Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана



жүктеу 113.01 Kb.

Дата12.02.2017
өлшемі113.01 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапхана

Есім хан Шығайұлы

(1598-1628)

Абдихалиева Ж.Д.

Әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімше басшысы 



Қазақ хандығына 550 – жыл

Шығайұлы Есім хан                   

"

Еңсегей

бойлы ер Есім

"

Шыңғыс ханнан Есім ханға дейін он алты ата болған



Есім ханның  шежіресі  

• Шыңғыс хан   Жошы хан    Орда Ежен    

Сартақтай                                                                                     

Қоныша  Баян   Сасыбұқа  Ерзен   Шымтай             

Орыс хан

Қойыршық                 Жәнібек хан                     

Барақ хан                                                                              Жәдік

Шығай хан 

Есім хан


Есім ханның әкесі Шығай хан (1580-1582) 

жылдары хан болады. Ұзақ өмір сүріп 80-нің о 

жақ, бұ жағында қайтыс болған. 



Есім ханның әкесі шамамен 20 жасқа келгенде Қазақ 



хандығы "уақытша әлсіреу кезеңі басталады да, небір 

аса ауыр күндер мен жылдарды басынан өткереді. 

Шығай сұлтан ел басына түскен қыйыншылықты бас 

қалармен бірге бөлісіп, ат үстінен түспей, қаруын 

қолынан тастамай қазақ елінің тұтастығы мен 

бірлігі жолында үнемі жорықтарда болады, талай 

шайқастарға қатысады.

Қадырғали Жалайыр:

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ.

Шығай хан туралы бір-ақ сөйлемдік дерегінен 

“Оның бүкіл ғұмыры күреске толы болды, ол жауларымен алысты-

арпалысты, айбатымен жауларын қашырды, ерлігімен жақынының 

мерейін тасытты, сөйтіп бүкіл елге батырлығымен танымал болды"

деген ойларды оқуға болады. 



“Шығай ханның хикаясы әрқашан 



оның батырлығымен мәлім, мәшхүр 

болды”, - деп жазды

.

Шығай ханның он екі ұлы болған

Тәуекел хан

Сейітқұл 

сұлтан


Ондан сұлтан

Есім хан


Шахмұхаммед

Әли


Сұлұм

Ибрагим


Шахим

Кучук


Абулай

Бусайд


Қазақ хандығының билеушісі (1598-1628) жылдары 

билік құрған Шығай ханның он екі ұлының бірі.

Есім хан Шығай ханның екінші бәйбіше-

сінен туған төртінші перзенті. Анасы Жағат 

әулетінен шыққан Яқшым-бике. Тәуекел хан 

екеуі бір анадан туған.

Түпкі атасы әлем әміршісі, қазақ 

хандарының бабасы "садағын сағымға 

ілдірген"-деп аңыздалатын Шыңғыс хан. 

Мәселен, Есім ханның анасы еріне бүй 

дейді: 

Түбіңіз - Шыңғыс ханнан келе жатқан

Нақышты дүрри гауһар бір жүзік бар.

Салсам, - деп, - итаяққа ойлаушы едім, 

Ішінде алтын сандық тұрған шығар

Қазақта сәби өмірге келгенде"жаны 

берік болсын"- деген ишарамен

нәрестені

итаяққа салып 

шомылдырып

бағалы жүзік 

салатын салт 

болған

Демек, болашақ Есімханды 

шілдеханада шомылдырған 

суға жиһангер Шыңғыстан 

кәдеге қалған жүзік 

қолданылғандығы 

тұспалданады. 

Есімханның тууына шарапатын 

тигізген делінетін қашқарлық 

Аппақ қожа Есімге бата беріп, 

қолына жай қылыш емес Әмір 

Темірден қалған қастерлі мұраны 

ұстатады:

"Әмір Темір патшадан, Қалған екен бір қылыш

Жазып алса, он бес кез, Бүктеп келсе, бір уыс". 

Қазақ ордасының өркенін өсіріп, кең-

байтақ шекара шегін қаһармандықпен 

қалыптап, ұлысын даналықпен ұйытқан, 

Орта Азияның геосаяси ахуалына елеулі 

өзгеріс енгізіп, өзі замандас патшалардан 

иығы озған бахадүр Есім ханның қолына 

ұстаған туы әлем әміршісі Шыңғыс 

ханнан қалған асыл тәбәрік екендігі 

жырда да айтылады.   

Шығай ханның ұлдарының 

ішінде хан тағына келіп, қазақ 

елінің саяси тізгінін ұстаған екеу, 

олар - Тәуекел хан мен Есім хан. 

Шығай хан өлген соң (1583 -1598) билік 

Тәуекел ханның қолына өтеді.

Тәуекел мен Есім мінездері де өте ұқсас. Екеуі 

де көреген ел басшысы, талантты қолбасшы, 

жаужүрек батыр.

Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі Есім (1598-

1628)

мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына 

отырады 

Есім ханның шығу тегі XIII ғасырдың басында Шығыс 

Дешті Қыпшақтың ханы болған Шыңғыс ханның ұлы 

Жошыдан бастау алса, XIV ғасырдың ортасында осы аумақта 

дербес Ақ Орда деген мемлекет құрған Орыс ханмен 

жалғасып, XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының 

негізін салушылардың бірі- Жәнібек ханға дейін жетеді. Одан 

кейін атасы Жәдік сұлтан, әкесі - Шығай хандармен 

жалғасып, нағыз текті әулеттің өкілі екендігін көреміз. 

Сонымен бірге аталары мұсылманшылықты берік ұстанған, 

атақты дін басы болған тұлғалар.  

1

1598-1628 

жылдары 

қазақ елін 

басқарған

Есім 

ханға 

мінездеме

5

Білікті 

саясатшы

6

Ірі мемлекет 

қайраткері

7

Ерлігімен көзге 

түскен

8

Тәжірибелі 

қолбасшы

3

Есім ханның ескі жолы  

деп аталатын заңның 

авторы

4

XVIII ғасырда Есімге 



арналған"Еңсегей бойлы 

ер есім"атты тарихи 

жыры шыққан



2

Есім ханның 

басты 

мақсаты -

Қазақ 

хандығын 

нығайту

Есім ханның нақты туған жылы белгісіз.

1560 жылдың о жағы мен бұ жағында дүниеге келген деп 

айтылады.

(1598-1628) билік құрған жылы

яғни 30-жыл ел басқарған.

Есім хан да Жошыдан 

бергі бабаларындай 

мұсылман дінін 

ұстанған.   Алайда, шын 

көңілімен таза берілгені 

болмаса, бес уақыттылы 

намаз оқып, дін жолын 

қатып қалаған қағида 

тұтпаған.

Есім ханның толық есімі - Есмұхаммед

(Ишмұхаммед) - жазба дерек 

мәліметтерінде 

Есим 

Есім

Ашим 

Ишим

Есім хан қазақ тарихында "Еңсегей бойлы ер 

Есім" деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 

1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге 

Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге 

түскені үшін берілген.

ағасы Тәуекел хан 

інісі Есім хан

"Еңсегей бойлы Ер Есім"зор, биік адам болған екен. Денесі таза 

етті, сүйекті болыпты. Киіз үйдің айқара ашылған есігінен кең 

жауырыны тура кіруге   сыймай, бір қырындап кіретін көрінеді. 

XVII ғасырда Есімге арналған "Еңсегей бойлы ер 

Есім"атты тарихи жыр шыққан. Жырдың осы 

заманға жеткен нұсқасы Ұлттық Ғылым 

академиясы кітапхана-

сының қол жазба қорында сақтаулы.

М. Тынышбаев

Есім ханның қызметін былайша бағалаған:



"Қазақ хандығы... Есім хан билеген кезеңде толық 

аяқталған құрлымға айналады. Есім ханның 

тұсында, 1625 жылы бұрын Хиуа иелігі болып 

келген наймандар келіп қосылды, тек қоңыраттар 

ғана Бұхардан бөлініп, XVIII ғасырдың ортасында 

ғана келді.

Есім ханның ішкі және сыртқы   

саясаты.

Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен 

бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт 

экономикалық байланыс орнатуға ұмтылады. Қазақ 

хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды 

басты мақсат етті. XVII ғасырдың басында Қазақ 

хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, 

бұрыннан келе жатқан шешімін таппаған еді. Оңтүстікте іс 

жүзінде екі хан билік етті.

Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, 

Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, 

Ташкент 

қаласын астана жасады.

XVI ғасырдың соңғы жылдары көршілес елдермен 

қарым-қатынаста, қазақ халқының қалыптасқан 

этникалық территориясын мойындатуда өте қолайлы 

болды. Есім ханның билік етуінің алғашқы кезеңінде 

елдің сыртқы саяси жағдайы неғұрлым қолайлы 

болды. Есім ханға қарсы бірінші боп Түркістан 

өңіріндегі қарақалпақ тайпалары бас көтерді. 1603 

жылдың күз айында олар шайбанилық бір сұлтанды 

хан көтеріп бөлектене бастайды.



Екі жақ арасындағы алғашқы ұрыстар сәтсіз 

болып, қазақ ханы Түркістан, Ташкент, Сайрам, 

қалаларынан айырылады, тек 1605 жылы ғана 

Есім хан қарақалпақ ханы Жалған Әбдіғаппарды 

өлтіріп қана барып, елдің тұтастығы мен бірлігін 

сақтап қалды. 

 Қарақалпақ бүлігінен кейін екінші бүлікке қазақ 



сұлтаны - Тұрсын Мұхаммед сұлтанның бүлігін 

жатқызуға болады.

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны 

Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы

Тұрсын Мұхаммед сұлтан бақарған еді. Ол көп 

ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады.Тіпті өз 

атынан ақша соқтырып. "бажы" және “хараж" алым-

салықтарын жинады. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, 

қарақалпақ билеушілеріне өздеріне одақтас-

жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент 

хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген 

Әбдірахим мен одақтасты.



Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі 

Шажайдың Ахметтің жақтасы болады. Яркент хан 

Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.

Есім хан Моғолстан ханы 

Әбдірахымның қызы Падшахқа 

үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның 

қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда 

болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, 

соның көмегі мен өзіне опасыздық 

жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара 

билікке қол жеткізеді.

Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан 

абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын Бұхара 

ханның ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында 

екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды 

жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде 

моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының 

өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда 

жүрген. 

Оның бүлігі Есім ханға өте ауыр соққы боп 

тиеді. Шамамен 1613-1614 жылдары Есім ханнан 

билікті тартып алған Тұрсын хан 13 жылдай 

Ташкентте хан болып отырады. Ал Есім хан болса 

Шығыс Түркістандағы шағатайлық хандарға 

кетуге мәжбүр болады. Есім ханның өмір жолында 

Тұрсын хан  белгілі бір дәрежеде орын 

алатындықтан, төменде қысқаша болсада 

Тұрсынмұхаммед ханға тоқтала кетелік. 

Тұрсын ханның бүлігі.

• Түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мұхаммед



-сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім 

ханның туысы делінген. Махмуд Уәли "Бахр Аласр" 

атты еңбегінде: "Ол Жалым сұлтанның баласы еді",-

дейді. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты- ол жағы тағы 

белгісіз. Кейбір зерттеушілер Әз-Жәнібек ханның ұлы 

Қасым ханның баласы болуы мүмкін дегенді айтады. 

Енді біреулер Шығай ханның ұрпағы, яғни Есім ханның 

туысы етіп көрсетеді.

Тарихи аңыз- әңгіме 1923 жылы М. Тынышбаев 

Бөген өзені бойындағы Шошқабұлақ ауылының 

тұрғыны, ошақты руының ақсақалы Базек деген 

кісіден жазып алды. "Ержүрек Есім хан шығыстағы 

қалмақтарға аттанып бара жатып, Түркістанға 

Тұрсын ханды шақыртыпты. Ташкентті билеп 

отырған Тұрсын ханға қатаған мен қаңлы рулары 

бағынышты екен. Есім оған бүкіл халықты бас-

қаруға береді және өз отбасына ерекше қарауды 

тапсырады.

Тұрсын хан Есім ханның барлық тапсырмасын 

бұлжытпай орындауға ант береді. Сөйтіп Есім 

хан жорықта екі жыл болып, қалмақтарды 

талқандайды да, әскерін ауылдарына таратып

кейін қайтады. Жолда Күйік тауының маңында 

Тұрсын ханның бұзауларын бағып жүрген бір 

кемпірді көреді. Кемпір жылап тұрып "өзінің 

батыры ұлы Есімнің жорықтан қайтып оралған 

соң ханшаға мал бақтырып қойған сұмпайы 

Тұрсыннан кек  алатынын" жеткізеді.  

Есім сол арада өз анасын таниды да, кеудесін қатты 

ыза мен күйік кернейді, соған байланысты жаңағы 

жер "Күйік" деп аталып кетеді. Арыс өзенімен келе 

жатып қазіргі кезде "Құтырған" деп аталатын жерде 

(Арыс пен Боралдай өзендерінің арасы)

Тұрсын тонауға ұшыратқан өз ауылының жұртына 

кезігеді. Ол жерде Есімнің бала-шағасы Тұрсынның 

малын бағып жүр екен. Ашудан қаны қайнап, 

құтырынған Есім хан жаңа әскер жиып, Тұрсын 

ханға аттанады, ал жер атауы сол себепті де 

"Құтырған"деп аталып кетеді. 

Қазақ шежіресінде көп кездесетін деректің біріне -

Есім ханның жанында болған батырлардың бәрі 

дерлік Тұрсын хан мен қатаған руы көсемдерінің 

қыздарын олжа ретінде алғандығы туралы әңгіме 

жатады. Арғын батырлары - Шаншар батыр -

Нұрбикені, Қарпық батыр - Дәулетбикені, Байбөрі 

батыр - Оразбикені, Сары батыр -Қоңырбикені 

алыпты. 

Есім хан Тұрсынға тез жетіп, оның 

қарамағындағы қатағандарды қырып салады, 

Тұрсынның өзін шауып, "Хан Тұрсынды ант 

ұрсын" деп  өз қолымен оны өлтіреді". Есім хан 

Тұрсынның басын кесіп, Имамқұли ханға 

жібереді. Өзінің бақталасы,

опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма,  әлде 

Есім ханның өзінен қорықты ма - Бұхара ханы 

оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы 

қорғаны бар ауыл - мекендерді "сыйлаған". 

• Өзінің негізгі саяси бақталасын құрту 

кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан 

Түркістан маңайындағы Есім ордасын 

ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін 

іскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері 

ордаға басып кіріп, талай адамды 

өлтіреді. Есім сұлтанның әйелдері мен 

балаларын барша жасау-жабдығымен 

Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа 

масаттанған Тұрсын енді Есім ханның 

көзін жою қамына кірісті. Осындай 

зұлым оймен ол өз шаһарына 

шығысқа қарай, 40 шақырымдай 

жерде, Сайрамсу өзенінің жоғарғы 

ағысында орналасқан қазіргі ОҚО 

Төле би ауданы, Кеңесарық ауылы 

маңында, бетпе-бет келіп,"шайқас 

отын тұтатты".

1627 жылы ойрат жорығынан оралған Есім 

хан Тұрсынды талқандайды, антты бұзғаны 

үшін оны өлтіреді.

XVII ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің 

көрнекті өкілдерінің бірі-Марғасқа 

жыраудың жырында да Есім ханның Тұрсын 

ханды өлтіруі туралы жырланады. Онда 

былай делінеді:

"Ей, Қатағанның хан Тұрсын,    

Кім арамды ант ұрсын,

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңірсіп жатырсың.

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың,         

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен тақсырсың

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есігіңде келіп тұр:

Алғалы  тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды!"

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық 

жадында

"Есім салған ескі жол" деген атпен қалған әдеп-

ғұрып нормаларын қалыптастырған 

конституциялық құжат болғаны белгілі.

"Есім ханның ескі жолы"-дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың 

жиынтығы. Оның негізін Қасымхан салған болатын (1511-1523). Заң 

жинағында Қыпшақ, Шағатай және басқа ұлыстарда қолданылатын 

әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай 

қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргіз-

генде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің 

әскери - саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы 

мен дәстүріне сәйкес жетілдірді, соның нәтижесінде бұл заң халық 

арасында кеңінен тарады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне 

"Есім ханның ескі жолы" деп аталады.  

қоныс тұрақ 

туралы бап

адамдар 

арасындағы 

қатынас туралы 

бап

ел қорғанысын

нығайту

мал-мүлік 

туралы бап

кейін Тәукенің "Жеті 

жарғысына"негіз 

болады

"Есім ханның ескі 

жолы" деп 

аталатын құжатқа 

сипаттама

Есім хан мен оның 

кеңесшілері " 

Қасым салған 

қасқа 

жолды"негізге 

алып 

өңдеп,толықтырған

әдеп-ғұрып 

заңы

Ол өзінен бұрынғы Орыс хан, Қасым хан жасаған 

әдет-ғұрып заң нормаларын қайта қарап, өз дәуіріне 

ылайықты етіп түзеген. Өзінің мазмұнына қарай құн 

дауы, жер дауы, жесір дауы, мал дауы секілді күрделі 

тараулардан құралады. Есім хан шығарған арнайы 

заң бойынша өлген кісіге өлтіруші жақ құн төлеуге 

міндетті. Негізі құн өлшеуінен артық мынандай түрі 

болған:

Өнер құны. Оған жүлде алған атақты 

адамдар жатады. Олардың құны екі 

кісінің құны (200 жылқы, 12 түйе) кесілуі 

керек.

Әйел адамның 

құны

Мал-мүлік 

дауы

жесір дауы

Сүйек құны. Өлген кісінің сүйегі 

үшін төленетін құн. Бұл екі түрлі 

құнды, үстеме құн деп атаған." Есім 

ханның көк аласы бір-ақ 

бесті"деген қағида толық дәлел бола 

алады.

Заң ережелері;

• 1) мүлік заңы, (жер дауы, мал - мүлік дауы) 

• 2) қылмыс заңы; (кісі өлтіру, талау, шап-

қыншылық жасау, ұрлық қылу) 

• 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақ -



тау, қарақазан, ердің құны тұлпар ат)

• 4) елшілік жоралары шешендік, ибалылық 



Өз заңында  Құран талаптарына қайшы 

келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін 

сақтады. 

Ескі  жолдың қағидалары XVII -

ғасырға жетіп,

“Есім хан салған ескі жолы” 

жаңғыртылды

«Қасым хан салған қасқа жол

"Есім хан салған ескі жол"

"Қасымхан салған 

қасқа жол"

"Есім хан салған 

ескі жолы" 

"Нұрсұлтан салған

нұрлы жолы"

бүгінде ол дәстүр жалғасын тауып, елбасының   

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

"Қазақстан 2050"атты даму стратегиясына ұласып отыр.

Есім ханның хан ретіндегі тарихи тұлғасын терең зерделей 

келе, одан бірнеше ерекшеліктерді байқауға болады. 

Біріншісіне -20-ға жуық хан ішінде Қасым хан Тәуке хан 

секілді оның"Есім ханның ескі жолы" атты заңдар жинағын 

енгізуі жатады. 

Ал екінші ерекшелікке - оның хандық билікте екі рет болуын 

жатқызамыз.

Үшінші  ерекшелікке - Есім ханнан бастап Түркістан 

қаласының Йасы қаласы жаңа атауға - Түркістан қаласының 

киелілік маңызымен қатар саяси - әкімшілік және рухани 

орталық ретіндегі маңызы артады да, бірнеше ғасыр бойы 

қазақ еліне қызмет етеді. 

Есім хан ел билігін нығайту үшін 

қырғыздармен одақтасып, соның 

белгісі ретінде қырғыз билеушісі 

Көкімге арнап Ташкент қаласында 

күмбез салғызды. "Көкімнің көк 

күмбезі" аталатын ғимарат көршілес 

өзбек жерінде осы кезге дейін 

сақталған.

Кезінде моласының үстіне шағын да болса 

айрықша кесене орнатылса керек, бүгінде 

ол жер жермен- жексен болып жатыр.

Есім ханның кесенесі -Түркістан қаласында

Есім хан кесенесі - Түркістан қаласында XVII ғасырда сақталған 

архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің батыс 

мұнарасынан оңтүстікке қарай 12м жерде орналасқан. Кесене Қазақ 

хандығының ханы Есім ханның қабірінің басына тұрғызылған. 

Кесене қирап, бұзылған қалпында ғана жеткен. Ол 18 ғасырдың 

аяғы мен 19 ғасырдың басында қираса керек. Кесене күйдірілген 

кірпіш тен төртбұрышты (9х9м) етіліп өрілген. Негізгі қасбеті 

портал түрінде болып келеді. Қасбеттері жылтыр қалақ таспен 

геометриялық ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Оңтүстік-шығыс 

жағында кесенеге кіретін есік бар. Сақталған қабырғасының енінің 

1,2 м болуы да биік күмбезді көтеруге шыдайтындығын көрсетеді. 

Еденіне төртбұрышты күйдірілген кірпіш төселген. Кесененің сақ-

талған бөлігі 2000 жылы қайта жөнделді.

Есім хан Тұрсын хан мәселесін шешкенен кейін өзінің Ордасы 

орналасқан Түркістанға қайтіп оралады. Онда ол бір жылдай өмір сүріп, 

келесі 1628 жылы шамамен 70 жасқа қараған шағында өз ажалынан 

қайтыс болады. Оның денесі  кесенесінің жанына қойылып, қабірінің 

басына кішігірім мавзолей салынады.

1628 жылы -"Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған атақты  хан дүниеден 

озып, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мазары маңына жерленеді. 

Кейбір деректерде 1645 жылы қайтыс болған делінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) 


Айбын. Қазақ хандығы: энциклопедия /бас ред. Б.Ө.  Жақып. – Алматы

2011. 



2) 

Елешева З. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы ант: [Қазақ және қырғыз шежірелері негізінде] 

/З. Елешева //Қазақ тарихы. - 1999. - № 1. - 18-22 б.

3) 


Есім хан //Қазақтар: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. - Алматы

,

1998. - Т. 2. 



Тарихи тұлғалар. - 74-75 б.

4) 


Есім хан

//

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия. – Алматы



2006. - 20-25 б.

5) 

Есім хан және оның заманы //М. Мағауин  Қазақ тарихының әліппесі /М. Мағауин. - Алматы, 



1995. - 42-52 б.

6) 


Есім хан туралы жыр //Қ. Байболұлы

Төле би: дастандар



Қ. Байболұлы. - Алматы, 1991.-

57-172 б.

7) 


Қазақ хандығы

//

Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы



2002. - 40 б.

8) 

Қаратаев Т. Тарихтағы аттас тұлғалар: Есім хан /Т.  Қаратаев //Қазақ тарихы. - 1998. - № 4-5. - 53 



б.

9) 


Мағауин М. Есім хан және оның заманы /М. Мағауин //Қазақ әдебиеті.  - 1993.  - 10 желтоқсан 

(№59). - 12-14 б.

10) 

XVII-ғасырдағы қазақ хандығы: Есім хан туралы //Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1993. -



257-259 б.

11) 


Тарихи тұлғалар: мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған

Танымдық - көпшілік 



басылым /құрастырушы: Б. Тоғысбаев, А. Сужикова

.

– Алматы, 2009. - 30-35 б.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал