Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

    Өзінің  сыртқы  формасына  сәйкес  жобалау,  бір  жағынан  жағдаяттарды 
шешуді  еске  түсіреді,  оның  қажетті  атрибуттары,  қарама-  қайшылықтаоры, 
іс-  әрекетке  бағытталу  негіздерінің  жеткіліксіздігі,  ақпараттар,  жағдаяттар 
туралы тұтас көзқарас, ал екінші жағынан-мәселені  шешу арқылы оны жою 
мақсаты  көзделеді. Жобалау әдісінде ең маңыздысы –жеке  тұлғаның алдына 
қойылған  мәселе  кәсіби  жағынан  маңызды  болып  табылады.  Осылайша, 
жобаны  құру  жағдаяттардың  туындау  сипаттамасы  тек  қана  объективті 
мәселе  емес,  педагогикалық  қызметтің  субьектісі  үшін  осы  мәселеге  сәйкес 
сол фактыны таба білуімен маңызды. Сонымен қатар, жобаны дайында, оны 
елдің алдында қорғау, яғни өзіңнің негізгі мәселеңе басқаларды да тарта білу 
қажет.  
    Жоғары  мектеп  студенттерімен  жүргізілген  жобалау  жұмыстарында  олар: 
біріншіден, өздерінің ынта-ықыласымен, алған білім, білік дағдыларын өз іс-
әрекетінде  пайдалана  білуге  ұмтылса,  екіншіден,  болашақ  мамандықтарына 
қызмет  етуге  және  жаңа  идеялармен  тың  бағыт–бағдар  алуға 
жұмсайтындықтарын көрсетті. Жалпы студенттермен жұмыс жасауда оларды 
үш топқа бөлдік: 
1.Жобаға (формальді түрде) құлықсыз қатысып, алдын-ала берілген алгоритм 
үлгі  бойынша  тапсырманы  орындауға  қатысушылар.  Өз  іс-әрекетіне 
рефлексия жасамайтындар. («керек, бірақ керек емес», «істей алмаймын»). 
2.  Ұсынылған  шығармаларды  ынта  –  ықыласымен  орындап  өз  ойын, 
көзқарасын  дәлелдеп,  жобаны  жасауға  белсенді  түрде  атсалысып,  бірақ 
кейбір  кәсіби  шеберліктерінің  жеткіліксіздігіне  байланысты  қиындықтарға 
кезедсетін адамдар. «керек, жасағым келеді бірақ қолымнан келмейді». 
3.Өздерінің  іс-тәжірибелерін  шынай  байытқысы  келетін,  өз  көзқарастарын 
қайта  қарауды,  басқа  адамдардың  пікірлерімен  санасатын  Танымдық  және 
кәсіби жағдаяттардан шығатын «керек, істегім келеді және жасай аламын». 
   Жобалау  әдісімен  жұмыс  жасауда  тәрбиеші  және  бастауыш  мектеп 
мұғалімдері жұмыс жоспарларын технологиялық карта жасау арқылы жүзеге 
асыруы тиімді болмақ. 
    Технологиялық  карта  (Васерман  Ф.Я.)  –  бұл  тәрбиелеу  мен  білім  беру 
үдерісінде  нәтижеге жетуде тәрбиеші педагогтар мен балалардың бірлескен 
оқу  іс-әрекетін  басқаруды  жоғары  деңгейде  ұйымдастыру  кезеңдерінің 
алгоритмі. Технологиялық карта-оқу-іс-әрекетін басқару кешені. 
 
Іс-әрекеті 
кезеңдері 
Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті  Балалардың іс-әрекеті 
1 кезең 
3-5  жастағы  балалардың  таным- -баланың  мақсатты  жеке 

 
62 
Мотивациялық

қызығушылық 
түсінігіне 
сәйкес 
оқу-іс-
әрекетіне мақсат қою.  
Қойылған 
мақсатқа 
сәйкес 
баланың  бұрынғы  білімі  мен 
әлеуметтік  тәжірибесін  ескере 
отырып іс-әрекетке бағыттау. 
Іс-әрекетке  баланың  танымдық 
қызығушылығын ояту. 
Іс-әрекетті  орындауға  жағдай 
жасау, 
жағдайға 
сәйкес 
моделдеу. 
Жағдаятты  құру  және  оны 
шешу жолдарын бірлесіп іздеу. 
стратегия 
тұрғысынан 
қабылауы; (принятие) 
-іс-әрекетке 
(проявление) 
қызығушылық танытуы; 
-  өздері  көргендері  және 
білетіндерін  еске  түсіру; 
(вспоминание) 

белгіленген 
талапқа 
сәйкес  мәсенені  шешуге 
кірісу, (осознание) 
- әр баланың өзіндік шешім 
қабылдауы (определение); 
2 кезең 
Ұйымдастыру
шылық- 
ізденушілік 
-  белгіленген  мақсатқа  сәйкес 
танымдық 
іс-әркетті 
ұйымдастыру.  -  проблемалық 
жағдаятты  шешу  жолдарын 
қарастыру; 
-  зерттеу  мәселесіне  баланы 
бағыттау  және  бірлесіп  шешу 
жолдарын іздеу; 
-  үлкен,  ауқымды  проблеманы 
шешуде 
қарапайым 
тапсырмаларға бөліп беру; 

танымдық 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
барысында 
қажетті көмек көрсету: 
-  баланың  іс-әрекетті  орындауы 
барысында 
психологиялық-
педагогикалық 
тұрғыдан 
бақылау мен басшылық жасау; 

танымдық  іс-әрекетке 
кірісу (включение); 
- ұсынылған ойынға қатысу 
(участие); 

қойылған 
сұраққа, 
тапсырмаға 
белсенді 
қатысып, 
жауап 
іздеу; 
(активный поиск); 
- мәселені зерттеудің тиімді 
жолдары  мен  құралдарын  
пайдалану (исследование); 
-қажетті 
көмек 
керек 
болғанда 
үлкендерге 
ұсыныс жасау (обращение); 

бастаған 
іс-әрекетін 
соңына 
дейін 
аяқтауға 
ынталандыру; (стремление) 
3 кезең 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
-оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
барысын талдау; 
-  зерттеу  іс-әрекетінің  әрбір 
кзеңдеріне 
бақылау 
жасап 
отыру; 
-  оқу  іс-әрекетінің  жоспарына 
сәйкес  нәтижеге  жетуге  үшін  
түзетулер жасап отыру; 
-оқу 
іс-әрекетін 
ұйымдастырудың 
нәтижесіне 
талдау жасау; 

өзінің 
іс-әрекеттінің 
нәтижесін 
рәсімдеу 
(оформление); 
-  мен  не  жасадым?  Не 
жасай 
алмадым? 
деген 
сұрақтарға жауап іздету; 
-  өзінің  іс-әрекетін  түсіну, 
жетістіктерін 
сезіну; 
(осознание); 

іс-әрекет 
барысында 
педагогикалық 
көмек 
көрсету 
нәтижесінде 
түсінуі; 
 

 
63 
Тәрбиешінің  іс-әрекеті  баланың  іс-әрекетіне  қызығушылығын  тудыруға 
бағытталуы қажет. Сондай-ақ, технологиялық картаның соңында балалардың 
нені білуі керек, нені игерді және қандай іскерлік дағдыларды меңгергендігі 
нақты көрсетіледі. 
 
Бастауыш сынптарда жобалау әдісін орындау үлгісі 
 
Жобалау 
кезеңдері 
Бастауыш сынып  мұғалімнің 
әрекеті 
Оқушылардың әрекеті 
1 кезең 
1.  Мәселені  анықтап,  мақсат  қойып 
және нәтижені айқындап алады. 
2.  Ойын  ісәрекетіне,  жағдаяттарға 
балаларды ендіру. 
3. Міндеттерді анықтап алу. 
4.  Қандай  матералдармен  жұмыс 
жасайтындарын, ережесін таныстыру.  
1.Мәселені 
анықтау, 
оқып үйрену. 
2.Ойындағы 
жағдаяттарды шешу. 
3. Міндеттер қабылдау. 
4.  Жобаның міндеттерін 
толықтыру. 
2 кезең 
5. 
Технология 
пәнінің 
өзіндік 
ерекшелігіне 
сәйкес 
жасалатын 
заттардың  орындалу  ретін  нақтылап 
алады. 
6.Алға  қойған  міндеттерді  шешуге 
көмектеседі. 
7. 
Ісәрекеттерді 
жоспарлауға 
көмектеседі. 
8. Іс–әрекеттерді ұйымдастырады. 
5.  Оқушыларды  жұмыс 
топтарына біріктіру
6. 
Оқушылардың 
рөлдерін 
және 
қызметтерін бөлу. 
7. 
Оқушылардың 
өздігінен  дербес  әрекет 
етуі, 
қажетті 
құралдарды  пайдаланып 
жұмыс жасауы. 
3 кезең 
9.  Тәжірибелік  көмек  көрсету.  (қажет 
болуына қарай) 
10.  Жобаны  жүзеге  асыуға  бағыт 
береді 
және 
бақылау 
жасап 
қадағалайды.  Еңбек  іс-әрекетінде 
ұқыптылық  және  ереже  сақталуын 
қадағалайды. 
8.  Ісәрекетке  қатысты 
өзіндік 
білім, 
білік, 
дағдыларды пайдалану.  
9.  Жұмыс  барысында 
оқушылардың 
шығармашылықпен 
өздігінен  үлес  қосуы, 
ойлануы, ізденісі. 
4 кезең 
11. Жұмысты қорғауға дайындалу. 
12. 
Қорытындылау  және  талдау 
жасау. 
8.Өздері 
жасаған 
заттарына 
тұсаукесер 
жасауға дайындық. 
9.  Жобаға  тұсаукесер 
жасау. 
 
 
МЕКТЕПАЛДЫ  ЖӘНЕ  КІШІ  МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ 
ЕҢБЕК 
ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ 
СУБЪЕКТІСІ 
РЕТІНДЕ 
ТӘЖІРИБЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ ЖОБАЛАУ  ӘРЕКЕТІ 
 
 

 
64 
     Мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы  баланың  әртүрлі  іс-әрекетін 
меңгеретін  синзитивті  кезеңі  болып  саналады  және  оның  құрамды  элементі 
ретінде баланың өмір сүру тәжірбисіне қажет білімі алынады, ол өз кезегінде 
баланың  тұлғалық  маңызды  өмір  тәжірибесіне  айналады.  Жобалау  әрекеті 
еңбек  іс-әрекетітің  субъектісін  дамыту  құралы  болып  табылатын,  оқыту 
процесінің әртүрлі жақтарының сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ететін, 
шығармашылық  жобалауларды  жасаудағы  саналы  қойылған  мақсатқа 
мотивациялық  жетудегі  балалардың  оқу-танымдық  белсенділігінің  формасы 
ретінде  қарастырылады.  Жобалау  әрекеті  бойынша  жұмыс  кезеңдерінің 
анологиясын  ұжымдық  шығармашылық  жұмысты  орындаудың  бірізділігі 
арқылы  анықтауға  болады:  жоспарлаудан  =>  орындауға    =>  қорытынды 
жасау. 
 
Біз  жобалау  әрекетінің  мекетепке  дейінгі  кезеңнен  үйретілуі  себебін 
ерекшелігіне  тоқталудан  бастағанды  жөн  көрдік.  Мектепалды  балаларының 
жобалау тақырыбын таңдаудың келесі ережелерін белгіледік: балаға тақырып 
қызықты болуы; тақырып өзгеше және оны баланы өздігімен жүзеге асыруы; 
жұмыс  ерікті  негізде  құрылуы  керек.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға 
іздену жүргізудің әдістемесін үйретуде зерттеуді жүргізудің «техникасымен» 
таныстыру  ұсынылады.  Ол  үшін  балаларға  келесі  бағыттармен  жұмыс 
жүргізу ұсынылады: ойлану, басқа адамнан сұрау, бақылау және эксперемент 
жүргізу,  кітаптардан  суреттер  көру,  теледидардан  немесе  бейнетаспадан 
қарау.  Өткен  тараудағы  зерттеушілердің  жұмысын  талдау  барысында 
мектепке дейінгі жастағы балалардың жобаны орындаудың негізгі кезеңдері: 
мәселені қою, мәселені шешуге байланысты ақпарат жинау, оның кезеңдерін 
анықтау, жұмысты орындаужәне педагогтың жұмысты қорытындылау немесе 
жобаны  қорғау  алынды.  Сонымен  қатар,  қарастырылған  кезеңдерде 
балалардың  өз  мүмкіндіктерін  диогностикалау,  олар  орындаған  жұмыстың 
рефлекциясы  және  жұмысқа  қажетті  түзетулер  еңгізу  сияқты  маңызды 
компоненттер кездеседі. 
 
Осы 
айтылғандарды 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
мектепалды 
балаларының  еңбек  іс-әрекетінің  құрылымын  бес  еңбек  басқышы  түрінде 
қарастырамыз:  не  істеу  қажет;  таңдалатын  материалды  анықтау;  жұмысқа 
қажетті  құрал-саймандарды  таңдау;  әрекет  ретін  ойластыру;  алынған 
нәтижені  көрсету.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балалардың  белгілі  жас 
ерекшелігіне сәйкес келетін шығармашылық жобалау әрекетін орындаудың 3 
бірізді  деңгейін  анықтадық.  Еліктеуші-орындаушы  (3,5  -  4жастан  5  жасқа 
дейін)  =>  дамытушы  (5  жастың  соңы)  =>  шығармашылық (5-6  жаста)  .  Бұл 
шығармашылық  жобалау  әрекетті  орындаудың  кезеңдері  ересектер  мен 
балалардың 
әрекет 
алгоритімінен 
тұрады. 
Көпшілік 
еңбектерде 
шығармашылық жобалау ұғымына саралау жасамайды, жобалау әрекеті  мен 
жобалау әдісін біртұтас қарастырады. 
 
Мектепалды  балаларының  жобалау  әрекетін  ұйымдастыруда  тұлғаға-
бағдарлы  әрекеттің  екі  субъектісін  –  бала  мен  педагогтың  жеке  тұлғасын 
шығармашылық тұрғыда қарастыру қажет. Ол үшін: 

 
65 
1)
 
Кез келген жобалау әрекетінде бірлескен ізденісті  қажет ететін мәселе 
болады, онда тепе-тең қарым-қатынасты сақтайтын балалар мен ересектердің 
бірлескен  шығармашылығын  ескеру  қажет.  Педагог  баланы  бірлескен 
шығармашылыққа бірте-бірте алып келеді: оның әрекетіне бақылау жасаудан  
=>  оған  эпизодтық  қатысудан    =>  жобалау  әрекеттегі  бірлескен  әрекетке 
жеткізеді. 
2)
 
Жобалау  әрекеті  –  бұл  «шынайы  ойын»  екенін  білу  қажет,  жобалау 
әрекетінің нәтижелері осы әрекеттің екі субъектісі үшін маңызды; 
3)
 
Балаларды  өздігімен  әрекет  етуге  үйретіп,  олардың  бастамасын 
тежемей, тікелей нұсқауларды қолданбау керек; 
4)
 
Баланың жобалау әрекетін жүзеге асыруда өзекті және жақын маңдағы 
аумақтары  ескеріледі.  Аталған  талаптардың  негізінде  біз  мектепалды 
балаларының  жобалау  әрекетін  жүзеге  асырудың  (8-кесте)  кезеңдерін 
анықтадық. 
 
Кесте 8 – Мектепалды балаларының жобалау әрекетін жүзеге асырудың 
кезеңдері 
 
№  Кезең  
Кезеңнің алды  

 Мақсат болжау 
1)
 
Мәселені анықтау және қою; 
2)
 
Мәселені шешу нұсқаларын ұсыну; 
3)
 
Шешім қабылдау; 
4)
 
Мүмкіндіктерді өзіндік диогностикалау. 

Процесті жоспарлау 
5)
 
Жұмыстың барлық кезеңдерін анықтау; 
6)
 
Жұмыстың 
әрбір 
кезеңін 
орындау 
бірізділігін анықтау; 
7)
 
Құрал-жабдықтар  мен  материалдарды 
таңдау. 

Процесті 
жүзеге 
асыру 
8)
 
Алдын  ала  қарастырылған  кезеңдер, 
процестер, операцияларды жүзеге асыру; 
9)
 
Қадамды өзіндік бақылау; 
10)
 
 коррекция 

Жұмыстың 
рефлекциясы 
11)
 
 бастапқы  нәтиже  мен  әрекеттің  соңғы 
нәтижесін салыстыру; 
12)
 
 Өзіндік бағалау және өзара бағалау. 

Жұмыстың 
коррекциясы 
 
 
 
Сонымен  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балалардың  психологиялық 
ерекшелігін  ескере  отырып,  біз  жобалау  әрекетін  орындау  кезеңдерін 
«Таңғажайып  басқыштар»  деп  ойын  түріндеөткізілуін  тұжырымдадық.  Енді 

 
66 
жобалау  әрекет  кезеңінің  негізінде  мектепалды  балаларын  жобалау  әрекеті 
элементтеріне қол еңбегінде үйрету әдістемесін қарастырайық. 
 
1  кезең  –Мақсат  болжау.  Педагогика  ғылымы  «мақсат»  ұғымына 
қызықты  анықтама  береді.  Мақсат  –  адам  әрекетінің  қалауы  бойынша 
болашақ  нәтиженің  идеалды,  субъективті  бейнесі,  психикада  бейнеленген, 
көп  жағдайда  болашақ  жобалау  әдісінің  ойша  үлгісі  түріндегі  әлі  жүзеге 
асырылмаған  әрекеттің  үлгіленген  нәтижесі,  кей  жағдайда  ол  ұғымдар  мен 
белгілер жүйесімен сандық және сапалық сипаттамалармен беріледі [137, 98-
бет].  Осылайша,  мақсат  деп  әрекеттің  идеалды,    ойша  асыра  бағаланған 
нәтижесін  айтады.  Мақсат  болжау  -    әрекеттегі  болашақ  нәтиженің  ойша 
бейнесін  құру  процесін  қамтамасыз  ететін  тұлғаның  қызметі,  осы  бейнені 
саналау  және  субъективті  қабылдау,  сонымен  қатар  осы  мқсатқа  жетуге 
бағытталған субъектінің өзіндік әрекетін реттеу.  
 
Мәселені шешу процесінде балалар қоғам үшін, жеке пайдасы үшін осы 
шешімдердің  пайдалылық  дәрежесін  талдайды.  Педагог  ойға  шабуыл  әдісін 
қолдана  отырып,  идеяларды  ұсынуда  балалардың    белсенділігімен 
бастамашылдығын  ынталандырады.  Осы  кезеңде  жаңа  болжамдарды 
мәселеге  аударудың  көмегі  арқылы  анология  әдісі  элементтерін  қолдануға 
болады. Осындай тікелей анологияны қолдану жетілдірілген объектіні соған 
ұқсас  техникамен  басқа  саласындағы  объектімен  немесе  тірі  табиғат 
объектісімен салыстыруды болжайды. Мысалы біз ертегілер кітабын жасауға 
(«  Ертегілер  кітабы»  жобалау  ісі)  шешім  қабылдадық.  Тұлғаға  анологияны 
қолдануда  немесе  эмпатия  барысында  балалар-синекторлар  өздерін  объект, 
субъектімен  теңестіреді.  Фантастикалық  анологияда  синекторлардың 
«ертегідей»  міндетті  шешуге  әрекет  ететінін  болжайды.  Қарастырылған 
әдістерден басқа, келесі әдістерді қолдануға болады: 
 
Шешім  қабылдау    «Мен  не  істеймін?»  кезеңінде  әртүрлі  әдістерді 
қолданудағы  маңызды  кезең  болып  балалардың  өз  мүмкіндіктерін  шынайы 
салыстыру  біліктері  қалыптасуы  саналады.  Бұл  кезеңнің  негізгі  міндеті  – 
көптеген  мәселелердің  ішінен  маңыздыларын  анықтау,  содан  соң  олардың 
ішінен біреуін таңдау қажет. 
 
Өзіндік  диогностика  кезеңінде  балалар  педагогтың  арнайы  жетелеуші 
сұрақтары  арқылы  өздерінің  аталған  жобаны  орындауға  дайындықтарын, 
нақты  шығармашылық  тапсырманы  орындауға  қажет  қандай  білімдер  мен 
біліктердің қажет екендігін анықтайды. Жобалау әдісінің қолайлы нұсқасын 
таңдау кезінде балалардың тілектері және мүмкіндіктері сәйкес келуі керек: 
психофизикалық,  сонымен  бірге  материалдық,  яғни  балалар  өзіндік 
практикалық  тәжірбиесіне  сүйену  арқылыжетістіктің  мақсаттары  мен 
құралдарын өз мүмкіндіктері мен күшінің арақатынасын жүзеге асырады.  
 
Объектілерді  таңдауда  аталған  мәселенің  тарихын  зерттеуге  болады. 
Мектепке  дейінгі  балалармен  жұмыс  барысында  жобалау  элеиенттерін 
қолданудың  алғашқы  кезеңінде  тарихпен  таныстыруды  педагог  жүзеге 
асыруы  мүмкін.  Ата-аналар  балалармен  бірлесіппедагог  ұсынған  сұрақтарға 
жауап  іздейді.  Сабақта  балалар  өздері  дайындайтын  заттың  тарихы  туралы 
қысқаша  хабарлама  дайындайды.  Педагог  сұрақтар  арқылы  балаларға 

 
67 
көмектеседі,  содан  соң  балалардыңжауаптарын  толықтырады  және  қысқаша 
әңгіме арқылы жалпылайды. 
 
2  кезең  –  Жоспарлау.  Мақсатты  практикажүзінде  іске  асыру 
орындалатын  жұмысты  жоспарлау  білігіне  көмектеседі.  Мектепке  дейінгі 
жастағы  балалардың  жоспарлауы  деп  еңбекке  арналған  қажетті  құрал-
жабдық  пен  материалдарды  таңдау  білігін,  жұмыс  орнын  дайындауды, 
әрекеттің  логикалық  бірізділігін  және  оларды  жүзеге  асырудың  тәсілдерін 
анықтау.  Мектепалды  балаларының  жоспарлауын  интеллектуалды  акт 
ретінде  қарастырады,  бұл  процесте  тәсілдерді  саналау,  орындалатын 
әрекеттің  негізгі  тірек  сұрақтарына  жауаптың  тәсілдері  жүзеге  асырылады, 
міндетті  түрде  әрекет  етуді  талдау,  жалпылау  біліктеріне  талап  қойылады. 
Дегенмен, мектепалды  балаларының  жоспарлау  ерекшеліктері  бар:  1)  еңбек 
іс-әрекетін  орындауда  балалар  бастапқы  ойдан  басқа  баланың  әрекетіне 
еліктеу  арқылы  ауытқиды;  2)  балалар  еңбек  әрекетін  жиі  орындауды 
жоспарлайды 
педагогтың 
балалардан 
жұмысты 
ұйымдастыруды 
жоспарлауды талап етпейді,  көп жағдайда барлық қажеттігін дайындайды; 3) 
балалар  жоспарлауына  сызбалық  сипат  тән.  Бала  тек  жұмыстың  негізгі 
кезеңдерін  анықтайды,  оны  орындаудың  тәсілдерін  белгілемейді;  4) 
практикалық  жоспарлау  сөздік  жоспарлаудан  басым  түседі;  5)  балалар  өз 
әрекетін бағалау және тексеруді жоспарламайды. 
Жоспарлау  кезеңін  ұйымдастыру  мақсатты  болжау  мен  қойылған  мақсатты 
жүзеге асыру арасын байланыстыратын кезең болып табылады.  Бұл жұмыс 
еркін,  ойын  түрінде  немесе  арнайы  ұйымдастырылған  сабақ  түрінде  
жүргізілуі  мүмкін.  Жоспарлау  барысында  орындалатын  жұмыстың  барлық 
кезеңдерін анықтау және талдау жүргізіледі; жұмысқа қажет материалдарды 
таңдау;  жұмыс  орнын  ұйымдастыру;  жұмыстың  сапасын  тексерудің 
өлшемдерін  анықтау,  олар  жұмыстың  соңында  соңғы  нәтижені  талдауға 
көмектеседі.  Мұнда    балаларға  олар  жасайтын  заттың  сырт  бейнесін 
ойластыруды ұсынуға болады. 
 
3  кезең  –  Процесті  жүзеге  асыру  табысты  әрекеттің  негізгі  алғы 
шарттары  ретінде  аталған  әрекетті  орындаушының  тарапынан  орындайтын 
еңбекті  мен  оны  ңнәтижелеріне  тиянақты  және  өз  уақытында  тексеруді 
айтуға  болады.  Тексерудің  бағыттылығы  әртүрлі  болуы  мүмкін:  өз  ішінде 
және  өзіне  қаратылған.  Екінші  жағдайда  адам  өзіндк  психикалық  ауқымын 
тексере  алады.  Балалардың  өзіндік  білім  алуы  жұмыстың  формалары  мен 
әдістерімен қаруландырудың жолдарымен қамтамасыз етеді. Өзіндік тексеру 
мен  өзіндік  бағалау:  әрекет  пен  нәтижелерін,  оны  ұйымдастыру  мен  жүзеге 
асыруға  қойылатын  талаптармен,  өлшемдер  мен  бейнелермен  салыстыру 
негізінде,  әректті  орындаудағы  ескертулер,  қателерді  жою  мақсатында 
әрекетті саналы реттеу процесі ретінде болады. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  өзіндік  тексеру  әдісін  дамуын 
қарастырайық.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  өзіндік    тексерудің 
даму  процесін  мінез-құлықтың  сапалы  қайта    құру  процесі  ретінде 
қарастырады  және  осы  процесті  4  фазаға  бөледі.  Оның  жас  кезеңдеріне 

 
68 
сәйкес,  баланың  өзіндік    тексеруі  2  жасында  пайда  болады  және  әрі  қарай 
сандық өзгерістерге ұшырайды. 
 
Еңбек  іс-әрекетіндегі  өзіндік    тексеру  мектепалды  кезеңінде  пайда 
болады,  сондықтан  алғашында  балаға  ойын  бойынша  жолдастарының 
тарапынан  сыртқы  тексеру  қажет.  Балалар  алдымен  бір-бірінен  тексереді, 
сосын  әркім  өзін  тексереді.  Сыртқы  тексеру  бірте-бірте  мінез-құлықты 
басқару  процесінен  шығады,  бейне  баланы  ңмінез-құлқын  реттей  бастайды. 
6жасқа  қарай    орындалатын  әрекеттің  нәтижелерін  асыра  бағалау  қабілеті 
күш  жұмсаумен  байланысты  болады,  асыра  бағалаушы  өзіндік  тексеруді 
жүзеге  асыру  қабілеті  әрекеттегі  сапалы  нәтиже  алуға  деген  бағыттылықты 
қалыптастырады. 
 
Процесті  жүзеге  асыру  кезеңін  ұйымдастыру  балалар  еңбектәртібін, 
еңбек  мәдениетін  сқтап,  бұйымды  тікелей  дайындайды.  Аталған  кезеңде 
әрекеттің  мақсаты  барлық  жоспарланған  еңбек  операцияларын  сапалы  және 
дұрыс  орындау.  Осы  кезеңнің  негізгі  сұрағы:  Барлығын  ереже  бойынша 
жасаймыз  ба?  Біз  бұл  кезеңдді  ойын  түрінде  тиімді  жүзеге  асады  деп 
санаймыз,  бұнда  балалар  өздеріне  ересектер  рөлін  алады  және  жалпылама 
түрде арнайы құрылған ойын жағдайында ересектердің әрекетін орындайды, 
оларды ңарасындағы қатынастарды қайта өңдейді. 
 
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, көп жағдайда осы жастағы балалар 
өз  әрекетін  бағалай  алмайды,  бірақ  әрекетті  салыстыруды  олар  меңгерген.  
Тексеру  қабілетін  түзету  үшін  қолайлыәрекеттің  нәтижелі  түрлері  алынады, 
сонымен бірге оқу әрекетінің бастапқы формалары мен арнайы дидактикалық 
ойындар  алынады.  Өзіндік  тексеруді  дамыту  үшін  сырттай  тексеруден  ішкі 
өзіндік  тексеруге  қайта  бағдарлану  маңызды  болып  табылады.  Бұл  қайта 
бағдарлану келесі ережелер арқылы сақталуы керек: 1) ересектердің әрекетті 
орындауға  қойылатын  бірқатар  тұрақты  талаптарының  тәртібімен 
қамтамасыз  ету;  2)  баланың  күнделікті  өмірін  басталған  әрекеттерді  аяқтау 
мүмкіндігін  болдырмау  жағдайында  ұйымдастыру;  3)  балаға  ересектермен 
бірлескен  әрекетте  жоспарлауға,  тексеру  мен  бағалау  қызметтерін  бірізді 
жүргізу,  сонымен  бірге  құрдастарымен  бірлескен  әрекетінің  ұжымдық 
формаларын кең қолдануды қамтамасыз ету. 
 
4кезең  –  Жұмыстың  рефлексиясы.  Тұлғаның  өзіндік  әрекетін  саналау 
мақсатында  рефлексиясы  позицияны  ұстануды  қамтамасыз  ету  қажеттілігі. 
Рефлексия  деп  –  біз  субъекті  әрекеттің  алғашқы  кезеңіне  оралу  қабілетін 
түсіндіреміз: жұмыстың барлық кезеңдерін мақсаттан соңғы нәтижеге дейін 
бақылау,  оған  өзіндік  тексеру  мен  өзіндік  бағалау  механизмдерін  белсенді 
еңгізу  қажет,  екінші  жағынан  –аралық  кезеңнің  нәтижесінен  немесе  дайын 
бұйымнан мақсатқа дейін жұмысты түзету жолдары мен жетілдіру жолдарын 
анықтау қажет. 
 
Мектепалды  балаларында  рефлексия  енді  ғана  пайда  болады:    өзіндік 
бағалау мен өзіндік тексеру негізінде өзінің еңбек іс-әрекетін өзіндік реттеу 
пайда  болады.  Осы  жастың  бүкіл  бойына  балаларды  әрекетті  орындау 
тәсілдері  емес,  оның  нәтижелері  қызықтырады.  Өзіндік  бағалау,  өзара 
бағалау  жағдайында  жетістікпен  дамиды.  Бала  еңбек  іс-әрекеттің  нәтижесін 

 
69 
бағалауға  және  саналауға  ұмтылады,  ол  эмоцианалды  күйзелістерде, 
тәрбиешінің трапынан баға алуға ұмтылыста көрінеді. Мектепке дейінгі бала 
құрбысының  еңбегінен  гөрі,  өз  еңбегін  объективті  бағалауда  үлкен 
қиындықтарды басынан кешіреді. 
 
Рефлексия  кезеңінің  ұйымдастыруда  өзінің  құрамына  еңбек  іс-
әрекетінің  бастапқы  мақсатымен  соңғы  нәтижесін  салыстыруды,  өзіндік 
бағалау мен өзара бағалауды еңгізеді. Бұл кезеңде балалар өздері орындаған 
жұмысты  талдайды,  өз  мақсаттарына  жеткендерін,  еңбектің  нәтижесінің 
қандай болғанын құрады. Ересек адам балалармен бірге барлық орындалған 
жұмысты  талдайды,  бастапқы  қойылған  мақсатпен  өз  әрекетінің  соңғы 
нәтижесін  салыстырады.  Біз  бір  «нәтиже»  емес,  кем  дегенде  екі  нәтижемен 
жұмыс жасайтынымызды ұмытпауымыз керек. 
 
Бірінші  нәтиже  деп  баланың  өзінің  шығармашылығымен  және 
қолдарымен  жасайтын  затын  атауға  болады,  яғни  оның  еңбек  әрекетінің 
нәтижелері мысалы , ертегілерде, иллюстрация жасау, материалды, визуалды 
нәтижені  атауға  болады.  Екінші  нәтиже,  яғни  педагогикалық  нәтиже  біздің 
пікірімізше,  ең  маңызды.  Педагог  үшін  бұл  жұмыстың  басты  нәтижесі 
балалардың  әдемі,  барлық  талапқа  сай  дайындалған  кітабы  емес,  тәрбиелеу 
тұрғысында  құнды  болып  саналатын  өздігімен  шығармашылық,  еңбек  іс 
әрекетіндегі  тәжірбиесі,  психикалық  жаңа  құрылымдары,  субъекті  ретінде 
өзін көрсете алуы, жаңа білімдер мен біліктер, дағдысы болып табылады.  
 
Балалар  мен  ересектердің  жобалау  әрекетіндегі  жетістіктері  мен 
кемшіліктерін  талдау  және  өзіндік  талдауды  жүзеге  асыруында  осыларды 
ескеру  қажет.  Осы  жастағы  балалар  өздері  орындаған  жұмысты  талдайды, 
мвқсатқа  жеткендері  туралы  ой  пікірлерін  құрады,  өз  әрекетінің  нәтижесі 
қандай  болғанын   талдайды.  Өз  әрекетінің  кезеңдері  туралы  әңгімелейді,  өз 
жұмыстарына  бағалау  және  таладу  жасайды,  жұмы  стуралы  педагог  пен 
қатарластарының  пікірлерін  тыңдайды.  Өз  жұмысын  бағалай  отырып,  бала 
басқа адамның көзімен әлемді көруді үйренеді, өзін және өз мүмкіндіктерін 
салыстыру білігін меңгереді. 
 
Мұнда  жоспарлау  кезеңіндегі  балалардың  педагогпен  бірлесіп 
анықталатын нәтижені бағалау өлшемдері қолданылады: бұйымның беріктігі, 
орындаудың  ұқыптылығы,  бұйымның  өзгешелігі,  көркемдік  құралдарды 
қолдану,  материалды  қолданудың  үйлесімділігі,  өздігімен  және  бірлесіп 
еңбек етуі. 
 
Кезеңнің  негізгі  сұрағы:  Ойластырылған  нәрсе  орындалды  ма? 
Рефлексияны жүзеге асыру балалар ұжымының даму деңгейіне байланысты. 
Бірінші деңгейде баланың өзіндік рефлексиясын жүзеге асырудың алгоритмі 
келесі  сұрақтарға  жауап  берілгеннен  тұрады:  Мен  нені  жасағым  келді? 
Нәтижесінде  не  болды?    Нені  жақсы  істедім?  Нені  үйрену  қажет?  Бұл 
процесс ойша жүзеге асады, тек педагогқа сенім білдірген уақытта бала бала 
оның  құлағына  сыбырлай  алады.  Жобалау  әрекетінің  алгоритмін  балалар 
меңгерген  деңгейде,өзіндік  және  топтық  рефлексиясының  қажеттілігін 
саналау  деңгейінде  олар  дауыстап  айта  алады.  Үшінші  деңгейде  ұжымдық 
рефлексия  жүзеге  асады,  бұл  процесте  келесі  сұрақтар  бойынша  бірлескен 

 
70 
талдау  жүреді:  Процесті  бірлесіп  қалай  құрдық?  Қандай  жағдайда    - 
жоспарлы  немесе  өзгерген  процесс  үздік  болып  саналады?  Барлығында 
қандай  нәтиже  алынады?  Қандай  нәтиже  алынбады?  Неге?  Оны  қалай 
түзетуге  болады?    Кешегіден  кім  жақсы  істеді?  Бірлесіп  барлығымыз  нені 
үйренуіміз керек? Бүгін кім еркше көзге түсті? 
 
5 кезең – Жұмысты түзету кезеңінің басты мақсаты – орындалған еңбек 
туралы  тұжырым  жасау  және  келесі  жұмыстарда  қателерді  қайталамауды 
еске  сақтау.  Балалар  нені  түзету  қажет  екендігін  анықтайды,  әрекетті 
орындаудың сапасы мен бірізділігін түзету тәсілдерін таңдайды.Осы кезеңде 
жаңа  әрекет  ойластырылуы,  жаңа  идея  пайда  болуы  мүмкін  – 
құралдарды,тәсілдерді    және  т.б.  таңдау  арқылы  еңбекті  жетілдіру  қажет. 
Барлық  балалардың  тілектері  тыңдалады.  Қызықты  ойларды  «жобалау 
бұрышында» сақтауға болады. Жобалау әрекетінде ұсынылған идеялар қоры 
баланың  өзіндік  және  басқалардың  көзқарасы  тұрғысынан  әрекеттің 
түрлендіруге,  ізденуге  көмектеседі.  Бала  талқылауға,  сын  айтуға  немесе 
қабылдауға,  басқалардың  пікірімен  санасуға,  келісуге  үйренеді.  Балалар 
педагогтан көмек сұраған жағдайда түзету тәсілдерін анықтауға ықпал етеді. 
Осы  кезеңде  педагог  келесі  әрекеттерді  қолдана  алады:  әртүрлі  сипаттағы 
сұрақтарды қою, әңгімелесу, «бейнекамера» және т.б. 
 
Баланың  жобалау  әрекетін  меңгеруі  және  нәтижелері  тез  арада  көріне 
бермейді.  Шығармашылық  тапсырманы  орындаудың  әрбір  кезеңі  арасында 
тығыз  байланыс  болады,  сондықтан  ата-аналармен  үйде  жұмы  сістеу 
маңызды.  Баланы  жобалау  әрекетіне  баулу  педагогтың  отбасымен  өзара 
әрекеті арқылы жүзеге асады: тәрбиеші– балалар   -  ата-аналар. Мектепалды 
балаларының  еңбек  іс-әрекеті  тәжірибесін  жетістікпен  қалыптастыру  үшін 
жобалау әрекетке ата-аналарды белсенді еңгізу қажет. 
 
Жобалау  әрекетінің  барлық  кезеңі  педагог  пен  ата  ананың  бірлдесіп 
талқылауы;  жобамен  үйде  жүмыс  істеуде  педагогтың  кеңес  жүргізуі, 
балалармен  бірлесіп  жобалау  дәптерін  жүргізу  арқылы  жүзеге  асады.  Әрбір 
сабақтан кейін педагог ата аналарды не өткізгендігі туралы таныстырады,ата 
аналарға кеңес береді, олардың назарын балаларда кездесетін қиындықтарға 
аударады,  оларды  жоюға  байланысты  кеңестер  береді.  Ата  аналар  мен 
балалардың  бірлескен  жобалау  әрекетін  педагог  қолдайды.  Сонымен,  біз 
мектепалды 
балалардың 
жобалау 
әрекетінің 
құрылымы 
келесі 
компоненттерді  қамтитындығын  нақтыладық:  мақсатты  болжау  –  процесті 
жоспарлау  - процесті  жүзеге асыру  – орындалған мақсаттың рефлексиясы  – 
коррекция.  Аталған  құрылым  мектепалды  және  6  жастағы  бірінші  сынып 
оқушыларының еңбек әрекетін ұйымдастыруда жалғастырады.  
Кіші  мектеп  жасындағы  балаларға  «Технология»  бойынша  оқу 
бағдарламаларының  талаптарына  сәйкес  2-  сынып  оқушылары  өздерінің 
алғашқы шығармашылық жобаларын орындаулары қажет, бірақ оқушылары 
жобалау  әрекетіне  дайындау  мектепалды  дайындық  топта  үйренгенінің 
жалғасы ретінде бірінші сыныптан бастап жүзеге асырылуыкерек. Жоғарыда 
біз  атап  көрсеткеніміздей,  мектепалды,  бірінші  және  екінші  сынып 
оқушылрын  оқытудың  мазмұны  әртүрлі  тәсілдермен  материалдарды 

 
71 
практикалық  қайта  жасау  бойынша  алдын  ала  технологиялық  және  жалпы 
еңбек, білім, білік, дағдылары ғана емес, сонымен қатар, жобалау әрекетінің 
тәсілдері  еңгізіледі.  Бұл  процесс  дайындық  болғанымен,  педагогтың 
тарапынан ерекше әдістемелік күш-қуат жқмсауды талап етеді. 
Аталған  кезеңнің  маңызды  элементі  ретінде  әр  сабақта  жүргізілетін 
бұымдардарды  дайындаудағы  тапсырмаларды  талдауға  оқушыларды 
белсенді және саналанған түрде еңгізу керек.  
Зерттеу барысында біз кіші мектеп жасындағы балаларды жобалау әрекетіне 
табысты  дайындаудың  қажетті  шарты  ретінде  проблемалық  оқытудың 
элементтерін  –  проблемалық  ситуацияларды,  сұрақтар  мен  тапсырмаларды 
қолдану алынатынын анықтадық.  
1-2  сыныптарда  оқушылардың  бұйымдарды  дайындау  үшін  қажетті 
жобалау-технологиялық ақпаратты меңгеру және қолдану, өзіндік идеяларын 
құру және оларды белгілік-символдық құралдар арқылы тіркеу, бұйымдарды 
дайындауда  өз  тұғырларын  басқаларен  салыстыру  біліктері  қалыптасады. 
Олар  бұйымның  дизайнына  қойылатын  талаптар  туралы  біледі, 
дайындалатын  бұйымдардың  сапасын  бағалау  және  оны  тексерудің 
тәсілдерінің негізгі өлшемдерімен танысады. Заттық жобалау-технологиялық 
тапсырмаларды шешу мұғалімнің кіші мектеп жасындағы балаларға ұсынған 
алгоритмдер  негізінде  жүргізіледі.  Осы  кезеңде  оқушылар  жобалау  іс-
әрекетінің  қолжетерлік,  жеке,  аса  маңызды  арнайы  тәсілдері  мен  әдістерін 
меңгереді. 
Бұйымдарды 
дайындауға 
қолданылатын 
технологиялық 
операцияларды,  материалдар  мен  құралдарды  таңдаудың  үйлесімін  анықтау 
үшін,  кіші  мепктеп  жасындағы  балаларморфологиялық  талдау  әдісін 
қолдануды  үйренеді.  Оның  мәні,  технологиялық  жүйеде  өзіне  тән  бірнеше 
морфологиялық  белгілер  анықталатынында.  Әрбір  белгі  бойынша,  оның 
мүмкін 
боларлық 
нұсқаларының 
тізімі 
құрастырылады. 
Мұғалім 
оқушылармен бірег ізденісті өрісті анықтайтын  кестені толтырады.Мәселені 
шешудің құралын және балама нұсқаларды таңдауда кіші мектеп жасындағы 
балаларға  «Ой-тұжырымдардың  тірек  сызбасы»,  «Ойластыру  жұлдызшасы» 
көмектеседі. 
Кіші  мектеп  жасындағы  балаларды  жобалау  іс-әректіне  дайындаудың 
жағымды әдісі ретінде, дизайн-жаттығулар әдісі алынады. Ол оқушылардың 
үш  негізгі  бағыт  бойынша  мұғалім  ұсынған  еңбек  объектісін  жетілдіруде 
шшеімдерді  іздеуден  тұрады:  бұйымның пайдалылығы,  оның  беріктігі  және 
эстетикалық  тұрғыдан  әдемілілігі.  Шығармашылық  деңгейдегі  жобалаушы 
идеяларды таңдауда және жобалау-технологиялық тапсырмаларды шешудегі 
өзекті әдіс ретінде ойға шабуыл әдісі алынады. Оның мәні, сыныпта «  идея 
туғызушы»,  «сарапшылар»  топтары  құрылатындығында.  Бірінші  топ 
бұйымның  композициясын  құрумен  байланысты  орындауға  болатын 
идеяларды  ұсынады,  ал  екінші  топ  оларды  бағалайды,  ең  қызықты  және 
өзектілерін  таңдайды.  Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  шығармашылық 
ізденісін  жандандыру  үшін  мұғалімнің  алдын  ала  құрған  және  ұсынған 
сұрақтар сериясын қолдануға болады. 

 
72 
Оқушылардың  құрастырылған  идеяларын  тіркеуге  үйрету  эскиз  жасау 
әдісі  арқылы  жүргізіледі.  Жобалау  әрекетінің  бұл  әдісі  арқылы  бұымның 
үлгісін жасауға, оның көрінбейтін бөлшектерін бейнелемей жасауға болады. 
Шағынмаркетинкті  зерттеу  әдісінің  тәсілдері  кіші  мектеп  жасындағы 
балаларға 
өздерінің 
идеяларын 
бәсекеге 
қабілеттілік 
тұрғысынан 
бағалауды,сондай  ақ  ақыл,ой,  дене  және  материалды  күш  қуат  жұмсауды 
бағалауды  үйренуге  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  кіші  мектеп  жасындағы 
балалар келесі проблемалық сұрақтарға жауап іздейді: «осыған ұқсас дайын 
бұйымдар  бар  ма?  Олар  қанша  тұрады?»  .  Бұдан  басқа,  аталған  әдіс  кіші 
мектеп  жасынды  балалардың  заттық  рефлексия  қабілетінің  қалыптасу 
негізінде,  еңбек  іс  әрекетінің  субъектілері  ретінде  жағымды  тәжірибесін 
қалыптастырады.  Бұған  белгілі  алгоритмдерде    анықталған  кіші  мектеп 
жасындағы  балалардың  жобалау  әрекетінің  технологиясын  саналы  түсінуге 
ықпал етеді. 
Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  жобалау  әрекетінің  екінші 
кезеңінде 3-сыныптарда бұйымды жасау процесінде белгілі кезеңдер, әдістер 
мен  тәсілдер  жүйесі  ретінде  жобалау-технологиялық  іс-әрекеттің  біртұтас 
құрылымы  туралы  бейнелерін  қалыптастыружүзеге  асады.  Бұнда  балалар 
жобалау әрекетінің кезеңдерімен танысады, мұғалімнің басқаруымен оларды 
практикалық 
жүзеге 
асыруға 
қатысады, 
өздерінің 
ең 
алғашқы 
шығармашылық  жобаларын  жасайды.  Оқу  шығармашылық  жоба  депбіз 
субъектілі  жаңашылдығы  бар  және  мұғаліммен  бірлестікте  орындалған 
бұйымды идеядан оны жүзеге асыруға дейін құру және дайындауды айтамыз. 
Кіші  мектеп  жасындағы  балалар  үшін  осы  кезеңдегі  шығармашылық 
жобалардың мазмұны жобалау тапсырмасы мәселесін және оны орындауды, 
процестің сапалық және іс-әрекеттің нәтижелерін талдауын таңдау бойынша 
жобалау  технологиялық  тапсырмалар,  міндеттер  мен  оларды  шешудің 
тәсілдер  жүйесін  айтамыз.    3-4  сыныптарда  бұйымды  жобалау  кезеңінде 
оқушылар  өздігімен  және  өздері  үшін  жетекші  болып  саналатын,  шартты 
түрде  «мектеп»,  «отбасы»,  «бос  уақыт»  деп  аталатын  өмір  сүру  аясында 
материалдық  заттарға қажеттіліктерін анықтауға ұмтылыс жасайды. 
Мұғалім  кіші  мектеп  жасындағы  балаларды  жобаларды  және  оларды 
орындауға  қойылатын  талаптармен  таныстырады,  оларға  іс  әрекеттің 
мақсаты  мен  міндеттерін  анықтауға  көмек  береді,  құралдар,  жағдайларды 
және оларды жүзеге асырудың тәсілдерін, әрекетттің нәтижелерін  бағалауға 
көмек  береді.  Біз  атап  көрсеткендей,  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың 
жобалау әрекеті материалдық заттарды жобалаудың жалпы процесіне сәйкес 
келеді және келесі кезеңдерден тұрады: жобалау – мәселені құру білігін және 
оны шешуді қалыптастыру   - жобалау идеясын практикалық жүзеге асыру  – 
тексеру бағалаушы. 
Негізгі  мәселені  шешу  кезеңінде,  кіші  мектеп  жасындағы  балаларға 
көптеген  мәселелердің  ішінен  ең  қызықты  және  маңыздысын  таңдауға 
көмектесе  отырып,  мұғалім  балалардың  назарын  олардың  жасы  үшін 
қолжетерлік нақты практикалық міндеттерге шоғырландыруы керек: «сендер 
өздеріңнің  жақындарыңды  және  достарыңды  немен  қуанта  аласындар? 

 
73 
Мектепте  және  үйде  өмірдің  қызықты,  қуанышты  болуы  үшін,  не  істер 
едіңдер?»  деп  мәселе  қойылады.  Осы  кезеңде  балалар  өздерінің 
қажеттіліктерімен  айналасындағылардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып 
және  оны  жүзеге  асыруға  қажетті  жағдайлар  мен  құралдардың,  өз 
мүмкіндіктері  мен  білімдері    мен  біліктерінің  болуы  арасындағы  қарама-
қайшылықтарды  талдай  отырып,  жобаны  орындау  жоспарын,  өздігімен 
мәселені шешуді болжайды. 
Кіші мектеп жасындағы балалардың әлі де болса өзіндік жұмыс жасау 
дағдылары  қалыптаспағандықтан  ұжымда  немесе  шағын  топтарда  бір 
тақырыпқа  бағынатын  жобаларды  орындаған  дұрыс.  Осы  жастағы  балалар 
жобаны  жүзеге  асыруда  әрекеттерін  белгілеп,  жүзеге  асыру  жолдарын 
бірлесіп  шешеді.  Өнімді  дайындау  кезеңі  негізгі  болып  саналып,  мәселені 
шешу  үшін  ақпараттар  жинақталады.  Оқушылардың  осы  кезеңде  іс 
әрекетінің  нәтижелі  болуының  алғышарттары  ретінде  ақпараттың  әртүрлі 
көздерін,  қажет  мәлеметтерді  өздігімен  анықтау,  оларды  ретімен  тиімді 
қолдану 
алынады. 
Электронды 
есептегіш 
машиналарын 
қолдану 
анықтамалық  ақпараттық  ізденісті  жеңілдетуге  мүмкіндік  береді.  Идеялар 
банкісінің  компьютерлік  нұсқасының  негізінде  қайта  құруды  қажет  ететін 
жобалау  нысанын,  оның  өлшемдерін,әрекеттің  аймақтарын  таңдау  жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Жинаған  ақпараттарын  құрастырып  болашақ  бұйымды  дайындаудың 
көрінісін  графикалық  құжаттарда  –  суреттерде,  қарапайым  сызбалармен 
беруге  болады,  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  технология  сабағында 
оқу  іс  әрекеті  процесінде  оны  құрудың  дағдылары  қалыптсады.  Жобалау 
кезеңінің  қорытынды  буыны  ретінде  оқушылардың  жабдықтарды  таңдау, 
бұйымды  дайындаудың  технологиясын  жоспарлау,  жұмыс  орнын  
ұйымдастыру  алынады.  Оқушылардың  білім,білік,  дағдыларды  меңгеруі 
ақпараттық қолдау негізінде бұрын орындалған жобалардың үлгңсін көрсету, 
әңгіме,сонымен  қатар  оқушылардың  тәжірибелі-эксперименталды  іс 
әрекетінің түрлері барысында жүзеге асады. Осы кезеңде арнайы әдістер мен 
тәсілдердің арасында келесілерін қолдану дұрыс: ойға шабуыл, дизайн талдау, 
морфологиялық талдау, жедел эскиз жасау, ақпараттық қолдау. 
Жобалау  идеясын  практикалық  жүзеге  асыру  кезеңінде  кіші  мектеп 
жасындағы  балалар  мұғалімнің  бсашылығымен  бұрын  белгіленген 
технологиялық  операцияларды  орындайды,  өздерінің  іс  әрекетін  түзетеді, 
жұмыстың  өзіндік  тексеруін  және  өзіндік  бағалауын  жүргізеді.  Бұнда 
технологиялық  тәртіпті  сақтау,  жұмыс  орнын  ұйымдастыру,  еңбек 
қауіпсіздігін  сақтау  ережелері  және  т.б.  біліктері  қалыптасады.  Мұғалімнің 
осы кезеңде қолданатын оқыту әдістерінің кешенді сипаты болады. Мысалы, 
ақпаратты  қолдау  әдісі  оқушыларды  сәйкес  техникалық-технологиялық 
құжаттармен қамтамасыз етеді.  
Жаттығу  әдісі  жаңа  материал  немесе  құралдармен  жұмыс  барысында 
тұрақты  біліктерін  қалыптастыруы  қажет.  Практикалық  жұмыс  әдісі 
бұйымды  тікелей  дайындауда  қолданылады,  ол  ағымдағы  нұсқаушы 
әрекеттерді түзетуге ықпал етеді. Өзара тексеру әдісі, оқушылар кеңесшілер 

 
74 
жұмысын ұйымдастыру бірлескен күйзелістер ситуациясын құру кіші мектеп 
жасындағы  балаларда  бірлескен  еңбек  әрекеті  мен  ынтымақтастығын 
ұйымдастыру  білігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге,  
еңбек  іс  әрекетіне  ынталандыру  және  оған  жағымды  мотивациясын 
қалыптастыру  үшін  процесс  пен  іс  әрекеттің  нәтижелерін  оперативті 
тексеруді жүзеге асыру қажет. 
Тексеруші  бағалау  кезеңінде  бұйымды  соңғы  рет  тексеру  түзету  және 
сынау жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға тікелей материалдық шығындардың 
қарапайым  экономикалық  есебін  жүргізуге  көмек  береді.  Оқушылардың 
орындаған жұмысын талдау олардың мақсатқа жеткендерін және оны нақты 
нәтижелермен  арақатынасын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осы  кезеңде 
оқушылар сонымен бірге өздерінің дара тауар белгісін, өз бұйымының шағын 
жарнамалық  даңғыларын  құра  алады,  өз  бұйымдарын  жүзеге  асыру 
тәсілдерін ойластыра алады.Аталған кезеңнің қорытындысы оқушылардың өз 
сыныптастары  алдында  өз  жобасын  қорғауы  болып  табылады.  Жобаны  тек 
қана мұғалім бағаламайды, сонымен бірге құрамына басқа параллель немесе 
жоғары    сынп  оқушыларынан  тұратын  қазылар  алқасы,  оқушылардың  ата 
анасы  бағалайды.  Бұнда  оқушылар  өз  әрекеттерінің  нәтижелерін  көрсетеді, 
есеп  береді,  өз  жұмысын  өзіндік  бағалайды,  қазылар  алқасы  мүшелерінің 
сұрақтарына жауап береді. 
Шығармашылық жобаларды қорғау эмоционалды болып, ойын түрінде 
жүргізілуі  қажет.  Жобалау  әрекетінің  қорытындысында  басқа  сынып  және 
мектептің  оқушылары  қатыса  алатын,  шығармашылық  жобалардың  көрмесі 
жасалады.  Жобалау  әрекетінің  соңғы  кезеңіне  кіші  мектеп  жасындағы 
балалардың  барлық  жұмыстарында  қолданған  материалдарын,  жинастырған 
ақпараттарын,  жоспарларын  бүкіл  қолданған  материалдар  сақталатын 
папкасы  портфолиосы  болуы  шарт.Сонымен  жоғарыда  қарастырылған 
құралдар  кешенді  түрде,  өзара  әрекетте  кең  қолдануды  талап  етеді,  мұнда 
әрбір  құралдың  өзіндік  мәні  мен  мектепалды  балаларының  еңбек  іс  әрекеті 
субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыру  жүйесіндегі  орны  ескеріледі. 
Олар  жүйелі  түрде  қолданылса  бір  бірімен  өзара  байланыста  және 
балалардың еңбек іс әрекетін ұйымдастыруда тиімді болып саналады. 
Жобалау әрекеттегі балалардың рөлі де өзгереді: олар процестің енжар 
статистері емес, белсенді қатысушылары ретінде көрінеді. Біздің пікірімізше, 
мектепалды  кіші  мектеп  жасындағы    балалар  еңбек  іс  әрекетінің  субъектісі 
ретінде  тәжірибесінің  қалыптастыруда  жобалау  әрекетін  қолдануда  келесі 
шарттар сақталуы тиіс: 
-  жобалау  әрекет  еркін,  ашық,  балалардың  жобалау  әрекетінің  тұлғаға 
бағдарлау сипаты болуы қажет; 
- жобалау әрекеті өзіндік танымға, өзіндік бақылауға және  балалардың өзін-
өзі жүзеге асырылуына ықпал етеді; 
- педагогтың баламен, ата-анамен ықпалдасып, бірлесіп жұмыс атқаруда рөлі 
өзгереді.  Қорыта  келгенде,  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы 
балалардың  еңбегі  іс-әрекеті  субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыру 
тұжырымдамасында  егеменді  еліміздің  әлеуметтік  сұранысы,  мектепалды 

 
75 
және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  түрлері  және  халықтың 
еңбектегі  тәжірибесі,  өркениетті  елдердің  тәжірбиесі  алынды,  тұлғаның 
субъекті ретінде қалыптасуы туралы ғылыми теориялар ескерілді. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал