Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



жүктеу 397.76 Kb.

бет5/5
Дата08.01.2017
өлшемі397.76 Kb.
1   2   3   4   5

7-8 сынып оқушылары:  

 



бағдарламада    оқып  үйренуге  ұсынылған    көркем  туындының 

тектік,  жанрлық  сипатын  анықтай  алуы;  көркем  шығарманы 

әдеби тұрғыда мазмұндап, талдап беруі;  

 



проблемалық сұрақтарға байыпты, нақты жауап бере алуы

 



оқылған  шығарманың  тақырыбын  түсініп,  ондағы  басты 

кейіпкерлерге мінездеме бере алуы; 

 

мінездеме  беруде  автор  сөзі  мен  кейіпкер  сөзінің,  монолог  пен 



диалогтың , тілдік бейнелеу құралдарының қолданысын түсіндіре 

білуі; 


 

«әдеби  кейіпкер»,  «сюжет»,  «композиция»,  «идея»,  «тақырып»  



ұғымдарының басты сипат-белгілерінің мәнін  түсінуі;  

 



оқыған  лирикалық  туындыларға,  олардың  көркемдік,  поэтикалық 

ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік баға беруі; 

 

тақырыбы  бір-біріне  үндес  шығармалардың  кейіпкерлерін, 



оқиғаларын салыстыра отырып, өзіндік тұжырым жасай алуы;  

 



өлең  сөздің  құрылымдық  элементтерінің  (өлшем,  ырғақ,  ұйқас, 

шумақ)  мән-мағынасын,  негізгі  ұғымдарын  білуі  және 

практикалық қолданыста ажырата алуы;  

 



мәнерлеп оқудың барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, 

олардың  бірде  жоғары,  бірде  бәсең  болуы;  оқу  қарқынын  (бірде 



 

38 


келте,  бірде  ұзақ  кідіріс  жасау)  практикалық  тұрғыда    қолдана 

алуы 


 

оқылған  туындының  мазмұнын  толық,  қысқаша  және  іріктеп 



айтып  беруі;  туындыдағы  көркем  суреттеу,  сипаттаулардың 

(портрет,  пейзаж  т.  б.),  баяндаулардың  түрлерін,  автор 

позициясын,  бейнелеу кұралдары (әжуа, мысқыл, сарказм); юмор 

мен сатира, аллегория түрлерін айыра алуы;  

 

шығарма  жұмысының  жоспарын  құрып,  1,5-2  беттік  шығарма 



жаза алуы;  

 



оқыған шығармалары мен  өнердің басқа да түрлері туралы және 

шығарма кейіпкерлеріне автордың көтерген мәселесіне байланысты 

(әсіресе  адамгершілік,  имандылық,  парасаттылық  мәселелері 

бойынша) шығарма, эссе, ойтолғау жаза алуы тиіс. 



9 сынып оқушылары: 

 



халық ауыз әдебиеті, көне дәуір, орта ғасыр, ХІХ-ХХ ғасыр және 

қазіргі заман әдебиеті үлгілерін  көркем шығарманың тегі, жанры 

оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетіне өзіндік 

қарым-қатынасын білдіре отырып оқып зерделей алуы;  

 

қазақ  әдебиетінің  классикалық  көркем  туындыларын  ұлттық 



құндылық,  мәдени  мұра,  тарихи-көркем  шежіре  ретінде  түсініп 

оқып, оларға талдау жасай алуы;    

 

ұлттық  мұра  ретінде  танылған  үздік  шығармалардың  тарихи 



сипатын,  маңызын  көркемдік  шындық  тұрғысынан  суреттей 

алуы; 


 

әдеби  білі  мазмұны    бойынша  игерген  білімдері  негізінде  



шығарманың көркем компоненттерінің атқарып тұрған (бір-біріне 

тәуелділік 

байланыс) 

қызметін, 

суреттеліп 

отырған 


құбылыстардағы авторлық көзқарасты айқындауй алуы

 



стилистика  бойынша  жұмыс:  мазмұндау  (мәтін  мазмұнына  жуық, 

қысқарта  және  іріктеп);  жай,  күрделі  жоспар  құру;  әдеби 

кейіпкерге мінездеме бере отырып әңгімелей алуы;  

 



шағын эпикалық туындыға (әңгіме, ертегі, мысал, шешендік сөз, 

аңыз)  инсценировка  жасау,  мәтіннің  шағын  үзінділеріне 

киносценарий  жазу,  режиссерлік  ремаркалар  (түсініктер) 

құрастыру  т.б.    әдеби-шығармашылық  жұмыстарды  орындай 

алуы; 



 



жұмбақтар,  өтірік  өлеңдер,  ертегілер  шығару,  әңгімелер, 

мысалдар, күлдіргі өлеңдер (мазақтамалар) жаза алуы;  

 

игерілген  әдеби-теориялық  білімге  сәйкес  шығарманы  талдау-



бағалау,  жолдарын білуі; 

 



көркем  туындының  адамгершілік-эстетикалық  проблематикасын 

өзіндік  түсінігі  тұрғысьнан  айқындап,  және  оны  авторлық  идеяға 

сай зерделеп, сын тұрғысынан өзіндік ұтымды ой-пікір айта алуға 

дағдылануы ;  



 

39 


 

проблемалық  сұраққа  (оқылған  туындының  кейіпкерлері,  оның 



адамгершілік  мазмұны  жайлы  ой  толғау)  ауызша  (немесе 

жазбаша)  толық  жауап  бере  алуы;  өз  бетімен  оқыған  шығарма, 

көрген  спектакль  (қойылым),  кинофильм  жайында,  олардың 

кейіпкерлеріне,  оқиғаларға,  авторлық  позицияға  жеке  өзіндік 

сыни пікір  айтуы;  

 



оқылған  бір  немесе  бірнеше  туынды  бойынша  проблемалық 

сипаттағы пікірнама-шығарма жаза алуы; 

 

әдебиет және т.б. өнер  туындыларына пікір айта алуы



 

әдеби  тақырыпқа  баяндама  және  реферат  жазып,    өзінің 



баяндамасының  және  әдеби-сын,  проблематикалық  мақаланың 

аннотациясы, жоспары, тезисін дайындай алуы; 

 

әдеби және публицистикалық тақырыпта очерк, эссе, мақала жаза 



алуы; 

 



өздігінен ізденудің жаңа технологияларын меңгеруі; 

 



компьютермен,  техникалық  ақпарат  құралдарымен  жұмыс 

істеп,интернет арқылы әлем әдебиетімен танысуы

 

сын  тұрғысынан  ойлай  білуге,  өзіндік  ой-пікір  жинақтауға,   



көрсетілген  мәселе  төңірегінде  қорытынды  жасай  алуға 

әрекеттенуі ;  

 

көркем  шығарманың  негізгі  мазмұнын,  идеялық-  тақырыптық 



мәнін айқындап, әлем елдері әдебиетімен салыстыра  алуы;  

 



көркем  туындының  кейіпкері  жайлы  қойылған  жағдаяттық 

сұраққа  жауап  беруде  әдеби  тіл  нормалары  мен  пікірталас 

мәдениеті талаптарын сақтай сөйлеуі; 

 



әдебиеттің    басқа өнер  түрлерімен  (бейнелеу,  сәулет,  саз,  мүсін, 

театр, кино т.б.) байланысын түсіндіре алуы;  

 

көркем  шығармадағы    негізгі  ойды    автордың  көзқарасы  мен 



замана шындығы тұрғысынан анықтай алуы;  

 



эпикалық,  лирикалық  және  драмалық  туындылардағы  басты 

кейіпкердің    іс-әрекеттерінің  өмірдегі  жағдаяттарға,  қоғамдық 

ортаның әсеріне қатысты екендігін дәйектей алуы

 



көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдана алуы

 



әдеби  туындыдағы  басты  проблематиканы  анықтап,    авторлық 

көзқарасты айқындай алуы

 

шығармашылық  бағытта  ізденіске  түсіп,  сыныптан  тыс  және 



қосымша  оқуға    ұсынылған  әдеби-көркем  шығармаларды 

өздігінен оқуы; 

 

шығарманы  көркемдік    тұтастықта  талдаудың  жолдарын,  амал-



тәсілдерін меңгеруі; 

 



көркем  әдебиет  туралы  ғылыми  сын  мақалаларды  түсініп  оқып, 

оларды талдауда өзіндік ой тұжырымын жасай алуы; 

 

берілген  мәтіндерді  баяндалу  тәсіліне  қарай  жүйелеп, 



толықтырулар енгізе алуы тиіс . 

 

40 


ІҮ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытуды  



ұйымдастыру  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  

білім беру стандарты талаптары бойынша жүзеге асады. «Қазақ әдебиеті» оқу 

пәнін  оқытудың  формалары  мен  әдістерін  таңдауда  білім  алушылардың 

психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері  ескеріледі.  

Негізгі  орта  мектептің  5-6  сыныптарында  тұрмыс-салт  жырлары, 

мақал-мәтелдер,  жұмбақ,  жаңылтпаштар,  ертегі,  аңыздар,  діни-мифтік 

әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар шешендік 

сөздер  мен  айтыс  жанрларын  оқып  үйрену  арқылы  оқушылар  халықтың 

ұлттық  рухын,  дүниетанымын,  әдет  –  ғұрып,  салт-дәстүрлерін  мәдени  мұра  

ретінде танып біледі. Халық  ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани 

жетілген  әлеуметтік  тұлға  ретінде  қалыптасуына,  халқының  өткені  мен 

бүгінін  салыстырып,  ой  елегінен  өткізе  алуына  және  ұлттық  мәдени 

мұраларды  құрметтей  білуіне  көмектеседі.  Бұл  сыныптарда  оқушылар 

көркем  мәтінді  нақышына  келтіріп,  мәнерлеп  оқу,  мазмұнын  айтып  беру, 

мәтінді  мазмұнына  қарай  бөлімдерге  бөлу,  жоспар  жасау  тәрізді  білім 

дағдыларына  жаттығады.  Жекелеген  䖔зінділердегі  теңеу,  эпитет,  кейіптеу, 

метафоралардың  жай  түрлерін,  ертегінің  баяндалу  тілін  бала  ұғымына 

сәйкестендіре  түсіндіру  оқытудың  басты  ерекшелігі  болады.  5-6  сынып 

оқушыларын  шығарманың  сюжеті  қызықтыратындықтан  сюжетке  көп  мән 

беріледі.  

Мектептің  7-8  сыныптарында  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінің  білім 

мазмұнын  қамтитын  ХІХ-ХХ  ғасырдағы  әдебиеттің  үш  тегі  лирика,  эпос 

және  драмалық  шығармаларды  және  әлем  әдебиетінің    кейбір  үздік 

шығармаларын  оқытуда  оқушылардың  әдеби  білім  аясын  кеңейту 

қарастырылады.  Бұл  сыныптарда  әдеби  көркем  шығармаларды  талдауға 

ерекше назар аударылады.  

Мектептің  9  сыныбында  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін    оқыту  тарихи  - 

хронологиялық  ұстанымға  құрылады.  9  сыныптағы  қазақ  әдебиетінің  білім 

мазмұны біздің дәуірімізге дейінгі сақ заманындағы «Алып Ер тоңа» сынды 

жәдігерден  бастап,  түрік  қағанаты,  оғыз  дәуірі,  орта  ғасырдағы  ұлылар 

мұрасы, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет үлгілерін және ХІХ ғасырдағы зар 

заман  ақындар    поэзиясы  мен  ағартушылық  бағыттағы  әдебиетті,  сонымен 

қатар  әнші-сазгер  ақындардың  шығармашылығын  оқыту  негізінде  

оқушыларға әдебиет әлемі туралы тұтас  ұғым беру  көзделеді.  

Мектептегі  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  қазіргі  талаптарға  сай    оқытуда 

оқушылардың  өзіндік  ерекшеліктері,  қызығушылықтары  басты  назарда 

болады.  Сол  себепті  пәнді  оқытуда  баланың  танымдық  ой-өрісін, 

эстетикалық  талғамын,  шығармашылық  ойлауын  дамытуға,  қатысымдық 

іскерліктерінің  шыңдалуына  оң  ықпал  ететін  оқыту    әдіс-тәсілдері  таңдап 

алынады. Оқушының ізденімпаздығын, белсенділігін, өзбетімен жұмыс істеу 

қабілетін,  шығармашылық  ойлауын  қалыптастыруда  олардың  өзіндік  


 

41 


ерекшеліктері,  қабілет-қарымдары  ескеріледі.  Танымдық,  креативтік  

іскерліктерді  дамытуға  мүмкіндік  беретін  шығармашылық  тапсырмаларды 

орындау  оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді.  Сөйтіп, әдебиетті  

оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін  ескере отырып оқыту білім мазмұнын 



меңгертуде  басты ұстанымдардың бірі болады.  

 


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал