Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

65 
 
 
 
Түлкі мен тырна 
(орыс халық epmeгici) 
Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі: 
Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пicipiп қоямын, - деп 
тырнаны үйіне шақырыпты. 
Тырна  түлкiгe  қонаққа  келеді.  Түлкі  ботқа  пicipiп,  жайпақ  табаққа 
салып, тырнаның алдына қояды. 
Тамақ ал! Өзім пicipiп eдiм, - дейді. 
Тырна  жайпақ  табақты  тұмсығымен  шоқып-шоқып,  ештеңе  өңдіре 
алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі-ақ тауысады. 
Бәрін жеп болған түлкі: 

Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді. 
Тырна: 
-
 
Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді.  
Келесі күнi түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, 
оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қояды. 
Түлкі келгенде тырна: 

Же, қымбаттым, қысылма, - дейді. 
Түлкі құмыраны ары айналып, бepi айналып, ішіндегісін жей алмайды. 
Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп, 
бәрін жеп алады да, түлкігe қарап: 
-
 
Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді. 
Бip аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты... 
«Не ексең, соны орасың» деген осы. 
 
Әтеш пен тоты 
(ертегі) 
Ерте, ерте, ертеде, eшкi құйрығы келтеде, аң мен құстардыц iшіндег ең 
әдемісі,  сымбаттысы  әтеш  болыпты.  Сондықтан  ол  өте  тәкаппар  екен. 
Жүрген кезде маңғазданып, сылаңдай басады. Қоқырайып жүреді. Бірде-бір 
аңмен  не  құспен  сөйлеспейді.  Жалғыз  cepiгi  Тотықұс  болыпты.  Тоты 
байғұстың  үстінде  жібі  түзу  жөңді  киімi  жоқ  екен.  Бip  күні  Тотықұс  әлгі 
кербез Әтешке келіп: 
-
 
Досым,  мен  бүгін  қонаққа  бармақ  едім.  Жөнді  киімім  де  жоқ.  Мына 
түріммен қалай барамын. Meнi сенің досың, деп білетін ел мазақтайды ғой. 
Маған үстіндегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиыла жалыныпты. 
Әтеш  досының  сөзіне  сенеді.  Үстіндегі  әдемі  киімдерінің  бәрін  шешіп 
береді. Тотықұс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады. 
-
 
Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр. 
Дауысыңды естиін, - дейді. 
Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. 
Әтеш ол ecтiciн деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. 
Содан күні бүгінге дейін Әтеш әдемі киімін киіп кеткен Тотықұсты іздеп, таң 
қылаң бергеннен күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен. 

66 
 
 
 
 
Айна 
(ертегі) 
Бip  күні  кірпi,  қоян,  керік  орманда  келе  жатып,  ағаштың  артынан  бip 
нәрсенің  жылтырағанын  байқады.  Олар  сол  затқа  қарай  жақындап  келіп, 
мұқият қарайды. 
-
Өзiнiң  үстi-басы  тікенек,  кішкентай  ғана  көздері  бар,  бұл  кім?  –  деп 
сұрады кірпі. 

Кәне, көрейінші, - дейді қоян. - Жоқ, оның мүлде тікенегi жоқ, құлағы 
ұзын, көзi қызыл, мойны қысқа ғой. 

Мен де көрейінші, - деп керік килігеді. - Жоқ, оның мойны қысқа емес, 
ұзын, құлағы тікірейген, бойы биік, - деп таңғалыпты. 
 
Тазша бала 
(epтeгi) 
Ертеде бip шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес eшкici бар 
екен. Бip күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап eтіп, өзіне 
тиген  eнші  ешкісін  сойып  алып,  етінен  кемпір  мен  шалға  бip  түйір  де 
берместен,  арқалап  кетіптi.  Жүріп-жүріп,  бip  өнерші  байдікіне  келеді.  Бұл 
байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші бай бек қатты жауыз адам 
екен,  ол  жалданған  жігітті  бip  сандыққа  салып  қойып,  аштан  өлтіріпті. 
Үйінде  қалған  ортаншы  баласы,  бұ  да  өнер  үйренбекке  талап  етіп,  о  да 
ағасының  кеткен  жолымен  кетіп,  ол  да  өнерші  байға  келіп  жалданыпты. 
Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы Тазша бала, о да 
ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып, жарты етін әке-шешесіне бepiп, 
олардан рұқсат алып, қалған етті арқалап кетіптi. 
Келе  жатса,  бip  қора  қойға  ұшырапты.  Бұл  қора  қойдың  қойшысына 
жолығып сұраса, бұл қойлар өнерші байдікі екен. Ол Тазшадан: 

Балам, қайда барасың? - деп сұрайды. 
Тазша бала: 

Өнер үйренуге барамын, - дейді. 
Сонда шал тұрып айтады: 

Балам,  бұл  сөзіңді  бөтен  ешкімге  айтпа.  Өзіңе  өтірік  айтпа,  жатқа 
(бөтендерге) шыныңды айтпа деген, - депті. 
Сонан соң бала шалдың бұл айтқаны рас екен деп ойлап, өнерші байға 
барыпты.  Байдың  үйіне  қонып,  ертең  жүрейін  деп  жатқанда,  өнерші  бай 
Тазшадан сұрайды: 

Балам, қайда барасың, жолың болсын? 
Тазша бала: 

Мен  өзіңдей  ер  баласы  жоққа  еншілес  бала  боламын,  -  деп  жауап 
береді. 
Сонда өнерші бай айтады: 

67 
 
 
 

Балам,  сен  біздікінде  қал,  маған  бала  бол,  біздің  бip  ақ  құнан  қойды 
сойып,  той  қылып,  асық  жілігін  етімен  өзің  жеп  той,  мен  өзім  жолаушы 
барамын, - дейді де, өзi жолына кете береді. 
Тазша бала: 

Қош,  әке,  жақсы  бол!  -  деп,  үйінде  қала  бepiптi.  Бұл  өнерші  байдың 
үйінде бip қызы бар екен. Ол Тазша балаға: 

Аға, сен асық жіліктен өзің жемей, керегенің басына іліп қой, сонда бip 
ақ тазы келіп, жілікке ұмтылар, сен балтаны лақтырып тазыны өлтір, - дейді.  
Мұнан  соң  Тазша  бала  ақ  құнан  қойды  сойып  той  қылып,  көршілерін 
шақырып, асық жілігін өзi жемей, қыздың айтқанын қылып, керегенің басына 
іліп  қояды.  Айтқанындай-ақ  тазы  келіп,  етті  жілікке  ұмтылады.  Тазша 
балтамен жібepiп қалыпты, бipaқ балтасы тазыға тимей, ит қашып құтылып 
кетіпті. 
Өнершi  бай  үйіне  келген  соң,  Тазша  баланың  мұндай  icтердi  icтегенін 
біліп, қатты ашуланып, сандыққа салып қамап тастайды. 
Бұл байдың бағанағы қызы, әкeci жоқта сандығының түбін тeciп тамақ 
бepiп, Тазшаны тойдырып тұрыпты. 
Бipнешe  күн  өткен  соң,  Тазшаның  өз  әкeci  балаларын  іздеп  шығып, 
өнерші байдікіне келіп: 

Бip Тазша деген балам бар еді, соны көрдіңіз бе? - деп сұрады. 
Өнерші бай: 

Көргенім жоқ, - деп жауап берді. 
Бұлардың сөйлесіп тұрған сөздерін Тазша үйде сандьқта естіп жатыр еді. 
Бай әлгіндей дегенде, Тазша: 

Әке, мен мұндамын! - деп, сандық iшінен айғайлапты. 
Даусынан  баласын  танып,  байдың  сандығынан  шығарып  алып,  Тазша 
мен әкeci үйіне қайтыпты. Тазша жолай әкесіне айтады: 

Әке,  мен  бip  қара  құнан  қой  болайын,  мойныма  жіп  тағып,  жетектеп 
барып, базарға жақсы бағаға сат. Бірақ жібіңді алып қал, - дейді. 
Баласы  сол  жерде  қара  құнан  қой  болады.  Әкесі  мойнына  жіп  тағып, 
базарға апарып сатып, жібін алып, үйіне қайтады. 
Ертеңіне баласы өз қалпына түciп қайтып келіп, әкесіне айтады: 

Әке, мен бip қара жорға ат болайын, мені базарға апарып сат, пұлымды 
ал. Бірақ шылбырымды алып қал, - депті. 
Баласы  айтқанынша  ат  болып,  әкeci  базарға  апарып  сатып,  шылбырын 
алып, үйіне қайтты. 
Ертеңіне Тазша тағы өз қалпына түciп, үйіне келіп айтады: 

Мен бip тайлақ болайын, сен мені базарға апарып сат та, пұлымды ал. 
Бірақ бұйдамды алып қалып, үйге қайта бер, - деді. 
Тазша  айтқанынша  тайлақ  болып,  әкeci  базарға  сатайын  деп  жетектеп 
келе жатса, алдынан баяғы өнерші бай шығыпты. Ол айтады: 

Маған мынау тайлағыңды сат, - деп. 
Тазшаның әкeci айтыпты: 

Тайлағымның бағасы жүз тілла. 

68 
 
 
 
Сонда өнерші бай бұлардың айласын біліп, жаман оймен тайлақты жүз 
тіллаға  сатып  алыпты  да,  үйіне  жетектеп  келеді.  Қызын  шақырып  алып: 
«Мынау  тайлақты  ұстай  тұр»,  -  депті  де,  өзi  үйден  пышақ  алуға  жүгіріп 
кетіпті.  Қыз  әкесінің  жаман  ниетін  біліп,  үйден  пышақ  ала  шыққан  екен. 
Әкeci  үйге  кipген  кезде  тайлақтың  бұйдасын  пышақпен  қиып,  босатып  қоя 
бepiптi. 
Өнерші бай үйінен шығып, қашып бара жатқан тайлақты көpiп, қуыпты. 
Тазша сонда түлкі болып қашыпты, өнерші бай тазы болып қуыпты. Өнерші 
бай  жете  берген  кезде,  Тазша  үйрек  болып  ұшыпты,  бай  қаршыға  болып 
қуыпты. Біраздан соң Тазша бала торғай болып қашыпты, бай қырғи болып 
соңына  түciптi.  Тазша  торғай  қалпында  шаңыраққа  ұшып  келіп  қонып 
отырғанда, бай қырғи кeлiп таяна береді. Тазша тары болып домалапты. Онда 
өнерші бай тауық болып, шоқиын дегенде, Тазша мысық болыпты да, өнершi 
байды  тырнап  өлтipiптi.  Сөйтіп,  оның  қызына  үйленіп,  барша  мұратына 
жeтiптi. 
 
Қу түлкі 
(халық epmeгici) 
Жолбарыс бip түлкіні ұстап алады. Түлкі: 
-
Сен мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - 
дейді құйрығын бұлғандатып, тұмсығын көтepiп. Жолбарыс түлкіге олай бip, 
былай бip қарап, сенбей: 
-
Мүмкін емес, - дейді. 
Сенбесең  менімен  бipгe  орманға  жүр.  Ондағы  барлық  аңдардың  менен 
қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді. 
Жолбарыс  бұған  келіседі.  Түлкі  жолбарыстың  алдына  түciп,  тандана 
жүрiп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым-
тырақай  қашады.  Аңдар  iндepiнe  тығылады,  құстар  аспанға  ұшады.  Ал  қу 
түлкі тұмсығын онан сайын көтере түсіп: 
-
Ал,  енді  көзін  жеткен  шығар!  Менен  қорықпайтын  тipi  жан  бар  ма?  - 
деп мақтанады. Алданған жолбарыс: 
-
Иә, сен шынында да айбарлы eкенсің, - деп жайына кетеді. 
 
Түлкі мен қасқыр 
Бұрынғы уақытта қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде 
қасқыр түлкіге айтты: 
Менің  басым  ауырып  барады,  тамырымды  ұстап  берші,  -  дейді.  Сонда 
түлкі тамырын ұстап тұрып, айтады: 
Басың  қатты  ауырып  тұр  екен,  олай-бұлай  жүгіріп,  құйрығыңды  көк 
мұзға қой! - дейді. 
Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қойып еді, 
құйрығы жабысып, сонымен қасқыр сол жерде қалады. 
 
Ақсақ құлан 

69 
 
 
 
(қазақ аңызы) 
Ертеде  бipeyдің  құла  тұлпары  болыпты.  Сол  тұлпардың  тұқымын 
көбейтемін  деп,  тұлпардың  қасына  бие  қосып,  екеуін  теңіздің  ортасындағы 
адам  жүрмейтін  аралға  апарып  тастапты.  Тұлпар  қасқырға  да,  адамға  да 
алдырмайды екен. 
Арада  бipaз  жылдар  өтіп,  тұлпардың  тұяғы  көбейіп,  бip  үйіp  жылқыға 
жетеді.  Осы  тұлпардың  аралда  деген  хабарын  ecтіген  ұрылар  құланы 
үйірімен алып кетпекші болып, аралға барады. Әуелден мінезі тентек, оның 
үстіне көп жылдан бepi адам көрмей жатырқап қалған тұлпар ұрыларды көре 
салып,  шабуылға  шығады.  Алдына  келгенін  тістеп,  артына  келгенін  теуіп, 
ұрыларды  жолатпайды.  Айғырмен  арпалысып,  әбден  шаршаған  ұрылар 
алдырмайтынына  көздері  жетіп,  тұлпарды  амалсыздан  садақпен  атады.  Оқ 
құланың  аяғынан  тиіп,  ақсатады.  Жараланған  ақсақ  құлан  бұрынғыдан  да 
қатуланып, ұрыларды таптауға шығады. Әлсіреген қарақшылар бip шұңқырға 
түсіп,  жан  сақтамақшы  болады.  Мұны  көріп  ашуланған  ақсақ  құла  айғыр 
өзінен  өрбіген  бip  үйіp  тұқымын  бастап,  ұрылардың  үстінен  таптап  өтіп, 
оларды  жаншып  кетеді.  Сөйтіп  тұлпар  үйірімен  жауын  талқандап,  тыныш 
өмip cүpiптi. 
 
 
Шал мен дәу 
(халық epmeгici) 
Ерте,  ерте,  ертеде,  бip  кемпір  мен  шал  өмip  cүpiптi.  Олардың  баласы 
болмапты  және  өздері  кедей  екен.  Шал  аң  аулап,  eкeyi  сөйтіп  күндерін 
көpiптi. Бip күні шалдың құрып қойған торына бip қарға түciп қалыпты. Бұл 
да бip кәдеге жарар деп үйіне алып келсе, қарғаның аузы ашылмайды. 
Бұнысы қалай? - деп қарғаның тұмсығына қараса, жіппен тұмшаланып 
байланып қойыпты. 
«Обал болған екен» деп шал жіпті шешіп жібергенде, қарға «қарқ» етеді 
де, аузынан бұрқыраған бу шығады. Сол заматта бу алып дәуге айналады. 
-
Ей, шал! Сен мені құтқардың. Сол үшін мен саған бала боламын. Сен 
маған әке боласың, дүниенің бар байлығын мен саған тасып бepeмін - дейді 
әлгі дәу. 
Сөйтіп, дәу шалға бала болып, солардың үйінде тұрып жатыпты. Батыр 
баласы,  айтқанындай,  бірнеше  айлап  жол  жүріп  кетеді  де,  турлі  жиһаздар, 
көздің жауын алатын асыл тастар, үйір-үйір жылқы мен қора-қора қой әкеліп 
отырады.  Осыдан  кейін  шал  тез  байып  кетеді.  Бірақ  бұларды  қайдан 
алатынын сұрауға батылы бармайды. Баласынан ceзіктеніп жүргенде ауылға 
көріпкел диуана келеді. Шал көріпкел диуанаға барып баласының қайда, не 
icтеп жүргенін айтып бepyін сұрайды.  
Көріпкел ойланып-ойланып: 
-
 
Балаң  алыста,  халықты  шауып,  байлығын  тартып  алып  жүр  екен,  - 
дейді. 

70 
 
 
 
Бip күндері артынып-тартынып, мол олжамен дәу де жeтeдi. Баласымен 
әңгімелесіп отырып, шал: 
-
 
Осы, балам, сен шынымен қарғанын ішінен шықтың ба? -деп сұрайды. 
-
 
Иә, әке, қарғанын ішінен шықтым, - деп кеңкілдеп күлeдi дәу.  
Шал жорта сенбеген болып: 
-
 
Ойпырым-ай,  шырағым,  ceнің  кереметтігіңді  көрейін,  кәне,  қайтадан 
кipiп көршi, - деп бұрынғы қарғаның аузын тосады. 
Ақымақ  дәу  шалды  сендірмекші  болып,  бұрқыраған  буға  айналып, 
қарғанын iшінe кіріп кeтeдi. Шалдың күткені де осы eдi. Дереу аузын жаба 
қойып, жiппeн байлайды да, қарғаны отқа тастап өртеп жiбepeдi. 
Содан  бepi  шал  мен  кемпір  өздерінің  баяғы  алаңсыз  күндерін  кешкен 
екен. 
 
Түлкінің жолбарысты, аюды, қасқырды алдап жегені  
(қазақ ертегісі) 
Баяғы  өткен  заманда  түлкі,  қасқыр,  жолбарыс,  аю,  тышқан  жолдас 
болыпты.  Бұлар  бірнеше  күн  жол  жүріпті.  Күндердің  күнінде  бұлардың  
қарындары ашады, аштықтан өлетін болады. Сонда түлкі былай деп айтады: 

Достарым, аштан өліп, босқа қырылып қалмайық. Біреумізді жейік. Аю 
жолдастарына қарап: 

Кімді жейміз, -  деп гүрілдейді. 
Сонда түлкі былай дейді: 

Аю біздің Ахамыз – Ахамызға кім тисін.  
Жолбарыс біздің Жөкеміз – Жөкемізге кім тисін.  
Түлкі біздің Төкеміз – Төкемізге кім тисін.  
Қасқыр біздің Қахамыз – Қахамызға кім тисін.  
Тышқан біздің неміз,  немізді  жейміз. 
Сол  кезде  аю,  жолбарыс,  қасқыр,  түлкі  бәрі  жабылып  тышқанды  жеп 
қояды.  Аю,  жолбарыс,  қасқыр,  түлкі  тышқанды  жеген  соң,  қайтадан  жолға 
шығады. Бірнеше күн өтеді. Олардың тағы да қарны ашып, өлердей болады. 
Бір жерге келіп тоқтайды. Қасқыр түлкіге қарайды. Сонда түлкі былай дейді: 
Қасқыр біздің Қахамыз – Қахамызға кім тисін.  
Жолбарыс біздің Жөкеміз – Жөкемізге кім тисін.  
Аю  біздің  Ахамыз,  Ахамызды  асамыз!  Жолбарыс,  қасқыр,  түлкі  бәрі 
жабылып аюды бас салады. Сөйтіп, бәрі аюды жеп тойып алады. 
Тағы  да  бірнеше  күн  жол  жүреді.  Бір  күні  қарындары  ашып, 
шұрылдайды. Аштан өлердей болады. Жолбарыс түлкіге қарайды. 
Түлкі құйрығын бұлаңдатып: 

Жолбарыс біздің Жөкеміз – Жөкемізге кім тисін.  
«Қасқыр біздің Қахамыз, Қахамызды жеп жатамыз», - дейді.  
Сонда  жолбарыс    қасқырды  бас  салады.  Оған  түлкі  қосылады.  Сөйтіп 
жолбарыс  пен  түлкі  қасқырды    жеп  қояды.  Арада  тағы  бірнеше  күн  өтеді. 
Жолбарыспен түлкінің  қарындары ашады. Түлкі жолбарыстың алдында бір 

71 
 
 
 
көзін  жұмып  жатады.  Бірдеңенің  шайнап,  жеп  жатқандай  болады.  Сонда 
қарны ашып, өлердей болған жолбарыс түлкіге: 
-
 
Әй, түлкіжан, сен не жеп жатырсың? – деп сұрайды. 
Сонда айлакер түлкі: 
-
 
Мен бір көзімді ойып алып, соны жеп жатырмын, - деп жауап береді. 
Сонда жолбарыс: 
-
 
Онда менің де бір көзімді ойып бер, мен де жейін -дейді. 
Түлкі  жолбарыстың    бір  көзін  ойып,  жолбарыстың  қолына  береді. 
Жолбарыс  өзінің  бір  көзін  жеп  жатады.  Ертеңгісін  екі  дос  жолға  шығады. 
Күні  бойы  аш  жүреді.  Кеш  болғанда  бір  жерге  келіп  тоқтайды.  Түлкі 
жолбарыстың  алдында  екі  көзін  бірдей  жұмып  жатады.  Бірдеңені  жеп, 
шайнап  жатқандай  болады.  Жолбарыс  түлкіден  не  жеп  жатқандығын  
сұрайды. Түлкі: 
-
Қарным  ашқан  соң,  екінші  көзімді  ойып  алып  жеп  жатырмын,  -  деп 
жауап қайтарады.  
Жолбарыс: 
-
Олай  болса  менің  екінші  көзімді  де  ойып  берші,  -  дейді  түлкіге. 
Ертеңіне  екі  дос  тағы  да  жолға  шығады.  Бір  жерге  келіп  тоқтайды.  Түлкі 
жолбарыстың  құлағының  түбінде  бірдеңені  шайнап  жеп  жатқандай  үн 
шығарады.  
-
Әй түлкі, жеп жатқаның немене? – деп сұрайды жолбарыс. 
-
Мен  енді  қарным  ашқан  соң,  енді  құйрығымды  жеп  жатырмын,  -деді, 
сонда жолбарыс түлкіге: 
-
Олай болса менің құйрығымды да ойып алып бер, - дейді. 
Түлкі жолбарыстың құйрығын ойып алып еді  жолбарыс  өліп қалды. Ал 
қу түлкі жолбарысты бірнеше күн азық қылып өз мұратына жетіпті. 
 
 
Түлкі мен қасқыр 
(қазақ ертегісі) 
Бұрынғы уақытта қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде 
қасқыр түлкіге айтты: 
-
 
Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, - дейді.  
Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып, айтады: 
-
 
Басың  қатты  ауырып  тұр  екен,  олай-бұлай  жүгіріп,  құйрығыңды  көк 
мұзға қой! — дейді. 
Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қойып еді, 
құйрығы жабысып, қасқыр сол жерде қалады. 
 
 
Ағайынды үш қыз 
(Татар epmeгісін аударған Ә.Дүйсенбиев ) 
Қарағайы 
Қаулап өскен өлкеде  

72 
 
 
 
Ағайынды 
Үш қыз бопты ертеде. 
Yшeyiнiң 
Әдeмi екен ажары, 
Анасының 
Солар eдi базары; 
Жетімдіктің 
Taқсіретін тартқызбай, 
Өсіріптi 
Қанаттыға қаққызбай.   
Ерке болып   
Бой жетіпті біpi де; 
 
Тарықпапты  
Салтанат пен сәніне. 
 
Ана байғұс   
Қыспады,   
Барлығын да  
Бақытты етіп ұстады.   
Қыздар енді  
Жасы жеткен шақтарда 
Тұрмыс құрып,   
Бет-бетімен аттанды.   
Бөлек-бөлек  
Үй болады өзінше,  
Түске енді олар,   
Ана байғұс көз ілсе. 
 
Талай күндер 
 
Өттi сөйтіп арада,   
Сағынады,   
Сарғаяды кәрi ана,  
Төсек тартып 
 
Жатып қалды ол бірде. 
Қыздар келмей 
 
Таусылыпты дегбір де. 
Келді кемпір  
Енді мынау ақылға; 
 
Тысқа шығып, 
 
Ақтиінді шақырды. 
 
Ана сонда   
Былай деді шағынып:   

Мен қажыдым   
Қыздарымды сағынып,   
Бүйте берсем 
 
Өліп қалар қаупім бар.   

73 
 
 
 
Бip-бip cүйіп  
Басылмады-ау мауқым да. 
 
Сен оларға   
Барып айтқын: 
 

Келсің!- де,- 
 
Қарт кісіге   
Келіп сәлем бepciн де. 
 
II 
 
Сонда Ақтиін 
Кетті орманды арадап, 
Таныс еді 
Оған түгел бар алап. 
Асып таудың  
Биігінен, 
Құзынан,  
Кемпірдің ол кезікті үлкен қызына.   
Айтты ананың 
Амандығың, 
Саулығың, 
Сағынғаның  
Айтты туған ауылының. 
Анасының 
Аңсағанын 
Жеткізді, 
Шақырғанын 
«Дереу жетсін!» 
Деп қызды. 
Ал бұл қыздың, - 
Қолында қос леген, - 
Көлге кетті 
Түріп алып білегін; 
-
Легенді  
Тазалап мен алайын, 
Ол кемпірге 
Сонан соң-ақ барайын, -  
Деп жайраңдап 
Тарта берді ол суға.  
Сонда ақ тиін  
Булықты да ашуға: 
-
Легенде басың қалсын! –  
Деп еді, 
Қыздың сонда 
Қолындағы қос леген 

74 
 
 
 
Қыздың дереу асты-үстіне жабысты. 
Екеуінің ортасында ол қабысты. 
Тасбақаға  
Айналыпты ол сол кезде. 
Кетті Ақтиін 
Қыздарды іздеп енді өзге.  
 
 
ІІІ 
Кетті Ақтиін 
Орман ішін аралап, 
Оған таныс 
Мынау 
Жатқан бар алап. 
Асып таудың 
Талай биік құзынан, 
Кемпірдің ол  
Келді екінші қызына, 
Анасының 
Аманатын жеткізді. 
Шақырғанын: 
«Дереу жетсін!» 
Деп қызды. 
Өрмек тоқып  
Отыр еді мына қыз, 
Шабаланды: 
-
Жау шапса да  
Шыдаңыз.  
Бұл кілемді  
Апарушы ем  
Базарға,  
Енді міне, 
Жұмыс қалды аз алда.  
Мен анама 
Содан кейін барамын,  
Жолдан қалмай  
Жүре бергін, қарағым!  
Сонда Aқтиін  
Қарғып шығып  
Еменге: 
-
Сол өрмекте 
Басың қалсын!- дегенде  
Өрмекшіге ол  
Демде айналып кетеді,  

75 
 
 
 
Тор-өрмек боп,  
Қалған екен мекені.  
 
 
IV 
Keттi Ақтиін 
Тағы орманды аралап, 
Таныс еді 
Оған түгел бар алап.  
Асып таудың 
Нешеме шың-құзынан,  
Кемпірдің ол  
Келді кенже қызына.  
Анасының  
Аманатын жеткізді.  
Шақырғанын:  
«Дереу жетсін!»  
Деп қызды.  
«Көтермеппін  
Қартайғанда жүгіңді»,  
Деп осы қыз  
Жолға түсіп жүгірді.  
Тұрды Ақтиін  
Риза болып мынаған, 
Қыз қылығы  
Бұған әбден ұнаған.  
Ақ батасын,  
Ақ тілегін  
Жаудырды: 
-
Hұp бөлесін 
Мәңгі ceнің  
Ауылыңды!  
Tipшілігің 
Тәтті болсын қашанда,  
Қолғанат бол  
Кедей-кемтар нашарға.  
Кенже қызы  
Келісті өмip cүріптi,  
Айналасы 
Бақ-дәулетке тұныпты, 
Заманы өтіп 
Ол қартайған шағында,  
Отырғызған  
Өзінің гүл бағында,  

76 
 
 
 
Айналыпты ол 
Әсем алтын Араға.  
Бұл аралар  
Содан енді тараған,  
Әлі күнге 
Еңбектенер ел үшін, 
Елге берер  
Еңбегінің жемісін.  
 
Жеті өнерпаз 
(Қазақ ертегісі) 
Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның 
ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір 
қызы  болыпты.  Қыздың  сұлулығы  сондай,  қараған  адам  есінен  танып  қалады 
екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, 
суға  түсуге  барады.  Суға  түсіп  бола  берген  кезінде  Қаншайымды  көктен  бір 
қарақұс  келіп,  көтеріп  кетеді.  Қырық  қыз  шулап  қала  береді.  Бірнеше  күнге 
дейін ханға естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Бір ақсақалды шал келіп естіртеді. 
Хан есінен танып, тағынан құлап түседі. Ел-жұрты кетіп, тыныштық үйде хан 
есін  жиып,  бақсы-балгер,  қожа-молда  жинайды,  қызды  олардың  бірі  де  біле 
алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды. Тек ханның уәзірі Назар келіп, ханмен 
ақылдасып, былай дейді: 
-
Мұхиттың  ар  жағында  балықшы  Сәлім  деген  бар,  оның  жеті  өнерпаз 
баласы  бар.  Бір  тапса,  солар  табады.  Жаныма  бес  жүз  әскер  қосып  беріп, 
темірден кеме соққыз да мені соған жібер. 
Хан табанда барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады. 
Назар сумен жол жүріп, бір айда аман-сау мұхит теңізінің ар жағындағы Сәлім 
шалға  жетеді.  Барса,  жеті  өнерпаз  балалары  жоқ,  шалдың  өзі  ғана  отыр  екен. 
Сәлім шал әскермен келген Назардан қорқып кетеді. Назар уәзір Сәлім шалға 
мән-жайының бәрін баян етеді, ханның алтын мөрін басып, өтініп жазған хатын 
береді, әдейі іздеп келгенін айтады. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып 
алып: 
-
Айлық  алыс,  шет  жерден  сендердің  өнеріңді  естіп  жетіпті.  Нәсіп  болса 
барыңдар.  Егер  тапсаңдар,  дүние-мүлкімен  қызын  береді.  Өнерді  ішке 
сақтамай, сыртқа шығарыңдар! - дейді. 
Сонымен  жеті  өнерпаз  ханның  бас  уәзірі  Назарға  еріп  жүреді.  Бұлар 
бірнеше күн жол жүріп, бір-екі күн қалғанда сүйінші сұрауға Назар ханға бір 
кісі  жібереді.  Ол  барып  сүйінші  сұрағанда  хан  аямай  сүйінші  беріп,  алдынан 
бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Аман-сау жеті өнерпазды алып Назар да 
келеді.  
Хан  жеті  өнерпазды  көріп,  қатты  қуанып,  бала  кайғысының  бәрін 
ұмытқандай болады. Бірер күн тыныққан соң, хан қасына жеті өнерпазды ертіп 
баяғы  қызды  көтеріп  әкеткен  қарақұстың  қасына  келеді. Қарақұс  қызды  алып 
аспанға ұшады.  

77 
 
 
 
Жеті  өнерпаздың  ішіндегі  үлкені  аспанға  ұша  біледі  екен,  барлығын  сол 
бастап, қызды көтеріп ұшқан қарақұстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте 
жеті  күн,  жеті  түн  ұшады,  сегізінші  күн  дегенде  құсты  көреді.  Бір  дарияның 
жағасында құс отыр, қыз шашын тарап тұр екен. Қуғыншылардың дабыл қағып 
ұшқан екпінінен қорқып, қарақұс қызды алып, тағы да аспанға ұшады. Сонда 
қуғыншылар: «Қыздан айырылдық», - деп жылайды.  
Жігіттердің  үлкені  екіншісіне:  «Өнеріңді  істе»,  -  дейді.  Екіншісі  асқан 
мерген  екен,  құстың  екі  қанатынан  көздеп  атқан  оғы  оның  екі  санын  жұлып 
түседі. Аспанда шыр айналып келіп, қыз суға түскенде, үшіншісі сушыл екен, 
суға  сүңгіп,  қызды  алып  шығады.  Қыз  жұтқан  суын  қайта  құсып,  аман 
түрегеледі.  Бұлар  енді  судан  құрғаққа  шыққан  кезде,  бір  үлкен  айдаһар  бәрін 
лебімен жұтып барады екен.  
Енді бұлардың төртіншісі асқан ұста екен, қолындағы екі тасын бір-біріне 
соғыстырып  қалғанда  бес  шақырым  жерден  қорған  соғылады  екен.  Ол  тасын 
қолына  алып  соғыстырып  еді,  бес  шақырым  жерден  қорған  соғылды.  Әлгі 
айдаһар  қорғанның  сыртынан  оралып  жатып  қалады.  Бірнеше  күн  тас 
қорғанның  ішінде  бұлар  да  жатады.  Айдаһар  тас  қорғанды  сыртынан  орап 
алып,  қысып  сыға  бастайды.  Бұлар  қысылып  өлер  болған  соң,  бесіншісі  де 
өнерін істейді.  
Бұлардың бесіншісі жер астынан жол салғыш екен, қолындағы асыл тасын 
шаққанда, бес шақырымдай жер астынан жол салынып шығады екен. Айдаһар 
сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан соң, еліне 
апаратын  жолдың  қай  жақта  екенін  біле  алмай,  айласы  таусылып,  адасады. 
Бұлардың алтыншысы жол болжағыш екен, оқу оқып көзін сипаса, бір күндік 
жерден жол көреді екен.  
Алтыншысы өнерін істеп, бір күндік жердегі жолды табады. Бірақ өздері 
арып-ашып,  шаршаған,  жаяу  жүре-жүре  табандары  тесілген,  тамақтары  және 
жоқ, аш әлсіреп қалады.  
Жетіншісі  тағам  жасағыш  екен.  Қойнындағы  бір  асыл  табағын  алып, 
жолдастарын күніне үш мезгіл тамаққа тойдырып отырады. Бұлар бірнеше күн 
жол  жүріп,  ханның  ауылына  жетеді,  бәрі  де  аман.  Қаншайым  қызды  да  аман 
алып келеді. Сонан соң хан ат шаптырып той істейді. Хан елжұрты болып, жеті 
өнерпазға қатты риза болады. Хан жеті өнерпазға риза болғандықтан: 
-
Қызымды біреуің жолдас қылып алыңдар, - дейді. 
Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені: 
-
Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол 
алсын, - дейді. 
Хан мақұл көреді. Сонда ең үлкені тұрып: 
-
Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам бұл қыз жоқ 
еді,  -  деп  жеті  күн  қарақұстың  ізімен  аспанда  ұшқанын  айтады.  -  Сондықтан 
қыз маған тиісті, - дейді ол. Екіншісі: 
-
Сенің өнерің таусылып, қызды қарақұс аспанға алып бара жатқанда мен 
атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.Үшіншісі тұрып: 

78 
 
 
 
-
Сен аспаннан қызды атып түсіргенде мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ 
еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. Сонда төртіншісі тұрып: 
-
Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз 
да, сендер де жоқ едіңдер. Сондықтан да қыз маған тиісті, - дейді. 
-
Мен  болмасам,  бәрің  де  тастың  астында  қырылып  өлер  едіңдер, 
сондықтан қыз маған тиісті, - дейді бесіншісі. Алтыншысы тұрып: 
-
Бәрің  де  жол  таба  алмай  адасатын  едіңдер.  Бұларды  адастырмай,  жол 
тауып берген мен емес пе? Қыз маған тиісті, - дейді. 
Ақырында жетіншісі тұрып: 
-
Менің  табағымнан  ас  жемесендер,  бәрің  де  аштан  өлер  едіңдер. 
Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. 
Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. Хан білгіштерін жинайды. 
Сонда бір қария тұрып: 
-
Бұл  жетеуінің  бәрінің  де  өнері  бірдей,  бірақ  қызды  сүңгуірге  қосыңыз, 
өйткені  ол  қызды  басқалардан  бұрын  барып  құшты  ғой.  Ал,  қалған  алтауына 
алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - дейді. 
Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, 
алты елді билетіпті. Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал