Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



жүктеу 271.1 Kb.

бет1/15
Дата01.03.2017
өлшемі271.1 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 
және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы 
 
Ф.Н.Жұмабекова, Н.М.Нұрғазиева, С.М.Жамалиева 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ  
 
 
 
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана-2011 
 

 

Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М., Жамалиева С.М. 
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. 0101000 «Мектепке дейінгі 
тәрбие және оқыту». – Астана, 2011. 
 
 
 
Аталған  еңбекте  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психологиясы 
қарастырылған.  Баланың  туған  кезінен  бастап  мектепке  оқуға  дайындау 
мәселесі қарастырылған. 
Әдістемелік  оқу  құралы  мектепке  дейінгі  мамандарды  дайындайтын    оқу 
орындарының оқытушыларына, тәрбиешілерге, психологтарға, магистранттарға, 
студенттерге арналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М., Жамалиева С.М. 2011 
© Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және 
біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы. 2011 
 
 
 
 
 
 

 

МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ 
 
БІРІНШІ БӨЛІМ. БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
1.1 Балалар психологиясы – баланың психикалық даму ерекшеліктері 
туралы ғылым 
 
1.2 Балалар психологиясының әдістері 
 
1.3 Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
ЕКІНШІ  БӨЛІМ.  НӘРЕСТЕЛІК  ЖӘНЕ  ЕРТЕ  СӘБИЛІК 
ШАҚТАҒЫ ДАМУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
2.1  Баланың  өмірге  келген  алғашқы  жылдарындағы  психикалық 
дамуы 
 
2.2 Ерте балалық шақтың сипаттамасы 
 
2.3 Жас ерекшелік сипаттамасы 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
ҮШІНШІ 
БӨЛІМ. 
МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ 
ШАҚТАҒЫ 
БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ 
 
3.1 Мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдауы 
 
3.2 Мектепке дейінгі жастағы баланың түйсігі 
 
3.3 Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні 
 
3.4 Мектепке дейінгі жастағы баланың есте сақтауы 
 
3.5 Мектепке дейінгі жастағы баланың ойлауы 
 
3.6 Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялының дамуы 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
ТӨРТІНШІ  БӨЛІМ.  МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ  ЖАСТАҒЫ 
БАЛАНЫҢ АҚЫЛ ОЙЫНЫҢ ДАМУЫ 
 
4.1 Мектепке дейінгі жастағы баланың тілін дамыту 
 
4.2 Мектепке дейінгі жастағы баланың сенсорлық дамуы 
 
4.3 Мектепке дейінгі жастағы баланың сезімдерін дамыту 
 
4.4 Баланың ерік жігерін тәрбиелеу 
 
4.5 Баланың мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
БЕСІНШІ 
БӨЛІМ. 
МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ 
ЖАСТАҒЫ 
БАЛАНЫҢ 
ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
5.1 Мектепке дейінгі шақтағы іс-әрекеттердің жемісті түрлері 
 
5.2 Мектепке дейінгі шақта ойын баланың негізгі іс-әрекеті 
 
5.3 Баланы мектепте оқытуға психологиялық дайындық 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
ГЛОССАРИЙ 
 
ҚОСЫМШАЛАР 
 

 

КІРІСПЕ 
 
  «Мектепке  дейінгі  жастағы  психология»  атты  оқу  құралы  мектепке 
дейінгі  жасқа  арналып  қазақ  тілінде  тұңғыш  жарық  көріп  отырған  еңбек. 
Қазақстанның 
орта 
аранулы 
оқу 
орындары, 
университеттері 
мен 
институттарының  педагогикалық факультеттерінің 010501  - «Мектепке дейінгі 
оқыту  мен  тәрбие»  мамандықтарының  студенттері  кеңінен  пайдалана  алу 
мүмкінідігіне жетулері біз үшін өте қуанышты жағдай. 
 
  Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан 
сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге 
сыртқы  ортамен  өзара  әрекетін  зерттейтін  ғылым,  кей-кезде  адам  мінез-
құлығын  зерттеу  деп  те  анықталады.  Психологияның  негізгі  мақсаты  - 
психиканы  cубьективтік  құрылымының,  сыртқы  ортаны  пайымдаумен, 
елестетумен  жұптасқан  айырықша  іс-әрекеттің  негізі  ретінде  зерттеу  болса, 
мектепке  дейінгі  жасқа  арналған  психология-балдырғандардың  психикалық 
даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық 
процестерінің  және  сапалдарының  дамуын,  оның  жеке  басының  қалыптасуын 
зерттейді.   М.Жұмабаев:  «Психология  адамның  жанын,  жан  тұрмысын,  жан 
көрністерін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жайын баяндайтын пән» - 
деп  атап  көрсеткен  болатын.  Аталған  еңбекте  мектепке  дейінгі  жастағы 
баланың  жан көрністері мен дене көрністерімен қатар, осы жастағы негізгі іс-
әрекеттің  түрі  ойын  барысындағы  баланың  психикалық  дамуы  барысына 
тоқталамыз.  Оқу  құралының  негізіне  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар 
психологиясында 
қалыптасқан 
психолог 
ғалымдар: 
Л.Н.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн,  А.Н.Леонтьев,  А.В.Запорожец,  Ж.Пиаже,  Д.Б.Элконин, 
Давыдов,  В.С.Мухина,  Г.А.Урунтаева  т.б.  және  отандық  психолог  ғалымдар: 
Аймауытов  Ж,  Алдамұратов  Ә,  Жарықбаев  Қ,  Елеусізова  С,  Мұқанов  М, 
Тәжібаев Т, Шериязданова Х т.б еңбектерінің теориясы басшылыққа алынды. 
 
Бірінші  бөлімде  балалар  психологиясының  жалпы  мәселелері:  мектепке 
дейінгі  жастағы  балалар  психологиясы  және  баланың  психикалық  даму 
ерекшеліктері  туралы,  балалар  психологиясының  әдістері  мен  психикалық 
дамудың негізгі заңдылықтары қарастырылды. Екінші бөлімде  нәрестелік және 
ерте  сәбилік  шақтағы  бала  дамуының  психологиялық  ерешеліктері,    баланың 
өмірге  келген  алғашқы  жылдарындағы  психикалық  дамуы,  ерте  балалық 
шақтың  сипаттамасы  және  жас  ерекшелік  сипаттамасы  ұсынылды.  Үшінші 
бөлімде  баланың  психикалық  процестерінің  дамуы:  мектепке  дейінгі  жастағы 
баланың  қабылдауы,  түйсігі,  зейіні,  есте  сақтауы,  ойлауы  және  қиялының 
дамуы  қамтылды.  Төртінші  бөлімде  баланың  ақыл  ойын  дамыту,  мектепке 
дейінгі  жастағы  баланың  тілін  дамыту,  сенсорлық  дамуы  мен  баланың 
сезімдерін  дамыту,  баланың  ерік  жігерін  тәрбиелеу  және  мінез-құлық 
мотивтерін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды. Бесінші бөлімдегі 
мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  іс-әрекетінің  психологиялық  сипаттамасы 
және оны жамыту жолдарында: ойын баланың негізгі іс-әрекеті ретінде арнайы 
зерделеніп, іс  - әрекеттердің жемісті  түрлеріне және баланы мектепте оқытуға 
психологиялық дайындығы туралы мәселелер жан-жақты қарастырылды. 

 

БІРІНШІ БӨЛІМ. БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 1.1 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ – БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ 
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 
 
Педагогика,  физиология,  педиатрия  ғылымдарымен  қатар  балалар 
психологиясы  да  баланың  психикасының  дамуын  зерттейді.  Балалардың  жас 
ерекшеліктері үш кезеңге бөлінеді: 
Бірінші кезең – ерте балалық шақ - туғаннан бастап үш жасқа дейін; 
Екінші кезең – балалық шақ – үш жастан бастан он жасқа дейін; 
Үшінші кезең – ересек шақ. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  психологиясы  балалар  психологиясының 
құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы 
олардың  туғаннан  бастап  жеті  жасқа  дейінгі  дамуының  психикалық 
ерекшеліктерін зерттейді. 
Балаларды  психологиясы  бір  жас  ерекшелігінен  екінші  жас  ерекшелігіне 
өту  кезеңіндегі  ерекшеліктер  қарастырылады.  Сонымен  қатар,  психикалық 
процестердің  жеке  өздері  ғана  емес,  олардың  пайда  болуы  мен  қалыптасу 
мәселесі де зерттеледі.  
Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің 
пайда  болуымен  қатар,  бар  психикалық  формалардың  түрленіп  өзгеруі  деп 
түсінеміз.  Психикалық  даму  әрекет,  тұлға,  таным  үшеуінде  өзара  байланысты 
болатын  сандық  және  сапалық  өзгерістер.  Сонымен,  психиканың  дамуы  – 
өткенді қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып, 
өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады, 
бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады. Жаңадан пайда 
болған сапалар өз кезегінде сандық өзгерістерге әкеледі.  
Психология  ғылымында  психикалық  даму  қоғамдық-тарихи  тәжірибе 
тұрғысынан  қарастырылады.  Баланың  психикалық  дамуы  үшін  адамзаттың 
бойына жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды. Ағзаның құрылымы 
мен  жұмыс  істеуі  балалардың  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты.  Психикалық 
даму  толыққанды  болу  үшін  ми  қыртысы  мен  жоғары  жүйке  жүйесінің 
қалыпты жұмыс істеуі маңызды. Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз 
кезегінде  психикалық  дамуды  тежейді.  Сондықтан,  баланың  іште  жатқан 
кезінен бастап барлық жағдай жасалуы оның қалыпты дамуының кепілі.  
Баланың  психикасының  дамуы  ортаға  да  тәуелді.  Бала  өзінің  белсенді 
әрекеті  арқылы  әлеуметтік  тәжірибені  меңгереді.  Әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеру  арқылы  бала  қабілеттерге  ие  болады.  Балалардың  психикалық 
дамуының негізгі механизмі әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері 
мен  формалары  болып  табылады.  Қоғам  әлеуметтік-тарихи  тәжірибені 
мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырады. 
Бала туғаннан бастап әлеуметті ортаға тап болады. Қоғам баланы адамның 
қолымен  жасаған  затттар  арқылы  білім,  біліктілік,  дағдыларды  меңгеру 

 

процесінен  табысты  өтуге  үйретіп  қана  қоймай,  тұлғаның  тәрбиесіне  де  көңіл 
бөлінеді. Үйрету, тәрбиелеу, дамыту үнемі өзара тығыз байланысты. 
 
1.2 БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ  
 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дамуын  зерттеу  күрделі  мәселе,  оның 
өзінің  ерекшеліктері  бар.  Бұл  ерекшеліктер  төмендегідей  принциптерге 
бағынады: 
Ізігілік  принципі.  Жеті  жасқа  дейін  баланың  психикасына  сыртқы 
жағымсыз  ықпалдар  әсер  етеді,  сондықтан  да  зерттеу  барысы  ізгілік 
принциптеріне  негізделуі  тиіс.  Психолог  немесе  зерттеуші  баланың  мінез-
құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.   
Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық 
дамуды,  оның  механизмдерін,  заңдылықтарын  балалар  психологиясы 
тұрғысынан  қарастырады.  Тиімділік  пен  ғылымилық  принциптері  мектеп 
жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы 
барын,  ойлау  ерекшелігін  ескергені  дұрыс.  Баланың  ішкі  әлемінің  дамуын 
түсіну  үшін  зерттеуші  арнайы  психологиялық  білім,  ұғымдар,  психология 
ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс. 
Детерминизм  принципі  психикалық  функциялар  мен  қасиеттердің 
қалыптасуы,  сонымен  қатар  олардың  ішкі  және  сыртқы  себептермен 
байланысының  ерекшеліктеріне  негізделеді.  Бұл  себептер  баланың  өмір  сүру 
ортасы,  тәрбиесі,  ересектермен,  өз  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынасы, 
әрекеті  мен  белсенділігінің  ерекшелігіне  байланысты  болады.  Зерттеуші  бала 
бойында пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын 
анықтап, түсіндіре алуы керек. 
Әрекеттегі  психика,  сананың  дамуы  принциптері.  Бұл  принциптер  бала 
әрекетінің  психикасының  көрінуі  мен  дамуының  шарты  болып  табылады. 
Сондықтан  да  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  ерекшеліктерін 
зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет. 
Сана  мен  әрекет  бірлігі  принципі.  С.Л.Рубинштейн ұсынған  бұл  принцип 
сана  мен  әрекеттің  өзара  ықпалын  білдіреді.  Бір  жағынан,  сана  әрекет 
барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет 
жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-
құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады. 
Жеке  жас  және  тұлғалық  ерекшеліктерді  ескеру  принципі.  Психиканың 
дамуының  жалпы  заңдары  әрбір  баланың  даму  ерекшелігінің  басқалармен  бір 
дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді. 
Кешенділік,  жүйелік  пен  мерзімдік  принциптері.  Бір  зерттеу  арқылы 
баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан 
ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде қарастыру 
керек. 
Әдістің  ғылыми  фактілер  жинау  тәсілі  екені  белгілі.  Балалар 
психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме және 

 

балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі бастысы 
бақылау әдісі болып табылады.  
Бақылау  психологиялық  фактілерді  мақсатты  бағытталған  қабылдау  мен 
фиксацияны  білдіреді.  Кез-келген  бақылаудың  алдына  мақсат  қойылады. 
Бақылауды  бастамас  бұрын  оны  жүргізу  схемасы  жасалады,  жасалған  схема 
алынған  мәліметтерді  дұрыс  талқфлауға  көмектеседі.  Бақылау  барысында 
зерттеуші  баланың  табиғи  әрекетін  көре  алады.  Бұл  бала  тұлғасы  туралы 
шынайы  нәтиже  алуға  көмектеседі.  Бақылау  шынайылығы  үш  шартты  сақтау 
барысында анықталады. 
1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс. 
2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. 
3. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-
қатынасы болмауы керек.  
Бақылау  барысы  хаттамаға  сипатталып  жазылады.  Сипаттама  түрінде 
жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық 
туғызады.  Сонымен  қатар,  бір  мезгілде  бір  ғана  баланы  бақылауға 
болатындықтан,  тез  арада  көп  материал  жинап  алу  мүмкін  емес.  Бақылау 
кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына 
болмайды.   
Бақылаудың бірнеше түрі бар:  
- толық бақылау; 
- жартылай бақылау; 
- тікелей; 
- жанама.  
Толық  бақылау  барысында  барлық  психикалық  көріністер  зерттеледі, 
жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады. 
Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен  қарым-қатынасқа 
түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі. 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  дамуын  зерттеудің  тағы  бір 
әдісі эксперимент болып табылады. Эксперименттің бірнеше түрі бар: 
- лабораториялық; 
- табиғи; 
- анықтаушы; 
- қалыптастырушы. 
Лабораториялық  эксперимент  кезінде  табиғи  ортаға  сәйкес  келетіндей 
жағдай  жасалады.  Табиғи  эксперимент  психикалық  көріністердің  процестің 
жүру  барысында  қаз  қалпында  көрінуімен  тиімді.  Анықтаушы  эксперимент 
оқыту мен тәрбиелеудің қарапайым жағдайындағы зерттелетін процестің даму 
деңгейін  анықтайды.  Қалыптастырушы  эксперимент  балалардың  бойында 
қандай  да  бір  психикалық  процесс,  сапа,  қасиеттерді  қалыптастыруға  жағдай 
жасайды.  
Эксперимент  жүргізу  барысында  баланың  психикасын  зерттеу  үшін 
арнайы жағдайлар жасалады. Бұл жағдайлар эксперимент жүргізу әдістемесіне 
сәйкес  зерттеу  мақсаты,  өткізілу  барысы,  мәліметтерді  өңдеу  өлшемдері  мен 
көрсеткіштерімен анықталады. Әдістемеде көрсетілген барлық нұсқаулар қатаң 

 

сақталады.  Сонымен  қатар,  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  де  баса  назар 
аудару керек.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық  дамуын  зерттеудің  бір 
әдісімен  ғана  анықтау  мүмкін  емес.  Сондықтан  зерттеу  барысында  бірнеше 
әдісті қолдану ғана тиімді нәтиже береді.  
Тәрбиешінің  кәсіби  педагогикалық  әрекетінің  функциясының  бірі  – 
гностикалық  функция.  Аталған  функция  тәрбиешіге  баланың  жеке,  тұлғалық 
және  жас  ерекшеліктерін  тану  арқылы  жеке  тұрғыдан  қарауды  қамтамасыз 
етеді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесінің тәрбиешісі баламен 
ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) күнделікті қандай да бір әрекеттерді 
бірлесіп жасау арқылы, яғни оқыту және тәрбиелеу арқылы бала психикасының 
дамуы жайлы мәлімет жинақтайды. 
Тәрбиешінің  психологиялық  зерттеуі  практикалық  бағыттылығымен 
ерекшеленеді.  Олар  баланың  бойындағы  психикалық  даму  механизмінің 
көрінуін  нақты  бір  жағдайлар  барысында  бақылайды.  Демек,  тәрбиешінің 
баланы  зерттеуінің  мәні  олардың  мінез-құлықтарының  себептерін  түсіну, 
қабілеттерін  анықтау.  Сонымен  қатар,  осы  қабілеттерді  дамыту  үшін  жағдай 
жасау,  дұрыс  әдіс-тәсілдерді  таңдау  болып  табылады.  Тәрбиеші  баланың 
психикалық  дамуындағы  кемшіліктерді  дер  кезінде  тауып,  оларды  уақытында 
түзетіп  отыруы  тиіс.  Сөйтіп,  тәрбиешінің  зерттеушілік  іс-әрекеті  баланың 
дұрыс психикалық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Бұл 
жағдайда  тәрбиеші  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық  даму 
ерекшеліктерін,  бала  дамуында  психиканың  қасиеттерінің  өзара  байланысын, 
баланың  әрбір  жас  ерекшелігіне  сәйкес  психикалық  даму  сабақтастығын  білу 
маңызды. 
 
1.3 ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
 
Әрбір  психикалық  функцияның,  әрбір  мінез-құлық  формаларының  даму 
ерекшеліктері  болғанымен  де,  олар  жалпы  заңдылықтарға  бағынады.  Ол 
заңдылықтар психиканың барлық аумағында пайда болады және осы процестің 
өту барысын анықтайды. 
Психиканың даму процесінің барысы бес ерекшелікке бағынышты: 
1.  Әрбір  психикалық  функцияның  қалыптасу  қарқыны  мен  ырғағының 
болуы.  Психикалық функциялардың әрқайсысы қандай да бір кезеңде белсенді 
де қарқынды дамиды. Олардың дамуы үшін жағымды мерзім сензитивті  кезең 
деп аталады. 
2.  Психикалық  даму  сатылап  дамиды.  Ол  өзінің  даму  сатысында  уақытқа 
тәуелді  болады,  өйткені  әрбір  жастың  даму  сатысының  өзіндік  логикалық 
қарқыны  мен  ырғағы  психикалық  дамуды  кеңейте  түседі.  Әсіресе  баланың 
қоғаммен қарым-қатынасы маңызды.  
Психиканың  дамуының  ішкі  және  сыртқы  шарттарының  қатынасы  
әлеуметтік жағдаят болып табылады. Ол өз кезегінде баланың қоршаған ортаға, 
адамдарға, өзіне, заттарға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды. 

 

Психиканың  дамуының  әрбір  кезеңінің  өзінің  жетекші  әрекеті  болады. 
Сонымен  қатар  психикалық  дамудың  мазмұнына  психиканың  қалыптасқан 
формалары мен жаңа пайда болған формаларының арасында қарама-қайшылық 
пайда  болады.  Баланың  тілегі  мен  оған  қойылатын  талаптың  сәйкес  келмеуі 
әрекетті  жаңа  түрлерін  меңгеруге  әкеліп  соғады,  сөйтіп  баланың  әрекет 
аумағында жаңа білім пайда болады.  
3.  Психикалық  даму  барысында  процестер,  қасиеттер  мен  сапалар  өзара 
сараланып, ықпалдасады. Саралау арқылы әрекеттің жаңа түрі немесе формасы 
туындайды.  Ықпалдастық  арқылы  психиканың  дамуы  неғұрлым  жоғары 
деңгейге шығады.  
4.  Психикалық  дамудың  өн  бойында  табиғатта  және  қоғамда  кездесетін 
оқиға, құбылыстарды, соның ішінде адамның еркі мен мінезінің табиғатта және 
қоғамда  кездесетін  оқиға,  құбылыстарды,  соның  ішінде  адамның  еркі  мен 
мінезінің  өзара  байланыстылығының  себептерін,  себептестігінің  заңдылығы 
маңызды. Қоғамда бала өз қатарластары мен ересек адамдармен қарым-қатынас 
жасау түрлерін терең игере бастайды. 
5.  Психика  икемділігімен  ерекшеленеді,  өйткені  қандай  да  бір  жағдаят, 
түрлі тәжірибе арқылы баланың психикалық дамуы өзгеріске ұшырайды.  
Сөйтіп,  аталған  заңдылықтарға  сәйкес  бала  психикасының  дамуы  жүзеге 
асады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
10 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
 
Балалардың жас ерекшеліктері қандай кезеңдерге бөлінеді? 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  психологиясы  қандай  психологияның 
құрамдас бөлігі? 
Психикалық  дамудағы  сандық  және  сапалық  өзгерістер  неге  байланысты 
болады? 
Ағзаның құрылымы мен жұмыс істеуі неге байланысты? 
Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибе қалай жүзеге асырылады? 
Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы қандай принциптерге бағынады? 
Принциптерді сипаттап, мысалдар келтіріңіз. 
Бақылау шынайылығы қандай шарттарды сақтау барысында анықталады? 
Бақылау түрлерін атаңыз? Әрқайсысын сипаттаңыз. 
Эксперимент түрлері, олардың жүргізілу алгоритмі көрсетіңіз. 
Тәрбиешінің гностикалық функциясының мәні неде? 
Әрбір  психикалық  функцияның,  әрбір  мінез-құлық  формаларының  дамуы 
қандай жалпы заңдылықтарға бағынады.  
Психиканың даму процесінің барысы қандай ерекшеліктерге бағынышты? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
11 
ЕКІНШІ БӨЛІМ. НӘРЕСТЕЛІК ЖӘНЕ ЕРТЕ СӘБИЛІК ШАҚТАҒЫ 
ДАМУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
2.1 БАЛАНЫҢ ӨМІРГЕ КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
 
Баланың  өмірге  келгенде  бұрынғы  тұрақты  мекенінен  бірден  таныс  емес 
өзгемелі  ортаға  тап  болады.  Баланың  жарық  дүниедегі  өмірін  бойындағы  туа 
біткен  механизмдер  қамтамасыз  етеді.  Ол  жүйке  жүйесінің  ағзаны  сыртқы 
жағдайларға  лайықтауға  белгілі  дәрежеде  әзірлігімен  дүниеге  келеді.  Осылай 
туған  бойда  ағзаның  негізгі  жүйелерінің  жұмысын  қамтамасыз  ететін 
рефлекстер жасалады. 
Алғашқы күндері бала бойынан қорғаныш рефлекстерін байқауға болады: 
терінің қатты тітіркенуі, дененің қорғаныш тартынысы, бетінің алдындағы бір 
нәрсенің  қарауытуы,  қабағын  түюі,  жарыққа  қарашықтың  кішіреюі  және  т.б. 
Олар  тітіркендіргіштерден  қашықтауға  немесе  оның  әрекетін  шектеуге 
бағытталған. 
Бағдарлау  рефлекстері  жаңа  туған  нәрестеден  қорғаныш  реакциясынан 
басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясы түрінде байқалады. Нәресте дүниеге 
келген  алғашқы  үш  күн  ішінде  күшті  жарық  көзіне  қарай  басын  бұратыны 
белгілі.  
Баланың  бағдарлау-тамақтану  рефлекстерін  қарны  ашып  жатқан  кезде 
ересек адам бетіне қарай жақындағанда аузын ашуынан байқауға болады.   
Сонымен қатар балаларда ему рефлексі, жармасу рефлексі, итеру рефлексі 
болады.  Мысалы,  ему  рефлексі  –  бала  аузына  салған  нәрсені  сора  бастайды; 
жармасу  рефлексі  –  алақанына  бірдеңе  тиіп  кетсе,  ол  жармасу  реакциясын 
қоздырады;  итеру  рефлексі  (еңбектеген  кезде)  –  табанына  жанасу,  т.б. 
рефлекстер. 
Демек,  дүниеге  жаңа  келген  нәресте  туғаннан  бастап  көрінетін  шартсыз 
рефлекстер болады. Шартсыз рефлекстер баланың өмір сүруіне көмектеседі.  
Жаңа  туған  нәресте  осы  рефлекстердің  арқасында  тыныс  алу  мен 
тамақтанудың жаңа түрін игереді. Бала  туғаннан кейін өкпе арқылы тыныс ала 
бастайды.  Бұл  бейімделу  рефлекторлық  жолмен  жүзеге  асады.  Өкпе  ауаға 
толғаннан  кейін  бүкіл  бұлшық  ет  жүйесі  бір  қалыпты  тыныс  алуға  кіріседі. 
Тыныс алу жеңіл де еркін орындалады. Сонымен қатар, оральдық тамақтануға 
көшеді.  Оральдық  тамақтану  деп  ауыз  және  ішек-қарын  жолы  арқылы 
тамақтану  аталады.  Тамақтану  ему  рефлексінің  көмегімен  жүргізіледі.  Ему 
рефлексіне  енетін  туа  біткен  қимылдар  бастапқыда  бір-бірімен  дұрыс үйлесім 
таппайды:  бала  емген  кезде  қақалып-шашалады,  тез  шаршайды.  Оның  бүкіл 
әрекеті  тоюға  бағытталған.  Термореттегіштің  рефлекторлық  автоматизмін 
анықтаудың  да  маңызы  зор:  бала  ағзасы  температуралық  өзгерістерге  барған 
сайын жақсы бейімделеді. 
Дүниеге  келу  оның  бойындағы  органикалық  қажеттікті  оттекте,  тағамға, 
жылылыққа  қажеттікті  қанағаттандыруға  бағытталған  мінез-құлықтың  туа 
біткен, инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі 

 
12 
бірден-бір  кезең  болып  табылады.  Аталған  органикалық  қажеттіктер 
психикалық дамудың негізі бола алмайды – олар тек қана баланың өмір сүруін 
қамтамасыз етеді. 
Бала  бойындағы  шартсыз  рефлекстер  мінез-құлықтың  адамдық 
формаларының  пайда  болуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Бұл  –  баланың 
хайуанаттардың  арғы  атасынан  тұқым  қуалайтын  атавизмдік  рефлекстер. 
Жоғарыда  аталған  туа  біткен  рефлекстердің  ішінде  жармасу  рефлексі  мен 
еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара-
бара  жойылады.  Жармасу  рефлексі  жұдырық  түйген  кезде  алақанның 
тітіркенуінен  пайда  болады.  Баланың  психикалық  дамуына,  сыртқы  дүниемен 
өзара  әсер  ету  қабілетін  дамытуға  қажетті  қозғалыстары  жармасу  қимылдары 
негізінде  емес,  саусақтардың  тітіркенуінен  пайда  болатын  қармау  негізінде 
басталады.  Жармасу  рефлексі  бала  қарамауға  үйренуден  бұрын  жойылады. 
Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың 
негізі  болып  есептелмейді.  Нағыз  еңбектеу  аяқпен  итеруден  емес,  қолдың 
қозғалысынан  басталады:  бала  көңілі  ауған  нәрсеге  ұмтылады,  қолын  «кезек 
қозғап», алға жылжиды. 
Қармау  мен  еңбектеу  туған  күннен  бастап  емес,  одан  едәуір  кейін, 
үлкендердің осы қимылдарды үйретуі, жаттықтыруы арқылы қалыптасады. 
Жаңа туған нәрестеде сезім мүшелерін жаттықтырудың маңызы зор. Сәби 
сыртқы әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн-жосықсыз қимылдатып, 
қозғалтумен  жауап  береді.  Алайда  туа  біткен  мінез-құлық  формаларының 
көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздігі емес, керісінше күштілігі болып 
табылады. 
Нәрестенің  негізгі  ерекшелігі  –  жаңа  тәжірибелерді  игеру,  адамға  тән 
мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық 
қажеттілік  дәрежеде  қанағаттандырылса,  онда  олар  кешікпей  өздерінің 
жетекшілік  мәнін  жояды  және  дұрыс  режим  мен  тәрбие  жағдайына  жаңа 
қажеттіліктер  (әсер  алу,  қимыл,  үлкендермен  қарым-қатынас  қажеттіліктері) 
қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады. 
Әсерленуге  ұмтылу  өзінің  негізінде  бағдарлау  рефлексімен  байланысты 
және  баланың  сезім  мүшелерінің  әсерленуге  әзірлігіне  қарай  дамиды.  Жаңа 
туған  баланың  көру  аппараты  мен  есту  аппараты  өмірінің  бірінші  күнінен 
бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы 
жақын маңдағы жарықты ғана, есту  реакциясы тек  анық дыбысты ғана сезеді. 
Өмірінің  алғашқы  апталары  мен  айларында  көру  мен  есту  тез  жетіледі.  Бала 
заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып 
қарайды.  Ол  жай  дыбысқа,  атап  айтқанда  үлкендердің  даусына  елеңдей 
бастайды.  Көру  және  есту  тітіркендіргіштерге  жауап  ретінде  бала  әзірге  сәл 
уақытқа  ғана  аяқ-қолының,  басының  қимылын  тоқтатады,  жылауын  қояды, 
көру және есту шоғырландыруы туады. 
Жаңа туған баланың басты ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене 
қозғалысынан  жылдамдырақ  дамиды.  Баланы  алдымен  қозғалысы  жетілетін 
хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктерді ажыратады. 

 
13 
Көру 
және 
есту 
аппараттары 
жұмысының 
дамуы, 
сыртқы 
тітіркендіргіштерге реакцияны жетілдіру баланың жүйке жүйесінің, ең алдымен 
оның  миының  пісіп  жетілуі  нәтижесінде  жүзеге  асады.  Жаңа  туған  нәресте 
миының  салмағы  үлкен  кісі  миының  ¼-дей  болады.  Баладағы  жүйке 
жасушаларының  саны  үлкендермен  бірдей  болғанымен,  сәбиде  ол  жасушалар 
жеткіліксіз дамыған. Осыған қарамастан туған бойда-ақ (тіпті  шала балада да) 
шартты рефлекстердің пайда болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың 
сыртқы  дүниемен  байланыс  орнатуына  мидың  жоғары  бөлігі  үлкен  ми 
сыңарларының қыртысы қатысатынын дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы 
күннен  бастап  мидың  салмағы  тез  артып,  жүйке  талшықтары  өседі  және 
миелиндік  қорғаныш  қабыққа  оранады.  Мұның  өзінде  әсіресе  сыртқы  әсерге 
байланысты  учаскелер  тез  қалыптасады.  Үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының 
көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе өседі. 
Бірақ,  мидың  өсіп-жетілуі  жаңа  туған  сәбидің  сезім  мүшелерінің  дамуын 
өз-өзінен  қамтамасыз  етуі  мүмкін  деп  ойлау  дұрыс  болмас  еді.  Бұл  даму 
баланың сырттан алатын әсерінің ықпалымен өтеді. Оның үстіне мұндай әсерсіз 
жетілуінің  өзі  мүмкін  емес.  Жаңа  туған  кезеңдегі  мидың  дұрыс  жетілуіне 
қажетті  жағдай-сезім  мүшелерін  (анализаторларды)  жаттықтыру,  соның 
көмегімен  сыртқы  әлемнен  алынатын  әр  түрлі  сигналдардың  миға  өтуі.  Егер 
бала сезіммен байланысты (сенсорлық) оқшаулау жағдайына тап болса (сыртқы 
әсердің жеткілікті мөлшерде болмауы), оның дамуы шұғыл тежеледі. Керісінше, 
егер  сәби  жеткілікті  дәрежеде  әсерленсе,  онда  бағдарлау  рефлекстерінің  тез 
дамуы  (көру  және  естуге  көңіл  тоқтатудың  пайда  болуынан  көрінеді)  пайда 
болады,  кейінгі  қимылдарды  меңгеруге  және  психикалық  процестер  мен 
сапалардың  қалыптасуына  негіз  қаланады.  Баланың  жүйке  жүйесі  мен  сезім 
мүшелерінің  дұрыс  дамуына  қажетті  көру  және  есту  әсерінің  түп  негізі  және 
бұл  өте  маңызды,  осындай  ықпалды  ұйымдастырушы  үлкендер  болады. 
Үлкендер  бір  нәрсені  баланың  бетіне  тақап,  өзінің  бетін  төмен  иіп,  онымен 
сөйлеседі, сөйтіп сәбидің бағдарлау реакциясын белсенді ете түседі. 
Жаңа  туған  нәресте  өмірге  алғашқы  қадамын  шыңғырып  жылаудан 
бастайды,  бұл  ілкіде  шартсыз  рефлекторлы  сипатта  болады.  Алғашқы  айқай-
дауыс  саңылауының  тарылуының  нәтижесі.  Тарылу  алғашқы  тыныс 
рефлекстерін  шығарады.  Кейбір  ғалымдар  бірінші  айқайды  ұнамсыз  сезімнің 
(эмоция)  алғашқы  көрінісі  деп  есептейді:  тарылу  тыныстың  қысылуын 
туғызады.  Осы  жағдайда,  шынында  да,  бұлшық  ет  реакциясы  мен  эмоциялық 
көзқарасты  ажырату  мүмкін  емес,  өйткені  жаңа  туған  нәрестенің  өмірлік 
тәжірибесі  әлі  жоқ.  Алайда  сәби  жылу,  ұйқы,  тамақтану  қажеттілігіне 
байланысты  ұнамсыз  түйсіктерге  алғашқы  күннен  бастап-ақ  шыңғырып 
жылаумен  жауап  береді  деп  сендіруге  әбден  болады.  Баланың  жылауы  оның 
қарны  ашуымен,  жаялығының  сулануымен  т.б.  негізделеді.  Дұрыс  тәрбие 
жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарлық «іңгәсі» қарсылық сезімін күштірек 
білдіретін  жылауға  ауысады.  Жылау  әртүрлі  қиналудың,  дененің  ауруы  ма 
немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады. 
Ұнамды  көңіл  күйді  білдіретін  жымиып  күлу  жылаудан  кейін  пайда 
болады.  Жағымды  сезімнің  алғашқы  белгілері  жымиып  күлу  сәби  дүниеге 

 
14 
келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде 
ол  баланың  көзі  бір  нәрсеге  түскенде,  немесе  үлкендердің  жылы  көз  айтып, 
еркелете  шақырғанына  жауап  ретінде  байқалады.  Бұдан  мынадай  қорытынды 
шығаруға  болады:  жағымды  сезімнің  пайда  болуы  үшін  тек  органикалық 
қажеттіліктің ғана қанағаттандырылыуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана 
жойып,  бала  қуанышты  әсерге  бөленетіндей  жағдай  жасайды.  Бірақ  мұндай 
қуаныш  әлдебір  әсер  алудан,  әсіресе  үлкендерге  байланысты  әсерленуден 
шығады. 
Бірте-бірте  балада  үлкендерге  бағытталған  жандану  комплексі  деп 
аталатын  ерекше  әсерленгіш  қозғаушы  реакция  пайда  болады.  Жандану 
комплексі  дегеніміз  баланың  өзіне  қарап  еңкейген  адамға  көз  тоқтатуы,  оған 
жымиып  күлімсіреуі  қолдары  мен  аяқтарын  қозғап,  жай  дыбыстар  шығаруы. 
Үлкендермен  қарым-қатынас  жасау  кезінде  туған  бұл  көріністер  –  баланың 
алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған 
кезең мен нәрестелік кезең арасындағы шекара болып табылады. 
Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи 
қажеттіліктерін  қанағаттандырады:  тамақтандырады,  шомылдырады,  бір 
жағынан  екінші  жағына  аударады.  Үлкендер  балалардың  әр  түрлі  әсерленгіш 
қажеттілігін  де  қанағаттандырады:  оны  қолға  алғанда  сәби  біраз  көңілденіп 
қалады.  Далаға  шыққанда  үлкендердің  көмегімен  бала  көптеген  заттарды 
байқайды,  олардың  қозғалғанын  көруге,  қолын  тигізуге,  содан  кейін  ұстауға 
мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезу әсерлерін үлкендерден алады. 
Жандану  комплексінің  өзінде-ақ  баланың  үлкендерге  деген  жағымды 
эмоциялық  көзқарасы,  онымен  қарым-қатынас  жасағаннан  қанағат  алатыны 
байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді. 
Үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл-күйінің жақсы болуына 
мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына 
үлкен  кісі  жақындаса-ақ  болды,  оның  көңілі  көтеріліп,  ашуы  басылады  да, 
өзінен-өзі  тағы  да  жалғыз  қалып,  жаңа  ғана  жаратпай  тастаған  ойыншығымен 
қайтадан  ойнай  бастайды.  Туғанына  төрт-бес  ай  болғанда  үлкендерді  таңдап 
қарайтын  болады.  Сәби  өз  үйінің  адамдарын  басқалардан  ажырата  бастайды, 
таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады. 
Баланың  дамуында  зор  маңызы  бар  эмоционалдық  қарым-қатынас 
қажеттілігі  әрине,  жағымсыз  қылықтар  жасауға  да  әкеліп  соқтыруы  мүмкін. 
Егер  үлкен  адам  үнемі  баланың  қасында  болуға  ұмтылса,  онда  бала  осыған 
үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай-ақ 
жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды. 
Дұрыс  тәрбие  әдістері  үстінде,  нәрестелік  шаққа  тән  тікелей  қарым-
қатынас  (қайткенде  де  қарым-қатынас  жасау  керек  болғандықтан),  кешікпей 
белгілі  бір  затпен  ойыншықпен  жасалатын  қатынасқа  ауысады  да  үлкен  кісі 
баланың  бірлескен  іс-әрекетіне  айналады.  Үлкендер  баланы  әлдебір  заттық 
дүниеге  ендіреді,  оның  назарын  заттарға  аударып,  олармен  не  істеуге 
болатынын  сан  алуан  әдістермен  көрнекі  көрсетіп,  балалардың  қимылын 
бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі. 

 
15 
Үлкен  адам  мен  баланың  бірігіп  қимыл  жасауы  үлкен  адамның  нәресте 
қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару 
үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады. 
Бала  мен  үлкен  кісінің  бірлескен  іс-әрекетінде  бүкіл  нәрестелік  кезеңде 
ересектердің  іс-әрекетіне  еліктеу  қабілеттілігі  зор  маңыз  алады.  Ол  үйрету 
мүмкіндіктерін  барынша  кең  ашады.  Жеті-он  айда  бала  үлкендердің  сөзін, 
қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер еткен қимылды сол бойда емес, біраз 
уақыт  өткен  соң,  кейде  бірнеше  сағаттан  соң  қайталайды.  Бірнеше  рет 
көріскеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын кездері аз болмайды. 
Нәрестелік  шақтың  соңында  балалар  үлкендердің  көптеген  қимылдарын 
қайталап,  оларда  еліктеушілік  пайда  болады.  Үстелге  жайылған  дастарханды 
шүберекпен  қалай  сүртетінін  бақылаған  бала,  ыңғайлы  келіп  кеткен  бойда 
қолына түскен мата бұйыммен сүрте бастайды. 
Баланың  үлкендердің  басшылығымен  меңгеретін  қимылдары  психикалық 
дамудың  негізін  жасайды.  Сонымен,  нәрестелік  шақтың  өзінде  баланың 
психикалық  дамуының  жалпы  заңдылығы  айқын  көзге  түседі,  ондағы 
психикалық процестер мен сапалар тұрмыс жағдайының, тәрбие мен үйретудің 
шешуші әсері бойынша қалыптасады. 
Нәрестенің  үлкендерге  тәуелділігі  баланың  болмысқа  (және  өз-өзіне) 
қарым-қатынасы  әрқашан  басқа  адаммен  қарым-қатынас  жасау  призмасы 
арқылы  көрінеді.  Басқаша  айтқанда,  баланың  болмысқа  қарым-қатынасы 
әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады. 
Үлкендер  баланың  өсіп  отырған  қажеттерін  қанағаттандырып  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге  оны  заттармен  қызмет  істеуге  үйретеді.  Ол  белгілі 
дәрежеде баланың мінез-құлқын бағалап, күлімсіреп қостайды, егер сәби дұрыс 
істемесе,  қабағын  түйіп,  саусағын  безейді.  Соның  арқасында  бала  бірте-бірте 
жақсы әдетке үйреніп, өзін дұрыс ұстауға үйренеді. 
Үлкендермен  қарым-қатынастағы  қажеттіліктің  артуы  кейде  қарама-
қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей 
білген кезде ғана шешіледі. 
Қарым-қатынастың  қажеттілігі  сөйлеуге  еліктеудің  пайда  болуының 
негізін  қалайды.  Өзімен  үлкендер  сөйлескен  кезде  бала  ерте  бастан-ақ  бірден 
тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін үш айдан соң, егер баланың 
көңіл  күйі  жақсы  болса,  ол  уілдеп,  дыбыс  шығарады.  Үлкендер  балаға 
жақындап  еңкейсе,  бұл  уіл  күшейе  түседі.  Бала  өзі  шығарған  дыбысқа  құлақ 
қойып  тыңдайды.  Кейде  ол  өзіне-өзі  еліктеп,  ілкіде  өзі  кенеттен  шығарған 
дыбысын ұзақ қайталайды. Бірқатар кейінірек (туғаннан соң төрт ай шамасында) 
бала дыбысты мейлінше анық шығара алатын болады. Мысалы, оны тербетіп, 
«а-а-а!  а-а-а!»  деп  әндеткен  кезде  нәресте  дыбыстың  өзі  болмағанымен  оның 
ырғағын («ы-ы-ы! немесе «о-о-о!» деген дыбыс шығуы мүмкін) міндетті түрде 
қайталайды. 
Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған небір жылы 
сөздер  айтады.  Өзара  сөйлеспейінше  өмір  сүру  мүмкін  еместігін  білетіндіктен 
адамдар  баланың  жауап  қатуына  қол  жеткізуге  ұмтылады.  Бала  бұл  үшін  ең 
қолайлы материал екенін айтуымыз керек. Сөйлеудің эмоциялық үнін бала тез 

 
16 
түсінеді.  Эмоциялық  көңіл  күй  баланың  жалпы  белсенділігін  арттырады. 
Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан 
дені  сау  бала  былдырлап  сөйлегіш  келеді.  Түрлі  буынды  дыбыстар  шығарып, 
оны  ұзақ  уақыт  қайталайды,  үлкендер  айтқан  буындарды  қайталап  айтуға 
тырысады. 
Былдырлау  арқылы  сәби  қарым-қатынас  жасауға  әзірлігін  білдіреді,  жаңа 
сөздерді ажырата және айта білуге үйренеді. Осындай дыбыстар шығару балаға 
қызық,  сондықтан  ол  кейде  ұйықтап  жатып  та  былдырлайды.  Баланың  сөздік 
қорының  дамуы  үшін  бұл  былдырлаудың  маңызын  асыра  бағалау  қиын. 
Былдырлай  жүріп,  бірте-бірте  ерін  мен  тілдің  қимылы  және  тыныс  алу 
жетілдіріле береді. Осындай әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген 
тілді меңгере алады. 
Егер  бала  дүниеге  келген  алғашқы  айларда  үлкендер  сөзді  оған  деген 
өзінің  көңіл  күйін  білдіру  үшін  пайдаланса,  шамамен  нәрестелік  шақтың 
жартысынан  бастап,  олар  баланың  айтқанды  түсінуін  дамыту  үшін  арнайы 
жағдай  жасауға  тырысады.  Баланың  сөзді  түсінуі  алғашында  көру  қабылдауы 
негізінде  пайда  болады.  Баланың  сөзді  түсінуге  үйрету  процесі  әдетте  былай 
құрылады.  Ересек  адам  сәбиден  әлдебір  нәрсенің  атын  атап:  «Қайда?»  -  деп 
сұрайды. Сұрақ нәрестенің үлкен кісінің мінез-құлқына бағдарлау реакциясын 
тудырады.  Әдетте  аталған  затты  сол  жерде  көрсетеді.  Осы  қимылды  бірнеше 
рет  қайталағаннан  кейін  үлкен  кісінің  аузынан  шыққан  сөз  бен  көрсеткен 
затының  арасында  байланыс  пайда  болады.  Бұл  байланыстың  қалыптасуы 
жаңағы зат тұрған жердегі жалпы реакциядан және сұрақ берген кездегі дауыс 
ырғағынан басталады. Нәрестелік шақта балаға арналып  
Бала  дүниеге  келген  бірінші  жылдың  соңында  заттың  аты  мен  заттың 
өзінің  арасында  байланыс  пайда  болады.  Байланыс  сол  затты  іздеп  табудан 
көрінеді. Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады. 
Маңыздысы сол, бала үлкендердің сұраған нәрсесін оған қарау үшін ғана 
іздемейді, қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді. 
Үлкен  кісі:  «  ана  зат  қайсы?»,  «мына  зат  қайсы»  -  деп  сұрайды  да,  бала  оған 
«Ол, міне!»  - деп жауап беру үшін әлгіні іздейді. Үлкендердің сөзіне түсінуге 
байланысты  эмоционалдық  қатынас  жасау,  әдетте,  баланы  зор  қуанышқа 
бөлейді. 
Заттың  атын  атаған  сөзге  құлақ  асу  бала  мүмкіндігінің  дамуына 
байланысты  болады:  әуелі  бала  әлгі  нәрсеге  жай  ғана  қарайды,  біраздан  соң 
оған  ұмтылады,  ақырында  жаңағы  затты  үлкендерге  алып  береді  немесе 
алыстан қолымен нұсқап көрсетеді. 
Жылдың соңында сәби үлкендердің сөзіне сөзбен жауап беруі және сөйлеу 
реакциясы  пайда  болуы  мүмкін.  Мұндайда  көбіне-көп  «Папаң  қайда?»  деген 
сұраққа  жауап  ретінде  сәби  басын  әкесіне  бұрып,  «Па-па»,  -  деп  қуана  тіл 
қатады.  «Балалар  қайда?»  -  десек,  сәби  көңілденіп  балаларға  қарайды  да,  «ба-
ла»  -  деп  қайталайды.  «Сағат  қайда?»  -  сәби  көңілденіп  секіреді,  сағатты 
көзімен  көрсетіп:  «Са»  немесе  «Са-Са»  -  дейді.  Әдетте  бір  жасқа  толған  сәби 
төрттен  он-он  бес  сөзге  дейін  айта  алады.  Көбіне  ер  балалардың  тілі  кеш 
шығады.  Оның  енжар  сөздік  қоры  неғұрлым  мол  болады.  Олар:  1) 

 
17 
ойыншықтардың,  ыдыстың,  киімнің  аты,  2)  «Бер!»,  «Жап!»,  «Жоқ!»,  «Кел», 
«Мә!»,  «Тап!»  -  деген  сияқты  бұйрық  райлы  сөздер;  3)  белгілі  бір  жағдайда 
адамның адамға қатысын білдіретін: мама, папа, әже, балалар, апа, аға  – деген 
сөздер. 
Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін бала 
үлкендермен өзі байланыс жасап, одан тағы да жаңа заттардың атын үйретуді, 
талап  етеді.  Сөйтіп,  нәрестелік  шақтың  соңында  сәби  сөйлеуге  ықыластана 
кіріседі,  сөйлеу  баланың  үлкендермен  қарым-қатынасын  ұлғайтудың  маңызды 
құралына айналады. 
Бала  дүниеге  келген  алғашқы  бір  жыл  ішінде  кеңістікте  қозғалып, 
заттармен  іс-әрекет  жасауды  үйрену  арқылы  елеулі  табыстарға  жетеді.  Ол 
басын  дұрыс  ұстап,  отырып,  еңбектеп,  тәй  тұрып,  қаз  басуға  үйренеді.  Көзіне 
көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, 
лақтырады,  кереуетке  соққылайды  т.б.  Осы  іс-әрекеттердің  бәрі  адамға  тән 
мінез-құлық  формаларын  біртіндеп  игерудің  баспалақтары  іспетті  болады. 
Осындай  прогрессивті  қимылдар  және  іс-әрекеттермен  қатар,  дұрыс  тәрбие 
болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар 
баланың  онан  әрі  дамуына  жағдай  жасамайтыны  былай  тұрсын,  қайта  кедергі 
келтіреді. Бұған саусағын сору, бетіне апараған қолды қарағыштау, қолы-басын 
шұқылау,  төрт  аяқтап  теңселу  жатады.  Прогрессивті  және  тұйық  қимыл 
түрлерінің  айырмашылығы  мынада,  алғашқысы  жаңа  әсер  алуға,  заттармен 
және  оның  қасиеттерімен  танысуға  көмектессе,  екіншісі  баланы  сыртқы 
дүниеден  аулақтатады.  Мәселен,  саусақ  сору  қалған  реакцияның  бәрін  көпке 
дейін  тежейді.  Бала  аз  қозғалатын  жалқау  болады,  ештеңеге  көңіл  бөлмейді, 
ештенеге көз тоқтатып қарамайды. Оның саусақ соруын қойғызу қиынға түседі. 
Қимыл  мен  әрекеттің  прогрессивті  түрлері  үлкендер  балаға  үнемі  көңіл 
бөліп отырғанда, оның мінез-құлқына бағыт бергенде ғана дұрыс қалыптасады 
және оның психикалық дамуы үшін  маңызы зор болады. Сонымен бірге, олар 
дамудың  бала  жеткен  дәрежесінің  көрсеткіші  болып  табылады.  Әсіресе 
кеңістікте  еркін  қозғалудың  (еңбектеу,  содан  соң  жүру),  бір  нәрсені  ұстап, 
онымен әр түрлі қимыл жасаудың рөлі зор. 
Еңбектеу  –  баланың  өздігінен  бір  жерден  екінші  жерге  қозғалуының 
алғашқы  түрі.  Бақылаулар  көрсеткендей,  көпшілік  балалар  алғашқы  жарты 
жылдың  соңында,  екінші  жарты  жылдың  басында,  әлдебір  тартымды 
ойыншықты  алуға  тырысқанда  еңбектей  бастайды.  Бала  ойыншыққа  қарай 
берсе  оң  қолын,  біресе  сол  қолын  созып  талпынады,  оны  ұстауға  ұмытылып 
аздап  ілгері  жылжиды.  Бірте–бірте  бір  жерден  екінші  жерге  орын  ауыстыру 
қозғалысы  бекіндіріліп,  қозғалу  тәсіліне  айналады.  Бастапқыда  пайда  болған 
жер бауырлап еңбектеу кейін тізерлеп бауырын көтеріп еңбектеуге ауысады.  
Өздігінен жүруді – бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән 
әдісін үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік басып 
тұруға, бірдеңені жағалап тәй–тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға, бірдеңеге 
сүйеніп жүруге үйренеді. Рас, еңбектеген бала ойлаған жерін бару үшін жүруге 
асыға қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер 
әзірлеу тиіс.  

 
18 
Жүре  бастаған  бала  еңбектеуін  бірден  қойып  кетпейді.  Әдетте  оған 
жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да ол  алысырақ жатқан нәрсеге тезірек 
жету  үшін  еңбектей  жөнеледі.  Алайда,  үлкендердің  қолдауымен  болған  жүру 
әдісі  кешікпей–ақ  үйреншікті  іске  айналады.  Бұл,  әдетте,  нәрестелік  шақтан 
кейін жүзеге асады. 
Бірдеңеге  жармасу  туғаннан  соң  үш-төрт  ай  өткенде  басталады.  Керуетте 
немесе  манежде  жатқан  бала  қолын  кеудесінен  жоғары  көтеріп,  бір  қолымен 
екіншісін  сипағандай  болады.  (  Бірақ  бұл  қимыл  сырттай  қарағанда  ғана 
сипаған сияқты. Нағыз сипау, яғни заттың қасиеттерін сезіну арқылы анықтау 
зерттеу  көрсеткендей,  оқу  жасына  дейінгі  кезеңнің  аяғында  ғана  мүмкін 
болады).  Егер  үлкен  адам  баланың  қолына  бір  зат  ұстатса,  ол  содан 
айырылмауға  тырысады.  Кешікпей  бала  ілулі  тұрған  нәрсеге  өзі  ұмтыла 
бастайды,  бірақ  көп  уақытқа  дейін  ауып  кете  береді,  ал  ойыншыққа  қолы 
жеткеннің өзінде де оны ұстай алмайды. Тек төрт жарым–бес айлық бала ғана 
ілулі тұрған ойыншыққа қолы еркін жетіп, көп кешікпей алты ай болғанда бір 
қолымен ұстай алады. Әрине бұл бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз 
емес. Мұның өзі әлі жетіліп болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармай, доғаша 
иіліп,  көбінесе  басқа  жаққа  бұрылып  кетеді.  Бала  барлық  затты  бірдей, 
саусақтарын алақанына бүгіп тұрып ұстағысы келеді.  
Бала  туғаннан  кейінгі  екінші  жарты  жылдықта  жармасуды  онан  әрі 
жетілдіре түседі: біріншіден, қолды затқа қарай тура созатын болады, екіншіден, 
үлкен  саусақты  қалған  саусақтарға  қарсы  қоюы  жетіледі,  сөйтіп  бала  заттты 
саусақтармен  ұстауға  көшеді.  Қолды  затқа  біртіндеп  жақындату  шамамен 
балаға  сегіз  ай  болғанда,  ал  қолды  көздеген  нәрсесіне  ауытқытпай  тура  апару 
бір  жасқа  толғанда  мүмкін  болады.  Затқа  жармасып,  онан  соң  саусақтардық 
көмегімен ұстап тұру жеті –сегіз ай болғанда қалыптасады да, жасқа толғанша 
жетілдіріле  береді.  Саусақтардың  қалай  орналасуы,  әдетте  қандай  нәрсені 
ұстайтынына  байланысты:  допты  саусақтарын  тарбитып  ал  жіпбауды  үлкен 
және  сұқ  саусақтарының  ұшымен  ұстай,  кубикті  ұстағанда  саусақтар  оның 
қырларында жатады.  
Бала затты қолына ұстай алатын болысымен-ақ онымен әртүрлі қимылдар 
жасай бастайды. Алғашқы қимылдары өте қарапайым келеді. Сәби затты ұстап 
тұрады  да,  содан  соң  қоя  беріп,  екіншісін  қарап  алады.  Затты  қолында  ұстап 
тұрып бала оны алдымен көзіне жақындатады, қарайды, ауызына апарады, оны 
сілкілейді.  Затпен  қимыл  жасаудың  ерекше  айырмашылығы  сол,  ол  алдымен 
баланың назарын аударған затқа бағыттайды.  
Бірақ көп кешікпей затпен қимыл жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым 
қимылдардың  өзі  (затты  сілкілеу,  итеру,  қысу)  белгілі  бір  нәтижеге  қол 
жеткізеді: ойыншықты кеңістікте орналастыру, оны жақындату және алыстату, 
сылдырмақ ойыншықтарды сылдырлату, қуыршақ немесе ойыншық жануарлар 
мен  аңдардың  дыбыстарын  шығару.  Бала  осы  нәтижені  байқап, 
ыждағаттылықпен қайталайтын болады. 
Бала  дүниеге  келгеннен  кейінгі  алғашқы  жарты  жылдың  аяғы  мен  екінші 
жарты  жылдың  басында  жасалған  қимылдардың  нәтижесінде  баланың  затпен 
әр түрлі қимыл жасағанда пайда болған өзгерістеріне көңіл бөлуі пайда болады. 

 
19 
Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда нәресте бір емес, 
екі  затпен  бірдей  әрекет  жасай  бастайды.  Мұндай  іс-әрекеттің  қарапайым 
мысалы  –  бір  сылдырмақты  екіншісіне  ұрғылау.  Осыдай  нәтижеге  бағыттау 
әбден  түсінікті  бола  түседі.  Сәби  табандылықпен  бір  затты  екінші  затқа 
жақындатуға, үстіне қоюға немесе біріне–бірін кигізуге, қыстыруға тырысады. 
Сонымен,  іс–әрекеттің  жеткен  нәтижесі  енді  заттың  белгілі  бір  орынға  түсуі 
немесе  екі  затты  белгілі  бір  тең  жағдайға  келтіру  болып  табылады.  Осындай 
нәтижеге  бір  рет  қолы  жеткен  бала  іс–әрекетті  қайталап,  сол  нәтижеге  қайта–
қайта жетеді.  
Бір  жастың  соңына  қарай  баланың  заттармен  түрлі  заттармен  қимылдар 
жасауында  жаңа  маңызды  ерекшелік  пайда  болады.  Сырт  қарағанда  іс-әрекет 
негізінен бұрынғы сияқты болып қала береді: жерге қою, жатқызу, өткізу, ашу 
т.б.  бірақ  олар  бұрынғыдан  гөрі  неғұрлым  дәл  орындалады.  Мұндағы 
айырмашылық  мынада:  егер  бала  бұрын  өзіңнің  қимылын  бір  ғана  тәсілмен 
(әдетте,  үлкендердің  көрсетуі  бойынша)  және  бір  ғана  заттың  айналасында 
жүргізсе,  енді  сол  үйреншікті  істі  мүмкін  болған  заттың  бәрімен  қайталауға 
тырысады.  Кейде  әлгі  заттың  ерекшелігіне  қарай  қимылдың  түрін  өзгертіп 
отырады. 
Дамудың  бұл  кезеңінде  балалар  өз  қимылдарының  тура  нәтижелерін  де 
байқап, соны қайталауға тырысады. 
Сонымен,  қолына  түскен  затпен  түрлі  қимыл  жасауды  дамыту  затқа 
бағытталғын  қимылдың  нәтижесін  бағдарлауға  көшу  арқылы,  онан  әрі  жетер 
нәтижені  күрделендіру  жолымен  жүзеге  асады.  Басында  бұл  бір  заттың  көзге 
көрінбейтін  қасиетін  (мысалы,  дыбыс  шығару)  жария  ететін,  содан  соң  екі 
бірдей  нәрсені  өзара  байланысты  жағдайда  орналыстыратын  немесе  қимылды 
тікелей  емес,  жанама  байланыс  арқылы  әлде  бір  өзгеріске  жеткізетін  орын 
ауыстыру, яки өзгерту арқылы болады. 
Айналасындағыларға  бағдарлануды  дамыту  жолдары.  Бала  қимыл  мен 
әрекетттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдерген сайын, оның қоршаған 
кеңістіктегі,  заттардың  қасиеттері  мен  қатынасын  бағдарлауы  қалыптаса 
түсетіні анықталып отыр. Баланың бағдарлауы әлі де болса бөлек-бөлек сипатта 
болмайды- одан кейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау т.б. сияқты жеке салаларды 
бөліп алу қиынға түседі. 
Нәрестенің  мінез-құлқын  сипаттаған  кезде,  «бала  бақылайды»,  «  бала 
таниды»,  «бала  аңғарып  тұр»,  «бала  түсінеді»  дегенді  жиі  қолданамыз.  Бірақ 
мұндай сөздерді тек шартты түрде ғана қолдануға болады. Өйткені бұл сөздер 
үлкендердің  байқағанын  байқап  тұр  деп  айтуға  әзірміз.  Бала  өзіне  бұрынан  
таныс  сылдырмаққа  ұмтылып,  қолына  алған  бойда  сілкілеп,  оның  дыбысына 
құлақ түреді. Соны көрген бізге: ол сылдармақты таныды, осылай шынында бұл 
тек  үлкендерге  ғана  тән  қасиет  қой.  Бірақ  бала  мінез-құлқын  бұлайша  түсіну 
ешбір  ғылымға  негізделмеген,  және  оның  қасиеттерін  қабылдауға,  оны  көз 
алдына  келтіріп,  ол  туралы  ойлауға,  оны  қимылдатқанда  қандай  нәтиже 
беретінін  алдын  ала  болжауға  әлі  әзір  емес.  Мұның  бәрі  біртіндеп,  қоршаған 
дүниемен  танысу  барысында  пайда  болады.  Жәнеде  осы  танысудың  басты 
құралы сәбидің қимылы мен әрекеті болып табылады.  

 
20 
Туғаннан  кейінгі  екінші  жарты  жылдықта  балада  өзін  қоршаған  дүниені 
және ондағы заттарды зерттеп білуге деген ерекше болжау, барлау қимылдары 
пайда болғанын байқаймыз. 
Нәрестелік  кезеңнің  басында  көру  аппаратты  мен  есту  аппаратының 
жұмысын  дәлдеу  жүзеге  асырылады.  Оларды  жаттақтыруға  байланысты  көру 
мен естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен 
естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, үш- төрт айға 
дейін, яғни еңбектегенде, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет жасағанға 
дейін  бұл  жетілдіру  негізінен  аяқталады.  Бала  кез  келген  бағытқа,  кез  келген 
жылдамдықпен,  кез  келген  қашықтықта  жылжыған  нәрсені  көзімен  бақылай 
алады. Ол іс жүзінде нәрсеге қанша уақыт болса да қадалып қарап тұра алады 
(25 минутқа дейін және одан да көп). Көздің инициативті қимылы деп аталатын 
– назарын ешқандай сыртқы себептің әсерінсіз–ақ бір нәрседен екінші нәрсеге 
аудару пайда болады. Дыбысқа құлақ түру де ұзаққа созылады.  Әлдебір елеусіз 
дыбыстың  өзі  де  баланың  көңілін  бөледі.  Көру  мен  есту  өзара  бірігеді:  бала 
дыбыс  естілген  жаққа  басын  бұрып,  көзімен  дыбыстың  қайдан,  неден 
щыққанын іздейді.  
Бала  көріп  және  естіп  қана  қоймайды.  Ол  сонымен  бірге  көргеннен, 
естігеннен  әсер  алып,  қанағаттанғандық  сезімге  бөленеді.  Жарқырауық  әсем 
безендірілген,  қозғалып  тұратын  заттар,  дыбыстар  –  музыка  дыбысы,  адам 
даусы  оның  назарын  өзіне  аударады.  Мұның  бәрін  жай  қарап  отырап–ақ 
аңғаруға болады. Бірақ бала нені көрді, одан алған әсерін қалай түсінеді деген 
сұраққа бақылау жауап бере  алмайды. Бұл жерді эксперимент көмекке келеді. 
Үш  айлық  балалармен  жасалған  эксперимент,  олардың  күрделі  де  жазық 
геометриялық  фигуралардың  түсін,  көлемін  жақсы  ажырататынын  көрсетті. 
Әртүрлі  түстің  балаға  түрліше  әсер  ететін  де  анықталды,  әдетте  жарқырауық 
және  ақшыл  түс  балаға  көбірек  ұнамды  келеді  (  әрине,  мұны  жұрттың  бәріне 
бірдей  тең  есептеуге  болмайды,  әр  баланың  жеке  «талғамы»  болады).  Осы 
жастағы  балалардың  жаңалықты  сезгіш  келетініне  де  көз  жетті:  егер  бұрын 
баланың көзі көп түсіп жүрген заттардың жанына одан түсі де, пішіні де өзгеше 
зат қойылмаса, сәби оны байқап қалып назарын толығымен соған аударып, оны 
ұзақ уақыт қарайды. 
Демек,  баланың  көру  әлемі  бірінен  –  бірі  өзгеше  ауыспалы  әсерлерден 
тұрады.  Олар  кейде  тартымды,  екінші  жағдайда  тартымсыз  болып  келеді. 
Алғашында  нәресте  бұл  әсерлерді  кеңістікте  орналастырған  заттармен 
байланыстырылмайды.  Ерекше  жерге  немесе  ерекше  жағдайда  қойлған  нәрсе 
(мысалы,  төңкеріп  қойлған)  бала  үшін  жаңа  нәрсе  болып  көрінеді.  Тіпті 
кейінірек  анасын  жақсы  танитын  кезде  анасы  жаңа  көйлек  киіп  көрінсе,  ол 
қорқып  жылайды.  Ал,  алты  айлық  бала  өзінен  бірі  25  сантиметр,  екіншісі  75 
сантиметр қашықтықта жатқан сылдырмақ ойыншыққа, олар біріне қолы жетіп, 
екіншісіне жетпейтініне қарамастан, екеуіне бірдей ұмтылады.  
Бала қимыл–әрекеттің әр түрі қалыптаса бастаған кезде оның алдына жаңа 
міндеттер  пайда  болды.  Олар  мінез–құлықты,  кеңістікте  қозғалуды,  заттарды 
ұстап,  онымен  түрлі  қимыл  жасауды  бағыттап,  реттеп  отыруы  тиіс.  Бірақ 
көрудің бұған ешқандай да әзір емес екендігі байқалады. Ол тек қана баланы іс–

 
21 
әрекетке ұмтылдырып, өзінің көңілі ауған нәрсені жанына жақындатуға (немесе 
оған өзі жақындауға) итермелейді. Дегенмен оны қалай жүзеге асыру керектігі 
жайлы ештеңе айта алмайды.  
Айнадай жердегі затқа еңбектеп барып ұстау үшін, оны бір жерден екінші 
жерге  қозғау,  қуыршақтың  шиқылдаған  дауысын  шығару  үшін,  ыдыстың 
қақпағын  жауып,  шығыршықты  ілу  үшін  көп  нәрсені  заттың  тұрған  бағытын, 
қашықтығын, формасын, көлемін, салмағын, иілгіштігін т.б. «есепке алу» керек. 
Баланың көздері осының бәрін айыра бермейді. Ол заттан әр түрлі әсер алады, 
бірақ  олардың  айырмасы  неде  екенін  және  нені  білдіретінін  оған  түсіндіруге 
тура келеді. Бұлай түсіндіру бүкіл балалық шақ бойына жүргізіледі. Нәрестелік 
кезеңдер  кеңістікте  жатқан  заттың  қасиетіне  қарай  әр  түрлі  қимыл  мен  іс–
әрекетке бейімделу басталады.  
Нәрестінің сыртқы қимылдар мен іс–әрекеттердің көмегімен орындалатын 
қоршаған  дүниені  бағдарлауы  психикалық  процестердің  (қабылдау,  ойлау) 
көмегімен  орындалатын  бағдарлаудан  бұрын  пайда  болады  және  оның  негізі 
болып табылады.    
Баланың  кеңістікпен  қалай  танысатынын  оны  өзінің  көңілін  аударған 
нәрсеге  қарай  қолын  қозғайды  жетілдіру  мысалынан  көруге  болады. 
Жармасудың  алғашқы  даму  кезінде  көз  заттан    әсер  алады,  бірақ  оның 
қашықтығын    да,  бағытын  да,  ажырата  алмайды.  Баланың  қолы  бірден  сол 
нәрсеге қарай созылмайды, көрінізше кеңістікте  оны ұстауға қарманады, және 
де көбіне мақсатына тынады. Бірте-бірте көз қолдың қимылын бақылап, оның 
мақсатқа  жақындағанынын  не  алыс  кеткенін  байқай  бастайды,  осыған  қарап 
түзету  енгізіп  отырады.  Іс  жүзінде  кеңістікті  меңгеру  (көздегеніне  жету) 
қашықтық  пен  бағытты  көзбен  бағдарлаудан  едәуір  бұрын  мүмкін  болады. 
Қолдың  затқа жүйелі түрде жақындауы (бала дүниеге келгеннен екінші жарты 
жылдықта  бақыланады)  көз  қолдың  қимылын  бақылай  отырып,  ақырында 
нәрсенің  жатқан  жерін  айыруды  үйренгенін  дәлелдейді.  Бір  жасқа  толған 
шағында ғана нәрсені «көрмей–ақ» ұстай алу мүмкін болады: бала ойыншыққа 
қарап  тұрады  да  бірденеге  көңілі  бөлініп,  мойынын  басқа  жаққа  бұрғанмен, 
көрмей–ақ  тура  ұстайды.  Демек  әуелі  көрген  кезде  көз  ойыншықты  тұрған 
жерін дұрыс байқап, қолға тиісті «бұйрық» беріп үлгерген болып шығады.  
Айналасын  қоршаған  кеңістікпен  танысуға  көз  бен    қимылдың  қалай 
қатысатындығының  басқа  бір  мысалын  «көрініп  тұрған  ылдиға»  эксперимент 
жасаған  баланың  мінез–құлқын  зерттеген  кезде  көруге  болады.  Эксперимент 
өткізу  үшін  айналасы  ағаш  кедергімен  көмкерілген  арнаулы  ұзын  үстел 
алынады.  Үстелдің  үсті  жарқырауық  қалың  әйнек.  Үстелдің  бір  жартысы 
тікелей  әйнек  астынан  тақтаймен  жабылған  да  екінші  жартысы  ашық.  Сол 
себепті  де  әйнектен  еден  көрініп  тұр.  Үстелдегі  тақтай  мен  еден  шахмат 
тақтасындай торкөздендіріліп, ақ және қарамен боялған. 
Эксперименттің  мәні  мынады,  еңбектеп  жүрген  баланы  үстелдің  қақ 
ортасына  қояды.  Содан  соң  шешесі  біресе  үстелдың  тақтаймен  жабылған 
жағына, біресе әйнек арқылы «ылди» көрініп тұрған жағына келеді де, баланы 
өзіне  шақырады.  Мұндай  жағдайда  сәби  үстелдің  жабық  бөлігімен  қызыға 
еңбектейді  де,  «ылдиға»  жақындағанды  тоқтап  қалады.  Ал,  туғанына  тоғыз 

 
22 
айдан  асқан  сәбилерден  көбіне  айқайға,  жылауға  айналатын  қорқыныш 
реакциясы байқалады. Мұндай балалар онан әрі қозғалудан бас тартады. Демек, 
олар  әйнек  астындағы  ашық  алңды  құлап  кетуі  мүмкін  тереңдік,  ылди  деп 
ұғады.  Ал,  туғанына  алты-тоғыз  ай  болған  балалар  өздерін  басқаша  ұстайды. 
Олар  ылдиға  таңдана  қарап,  әйнекті  қолымен  қозғайды,  кейде  оның  үстін 
саусағымен тырналайды, т.б. егер шешесі баланы өзіне шақыруын қоймаса, ол 
аз  ғана  кідірістен  кейін,ештеңеге  көңіл  аудырмастан  ылдиға  қарай  еңбектей 
жүреді. Кішкене балалардың мінез-құлқынан мұнаны байқаймыз: олар ылдида 
көруін көреді, бірақ одан құлаймын деп қорықпайды, қайта ол әдеттегі белгілі 
жайдан көрі жаңа әсерге бөлейді, сол себепті оның көңілін аударады.  
Осындай  жаңалыққа  реакция  тереңдікті  көзбен  сезінуге  қалай 
айналатынын  сәбилер  «көрініп  тұрған  ылдиға»,  яғни  әйнекпен  жабылмаған 
ылдиға тап болған эксперименттен көреміз. Эксперимент жасау үшін алдыңғы 
сияқты,  бірақ  әйнегі  жоқ  және  ылдиы  тайыз  ,  етегіне  жұмсақ  төсеніш  төсеген 
үстел  пайдаланылады.  Бала  шешесінің  шақыруымен  ылдиға  қарай  ұмтылады. 
Бірақ, үстелдің шетіне еңбектеп жеткен бойда, қолы оның жиегіне төмен түсіп, 
таянышнан айрылған бүкіл денесі оған ілесе құлап кете жаздайды. Еркеше күш 
жұмсау арқылы ғана бұрынғы қалпына келген бала, енді өте сақтықпен қолын 
төмен  түсіріп,  ылдиға  көз  жіберіп  тереңдікті  көріп  байқайды.  Оның  бұл  іс-
әрекеті бағдарлау, байқап қарау сипатында болды  – ол тереңдікпен танысады. 
Міне,  осындай  қимылдың  нәтижесінде  ғана  балалар  бұрын  тереңді  тайыздан 
өзгеше нәрсе деп қана ажыратса, енді оны шын мағынасында тереңдік ретінде 
қабылдап, одан аулақ болуға, одан өзін мұқият ұстауға тырысады. 
Заттардың  әр  түрлі  қасиеттермен  –  олардың  пішінімен,  мөлшерімен, 
салмағымен,  тығыздығымен,  орнықтылығымен  т.б.  –  нәресте  ұстау,  қозғап 
қарау  барысында  танысады.  Бала  бір  нәрсеге  ұмтылып,  оны  ұстаған  кезде 
саусақтарының  түрлі  қалыпта  өзгеруі  заттың  формасы  мен  көлеміне 
байланысты  бағдарлаудың  дәлелі  бола  алады.  Саусақтар  затты  ұстар  алдында 
оның ерекшеліктеріне бағына отырып, формасы мен көлеміне қарай бірте–бірте 
икемделеді:  допты  ұстарда  жайылып,  тырбия  ашылса,  кубикті  аларда  оның 
қырларына ыңғайланады. Зат қолды өз ерекшеліктерін ескеруді «үйретеді» . ал, 
көз ше? Ол да өз ретінде қолдан «үйретеді». Балаға  он-он бір ай болғанда осы 
«оқытулар» мынаны көрсетеді: бала өзі ұстағысы келетін затты көргеннен кейін, 
оның  қасиетіне  қарай,  саусақтарын  алдын  ала  икемдей  бастайды.  Форма  мен 
көлемді  көзбен  қабылдау  пайда  болады.  Мұның  өзі  практикалық  іс-әрекетті 
бағдарлап отырады.  
Бала  қолына  түскен  нәрсемен  түрлі  іс-әрекет  жасауы  нәтижесінде  заттың 
байқалған  жаңа  қасиеттерін  ашады.  Ол  қасиеттер:  бір  жерден  екінші  жерге 
ауыстыру,  құлау,  дыбыс  шығару,  жұмсақтық,  тартымдылық,  орнықтылық  т.б. 
екі затпен іс-әрекет жасау жаңа қасиеттерді – бөлшектерге бөлінуді, бір заттың 
екінші  нәрсенің  астында,  үстінде,  жанында,  арғы  жағында,  бергі  жағында 
жатуды – ашады. Осы қасиеттердің бәрін бала іс–әрекет үстінде ғана «біледі»: 
қимыл тоқтаса «білім де» жоғалады екен. 
Бірақ  бала  сегіз–тоғыз  айлық  болғанда  олардың  іс-әрекет  пен  оның 
нәтижесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  заттардың  осы  нәтижеге  жеткізетін 

 
23 
қасиеттері  де  қызықтырады.  Баланың  өзіне  таныс  емес  нәрсеге  көзқарасының 
өзгеруі  осыны  дәлелдейді.  Бүкіл  нәрестелік  кезең  бойына  бала  жаңа  нәрсеге 
қызығумен  болады.  Әдетте  ол  ескіден  гөрі  жаңа  затпен  көбірек  ойнап, 
әуренеледі. Дегенмен белгілі бір мерзімге дейін бұрын таныс емес нәрсе оның 
үйреншікті іс-әрекетін жасайтын жаңа материалы ретінде пайдаланады. Заттың 
қасиетіне  қызығу  мынадан  басталады:  өзіне  таныс  емес  нәрсемен  іс-әрекет 
жасамас бұрын бала оны «зерттейді», сыртынан ұстап қарайды, аударыстырады, 
жайлап  қозғайды,  содан  кейін  ғана  үйреншікті  іс-әрекет  түрін  кіріседі,  соның 
өзінде  қалай  болса  солай  емес,  заттың  нендей  пайдаға  асатынын  байқаған 
сияқты болады. 
Балаға  бір  жас  толғанда,  ол  қасиеті  бір  тектес  әр  түрлі  нәрсеге  бұрын 
үйренген  іс-әрекетін  қолдануға  (шарды,  доңғалақты,  допты  таяқшамен 
қозғайды)  тырысқан  кезде  оның  заттардың  қасиеттеріне  көңіл  аударуы  айқын 
байқалады.  
Тұрақты  өзгеріп  тұратын  әсерден  кейін  заттар  балаға  өзін  қоршаған 
кеңістікте тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе 
болып көріне бастайды. 
Алты-жеті  айлық  бала  өзінің  көз  алдынан  көрінбей  кеткен  нәрсені 
іздемейді  де  және  оның  бұрын  болған–болмағанын  ұмытып  кетеді,  мұның  өзі 
балаларда тұрақты нәрсені туралы түсініктің болмайтынын көрсетеді. 
Кейінірек  (тоғыз–он  ай  болғанда)  балалар  көз  алдынан  көрінбей  кеткен 
заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың жоғалмағанын, тек басқа 
бір  жерде  тұрғанын  түсінеді.  Шамамен  осы  мерзімде  балалар  затты,  оның 
кеңістіктегі  жағдайына  қарамастан  тани  бастайды  (төңкеріліп  қойған,  басқа 
жерде  жатқан  заттарды  да)  және  өзінен  қандай  қашықтықта  жатса  да  оның 
көлемін дұрыс айыра алады.  
Сонымен,  алғашқы  әсер  баланың  іс-әрекеті  көзіне  танысқан  заттың 
тұрақты қасиетін білдіретін ұғымның бейнесіне айналады. Мұның өзі осындай 
қасиеттерді  шешу  баланың  алдында  пайда  болған  жаңа  міндіттерді  шешу 
кезінде – ойлаудың қарапайым формалары үшін пайдалануға жағдай жасайды. 
Туғанына бір жыл толар алдындағы соңғы айларды балалар заттар мен олардың 
қасиеттері  арсында  қарапайым  байланыс  пен  қарым-қатынас  орнатуға 
негізделген іс–әрекетті, яғни ойлау әрекетін орындауға қабілетті болады. 
Осы  фактілердің  бәрі  нәрестелік  шақ  аяқталарда,  үлкендердің  көрсетіп, 
үйретуімен  жасаған  қимылдардың  негізінде  баланың  қоршаған  дүние  туралы 
алғашқы  ұғымы  қалыптасатынын  сәбилік  шақта  жасалатын  қоғамдық 
тәжірбиенің  әр  түрін  игеруге  көшу  үшін  –  қажетті  алғышарттар  болып 
табылатын  қабылдау  мен  ойлаудың  қарапайым  формалары  пайда  болатынын 
көрсетеді. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал