Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 259.9 Kb.

бет1/3
Дата25.04.2017
өлшемі259.9 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ  

Әдістемелік ұсыным 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 

2014 

 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген 

 

 

 

Пікір жазғандар:  

П. Б. Сейітқазы, пед. ғылымдарының докторы, профессор 

Г. Қ. Искакова, меңгеруші 

С. Д. Дүйсенбенова, әдіскер

 

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беру: әдістемелік ұсыным. 

 – Астана, 2014. – 25 б. 



 

 

Әдістемелік  ұсынымда  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымында      инклюзивті  білім 

беруді   дамытудың  бағыттары  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  ортаға 

бейімдеудің жолдары қарастырылған. 

Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

республикалық орталығы, 2014 

 

 

 


 

КІРІСПЕ 



 

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, 

бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты халыққа  Жолдауында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

адамдарға  қолдау  мен  көмек  көрсету  мәселесіне  арнайы  тоқталғаны  белгілі. 

Атап  көрсетсек,   «...мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  көбірек  көңіл  бөлу 

керек.  Олар  үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Бізде  аз  емес, 

ондай  адамдарға  қамқорлық  көрсетілуге  тиіс  –  бұл  өзіміздің  және  қоғам 

алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» - деген болатын. 

Бүгінгі  бала  –  ертеңгі  азамат.  Сол  азаматты  балабақшадан  бастап  болашақ 

өмірге  бейімдеу,  дені  сау  адамдардың  арасында  өздерін  жәйлі  сезіну  үшін 

қолайлы  атмосфера  қалыптастыру  –  білім  беру  ұйымдарының  міндеті  болып 

табылады.  

Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  мәселелер:  отбасылық,  экологиялық, 

экономикалық 

дағдарыстар 

жүйке 


жүйелері 

бұзылған, 

әртүрлі                

психикалық-физикалық  аурулары  бар,  жас  ерекшелігі  әртүрлі  балалардың 

көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.  

Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт − дамудағы ауытқуларға 

ерте  араласу  −  жеткіліксіз  дамуда.  Бүлдіршін  жастағы  балаларды  түзету-

педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды 

оңалтудың  тиімділігіне  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды  сүйемелдеу  бойынша  психологиялық-педагогикалық  түзету 

кабинеттерін  (ППТК)  ашу  қажеттілігі  54  бірлікті  құрайды.  Психологиялық-

педагогикалық  түзету  кабинеттерінің  ерте  және  мектеп  жасына  дейінгі 

балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін). 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  дамуында  қазіргі  заманға  сай  моделін 

құрудың басты  бағыты  − бұл  білім  беру  қызметтерінің сапасын  арттыру  және 

қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  жағдайларды  жасау.  Жоғарыда 

көрсетілген мәселелер  мектепке  дейінгі  ұйымдарда   инклюзивтік білім беруде 

әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды. 



Әдістемелік  ұсынымның  мақсаты:  инклюзивтік  білім  беру  кезінде 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бағдарламасының  қолжетімділігін 

қамтамасыз ету.  

Міндеттері: 

-  мектепке дейінгі ұйымдарда  инклюзивтік ортаны бейімдеу;  

-  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  психологиялық-

педагогикалық қолдау үшін пункттер құру;  

-  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыста 

педагогтерге  арналған  біліктілікті  арттыру  курстарын  ұйымдастыру  болып 

табылады.   

Инклюзивті  білім  беру  мүмкіндігі  шектеулі балаларға  оқуда  жетістікке 

жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.  Осы 

бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  балаларды  адамгершілікке, 

ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз. 


 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



 

 

Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған 

мәселе  балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның, 

отбасының  қатысуымен  білім  беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын 

инклюзивті білім беру. 

Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын 

тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді



Инклюзивті 

білім берудің 

мақсатыдаму 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларды қалыпты  балалармен  бірге білім  беру.  Яғни  адамның  жынысына, 

дініне,  шығу  тегіне  қарамастан  тең  құқылы  жеке  тұлға  ретінде  білім  беру 

жүйесі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру  –  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. 

Инклюзивті  оқыту    негізінде    балалар  құқығын  кемсітпеу,  барлық 

адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  ерекше  

оқыту  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  

жатыр.  Тәжірибе  көрсеткендей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір 

бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай  балалардың  даралық 

қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды 

оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін 

қалыптастырады.  

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында

ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.   



Инклюзивті оқыту –  балалардың  тең  құқығын  анықтайды және  ұжым іс- 

әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. 



Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті 

дамытуға мүмкіндік береді. 



Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 

Адам    құндылығы    оның    мүмкіндігіне    қарай    қабілеттілігімен,    жеткен  

жетістіктерімен  анықталады.  Әрбір  адам  сезуге  және  ойлауға  қабілетті.  Әрбір 

адам  қарым-қатынасқа  құқылы.  Барлық  адам  бір-біріне  қажет.  Білім  шынайы 

қарым-қатынас  шеңберінде  жүзеге  асады.  Барлық  адамдар    құрбы-

құрдастарының    қолдауы    мен    достығын    қажет    етеді.    Әрбір    бала      үшін 

жетістікке  жету  –  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін  жүзеге 

асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Инклюзивті    оқыту  –  барлық    балалардың    мұқтаждықтарын    ескеретін,  

ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы 

білім үрдісінің дамуы.  

Инклюзивті 

оқыту 

балаларды 



оқу 

үрдісіндегі 

қажеттіліктерін 

қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 

Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді 

болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.  

Осы  жаһандық  мәселеге  әлем  ғалымдары  мынадай  анықтама  береді: 

инклюзивтік  білім  беру  дегеніміз  −  барлық  балаларды,  соның  ішінде 



 

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және 



әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай, 

балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке 

шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына 

арнайы  қолдау,  яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға 

бағытталған  мемлекеттік  саясат.  Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары 

бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мекемелердің  оқыту  үрдісін  сипаттауда 

қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 

дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты 

қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 

арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда 

жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.  

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 

90-жылға  қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім  беру  саясатына  осы 

бағдарламаны толық енгізді.  

Бүгінгі  таңдағы  білім  беруді  дамытудың  негізгі  сипаттамаларының  бірі, 

жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім 

беру  мәселесі  болып  табылады.   «Жалпыға  бірдей  білім»  бағдарламасына 

сәйкес  1994  жылы  Саламанка  қаласында  (Испания)  арнайы  қажеттілігі  бар 

балаларға  білім  беруді  дамытуға  арналған  бүкіләлемдік  конференция  болып 

өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. 

Саламан  Декларациясына  сәйкес  инклюзивті  білім  беру  саясатының 

міндеттері мынадай: 

 

Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 



 

Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және 



оқуға деген мұқтаждықтары болады. 

 



Білім  беру  жүйесіне  оң  өзғерістер,  яғни  осы  мұқтаждықтарды 

қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту. 

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі принциптері туындайды: 

1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен 

жетістіктерімен анықталады. 

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 

4. Барлық адам бір-біріне қажет. 

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 

6.  Барлық  адамдар  құрбы-құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет 

етеді. 

 7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай 



алатын әрекетін жүзеге асыру. 

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.  

Сонымен,  қорыта  айтқанда, инклюзивті  оқыту  –  балалардың  тең  құқығын 

анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына 

қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  білім  беру 


 

мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 



сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.  

 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ 

XX  ғасырдың  аяғында  көптеген  дамыған  әлем  елдерінде  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  оқытуды  дамытуда  алдыңғы  орында  тұрған  инклюзивті 

білім  беру  болды.  Жалпы  білім  беру  үрдісіне  енгізілген  балаларға  оқуды 

жеңілдететін  қосымша  арнайы  жағдай,  көмек,  қолдау    қарастырылады.  Әрбір 

елде  интеграциялаудың  өзіндік  үлгісі  іске  асырылуда,  бұл  білім  беруде 

интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. 

Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым 

бағыт  жалпы  мектептік  білім  беру  саласында  қарастырып  отырған 

категориядағы  балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне  міндетті  түрде  енгізуді 

көздейді. 

Ресей.  1991  жылдың  күзінен  бастап  Ресейде  «Мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  интеграциялау»  жобасын  іске  асыру  басталды.  Нәтижесінде  11 

аймақта 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларды 

интеграциялап 

оқытудың 

экспериментальды алаңдары құрылды.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  педагогтардың  жұмыс  істеу  мақсатында 

Ресей  Федерациясының  білім  министрлігі  педагогикалық  жоғарғы  оқу 

орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы 

(коррекциялық)  педагогиканың  негіздері»,  «Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 

психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді.  

Ресей  Федерациясының  білім  және  ғылым  министрлінің  айтуы  бойынша 

2008-2009  жылдары  инклюзивті  білім  беру  үлгісі  экспериментальды  түрде 

көптеген  білім  беру  мекемелеріне  енгізілген.  Ресейде  мүгедек  балаларды 

оқытудың  инклюзивті  білім  беруден  басқа  да  нұсқалалары  бар:  арнайы 

мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден 

оқыту; қашықтықтан оқыту. 



Швеция.  Бұл  елде  ерекше  қажеттілікке  мұқтаж  балалар  қарапайым 

сыныптарға  орналастырылған  және  олар  онда  қажетті  қолдау  алуда  (сыныпта 

арнайы  педагогтың  немесе  ассистенттің  көмегі  және  көмекші  арнаулы 

құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық 

бар  балалар  ауытқулары  бойынша  бөлінген  арнайы  мектептерде  білім  алады, 

олар  мұнда  21-23  жасқа  дейін  оқи  алады.  Ойлауы  артта  қалған  балаларға 

арналған  арнайы  мектептер  жалпы  білім  беретін  мектептердің  ғимараттарына 

сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. 



Франция.  Франциядағы  арнайы  білім  беру  жалпы  білім  беретін 

мектептерге  дамуында  жетпіспеушілігтері  бар  балалардың  санын  неғұрлым 

көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру 

үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда: 



 

1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте 



немесе  одан  тыс  уақытта  оған  қосымша  қызмет  көрсетіледі:  емдеу  шаралары, 

тәрбиелеу  жұмыстары  т.б.  Мысалы,  тірек-қимыл  қызметі  бұзылған  бала 

қарапайым  сыныпта  оқи  отырып,  сол  мектепте  немесе  жақында  орналасқан 

бейімдеу орталығына барады. 

2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім 

алады  және  қосымша    арнайы  бағдарлама  бойынша  оқиды.  Мысалы,  көруі 

бұзылған  бала  қарапайым  сыныпта  оқи  отырып,  сабақ  дайындауға  көмек 

ретінде  мұғалімнен  қосымша  сабақ  алады,  кеңістікте  бағдарлау  бойынша 

сабақтарға қатысады. 

3.  Бала  мектептегі  негізгі  уақытта  арнайы  сыныпта,  арнайы  бағдарлама 

бойынша  оқиды  (әдетте  психикалық  дамуында  кешігушілік  бар  балалар). 

Уақытының  басқа  бөлігінде  қарапайым  бағдарлама  бойынша  өз  жасындағы 

балалармен дайындалады. 

4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте 

ойлау  қабілеті  бұзылған  балалар).  Соған  қарамастан  ол  мектеп  өміріне 

қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және 

басқа да іс-шараларға қатысу. 

АҚШ.  АҚШ-тың  мүмкіндігі  балаларды оқытудағы  қазіргі  саясаты  жалпы 

және  арнайы  оқытуды  біріктіру  ұсыныстарынан  тұрады.  Бұл  біріктірулерде  3 

негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл 

арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. 

«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде 

оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды 

әлеуметтік  және  білім  беру  қызметтеріне  қосу  керек  деп  есептейді.  «Жалпы  

білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім 

беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы 

бар  балаларға  білім  беру  шарттарына  фундаментальды  өзгеріс  енгізуді  ұсына 

отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен 

негізгі  мектептің  басшылары  жалпы  білім  беру  инициативасын  мақұлдаса, 

кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға  

жалпы  білім  беру  инициативасының  әсер  ету  мүмкіндіктерін  түсіну  үшін  

қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. 

«Енгізу»  моделі  балаларды  ауытқу  түріне  және  көріну  деңгейіне  тәуелсіз 

тұрған  жері  бойынша  жалпы  білім  беру  үрдісіне  енгізуді  көздейді.  Осындай 

балаларға  мамандар  тобы  жеке  оқыту  бағдарламасын  құрады,  сол  бойынша 

оқушының жетістігі бағаланады. 

Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар 

үшін  білім  беру  акты»  деп  аталатын  заң  жұмыс  істеуде.  Бұл  халықтық  білім 

беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу 

мүмкіндігі  туралы  қорытынды  талап  ете  алады,  ол  бала  дамуындағы 

ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім 

алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.  


 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ШОЛУ 



 

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін 

білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. 

Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек 

«Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала 

үшін  166  балабақшада  инклюзивті  білім  беру  жүзеге  асырылуда,  бұл 

анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын 

құрайды. 

       Бұдан  басқа,  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  39  арнайы 

балабақша  мен  жалпы  мақсаттағы  балабақшаларда  315  арнайы  топ  жұмыс 

істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 

5879 баланы құрайды. 

Арнайы  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  баруға  мүмкіндігі  жоқ  мүмкіндігі 

шектеулі 

балалар 

үшін 


оңалту 

орталықтарында, 

психологиялық-

педагогикалық  түзету  кабинеттерінде  (бұдан  әрі  −  ППТК)  түзету-

педагогикалық қолдау көрсету көзделген. 

Республиканың  жұмыс  істеп  тұрған  129  ППТК-де  негізінен  мектепке 

дейінгі  жастағы  балаларға  қызмет  көрсетіледі.  Даму  мүмкіндіктері  шектеулі 

43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. 

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек 

балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық  бөлмелерде арнайы 

құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да 

арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» 

құруы  жоспарланған.  Осылайша  мемлекетіміз  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды 

әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай 

жасайтын болады. 

Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына 

қарай  бейімдеу  2002  жылдан  басталды.  Сол  жылы  Қазақстан  ТМД  елдерінің 

арасында  алғаш  рет  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және 

медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң 

аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген. 

Оларды  білім  беру,  әлеуметтік,  медициналық  тұрғыда  қамтамасыз  ету 

қарастырылған.  Ең  бастысы,  аталмыш  заңда  инклюзивті  білім  берудің  негізгі 

принциптері  айқындалды.  Қазақстан  2008  жылы  БҰҰ-ның  «Мүгедектердiң 

құқықтары  туралы»  конвенциясына  қол  қойып,  барлық  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық 

конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік 

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші 

рет  инклюзивті  білім  беруді  дамыту  қосылды.  Бұл  бағдарламада  инклюзивті 

білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 

2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: 



 

•  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік 



бағдарламалары; 

• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп 

оқыту  ережесі  әзірленеді,  түрлі  кемістігі  бар  балалар  үшін  бірігу  нысандары 

анықталады; 

•  мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастыру  қағидалары 

әзірленеді; 

•  2020  жылға  қарай  білім  беру  ұйымдарында  мүгедек  балалар  үшін 

көтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелерде  арнайы  құралдар 

орнату,  тұтқалармен,  арнайы парталармен, үстелдермен және басқа  да  арнайы 

компенсаторлық  құралдармен  жарақтандыру  арқылы  «кедергісіз  аймақтар» 

құрылады; 

•  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқытуға  және  тәрбиелеуге  тең  қол 

жеткізу  үшін  жағдайлар  жасалды  (педагог-дефектологтардың,  балаларды 

психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеудің,  арнайы  жеке  техникалық  және 

компенсаторлық құралдардың болуы); 

• үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері 

ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету 

жинақтарымен қамтамасыз етіледі. 

         Осылайша,  Қазақстан  Республикасында 2020  жылға  қарай  инклюзивті  

білім  жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің 

үлесі мектептердің жалпы санынан  70%-ға  ұлғаяды;  мүгедек  балалар  үшін  

«кедергісіз қол жеткізуді»  жасайтын мектептердің  үлесі  мектептердің  жалпы  

санынан  –  20%;    инклюзивті    біліммен    қамтылған  балалардың  үлесі  даму 

мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. 

 Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар  саны 

138,5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2,8% құрайды. Оның ішінде  

44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар.  

Инклюзивті  білім  беруді  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  білім 

алу  жүйесін  жетілдірудің  басты  бағыттарының  бірі  ретінде  қарастырған  жөн. 

Бала  және  оның  ата-анасының  тұрғылықты  жеріне  сәйкес  жалпы  типтегі 

мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге 

мектеп-интернатқа  жіберуден  сақтап,  отбасында  тәрбиеленіп  тұруы  үшін 

жағдай  жасайды,  қалыпты  деңгейдегі  дамыған  құрдастарымен  күнделікті 

қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға 

кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.  

Қазақстанда  мүмкіншілігі  шектелген  балалардың  туғанынан  бастап 

әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  коррекциялық  амалдары, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  тексерілуді  және  білім  алуды 

ақысыз  пайдалану  құқығы  еліміздің  бас  Конституциясында  «Білім  туралы»,  

«Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық 

тұрғыдан  қолдау  туралы»,  «Қазақстан  Республикасында    мүгедектерді  қорғау 

туралы»,  «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.  



10 

 

2020  жылға  дейін  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы 



аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- 

техникалық  жағдайлар  жасалып,  дене  және  психикалық  дамуында 

ауытқушылығы  бар  балаларға  жалпы  білім  беру  мекемелерде  «кедергісіз 

аумақтар»  (пандус,  арнайы  лифт,  арнайы  жабдықталған  оқитын  орындар, 

арнайы  оқу,  оңалту,  медициналық  құрал-жабдықтар  және  т.б.  қосқанда) 

жасалынуда. 

Қазіргі  таңда  түзете  білім  беру  ұйымдарының  желісін  сақтап,  жетілдіру 

және  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  қатар  дамыту  ең  тиімді  қадам                   

болып  табылады.  Мұндай  жағдайда  түзету  ұйымдары  жалпы  білім  беру 

мекемелерінде 

қызмет 

жасайтын 



педагогтарға 

әдістемелік 

көмек                

көрсетуді  қамтамасыз  ететін  оқy-әдістемелік  орталық,  білім  алып                 

отырған 

тұлғалар 

және 

олардың 


ата-аналарына 

кеңес 


беру                                 

жәнe  психологиялық-педагогикалық  түзете  көмек  көрсету  қызметін  атқарады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  қажетті  психологиялық-медициналық-

педагогикалық  көмек  уақытылы  көрсетілген  жағдайда  баланың  дамуындағы 

негізгі  кемшіліктерді  оқытудың  бастапқы  кезеңіне  түзету,  жалпы  білім  беру 

мекемелерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз етеді.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытуды  ұйымдастыру  мақсатында 

баланың  психофизиологиялық  және  танымдық  мүмкіндіктерінің  деңгейін 

ескеретін,  оқытудың  нұсқауларын  қарастыратын  білім  берудің  арнайы  типтік 

оқу  бағдарламалары  құрастырылып,  бекітілген.  Сонымен  қатар  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  кіріктіре  (инклюзивті)  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша 

ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. 

Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту 

мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру 

мекемелеріне  толыққанды  кіріктіруді  қамтамасыз  ететін  бейімделу  ортасын 

құру болып табылады. 

 

Инклюзивті  білім  беру  жүйесі  кездесіп  отырған  күрделі  мәселе  −  бұл 



қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың 

аздығы,  қорқыныш,  бала  құқын  аяқасты  ету  осының  бәрі  даму  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  теріс  көзқарасты  дамытады.  Бір  жағынан,  арнайы  оқыту 

әдістемесінің  жоқтығы  инклюзивті  білім  беру  үшін  елеулі  қиындықтар 

туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен 

жұмыста  өздерінің  кәсіби  дайындығы  деңгейіне  көңілі  толмайтындығын  атап 

көрсетеді.  Мысалы,  педагогтар  (тәрбиешілер),  оның  ішінде  дефектологтар 

баланың  оқуы  мен  даму  үдерісіне  теріс  ықпал  ететін  барлық  жағдайлар  мен 

факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, педагогтар бала бойындағы ауытқуларды 

дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.  

Осы  аталған  міндеттер  шешімін  табу  үшін,  сөз  жоқ  білікті  маман  қажет, 

сол  себепті  осы  бағытта  болашақ  мамандарға  тиісті  білім,  іскерлік,  дағды 

қалыптастыру керек.  



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал