Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 344.91 Kb.

бет1/4
Дата22.04.2017
өлшемі344.91 Kb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ЖЕРІМ»  



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ  

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ  

____________________________________________________________ 

 

Әдістемелік ұсыным 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АСТАНА  

2014 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар:  

Ә.Е.Жұмабаева, пед.ғылым.докторы;  

Ф.Н.Жұмабекова, пед.ғылым.канд., доцент;  

А.Т.Төлеуова, әдіскер 

 

  

 

 

 

 



 

«Менің  елім  –  менің  жерім»  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 

патриоттық тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсыным. −Астана, −2014 ж. – 32 б.  

 

 



 

Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбиені 

ұйымдастыру және оның ерекшеліктері, патриоттық тәрбиенің заманауи әдістері мен 

ұйымдастыру  формалары,  ата-аналармен  жұмыс  жоспарын  ұйымдастырудың  үлгісі 

берілген. 

Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға арналған. 

 

 

 



 

 

 

 

   «Мектепке дейінгі балалық шақ»  

республикалық орталығы, 2014 

 

 


 

КІРІСПЕ 

Н.  Назарбаев  өзінің  дәстүрлі  Жолдауында:  «Қазақстанның  отаншылдық 

сезімін  тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу 

орындарына  дейінгі  орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып 

табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге  тәрбиелеу  – 

мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен.  

Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  өзіндік 

мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  «ұлтжандылық»,  «отансүйгіштік», 

«патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен  туындайды.  

Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  темірқазығы  – 

қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы 

біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік  

ахуалдың  ерекшелігін  көрсетеді.  Елімізде  жүзден  аса  ұлттар  мен  ұлыстардың 

өкілі  өмір  сүруде.  Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  Отаны  және  бұдан 

былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан  олардың әрқайсысы 

Қазақстанды  ата-жұртым  деп  танып,  оның  тәуелсіздігін  қорғауға  және 

материалдық  байлығын  арттыруға  еңбек  етуі  тиіс.  Сол  себепті  қазақстандық 

патриотизм  ұғымы  күнделікті  өмірде  жиі  қолданылып,  кеңінен  қалыптасып 

келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан 

азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан 

– анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы 

білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау 

болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де 

осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.  

Демократиялық  бағыт  ұстанып  отырған  қоғамда,  балалар  мен  жастардың 

тағдыры  өздеріне,  отбасының  материалдық  ахуалына  байланысты  болып 

отырған  жағдайда  патриотизмнің  маңызын  айқындау  басты  мәселелердің  бірі 

екені даусыз.  

Өсіп  келе  жатқан  жас  буындардың  бойында  қазақстандық  патриотизм 

сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып 

білуі  жеткіліксіз,  сонымен  қатар  олар  бір-бірін  танып  біліп,  құрметтеуі  тиіс. 

Балалардың  бойында  патриоттық  сезімді  қалыптастыруда  ана  тілі  пәндерінің 

алатын  орны  ерекше.  Отанын  сүйген,  елін  жаудан  қорғау  үшін  қасық  қаны 

қалғанша  аянбай  шайқасатын  Қобыланды,  Қамбар,  Ер  Тарғын,  Алпамыс 

тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге 

шақырған  өлең  жырлары,  шешендік  сөздері  балалардың  бойында  патриоттық 

сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор.  

Өз  ұлтына  деген  патриоттық  сезімді  қазақ  ағартушылары  Шоқан 

Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға 

болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, 

өз  елін  қорғау  үшін  керек  десе,  жанын  қиюға  дейін  баруға  болатынын  іспен 

көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы 

күрес  жүргізуге  шақыратын  Махамбеттің  қуаты  күшті  шағын  өлеңдерінің 

балалар үшін маңызы ерекше. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. 


 

Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие 



беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да 

өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.  

Патриотизм  туралы  идеяларды  кезінде  өздерінің  шығармаларында  қазақ 

даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд 

Қашқари,  жыршы  -  жыраулары  Асан  қайғы,  Доспамбет  жырау  Қалқаманұлы, 

Махамбет  Өтемісұлы  айтқан  болатын.  Аталған  ғұламалардың  еңбектері 

еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір 

жүйеге келтірілді.  

Патриотизм  идеясының  дамуына  француз  материалистерінің,  неміс 

философтарының да қосқан үлесі мол.  

Орыс  революционер  –  демократтары  да  көптеген  құнды  идеялар  көтерді. 

Жүсіп  Баласағұни,  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Әбу  Насыр  Әл-Фараби,  Махмуд 

Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.  

Патриоттық  тәрбиені  зерттеуші  Ресей  ғалымдарының  бірі  Ю.Н.Галанин 

«Патриоттық  тәрбие  –  тұлға  бойына  негізгі  рухани  құндылықтарды 

қалыптастыру.  Патриоттық  сезімін  тәрбиелеу,  ерлік  дәстүрлерге  және  әлемдік 

жаһандандыру  үрдісіне    Ресейдің  ғылыми  техникалық  және  мәдени  тұрғыда   

қосқан  үлесіне  мақтаныш,  әр  түрлі  әскери  жағдайларда  отанға  шын  берілген, 

отан үшін жанын қиюға дайын  болу», – деген тұжырым жасай келе, патриоттық 

тәрбиенің  негізгі  бағыттарын  айқындайды.  Бұл:  азаматтық  тәрбие;  азаматтық 

патриотық тәрбие; ұлттық патриоттық тәрбие; ерлік-патриоттық тәрбие; әскери- 

патриоттық тәрбие деп бөліп қарастырады. 

Азаматтық  тәрбие  –  азаматтық  сезім,  сана,  тұлғаның  азаматтық  сапасын, 

нақты азаматтық бағытын, халқына саналы түрде, өз еркімен  қызмет етуге дайын 

болу.  Азаматтық  тәрбие  азаматтық,  азаматтық  мәдениет,  азаматтық  бағыт 

тұрғысынан  сипатталады.  Азаматтық,  азаматтық  мәдениет  тұлғаның  бойында 

мектептен, әсіресе бастауыш мектепте қалыптасады дейді. 

 Азаматтық-патриотық  тәрбие  –  жастарға  қажетті  құқықтарын  іс  жүзінде  

қамтамасыз  етуге,  жастар мен мемлекет арасындағы қатынастарды  қамтамасыз 

етуге бағытталады.   

  Ұлттық-патриоттық  тәрбие  –  оқушылардың  бойында  кіші  отанға  деген 

сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке  құрметпен қарау, өз халқына 

деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да).  

 Дәстүрлі  халықтық  мәдениет  ұлттық  мәдениеттің  негізгі  бөлімі  дей  келе, 

халықтық  дәстүрлер  өмірді  түсіну  мен  бағалауда  негізгі  орын  алатынын 

еңбектерге талдаулар жасау арқылы нақтылайды. 

Ерлік-патриоттық тәрбие – ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай 

білу,  оған  деген  мақтаныш  сезім,  әскери  мамандықтарды,  айрықша  тарихи  

күндерді  насихаттау.  Тарихи    күндерді  насихаттау,  ұлы  адамдардың  өмірін 

таныстыру  арқылы 

оқушылардың  бойында  патриоттық  қасиеттерді 

қалыптастыруда негізгі орын алады.  

Әскери  патриоттық  тәрбие  –  ерлік–патриоттық  тәрбиемен  тығыз  

байланыста  оқушылардың  бойында  терең  патриоттық  сананы  қалыптастыру, 

отанға  қызмет  ету  және  оны  қорғау  идеясы,  Ресейдің  әскер  тарихына  деген  


 

мақтаныш  сезімін  тәрбиелеу,  әскери  мамандықты  менгеруге  баулу,  әскери 



дәстүрлерді сақтау және көбейтуге ат салысу. 

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: 

туған  жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр, тарихи  ескерткіштер,  туған 

өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, 

туысқандық  сезімдерді  ұялатып,  ізгі  де  ерлік  істердің  қайнар  көзіне  айналуы 

патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен- 

өзі  келмейтін  баланың  бойында  біртіндеп  қалыптасатын  құдіретті  сезім.  Бұл 

сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, 

тәжірибемен,  уақытпен,  біліммен,  қоршаған  ортаның  ықпалымен,  балабақша, 

отбасы,  мектеп,  жоғарғы  оқу  орындары,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 

қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар  әсерімен  қалыптасады.  Патриоттық  сезім 

тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады.  



Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие-білім беру үдерісінде патриоттық тәрбие 

бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік көмек көрсету.  



Міндеттері:  

- мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық тәрбие жағдайын зерттеу; 

-  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  патриоттық  тәрбиенің  заманауи  әдістері 

мен ұйымдастыру формаларын жалпылау және жүйелеу.  

- «Менің елім – менің жерім» патриоттық тәрбие бойынша вариативті сабақ 

өткізуге арналған материалдарды таңдау және жүйелеу.  



Күтілетін нәтиже: 

-  педагогтардың  педагогикалық  шеберлік  деңгейін  және  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда сапалы білім беру қызметін арттыру. 

 

 



 

 


 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттiк  «Бiлiм»  бағдарламасында  тәрбие 

жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты – «Қазақстандық 

патриотизм,  азаматтық,  iзгiлiк  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн 

қалыптастыру»  –  деп  бүгiнгi  ХХI  жаһандану  ғасырында  ұлттық  мәдениет  пен 

өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.  

Еліміздің  алдыңғы  қатарлы  50  мемлекеттің  қатарынан  көрінуі, 

экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен 

маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы 

тек  мемлекеттiк  тұрғыда  ғана  емес,  әлемдiк  деңгейде  бейбiтшiлiк  пен 

тыныштықты  сақтау  мәселесi  тұрғысынан  қарастырылады.  Қазақстандық 

патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры 

деп айтуға болады. 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа  адамгершілік  – 

рухани  тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды 

қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін 

оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете 

алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан 

ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль 

атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, 

ата-ана  тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру ұйымы.  

Сонымен,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  патриоттық  тәрбиелеу 

мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие 

берудің  жүйесін  айқындай  отырып,  ұлтаралық  қатынас  мәдениетін,  еліміздің 

бейбітшілігі  мен  егемендігін  сақтауға,  экономикасын  дамытуға  ықпал  ететін 

тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. 

Патриоттық тәрбиенің міндеттері төмендегідей:  

-  білім  беру  ұйымдарында  денсаулығы  зор,  рухани  дүниесі  бай, 

адамгершілікті,  тәуелсіз  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  ететін  тәрбие 

жүйесін құру және дамыту; 

- балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен 

бостандықтарын,  мемлекеттік  рәміздер  мен  ұлттық  дәстүрлерді  сыйлауға 

тәрбиелеу; 

-  өзінің  және  қоғамның,  болашақ  ұрпақ  алдында  әлеуметтік,  табиғи  және 

мәдени  ортадағы  өз  іс-әрекетінің  нәтижесі  үшін  жауапкершілікті  сезінуде 

гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  патриоттық  тәрбиелеудің  басым 

бағыттары айқындалды:  

- Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік; 

- Рухани–адамгершілік; 

- Отбасы тәрбиесі; 

- Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру; 



 

- Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру; 



- Коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру; 

- Экологиялық; 

- Эстетикалық; 

- Дене тәрбиесі мен салауатты өмір сүру салтын және денсаулық қорғаушы 

орта қалыптастыру; 

- Еңбек және экономикалық; 

- Кәсіби-шығармашылық; 

- Интеллектуалды мәдениетті дамыту. 

Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тәрбие  –  адам  қалыптасуының  алғашқы 

баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір 

бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын 

кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық, 

инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру 

мәселесі  толассыз  күн  сайын  өзгеріп  тұрған  әлеммен  бірге  жүрері  анық. 

Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты 

тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы 

қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  олардың  өнегелі,  тәрбиелі  болып  өсуіне 

балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.  

Баланың  бойында  адамгершілік  патриоттық  тәрбиені  қалыптастырудың 

негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:  

-  ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу.  Өз  отбасына,  балабақшасына,  туған 

қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау;  

- табиғатқа қамқорлықпен қарау; 

- еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу; 

- қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау;  

-мемлекеттік  рәміздермен  таныстыру.  Отанға  деген  сүіспеншілікке 

тәрбиелеу.  

Балабақшадағы тәрбие  бала табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы 

өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын 

кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық, 

инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру 

мәселесі  толассыз  күн  сайын  өзгеріп  тұрған  әлеммен  бірге  жүрері  анық. 

Балабақшада  берілетін  тәрбие  –  барлық  тәрбиенің  бастамасы,  әрі  жан-жақты 

тәрбие  мен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалайтын  орын.  Бала  бойынан  жақсы 

икемділігі мен мүмкіндіктер аша отырып, олардан жеке тұлға қалыптастыруда 

маңызы зор (Кесте 1).  

Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс,  ұлттық  сана-сезім  рухани  байлықтан 

көрініс  табады.  Олай  болса,  рухани  байлыққа,  ең  алдымен,  тілімізді, дінімізді, 

салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл − қазақ болуымыз үшін, дін − адам болуымыз 

үшін, салт-дәстүр − ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен 

қалыптасу  үрдісін  белгілі  бір  асқақ  сезімдерден,  мақтаныш-сүйініштен  бөле- 

жара  қарауға  болмайды.  Ол  елінің  өткен  тарихын  мақтаныш  тұту,  жерінің 

байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан 

ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын 



 

асыл  қасиеттер  ұлттық  патриотизм  деңгейінде  өркен  жайып,  азаматтық 



патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе 

емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  үшін  −

 

тәрбиеші,  ал  орта  білім  мен  жоғарғы  білім 



алушылар үшін – ұстаздар қауымы.  

Қазақстан  азаматтарын  патриотизмге  тәрбиелеу  –  тұлғаның  патриоттық 

сана-сезімін  қалыптастыру,  патриоттық  іс-әрекетін  ұйымдастыру.  Егеменді 

елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты − дені 

сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, 

ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.  

Адамгершілікті,  тәрбиелі  адам  –  кез  келген  мемлекеттің  байлығы, 

әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Ұрпақтан-ұрпаққа 

мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар  арқылы 

тәрбие беру бала бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен 

қатар  егемен  елiмiздiң  тәуелсiздiгiн,  ынтымағын,  бiрлiгiн  сақтап  қалатын 

патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің  бар екендiгі анықталды. 

Қоғамның сұранысына сай  «Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік 

даму  жағдайында  тұлғаға  патриоттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамасы» 

дайындалды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасына талдау жасай отырып:   

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, 

Қазақстанды  мекендейтін  барлық  халықтардың  тарихына,  дәстүрлеріне, 

мәдениетіне және ұлттық  ерекшеліктеріне құрметпен қарау. 

2.  Мемлекеттік  тілге,  әлемдік  тілдерге  және  ұлтаралық  тіл  болып 

есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне   

құрметпен қарау. 

3. Халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты,  дін аралық қатынастар 

бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету. 

4.  Қазақстан  Республикасының  бейбітшілігі  мен  тұтастығын,  Отанның 

экономикалық  байлығын  дамытуға,  Отанды  қорғауға  және  жалпыадамзаттық 

тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу. 

5.  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  өркениеттілікті 

бағалау,  құрметтеу  (бейбітшілік,  тыныштық,  қауіпсіздік,  еркіндік,  ізгілік,  

тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету). 

6. Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін 

негіздей  отырып,  ұлттық  және  әлемдік  білім  нәрінен  сусындаған  ғылыми- 

техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру. 

7.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  патриоттық  тәрбие  беруде 

балабақшадағы қызметкерлердің  өзіндік атқарар міндеті бар.  

 

 


 

 



1-кесте – Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие беру жүйесі 

 

 



 

 

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие беру жүйесі 

Балабақша

 

Отбасы 


Әлеуметтік орта 

Мақсаты 


Міндеттері 

Мазмұны 


Қоғамның жаңа әлеуметтік даму жағдайында балалардың патриоттық 

құндылықтарын қалыптастыру. 

Ұлттық тіл, тарих, мәдениетке, ұлттық рәміздерге деген құрметті 



қалыптастыру; 

Отанның бейбітшілігін сақтауға, экономикалық байлығын дамытуға үлес 



қосу; 

Ғылыми-техникалық  дамуға өз үлесін қосатын  патриот тұлғаны 



қалыптастыру. 

Белсенді тәрбие ортасын құра отырып тұлғаның  патриотизмге 



байланысты көзқарастар мен сенімді қалыптастыру;  

Жаһандану және интеграциялы үрдісте  тұлғаның  эмоционалдық 



интеллектуальдық компоненттерін қалыптастыру

Ұлтаралық қатынас мәдениеті және патриотизмнің қалыптасуына 



түрткі тудыру; 

Әлеуметтік негізгі құндылықтарды қалыптастыру және дамыту 



(рухани, адамгершілік,  патриоттық,  т.б.); 

Патриоттық дағдыларын қалыптастыру үшін практикалық іс-



әрекеттерді ұйымдастыру. 

Әдістері 

Ұстанымдары 

Әңгімелесу. Дискуссия. Педагогикалық талап қою. Сендіру. 

Жаттықтыру. Ынталандыру. Сауалнамалар.  

Мақсаттылығы. Өмірмен байланысы. Оқушының дара, жас ерекшелігі. 

Жүйелілік. Бірізділік. Үздіксіздік.Тұлғаны  әлеуметтендіру. 

НӘТИЖЕ 

Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға, ұлтаралық мәдениетті 

дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз 

үлестерін қосатын адамгершілік мұраты биік, патриот, намысшыл, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат. 



10 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ 



ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ 

 

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі 

көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, 

тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құндылық  –  қазақ  патриотизмі,  ұлттық 

патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы 

көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері  -

мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  

және  ұлттық  тарихқа,  салт-дәстүрге  деген  сүйіспеншіліктері  қалыптасады. 

Психологиялық  тұрғыда  патриоттық  құндылықтар  сапаға  айналып,  iс-әрекет 

(тұлғаның «Менi») тұрғысынан көрiнiс береді (2-кесте).

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал