі 
түйінді  міндеттерді  шеше  алды.  Жасалған  істердің  барлығын  атап  шығу  
мүмкін  емес.  Сонымен,  Қызылордада  ірі  целлюлоза-картон  комбинаты  және 
ЖЭО  қатарға  қосылды.  Осының нәтижесінде республика  орауыш  материалды 
шығара бастады. Қостанай  облысында Жетіқара асбест комбинатының бірінші 
кезегі  пайдалануға  тапсырылды.  Жылдың  ортасында  Өзен  мұнай-газ  кен 
орнының бірінші кезектегі объектілерінің құрылысы аяқталды. Бұл республика-
дағы  үлкен  оқиға  болды.  Тұңғыш  Маңғышлақ  мұнайы  алынды  және  Гурьев 
мұнай  қайта өңдеу зауытына  жіберілді. 
        10-
12 наурызда ҚКП XII съезі  өтті. Съезде республиканың жеті жылдық  
ішінде  өткен  жолына  талдау  берілді.  Жеті  жылдық  ішінде  республика  карта-
сында 20 жаңа қала пайда болды. Жеті жүзден  астам  ірі өнеркәсіптік  кәсіп-
орын,  бес  жүзден    астам  цех  іске  қосылды,  және  де  әрбір  тұрғызылған 
кәсіпорында біздің еліміздің көптеген халықтарының еңбегі қаланған. Тек ауыр 
өнеркәсіп  қана  жаңа  өнімнің  700  түрін  шығара  бастады.  Жеті  жылдық 
Қазақстанның  халық  шаруашылығын  жеделдетіп,  индустриялық  дамуының 
сапалы жаңа  кезеңі  болып табылды. 
        
Жеті  жыл  ішінде  Қазақстанның  экономикалық  әлеуеті    екі  еселенді,    ал 
өнеркәсіп   Қазақстан құрылған  күннен бастап барлық  жылдар ішіндегіден көп  
өнім    берді.  Жоспарды  мерзімінен  бұрын  орындағаны    үшін    Балқаш  және 
Жезқазған кен-металлургия комбинаттары Ленин орденімен, Соколов-Сарыбай 
кен-байыту  комбинаты,  Ақтөбе  химия  комбинаты,  Қарағанды  синтетикалық 
каучук  зауыты,  Иртышуголь,  Қарағанды  ет  комбинаты  Еңбек  Қызыл  Ту  
орденімен марапатталды. 
        
ҚКП съезі  еңбекшілердің  материалдық  игілігінің  жақсарғанын  атап өтті. 
1965 жылы 1958 жылмен  салыстырғанда орташа  еңбекақы  28 пайызға өсті. 
1965 жылы 450 мың адам жаңа пәтер алды. Съезд республиканың  табыстары 
— 
партияның  ұлттық  саясатының,  КСРО  халықтарының  өзара  көмегі  мен  
бауырлас достықты нығайтудың тікелей  нәтижесі екенін атап өтті. XXIII съезд 
директиваларының  жобалары  және  Қазақстанның  халық  шаруашылығының  
сегізінші бесжылдықта даму жоспары бірауыздан мақұлданды. 
        
1966 жылғы 29 наурызда КОКП XXIII съезін бастады. Оған Қазақстаннан  
204 делегат қатысты. Пленумда Д.А. Қонаевты  КОКП ОК Саяси бюросының 
мүшесіне кандидат етіп сайлады [9].  
          
Сол  жылы  нан  үшін  күрес  жаңа  күшпен  қарқын  алды,  бұл  1966  жылы 
республикада  мемлекетке  бір  миллиард  пұттан  астам  нан  сатуға  мүмкіндік 
берді. Д.А. Қонаев егін жинау кезінде бірқатар облыстарда совхоздар мен кол-
хоздар еңбекшілерінің нан тапсыру үшін қалай күрескенін көрді. Бидай өсіру-
дегі  табысы  үшін  және  экономиканы  көтерудегі  басқа  көрсеткіштері  үшін   
Солтүстік  Қазақстан,  Қостанай,  Ақтөбе,  Алматы  облыстары  Ленин  орденімен 

 
110 
марапатталды.  Мелиорацияны  дамыту  және  суармалы  жерлерді  жақсы  пайда-
лану бойынша қабылданған  шешімдер Қызылорда облысында күріш өндірісін   
әрі  қарай  ұлғайтуда,  сондай-ақ  Шымкент  облысының  оңтүстігінде,  Алматы 
облысының  Ақдала  массивінде,  Талдықорған  облысының  Қаратал  ауданында 
күріш  өсіруді  әрі  қарай  ұлғайтуда  маңызды  роль  атқарды.  Нәтижесінде 
Қазақстан  техникалық дақылдарды: қант қызылшасын, мақтаны, темекіні өсіру 
бойынша  маңызды  база  болды.  Жүзім  шаруашылығы  және  бақша  шаруашы-
лығы   табысты  дамыды. 
Д.А. Қонаев ҚКП ОК бірінші хатшысы болып қайта сайланғанда, ол алда-
ғы  жылдары  республиканың  алдында  қандай  орасан  және  ауқымы  бойынша 
қандай күрделі проблемалар тұрғанын анық білді. Өнеркәсіптің алдында қолда-
нылып  жүрген  қуатты  барынша  көп  пайдалану,  кәсіпорындардың  аса  жоғары 
техника-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, аса бай табиғи   ресурстар-
ды шаруашылық айналымға белсенді жұмылдыру міндеті тұрды. Отын-энерге-
тика ресурстарын дамытуға және оларды игеруге ерекше назар аудару керек. 
Ауыл  шаруашылығының  еңбеккерлері  астық  өнімділігін  арттыру  
есебінен  бидай өсіруді ұлғайтуға, сондай-ақ  суармалы  егін шаруашылығының 
аудандарын  жақсы  пайдалану  және  кеңейту  есебінен  күріш,  жүгері  дәнін,  
техникалық дақылдарды, көкөністер мен жемістерді, мал шаруашылығы өнімін 
өсіруге міндетті болды. Басқа салалар да — күрделі құрылыс, көлік, байланыс, 
денсаулық сақтау және т.б. күнделікті мұқият назарды  талап етті. 
Бұл проблемалардың қаншалықты сәтті  шешілгенін өмірдің өзі  көрсетті. 
1964  жылдан  бастап  1986  жылға  дейінгі  кезеңде  (Д.А.  Қонаевтың  зейнеткер-
лікке шығуына дейін) Қазақстан Компартиясының бес съезі өтті. Олардың әр-
қайсысында  кезекті    бесжылдықтағы  халық  шаруашылығы    дамуының  негізгі 
қорытындылары  шығарылды.  Бірақ,  атап  айт-қанда,  аталған  кезеңде 
өнеркәсіптің, құрылыстың, көлік пен  байланыстың, ғы-лым мен мәдениеттің, 
халық  ағарту  ісінің,  денсаулық  сақтаудың,  сауданың,  халыққа  тұрмыстық 
қызмет  көрсетудің  көптеген  салаларында  республика  еңбеккерлерінің  қол 
жеткізген жетістіктері соншалықты көлемді және маңызды болмаған. 
1982 ж. 10 қарашада  Д.А. Қонаевты Мәскеуге Саяси бюроның мәжілісіне 
шұғыл түрде шақырды. Мәжілісті ашып, Ю.В. Андропов Саяси бюроның мүше-
леріне  Брежневтің  қайтыс  болғанын  хабарлайды.  Үнсіздікті  К.У.  Черненко 
бұзып,  Ю.В.  Андроповты  КОКП  ОК  Бас  хатшысы  етіп  сайлауды  ұсынды.  12 
қарашада КОКП ОК Пленумында жаңа Бас хатшыны сайлау өтті. Бұл геронто-
кратияны – елді ақсақалдардың билеуін тоқтатудың басы болды.  Ю.В. Андро-
повтың  аз  уақыт  басқаруынан  кейін  КОКП  ОК  Бас  хатшысы  болып 
К.У.Черненко сайланды. 1985 ж. наурызда К.У. Черненко қайтыс болды  және  
КОКП ОК  Бас хатшысы постысына бірауыздан М.С. Горбачев сайланды. Елде  
«қайта құру» дәуірі басталды. 
1985  ж.  Қазақстан  Компартиясының  XVI  съезі  -  Д.А.  Қонаевтың 
басшылығымен өткен соңғы съезд болды, онда ол ҚКП ОК есептік баяндама-
сымен  сөз  сөйледі.  Ол  —  ОК  мүшесі,  ал  съезден  кейінгі  пленумда  ҚКП  ОК  
Бірінші  хатшысы  болып    қайта  сайланды.  1986  ж.  күзде  Д.А.  Қонаев 
М.С.Горбачевке  зейнеткерлікке    шығу  туралы  мәселені  қарастыру    өтінішін 

 
111 
ұсынды.  Бас  хатшы  оның    өтінішін  бірден  қолдады.  1986  ж.  11  желтоқсанда  
Д.А.  Қонаевтың  қатысуынсыз  Саяси  бюроның  мәжілісі  болды,  онда  оның 
зейнеткерлікке  кетуі  туралы  шешім  қабылданды.  16  желтоқсанда  таңертең 
Д.А.Қонаевты  зейнеткерлікке  шығарып  салған  және  Бірінші  хатшы  етіп 
Г.В.Колбинді тағайындаған, ҚКП ОК Пленумы  болды. 
Партиялық  және  шаруашылық  басқарудың  барлық  жолдары  тоғысқан, 
Үкімет  төрағасының  және  Қазақстан  Компартиясы  ОК  бірінші  хатшысы 
постысында  30  жылдан  астам  уақыт  болып,  Д.А.  Қонаев  Қазақстанның  
гүлденуі, оның өндірістік күштерінің дамуы, халық игілін арттыру үшін өте көп 
еңбек  етті.  Өскемен  қорғасын-мырыш  және  титан-магний,  Соколов-Сарыбай, 
Лисаковск,  Балқаш,  Жезқазған  кен-металлургия  комбинаттары  құрылды  және 
дамыды.  Оның  көмегімен  химия,  металлургия  институттары  пайда  болды, 
қазақстандық  ВАСХНИЛ,  Ақмоладағы  Бураевский  институты  әлеуметтік 
тапсырыстар    пакетін  алды,  ядролық  физика  саласында  қарқынды  жұмыстар 
басталды; Орта Азия әскери округі, әскери-инженерлік база құрылды.  
Д.А. Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының  көтерілуіне  үлкен 
көңіл  бөлді.  Ол  агроөнеркәсіптік    кешеннің  техникалық    қайта  қарулануы  
қалай жүріп жатқанын, асыл тұқымды мал және тұқым өсіруді, өндіріске жаңа  
технологияларды  ендіруді, ауылды  қайта құруды  және  ауыл еңбеккерлерінің 
тұрмысын үнемі қадағалады. АӨК үшін жауап беретін министрлерді өзіне  жиі 
шақырған, ғалымдармен, мамандармен және  өндіріс  озаттарымен  кеңескен. 
Д.А.  Қонаевтың  қамқорлығы  мен  қолдауын  үнемі  сезінген,  ауыл  еңбек-
керлерінің  екпінді еңбегінің арқасында республика Кеңес Одағының  ірі  астық 
және мал шаруашылығы базасына айналды. Тың игеру жылдарында Қазақстан 
елімізге  бір  миллиард  пұттан  астам  нанды  -  9  рет,  ал  оныншы  бесжылдықта 
жыл сайын дерлік сатты. Астықтың  жалпы өндірісі - 27-28 миллион тоннаға, ал 
кейбір  жылдары  34  миллион  тоннаға  жетті.  Халықтың  жан  басына  1500-ден 
2000 килограмға дейін бидай өндірілді. Салыстыру үшін: КСРО-да бұл көрсет-
кіш 1984 жылы - 712, АҚШ-та - 1331, Францияда - 1075, ГФР-да 448 килограм-
ды  құраған.  Мемлекеттік  ресурстарға  бидайдың  күшті  сорттарын  жеткізу 
жалпы  алғанда  КСРО-да  осы  дақылды  дайындаудың  жалпы  көлемінен  70 
пайызға жетті. 
1987 жылғы 1 қаңтарда ірі қара малдың  басы - 9,5 миллионға, қойлардың 
басы    36,5  миллионға  жетті.  Ет,  сүт,  жұмыртқа,  жүн  және  басқа  өнім  өндіру 
және дайындау көлемдері өсті. Ауылда күрделі құрылыстың ауқымы  өлшеусіз 
артты, оған тыңды көтерудің алдындағы  барлық жылдарда Қазақстанның бүкіл  
ауыл шаруашылығына салынған қаржыға қарағанда  7 есе көп  қаржы салынды. 
Егер 1940 жылы республикада 194 совхоз болса, онда 1985 жылы оның саны 2 
мыңнан  асты.  Тың  игеруге    жұмсалған  шығындар  артығымен  өтелді.  Жоғары 
өндірістік  көрсеткіштерге  қол  жеткізгені  үшін  ауыл  шаруашылы-ғының 
жүздеген  мың  еңбек  озаттары  КСРО  ордендерімен  және    медальдарымен 
марапатталды, ал олардың көпшілігі  Социалистік Еңбек Ері атағын  иеленді. 
Д.А. Қонаевтың таза өзінің, «қонаевтық» жұмыс стилі болды, ол респуб-
ликаның  күрделі  шаруашылық  механизмінде  ең  бастысын  «қағып  алу», 
жағдайда  жылдам  бағдарлану  сияқты  сирек  қабілетті  иеленді,  ылғи  да  сол 

 
112 
немесе  басқа  қабылданатын  шешімнің  неге  апаратынын  алдын  ала  білген,  
мемлекетке  үлкен    пайда  әкелетін    табыстарды  дамыта    білген.  Экономика, 
өнеркәсіп,  құрылыс,  білім,  денсаулық  сақтау,  мәдениет,  идеология  мәселелері 
үнемі оның қызметінің, сондай-ақ ОК Бюросының және  Республика Үкіметінің  
назарында болған. 
 
Ірі республиканың басшысы ретінде Д.А. Қонаев Қазақстандағы шаруа-
шылық  құрылысының  көптеген  проблемалары  бойынша  күрделі  мәселелерді  
шешкен.  Сонымен  бірге    КОКП  ОК  Саяси  бюросының    мүшесі  ретінде  оның 
орталыққа  қарсы  тұруы  қиын  болды,  Мәскеуде  әдептілік,  икемділік,  ал  кейде  
кішіпейілділік танытуға тура келген.  
Ол шетелде және кеңес мемлекетінде  үлкен беделге ие болған. КОКП ОК 
Саяси  бюросының  мүшесі,  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты,  үш  мәрте  
Социалистік Еңбек Ері, сегіз Ленин орденінің кавалері, академик – міне, оның 
еңбегіне, талантына, ойы мен өзінің жарқын өмірін арнаған, ісіне берілгендігіне 
көрсетілген  құрмет.  Нағыз  интернационалист ретінде  Д.А.  Қонаев өзінің    көп 
ұлтты  халқын  жақсы  біліп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оны  сүйген,    оның 
патриотизмін,  еңбек  сүйгіштігін,  өзін-өзі  құрбандыққа  шалуын  және  рухани 
ұлылығын жоғары бағалаған. 
          
Д.А.  Қонаев  көрнекті  мәдениет  қайраткерлерімен,  музыканттармен, 
композиторлармен,  суретшілермен,  сәулетшілермен  достық  қарым-қатынаста 
болған. Әдебиетті, өнерді жақсы білген. Атақты қазақстандықтарға таң қалудан 
шаршамаған.  Ол  ақын  Олжас  Сүлейменов,  әртістер  К.  Байсейітова,  Б. 
Төлегенова, Е. Серкебаев, А. Әшімов, сәулетші  Ю.Г. Ратушный және  көптеген 
басқа  атақты адамдар туралы   көптеген  жақсы және ізгілікті сөздер  айтқан. 
Оның Алматыны салу және көркейтуде жасаған игі істері аз емес.  Оның 
бастамасы бойынша  тұрғызылған  Республика Сарайы,  Достық даңғылындағы 
тұрғын үйлер,  Б. Шолақ атындағы «Медеу» спорт кешені, Республика алаңы, 
«Қазақстан»,  «Жетісу»,  «Алматы»,  «Алатау»  қонақ  үйлері,  цирк,  аэровокзал, 
әуежай  және  көптеген  басқа  ғимараттар  Қазақстан  Республикасының  визит 
карточкасы  болды.  Д.А.  Қонаев  республиканың  мәдениетін  өте  жоғары 
бағалаған және үнемі қолдаған. 
Д.А.  Қонаевтың  Қазақстан  экономикасы  мен  мәдениетіне  қосқан  үлесі 
орасан. Өзінің игі істерімен ол Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің  есі-
мін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын елінің тарихында мәңгілікке  қалды. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Қонаев Д.А. О моем времени: Воспоминания. Алма-Ата: Дәуiр, МП  
    
Ынтымак, 1992.  
2. Мейиржан Машан.  Д.А. Қонаев.  История в портретах (личности в истории).  
    
Алматы, 1999. 
3. Толмачев Г. 50 встреч с Д.А. Қонаевым: воспоминания. Алматы, 1997. 
4. Материалы XXIII съезда КПСС. М., 1966. 
5. Мир Сатпаева / Составители: Каменев Е.А. и др. Алматы, 1999. 
6. Сатпаева Ш.К. Веяние  времени. Алматы. Гылым, 2000. 

 
113 
Н.Ә. Назарбаев – Тұңғыш Президент және 
Қазақстан Республикасының негізін қалаушы 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының аға оқытушысы
 
Тұяқова А.Е. 
 
 
  
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  1940  ж.  6  шілдеде  Алматы  облысының 
Қаскелең  ауданы  (қазіргі  Қарасай)  Шамалған  ауылында  дүниеге  келген. 
Днепродзержинск  техникалық  училищесін  (1960  ж.),  Қарағанды  металлургия 
комбинатындағы жоғарғы техникалық оқу орнын (1967 ж.), КОКП ОК сырттай 
Жоғарғы  партия  мектебін  (1976  ж.)  бітірген.  Экономика  ғылымдарының 
докторы, академик. 
Еңбек  жолын  1960  ж.  Теміртау  қаласында  Қарағанды  металлургия 
комбинатында  түрлі  жұмыс  атқарушы  ретінде  бастап,  домна  пешінің  аға 
газдаушысына  дейін  жүріп  өтті.  1969  ж.  бастап  комсомол  және  партия 
жұмысына ауысты.   
Қазақстанның  ЖОЛК  Теміртау  қалалық  комитетінің  бірінші  хатшысы   
(1969–
1971жж.), партияның  Теміртау  қалалық  комитетінің  екінші  хатшысы   
(1971–
1977жж.), партияның Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы  
(1977–
1979жж.) қызметтерін атқарды.  
Жоғары  мемлекеттік  және  партия  орындарында  1979  жылы  Қазақстан 
Компартиясы ОК хатшысы (1979–1984жж.) сайланған кезден  бастап, ҚКП ОК 
бірінші хатшысы (1989 ж. маусым – 1991ж. қыркүйек), бір мезгілде Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы (1990 ж. ақпан–сәуір) болып қызмет атқарады.   
1990 ж. 24 сәуірде Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Тұңғыш Президенті болып 
сайланды.  1995  ж.  29  сәуірде  бүкіл  халықтық  референдумның  қорытындысы 
бойынша  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өкілеттігі  2000  жылға  дейін 
ұзартылды. 
Н.Ә. Назарбаев – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, ҚР 
Қауіпсіздік  Кеңесінің  Төрағасы,  Қазақстан  халқы  Ассемблеясының  Төрағасы, 
қазақтардың  Бүкіл  әлемдік  Ассоциациясының  Төрағасы.  Қазақстанның, 
Ресейдің,  Өзбекстанның  және  бірқатар  шет  елдердің  жоғарғы  ордендерімен 
және медальдарымен марапатталған.   
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевта  айқын  көрінетін  көшбасшылық 
қасиеттері  бар  және  өзін-өзі  дәлме-дәл  бағалай  біледі.  Бойында 
көшбасшылықтың  харизмалық  және  дәстүрлі  типтерінің  сипаты  үйлесім 
тапқан, прагматик.     
Стратегия  мен  тактиканы  талғаммен  үйлестіреді,  перспективті  және  бір 
сәттік  мақсаттар  арасында  қайшылық  туған  жағдайда  стратегиялық 
жоспарлауға жол береді. Сарапшылар Н.Ә. Назарбаевтың саяси өмірін талдай 

 
114 
отырып, нақ осындай саяси-психологиялық бейне жасады. Ол тек ұлттық қана 
емес,  әлемдік  ауқымдағы  саясаткер  болып  табылады.  90-жылдардың  басында 
Қазақстанның басшысы болған кезде КСРО атақты көшбасшылары рейтингінде 
бірінші орын алды.     
Н.Ә.  Назарбаевты  бүкіл  әлем  біледі,  мойындайды  және  құрметтейді. 
Біздің  республикамыздың  тәуелсіздік  алуы,  Қазақстан  мемлекеттілігінің 
қалыптасуы мен нығаю кезеңі соның есімімен байланысты.   
Еліміздің тәуілсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы 
үнемі  қазақ  тілінің статусы  мен  беделін  арттыру,  оны  қолдану  аясын  кеңейту  
бойынша  жағдай  жасап  келеді.  Өткен  жылдардағы  мемлекеттік  тілді  қолдану 
аясының  айтарлықтай  кеңеюі  Президентіміздің  табандылығының,  талапшыл-
дығының  арқасында  мүмкін  болды.  Оның  «Қазақ – қазақпен  қазақша  сөйлесу 
керек»,  «Қазақстан  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деген  сөздері  қанатты  сөздерге 
айналды  [3].  Биылғы  жылы  ол  қазақ  тілді  басылымдардың  басшыларымен 
сұхбаттасты, онда қоғамдағы қазақ тілінің орны мен ролі туралы, оны дамыту 
мен жетілдірудің негізгі жолдарына толығырақ тоқталды.    
Егемендік  алған  жылдар  ішінде  біз  көп  нәрсеге  қол  жеткіздік. 
Президенттің  аймақтық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  жолдарында  үнемі 
ізденісі Қазақстанның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, басқа елдермен өзара 
қарым-қатынас  кепілдігі  ретінде  де  қызмет  етеді.  Біздің  мемлекетіміз  қазіргі 
таңда  экономикалық  реформаны  жүргізу  аймағында  көшбасшы  болып 
табылады.  Қазақ  халқында  ежелден  қоғам  көшбасшысын  сый-құрметке 
бөлеген. Н.Ә. Назарбаевты бүгінгі күні мемлекеттің негізін қалаушы, ұлт атасы 
ретінде  мақтаныш  етеді.  «Назарбаев»  пен  «Қазақстан»  деген  сөз  синоним 
болып қалды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты халық жақсы көруімен қатар, 
мақтаныш та етеді!    
Еліміздің  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев,  тәжірибелі 
көшбасшы  бола  тұра,  экономикалық  және  саяси  жетілдіру  арасында,  сыртқы 
және  ішкі  саясаты  арасында,  еліміздің  жуық  және  ұзақ  мерзімді  мүдделері 
арасында  соншалықты  қажет  тепе-теңдікті  таба  білді.  Бұл  оған  маңызды 
стратегиялық  мақсаттардан  ауытқымастан  елімізді  алып  шығуға  мүмкіндік 
берді. Басты мәселе ретінде Тұңғыш Президент берік экономикалық негіз салу 
міндетін  алға  қойды,  онсыз  кез  келген  демократиялық  түрлендірулер  үстірт 
және  тіршілікке  қабілетсіз  болып  қалу  қаупі  бар.  Алдымен  экономика,  сосын 
саясат – президенттік бағыттың лейтмотиві осындай болды, әрі бұл бағыт өзін 
толық  ақтады.  Тұңғыш  Президенттің  күшті  әрі  сенімді  қолы  жетелеген 
Қазақстан  -  экономиканы  реформалауда,  жаңа  заманғы  банктік-қаржылық, 
салықтық  жүйені,  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылығын,  зейнетақымен 
қамтамасыз  ету  жүйесін  құрудың  көптеген  өзекті  мәселелеріне  алғашқы  із 
салушының өзі болды.   
Осы мазмұны мен рухы бойынша либералдық түрлендірулер нәтижесінде 
Қазақстанда жігерлі және жаңаша ойлайтын бизнес-элита қалыптасты, барлық 
қажетті экономикалық және қаржы институттары құрылып, нығайтылды, орта 
кластың қалыптасуы басталды, миллиондаған азаматтар жеке тұрғын үй алды.    
АҚШ пен ЕЕ алғашқылардың бірі болып Қазақстан экономикасының нарықтық 

 
115 
сипатын мойындауы тегін емес, ал Қазақстанның жинаған ең құнды тәжірибесі 
тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, одан тыс алыс қияндарда да талап етілген 
болып  табылады.  Осының  бәрі  елімізге  инновациялық  экономиканы  құру 
саласында  анағұрлым  күрделі  және  қиын  міндеттерді  жүзеге  асыруға  көшу 
және  әлемнің  50  анағұрлым  бәсекелестікке  қабілетті  елдерінің  қатарына 
біртіндеп енуге талаптану мүмкіндігін берді.      
Соншалық маңызды бастапқы тұрақтандыруға қол жеткізіп, стратегиялық 
жоспарлау  бағытын  алған  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  посткеңестік  кеңістікте 
бірінші саяси көшбасшы болу фактісінің маңызы да аз емес. 1997 ж. қазанында-
ақ  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  еліміздің  халқына  жыл  сайынғы  «Қазақстан  – 
2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайын 
жақсарту»  жолдауымен  үндеу  тастады  [1].  Ол  онда  үшінші  мыңжылдықта 
мемлекет пен қоғамның даму Стратегиясын белгіледі.   
Осылайша,  Қазақстан  егеменді  және  тәуелсіз  мемлекет  болып  құрылды, 
оның  халықаралық  аренада,  әлемдік  саясаттың  ықпалды  және  беделді 
қатысушысы ретінде, жаһандық әлемдік шаруашылық байланыстарда  маңызды 
рөл  атқаратын  ел  ретінде  өз  келбеті  мен  тәртіп  стилі  бар.  Қазақстан 
айтарлықтай күйзеліссіз, қан төгіссіз және азаматтық қайшылықтарсыз КСРО-
ның  құлдырауына  байланысты  дағдарыстық  құбылыстарды  қысқа  тарихи 
мерзім  ішінде  жеңіп  шығып,  егеменді  мемлекетке  барлық  қажетті  атрибутын 
жасау  фактісінің  өзі  -  Тұңғыш  Президенттің  есімін  отандық  тарихтың 
анналдарына енгізуге жеткілікті негіз болып табылады.     
Жаһандық  дәуірдің  күрделі  дағдарыс  жағдайларындағы  жаңартылған 
түрлендірулерді  табыспен  жүзеге  асыруы,  күшті  және  динамикалық  түрде 
дамыған мемлекет құруы Н. Назарбаевты - Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан 
Ю, Дэн Сяопин, Махатхир Мохамад және т.б. сияқты көрнекті реформаторлар-
мен бір қатарға қояды.   
Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткері ретінде маңызды сипаты  -
стратегиялық  түрде  ойлай  білуі,  практикалық  саясатта  халықаралық  өмірдің 
негізгі  мегатрендаларын,  оның  ішінде  әлемнің  ЕЕ  мен  АТР  бастап  Латын 
Америкасы  мен  Таяу  Шығысқа  дейінгі  барлық  аймағында  практикалық  түрде 
байқалатын шоғырландыруға жалпыға бірдей бағытты сезімталдықпен түсініп, 
ескере білуі болып табылады. Осы қаталдықпен және прагматизммен ұштасқан 
көрегендік  қасиеті  оны,  ХХ  ғасырдың  90-жылдарының  басында  жаһандық 
дәуірдің  толқынды  теңізінде  жалғыз-жалғыздан  табыспен  құлашын  сермеу 
мүмкіндігіне  қатысты  кейбір  елес  қуған  посткеңестік  дәуір  саясаткерлерінің 
үлкен  саңлақтарының  арасынан  бірден  ерекше  етіп  көрсетеді.  Тұңғыш 
Президентіміздің сөзімен айтқанда «шапқылау инерциясы біздің шоғырлануға 
салған  күшімізден  күштірек  болды»  [4].  Сондықтан  көптеген  посткеңестік 
көшбасшылар  1994  жылы  29  наурызда  Н.  Назарбаевтың  М.В.  Ломоносов 
атындағы ММУ сөз сөйлеу барысында тұжырымдалған, түрлі жылдамдықтағы 
және  көп  деңгейлі  шоғырлануды  дамытуды,  «шоғырландыру  орталықтарын» 
өзінше  қалыптастыруды  болжайтын  еуразиялық  бастамасына  толық  сәйкес 
және  уақытылы  жауап  берген  жоқ.  Н.Ә.  Назарбаев  шоғырландыру 
бастамаларын алға жылжытып қана қоймай, оларды практикада табанды түрде, 

 
116 
біртіндеп  жүзеге  асыратыны,  әсіресе,  маңызды.  Көбінесе,  оның  беделі  мен 
ықпалының  арқасында  Қазақстан  еуразиялық  шоғырландыру  локомотивінің 
біріне  айналды.  Қазақстан,  нақты  жетістіктер  мен  шешілмеген  мәселелердің 
көптігінен туған жүйелі дағдарысты өткерген ТМД-н реформалау инициаторы 
болды.  Қазақстан  ТМД  мемлекеттері  басшылары  Кеңесінің  отырысының  күн 
тәртібін  қалыптастыру  кезінде  прагматикалық  тәсілді  ұстануды  ұсынды.  ҚР 
Президентінің пікірінше, Ынтымақтастықтың барлық мүшелерінің мүдделеріне 
қатысты, «бір жыл – бір тақырып» принципі жөнінде мәселелер бойынша ғана 
жұмыс  жүргізу  қажет.  Сондықтан  ТМД  қазіргі  кездегі  қызметінің  бірінші 
жоспарына - көші-қон, транзиттік-көлік инфрақұрылым мен электр энергетика-
лық жүйелерін дамыту сияқты мәселелер қойылды [5]. 
Н.Ә.  Назарбаев  –  халықаралық  ауқымдағы  саясаткер.  Аналитиктер 
бірауыздан,  ол  XX  ғасырдың  90-жылдарында  қарапайым  мемлекет 
қайраткерінің  шеңберінен  шығып  кеткенін  атап  айтты.  Олар  –  ол,  ұлттық 
саясаттың  тар  шеңберінде  тұйықталып  қалмас  үшін  шынайы  стратег  ретінде 
ауқымды  кеңістіктік  және  уақыттық  категориялармен  ойлайды.  Олардың 
пікірінше,  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  әуел  баста  жаһандық  саясатқа 
ұмтылған  және  Қазақстанды  әлемдік  саясаттың  жоғарғы  эшелонына  енгізу 
үшін  барлық  қажетті  күшін  салуда.  Шынында  да,  Н.Ә.  Назарбаевтың  сыртқы 
саяси бағытының негізгі принциптері Қазақстан тәуелсіздігі таңының жаңа ата 
бастаған кезінде, жас мемлекет сыртқы саясат саласында күрделі мәселелермен 
бетпе-бет  кездесіп,  бірақ  осыған  орай  шетелдерде  бір  де  бір  дипломатиялық 
өкілеттілігі, сыртқы саяси мәселелер бойынша қарапайым атқарылған жұмысы 
жоқ  және  біліктілігі  бар  дипломатиялық  кадрлар  тапшылығын  өткерген  кезде 
тұжырымдалған.      
ҚР тұңғыш президенті– экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. 
ең маңызды жаһандық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, 
БҰҰ  Бас  ассамблеясының  62-сессиясы  барысында  ол  БҰҰ  шеңберінде, 
экологиялық апаттармен күресу механизмін жасап шығару процесін тездетуге 
арналған әлемдік энергетикалық мәселелер Тізімдігін жасауды тағы да бір рет 
ұсынды. Сонымен қатар, Н. Назарбаев БҰҰ шеңберінде Жаһандық энергиялық 
экологиялық  стратегияны  құрастыруды  және  оны  2012  жылғы  тұрақтылықты 
дамыту жөніндегі Бүкіл әлемдік саммитте талқылауды ұсынды.   
Қазақстан жаһандық энергетикалық баланс пен қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету  жолындағы  жауапкершілігін  мойындайды.  Жеке  алғанда,  тұтынушыларға  
энергия  тасымалдаушыларды  жеткізуді  одан  әрі  диверсиялау,  сондай-ақ 
энергиялық  ресурстарды  өндірушілер  үшін  кепілдік  беру  мақсатында  
Нұрсұлтан  Назарбаев  энергия  жеткізу  тұрақтылығының  Еуропалық  пактісін 
қабылдауды ұсынды.    
VII Еуропалық медиа-форумда, сондай-ақ СЭФ форумында Таяу Шығыс 
жөнінде  сөйлеген  сөзінде  біздің  мемлекетіміздің  Басшысы  әлемдік 
қауымдастықтың  назарын,  өнімдерді  тұтынудың  артуы,  биоэтанол  өндірісінің 
өсуі  мен  климаттың  өзгеруі  сияқты  бірнеше  факторлардың  нәтижесінде 
асқынған  әлемдік  азық-түлік  қауіпсіздігі  мәселесіне  аударды.  Н.Назарбаевтың 
айтуынша,  тек  соңғы  үш  жыл  ішінде  тамақ  өнімдерінің  әлемдік  құны  83 

 
117 
пайызға  өсті.  Әлемнің  40-қа  жуық  елі  азық-түліктің  жетіспеушілігін  сезінеді 
және  көмекті  қажет  етеді.  Осыған  орай  тұңғыш  Президент,  бүгінгі  таңда 
көшбасшы  елдерден,  тұтас  алғанда  әлемдік  қауымдастықтан  кооперацияның 
жаңа түрлерін жасап шығару жөнінде батыл әрекеттер талап етеді, олар барлық 
әлемдік  экономиканың  дамуын  тұрақтандырып,  жаһандық  диспропорцияны 
жеңе алады.      
Тұңғыш  Президент  өркениет  диалогын  дамытуды  белсенді  қолдаушы 
болып табылады. Оның энергиясы мен табандылығы арқасында 2003 және 2006 
жылдары Қазақстанда, өзара түсіністік табуға және планетамыздың «қайнаған 
ортасында»  дін  аралық  шиеленісті  тарқату  механизмдерін  қалыптастыруға 
арналған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші және екінші Съезі өткізілді.    
Тұтас  алғанда,  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  халықаралық  қарым-
қатынастың  жаңа  сәулетін  қалыптастыруға,  аймақтық  және  жаһандық 
қауіпсіздікті  нығайту,  әрі  жаһандық  мәселелерді  шешу  мен  өркениет  аралық 
диалогты  жақсартуда  айтарлықтай  үлес  қосып  келеді.  Кейбір  шетелдік 
политологтардың  Н.Ә.Назарбаевтың  планетарлық  миссиясының  анағұрлым 
беделді әлемдік саясаткерлер санына бұрыннан енгені туралы айтуы тегін емес.   
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  – бірегей  саясаткер.  Шынында  да,  саяси 
тәжірибе  мен  энергияның,  теория  мен  практиканың,  интуиция  мен  парасатты 
есептіліктің  тоғысуы  жаңа  заманғы  әлем  тарихында  жиі  кездесе  бермейді.   
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті,  қатаң  жағдайларға  қарсы 
жүруге, көпшілікке мәлім емес, бірақ өмірлік қажетті шешімдерді қабылдауға 
дайын саясаткерлердің тым шағын санына жатады. Ол популизмнің кез келген 
көрінісін  жоққа  шығарады,  әрі  мемлекеттік  және  қоғамдық  өмірдің  аса  зәру 
мәселелері  туралы  ашық  айтады.  Саяси  жобалардың  нағыз  генераторы  бола 
жүріп  Н.Ә.  Назарбаев  жаңа  идеялар  мен  жаңа  тәсілдерге,  оны  өзінің 
жақтаушылары  ма  немесе  саяси  оппоненттер  ме  -  кім  алға  қоятынына 
қарамастан, ерекше зеректік танытады.    
Көзқарасының осындай кеңдігі ҚР Тұңғыш Президентіне тек елін тиімді 
басқаруға ғана емес, уақыттан озып, ұзақ мерзімді болашақты ойластыруға, он 
жыл  бұрын  алға  жоспарлар  құруға  мүмкіндік  береді.  Ол  қазіргі  саяси  және 
экономикалық  конъюнктура  туралы  ғана  емес,  сондай-ақ  Қазақстан  30-50 
жылдан кейін қандай болатыны, ол келешектегі күрестер мен қауіптерге қарсы 
тұруға  қабілетті  бола  ма  –  сол  туралы  ойластырады.  Ол  бұлыңғыр  болашақ 
тұрғысынан  бүгінгінің  түбірі  туралы  талқылайды,  ел  ішіндегі  және 
халықаралық аренадағы одан арғы стратегияны құрастырады.   
Барлық  осы  қасиеттері  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевты  халықаралық 
ауқымдағы  нағыз  талап  етілген  және  беделді  саясаткер  етіп  көрсетеді.  Оның 
пікіріне  әлемнің  жетекші  елдерінің  көшбасшылары,  ықпалды  халықаралық 
ұйымдардың  басшылары  мен  әлемдік  бизнес-элита  өкілдері  ықыласпен  құлақ 
қояды.  Осыған  байланысты  Қазақстанның  сыртқы  саяси  табыстарындағы 
арыстандай үлесі оның көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың жоғарғы беделі мен 
жеке  басының  ықпалының  арқасында  болды  деп  батыл  айтуға  болады.   
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің феномені – жеке тұлғаның ұлттық және 
әлемдік тарихтағы ерекше рөлі туралы тағы бір ойлануға тұрарлық себеп.  Біз 

 
118 
Нұрсұлтан Назарбаев сияқты бірегей және ауқымды тұлғаға лайықты бағасын 
беруіміз керек, оның әлемдік қауымдастықта өз еліне және өз халқына лайықты 
орын  қамтамасыз  еткен  жарқын  саяси  қайраткер,  табысты  реформатор  және 
көреген стратег ретінде тарихқа енетініне еш күмән жоқ.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Н.А. Назарбаев. В потоке истории. Алматы, 1999.  
2. Н.А. Назарбаев. Эпицентр мира. – Алматы: 2001.   
3. Н.А. Назарбаев. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 наиболее  
    
конкурентоспособных стран мира. Послание Президента РК народу      
    
Казахстана. 1 марта 2006 г. Астана: 2006.  
4. Н.А. Назарбаев. На пороге ХХІ века. Алматы: 1996.  
5. Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстана. Астана: 2001.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
119 
Мазмұны  
 
Кіріспе  ………........................................................................................................... 3 
 
Рогалев В.Болашаққа сеніммен.................................................................................4  
 
 
Башмаков А. Шынайы, берік достық моделі..........................................................6 
 
Марченко К.Ю., Жұмақанова Ұ.С.
 
 
Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари және 
әл-Фараби – ұлы философтар, ғалымдар, жазушылар
.......................................9 
 
Нұғман  Б.Г.  Египеттің  билеушісі  және  ұлы  қолбасшы  Сұлтан  Бейбарыс  – 
біздің отандасымыз...................................................................................................19 
 
Нұғман Б.Ғ. Қожа Ахмет Йассауи – ұлы ортаазиялық ақын сопы және дін 
уағыздаушы.....………………................……...........................................................24 
 
Ошанов Н.З. Мұхаммед Хайдар Дулати – белгілі тарихшы, әдебиеттанушы 
және мемлекет қайраткері....…...............….…........................................................30
 
 
Мақалақов Т.Ж. Қадырғали Жалайыр – ұлы қазақ ғалымы, мемлекеттік 
қайраткер....................................................................................................................34  
 
Даниярова А.Е. Қазақ хандығының дамуындағы Қасым хан, Тәуке хан және 
Абылай ханның тарихи ролі.....................................................................................39      
 
Түсіпбеков Ж.А. Бұқар жырау – философ, кеңесші, ақын
.
..................................51 
            
 
Сүлейменова  М.Ж.  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би  –  қазақ  даласының  ұлы 
билері .........................................................................................................................54 
 
Огольцова Е.Г. Ы.Алтынсарин – педагог, ойшыл................................................63 
 
Тілеуғабылова К.С. Шоқан Уәлиханов – көрнекті қазақ ғалым........................68 
 
Сәрсенбеков Н.Ж. Абай – философ, ағартушы.  «Нақыл сөздері».....................75 
 
Тұяқова А.Е.  Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев – 
Қазақстанның ХХ ғасырдағы либерал-демократиялық зиялыларының 
өкілдері.......................................................................................................................80 
 
Тілеуғабылова К.С. Қ. Аманжолов – жаңашыл ақын, қазақ поэзиясында 
лириканың негізін салушы.......................................................................................89 
 
Сүлейменова М.Ж. Қазақстандықтар – Ұлы Отан соғысының қаһармандары  
(1941-
1945 жж.)..........................................................................................................93 
 
Шаймұханова С.Д., Волкова А.В.  Қ.И. Сәтпаев, Д.А. Қонаев – Қазақстанның 
ұлы ғалымдары........................................................................................................101 
 
Тұяқова А.Е.  Н.Ә. Назарбаев – Тұңғыш Президент және Қазақстан 
Республикасының негізін қалаушы.......................................................................113 

 
120 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен. 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДЫҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР 
 
3-
кітап 
 
2-
ші басылым, өңдел. және толық. 
 
 
 
Құрастырушы авторлар: Байжабагинова Г.А., Матвеенкова Л.Г., Волкова А.В., 
Сламбекова А.К., Марченко К.С., Жұмақанова Ұ.С., Нұғман Б.Ғ., Ошанов Н.З.. 
Мақалақов Т.Ж., Даниярова А.Е., Әбдірахманова А.А., Түсіпбеков Ж.А., 
Сүлейменова М.Ж.,  Огольцова Е.Г., Тілеуғабылова Қ.С., Сәрсенбеков Н.Ж., 
Тұяқова А.Е., Шаймұқанова С.Д., Байпелова Г.С., Нұрлигенова З.Н. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
31.03.2004 ж. берілген № 50 мемл.баспа лиц. 
Басуға 15.12.2011 ж. қол қойылды. Тапсырыс 1922
 
Пішімі 60х84х16.  Есептік баспа табағы  6,3. Таралымы  3  дана. 
Бағасы келісімді. 
ҚарМТУ баспасы. 100027. Қарағанды. Бейбітшілік бульвары, 56 
 

Document Outline



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал