Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата23.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 
 
 
 
 
 
 
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен педагогтердің 
жаңашыл тәсілдері негізінде тәрбие жүйесін жаңарту жолдары 
Әдістемелік құрал 
 
 
Пути модернизации системы воспитания на основе 
общечеловеческих и национальных ценностей  
и новаторских педагогических подходов 
Методическое пособие
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2013 

 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама). 
 
Рекомендовано  к  изданию  решением  Ученого  совета  Национальной 
академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 4 от 19 августа 2013 г.). 
 
 
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен педагогтердің жаңашыл 
тәсілдері  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңарту  жолдары.  Әдістемелік  құрал.  – 
Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 64 б. 
 
Пути  модернизации  системы  воспитания  на  основе  общечеловеческих  и 
национальных  ценностей  и  новаторских  педагогических  подходов 
Методическое  пособие.  –  Астана:  Национальная  академия  образования 
им.И.Алтынсарина, 2013. – 62 с. 
 
 
Әдістемелік  құралда  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен 
педагогтердің 
жаңашыл 
тәсілдерінің 
мазмұны 
қарастырылған. 
Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  педагогтердің  жаңашыл 
тәсілдері  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңартудың  жолдары  анықталған  және 
әдістемелік ұсыныстар берілген. 
Әдістемелік  құрал  мектеп  басшылары  мен  мұғалімдерге,  әдіскерлерге, 
басқару органдары мамандарына және педагог-зерттеушілерге арналған. 
  
В  методическом  пособии  рассматривается  содержание  общечеловеческих 
и  национальных  ценностей  и  новаторских  педагогических  подходов. 
Определены  пути  и  даны  методические  рекомендации  по  модернизации 
системы воспитания на основе общечеловеческих и национальных ценностей и 
новаторских педагогических подходов. 
Методическое  пособие  предназначено  для  руководителей  и  учителей 
общеобразовательных  школ,  методистов,  специалистов  органов  управления, 
педагогов-исследователей. 
 
                                                        
 
 
                                                      
 
                                                         © 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 
                                                                            
білім академиясы, 2013 
 
                                                              
© Национальная академия образования 
                                                              
имени И. Алтынсарина, 2013 

 

Кіріспе 
 
XXI  ғасырдың  басындағы  қазақстандық  білім  заманауи  өркениетке  тән, 
«ақпараттық»  немесе  «постиндустриалдық  қоғам»  деген  атау  алған,  жаңа 
парадигмалардың  пайда  болу  кезеңінде  тұр.  Мектепті  реформалау  процесінде 
білім берудің алдына ұлттық ағартудың жақсы сипатын жоғалтпастан, әлемдік, 
жаһандық білім беру жүйесіне ену міндеті қойылды. Реформа барысында білім 
беруді  ізгілендіруге,  оқытудың  инновациялығына  қол  жеткізілді,  баланың 
еркін, жауапты тұлға ретінде дамуына жағдай тудыруға күш салынуда.  
«Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобада Елбасы Н.Ә. Назарбаев оны 
іске  асырудың  басты  бағыттарының  бірі  ретінде  жастардың  рухани-
адамгершілік  тәрбиесін,  негізінде  «еңбек  сүйгіштік,  намыс,  парасаттылық, 
үнемі  өзін-өзі  жетілдіру  мен  оқуға  ұмтылысы»  сияқты  қасиеттер  жатқан 
құндылықтар  жүйесін
 
қалыптастыруды  атап  көрсетті  [1].  Шоқан  Уәлиханов, 
Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев  өз  пайымдауларында  ұлтты  жаңа 
жағдайларда  қалай  сақтап  қалуға  болатыны,  оның  рухани  жаңаруы,  әлемдік 
өркениет биіктеріне тарту үшін не істеу керектігі туралы мәселелерді маңызды 
деп  санады.  Тәрбие  ел  болашағы  үшін  оның  байлығын  еселейтін  білікті 
мамандардың  болуымен  ғана  емес,  олардың  дүниетанымы,  азаматтық, 
адамгершілік ұстанымының маңыздылығымен де құнды. 
Қазақстан  Республикасында  тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің  мүддесін 
іске асыруға бағдарланған тәрбиенің тұтас жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне 
аяқ  басты.  Қоғамдағы  оң  өзгерістер  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәрбие 
жүйесінде көрініс тапты.  
Сонымен  бірге,  білім  алушылардың  тәрбиесі  олардың  табысты 
әлеуметтену  проблемасын  шешуге  әлсіз  бағдарланған,  ол  әлеуметтік 
инфантилизмге, ересек өмірге бейімделе алмауына жеткізеді. 
Балалар  мен  жастардың  жеке  ерекшеліктері,  этникалық  факторлар  мен 
діни ахуалдардың ықпалдары, ұлтаралық қарым-қатынас, тіл саясаты және т.б. 
мәселелердегі  оқушылар  даярлығының  нашарлығы  жеткіліксіз  дәрежеде 
ескеріледі.  Діни  экстремизмді  уағыздаушы  түрлі  күштер  осыны  пайдалануға 
тырысады. 
Жасөспірімдер  арасындағы  қылмыстың  жоғары  деңгейі,  балалар  мен 
жастардың  темекіге,  ішімдік  пен  есірткіге  бейімделуі,  оқушылар  арасындағы 
зорлық,  жезөкшелік  қазақстандық  қоғамды  алаңдатып  отыр.  Мысалы,  зерттеу 
нәтижелері  2012  жылы  елде  жасөспірімдер  мен  жастардың  80%  -на  дейін,  ал 
ауылды  жерлерде  90%-ға  дейіні  спирттік  ішімдік  ішетінін  көрсетті  [2,  5  б.]. 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  мәліметтері  бойынша 
Қазақстанда  өзіне-өзі  қол  жұмсаған  адамдардың  саны  29  жасқа  дейінгі  жас 
аралығында 2009 жылы 1424 адамды (100 мың тұрғынға 31 адам), 2010 жылы 
3800 адамды (100 мың тұрғынға 113 адам) құрады [3].  
Осы  орайда  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саясатында  балалар  мен 
жастар  ортасындағы  тәрбиенің  өзектілігі  басымдыққа  ие  болып  алдыңғы 
орынға  шығады.  Адамды  өз  елінің  азаматы  ретінде  тәрбиелеуге  бағытталған 

 

мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтар  мен  жаңа  педагогикалық  тұрғылар  негізінде  тәрбие  жүйесін 
жаңарту  жолдарын  іздестіру  балалар  мен  жасөспірімдерге  тәрбие  беру  мен 
оқытуға  қатысты  барлық  мемлекеттік  институттардың  педагогикалық  және 
әлеуметтік қызметін қайта қарастыруын талап етеді. 
Заманауи жағдайда білім беруді жаңғыртудағы тәрбие мәселелерін басты 
назарда ұстау қажеттілігі келесі шарттармен: 
−  түрлі  типті  білім  беру  ұйымдарында  білім  беру  жүйесінің,  оқу-тәрбие 
процесінің әдіснамасы мен технологияларының жаңаруымен; 
− оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын үнемі 
іздестіруді  талап  ететін  қоғамдағы  білім  беру  процесін  оқушылардың  ұғыну, 
адамның  жеке  басындағы  өзгеру,  білім  мазмұнын  ізгілендіру,  оқу  пәндері 
көлемі, құрамының үздіксіз өзгеру, жаңа оқу пәндерін кіргізу қажеттілігімен; 
−  мұғалімдердің  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеру  және  қолдануға 
деген көзқарасының өзгеруімен анықталады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім 
беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі 
үлгілік  кешенді  жоспарда»  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  Қазақстанның 
тарихи тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл тәсілдерін ескере отырып, тәрбие 
жүйесін жаңарту әдістемелерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген [3].
 
Заманауи  мектеп  нақты  педагогикалық  қызметте  іске  асырылуы  қажет 
тәрбиенің  бай  педагогикалық  тәжірибесін  жинақтаған.  И.П.Волков, 
Т.И.Гончарова,  И.П.Иванов,  Е.Н.Ильин,  В.А.Караковский,  С.Н.Лысенкова, 
Е.А.Ямбург,  К.К.Жампеисова,  Ж.Қараев,  Б.Р.  Айтмамбетова,  К.Б.  Бозжанова, 
С.С.  Рахимова,  Р.М.  Қоянбаев,  Э.И.  Шныбекова,  Р.К.  Төлеубекова  сынды 
педагогтер мен ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық тәжірибенің бірегей 
жаңашыл  және  зерттеушілік  үлгілері  бар;  адамгершілік  тәрбиенің  әдістемелік 
аспектілері К.А. Бекмұхамедова, К.Л. Болатбаева, Г.Ф. Гуревич, Р.Б. Нұртазина, 
К.Н. Сариева, Д.Т. Тұрсынов, Н.Н. Шманова және т.б. еңбектерінде көрінеді. 
Үздік  педагогикалық  тәжірибеге  шығармашылық  ізденіс,  жаңашылдық, 
бірегейлік  элементтерінен  тұратын,  басқаша  айтқанда,  жаңашылдық  деп 
аталатын  тәжірибені  жатқызады.  Мұндай  педагогикалық  тәжірибе 
педагогикалық практика мен педагогика ғылымына соны сүрлеулер салуымен 
де  ерекше  бағалы,  сондықтан  да  жаңашыл  тәжірибе  ең  алдымен  талдау, 
жинақтау  және  таратуды  қажет  етеді.  Қарапайым  шеберлік  пен 
жаңашылдықтың арасына шек қою мүмкін болмай жатады, себебі ғылымдағы 
белгілі  принциптер  мен  әдістерді  меңгерген  мұғалім  негізінде  қол  жеткізген 
жетістікте  тоқтап  қалмайды.  Шебер-педагог  бірегей  жаңа  тәсілдерді  табады 
және қолданады немесе бұрынғыларды тиімді үйлестіре отыра біртіндеп нағыз 
жаңашыл болады. Осыдан білім беру ұйымдары тәжірибесіне кез келген жақсы 
тәжірибені  тарату  және  енгізу,  әсіресе  жаңашыл-педагогтердің  тәжірибесін 
терең де жан-жақты талдау, жинақтау және тарату қажеттігі туындайды. 
 
«Құндылықтар»  санаты  тұлға,  адамгершілік,  ізгілік  проблемаларына 
қызығушылық  артқан  XX  ғасырдың  60-жылдарынан  бастап  қазақстандық 

 

ғылымда  философиялық  түсінік  нысаны  болды.  Құндылықтар  –  қоғамдық-
маңызды 
материалдық, 
әлеуметтік 
нысандар. 
Құндылықтар 
жалпыадамзаттық және ұлттық болып екіге бөлінеді. 
Кей  кезде  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ұлттық  құндылықтар  дегенді, 
олардың  қаншалықты  өзара  үйлесімді  және  өзара  қолайлы  екенін  біржақты 
анықтау мүмкін емес: 
біріншіден, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арасында «темір 
қамал» жоқ, олар өзара байланысты; 
екіншіден,  жеке  халықтардың  ұлттық  құндылықтары  адамзаттық 
құндылықтары болып табылады; 
үшіншіден,  көптеген  нағыз  ұлттық  құндылықтар  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға қосылады. 
Жалпыадамзаттық 
құндылықтарды 
материалдық, 
рухани 
және 
интеллектуалдық  құбылыс  ретінде  сипаттайды.  Кейде  оларды  су,  ауа,  тамақ, 
флора  және  фауна  сияқты  адамзаттық  құндылықтармен  немесе  мемлекет 
қауіпсіздігі,  экономика,  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  тұрмыс  және  т.б. 
қоғамдық  құндылықтармен  шатыстырып  жатады.  Ұлттық  құндылықтар  уақыт 
пен  кеңістікте  салыстырмалы  және  жергілікті  болады.  Сонымен 
жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  диалектикасы  абсолюттік  және 
салыстырмалық заңдарына бағынады.  
Адам  белгілі  бір  адамгершілік  бағдарларды,  ұлттық  ерекшеліктер 
ескерілген  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сүйенуді  қажет  етеді,  шынайы 
өмірде ол көбіне түрлі адамгершілік бағдарлармен кездеседі. Міне, сол себепті 
де  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  жаңашыл  педагогикалық 
тұрғылар  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңғырту  жолдарын  әзірлеу  маңызды  да 
қажет. 
Әдістемелік  құралдың  тұжырымдамалық  негізі  –  тәрбие  жүйесін 
жаңғыртуда  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  жаңашыл 
педагогикалық  тұрғылардың  басым  рөлін  тану.  Осы  көзқарастар  бағытында 
жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  жаңашыл  педагогикалық 
тұрғылардың  мазмұны  анықталады,  олардың  негізінде  тәрбие  жүйесі 
айқындалады.  Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  жаңашыл 
педагогикалық  тұрғылар  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңғыртудың  жолдары 
қарастырылады, оларды іске асырудың әдістемелік ұсыныстары беріледі. 

 

1 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар 
 
1.1 Жалпыадамзаттық құндылықтар 
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар – адам туралы философиялық ілім мен 
аксиологияны  оқытатын  пәннің  маңызды  құрамдастары  жүйесіне  енетін 
түсініктер  кешені.  Олар  адам  тегінің  ұлттық,  саяси,  діни  және  басқа  да 
әуестігінен еркін жалпы мүддесін білдіруімен ерекшеленеді және осы сипатта 
адамдық  өркениет  дамуының  императиві  болып  табылады.  Сонымен, 
жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық мәдениет пен замандағы адамдар 
үшін абсолютті стандарт болып саналатын іргелі, жалпыадамзаттық бағдарлар 
мен нормалар, моральдық құндылықтар. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  зерттеудің  көптүрлі  тәсілдері  олардың 
түрлі өлшемдер бойынша жіктелуінің көптүрлілігін туындатады. 
А.О.  Бороноев  және  А.О.  Смирнов  топтарға  бөлінген  ең  көп  түрлі 
құндылықтар 
жиынтығын 
жариялады: 
«Отандастарымыздың, 
руластарымыздың  бізді  тұлға  ретінде  мойындауы  біздің  құндылық 
тасымалдаушысы  екенін  растауымен  түйіндеседі.  Олар  бес  топқа  бөлінеді: 
әлеуметтік  мақсатты  (Қасиеттілік,  Руханилық,  Білім,  Шеберлік,  Іс,  Мәртебе, 
Билік,  Байлық);  әлеуметтік  аспаптық  (Құқық,  Бостандық,  Әділдік, 
Ынтымақтастық,  Рақымшылдық);  дербес-аспаптық  (Өмір,  Денсаулық,  Күш, 
Ептілік,  Әдемілік,  Ақыл;  субъективті  мақсатты  (Зат,  Энергия,  Кеңістік); 
жалпыадамзаттық (Ойшыл рух, Қоғам, Адам)» [4].
 
Бірқатар жалпыадамзаттық құндылық архетиптер ретінде өмір сүре алады: 
– 
барлық  елдердегі  көптеген  негізгі  заңдар  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  жатады  (мысалы,  кісі  өлтіру,  ұрлық  жасауға  және  т.б.  тыйым 
салу); 
– 
сөз  бостандығы,  адам  құқықтары  сияқты  бірқатар  либералдық 
принциптер жалпыадамзаттық құндылықтар болып табылады; 
– 
көптеген  діндер  өз  ұстанымдарын  жалпыадамзаттық  құндылықтар  деп 
санайды. Мысалы, христиандар бұған он өсиетті жатқызады; 
– 
«Адамгершіліктің  алтын  ережесі»  деп  саналатын  «Өзіңе  ұнамайтынды 
өзгеге  жасама»  –  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  мысалы  бола  алады 
деседі. 
Болмыстың құрылымына орай табиғи (бейорганикалық және органикалық 
табиғат,  пайдалы  қазбалар)  және  мәдени  (бостандық,  шығармашылық, 
махаббат,  қарым-қатынас,  іс-әрекет)  құндылықтарды  көрсетуге  болады.  Тұлға 
құрылымына сәйкес құндылықтар биопсихологиялық (денсаулық) және рухани 
реттілікте  болады.  Құндылықтар  рухани  мәдениет  түрлеріне  қарай 
адамгершілік  (өмірдің  мәні  және  бақыт,  қайырымдылық,  жауапкершілік,  ұят, 
ар,  абырой),  эстетикалық  (әсемдік,  маңыздылық),  діни  (сенім),  ғылыми 
(ақиқат),  саяси  (бейбітшілік,  әділеттілік,  демократия),  құқықтық  (заң  және 
құқық  тәртібі)  болып  жіктеледі.  Тұтас  алғанда,  жалпыадамзаттық 
құндылықтардың полифониясы олардың жіктелу шарттылығын туындатады. 

 

Кей  авторлар  биологиялық  адамды  және  әлеуметтік  адамды  айырып 
көрсетеді.  Егер  біріншісі  өзінің  тамаққа,  киімге,  баспанаға,  ұрпағының 
жалғасуы сияқты қажеттіліктерді қанағаттандыруды ойласа, екіншісі не тиімді, 
не тиімсіз екенін таңдайды. Онда іштей шектелу жоқ, оның ар-ұяттан жұрдай 
болуы заңды. Адамның үшінші түрі – бұл рухани адам – қысқаша айтсақ, бұл – 
ұяты  бар  адам.  Сондықтан,  қайырымдылық  пен  зұлымдықты  ажырата  білу 
керек.  Жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сонымен  бірге  өмірдің  мәні,  бақыт, 
қайырымдылық,  парыз,  жауапкершілік,  ар,  абырой,  сенім,  бостандық,  теңдік 
сияқты құндылықтарды да жатқызуға болады. 
 
Г.А.  Омарованың  пікірінше,  жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  бұл 
трансцендентті,  тарихи  шектен  шықпайтын  табиғаты  бар  бітпейтін  этикалық 
құндылықтар, біртұтас рухани шынайылықтың түрлі қырлары және сол себепті 
әлеуметтік,  саяси,  ұлттық,  ғылыми,  тұлғалық  және  басқа  құндылықтардың 
өзгермелі  жүйесінің  инварианты  болады.  Мысалы,  бұған  шынайы  махаббат, 
парызын  риясыз  орындау,  қалтқысыздық,  шыншылдық,  күш  жұмсамау,  ішкі 
әлем және тыныштық, мейірімділік, жақсылық, обал-сауапты ескеру және т.б. 
жатады [5].  
Қоғамдық қарым-қатынастың екі нұсқасы туралы түсінік жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  түсінумен  тікелей  байланыста:  «Қоғамның  екі  түсінігі  бар: 
қоғам  не  табиғат  сияқты  түсіндіріледі,  немесе  рух  сияқты  түсіндіріледі.  Егер 
қоғам  табиғат  болса,  онда  күштінің  әлсізге  зорлық  жүргізуі,  күштілер  мен 
бейімделушілерді іріктеу, құдіреттілік еркі, адамның адамға үстемдік жүргізуі, 
құлдық пен теңсіздік, адам адамға қасқыр деген пікір ақталады. Егер қоғам рух 
болса,  адамның  жоғары  құндылығы,  адам  құқығы,  бостандығы,  теңдігі  және 
туыстығы бекиді (Н.Бердяев) [6].  
Барлық  уақытта  да  өмірдің  өзі  және  оны  табиғи  және  мәдени  түрлерде 
сақтау мен дамыту  проблемасы негізгі құндылық болған. Сондықтан орталық 
жалпыадамзаттық  құндылықтардың  біріне  басқа  құндылықтардың  негізі 
ретінде көрінетін жеке адамның өмірін жатқызуға болады.  
Алайда,  ұлы  Абай  жазғандай,  «Махаббатсыз  дүние  бос».  Махаббат  − 
әлемдік  мәдениет  пен  өнердегі  іргелі  тақырыптардың  және  ортақ 
тақырыптардың  бірі.  В.С.  Соловьев  махаббатты  рухтанған  бір  тірі  жанның 
басқаға  онымен  және  бір-бірімен  өзара  өмірді  толықтыру  үшін  ұмтылысы 
ретінде анықтайды және оның үш түрін көрсетеді [7]: 
1.
 
Аларынан берері көп махаббат, немесе кемімелі махаббат – бұл түріне 
ата-ана махаббатын, көп жағдайда ананың балаларына махаббатын жатқызады. 
адамдағы  бұл  махаббат,  немесе  үлкендердің  кішілерге  қамқорлығы, 
күштілердің әлсіздерді қорғауы біртіндеп ұлттық-мемлекеттік тұрмыс жолына 
қойылады. 
2.
 
Берерінен алары көп махаббат, немесе үдемелі махаббат – бұл түріне  
балалардың  ата-анаға  махаббатын,  сол  сияқты  жан-жануарлардың  өз 
асыраушысын  жақсы  көруі,  әсіресе  үй  жануарының  адамға  адалдығын 
жатқызады.  Оның  ойынша,  адамда  бұл  махаббат  дүниеден  озған  ата-
бабаларына,  сонан  соң  болмыстың  анағұрлым  ортақ  және  болар-болмас 

 

себептеріне де таралуы мүмкін және адамзаттың барлық діни дамуының түбірі 
болады. 
3.  Тең  дәрежеде  беретін  де  алатын  да  махаббат,  немесе  жыныстық 
махаббат – бұл түріне ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббаты жатады. 
Адамда мұндай махаббат өмірдегі өзара  толық түріне жетуі  мүмкін және осы 
арқылы жалқылық бастау мен қоғамдық жалпылық арасындағы тамаша қарым-
қатынастың жоғары символы болады. 
Бостандық  қоғам  үшін,  сондай-ақ  тұлға  үшін  ауыспайтын  маңызға  ие 
болады. Бостандық – тұлғаның жақсылық пен жамандықтың ажырату негізінде 
таңдау  жасау  қабілеті.  Бостандықтың  мұнан  басқа  да  көптеген  анықтамалары 
бар.  Этикада  бостандық  адам  жігерінің  еркіндігімен  байланысты 
қарастырылады.  Жігер  бостандығы  адамға  жауапкершілік  артады  және  оның 
сөзі мен қылығын еңбегі ретінде жүктейді. Құқықта бостандық – конституцияда 
немесе басқа заңнамалық актіде бекітілген адамның белгілі бір мінез-құлқының 
мүмкіндігі (мысалы, сөз бостандығы, діни наным бостандығы және т.б.).  
Басқа жалпыадамзаттық құндылық – бақыт –  адамның өзінің тұрмыстық 
жағдайына іштей қанағаттануын, өмірдің толықтығы мен мағыналығын, өзінің 
адамдық парызын жүзеге асыруына барынша сәйкес келетін жағдайы.  
Бақытқа  екі  жолмен  баруға  болады.  Біріншісі  –  сыртқы  жол.  Жақсы  үй, 
жақсы киім, ұнайтын дос таба отыра,  адам  қандай да бір деңгейде бақыт пен 
қанағаттанушылық алады. Екінші жол – бұл рухани даму жолы, және ол ішкі 
бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда бұл екі тәсіл тең емес. Сыртқы 
бақыт  ішкі  бақытсыз  ұзаққа  созыла  алмайды.  Егер  өмір  қара  түсте  көрінсе, 
жүрегіңіз  бірдеңені  қаламаса,  қандай  сән-салтанат  қоршаған  күнде  де  сіз 
бақытты бола алмайсыз. Егер сіз іштей жан тыныштығына қол жеткізсеңіз, кез 
келген қиын жағдайда да бақытты бола аласыз (Далай-лама XIV) [8]. 
Адамдар  үнемі  ақиқатты  іздеу  қажеттілігін  сезінеді.  Ғылымға  дейінгі 
дәуірде  адамдардың  ақиқатты  түсінуі  көпмағыналы  болды:  оған  тәжірибелік 
білімдер,  әңгіме,  сенім,  белгі,  үміт,  наным  және  т.б.  жатады.  Оны 
тасымалдаушылар:  қарттар,  бақсылар,  көріпкелдер,  сәуегейлер,  абыздар, 
философтар, ғалымдар ерекше құрметке ие болды. Көреген билеушілер ғылым 
мен  білімнің  дамуына  қамқорлық  жасады.  Ақиқат  –  адамның  ең  жоғары 
интеллектуалды құндылығы. 
Адамзаттың  бастапқы  құндылықтарына  наным  –  қандай  да  бір  нәрсені 
ақиқатында,  көп  жағдайда  –  өзінің  негізделуі  үшін  дәлелді  қажет  етпейтін, 
кейде  іздестіретін,  тексермей-ақ  тек  іштей  көз  жеткізу  арқылы  мойындау 
жатады.  
Діни  көзқарас  тұрғысынан  наным  күтуді  жүзеге  асыруды  және  көзге 
көрінбеске  сенуді  білдіреді.  Бір  қоғамдастықтағы  сенетін  кісілердің  әлем 
туралы  түсініктері  шамамен  бірдей  болады,  өйткені  олар  қоғамдастарының 
өткені  (дәстүр)  мен  қазіргі  тәжірибесіне  сенуге  бейім.  Сондықтан  нанымды 
әлем туралы ұжымдық түсінік ретінде қарастыруға болады.  
«Наным» сөзі сонымен бірге «дін», «діни ілім» мағынасында қолданылады 
– 
мысалы, мұсылман ілімі және т.б. 

 

Діндар  –  дін  адамы,  яғни  нақты  бір  дін  өкілі,  әлемдік  дін  үлгісін 
тасымалдаушы. 
Шығармашылық 
жоғары 
жалпыадамзаттық 
құндылық 
ретінде 
қарастырылуы  мүмкін.  Шығармашылық  адамға  жасаушы,  өзін  осыған  дейін 
болмағанды  шығарушыдай  сезінуіне  мүмкіндік  береді.  Ол  адамды  биіктетеді, 
оның  «мені»  оны  мағыналы  ғана  емес,  сонымен  бірге  бірегей  етеді.  Бұл  -  іс-
әрекеттік  құндылық.  Шығармашылық  нәтижелерінде  адамның  ішкі  және 
сыртқы әлемінің бірлігі көрінеді. 
 
Шығармашылық  сонымен  қатар  адамгершілік,  әсіресе  –  көркем-
эстетикалық салада айқын байқалады. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар 
сурет  салды,  баспанасын,  тұрмыс  бұйымдарын,  киім-кешегін,  қару-жарағын, 
еңбек  құралдарын,  табыну  заттарын,  өзін-өзі  әшекейледі;  олар  ән  салып,  би 
биледі, түрлі сипаттағы көріністерді сахналады. Алғашқы қауым адамы да, бала 
да,  қазіргі  ересек  адам  да  табиғатта  жоқ  жаңаны  ашқанда,  ойлап  тапқанда, 
жасаған  кезде,  құрастырғанда,  немесе  осыған  дейін  жасалғанды  жетілдіруде 
ерекше қуаныш сезімін бастан кешіреді.  
Іргелі  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  бірі  –  ар  –  адамның 
міндеттенуін  және  тыйым  нормаларын  белгілейтін  моральдық  бақылау  мен 
адамгершілік  өзіндік  бақылау,  ішкі  дауысты  жүзеге  асыруына  мүмкіндік 
беретін қабілеті. Ар – адамда бар тілектің көрінуіне жол бермейтін ішкі түйсік.  
Абырой  маңызды  этикалық  және  ұлттық  құндылық  болып  табылады,  ол 
адамның әділдік, адалдық, шыншылдық, тектілік, қасиеттілік сияқты сапаларын 
бағалаумен  байланысты  кешенді  түсінік.  Абырой  өмірге  белгілі  бір  мәдени 
немесе әлеуметтік дәстүрлер, материалдық себептер немесе жеке менмендіктер 
себебімен  келген  салыстырмалы  түсінік  ретінде  қабылдануы  мүмкін.  Басқа 
жағынан  қарағанда  абырой  адамға  әу  бастан  тиесілі  сезімі,  тұлғаның 
ажырағысыз бөлігі ретінде түсіндіріледі. 
Осы  бөлінуді  көрсете  отыра,  абырой  «адамның  ішкі  адамгершілігі, 
батылдығы, адалдығы, жанының тектілігі мен таза ары» ретінде және «шартты, 
зайырлы,  көп  жағдайда  жалған,  алдамшы  тұрмыстық  тектілік»  ретінде 
анықталады.  
Басқа  жалпыадамзаттық  құндылық  –  парыз  абырой  санатымен 
байланысты. Парыз – бұл іштей қабылданатын (ерікті) міндеттеме. Парыз деп 
адамның немесе адамдар тобының басқа адам немесе адамдар тобы алдындағы 
міндеттемені  атайды.  Көбінесе  парыз  ретінде  моральдық  міндеттеме 
(моральдық  парыз,  адамгершілік  парыз)  –  адамның  басқа  адамдар  алдындағы 
ерікті моральдық міндеттемесі қарастырылады. 
Парыздың басқа түрлері: азаматтық, патриоттық және әскери парыз. 
Көп жағдайда ар түсінігімен үндесіп жататын жалпыадамзаттық құндылық 
– 
қасиет.  Қасиет  –  адамның  моральдық-этикалық  сапаларына  ішкі  қарым-
қатынасы,  моральдық-адамгершілік  санат  ретінде  адам  тұлғасын  құрметтеу 
және өзіндік құрмет. Адам өмірінің ұлы құндылығы − адамда болуы. 
Қарастырылған құндылықтардың бірлігінде әділеттілік сезімі қалыптасады 
және  әрекет  етеді.  Әділеттілік  –  адамдардың  мүдделерін  қамтамасыз  ету, 

 

олардың қасиеттерін құрметтеу. Әділеттілікті бекіту адамдарда қанағаттануды 
тудырады. Ал әділетсіздік ашу-ыза, наразылық, кек, жеккөрушілік, қызғаныш, 
өштесу және т.б. тудырады, әділеттілікті орнату жолында күреске итермелейді. 
Бұл әділеттіліктің маңызды моральдық-құқықтық құндылық екенін дәлелдейді.  
Қайырымдылық  –  басқа  адамға  аяушылық,  тілектестік,  қамқорлық, 
сүйіспеншілік қарым-қатынасы; ол немқұрайлылық, мейірімсіздік, қаскүнемдік, 
жауластық, зорлыққа қарама-қайшы ұғым. 
Жүйелі  қайырымдылық  тек  қана  жанкештілікті  және  тілектестікті 
көздемейді, ол сонымен бірге өзге адамды түсінуді, оған аяушылықты, ал өзінің 
бірізді  көзқарасында  –  басқаның  өміріне  жігерлілікпен  қатысуды  білдіреді. 
Нормативтік  жоспарда  қайырымдылық  өкпені  кешіру,  жауыздыққа 
озбырлықпен  және  жауына  кешіріммен  қарау  талаптарымен  тікелей 
байланысты. 
Жақсылық – игілік, пайдалы іс жасауды, мысалы жақын адамға, сол сияқты 
таныс  емес  жанға  немесе  тіпті  жан-жануарға  және  өсімдік  әлеміне  көмек 
көрсетуді  білдіретін  арнайы,  риясыз  және  шынайы  ұмтылыс,  жақсы 
адамгершілік құндылықтарды сипаттайтын, моральдық сананың барынша ортақ 
түсінігі, этика санаты. Тұрмыстық мағынада бұл термин барлығына да қатысты 
болғандықтан адамдардан оң баға алады, немесе бақыт, қуаныш, қандай да бір 
адамдардың махаббатын білдіреді.  
Жақсылық  өз  кезегінде  пиғыл  (ниет)  сияқты  азат  ерікпен  іске  асырылуы 
мүмкін.  Сәттілік,  ұтымды  жағдайлар  жақсылық  бола  алмайды.  Жақсылық 
жауыздыққа  қарағанда  игі  іс  жасаудың  қарапайым  еркімен  көрсетілмейді, 
себебі мұндай ерік қанағатсыз, яғни адамгершілікке қатысты бейтарап болады. 
Нағыз жақсылық риясыз болуы керек.  
Қазақта  «Әуелгі  байлық  –  денсаулық»  деген  мақал  бар.  Шынында 
денсаулық – басты байлық. Денсаулық – кез келген тірі ағзаның тұтас алғанда 
өзінің және органдарының толығымен өз қызметін атқару қабілетін, сырқаты, 
ауруының болмауын білдіретін күйі. Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы 
зор.  Денсаулықта  теріс  өзгерістерді  тудыратын  қоғамдық  өмірдің 
қиындауымен,  техногендік,  экологиялық,  психологиялық,  саяси  және  әскери 
сипаттағы тәуекелдердің артуымен адам ағзасына түсетін жүктеменің артуына 
және  сипатының  өзгеруіне  байланысты  салауатты  өмір  салтының  өзектілігі 
туындап отыр.  
Салауатты  өмір  салты  адамзат  тіршілігінің  түрлі  жақтары  дамуының, 
олардың  белсенді  ұзақ  өмір  сүруіне  және  тіршілік  әрекетінің  еңбектік, 
қоғамдық,  отбасылық-тұрмыстық,  демалыстық  түрлерінде  әлеуметтік 
қызметтерді толыққанды орындауының алғышарты болып табылады. 
Ең  жоғары  эстетикалық  құндылық  –  әсемдік.  Әсемдік  –  орталық 
эстетикалық құндылық, эстетиканы философиялық пән ретінде оқыту нысаны. 
«Әсемдік»  түсінігі  «сұлулық»  түсінігімен  байланысты,  алайда  онымен  ұқсас 
емес.  Әсемдік  санатында  адамға  ләззат  сезімін  сыйлайтын,  сонымен  қатар 
адамның  шығармашылық,  танымдық  қабілеттерінің  бостандығы  мен 
толықтығын  заттық-сезімталдық  түрде  іске  асыратын  шынайылық  құбылысы, 
10 
 

өнер  туындылары  көрсетілген.  Әсемдік  мүлтіксіздік  немесе  игілік  туралы 
түсініктермен  сәйкес  келеді.  Әсемдік  –  болмысты  меңгерудің  негізгі  оң 
формасы  және  эстетикалық  мұрат  түсінігімен  үнемі  байланысты  болады. 
Мағынасы жағынан жақын түсініктер: үйлесімді, жетілген, сұлулық, әдемі. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сол  сияқты  заң  және  құқықтық  тәртіп 
жатады.  Заңдылық  –  қоғамдық  өмірде  құқық  пен  заңның  үстемдігінен, 
қоғамдық  қатынастарға  қатысушылардың  құқықтық  нормалар  нұсқамаларын 
мүлтіксіз  орындаудан,  құқық  бұзушылықпен  және  лауазымдық  тұлғалардың 
қызметтегі  заңға  қайшы  әрекеттерімен  жүйелі  күресінен,  қоғамда  тәртіп  пен 
ұйымшылдықты қамтамасыз етуден тұратын қоғамдық-саяси тәртіп.  
Дұрыс,  шынайы  заңдылық  оның  демократиялық,  адамгершілік  сипатын 
қамтамасыз  ететін,  негізін  қалайтын  бастамаларға,  белгілі  принциптерге 
сүйенуі тиіс. 
Заңдылық тұрғыда қоғамдық қарым-қатынасты реттеуде басты рөл 
құқыққа беріледі. 
 
Сол нысанды қажет ететін қатынастар ғана құқықты реттеуі тиіс. 
Құқықтық  тәртіп  –  заң  және  басқа  құқықтық  нормалардың  сақталуы 
қамтамасыз етілетін қоғамдық қарым-қатынастар жағдайы, қоғамдық тәртіптің 
құрамдас  бөліктерінің  бірі.  Бұл  әлеуметтік  байланыстардың  шын  мәнінде 
реттелген жағдайы, заңдылықтың сапалық көрінісі. 
Құқықтық  тәртіптің  сақталуы  құқықтық  нормалардан  басқа  әдет-
ғұрыптармен,  мораль  және  адамгершілік  нормаларымен,  ұйымның  ішкі 
ережелерімен  және  т.б.  қамтамасыз  етіледі.  Құқықтық  тәртіп  мемлекеттегі 
заңдылықтың  сақталу  деңгейімен  және  азаматтардың  құқықтары  және 
бостандықтарының  іске  асырылу  көрсеткішімен,  сол  сияқты  олардың  және 
мемлекеттік органдардың заң артқан міндеттерді орындауымен сипатталады. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал