Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/29
Дата07.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ 
ФИЛИАЛЫ 
«
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ» 
 
 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ 
КАЗАХСТАН 
ФИЛИАЛ АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ 
КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» «ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ 
КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО 
АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ»  
 
 
 
«
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 
мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері
» 
атты Республикалық ғылыми-әдістемелік оn-line конференция 
 
МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ 
 
 
 
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 
Республиканской научно-методический оn-line  конференции   
«
Актуальные проблемы преподавания государственного   
языка в рамках обновления содержания образования»  
 
 
 
 
26 
мамыр 
                                                                                              26 
мая 
 
 
 
 
Алматы - 2017     

«Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Филиалы 
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру институты» 
 
Редакция алқасы 
Кенесбаев С.М. (ғылыми редактор), Ауелгазина Т.К. (жауапты 
редактор), Ибрагим Қ.Ә., Мұхтаров А.Х., Болсынбаева А.Ж., Қылышбекова 
Н.Ұ. 
 
 
 
 
«
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді 
оқытудың өзекті мәселелері
» 
атты Республикалық ғылыми-әдістемелік  
оn-line конференцияның материалдары. – Алматы, 2017. – 269 бет. – 
қазақша, орысша. 
 
 
 
«
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді оқытудың 
өзекті  мәселелері
» 
атты  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  оn-line 
конференцияның  материалдары  білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында 
мемелкеттік  тілді  оқытудың  өзекті  мәселелерін  жан-жақты  зерделеуге 
арналған.  Бұл  еңбекте  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  мемлекеттік 
тілді  оқыту  үдерісі  мен  біліктілікті  арттыру  жүйесіндегі  білім  мазмұнын 
жаңарту    аясында    мектеп  педагогтерінің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту 
мәселелеріне кешенді талдау жасалған. 
Конференция  материалдарындағы  ғылыми-теориялық  әрі  тәжірибелік 
мақалалар  ізденушілерге,  магистрлер  мен  мұғалімдерге,  сонымен  қатар,  
білім  беру  ұйымдарындағы  мемлекеттік  тілді  оқыту    мәселесіне 
қызығушылық танытатын тұлғаларға арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» 
 
АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагог  
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», 2017ж. 

 

       
«...Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын Ту, 
Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан» 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
                                                                                                                               
«
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік 
тілді оқытудың өзекті мәселелері
» 
 
атты Республикалық ғылыми- әдістемелік  оn-line 
конференцияның  
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСІНІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ 
 
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ  
 
Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы 
саяси ғылымдарының докторы, доцент, Педагогикалық білімнің 
халықаралық Ғылым Академиясының академигі, 
«ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылым 
жөніндегі орынбасары 
 
Тілден биік асқар жоқ, 
 
тілден асқан байлық жоқ, 
тілден терең теңіз жоқ 
Қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов 
 
Кез  келген  халықтың  тағдыры,  мәдениеті  мен  болашағы  тіліне  тікелей 
байланысты. Мемлекеттік тіл  халықтың рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты 
танытатын 
басты 
белгі. 
Ол 
– 
ұлт 
болмысын 
ұғындырып, 
төңірегіне   жұртты   топтастырушы,  біріктіруші  фактор.  Осы  орайда 
Конституциядан  бастау  алған  1997  жылғы  11  шілдеде  қабылданған 
«Қазақстан  Республикасындағы  Тіл  туралы»  Заң  тілді  дамытудың  негізгі 
бағыттарын айқындап берген маңызды құжат екендігі анық.  
Үкімет  қабылдаған  нормативтік-құқықтық  актілердің  өз  дәрежесінде 
орындалуы үшін бағдарлама қажет екенін уақыт өзі көрсетіп берді.  Сөйтіп, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011  жылғы  29  маусымдағы  №110 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 
мемлекеттік  тілді  дамытуға  ерекше  серпін  берді.  Бағдарламаның  мақсаты 
Қазақстанда  тұратын  барлық  этностардың  тілдерін  сақтай  отырып, 
қазақстандық  біртектілік  пен  бірлікті  нығайтудың  аса  маңызды  факторы 
ретінде  мемлекеттік  тілдің  кең  ауқымды  қолданысын  қамтамасыз  ететін 
үйлесімді  тіл  саясаты  әлі  де  жетілдіре  түсу  болып  табылады.  Бұл  құжатта 

 

«мемлекеттік  тілді  қолданудың  беделін  арттыру»,  «мемлекеттік  тілге 
сұранысты  арттыру»,  «тіл  мәдениетін  жетілдіру»  сияқты  аса  маңызды 
міндеттер  алға  қойылған.  Бағдарлама  қоғамдық  өмiрдiң  барлық    саласында 
тiлдердi дамыту мен қолдануға бағытталған өзектi проблемаларды шешудiң 
нормативтiк-ұйымдастырушылық негiзi.  
Аталған  бағдарламада  Ұлт  Көшбасшысы  Отандастарымыздың  алдына 
2017 
жылы  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерген  қазақстандықтар  саны  80 
пайыз, ал 2020 жылы 95 пайыздан кем болмауы тиіс деген талап қойды [1]. 
Осы орайда тіл бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі 

жексенбілік мектептер мен ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыс 
жасау.  Бұл  халықтар  арасындағы  достықты,  ынтымақты  нығайтуға  елеулі 
ықпал етеді. Ел көлемінде мемлекетіміздің тіл саясатын жүзеге асыру үшін 
этникалық топтардың тілдерін дамытуға қолайлы жағдай туғызылуда. Басқа 
ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту мәселесінде қол жеткен табыстар баршылық 
екенін атап өткен жөн. Өзге тілдердің мүддесін ескере отырып, мемлекеттік 
тілдің  мәртебесін  көтеру  мақсатында  ұлттық-мәдени  орталықтарының 
жетекшілеріне  және  ана  тілі  оқытушыларына  арналған  «Ана  тілі  мен 
мәдениет - халықтың рухани байлығы» атты семинарлар, «Абай тілі – менің 
тілім» өлең-әндер сайысы, «Тіл – халық мәдениетінің айнасы» тақырыбында 
фестивальдар және басқа да іс-шаралар жүргізілуде.  
Сонымен  қатар,  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  аясында  ел 
көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, еліміздің қалалары 
мен  аудандарында,  департамент,  басқарма,  бөлімдерде  «Қазақ  тілі  – 
мемлекеттік басқару тілі ме?», «Ең сауатты көше» сауалнамалары жүргізіліп, 
«Қазақшаң  қалай,  мекеме?»,  «Тіліміздің  діңгегі  берік  болсын...»,  «Іс 
жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің өзекті мәселелері», «Тіл: кеше, бүгін, 
ертең»  дөңгелек  үстелдері,  «Тіл  –  мәдениет  негізі»,  «Мемлекеттік  тілдегі 
медицина»  пікір  таластары,  «От  ауызды,  орақ  тілді  шешендер»,  «Тіл 
құдіреті»  жас  ақындар,  көркем  сөз  шеберлерінің  сайысы;  «Тіл  мен  тарих  – 
халық  қазынасы»,  «Ұлт  тілімен,  құс  қанатымен»,  «Тіл  ұлттың  жаны, 
халықтың  үні»,  «Қазақ  тілі  әлемінде»,  «Ұлттық  тіл  –  тұмарым»  кітап 
көрмелері; «Мемлекеттік тіл – менің тірегім», «Тіл –жұтамас байлық» әдеби 
музыкалық  ойын-сауық  кештері;  «Өз  нышаны  жоқ  мемлекет  болмайды», 
«Ана  тіліне  еркіндік»  викториналары, «Қазақ  тілін  білу  –  достық,  ынтымақ 
белгісі»,  «Халықтың  мәңгі  ғұмыры  оның  тілінде»,  “Тіл  тағдыры»  дебаттық 
сайыстары,  «Бабалар  тілі-ғасырлар  тілі»  қазақ  тілі  мамандарының  байқауы 
және өзге де іс-шаралар өткізілді. 
Бүгінде  мемлекеттік  бағдарлама  аясында  балалар  әдебиеті,  сөздіктер, 
оқу-әдістемелік  құралдар,  әлемдік  классикалық  шығармалар  мен  танымдық 
энциклопедиялық анықтамалықтар да шығарылды. 
Сондай-ақ, «Ел бірлігі» доктринасында да мемлекеттік тіл ұлттық және 
рухани  бірліктің  басты  факторы  екені  көрсетіліп,  қазақ  тілін  меңгеру  әрбір 
қазақстандықтың азаматтық парызы саналатыны айтылған. 
Өз  кезегінде  жас  ұрпақ  өкілдерінің  бойында  ғасырлар  бойы  атадан 
балаға  мирас  болып  қалып  отыратын  тілдің  қадір-қасиетін  қалыптастыруда 

 

отбасы,  білім  беру  мекемелері  мен  қарым-қатынас  жасайтын  ортасының 
алатын орны айрықша. Білім ошақтарында жүргізілетін оқу және тәрбие ісі 
ХІғ. ұлы ойшылдардың бірі Махмұд Қашғаридың «Тәрбие басы – тіл» деген 
қанатты  сөзімен  ұштасып  жататыны  да  көпшілікке  мәлім.  Мемлекеттік 
тілімізді  ұрпақ  санасына  сіңіру  мәселесінің  отбасында  негізі  қаланып, 
балабақшада,  одан  кейінгі  білім  беру  ордаларында  (мектеп,  орта  білім, 
арнаулы  білім,  жоғары  білім,  мекемелер  т.б.)  жалғасын,  сабақтастығын 
табатындығы белгілі жайт.  
Қазіргі  заманда  тілді  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  тілді  шынайы  да 
толыққанды  қарым-қатынас  құралы  ретінде  үйрету  болып  табылады.  Осы 
орайда  білім  беру  мекемелерінде  тілдік  білім  беру  құндылыққа  айналып, 
өзінің үш аксиологиялық блогын қарастыруды алға тартып отыр. Олар: 

тілдік білім беру мемлекеттік құндылық;  

тілдік білім беру қоғамдық құндылық; 

тілдік білім беру тұлғалық құндылық [2]. Бұл құндылықтардың өзара 
байланыста  қарастырылуы  тілді  игерту  үдерісінде  оңтайлы  оқыту 
жүйелерінің  пайда  болуына  әкелері  сөзсіз.  Әрі  мемлекеттік  тілді  оқытуда 
теориялық  білім  мен  практикалық  дағдының  бірліктегі  болмысы  сақталуы 
маңызды.  
Сондай-ақ,  қазақ  тілін  оқытудың  мынадай  әдіснамалық  ұстанымдары 
басымдыққа алынуы қажет: 

қазақ  тілін  оқыту  арқылы  білім  алушылардың  қазақша  ойлауы  мен 
қазақша  тілін  дамыту  (яғни,  өзге  тілді  ұлттар  мен  қазақ  тілін  меңгермеген 
тұлғалар үшін) үдерісі өзіндік ерекшелігі мол ішкі құрылымға ие жүйе; 

қазақ тілін оқыту арқылы қазақша ойлауы мен тілін дамыту - қазақ тілі 
жүйесіндегі  тілдік  құбылыстарды  меңгерту  жолында  білім  беру  мен  тәрбие 
үдерісінің  тұтасқан  көрінісі.  Осының  негізінде  тілдің  философиялық 
табиғаты,  білім  алу  мен  оқытудың  философиялық  негіздемелері  міндетті 
түрде  оқытудың  әдіснамалық  бастау  көздері  болып  табылады.  Қазақ  тілін 
оқыту арқылы білім алушыларды тәрбиелеуге бағытталған оқу үдерісін тану 
үшін адамгершілік ұстанымдар басты негіз етіп алынуы тиіс [3].  
Өз  кезегінде  тілдің  ғылыми  негізін  меңгеру  үшін  оның  қоғамдық-
әлеуметтік  мәні  мен  рухани  құндылығы  өзара  үндескенде  ғана  жоғары 
нәтиже  беретіндігі  белгілі.  Сол  себептен  мектептер  мен  арнайы  орта  және 
жоғары  оқу  орындарының  бағдарламаларында  мемлекеттік  тілге  бөлінген 
сағат  санын  көбейтіп,  тілді  оқыту  әдістемесінің  сапасын  арттыра  отырып, 
оны  жаңа  технология  түрлерімен  ұштастырудың  мәні  ерекше.  «Осы орайда 
болашақта  жастарда  тілдің  өрісі  мен  пайдалану  аясын,  өресін  дамыту  үшін 
тілдің  қоғамдық  ортадағы  сұранысын  қалыптастыру;  мемлекетіміз 
көпэтносты,  көптілді  болғандықтан  тілдік  кеңістік  тудыру;  «Ана  тілінің 
тағдыры  –  ұрпақ  тағдыры,  ұрпақ  тағдыры  –  ел  тағдыры»  атты  тағылымды 
педагогикалық жүйе құру; әлеуметтік ортада, отбасында т.б. тілдік мәдениет 
қарым-қатынасын  орнату;  ақпарат  құралдары,  телерадио  арналарында  «Тіл 
мәдениеті»,  «Дұрыс  сөйлеп,  жаза  білейік»,  «Сөз  сыры»,  «Ана  тілі  –  анам 
тілі»,  «Менің  Отаным»,  «Мен  -  Қазақ  елінің  ұрпағымын»  т.б. 

 

тақырыптарында  және  басқа  да  хабарлар  топтамасын  ұйымдастыру  қажет 
деп есептейміз» [4]. 
Мемлекеттік  тіл  мәселесі  –  қай  уақытта  болсын  мемлекет  тарапынан 
баса  назар  аударар  басым  бағыттардың  бірі.   Мемлекеттік  тіл  –  халықты 
біріктіруші  басты  фактор  екенін  Елбасы  әр  жылғы  Жолдауларында  ұдайы 
тілге  тиек  етіп  келеді.  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының 
сессиясында 
сөйлеген 
сөзінде: 
«Біз 
барша 
қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторы  болып  табылатын  қазақ 
тілінің  одан  әрі  дамуы  үшін  барлық  күш-жігерімізді  салуымыз  керек. 
Сонымен  бірге  елімізде  тұратын  барлық  халықтардың  өкілдері  ана 
тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру 
қажет»,  - деп атап көрсеткен болатын.  Бұл ретте мемлекеттік тілді өмірдің 
барлық 
саласында 
қолданып, 
аясын 
кеңейту 
жолында 
әрбір 
қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқаруға тиіс.  
Демек,  «Мәңгілік  Ел»  мұратына  айналған  мемлекеттік  тілді  өз 
деңгейінде  абыройын  асыру,  мәртебесін  биіктету  –  бәріміздің  басты 
парызымыз.  Осылайша,  ел  халықтарының  тұтастығын,  өзіндік  бітім-
болмысын сақтауда мемлекеттік тілдің маңызы зор.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
// 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110 
2. 
Гершунский Б.С. Философия образования ХХI века (в поисках практико- 
ориентированных образовательных концепций).-Москва, 1997. – С.34.  
3. Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. Монография.- 
Астана, 2008. – 3-б. 
6.  Төлеубекова  Р.К.  Жастарды  ұлттық  құндылыққа  тәрбиелеудің  басым 
бағыттары // «Қазақ елі» пәні – жаңа заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек 
үстелдің материалдар жинағы /Бас редактор С.Ж.Пірәлиев/. – Алматы: Абай 
атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2013. – 63-б. 
 
 
ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлы 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби 
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының 
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты 
 
Оқушылардың  оқу  материалын  немесе  тақырыпты  белгілі  бір 
тапсырмаларды  орындау,  яғни  әрекет  арқылы  игеретіндігі  белгілі.  Жалпы 
«Оқушыларғаұсынылатын іс-әрекет немесе тапсырма қандай болуы керек?» 

 

деген сұрақ бәрімізді алаңдатуы тиіс. Әрине, ол жерде мұғалімнің шеберлігі 
керек-ақ,  оның  үстіне  тапсырманың  бәрі  оқу  мақсатына  негізделетінін 
ұмытпағанымыз абзал. Бұл - басты мәселе. Алдағы уақытта мұғалімдер тек 
оқу  мақсаттарымен  жұмыс  істейтін  болады.  Жасыратыны  жоқ,  көп 
сабақтарда  тапсырманы  оқушыларға  олардың  бос  отырмауы  немесе 
тапсырманың  қызықтылығы  үшін,  кейде  тіпті  іс-тәжірибесінің,  әдіс-
тәсілдерініңкөп екендігін көрсету үшін беретін секілді. Алайда басты мәселе 
– 
оқу мақсаты екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да сабақтағы барлық 
тапсырма,  қолданған  әдіс-тәсілдер  тек  оқу  мақсаты  мен  сабақ  мақсатын 
ашуға, соған жетуге бағытталуы тиіс. Айталық, оқу мақсаты оқылым болса, 
тапсырмалар  жазылымға  негізделмейді.  Осыны  мұғалімдер  сабақтарында 
ескеру керек. Біліктілікті арттыру курстарында ықшамсабақтарды жоспарлау 
кезінде  мұғалімдер  осы  мәселеде  жаңылысып  жатады.  Сайып  келгенде, 
сабақтың  құрылымы  схема  түрінде  көрсетсек,  былай  болуы  керек:  «Оқу 
мақсаты → оқушылардың деңгейіне орайластырылған сабақ мақсаты →сабақ 
мақсатына  жетелейтін  бағалау  критерилері→  бағалау  критерилерінен 
шығатын  тапсырмалар  немесе  ұсынылатын  іс-әрекеттер  →  тапсырманы 
орындауға  қажетті  ресурстар».  Тапсырманы  жоспарлап,  оқушыларға  ұсыну 
үшін алдымен мына мәселелерге назар аудару қажет:  
Мақсаты.  Мұғалім  «Бұл  тапсырманы  не  үшін  беріп  отырмын?»  деген 
сұраққа  жауап  береді  немесе  «Бұл  тапсырманы  не  үшін  бердім?»  деген 
сұрақты  топ  ішінде  талқылуды  ұсынады.  Мұғалім  «Оның  нәтижесі  не 
болады?»  деген  сұрақты  оқушыларға  айтып  немесе  талқылау 
ұйымдастырады.Барлық тапсырмалар оқу мақсатын ашуға, мақсатты жүзеге 
асыруға бағытталады.  
Деңгейі: Тапсырма күрделілігі Блум таксономиясы, яғни ойлау деңгейлерін 
негізге  алуы  шарт.  Оқулықты  қайталайтын  тапсырма  ұсынбай,  оның 
ауқымынан  шығып,  материалды  дамыту,  тереңдету  немесе  оның  негізінде 
жаңа  ақпарат,  ұғым  құрастыруды  талап  ететін  тапсырма  берген  жөн.  Сол 
сабақта  іске  асырылатын  деңгейлердің  барлығына  жеке-жеке  бағалау 
критерийлері және тапсырма мен дескрипторлар құрылады. Тапсырманы әр 
оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады.  
Уақыт.Тапсырманы  орындау  үшін  берілетін  уақытты  нақты  белгілеу. 
Жұмыстың аяқталу мерзімін тақтаға жазып қойған орынды. Дәл осы уақытта 
жұмыс тоқтатылып, қажет болса жиналып алынады.  
Орындалуы.  Мұғалім  тапсырманы  қалай  орындау  керегін  түсіндіреді, 
немесе тақтаға жазып қояды. Әр топқа немесе әр оқушыға таратып беруге де 
болады.  Тапсырма  бойынша  не  жасау  керектігін  1  минут  уақыт  беріп  топ 
ішінде талқылауға да болады.  
Бағалау.  Критерийлер  мен  дескрипторлар  әр  оқушыға  немесе  топқа 
таратылады.  Интерактивті  тақтаға  шығарып  қоюға  да  болады.  Тапсырманы 
дұрыс  түсінгендігін  анықтау  қажет.  (қайта  сұрау,  қайталату,  топта 
талқылау).«Тапсырманытүсіну  –  оны  табысты  орындаудың  50%  деп  бекер 
айтпайтын болар. 

 

Топ/жұп  құрамында  орындау.  Берілген  тапсырманы  топ  немесе  жұп 
құрамында орындау қажет. Оқушылардың бұл жұмысты таңдап алған рөлдер 
ауқымында  жүзеге  асырғандығы  дұрыс.  Мұнда  топтағы  өзара  позитивті 
тәуелділікті  тудыру  үшін  әр  топтың  спикерін  көрші  топтың  таңдағаны 
орынды.  Бұл  спикерді  топтың  өзі  тағайындаудан  әлдеқайда  тиімді  болады, 
өйткені  топ  мүшелері  топ  намысын  бермеу  үшін  барлық  оқушылардың 
талқылауға  белсенді  қатысып,  спикер  болатындай  дәрежеге  шығуға 
тырысады.  
Жариялау. Оқушылар өз жұмыстарын сыныпқа таныстыру, қорғау үшін 
қанша уақыт берілгенін айту керек. 1, 2, 3 минут.Жариялау барысындағы ең 
маңызды  сұрақ:  «Бір  топ  қорғағанда  қалған  оқушылар  не  істеп  отырады?» 
Қалған оқушылар бекер отырмау үшін олар бір-біріне кері байланыс беруге 
дайындалып отырады. Ол үшін жариялаумен таныса отырып (тыңдап, қарап 
отырып), бір топ (немесе бір оқушы) сұрақтар қоюға дайындалса, екінші топ 
(немесе  оқушы)  «жұлдызшалар»  беруге  (таныстырылымның  ұтымды 
жақтарына тоқталу), ал үшінші топ (немесе оқушы) таныстырылымды қалай 
жақсартуға  болатындығы  туралы  ұсыныс  жасауға  дайындалады.  Егер 
төртінші топ болса (немесе төртінші оқушы), онда оларға таныстырылымды 
қорытындылау тапсырмасы беріледі, яғни оқушылар мұның оларға жасаған 
әсері, көмегі, маңызы туралы өз ойларымен бөліседі.Осылайша оқушылар тек 
мұғалімге  жауап  бермей,  өз  таныстырылымдарын  бүкіл  сыныпқа 
бағыттайды.  Қалған  оқушылар  да  өздерінің  жұмыстарымен  әлек  болмай, 
назарларын жарияланып жатқан жұмысқа (немесе айтылып жатқан жауапқа) 
аударады.  
Кері  байланыс.  Жариялау  немесе  таныстырылым  аяқталған  соң 
оқушылар  оның  сапасы  туралы  өз  ойларын  ортаға  салып,  жағымды 
жақтарына  тоқталады  және  оны  жақсарту  туралы  ұсыныстар  жасайды. 
Әрине,  мұнда  кері  байланыстың  «сыншыл  дос»  ұғымы  ауқымынан 
шықпағаны дұрыс. Сонымен бірге кері байланыс жауап берген оқушыларға 
пайдалы  болып,  оларды  ынталандыруы  және  қанаттандыруы  керек.  Мұнда 
бұл  оқушылардан  кері  байланысты  қалай  қабылдағандығы  туралы  сұраған 
орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату.  
Қорытындылау. Тапсырма бойынша белсенді әрекеттер аяқталды. Енді 
оқушылар  ой-толғанысқа  ден  қойып,  аз  уақытта  (1-2  минут)  топ  ішінде 
немесе бүкіл сыныппен тапсырманың нәтижелерін талқылайды.  
Олар  бұл  талдауда  «Тапсырманы  қалай  орындадық?  Жақсы  жақтары 
мен  кемшін  тұстары  қандай?  Неліктен  олай  болды?  Бұл  тапсырма  бізге  не 
берді?  Оның  нәтижелері  қандай?»  деген  секілді  сұрақтарға  жауап  беруге 
тырысуы  керек.  Кейде    жалпылама  «Тапсырма  орындау  барысында  не 
үйрендік?»  сұрағының  орнына  «Тапсырма  орындау  барысында  үйренген  2 
нәрсені  көрсетіңіз»  деген  дұрыс  болатын  шығар.  Жауапты  2-4  сөйлем 
арқылы  тұжырымдаса  қалай  болады?!Мұндай  тапсырманы  ерте  берген 
орынды,  сонда  бала  сабақ  соңында  не  үйренгенін  2-4  сөйлем  төңірегінде 
қортындылап береді. Сонымен қатар адамдармен қарым катынас тәсілдерін, 
түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.  

 

Мәтінмен  жұмыс  жасауға  арналған  стратегиялар,  атап  айтқанда 
«джигсо, джигсо -2, Инсерт, ойланып оқу» тағы басқа стратегиялар арқылы 
оқушы  тек  жаңа  ақпарат  алып  қана  қоймайды,  мәселенің  негізгі  түйінін 
тауып,  тақырып  бойынша  ой  қозғап,  өз  бетімен  білім  алуға  белсенділігі 
артады,  өз  пікірін  ортаға  салады.  Оқушылар  топпен  жұмыс  жүргізуге 
дағдыланады.  
Ал  жазылым  стратегиялары,  «еркін  жазу,  5  минуттық  эссе,  жол 
қалдырып жазу, бес – бес – бір» сияқты стратегиялар аркылы оқушы берілген 
тақырып  бойынша  өзінің  пікірін,  ойын,  дәлелдерін  жазады.  Керек  кезінде 
тақырып бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға мүмкіндік алады. Басқа 
пікірлерді  сынайды.  Оқушы  осы  стратегиялар  арқылы  өздерінің  танымдық 
құзыреттілігін дамытады.  
Пікірталасқа  арналған  «кубизм,  болжау  таблицасы,  семантикалық 
карта,  жұппен  ой  бөлісу»  т.  б.  стратегиялар  арқылы  оқушылар  өзара 
пікірталас, диспут, дебат жүргізу арқылы өз ойларын айтып, оны дәлелдеуді 
үйренеді, басқалардың пікірін тындай біледі.Топпен, жұппен, жеке жұмыстар 
жүргізу  барысында  өзара  қарым  –  қатынаста  болады.  Оқушылардың 
шығармашылық құзіреттілігі, қабілеті артады.  
Тапсырма  орындау  барысында  сұрақтардың  алатын  орны  ерекше. 
Сұрақты  сауатты  қою  да  өнер.  Жоғары  денгейлі  сұрақтар  арқылы  алған 
білімді тексеріп, баланы сыни ойлауға жетелеуге болады. Соңғы уақыттары 
сұрақ түрлерін Блум тамксономиясы негізінде былай жіктеп жүр.  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал