Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1.05 Mb.

бет1/8
Дата02.04.2017
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  



Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

А. Джуматаева, П. Балташ, А. Досов  

 

 



КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ 

МЕН ДАМУЫ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Павлодар 

2012  


 



УДК 377.000.93 (07) 



ББК 74.5я7 

Д 37 

 

 



 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  

Ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған 

 

 



 

 

Пікір жазғандар: 



 

Алинова  М.  Ш.  –  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университеті, 

педагогика ғылымдарының докторы; 



 

Курабаева Ф. А. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика 

ғылымдарының кандидаты 

 

 

Д  37  Джуматаева  А.И.,  Балташ  П.,  Досов  А.  Кәсіптік  білім  берудің  тарихы  мен 



дамуы. Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2012.  – 89 бет. 

 

 



 

ISBN 978-601-267-179-1 

 

Оқу  құралында  кәсіптік  білім  берудің  тарихы  мен  дамуының  мазмұны  сипатталған. 



Бұл жинақта үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесі және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 

оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру қарастырылған.  

Оқу  құралы  кәсіптік  оқыту  мамандықтары  бойынша  оқитын  кәсіптік  мектеп,  лицей, 

колледж, институт білім алушыларына және білім беру қызметкерлеріне арналған. 

 

 

 



 

УДК 377 (07) 

                                                         ББК 74.5я7           

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© Джуматаева А, Балташ П, Досов А., 2012 



© ПМПИ, 2012 

 


 



Алғы сөз 



 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2010  жылғы  Қазақстан  халқына  кезекті 

Жолдауында  «Біз  кәсіптік  және  техникалық  білім  берудің  мазмұнын  толық 

жаңартпақ ниеттеміз» деген.  

Еліміздің  білім  беру  саясатын  айқындайтын  Қазақстан  Республи-

касындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік 

бағдарламасы  және  басқа  да  құжаттарындағы  білім  беру  жүйесін  дамыту 

талаптары  интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыру  туралы  нақты  міндеттерінен 

туындап 

отыр. 


Олар 

төмендегі 

бағыттарды 

қамтиды: 

біріншіден, 

интеллектуалды  еңбектің  мәртебесін  көтеріп,  жастардың  білімділікке, 

парасаттылыққа,  Отан  мен  халыққа  қызмет  етуге  деген  қарым-қатынасын 

өзгерту,  екіншіден,  ұлттық  интеллектінің  діңгегін  құру,  ол  үшін  халықаралық 

деңгейде  бәсекеге  түсе  алатын  білімді,  жаңаша  ойлайтын,  қабілеті  мол 

азаматтар  қалыптастыру,  үшіншіден,  білім,  ғылым  және  инновациядағы 

серпілісті  қамтамасыз  ету.  Бұлардың  барлығы  да  жаһандық  әлемдегі  білім 

беруді  дамытудың  негізгі  факторы  адами  капитал  рөлін  арттыру,  адами 

ресурстарға  деген  жаһандық  бәсекелестіктің  өсуі  және  жаңа  технологиялық 

толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.  

Сондықтан,  қазіргі  кезде  Қазақстанның  экономикалық  жағдайы,  оның 

қаншалықты  нарық  жағдайына  бейімделуіне  білікті  жұмысшы  мамандарына 

деген  сұранысты  қанағаттандыру  мәселесіне  тікелей  байланысты.  Қазақстан 

елінің  ресурстық  байлығын  игеретін  білікті  жұмысшыларды  дайындау 

қажеттілігі  туындайды.  Олай  болса,  білікті  жұмысшыларды  дайындау  кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарында  жүзеге  асырылады.  Кәсіптік  білім  беретін  оқу 

орындарының  білім  алушыларына  кәсіптік  білім  беруді  меңгертудің  алғашқы 

кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. 

Бұл  оқу  құралының  мақсаты  –  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарының 

білім  алушыларына  кәсіптік  білім  берудің  тарихы  мен  дамуының  мазмұнын 

және  үздіксіз  кәсіптік  білім  беру  жүйесін,  кәсіптік  мектепте  оқу-тәрбие 

жұмысын ұйымдастыруды оқып-білуге бағыттау.  

Кәсіптік  білім  берудің  тарихы  мен  дамуы  жайлы  берілген  мәліметтер, 

кәсіптік  оқыту  мамандығын  игеріп  жатқан  оқушылар  мен  студенттерге  және 

білім  беруші  педагогтерге  көмегін  тигізсе,  авторлардың  мақсаты  орындалады 

деуге болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



1 Ерте ғасырда адамды еңбекке дайындаудың негізі 



 

1.1 Ұрпақты еңбекке баулу 

Ұрпақты  еңбек  іс-әрекетіне  дайындау  адамзат  өз  тарихының  әр 

кезеңдерінде  түрлі  жолмен  шешімін  тапқан,  маңызды  әлеуметтік -

педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. 

Ертеде  болашақ  буынды  еңбекке  дайындау  тікелей  еңбек  іс-

әрекетінің  барысында  жүзеге  асырылды.  Бұл  жұмысты  іске  асырған  – 

отбасы,  қоғам.  Еңбек  бөлінісінен  жер  өңдеу,  мал  шаруашылығы,  қолөнер 

пайда  болғаннан  кейін  жастарды  тіршілік  әрекетіне  отбасында 

дайындады.  Аңшылық  қауымдағы  шаруашылық  кәсібі  адамдардың 

өндірістік  формадағы  егіншілік  пен  шаруашылық  еңбектерімен  ұласты. 

Қоғамдағы  шаруашылық  және  әлеуметтік  байланыстардың  күрделенуі 

өндіріс құралдарына иелік ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады. 

Қоғамдағы  билеуші  топтар,  көсемдер,  ақсақалдар,  дінбасылары 

балаларды  еңбекке  баулу  тәрбиесіне,  есеп-шотты  пайдалануды  үйретуге, 

тәрбие  мазмұнын  кеңейтуге  назарларын  бөле  бастады.  Жер  өлшеу,  ауа 

райын,  су  тасқындарын  болжау,  адамды  емдеу,  білімін  үйрететін  арнаулы 

мекемелер  (мектеп  типтес)  ашылды.  Онда  балалардың  практикалық 

іскерліктері  мен  дағдылары  жетілдірілді.  Жинақтаған  өмір  тәжірибесін 

адамдар  ұрпақтан-ұрпаққа  беру  бірлескен  еңбек  іс-әрекетінде  қамтылып 

отырды.  Олар  балаларын  өздерімен  бірге  ертіп  жүріп  аң,  балық  аулауға 

және  жеміс-жидек  жинау  жұмыстарына  үйреткен.  Осы  жұмыстарды 

орындаудың әдістерін меңгеруге және ептілікке, шеберлікке баулыған. 

Құл  иеленушілік  қоғамда  тәрбие  жұмысына  арналған  арнайы 

мекемелер  мен  кәсіпқой-тәрбиешілер  пайда  болды.  Құл  иеленушілердің 

балалары жекеменшік немесе мемлекеттік мектептерде тәрбие алды, онда 

олар  гимнастика  және  әскери  істермен  айналысуға,  музыкаға,  ән  салуға, 

оқуға  және  жазуға  үйренді.  Кейбір  мектептерде  геометрия  және 

астрономия  сабақтары  берілді,  олар  сәулетшілікке,  құрылысқа,  кеме 

жүргізуге қажет болды. Құл иеленушілік кезінде ой еңбегі мен дене еңбегі 

бөлінді.  Құл  иеленушілердің  балалары  мектепке  барды  және  олар  дене 

еңбегінен босатылды. Дене еңбегі тек қана құлдарға арналды. Құлдардың 

балалары  жас  кезінен  бастап  құл  иеленушілік  шаруашылығында  еңбек 

етіп, қолөнер-еңбек тәрбиесін алды және тіл алуға, бой ұсынуға үйренеді.  

Құл  иеленушілік  қоғамы  кезінде  ерте  Грецияда  «педагог»  термині 

құл иеленушінің баласына қарайтын, оны мектепке ертіп апаратын құлды 

айтқан.  Пейдагос  деген  грек  сөзі  (пейда  –  бала,  гогос  –  жетектеп  апару) 

бала  жетектеп  апару  мағынасын  білдіреді.  Кейіннен  келе  педагог  деп 

балаларды  оқытып  тәрбиелейтін  адамдарды  айтқан.  Осы  сөздің 

мағынасына сәйкес тәрбие жұмысына арналған  педагогика ғылымы пайда 

болды. Сол уақытта пайда болған «мектеп» термині грекше  бос уақытты 



өткізетін оқу орны  дегенді білдіреді.  Демек, алғашқы қауымдық қоғамдағы 

тәрбие  антропосоциогенетикалық  атты  арнайы  кезеңде  пайда  болды, 



 

социобиогенетикалық  деңгейде  әлеуметтік  қызмет  атқаратын  жабайылық 



деңгейде  қалыптасты.  Алғашқы  қауымдық  өркениетте  тәрбие  рационалды-

әлеуметтік  деңгейде  болды.  Алғашқы  педагогикалық  дәстүрлер  адамның 

балалық шағына ерекше назар аударды.  

Қауымдағы  алуан  түрлі  кәсіптердің  дамуына  байланысты,  кәсіпке 

дайындықты  меңгеру  үдерісі  біртіндеп  күрделене  түсті.  Соған  байланысты  

VI-IX ғғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік – оқыту формасы пайда болды. 

Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге шеберліктің 

құпия  сырын  түсінуге  және  оның  түрлі  рәсімдерін  орындауға  да  баулыды. 

Шығыс  славяндар  арасында  шеберлер  ерекше  киелі  қасиетке  ие  деген  ұғым 

қалыптасты.  

 

1.2 Орта ғасыр ғұламаларының еңбек тәрбиесіне деген ой-пікірлері 

Орта  ғасырда  философтар  мен  дін  ілімін  насихаттаушылар  тәрбие 

мәселелерін  зерттеді.  Мұндағы  педагогикалық  ойларда  діни  сенімдер  бояуы 

көрініп тұрды және діни қоғамдарға сенушілік басым болды. Феодалдық қоғам 

діни  ілімді  уағыздайтын  саясаты  басым  болғандықтан,  жастарды  сословиелік 

тәрбиелеуімен  сипатталады.  Феодалдардың  ұлдары  әскери  қызметке 

дайындалды. Оларды атқа мінуге, суда жүзуге, қылыштасуға, найза лақтыруға, 

аң  аулауға  үйретті.  Болашақ  дін  басшылары  шіркеу  мектептерінде  оқыды. 

Дәулетті  шаруалар  мен  қолөнершілердің  балалары  шіркеуге,  шіркеу 

қоғамдастығына  барып,  шоқынып  табынуға,  шіркеуде  діни  оқуға,  жазуға  және 

санауға үйренді. 

ХІ ғасырда  «механикалық өнердің» рөлін ашатын бірінші педагогикалық 

шығармалар  пайда  болды.  Адамзат  ілімінің  молайып,  ақыл  парасатының 

жетілуін  оқу-ағартудың  қажеттілігін  айтып  білім  алудың  маңызын  анықтауда 

орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі Әбунасыр Әл-Фараби болды. Әл-

Фараби тәрбиенің ішінде еңбек тәрбиесінің ғылымға негізделуі қажет  деді. Ол 

ғылымды  тарихи  процесс  деп  түсініп,  ғылым-жүйелі  түрде  құрылған  білімнің 

жоғарғы  формасы  деген  анықтама  жасады.  Ол  ағарту-оқу  мен  тәрбие  туралы, 

еңбек  мәдениеті  туралы  ілім  жасады.  Еңбектің  өзі  өнер  –  еңбек  тәрбиесі  сол 

өнерден  туындайды,  әрбір  адамды  еңбекке  баулиды,  еңбек  шеберлігіне 

үйретеді.  Олардың  еңбек  ету  дағдысын  қалыптастырады  –  деген  болатын  Әл- 

Фараби.  Ол  тәрбие  теориясын  жасауда  Аристотель  негізіне  анықтама  береді. 

Демек,  ол  қандай  да  болсын  құбылысты  түсіндіруге  бағытталған  ұғымның, 

идеяның,  белгілі  бір  саласының  мәнді  байланыстары  мен  заңдылықтары 

жөнінде түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген 

қағиданы  ұдайы  басшылыққа  алып  отырды.  Ұлы  ойшыл  Әл-Фараби  тарихи 

шындықты,  еңбекті,  тәрбиені,  оның  ішінде  еңбек  тәрбиесін  адамның  игілігі, 

бақыты үшін қолдануды армандады. 

Орта  ғасыр  ғұламалары  Баласағұн  Жүсіп  еңбек  тәрбиесін  отбасы 

тәрбиесімен  ұштастыра  қарастырды.  Ол  баланы  отбасында  қалыптастыра 

түсудің, жеке тұлға етіп тәрбиелеуді өз шығармаларының арқауы етті.  

Жасөспірімдерді  қалыптастыру,  оларды  еңбек  үстінде  шыңдайды  және 



 

жетілдіре 



түседі 

деген 


Қыдырғали  Қосанұлы 

Жалаиридің 

тәрбие 

тағылымдарының  маңызы  ерекше.  Ол  өзінің  «Жалши  ат-тауарих»  еңбегінде 



Қазақстанда  рулық,  патриархалдық-феодалдық  қатынастардың  қалыптасуы 

туралы  айта  келіп,  өз  шыққан  тайпасын  отырықшылыққа  отырғызып,  еңбек 

арқылы халық мәдениетіне, молшылыққа жететінін, жастар жан-жақты жетіліп, 

толысуы үшін еңбек тәрбиесінің, еңбектің атқаратын рөлін жоғары бағалады.  

Қазақтың  ғұлама  ғалымы  Қыдырғали  Жалаири  еңбектің  түрлерін 

белгілеген:  Шежіре  кітабында  әрбір  руға  байланысты  еңбектің  түрлерін 

келтірген. Ол еңбек атауларында, халықтың салт-дәстүрін көрсеткен. Олар: адал 

еңбек,  пайдалы  еңбек,  халықтық  еңбек,  көпшілік  еңбек,  бірлестік  еңбек.  Ол 

жастардың  халықтық  еңбекпен  айналысуын  мақұл  көреді.  Ол  туралы  өлең 

жолдарын арнады: 

Халқынның қамын жесең, таза еңбек ет, 

Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. 

Болашаққа апарар бірақ жол бар, 

Білім, еңбек, тәрбие – ол парасат. 

деп  автор  адамның  сапалық  қасиеттері,  тәрбиенің  күшінен  болады  –  деп 

мойындайды. 

Мұхаммед Хайдар Дулати  «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде адамдардың 

жеке  басының  дамуын,  қоғамның  және  қоғамдық  прогрестің  дамуымен 

ұштастырды.  Адам  қоғамдық  тұлға  болғандықтан,  қоғамда  ғана,  сол  арқылы 

дами алады. Ал, жеке адам жөніндегі және оның жан-жақты жетілуі, жаңа адам 

болып  қалыптастырудың  жолдарын  және  оны  тәрбиелеудің  құрал,  тәсілдерін 

белгілеп  шешудегі  еңбек  пен  еңбек  тәрбиесінің  рөлін  Хайдар  бірінші  орынға 

қойды.  

Еңбек  пен  еңбек  тәрбиесінің  ғылыми  негізін  қолдауда  ХІІ  ғасырда 

жазылған  «Әл-Фарабидің  энциклопедиясы»  атты  еңбегінің  маңызы  ерекше. 

Халық ауыз әдебиетінде, ертегі, жырларында мінсіз, идеалды адамдар бейнесін 

көптеп  кездестіреміз.  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  өзінің  «Қайырлы  қала 

тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегі мен философиялық трактаттарында 

бірін-бірі  ренжітпейтін  әділ  қоғамда,  барлық  жағынан  жарасымды  дамыған 

адамды қалыптастыруды сол дәуірдің өзінде аңсаған. Баласағұн Жүсіп «Құтты-

білік»  дастанында  «Рухани-байлық»  деген  интеллекті  ақыл-ой,  сана-сезім 

жағынан шыңдағандықты, адамның рухани өсуінің кезеңдерін, жастарды солай 

тәрбиелеп, баулуды еңбекте қалыптастыруды жырлады. 

Әл-Фарабидің «Қайырлы-қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегі 

– ағылшынның атақты утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болғаны 

белгілі. Ибн Сина ұлы гуманист, еңбек туралы былай тұжырым жасайды: «Егер 

қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда 

тіпті  жұмысқа  жарамсыз  адамдарды  түгелдей  асырап  бағуға  болады,  ол  тек 

еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді» деген. 

Баласағұн  -  еңбек  тәрбиесінің  жаршысы.  «Еңбегі  бардың  өңбегі  бар» 

деген  Баласағұн  мұрасы  ретінде  Абай  пайдаланған  оны  дәлелдейтін  материал 

бар.  Абай  оны  әрі  қарай  түрлендіріп:  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның 



 

тіленбей» деп, немесе «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» деп 



еңбек  пен  еңбек  тәрбиесінің  практикалық  мәнін  аша  түседі.  Баласағұнның 

этикалық, тәрбиелік, еңбектік, білімдік тағылымдары мен қағидалары Әбу-Әли-

Ибн Сина ілімімен сабақтас. Ақын шығармашылығында Фирдаусидің әсері зор. 

Баласағұн  Жүсіп  «Құтты-біліктен»  басқа  да  көптеген  рубайлар  жазған.  Оның 

рубайларының  тәрбиелік  тағылымы  негізінде  үш  сатыға  бөлінеді.  Бірінші  – 

әрбір  жеке  адамның  білімді  болуы,  білімді  болу  үшін  оқу  қажет.  Екінші  – 

барлық,  байлық,  молшылық  –  ол  үшін  еңбек,  кәсіп,  адалдық,  тазалық  қажет. 

Үшінші – әлеуметтік табиғи күштілік. Ол үшін бірлік, достық, бостандық керек. 

Баласағұн дастанында тәрбие, еңбек, еңбек тәрбиесі бірінші кезекке қойылған, 

бала  тәрбиесінің  бастауы  отбасы,  ошақ  қасынан  туындайды,  соған  етене 

байланысты. 

Қала  халқының  мәдени  өмірінде  ислам  дінін  уағыздаушы,  сопы 

ақындардың  ішінде  Ахмет  Иассауидың  (1103-1166  жж.)  шығармалары  елеулі 

орын  алды.  Оны  Қожа  Ахмет  Иассауи  деп  те  атайды.  Ол  Оңтүстік 

Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына 

зор  әсерін  тигізді.  Қожа  Ахмет  өлеңдері  көпшілік  арасында  кеңінен  тарады. 

Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмет» («Даналық жайындағы кітап») деген 

еңбегі  ерекше  бағаланды.  Ақиқатты,  шындықты,  адалдық  пен  тазалықты, 

имандылықты уағыздаған.  

Қожа Ахмет бір өлеңінде былай дейді: 

Қожа Ахмет басыңды елге ие біл,  

Ақиқатты ары таза сүйе біл. 

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен, 

Халық қана дүниеге ие бол. 

Ахмет  Иассауидің  Хакім  ата  деген  атпен  елге  есімі  белгілі  Сүлеймен 

Бақырғани сияқты шәкірттері де аз болмаған. Қожа Ахмет Иассауи Сайрамнан 

Исфиджабтан шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгілі Арыстан-баба 

немесе Баб Арсылан болған. Ол жөнінде Қожа Ахмет өз шығармаларында атап 

кетеді. 

Омар  Һайямның  ағартушылық  және  тәрбие  туралы  ой-пікірлері  

(1048-1122).  Омар  Һайям  Гисясаудин  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  Фратх  ибн 

Ибраһим  парсы-тәжік  ақыны,  математик,  философ,  ағартушы.  Хоросандағы 

Нишапурда  туып,  ғұмырының  көбін  Баех,  Самарқан,  Мерв,  Ибфапан 

қалаларында  өткізді.  Әйгілі  ғұламалардан  дәріс  алды.  Аристотель  мен  Ибн 

Синаның философиялық көзқарасын жалғастырды.  

Омар Һайям математика ғылымының тәрбиелік мәнін ашты. Қатынастар, 

пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы екінші кітабында Евклидтің 

қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға 

күш  салды.  Қатынастардың  құру  және  оларды  зерттеу  туралы  кітабында 

шамалардың  рационы  және  иррационал  қатынастарына  сандық  өрнек  табу 

жөніндегі Әл-Фараби идеясын дамытып сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін 

дәлелдеді.  



 

Омар  Һайям  өмір  сүрген  дәуірде  айнала  ортаны,  халықты,  оның  ұлы 



адамдарын  өз  өлеңдерінде  және  рубайларында  жырға  қосты  мадақтады. 

Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты деген ой түйді. Еңбек, білім, 

тәрбие адамды ұлы етеді деді. 

Оны былай жырлады: 

Еңбек, білім, тәрбие,  

Басын қоссаң мәнді де. 

Үшеуін бірдей меңгерсек, 

Жібермес  сені  «өлімге»  –  деп  жырлауы  үшеуінің  мәңгілік  категориясы, 

тәрбиенің  еңбек,  адамгершілік  еңбек  тәрбиесінің  бірлікте  жүзеге  асырылуын 

уағыздап тұрғандай. 

Омар  Һайям  өзі  өмір  сүрген  дәуірде  халықтың  мұң-мұқтажын,  тыныс-

тіршілігін,  өмір  сүру  молшылығын  аңсаған,  жоқтаған  және  жақтаған.  Осы  бір 

байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді. Атақты Абай Омар Һайямның 

ғалымдық  және  ақындық  мұрасын  оның,  сол  дәуірдегі  жастарды  тәрбиелеу, 

жастарды  іске  үйрету,  пайдалы  өмірге  жұмылдыру  туралы  ақыл-кеңестері  мен 

рубайлары негізінде өзінің мына өлеңін жазған болатын: 

Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,  

Бәрі де шаруаға келеді олақ. 

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,  

Қу борбай, шолақ етек, сымпыс Шолақ – деді.  

Демек,  Омар  Һайямды,  оның  еңбек  пен  еңбек  тәрбиесі  тағылымына 

сүйенген,  оны  ХІХ  ғасырға  дейін  жеткізген  Абай  екеуі  де  еңбек  пен  еңбек 

тәрбиесін ту етіп көтереді.  

Абайдың  адамгершілік  тағылымдары,  оны  еңбекпен,  еңбек  тәрбиесімен 

ұштастыра  білуі  немесе  Абайдың  адамгершілік  те  ақылды  еңбекке  араласуы 

арқылы  пайда  болады,  қалыптасады  –  деп  жырлауы  Әл-Фараби  мен  Омар 

Һайям  тағылымдарынан  арқау  еткенін  38  қара  сөзінде  жазып  кеткен,  онда 

былай  деген:  Жастау,  тіпті  үлкен  адамдар  еңбек  сүйгіштікке,  еңбек  ете  білуге 

және  еңбекке  ынталы  болғанда  ғана  өзіне  бақытты  өмір  құра  алады.  Еңбек-

тұрмыс  молшылығын,  еңбек  байлығын,  орта  молшылығын  жасайды.  Ол 

философиялық 

көзқарастарында 

да 

тәрбиені, 



еңбек 

тәрбиесін, 

адамгершілік  сапаларын  қалыптастыратын  тағылымы  ерен  артық  туынды 

деген.  ХІ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  Омар  Һайям  өлеңдерінің 

жырларының  өміршендігі  тәрбие  тағылымдарын,  шындықты  дәл  басып 

көреді. 


Әлішер  Науаи  жастарды  жан-жақты  жетілдіруді  егіншілік  өнеріндегі 

қоғамдық  –  пайдалы  еңбекпен  байланыстыра  қарап,  соған  өлең  жырларын 

арнады. Әсіресе, бау-бақша кәсіпшілігі, оқушылардың жазғы еңбек тоқсандары, 

ондағы  өндірістік  еңбекпен  шешілетінін,  ондағы  еңбек  тәрбиесінің  ықпалын 

көрсетіп  берді.  Науаидің  ағартушылық  және  философиялық  көзқарастарында, 

адамды  жан-жақты  жетілдіруді  табиғаттан  туындатқан.  Осы  негізде  ол: 

«Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөле қарауға болмайды» – деген өсиет 

қалдырды.  



 

Мақтымқұлы  адамды,  жасөспірімдерді  жан-жақты  жетілдіруде  қызметті 



және  оқуды  күнделікті  өмірмен  байланыстырудың  практикалық  мазмұны  мен 

мәнін,  ондағы  еңбек  тәрбиесіндегі  рөлін  жазушылық,  ұстаздық  ретте  өзі  өмір 

сүрген  дәуірде  шешкен  болатын.  Ол  өзінің  «Ер»,  «Түркімен»,  «Елменен», 

«Керекті», «Бала мен ата», «Бала мен ана» атты балаларға арналған өлеңдерінде 

балалар  мен  жасөспірімдерді  жан-жақты  жетілдіруді  қалыптастыру  демек 

тәрбиені, оқуды өмірмен, қоғам дамуымен ұштастыра жүргізген де ғана болады 

– деген ғылыми қағиданы айтты және өзінің тәрбие тағылымдарын толықтыра 

түсті.  


Науаидың  дәлелдеуінше  еңбек  –  қоғамдық  дамудың  жемісі.  Олар 

қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек 

тәрбиесі  еңбектен  туындайды  –  деп  үлкен  көрегендік  жасады.  Науаи  - 

Орта ғасырдағы тәрбие ілімінің негізін салушылардың бірі. Өйткені, оның 

тәрбие 

тағылымдары 



тәрбиенің 

барлық 


түрін 

қамтиды. 

Жас 

бүлдіршіндерді еңбекке шақырады. «Бақтағы бала» деген өлеңінде:   



Көбелекті қуалап, 

Бақта жүр бала секіріп, 

Зиянкесті түгел жояды. 

Қалдырған дақты өшіріп,  

Жүзімдерін саялап, 

Гүлдерге су құяды. 

Бүлдіршіннің бұл да еңбегі, 

Баққа деген миуалы. 

Аралары бақтағы 

Гүл шырынын жияды, - дейді ұлы ақын. 

Демек, ол бала тәрбиесінің бастауы еңбек деген тұжырым жасады. 

Көп уақыт ішінде педагогика ғылымы философия құрамында болып, 

өз  заманына  сәйкес  өзіндік  ерекше,  дамушы  идеялармен  дамып,  жетіліп 

отырды.  Ежелгі  грек  философтары  Героклит,  Демокрит,  Аристотель  және 

басқалардың ғылыми  еңбектерінде тәрбие  жөнінде көптеген  қызық  ойлар 

болған. 


Қазақтардың  шаруашылығында  әртүрлі  қолөнер  мен  үй  кәсіпшіліктері 

елеулі  орын  алды,  олардың  көпшілігі  мал  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеумен 

байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске 

бояуды  білген,  олар  теріге,  металға  және  тағы  басқа  материалдарға  батыру 

арқылы  өрнектеуді,  құрап-жамау  және  кестелеп  тігу  тәсілін  шебер  меңгерген. 

Ибн  Рузбиханның  мағлұматына  қарағанда,  қазақтар  «таңғажайып  өрнек 

салынған түрлі түсті текеметтер және өте әдемі әрі көркем, оймышты белдіктер 

жасаған».  XVI  ғасырда  қазақтардың  үй  қолөнерінің,  мысалы,  тері  өңдеудің 

жоғары  даму  дәрежесінде  болғанын,  атап  айтқанда,  XVI  ғасырдағы  осман 

авторы Сейфи Челебидің деректері қуаттайды. «Оларда қой, жылқы және түйе 

көп,  деп  жазады  Сейфи  қазақтар  туралы,  -  олардың  тұрғын  үйлері  арбаларға 

орнатылады.  Олардың  тондары  қой  терісінен  тігіліп,  түрлі  түске  боялады, 

сөйтіп  атласқа  ұқсайды.  Оларды  Бұқараға  апарып,  онда  атластан  тігілген 


 

10 


шапанның  бағасындай  бағамен  сатады,  олар  сондай  ғажап  және  әдемі.  Оларда 

нақ  сол  қой  терісінен  тігілген  ғажайып  шекпендері  де  бар.  Олардан  су  мүлде 

өтпейді  және  ылғал  әсер  етпейді:  бұл  тері  өңдеу  үшін  пайдаланылатын,  сол 

жерлерде өсетін кейбір шөптердің қасиетінен». 

Киіз  басу,  тері  илеу,  былғары  жасау,  теріден  бұйымдар  тігу  және  т.б. 

сияқты еңбекті көп керек ететін және денеге салмақ түсіретін ауыр жұмыстарды 

көшпелі  қоғамда  түгелдей  әйелдер  атқарды.  Сонымен  бірге  әйелдер  қой  мен 

ешкі  бақты,  киіз  үйлерді  тігіп,  жығып  отырды,  мал  саумен,  мал  өнімдерін 

ұқсатумен,  тамақ  дайындаумен  және  басқа  да  үй  істерімен  айналысты:  жас 

балаларды бағып-күту де әйелдердің мойнында болды. Қысқасы, көшпелілерде 

шаруашылық  қызметке  әйелдердің  қатысу  үлесі  еркектердің  еңбек  үлесінен 

едәуір  асып  түсетін  еді.  Тұрмыстағы  еркектер  мен  әйелдер  еңбегінің  мұндай 

арақатынасын  көшпелілерде  мал  өнімдерін  өңдеуге  және  үй  шаруашылығын 

жүргізуге  байланысты  дене  еңбегі,  әдетте,  еркін  еркекке  лайықты  емес  деп 

саналып,  сондықтан  түгелдей  әйелдерге,  мүмкін  болуына  қарай  құлдарға  да 

жүктелуімен  түсіндіруге  болады.  Алайда  жоғары  да  айтылғандар,  әрине, 

тұрмыста  еркектер  мүлде  еш  нәрсе  істемеген  дегенді  білдірмейді.  Көшпелі 

қоғамның  еркін  еркектері  қару-жарақ  заттарын,  ат  әбзелдерін,  ер-тұрман, 

арбалар  дайындады,  үй  салды,  өздері  үшін  де,  әйелдер  үшін  де  етіктер  тікті, 

«ішінара  малға  да  қарап  жүрді»,  атуға  жаттықты,  аң  мен  құс  аулады. 

Еркектердің  ең  басты  міндеті  отбасы  мен  мүлкін  қорғау,  соғыс  қимылдарына 

қатысу болды.  

Қорыта  айтқанда,  қазақтардың  шаруашылығы  мен  тұрмысы  мал 

шаруашылығы болған. Қазақтардың шаруашылығында әртүрлі қолөнер мен үй 

кәсіпшіліктері  елеулі  орын  алды,  олардың  көпшілігі  мал  шаруашылығы 

өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, 

оларды  түрлі  түске  бояуды  білген,  олар  теріге,  металға  және  тағы  басқа 

материалдарға  батыру  арқылы  өрнектеуді,  құрап-жамау  және  кестелеп  тігу 

тәсілін шебер меңгерген. 



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал