Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
 
 
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде 
 
3-
кітап 
 
2-
ші басылым, өңдел. және толық. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ӘОЖ 94(574)=512.122 
КБЖ 63.3 (5 Каз)=632.4 
Қ 18 
 
 
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен. 
 
 
Құрастырушы авторлар: Байжабагинова Г.А., Матвеенкова Л.Г., Волкова А.В., 
Сламбекова А.К., Марченко К.С., Жұмақанова Ұ.С., Нұғман Б.Ғ., Ошанов Н.З., 
Мақалақов Т.Ж., Даниярова А.Е., Әбдірахманова А.А., Түсіпбеков Ж.А., 
Сүлейменова М.Ж.,  Огольцова Е.Г., Тілеуғабылова Қ.С., Сәрсенбеков Н.Ж., 
Тұяқова А.Е., Шаймұханова С.Д., Байпелова Г.С., Нұрлигенова З.Н. 
 
 
 
Қ  18  Қазақстан  тарихындағы  ұлы  тұлғалар.  Студенттік  топтар 
кураторларына  көмек  ретінде.  3-кітап  /  ҚР  ҰҒА  академигі  А.М.Ғазалиевтің 
редакциясымен. –  2-ші  басылым, өңдел.  және  толық.  - Қарағанды:  Қараганды 
мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011. –  120 б. 
 
 
 
 
Жинақ Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар және олардың ролі туралы 
баяндайтын  мақалалардан  тұрады.  Жинақ  материалдары  кураторларға 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өнегесінде 
патриоттық тәрбиелеу Тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде кураторлық 
сағаттар мен басқа да іс-шараларды дайындау үшін ұсынылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 94(574)=512.122 
КБЖ 63.3 (5 Каз)=632.4 
 
 
 
 
 
 
                                                                                
©
 
Қарағанды мемлекеттік  
          
техникалық университеті, 2011 
 

 

Кіріспе 
 
 
Қоғам қалай және қайтіп дамиды? Тарихты кім немесе не жасайды? Осы 
сұрақтарға философтар мен тарихшылар, социологтар мен политологтар бірге 
жауап іздеуге талпынады, бірақ ортақ пікірге келе алмайды.    
«Тарих  –  бұл  табиғи  тарихи  процесс»,  -  деп  тұжырымдайды  біреулер. 
«Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих – 
кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, 
әдетте,  бәрінің  бір  мәселеге  көзқарасы  ортақ  –  тұтас  адамзат  қоғамының 
тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы 
тұлғалар атқарады.  
Ұлы  тұлғалар  –  өздерінің  саяси  немесе  рухани  еңбегі  арқылы  қоғам 
қажеттіліктерін  анағұрлым  толық  қанағаттандыра  алып,  оның  дамуына 
айтарлықтай  әсер  еткен,  атқарған  қызметі  өз  мемлекетінің  аясынан  шығып, 
бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез 
келген  мемлекет  тарихы  ұлы  тұлғалар  ісінің  призмасы  арқылы  анағұрлым 
айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы 
тұлғалармен сәйкестендіріледі.  
Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі 
ерекше  мәнге  ие  болмақ,  егер  осы  адамдар  тек  тарихты  жасап  қана  қоймай, 
сонымен  бірге  сол  қоғамның  мәдени  құндылықтарын,  адамгершілік 
принциптері  мен  дәстүрлерін  бойында  сақтап,  оның  жетекшісі  бола  білген 
жағдайда. 
Өздерінің  ұлы  бабаларының  даңқты  тарихына  ортақ  еткізу  адам 
баласының  өз  еліне,  оның  ұлы  тарихына,  оны  жасаған  ұлы  тұлғаларға  деген 
мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның 
ұлан  байтақ  даласын  қорғап,  төл  мәдениетін  сақтап,  өмірді  түйсіну  мен 
танудың ерекше түрін бізге мұра етіп қалдырды. Бұл дала халқының бостандық 
сүйе  білуі  мен  айбындылығы  тарихтың  қатал  кезеңдерінде  де  жоғалтылмай, 
ата-бабаларымыз  біз  үшін  сақтай  алды»,  -  деп  Н.Ә.Назарбаев  Л.И.Гумилев 
атындағы  Еуразиялық  Ұлттық  университеттің  студенттері  алдындағы  өзінің 
дәрісінде атап көрсетті (Казахстанская правда, 2007, 27 мамыр). 
 
Сонымен,  Қазақстан  тарихындағы  ұлы  тұлғалардың  өмірлік  қызметінің 
тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып 
табылады.  
Ұсынылып  отырған  жинақта  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық 
университетінің оқытушылары дайындаған, ұлы тарихи тұлғалар және олардың 
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі рөлі туралы баяндайтын материалдар 
берілген.  Бұл  материалдар  кураторларға  «Қазақстан  тарихындағы  ұлы 
тұлғалар»  тақырыбында  кураторлық  сағаттар  дайындау  және  өткізу  кезінде 
ақпараттық көмек береді.   
   
  
 

 

                                                      
Болашаққа сеніммен 
 
 
 
Қазақстан Республикасы  
Парламенті Мәжілісінің депутаты  
Рогалев В.  
 
 
 
 
Мемлекет Басшысы ата-мекені Шамалған ауылына барған бір сапарында, 
өзінің  туған,  оқып,  өмірге  жолдама  алған  жеріне  барған    әрбір  адам  ерекше 
сезімде  болатыны  туралы  айтты.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
адамдармен  қарым-қатынасындағы  адалдығы  таң  қалдырады,  себебі  жоғары 
саптағы  саяси  қайраткерлердің  өз  сезімін  білдіруі  деген  сирек  кездеседі.  Ал 
біздің Президентіміз бұл ортада қалыптасқан қағидаларға мүлдем сай келмейді: 
ол күлсе, шын ықыласымен күледі, сынаса, ісің үшін сынайды, дос болса, бар 
жанын береді. 
Егер  біз  мемлекет  басшысына  ұқсағымыз  келсе,  ол  -  біздің  жүргізіліп 
отырған  реформаны  қолдағанымыз,  ел  басының  әр  түрлі  мәселелерге  деген 
көзқарасы  мен  оларды  шешу  амалдарына  ортақтасқанымыз,  егеменді 
республиканың  динамикалық  дамуына  бағыт  алғанымыз.  Сондықтан  да 
қазақстандықтар  әлемдік  деңгейде  олардың  мүддесін  кім  қорғайтынына, 
барлық ұлттар арасында келісім мен достық, бейбітшілік орнаған елдегі әрбір 
шешімнің  қабылдануына,  сондай-ақ  барлық  болып  жатқан  процестерді  кім 
қадағалайтынына немқұрайлы қарамайды.      
Иә,  біз  бәріміз  бүгін  алаңсыз  жұмыс  істеп,  өзіміздің  балаларымызды 
өсіріп, достарымызбен кездесіп, қысқасын айтқанда, қалыпты өмір сүре аламыз. 
Мен  өзімнің  туған  қалам  -  Қарағандыға  келген  кезде,  менің  жүрегімде  бір 
ерекше  жылы  сезім  ұялайды.  Бірақ  кей  кезде  өзімнің  ата-анам  айтқан,  өткен 
жылдардың  тарихы  еріксіз  еске  түседі.  Менің  отбасымның  тағдыры 
репрессияның қатты ызғары тоңдырған және Қазақстан олар үшін нағыз отаны 
болған бірнеше мыңдаған отбасылар тағдырына ұқсас қой.  
“...Қазақ даласының қар басқан жазықтарымен темір жол бойындағы бір 
шағын  бекеттен  екінші  шағын  бекетке  қайғылы  қара  бау  сияқты  поезд  баяу 
жылжып келеді. Жиырма шақты, ара-арасын жел үрлеп тұрған «бұзау таситын 
вагондарда»  айдалғандардың  кезекті  тобын  әкеле  жатыр.  Адамдар  өздерін 
«халық жауларының» әйелдері мен балалары деп жариялап, туған жерлерінен 
беймәлім  жаққа  жөнелткен  сәттен  бастап  күн  санаудан  да  адасты.  Осындай 
азапқа  шыдамай  өлгендерді  жерлеуге  жедел  уәкілдің  ерекше  өкіміне  дейін 
рұқсат  етілмеді.  Осылайша  мәйіттер  осы  «ерекше  өкім»  -  келесі  желілік 
станцияға  дейін  келетін.  Сөйтіп,  бір  тағдыр  және  бір  таңбамен  біріктірілген 
тірілер мен өлілер бірге келе жатты.    
Міне, тағы да тежегіштерін зарлата сықырлатып поезд тоқтады. Иттердің 
үргені  мен  айдауылдардың  айқайы  естілді.  Адамдар  бұған  мүлдем  көңіл 
аударар емес, себебі әрбір станцияда оларды осындай «құрметті» эскорт қарсы 

 

алатын.  Сәлден  кейін:  «Заттарыңды  алыңдар!  Барлығың  вагондардан 
шығыңдар!»  деген  бұйрық  естілді.  Қызыл  әскерлердің  найзалары  жарқ-жұрқ 
етіп,  жұлқынған  төбеттер  қаттырақ  үре  бастады,  сосын  қоршалған  перронға 
әрең-әрең  адамдар  шыға  бастады.  Міне  мынау  –  белгіленген  станция  – 
Қазақстан. Қарағанды. Қарлаг.   
 
Таяу жерде, солдаттар шегінің артында қазақ әйелдері тұр. Олар мұндай 
поезді  бірінші  рет  қарсы  алып  тұрған  жоқ,  айдаумен  келгендерге  қол  ұшын 
беріп,  барынша  көмектерін  аямайды.  Адамдардың  қандай  қиындықпен  жүріп 
келе жатқанын көріп, балалардың жылағаны мен аурулардың ыңқылын естіген 
олар айдауылдарға айқай салды: 

Әй, бала, винтовкаңды түсір! Бізді өткіз, адамдарға көмектесуге мұрша бер! 
Жас лейтенант қарсы болды: 

Бізге  түгендеп,  қоныстануға  орналастырғанша  ешкімді  «халық  жауларына» 
жіберуге болмайды.  

Жаулар дегенің кімдер? – деп барлығы бірге жамырап, қайта сөйледі әйелдер. 
– 
Мына кішкентай балалар ма?  

Бәрібір  болмайды.  Былай  кетіңдер.  Күтіңдер,  -  деп  қатты  жауап  берді 
командир.   
Барлық жөн-жосықтан өткен соң ғана адамдарға өздерінің қарапайым үй 
бұйымдарын  алып,  күн  сайын  комендатурада  белгілене  жүріп,  тақыр  далада 
орналаса  бастауға  мүмкіндік  берді.  Осы  жан  түршігерлік  поезді  қарсы  алған 
әйелдердің әрқайсысы мүмкіндіктерінше бақытсыз, аш-жалаңаш, дәрменсіз жер 
ауғандарға қолынан келген көмегін жасады. Олар бірге жер төле қазып, соңғы 
тілім  нандарын  бөлісіп  жеді.  Бұл  мейірімділікті  адамдар  миллиондаған 
қазақтарды ғайыпқа әкеткен және туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр еткен 
өткен  жылдардың  үрейлі  аштығынан  әлі  айыға  қоймағанына  қарамастан 
жасады.   
  
Осылайша  қолдарындағы  кішкентай  балаларымен,  құжатсыз,  тамақсыз 
және  қаражатсыз  менің  әжем,  әкем,  оның  аға-інілері  мен  апа-қарындастары 
қаһарлы  1938  жылы  Сібірден  жер  аударылып,  Қазақстанда  екінші  отанға  ие 
болды.  
 
Алғаш  жер  кепе  салынған,  менің  аға-інілерім  мен  апа-қарындастарым 
туып-өскен  Қарағандыда  біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміздің  жас 
ұрпақтары  өсіп  келеді.  Қазақ  халқының  достығы  мен  көмегінің  арқасында 
менің  барлық  туыстарым  білім  алып,  әр  түрлі  өндірістік,  мемлекеттік 
лауазымдарда  жұмыс  істеді,  әрі  жұмыс  істеп  келеді.  Қазақтардың  жылы 
шырайлығы, 
қонақжайлылығы 
мен 
кеңпейілдігі 
бізге 
Қазақстан 
Республикасының тең құқықты азаматтары болуға мүмкіндік берді. Мұндайды 
ұмыту мүмкін емес, өйткені біздің тамырымыз бір, тарихты да бәріміз бірлесіп 
әр күн және сағат сайын  жазамыз. 
   
Біз өзіміздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен  тыныштықты  сақтау  үшін 
бәрін  жасаймыз.  Біздің  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
басшылығымен  Қазақстан  өзінің  гүлдену  жолын  сенімді  жалғастыратынына 
күмән жоқ.   
«Казахстанская правда», 2009, 20 қазан 

 

Шынайы, берік достық моделі  
 
 
 
Қазақстан Республикасы  
Парламенті Сенатының депутаты, 
«Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі  
Башмаков А.  
  
 
 
Қазақстандық  үйлесімдікті  қалыптастыру  –  ұлттық  саясаттың  маңызды 
стратегиялық  міндеттерінің  бірі.  Бүгін  республика  тұрғындары  жаңа 
қауымдастық - Қазақстан халқының қалыптасуы үшін тек бір әлеуметтік, саяси, 
экономикалық, құқықтық және мәдени кеңістікке жату жеткіліксіз, сондықтан 
азаматтарды біріктіретін рухани процестерге қатысу қажет екенін түсінеді.  
Тарихта халқы ортақ үмітімен бірігіп, ең ауқымды деген жобаларын іске 
асырып  жатқан  шақта  мемлекет  зор  табыстарға  жетіп,  күшейе  түсетіні  көп 
кездеседі. Ауыртпалық кешкен және жаңа мемлекеттілікті құру, тұрақтылықты 
сақтау  мен  нығайту  үшін  күрескен  жылдар  Қазақстан  халқын 
жақындастырудың  нақты  негізі  болды.  Шынында  да,  біздің  республикамыз 
конфессионалдық  алуан  түрлілігімен  ерекшеленетін  аздаған  мемлекеттердің 
қатарына кіреді. 
Бір  кездері  Қазақстанды  жүз  тіл  планетасы,  халықтар  достастығының 
зертханасы  деп  атады.  Соңғы  жылдары  бұрынғыдан  да  оңды  өзгерістер  орын 
алды.  Қазақстан  қоғамы  жаңа  әлеуметтік  және  саяси  сапаға  қол  жеткізді:  біз 
барған сайын анағұрлым көзге түсетін рухани орталық болып келеміз, мен тіпті 
әлемдік  қоғамдастықтың  рухани  Меккесі  дер  едім.  Бұл  ерекшеліктің  пайда 
болуына,  Қазақстан  жерінің  түрлі  дүниетанымдық  жүйелер  диалогы  мен  діни 
өзара  қарым-қатынас  орнына  айналуы  себеп  болды.  Осы  сұхбаттасуда  басты 
орынды  әлемдік  және  дәстүрлі  дін  көшбасшыларының  съездері  алды.  Келесі 
жылы  Астанада  үшінші  съезді  өткізу  жоспарлануда.  Бұл  тарихи  жайт 
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығы етуі сияқты ұлттық мақтаныштың 
себебі болуы керек.  
 
Қазақстан  халқының  даналығы,  бірлігі  мен  отаншылдығы  тәуелсіздікті 
қалыптастырудың соқпақты жолынан өтуге және мемлекетті тек Орталық Азия 
мен ТМД-да  ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде динамикалық түрде дамып келе 
жатқан  мемлекеттердің  біріне  айналдыруға  септігін  тигізді.  Тәуелсіздік 
алғаннан  кейінгі  жылдары  ел  ішіндегі  ұлтаралық  қатынастар  анағұрлым 
үйлесімді бола бастады. Бұл жерде Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесін аз 
бағалауға  болмайды.  Осы  бірегей  институт  бастамасының  арқасында 
республика  көп  мәдениетті  қоғамдағы  халық  бейбітшілігі  мен  рухани-мәдени 
қайта  өрлеудің  моделі,  ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімге  жетудің 
үлгісі  бола  алды.  Отаншылдық  тәрбие  беру  төзімділікке,  басқа  ұлттардың, 
діндердің,  мәдениеттердің  адамдарына  деген  шыдамдылыққа  тәрбие  беру 

 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Біз  осы  баға  жетпес  мұраны  қадірлейміз,  бізді 
дағдарыс  кезінен  алып  шығуға  көмек  берген,  рухани  өзегіміздің  негізі  болып 
табылатын, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтаймыз.     
Сонымен  қатар,  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Нұр  Отан» 
партиясының  Саяси  кеңесінің  кеңейтілген  отырысында  сөйлеген  сөзінде  атап 
өткендей, «біз Қазақстанда этносаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты 
дегенде  өз-өзімізді  жұбатып,  жайбарақат  отырмауымыз  керек».  Бұл  жұмыс 
тұрақты  сипат  алуы  керек,  себебі  өзара  түсіністік,  төзімділік,  түрлі  ұлт 
өкілдерінің  рухани  және  мәдени  құндылықтарын  қамқорлықпен  ұғыну, 
олардың  бірін-бірі  құрметтеуі,  бәрінен  бұрын,  мемлекет  құраушы  ұлтқа, 
мемлекеттік  тілге,  тұтас  алғанда,  мемлекетке  құрметпен  қарау  барлық 
қоғамның күшімен, кешенді түрде қалыптасады.    
Қазақстандық  отаншылдық  мемлекеттік  саясат  пен  идеологияның  жаңа 
парадигмасы болып табылады. Оның бекітілуі – біріктіруші және шоғырлаушы 
рухани  фактор.  Қазақстандық  отаншылдық  –  бұл  тарихи  сананың,  саяси 
мәдениеттің,  жалпы  азаматтық  және  жалпы  ұлттық  идеяның  бар  «массивін»  
өзіне сіңіріп алатын әлеуметтік-саяси құбылыс.   
Біздің  қоғамымыз  құрмет,  достық  және  сенім  принципінде  құрылған. 
Сонымен  қатар,  бұдан  әрі  де  бәріне  анық және  түсінікті  дабылды  қағып  тұру 
қажет:  жауласу  –  бұл  адамгершілік  және  этикалық  нормалардың  бұзылуы. 
Достық  пен  бейбітшілік,  халық  бірлігі  –  дамудың  басты  шарты.  «Біз  түрлі 
этностың  өкілдеріміз,  бірақ  біздің  еліміз  біреу.  Біз  қоғамды  «қазақстандық» 
деген  ұғымның  айналасына  шоғырландыруымыз  керек.  Біз  қазақстандықпыз. 
Қазақстан  –  менің  Отаным,  менің  елім!  –  біздің  ұранымыз  осындай»,  -  деп 
мемлекет Басшысы  осы саладағы міндеттерді тұжырымдады.    
Қазақстандық  отаншылдық  сезімі  туа  бітпейді,  оны  тәрбиелеу  қажет. 
Отаншылдық тәрбие -  бұл тұрақты процесс. Ол тек бір реттік іс-шараларға ене 
алмайды.  Отаншылдықты  қалыптастыру  процесінің  өзіндік  идеологиясы және 
мақсатты жүйесі болуы керек.   
Жаңа  заман  қоғамы  -  аса  күрделі  құрылым.  Егер  оның  барлық  жетекші 
топтары, оның ішінде, жастар бел ортасынан орын алған жас шамасына қарай 
бөлінген  топтар  тиімді  әрі  келісімді  әрекет  етсе,  ол  құрылым  тұрақты  түрде 
қызмет  ете  алады.  Бұл  мақсатта  элитаның  рөлі  зор.  «Элита»  ұғымы  әр  түрлі 
түсінік  береді.  Менің  ойымша,  «элита»  -  бұл  халық  пен  елдің  қажеттілігін 
көрсететін,  әділдік,  төзімділік  және  айналасындағыларға  құрметті  дәріптейтін 
рухани  бағдар  беруші  адамдар.  Бұл  туған  жеріне  сүйіспеншілікпен  қарайтын, 
Отаны  туралы  ойлайтын  адамдар.  Бұл  аталған  қасиеттер  отаншылдық  деген 
ұғымға барабар. Элита ұғымын ақша эквивалентіне дейін жеткізуге болмайды. 
Элитаны  екі  ерекшелік  -  есепсіз  байлық  және  адамгершіліктің  жоқтығы 
көтермелегені қауіпті.   
Абайдың,  Шыңғыс  Айтматовтың,  Мағжан  Жұмабаевтың,  Пушкиннің 
және  Шекспирдің  шығармаларында  өндірісті,  ұжымды,  министрлікті  немесе 
ЭОТ қалай басқару керек екенін көрсететін нұсқаулар жоқ екені түсінікті. Бірақ 
оларда  адамның  ақылы  мен  жанын  тәрбиелейтін,  байытатын  адамгершілік 
бағдарлар  бар.  Адамгершілік  бағдар  жоқ  жерде  өтірік,  надандық,  жемқорлық, 

 

қатыгездік,  ашкөздік,  екіжүзділік  және  жауапсыздық  сайран  салады.  Адам  да 
өмірге осындай ұғыммен қол созады.    
Ұлы  философ  Кант  былай  дейді:  «Екі  нәрсеге  таң  қаламын:  ол  - 
төбеміздегі  жұлдызды  аспан  және  біздің  ішіміздегі  адамгершілік  заңы». 
Адамгершілік  салмақ  әрқайсымызға  берілген.  Оларды  дамыту  керек.  Егер 
этикалық  өзін-өзі  бақылау  жиегі  төмендесе,  бұл  сөзсіз  құлдырауға  әкеледі.  
Әрине, осындай маргинал ортада отаншылдықты тәрбиелеуге лайық негіз жоқ. 
Элита Қазақстан отаншылының шынайы сезімін қалыптастыруда үн қосуы тиіс 
және міндетті.   
Адамгершілік  рухты  қалыптастыру  жолдарын  іздеу  барысында,  сөзсіз, 
тарихи  естеліктерге,  өткенді  терең  ой  елегінен  өткізуге,  бүгінгі  күн  мен 
болашақтың  көкжиегін  талдауға  үнемі  жүгінуіміз  керек.  Барлық  осы  баға 
жетпес «материал» халықтың ұлттық-мәдени, саяси-мемлекеттік түрде өзін-өзі 
өркендетуге  ерігін  нығайтады.  Мемлекет  құдіреті  халықтың  өзіне  және  өзінің 
болашағына деген сенімінде ғана тұр. Ал осындай жолға барлық ұлы халықтар 
өзін-өзі  мүдірмей  құрметтеуі,  өз  тағдырына  деген  зор  сенімі,  өзінің  тарихи 
миссиясына,  ең  соңында,  әлемдік  қауымдастықта  құрметті  орын  алатынына 
деген сенімділік арқасында қол жеткізді.    
Осыған  байланысты,  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  жетінші  сессиясында  сөйлеген  маңызды  сөздері  еске 
түседі: «Біз сіздермен Қазақстанды жасадық, енді өз Отанының отаншылдары - 
қазақстандықтарды  жасайық.  Бұл  мемлекеттік  тәуелсіздіктің  негізі  болатын 
мәдени қауымдастық болады».   
 
«Казахстанская правда». 2008, 21маусым 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари және әл Фараби – 
ұлы философтар, ғалымдар, жазушылар 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің  
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»  
кафедрасының  оқытушысы  
К.С. Марченко 
  
 
 
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің  
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»  
кафедрасының  оқытушысы  
У.С. Жұмақанова  
 
 
 
 
 
Жүсіп  Баласағұн  –  орта  ғасырдағы  Шығыстың  ұлы  ойшылы,  философы, 
энциклопедист-ғалым,  қоғам  қайраткері,  XI  ғ.  ірі  ақын.  Жүсіп  Баласағұнидың 
есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») 
дастаны  арқылы  қалды.  Философия,  математика,  медицина,  астрология, 
өнертану,  әдебиеттану,  тіл  білімі,  т.б.  ғылым  салаларының  дамуына  зор  үлес 
қосқан.  Ақынның  өмірі  туралы  деректі  поэмада  және  оның  шығармасындағы 
екі алғысөзден, оның бірі – прозада, ал екіншісі - өлеңдерден алынған бірнеше 
үзінділерден байқауға болады. 
Жүсіп қолдағы бар деректерге қарағанда Баласағұн қаласында туған.  Бұрын 
бұл  қаланы  «Күз  Орда»  деп  атаған.  Бұл  қаланың  орналасқан  жерін  Жетісу 
бойынан,  Шу  алқабынан,  қазіргі  кездегі  Тоқмоқ  қаласының  маңынан  іздеу 
қажет. Ақынның нақты туған жылы да анықталған жоқ. Қолдағы бар деректерге 
көз жүгіртсек, шамамен 1005-1018 жылдар аралығы деп алынады. 
Жүсіп  Баласағұн  сол  кездегі  мәдени  орталықтар  -  Фараб,  Қашқар,  Бұхара 
қалаларында білім алды. Сол кездегі зиялы қауым өкілдері жан-жақты дарынды 
болуларымен  ерекшеленеді,  философия  және  ғылыммен  қатар  поэзия  әрі 
саясатпен айналысқан, шахмат ойнаған. Олар араб және парсы тілдерін толық 
меңгерген,  әртүрлі  білім  салалары  бойынша  философиялық  және  ғылыми 
шығармалар  жазған.  Ақьн,  ойшыл,  ғұлама  Жүсіп  Баласағұн  Қашқарда  тұрып, 
шығармашылық  жұмыспен  айналысады.  Түркі  тіліндегі  энциклопедиялық 
шығарма  болып  табылатын  "Құтты  білік"  поэмасын  он  сегіз  айдың  ішінде 
Қашқар  қаласында  жазып  шыққан.  Түрік  философы  Р.Р.  Араттың  деректері 
бойынша, автор поэманы аяқтаған кезде шамамен 54 жаста болған. Егер бұған 

 
10 
сенетін болсақ, онда Жүсіп Баласағұн 1015-1016 жж. туған. 
«Құтты білік» поэмасы Орталық Азия мен Шығыс халықтарының өміріндегі 
және тұтас әлемдік мәдениеттегі айрықша құбылыс болып саналады. Шығарма 
тек  саяси  трактат  көлемінде  қалып  қоймай,  орта  ғасыр  дәуірінің  ғылым  мен 
мәдениет  салаларын  қамтиды.  Онда  жаратылыстану  және  гуманитарлық 
ғылымдарға  қатысты  көптеген  проблемалар:  әлеуметтік-тұрмыстық,  жалпы  
философиялық, эстетикалық, саяси, құқықтық мәселелер баяндалған. 
Шығыстың  перепатизмінің  арнасында  (Әл  Фараби,  Беруни,  Ибн  Сина) 
Баласағұнда  қоршаған  әлемге  пантеисттік  көзқараспен  қарайды.  Оның  терең 
түсінігі бойынша, бұл дүниені құдай жаратқан және өзінің ішкі заңдылықтары 
бойынша дербес дамиды. 
«Құтты  білік»  этикалық  формалардың  және  феодалдық  қоғамды  жүргізу 
ережелерінің  өзіндік  кодексін білдіреді.  Оның дүниеге  деген  көзқарастарында 
бірқатар  материалистік  идеялар  қамтылады,  ойшыл  ғалым  аспан  денелерінің 
және ғаламшарлардың орналасуы мен қозғалысының заңдылықтарын зерттейді. 
Ж. Баласағұн аспан әлемін, 12 шоқ жұлдыздар белгісін зерттеді. 
Баласағұнның  жаратылыс  туралы  түсініктері  Аристотель-Птолемей 
жүйесімен жалпы сәйкес келеді. Алайда ойшыл ғалым өз кезіндегі жаратылыс 
тану ғылымдарының жетістіктеріне байланысты өз осін айналып тұратын Жер 
шар тәріздес дөңгелек емес деген тұжырымда болды. Жүсіп Баласағұн ақиқатқа 
жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы 
туралы  қағидаға  негіздейді.  Төрт  құдірет  –  от,  су,  ауа,  жер  жайлы  ежелгі 
дәуірдің  философиялық  түсінігіне  сүйене  отырып,  ойшыл  әлем  осы 
төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған 
Жүсіп  Баласағұнның  қоғам  туралы  ойларында,  яғни  қазіргі  түсініктегі 
әлеуметтік  философиясында  әділет,  бақыт,  ақыл  және  қанағат  ретінде 
бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен 
микроғаламның  тұтастығы,  барабарлығы  туралы  ой  Жүсіп  Баласағұн 
дүниетанымының өне бойынан байқалады.  
Бұл  жалған  дүниені  ақыл  тезіне  салып  түзетуге  болатынына  да  сенген 
ғұлама  әлемдік  үйлесімділік  негізінде  әділетті  адамзат  қоғамын  құруды 
армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағұн 
жалпыға  ортақ  парасаттың  танымның  нәтижесі  ретіндегі  білімге  көшуі  адам 
мүмкіндігінің  жүзеге  асуы  деп  біледі.  Ғұлама  білімнің  туа  бітетіндігі  жайлы 
пікірге  қарсы  шығып,  оған  парасатты  іс-әрекеттің  нәтижесінде  қол  жеткізуге 
болатынына  сенеді.  Білімге  молынан  сусындаған  адам  ғана  көп  нәрсеге  қол 
жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. 
Жүсіп  Баласағұнның  ойынша,  қоғам  құрылымындағы  кемелдіктің  өлшемі 
әлеуметтік  тәртіп  бұзылғанда  ғана  көзге  түсе  бастайды.  Сол  кезде  жаңа 
мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық 
құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп 
санады.  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  әлеуметтік  философиясында  қоғамдағы 
кемелдіктің  негіздері  мен  іс  жүзіндегі  көріністерін  өзара  тығыз  байланыста 
қарастырады. Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты 
білікте”  ол,  ең  алдымен,  даналық  яғни  қазіргі  түсініктегі  теориялық  зерде 

 
11 
туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер 
мен  кейінгі  білім  жинақтаудағы  адамның  өз  рөлі,  таным  процесінде  ақиқатқа 
ұмтылу  және  т.б.  мәселелерді  қарастырады.  Егер  сезім  алдамшы  болса,  онда 
оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның 
жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі 
мен  кісілік  кемелденуі,  сол  арқылы  мемлекет  пен  қоғамды  қуатты,  мықты, 
құтты ету. 
Оның пікірі бойынша мемлекеттік аппарат жақсы ұйымдасқан болуы тиіс: 
сыртқы  басқыншы  күштерге  қарсы  тұра  алатындай  қуатты  болуы  тиіс; 
жергілікті халықтың мүдделерін қорғайтындай икемді болуы тиіс; ел арасында 
салықты жинау мен оны реттеу үшін жеткілікті дайындалған болуы тиіс. 
Түркі  мәдениетінің  нәрлі  бұлағынан  сусындап,  мұсылман  өркениетінің 
қуатты  ықпалымен  толысқан  ойшыл  өз  шығармашылығында  адамның 
қоғамдағы  орны  мен  қызметін  түсінуге  ұмтылып,  мінсіз  қоғам  жайындағы 
өзінің  биік  философиялық  мұраттарын,  қоғамда  болып  жатқан  процестерді 
терең  пайымдауды,  материалдық  факторлардың  маңызды  ролін  мойындауды 
баяндайды.  Баласағұн  Орта  ғасырдағы  прогресшіл  ойшылдардың  реалистік 
көзқарастарына да маңызды үлес қосты. 
Ақынның  ой-толғамдары  ХІ  ғасырдағы  Шығыс  пен  Батыстың  мәдени 
жетістіктерінің  синтезі  болып  табылады.  Реалистік  идеялармен  толыққан, 
табиғат құбылыстарына рационалды үңіліп қараған әрі ойшыл ғалым дамытқан 
пантеисттік ілім теология мен идеализмнің объективті емес идеяларын теріске 
шығару үшін үлкен мүмкіндігі болды. Сонымен қатар көптеген философиялық 
және  әлеуметтік  мәселелер  жөнінде  көп  толғанды,  теология  мен  мистиканың 
әсерінде бірқатар  кемшіліктер  жіберді.  Жүсіп  Баласағұнның  көзқарастарының 
шектелген  сипатына  қарамастан  оның  тұтас  алғандағы  адамгершілік 
дидактикасы  сол  кезеңдер  үшін  прогресшіл  бағытта  еді.  Дастан  оқырманына 
құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын 
ұқтырады.  Ондағы  “өзіңді  сақтау”,  “өзіңді  ұмытпау”  қағидасы  адамның 
адамшылығын  танытар  қасиеті  –  адамгершілік  пен  кісілікті  жетілдіруге 
бағытталған. 
Баласағұн  өзінің  әлеуметтік-саяси  көзқарастары  арқылы  қоғамның  саяси 
жағдайын және феодалдық-крепосттық қатынастарды жақсарту мен нығайтуға 
деген  ұмтылысымен,  нақтылығымен,  өміршеңдігімен  сипатталады.  Автор  өз 
дастанында тарихи прогресшіл үрдістерді, өзі куә болған Қарахан қоғамындағы 
өзгерістер туралы толғанып, ой түйеді. 
Ойшыл  мемлекетті  басқару  мен  қоғамды  жетілдіру  мүмкіндігіне    терең 
сенді,  ол  үшін  ғылым  мен  ағарту  жүйесіне  сүйенді.  Жүсіп  Баласағұнның  бұл 
идеялары  Әл  Фараби  мен  Ибн  Сина  көзқарастарымен  үндес  келеді  Ол 
Фирдоусидің «Шахнамесін» жақсы білген, «Құтты білік» дастанында Фирдоуси 
кейіпкерлерінің  аттарын  атауы,  жиі  сілтемелер  жасалуы  осыны  дәлелдейді. 
Бірақ атақты парсы-тәжік ақынының және басқа ойшылдардың Жүсіпке тікелей 
әсер етуі туралы айту қын. 
Ойшыл  гуманист  ретінде  халықты  аяусыз  қанайтын  сараң  хандар  мен 
ақымақ  бектердің  озбырлығын  талқылайды.  Феодалдар  өздерінің  жерлерін 

 
12 
кеңейту үшін өзара қырқысады, көршілес отырған халықты тонайды, олардың 
қалалары мен ауылдарын өртейді, адамдарды құлдықта ұстайды. 
Философ  ақын  феодалдардың  әділ  және  қайырымды  болмайтындығына 
күйінеді.  Ол  хандар  мен  бектерді  кедейлерге  қайырымды  болуға,  оларды 
киіндіріп,  тамақ  беруге,  оларға  жылы  қарауға  шақырады.  Жүсіп  келешекте 
әлеуметтік  теңсіздік,  кедейлер  мен  байлардың  арасында  қайшылық 
болмайтынына  сенеді.  Ол  хандар  мен  бектердің  шаруаларды,  малшыларды, 
қолөнершілерді  аяусыз  қанауын  сынайды,  салықтарды  азайтуға  шақырады. 
Осылайша, ойшыл жарлылар мен байлардың арасын келістіруге тырысады. Ол 
хандарды  өздерінен  төмен  тұрған  халыққа  әділ  болуды,  ал  шаруаларды 
үстемдік етуші топқа шынайы берілген және адал  болуға шақырады.  
Академик  А.Кононовтың  пікірі  бойынша  Жүсіп  Баласағұнның  қоғам 
қайшылықтарынан  туындаған  жаңа  моральдық-этикалық  негіздер  құру 
қажеттілігі мүмкін. 
Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті 
Оған өнер, білім, ақыл, ой берді. 
Білім берді: адам бүл күндері шырқау биікке көтерілді. 
Ақыл берді: осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді.  
Білімді — биік, ақылды — ұлық деп есепте 
Бұл екеуі таңдаулы құлдарын биікке шығарады 
Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтанба, асып таспа, 
адамдық  ардан  аттама  дегендi  өсиет  етедi.  Әдiлет  жолын  қу,  шыншыл  бол, 
сараңдық  пен  ашкөздiктен  аулақ  бол  дейдi.  Ол  тектiлiк  туралы  сөз  қозғап  ел 
билейтiн 
әкiмдердiң 
тектiлерден 
шығуын 
қуаттайды.  
Сондай-ақ  ел  билейтін  азамат  намысшыл  болуы  керек.  Ел  намысын,  ел 
пайдасын  көбiрек  ойлаған  азамат  халыққа  қадiрлi  болады  дей  келiп:  
«Адам 
ба 
адам 
өз 
пайдасын 
күйттеген   
Адам нағыз – ел пайдасын дiттеген» – деп ой қорытады. «Егер ол мейірімділер 
күшті,  ал  қатыгездер  әлсіз  болса,  біз  ауыр  ойлардан  тұнжырамас  едік.  Егер 
әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік». 
  
Философ  егер  мемлекетті  сауатты  хандар  басқаратын  болса,  мемлекетті 
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заң шығарып, осы заңдар 
негізінде  қызмет  етеді,  ел-жұртты  басқаратын  адам  әділ  болу  керек  деп 
санайды.  
«Құтты  білік»  дастанының  келелі  міндеттердің  бірі  үстемдік  етіп  отырған 
қоғамдағы  әділетсіздіктер  еді,  ойшыл  үстемдік  құрып  тұрған  феодалдық-
крепосттық қатынастарды әрі қарай нығайту үшін әділеттілікті қалай орнатуға 
болатыны  туралы  толғанды.  Философ  ақын  идеалды  мемлекетке  өтуге 
мүмкіндік  тудыратын  мемлекетті  басқару  жолдары  мен  әдістерін  әзірлеу 
міндетін  ұсынады.  Ақынның  бұл  утопиялық  әлеуметтік-саяси  көзқарастары 
белгілі  бір  дәрежеде  халықтың  сезімін,  көңіл-күйін,  тілегін,  қоғамның  тарихи 
даму қажеттілігін білдірді. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал