Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/8
Дата25.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және 
біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмабекова Ф.Н. Нұрғазиева Н.М. 
 
 
 
 
ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚАРУ 
 
Оқу әдебиеті 
 
 
 
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана-2010 
 
 

 

 
Жұмабекова Ф.Н. Нұрғазиева Н.М. 
Әдістемелік басқару. Оқу әдбиеті. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және 
оқыту». – Астана, 2010. 
 
 
 
     Аталған еңбекте технология пәнін ұйымдастырудың теориясы мен тарихы, 
пәнінің мақсат, міндеттері, технология пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін 
дамыту және мұғалімге қойылатын талаптар қарастырылған. Технология пәні 
әдістемелік  қызметінің  негізгі  бағыттары,  әдістемелік  кеңестің  түрлері, 
технология  пәнінен  әдістемелік  апталық  өткізудің  логикалық  құрылымы, 
технология  пәнінің  ерекшеліктері  мен  әдістемелік  басқару  мәселелері, 
технология  пәнін  сыныпта  және  сыныптан  тыс  ұйымдастырудың  жолдары 
жан-жақты баяндалған. 
    Әдістемелік  оқу  құралы  технология  пәнінің  мұғалімдеріне  және 
ізденушілерге, оқытушыларға, магистранттарға, студенттерге арналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М. 2010  
© Республикалық техникалық  және кәсіптік білім беруді дамытудың және 
біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы. 2010 
 
 
 
 

 

МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ 
1 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ 
МЕН ТАРИХЫ  
1.
 
Технология пәнінің мақсат, міндеттері, технология пәнін оқыту тарихы. 
2. Технология пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту және мұғалімге 
қойылатын талаптар. 
3. Технология пәні әдістемелік қызметінің негізгі бағыттары  
4Технология пәнін ұйымдастырудығы әдістемелік басқару түрлері  
5. Технология пәнінен әдістемелік апталық өткізудің логикалық құрылымы  
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
2 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН 
ҰЙЫМДАСТРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
6. Технология пәні сабағының түрлері мен типтері.  
7. Технология сабағындағы жұмыс түрлері. 
8. Технология сабағына дайындық, сабақты өткізу әдістемесі және оны 
талдау. 
9. Технология сабақтарында жобалау әдістерін қолдану, 
10. Технология пәні мұғалімдерімен шығармашылық топтарды ұйымдастыру  
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
3 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН СЫНЫПТА ЖӘНЕ СЫНЫПТАН 
ТЫС ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
11. Технология пәні мұғалімінің жеке жұмыс жоспары  
12. Технология пәні мұғалімі – сынып жетекшісі 
13. Технология пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  
14. Технология пәнінде сәндік - қолданбалы  өнерді пайдалану ерекшеліктері 
15. Технология пәні мұғалімінің және оқушылардың портфолиосы. 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
ГЛОССАРИЙ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 
Қазақстанда  білім  беру  халықаралық  стандартқа  сай  болуы  керек, 
сондықтан  «2010  жылдан  бастап  біз  12  жылдық  білім  беруге  көшуіміз, 
педагогтардың  кәсіби  деңгейін,  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламаларының  
сапасын  көтеруіміз  керек»  -  деп  ел  Президенті  Қазақстан  халқына 
жолдауында  атап  өткен  болатын.  12  жылдық  сапалы  білім  беру  нарықты  
жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады. 
ХХІ  ғасырда  жалпы  білім  беретін  мектепте  оқушының  өзін  үйлесімді 
дамытуға  бағытталған  12  жылдық  білім  беру  үлгісі  бастауыш  мектепті 
бітірердегі  10  жастағы  баланың  оқу-іс  әрекетінің  жоғары  деңгеймен,  өз 
бетімен  оқу  және  өзін-өзі  дамыту  арқылы  білімді,  адами  құндылықтарды 
жүйелі  игерумен  ерекшеленуі  тиіс.  Жалпы  әлемдік  қауымдастықта  
қабылданған  12  жылдықты  оқытуды  мамандарды  даярлау  негізінде  ғана 
мүмкін болады – деп атап көрсетілген болатын. 
Еңбек  тәрбиесі  –  барлық  тәрбиенің  қайнар  көзі  дейтін  болсақ  бала  
алған  білімін  іс  жүзінде  қолдана  біліп,  оны    өмірмен,  өзінің  іс-әрекетімен  
күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға 
да  пайдасын,  жемісін  береді.  Осы  орайда  баланы  еңбекке  жастайынан 
үйретсек,  баланың  бойында  еңбек  тәрбиесі  дұрыс  қалыптасатыны  белгілі. 
Еңбексіз  даму  жоқ,  онсыз  кері  кетушілікке  ұшырауға  болады.  Еңбек  – 
адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету 
әрбір  адамның  әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Ол үшін бұл 
үдерістердің  тәрбиелік  әсерін  оқушылардың  бойына    сіңірудің  алуан  түрлі 
әдістемелерін  қолданамыз.  Еңбекке  баулу  пәнінің  оқулықтары  мен 
әдістемелік  көмекші  құралдар  теориялық,  практикалық  жағынан  оқу  
материалының 
көлемі 
толық 
қамтылмағаны 
ескеріліп, 
колледж  
студенттеріне  әдістемелік  көмекші  құрал ретінде  ұсынылып  отыр. 
Технология пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны 
    Технология  пәнін  әдістемелік  басқаруда  мұғалімнің  оқыту  мақсатын, 
міндеттерін айқын қоюына, оқытудың негізгі қалпын, әдістерін, құралдарын 
жақсы білуіне, оны шеберлікпен іске асыруына байланысты болмақ. Оларға 
арнаулы білім беруде аталған пәнді оқытудың негізін, мамандықты игерудегі 
алатын орнын, технологиялық білімді теориялық жағынан меңгертудегі рөлін, 
тәрбиелік  дағдысы  мен  іскерлігін  қалыптастырудағы  ықпалын  нақты  біліп, 
оларды кәсіптік жағынан жан - жақты даярлауды меңзейді. 
 
Бұл  курсты  оқып,  үйренудегі  меже  болашақ  мамандарды 
педагогикалық,  психологиялық  біліммен  қаруландырып,  оны  тәжірибеде 
қолдана  алу  дағдысы  мен  іскерлігіне  машықтандыру.  Кәсіптік  жағына 
даярлап,  әлеуметтік  және  жоғары  азаматтық  тұлғасын,  кәсіби  шеберлігін, 
танымдық  қызығушылығын,  талпынысын,  өздігінен  білім  алудағы 
дербестігін қалыптастыру көзделді. 
     Технология  пәні  әдістемесін  басқару  курсының  мақсаты:  студенттерді 
педагогикалық колледжде технология пәнін өткізу әдістемесімен таныстыру. 
Курстың  мақсат,  міндеттерін,  мазмұнын  нақты  түсініп,  тәжірибеде  қолдана 
білуге бағыт беру. Өздігінен дербес ізденушілікке үйрету. 

 

Технология пәні әдістемесін басқару курсының міндеттері: 
-
 
болашақ мамандардың мектепте технология пәнін өткізудің сан-салалы 
жұмыстарымен, оқу-тәрбие істерімен таныстыру. Технология пәні мұғаліміне 
қажетті дағды мен іскерлікті, кәсіптік мінез-құлықты қалыптастыру; 
-
 
болашақ  мамандарды  технология  пәнін  өткізудің  оқу  жоспарларымен, 
білім мазмұнымен, бағдарламаларымен, оқулықтарымен таныстыру; 
-
 
технология  пәнін  оқытудың  негізгі  қалпы  сабақпен,  оның  типтерімен, 
түрлерімен, 
әдіс-тәсілдерімен, 
сабақтастығы, 
дербес 
жұмысымен 
қаруландыру; 
-
 
жаңашыл  педгогтардың  оқыту  әдістерін  шығармашылыққа  пайдалану 
арқылы оқыту үрдісін жетілдіру; 
-
 
педагогикалық тәжірибенің мазмұнымен, тәжірибе кезінде жүргізілетін 
жұмыстың 
әдіс-тәсілдерімен, 
ғылыми-әдістемелік 
жұмыстарымен 
қаруландыру арқылы болашақ мамандарды жан-жақты даярлау; 
-
 
болашақ  мамандарды  педагогикалық  колледждегі,  балабақшалардағы 
оқу тәрбие жұмыстары,олардың ерекшеліктерімен таныстыру; 
-
 
тәрбиеші мен мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды игерту; 
-
 
оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдіс тәсілдерін жаңартып отыру; 
      Мазмұндағы  әрбір  бөлімдер  негізгі  дәрістер  мазмұнында  ашылып, 
семинар сабақтарда талданады. Алдын-ала қажетті материалдар жинақтау, ой 
қорыту,  тәжірибелік,  теориялық  дайындық  қажет  екені  студенттерге 
ескертіледі. 
    Төмендегі  педагогикалық  дағдылар  мен  іскерліктерді  болашақ  мамандар 
игеруі тиіс: 
-
 
оқу жоспарына сай педагогикалық пәндерден күнтізбелік жоспар жасау. 
-
 
күнделікті сабақ жоспарын жасап,конспект жазу; 
-
 
педагогикалық пәндерді оқыту үдерісін ұйымдастыру; 
-
 
өткізілетін  тақырыбына  сай  көрнекі  құралдар  дайындау,  оны  тиімді 
қолдана білу; 
-
 
ата - аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлерін игеру; 
-
 
педагогикалық, психологиялық апталықтар өткізу; 
-
 
жұртшылық алдында озық іс-тәжірибені ортаға салу, насихаттау жұмысын 
жүргізу; 
-
 
әдістемелік мәжілістерге қатысу, баяндама жасау, мақала жазу; 
-
 
ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдатыру; 
-
 
оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын талдау; 
-
 
оқытудың тиімді әдістерін игеру; 
-
 
жаңашыл  педагогтардың  әдіс-тәсілдерімен  танысу  оны  өз  сабақтарында 
шығармалықпен пайдалана білуге дағдылану; 
-
 
оқу үдерісіне қосымша жағдаяттар дайындау; 
-
 
негізгі іс- қағаздарды толтыра алу, жүргізе білу; 
-
 
оқу үдесінде тәлім - тәрбие жұмысын жүргізе білу; 
    Ұсынылған  әрбір  бөлімдер  негізгі  дәрістер  мазмұнында  ашылып,  семинар 
сабақтарда талданады. Алдын-ала қажетті материалдар жинақтау, ой қорыту, 
теориялық және тәжірибелік дайындық қажет екені студенттерге ескертіледі. 

 

1 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
 ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ 
 
1.1.
 
Технология пәнінің мақсат, міндеттерітехнология пәнін  
оқыту тарихы 
 
Педагогика  теориясы  мен  тәжірибесінде  1884  жылдан  бастап  жас 
ұрпақты  өздігімен  еңбектену  әрекетіне  дайындауды  жалпы  білім  беретін 
мекемеде  еңбекке  баулу  арқылы  шешуді  ұйғарған.  1886  жылы  Швецияның 
Соломондық  әдісімен  оқытылатын  мектеп  директоры  Сант-Илер  «Қол 
еңбегін оқыту негіздері» атты еңбек жазған. Ресейде 1901 жылы «Қол еңбегі 
мен  сызу  пәндерін  оқыту»  деп  аталатын  бағдарлама  ұсынылып,  онда  жас 
ұрпақты еңбекке дайындау, кәсіби бағдар берілуі керектігі көрсетілген. 
 
Елімізде  тұңғыш  рет  орыс-қазақ  мектебі  Жәңгір  ханның  бастауымен 
1841  жылы  Бөкей  ордасында  ашылып,  онда  еңбекке  және  қолөнерге  баулу 
енгізілді.  Бірақ  оқыту,  тәрбиелеу  мазмұны  орыс  халқының  тәжірибесімен 
байланысты болды. Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін 
алғаш  ашқанда  сабақты  еңбекке  баулудан  бастаған.  Әдеби  дерек  көздеріне 
талдау  жасай  қарайтын  болсақ,  мынандай  тұжырым  жасауға  болады: 
біріншіден,  адамдар  ұлы  тіршілік  иесі  ретінде  еңбек  ету,  материалды 
байлықтар  жасау  және  өндіру  қабілетіне  ие.  Адам  бұл  қабілеттерді 
пайдаланып  тәжірибе  жинамаса  адамдық  бейнесін  жоғалтады,  қатігездікке 
бой  алдырады.  Екіншіден,  еңбек  адам  бойындағы  адами  қасиеттердің 
қалыптасуына  ықпал  жасап,  оның  ішкі  дүниесін  мінез-құлқын  бағалауда 
негізгі өлшем ретінде қызмет етеді. 
 
Өткен  замандағы  нақты  бір  өнімді  еңбек  түрін  орындау  барысында 
белгілі  бір  еңбек  іс-әректтеріне  баулу,  тәжірибелерін  қалыптастыру  орын 
алған  жоқ.  Солай  бола  тұрса  да  педагогикада  тұлғаны  еңбекке  тәрбиелеуге 
байланысты  идеялар  дами  түскен,  оларды  қалыптастыру  жолдары  мен 
құралдары іздестіріліп отырған. 
 
Осы  тұрғыдан  материалистік  философияның  негізін  салушы 
М.В.Ломоносов  жас  ұрпақты  еңбекке  баулуға,  адам  өміріндегі  еңбектің 
орнына  ерекше  мән  берген.  Оның  айтуынша,  адамның  жеке  құндылығы 
еңбек  арқылы  жарыққа  шығады  дегенді  қорытындылаған.  «Адамзаттың 
өміріндегі  жетістіктер  туралы  ойласам,  сондай  жетілгендігінен  ештеңе 
таппаймын,  егер  кім  әсем  және  мүлтіксіз  еңбектенсе  ғана  пайдасы  болады» 
деп 
жазған. 
Балаларды 
тәрбиелеуде 
еңбексүйгіштікке, 
әрекетке 
дағдыландыру  керектігін  ескереді.  Педагогикалық  ойлармен  танымал 
А.Н.Радишев  еңбек  тәрбиесін  адамгершілікпен  байланыстырып,  еңбек 
арқылы тәрбиелеу адамды шынықтырып, моральдық жағынан тазалайды деп 
есептеген.  Оның  айтуынша,  баланы  сәби  кезеңнен  еңбекке  тәрбиелеуді  «... 
соқаны  жүргізуге,  жүйектер  жасауға  үйрету»,  баланың  еңбек  құралдарымен 
«...  шалғы  және  балға,  жоңғы  және  қашау»  жұмыс  істеу  біліктілігі  болуы 
еңбекке тікелей араластыру арқылы жетуге болатындығын айтады. 

 

 
Н.Г.Чернышевский адамның өмір сүру шарты оның пайдалы істері мен 
кең  мағынадағы  еңбегі  деп  есептеді.  Еңбекті  адамның  бірінші  қажеттілігіне 
айналдыру,  оның  нәтижесінен  шын  рахаттануы  қажет  деген  ойды дамытты. 
Сондықтан  балалардың  жалпыға  пайдалы  еңбекке  тәрбиеленуі,  шама-
шарқына  қарай  еңбекке  араласады  дей  отырып  ерікті  де  сергек  еңбекті 
уағыздайды.  Еңбекте  адамзаттың  қоғамдық  тұрмыс  негіздерін  көріп, 
оқушыларды  еңбекті  құрметтей  білуге,  жалқаулыққа  төзбеу,  ісін  сөзбен 
сәйкестендіруге тәрбиелеуді қолдады. 
 
Сол кезеңдегі гимназиялардың оқу жоспарында  еңбекке оқыту немесе 
еңбек  тәрбиесі  деген  пән  мүлде  болмады.  Д.И.Писарев  мектеп 
бағдарламасына  гигиена  талаптарын  сақтай  отырып  ұста  еңбегін  кіргізуді 
ұсынды,  өйткені  мектептегі  балалар  еңбегі  ең  әуелі  тәрбиелік  мақсатқа 
негізделуі тиіс. Ол балалық шақтағы мектеп  – дамыған, өзін-өзі басқаратын 
және  экономикалық  тұрғыдан  тиімді  ғана  емес,  сонымен  бірге  онда  еңбек 
артельдерін  құруға  негіз  болатын  өз  шеберханасы  болу  керек  деп  санады, 
Балаларды  еңбекке  тәрбиелеу  жеке  адамның  жан-жақты  дамуының  құралы 
ғана  емес,  сонымен  бірге  жастарды  мамандық  таңдауға  дайындаудың 
шынайы  мүмкіндігі  деп  түсінеді.  Орта  мектептің  әрбір  түлегі  мектеп 
қабырғасынан  тек  ғылым  негіздерін  игеріп  және  ақыл-ойын  дамытып  қана 
қоймай,  белгілі  бір  қолөнерді  нақты  меңгеріп  шығуы  тиіс.  Бұл  адамның 
адамгершілік  дербестігінің  бірден-бір  шарты,  сонда  ол  бір  ғана  кәсіпке 
таңылып  қалмайды.  Ағартушының  бұл  ойы  қазіргі  таңдағы  білім  беру 
жүйесінің  12  жылдыққа  көшу  бағыттарының  талаптарымен  үндесетіндігін 
көреміз. 
 
К.Д.Ушинский  еңбектің  адам  сана-сезімінің  қалыптасуына  әсері 
туралы:  «Еңбек  тән  мен  рухани  адам  жаратылысының  және  жер  бетіндегі 
адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады...» деп еңбек етпей адамның 
алға  жылжуы  мүмкін  емес  деген  қорытындыға  келді.  Белгілі  ғалымның 
пікірінше, біріншіден, баланың өзіне пайдалы еңбек табу мүмкіндігін ашуға, 
келесі  жағынан,  оған  еңбекке  деген  құлшыныс  тудыру  қажет, 
тәрбиеленушінің  бойына  еңбекке  деген  құрметті  сүйіспеншілікті  сіңдіру 
керек, осы арқылы ол еңбекке үйренеді. Ағартушылардың ой-пікірін талдай 
келе  мынадай  құнды  пікірлдерді  атап  көрсетуге  болады:  еңбек  арқылы 
адамдық қасиеттерді тәрбиелеу, дене жетілуі, өзін-өзі тәрбиелеу, балалардың 
өзін-өзі  басқару,  дамыту  деген  идеяларын  мектепалды  және  кіші  мектеп 
жасындағы  балаларды  еңбек  іс-әрекеті  субъектісі  ретінде  тәжірибесін 
қалыптастыруды басшылыққа алуымыз қажет. 
 
Ресейдің  Қазақстанды  отарлау  саясаты  экономикалық,  саяси,  мәдени 
байланысында кең жолды тарихи қалыптасқан. Г.М.Храпченковтың зерттеуі 
бойынша,  жергілікті  халықтармен  жақын  араласу  және  өлкеге  оқыған, 
сауатты  қайраткерлерді  даярлау  мақсатында  Омскі,  Орынборда,  Торғайда, 
Ырғыз,  Қазалыда  мектептер  ашылып,  қазақ  халқының  мәдениетінің, 
ағартушылық ой-пікірлердің қалыптасуына ықпал етті.  
 
Ағартушы  демократ  Ш.Уәлиханов  қазақтардың  экономикасы  мен 
мәдениетіндегі  артта  қалушылықтан  шығудың  жолы  білім  мен  еңбекте 

 

екендігін  айтты.  Қазақ  даласында  кейінірек  тараған  шаман  дінінің  пайда 
болуының  да  белгілі  себептерін  білім-ғылымнан  кенже,  тәжірибесі  аз 
адамның  табиғатпен  күрестегі  енжарлығы,  оған  тәуелді  болуынан  деп 
түсіндіреді.  Шоқан  қазақ  халқының  қоғамдық  өміріндегі  басты 
кемшіліктерінің  бірі  «барымта»  екендігіне  тоқталып,  оны  жұртшылықтың 
көпшілігі  баюдың,  мал  жинаудың  ең  жеңіл  әдісі  деп  қате  түсініп  жүргенін 
ерекше атап айтты: «Мұндай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ықыласы 
болмайды,  ал  белгілі  бір  еңбекпен  айналысу  уақытты,  зор  ынта  ықыласты 
керек  етеді»...  «ондай  әдеттің  етек  алуы  қазақ  даласындағы  әр  түрлі  еңбек 
түрлерінің дамуына кедергі келтіреді», - дейді. Демек, қазақтың барымтасын 
жастарды  белгілі  бір  еңбек  түрінде  тәжірибе  жинақтаудан  тайдыратын, 
адамның  жан-дүниесін  аздытарын  кәсіп  деп  есептеп,  адам  тек  қана  «адал» 
еңбек  жолына  түскенде  ғана  «барымта»  секілді  әлеуметтік  індеттен 
айырылатынын айтады. Адамның адамшылығы оның өмірлік тәжірибесі мен 
біліміне,  бәрінен  де  өзіне  байланысты,  нақтылы  әрекетіне,  іске 
тындырымдылығы.  Ғалым  еңбекті  құнды  еңбек  деп,  бірнеше  топқа  бөледі. 
Бұның  барлығы  еңбек  тәрбиесінің  туындысы,  сол  арқылы  әрбір  жеке 
адамның көтерілген рухани биігі, тәжірибесі, табысы деп ой қорытады. 
 
 
Ұлы  ағартушы  А.Құнанбаевтың  қай  шығармасын  алсақ  та,  жастарды 
еңбекке талаптануға, өнер-білімді меңгеруге шақырады, тәрбилі болуға, үлгі-
өнеге  алуға  бағыттайды.  «...тыныш  жатып,  көзін  сатып,  біреуден  тіленбей, 
адал еңбекпен қарманып, адал еңбекпен мал іздеу – ол арлы адамның ісі» деп 
сұрауын не қалауын табамын деп қорлықпен өткізгенше «малды не жерден, 
не  аққан  терден  сұрау  керек»  деп  бүгінгі  күнге  дейін  мәні  зор  тәжірибеге 
сүйеніп,  өздігімен  әрекеттенуге,  қарыз  сұрануға  арлануды  кейінгі  ұрпағына 
өшпейтін  қағида  қалдырған.  «  Құдай  саған  еңбек  қылып  малтабарлық  қуат 
береді,  ол  қуатты  кәсіп  қыларлық  орынға  жұмсамайсың  ба?  Ерінбей  еңбек 
қылсаң тынбай ізденсең, орнын тауып еңбек істесең, кім болмайсың?» деген 
ғұламаның ренжи айтқан өсиетін әрбір адам өнеге тұтып, ерте жас кезеңнен 
баланың  еңбек  іс-әрекетінің  субъектісі  ретінде  тәжірибесін  қалыптастыруда 
арқау  етеу  парызымыз.  Қазақ  халқының  ежелгі  кәсібінің  бірі  аңшылық, 
құсбегілік,  саяткерлік  өнердің  адам  тәжірибесіне  байланысты  қалыптасып, 
ертедегі күн көрісі болса, екіншіден, бертін келе, саяткерлік, спорттық өнер 
түріне айналған. 
 
Ғұламаның  өзінен  қалған  тағылымының  мәнін  терең  бойлап  ұғып-
түсіне  алсақ,  еңбектің  мәнін  терең  түсінгенде  тәжірибесі  молайып,  жұмысы 
нәтижелі,  еңбегі  жемісті  болады  деген  пікірді  алға  тартады.  Бұдан  баланың 
еңбек  іс-әрекетінде  тәжірибесін  қалыптастырудың  бүгіні  мен  келешегін 
бағдарлаймыз. 
 
Қазақ  халқының  шаруашылық-экономикалық  дамуына  қажетті 
еңбекқор  ұрпақ  және  мамандар  даярлау  ісіне  тұңғыш  мән  берген 
Ы.Алтынсариннің  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы  балаларды 
еңбекке  тәрбиелеудегі  құнды  шығармалары  еңбектің  адам  тұрмысындағы 
орнын белгілеген. Оның ішінде «Бай мен жарлы баласы» әңгімесінде «Үсен 
үндемеді.  Асанды  ертіп  көшкен  жұртқа  келді.  Жұртта  бір  көз  сынған  ине 

 
10 
жатыр  екен,  оны  алды  және  бір  пышақтың  сынығын,  бір-екі  уыстай  қыл 
тауып,  оны  да  алды.  Сонан  соң  ауылдың  жұртын  айнала  жүгіріп  жүріп, 
көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді» деп еңбек пен 
онда  қалыптасқан  Үсеннің  өмірлік  тәжірибесінің  қиын-қыстау  кезіндегі 
жарамдылығын  және  оның  еңбек  әрекетінң  субъектісі  ретінде  үлгі  болып, 
өмірдің  мәні  және  мағынасы  еңбекте  екендігін  дәлелдейді,  ол  адами  өмірін 
еңбексіз  мәнсіз  дейді.  Ақыл  да,  терең  ойда,  жол  таба  білу  де  еңбектену 
арқылы жинақталған тәжірибесінің жемісі деп есептейді. 
 
Өзінің  «Қазақстан  болыстық  мектептері  туралы  записка»  атты 
жазбасында  ешқандай  сыйлықтар,  ешқандай  ауыл  шаруашылығы 
академиялары  қазақтай  малшы  дайындай  алмайды»  деген  ойынан,  қазақ 
халқының  мал  шаруашылығынан  тәжірибесі  мол  екендігі,  ұрпақан-ұрпаққа 
сабақтасып  жалғасып  отыратын  дәстүр  екендігін  мақтана  айтады.  Өкінішке 
орай,  ұстаздың  бұл  ойы  бүгінгі  таңда  көзге  еленбей,  еліміздегі  нарық 
талаптарына  қарай  мал  шаруашылығын  әлемдік  деңгейде  көтеруде  сан 
ғасырлық еңбектегі тәжірибелері ескерілмей отыр. Сонымен қорыта айтқанда, 
Қазақстандық  педагог-ағартушылардың  көзқарастары  философиялық  сипат 
алып,  батыс  және  ресей  педагогтарының  ойларымен  үндесіп,  ұлтының 
келешегін меңзеп айтқан ойларының маңызы зор. 
 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  Ресейде  санды  және 
сапалы өзгерістер болып, білім, біліктілік және дағдыны меңгеретін дәстүрлі 
оқыту мектебінен терең білімді, өздігімен әрекет ететін және бастама көтере 
білетін  еңбек  мектебіне  көшу  мәселесі  қойылды.  Осыған  байланысты 
біртіндеп  бастауыш  білім  берудің  материалдық  жағдайы  мен  тәжірибелік 
базасы  жақсарып,  «Еркін  сәби  мектебі»,  «Сетлемент»,  «Бала  еңбегі  мен 
демалысы»  атты  жеке  меншіктік  эксперименттік  оқу-тәрбие  мекемелері 
бастауыш білімді ұйымдастырудың жаңа типтері ретінде танылды. 
 
«Еркін  сәби  мектебі»  К.Н.Венцельдің  бастамасы  бойынша  Мәскеуде 
құрылып,  онда  5-12  жас  аралығындағы  балалар  еркін  әрі  шығармашылық 
еңбекпен  айналысты.  Ағаш  шеберханасында  балалар  тәрбиешілермен 
біріккен  желімдеу,  құрастыру  әрекеттерімен  айналысып,  оқу-тәрбие  үдерсін 
кәсіби  бағдар  беруге  бағыттау  ретінде  қарастырылды.  Мұндай  оқу-орнын 
педагогтар мен ата-аналар басқарды. 
 
«Сетлемент» 
ағартушы-тәрбиелік 
мекемесі 
А.И.Зеленко 
мен 
С.Т.Шацкий  тарапынан  Мәскеуде,  кейін  «Бала  еңбегі  және  тынығу»  деген 
жаңа  атаумен  қайта  құрылды.  Еңбек  тәрбиесінің  мәнін  ашуда  ғалымның 
көзқарасы басқаша, балаларды бірлесіп, ұйымдасып өмір сүруді, еңбек етуді 
үйету болды. Тәрбиедегі өндірістік еңбек әдістері туралы мәселені қарастыра 
отырып, зерттеуші мұндай еңбекті білімге жұмсалған шығын орнын толтыру 
тәсілі  етуге  болмайды,  қоғам  өміріне  белсенді  араласуы  деп  атап  өтеді.  Ол 
өзінің ғасырлар бойы адам баласы жасаған тәжірибелері балалардың өміріне 
азық дегенді басшылыққа алды. 
 
П.П.Блонский  техника  мен  еңбек  тәрбиесі  дамуын  біртұтас  бірлікте, 
яғни бір үдерістің өзара ықпал ететін және өзара тәуелді құрамдас бөліктері 
ретінде қарастырды. Бұл сондай-ақ тоқтап қалған үдеріс емес екенін, өйткені 

 
11 
техниканың  дамуы  алға  қарыштаған  сайын  тәрбие  үдерісі  де  жаңарып 
отыратынын  да  атап  өтті.  Еркін  тәрбие  теориясының  зиянды  ықпалын 
әшкерелеп,  еңбек  түрлері  мектепке  дейінгі  балаларға  және  бастауыш 
сыныпқа лайықты, түсінікті түрде таңдалынып, ойынмен байланысты болуы 
қажет  деген  құнды  болжам  жасады.  Ғалымның  ойы  бүгінгі  таңдағы  еңбек 
нарығына  қойылып  отырған  талаптар,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін 
бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыратын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
мақсатымен үндеседі. 
 
Еңбек  мектебінің  теориясын  құрушы  Г.Кершенштейнер  еңбек 
сабақтарының мақсатын кәсіптік қара күш жұмсалатын іс-әрекетке дайындау, 
балаларды ыждағатты, тиянақты еңбекпен бірге үлкендерге бағынуды үйрету 
деп түсінген. Түрлі қолөнер еңбегінде, зертханалық жұмыстарда, тәжірибелік 
сабақтарда  жалпы  білім  беретін  ғылыми  білімді  пайдалануды  ұсынды.  Қол 
еңбегі  баланың  жеке  тәрбиесінің  қалыптасуының  негізі  деген.  «Бірыңғай 
еңбек  мектебінің  негізгі  қағидалары»  және  «Бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы 
ереже»  кеңес  өкіметінің  мектебі  туралы  алғашқы  қағидалары  жұмыс  істей 
бастады.  Жоғарыда  аталған  идеялармен  құжаттарды  іске  асыру  ғылыми 
дәлелденген  тұжырым  ретінде  қолданды.  Сонымен,  бұған  дейін  адамзат 
қоғамының  дамуының  барлық  кезеңінде  жас  ұрпақты  еңбекке  дайындау 
негізгі  әлеуметтік-педагогикалық  мәселердің  қатарына  жетекші  орын  алып 
келген. Адамның адам болып қалыптасуындағы еңбектің маңызын ескерсек, 
баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну қиын емес. 
 
1903  жылдары  елімізде  бастауыш  мектептердің  ішінен  270  қол  еңбегі 
сыныбы  және  32  қолөнері  бөлімдері  ашылады.  Оқушылары  етікші,  тігінші, 
сылақшы,  слесар  және  басқа  қол  еңбегі  сыныптары  ашылды.  Қыз  балалар 
негізінен  тоқу,  кестелеу,  пішу  және  тігуге  тартылды.  Сол  кезеңдегі 
педагогика ғылымы мен практикасының екі бағытта: политехникалық білімді 
ғылыми  негіздеу  және  тәжірибеге  енгізу  және  оқыта  отырып  тәрбиелеу 
тұрғысынан  дамығандығын  көреміз. 1927  жылдан  бастап мектептер  оқудың 
пәндік  түріне  көшіріліп,  еңбек  сабағы  негізгі  пән  дәрежесіне  ие  болды. 
Мектеп қабырғасында оқушылар оқу-тәжірибелік үлескелерде, егін салу, мал 
өсіру,  метал  сынықтары  мен  қағаз  қалдықтарын  жинаумен  айналысты.  Сол 
кездегі  қазақ  халқының  тіршілік  тұрмысына,  идеологиялық  болмыс-бітіміне 
байланысты  еңбектің,  еңбек  тәрбиесінің,  қол  өнердің  мазмұнының дамуына 
үлес  қосқан  ағартушы  ғалымдар  М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
Ш.Құдабердиев, Ж.Аймауытов сүбелі ойларын қалдырған. 
 
М.Жұмабаев  «Жазылашақ  оқу  құралдары  һәм  мектебіміз»  деген 
ғылыми-әдістемелік  еңбегінде  сол  уақыттағы  мектеп  туралы  «мектебіміз-
белгілі  берік  негізге  құрыла  алмады.  Бір  жақтан  -  әліпби  һәмғылым,  екінші 
жақтан – ұлт тілі жаратылыс, үшінші жақтан – орталық һәм машина негізінде 
құрылған еңбек мектебі. Міне, қазақ осы күні үш оттың ортасында отыр» деп 
қынжыла  ұлттық  мектеп  негізінін  құруды  аңсайды.  1918  жылы  оқу-ағарту 
жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарский және Н.К.Крупскаяның 
басқаруымен  «Біріңғай  еңбек  мектебі  туралы  ереженің»  қабылдануына 
байланысты  былай  дейді:  «мектепті  еңбек  негізінде  құру  –  педагогика 

 
12 
дүниесінің  көптен  бері  көксеген  ізгі  тілегі  болатын.  Еңбек мектебінің  совет 
кезінде  атой  салып  шыға  келуі  себебі  -  Совет  үкіметі  һәм  коммунизм 
жолындағы адамдар еңбек мектебін саяси күреске құрал қылып отыр». Оның 
пікірінше,  қол  еңбегі,  дене  еңбегінен  ақыл-ой  еңбегіне  бағыттайтын  еңбек 
негізінде құрылуды құптайды. 
 
Еңбек  туралы  философиялық  ой  тастаған  Ш.Құдайбердиев  «егер 
адамдар  түгелімен  біріне-бірі  қиянатсыз,  туысқан  болып,  осы  ақылын 
жұмсап  еңбек  қылып,  табиғатты  тиімді  пайдаланып  отырса,  дүние  бейіш 
болатынына ешкім дау айта алмас еді» ауыз бірлікке шақырып, ақыл-оймен 
еңбектенуді уағыздайды. «Арыңды сатпа, теріңді сат, адалды ізде, егін сал не 
сауда қыл, малыңды бақ» тек маңдай термен еңбектенуге, оқу-білімге, өнерге 
шақырады, жалқаулықты, бойкүйездікті, надандықты сынайды, талапты бол 
дейді.  Өмірдегі  байлық  пен  бақыт  еңбекпен  ғана  ол  сенің  қолыңа  өзі  келіп 
қонады.  Үнемі  біреуге  телміріп  көзіңді  сатып  өміріңді  өткізбей  маңдай 
теріңмен,  адал  мал  жина.  «Ерінбей  еңбектенсең  дәулет  дайын,...  аяқ  берді 
тапсын  деп  басан  сайын»  деп  кейінгі  ұрпақты  он  екі  мүшесін  орнымен 
пайдалануды  ақылмен  жеткізуге  тырысқан.  Ата-ана  балаларын  белгілі  бір 
кәсіпке  кішкене  кезінен  дайындауын,  еңбекпен  өмір  тәжірибесін  меңгерту 
тозбайтын мұра, ұрпағының тіршілігіндегі азығы екендігін үндейді. 
 
Өзінің барлық саналы өмірін мектеп ағартушылық ісінің кемелдннуіне 
бағыштаған  А.Байтұрсынов  алғашқы  ой  пікірлерін  «Қазақ  газетіндегі 
мақалаларында «қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, 
кәсіп,  жер-су,  егін,  мал  шаруасы,  жайында  кеңесу,  оқу,  оқыту,  мектеп, 
медресе,  ғылым,  өнер,  тіл,  әдебиет  турасында  жөн  көрсету»  деп  ондағы 
оқытылатын оқу, жазу, дін, ұлт тілі, әдебиет турасында жөн көрсету» деп тек 
оқу-білім  ғана  қызықтырмай,  оның  адам  өмірімен,  тіршілігімен,  еңбегімен 
тығыз байланысты екенін байқатады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, 
бастауыш  мектепте  үйренетін  білім  де  сондай  керек»  деп  ондағы 
оқытылатын  оқу,  жазу,  дін, ұт  тілі,  ұлт  тарихы,  есеп,  шаруа-кәсіп,  қолөнер, 
жаратылыс  пәндер  тізімін  көрсеткен.  Бұдан  біз  ағартушының  бастауыш 
мектептен  шаруа-кәсіп,  қолөнерді  енгізу  арқылы  заманына  қарай  белгілі 
кәсіпке жол сілтеп, бағыт беруді, білімді өмірмен байланыстыруды көздейді. 
«Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк ... 
деп  еңбекті  насихаттаған.  Тек  еңбек  әрекеті  ғана  адамды  мұратына 
жеткізетінін, еңбек өмірлік қажетіне айналғанда ғана кез келген іс-әрекеттің 
субъектісі ретінде қалыптасатынын уағыздаған. 
 
М.Дулатов  сол  кездегі  халықтың  тұрмысынан  көргенін  былай 
тұжырымдаған:  «қазақта  мал  бағудан  басқа  кәсіп  жоқ,  оның  өзі  де 
көңілдегідей емес. Бұрын мал көп, жер еркін заманда кәсіпсіздік білінбеуші 
еді.  Енді  байқалды.  Күн  көру  амалын  жалғыз  малдың  төлінен  күтіп,  қол 
қусырып  отыратын  мезгіл  өтті.  Оның  үшін  басқа  кәсіпшіл  пайдакүнем 
жұрттан  өнеге  алуымыз  керек.  Завод,  фабрика  ашу,  әрі  сауда  магазин  иесі 
болу  әрқайсымыздың  қолымыздан  келмесе  де,  бірігіп  қолдан  келерлік  кем-
кемдіктерге  пайдалы  жұмыстардан  бастау  керек».  Қазақ  халқын  мал 

 
13 
шаруашылығынан 
басқа 
еңбек 
түрлерімен 
айналысуға, 
жеке 
шаруашылықтарын құруға, тіпті несие алу туралы тың жолды меңзеп берді. 
 
Ж.Аймауытов  «Тәрбиеге  жетекші»  атты  еңбегінде  кешенді  түрде 
зерттелетін  мәселе  халықтың  күн  көретін  еңбегі  екендігін,  оның  үш  жағын 
«оқудың  бас  қазығы  еңбек  болмақ,  мектеп  өмірінің,  мектеп  ұйымының  бір 
басты  бөлігі  еңбек  болмақ,  өмірді  зерттеудегі  басты  әдістің  бірі  еңбек 
болмақ» деп баланың еңбекке өзі араласуын, еңбектеніп жүріп білім алуын, 
тәжірибе  жинуын,  еңбектің  өнімді  болатын  төтенше  жолды  үйренуді 
ұсынады.  Сонымен  қатар,  еңбекке  қолма-қол  араласқан  жағдайда  білім 
қонымды  да,  жұғымды  болатындығын  айта  келе,  мектептегі  еңбек  түрлерін 
ұйымдастырудың шарттарын: 
1.
 
Еңбек  тәрбиелік  жағынан  маңызды  болсын,  яғни  баланың  денесі, 
ақылы жетілуге қол-қабыс еткендей еңбек болсын; 
2.
 
Баланың жасына, күшін лайықты, шамасы келерлік еңбек болсын; 
3.
 
Бала  түсінгендей,  баланың  мүддесіне  тура  келетіндей  еңбек  болсын, 
мұғалімнің бұйырғаны болмасын; 
4.
 
Іс жүзінде пайдалы еңбек болсын; 
5.
 
Баланы шаршатып, желіктірмейтін еңбек болсын; 
6.
 
Көптесіп, бірлесіп істегендей болсын; 
7.
 
Еңбектің  мақсатын,  жоспарын  балалар  өздері  белгілеп,  бірлесіп 
орындау  жолын  өздері  реттеп,  кім  қандай  жұмыс  атқаратынын  өздері 
күштеріне қарай бөліп алсын деп белгіленген.  
Ендігі  бір  сөзінде  «Келісті  білімнің  табан  тірейтін  негізі  –  еңбек  тәрбиесі» 
деген.  Ғалымның  бұл  түйгендері  мен  ұсыныстарының  бүгінгі  балалар 
еңбегіне қойылатын талаптармен ұштасып құны жойылмағандығын көреміз. 
Тіпті  мынадай  ойларынан  «баланың  үйдегі,  күндегі  еңбегі  жабайы, 
қарапайым,  өнімсіз  екенін  мұғалім  қашан  да  ескеріп,  тексеріп,  кітап  оқу, 
әңгімелесу  арқылы  балаларды  еңбектің  құнарлы  түрімен  таныстыру»  деп 
пайдалы  еңбекке  тартып,  қызығушылығын  тудыру,  бағыт-бағдар  беруді 
педагог  қауымға  әдістемелік  нұсқау  түрінде  берген.  Бұл  ойы  біздің 
заманымызда  да  базарда  ауыр  жүк  тасып,  күн  көру  қамымен  небір  жұмыс 
атқарып жүрген балаларды бақылауға алуды жүктейді. 
 
Еңбекті  С.Торайғыров  адамды  ақыл-ой  және  адамгершілік  жағынан 
дамытудың  аса  маңызды  факторы  ретінде,  айналадағы  өмірді,  нақты  заттар 
мен  құбылыстарды  танып-білудің  құралы  ретінде  алып  қарайды.  Қазақ 
халқының  мәдениетті  ел  қатарына  қосылуы  техниканы  меңгеруі  керек  деді. 
Оқу-білімді  меңгеру,  ақын  ойынша,  күн  көрісті  жеңілдету  үшін  керек.  Оны 
екіге «дене азығы», «ар азығы» деп бөліп, дене азығы  – техника, ар азығы  - 
әділдік, ар азығы болмаса дене азығы тұрмысты ауырлатпаса жеңілдетпейді 
білім  арқылы  техникалық  еңбекті  үйренуді  насихаттайды.  Бірқатар 
өлеңдерінде  білім  алып  еңбекте  жаңашыл  болуға,  өз  жерінің  байлығын 
игеруге,  басқа  елдердің  көз  салуынан  сақтау  біліктілігін  көрсетуді 
міндеттейді.  Біздің  пікірімізше,  ақынның  ойын  қолдай  отырып,  еліміздің 
әлемдік  деңгейдегі  50  мемлекеттің  қатарына  қосылу  қарсаңындағы  әрбір 
жастарымыздың кеудесінде сақтайтын ой түйіні деп санаймыз. 

 
14 
 
Өз  заманындағы  қазақ  қыздарына  үлгі-өнеге  болған  Н.Құлжанованың 
шығармашылығы  ана  және  ұрпақ  тәрбиесін  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
қарастырған.  «Мектептен  бұрынғы  тәрбие»  деген  шығармасында  мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  әрекетін  тізбектей  келе:  «Бүтін  бір  естіген,  яки 
оқыған  оқиғаларды  қағаздан  ойып,  бір  түсті  басқа  қағазға  жабыстырып, 
толық  мысалын  көрсетіп  шығарады.  Кесте  тігеді,  қуыршаққа  киім  тігеді, 
балшықтан түрлі заттарды суреттен жасайды. Жіптен әр түрлі нәрсе тоқиды. 
Осы  сияқты  қызметтердің  бәрін  балаларға  ретімен  кезектестіріп  отырып, 
қолы  мен  көзі  жаттықандай  қылып,  ойы  ашылып,  тапқыштығы  артқандай 
болады»  - деп, бала өмірден көргендерін қол еңбегінде қиялымен шығарып, 
ойы  ұшқырланып,  қол  моторикасы  және  көзбен  өлшем  қабілеті  жетілетінін 
түсіндіреді.  Педагог  ағартушы  баланы  еңбекке  жақындатудың  бір  жолы 
ересектің  еңбегі  туралы  түсінігін  қалыптастыруды  «бала  өне  бойы  байқап, 
ойлап, өзінің үй ішіндегі жақындарының істейтін қызметінің міндетін біліп, 
еңбекті  құрметтеп  тәжірибе  жинайтындығын  тұжырымдайды.  Сонымен, 
ағартушы  педагогтардың  ой  пікірінен  адамның  дамуы  мен  өміріндегі  еңбек 
пен  еңбек  тәрбиесінің  мәнін,  оның  қоғамның  экономикалық-әлеуметтік 
байланыстың  мазмұны  өзгеріп,  сол  қоғамның  сұранысына  қарай,  ұлттық 
ерекшелікке  икемдеп  даярлауды  ұсынады.  Қай-қайсысыда  еңбектегі  негізгі 
шаруашылығына  қатысты  жеткілікті  тәжірибені  бала  тәрбиесінде 
пайдалануды ұсынады. 
 
Еліміздегі  ағартушы  ғалымдардың  педагогикалық 
ойларының 
қалыптасуы  тұсында  жақын  шет  ел  педагог  ғалымы  Н.К.Крупская  еңбек 
тәрбиесінің  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын,  ұйымдастыру  формаларын 
белгілеп,  педагогика  тарихында  тұңғыш  рет  еңбекке  тәрбиелеудің  ғылыми-
тәжірибелік  негізін  салған.  Бастауыш  мектептердегі  еңбекті  тәрбиелік 
тұрғысынан  қарастырып,  төмендегі  шарттарын  ұсынды:  Еңбек  баланы 
қызықтыруы  керек,  сонда  ғана  еңбек  еркін  болады;  бала  еңбек  үдерісінде 
білім және біліктілікті меңгереді; балаға еңбек нәтижесі көрініп тұруы және 
түсінікті  болуы;  балалар  еңбегі  тек  балалар  мекемесінде  емес,  одан  тыс 
орындарда  жүргізілуі  керек.  Өмірді  бақылай  отырып,  өмір  сүрудің 
тәжірибесін  үйренеді,  қарым-қатынасты  меңгереді,  қоғамға  пайдалы  мүше 
болу  сезімі  болады.  Белгілі  педагогтың  тұжырымдалары  сол  кездегі 
бастауыш  мектеп  оқушыларына  еңбек  тәрбиесі  мәселесіне  толық  жауап 
беретін теориялар еді. 
 
Ата-аналарға  арналған  лекцияларына  А.С.Макаренко  отбасында 
балалардың  еңбек  тапсырмалары  мен  міндеттерін,  оларға  қойылатын 
талаптарды  көрсетіп  берді.  Еңбек  тапсырмаларының  міндетті  және 
эпизодтық рөлдерін бағалай отырып, «баланың дербестігін, жауапкершілігін, 
іске  шығармашылық  қатынасын  дамытады»  деген.  Балалардың  өздерін 
еңбекке  тікелей  араластыру,  өзін-өзі  басқару  арқылы  болашақ  өмірге 
даярлаудағы  тәжірибесі  бүгінгі  баланы  еңбек  іс-әрекетінде  тәжірибесін 
қалыптастыруда басшылыққа алуда маңызы зор. 
 
В.А.Сухомлинскийдің  ойынша,  мектептегі  көп  жылдық  жұмыс, 
жүздеген  адамдардың  тағдыры  мені  таң  қалдырды,  еңбек  тәрбиесінің 

 
15 
барлығы  өмірге  ұмтылдыру»  -  деп  тәжірибесіне  сүйене  отырып 
тұжырымдаған.  Өзінің  «Балаға  жүрек  жылуы»  атты  еңбегінде  еңбек  балаға 
қуаныш  сыйлауын,  ғылым  мен  техниканың  күнделікті  іс-әрекетке  енуін 
қамтамасыз еткен жөн деп, балалар еңбегінің түрін, оған қойылатын талаптар 
мен  негізгі  қағидаларын  тізіп  берді.  Соның  ішінде  «еңбекпен  әуестеніп 
кетуге  болмайды»  немесе  мектеп  тар  көлемді  мамандық  бермеуі  тиіс  деген 
ойлары бүгінгі күнмен үндесіп, қазіргі нарық қыспағанда жас өспірімдердің 
көпшілігі еңбекпен айналысып, оқу-әрекетіне мән бермеуі де байқалады. Сол 
сияқты  кәсіп  таңдауға  бағыт-бағдар  берудегі  кемшілікке  байланысты, 
түлектердің  жетпіс  пайызы  өмірден  өз  орнын  таба  алмауда.  Бұл  ойы  12 
жылдық білім берудің бейімдеп оқыту бағытымен үндеседі. 
 
Қ.Б.Бержанов,  А.К.Қанапин,  П.П.Костенков,  Ә.І.Сембаев  және  басқа 
авторлардың  еңбектерінде  қазақ  мектептерінің  тарихи  жүріп  өткен 
жолдарына  сипаттама  берумен  қатар,  республика  мектептері  дамуының  әр 
кезеңінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тәжірибелері, еңбек тәрбиесінің 
маңыздылығы  туралы  көптеген  идеялар  кездеседі.  Соның  ішінде 
С.Қожахметов  «еңбектің  өнімін  арттыру  үшін  ең  алдымен  тәртіп  керек: 
тәртіп  –  адамның  еңбекке  қатынасының  басты  бір  белгісі  болып  табылады. 
Саналы  тәртіп  оқушылардың  еңбекке,  оқуға  саналы  түрде  өзінің  бар 
ықыласымен  қатысуын,  мектеп  мүлкіне  ұқыпты  болуын  талап  етеді»  деген 
ойының нарық тұсында еңбек іс-әрекетінде жауапсыздық, берекесіздіктердің 
кездесуі тұсында маңызы зор деп ойлаймыз. 
 
Г.А.Уманов  Қазақстандағы    кәсіптік-техниикалық  білім  берудің  даму 
тарихын  терең  зерттей  отырып,  оқушыларды  еңбекке  баулудың 
мәселелерінің бірқатар аспектілеріне талдау жасайды. А.Сейтешев сыныптан 
тыс  жұмыс  арқылы  оқушылардың  кәсіби  бағдарын  қалыптастыру  және 
еңбекке баулу жолдарын анықтаған. Г.Т.Хайруллин оқу-өндірістік комбинат 
жағдайында  оқушылардың  жеке  тұлғасына  еңбек  іс-әрекетінің  ықпалын 
негіздеп,  еңбекке  даярлаудың  құрылымы  мен  ұйымдастыру  формаларын, 
еңбек іс-әрекетінің мазмұнын, анықтаған. Елімізде болашақ ұрпақты еңбекке 
тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің белгілі тарихын зерттеулер бойынша 
төмендегі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:  
 
Кесте  1  –  Тарихи  зерттеулер  бойынша  еңбек  тәрбиесінің  қалыптасу 
бағыттары. 
 
Кезеңдері  Жылдары 
Авторлар 
Сипаты 
1 кезең 
1917-
1940 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев,  
Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Ә.Марғұлан,  
Х.Арғынбаев,  
С.Қасиманов, 
Оқытуды 
еңбекпен 
байланыстыруды,  еңбек  дағды 
мен  біліктілігін,  еңбекке  саналы 
көзқарасын  тәрбиелеу,  алғашқы 
кәсіптік 
білім 
беру 
мекемелерінің 
құрылуын, 
формасы,  әдістерін  анықтаған. 
Оқушылар бірлестігін, өндірістік 

 
16 
Ә.Қоңыратбаев,  
Б.Р.Қазыханова, 
А.Сейдімбек, 
Ә.Қанапин, 
бригадалар,  біріккен  отрядтар 
құру. 
2 кезең 
1940-
1960 
Қ.Б.Бержанов, 
А.І.Сембаев, 
А.П.Сейтешов, 
К.Қ.Құнантаева, 
К.Ж.Қожахметова, 
Ш.Имашев, 
Б.И.Қожабаева, 
А.Б.Қаржаубаев 
т.б. 
 
Еңбекке 
баулу 
және 
политехникалық 
білім 
беру, 
қоғамдық 
пайдалы 
еңбекке 
тәрбиелеу, еңбек резервтерін оқу 
орындарында  дамыту  көзделген. 
1952  жылы  бастауыш  мектептен 
еңбекке  даярлауға  қайта  оралу 
тұсында  теориялық  білімдерін 
практикамен 
байланыстыру, 
өндіріс, 
ауылшаруашылығы 
жөнінде  білім  беру,  оқудың 
топтық,  бригадалық,  жекелік 
түрлері қолданылған. 
3 кезең 
1960-
1980 
Д,Шопарұлы, 
Г.Т.Хайруллин, 
А.С.Иманғалиева, 
Т.П.Исакова, 
Н.Л.Татаурова, 
Д.А.Аманжолов, 
А.К.Тілебалдиева, 
Р.А.Жаңабаева 
Оқушылардың 
еңбек 
бірлестіктерінде  қоғамдық  еңбек 
белсенділігін 
дамыту, 
политехникалық білім мен еңбек 
тәрбиесі 
қатар 
беретіндігі, 
мектептерде 
сабақта 
және 
сыныптан 
тыс 
уақыттарда 
бұйрық 
түрінде 
берілген 
өндірістік 
тапсырмаларды 
пракика  кезнде  де  атқарып 
отырғандығы. 
4 кезең 
1980-
1990 
Р.Г.Ахмедиев, 
Н.Г.Наумов, 
А.К.Меңжанова, 
Ә.Құтпанбаев, 
Б.Кенжебеков, 
О.С.Сатқанов, 
Ш.Әбдіуәлиева т.б 
Қоғамға 
пайдалы 
еңбек, 
техникалық  шығармашылығын 
дамыту, 
ауылшаруашылық 
еңбегіне  баулу,  оларға  кісіби 
бағдар  беруде  мектептен  және 
сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
жүргізу,  1984  жылдан  бастап 
мектептерде 
кәсіптік 
білім 
берілді. 
Қоғамдағы 
демократияның 
дамуы 
және 
нарықтық  қатынастардың  тууы 
еңбекке  дайындау  бағыттары 
өзгерді. 
5 кезең 
1991-
2000 
С.Қаңтарбаев, 
Ә.Мүсілімов, 
Г.Меңлібекова 
Т.Оралбекова, 
Тәуелсіз  мемлекетіміздің  даму 
үдерісіне сәйкес қазақ халқының 
тұрмыс-тіршілігі, 
дәстүрі, 
мәдениеті, 
салт-дәстүрі 

 
17 
Е.Райымжанов 
С.Нұрсейітова 
өткенімен  тарихи  сабақтастықта 
ұлттық  құндылықтар  жүесінде 
жинақталып 
отырды. 
Жас 
ұрпақтың 
еңбек 
етуге 
белсенділік  қасиетін,  дәстүрлі 
еңбек  ету  ету  дағдыларын, 
шығармашылығын 
қалыптастыруды қамтамасыз ету 
көзделді. 
6 кезең 
2000-
2010 
Қ.Шалғынбаева, 
С.Жиенбаева, 
М.Қаламқалиев, 
Б.Н.Қадірова, 
Қ.Әбдібекқызы, 
М.Мұхамадин, 
Ф.Жұмабекова, 
Ш.Сапарбаева т.б 
Бүгінгі 
нарықтық 
қатынасқа 
көшкен  Қазақстанның  ұлттық 
және  әлеуметтік-экономикалық 
ерекшеліктерін 
ескеріп, 
халықтың 
еңбек 
салт-
дәстүрлеріне  сүйену  арқылы 
қоғам  алдында  өзінің  дербестігі 
мен  жауапкершілігін  сезінетін, 
қоғамдық  сана-сезімі  оянған, 
парасаты  мен  ар-ожданы  биік, 
іскер,  қабілетті,  шығармашыл, 
кәсіпкер, 
нарық 
жағдайында 
бәсекелестікпен 
еңбек 
ете 
білетін, 
әрбір 
жұмыстың 
пайдалы  көзін  тауып,  өзінің 
таңдаған  мамандығына  деген 
білімі  мен  біліктілігін  көрсете 
білетін  азаматтар  тәрбиелеу-
қазіргі қоғамның талабы. 
 
 
Еңбек  тәрбиесі  мәселелері  Қазақстан  ғалымдарының  келесі  
буындарының да зерттеулеріне арқау болды. Н.Беріков оқушыларды еңбекке 
оқыту  мен  мал  шаруашылығы  саласындағы  еңбек  әрекетіне  даярлауда 
сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырудың біртұтас жүйесі мен құрылымын 
зерттеді.  Э.А.Байдалинова  оқушыларды  өндірістік  еңбекке  тәрбиелеудегі 
ұжымның  психологиялық-педагогикалық  өзара  әрекет  жасауын  зерттей 
отырып,  бүгінгі  мектеп  басшылары  мен  мұғалімдерінің  баланы  еңбекке 
тәрбиелеуде,  олардың  жаңа  ойлау  түрін,  пікірін,  қажеттілігі  мен 
қызығушылығын,  оны  жүзеге  асыруда  өмірлік  тәжірибесін  ескермей, 
оқушылардың  тұлғасына  бағдарлану  мүлде  ескерілмейтіндігін  айтады. 
Соның салдарынан мектеп табалдырығынан өмірге дайындықсыз, тәжірибесі 
жеткіліксіз, «инфантильдік» жастар шығады дегенді тұжырым жасайды. 
 
Қ.А.Акишев еңбек іс-әрекетінің компоненттерін төмендегідей көрсетті: 
1-  кезең  –  стандарттық  кезең  деп  аталып,  оқушылардың  еңбек  іс-әрекетті 
мұғалімнің  көрсеткенін  қайталау,  білім,  білік,  дағдыны  меңгеріп,  қайта 
жаңғыртады.  

 
18 
2- кезең – нұсқалық әрекет кезеңінде оқушылар  арнаулы жаттығулар жүйесі 
арқылы алған білім,білік, дағдысын жаңа жағдайға қолдануы.  
3-  кезең  –  іздену  кезеңінде  оқшылардың  шығармашылық  әрекеті  басталып, 
арнаулы тапсырмалар арқылы еңбекті жетілдірудің жолдарын табуға ізденісі 
болады.  
4-  кезең  –  шығармашылық  кезеңде  оқушылардың  еңбек  әрекетін  дамытуда 
жаңа идеялары тексеріліп және негізделеді. 
 
Оқушылардың  еңбек  іс-әрекетін  қалыптастыруда  кіші  мектеп 
жасындағы баланың мүмкіндігіне қарай ыңғайлап қолданған жағдайда бірте-
бірте өзінің еңбек әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алу  қажет. 
 
Қазіргі  нарықтық  экономиканың  ыңғайына  қарай  болашақ  ұрпақты 
еңбекке  дайындау  жүйесін,  қалыптасқан  тәжірибелерді  сақтау  керек,  оның 
бұзылуы  оқушыларды  еңбекке  баулу  мен  тәрбиелеуде  жоғары  нәтиже 
бермейді,  бұл  үдерістің  табиғи  сабақтастығын  бұзады.  Қоғамның  қазіргі 
дамуында еңбек, жалпыға бірдейлігімен, қоғамдық сипатымен, өзі үшін және 
тұтас қоғам үшін еңбек етудің табиғи ұштасуымен, қоғамдық еңбекті бөлудің 
түрімен  –  еңбекке  ынталандыру,  еңбектің  саны  мен  сапасына  негізделіп 
бөлетін материалдық мүдделермен ұштастыруға мүмкіндік беретін жүйемен 
сипатталады. 
 
Қазақстандағы  1960-1985  мектепке  дейінгі  балаларды  еңбекке 
тәрбиелеудің 
тарихын 
Г.Ж.Меңлібекова, 
1920 
жылдары 
педагог 
С.С.Моложавый  «Еңбек  процесі  барынша  белсенді,  баланы  өмірге 
бейімдейтіндей  ұйымдастырылуы  керек.  Еңбек  әрекетінің  негізін  қоршаған 
орта  мен  материалдар,  құрал-жабдықтарды  қолдану  негізінде  өмірлік  
маңызды  нәтиже  алуға  бейімдеу  және  еңбек  процесі  жалаң  заттар  мен 
құбылыстар  емес  өмірлік  қажеті  мол  әрекет»  -  деп  бағалады.  Осы  көзқарас 
тұрғысында баланыің еңбек іс-әрекетінің алғашқы бағыты қалыптасты, бала 
алдына  еңбек  дағдылары  өзіндік  әрекеті  табиғи  түрде  жүзеге  асыратындай 
жағдайлар ұсынылды. 
1930-40  жылдары  мектепке  дейінгі  еңбек  тәрбиесінің  жаңа  бағыттары 
қалыптасты. 
Балалардың 
еңбегі 
ересектің 
еңбегін 
бақылаумен 
ұштастырылып,  ойынмен  еңбектің  байланысын  сақтау.  1935  жылы 
Р.И.Жуковскаяның «ойын және балабақшадағы еңбек сабағы» атты еңбегінде 
бала еңбегінің ойынмен байланысы бала дамуы үшін мүмкін және нәтижелі 
амал делінген. 
1946-1960  ұлы  отан  соғысы  жылдарынан  кейін  екінші  сатыға  түсті. 
Мектепке дейінгі балаларға ересектің еңбегімен таныстыру ең басты мәселе 
болып  саналып,  бірақ  баланың  жеке  еңбегі  педагогтың  басты  нысанасы 
болмады.  1953  жылы  З.Н.Борисова  балабақшадағы  кезекшіліктің  орны,  
В.Г.Нечаева  мектепке  дейінгілердің  еңбек  әрекеті  туралы  зерттеулер 
жүргізілді. 1962 жылы балаларды үш жастан еңбекке тәрбиелеудің мазмұны 
анықталды.  
1960-1990  жылдар  аралығында  мектепке  дейінгі  балалардың  еңбек 
әрекетін  В.Г.Нечаеваның  жетекшілігімен  зерттеулер  жүргізіліп,  еңбек 
түрлерін  және  ұжымдық  еңбекті  ұйымдастыру  формасын  жүйелеген.Біздің 

 
19 
анықтағанымыз,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  еңбек  әрекеті 
тәжірибесін  қалыптастыру  мәселесіне  жеткіліксіз  назар  аударылды.  70-
жылдарда  педагогтар  еңбек  әрекеті  тәжірибесін  қалыптастыру  мәселесін 
компоненттер бойынша қарастырды. 80-жылдарда педагогтар жеке тұлғаның 
адамгершілік  салаларын  дамытуға  және  еңбек  тәрбиесіне  үлкен  мән  бере 
бастады,  содан  еңбек  әрекетін  компоненттер  бойынша  бөлмей,  оны 
қалыптастыру  мәселесін  кешенді  қарастыру  қажет  деген  пікірге  келді,  яғни 
өз кезегінде мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбек әрекеті тәжірибесін 
қарастыру қажеттілігі туындады. 
1990  жылдардан  бастап  мектепке  дейінгі  кезеңнен  еңбекке  тәрбиелеу 
проблемаларын  зерттеу  нысанасы  этнопедагогикалық  бағытта  зерттелген, 
бірақ сиректелген. Елімізде А.К.Меңжанова, Р.К.Аралбаева. С.Н.Жиенбаева. 
Сондықтан  қазіргі  ғылыми  техникалық  даму  бағыттарына  қарай  жаңа 
зертеулерді қажет етеді. Соңғы жылдары қоғамның көкейтесті және болашақ 
қажеттілігіне  қарай  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  сапасын 
арттыруда  ғылыми-әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  етуде  елімізде 
«Мектепке  дейінгі  шақ»  ғылыми-практикалық  орталдық  құрылды.  Бүгінге 
дейін  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  еңбек  іс-әрекетінің  субъектісі 
ретінде  қалыптастыруда  осы  әрекеттегі  тәжірибесіне  сүйену  және  жұмысты 
соған сәйкес құру қажет.  
Кіші  мектеп  оқушыларын  еңбекке  баулуың  теориялық  негізін  және 
мазмұнын,  әдістемесін  Е.П.Тонконогая,  С.Ф.Трифонов,  И.Г.Майорова, 
И.П.Фрейтак,  М.И.Кукасова  және  басқа  ғалым-педагогтар  анықтаған, 
О.Сатқанов,  С.Қаңтарбаев,  В.Д.Симоненко,  Л.П.Зарецкая,  Д.А.Махотин, 
зерттеулерін  басшылыққа  ала  отырып,  еңбекке  тәрбиелеудің  тарихи 
әлеуметтік-экономикалық  даму  тенденциялары  негізінде  төрт  кезеңге  бөліп 
көрсеттік.  
Бірінші  кезеңі  революцияға  дейінгі  және  1917  жылдардағы  мектепте 
еңбекке баулу арнаулы пән ретінде жүргізіліп, себебі экономикадағы қолөнер 
жұмысшы  кадрларды  қажеттілігінен  туып  отыр.  Бұл  кезеңде  «қол  еңбегі» 
ұғымының  енуіне  байланысты  болып,  оқу  шеберханасында  материалдарды 
өңдеп  практикалық  сабақ  түрінде  өткізілді.  Пәннің  мазмұнына  қолөнер 
түрлеріне  бағытталған  (ағаш  өңдеу,  етікші  т.б.)  еңбектер  енді  және 
материалдарды  көркем  өңдеу,  қол  еңбегі,  ауылшаруашылқ  еңбектері 
қамтылды.  Қол  еңбегіне  үйрету  үлгіге  қарап  бұйымдар  дайындаудан 
басталды. Мұндағы педагогикалық мақсат оқушылардың қол еңбегі арқылы 
жалпы және арнаулы білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды көздеді. 
Бірте-бірте  қол  еңбегіне  баулу  әдістемесі  қалыптасып,  1915  жылы 
типтік  бағдарламасы  қабылданып,  онда  тек  ұйымдастырылу  ғана  емес, 
әдістемелік  жағынан  көрсетілді.  Онда  практикалық  сабақтан  басқа 
«түсіндіру»    сабақтары  жүргізілуі  керектігі  айтылды.  Мұғалім  тақтаға 
жасалатын  бұйымның  сызбасын  көрсетіп,  орындау  жүйелігін,  жолдарын 
және құрал-саймандарды қалай қолдануды түсіндіреді. 
Екінші  кезең  1918-1937  жылдарды  қамтып  жаңадан  саяси  құрылуына 
қарай  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  байланысты  еңбекке  баулу 

 
20 
мазмұнында өзгерістер болды. Сол кездегі экономиканы тез қалпына келтіру 
және  өндірістің  тез  дамуы,  социолистік  қоғамның  құрылу  жүйесіне  қарай 
мектепте  оқытудың  политехникалық  қағидасы  енгізілді.  Еңбекке  баулудың 
басты  мақсаты:  өндіріс  саласының  қажеттілігіне  қарай  түрлі  еңбектің 
негізінде оқушыларды әлеуметтік еңбекке бейімдеуге бағытталды.  
1919  жылы  қол  еңбегі  бойынша  бағдарламасы  жарияланып,  «өнегелі 
қол  еңбегі  бағдарламасы»  аталды.  1925-1927  жылдары  қайта  өңделіп  «қол 
еңбегі  бағдарламасы»  шықты.  Оқушыларды  ғылыми  қағида  негізінде 
материалдар  және  құрал-саймандармен,  ең  маңызды  деген  өндіріс 
салаларымен  таныстыру  арқылы  индустрияландырудағы  еңбекке  саналы 
көзқарасын  тәрбиелеу  көзделді.  Еңбекке  баулу  ағаш  және  металл  өңдеу, 
электро-монтаж  жасау,  түптеу  жұмыстары,  үй  шарушылығына  араластыру, 
ауыл  шаруашылығы  еңбегі  кешенді  бағдарламасы  және  жобасы  бойынша 
жүргізілді.  
Бұл  оқыту  мазмұны  1932-1933  оқу  жылдарына  дейін  орындалып 
кейінгі  бағдарламаларда  еңбектің  политехникалық  жағы  күшейтілді.  Бірақ 
1930  жылдары  маманданған  кадрларды  дайындау  қажеттілігіне  байланысты 
еңбекке баулу пәнінің практикалық жағынан ерекше мән беруі мен мектепте 
ғылыми  білімді  күшейту  қажеттілігінің  арасындағы  қарама-қайшылықтың 
тууы, негізгі ғылымдармен байланыссыз болуынан еңбекке баулу пәніг алып 
тастады.  Елімізде  1922  жылы  халық  ағарту  комиссарияты  мектептегі  оқу 
жоспарына екі сағаттан еңбекке баулуды арнаулы пән ретінде енгізді. 
Үшінші  кезең  1952-1990  жылдар  арасында  қоғамдық  өндіріске  жаппай 
жұмысшы  күші  қажеттілігіне  қарай  мектепте  білім  беру  мазмұнына  пән 
ретінде қайта енгізілді. Тек 1954-1955 оқу жылында еңбекке баулу бастауыш 
сыныптан бастап пән ретінде қосылды. Пәннің мазмұнында қолеңбегі қағаз, 
қатырма  қағаз,  матамен  жұмыс,  ағашпен,  металлмен  қарапайым  жұмыстар, 
құрастыру,  электротехника  негіздері  үйретілді.  Бұл  кезең  оқушыларды 
жалпы  еңбекке  дайындауды  күшейтумен  сипатталып,  кәсіби  бағдарын 
қалыптастыруға  оның  ішінде  бейіндік  алпыс  бағытта  жүргізіліп,  кәсіби 
оқытуға  дейінгі  жұмыстар  жүргізілуімен  ерекшеленеді.  Қазақстан  ССР 
Министрлігінің  бұйрығына  /№116,30.09  1954/  байланысты  бастауыш 
мектептерде  қол  еңбегінің  түрі  ауылшаруашылық  еңбегін  жандандыру 
мақсатында 
оқу-тәжірибиелік 
үлескелер 
және 
құрал-саймандармен 
қамтамасыз  етілді.  Сол  кездегі  мектеп-интернаттың  бастауыш  мектеп 
оқушылары  туралы  «интернатқа  қазақ  балалары  облыстың  шалғай  жатқан 
мал  шаруашылығымен  айналысатын  ауылдардан  келген,  көпшілігі  жеті 
жасар балалар. Олар төрт түлік малдың жағдайын жақсы біледі, бала кезден 
мал  күтуді  үйренген.  Ал  тұрмыстағы  күнделікті  қажетті  жұмыстарға  олар 
бейімсіз»  деген  сипаттамадан,  мұғалімдер  балаларға  интернатта  кездесетін 
күнделікті  тірліктермен  қатар  қол  еңбек  сабағында  жиі  түсіндіріп 
отырғандығын  байқаймыз.  1959  жылы  «Қол  еңбегі»  пәнін  «Еңбекке  үйрету 
және  қоғамға  пайдалы  еңбек»  деп  өзгертіліп,  бастауыш  мектеп  оқушылары 
қағаз,  қатырма  қағаз,  мата,  сазбалшық  пен  ермек  саз,  сымтемір  және 
техникалық  үлгілеу  түрлерімен  сыныпта,  ауыл  шаруашылық  еңбегімен  оқу 

 
21 
тәжірибе  үлескесінде  шұғылданған.  1965  жылы  И.Г.Розанов,  И.Я.Рожнев, 
Д.А.Тхоржовский,  И.Г.Майоров,  И.П.Фрейтаг,  А.Г.Глущенко,,  Н.Е.Цейтин 
бірлескен  авторлар  тобы  мектептің  еңбекке  үйрету  бағдарламасын  жасап, 
пәнді  «Еңбекке  үйрету»  деп  аталып,  техникалық  еңбек  және  ауыл 
шаруашылық еңбек бағыттарын қамтыды. 
Төртінші  кезең  1993  жылдан  бүгінгі  күнгі  тәуелсіздік  елдердің 
қатарына  қосылып,  нарықтық  экономика  және  технологиялық  революция 
қарсаңын қамтиды. Қазақстанда 1997жылы «Көркем еңбек» 1-4 сыныптарға 
арналған жаңа буын оқулығын  оқу-әдістемелік кешені тұңғыш рет жарыққа 
шықты.  «Көркем  еңбек»  оқулығының  теориялық  негізінде  Ә.Құтпанбаев, 
Б.Кенжебеков,  О.С.Сатқанов.  С.Қаңтарбаев,  ӘМүсілімов,  Т.Оралбекова, 
Е.Райымжанов  еңбектері  басшылыққа  алынды.  Жаңа  буын  оқулығының 
ерекшелігі:  көп  деңгейлігі,  кешенді  құрылуы  және  дамыта  оқыту 
технологиясына  негізделіп,  ұлттық  еңбек  сипаттары  қамтылған.  Қазіргі 
кезеңде «техногиялық білім», «технологиялық мәдениет» жаңа ұғымдарының 
шығуына  байлынысты  еңбекке  баулу  «Технология»  аталып  отыр.  Сонымен, 
біз  мектепалды  және  кіші  мектеп  жасындағы  балаларды  еңбекке  тәрбиелеу 
туралы  көзқарастар  мен  зерттеулерді  сараптау  барысында,  адамзат 
қоғамында  жеткіншектерді  еңбекке  тәрбиелеудің  төмендегідей  тарихи 
педагогикалық алғышарттарын айқындадық: 
1.
 
Еңбекке  тәрбиелеу  мазмұны  қоғамның  тарихи  даму  ерекшелігін 
ескерумен анықталады. 
2.
 
Қол  еңбегінің  күрделенуіне  қатысты  еңбек  құралдарының  жаңарып 
түрленіп отырған. 
3.
 
Қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары. 
4.
 
Нарықтық қатынасқа байланысты әлемдік деңгейдегі еңбек түрлерінің 
дамуы. 
5.
 
Еңбек  тәрбиесінің  міндеті,  мазмұнын,  формасы  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық талаптарын ескеру арқылы белгіленуі. 
6.
 
Қазақ  халқының  болашақ  ұрпағын  еңбекке  тәрбиелеу  жөнінде  сан 
ғасырдан  бері  жиып-терген  мол  тәжірибесінің  қалыптасуы.  Сонымен,  өткен 
жылдардағы  теориялар  мен  тәжірибелерге  талдаудан  тарихи-педагогикалық 
шарттар  мектепалды  және  мектеп  жасындағы  балаларды  еңбекке 
тәрбиелеудің бүгінгі және болашақтағы даму бағыттарын белгілеуге септігін 
тигізеді. 
    Бұрынғы  Одақтағы  мәдени  төңкерістің  алғашқы  кезеңдерінде  (1917-1936 
жж.)  халықтың  сауатсыздығын  жою,  коллективизациялау  мен  ауыл 
шаруашылығын 
қайта 
қалпына 
келтіру 
нәтижесінде 
қазақтардың  
тұрмысында  маңызды  өзгерістер  болды.  Бұл  тәрбие  мен  оқытудың  негізгі 
принциптерінің  тұрақтылығын  сақтап  қалған  халық  педагогикасына  елеулі 
әсер  етті.  Осылайша  өмірдің  өзі  жеткіншектерді  еңбекке  тәрбиелеу  мен 
оқытудың  дәстүрлі  эмпирикалық  жүйесіне  өзгерістер  енгізді.  Ауыл 
шаруашылығында  колхоздық  кезеңге  дейін  белгісіз  болып  келген  бірқатар 
жаңа еңбек түрлері, сонымен қатар мамандық түрлері пайда болды. Осыған 
орай  патриархалды  шаруашлыққа  байланысты,  жаңа  өзгерістер  жағдайында 

 
22 
өздерінің  әлеуметтік  –  экономикалық  маңызын  жоғалтқан  кәсіптер 
(жұмыстар)  біржолата  өндірістен  алынды.  Мысалы,  халықтың  көпшілігі  , 
соның  ішінде  қазақтар  да  аң  аулаудан  қол  үзді,  бірқатар  ер  азаматтар 
тұрмыстық қолөнермен, ұсталық және ағаш өңдеу ісімен айналысуды қойды. 
Міне,  осыған  байланысты  балаларды  осы  еңбек  түрлеріне  оқыту  қажеттігі 
болмай  қалды,  өйткені  ол  жаңа  еңбек  әрекетіне  сәйкес  емес  еді.  Әйтсе  де 
колхозшылардың  жеке  меншік  шаруашылығында  ауыл  шаруашылығы  мен 
қызмет  көрсету  еңбектерінің  кейбір  түрлері  сақталып  қалды,  олардың 
мазмұны  өзінің  құндылығын  бүгін  де  жоғалта  қойған  жоқ  десе  де  болады. 
Бұл  негізінен  мал  шаруашылығы  жұмысы  мен  үй  шаруашылығымен 
айналысатын, балаларға қарайтын әйелдердің жұмысына байланысты. Ауыл 
шаруашылығы  мен  қызмет  көрсету  еңбектеріне  (40-60жж.)  оқушыларды 
тәрбиелеу  мәселесіне  әсіресе  мектеп  көлемінде  баса  назар  аударылды. 
Мысалы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ  ССР Халық 
Комисарлары  Советінің  1942  жылғы  3-  ші  қарашадағы  қаулысы  бойынша 
мектептердің  8-10  сыныптарында  оқушылардың  аптада  өтетін  сабақтары 
біраз  көбейтіліп,  тракторды,  комбайнды,  автомашиналарды  оқыту  енгізілді, 
5-8  сыныптардың  оқушыларына  міндетті  түрде  «Қарапайым  ауыл 
шаруашылық  машиналары  мен  ауыл  шаруашылық  жұмыстары  »  курсынан 
сабақтар  беру  белгіленіп,  мектептерде  механизетор  кадрлар  даярланса, 
мектеп мұғалімдері мен оқушылары орман алқаптарын жасауда, көктемгі егіс 
жұмыстарын да, егістерді күтіп баптауда, егін жинауда, мал қыстатуда, тағы 
басқа да жұмыстар да, колхоздар мен совхоздарға көп көмек көрсетті. Қазақ 
мектептерінің оқушылары 1942 жылы 7,8 млн еңбеккүн, ал 1943 жылы  – 15 
млн еңбеккүн тапты. 50 – ші жылдары оқытуды өнімді еңбекпен байланысты 
жүргізу  негізінде  оқушылардың  өндірістік  бригадалары  пайда  болды. 
Оқушылар  бригадаларында  ғылыми  негізге  құрылған  ауыл  шаруашылық 
тәжірибелерін  жүргізу  ісі  өркендеді.  Биология  пәнінен  алған  теориялық 
білімдерін,  озат  агротехниканы  пайдалана  отырып,  оқушылар  дәнді  және 
техникалық  дақылдардан  мол  өнім  алатын  болды.  Бұл  тәжірибе 
жаратылыстану  пәндеріне  байланысты  бүгінгі  күнге  дейін  сақталып  отыр.
 
60 – 80–шы жылдары «Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың 
өндірістік  оқуын  жақсарту  туралы»  қаулысы  қабылдануына  байланысты 
кабинеттер  мен  шеберханаларды  және  лабораторияларды  жарақтандыру, 
мектепаралық  оқу-өндірістік  цехтар  мен  комбинаттар  ашу  қолға  алынды. 
Мектептер  техникалық  құралдырмен  қамтамасыз  етілді.  Оқушыларға 
кәсіптік  бағдар  беруге  аса  мән  берілді.  Мектеп  реформасы  қабылданып, 
қоғамдық  пайдалы  еңбекті  міндетті  түрде  оқыту  қайта  жанданды  және  т.б.
 
90-шы жылдардың басында жеткіншектерді еңбекке дайындау ісі күрт 
төмендеп кетті. Мектеп пен өндіріс байланысының ыдырауы, еңбекке оқыту 
ісінің  материалдық  базасының  құлдырауы,  мектептердің  тек  48  пайызында 
ғана арнайы оқу шеберханаларының сақталуы, ал 42 пайызында біріктірілген 
шеберханалардың  ғана  қалуы  үлкен  кедергі  келтірді.  Мектепаралық 
комбинаттардың  саны  20-ға,  өндірістегі  оқу  цехтары  мен  бөлімшелерінің 
саны  300-ге  азайды,  оқушылардың  ерікті  еңбек  бірлестіктері  қысқарып, 

 
23 
олардың  еңбек  ету,  тынығу  базалары  шаруа  қажалықтарына  беріліп,  не 
сатылып  кетті.  Ауыл  мектептеріне  оқу-өндірістік  сабақты  өткізу  үшін 
орталықтан  тракторлар,  ауылшаруашылық  машиналары  бұрынғыдай 
бөлінбейтін  болды.  Оқушыларды  еңбекке  даярлау  ісінде  қазақ  халқының 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қолданбалы  көркем  қолөнері,  халық 
зергерлерінің 
мұрасы 
пайдаланылмады, 
шаруашылық 
саласындағы 
шикізаттарды өңдеу технологиясынан мағлұматтар берілмеді.   
 
Бұл  кемшіліктердің  шешімі  1993  жылы  жарық  көрген  «Жалпы  білім 
беретін 
мектеп 
оқушыларын 
еңбекке 
оқыту 
мен 
тәрбиелеу 
тұжырымдамасында»  және  жалпы  білім  беретін  мектептердің  және  оқу 
өндірістік  комбинаттардың  жанынан  ашылған  еңбекке  тереңдетіп 
дайындайтын мектептердің оқу жоспарында ескерілді.  
 
 
 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  вариативті  оқу  жоспары  мен 
оқу-өндірістік  комбинаттардың  жанынан  ашылған  еңбекке  тереңдетіп 
дайындайтын  мектептердің  инвариативті-эксперименттік  оқу  жоспарларына 
жасаған  салыстырмалы  талдау  бізге  былайша  тұжырым  жасауға  мүмкіндік 
берді: Біріншіден,  1-11  сыныптардың  вариативті  оқу  жоспарында  жалпы 
білім  беретін  25  пәндер  түгелдей  қамтылады,  олардың  ішінде  «Еңбекке 
үйрету» пәні барлық сыныптар үшін бір атаумен жүргізіледі, 1-7-сыныптарда 
аптасына  2  сағаттан,  ал  8-9-сыныптарда  аптасына  3  сағаттан,  10-11-
сыныптарда аптасына 4 сағаттан бөлінеді. Сонымен қатар оқу жоспарында 5-
10-сыныптарда  жылына  10-16-20  күндік  еңбек  практикасы  «Қоғамдық 
пайдалы өнімді еңбек» деп қарастырылады. 
 
 
 
 
Ал  инвариативті-эксперименттік  оқу  жоспарында  жалпы  білім  беретін  25 
пәннің 10-ы ғана беріледі, сонымен қатар бұл 10 пән 8 және 11-сыныптарда 
ғана  аптасына  18  сағат  мөлшерінде  жүргізіледі,  қалған  уақыттың 
көпшілігінде  профильдік  қазақ  ұлттық  пәндер  циклы  аптасына  19-20  сағат 
мөлшерінде жүргізілді.  
 
 
 
 
 
Екіншіден,  вариативті  оқу  жоспарында  оқушыларға  жалпы  білім  беру 
мақсаты  басым  көзделеді,  сонымен  қатар  «Еңбекке  үйрету»  сабағына  да 
айтарлықтай  көңіл  бөлінеді.  Ал  инвариативті-эксперименттік  оқу 
жоспарының  негізгі  мақсаты  жалпы  еңбекке  терңдетіп    дайындау  болып 
саналады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үшіншіден, вариативті мектептердің оқу жоспарына қарағанда, инвариативті 
оқу  жоспарларында  қазіргі  заман  талабына  сай,  мектеп  қабырғасында 
тәрбиеленіп жатқан ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрі, 
өнерімен, соның ішінде қолданбалы өнердің қыр-сырымен таныстыру, оның 
әдіс-тәсілдерін  орынды  пайдалану  арқылы  еңбек  сабағында  балалардың 
іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыру,  өнерге  деген  сүйіспеншілігін, 
қызығушылығын 
арттыру 
– 
ұлт 
мектептерінде 
ұлттық 
идеяны 
сабақтастырудың басты міндеті болып қарастырылады.Бұл міндетті шешуде 
бүгінгі қазақ мектептерінде пайдаланылып жүрген бағдарламалар елеулі үлес 
қоса  алады.  Солардың  ішінде  профильдік  пәндер  циклына  енгізілген 
мәдениеттілікке,  тәртіпке  үйрету  (8  және  11-сыныптарда  аптасына  7  сағат 
бөлінеді), тігін жұмыстары, тоқуды үйрету (8 және 11-сыныптарда аптасына 

 
24 
әр  пәнге  2  сағаттан  бөлінеді)  пәндерінің  мазмұнында  ұлттық  кілем  тоқуда 
кездесетін  ою-өрнек  түрлерімен  таныстыру,  олардың  эскиздерін  орындауға 
үйрету  жақтары  қарастырылады.  Егер,  «Бастырмалау»  тарауы  әр  түрлі 
материалдарды (қағаз, картон, кептірілген жапырақтар, өсімдік дәндері, мата, 
тері,  жүн,  мақта,  т.б.)  пайдалана  отырып,  қолдану  мағынасына  қарай  және 
орындалу әдістеріне байланысты бұйымдарды бастырмалап әзірлеуді көздесе, 
«Құрақ құрау» тарауында мұғалім оқушыларды ұлттық жастық пен көрпеше 
құрақ түрлерімен таныстыру арқылы  олардың түстерінң үйлесімділігін табу 
жолдарын  үйретеді.  «Тігіс  тігу,  кестелеу»  тарауында  мұғалым  оқушыларды 
мата  өңдеу,  тігіс  тігу,  кестелеу  түрлеріне  үйретсе,  «Зергерлік  жұмыстар» 
тарауында  оқушыларға  зергерлік  өнерінде  шеберлік,  ұқыптылық, 
шыдамдылық талап етілетіні айтыла отырып, ұлттық бағдарламада берілген 
зергерлік  өнер  түрлерінде  әр  түрлі  материалдарды  қолдану  негізінде  шағын 
бұйымды көркемдеп безендіруге машықтандырады. 
Қорыта  келгенде,  ұлттық  бағдарлама  негізінде  өткізілетін  еңбек 
сабақтарында  оқушылар  политехникалық  білім  алумен  қатар,  жалпы 
политехникалық біліктілікті, яғни еңбек барысын жоспарлауға, жұмыс орнын 
ұйымдастыруға дағдыланады, бұйымды белгілеу, өлшеу, қию, өңдеу, жинау, 
монтаждау, сәндеу іскерлігін меңгеріп шығады. 
 
 
 
1.2 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН 
ДАМЫТУ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал