Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
    Адамзат қоғамының даму сатыларында болашақ ұрпақ тәрбиесі туралы ой-
пікірлер,  сындарлы  тәжірибелер  өз  жалғасын  тауып,  халықтың  арман-
мүддесімен,  көркемдік-эстетикалық  рухани  мәдениетімен,  психологиялық 
мінез-құлық,  салт-дәстүрлерімен  ұштасып  мазмұндық  жағынан  кемелденіп 
отырады.  Қазақ  халқының  өмір  тұрмысына  эстетикалық  көзқарасының, 
әсемдік туралы ой-өрісі мен шығармашылығының сапасын «Сегіз қырлы, бір 
сырлы  азамат»  қалыптастыруда  пайдалану  тәжірибелерінің  көрінісін,  оның 
рухани көркемдік мәдениетін жасайтын өнер түрлерін, өнердегі дәстүрлерін 
игеру арқылы топшылаймыз. 
    Көркем  өнердің  бейнелілік  тілін  меңгертуде,  халқымыздың  бай  мұрасын 
игертуде  құнды  педагогикалық  ой-пікірлермен  татымды  түйіндердің  негізін 
қазақ  ағартушыларының  дүниетанымдық  көзқарастарынан  байқаймыз. 
Мәселен: Шоқан Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамдық саяси және 
философиялық  көзқарастармен  тығыз  байланысты  болды.  Өзінің  зерттеу 
жұмыстарында  ол  қазақ  халқы  мен  Орта  Азия  халықтарының  тұрмыс 
тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне баса көңіл бөлді. Сөйтіп өз 
халқының ауыз әдебиеті әсемдік танымы арқылы сол халықтың эстетикалық 
талғамын  ашуға  ұмтылады  ол  қазақ  халқының  өткен  өмірімен  болашағы 
жайлы ой-арманын, тілегін көрсету, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге 
көңіл  аудару,  оны  халық  тәрбиесінің  құралы,  әдіс-тәсілі  ретінде 
пайдаланғанын  және  оның  болашақ  ұрпақтар  тәрбиесіне  де  қажет  екенін 
ескерткен  
    Ұлы  ағартушылардың  бірегейі  Ы.Алтынсариннің  ұлттық  қолөнер 
бұйымдарын жасауға жас жеткіншектерді үйрету мәселесін көтергені белгілі. 
Ол  қазақтың  қол  өнерін  өте  жоғары  бағалаған  және  сол  өнерге  баулу 
мақсатымен  бірнеше  қолөнер  мектебін  ашты.  Ол  халықтың  қолөнеріндегі 
әдемілікті  әсемдікті  өзі  ғана  түсініп,  қызықтаумен  шектелмей,  сол  кездің 
өзінде-ақ,  өнерге  балаларды  ынталандыруға  ат  салысқан.  Сол  кездегі 
ұмытылып  баражатқан  әдет-ғұрыптарды  тезірек  меңгеріп  оның  құнды, 

 
91 
пайдалы  деген  жағын  эстетикалық  талғаммен  қабылдатып,  өмір  қажетінен 
шығара  білуге  шақыруы  қазіргі  заман  талабымен  ұштасып  жатыр. 
Алтынсарин  ұлтымыздың  жас  ұрпақтарының  білімді,  өнерлі  шебер  болуын 
аңсаған,  сөйтіп  осы  ұлы  мақсатты  қазақ  жерінде  алғаш  жүзеге  асыру  үшін 
орасан зор еңбек етті. 
     Заманымыздың заңғар ақыны, данышпан Абай ұрпақ тәрбиесіндегі халық 
мұрасының  тәрбиелік  мәнін  жоғары  бағалады.  Ол  өзінің  өлеңдері  мен  қара 
сөздерінде  халықтың  мақал-мәтелдерін  нақыл  сөздерін,  салт-дәстүрлерін, 
орынды  пайдалануы  арқылы  балалардың  болмысқа  деген  эстетикалық 
көзқарасының,  талғамының,  сезімінің  қалыптасуына  ықпал  етті.  Отыз 
үшінші  қара  сөзінде:  «Егер  мал  керек  болса,  қолөнер  үйренбек  керек,  мал 
жұтайды,  өнер  жұтамайды»  -  деп  жастарды  өнерге  баулиды,  оларға  тәлім-
тәрбие беру мен қатар ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлді. Еңбекті адал, таза 
істейтін  еңбекқор  ұрпақтарына:  сыбыр,  өсек  дегенді  сырттай  жүріп,  ғылым, 
өнер,  мал  таппақ  жұртқа  жақпақ»  -  деп  еңбекшіл  халықтың  тірліктерінің 
нәтижелі  болуына  еңбекті  алаңдамай  сабырлықпен  атқарып  білімді  де 
еңбекпен ал сол жұғымды болады – деп үйретті. 
     Жан-жақты  өнер  иесі,  сегіз  қырлы  бір  сырлы  жазушы  Ж.Аймауытов 
педагогика  ғылымында  тыңнан  жол  салған  тұңғыш  «Психология»,  «Жан 
жүйесі және өнер тандау» - атты еңбектердің авторы болды. Адам баласының 
мәдениет  тарихынан  өнердің  көрнекті  орын  алып  келген,  өнерсіз  қоғамның 
дамуы,  рухани  байлықтың  молаюы  мүмкін  емес  екендігіне  тоқталып,  ұлт 
мектептерінде  әуелі  кескін  өнері  мен  әуез  өнерін  яғни,  сурет  салу,  ән  күй 
өнерін  үйретуге  негіз  салу  керектігін,  әрбір  баланың  өнерге  деген  ынтасын 
қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады.  
     М.Жұмабаевтың қазақ мектептерінің мұғалімдері үшін «Педагогика» атты 
еңбегінде  дене,  ақыл-ой,  эстетикалық  тәрбие  және  жан  (Рухани)  тәрбиесі 
қарастырылып, ана тіліндегі мектептерде балаларға тәрбие берудің жолдары, 
түрлерімен әдістері көрсетіледі, сондай-ақ, балаға рухани тәрбие берудің биік 
мақсаты  айтылып,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға  айналадағы 
дүниені  қабылдаудың  қағидалары  мен  заңдары,  байқампаздықты,  есте 
ұстаудың  барлық  түрлерін,  оңды  қасиеттерді,  ерік  жігерді,  мінез-құлықтың 
шыңдалуы,  әсемділікке,  мейірімділікке,  жалпы  адамзаттық  мұраттарға 
ұмтылысты дарыту туралы ақыл берген. Аталған еңбекте жан көріністерінің 
бірлігі, әсерлену, сыртқы сезім яки көңіл көріністері әсерлеулері, көру, есту, 
сыйпау  сезімі,  искеу,  тату,  ес,  қиял,  ойлау  және  баланың  тілі  жайындағы 
мәселелерді  қарастыра  келіп,  ішкі    сезімдердің  адам  үшін  ең  қымбаттары 
сұлулық (эстетика) сезімдері жайында құнды ой түйіндер ұсынған.  
     Көркемдік  тәрбиенің  бұл  компоненттері  М.Мұқановтың  психологиялық 
зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан 
басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркем өнерге талғампаздыққа 
тәрбиелеу  неғұрлым  баланың  кіші  жасынан  басталса,  соғұрлым  оның 
сезімталдығы  жоғары  дәрежеде  қалыптасатын  болады.  Себебі,  кез-келген 
заттардың  әдемілігі,  соның  ішінде  көркемөнер  істерінің  әсемдігі  баланың 
табиғатына  жақын  келеді.  Мұны  И.И.Павлов  сөзімен  айтқанда,  көркемөнер 

 
92 
ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т.б. баланың бірінші сигнал 
системасына  әсер  етіп,  оның  өмірінде  ұмытылмайтын  әсер  қалдырады. 
Соның  нәтижесінде  бала  жас  кезінен-ақ  әсерленгіш,  әр  нәрсені  есінде 
сақтағыш  келеді»  -  деп  тұжырым  жасаған.  Міне,  сондықтан  да  мектепалды 
тобында балалардың өнер арқылы қоршаған шындық болмысының әсемдігін 
өнер туындыларының көмегімен танып – білуге баулу, бейнелеу және сәндік-
қолданбалы өнер іс-әрекеттерінің барысында айырықша орын алуы тиіс.  
    Мектеп  жасына  дейінгі  бала  тәрбиесіндегі  өнердің  мәні  мен  маңызы  ұлы 
педагогтар: 
Я.А.Коменский, 
Ж.Ж.Руссо, 
И.Песталоций, 
О.Фребель 
еңбектрінде  елеулі  орын  алады.  «Өнер  халықтың  күнделікті  іс-әрекеті  мен 
тұрмысының ажырамас бөлігі болуы тиіс»  - деген Руссоның жаңашыл пікірі 
өзінен  кейінгілердің  ағартушылық  қызметінің  негізін  қалады.  Бұл 
тұжырымда  өнердің  адам  өміріндегі  мәні  мен  маңызын  түсінуге  ғана  емес, 
сонымен  бірге,  эстетикалық  тәрбие  жүйесінің  жаңа  ой-пікірлерімен  қаныға 
түсуіне жол ашты. 
    Қазақ халқының өзіне тән нақышты да айшықты өнер түрлері Марко Поло, 
П.С.Палас,  А.Вамбери,  В.В.Радлов,  А.Янушкеевич,  А.Левшин  т.б  қазақ 
даласын  аралаған  басқа  халық  өкілдерін  тәнті  еткенін,  оларың  жол 
жазбалары мен естелік еңбектерінен білеміз  
    Мектепке дейінгі жаста көркем өнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін 
меңгерту  және  олардың  өнер  саласындағы  шығармашылық  іс-әрекеттерін 
дамыту  арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған 
халқының 
өнеріндегі 
парасатты 
дәстүрлеріне 
деген 
эстетикалық 
көзқарастарын  қалыптастыру,  қазіргі  кезеңде  балабақшадан  бастап  орта 
мектеп,  білім  беру  жүйесінің  барлық  саласындағы  имандылық-эстетикалық 
тәрбиенің  негізі  де  басты  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Адамдардың 
сыртқы  тұлға-болмысынан,  олардың  өзара  қатынасынан,  тілінен,  жасаған 
өнер  туындылары  мен  тұрмыстық  бұйымдарынан,  киім  үлгілерінен  әр 
халықтың  өзіндік  ұлттық  ерекшеліктерін,  дүниетанымын,  көркемдік  талғам 
сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт-дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ 
тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерін көруге болады. 
    Педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде баланы түрлі 
өнерге  баулуда  оның  өсіп-жетілуіне  қарайғы  әр  кезеңіне  тән  педагогикалық 
ой-пікір мен теориялық тұжырым, әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұлар 
көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жүйесін құруға мол мүмкіндік 
ашатын әдістемелік негіз бола алады. 
    А.В.Луначарскийдің  сөзімен  айтқанда,  өнер  айналасындағыларға  сезімдік 
жағынан әсер етеді «ол өткенді, болашақты түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге 
мәжбүр  етеді,  сондықтан,  егер  біз  бұл  үшін  өзімізге  лайықты  болып 
табылатын  элементтерді  көне  өнерден  таңдап  ала  отырып,  оны  пайдалана 
алсақ,  онда  біздің  идеяларымыз,  принциптеріміз,  көзқарасымыз  көрініс 
табатын  және  орасан  зор  тәрбиелік  маңызы  бар  өз  өнерімізді  дамытуды 
қалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен.  
     Балалардың  өнер  арқылы  көркемдік  білімі  мен  эстетикалық  тәрбие  ісін 
жандандыруда  Н.К.  Крупская  көптеген  құнды  педагогикалық  еңбектер 

 
93 
қалдырды.  Көркемдік  тәрбие  беруде  өткен  дәуірдің  тәрбиелік  мәні  зор 
көркем-мәдени  мұраларымен  балаларды  жүйелі  түрде  қауыштыру  арқылы 
адам  мен  қоғам  өміріндегі  өнердің  мәнін  түсіне  білуге  баулуды 
педагогикалық  міндет  етіп  қойды.  Оның  мектепке  дейінгі  балалар  мен 
мектептегі  оқу  жүйесінде  өнер  арқылы  көркемдік  білім  мен  эстетикалық 
тәрбие беру саласындағы негізгі қағидалары әлі күнге дейін өз мәнін жойған 
жоқ.  
     Кеңестік  дәуірдегі  педагогикалық  тәжірибелерді  сын  тұрғысынан  қарай 
отырып, көркемдік тәрбие жүйесін қайта құрудағы тұжырымдардың, әсіресе, 
өткен  ұрпақтың  өнер  саласындағы  көркемдік  мұраларымен  жас  ұрпақты 
қауыштыру  ісінің  біршама  шектелген  сипатта  болғанын  аңғаруға  болады. 
Бірақ, бұл шектелу, өнердің оның пән ретіндегі мол мүмкіндігін түсінбеуден 
емес,  сол  кездегі  қоғамдық  құрылыстың,  өз  азаматтарының  жалпы 
сауаттылығын  ашуға  бағытталған  басты  қажеттілігінен  туған  міндеттердің 
тікелей  ықпалына  байланысты.  Дейтұрғанмен,  сол  кезеңнің  педагогикалық, 
психологиялық  факторларын  ғылыми  тәжірибе  арқылы  зерттеп,  құнды 
тұжырым 
жасаған 
педагог-ғалымдар 
аз 
болған 
жоқ. 
Мәселен, 
А.В.Бакушинский  өзінің  ғылыми  тәжірибелері  барысында  балалардың 
көркем  шығармашылық  іс-әрекеттерінің  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындап, 
құнды психологиялық тұжырымдар мен болжамдар жасады. 
     С.Т.Шацкий: «...Өнер өз табиғатымен баланың сезіміне жеңіл әрі қажетті, 
тек  оны  бала  бойына  сіңіре  білудің  жолын  табу  керек.  Баланы  алғашқыда 
үстіртін  болса  да,  өнер  мәнін  түсінетіндей  дәрежеге  жеткізсек,  ол  өнер 
туралы  білуге,  дағды  алуға  ұмтылатын  болады,  бұл  салада  табысқа  жетуге 
тырысып,  өнер  жөніндегі  түсінігін  кеңейте  түсуді  көздейді»  -  деп  баланың 
көркемдік  дамуына  өнердің  әсерін  айқындайды.  Ғалымның  бұл  пікірі  өз 
кезіндегі  жаңалығына,  мәнділігіне  қарамастан,  қоғам  қойып  отырған 
педагогикалық  міндеттермен  ұштаса  алмайтын  деңгейде  қалып  қойды. 
Өйткені  педагогика  «...балалардың  бейнелеу  іс-әрекеттерін,  шындықты 
реалистік  бейнелеуді  негіздейтін  графикалық  сауаттылықты  ашуға 
жақындастыру»  арқылы  өнерге  баулудың  сол  кезеңінің  талабына  тән  бір 
жақты міндеттерін ғана жүзеге асыруды белгілеп берді. 
    Өнер  арқылы  жас  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  беру  ісі,  кеңестік  дәуірдің  әрбір 
даму кезеңдеріндегі қоғамның талаптарын іске асырудың бір саласы ретінде 
күн  тәртібінен  түскен  жоқ.  Бірақ  бұл  мәселе  төңірегінде  тәжірибе  мен  
тұжырымдар  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ұзақ  уақыт  сұрыпталып, 
жинақталды. Бұл алғашқы буын ғылыми-теориялық еңбектерде (В.Н.Шацкая, 
Н.А.Дмитрева,  О.А.Апраксина,  А.Буров,  т.б.)  көрініс  тапты.  Бұдан  кейінгі 
жылдарда эстетикалық тәрбие теориясы мен практикалық мазмұндық жүйесі 
туралы  Е.В.Квятковский,  Б.Т.Лихачев,  И.Л.Любинский,  В.А.Разумный. 
В.К.Скатерщиков және осы мәселенің психологиялық аспектілерін зерттеген 
Б.Т.Ананьевтің,  Л.С.Выготскийдің,  Е.И.Игнатьевтің,  А.Л.Леонтьевтің, 
Е.М.Тепловтың,  П.М.Якобсонның  сүбелі  еңбектері  жарық  көріп,  көркемдік 
білім мен эстетикалық тәрбиенің мазмұнын жаңартуға мол үлес қосты. 

 
94 
     Бейнелеу  өнері  арқылы  жас  жеткіншекке  эстетикалық,  көркемдік  тәрбие 
берудің 
педагогикалық, 
психологиялық, 
әдістемелік 
мәселелеріне 
байланысты  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  (В.В.Алексеева,  Х.Х.Габраль 
Н.А.Дмитриева,  Т.С.Комарова,  И.А.Ветлугина,  В.С.Кузин,  Г.ВЛабунская, 
Б.М.Неменский,  Н.Н.Ростовцев,  Н.Н.Сакулина,  Б.П.Юсов,  т.б)  жүргізіле 
бастады.  Бұлардың  еңбектерінде,  балаларды  жас  жағынан  бейнелеу  өнеріне 
баулуды  әр  қырынан,  әр  түрлі  теориялық,  әдістемелік  тұрғыда  қарастырып, 
дәлелдеді.  Бейнелеу  өнерінің  түрлері  мен  жанрлары  сан-алуан.  Әр  өнер 
жанрларының  адам  сезіміне,  санасына,  ой-өрісіне  ықпал  жасайтын  өзіндік 
бейнелілік  тілі,  жасалу  құралдары  бар.  Жеке  тұлғаның  жалпы  дамуына, 
көркемдік  талғамының  қалыптасуына  үлкен  мүмкіндік  беретін  бейнелеу 
өнерінің  бір  түрі  –  сәндік-қолданбалы  өнер.  Сәндік-қолданбалы  өнердің 
табиғатын,  оның  адам,  қоғам  өміріндегі  атқаратын  қызметінің  мәнін 
зерттеген  орыс  ғалымдары:  И.Я.Богусловская,  В.Б.Воронов,  М.А.Некрасова, 
Т.М.Разина,  С.М.Темерин,  т.б.  өз  еңбектерінде  бұл  өнердің  өміршеңдігін 
қайталанбас көркемдік құндылығын айқындай отырып оның тәлім-тәрбиелік 
манызына да баса назар аударады. «Ол  - өткен өмірдің көлеңкесі емес даму 
мүмкіндігінде  шегі  жоқ  ұлттық  дәстүр.  Үлкен  өзен  бастау  алатын  бұлақтай 
халық өнері де ешқашан суалмайды» - деп жазады И.Я.Богусловская . 
    Қазақ халқының баға жетпес көркемдік мәдени мұрасын құрайтын сәндік-
қолданбалы  өнері  туралы  еліміздің  белгілі  ғалымдары:  Х.Арғынбаев, 
Т.Басенов,  К.Ақышев,  С.Қасиманов,  Ә.Марғұлан,  Э.Масанов,  М.Мұқанов, 
Н.Нұрмұхамедов,  Б.Р.Қазыханова,  Ө.Жәнібеков  т.б.  еңбектері,  құнды  да 
қызғылықты мағлұматтар мен материалдарды қамтиды. 
    Сәндік-қолданбалы өнерді, жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану, эстетикалық 
іс-әрекеттің сипатын ғылыми тұрғыда зерттеген А.В.Бакушинский, баланың 
шығармашылық  ой-өрісі  мен  көркемдікті  қабылдау  қабілетін  дамытудағы 
сәндік-қолданбалы  өнердің  ықпалына,  баланың  қоршаған  ортаға  деген 
жарасымды  қатынасын  қалыптастырудағы,  еңбекке  баулудағы  тәлім-
тәрбиелік  мәніне  баса  көңіл  бөледі.  Бұл  өнер  туындыларының  оқу-тәрбие 
үдерісінде жасалу принциптерін сәндік бейненің, бұйымның сыртқы пішініне, 
жасалатын  материалына,  қолданылатын  орнына  тікелей  тәуелді  екенін 
педагогтардың ескеруін талап етеді.  
    Өнердің  барлық  түрі  өзіне  тән  бейнелі  тілі,  тәсілдерімен  әсемдік  әлемін 
ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қолданбалы өнерге 
тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста 
болуында.  Қолданбалы  өнердің  әлеуметтік-тәрбиелік  рөлі  тек  оның 
туындыларының  өзіндік  көркемдік,  эстетикалық  құндылығымен  ғана 
бағаланбайды,  сонымен  бірге  өткендегі  мәдениетпен,  ұлттық  дәстүрлермен 
сабақтастығынан көрінеді. 
    Мектеп 
жасына  дейінгі  баланың  және  бастауыш,  орта  буын 
оқушыларының  сәндік–қолданбалы  өнердегі  көркемдік  іс-әрекетінің 
мазмұны  мен  сабақтастығы,  педагогикалық,  әдістемелік  бағыттарын 
айқындауға  З.Г.Богатееваның,  Л.Н.Любарскаяның,  Ю.В.Максимовтың, 
А.М.Могомедовтың, 
А.С.Меликсетянның, 
Р.Х.Хасановтың, 

 
95 
А.С.Хворостовтың  т.б.  ғылыми-тәжірибелік  жұмыстары  арналған.  Олардың 
тұжырымдары мен әдістемелік нұсқаулары балабақшадағы бейнелеу өнерінің 
оқу  бағдарламаларын,  құралдарын,  оқулықтарын  даярлау  ісін  жеңілдетті. 
Аталмыш педагогтар зерттеулерінің біз үшін құнды жағы, әр халықтың өкілі 
ретінде  өз  елінің  ұлттық  өнері  саласындағы  көркем  шығармашылық 
тәжірибесін  талдай  отырып,  бала  тәрбиесінде  пайдалану  мүмкіндіктерін 
барынша айқындауы. Балаға көркем эстетикалық тәрбие берудің нысандары 
мен  әдіс-тәсілдерінің  ғылыми-теориялық  тұрғыда  дәлелденуі  әрі  түсінікті 
берілуі. 
    Қазақтың көркемдік-эстетикалық дәстүрлер үлгісін жас ұрпақ тәрбиесінде 
тиімді  педагогикалық  құрал  ретінде  пайдалану  мәселелері  Е.Асылханов, 
С.Аманжолов,  Қ.Әмірғазин,  Б.Әлмұханбетов,  М.Балтабаев,  Ж.Балкенов, 
Б.Байжігітов, 
Қ.Болатбаев, 
Е.Ералин, 
Е.Сағындықов, 
О.Сатқанов, 
С.Ұзақбаева,  Ұ.Ибрагимов,  Х.Шалабаева,  З.Айдарова,  Т.Левченко  сияқты 
педагог-ғалымдардың арнайы зерттеу жұмыстарында қарастырылды.  
   Жоғарыда 
аталған  ағартушы  педагогтар  мен  ғалымдардың  ой-
тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, білім мазмұнын жаңартуда сәндік-
қолданбалы өнерді пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталамыз. 
    Бірінші ерекшелігі: оқушыларға көркемдік тәрбие берудегі білім мазмұнын 
қарастыра  келіп  сәндік  –  қолданбалы  өнерді  пайдалану  арқылы  оның 
халықтық  педагогиканың  тамаша  идеялары  мен  дәстүрлерін  сақтап, 
ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуде  халықтың  ауызекі  шығармашылығы  мен  қол 
өнерінің айырықша рөл атқаратындығы.  
Екінші  ерекшелігі:  халықтық  педагогикада  оқушылармен  ересектер 
тәрбиесінің  таптырмайтын  құралы,  әдіс-амалы,  тәсілі,  ережелері  мен  әдет-
дағдылары  болды,  ізеттілік,  адамгершілік  қасиеттерін  (қайырымдылық, 
мейірімділік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, 
туған  жерге,  елге  сүйіспеншілігін,  ұлттық  намыс,  ата-баба  дәстүріне 
сыйластық  көзқарас,  ұлттық  өнерді  құрметтеу,  сақтау,  Отансүйгіштік, 
елжандылық  көзқарас  т.б.)  психологиялық-эмоционалдық  қасиеттерін 
(болмыстағы  қуанышты  сүйіспеншілік  сезіммен  қабылдау,  байыптау, 
елестету,  есте  сақтау,  ойлау  т.б.  эмоционалдық-эстетикалық  қасиеттерін), 
өнердегі,  табиғаттағы  әдемілікті,  сұлулықты  талғаммен,  жылы  сезіммен 
қабылдау,  ләззат  алу,  әсерлену,  эстетикалық  тұрғыда  баға  беру  т.б. 
қалыптастыратындығы.  
   Үшінші ерекшелігі, еліміздің болашағы - жас ұрпақтың рухани-эстетикалық 
дамуына,  ұлттық  көркем-өнердің  әсерлі  ықпалын,  өнер  түрлерін  оқу-тәрбие 
жұмысында  тиімді  пайдаланудың  педагогикалық  жолдарын  айқындауға 
бағытталған ғылыми зерттеулердің аумағы кеңейе түсіп, олардың нәтижелері 
мектеп  өміріне  ене  бастағанымен,  бұл  саланың  бастауыш  сыныптарға 
байланысты 
мәселелері 
әлі 
жеткілікті 
түрде 
зерттелмей 
қалып 
отырғандығының айқындалуы.  
Төртінші  ерекшелігі:  соңғы  жылдарда  Республика  көлемінде  бастауыш 
сыныптарға арналған ұлттық мәдениеттің дәстүрлі ерекшеліктерін ескеретін 
ғылыми  зерттеу  еңбектер,  оқу-әдістемелік  құралдар  жасау  қолға  алына 

 
96 
бастағанымен,  бастауыш  мектепте  қолданылып  келген  бағдарламалар  мен 
әдістемелік оқу құралдарын сын тұрғысынан талдау жасағанда байқағанымыз, 
тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісінде  сәндік-қолданбалы  өнерді  тиімді 
пайдаланудың  бағыты  оқушылардың  бейнелеу  іс-әрекеті  саласындағы 
іскерлік  дағдыларын  ғана  қалыптастыруға  негізделіп  жасалғанын  түсінуі 
қиын  емес.  Оқушылардың  өнер  туындыларына  эстетикалық  қабылдау  іс-
әрекеттері  арқылы  сезіміне,  түйісігіне,  ой-қиялына  әсер  ету,  өнер 
туындыларына  деген  әсерленушілік  қатынасын,  өнерден  алған  әсерлерін  өз 
түсініктеріне  қарай  жеткізе  білу  қабілетін  қалыптастыруға  және  білім 
мазмұнын жаңартуда сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану мәселелері үстірт 
қарастырылған. 
    Бесінші ерекшелігі, бастауыш мектепте жас ұрпақтың рухани-эстетикалық 
дамуын  қамтамасыз  ету,  негізінен,  көркемөнер  түрлері  арқылы  (әдебиет, 
музыка, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, т.б.) білім мен тәрбие беру 
жүйесінде  жүзеге  асырылатындығы  және  қандай  да  болсын  өнер  түрі, 
қоршаған  шындық  болмысының  құбылыстарын  бейнелейтін,  өзіне  тән 
көркемдік  құралдары  арқылы  баланың  санасына  әсер  ете  отырып,  оның 
сұлулық  туралы  алғашқы  түсінігін,  қоршаған  өмір  шындығына  эмоциялық 
қатынасының  қалыптасуын  сапалы  дәрежеге  жеткізетін  танымдық 
мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі. 
    Алтыншы ерекшелігі, бастауыш мектеп оқушыларында сәндік-қолданбалы 
өнер  арқылы  жүргізетін  көркем  бейнелеу  жұмыстарын  ұйымдастыру,  ұзақ 
жылдар  бойы  орыс  авторларының  әдістемелік  еңбектеріндегі  жапсыру 
(аппликация)  әдісін,  ою-өрнектер  қию,  оны  жазықтық  бетінде  (жолақта, 
шаршы  ішінде,  шеңбер  ішінде)  орналастыру  жолдарын  меңгертуге 
бағытталып  келгендігі,  қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы  өнерінің  сан-
алуандығы бұл өнерге тән бұйымдардың адамның күнделікті тұрмысындағы 
мәні,  сәндік  бұйымды  жасаудағы  көркемдік  дәстүрлері,  халқымыздың 
сұлулық тұрмысындағы танымы ескерілмейтіндігі.  
Жетінші  ерекшелігі,  ою-өрнек  халқымыздың  айшықты  өнерінің  бірі 
болғандықтан,  ою-өрнек  жеке  дара  өмір  сүрмейді,  ол  тек  бұйыммен  бірге, 
оның эстетикалық–көркемдік деңгейін сапалы дәрежеге көтеретін әшекейлік 
бейнелі  құрал  ретінде  пайдаланылатындықтан  ою-өрнектің  өзіне  тән 
атқаратын  қызметін  ескермей,  сәндік-қолданбалы  бұйымдардың  жасалу 
принциптерінен  бөліп  қарастыру,  бұл  өнер  туындыларын  бағалай  білуден 
алшақтатады, әрі көркемдік талғамның қалыптасуына кереғар әсер етеді. 
      Көркемдік  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  сәндік-қолданбалы  өнер 
туындыларын пайдалану ерекшеліктеріне тоқтала келіп, төмендегідей жалпы 
қорытынды пікір айтуға болады: 
- бастауыш мектепте балалардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын, 
эмоциялық әсерлі қатынасын қалыптастыру және көркемдік білім мазмұнын 
жаңарту  мәселелеріне  бағытталған  ғылыми  педагогикалық,  психологиялық 
әдістемелік 
еңбектерді 
талдай 
отырып, 
сәндік-қолданбалы 
өнер 
туындыларының  көркемдік  білім  мен  тәрбие  жүйесіндегі  мәні  теориялық 
және тәжірибелік тұрғыда қарастырылды; 

 
97 
-  балалардың  көркемдік  білім  мазмұнын  иегеруінің  сапасы  олардың  өнер 
туындыларын бағалау, пайымдау дәрежесінен өз ортасын әсем безендіре білу, 
қажетті бұйымдарды талғампаздықпен таңдап алу т.б. сияқты факторлармен 
сипатталды; 
- көркемдік білім мазмұны туралы түсінігінің мәнін анықтай отырып, көркем 
өнер  туындыларын  эстетикалық  бағалау  мәнінде  қабылдау  мен 
шығармашылық  ой-өрісті  қалыптастыратын  көркемдік  іс-әрекеттердің 
тікелей бірлігі нәтижесінде ғана сапалы нәтиже беретінін айқындадық; 
-
 
педагогикада  жас  ұрпаққа  өнер  арқылы  көркемдік  тәрбие  беру  саласында 
жинақталған  тәжірибе  мол  әрі  ол  бүгінгі  таңда  бұл  мәселенің  мазмұндық 
жүйесін қайта қарауда зор үлес қоса алады. Көркемдік білім беру мазмұны әр 
кезендегі  қоғамдық,  әлеуметтік  талаптар  мен  мұқтаждықтарға  сәйкес 
айқындалып  толықтырылады.  Ойымызды  қорытындылай  келе,  көркемдік 
тәрбиеге  негізделеген  ағартушы-педагогтардың  құнды  ой-пікірлерін 
басшылыққа  ала  отырып,  еліміздің  егемендігі  баянды  етіліп  жатқан  бұл 
күндері  жас  бүлдіршіндердің  бойында  имандылық-эстетикалық,  ізгілікпен 
қайырымдылық  қасиеттерді  қалыптастырып,  өмір  шындығының  әсемдігін 
тани  отырып,  оны  Отан  игілігіне  айналдыра  білетін  азамат  тәрбиелеуде 
көркемдік  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  сәндік-қолданбалы  өнердің  бар 
мүмкіндігін  балабақшадан  бастап  сындарлы  тәлім-тәрбие  құралы  ретінде 
пайдаланудың  ерекшеліктерін  айқындау  бүгінгі  күн  тәртібіндегі  маңызды 
міндеттердің бірі деп тұжырым жасаймыз. 
 
 
3.5. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТФОЛИОСЫ
 
 
Портфолио  –  мұғалімнің  белгілі  бір  кезеңдегі  еңбегімен  жасалған 
портреті.  Білім  беру  жүйесінде  портфолио  өзінің  барлық  жаңа  қырларымен 
мектепке  дейінгі  білім  беруден  жоғары  білім  беруге  дейінгі  аралықта 
қолданылуда.  Портфолио  шетелдік  практикада  кеңінен  қолданыс  тапқан. 
Портфолио  –  итальян  сөзі,  аудармасы  портфель  немесе  белгілі  бір  уақыт 
аралығындағы  жасалған  жұмыстар  жинақталатын  папка.  Портфолио  сөзіне 
шығармашылық зертхана, педагогикалық багаж, жинақ папкасы, әдістемелік 
папка,  коллекция,  архив,  есеп,  өзін-өзі  бағалау,  жинақтама  сөздері  де 
синоним бола алады. Шетелдік тәжірибеде кездесетін портфолио түрлері:  
1. Кәсіптік портфолио – мұғалімнің портфелі. 
2.  Қызметтік  портфолио  –  директордың,  оқу  ісі  меңгерушілерінің 
портфолиосы. 
3. Пәндік портфолио – жеке пәндер бойынша жинақталған портфель. 
4.  Тақырыптық  портфолио  –  пәннің  жекелеген  тақырыптары  бойынша 
жинақталған портфолио. 
5. Шығармашылық портфолио  – суретші, ақын, жазушылар  портфелі немесе 
мұғалімнің шығармашылық жұмыстарының портфелі.  
6. Оқушы портфолиосы. 

 
98 
 
Мектептерде  портфолионы  қолдану  идеясы  АҚШ-да  өткен  ғасырдың 
80-жылдарында 
пайда 
болды. 
АҚШ-ның 
көптеген 
мектептерінде 
эксперимент  түрінде  оқу  жылы  соңында  оқушының  портфолиосын  қорғауы 
бойынша  емтихан  да  өткізіледі.  Қорғау  кезінде  оқушы  портфелін 
презентация  жасай  отырып,  өз  жұмысының  нәтижелері  туралы  айтады, 
сұрақтарға жауап береді. 
Мұғалімнің 
кәсіптік 
портфолиосын 
жасақтаудың 
өлшемдері, 
формалары мен модельдері бар. Портфолио мазмұны қамтиды: 
1. Оқушылар жетістігінің динамикасы. 
2. Оқушының сабақтан тыс қызметінің нәтижелері. 
3. Сынып жетекшілік қызметінің көрсеткіштері. 
4. Оқытудың жаңа технологияларын қолдануы. 
5. Түрлі сайыстарға қатысуы. 
6. Іс-тәжірибесінің таратылуы. 
7. Курстарда білім жетілдіруі және өз бетімен үйренуі. 
8. Зерттеу және жобалау жұмыстары. 
Мұның  алғашқы  екеуі  –  оқушы  портфолиосы.  Қалған  алтауы  мұғалім 
портфолиосының 
құраушылары. 
Сынып 
жетекшілік 
қызметінің 
көрсеткіштері  бөлімінің  негізіне  сынып  жетекшісі  туралы  ереже  алынады. 
Сынып  жетекшісі  портфолиосы  дегеніміз  –  бұл  оқушы  портфолиосымен 
жұмыс  істеу  жүйесі,  оқушылардың  өзін-өзі  басқару  органдарымен,  ата-
аналармен,  пән  мұғалімдерімен,  жалпы  социуммен  жүргізген  жұмыстар 
жүйесі. Бұл түрлі деңгейдегі сынып жетекшілер сайысына іріктеу, қатысудың 
негізгі көрсеткіші болып табылады. 
Оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдану  картасын  жасай  отырып, 
мұғалім  технологиямен  жұмыс  жасау  механизмдерін,  жұмыс  нәтижесін 
көрсетуі қажет.  
Түрлі  сайыстарға  қатысуын  дәлелдейтін  құжаттар  да  портфолионың 
мазмұнын толықтыра түседі. 
Іс-тәжірибесінің  таратылуы  деген  бөлімде  мектеп,  аудан,  облыс, 
республика көлеміндегі форум, семинар, конференцияларға қатысып жасаған 
баяндамалары, БАҚ-да жарияланған еңбектері жинақталады. Білім жетілдіру 
курсында  болғандығын  дәлелдейтін  құжаттар,  өз  бетімен  оқып-үйренген 
жаңалықтары қамтылса артық болмайды. Зерттеу және жобалау жұмыстары 
бөліміне  проблемалық  тақырыбы  бойынша  ізденістерін,  элективтік, 
селективтік  курстар  бағдарламаларын,  авторлық  бағдарламаға  сәйкес 
оқытуға  арналған  әдістемелік  нұсқаулықтар,  курстың  оқу  материалдары, 
диссертациялық еңбек, жобалау жұмыстары енгізіледі. 
Портфолио  жасақтау  мұғалімнің  өз  жұмысына  талдау  жасауына,  өзін-
өзі жетілдіруіне, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Оның ішінде оқушылардың 
үлгерім  көрсеткішінің  мониторингі,  жазба  жұмыстарының  салыстырмалы 
анализі,  тестілер,  пән  бойынша  оқыту  диаграммасы  міндетті  түрде  болуы 
керек.  Портфолио  мазмұнына  қарап  оның  қандай  мұғалім  екенін  – 
шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын  педагог  пе,  әлде  жай  ғана  бала 

 
99 
оқытушы ма, бірден анықтауға болады. Мұғалімнің кәсіптік портфолиосы  – 
оны табысқа жетелейтін жол.  
Оқушы  портфолиосы  –  оқушының  оқу  қызметі  мен  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың  балама  әдісі.  Мұның  оқушының  білімі  мен  білігіндегі 
проблемаларды  анықтаумен  ғана  шектелетін  дәстүрлі  бес  балдық  және 
тестілік бағалау жүйесінен артықшылығы сол, портфолио оқушының үйірме, 
олимпиада,  жарыс,  сайыс,  сабақтағы  жетістіктері  мен  табыстарын  анық 
көрсетіп  береді.  Ол  үшін  оқушы  жетістіктері  көзге  көрініп  тұратындай 
дәрежеде  құжатталуы  қажет.  Оқушы  портфолиосын  өз  қалауымен  ішіне  не 
салтынын  өзі  шешіп,  өзі  жасақтауы  керек.  Бұл  жұмыста  соңғы  нәтиже  ғана 
басты  рөл  атқармайды,  сонымен  қатар  оқушының  өз  жетістігі  туралы 
ойланудың  да  маңызы  зор.  Мұғалім  көмектеседі,  кеңес  береді,  қолдайды, 
жинақталған  материалдарға  комментарий  жазады.  Портфолионың  негізгі 
мақсаты  –  оқушының  білім  алу  процесіндегі  маңызды  нәтижелері  мен 
жетістіктерінің  картинасын  көз  алдыңа  әкеліп,  оның  жұмыс  динамикасын 
бақылап  отыру.  Портфолио  педагог-практиктерге  төмендегідей  маңызды 
міндеттерді шешуге көмектеседі: 
- оқушылардың оқу мотивациясын қолдауға; 
- белсенділігі мен шығармашылығын, өз бетімен жұмысын көтермелеуге; 
-  білім  алу  және  алған  білімдерін  практикада  қолдану  біліктерун 
қалыптастыруға; 
- өзін-өзі бағалау дағдыларын жетілдіруге; 
- мектептің жоғары сатысының бағдарлы сыныптарына іріктеуге. 
 
Бағалаудың басқа түрлерімен салыстырғандағы портфолионың тағы бір 
артықшылығы  портфолио  оқушының  жеке  прогресін  басқа  оқушылар 
жетістіктерінен  тыс  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Бағдарлы  оқытуға  көшу 
кезеңінде 
портфолио 
негізгі 
мектепті 
аяқтаудың 
қорытынды 
аттестациясымен қатар оқушы рейтінгісін анықтаудың негізгі құралының бірі 
болып табылады. 
Оқушы  портфолиосы  қалай  жасақталып,  қалай  бағаланады?  Оқушы 
портфолиосы  екі  бөлімнен  тұрады,  оқу  қызметін  көрсететін  және  сабақтан 
тыс  жетістіктерін  көрсетеді.  Мазмұнына  қарай  оқушы  портфолиосының 
мынандай модельдерін ұсынуға болады: 
1.
 
Оқушының оқу жетістіктерінің динамикасы портфолиосы 
Оның ішінде мынандай дүниелердің болғаны дұрыс: 
- оқушының пән бойынша жұмыс дәптерлері (сыныптағы, үйдегі жазба 
жұмыстары); 
- оқу бағдарламасынан тыс орындаған күрделі жұмыстары; 
- жобалау жұмыстары; 
- тарихи мазмұндағы рефераттар; 
-  оқушы  қолымен  жасалған  көрнекі  құралдар,  модельдер,  муляждар, 
гербарий,  карталар,  қабырғаға  ілінетін  материалдар,  суреттер,  қолөнер 
бұйымдары; 
-  оқушының  кітап,  журнал,  газеттерден  оқыған  мақалаларының 
көшірмелері; 

 
100 
- пәндік күнделігі; 
-  оқушының  өзі  құрастырған  есептері,  жұмбақтары,  сөзжұмбақтары, 
басылымға жарияланған мақалалары; 
-  интернет  сайтарынан  алынған  мәтіндер  мен  файлар  көшірмесі,  пән 
бойынша  оқыған  энциклопедиялары  мен  компьютерлік  бағдарламалары, 
оқушының  сабақта,  семинар,  конференцияларда,  дебаттарда,  танымдық 
ойындарда сөйлеген сөздері жазылған бейне-аудио таспалар. 
2.  Құжаттар  портфолиосы  –  жеке  білім  алу  жетістіктерінің 
сертификаттандырылған портфелі. Оның ішінде оқушының мектептегі және 
мектептен  тыс  белсенділігі  мен  жетістіктерін  дәлелдейтін  грамота,  диплом, 
сертификаттар сақталады. 
3.  Сабақтан  тыс  жұмыстар  портфолиосы  –  оқушының  түрлі 
шығармашылық,  жобалау  жұмыстары,  ғылыми  конференцияларға  қатысуы, 
факультативтік  курстардан  өтуі,  спорттық  секциялар  мен  көркемөнер 
үйірмелеріне қатысу туралы мәлімет береді. 
4.  Пікірлер  портфолиосының  ішінде  мұғалімдер,  сынып  жетекшісі, 
психолог,  ата-ана,  сыныптастары  жазған  педагогикалық-психологиялық 
мінездеме,  сонымен  қатар  оқушының  өз  қызметі  мен  нәтижелері  туралы 
жазған талдауы болуы керек. Ол мәтін, қорытынды, рецензия, пікір, резюме, 
қолдау хат түрінде болуы мүмкін. 
5.  Үлгі  портфолиосында  педагогтер  мен  ата-аналардың  талқылауын 
өтіп іріктелген ең жақсы жұмыстар жинақталады. Ол жұмыстарды былайша 
іріктеуге  болады.  Оқушы  өзінің  оқу  прогресіндегі  күш  жігері  неғұрлым 
көбірек  жұмсалған  жұмыстарының  жиегіне  «Менің  ең  сәтті  жұмысым», 
«Менің сүйікті мақалам», «Менің сүйікті есебім» деген жазулар жазады. Үлгі 
портфолиосына  өз  бетімен  іріктелген  жұмыстарының  оң  жақ  жоғарғы 
бұрышына  «О»  деген  белгі  соғады.  Осындай  процедураны  мұғалім  де 
жүргізіп,  оқушының  жұмыстық  портфолиосынан  неғұрлым  қызықты, 
бағалауға  тұратын  ерекше  жұмыстарды  іріктеп,  өз  таңдауын  «М»  деген 
белгімен білдіреді. 
Жоғарыда  ұсынылған  модельдердің  негізінде  портфолионың  барлық 
түрі  жинақталып,  бір  ғана  кешенді  портфолио  немесе  жай  бір  моделін  де 
жасақтауға болады. 
Мұғалім  мен  оқушы  портфолиосы  бір-бірімен  тығыз  байланысты, 
өйткені оқушы портфолиосын жасауға міндетті түрде пән мұғалімі қатысады 
(ол  сынып  жетекшісінің  жұмысы  деп  ойламау  керек).  Ал  мұғалім 
портфолиосының  ішінде  оның  пәніне  бейім  оқушылар  жетістіктерінің 
көрсеткіші болуы қажет.  
Қорыта айтқанда, мұғалім мен оқушы портфолиосын жасақтау – бүгінгі 
күннің  талабы,  мұғалім  мен  оқушының  өз  жұмыстарының  жетістіктері  мен 
кемшіліктерін қадағалап, бақылап отыру құралы. 
 
 
 
 

 
101 
 
Оқушы  портфолиосы  –  оқушының  өзінің  танымдық  шығармашылық 
еңбегінің  өзін-өзі  бағалау,  өзінің  әрекетінің  рефлексиясының  құралы.  Бұл 
құжаттар кешені қамтиды: 
Оқушыға  «портфельге»  материал  таңдау  бойынша  тапсырма  беру 
(бұнда  портфолио  қандай  материал  керектігі  нақты  емес,  таңдау 
көрсеткіштері анықталады). 
Оқушының  жұмысымен  тиянақты  танысуды,  портфельге  салынған 
жұмыстарды  бағалаудың  көрсеткіштері  мен  өлшемдерін  ұйғаратын  ата-
аналарға (оқушылар) арналған сауалнамалар. 
«Портфельді»  дұрыс  бағалау  ұсынылған  сараптамалық  топ  үшін 
сауалнама. 
Бұндай  «портфельді»  дәстүрлі  папкалар  түрінде  немесе  электронды 
түрде жасауға болады.  
Оқушы  мұғалімнің  кеңесі  немесе  өз  қалауы  бойынша  сабақта,  үйде,  
сыныптан  тыс  жұмыстарда  өз  қолымен  жасаған  туындыларын  белгілі  бір 
тәртіп  бойынша  «портфельге»  орналастырады.  Жұмыстарды  бір  пән 
бойынша  бір  тоқсан,  бір  жыл  немесе  бүкіл  оқу  бойы  жинақтауға  болады. 
«Портфель»  немесе  ондағы  туындыларды  оқушы  не  себептен  таңдағанын 
түсіндіреді. Мұғалім «портфельдің» құрылымын, тапсырмалар, сұрақтар бере 
отырып,  оқушыларға  кейбір  оқушыларға  немесе  бүкіл  топқа  осындай 
«портфель» жасауды ұсынады. Бұл жұмыстағы ең бастысы – оқушының өзін-
өзі  бағалауы,  яғни,  пайымдауы,  дәлелдеуі,  негіздеуі.  Белгілі  бір  уақыт 
кезеңінде 
оқушы 
«портфолиосын» 
өз 
қалауы 
бойынша 
немесе 
бағдарламаның  бір  бөлімі,  жоба  аяқталған  уақытта  презентациялайды.  Сол 
сияқты оқушы өз қалауы бойынша шағын топта немесе бірден бүкіл топтың 
алдында өз жұмысын «қорғайды». Электрондық портфолио болған жағдайда 
өз  парағына  басқаларды  шақырып,  соңынан  паролін  өзгертуіне  болады. 
Ұсынылған  материалдарды  сабақ  үстінде  немесе  басқа  бір  белгіленген 
уақытта  да  талқылауға  болады.  Сол  кезде  оқушы  өзінің  таңдаған  білім 
аумағындағы  туындыларының  ата-аналар,  мұғалімдер,  сараптамашылардың 
бағаларымен  сай  келетінін  дәлелдеуі  қажет.  Сонымен  қатар,  ары  қарай  қай 
бағытта, жұмыс істеу қажеттігін анықтайды.  
«Портфолио»  мазмұнын  бағалауда  төмендегі  талаптарды  басшылыққа 
алуға болады: 
Нәтижелерді  (аралық,  қорытынды)  өзін-өзі  бағалау  кезінде  оқыту 
бағдарламасына сәйкес келуі, таным процесінде өз бетінше шешім қабылдай 
алуы,  сол  шешімнің  салдарын  болжай  алуы,  пікірталастарда,  өз  ұстанымын 
дәлелдей алуына көңіл бөлінеді. 
Өзіндік мониторингтің жүйелілігі мен жиілілігі. 
«Портфолио»  материалының  құрылымы,  жазбаша  түсініктемелердің 
логикалық тұрғыда дәлелденуі. 
«Портфолионың» ұқыпты, эстетикалық талапқа сай рәсімделуі. 
«Портфолиода»  ұсынылған  материалдың  біртұтастығы,  тақырыптық 
аяқталуы. 

 
102 
«Портфолионы» презентациялау кезіндегі көрнектілігі және негізділігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал