Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 344.91 Kb.

бет2/4
Дата22.04.2017
өлшемі344.91 Kb.
1   2   3   4

2-кесте – Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтар жүйесі және оны  

қалыптастырудың факторлары 

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi 

–  тәрбиенiң  басқа  адамға  деген  қажеттiлiгi,  басқа  адамдарды  сүйе  бiлу 

қажеттiлiгi болып табылады.

 

Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның 



ішінде  патриотизм  рухани  сұраныстарды  қанағаттандыратын  және  тұлғаның  

рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер  

оның 

ой-санасында, 



мінез-құлқында, 

іс-әрекетінде 

ұлттық 

және 


жалпыадамзаттық  құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді. 

Жалпыадамзаттық құндылықтар – халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің 

рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. 

«Құндылық»  (И.Кон,  В.А.Караковский,  А.Г.Здравомыслов,  В.А.Ядов, 

В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. 

Патриоттық тұлға  

Отбасы  

Әлеуметтік 

орта  

Ұлттық 


мәдениет  

Патриоттық 

құндылық 

Ұлттық тіл 

Ұлттық намыс 

Ұлттық тарих 

 

Міндет 


Парыз 

Ұлттық сана 

 

 

Ұлттық салт-дәстүр  



Ұлттық таным  

Ұлттық рух   

 


11 

 

ғылыми  зерттеулерінде)  –  Отан,  адам,  тұлға,  өмір,  адамдардың  бір-біріне 



мейрімділік  қарым-қатынасы,  шыншылдық,  әділеттілік,  білім,  ғылым,  өнер, 

еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып 

саналады. 

 

Тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құндылықты  айқындауда  жоғарыда 



патриотизмге  берiлген анықтамаларға  және құндылық, адамгершiлiк құндылық  

ұғымдарын    философия,  педагогика,  психология  ғылымдары  тұрғысынан 

саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi 

мен  туған  жерiн,  Отанын  сүю,  мемлекеттiң  тәуелсiздiгi  мен  бейбiтшiлiгiн, 

әлемдік тыныштықты  сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін 

бүгінгі заман талабына сай  ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк 

қарым-қатынасты,  табиғат  пен  адам  арасындағы  мейрiмдiлiктi,  ұлтаралық 

мәдениеттi дамыту. 

Балалардың  бойына  патриоттық  құндылықтарды  қалыптастыруда 

қойылатын негізгі талаптар айқындалды: 

-  балабақшадағы  және  топтағы  жүргізілетін  патриоттық  тәрбие  жүйесімен 

өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі 

сабақтастық; 

- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық 

тұрғыда негізделуі; 

-  сабақтың  құрылымында  патриоттық  тәрбиеге  арналған  мазмұнның 

қамтылуы,  сабақ  мазмұнының  балалардың  патриоттық  іс-әрекетінің  негізі 

болуы,  берілетін  білім  мен  балалардың  патриоттық  іс-әрекеті  арасында 

байланыстың болуы; 

- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы; 

-  балалардың  танымдық,  белсенділік  іс-әрекеттеріне  ықпал  ету,  топтағы 

қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру; 

-  сабақтың  құрылымы,  мазмұны,  қолданылатын  әдістері  мен  тәсілдерін 

айқындауда патриоттық бағыттарына  баса көңіл аударылуы керек. 

Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан-

ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  мақсат  болғандықтан,  балалардың  бойындағы 

Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың 

біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,  жазушы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы 

батыр  Бауыржан  Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып 

кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. 

Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз Ата мекен жер үшін, 

Қасиетті ел үшін, Әзиз ана, қарт ата, Ботакөз сұлу қарындас Күң, құл бомасын, - 

деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.  

Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке, 

батырлыққа  байланысты  біршама  терминдерге  анықтама  берген.  Патриотизм 

дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының 

қоғамдық-мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну,  ал 

мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау, 

қысқасын  айтқанда,  патриотизм  мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни 

оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.  



12 

 

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және 



адамзаттың  қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу 

сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау 

үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым 

өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, 

жанға-жанмен,  қанға-қанмен  аяусыз  кек  алу  жолымен  жеке  басыңды  және 

отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.  

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.  

Табандылық – батырлардың қалқаны.  

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде 

абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.  

Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде 

артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған.  

Мысалы:  

• Намысты нанға сатпа.  

• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу − сатқындық. 

• Именіп жүріп көрген игіліктен − қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.  

• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше − шындықтың уын ішіп өлген артық.  

• Ерлік − елдің қасиеті, жүректілік − жігіттің қасиеті.  

• Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, 

көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. 

•  Батырлық  тәуекел  мен  ақылдың  есебінен  шығуға  тиіс.  Тәуекел  кейде 

ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.  

• Ерлік − тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.  

• Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады. 

• Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.  

• Ептілік те – ерлік.  

• Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.  

Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

біздерге өсиет сөздер қалдырған.  

Ұлтжандылық – халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге 

арналған  жігері,  қайраты.  Ұлтжанды  деп  еңбекқор,  іскер,  талапты,  ойшыл, 

ізденгіш,  ұлттық  мұраттар  жолындағы    абзал    істің    иесін    айтамыз»  –  деп 

сипаттайды.  

1999 жылы баспадан шығарылған «Қазақ тілінің сөздігінде» – «Ұлтшылдық 

біріншіден  –  ұлт  мүддесіне  жан-тәнімен  берілушілік,  ұлтжандылық,  ұлтын 

ерекше  сүюшілік.  Екіншіден  –  ұлт  мүддесін,  ұлт  ерекшелігін  қорғау  ұранын 

пайдаланып ұлттар арасына іріткі салушы буржуазиялық кертартпа саясат пен 

идеология».  

«Педагогика  және  психология  сөздігінде»:  «Ұлтжандылық  –  өз  ұлтының 

тілін,  ділін,  дәстүрін  сүюдің  белгісі.  Ұлтжандылық  өз  ұлтының  мәдениетін, 

әдебиетін,  дәстүрін  қадірлейтін,  ұлттық  намысты  қорғай  білетін  адамның 

қасиеті»  –  деген  анықтама  берілген.  Орыстың  ұлы  жазушысы  В.Распутин 

мынадай  түсініктеме  беріп  кеткен:  «Ұлтшылдық  -  өзінің  анасын  жақсы  көру 

сияқты. Әр адамның өз анасы өзіне ыстық. Ол ең дана, ең мейірбан, ең ақылды, 



13 

 

ең  сұлу  қысқасы  жұрттың  бәрінен  артық  қасиетті  жан.  Оған  ешкім  жетпейді. 



Онымен ешкім тең келмейді. Бірақ дүниедегі ең тамаша асыл жан менің анам деп 

түсіну  –  басқа  аналарды  жек  көру,  немесе  кемсіту  болып  табылмайды.  Мен 

барлық аналарды құрметтеймін, алайда, өз анама өмір бойы қызмет етемін».  

Балалардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың қайнар көзі – қазақ 

елінің  тарихы,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі,  табиғат  ерекшеліктері  мен  табиғат 

ресурстары  туралы  түсініктері,  ел  экономикасының  даму  заңдылықтарымен 

қазіргі  жаһандану  кезеңіндегі  даму  деңгейі,  мемлекеттік  рәміздер  сияқты 

ерекшеліктеріміздің  психологиялық-педагогикалық  мәнін  зерттеп,  өзіндік 

қайталанбас белгілерінің негізінде патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бүгінгі 

күннің  талабы  болып  отыр.  Осы  қасиеттерді  қалыптастыруда  төмендегідей 

қоғамдық талаптар ескеріледі:  

1. Әлемнің жаһандану жағдайында қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып 

жатқан  саяси-экономикалық,  мәдени-әлеуметтік  және  т.б.  өзгерістердің,  ұрпақ 

тәрбиесіндегі  бетбұрыстардың  білім  және  тәрбие  беру  жүйесінің  ісін  жаңа 

сатыға көтеру қажеттілігіне көңіл бөлуді талап етіп отыр.  

2.  Балалардың  патриоттық  қасиеттерін  қалыптастыруда  тәрбие  құралы 

ретінде жан-жақты дамыған патриот тұлға ретінде тәрбиелеп, қалыптастыруды 

жүзеге  асыруды,  олардың  бірегей  ұлттық  дәстүрлерге,  ұлттық  идеяға, 

көзқарасын,  халқының  тарихын,  ділін,  ұлттық  қасиеттерін,  ұлттық 

экономиканың  дамуы,  қалыптасуы  мен  оның  халыққа  қызмет  етуін,  еліміздің 

рәміздерін  біліп,  ұлттық  патриоттық  мақтаныш  сезімін  оятудың  қажеттілігін 

талап етеді.  

3.  Қазақстан  жағдайындағы  жаңа  өмірге  көзқарас  тудыруда,  ұлттық 

құндылықтарды  айқындап  көрсетумен  қатар,  ұлттық  патриоттық  қасиеттерді 

қалыптастыруда  рухани  мәдениетті  дамытудың  қозғаушы  күштерін  дәлелдеп, 

оның  тәрбиелік  қолданбалы  тәсілдерін  меңгертуде  маңызды  фактор  болуын 

ескереді.   

4. Өркениетті қоғамға сай білімді, іскер, шығармашыл, құзіреттілігі мол өз 

еркімен  жауапты  шешім  қабылдай  алатын,  оның  салдарын  болжай  білетін, 

ынтымақтастыққа  икемді,  жан-жақты  белсенді,  елінің  тәуелсіздігі  мен 

егемендігін  сақтауға,  салт-дәстүрлеріне,  әдет-ғұрпына,  рәміздеріне  үлкен 

құрметпен, жауапкершілікпен қарайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. 

Балалардың  патриоттық  қасиеттерін  қалыптастыруда  жоғарыда  аталған 

қоғам  талаптарын  ескере  отырып,  қалыптастырудың  үш  компонентін  бөліп 

алынды: эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік. Сонымен қатар, 

осы  компоненттерді  анықтаудың  өлшемдерін,  көрсеткіштері  мен  деңгейлері 

анықтады (3-кесте). 

3-кесте – Балалардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру компонеттері, 

өлшемдері, көрсеткіштері.  

 

 



14 

 

Компоненттері 



Өлшемдері 

Көрсеткіштері 

Эмоционалдық-

мотивациялық 

-  патриоттық  қасиеттерді 

қалыптастыруға 

бағытталған 

балалардың 

жағымды 


эмоционалдық 

көзқарасы; 

-  өз  Отаны  Қазақстан 

Республикасына 

саналы 

патриоттық 



сүйіспеншіліктің болуы. 

патриоттық 



қасиеттерді 

қалыптастыру құралы ретінде сезінуі; 

- патриоттық сипаттағы эмоционалдық 

сезіммен қажетсінуі; 

патриоттық 



мазмұндағы 

қызығушылығы мен аялы көзқарасы

Қазақстан 



Республикасының 

экономикалық  өркендеуі,  оны  әлемнің 

дамыған  елдері  қатарынан  орын  алуы 

міндеттеріне  қызмет  етуді  қалау  және 

оған ұмтылу; 

Қазақстанның 



экономикалық, 

әлеуметтік, 

экологиялық, 

мәдени, 


геосаяси 

жетістіктеріне 

ұлттық 

мақтаныш сезімнің болуы; 



Қазақстанды 

мекендейтін 

халықтардың  еркін  дамуына,  тіліне, 

дініне,  мәдениетіне,  әдеп-ғұрпы  мен 

салт-дәстүріне 

қызығушылықтың 

болуы; 


-  еліміздің  рәміздеріне  құрметпен 

қарау қатынастың болуы. 



Мазмұндық 

-  патриоттық  қасиеттерді 

қалыптастырудағы 

мазмұндылығы 

және 


толықтылығы; 

-  патриоттық  қасиеттерді 

қалыптастырушы 

мәні, 

маңызы туралы блімдердің 



болуы. 

патриоттық 

қасиеттерді 

қалыптастырудағы мүмкіндіктерін білуі 

және түсінуі; 

патриоттық 

қасиеттерді 

қалыптастыруға бағытталған үдерістер; 

патриоттық 



қасиеттерді 

қалыптастырушы  мәліметтердің  өзіндік 

ерекшеліктерін көре білуі. 

Іс-әрекеттік  

өзінің 



білімін 

практикалық 

іс-әрекетте 

пайдалана 

білуі 

және 


пайдалануға талпынысы; 

қоғамдық 



саяси-іс-

әрекетті    тиімді     жүзеге 

асыруда 

патриоттық 

қасиеттерді 

қалыптастырудағы 

мазмұнын пайдалана білуі. 

 



патриоттық 

қасиеттерді 

қалыптастыруға 

бағытталған 

мазмұнына  талдау  бере  білуі  -  өзінің 

патриоттық көзқарасын көрсете білуі

-  патриоттық  қасиеттерді  тұлғалық 

құндылық  ретінде  қабылдайды,  мінез-

құлық  пен  іс-әрекетте  оларды  қарым-

қатынасты 

үнемі 

пайдалануға 



ұмтылады. 

 

Балаларды  патриоттық  рухта  тәрбиелеу  тек  қоғам  мен  мемлекеттің 



сұраныстарына  ғана  емес,  әрбір  баланың  дара  тұлғалық  дамуына  бағытталған 

педагогика  ғылымының  қазіргі  бағыттарына  да  сәйкес  келуі  қажет.  Өйткені 

отанға  сүйіспеншілік  адамның  өзін  тұлға  ретінде  сезінуіне,  өз  елін  мақтан 

тұтуына,  өзін  онымен  байланысты  сезінуіне  мүмкіндік  береді,  рухани  және 

адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.   

Қоғамның  әлеуметтік  даму  жағдайына  байланысты  қоғамда  патриоттық 

құндылықты қалыптастыру факторлары:  


15 

 

-  мемлекетіміздің  тәуелсіздігі  мен  егемендігін  сақтау,  еліміз  бен  жерімізді 



ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап отыру;  

-  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуының  негізгі  белгісі  ұлттық  тіл,  яғни,  қазақ  

тілін ұлтаралық тілдер мәртебесіне жеткізу;  

-  мемлекеттік  тіл  ретінде  дамып,  қалыптасуын  жетілдіру  әр  азаматтың 

міндеті болып табылуы қажет;  

-  мемлекеттік  тіл,  ресми  және  республикада  тұратын  басқа  халықтардың 

тіліне деген құрмет;  

- ұлтттық тарихи және мәдени мұраларға деген сүйіспеншілік пен құрмет; 

- ұлттық экономикалық даму процесіне өз үлесін қосу;  

- табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;  

- әлемдік техникалық прогрестің алдыңғы қатарынан көріну, Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясына 

сәйкес кәсіби мамандар қалыптастыруға жағдай жасау, т.б. қамтылады. 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда  

патриоттық тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды 

iске асыруда алдымызға қойған негiзгi талаптарды шешу көзделді: 

-

 

патриоттық  тәрбие  беру  үрдісінде  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 



құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы  патриоттық 

құндылықтарды қалыптастыру; 

-

 

жүйелі-ұйымдастыру – балабақша, мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаны 



өзара  сабақтастыра  отырып,  мақсатты  түрде  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 

беруді ұйымдастыру; 

-

 

оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, патриоттық 



тәрбие берудің мазмұнын, формалары мен әдістерін нақты пайдалана білу; 

-

 



аймақтық  ерекшеліктерді  ескеру,  туған  елге,  жерге,  ауылға,  қалаға,  т.б.  

сүйіспеншілігі  арқылы,  ұлттық  және  Қазақстандық,  жалпыадамзаттық 

патриотизмді қалыптастыру; 

-

 



кешенді  ықпал  ету  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  патриоттық, 

әлеуметтік  құндылықтарды, тәжірибелерді  жүйелі түрде пайдалану. 

Патриотизмнiң  қалыптасуының  тарихи  алғышарттарына  ғылыми  талдау 

жасау  барысында  балаларға  патриоттық  тәрбие  берудің  әдiснамалық  негiзiн 

тұлғалық,  іс-әрекеттік,  әлеуметтік,  аксиологиялық,  мәдениеттану,  өркениеттiк, 

жүйелiлiк  тұғырларын  саралай  отырып,  бүгінгі  оқушы-жастарды  тәрбиелеудің 

тұжырымдамасы теориялық тұрғыда негізделді (Кесте 4).   

   



Әдіснамалық  

тұғырлар 

Тұлғаның  бойындағы патриоттық құндылықтарды 

қалыптастыру жүйесі 

Танымдық 

(В.И.Загвязинский, 

Г.Қ.Нұрғалиева, т.б.) 

Жалпыадамзаттық  құндылықтар.  Ұлттық  құндылықтар.  “Адам-

Қоғам-Табиғат“  жүйесіндегі  құндылықтар.  Жаңа  әлеуметтік 



16 

 

қауымдастықты  түсіну  және  қабылдау.  Тұлға  –  қоғамда  және 



қоғамдық дамудағы негізгі құндылық. 

Мәдениеттану  

(М.Н.Скаткин, 

И.Я.Лернер, 

В.В.Краевский, 

А.Сейдімбек, 

Ж.Наурызбай, т.б.) 

Тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге бейімдеу. 

Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  ұлттық  мәдениеттің  жиынтығының 

тұлға  бойында  көрініс  беруі.  Мәдениет  аясында    жеке  тұлғаның 

өзін-өзі іске асыруы. 

Өркениеттiк 

(Г.Б.Корнетов, т.б) 

Жалпыадамзаттық  мәдениет  пен    құндылықтарды  тұлға  бойына 

менгертуге    ықпал  ету.    Ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  кіріктіру  арқылы  жалпыадамзаттық  патриоттық 

құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бейімдеу. 

Жүйелілік  

(С.А.Смирнов, 

Г.А.Уманов, 

Т.С.Сабыров,т.б.) 

Ақиқатты  жүйелілік  тұрғыдан  қабылдау.  Ұлттық,  қазақ, 

қазақстандық, жалпыадамзаттық патриоттық құндылықтар жүйесі 

тұрғысынан іске асыруға бағыттау. 

Тұлғалық 

(Л.С.Выготский, 

С.Л.Рубинштейн, 

А.А.Бейсенбаева, 

Ж.И.Намазбаева, т.б.) 

Тұлғаны құндылық ретінде қабылдау. 

Тұлғаның субъектілік тәжірибесінің ерекшілігі (даралығы). 

Тұлғаның әлеуеті мен мәндік күшін ашуға бағыттау. 

Тұлғаның қатынастар жүйесі мен  бағдарының өзара әрекеттесуі. 

Іс-әрекеттік 

(С.А.Смирнов, 

Ж.А.Қараев, т.б.) 

Объектінің біртұтастығын  және оның тетіктерін  ашуға бағыттау. 

Алдына мақсат қоя білу, іс-әрекетін жоспарлау, бақылау, баға беру. 

Әлеуметтік 

(А.М.Новиков, 

А.В.Мудрик, 

В.А.Сластенин, 

З.У.Кенесарина, т.б.) 

Тұлға тәрбиесі - әлеуметтендіру үрдісі. Тұлғаның дамуына ықпал 

ететін  әлеуметтік  орта  мен  тәрбиелік  кеңістікті  орнықтыру. 

Әлеуметтік  қарым-қатынас  негізінде  тұлғаның  патриоттық 

құндылығын қалыптастыруға бағыттау. 

4-кесте  –  Балаларға  патриоттық  тәрбие  беру  мәселесін  зерттеуге  қажетті 

әдіснамалық тұғырлар 

 

Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық 



тұғырларға төмендегідей талдау жасалынды.  

Танымдық әдіснамалық тұғырлар – тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, 

қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы. 

Бала  –  отбасының  жеміс  берер  гүлі,  алтын  тіреу  діңгегі  болғандықтан  да, 

тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие    

бесіктен  басталады.  Отбасындағы  ата  мен  әженің,  әке  мен  шешенің,  апа-

қарындас,  аға-інінің  бір-бірімен  күнделікті  өмірдегі  қарым-қатынасы,  мінез-

құлқы  –  ұлттық  тәрбиенің  бастау  бұлағы.  Этностық  тәрбие  –  жеке  тұлғаның 

этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.  

Балалардың  мәденилік  принципінің  мәні  бала  тәрбиеленіп  отырған 

ортаның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін қолдана алуы. 

Н.Б.Крылова бойынша мәденилік принцип – метапринцип, тәрбие мен білім 

беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты болса, 

екінші  жағынан,  әлеуметтік  қайта  құруға  қабілетті,  яғни  тек  қана  оның 

нормалары  мен  құндылықтарын  тасымалдаушы  ғана  емес,  жаңа  мәдени 

формаларды  ұйымдастырушы.  Тәрбие  мен  білім  берудің  қабілеттілігі  -  



17 

 

мәдениеттің  мәнін,  қарқынын,  мазмұны  мен  компоненттерін  көрсетіп,  мәдени 



өзін-өзі  анықтауға  және  сәйкестілендіруге  (идентификациялауға)  шарттар 

тудыру.  Бұл  принцип  бойынша  тәрбие  мен  білім  беру  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық 

мәдени  құндылықтар  мен  нормалар  және  аймақтық  дәстүрлерге  сәйкес 

құрылады.  

Өркениелік  тұғырлары  –  өмір  бойы  жалғасатын  біртұтас  үздіксіз  үрдіс, 

оның  даму  барысында  адамның  этнос  субъектісі  ретінде  этностық 

құндылықтарды,  этноәлеуметтік  рольдерді  және  өз  халқының  салт-

дәстүрлерінде  шоғырланған  этностық  нормаларды  меңгеруі,  этностық  өзіндік 

санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін 

және  басқа  ұлт  өкілдеріне  сыйластық,  түсіністік  сезімін  қалыптастыру  болып 

табылады. 

Тұлғалық тұғырлар – әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани 

мәдениеті:  әдебиеті,  өнері,  ғылымы  арқылы  мінез-құлық,  болмыс,  сана-сезім 

ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің 

ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп,  ұлт  бастамасы  «баланың»  өз  мәдениетіне  ену 

мүмкіндігімен анықталады. 

Іс-әрекеттілік  –  когнитивті,  аффективті,  мінез-құлықтық  сәйкестілік 

компоненттері арқылы анықталады. Олар:  

Когнитивті 

компонентке 

жас 


ерекшелігіне 

этникалық 

өзіндік 

идентификация,  ана  тілін  үйренуге  талпыныс,  өз  халқының  және  басқа  да 

этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады. 

Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар 

кіреді.  

Мінез-құлықтық  компонентке  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың 

әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы 

жатады. 


Әлеуметтік  тұғырлар  –  құндылықтарды,  этноәлеуметтік  рөлдерді  және  өз 

халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік санасын оятып, өз 

ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт 

өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастырады.  

Корыта  келе,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  патриоттық  тәрбиелеу 

ерекшеліктері айқындалғаннан кейін, мынадай талаптар туындайды: 

1)  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тәрбие  мен  оқытудың  мазмұны,  түрі  және 

әдістері  гуманизм  мен  қоғамды  демократияландыру  рухына  сәйкес  құрылуға 

тиіс; 

2)  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңнің  ерекшелігі  сол,  бұл  кезеңде  баланың 



адамгершілік  қасиеттері,  білімдік  дағдылары  мен  икемділіктерінің  негізі 

қалыптастырылуы қажет;  

3)  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңге  қойылатын  аса  маңызды  талап  − 

балалардың  танымдық  қызығушылықтарын  қалыптастырып,  білімдерін 

жинақтау  мен  жүйелеу,  олардың  айналадағы  құбылыстар  туралы  негізгі 

түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру; 



18 

 

4)  балаға  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  педагогикалық  үдеріс  арқылы 



қазақстандық  рухани  құндылықтарға  сай  адамгершілік,  мәдениет  негіздері 

дариды. Ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс қасиеттерін 

сіңіріп қалыптастыру; 

5) мектепке дейінгі ұйымдарға оқу және тәрбие мәселелерін шешуде өзіндік 

білімін  пайдалана  алатын,  танымдық  әрекеттері  мен  ойлануы  жеткілікті  даму 

деңгейіне көтерілген, жоғары білікті мамандар даярлау; 

6)  баланың  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасауына,  әлеуметтену 

процесіне ерекше көңіл бөлу. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  патриоттық  тәрбие  процесіне  тән 

ерекшеліктер:  

-  мақсатты  бағыттылық  (мақсаттың  түсінікті  болуы  нәтиже  тиімділігінің 

кепілі); 

мақсаттар  бірлігі  (тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасындағы 



қызметтестіктің  көрсеткіші); 

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді); 

-  көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі  сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да 

ықпалдарға  кезігеді.  Тәрбие  барысында  олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға 

болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады. 

-  ауыспалылығы  (тәрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  және  кездейсоқ 

әсерлерге бірдей кезігіп отырады). 

 -  үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мәртелік  шара  қаншама  жарқын 

болмасын,  аса  ыждағаттылықпен  жүйелі  дайындалған  тәрбие  істерінің  орнын 

баса алмайды); 

 - баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік 

тәжірибесінің  әр  түрлілігімен  ажыралады.  Тәрбие  процесінде  бұлар  ескерілуі 

шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы 

ықтимал); 

-  екі  тараптылығы  (тәрбиелік  ықпалды  жүргізуші  –  тәрбиеші,  ал  ықпалды  

қабылдаушы – бала); 

- тәрбие процесі − өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 

- тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие 

процесінің өнімді болуының кепілі – тәрбиеші ептілігі, шеберлігі, құндылықты 

бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті); 

 -  қарама-қайшылықты  болуы  (қарама-қарсылықтар  тәрбиенің  қозғаушы 

күші ретінде қарастырылады). 

Тәрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тәрбие  процесінде  кездесетін 

келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен 

оған  дайындауға  арналған  әдістер  мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи 

даму  мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл  дамудың  әлеуметтік  жағдайлар 

бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғатпен белсенді, әрекетшең 

болуы,  оның  қоғамдық  өмірге  араласу  ынта-ықыласы  мен  өмірлік  процеске 

нақты  қатысу  үшін  қажет  тәжірибе,  білім,  ептілік  пен  дағдылардың  жетіспеуі 

және т.б. 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал