Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
Қазақстанда  білім  беруді  дамыту  үдерісін  белгілейтін  және  негіздеп 
тұжырымдайтын  құжаттар  (Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 
заңы,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010 
жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы,  «Білім»  бағдарламасы, 
Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  стандарты,  Қазақстан 
Республикасының  жаңа  тұрпатты  педагогының  үздіксіз  білім  беру 
тұжырымдамасының  жобасы,  Қазақстан  Республикасындағы  12  жылдық 
жалпы орта білім беру тұжырымдамасының жобасы т.б.) елімізде білім беру 
жүйесін дамытудың басты ресурстарының бірі – мектеп педагогының кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастыруды  анықтайды.  Сонықтан  қазір  елімізде  білім 
беру саласында педагогтың кәсіби құзыреттілігін анықтау бірінші кезекте тұр. 
Сонда «педагогтың кәсіби құзыреттілігі» деген ұғымды қалай түсіндіруге 
болады.  Қазіргі  педагогикалық  ғылым  мен  практикада  «кәсібилік», 
«педагогикалық 
шеберлік», 
«құзыреттілік», 
«кәсіби 
құзыреттілік», 
«педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі»  деген  ұғымдар  –  категориялар  кеңінен 
қолданыс табуда.  Педагогика мен әдістеме  ғылымдарында  «кәсібилік» және 
«педагогикалық шеберлік» ұғымдарының сипаттамалары мен анықтамалары 
қалыптастқан.  
«Құзыреттілік»  ұғымының  көптеген  түсініктемелері  бар.  Шетелдік 
сөздіктерде «құзыреттілік: 1) тиістілік, қабілеттілік немесе белгілі бір саланы 

 
25 
білушілік;  2)  белгілі  бір  зат,  құбылыс  жөнінде  пайымдау,  салмақты  да 
беделді  пікір  айтуға  мүмкіндік  беретін  білімді  игеру  ретінде  түсініктеме 
берген. 
Қазір құзыреттілікке – дербес және жауаптылықпен әрекет етуге, белгілі 
бір  жұмысты  орындауға  қабілеттілік  пен  икемділікті  игеруге  жол  ашатын 
психологиялық  ахуал,  психикалық  сапалардың  жиынтығы  ретінде 
түсініктеме беріліп жүр. 
Білімді  модернизациялау  бойынша  Еуропа  Кеңесінің  құжаттарында 
«құзыреттілік»  ұғымын  күрделі  тәжірибелік  міндеттерді  орындаумен 
байланыстырады  және  оны  когнитивтік,  ақпараттық,  этикалық,  әлеуметтік, 
коммуникативтік құраушылардың синтезі ретінде қарастырып, білім берудегі 
интеграциялық, пәналдылық рөлі арқылы көрсетуде. 
«Құзыреттілік»  және  «кәсіби  құзыреттілік»  ұғымдарын  педагогқа 
қатысты  пайдалану  педагогикалық  терминологияға  ХХ  ғасырдың  90-шы 
жылдары айрықша қарқынмен ендірілді. 
В.М.Шепелдің 
«Управленческая 
антропология» 
атты 
еңбегінде 
«Құзыреттілік – қызметтік жұмысты кәсіби орындау үшін қажетті білімдерді, 
тәжірибелерді  және  іскерліктерді  меңгеру».  Осы  анықтаманы  басшылыққа 
ала  отырып,  оны  педагогқа  қатысты  қолдансақ,  онда  «Кәсіби  құзыреттілік- 
деп  педагогикалық  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білімдерді, 
іскерліктерді және тәжірибені меңгеруді айтамыз». 
Кейбір  ғалым-педагогтар  «кәсіби  құзыреттілік»  ұғымына  педагог 
қызметінің  нәтижелілігін  кірістіруде.  Мысалы,  Т.Маркова  құзыреттіліктің 
құрылымына  келесі  блокторды  бөліп  көрсеткен:  педагогикалық  қызмет, 
педагогикалық қарым-қатынас, мұғалімнің жеке тұлғасы, оқушыларды оқыту 
мен тәрбиелеу нәтижелері. 
Ғылыми 
педагогикалық 
әдебиеттерде 
«кәсібилілік» 
ұғымын 
педагогикалық  шеберлікке  адекватты  ұғым  ретінде  қарастыруда.  Педагог 
кәсібилілігінің  дамуы  оның  көптеген  функцияларды  орындауы  арқылы 
қызметінің кеңеюі жолдарының жүзеге асуымен сипатталады. 
«Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі»  ұғымын  –  оның  кәсіби  қызметін 
тиімді жүзеге асыру қабілеті деуге болады. Кәсіби құзыреттілік – педагогтың 
үш  компоненттен  тұратын  интегралды  сипаты,  яғни  когнитивтік  (білім), 
операционалдық  (қызметін  жүзеге  асыратын  әрекеттер  жиынтығы)  және 
аксиомологиялық (өз басында белгілі құндылықтың болуы, оны бағалау және 
келешекке жобалау). 
Ал  біздіңше  жаңа  тұрпатты  педагог  –  кәсіби  құзыреттілігі  қалыптасқан 
педагог.  Өйткені  ол  педагогика  ғылымының  әдіснамалық  және  әдістемелік 
мәселелерімен жан-жақты қаруланған тұлға болуы керек. 
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін анықтау проблемасы ғалым педагогтар, 
психологтар,  философтар,  физиологтар,  маман-практиктер  арасында  талас 
тудырып,  ол  келіспеушіліктің  нысанасы  болуда.  Сондықтан  педагогика 
ғылымында  «педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі»  ұғымының  анықтамасына 
бірдей көзқарас жоқ. 

 
26 
Қазіргі кезде педагогтың кәсіби-жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен даму 
үдерісін  зерттейтін  бірнеше  ғылыми  мектептер  қалыптасқан:  ленинградтық 
мектеп  (Н.В.  Кузьмина,  А.И.  Щербаков  және  олардың  шәкірттері);  В.А. 
Сластенин  бастаған  Москва  мектебі;  украиналық  мектеп  (И.А.  Зязюн,  А.Г. 
Мороз,  Р.И.  Хмелюк);  белоруссиялық  мектеп  (И.И.  Казимирская,  А.И. 
Кочетков,  И.Ф.  Харламов);  өзбек  мектебі  (Н.Н.  Азизходжаева,  У.Н. 
Нишаналиев,  Н.Ш.  Шадиев);  қазақстандық  мектеп  (Н.Д.  Хмель,  М.А. 
Құдайқулов, А.Е. Әбілқасымова және олардың шәкірттері) және басқалар. 
Технология пәні мұғалімі жоғары деңгейдегі құзіреттілікті игеруге міндетті. 
Технология  пәні  мұғалімінің  құзыреттілігінің  төмендегідей  түрлерін 
қарастырамыз: 
 
1.  Арнайы  құзыреттілік  -  өзінің  кәсіби  қызметімен  жоғары  деңгейде 
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет; 
2.  Әлеуметтік  құзыреттілік  –  кәсіби  қызметпен  бірге  (ұжыммен, 
топпен) айналысатын, кәсіпті басқаруға қабылданған кәсіби қарым-қатынас 
тәсілдерін қолдана білетін және ынтымақтастықта болатын қабілет; 
3.  Білімдік  құзыреттілік  -  білім  беру  әрекетінде  кәсіби  білімді,  білік 
пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық, білім беру 
әрекетінде  субъектілік  пен  креативтіліктің  дамуына  ынталылық, 
педагогикалық  және  әлеуметтік  психологияның  негіздерін  қолдана  білу 
қабілеті.  Біздіңше,  бұларға  қосымша  тағы  да  төртінші  құзыреттілік  болу 
керек, яғни:  
4. Дара құзыреттілік - өзінің технология пәніне сәйкес қабілетін жүзеге 
асыру  және  кәсібі  аясында  өз  даралығын  дамытуға  қабілеттілік,  кәсіби 
тұрғыда өсуге деген даралығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті. 
Технология  пәні  мұғалімінің  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастырудың 
төмендегідей шарттары бар: 
1.
 
Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, 
дидактикалық  әдістер  мен  тәсілдерді  білу  және  оларды  оқыту  процесінде 
білімдер мен іскерліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі; 
2.
 
Зерттеушілік құзыреттілігі – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, 
құрылымы және мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау үшін педагогикалық 
құбылыстарды, фактілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану; 
3.
 
Басқарушылық  құзыреттілігі  -  өз  қызметі  мен  оқушы  қызметін 
басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану; 
4.
 
Ақпараттық  құзыреттілігі  –  қазіргі  ақпараттық  технологиялармен 
қарулану,  олардың  күштілігі  мен  нашарлығын,  пайдалану  аясын  түсіну, 
алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу; 
5.
 
Коммунативтік  құзыреттілік  –  қоршаған  ортамен  өзара  әсерлесу 
әдістерімен,  тәсілдерімен  қарулану,  әртүрлі  ситуациялардағы  қарым-
қатынасты бағалай білу; 
6.
 
Білімділік  құзыреттілік  -  өзінің  кәсібилілігін  үздіксіз  жетілдіру 
қабілеті, жеке және қоғамдық өмірде дамып отыру. 
Біздіңше, тағы да екі шарт жетіспейді, олар: 

 
27 
7.
 
Экологиялық  құзыреттілік  -  өзінің  экологиялық  мәдениетін 
қалыптастыру, оны пайдалана білу; 
8.
 
Тәрбиелілік құзыреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар 
арқылы қалыптастыру, оны ұлттық тәрбие беруде кеңінен қолдану. 
Сонымен,  осы  құзыреттіліктерді  педагог  игерсе,  ол  жоғары  деңгейде 
қалыптасып, жаңа тұрпатты педагог болады. 
Технология 
пәні 
мұғалімінің 
аталған 
құзыреттіліктері 
көпфункциональдығымен, 
пәналдылық 
және 
көпөлшемділігімен 
сипатталынады.  Берілген  технология  пәні  мұғалімінің  құзыреттілігінің 
мазмұнын  түсіну  үшін  олардың  екеуінің  өлшемдік  сипаттамасын  төмендегі 
кестеде көрсеттік. 
 
Кесте – 1. Технология пәні мұғалімінің зерттеушілік және әдістемелік 
құзыреттерінің үлгі критерийлері 
 
Құзыреттілік 
Үлгі критерийлері 
Зерттеушілік 
1.
 
 Кәсіби қызметте проблеманы көрсету іскерлігі 
2.
 
 Зерттеу әдісін қою іскерлігі 
3.
 
 Болжамды қисындап мазмұндау іскерлігі 
4.
 
 Зерттеу іскерлігі нысанын көрсету іскерлігі 
5.
 
 Зерттеу пәнін анықтау іскерлігі 
6.
 
 Зерттеу  пәнінің  параметрлері  мен  критерийлерін 
суреттеу іскерлігі 
Әдістемелік 
1.
 
 Нормативтік және оқу-әдістемелік материалдардың 
мазмұнымен жұмыс істеу іскерлігі 
2.
 
 Оқу-әдістемелік 
кешендерді 
талдау 
және 
салыстыру іскерлігі 
3.
 
 Өзінің  және  басқаның  кәсіби  қызметін  талдау 
іскерлігі 
4.
 
 Оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдістерін,  тәсілдері  мен 
формаларын таңдау және қолдану іскерлігі 
5.
 
 Әдістемелік 
құралдар 
мен 
диагностикалық 
материалдар жасау іскерлігі 
6.
 
 Өзінің  зерттеу  бағыты  бойынша  ақпараттық  банк 
құру іскерлігі 
7.
 
 Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстар  жүргізу 
іскерлігі 
8.
 
 Педагогтардың  оқу-әдістемелік  жұмысын  зерттеу 
және қорытындылау іскерлігі 
9.
 
 Педагогикалық 
ситуацияларды  зерттеу  және 
өзгерту іскерлігі 
10.
 
Әртүрлі  педагогикалық  ақпараттарды  түсіндіру 
іскерлігі 
 

 
28 
Мектеп  педагогының  кәсіби  құзіреттілігін  бағалаудың  жалпы 
критерийлеріне мыналар жатады: 
1.
 
Педагог  қызметінің  нәтижелілігі  және  сол  нәтижелердің  бағалану 
критерийлеріне оның түсіну саналылығының болуы; 
2.
 
Өз  жетістіктерін  көру  іскерлігі  және  оған  жету  жолдарын  сауатты 
түсіндіру; 
3.
 
Өз  пәні  және  оны  оқыту  әдістемесі  саласындағы  теориялық  білімі 
мен іскерлігінің жоғары деңгейде болуы; 
4.
 
Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану; 
5.
 
Өз  тәжірибесін  және  өз  әріптестерінің  тәжірибесін  кәсіби  сауатты 
талдау іскерлігінің болуы; 
6.
 
Тілдік  мәдениетпен  қарулануы,  педагог  тұлғасының  байлығы  – 
оның рухани мәдениетінің болуы. 
Мектеп  педагогының  кәсіби  құзыреттілігінің  қалыптасу  нәтижесін 
арнайы  сараптау  парағын  жасап  анықтауға  болады.  Ол  мынадай  тоғыз 
бөлімнен тұрады: 
1.Педагогтың пәндік құзыреттілігі; 
2.Әдістемелік құзыреттілігі; 
3.Оқыту технологиялары саласындағы құзыреттілігі; 
4.Ақпараттық  технологиялар саласындағы құзыреттілігі; 
5.Коммуникативтің құзыреттілігі; 
6.Валеологиялық құзыреттілігі; 
7.Педагогтың ситуативтік құзыреттілігі; 
8.Тәрбиелілік құзыреттілігі; 
9.Сабақты өзі талдаудағы психодидактикалық құзыреттілігі. 
Көрсетілген  әрбір  бөлімді  7  балдық  жүйемен  бағалау  педагогикалық 
үдерістің  сапасын  математикалық-статистикалық  әдістермен  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Нәтижелердің  саналу  алгоритмі  жасалынып,  педагогтың 
кәсіби құзыреттілігінің графигі салынады. 
Тәрбиеші  педагогтің  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру  үдерісі 
мектептерде  ресурстық  орталықтарда,  педагог  мамандарды  қайта  даярлау 
мен  олардың  біліктілігін  арттыру  институттарында,  педагогикалық 
институттарда жүзеге асыру қажет.  
Сонымен  қатар,  институттың  жанында  жұмыс  істейтін  педагог 
кадрлардың  біліктілігін  көтеру  және  қайта  даярлау  аймақтық  орталығында 
мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  12 
жылдық  мектепке  көшу,  бейінді  оқытудың  әдіснамалық  және  әдістемелік 
мәселелері  бойынша  тұрақты  курстар  өтуде.  Курс  бағдарламасында 
«Құзыреттілік нобай – мамандарды дайындаудың сапасын бағалаудың негізі», 
«Жаңа  ақпараттық  ортада  оқытудың  психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері»,  «Педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін  арттырудағы 
құзыреттілік»,  «Білім  берудегі  құзыреттілік»,  «Мектеп  педагогының  кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастырудың  теориясы  мен  практикасы»,  «Педагогтың 
кәсіби  құзыреттілігі»,  «Педагогтың  кәсіби  құзыреттілі  және  мәдениеті»  т.б. 
тақырыптар 
бойынша 
сабақтар 
өткізіліп, 
«Педагогтың 
кәсіби 

 
29 
құзыреттілілігін  бағалаудың  жалпы  критерийлері»,  «Педагогтың  кәсіби 
құзыреттілігінің эксперттік картасы» жасалынды.  
Сонымен,  12-жылдық  мектеп  педагогының  кәсіби  құзыреттілігінің 
қалыптасуы 
өзінің 
күрделілігімен, 
көпқырлылығымен 
және 
көп 
өлшемділігімен айқындатын үдеріс.  
 
 
1.3. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ 
БАҒЫТТАРЫ 
 
Кез  келген  оқу  орындарындағы  әдістемелік  қызметтің  соңғы  нәтижесі 
пән  мұғалімдерінің  іс-әрекетінің  жемісінен  байқалады.  Сол  сияқты 
технология пәні әдістемелік қызметі  де педагогтің өз әлеуетін толық жүзеге 
асыра  алатындай  жағдай  жасауы  қажет.  Сонда  ғана  технология  пәнінің 
мұғалімдерінің соңғы нәтижесі төмендегідей болады: 
- мұғалімнің педагогикалық шеберлігі артады. 
- мұғалім аттестацияда өз біліктілігін неғұрлым жоғары көтере алады. 
- білім беру процесінің сапасы жоғарылайды. 
- инновациялық идеялар мен технологиялар саны көбейеді. 
- авторлық шығармашылық бағдарламалар саны артады. 
-  мұғалімдердің  ұжымда  ынтымақтастықпен  нәтижелі  жұмыс  жасау  қабілеті 
артады. 
-  ұжымда  педагогикалық  іске  қызығушылық  пен  шығармашылықпен  жұмыс 
жасауға ұмтылыс байқалады. 
Өз білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің үнемі байқалады. 
Технология  пәнінің  әдістемелік  қызметі  негізгі  төрт  бағытты  қамтиды. 
Атап 
айтсақ, 
аналитикалық 
іс-әрекет, 
ақпараттық 
іс-әрекет, 
ұйымдастырушылық-әдістемелік  іс-әрекет,  кеңес  беру  іс-әрекеті.  Әрбір 
бағыттағы іс-әрекет міндеттерін қарастырайық. 
Аналитикалық іс-әрекет: 
-  білім  беру  жүйесіндегі  технология  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  және 
ақпараттық қажеттіліктерінің мониторингісі; 
-  тұрғылықты  жер  бойынша  (аудан,  қала,  облыс)  білім  беру  мекемелерінің 
технология пәні мұғалімдері туралы мәліметтер базасын құру; 
-  білім  беру  мекемесінің  технология  пәні  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттырудағы әдістемелік жұмыстарының жағдайы мен нәтижесін талдау, оны 
жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау; 
- технология пәні мұғалімдерінің білім беру процесіндегі дидактикалық және 
әдістемелік сипаттағы қиындықтарын анықтау; 
-    тұрғылықты  жер  бойынша  (аудан,  қала,  облыс)  білім  беру  мекемелерінің 
технология пәні мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі туралы 
ақпарат жинау және өңдеу; 
-  тұрғылықты  жер  бойынша  (аудан,  қала,  облыс)  білім  беру  мекемелерінің 
технология  пәні  мұғалімдерінің  озық  педагогикалық  тәжірибелерін  зерттеу, 
насихаттау, тарату. 

 
30 
Ақпараттық іс-әрекет: 
-  нормативті-құқықтық,  ғылыми-әдістемелік,  жалпы  педагогикалық  ақпарат 
қорын қалыптастыру; 
-  технология  пәні  мұғалімдерін  кәсіби,  педагогикалық,  психологиялық, 
әдістемелік,  ғылыми  әдебиеттермен  таныстыру.  Әдебиеттерге  шолу  қағаз 
және электрондық түрде болуы мүмкін; 
- білім беру мекемелерінің педагогикалық және әкімшіліктегі қызметкерлерін 
технология  пәнінің  мұғалімдерінің  инновациялық  іс-әрекеттері  мен  озық 
педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, таратуға тарту; 
- білім беру мекемелеріндегі технология пәні мұғалімдеріне мектепке дейінгі 
тәрбие,  жалпы,  арнаулы  білім  және  қосымша  білімдегі  балалардың  дамуы, 
сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік 
кешендер,  үн  және  бейне  материалдар,  ұсыныстар,  нормитивті  актілер 
мазмұнының жаңа бағыттары туралы ақпарат беру; 
-  технология  пәніне  қажетті  заманауи  оқу-әдістемелік  материалдардың 
медиатекасын құру, ақпарттық-библиографиялық әрекетті жүзеге асыру.  
Ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекет: 
- технология пәні мұғалімі біліктілігіне ие болған жас мамандарға оқу-тәрбие 
процесінің өн бойында, сонымен қатар барлық мамандарға аттестациядан өту 
кезінде әдістемелік қолдау көрсету;   
-  білім  беру  мекемелеріндегі  технология  пәні  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттыру  және  қайта  даярлауды  жобалау,  жоспарлау,  ұйымдастыру  және 
оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету; 
-  білім  беру  мекемелеріндегі  технология  пәні  мұғалімдерінің  әдістемелік 
бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастыру; 
-  технология  пәні  бойынша  білім  беру  стандарттарының  мазмұнын  жасауға 
қатысу; 
- жалпы білім  беру мекемелерінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру аясында 
элективті курстар ұйымдастыру; 
-  технология  пәні  мұғалімдерінің  білім  беру  мекемелерінің  даму 
бағдарламаларын дайындауға қатысу; 
- білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды әдістемелік қолдау; 
-  білім  беру  мекемесінде  технология  пәні  бойынша  оқулықтар,  оқу-
әдістемелік әдебиеттер қорын жинақтауды қамтамасыз ету; 

білім 
беру 
мекемелерінің 
педагогикалық 
және 
әкімшіліктегі 
қызметкерлердің 
қатысуымен 
технология 
пәнінің 
мұғалімдерінің 
инновациялық  іс-әрекеттері  мен  озық  педагогикалық  тәжірибелерін  зерттеу, 
насихаттау,  тарату  мақсатында  семинар,  практикумдар,  басқа  да  шаралар 
өткізу үшін тірек мектептер, мектепке дейінгі мекемелерді анықтау; 
-  технология  пәні  мұғалімдерініңғылыми-практикалық  конференциясын, 
педагогикалық  оқуларын,  кәсіби  шеберлік  сайыстарын  ұйымдастыру  және 
өткізу; 

білім  беру  мекемелерінің  оқушыларының  технологиядан  пәндік 
олимпиадалар, 
көрмелер, 
фестивальдар, 
сайыстар, 
конференциялар 
ұйымдастыру және өткізу; 

 
31 
-  технология  пәнінің  мұғалімінің  әдістемелік  әрекетін  білім  беру 
басқармасының  және  қосымша  кәсіби  (педагогикалық)  білім  беру 
мекемелерінің сәйкес бөлімімен үйлестіру; 
-  өндірістегі  инновациялық  технологияларды  жетік  білу  мақсатында 
кәсіпорындарда  технология  пәні  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыруды 
ұйымдастыру.  
Кеңес беру іс-әрекеті: 
- муниципалдық білім беру мекемелерінің технология пәні мұғалімдері үшін 
кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру; 
-  ауылдық  білім  беру  мекемелерінде  технология  пәнімен  қатар  бірнеше 
пәннен сабақ беретін мұғалімдерге арнап кеңес беруді ұйымдастыру; 
-  арнаулы  (үйлестіруші)  білім  беру  мекемелерінің  технология  пәні 
мұғалімдері үшін кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру; 
-  технология  пәні  бойынша  жаңа  өндірістік,  педагогикалық  және 
психологиялық зерттеулер нәтижесін көпке тарату; 
- білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдері мен ата-аналарды 
оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселелері,  соның  ішінде  бейімділігі 
бойынша шығармашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес беру. 
 
 
 
 
 
1.4. БАСҚАРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТІҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Л.В.Голубева әдістемелік кеңестерді бірнеше түрге жіктейді. Төмендегі 
сызбада әдістемелік кеңестің типологиясы берілген. 
Сызба. Л.В.Голубева бойынша әдістемелік кеңестердің типологиясы. 
 
Дайындау және өткізу бойынша 
Дәстүрлі классикалық 
 
Заманауи қарқындарылған 
 
Дәстүрлі емес 
 
Формасы бойынша (дәстүрлі) 
Талқыланатын 
баяндама 
 
Қосалқы 
баяндамасы 
бар 
баяндама 
 
Мәлімдемелер 
топтамасы 
 
Мәселелік 
топтардың 
жұмыстарының 
негізінде 
 
Семинар-
практикум 
 
Формасы бойынша (дәстүрлі емес) 
Әдістемелік 
күн 
ҰШІ 
формасында 
Пікірталас, 
пікірсайыс 
Шығарма
шылық 
есеп 
Сайыс   Фестиваль  
Іскерлік ойын 
Дөңгелек 
үстел 
Аквариум 
техникасы 
Презентация   Аукцион  

 
32 
Қатысушылар құрамына қарай 
Тұрақты  
Кеңейтілген  
Біріккен 
Шағын  
 
Әдістемелік кеңес – педагогикалық әрекетке шығармашылық тұрғыдан 
келуге ықпал ететін мектеп ішілік басқарудың педагогикалық коллегиалдық 
органы. 
Мектептің  әдістемелік  кеңесінің  жұмысы  бір  жылға  жоспарланады. 
Аталған  орган  мектептің  әдістемелік  кеңесінің  жұмысын  жоспарлауға  және 
бекітуге қатысады. Мұғалімдерді педагогикалық әдебиеттердегі жаңалықтар, 
озық  педагогикалық  тәжірибе  туралы  ақпаратпен  қаруландыра  отырып, 
әдістемелік  бюллетеньдер  шығарады.  Әдістемелік  кеңес  туралы  ереже 
педагогикалық  кеңестің  шешімі  мен  мектеп  директорының  бұйрығымен 
бекітіледі. 
Мектептің әдістемелік кеңесі шешетін міндеттер: 
-  мектептің  оқу-тәрбие  процесі  мен  әдістемелік  жұмысының  жағдайын 
анықтау; 

оқу-тәрбие 
процесін 
ұйымдастырудың 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларын жасау; 
-  тұрақты  және  уақытша  шығармашылық  топтар  мен  басқа  мұғалімдердің 
мұғалімдердің бірлестіктерінің жұмыстарын құру және ұйымдастыру. 
Жоғарыда  аталған  міндеттерге  сәйкес  мектептің  әдістемелік  кеңесінің 
жұмысының мазмұнын қарастырайық: 
-  оқу-тәрбие  процесін  әдістемелік  қамтамасыз  етудің  мақсаты  мен 
міндеттерін қалыптастыру; 
-  педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін  арттырудың  мазмұны,  формалары 
мен әдістерін анықтау; 
- педагогикалық кадрлардың әдістемелік оқуларын жоспарлау, ұйымдастыру 
және реттеу, оның нәтижесін талдау мен бағалау; 
-  оқу-тәрбие  процесі  мен  әдістемелік  оқуды  әдістемелік  қамтамасыз  етумен 
байланысты педагогикалық мәселелерді шешу; 
-  мұғалімдерінің  инновациялық  іс-әрекеттері  мен  озық  педагогикалық 
тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату бойынша шаралар жүйесін жасау. 
Әдістемелік кеңестің функциялары: 
- түрлі мамандық мұғалімдерін біріктіретін әдістемелік кеңестер, кафедралар 
жұмысын үйлестіреді және бақылайды; 
-  шешімі  білім  беру  мекемелерінің  оқушыларының  тиімділігі  мен 
нәтижелілігіне ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылайды; 
-  жеке  педагогикалық  ұжым,  әдістемелік  бірлестіктер,  кафедралардың 
жұмыстарының нәтижелілігін зерттеуде әдістемелік бірлестік жетекшілеріне 
көмек көрсетеді; 
-  мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктері  мен  шығармашылық  әлеуетін 
жетілдіруге ықпал ету.  
Әдістемелік кеңестің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда түрлі әдістер, 
формалар, тәсілдер қолданылады. Әдіс – бұл жол, шындыққа жақындау тәсілі. 
Оқыту мен тәрбиелеу әдістері білім беру мақсатына жету бойынша әрекеттің 

 
33 
реттелген  тәсілі  болады.  Форма  -  мазмұнның  ішкі  ұйымдастырылуы, 
технологиялық процестің циклдарының конструкциясы. 
Әдістемелік кеңестерде қолданылатын негізгі әдістер: 
-  сөздік  әдістер  (дәріс,  әңгіме,  түсіндіру,  әңгімелесу,  пікірталас,  кітаппен 
жұмыс); 
-  көрнекілік  әдістер  (салынған  көрнекілік,  фото-,  кино-,  телематериалдарды 
көрсету, компьютерлік құралдар); 
-  практикалық  әдістер  (мұғалімдердің  әрекеттері,  түрлі  жағдаяттарды 
модельдеу,  оқу-тәрбие  процесінде  мұғалімдердің  практикалық  әрекеттерін 
бақылау).  
Сонымен  қатар,  түсіндірмелі-иллюстративті,  репродуктивті  және 
продуктивті,  ізденістік,  зерттеушілік  және  шығармашылық  әдістер  де 
қолданылады. 
 
Түрлі  әдістер  мен  тәсілдер,  формаларды  қолданылуына  байланысты 
өткізіліп жүрген әдістемелік кеңестерді үш топқа бөлуге болады: 
- дәстүрлі (өктемдік, догматикалық); 
- заманауи қарқындарылған (жетілдірілген, түрлендірілген); 
- дәстүрлі емес (балама). 
Дәстүрлі  әдістемелік  кеңестер  (баяндама  жасау  негізінде)  сөздік 
әдістердің  басым  қолдануылуымен,  мазмұнның  дәстүрлі  сипатымен, 
әкімшіліктің  мұғалімдермен  өктемдік  стильде  қарым-қатынас  жасауымен 
ерекшеленеді. 
 
Дәстүрлі  әдістемелік  кеңестің  заманауи  қарқындандырылған  формасы 
семинар-практикум болып табылады. 
 
Семинар  мұғалімдердің  біліктілігін  артыру  үшін  қолданылады. 
Семинарда  қарастырылатын  мәселелер  алдын-ала  айтылады  да  мұғалімдер 
қосымша  әдебиеттер  бойынша  дайындалады.  Семинарға  қатысушылардың 
барлығы да мәселелерді белсенді талқылаулары қажет. 
Әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыруда  мұғалімдердің  әрекеттерін 
қарқындататын  формалар  қолданылуы  мүмкін.  Ондай  формаларға  ашық 
сабақ  немесе  шара,  сабақ  пен  шаралардың  модельдерін  көрсету,  бейне 
материалдарды  қолдану,  білім  беру  процесінің  нәтижелері  мен  балалар 
әрекетінің нәтижелерін мазмұндау. 
Соңғы  уақытта  кеңінен  тараған  дәстүрлі  емес  әдістемелік  кеңестердің 
негізгі формалары ұжымдық шығармашылық іс формасындағы іскерлік ойын, 
«дөңгелек үстел», пікірталас, пікірсайыс, конференция, шығармашылық есеп, 
презентация, аукцион, фестиваль. 
ҰШІ  (ұжымдық  шығармашылық  іс)  формасындағы  әдістемелік  кеңес 
алға  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  барлық  мұғалімдердің  ынтымақтастық 
әрекеттері қажет. Ұжымдық шығармашылық іс теориялық және практикалық 
мәселелерді  іздестіруге  белсендіру  және  жаңаша  сонылы  шешу  үшін 
қолданылады.  Ұжымдық  шығармашылық  іс  формасында  жүргізілетін 
әдістемелік кеңестердің тиімді жақтары біршама. Атап айқанда: 
-  бүкіл  ұжымның  бірігіп  күш  салуын  талап  ететін  бірыңғай  мақсаттарды 
саналы түсіну; 

 
34 
-  еңбекті  бөлісу  (әрекет  процесінде  ұжым  мүшелерінің  арасында  өзара 
тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады; 
- өзара бақылауды жүзеге асыру; 
-  тақырыпқа  қызығушылықтың  алғышарты  ретінде  әріптестердің  іскерлік 
қарым-қатынасы. 
     
Әдістемелік  кеңес-презентация  жаңа  бағдарламалар,  оқулықтар,  оқу 
кабинеттері,  әдістемелік  әдебиеттерді  ресми  түрде  таныстыру  үшін 
қолданылады. 
Әдістемелік  кеңес-сайыстың  мақсаты  –  педагогикалық  ұжымдағы 
шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару. 
Әдістемелік  кеңес-конференция  -  мектеп  педагогтерінің  белсенді 
қатысуымен  белгілі  бір  тақырыпты  талқылау.  Нәтижесінде  педагогикалық 
ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады.   
Әдістемелік  кеңес-аукцион  белгілі  бір  мәселені  шешу  үшін  көптеген 
идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады.  Мұғалімдер 
неғұрлым  тиімді  идеяларды  «сатып  алады».  Әдістемелік  кеңес-аукцион 
«жобаны 
қорғау» 
түрінде 
өткізу 
мұғалімдердің 
бастамаларын, 
шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің 
оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру маңызды. 
Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-бірін көріп 
отыра  алатындай  орналастырған  дұрыс.  Қатысушыларды  осылайша 
үшұрыштап  отырғызу  неғұрлым  көп  қатысушыларды  орналастыруға  және 
жетекшілердің  орнының  бөлек  болуына  (комиссия,  әділ  қазылар  алқасы) 
ыңғайлы.  
Әдістемелік  кеңес-фестиваль  түрліше  көркемделіп,  рәсімделген 
оқытудың  формасы,  әдістері,  тәсілдері,  құралдарын  көрсететін  кең  көлемді 
қоғамдық шара болып табылады.  
Әдістемелік кеңес-іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп 
оқытатын  форма.  Іскерлік  ойын  адамдардың  өзара  қарым-қатынастарының 
күрделі  мәселелерін  талдауға  және  шешуге  үйретеді.  Бұл  мәселелерді 
талқылау  кезінде  қатысушылардың  өзара  қарым-қатынастары,  дауыс 
ырғақтары,  ым-ишаралары,  интонациялары  маңызды.  Іскерлік  ойындардың 
бір формасы – «миға шабуыл». 
 
Әрбір  мектеп  өз  мұғалімдерінің  әлеуетіне  байланысты  әдістемелік 
кеңесті түрлендіріп өткізе алады. 
 
1.5. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ӨТКІЗУДІҢ 
ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ  
 
Технология  пәнінен  әдістемелік  жұмысты  тиімді  ұйымдастырудың 
тағы  бір  формасы  –  оқу  орнының  таңдауы  бойынша  технология  пәнінің 
әдістемелік апталығы, онкүндігі немесе айлығын өткізу. Аталған шараларды  
өткізу барысында төмендегі бірізділікті сақтаған жөн: 
Ұйымдастырушылық  және  теориялық  сабақтар  (әдістемелік  кеңестер, 
әдебиеттерге,  озық  педагогикалық  тәжірибеге  шолу,  тақырыптық  көрмелер 

 
35 
және  т.б.);  ғылыми-әдістемелік  сабақтар  (конференция,  семинар); 
тәжірибелік  сабақтар  (педагогикалық  шеберлік  пен  әдістемелік  табыстар 
сайысы, 
панорама 
сабақтар, 
озық 
тәжірибе 
эстафетасы, 
түрлі 
ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар, шеберлік сыныптар, т.б.). 
Әдістемелік  апталық  педагогтер  өз  еңбектерінің  нәтижесін  көрсеткісі 
келген жағдайда ғана жылына бір  рет  өткізіледі.  Педагогтің уақыт шығыны 
шамамен  10-16  сағатты  құрап  (күніне  2-3  сағаттан),  5-6  мәселеден  артық 
қарастырылмайды. 
 Технология  пәнінен  апталықтың  өтуіне  жауапты  мектеп  әкімшілігі, 
әдістемелік  бірлестіктің  жетекшісі,  технология  пәнінің  мұғалімдері.  Олар 
жоспарға сәйкес басқа да пән мұғалімдерін, оқушыларды, ата-аналарды тарта 
алады.  
Технология пәні апталығының барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес 
жұмыс  формасын  қолдануға  болады.  Аталған  шараны  ұйымдастыру 
барысында  шығармашылық  сабақтар  панорамасы,  сыныптан  тыс  жұмыс 
бойынша  шығармашылық  күні,  «Шебер  қолдар»  үйірмесіне  қатысушы 
оқушылар  жұмыстарының  көрмесі,  «Технология  пәні  мұғалімінің 
педагогикалық  шеберлігі»  озық  педагогикалық  тәжірибені  тарату  т.б. 
тақырыптар мен формаларды үлгі ретінде басшылыққа алуға болады.    
 
Апталықтың жоспары алдын ала жасалып, мектеп ұжымының назарына 
ұсынылады.  Технология  пәнінен  апталық  жоспарын  дәстүрлі  түрде  немесе 
кесте түрінде көрсетуге болады. 
 
Кесте. Технология пәнінің апталық жоспары. 
 
Апта күндері  Формасы  
Мазмұны  
Мерзімі  
Жауаптылар  
 
 
 
 
 
 
Мектеп  әкімшілігі немесе  мұғалімдердің  тәжірибе  алмасу  мақсатымен 
өзара  сабаққа  қатысу  барысында  Л.В.Голубева  ұсынған  үлгі  бойынша 
мұғалімнің педагогикалық еңбегін зерттеу бағдарламасын қолдануға болады. 
 
Кесте. Мұғалімнің педагогикалық еңбегін зерттеу бағдарламасы. 
р/н  Қатысу мақсаты 
Зерттеу бағдарламасы 

Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін 
белсендіру 
формалары, 
әдістері, 
құралдары  
1. 
Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін 
белсендіру 
үшін 
мұғалім 
қандай 
әдістерді 
қолданады? 
2.  Оқытуды  ұйымдастырудың  қандай  формасы 
сабақта  оқушылардың  белсенділігін  қалыптастыру 
бойынша  неғұрлым  жоғары  нәтижені  қамтамасыз 
етеді? 
3. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас сипаты 
қандай? 
Ол 
оқыту 
кезінде 
оқушылардың 
белсенділігіне қалай әсер етеді? 
4. Мұғалім зейін мен ойлауды белсендірудің қандай 

 
36 
құралдарын пайдаланады? Нәтижесі қандай? 
5. Жеке жұмыстар қандай жолға қойылған? 

Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін  дамыту 
процесіндегі 
іскерліктері  мен 
дағдыларын 
қалыптастыру 
формалары, 
әдістері, 
құралдары  
1. 
Сабақта 
оқушылардың 
жалпы 
оқулық 
іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға 
қандай  орын  берілген?  Бұл  жұмыстың  нәтижесі 
қандай? 
2. Пән бойынша оқушылардың арнайы іскерліктері 
мен  дағдыларын  қалыптастыру  оқу-танымдық 
белсенділікті дамытуға әсер ете ме? Қалай? 
3.  Өз  білімінің  іскерлігі  мен  дағдыларын 
қалыптастыру 
процесінде 
оқытудың 
қандай 
формалары, 
әдістері, 
құралдарын 
үйлестіру 
неғұрлым жоғары нәтиже береді? 

Жалпы 
оқу 
іскерліктері  мен 
дағдыларын 
қалыптастыру 
жағдайы. 
Оқушылармен 
сабақта 
жеке 
жұмыс 
ұйымдастыру 
формалары 
мен 
әдістері 
1.  Оқытк  процесінде  оқушыларда  қандай  оқу 
еңбегінің 
дағдысы 
қалыптасады? 
(Не 
қалыптасады?) 
2. Ол үшін мұғалім сабақта не қолданады? 
3. Бұл жұмыстың нәтижелілігі қандай? 
4.  Оқушылар  қандай  оқу  еңбегінің  дағдысын 
игерген? 
5. Сабақта оқушылармен жеке жұмыстың болуы. 
6.  мұғалім  оқушылармен  жеке  жұмыстың  қандай 
формасын қолданады? Олардың тиімділігі қандай?  
7.  Оқушыларға  арналған  сараланған  тапсырмалар 
сипаты.   
8.  Оқушылармен  жүргізілген  жеке  жұмыстар 
олардың  оқу-танымдық  әрекеттерін  белсендіруге 
әсер ете ме? 

9-сыныптарда 
сынынптық-
жалпыламалық 
бақылау 
1.  Оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындау 
сапалығы. Сараланған тапсырмалардың деңгейі мен 
оларды тексеру әдістемесі.  
2.  Сабақта  оқушылардың  еңбегін  ұйымдастыру. 
Оқушылардың өз бетінше білім алу дәрежесі. 
3. 
Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін 
белсендіру формалары мен әдістері. Оқушылардың 
оқу пәндері мен ілімге қарым-қатынасы. 
4.  Оқушы  мен  мұғалімнің  өзара  қарым-қатынас 
сипаты.  Ол  оқушылардың  оқуы  мен  тәрбиесінің 
нәтижесін қалай көрінеді? 
5.  Сынып  оқушыларының  сабақты  себепсіз 
босатуы.  Сынып  жетекшісі  мен  мұғалімнің 
оқушылардың сабақты себепсіз босатуының алдын 
алу. 
6.  Пән  бойынша  оқушылардың  білім,  іскерлік 
дағдыларының деңгейі. 

 
37 
7.  Оқушылардың  күнделіктері  мен  дәптерлерінің 
жағдайы, оларды тексеру сапасы. 
8.  Сыныптағы  сыныптан  тыс  жұмыстың  жағдайы 
(сауалнама нәтижесі). 

5-6 
сыныптағы 
оқытудағы 
тәжірибелік 
бағыттылық 
1. Сабақтағы мақсатқа бағыттылық. 
2. Ауызша және жазбаша жаттығулар, ауызша және 
тәжірибелік жұмыстардың алмасуы. 
3.  Оқыту  (тіл  дамыту)  дағдысының  қалыптасу 
деңгейі. 
4.  Оқытылатын  материалдың  туған  өлке,  мектеп 
пен сыныптың оқушыларымен байланысы. 
5. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.  
6. Өзін-өзі бақылау тәсілдерін қалыптастыру. 
7.  Оқытудың  техникалық  құралдары  мен  басқа 
көрнекі құралдарын қолдану. 
8.  Оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарының 
болуы және сапасы. 
9.  Оқушылардың  жеке  еңбегін  ұйымдастырудың 
сапасы (тапсырмалардың саралауы). 

Оқытудың 
тәжірибелік 
бағыттылығы 
1. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. 
2. Оқушылардың белсенділік деңгейлері. 
3.  Оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасауын 
ұйымдастыру (тапсырмалардың саралануы)  
4. Шығармашылық тапсырмалардың болуы. 
5.  Оқытудың  техникалық  құралдары  мен  басқа 
құралдарын қолдану. 
6. Оқушылардың білімдерін есепке алу жүйесі (бір 
сабақтағы бағалардың жиынтығы). 

Мектептің 
міндеттеріне 
сәйкес 
мұғалім 
еңбегінің 
тәрбиелік 
нәтижелілігінің 
жағдайы 
1.  Оқу  және  тәрбие  процесінде  оқушыларға 
даралық тұрғыдан қарау мен оның сапасы. 
2.  Сабаққа  қойылатын  мақсаттар  мен  олардың 
шешімі: 
а) оқыту; 
ә) тәрбиелеу; 
б) дамыту. 
3. 
Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін 
белсендіру тәсілдері.  
4. Сабақтың тәрбиелік нәтижелілігінің деңгейі: 
а) оқу материалын тәрбиелеу мақсатында қолдану; 
ә) сабақтығы бағалаудың тәрбиелік рөлі.  

Педагогикалық 
тәжірибедегі 
қиындықтарды 
анықтау және ары 
қарайғы  жұмыста 
1.  Мұғалімнің  өз  пәнінің  теориялық  негіздерін 
білуі. 
2. Мұғалім өз пәнінің әдістемесін меңгерген бе? 
а) сабақта жеке еңбекті ұйымдастыру; 
ә) оқушылардың еңбегін ұйымдастыру; 

 
38 
олардың 
алдын 
алу 
б) сабақ мақсатының мақсатқа сәйкестілігі; 
в)  сабақ  мақсатының  оқыту  мазмұны  мен 
тәсілдерінің сәйкестігі; 
г) сабақтың логикалық құрылымы; 
ғ)  сабақта  оқушылардың  өз  бетіндік  жұмысын 
ұйымдастыру.  
3.  Мұғалім  оқытудың  белсенді  формаларын  тиімді 
қолдана ма? 
4. 
Оқушылардың 
оқу-танымдық 
әрекетін 
белсендіру іскерлігі. 

Оқу 
пәні 
құралдарымен 
оқушы 
тұлғасында 
азаматтық 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
1.  Сабақтың  тәрбиелік  сәттері  мен  олардың 
нәтижелілігі.  
2.  Сабақтың  оқу  материалының  мазмұны  оқушы 
тұлғасының  азаматтық  сапаларын  қалыптастыру 
мақсатында  қолдана  ма  және  ол  қаншалықты 
тиімді? 
3.  Сабақта  қандай  азаматтық  сапалар  қалыптасты? 
Олардың  тәрбиелеудің  мектеп  бағдарламасына 
сәйкестігі қандай? 
4.  Оқушылардың  мұғалімнің  сабақтағы  тәрбиелік 
ықпалына қатынасы қандай? 
5.  Техникалық  оқу  құралдарының  тұлғаның 
азаматтық  сапаларын  тәрбиелеудегі  орны  және 
оларды қолдану тиімділігі қандай?  
10 
Оқушылардың 
саналы 
тәртібін 
тәрбиелеу 
және 
олардың 
сыныптың  өзін-
өзі 
басқаруын 
дамыту 
негізіндегі 
қоғамдық 
белсенділігі  
1. Сабақтағы тәртіп. 
2.  Мұғалім  әрекетті  басқарудың  қандай  әдісі 
арқылы  оқушылардың  қажетті  тәртібін  орнатады? 
Оған оқушылардың қарым-қатынасы қандай?   
3. Сыныпта тәртіп бұзылған жағдайдағы оқушылар 
мен мұғалімнің реакциясы қандай? 
4.  Мұғалім  сабақта  тәртіп  бұзушы  оқушылармен 
жеке жұмыс жасай ма?  
5.  Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  саналы 
тәртіпті қалыптастыруды ынталандыру тәсілдері. 
11 
Мектептегі 
үйірме 
жұмыстарының 
жағдайы 
1.  Сынып  жетекшісінің  оқушылардың  үйірме 
жұмыстарына қатысуын сынып журналында есепке 
алуы. 
2. Үйірме жұмыстарының толықтығы. 
3.  Оқушылардың  үйірме  жұмыстарына  қатысу 
жиілігі. 
4. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігі. 
5. Журналдарға сабақтардың жазылуы. 
6. Сабақ кестесінің болуы. 
12 
Сыныпта  жұмыс 
істейтін 
1. Оқушылар еңбегін ұйымдастыру: 
а)  сабаққа  дайындық  пен  үй  тапсырмасының 

 
39 
мұғалімдердің 
бірыңғай 
талап 
қоюы. Оқу-тәрбие 
процесіндегі 
оқушылармен 
жұмыста 
сабақтастықтың 
болуы  
орындалуын тексеру; 
ә) сабаққа мақсат қою; 
б)  оқушылардың  жұмыс    қарқыны  мен  оның  жас 
ерекшеліктеріне сәйкес болуы; 
в) сабақ уақытын тиімді пайдалану;  
г)  сабақтың  қорытындысын  шығару,  оқушылар 
еңбегін бағалау; 
ғ) үй тапсырмасын түсіндіру; 
д) оқушылар еңбегін ұйымдастыру формалары мен 
олардың мақсатқа сәйкестілігі; 
е)  қандай  жалпы  оқу  іскерлік,  дағдылары 
қалыптасады? 
2. 
Оқушылардың 
сабақтағы 
оқу-танымдық 
әрекетінің белсендіру: 
а) мәселені қою; 
ә) салыстыру, талдау және жалпылаудың болуы; 
б)  оқушылармен  жеке  жұмыстың  нәтижесінің 
болуы; 
в)  оқушылардың  өз  бетіндік  жұмыстарының 
сипаты; 
г)  оқушыларды  белсендіру  құралы  ретінде 
техникалық 
оқу 
құралдары, 
көрнекіліктерді 
қолдану нәтижелілігі; 
ғ)  оқушылар  белсенділігін  ынталандыру  тәсілдері 
мен оларды қолдану тиімділігі. 
3. Сабақтың тәрбиелік бағыттылығы: 
а) қандай азаматтық сапалар қалыптасады (олардың 
тәрбие бағдарламасына сәйкестілігі); 
ә) мұғалімнің сабақтағы тәрбиелік рөлі; 
б)  тәрбиелік  талаптар  мен  ықпалдардың  бірлігі 
(сабақтастық). 
13 
Мұғалімнің 
міндеттерге 
сәйкес 
сабақта

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал