Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ 
БЕРЕТІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ХРЕСТОМАТИЯ 
 
 
ХРЕСТОМАТИЯ К ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ УЧЕБНОЙ 
ПРОГРАММЕ ДОШКОЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ И ОБУЧЕНИЯ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
АСТАНА  
 2016 


 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 
 
 
 
 
Пікір жазғандар: 
 
А. Ж. Салиева , пед. ғылым. докт 
М.И.  Махамбетова, меңгеруші 
С.Д. Дүйсенбенова, әдіскер 
 
 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламасына хрестоматия. Астана – 2016ж – 147 б. 
 
 
 
Бұл  жинақта  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  әңгімелеуге,  оқып  беруге, 
мазмұндауға,  жаттауға  ыңғайлы  көркем  әдебиет  шығармаларының  түрлі  жанрлары 
берілген.  
Хрестоматия  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог  қауымға  және  ата-аналарға,  
сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне 
арналған. 
Хрестоматия «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ғылыми-
әдістемелік кеңесінде (2016 жылғы 05  шілдедегі №5 хаттама) қаралып ұсынылған. 
 
 
 
 
 
 
«Мектепке дейінгі балалық шақ» 
республикалық орталығы, 2016  
 
 
 


 
 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
Осы  хрестоматияда  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
күрделену  принципіне  сәйкес  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  үшін 
материал  іріктелді.  Көркем  әдебиетке  баулу  процесінде  балалар  әр  түрлі 
шығармалардың  ішінен  мағынасын  байланыстырады,  оның  жанрларын 
ажыратады, жекелеген көркем тіл құралдарын байқау қабілеті пайда болады. 
Мақсаты:  мектепке    дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінде 
қызметкерлердің  тікелей  жұмыс  тәжірибесінде  қолдануы  үшін  қажетті 
әдістемелік  материалдармен  (фольклорлық,  көркем,  прозалық  және  ақындық, 
өнер  саласында  –  жазушылардың    шығармаларымен)    білім  беру  процесіне 
қолдау көрсету және байыту. 
Міндеттері:  

балаларды  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды  игеруге 
негізделген  қолайлы  әлеуметтендіруді,  құзыреттілік  негізін  меңгеруді 
қамтамасыз ету; 

бірізділік,  жүйелілік,    ізгілендіру,  сабақтастық  педагогикалық 
принциптерін іске асыру; 
-   
балаларды  оқыту  және  тәрбиелеуде  тәрбиелік,  дамытушылық  және 
оқыту міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету.  
Балалардың  әдеби  даму  негізін  қалау,  олардың  болашақ  оқырмандар 
ретінде қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
Аталған 
хрестоматияны 
құрастырушылар 
жекелеген 
көркем 
шығармалардың  құндылықтарына  аса  назар  аударады  -  өлеңдердің 
мәнерлілігіне, әңгімедегі сюжеттің дамуына; балаларға   халық және авторлық 
ертегілері  бойынша  шығармалар  құрастыруға,  сөз  ұйқасы  бар    ойындар  
жасауға жағдай ұсынады.  
 
Ұсынылатын  әдебиеттер:ауыз  әдебиеті;  жазушылардың  шығармалары; 
поэзия.  
Хрестоматия  балалардың  кітапты  сүюге  және  қызығушылықтарын 
арттыруға, оны тыңдай білуге, түсінуге, оқиғаларды эмоционалды қабылдауға,  
кейіпкерлерге жанашырлық танытуға тәрбиелеуге бағытталған.  
Мектепке  дейінгі  шақта  кітаптармен  үнемі  қарым-қатынаста  болуға 
баулиды,    шығармалардың  мазмұны  мен  стилінің  бағыты  (ертегі,  шытырман 
оқиғалы,  тарихи,  лирикалық,  фантастикалық),  балалардың  эстетикалық 
тұрғыдан  әдеби  шығармаларды  қабылдау  дағдылары  мен  қабілеттерін 
тәрбиелеу,  көркемдік-сөйлеу әрекетін дамыту. 
 
Күтілетін нәтижелер:                                                                                                       
-
жоғары талғамдағы әдебиетке баулу; әдеби қорды қалыптастыру;                                                                                                                                                                       
-
балаларда құрылым, кейіпкерлер (әсіресе, ертегілер), сюжеттік-тақырыптық 


 
 
 
әдеби туындылар туралы түсінік және оны шығармашылықта қолдануды 
қалыптастыру;  
-
 
балаларда  көркемдік  бейненің  дамуын  және  өзгеруін,    оның 
көпмағыналылығы  және  байланысын  байқауды  қалыптастыру;
 
балалардың 
кітапқа деген  эстетикалық  мәдени  қарым-қатынасын дамыту  (кітапты  ұқыпты 
ұстау, ұмтылысын, өз бетінше және суреттерді қайта қарауға). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
ӨЛЕҢДЕР 
 
Отан 
Мәриям Хакімжанова 
Отан – жерім, 
Отан – суым, 
Отан қуат, нәр береді. 
Отан – ұран, 
Отан – туым, 
Отан мәңгі гүлденеді. 
 
Қазақстан – Республикам менің 
Дихан Әбілов 
Әйнегі – күн, 
Шатыры – аспан, 
Кең далам асқақ. 
Төсі толған егін, 
Көлдері күміс шашақан, 
Қазақстан – Республикам менің!  
 
 
Қазақстан жалауы 
Ермек Өтетілеуұлы 
Көк байрағы бабамның –  
Бүгінгі ұрпақ алауы. 
Тірегі әке-баланың –  
Қазақстан жалауы. 
 
Елтаңбасы елімнің 
Сұлтан Қалиев 
Елтаңбасы елімнің 
Неткен әйбат, әдемі. 
Тұнығындай көңілді, - 
Ортада аспан әлемі. 
 
Құт-береке шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ 
Екі жақтан көмкерген. 
 
Тәуелсіздік жолыңда 
Талай-талай тер тамған. 
Билігім өз қолымда, -  
Еркіндігім – Елтаңбам. 


 
 
 
Қазақ тілі 
Өтепберген Ақыпбеков 
Қазақ тілі – ата-анаң, 
Қуат алар Отан да одан. 
Дүниенің бар асылы 
Тең келмейді ешбір оған. 
 
Астана 
Ермек Өтетілеуұлы 
Болашаққа бастаған 
Шарықтайды асқақ ән. 
Елордасы Отанның –  
Мақтанышым Астанам! 
 
 
Астана – арман қала 
М. Әміреұлы 
Сарыарқа төсінде, 
Сән беріп Есілге. 
Жас қала – Бас қала, 
Астана өсуде. 
 
Күн болып қарайды, 
Шуақ боп тарайды. 
Әлемге нұр шашқан, 
Астанам арайлы. 
 
Туғандай қиялдан, 
Үйлері бір арман. 
Аспандап барады, 
Аяулы ұлы ордам. 
 
 
 
Алматы 
Тұманбай Молдағалиев 
Гүлзар баққа оранған, 
Күннен киген бөрікті. 
Аққудайын таранған 
Алматы – әсем, көрікті. 
 
 
 
 


 
 
 
Қуырмаш 
(ойын-өлең) 
Сапарғали Бегалин 
Қуыр-қуыр, қуырмаш!  
Тауықтарға тары шаш:  
Бас бармақ, Балаң үйрек,  
Ортан терек,  
Шылдыр шүмек,  
Кішкене бөбек:  
Сен тұр - қозыңа бар!  
Сен тұр - қойыңа бар! 
Сен тұр - жылқыңа бар!  
Сен тұр - сиырыңа бар!  
Сен қария,  
Қазан түбін жалап,  
Үйде жат! 
Мына жерде құрт бар,  
Мына жерде май бар...  
Қытық! Қытық!  
 
Ағайынбыз бәріміз 
Әнуәрбек Дүйсенбиев 
Жақсылыққа, бақытқа, 
Талпынған әр уақытта. 
Бала біткен дос-бауыр, 
Болмасын еш тосқауыл. 
Ақпыз, қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз. 
Ортақ болсын асқар тау, 
Жеміс толы бақша-бау. 
Болсын жер мен су да ортақ, 
Ақпыз, қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз. 
 
 
Қаз-қаз бас 
Қаз-қаз, балам, қаз балам!  
Қадам бассаң, мәз болам!  
Күрмеу үшін шешейін,  
Тұсауыңды кесейін!  
Қаз-қаз, балам, қаз балам!  
Тақымыңды жаз, балам.  
Қадамыңа қарайық,  


 
 
 
Басқаныңды санайық!  
Қаз-қаз, балам, қаз балам! 
 
Қадам бассаң, мәз болам!  
Қаз-қаз, балам, жүре ғой!  
Балағынды түре ғой,  
Тай-құлын боп шаба ғой,  
Озып бәйге ала ғой!  
Қаз бола ғой, қарағым,  
Құтты болсын қадамың! 
Өмірге аяқ баса бер,  
Асулардан аса бер!  
 
Айналайын баладан 
(Екі баланың айтуына арналған) 
 

Айналайын баладан, 
Тауып алған даладан. 

Далада бала жата ма? 

Түсіп қапты шанадан. 
 
-
.......біздің қайда екен? 

Қыздарменен тойда екен. 

Тойда неғып жүр екен? 

Алма теріп жүр екен. 
 
 

Алмасынан кәнекей? 

Жаңа теріп жүр екен. 

Жаңасынан кәнекей? 

Қабы толмай жүр екен. 
 
 
 
 
Жапырақтар 
Тұманбай Молдағалиев  
Қыстың жақын қалғанын  
Жапырақта білгендей.  
Желмен ұшып барады,  
Жерге қонып үлгермей. 
Жапырақтар жамырап,  
Сайға барып бекінді. 


 
 
 
Анасынан ажырап  
Қалған бала секілді. 
 
 
Көбелек - гүлдің eркeci 
Ақылбек Шаяхмет 
Ақ көбелек ұшады,  
Аппақ гүлге ұқсайды.  
Көк көбелек ұшады,  
Көкшіл гүлге ұқсайды.  
Сары көбелек ұшады,  
Сары гүлге ұқсайды.  
Көбелек - гүлдің epкeci 
Барлық гүлді құшады.  
 
Түрлі түстер 
Е.Өтетілеуұлы 
Қызыл, жасыл, көк... 
Түрлі түстер көп. 
 
Аппақ түсім − сүт, 
Бозғылт түсім − бұлт. 
 
Жасыл бояу − шөп, 
Сары бояу − сөк. 
 
Қара түсім − қас, 
Сұрғылт түсім − тас. 
Мөлдір бояу − су, 
Көкшіл − біздің ту! 
Доп 
Ә.Кекілбаев 
Доп, доп, доп, доп домалақ, 
Тыншымайсың домалап. 
Ас құйып ем күшікке, 
Үлгірмеді ішіп те… 
 
Төңкердің де табағын, 
Төгіп кеттің тамағын. 
Доп, доп, доп, доп домалақ, 
Осы әдетің жаман-ақ. 
 
 
 

10 
 
 
 
Жасаймын шана 
Жәнібек Карбозин 
Қар жатыр аппақ, 
Ойнауға жақсы-ақ. 
Осындай шақта 
Кім үйде жатпақ? 
 
Әп-әйбат қана 
Жасадым шана. 
Жасауға шана 
Келеді шама! 
 
Жеп-жеңіл шанам, 
Отырып алам. 
Отырсын ағам, 
Сынбайды шанам! 
 
Келеді шанам 
Жасауға шана. 
Сыйлаймын саған, 
Жалынсаң маған. 
 
ТҮЛКІШЕК 
(қызықтама) 
 
-
 
Tүлкi, түлкі, түлкішек,  
-
 
Түнде қайда барасың?  
-
 
Апам үйіне барамын,  
-
 
Апаң саған не берер?  
-
 
Eшкі сауып сүт берер,  
-
 
Оны қайда қоясың?  

Жалпақ тасқа қоямын. 

Ит ішіп кетсе қайтесің? 

Бақан ала қуамын. 

Былғанып қалса қайтесің? 

Ағын суға жуамын. 

Ағып кетсе қайтесің? 

Қайықпенен қуамын. 

Жеткізбесе қайтесің? 

Жылай, жылай қаламын.  
 
 
 
 

11 
 
 
 
Біздің үйде 
Әбен Дүйсеков 
Әжем – күйші, 
Әпкем – биші. 
Асқан шебер 
Ағам – үйші. 
Ісі – нұсқа, 
Әкем – ұста. 
Үй салады, 
Жазбен қыста. 
 
Ойыншықтар 
                                                                               
Қадыр Мырза Әли                        
Асыққанда, сасқанда 
Түсіп қалған дорбаңдай, 
Екі аяғы аспанда 
Құлап жатыр қорбаңбай. 
Ойыншық ит қарап тұр, 
Жаны жоқ қой – үрмейді. 
Моторы жоқ трактор 
Сүйресең  де  жүрмейді. 
Көзі қайда қыранның,  
Мүйізі сынған бұғылар... 
Жүк көтерген кранның 
Күші жоқ та, жүгі бар. 
Үйреншікті ізбенен 
Келеміз біз сәріде. 
Ойнағанда бізбенен 
Жан кіреді бәріне. 
 
Менің ойыншықтарым 
 
Мұзафар Әлімбаев 
Жүрмейсің бе абайлап, 
Болмасаңшы ұрыншақ. 
Асыр салып көп ойнап, 
Ақсап қапсың, құлыншақ. 
 
Ашытпайды көзіңді, 
Шомыла ғой, балақай! 
Қарашы енді өзіңе, 
Аппақ болдың, алақай! 
 
Түймең қалды үзіліп,  

12 
 
 
 
Неге қадап алмайсың? 
Тұр ғой, әне, ине-жіп, 
Неге ұқыпты болмайсың? 
 
Бөпем ұйықтасын 
Нұрхан Жанаев 
Қуыршағым тыныш тұр, 
Доктор аю, дұрыс тұр. 
Қызыл добым, секірме, 
Мазамды көп кетірме. 
 
Ал дөтілдек машинам, 
Ұзап кетпе қасымнан. 
Ақ қоразым, шақырма, 
Итім, басты қатырма. 
 
Тыныштық керек, тыныштық, 
Ұйқыға біздер кірістік. 
Далаға кіріп-шықпаңдар, 
Бізге ұқсап ұйықтаңдар. 
 
 
Менің апам 
Ақұштап Бақтыгереева 
Мені жақсы көреді, 
Күндей күліп келеді. 
Көп ертегі біледі, 
Маған айтып береді. 
 
Мен гүлдерді жұлмаймын, 
Торғайларды қумаймын. 
Айтқан сөзін тыңдаймын, 
Апашымды сыйлаймын. 
 
 
Әже 
Нүсіпбек Исахметов 
Әжем менің әлі де, 
Ұқсамайды кәріге. 
Шай қайнатып береді, 
Біздің үйдің бәріне. 
Базарға өзі барады, 
Бәрін сатып алады. 
Суды Сырым әкелсе, 

13 
 
 
 
Жүсіп отын жарады. 
Жұмсайды әжем мені де, 
Тауыққа жем беруге. 
Ауырады кей кезде,  
Аяғы да, белі де. 
Біз дәрісін табамыз.  
Қамқорлыққа аламыз.  
Әжемізді өзіміз 
Демде емдеп аламыз. 
Менің әжем 
Қадыр Мырза Әли 
Менің әжем – ақ әжем, 
Ұл мен қыздың бағы әжем. 
Ертегі айтып бер десең, 
Айтып берер тағы әжем. 
 
Менің әжем – жыр әжем, 
Шуағы мол нұр әжем. 
Ақ таяққа сүйеніп, 
Аман-есен жүр әжем. 
 
Ата ақылы 
Сырбай Мәуленов 
Кім үлкенді тыңдаса, 
Кім үлкенді сыйласа. 
Сыйлы болады өзі де, 
Үлкен болған кезінде. 
 
Біздің отбасы 
Адырбек Сопыбеков 
Папам менің қауыншы, 
Апам менің сауыншы. 
Ағам менің егінші, 
Жеңгем менің тігінші. 
Атам болса ол ұста, 
Бәрі-бәрі жұмыста. 
Мен боламын бақшада, 
Достарым бар қаншама!... 
 
Біздің шаңырақ 
Ермек Өтетілеуұлы 
Атамнан басталар,  
Ожеммен қосталар  
Отбасым мыналар:  

14 
 
 
 
Ең жақын адамдар  
Әкем мен анам бар,  
Бip туған ағам бар,  
Бip туған апам бар,  
Бәрін жақсы көремін,  
Еркелеймін, еремін.  
Біздің балабақша 
Мұзафар Әлімбаев 
Балабақша есігін 
Үшке тола ашқанбыз. 
Балапандай өсіріп, 
Мәпелейді бақшамыз. 
Бұл – екінші үйіміз, 
Бір туғанбыз бәріміз. 
Біз - осы үйдің гүліміз, 
Біз – осы үйдің сәніміз. 
 
Балабақшам менің 
Сөзін жазған Ертай Ашықбаев 
 
Әнін жазған Б. Жұмалин 
 
Жаңа қадам жасадым, 
Қош болып тұр бeciгім.  
Мен қуанып ашамын  
Балабақша eciгін. 
 
Қайырмасы: 
Әлдилеген елім,  
Сәбиіңмін сенің, 
Сәбиіңмін сенің, 
Балабақшам менің. 
 
Айтып берер тәтелер,  
Әсем өлең, жақсы аңыз,  
Ойыншықтар әперер,  
Қандай жақсы бақшамыз. 
 
 
Қайырмасы: 
Әлдилеген елім,  
Сәбиіңмін сенің, 
Сәбиіңмін сенің, 
Балабақшам менің. 
 

15 
 
 
 
Бұлданбаймын бекерге,  
Жас төкпеймін көзімнен.  
Үйіме кетерде  
Киінемін өзім мен. 
 
Бесік жыры 
Сағи Жиенбаев   
Әй-әй бөпем, әй бөпем, 
Ән айтайын, бал бөпем, 
Ән тыңдағың келсе егер, 
Және айтайын, жан көкем 
Бөпем менің ай ма екен. 
Шекер ме екен, бал ма екен. 
Ойнақтап бір бәйгеден 
Озып келер тай ма екен. 
Тас бұлақтар тауда екен, 
Жас құрақтар сайда екен. 
Көлбең-көлбең ұшатын 
Көбелектер қайда екен 
Қара қарға қарда екен, 
Жапалақтар жарда екен, 
Балпаң-балпаң басатын 
Балапандар қайда екен. 
Әй-әй бөпем, әй бөпем, 
Ұйықтадың ба, бал бөпем... 
Алдағанға көнетін 
Аңқау бөпе қайда екен. 
 
Әже 
Әні мен сөзін жазған Бота Бейсенова  
Сағындым, әже, өзіңді,  
Мейірімді көзіңді.  
Ертегіңді сағындым,  
«Құлыным» деген сөзіңді. 
 
Қайырмасы 
Сағындым, әже, сағындым,  
Мейіріңе табындым.  
Демалысқа шығамыз 
Аяғында мамырдың. 
 
Сағындым, әже, сағындым,  
Ағайын-туған бауырды.  
Қуат алып келейік 

16 
 
 
 
Топырағынан ауылдың. 
 
Қайырмасы 
 
Сағындым, әже, ceнi шын,  
Даналықтың кенісің. 
Құрт-майыңды сағындым, 
Сақтап қойған мен үшін. 
 
 
Апам үшін 
Сөзін жазған Қ.Мырза Әли 
Әнін жазған И. Исаев 
 
Апам үшін күнде мен  
Отынға ағаш жарамын.  
Су құямын гүлге де,  
Дүкенге де барамын. 
 
Жоқтатпаймын әпкемді,  
Қоям шайын қайнатып.  
Жылай қалса бөпемді  
Жұбатамын ойнатып. 
 
Сыпырамын үй ішін,  
Жуам аяқ-табақты.  
Апам бipaқ, мен үшін  
Оқымайды сабақты. 
 
Ана 
Өтебай Тұрманжанов 
Ана әнмен тербетеді,  
Күйге бөлеп жаныңды. 
Көңіліңді сергітеді,  
Балбыратып тәніңді. 
Сен ұйықтасаң әнге балқып,  
Анаң жаны жайланар.  
Аспандағы Ай да қалқып,  
Ақ бетіңнен аймалар. 
 
 
Сендей болсын бар адам 
Т. Рахимов 
Жарқын жүзді жан апам, 

17 
 
 
 
Сендей болсын бар адам. 
Сендей болса бар адам –  
Шаттық кетпес баладан! 
Сенсің, Ана, жан күші, 
Сендей болсын бар кici.  
Сендей болсын бар кici – 
Шексіз перзент алғысы. 
 
 
 
Менің апам 
Ақұштап Бақтыгереева 
Meнi жақсы көреді,  
Күндей күліп келеді.  
Kөп epтегі біледі,  
Маған айтып береді.  
Мен гүлдерді жұлмаймын,  
Торғайларды қумаймын,  
Айтқан сөзді тыңдаймын,  
Апашымды сыйлаймын.  
 
 
Құттықтаймын, анашым 
Несіпбек Айтұлы 
Құшағыңа кіргенде  
Жылынамын бip демде.  
Не жетеді көзіңе  
Мейірімді күннен де.  
Үн қатасың бал тілмен,  
Еркелеймін әр күн мен.  
Құттықтаймын, анашым,  
Ceгізінші наурызбен! 
 
 
 
Алтын дән 
Күләш Ахметова 
Жатыр дала жалтылдап,  
Жаз шуағын мол құйды,  
Күн астында алтын дән  
Тербеледі, толқиды.  
Толықсыған тасқындай,  
Көкжиекпен ұштасып.  
Күн астында ақ бидай  

18 
 
 
 
Билейді қол ұстасып. 
 
Жапырақтар 
Тұманбай Молдағалиев 
Қыстың жақын қалғанын  
Жапырақтар білгендей.  
Желмен ұшып барады,  
Жерге қонып үлгермей.  
Жапырақтар жамырап,  
Сайға барып бекіді. 
Анасынан ажырап  
Қалған бала секілді. 
 
 
Күз 
Ілияс Жансүгіров 
 
Ой, балалар, балалар,  
Қоңырқай күз болыпты,  
Қурап жапырақ солыпты,  
Ел eгінін орыпты.  
Ой, балалар, балалар,  
Ойналық та күлелік,  
Енді оқуға кірелік. 
 
 
Күз 
Қайрат Жұмағалиев 
Жайдары күз, жарқын күз,  
Аяулы күз, алтын күз.  
Дәнге толы ен далам  
Дариядай шалқып жүр.  
Мейірлі күз, мырза күз,  
Сыйлығыңа ырзамыз.  
Аппақ арай таңында  
Шомыламыз нұрға бiз.  
Күнді көрсе, толғанар,  
Бұлтты көрсе, шамданар,  
Қысты қазір жолатпа,  
Тола түссін қамбалар.  
Көк аспаның мөлдіреп,  
Алтын күзің елжіреп,  
Асыр салып жүре бер,  
Сары көйлегің желбіреп. 

19 
 
 
 
 
Қолғап 
Әнуарбек Дүйсенбиев 
Жоғалыпты қолғабым,  
Тыз-тыз етті қолдарым.  
Сорып аяз тастады,  
Естен кетпес тоңғаным.  
Қолғаптық жіп шығарып,  
Тоқыды әжем біз алып.  
Мен отырмын ұяттан  
Тоңғандай боп, қызарып. 
 
Ойыншықтар 
Нұрсұлтан Әлімқұлов 
Біздерде бар қуыршақ,  
Бұзау, қозы, құлыншақ.  
Ойыншықтар «тыңдайды»,  
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.  
Қуыршақтар ұйықтайды,  
Айтқаныңнан шықпайды.  
Бұзау, қозы, құлыншақ  
«Ұйықта» десең, ұқпайды.  
Тыңдамайды ұрысса,  
Осылары дұрыс па?  
Тентектігін қоймаса,  
Тұрғызармын бұрышқа.  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал