Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
 
2.5. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ТОПТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Шығармашылық 
топ 
– 
оқу-тәрбиелік, 
тәжірибелік-ізденістік, 
эксперименттік,  ғылыми-әдістемелік  және  жобалау-зерттеушілік  әрекет 
бойынша  жоғары  біліктілікке  ие  бір  немесе  бірнеше  білім  беру  аумағына 
қатысты  оқу  пәндерінің  оқытушыларын  біріктіртін  білім  беру  мекемесінің 
әдістемелік қызметтің құрылымдық бөлімшесі. 
Шығармашылық  топ  бір  немесе  бірнеше  оқу  аумағы  бойынша  үш 
мұғалімнен  кем  болмаған  жағдайда  ұйымдастырылады.  Технология  пәнінің 
шығармашылық  топ  құрамына  технолгия  пәні  мұғалімдерімен  қатар 
бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімдері ене алады. 
Шығармашылық  топтың  саны  мен  құрамын  білім  беру  мекемесінің 
алдына  қойылған  міндеттерді  кешенді  шешу  қажеттілігіне  орай  мектептің 
әдістемелік  кеңесі  анықтайды  да,  оқу  орнының  директоры  бекітеді. 
Шығармашылық  топ  өз  жұмысында  мектептің  Жарғысы  мен  құқықтық 
актілерін  басшылыққа  алады.  Мектептің  құқықтық  актілеріне  ішкі  еңбек 
тәртібі, еңбек келісім-шарттары, т.б. жатады. 
Шығармашылық топтың өзінің алдына қойған міндеттері, өз жұмысын 
ұйымдастыру жолдары, құжаттары мен құқықтары бар. Соларға тоқталайық. 
Шығармашылық топтың негізгі міндеттері: 
- түрлі оқу сабақтарын өткізу; 
-  аймақтық,  мектеп  компонентін,  оқушылардың  түрлі  ерекшеліктерін  
ескеретін күнтізбелік жоспар жасау; 
- мұғалімдердің жеке зерттеулерінің тақырыптарын бекіту; 
- сабақ жүргізудің сапасын үнемі жетілдіру; 
-  мұғалімдерді  тәжірибелік-ізденістік  және  ғылыми-зерттеушілік  жұмысын 
жүргізу әдіснамасына үйрету; 
- оқу пәндері мен шығармашылық топтарды кешенді әдістемелік қамтамасыз 
ету; 
- шығармашылық топ мүшелеріне аттестациядан өтуге көмек көрсету; 
-  мұғалімдердің  жұмыс  тәжірибелерін  зерттеу,  тарату,  насихаттау 
мақсатында  шығармашылық  топ  пен  басқа  білім  беру  мекемелерінің 
әдістемелік бірлестіктерімен шығармашылық байланыс орнату; 
- жас мамандарға педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету; 
-  шығармашылық  топтың  саласына  сәйкес  оқу  пәндерінің  оқыту  сапасын 
жетілдіру  міндеттерімен  тығыз  байланысты  педагогика  мәселелері  және 
маңызды  шығармашылық  мәселелер  бойынша  эксперименттер  мен  ғылыми  
зерттеулерге қатысу; 

 
76 
- ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік жұмыстардың нәтижесін талдау 
және олардың өткізілуі туралы есептерін жариялауға ұсыныстар, зерттеулер 
мен эксперименттер нәтижелерін тәжірибеге енгізуге қатысу; 
- авторлық және жетілдірілген бағдарламаларды өткізу; 
-  оқушылардың  қорытынды  аттестациясына  арналған  материалдарды 
қарастыру және бекіту; 
-  оқушылардың  жобалау-зерттеушілік  жұмыстарын  ұйымдастыру  және 
жетекшілік  жасау,  оқушыларды  олимпиада,  интеллектуалдық  курстарға, 
сайыстарға, конференцияларға дайындау; 
-  шығармашылық  топқа  қатысты  пәндерден  қорытынды  аттестация  жүргізу 
және оның нәтижесін талдау;   
- оқушылардың кәсіби бағдарын ұйымдастыру; 
- пәндер бойынша білім беру әрекеттерінің нәтижесін талдау; 
-  оқу  жоспарларының  вариативті  бөлігін  жасауға  қатысу,  оқу  курстарының 
минималдық көлемі мен мазмұнына қойылған талаптарға өзгерістер енгізу; 
-  оқытылатын  пәндер  бойынша  кіріктірілген  оқу  бағдарламаларын  жасау, 
оларды  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру  стандарттарында  белгіленген 
құзыреттіліктерді  толық  меңгеру  үшінұқсас  пәндердің  бағдарламаларымен 
сәйкестендіру;  
-  технология  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  құралдар,  дидактикалық 
материалдар және көрнекі құралдар дайындау және талқылау; 
- технология пәні бойынша ашық сабақтар мен ашық сыныптан тыс шаралар 
өткізу; 
-  технология  пәнін  оқыту  әдістемесі,  мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдіру 
мәселелері бойынша баяндамаларға дайындалу және талқылау; 

бағдарлама  бойынша  тақырыптарды  оқыту  әдістемесі  бойынша 
баяндамаларды талқылау; 
-  технология  пәнінен  жеке  жұмыс  түрлері  мен  дидактикалық  материалдар 
мазмұны бойынша әдістемелерді талқылау; 
-  оқушылардың  зерттеушілік  жұмыстарын  ұйымдастыру,  жетекшілік  ету, 
бақылау мәселелерін қарастыру; 
- бақылау жұмысы, тексеру жұмыстарының нәтижесінің көрсету, бағдарлама 
бойынша  игеруі  тиіс  білім,  іскерлік,  дағдыларды  басқа  диагностикалардың 
нәтижелерімен салыстыру;  
-  әдістемелік  құжаттарды  дайындау  (сабақ  жоспарлары,  ұсыныстар, 
рефераттар, баяндамалар, картотекалар т.б.); 
- оқытуды дараландыру мен сараландыру; 
- оқытудың жаңа технологиясымен танысу, оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; 
-  технология  пәні  бойынша  сайыстар,  олимпиадалар,  т.б.  шараларды  өткізу 
ережелерін дайындау; 
 
Шығармашылық  топтың  жұмыстарын  білім  беру  мекемесінің 
директорының бұйрығымен белгіленген жетекші мұғалім басқарады.  
 
Шығармашылық  топтардың  жұмысы  жоспарланған  түрде  жүргізіледі 
де,  келесі  құжаттардың  болуы  талап  етіледі:  шығармашылық  топ  туралы 
ереже, шығармашылық топтың өткен оқу жылындағы жұмысын талдау, осы 

 
77 
оқу жылына арналған жұмыс жоспары, шығармашылық топ мүшелері туралы 
толық  мәлімет  (жасы,  білімі,  мамандығы,  марапаттамалары,  оқу  жүктемесі, 
зерттеу  тақырыбы),  мұғалімдердің  кәсіби  қажеттіліктері  туралы  мәлімет, 
озық  педагогикалық  тәжірибелердің  мекен-жайлары,  отырыстардың 
хаттамалары,  технология  пәнінен  оқу  бағдарламалары  мен  оқу-әдістемелік 
қамтамасыз  ету,  технология  пәнінен  факультативтер,  үйірмелердің 
бағдарламалары, пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу бағдарламасы, 
қызметкерлердің  біліктілігін  жетілдіру  кестесі,  шығармашылық  топ 
мүшелерінің  аттестациядан  өту  кестесі,  технология  пәнінен  ашық  сабақтар 
мен  ашық  сыныптан  тыс  шараларды  өткізу  кестесі,  жас  мамандар  мен 
жаңадан  келген  қызметкерлермен  жұмыс  жоспары,  ағымдағы  бақылау 
жұмыстарын өткізу кестесі, диагностикалық графиктер, кестелер.    
 
Сонымен қатар шығармашылық топтың құқықтары төмендегідей: 
- мұғалімдердің біліктілігін жетілдіруді ұсыну; 
- мектептегі оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар айту; 
-  шығармашылық  топ  жинақтаған  озық  педагогикалық  тәжірибе  туралы 
материалдарды жариялауды ұсыну; 
-  мектеп  әкімшілігінің  алдына  шығармашылық  топ  мүшелерінің  оқу-тәрбие, 
эксперименттік, 
ғылыми-әдістемелік, 
тәжірибелік-ізденістік 
әрекетке 
белсенді қатысқаны үшін мадақтау, марапаттау туралы мәселе көтеру; 
- мұғалімдерге біліктілігін жетілдірудің түрлі формаларын ұсыну; 
-мұғалімдерді  аттестациялауды  ұйымдастыру  мен  оның  мазмұны  бойынша 
ұсыныстар айту; 
- технология пәні мұғалімдерін «Жыл мұғалімі», «Ең үздік технолия пәнінің 
мұғалімі» сайыстарына қатысуға ұсыну.  
 
Шығармашылық  топтың  әрекетін  мектеп  директоры  мен  оның 
әдістемелік және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру мекемесінің 
директоры бекіткен мектеп ішілік жоспарға сәйкес тексереді, қорытындысын 
шығарып, жариялап отырады. 
Шығармашылық топтарға ұсынылатын тақырыптар: 
1. 
2. 
3. 
4. 
5. 
 
 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. Технология пәні сабағының түрлері мен типтері.  
2. Технология сабағына қойылатын талаптарды атаңцыз. 
3. Технология сабағындағы жұмыс түрлеріне сәйкес шығармашылық жұмыс 
дайындаңыз. 
4 Технология сабағына дайындық, сабақты өткізу әдістемесіне сипаттама 
жасаңыз. 

 
78 
5. Технология сабақтарында жобалау әдістерін қолданудың тиімділігін 
дәлелдеңіз. 
6. Шығармашылық топтарды ұйымдастыру жолдары қандай? 
7. Шығармашылық жұмыстың негіздемесін жасаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІ МҰҒАЛІМІНІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
3.1. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ 
 
Мектеп  мұғалімі  бір  оқу  жылына  жеке  жұмыс  жоспарын  жасайды. 
Жеке  жұмыс  жоспары  мектептің  оқу  жылының  алдына  қойған  мақсатына 
сәйкес  мұғалімнің  өзекті  зерттеу  тақырыбы  өрбиді.  Жеке  жұмыс  жоспарын 
технология  пәні  мұғалімі  төмендегі  үлгі  бойынша  өз  өзгерістерін  қосып 
жасауына болады. Кестедегі сыныптар шартты түрде алынған. 
 
Технология пәнінің мұғалімі  2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс 
ЖОСПАРЫ 
 
р/н 
Іс - шаралардың атауы 
Мерзімі  
Қатысу
шылар  
Саралап оқыту арқылы табиғатқа сәйкестілік принциптері негізінде білім 
беру үдерісін ұйымдастыру 
Бірінші міндет 
Мектепішілік және сыныпішілік саралау жүйесін ары қарай дамыту 

Оқытылатын 
сыныптардағы 
бейімдеу 
педагогикасының принциптерін жүзеге асыру 
Үнемі 
 

«Технология»  мен  «Бейнелеу  өнері»  пәндері 
бойынша сыныпаралық саралауды жүзеге асыру 
Үнемі  
 

Оқушылардың 
еңбек 
сабағында 
дұрыс 
Үнемі  
 

 
79 
орналасуын  (латеральности)  ескере  отырып 
сыныпішілік саралауды жүзеге асыру 

7-сыныпта 
ұл 
және 
қыз 
балалардың 
ерекшеліктеріне 
сәйкес 
еңбек 
түрлерін 
саралауды жүзеге асыру  
Үнемі  
 

Сараланған топтың оқушыларының психикалық-
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  тиімді 
әдістемелер,  әдістер,  тәсілдер  және  құралдарды 
таңдау,  апробациядан  өткізу  және  тәжірибеге 
енгізу 
Үнемі  
 

Оқу 
үдерісінде 
параллель 
сыныптарда 
сыныпішілік  түрлі  деңгейлі  саралауды  жүзеге 
асыру 
Үнемі  
 
Екінші міндет 
Үйлестіруші-дамытушылық және реабилитациялық жұмыстарды 
ұйымдастыру 

Рөлдік 
ойындар, 
мәселелік 
тапсырмалар, 
тәжірибелік  жұмыстар,  түрлі  деңгейлі  тестілер, 
ақпараттық 
технологиялар, 
көрнекілік 
құралдары,  кіріктірілген  сабақтарды  қолдана 
отырып,  тиімді  сабақ  формаларын  өткізу 
есебінен естің түрлерін (көру, есту) белсендіру 
Үнемі  
 

Ұғымдарды  ауызша  дұрыс  айту,  салыстырмалы 
кестелерді 
толтыру 
сияқты 
тиімді 
үйлестірушілік-дамытушылық 
әдістер 
мен 
тәсілдерді сабақта қолдану және меңгеру 
Үнемі  
 

Инновациялар банкін қалыптастыру 
Үнемі  
 

Психикалық аумақты үйлестіру және дамыту: 
-  жағымды  психикалық  аумақ  қалыптастыру 
арқылы; 
-  әртүрлі  әрекет  түрлерін  қолдану  арқылы 
(жұптық, 
топтық, 
ұжымдық) 
сабақта 
коммуникативтік орта қалыптастыру және т.б. 
Үнемі  
 
Үшінші міндет 
Берілген диагностикалар негізінде оқушылардың жалпы оқу іскерліктері мен 
дағдыларын меңгерудің жеке траекториясын қалыптастыру 

Психологпен  бірге  оқушылардың  жалпы  оқу 
іскерліктері  мен  дағдыларының  қалыптасу 
деңгейін диагностикалау жүйесін өткізу 
Қыркүйек-
мамыр 
 

Сыныптардың картасын дайындау 
Үнемі  
 

5-сыныпта 
қалыптаспаған 
іскерлік 
пен 
дағдыларды  меңгеру  үшін  тапсырмалар  кешенін 
дайындау  
Қараша-
желтоқсан 
 

Үйлестіруші  міндеттерді  шешу  алгоритмін 
Қараша-
 

 
80 
дайындау 
қазан 

6-сыныптардың  мықты  топтары  үшін  жеке 
тапсырмалар кешенін дайындау  
Желтоқсан
-қаңтар 
 

Оқу  әрекетіндегі  қиыншылықты  жеңу  үшін 
оқушыларға кеңес беру 
Үнемі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ 
 
     Тәрбиенің  қоғамдағы  жалпы  қызметі,  біріншіден,  ұрпақтан-ұрпаққа 
әлеуметтік  тәжірибе  мен  мінез-құлық  нормаларына  қатысты  білім,  білік 
дағдыларын    беру  үдерісі  болып  табылады.  Екіншіден  адам  баласында 
адамгершілік 
сапа 
жүйесін 
қалыптастыру. 
Сондықтан, 
тәрбиені 
әлеуметтендіру  үдерісінің  педагогикалық  компоненті  ретінде  қарастырған 
жөн.  Ол  мақсатты  түрде  адамның  әлеуметтік  дамуына  жағдай  тудыруды 
көздейді.  Мұндай  көзқараста  баланы  әртүрлі  әлеуметтік  қатынастарға 
қатыстыру  басшылыққа  алынады:  оқу,  еңбек,  қарым-қатынас,  ойын, 
практикалық  әрекеттер  т.с.с.    Мұғалімдердің  кәсіби  қызметін  жүзеге  асыру 
барысында  балаға  жасаған  ықпалы  туралы  айтар  болсақ,  онда  мұндай 
педагогикалық әрекетті тәрбие жұмысы деп айтамыз. 
 
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысын анықтау негізгі мәселелердің 
бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. 
Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Мақсат тәрбие жұмысының принципін, 
мазмұны  мен  формаларын  және  әдістерін  анықтайды.  Егер  тәрбие 
жұмысының  мақсаты  дұрыс  қойылмаса,  оның  жұмысында  келеңсіз 
жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай   болса, 
тәрбие 
жұмысының  нәтижелі  болуын  көбінесе  ондағы  мақсаттың  нақтылығына 
байланысты  бағаланады.  Мақсат  қою  үшін  оны  анықтап  алу  маңызды. 
Мұндай жағдайда: 
А) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді; 
Ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды; 
Б)  қол  жеткізетін  нәтижені  алдын-ала  жобалауды  бірінші  кезекте  ескеру 
қажет. 

 
81 
 
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге 
мақсаттың  қаншалықты  дәрежеде  атқарылуына,  проблемалық  жағдаяттың 
туындауына  да  байланысты.  Негізгісі,  мақсатты  анықтау  барысында  оған 
қатысушы  әрбір  жақ  өздерінің  болашақтағы  әрекеттерінің  мәнін  жақсы  әрі 
айқын түсіндірілуі шарт. 
 
Сынып  жетекшісінің  мақсат  қоюшылық  қызметі  негізінен  4  кезеңнен 
тұрады: 
1.
 
Педагогикалық үдерісті алдын-ала болжау. 
2.
 
Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау. 
3.
 
Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау. 
4.
 
Мақсатты  анықтауда  пән  мұғалімдері  мен  оқушылар  және  ата-аналардың 
өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру. 
Тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда  анықталып  отырған  мақсаттың 
нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі 
педагогикалық  процестің  нақты  жағдайын,  оқушылардың  жас  және  дара 
ерекшеліктерін,  олардың  өткен  оқу  жылындағы  әрекеттің  нәтижесін,  осы 
бағытта  үш  бұрыштың  бірлескен  іс-қимылдарында  жинақтаған  тәжірибесін 
зерттеп тану қажет. 
Оқушылардың  тәрбие  жұмысының  мақсатын  анықтап,  белгілеу 
жұмысына  тікелей  қатысуы,  олардың  өздеріне  өткен  оқу  жылындағы 
әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы 
әрекеттеріне  саналы  түрде  қатынас  жасауға  мүмкіндік  туғызады.  Мұндай 
жағдай  сынып  жетекшісіне  педагогикалық  құралдарын  дұрыс  таңдауға 
септігін тигізеді. 
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық 
міндеттері  де  айқындалады.  Оны  жобалау  негізінен  мынадай  кезең  арқылы 
жүзеге асады: 
1.
 
Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді? 
2.
 
Сынып  ұжымы  мен  мектеп  және  тұрғылықты  жердің  қандай  өзіндік 
ерекшеліктері бар? 
3.
 
Мектеп  немесе  сынып  жағдайында  өткен  оқу  жылында  қандай  міндеттер 
қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды? 
4.
 
Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді? 
5.
 
Қойылып  отырған  мақсатты  жүзеге  асырудың  педагогикалық  мүмкіндіктері 
қандай? 
6.
 
Сынып  ұжымының  жақын  қашықтықтағы  міндеттерді  шешуге  даярлық 
дәрежесі қандай. 
Міне  осындай  мәселелерге  дұрыс  жауап  берген  жағдайда  ғана  оның 
нәтижесі  айқын,  әрі  орындалатын  болады.  Оқушылар  да  қойылып  отырған 
мақсатты  дұрыс  қабылдап,  оған  өздерінің  жауапкершілік  сезімдерін 
ұлғайтады.  Нәтижесінде,  тәрбие  жұмысын  жоспарлауды  өз  дәрежесінде 
атқаруға оң ықпал тигізеді.   
Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы-сынып сағаты), 
Тақырыптық  әңгімелер,  саяси  хабарлама,  оқырмандар  конференциясы, 
пікірталас,  сұрақ-жауап  кеші,  олимпиада,  көңілділер  мен  тапқырлар  клубы 

 
82 
(КВН),  еңбекке  қатысты  істер,  спорттық  және  мәдени  шаралар,  кездесулер 
т.б. бұқаралық шаралар жатады. 
 
Бұл  бағытта  сыныпқа  қатысты  ұйымдастыру  шаралары  белгіленеді 
(Ұйымдастыру формасы-сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие 
және  қоғамдық  пайдалы  істеріне  қатысты  ұжымдық  шараларды  жоспарлау, 
оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару 
ұйымдарына  қатысты  сынып  жиналысының  тақырыбын,  олардың  күн 
тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер  мен 
клубтар  жұмыстарының  тақырыбын  жоспарға  кіргізе  отыра:  көмек  көрсету, 
ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді. 
 
Сол  сыныпта  істейтін  барлық  пән  мұғалімдері,  пәндік  үйірмелерінің 
жетекшілерімен  байланыс  орнатып,  олардың  жоспарлауында  оқу-тәрбие 
жұмыстарына 
арналған 
бұқаралық 
шаралары 
белгіленіп, 
өзара 
жауапкершіліктері  анықталады  т.с.с.  өзара  әрекеттері  көрсетіледі.  Мектеп 
жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі. 
 
Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен 
байланыс орнату, ата-аналар лекториясының  тақырыптарын белгілеу. 
 
Жеке  оқушымен  жұмыс:  бұл  бөлімде  сыныптағы  кейбір  оқушының 
сабақ  үлгеріміне,  тәртібіне  қатысты,  оның  қабілетін  шыңдауға  сай 
жұмыстардың түрлері кіреді. 
 
Сынып  ұжымын  ұйымдастыру  формасы    жеке  топ  және  ұжымдық 
шығармашылық әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық істерді 
ұйымдастырудың  нәтижелі  формасына–жеке  топ  болып  әрекет  етуді 
жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке 
мүмкіншіліктерін, қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады. 
 
Жеке  топтық  жұмыс  тұлғаның  қажеттілігін  және  қызығушылығын 
жүзеге  асыру  барысында  оның  дамуына    мүмкіншілік  тудырып  қана 
қоймайды  сонымен  бірге,  қабілетін  де  шыңдап,  басқа  да  топтардың  өзара 
әрекеттесу барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді. 
 
Дегенмен  де  қазіргі  психологиялық  -  педагогикалық  зерттеулерде 
сыныпта  ұжымдық  шығармашылық  әрекеттің  басым  болу  қажеттілігіне  аса 
маңыз берілген. Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың  өздеріне және 
басқа да адамдарға ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оны жалпы 
бағытын ұстанып отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады. 
 
Ұжымдық  шығармашылық  форма-  оған  қатысушы  жақтардың  өзара 
бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін: 

 
Әрбір  қатысушысының  қатысушысының  қызығушылығы  және  қажеттілігі 
ескерілуі тиіс; 

 
Жеке  тұрғыдағы  мақсат  топтық  және  ұжымдық  мақсатқа  қарама-қайшы 
келмеуі тиіс; 

 
Ұжымдық  шығармашылық  іс,  жалпы  ортақ  істе  әркімнің  өзінің  орнын  таба 
білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс. 
 
Ұжымдық  шығармашылық  әрекет  формасы  басқалардан  тәрбиелік 
міндеттерді  қою  және  оқушылырдың  тәжірибе  жинақтау  сипатымен 
ерекшеленеді.  Оның  негізін  ұжымның  барлық  мүшелерінің  өзара  бірлескен 

 
83 
әрекеттері,  ынтымақтастығы  жағдайы  құрайды.  Мұндай  жағдайда  олар 
сыныптағы  оқу  тәрбие  жұмыстарына  қатысты  жоспар  құруды,  тәрбие 
шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады. 
Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады. 
1.Дайындық 
жұмысы. 
Мұғалімдер 
сынып 
ұжымымен 
болашақта 
атқарылатын  шығармашылық  істің  жоспарын  алдын  ала  белгілейді,  оның 
нақты  тәрбиелік  міндеттерін  анықтайды,  балаларға  оның  әртүрлі  жобасын 
талқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, 
соның  барысында  әрбір  оқушының  оған  белсенді  қатысын  орнықтыратын 
тәсілдері қарастырылады. 
2.Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар 
қойылып  отырған  мәселеге  сай  оның  шешімін  ұжым  болып  немесе  топ-топ 
болып  бірлесе  қарастырады.  Шараның  құрылымын  белгілеп,  нақты 
жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. 
Басшысы сайланады. 
3.Ұжымдық  іс-қимыл.  Ұйымдастыру  тобы  дайындық  жұмыстарының 
жоспарын  құрып,  оны  нақтылап,  қажет  болған  жағдайда  түзетулер  енгізеді. 
Оны  ұйымдастыру    барысында  жекелеген  оқушыларға  немесе  топқа 
тапсырмалар  бөлініп,  олардың  барысын  қадағалап  отырады.  Сынып 
жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың 
шығармашылықпен  ынталы  жұмыс  істеуіне  себепкер  болады.  Кейбір 
жекелеген оқушылардың бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып 
тұрады. 
4. Іс-шараларды өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар 
алдын  ала  дайындық  жұмыстары  және  белгіленген  жоспар  бойынша 
өздерінің  ойларын  ұжым  болып  атқарады.  Сынып  жетекшісі  шараның  өту 
барысын ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беріп, жағымды көңіл 
күй  тудырып,  кейбір  кемшіліктер  туындап  отырса,  оны  бейресми  түрде 
түзетіп отырады. 
5. Іс-шараның нәтижесін қорытындылау. Іс-шараны өткізіп болғанан кейінгі 
кезекте,  оның  нәтижесін  қорытындылап,  жоспар  бойынша  оның  қалай 
белгіленген, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. 
Бұл  жауапкершілігі  мол  кезең.  Сондықтан,  оған  оқушылардың  барлығы 
белсенді  қатысуын  ұйымдастыру  сынып  жетекші  үшін  маңызы  ерекше. 
Мұндай  жағдайда  оқушыларды  асықтырмай,  олардың  өзара  талқылауына 
біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн.Шараның жетістігі мен кемшіліктері 
сарапталып, болашақта оның болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір 
алмасуы  барысында  оқушылардың  ұсыныстарын  ескеру  қажет.  Сынып 
жетекші  онда  айтылған  пікірлерді  қорытындылап,  кейбір  ұнамдысын  өзінің 
қойын дәптеріне жазып отырады. 
Тәрбие жұмысының формасы. 
 
Тәрбие  оқу  процесі  секілді  нақтылы  қалыптасқан,  мақсатты  жүйелі 
процесс. Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі 
педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының 
формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі», т.б. Соған орай «Педагогикалық 

 
84 
энциклопедия»  сөздігінде  «форма»  ұғымына  қатысты  бірнеше  түсініктеме 
берілген: 
 
1.Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні; 
 
2.Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі; 
 
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі; 
 
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с. 
«Тәрбие  жұмысының  формасы»  оқушылардың  нақты  тәрбие  әрекетін 
ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін , нақтылы 
істің  композициялық,  құрылымын,  оның  мазмұнын,  атрибуттарын, 
әдістемесін  дайындық  және  өткізу  технологиясын,  педагогикалық  талдауын 
анықтайды. 
«Тәрбие шарасы» топтық, ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие 
жұмысының жеке бір актсы ретінде қарастырылады. 
 
 
 
 
3.3. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
 Мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда: 
-  факультативтік  және  үйірме  жұмыстары  негізінде:  қолөнер  шеберханасы, 
кішкентай шебер, жас техник, жас сәулетші, ағаш шебері және т.б еңбек іс-
әрекетінің  түріне  байланысты  баланың  мүмкіндігі,  даралығы,  қабілеті  және 
қызығуына байланысты өзінің таңдауы бойынша қатыса алады. 
  Сабақтан  алған  білім,  білік,  дағды  және  құзіреттіліктерінің  қалыптпсуы 
тереңдей  түседі.  Аталған  үйірмелерде  еңбек  түрлерінің  шығу  тарихына, 
мазмұндық  ерекшелігіне  мән  беріліп,  баланың  тәжірибесіне  айналып 
субъекті ретінде қалыптасуына ықпал ететіндей болуы тиіс. 
-
 
сыныптан  тыс  жұмыстар  негізінде:  музейге  саяхатқа  бару;  еңбек 
адамдарының  еңбегін  бақылау;  өндіріс  орындарына  және  ауыл 
шаруашылығына экскурсияға бару; еңбек тақырыбындағы концерттік кештер; 
еңбек  адамдарымен  кездесу,  викториналар,  жарыстар,  көрме  ұйымдастыру, 
конкурстар, ойындар, мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы 
жұмыстарда балалар еңбек және ересектің еңбегі туралы білімін тереңдетеді, 
еңбекке  жағымды  мотивінің  пайда  болуына,  өзінің  еңбегінің  құнын  білуге, 
еңбекке сүйіспеншілігін, тұлғалық сапаларының қалыптасуына әсер етеді. 
-
 
Қоғамдық  пайдалы  еңбектер  негізінде:  кезекшілік,  бағбаншы, 
кітапханашы,  тазалықшы  міндеттерін  атқарады,  сенбіліктер  ұйымдастыру. 
Еңбек  десанттары,  шағын  бастамашылдар,  тобының  жұмыстары  әлеуметтік 
тәжірибе  жинақтауға,  ұқыптылыққа  эмоциональдық  құнды  қатынасын 
тәрбиелейді. 
3.  Пән  аралық  байланыс  негізінде:  ана  тілі,  қазақ  тілі,  математика,  бейнелеу 
өнері, қоршаған орта, информатика, өзін-өзі тану. 

 
85 
-  ана  тілі  пәнінде  еңбек  және  еңбек  адамдары,  еңбек  құрал-жабдықтары 
туралы білім ендірілген. Бірақ балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде 
тәжірибесін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  қазіргі  техникалық  әлемге 
байланысты ақпараттармен толықтырылуы қажет деп санаймыз. 
-математика пәнінде көлем, өлшем, шама, әрекет альгоритімін меңгеретіндей  
шығармашылық тапсырмалармен толықтыруға болады; 
-  қазақ  тілі  пәнінде  технологиялық  терминднрге  және  қол  өнер 
туындыларының атаулардың семантикалық мағынасына талдау жасау, оның 
мәнін түсінуге әсерін тигізеді; 
-  ұлттық  және  әлемдік  деңгейдегі  адамның  еңбек  әрекеті,  шаруашылық. 
Техника  әлеміне  ақпараттық-технологиялық    мәліметтермен  толықтырулар 
еңгізу баланың тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді; 
-  информатика  пәнінде  ұлттық  бұйымдарды  құрастыруға  технологиялық 
суреттер, 
сызбалар, 
карталар 
және 
шығармашылық 
ойындармен 
толықтырылуы қажет. Кіші мектеп жасындағы балалрдың өзі эскизі, моделін 
құрастыру қолданылады; 
-өзін-өзі  тану  пәнінде  еңбек  және  адамдар  еңбегінің  рухани-адамгершілік 
мазмұнынан  бала  өзінің  және  басқаның  еңбегінің  мәнәі  түсінеді,  «Мен» 
тұжырымдамасын  дамытуда,  субъекті  ретінде  және  әлеуметтенуі,  еңбектегі 
тәжірибесін  қалыптастыруға  пайдаланылады.  Бала  өзін  еңбек  іс-әрекет 
арқылы  таниды.  Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  мәтіндер  және 
тапсырмалар 
арқылы 
еңбек 
және 
технологиялық 
мәдениетіне, 
эмоционалдық-құндылық қатынасын тәрбиелеуге болады.  
 
 
 
Мектеп  алды  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  іс-әрекеті 
субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға педагог мамандарды даярлау 
мазмұны және бағыттары: 
      Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында  (2007)  және 
«Қазақстан 
Республикасы 
жаңа 
формация 
педагогының 
үздіксіз 
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында»: «Жаңа формация мұғалімі – 
ол  рухани  адамгершілігі  жоғары,  азаматтық  жауапкершілігі  мол,  белсенді, 
жасампаз,  рефлексияға  қабілеті  басым,  экологиялық  білімді,  шығармашыл 
тұлға,  өзін-өзі  дамыту  және  өзін-өзі  көрсетуге  ұмтылысы,  әдіснамалық 
қалыптасуының  жоғары  деңгейін  сипаттайтын  әлеуметтік,  тұлғалық, 
комуникативтік,  ақпараттық  және  біліктіліктің  басқа  түрлерін  меңгерген 
құзырлығы  жоғары  маман»  болуы  тиіс  делінген.  Олай  болса,  мектепке 
дейінгі  ұйым  педагогының  педагогикалық  іс-әрекеті  мектептегі  мұғалімнің 
еңбегімен  ортақ  белгілерінің  болуымен  қатар,  кейбір  айырмашылықтары 
болады.  Педагогтың  педагогикалық  іс-әрекетінің  өзгешелігі  мектепалды 
және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  жас  ерекшелігімен  негізделеді. 
Сонымен,  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  іс-
әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда педагогтарды даярлау 
мазмұны және бағыттары: 
1)
 
Мотивациялық-тұлғалық  бағыты  еңбек  іс-әрекеті  субъектісі  ретінде 
тәжірибесін  тиімді  қалыптастыруға    қажет  педагогтың    тұлғалық  келесі 
сапаларын анықтадық: 

 
86 
-
 
тұлғаның  шығармащылық  бағыты,  ол  әр  түрлі  үдерістермен 
құбылыстарға  тұрақты  қызығушылық  танытумен,  өз  әрекетін  болжау  және 
сыни  бағалауға  бейімділігін,  өз  еңбегінің  тиімділігін  арттыруға 
ұмтылысымен,  педагогикалық  білім  және  біліктерді  үнемі  жетілдіру  және 
жаңарту  қажеттілігімен,  іс-әрекетке  шығармашылыққа  (креативтілік) 
бағдарлануымен, қиялының және елестеудің дамығандығымен сипатталады; 
-
 
педагогикалық бағыттылық, ол «педагог» кәсібіне деген мотивациясынан 
көрінеді, онда негізгі-баланың тұлғалық дамуына әрекетті бағдарлану болып 
табылады; 
-
 
педагогтың  жоғары  адамгершілік  ахуалы  балаларды  еңбек  іс-әрекетін 
рухани-адамгершілік тәрбиемен  тығыз байланыста жүзеге асырудың қажетті 
шарты  ретінде  қарастырылады,  ол  өз  кезегінде  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға    негізделінген  қазіргі  замаңғы  қоғамдағы  құүндылықтарды 
дамытудың 
қажеттілігімен 
түсіндіріледі. 
Демократизм, 
оптимизм, 
объективтілік,  азаматтық  сана,  әлеуметтік  жауапкершілік,  балалардың 
тәжірибесін,  шығармашылық  дамуын  жүзеге  асырудың  өзектілігі  мен 
қажеттілігін  саналы  түсіну  сияқты  педагогтың  тұлғалық  маңызды 
сипаттамалары  енеді.  Балаға  деген  сенімге  бағдарлана  отырып,  оның 
әрқайсысының тұлғалық-адамгершілік құнды сапаларын дамыту керек. 
       Ғылыми  теориялық  бағытты  педагогикалық  процесті  аталған  бағытта 
жүзеге асыру үшін қажетті білім көлемімен сипатталады. 
-
 
білімнің психологиялық-педагогикалық бағыты – мектепалды және кіші 
мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  іс-әрекетін  басқаруға  ақпараттық 
компоненттерінің    болуын  болжайды:  1)  осы  жастағы  балалардың 
эмоционалды  –  ерік  танымдық  әрекетінің  психологиялық  негіздерен, 
тұлғасының  даралық  ерекшіліктерін  білу;  2)  еңбек  іс-әрекетінің 
психологиялық-педегогикалық  негіздерін  білу;  3)  балалардың  психикаық 
дамуының  негізгі  заңдылықтарын  және  ерекшеліктерін  білу;  4)  оқыту  және 
тәрбие  психологиясын,  педагогикалық  іс-әрекет  және  педагогтың  жеке 
тұлғасының  психологиясын;  5)  оқыту,  дамыту  және  тәрбиенің  өзара 
байланысын;  6)  тұлға,  тұлғаға  бағдарлану,  субъекті-субъектілі  байланыс 
туралы білімі. 
-
 
технологиялық  материялдар  және  оның  қасиеттері.  Құрал-жабдықтар 
және  олармен  жұмыс  істеу  тәсілдері  туралы  мәліметтер;  еңбек  іс-әрекетін 
ұйымдастыру, еңбек және технологиялық мәліметтері туралы білім және т.б.; 
-
 
әдістемелік – 1) технологиялық (еңбек) оқытудың теориялық негіздері 
(  технологиядан  оқу  процесін  ұйымдастыру  мақсаты,  міндеттері,  мазмұны, 
әдістері,  құралдары,  формалары);  2)  негізгі  проектілі-технологиялық 
ұғымдардың (проект, проектілеу, проектілі білім, оқу шығармашылық проект, 
проектілі  әрекет  және  т.б.)  мәні  туралы  білім;  3)  технологиялық  және 
отандық  жетістіктері  туралы  білім;  4)  біртұтас  педагогикалық  процесте 
технологиялық  білімнің  мәні  мен  рөлі;  5)  технологиялық  білім  берудің 
дидактикалық  негіздері  (мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,  әдістері  мен 
формалары), балалардың диогностикалау әдістері;  6) бағыты және мазмұны 
бойынша  оқу  шығармашылық  проектілердің    жіктелуі  туралы  білім;  7) 

 
87 
балаларды  жобалау  әрекетінің  барлық  кезеңдерінде  әдістемесін  білу;  8) 
жобаға  қойылатын  талаптарды,  орындалатын  шығармашылық  жобаны 
бағалау және қорғаудың өлшемдерін білу шарт. 
  Қызметтері  бойынша  бағыттарының  жиынтығы:  қозғаушы,  когнитивті, 
әрекеттік, 
балалардың 
өмірі 
мен 
денсаулығын 
қорғау 
қызметі, 
диогностикалау, 
конструктивті, 
мобилизациялық, 
ұйымдастырушылық,бағдарлы, дамытушы. Комуникативті, гностикалық, ата-
аналарға  педагогикалық  білім  беру  қызметі,  прогностикалық  және 
эвристикалық. Оларды жеке қарастырайық. 
  -қозғаушы- педагогтың жеке тұлғасын жан-жақты дамуына ықпал етеді; бұл 
болашақ 
педагогтың 
қызығушылықтары, 
талпыныстары, 
сенімдері, 
педагогикалық процесінің аталған бағытының рөлі мен мәнін саналы түсіну 
арқылы көрінеді; 
- когнетивті- мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек 
іс-әрекеті  субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастырудың    мәні, 
мақсаттары  мен  міндеттері,  оны  басқарудың  әдістері  мен  тәсілдері  туралы 
жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етеді және ынталандырады; 
-әрекеттік-  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  іс-
әрекеті  субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыруды  басқару  міндеттерін 
шешуге  бағытталған  әрекеттіұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  біліктерін 
меңгеруге  көмектеседі;  педагогикалық  іс-әрекетке  білім  және  біліктерді 
қолдануды болжайды; 
Балалардың  өмірі  мен  денсаулығын  қорғауқызметі-  балалардың  еңбек  іс-
әрекетін  ұйымдастыра  отырып,  педагог  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауда, 
денеге түсетін жүктемені  дұрыс қолдануға қажет шараларды сақтау керек; 
-
 
диогностикалау  (зерттеушілік  қызметі)  –  педагогтың  балалардың 
еңбек 
іс-әрекеті 
субъектісі 
ретінде 
тәжірибесінің 
қалыптасуын 
диогностикалаудың 
әдістемесін 
меңгеруін 
болжайды; 
балалардың  
тәжірибнеі  меңгеру  деңгейін  зерттеу  және  анықтау;  еңбек  іс-әрекетінде 
субъекті  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыру    жүзеге  асатын  шараларын 
зерттеу; 
-
 
жоспарлау (өзіндік педагогикалық функция) – ересек мектепке дейінгі  
жастағы  балалардың  ЕӘТ-ін  қалыптастырудың  тиімді  құралы  ретінде  
роектілі  әрекетті  басқару  және  жүзеге  асырудың  мазмұны,  формалары  мен 
әдістерін  диогностиканың  мәліметтері  негізінде  мақсатты  бағытталған 
таңдауды болжайды; еңбекке деген құнды қатынастарын  тәрбиелейді; 
-
 
құрастыру  қызметі-  балаларға  білім  берудің  мақсаттары  мен 
иіндеттерін  жоспарлау;  балалардың  еңбек  іс-әрекетінде  субъекті  ретінде 
қалыптастырудың қолайлы құралдарын, мазмұның, әдістері иен формаларын 
таңдау;  мектепке  дейінгй  ұйымда  көркем  еңбек  және  бастауыш  мектепте 
технологияны  оқу  барысында  пән  аралық  байланыстарды  жобалау; 
технлолгиядан нақты материялды таңдау және оны оқу пәнінің мақсаты мен 
балалардың дайындық деңгейіне сәйкес қайта құру; 
-
 
мобилизациялық  қызметі  –  балалардың  еңбек  іс-әрекетіндегі  жеке 
тәжірибесінің,  субъектілігінің,  білімдерінің  өзектілігі;  балалардың  еңбекгегі 

 
88 
әлеуметтік  қолдауға  ие  болған    саналы  қажеттіліктерінің  қалыптасуы  және 
дамуы; 
-
 
ұйымдастырушылық  қызметі  –  мектепалды  және  кіші  мектеп 
жасындағы  балалардың  еңбек  іс-әрекетін  жетістікпен  меңгеру  үшін  жағдай 
жасау,  шығармашылық  элементтеріне  балаларды  тікелей  оқыту  процесін 
жүзеге асыру; 
-
 
бағдарлы қызметі – балалардың қоршаған дүниенің құбылыстары мен 
процестеріне бағдарлану біліктерін қалыптастыру; 
-
 
дамытушы  қызметі  –  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы 
балаларды  еңбек  іс-әрекеті  субъектісі  ретіндегі  тұлғасын  дамыту;  көркем 
еңбек,  технологияны  оқыту  процесінде  балалардың  біртұтас  және үйлесімді 
дамытуға бағытталған дамытушы міндеттерді шешу; 
-
 
комуникативтқызмет  –  педагог  пен  баланың  өзара  ақпарат  алмасуы: 
балалардың білімінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагог диолог 
процесінде  қарым-қатынастың  тұлғалық  дамытушы  және  эмоционалды 
ахулын құру; 
-
 
гностикалық  қызметі  –  педагогтың  өзіндік  білім  алуы,  мектепалды 
және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъекатісіретінде 
тәжірибесін  қалыптастыруды  практикалық  басқаруын  жүзеге  асыруда  және 
өскелең  ұрпақты  шығармашылық  дамытудағы  міндеттерді  шешуде  озат 
педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  осы  тәжірибені  сыни  тұрғыда  саналау 
және оны өзіндік педагогиклық іс-әрекетке қолдану; 
-
 
ата-аналарға педагогикалық білім беру қызметі - әсер етудің біртұтас 
жүйесін қамтамасыз ету мақсатында педагогтың күш-қуатын нңбек іс-әрекеті 
субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыруда,  жоьалау  әрекетінде 
отбасымен өзара іс-әрекет мәселелеріне бағыттайды. 
   Қарастырылған  қызметтер  қалыптасқан  біліктердің  болуы  арқылы  тиімді 
диогностикалық  біліктіліктер  –  педагогқа  балалардың  еңбек  іс-әрекеті 
субъектісі  ретінде  тәжірибені  меңгеру  деңгейін  анықтауға  (еңбек  туралы 
білім,  біліктер  мен  дағдылар,  еңбекке  деген  қатынас  және  т.б.);  баланың 
дамуын  педагогикалық  әсер  ету  әдістермен  байланысын  көруге  мүмкіндік 
береді.  Олар  еңбек  тәрбиесі  бойынша  жұмыстың  дұрыс  стратегиясымен 
тактикасын    анықтау  мақсатында  педагогикалық  байқампаздықты  дамыту, 
арнайы диогностикалық әдістемелерді меңгеруді болжайды. Диогностикалық 
біліктер  төмендегілерді  қалыптастыруды  болжайды:  1)  диогностикалық 
шешім  қабылдау  үшін  балаларға  бақылау  жүргізу  білігі;  2)  диогностикалық 
шешім  қабылдау  үшін    балалармен  әңгімелесу  білігі;  3)  балаларды  зерттеу 
үшін сауалнама, тест жүргізу білігі; 4) балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі 
ретінде  көрінуі  мен  тәжірибесінің  деңгейін  зерттеу  үшін  балалардың 
шығармашылық жұмыстарын талдау біліктілігі; 5) балалардың тәжірибесінің 
дәрежесін  бағалау  және  түсіндіру  үшін  педагогтың  әлеуметтік-
адамгершілігін    және  психологиялық-педагогикалық  білімдерін  қолдану 
біліктілігі;  7)  балалардың  еғьек  іс-әрекеті  субъектісі  ретінде  тәжірибесінің 
қалыптасу  мәселелерінің,  топтар  мен  ұжымды  зерттеу  үшіе  қарапайым  
тәжірибелер (эксперименттер) жүргізу біліктілігі. 

 
89 
-жобалаушы біліктілігі  - педагогта төмендегілердің қалыптасуын болжайды: 
1)  мақсат  қою  біліктілігі,  жұмыстың  міндеттерін  анықтау  және  оларды 
ситуацияларға  сәйкес  өзгеертуі;  баланың  қажеттіліктері,қызығушылықтары, 
бағдарлары,  мотивтерінің  өзгешелігін  ескеру,  материялдық  база  мен  өзіндік 
жеке  тәжірибені  ескеру;  2)  әрбір  баланың  жеке  тұлғасын  және  ұжымның 
дамуын  жобалау  біліктілігі;  3)  күтпеген  жағдайларға  байланысты  жылдам 
әрекет  ететін  педагогикалық  ситуацияларда  мақсаттарды  тез  өзгерту 
біліктілігі.  
-  гностикалық  біліктілігі  –  білімін  өздігімен  жүйелі  толықтыруы,  оқу 
материялына, оқыту құралдарына әдістемелік талдауы және сыни бағалауды, 
оларды шығармашылықпен қолдануды қалыптпстыруды болжайды. 
- прогностикалық біліктілігі – мәселені шешуді болжауды, балагың тұлғасын 
субъекті ретінде дамытуды болжауды, нәтижелерді көре біледі. 
-  жоспарлау  біліктілігі  –  педагогтың  әрбір  баланы  субъекті  ретінде 
тәжірибесінің  қалыптасу  деңгейін  диогностикалау  негізінде,  еңбек 
тәрбиесінің  құралдарының  өзара  байланысы  арқылы  жұмысты  жоспарлау 
біліктілігін 
болжайды; 
балалардың 
тұлғалық 
ахуалын, 
еңбектегі 
шығармашылығын  қамтамасыз  ету;    еңбекке  құндылық  қатынысын 
қалыптастыру біліктілігі. 
-  ынталандырушы  біліктілігі  –  педагогқа  балалардың  еңбекке  деген 
қызығушылықтарын 
арттыруға, 
еңбектегі 
тәжірибесін 
меңгеруге, 
даралықерекшелігі көрінуге ынталандыру; еңбекке және еңбек нәтижелеріне 
деген  эмоционалды,  мотивациялық-құнды  қатынасы  баланың  еңбек  іс-
әрекетіндегі    тәжірибесін  меңгеруге  деген  ұмтылысын  қамтамасыз  етеді, 
күнделікті еңбек іс-әрекетіне қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. 
-  қалыптастырушы  біліктілігі  –  балалардың  еңбек  іс-әрекетінің  барлық 
компоненттерін меңгеруін қамтамасыз етеді. 
-  ұйымдастырушылық  біліктілігі  –  педагогқа  балалардың  іс-әрекеті  үшін 
заттық  ортаны  дұрыс    ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді;  балалар  ұжымына 
және  шынайы  еңбек  байланыстарына  еңгізуге  ықпал  етеді.  Аталған 
біліктіліктер мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-
әрекетін мазмұнды және қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
-  коммуникативтік  біліктілігі  педагогқа  еңбекіс-әрекетінде  балалармен 
эмоционалды-жағымды  өзара  қатынастарын  қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді;  педагогтың  балалармен,  ата-аналармен  педагогикалық  өзара 
қатынастарын қамтамасыз етеді. 
-  құрастыру  біліктілігі  –  балаларға  түсінікті  турде  ақпаратты  хабарлау; 
дәлелдеу,  сендіру;педагогикалық  жұмыстың  мазмұнына  сәйкес    құралдарды 
қолдану;  балаларға  жеке  тұлғасының    үлгісін  және  көрнекілікті  көрсету 
арқылы педагогикалық әсер ету; балаларды белгілі бір әрекетті орындаудың 
жолдары  немесе  тәсілдері  арқылы  ынталандыру;  тапсырма  беру  біліктілігі; 
қарым-қатынас  барысында  өз  әрекетін  балалар  мен  ата-аналармен  келісу 
арқылықұру;  олардың  өзара  қатынастарын  кикілжің  туындатпай  реттеу; 
балаларды өзіне тарту. 

 
90 
-  рефлексивті  біліктер  –педагогтың  өзіндік  әрекетінің  барлық  кезеңдерінде  
өзіндік  талдауын,  оның  жағымды  жағымсыз  жақтарын  саналауды, 
бақылаудың  барлық  түрлерін  жүзеге  асыру  білігін,  сәтсіздіктердің  себебін 
табу  білігі,  тиімді  жұмыс  үшін  қолайлы  жағдай  жасау  білігі,  балаларды 
бағалау  және  өзіндік  бағалауға  баули  отырып,еңбек  іс-әрекеті  нәтижелерін 
бағалау, кемшіліктердің себебін табу және оларды жою білігін болжайды. 
-  түзетуші  біліктер  –  педагогқа  балалардың  еңбек  іс-әрекетінде  субъекті 
ретінде  тәжірибесін  меңгеруге  пайда  болатын  қателерді  түзетуге, 
педагогикалық әсер етудің тиімді тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
3.4. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ СӘНДІК - ҚОЛДАНБАЛЫ  ӨНЕРДІ 
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал