Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 309.7 Kb.

бет1/3
Дата16.01.2017
өлшемі309.7 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ӘНШІ БАЛАПАН

 

 

____________________________________



 

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған  



әндер мен өлеңдер жинағы 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 

2014 


 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген       

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

Ф. Н. Жұмабекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

С. Д. Дүйсенбинова, әдіскер 

Ү. Б. Қабылова, әдіскер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әнші  балапан»  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  арналған  әндер  мен 

өлеңдер жинағы. 

– А


стана, 2014. – 50 бет.

 

 

   


 

 

Бұл  жинақта  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тәрбие  мен  оқыту  үдерісінде  қолдану  үшін 



балаларға арналған отандық авторлар шығармашылығынан әндер мен өлеңдер берілген.  

Жинақ  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогтарына,  тәрбиешілеріне,  музыкалық 

жетекшілеріне және ата-аналарға арналған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

республикалық орталығы, 2014 



 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  дамыту  еліміздің 

мемлекеттік  саясатының  басым  бағыты  болып  есептеледі.  Мектепке  дейінгі 

сапалы  білім  беру  мен  балалардың  қабілеттерін  толық  дамыту  қоғам  үшін 

маңызды,  себебі,  балалар  еліміздің  гүлденуінің  алғы  шарты  және 

интеллектуалды әлеуеті болып табылады.   

Бүгінгі  таңда  қоғамның  әлеуметтік–экономикалық  өміріндегі  өзгерістерге 

байланысты  білім  беру  жүйесінде  де  өзгерістер  болып  жатыр.  Ол  өзгерістер 

мектепге  дейінгі  білім  беру  жүйесімен  де  тығыз  байланысты  екенін  білеміз. 

Соңғы  жылдары  республикамызда  балабақшалар  қатары  көбейіп,  жас 

бүлдіршіндердің  лайықты  білім  мен  тәрбие  алуы  үшін  барынша  жағдайлар 

жасалуда. Жас ұрпаққа білім беру үрдісінде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен 

аңыз-әңгімелерді,  өлең–тақпақтар  мен  мақал–мәтелдерді,  жаңылтпаштарды 

қолданудың маңызы зор. 

Тақырыптың өзектілігі: балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 

барысында  қолданылатын  отандық  авторлардың  әндері  мен  өлеңдерінің 

балалардың  жас  ерекшелігіне  сәйкес,  жүйелі  түрде  белгілі  тақырыптарға 

топтастырылған, балаларға арналған жинақтың болмауы. 



Мақсаты:  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  тәрбие  мен  оқыту  үдерісінде 

қолдану  үшін  отандық  авторлардың  шығармаларынан  (өлеңдер  мен  әндер) 

жинақ құрастыру.

 

Міндеттері:



 

 

- балаларға шағын, мазмұны түсінікті өлеңдер мен тақпақтарды тыңдауға, 



түсіне білуге үйрету;

 

- тақпақтар мен әндердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап 



беруді қалыптастыру;

 

- балаларды тақпақтарды, әндерді қабылдауға, әрекеттің дамуын қадағалап, 



мазмұнын түсінуге үйрету.

 

-  отандық  авторлардың  шығармашылығын,  олардың  мектепке  дейінгі 



жастағы балаларға арналған  шығармаларын зерттеу және жүйелеу; 

- оларды қолдануға әдістемелік ұсынымдар дайындау;  

- мектепке дейінгі жастағы балаларды отандық авторлар шығармаларымен 

таныстыру. 



Күтілетін  нәтиже: 

балаларға  арналған  әндер  мен  өлеңдерді  белгілі 

тақырыптарға,  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  топтастырып,  іріктеп 

жинақ ұсыну. 



 

Жоғарыда  аталған  міндетті  шешудің  жолдарының  бірі  мектепке  дейінгі 

жастағы балаларды жан-жақты дамытуға арналған әдістемелік құралды әзірлеу. 

Әзірленген  құрал  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогтарына,  тәрбиешілері 

мен  музыкалық  жетекшілеріне  және  ата-аналарға  арналған.  Мұнда  отандық 

авторлардың  әндері мен өлеңдері ұсынылған.  Жинақталған  материалдар желісі 

балалардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың түсінігіне жеңіл.

 

 



 

 

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ТІЛ ТУРАЛЫ ӘНДЕР

 

 

Біздің Қазақстан 

 

Сөзін жазған Мұзафар Әлімбаев 

Әнін жазған Ғалымжан Тамендаров 

Алтай жайық арасы –  

Жарты әлемдей даласы, 

Ол – біздің Қазақстан, 

Ол – біздің Қазақстан. 

 

Қайырмасы: 



Анамыздай тілеуі ақ 

Отан біздің біреу-ақ, 

Ол – біздің Қазақстан, 

Ол – біздің Қазақстан. 

 

Кенге толы жайлауы



Төлге толы жайлауы, 

Ол – біздің Қазақстан, 

Ол – біздің Қазақстан. 

 

Қайырмасы: 

 

Жастар сүйіп аңсаған 



Тәтті күй мен кәусәр ән. 

Ол – біздің Қазақстан, 

Ол – біздің Қазақстан. 

 

 



 

 

Аяулы Астана 

 

Сөзін жазған Зада Жақауова 



Әнін жазған Аманжол Шәмкенов 

 

Кең байтақ даламыздың білегіндей, 



Ақ жарқын болашақтың тірегіндей. 

Тыңдайды тынысыңды әлем бүгін, 

Астана еліміздің жүрегіндей. 


 

 



Қайырмасы: 

А-а-а-а-а-ай 

А-а-а-а-а-ай 

Астана еліміздің жүрегіндей. 

 

Тәуелсіз бұл өмірдің мәні болшы 

Ұрпақтан ұрпақ айтар әні болшы. 

Бұлыңғыр ғасырлардың шаңын қаққан 

Көркейген даламыздың сәні болшы. 

 

Қайырмасы



А-а-а-а-а-ай 

А-а-а-а-а-ай 

Көркейген даламыздың сәні болшы. 

 

Айналып ордасына ой мен сана 

Болғайсың өз жұртыңа қалқа, пана. 

Мұхиттың өріндегі ақ кемедей, 

Ілгері жылжи берші дархан қала. 

 

Қайырмасы: 



А-а-а-а-а-ай 

А-а-а-а-а-ай 

Ілгері жылжи берші дархан қала. 

 

 



 

 

Ана тілім 

 

Сөзін жазған Қадыр Мырза Әлі 

Әнін жазған Мелс Керейбаев

 

 

Ақындардың өлеңін, 



Жүрегіне түнетіп. 

Көтеріпті ұлы елім, 

Ана тілін ту етіп. 

 

Қайырмасы



Ана тілің – арың бұл, 

Ұятың боп тұр бетте. 

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте. 

 

 

Ана тілің біліп қой, 



Еркіндігің, теңдігің. 

Ана тілің біліп қой, 

Мақтанышың, елдігің. 

 

Қайырмасы



 

 



 

 

Адамзаттың Абайы 

 

Сөзін жазған Мұзафар Әлімбаев 

Әнін жазған Ғалымжан Тамендаров 

 

Бар қазақтың данасы 



Менің ұлы Абайым. 

Адамзаттың баласы 

Бәрі саған ағайын. 

 

Қайырмасы: 



Асқақтайды жаңғырып, 

Алаштың бақ-талайы. 

Абай енді мәңгілік 

Адамзаттың Абайы. 

 

Парасатпен жарасып, 



Жан-ділімен ұғысқан 

Адамзаттың баласы 

Бәрі саған туысқан. 

 

Қайырмасы

 

Уақытпенен жарысып, 



Жарқыратып арайын, 

Жаңа ұрпақпен қауышып, 

Мәңгі жасар Абайым. 

 

 



 

 

Бас иіп алғыс айтамын! 



 

Сөзі мен әнін жазған Бақыт Исаева 

 

Өтсе де уақыт зымырап 



Тарихты қалай ұмытпақ. 

Соғыста өлген ерлерді 

Еске алып жүр ұрпақ. 

 

Қайырмасы: (2 рет) 



Болмасын соғыс болмасын, 

Көңілге мұң-шер толмасын! 

Аналар жесір, сәбилер жетім, 

Кәрі-жас жүзі солмасын. 

 

«Елім» деп соққан жүрегі, 

Талмаған жауға білегі. 

От кешкен әрбір жауынгер 

Соғыстың жайын біледі. 

 

Қайырмасы: (2 рет) 



 

Ақ шашты ғазиз ардагер 

Қорғаған Отан нағыз ер. 

Бас иіп алғыс айтамын бүгін 

Атынан халық, қалың ел. 

 

Ынтымақ, бірлік ұранын 

Адамзат бүгін қорғасын. 

Бөленіп нұрға жер беті 

Әлемге бейбіт орнасын! 

 

Қайырмасы: (2 рет) 

 

 



 

Тілегіміз бейбіт күн 

 

Сөзін жазған Серікбай Оспанов 



Әнін жазған Мелс Керейбаев 

 

Ақпыз, сары, қарамыз, 



Бәріміз де баламыз. 

Бір қалада тұрамыз, 

Бір бақшаға барамыз. 


 

Қайырмасы: 



Біз балдырған тең басқан, 

Дос құшағын елге ашқан. 

Тілегіміз бейбіт күн, 

Ашық болсын көк аспан. 

 

Ақ, қара деп бөлмейміз, 

Бір жыл туған төлдейміз. 

Туысқанбыз, татумыз, 

Биіктерге өрлейміз. 

 

 



 

 

Жеңіс күні 

 

Сөзін жазған Қайрат Жұмағалиев 



Әнін жазған Темір Исалиев 

 

Ойлап-ойлап тұрдым көп, 



Сұрақ қойдым білгім кеп: 

- Қуанышты мереке - 

Жеңіс күні қай күн?-деп. 

 

Атамнан да сұрадым, 



Әкемнен де сұрадым, 

Ағамнан да сұрадым, 

Анамнан да сұрадым. 

 

Тосты бәрі құлағын, 



- Дұрыс,- десті сұрағың. 

- Бейбіт күннің бәрі де, 

Жеңіс күні шырағым! 

 

 



 

 

 

 

 

 

ОТБАСЫ, АНА ТУРАЛЫ ӘНДЕР 



 

Жанымда анам барында 

 

Сөзін жазған Мұзафар Әлімбаев 

Әнін жазған Ғалымжан Тамендаров 

 

Жанымда анам барында 



Даланың көк мұз қарында 

Тоңбаймын, жаурап тоңбаймын, 

Жан анам барда жанымда! 

 

Үскірік, аяз, ызғарда, 



Жүрсе де ұзақ мұз-қарда, 

Тоңбайды анам өзі де, 

Қасында мына біз барда! 

 

 



 

 

Әжем менің әйбәт 

 

Сөзін жазған Бақыт Исаева 



Әнін жазған Ерлан Исаев 

 

Титтей бала шақтан, 



Әжем бағып - қаққан. 

Не қаласам әперіп, 

Қылығымен жаққан. 

 

Қайырмасы: (2 рет) 



Әжем менің әйбәт, 

Ешкім оған жетпейді. 

Күні бойы бірге ойнап, 

Жанымнан бір кетпейді

 

Әжем маған қарап, 



Шашымды тарап. 

Табылады іздесем, 

Көмекшіге жарап. 

 

Қайырмасы: (2 рет) 



 

 



 

10 

 

Бесік жыры 



 

Сөзі мен әнін жазған Бақыт Исаева 

 

Балам менің, кішкентай құлыншағым, 

Думанды боп өтсін тек бала шағың. 

Іңғәлаған даусыңнан айналайын, 

Сенсің менің қуаныш, сая бағым. 

 

Қайырмасы



Әлди, әлди, әлди-ай, 

Әлди бөпем, әлди-ай, 

Әлди көкем, әлди-ай. 

 

Өскеніңде кең болып түсінігің, 



Биік болсын адамдық, кісілігің. 

Еңбегіңді әрқашан арнап елге, 

Азамат бол, құлыным, ісі мығым. 

 

Қайырмасы

 

Қатарыңмен жан балам, күл де, ойна, 



Балалық – бал дәуренді мұңсыз тойла. 

Сегіз қырлы, бір сырлы, азамат боп, 

Білім, ғылым, өнерге терең бойла. 

 

 



 

 

Ана 

 

Сөзін жазған Зада Жақауова 



Әнін жазған Жеткерген Әбдірейұлы 

 

Мейірімінен нәр алдым, 



Күн нұрынан жаралған. 

Аяулысы адамның 

Жақын кім бар анаңнан. 

 

Қайырмасы: 



А-а-а-а-а-ай 

Аяулысы адамның 

Жақын кім бар анаңнан. 

 

 



11 

 

Еркелеткен «жаным» деп, 



Ардақтым да асылым. 

Қастерлеймін қадірлеп 

Әрбір талын шашыңның. 

 

Қайырмасы



А-а-а-а-а-ай 

Қастерлеймін қадірлеп 

Әрбір талын шашыңның. 

 

 



 

 

Ақ мамам 

 

Сөзін жазған Фариза Оңғарсынова 

Әнін жазған Айжігіт Асанов 

 

Еркелесем күлімдейтін, 



Ұрысқаны білінбейтін. 

Маңдайымнан иіскеп менің, 

Құлыншағым күнім дейтін. 

 

Қайырмасы: 



Ақ мамам, ақ мамам! 

Құлыншағым, күнім дейтін. 

Ақ мамам, ақ мамам! 

Құлыншағым, күнім дейтін. 

 

Әлемдегі ақылды анам 



Бәрінен ол жақын маған, 

Ол жанымда жүрсе мен де, 

Батырларша батылданам. 

 

 



Жамандықтан сақтандырып,  

Жақсы ісімді мақтан қылып. 

Мәпелеген ақ мамамды, 

Жүрсем деймін шаттандырып. 

 

 



 

 

 

 

12 

 

Ақ мамам 

 

Сөзі:Ә. Дүйсенбиев 

Әні:Ә. Бейсеуов 

 

Ел жатқанда жатпаған, 



Мен деп тыным таппаған. 

Бақыты үшін баланың, 

Аман сау жүр ақ мамам. 

 

Қайырмасы: 



Күлімдеген көзіңнен, 

Күн мейірімі сезілген. 

Бұл жалғанда балаға, 

Жақын жан жоқ өзіңнен

 

Өзің маған мият-күн, 



Сен деп таңым жиі атты. 

Ақ маманың айқайы, 

Айналайын сияқты. 

 

Қайырмасы

Қуат беріп құшағың, 

Қанат бітіп ұшамын. 

Естіртемін алып кеп 

Ел білмейтін құс әнін 

 

Қайырмасы

Көрсетемін күллі елді, 

Жарық етем түндерді. 

Өсіріп мен сыйлаймын, 

Жұрт көрмеген гүлдерді. 

 

 



 

 

 



 

13 

 

ОҚУ-БІЛІМ, ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ӘНДЕР 



 

Мен оқушы баламын 

 

Сөзін жазған Арасанбай Естенов 

Әнін жазған Мелс Керейбаев 

  

Мен оқушы баламын, 



Оқып білім аламын. 

Мектеп - ұям өзіңе, 

Арналады бал әнім. 

 

Қайырмасы: 



Қалам алып қолыма, 

Достасамын әріппен. 

Шуақ себер жолыма, 

Жан серігім – Әліппем. 

 

Ойнын тастап бақшаның, 



Білім жолын бастадым. 

Сақадай сай сөмкеммен, 

Кітап, қарындаштарым. 

 

Қайырмасы

 

Салтанаты бек керім,  



Міне сынып, мектебім. 

Ұстаздарым аялы, 

Достарым да көп менің. 

 

 



 

 

Қоңырау 

 

Сөзін жазған Нұрсұлтан Әлімқұлов 



Әнін жазған Мелс Керейбаев 

 

Жаз айында гүлдей жайнап, 



Жадырады жарқын жүз. 

Сайраңдадық күліп-ойнап, 

Келді міне, алтын күз. 

 

 



 

14 

 

Қайырмасы



Шырқап достар көңілді әнін, 

Би билейді далада. 

Қосыл бізге, қоңырауым, 

Сыңғырлай бер тағы да!  

  

Күн сәулелі мектеп-анам

Шақырғанда ағылдық. 

Әсем үні сыңғырлаған 

Қоңырауды сағындық. 

 

 



 

 

Мұғалім 

 

Сөзін жазған Зада Жақауова 



Әнін жазған Жеткерген Әбдірейұлы  

 

Мұғалім кім десең, 



Айтайын білмесең. 

Жүзінде шуағы 

Күлімдеп тұрады. 

 

Қайырмасы: 



Сабырлы, салмақты 

Ұстаз ол ардақты

 

Ойнайды баладай, 



Ойлайды данадай. 

Қамқорың, жақының 

Айтатын ақылын. 

 

Қайырмасы: 

 

Айналдым мектебім 



Ұстазым көп менің. 

Білім ап өзіңнен 

Ержетсем деп едім. 

 

 



 

 

 

15 

 

Ерден атайдың әні 



Сөзін жазған Әбдірақман Асылбеков 

Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев 

 

Кел, балалар, тұрмаңдар, 



Бізде қызық думан бар. 

Атамыздың алуан  

Ертегісін тыңдаңдар. 

 

Қайырмасы



Ерте,ерте, ерте екен, 

Ешкі-ай жүні бөрте екен. 

Ертегі сөзі қашанда,  

Тамашаның көркі екен

 

Түрлі, түрлі ертегі, 



Тұла бойды шертеді. 

Ерте өткен ерлердің, 

Ерлік ісін шертеді. 

 

Қайырмасы

Қиялдаймыз, самғаймыз, 

Кең әлемді шарлаймыз. 

Ертегісін атайдың, 

Тыңдаудан біз талмаймыз. 

 

 



 

 

Ойлан, тап! 

 

Сөзін жазған Қабдікәрім Ыдырысов 



Әнін жазған Әбілахат Еспаев 

 

Кел, балалар, ойнайық, 



Ойнайық та, ойлайық. 

Қандай жұмбақ болса да 

Шешпей оны қоймайық. 

 

Қайырмасы

 

 


16 

 

Ал, балалар, тұрмаңдар, 



Асығыстық қылмаңдар. 

Асықпайық деп және  

Бөгеліп те тұрмаңдар. 

 

Бәрін жақсы тыңдаңдар, 



Бөгеліп көп тұрмаңдар. 

Жұмбақ та бар, аспан көк, 

Самолетпен зырлаңдар. 

 

Қайырмасы

Жұмбақтар бар өзен, көл, 

Пароходпен жүзіңдер. 

Айдын суға шомылып, 

Ақ шабағын сүзіңдер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


17 

 

ДОСТЫҚ, БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ ӘНДЕР 



 

Достар әні 

  

Сөзін жазған Фариза Оңғарсынова 



Әнін жазған Айжігіт Асанов 

 

Ақ, қарамыз, сарымыз,  



Тату доспыз бәріміз. 

Достық жайлы ән салып

Шырқатайық, қане, біз. 

 

Жүзімізге қараңыз, 



Бал-бұл жанған баламыз. 

Бізге қымбат күн шуақ, 

Бізге қымбат Анамыз. 

 

Күннің нұрын сүйеміз, 



Қырдың гүлін сүйеміз. 

Бізді ойнатып, тәтелер, 

Күлдіргенін сүйеміз. 

 

Балдырғанбыз арай жүз, 



Бал-бұл жанып қараймыз. 

Ойыншықтар біздерде, 

Көп болғанын қалаймыз. 

 

Таласпаймыз біз бірақ, 



Отырмаймыз тұнжырап,  

Қуысамыз көгалда, 

Жүгіреміз құлдырап. 

 

Ән саламыз күнде біз, 



Шаттық толы іргеміз. 

Біз мәңгіге достармыз, 

Біз мәңгіге достармыз. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

18 

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал