Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
тәрбиелік 
бағыттылықта 
оқушылар еңбегін 
ұйымдастырудағы 
қайта 
құрудың 
нәтижелілігі
 
 
1.  Мұғалім  жұмысында  қайта  құрудың  болуы.  Ол 
сабақтардың нәтижелілігінен көріне ме? 
2.  Сабақта  оқу  пәндерінің  құралдары  арқылы 
тәрбиелік ықпалдың болуы.  
3.  Оқушылар  еңбегін  ұйымдастырудың  тәрбиелік 
бағыттылығы. 
4. Мұғалімнің сабақтағы белсенділік деңгейі. 
5. Оқушылардың сабақтағы белсенділік деңгейі. 
6.  Сабақта  оқытудың  белсенді  формаларының 
болуы және оларды мұғалімнің тиімді қолдануы. 
7.  Мұғалім  жұмысының  тәжірибесінде  жаңадан  не 
пайда  болды?  Ол  мұғалім  мен  оқушының  өзара 
қарым-қатынас сипатына қалай ықпал етеді?  
8. Оқытудың ғылымилығы. 

 
40 
9. Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы. 
10.  Сабақта  тұлғаның  әсіресе  қандай  қасиеттері 
белсенді дамиды? 
14 
Мектептің 
міндеттеріне 
сәйкес 
сынып 
жетекшісі 
еңбегінің 
тәрбиелік 
нәтижесінің 
жағдайы 
1. Сынып сағаттарын өткізудегі жүйелілік. 
2.  Сынып  сағаттарының  тақырыптарының  алуан 
түрлілігі  мен  олардың  сынып  оқушыларының 
жасына сәйкестігі. 
3.  Сынып  сағатының  мақсатты  бағытылығы  мен 
оның тәрбиелік нәтижелілігі.  
4.  Балалар  мен  олардың  ата-аналарының  сынып 
сағатын дайындау және өткізуге қатысуы. 
5.  Сыныптан  тыс  шараларда  мәселелерді  талқылау 
кезінде 
балалар 
мен 
мұғалімнің 
өзара 
қызығушылық атмосферасының болуы.  
6.  Аталған  тәрбиелік  шара  оқушылар  тұлғасында 
қандай  азаматтық  қасиеттерді  қалыптастыруға 
бағытталған.  
7.  Сыныптан  тыс  шаралардың  көркем,  көрнекілік, 
эстетикалық... қамтамасыз етілуі. 
15 
Мектептің 
әдістемелік 
тақырыбын 
жүзеге  асырудағы 
мұғалімнің 
жұмыс 
тәжірибесін 
анықтау 
және 
зерттеу 
1.  Жас  ерекшелігіне  сәйкес  оқушы  тұлғасының 
азаматтық қасиеттерін қалыптастырудағы сабақтың 
тәрбиелік рөлі.   
2.  Сабаққа  мақсат  қою,  оның  оқушылардың  ойлау 
әрекетін белсендірудегі ұтқырлық рөлі: 
а) үй тапсырмасын тексеру кезінде; 
ә) оқу материалын түсіндіру кезінде; 
б) оқу материалын бекіту кезінде. 
3. Оқытудың белсенді формаларының болуы. 
4.  Жаңашыл  мұғалімдердің  тәжірибесін  қолдану 
идеясы. 
Сабақта 
оқушыларды 
оқыту 
мен 
тәрбиелеудегі даралық тұрғының болуы және оның 
тиімділігі: 
а) сұрау кезінде; 
ә) жаңа оқу материалын хабарлау кезінде; 
б) өз бетіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде. 
16 
Ұзартылған  күн 
тобының 
жұмысының 
тиімділігі. 
Ұзартылған  күн 
тобындағы 
сабақтар 
оқушылардың 
білім, 
іскерлік, 
дағдылардың 
1. Топтың толықтығы. 
2. Тәртіп. 
3. Оқу еңбегінің нақты ұйымдастырылуы. 
4. Даралық тұрғының болуы. 
5. Еңбек мәдениеті. 
6. Қарым-қатынас мәдениеті. 
7. Клуб сағаттарының тәрбиелік рөлі. 
8. Тәрбиеші еңбегін жоспарлау. 

 
41 
сапасының 
өсуі 
мен 
олардың 
интеллектуалдық 
дамуына 
ықпал 
ете ме? 
 
Оқу-зерттеушілік  әрекеттің  негізгі  формаларының  бірі  оқушылардың 
ғылыми  қоғамы  болып  табылады.  Ғылыми-зерттеушілік  әрекет  оқыту 
формасы  да  болып  табылады,  оқушылардың  кәсіби  өзін-өзі  анықтауына 
ықпал 
етеді. 
Әдістемелік 
кеңес 
оқу-зерттеушілік 
әрекеттің 
ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  міндеттерін  шешеді,  зерттеудің 
басымдық  бағыттарын  анықтайды,  ұсыныстар  мен  жетілдіру  бойынша 
ұсыныстар әзірлейді, тақырыптарға сараптама жасайды. 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
1. Технология пәнінің мақсат, міндеттері, теориясы мен тарихы жайында 
сипаттаңыз. 
2. Технология пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін және мұғалімге 
қойылатын талаптарды сызба нұсқа түрінде көрсетіңіз. 
3. Технология пәні әдістемелік қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз  
4Технология пәнін ұйымдастырудығы әдістемелік басқару түрлері  
5. Технология пәнінен әдістемелік апталық өткізудің логикалық құрылымы 
қандай жүйеде берілген.  
2 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ САБАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ 
 
      Технология  пәнін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  сабақ.  сабақтың 
құрылымы. мұғалімнің сабаққа дайындығы. 
 
Сабақтың  құрылысы  алдына  қойған  мақсатына,  оқу  бағдарламасының 
мазмұныны, оқытудың типіне, әдіс-тәсілдеріне, оқушылардың жас шамасына 
байланысты.  Сабақ  құрылысына  мұғалім  жұмысының  шығармашылық 
сипаты да әсер етеді. 
 
Сабақ құрылысының негізгі элементтері: 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
2.Мақсатын белгілеу. 
3.Үй жұмысын тексеру және оқушылардың білімін бағалау. 
4.Жаңа материалды беру және оқушылардың дербес жұмысы. 
5.Жаңа материалды бекіту. 
6.Үй тапсырмасын түсіндіру. 
7.Сабақтың қортындысы. 
 
Сабақтың  құрылымын  анықтауда  маңызды  саналатын  3  түрлі 
дидактикалық міндеттер бар. 
1.Оқушылырдың бар біліміне сүйену және белсенді ету; 
2.Жаңа түсінікті және іс-әрекет тәсілдерін игерту. 

 
42 
3.Ақыл-ой  және  практикалық  іс-әрекетінің  дағдысы  мен  іскерлігін 
қалыптастыру. 
 
Дәстүрлі сабақ құрылысының айтарлықтай кемшіліктері бар: 
А)  оқушылардың  танымдық  әрекетінің  мүмкіндіктерін,  толық  ескермеуі, 
педагогтың ғана белсенді әрекетіне сүйенеді. 
Ә)  Оқушылардың  белсенді  шығармашылық  әрекетін  дамытуға  мүмкіндік 
жасамағандықтан, олардың ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ете алмайды. 
Б)  Уақыт  жағынан  шектеулі  болғандықтан  оқушылардың  танымдық  іс-
әрекетін басқаруға мүмкіндік бермейді. 
 
Ал,  сабақтың  құрылысы  мұғалімнің  ғана  емес  оқушылардың  іс-
әрекетін қамтамасыз етуі керек. 
 
Бүгінгі күннің талабына сай сабақ құрылымы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі, сабақтың мақсаты. 
2.Бұрынғы білімін тексеру, жетілдіру, бекіту, сұрау, жаттығу, тапсырмаларды 
орындау. 
3.Жаңа  білімді  хабарлау  және  оқушылардың  іздену  әрекетін  ұйымдастыру 
(проблемалық  сұрақтар,  жаппай  жеке  тапсырмалар,  тәжірибе  жұмыстарын 
жасау). 
4.Оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру арқылы  алған білімдерін 
бекіту, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру, тапсырмаларды орындауға бағыт 
беру (еңбек түріне сәйкес көрсету, түсіндіру, тапсырмаларды дербес орындау, 
шығармашылықпен өз үлесін қосуға бағыт беру). 
5.Оқушылырдың еңбек іс-әрекетіне бейімділігін тексеру. 
6.Үй тапсырмасы және қортынды. 
Мұғалім  сабақтың  құрылысы  арқылы  оқушылардың  жоғары  белсенділігін 
бүкіл  сабақ  бойы  қамтамасыз  етіп,  дербес  әрекет  етуін  ұйымдастыруға 
міндетті. 
 
Мұғалім  - сабақтағы басты тұлға, өйткені оқушыға жүйелі түрде білім 
алу  дағдысын,  іскерлігін  қалыптастырады.  Ол  үшін  түрлі  оқыту  әдістерін 
алмастыра  пайдаланып,  оқушылардың  танымдық  әрекетіне  мақсат  көздей 
басшылық етеді. 
 
Бұл  жөнінде  Ахмет  Байтұрсынов:  «Мектепке  бірінші  керегі-мұғалім, 
екінші-оқыту  ісіне  керек  құралдар,  үшінші  бағдарлама  және  оқулықтар 
керек»-деп  дөп  басып  айтқан,  өйткені  оқыту  ісінің  сапасы  осы-  3 
қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, 
оқулықтарды, 
әдіс-тәсілдерді 
пайдаланып 
оқушыларды 
біліммен 
қаруландырады. Олай болса, оқу тәрбие ісінің табысты, білімінің берік болуы 
мұғалімнің сабаққа ындағатты дайындығына байланысты. 
 
Сабаққа дайындықтың мазмұны: 
1.Сабақ жүйесін жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау. 
2.Жеке сабақтарды жоспарлау. 
3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау. 
4.Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу. 
5.Сабақтың мазмұнын анықтап, берілетін теориялық білімді таңдау. 
6.Оқыту жұмыстарының әдістерін белгілеу. 

 
43 
7.Сабаққа қажетті оқу құралдары мен көрнекі және техникалық құралдарды 
дайындау. 
8.Сабақ кезеңдеріне байланысты жұмыс түрлеріне (кітаппен жұмыс) уақытты 
бөлу. 
9.Бекіту жаттығуларын дайындау. 
10.Білімін тексеру мен бағалау әдістерін анықтау. 
11.Үй тапсырмасын түсіндіру және орындау жолдарын көрсету. 
12. Сабақтың жоспар-конспектісін жасау. (студенттер үшін) 
Сабаққа қойылатын талаптар: 
А)  Дидактикалық  талаптың  ескерілуі:  сабақтың  тақырыбы,  мақсаты, 
мазмұнының  бағдарламаға  сәйкестігі,  игерілетін  іскерлік  дағдыларының 
айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу. 
Ә)Дамытушылық талаптың ескерілуі: дамытушылық мақсаттың айқындығы, 
танымдық  қызығушылығының  бастамашылдығы,  өздігінен  іздену,  білімін 
толықтыру,  ой  еңбегінің  мәдениеті  мен  іскерлік  дағдысын  қалыптастыру, 
ақыл-ойын дамыту. 
Б)Тәрбиелік  талаптаң  ескерілуі:  тәрбиелік  мақсаттың  нақтылығы,  білім 
мазмұны  арқылы  көзқарасын,  эстетикалық  сезімі  мен  адамгершілік 
қасиеттерін,  жүйелі  еңбегін  қалыптастыру,  мамандығына  сүйіспеншілігін 
арттыру. 
В) Гигиеналық талаптың ескерілуі. 
Г) Психологиялық талаптың ескерілуі. 
Д) Ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. 
Ол 2 кезеңнен тұрады: 
 
1  кезеңі:  Сабаққа  алдын-ала  дайындық.  Күнтүзбелік  жоспар,  негізгі 
және  қосымша  әдебиеттерді,  әдістемелік  және    көркем  шығармалар, 
педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу. 
 
2  кезеңі:  Пән  бойынша  тақырыптың  сабақ  жоспарын  жазу.  Онда 
сабақтың  білімділік,  дамытушылық,  тәрбиелік  мақсатын,  оған  сай  нақты 
білім  көлемін  анықтау,  әдіс-тәсілдерін  таңдау,  сабақтың  типін,  құрылымын 
белгілеу,  сабақ  кезеңдерінің  логикалық  байланысын,  өздігінен  істейтін 
жұмыстарды ескеру. 
Әдістемелік  талапқа  аталған  барлық  талаптардың  жиынтығы  жатады. 
Мұғалім  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  біліп  қана  қоймай,  тиімді  пайдаланғанда 
ғана  оқушылардың  білімге  құштарлығын  тудырып,  терең  түсінігін 
қамтамасыз етеді. 
Технология сабақтарына қойылатын талаптар 
      Бастауыш 
сыныптарда 
өтілетін 
еңбекке 
баулу 
сабақтарында 
оқушылардың  орындайтын  жұмыстары  қаншалықты  қарапайым    әрі  оңай  
болғанымен,  еңбек  жөніндегі  тәжірибесі  аз  балаға  оны  орындап  шығу  
қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап  мұғалімнің  көмегімен 
жүзеге    асырылып  отырады.  Сондықтан    алғашқы  сабақтан    бастап    түрлі  
жұмыстарды  жүйелі  түрде  орындай    білуге    оқушыларды  дағдыландырсақ, 
іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері  
арта түседі. Ондай  кездерде оқушы  бойында  еңбекке деген  құштарлықты,  

 
44 
сабаққа  ынтасы,  ықыласы  да  арта    түседі.  Бастауыш    сынып    мұғалімдері 
жаңа оқу жылының  бас кезінде  әрбір  жекелеген  сыныптар үшін  бөлінген  
сағат  сандары  бойынша  бағдарлама  талаптарына  cәйкес  атқаратын 
тапсырмаларды енгізге білуі тиіс. 
   Біріншіден,  бастауыш  сынып  мұғалімдері  еңбекке  баулу    сабағының  
тақырыптарының  негізгі талаптарды орындай білуі  керек. 
   Екіншіден,  күнделікті  өтілетін  әрбір  сабақты  сапалы  әрі  жауапты  түрде  
өткізе  білуі  тиіс.  Аталған    еңбек    сабағының    негізгі  талаптарын  орындай  
білуін  мұғалім өз-өзінен және оқушылардан  талап  ете білуі шарт. Сабақтың  
жемісті  болуы  мұғалімнен  үлкен  шеберлікті  талап  етеді.  «Сабақ  -  мұғалім, 
күнбе-күн  оқушыларға  білім,  тәрбие  беретін  және  жан-жақты  дамытатын 
оқу-тәрбие  процесінің  негізгі  саласы»,  деген  Сухомлинский.  Сабақта  
мұғалімнің жеке  басының үлгісі  оқушылар үшін маңызды  екені белгілі. Бұл 
туралы  Сухомлинский  былай  деп  жазған:  «  Сабақ    мұғалімнің  жалпы 
педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының  өлшемі, 
оның ой-өрісінің, білімдарлығының  көрсеткіші». 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  қазіргі  сабаққа  қойылатын  негізгі 
талаптар: 
1.
 
Әрбір    өтілетін    сабақтың    мақсаты,    мазмұны,    жоспары  және    оның  
құрылымы  алдын  ала  белгілі  болуы  тиіс. 
2.
 
Сабақтың  ғылыми  мазмұны  оқушылардың   жас ерекшеліктеріне  сай  
ұғынымды,  түсінікті  болуы керек. 
3.
 
Сабақтың  мазмұны  еңбекке  баулу  пәнінің   бағдарламасына  сәйкес  
болуы  және    әрбір    сабақ    басқа    сабақтар    жүйесінің   буыны    болуы  
шарт. 
4.
 
Сабақта  оқушылардың білімге  ынтасы  мен  қызығуын   арттыру  үшін 
сабақтың құрылымы мен әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, көрнекі  құралдар  
мен  техникалық құралдарды  тиімді қолдана білу. 
5.
 
Сабақта  оқушылардың    таным  белсенділігін  арттыру  үшін,  проблем 
ахуалдар  туғызып,  проблемалық  міндеттер  мен  тапсырмаларды  
орындауға  қалыптастыру  керек.  
    Сабақ -  оқыту қағидаларының  ережелері мен  талаптарына сәйкес, бұл 
орайда Жүсіпбек  Аймауытовтың мұғалімге  сабаққа  байланысты берген 
төмендегі бағалы  нұсқауларын есте сақтаған жөн: 
1. Жаңа сабақ  туралы  баланың  білетін  мағлұматтарынмен  ұштастыру. 
2.    Қажетсіз мағлұматтардан  сақтанып,  баланың    ілтипатын   қоздыратын 
қызықты  нәрселерді ғана  сөйлеп   үйрету. 
3. Баланың  ішін  пыстыратын  біркелкі  мағлұматтардан сақтану. 
4.  Өзгелерді ынталандыру  үшін  оқытушы  үйрететін  нәрсесіне  өзі  де  
ынталанып, өзгені  де  қызықтыру. 
Технология сабағының негізгі талаптары 
1.
 
Оқушылардың  еңбек  адамдарына  көзқарстарын  қалыптастыру (адал 
еңбек  ете білу,  еңбекті  сүйе  білу,  адам  еңбектерін құрметтей  білу). 

 
45 
2.
 
Еңбек    шеберліктерін  арттырып  оқушыларды    еңбек    мәдениетіне   
тәрбиелеу,    өзінің    және    жолдастарының    жұмыстарын      жоспарлы  
түрде  ұйымдастыра  білу. 
3.
 
Еңбек    сабақтарында    оқушылардың    ой-өрістерін    дамытып   
оқушыларды   адамгершілікке   тәрбиелеу,  оқушылардың  эстетикалық  
талғамдарын    қалыптастыру,    оқушылардың    сұлулыққа    әуестік  
сезімін  ояту. 
4.
 
Сабақтар    барысында  құрастырушылық,    шеберліктерін,  іскерлік 
қабілеттерін    арттыруға,    ауылшаруашылық    сабақтарда  өсімдіктерді  
өсіру,    күте    білуге,    егін    шаруашылығымен    мал    шаруашылығы 
туралы,    қоғамдық    пайдалы    еңбектің    түрлері    туралы    жалпы   
мағлұматтар  алу. 
5.
 
Еңбектің    қарапайым    құрал-саймандарымен    жұмыс    істей    білуге  
үйрету (кесетін, жонатын,  тесетін,   соғатын, қырқатын т.б.) 
  Бұл  аталған    еңбек    сабағының    негізгі    5  талабы    күнделікті    сабақ  
барысында    сабақтың    тақырыбына,    сабақтың    мақсатына    байланысты  
болып  мұғалімнің үнемі жадында  сақталуы  тиіс. 
Технология пәні  мұғалімдеріне  қойылатын талаптар 
  Бүгінгі    ғылыми-техникалық    прогресс    дәуірінде    оқушы    қиялына  
қозғау  салып,  қанат  бітіру,  ой-өрістерін  дамыту,  білім  аясын  кеңейту -  
жастарға    білім  берудің    алғышарттары.  Өйткені,    қиялы   қарыштамаған  
оқушының  білімді  еркін  меңгеруі  мүмкін  емес.  Ал  жастарды   жан-
жақты    етіп, білімді, мәдениетті,  ой   жүйесінің  қазіргі   заманға    сай  етіп 
тәрбиелеп  шығару ұстаздың  ұлағаттығында,  білім  өрісіне,  түсінігінің  
тереңдігіне    және    мұғалімнің  өз  мамандығына    деген    сүйіспеншілігіне  
байланысты. 
      Қазіргі    таңда    қоғам    жедел    даму  үстінде,  әрбір    өндіріс    орындары 
шетелдік  құралдармен  жабдықталып күн санап  өркендей  түсуде.  Өнім  
шығаратын    құрал-жабдықтарды    жаңа  технологиямен    қамтамасыз    етіп  
мамандарды  даярлау  бүгінгі  күннің  басты  міндеті. Сол себептен  еңбек  
сабағынның  мұғалімдерінің  өндіріс  салалары  туралы  хабардар  болып  
өз  шәкірттеріне   білімдерін  жеткізе  білу  шарт. 
Біріншіден,  еңбек  сабағының  мұғалімі өзінің  мамандығына   сүйе  білу  
қажет. 
Екіншіден,  еңбек  пәнінің   мұғалімінің  техникалық  сауаттылығы жоғары 
дәрежежде  болып  өндіріс, ғылым  саласында  түсінігі  мол болуы  тиіс. 
Үшіншіден,    еңбек  пәнінің  мұғалімі  оқу   процесіндегі  педагогикалық,  
дидактикалық,  қағидаларды  сақтай    отырып    білімін  өз    шәкірттеріне  
үйрете  білуі  тиіс. 
Төртіншіден,    еңбекке    баулу    сабағының      мұғалімдері    педагогикалық  
шеберлігін шыңдай  түсіп,  білім  деңгейін  көтеріп отыру  керек. 
     Бұл талаптар мен  бірге  еңбек  пәнінің  мұғалімдері  техникалық  еңбек,  
көркем еңбек,  ауылшаруашылық  еңбек,  өзіне-өзі  қызмет ету еңбегінің  
оқу    материалының    мазмұнына  байланысты    өтілетін    сабақты  
ұйымдастыра  біліп  әрбір  сабақтың  тәрбиелік  мәні  жоғары  болуы  тиіс. 

 
46 
Осы    талаптарды    орындау    үшін    бастауыш    сынып    мұғалімдері  тек  
оқулықтармен  шектеліп    қана    қоймай,    қосымша    әдістемелік,  
техникалық  кітаптарды,    журналдарды,    басқа    да    техника,    ғылым  
саласындағы  әдебиеттерді  кеңінен  қолдана  білу қажет. 
     Бастауыш    сынып    мұғалімдері  кез-келген    жағдайда    оқу  
бағдарламасынан  тыс  оқушы  сұрақтарына  дайын  болуы шарт. 
Технология пәні кабинеті  жабдықтау  талаптары. 
  Еңбекке  баулу  сабағының    бағдарлама  талаптарына    сәйкес  қағаз,  қатырма 
қағаз, мата, мата тектес материалдар мен мата талшықтары мен ағаш,  металл 
материалдары мен жұмыстарды атқарып үйренеді. Мұндай  материалдар мен  
жұмыстарды орындап үйрену үшін  күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын  
қарапйым қайшы,пышақ, ине құралдарынан басқа да ағаштарды,  металдарды 
өңдеуде    кесу,  тесу,  жону,  қырқу,  аралау  үшін    ағаш  сүргісі,  ағаш  кесетін, 
темір  кесетін  аралар,  сымдарды,  қаңылтырларды  кесетін,  қысатын  
қысқыштар  мен кескіштер, соғу құралы балға, егеулер,  бұрғылар, құрастыру 
жұмыстарында  керекті  құралдар  бұрауыш,    гайка  кілті  қолданылады.  Бұл  
құралдармен    жан-жақты    жұмыстар  орындай  білу  жай  сыныптарда  мүмкін 
емес. 
     Сондықтан    бағдарлама    талабына    сай    бастауыш  сыныптары    үшін  
арнаулы    жабдықталған    кабинет  немесе    бөлме    болуы    тиіс.    Арнаулы  
жабдықталған  еңбек      сабағыныңы    кабинетінде  өтілген    сабақтар    барлық  
уақытта    сапалы    болып  әрі    оқушылар    үшін    орындайтын    тапсырмалар  
түсінікті  болып келеді. 
Жабдықталған    кабинетте  екі    оқушыға    арналған    немесе    жеке    жұмыс  
үстелі    болып,    құрал-сайманмен    жабдықталу    керек.    Бастауыш 
сыныптардың    еңбекке    баулу    сабағының    шеберханаларымен    тығыз  
байланыста  болуы тиіс. 
Технология пәні кабинетіне қойылатын  талаптары 
1.
 
Еңбек  кабинеті,  педагогикалық  талаптарға    сай    болуы  тиіс.  Бөлме  
ішінің  ауданы,  көлемі,  бөлменің  жарықтығы,  гигиеналық  тазалық  
жағдайы. 
2.
 
Бұйымдар 
сақталатын 
шкафтар, 
сөрелер 
құрал-саймандар,  
материалдар,  оқушылардың  жұмыстары  сақталатын  шкафтар, 
мұғалімнің  жұмыс  орны  толық  жабдықталуы  тиіс.  Бөлме  төбесінің, 
қабырғасының,  еденнің  түстерінің  перде  түстеріне  сәйкестігі,  талапқа 
сай  болып  келуі  шарт.  Мұндай  сыныптарда    ұйымдастырылған  
сабақтар мұғалімдер  үшін де  үлкен  көмегін  тигізеді. 
3. 
Құрал-саймандардың 
ұзақ 
уақыт 
сақталуы 
оқушылардың  
жұмыстарының  сапалы    болып    шығуы    оқушылардың    шығармашылық  
қабілетінің  артып  отыруына  көптеген  мүмкіндіктер  туғызады.    Талапқа  
сай    жабдықталып  құрылған    арнаулы  кабинетте    өтілетін  сабақтарда  
оқушылардың  тапсырмаларын  бағалауға,  жұмыстарын  бақылауда, 
қауіпсіздік 
техникасының 
ережелерін 
еркін 
сақтауға 
көптеген  
мүмкіндіктер береді. 
Кабинетте  болуға  тиісті  құрал -  жабдықтар

 
47 
І.  Белгі  түсіретін  өлшеуіш  құралдары: 
1. Оқушы  сызғышы 20-30 см; 
2. Бұрыштық  сызғыш 20/20 см; 
3. Оқушы циркулі; 
4. Қалам; 
5. Сантиметрлік  лента. 
   ІІ. Қағаз,  қатырма  қағазбен  жұмыс  істеу  кезінде  қолданылатын      
       өңдеу  құралдары. 
1.
 
Ұшы доғал,  жүзінің  ұзындығы 12-14 см  тұрмыстық пышақ; 
2.
 
Доғал  ұшты  қайшы; 
3.
 
Ысқыш; 
4.
 
Желім жағуға  арналған  қылқалам. 
5.
 
Бояу  жағуға  арналған  қылқалам; 
6.
 
Біз. 
Сабақтың диагностикалық картасы 
 
Уақыты.                 Сынып                             Пән 
Мұғалімнің аты-жөні 
Сабақтың тақырыбы 
Сабақтың формасы 
Сабақтың мақсаттары 
Сабаққа қатысу мақсаттары 
Бақылау: 
Ескертулер: 
Ұсыныстар: 
Қатысқан оқушылар саны 
Ауызша жауаптар саны 
Өз еркімен жауап берушілер саны 
Жазбаша сұралғандар саны 
Мұғалімнің сөздік белсенділік уақыты 
Оқушының сөздік белсенділік уақыты 
 
Оқушылардың тонусының өзгеру динамикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғары   
 
 
 
 
 
 
 
Орташа   
 
 
 
 
 
 
 
Төмен    
 
 
 
 
 
 
 
 


10 
20 
25 
30 
35 
40 
 
Жұмыс формасы: 
Бақылау формасы: 
 
 
   
 
Дәстүрлi еңбек түрлері 
Ауыл шаруашылығы еңбегі 
Тұрмыстық еңбек  
Қолөнер еңбегі 

 
48 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәстүрлі 
 еңбек  
салалары 
Ер балаға тән еңбек 
түрлері 
Қыз балаға тән еңбек 
түрлері 
Мал шаруашылығы 
1-6  жас:  
лақ,қозыларды, бұзауды 
қайыру, өріске айдау 
7-15  жас: лақ-қозырды, 
бұзауды, ботаны өріске 
айдау, өрісте бағу,күту; 
жем-шөп дайындау,шөп 
шабуға көмектесу, 
қораны тазалау, мал 
суару, отын жинауға 
көмектесу 16 – 18 жас: 
малды төлдету, қой 
қосақтау, сақман, қой 
қырқу, ат суыту, құрық 
салып асау үйрету, мал 
соя білу, оны жіліктеу; 
қора салу, жүкті түйеге 
арта білу, қазақ үйді 
жығу, оны тігу, т.б. 
1 – 6 жас: лақ, 
қозыларды, бұзауды 
қайыру, өріске айдау 7 – 
15 жас: малды өріске 
айдау, лақ қозыларды, 
бұзау, ботаны күту, 
бағу; шөп жинауға 
көмектесу, мал суару; 
тамақ дайындау 
16 -18 жас: қой 
қосақтау, сақман, қой 
қырқуда жүнді тасу, 
іріктеу, кептіру; ет 
мүшелеу, тұздау, 
кептіру; отын жинауға 
көмектесу, тамақ 
дайындау; қазақ үйді 
тігу, сиыр, бие, қой сауу 
т.б. 
Егін шаруашылығы 
7-15 жас: шалғы, кетпен, 
айыр, балта, араны 
7 – 15 жас:егістікті арам 
шөптен арылту, суару, 

 
49 
пайдалану, оларды 
жұмыс жағдайына 
келтіре білу; шөп шабу, 
оны құрғату, шөмелеу, 
маялау,  
16 – 18 жас : шөп шабу, 
оны құрғату, шөмелеу; 
жерді құрғақтай жырту, 
айдалған жерді 
тамырлау, егін себу, 
дәнді майдалау, суара 
білу және бау ө 
бақшаны баптау 
бау – бақшаны баптау,   
 
 
16 – 18 жас: егін себу, 
дәнді майдалау және 
суара білу, астық жинау, 
нан пісіру, тары түю, 
талқан жасау 
Аңшылық 
7-15 жас: қармақ салу, 
ау салу, шанышқымен, 
найзаиен түйреу 
16-18жас: қапан құру, 
құс салу, ор қазу, тор 
салу, тұзақ құру, садақ 
ату, мылтық ату, ит, 
тазы қосу 
7-15жас: аң, құс 
еттерінен тағамдар 
дайындау, балық тұздау, 
қуыру, пісіру 
16-18 жас: аң терілерін 
кептіру, іріктеу, илеу, 
құс жастық, құс төсек 
жасау, балық кептіру 
Қолөнер еңбегі 
а) ағаш ұқсату 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ә)Металл өңдеу 
 
 
 
 
Б) Сүйек пен мүйіз 
ұқсату 
 
 
 
В)Тері ұқсату 
 
 
 
7-15 жас: киіз үй сүйегін 
жасауға керекті 
ағаштарды кесу, 
кептіру, іріктеу, жону, 
әшекейлеу және т.б. 
16-18 жас: киіз үй 
сүйегін, ер тұрмандар, 
музыкалық аспаптар, 
садақ, тоғызқұмалақ 
ойынының тақтасын, 
арба, домбыра, қобыз, 
сырнай және т.б. жасау  
16 – 18 жас: ер тұрман, 
қару жарақ әшекелеу; 
өңіржинек, сақина, 
сырға, білезік жасау 
 
 
7 – 15, 16 – 18 жас: 
сүйекті жону, шегелеу, 
ысқыш, тобыршық, 
мүйізден, тарақ т.б. 
жасау 
16 – 18 жас: қайыстан 
7 -15 жас: киіз үй 
сүйегін әшекейлеу, бояу 
түстерін таңдап, ою 
өрнек салу 
16 -18 жас: үй 
жиһаздары мен ыдыс- 
аяқтарды әшекейлеу, 
бояу, ою өрнек салу 
 
 
 
 
16 – 18 жас: сәукеле, 
қиықша, алқа, білезік, 
түйреуіш, шашқап, 
шолпы, сағат бау, кемер 
белдік, бұрама, ыдыс 
аяқ әшекейлеу 
7 -15, 16 – 18 жас: 
мүйізден түйреуіш, 
тарақ, қобдишаларды 
өрнектеп әшекейлеу 
16 – 18 жас: қайыстан 
қамшы өру, айыл, 

 
50 
Г) Тас өңдеу 
 
 
Д)Киіз басу 
 
Е)Кілем тоқу 
 
 
Ж) Киім, кесте тігу 
қамшы өру, айыл, 
жүген, тізгін, қанжыға, 
шылбыр, шідер, ноқта 
жасау  
16 – 18 жас: құлпытас, 
үш тас, бес тас, қошқар 
тас, қой тас, сағана 
өңдеу, қалау 
7 – 15, 16 – 18 жас: жүн 
сабау, киіз тебу 
7 – 15 , 16 -18 жас: кілем 
тоқуға қажетті 
құралдар: серу, теру, 
ұршық, адарғы, белағаш 
жасау 
16 -18 жас: киім пішу, 
бас киімдер тігу,  
жүген, тізгін, қагжыға, 
шылбыр, шідер, 
ноқталарды бояп 
өрнектеу  
16 -18 жас:тас ұсақтау, 
түрлі түсті тастарды 
іріктеп, өрнектеп 
әшекейлеу 
7-15, 16-18 жас: түкті, 
бұқар, жол, жолақ, 
масаты, қалы, қара, 
түкті, алаша, әндіжан, 
түркімен,адай кілем, 
терме алаша, ши тоқу 
7-15,16-18 жас: кесте, 
ішкі, сыртқы және бас 
киімдерді пішіп тігу 
Мәдени-тұрмыстық 
еңбек 
7-15,16-18 жас: отын 
дайындау,оларды үйге 
жеткізу, ауладан отынға 
орынәзірлеу; мал сою, 
саба пісу; ауланы 
жинақы ұстау, қакпа, 
сарай, қора қопсыны 
жөндеу, тұрғын-жайды 
таза және жылы ұстау; 
киімдерін күтіп ұстай 
білу, жуу, үтіктеу 
 
 
 
2.2. ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
 
 
    Технология  пәнінің  негізгі  мақсаты  оқушыларды:  еңбек  сүйгіштікке, 
тәртіптілікке,  жауапкершілікке  тәрбиелейді.  Жұмыс  істеп  үйренулеріне, 
еңбек  адамдарын сыйлауға, оларды мақтаныш тұтуға баулып  және  жұмыс  
орнын  таза    ұстауға,  құрал  саймандарды  күтіп,  материалдарды    үнемді  
пайдалануға үйрету. Оқушылардың  еңбек сабағында жасаған  бұйымдары өз  
қажеттеріне  мысалы:  ойындарына  және  сабақта  көрнекілік  ретінде,  ал  
балабақшада  сыйлық  ретінде    қолданылады.  Бұйым  жасау  процесінде 
оқушыларды жеке және ұйыммен жұмысқа үйретеді. Еңбеке баулу сабағында 
оқушылар  түрлі    құрал  -  саймандар  және    материалдармен    жұмыс    істеу 
әдістеріне  үйренеді, әр  материалдың  ерекшеліктерін, бір-бірімен салыстыру  
арқылы  біледі. 
    Басқа  сабақта  алған  білімдерін  еңбекке  баулу  сабақтарында  қолданады. 
Бастауыш сыныпта технология сбағындағы жұмыстың түрлері төмендегідей: 

 
51 
   I  Өзіне-өзі қызмет ету. 
   ІІ Ауыл  шаруашылық  еңбегі. 
   IIІ Техникалық еңбек. 
   IV Көркем еңбек. 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал