Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы



жүктеу 5.14 Kb.

бет1/41
Дата10.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА  
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ТУРАЛЫ 
 
Әдістемелік нұсқау хат 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2017 


 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама). 
 
 
2017-2018  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім 
беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы: 
Әдістемелік  нұсқау  хат.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы, 2017. – 340 б. 
 
 
Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта 
бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу 
процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.  
Жинақ  жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептердiң  басшылары  мен  пән 
мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы, 2017

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 

 
 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және 
ғылымды 
дамытудың 
2016-2019 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасына  сәйкес  білім  сапасын  арттыру  жөніндегі  жұмыстың  негізгі 
бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары 
мен  технологияларына  бірдей  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету,  жылдам 
өзгермелі  әлемде  табыстылығын  қамтамасыз  ететін  білім  алуға  деген  білім 
алушылардың  сұраныстарын  қанағаттандыру,  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының  жалпы  білім  беретін  мектептерде  интеллектуалдық,  рухани 
және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. 
Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  түбегейлі  жаңаша  ойлауға  негізделген 
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. 
Дүниежүзілік  экономикалық  форум  XXI  ғасырдағы  табысты  адамның 
білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті.
 
Олар:  
-
 
командадағы жұмыс дағдылары;
 
-
 
көшбасшылық қасиет; 
 
-
 
бастамашылық; 
 
-
 
IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
 
-
 
қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
 
2015  жылы  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының 
(ЭЫДҰ) Білім беру саясаты  комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім 
беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады. 
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-
бет  келіп  отырғанын,  барынша  тартысты  және  осал  болып  келетінін  негізге 
алады.  
XVII  (он  жетінші)  ғасырдағы  адамның  бүкіл  өмірі  бойындағы  алған 
ақпаратты  қазіргі  заманғы  адам  1  айда  ғана  алады  және  өңдейді.  Әлемде 
ақпарат  әрбір  екі  жыл  сайын  екі  еселенеді,  бұл  оны  қарапайым  жаттаудың 
мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді. 
Мұндай  жағдайларда  білім  алушыны  өмір  сүруге  дайындау  үшін 
академиялық  білім,  функционалдық  дағдылар,  жеке  тұлғалық  қарым-
қатынастар  мен  құзыреттіліктер  жеткіліксіз.  Мүлдем  жаңа  сапа  – 
метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. 
Озық  экономика  білім  беру  мақсаттарын  «білетін  адамнан» 
«шығармашылықпен  ойлайтын,  әрекет  ететін,  өзін-өзі  дамытатын  адамға» 
ауыстыруды
 
талап етеді.  
Сондықтан  XX  ғасырдың  80-ші  жылдары  әлемнің  алдыңғы  қатарлы 
мемлекеттері  білімді  орталыққа  дәлдеуден  -  практикалық-бағдарланған    білім 
беруге бет алды. 
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  
2014  жылы  өткізген  Қазақстандағы  орта  білім  беру  шолуында  академиялық 
пәндер  теорияға  назар  аудара  отырып  оқытылады,  олардың  практикада 

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім 
алушылар  жеткілікті  дәрежеде  алған  білімдерін  стандартты  емес  жағдайларда 
тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған. 
Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары  пәндік сапалы, нақты 
айтсақ,  дәйекті  білім  алады,  бірақ  оларды  өмірлік  жағдаяттарда  қолдану 
дағдылары жоқ. 
Дәстүрлі  оқыту  қазақстандық  мектеп  білім  алушыларының  академиялық 
білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен 
алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды. 
Отандық  білім  беруде  дәстүрлі  оқыту  жүйесінен  ауысу  әрекеті  бірнеше 
рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі 
білім  беру  мазмұнына  сәйкестендірілді.  Бұл  оқу  процесінің  шамадан  тыс 
болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге 
дейін білім алушы білімді  енжар «алушы» болып қалып отыр. 
Қазіргі  таңда  Қазақстанның  мектептік  білім  беруі  жаңа  бастау  алу 
сатысында.  Қазіргі  уақытта  инфрақұрылымдық  дамыту    мен  жаңартылған 
мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.  
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ 
елдерінің  стандарттары  негізінде  адам  капиталының  сапасын  көтеруге 
бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы 
орта білім беру жүйесіне қатысты.  
76-қадам.  12  жылдық  білім  беруді кезең-кезеңімен  енгізу, функциялық 
сауаттылықты  дамыту  үшін  мектептегі  оқыту  стандарттарын  жаңарту. 
Жоғары  сыныптарда  жанбасылық  қаржыландыруды  енгізу,  табысты 
мектептерді ынталандыру жүйесін құру. 
79-қадам.  Білім  беру  жүйесінде  -  жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-ларда 
ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.  
89-қадам.  «Нұрлы  Болашақ» ұлттық  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге 
асыру. 
Мектептік 
білім 
берудің 
қолданыстағы 
оқу 
бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу. 
 
 
 
2017-2018  ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ? 
 
2017-2018  оқу  жылында  2,  5,  7-сыныптар  жаңартылған  білім 
мазмұнына көшеді.  
 
Жаһандық  өзгерістер  мен  әлемдік  трендтер  мектептегі  білім  беру 
мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.  2018-2019 оқу жылында 
жаңартылған  білім  мазмұнына  3,  6,  8,  10-сыныптар  көшеді.  2019-2020  оқу 
жылында – 4, 9, 11-сыныптар.  
 

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

Жаңа оқу жылында: 
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру 
процесі: 

 
ҚР  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №  292  қаулысымен 
бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС); 

 
ҚР  БҒМ  2016  жылғы  12  тамыздағы  №  499  бұйрығымен  бекітілген 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – 
Үлгілік бағдарлама); 

 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 
2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша); 

 
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген 
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі  – 
ҚР МЖМБС-2015); 

 
ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2016 
жылғы  
15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу 
жоспарлары; 

 
ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2016 
жылғы  
8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім 
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары

 
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және 
басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі 
тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі 
міндетін  атқарушының  2013  жылғы  27  қыркүйектегі  №  400  бұйрығына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 
2017  жылғы  4  сәуірдегі  №150  бұйрығымен  бекітілген  оқу  басылымдары 
негізінде жүзеге асырылады. 
2) 3-4, 6, 8-11-сыныптарда білім беру процесі: 

 
ҚР    Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен 
бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,  негізгі орта, жалпы орта білім беру) 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012); 

 
«ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2012 
жылғы  
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары

 
 «ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2012 
жылғы  
8  қарашадағы  №  500  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; 

 
«ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2012 
жылғы  
8  қарашадағы  №  500  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен 
бекітілген  Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарлары; 

 
ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2013 
жылғы  

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  білім  беретін  пәндердің, 
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2013 
жылғы  
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  ҚР  Білім және ғылым 
министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы 
білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2013 
жылғы  
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  ҚР  Білім және ғылым 
министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы  № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы 
білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«Білім  беру  ұйымдарында  пайдалануға  рұқсат  етілген  оқулықтардың, 
оқу-әдістемелік  кешендердің,  оқу  құралдарының  және  басқа  да  қосымша 
әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту 
туралы»  ҚР    Білім  және  ғылым  министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы       
27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен 
бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.  
3) 5,7-сыныптарда білім беру процесі: 

 
ҚР  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №  292  қаулысымен 
бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты  
(бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016); 

 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 
қарашадағы  №  668  бұйрығымен  бекітілген  жалпы  білім  беретін  пәндердің 
үлгілік оқу бағдарламалары; 

 
«Білім  беру  ұйымдарында  пайдалануға  рұқсат  етілген  оқулықтардың, 
оқу-әдістемелік  кешендердің,  оқу  құралдарының  және  басқа  да  қосымша 
әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту 
туралы»  ҚР    Білім  және  ғылым  министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы       
27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен 
бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.  
Барлық  жалпыға  міндетті  білім  беру    стандарттары  (бастауыш,  негізгі, 
жалпы  орта  білім  беру)  және  оқу  бағдарламалары  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
Ұлттық  білім  академиясының  сайтына  орналастырылған.  Мектеп  үшін 
барлық  МЖМБС  және  оқу  бағдарламаларының    қағазға  шыарылған  бір 
нұсқасы 
болса 
жеткілікті
Мұғалім 
МЖМБС 
және 
 
оқу 
бағдарламаларының  электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстанның  әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам» 
бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру   мақсатында 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  3 сәуірдегі №115 бұйрығымен 
бекітілген  оқу  бағдарламалары  бойынша  «Өлкетану»  (7-сынып),  «Абайтану» 
(9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады. 
Назар  аударыңыз!  2017-2018  оқу  жылында  «Қазақстан 
тарихы»,  «География»  және  «Қазақ  әдебиеті»  пәндері  бойынша  

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды  мақсатқа бағытталған 
«Туған 
жер» 
бағдарламасын 
іске 
асыру 
барысында 
сабақты 
мұражайларда,  мәдени  ұйым  салаларында,  тарихи  ғимараттарда  өткізу 
үшін  жылына  5  сағат  бөлініп  отыр
 
(мектептен  тыс  жерлерде).  Қажетті 
ғимараттардың  болмауы  себепті  мұндай  сабақтарды  ұйымдастыра 
алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл 
бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.  
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық 
және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуға  1  сағат  апталық  жүктеме  беріледі.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281 
бұйрығымен  бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламалары  бойынша  аталған  курсты 
біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс. 
Мектеп  және  білім  алушы  компонентінің  пәндері  бойынша  емтихан 
жүргізілмейді. 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  мектеп  білім  алушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі 
ретінде айқындалып отыр. 
Функционалдық  сауаттылық  әр  мектеп  пәнінің  негізінде  қалыптасады. 
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  және  оның 
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу 
жұмыстарына  бейімделген  тапсырмалар;  экономикалық,  тарихи  мазмұндағы 
тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  аясында 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық 
сауаттылықты  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  алғаш  рет  2014  жылы 
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған 
білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 
бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен  әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін 
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  аясында 
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы 
(қазақ  тілі,  орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық;  ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы (физика, химия, биология, география). 
2016-2017 
оқу  жылында  мектеп  бітірушілерді  қорытынды 
аттестаттау  және  ұлттық  бірыңғай  тестілеуді  тапсыру  форматы  өзгерді. 
Мектеп  бітірушілер  жоғары  оқу  орнына  түсу  үшін  міндетті  үш  пәннің 
қатарында  «Математикалық  сауаттылық»,  «Оқу  сауаттылығынан» 
емтихан тапсырды. 
Оқу  сауаттылығы  –  білім  алушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білу 
және  оларға  ой  жүгірте  білу,  мәтін  мазмұнын  өз  мақсаттарына  жету  үшін 
пайдалана  білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту  мақсатында  білімдері  мен 
мүмкіндіктерін  дамыту  қабілеттері.  Оқу  жылдамдығы  мен  мәтінді  дәлме-дәл 
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік 
мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.  

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

Математикалық  сауаттылық  –  әлемдегі  математиканың  рөлін 
айқындау  және  түсіне  білу,  математикалық  тұжырымдарды  дәлелді  негіздей 
білу  және  қызығушылығы  бар,  ойлы  азаматқа  тән  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. 
Ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы 
– 
жаратылыстану 
ғылымындағы  білімін  қолдана  білу,  қоршаған  ортаны  және  адамзат  енгізген 
өзгерістерді  түсіну  үшін,  табиғи-ғылыми  мәселелерге  қатысты  және  ғылыми 
дәлелдермен  негізделген  сұрақтарды  анықтап  тану  және  негізделген 
қорытынды жасай білу қабілеттері. 
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығының  қалыптасуын 
тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-
әдістемелік құралдарында қамтылған.  
«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  2-4-сыныптарда 
«Дүниетану»  оқу  курсының  аясында  жүзеге  асырылады;  2-3-сыныптарда 
жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат  көлемінде бастауыш сынып 
мұғалімдері  жүргізеді.  5-9-сыныптарда  «Дене  шынықтыру»  оқу  курсының 
аясында  15  сағаттық  жылдық оқу  жүктемесімен дене  шынықтыру  мұғалімінің 
оқытуымен  іске  асырылады;  10-11-сыныптарда  «Алғашқы  әскери  дайындық» 
оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери 
дайындық  пәнінің  оқытушы-ұйымдастырушысы  жүзеге  асырады.  Өмір 
қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар  міндетті болып табылады және оқу 
процесі кезінде жүргізіледі. 
«Жол  қозғалысы  ережелері»  оқу  курсының  мазмұны    1-4-сыныптарда  
әрбір  сыныпта  6  сағаттан  сынып  сағаттары  есебінен,    5-8-сыныптарда  аталған 
оқу курсы  сыныптан тыс  уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар 
есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.  
1-8-сыныптарға  арналған  сабақтардың  үлгілік  тақырыптары  қоса  беріліп 
отыр (қосымша-4). 
Оқу  жылының  ұзақтығы  мектепалды  даярлық  сыныптарында  –  32  оқу 
аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы,  2-11 (12) сыныптарда  – 34 оқу аптасы 
Назар аударыңыздар! 
Мереке  күндеріне  сәйкес  келген  сабақтар,  сабақ  кестесінде 
көрсетілген,  қайталауға  берілген  сағаттардың  есебінен,  оқу 
пәндерінің мазмұнына  кіріктіру арқылы келесі  жұмыс  күндеріне 
ауыстырылады.  
Оқу жылы барысында  каникул күндері белгіленді: 
1)  1-11  (12)-сыныптарда:  күзгі  каникул  –  7  күн  (2017  жылғы  
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан 
–  2018  жылғы  7  қаңтарды  қоса  алғанда),  көктемгі  –  13  күн  (2018  жылғы  21 
наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); 
2)  мектепалды  даярлық  сыныптарында:  күзгі  каникул  –  7  күн  
(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 
25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 
жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 
3)  мектепалды  даярлық  сыныптары  мен  1-сыныптардағы  қосымша 

Әдістемелік
-
нұсқау
 
хат/
2017-2018 
оқу жылы
 
 

каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда). 
2-4-сыныптарда  пәндік  нәтижелер  базалық  деңгейде  белгіленеді,  келесі 
сыныптарда  –  үш  деңгейде:  базалық  (міндетті),  5-11  сыныптарда  ілгері 
мүмкіндік  деңгейі  (таңдау  пәндері  бойынша  1  сағат  көлеміндегі  вариативті 
компонентті  меңгеру  үшін)  және  8-9-сыныптарда  ілгері  бейіналды,                                         
10-11-сыныптарда  ілгері  бейін  деңгейінде  (жалпы  білім  беру  ұйымдарының 
пәндерді  тереңдетіп  меңгеру  үшін  оқытатын  типтік  оқу  жоспарларының 
таңдалған нұсқалары).   
Қалалық  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  1-2-сыныптардың 
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға 
жеткен  кезде  немесе  одан  асқанда,  шағын  жинақты  мектептерде  білім 
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:  
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;  
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;  
3) ағылшын тілі
4) ақпараттық-коммуникациялық технология;  
5)  өзін-өзі  тану    сабақтарын  өткізуде  сыныпты  екі  топқа  бөліп  оқыту 
жүзеге асырылады.  
Қалалық  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  3-4,  6,  8-11-сыныптар 
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға 
жеткен  кезде  немесе  одан  асқанда,  шағын  жинақты  мектептерде  білім 
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:  
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;  
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;  
3)  оқыту  қазақ,  ұйғыр,  тәжік  және  өзбек  тілдерінде  жүргізілетін 
сыныптардағы орыс тілі;  
4)  шет тілі;  
5)  информатика;  
6) бейінді пәндер;  
7)  технология  (сынып  толымдылығына  қарамастан  ұл  және  қыз  балалар 
топтарына);  
8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту 
жүзеге асырылады. 
Қалалық  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  5,7-сыныптар 
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға 
жеткен  кезде  немесе  одан  асқанда,  шағын  жинақты  мектептерде  білім 
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:  
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;  
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;  
3)  шет тілі;  
4)  информатика;  
5)  дене  шынықтыру  гендер  бойынша  (қалалық  жерлерде  –  әр  топта  8  ер 
(немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан 
кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту 
жүзеге асырылады. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал