Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет8/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
Яғни «нәпсі» деген керемет түнек күші өзінің қаһарлы құдіретін адамның 
күтпеген шағында танытуы мүмкін деген ой білдіреді. Ежелгі Қытай елінің 
даналарының бірі Лао-цзы «Өзгені жеңген күшті, өзін жеңген құдіретті» 
деген екен. Шынымен де «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген 
қазақ үшін де өзінің бойындағы кемшіліктерді көре білу маңызды болуға 
тиіс.  Өйткені,  адамның  білімділігінің,  зерделілігінің,  руханилығының  ең 
жоғарғы  көрінісі  оның  өз  бойындағы  кемшіліктерімен  күресуі,  нәпсісін 
жүгендеп, үнемі жасампаздық жолда болуға ұмтылуы болып табылады.
Адамның табиғатын, руханият әлемін түсінудің өзі бір керемет дүние 
екенін түркі дәуірінің ойшылдары жақсы түсінгенге ұқсайды. Ал адамның 
бойындағы нәпсіге, яғни табиғи қажеттіліктерге, инстинктік құрылымдарға 
қарай бейімділік, жақындық белгілі бір қалыптан артып кеткен жағдайда ол 
өзімшілдіктің тұрпайы кейпіне енеді, өзінің жеке басының мүддесін күйт-
тейтін  пендеге  айналады.  Адам  табиғи  сұраныстарын,  мұқтаждықтарын, 
мүдделерін қанағаттандыру мақсатын жүзеге асыру жолында жүріп руха-
ни құлдыраудың сүрлеуіне қалай түсіп кеткенін байқамай қалуы да ғажап 
емес. Сөйтіп, ол кейде өзінің іс-әрекеттерінің өзгеге де, өзіне де жамандық 
әкелгенін  соңынан  ғана  сезеді.  Зерделі  жан  ақылы  арқылы  өкінішке  бой 
ұрады, руханилығы жоғары болса, онда кебір ауытқуларды жөндей бастай-
ды, өмірдегі үйлесімдікке қарай ұмтылады. 
Рабғузи  білдіретін  даналықтың  үлгілері  өз  замандастары  ғана  емес, 
өзінен  кейінгі  талай  ұрпаққа  нағыз  адамгершіліктің  сипаты  іспетті  бол-
ғанына күмәнданбаймыз және оның философиялық мәнін аша түсуге үлес 
қосқан  жөн  деп  есептейміз.  Өйткені,  талай  даналықтың  үлгісі  түркілік 
тарихымыздың ашылмаған беттерінде. Сонымен даналықтың барлық онто-
логиялық  тірегі  сырт  қарағанда  қарапайым  көрінген  Шығыстық  дүниені 
түсінудің терең қатпарларында жатыр деген ойдамыз. Оған дәлел болатын 
тұжырымдарды іздеп табу барлық қоғамдық ғылымдардың асыл міндетіне 
айналуы тиіс деген пікірдеміз.
Ал,  енді  Рабғузи  туралы  жарық  көрген  еңбектердің  ішінен  Роза 
Мұқанованың  72  пайғамбардың  өмірінің  тарихын  баяндаған  «Рабғузи 
қисса-сүл-әнбийя-й.  Адам  Атадан  Мұхаммед  ғалайһи-уәссәләмға  дейін» 
деген шығармасы қомақты дүние болып табылады [61]. Түркі әлеміне ен-
ген рухани негіздерді түсіндіруде бұл құндылығы зор еңбек демекшіміз. 
Әрине, Рабғузидің басқа да шығармалары жарыққа шығып, халқымыздың 
рухани дүниесін байыта түсе береріне сенімдіміз. Сол мақсаттағы әрекеттер 
болашақ  ғылыми  зерттеулердің  үлесінде.  Бұл  талпыныстар  түркі  тілді 
халықтардың интеллектуалдық күшін біріктіруіне тәуелді іс болып табы-
лады. Рабғузи әлемінен Шәкәрім әлеміне дейінгі аралықтың өзі әлі толық 
игеріле қоймаған рухани ауқым десе де болады. Енді білім мен ғылымды 
жоғары ұстауға бекінген жас қауым үшін бұл кезеңдер ғылыми зерттеудің 
шынайы нысандары болуы тиіс деген көзқарасты тұжырымдауға болады.
Ислам  мәдениеті  Орталық  Азия  кеңістігіне  дүниетанымдық  бағдар 
ретінде  тарихи  сынақтан  сүрінбей  өткен  жүйе.  Әрине,  мұсылмандық 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      55
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
дін  де  ішкі  эволюциялық  кезеңдерден  өтті.  Көптеген  діншілдер  Аллаға 
құлшылық  етуді  әртүрлі  сипатта  білдіре  бастады.  Сондықтан  да  болар 
Орталық  Азия  жеріне  сопылық  құбылысы  тереңдеп  орын  тебе  бастай-
ды.  Түркілік  орта  еркіндікті  өздеріне  ерекше  құндылық  деп  санағанмен 
сопылық сияқты дінге сенудің өзіндік нұсқасын жоққа шығармады. Сөйтіп, 
түркілердің  арасына  сопылық  құбылысы  мұсылмандық  діннің  дәстүрі 
ретінде сыналап кіреді. Бірақ, түркі тайпаларының барлығы сопылықтың 
жолында  болған  деген  пікір  үстірт  болып  табылады.  Мұсылмандыққа 
дейінгі  көптеген  діндердің  белгілері,  кейде  терең  мағыналары  түркінің 
кең даласында біршама ықпалды күшін сақтаған болатын. Ал енді түркі 
тілдес елдердің дүниетанымына, мәдениетіне сопылықтың ерекше дүние-
ге  көзқарас  ретіндегі  айтарлықтай  әсері  болғанын  түркітанушы  зерт-
теушілер  айтып  жүр.  Сөйтіп,  тарихи  процестегі  мәдени  әсерлер  өзінің 
сабақтастығын тарихи дәуірлер өткенімен сақтайтыны байқалады. Қазақ 
болмысына, санасына жоғарыдағы ұғымдардың сіңісіп кеткені соншалық, 
тіптен,  олардың  басқа  мәдениеттен  келгені  жөніндегі  күмән  де  байқал-
майды. Технократияшылдық ұстанымға негізделген жаңа терминдер мен 
ұғымдар кеңінен қанат жаюда.
Шоқан  Уәлиханов  өзінің  «Сахарадағы  мұсылмандық  туралы»  деген 
еңбегінде қазақ жерінде мұсылман дініне дейінгі кең тараған наным-сенім-
дердің мұсылмандық дінмен қатар өмір сүріп келгенін айтады және қазақ-
тың белгілі ағартушысы оны «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты 
еңбектерінде  алғашқы  рет  ғылыми  тұрғыдан  сараптап  кетеді.  Шамандық 
дүниетанымның  ерекшелігі  –  адами  табиғаттың  белгілі  бір  қырын  таны-
татын тылсым күштің құдіретіне сүйену. Бұл жерде этностық архетиптер-
ден гөрі жеке тұлғада жинақталған субъектілік ерекшеліктерін мағынасын 
ашу жатыр. Ал, енді адамның бойындағы ашылмаған көптеген қасиеттер 
өзге  түгіл  пенденің  өзіне  де  белгісіз.  Осыған  орай  шаманның  әлеуметтік 
ортаға тигізген әсері әжептәуір болғанын жасыруға да болмайды. Сонымен, 
бақсылық  өмір  салтының  кейбір  көріністері  ұзақ  жылдар  бойы  дәстүрлі 
мұсылмандық  түсініктермен  заңды  түрде  бәсекелестікте  болды.  Одан  кім 
ұтты, кім ұтылды деген сұрақты қоюдың өзі артықтау. Себебі, бұл тарихи 
дамудың өзіндік объективті келбеті болып табылады.
Жалпы,  Шығыстың  бай  философиялық  және  әлеуметтік  ойы,  оның 
ішінде қазақ халқының философиялық-дүниетанымдық ойы батыстағыдай 
қалыптасқан негізінен рационалдық жүйелерде емес, поэзияда, фольклор-
да,  ауыз  әдебиетінде,  мифологияда,  мақал-мәтелдерде,  қанатты  сөздерде, 
халықтық салт-дәстүрлерде және ұлттық ырымдарда жатыр [62]. Адам мен 
әлемнің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп өзін басқаға танытуы, 
тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан 
жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше 
сипаты  болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  келгенде  қазақ  философиясы  – 
шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген 
адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны 

56                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
өзіндік  мазмұнмен  байытқан  философия.  Оны  таза  діни  философия  деп 
атауға болмайды. Дегенмен исламның рухани құндылықтары этностың ру-
ханиятымен барынша астасып кеткенін атап өтуге болады. 
Қазақтардың  түркілік  дәуірі  кезеңінде  дәстүрлі  мәдениеттік  дүние-
танымы болғаны мамандарға белгілі. Міне, сондықтан халықтың рухания-
тының, дүниетанымының семантикалық діңгегі, онтологиялық тірегі ретін-
де  «құт»  ұғымы  алынады.  Шынымен  де  қазақтың  ұлттық  болмысында 
«құт»  деген  терең    ұғыммен  өмірдің  барлық  саласы  байланыстырылады. 
Кез келген әлеуметтік немесе рухани құбылыстың мағыналық, мазмұндық, 
құндылықтық көрінісі жеке адам үшін немесе бүтіндей халық үшін құтты, 
қайырлы  болмаса,  онда  оның  өзіндік  келбетінің  әлеуметтік  субъект  үшін 
мәні  де  жоғалатыны  анық.  Бұл  тұжырымдар  өз  кезегінде  өткен  тарихи 
кезеңдердегі  және  қазіргі  заманға  да,  әлеуметтік  практикаға  да  берілген 
жан-жақты  және  оңды  аксиологиялық  сипаттама  болары  сөзсіз.  Жалпы 
қазақ философиясының, оның руханиятының ерекшелігін анықтау, оған тән 
әртүрлі сипаттамаларды беру – халықтың дүниетанымын тереңірек танып 
білуге,  мәдениетіміздің  інжу-маржандарын  рухани  игілікке  айналдыруға 
жетелейді.  Сондықтан  қазақтардың  дәстүрлі  дүниетанымының  семанти-
калық  діңгегі  «құт»  ұғымы  деген  орынды.  Оны  «өмірлік  күш»,  «өркендеу 
басы»,  «өмір  нәрі»,  сонымен  қатар  байлықпен  байланысты  «бақыт», 
«игілік», «үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен сәйкестендіруге болады. Бұл 
ұғым руханияттың рационалдық іргетасын білдіретін онтологияны, антро-
пологияны және әлеуметтік философияны біртұтас етіп біріктіреді.
Қазақтың менталитетін жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде 
материалдық  құндылықтарды  иеленуге  ұмтылушылық,  оның  қызығына 
дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз өзінің қоғамдық 
санасында  дәріптемейтіндігін  байқайды.  Сондықтан  да  болар  мұсылман-
дық дүниетаным арқылы келген «қанағат», «сабыр», «тәуба» сияқты терең 
мағыналы  ұғымдар  халқымыздың  әлемді  түсіну  көкжиегіне  үйлесімді 
сіңісіп  кеткені  көрінеді.  «Қанағат  қарын  тойғызар»  деген  халқымыз  әрбір 
нәрсенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлшемі 
болады  деп  түсінген.  Олар  халықтың  дүниетанымында  диалектикалық, 
логикалық,  экзистенциалдық  түсініктердің  қалыптасқандығын  білдіретін 
әлемге қатынастардың болғанының дәлелі. 
Халқымыз  адамзат  тарихында  моральдік-этикалық  қалыптарды  өзі-
нің дүниетанымына негізгі арқау еткен этностардың қатарына жатады. Бұл 
жағынан алғанда сан ғасырлық дәстүрлі тарихы бар Шығыстың даналығын 
қордалаған  қытайлықтардың  құндылықтық  бағдарларымен  біршама 
ұқсастығымыз да бар деуге болады. Ал, енді басқа халықтардың әлеуметтік 
тіршілігіндегі  онтологиялық  тіректі  рухани  дүниенің  әртүрлі    салалары-
нан таба біліп (жапондар эстетикадан, римдіктер құқықтан, гректер фило-
софиядан,  парсылар  поэзиядан  және  т.  б.),  басқа  салаларды  сол  жүйені 
тұтастандыра құраушы элементтері ретінде қарастыруы шын мәнінде жал-
пы өмірдің терең құпиялы мәнін философиялық тұрғыда ашады.

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      57
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
Түркілік кезеңдегі философиялық ойдың тінін, мән-мағынасын кеңінен 
анықтауға тырысуы кейінгі ұрпаққа рухани пайдасын келтіретін орнықты 
қадам  болып  табылады.  Шынтуайтына  келгенде  түркілік  бабаларымыз-
дың даналыққа толы тұжырымдары тек қана қазақ халқы үшін ғана емес 
жалпы  түркі  тілдес  халықтарға,  одан  кеңірек  алсақ  адамзат  баласына 
рухани  бағдар  болып  табылады.  Сонау  Орхон-Енисей  жазбалары  мен 
Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің 
толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала қоймаған 
дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни сенімдері мен ұлттық 
менталитеті  арасындағы  өзара  астарласу  мәселесі  өзінің  тыңғылықты 
философиялық зерделеуін алуға тиісті проблемалардың қатарына жата-
ды. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айрықша принцип-
терге негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі болары 
анық.  Ол  даналықты  жоғары  қоюшы  жүйе  десе  де  болғандай.  Ал  қазақ 
халқының  даналық  тағылымдары  аталған  тарихи  үлгіні,  мәдени  парадиг-
маны (үлгіні) барынша сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей 
мәдениет болып табылады. 
Қазақтар бір-бірімен амандасқанда, сәлемдескенде «мал-жан аман ба?» 
деген сауалды қояды. Бірақ бұл адамдар үшін «жаннан» (яғни таза рухтан) 
«малды» артық қою деген сөз емес. Мал да, тән де ардың садағасы болып кете 
берер жерлер жиірек кездеседі. Бұл жерде әлемді түсіндіруді поэтикалық, 
рифмалық үйлесімділікке бағындырған қазақ үшін осы сөздердің құрылы-
мындағы  үндестік  көбірек  маңыздылық  танытқан  іспетті.  Әйтпесе,  мате-
риалдық  құндылықты  бәрінен  жоғары  қоюшылықты  қазақ  әр  кезде  – 
«сараңдық» деп бағалап, оған сыни көзқараспен қараған еді. Қазақ даласы 
ойшылдарының  даналыққа  толы  терең  философиялық  тұжырымдарын 
өмір  мәні  мәселесіне  қатынасынан  байқауға  болады.  Әрине,  «өмір»  адам 
үшін  құндылықтардың  ішіндегі  құндылық  екені  белгілі.  Яғни  «нағыз  ер 
жігіт туған жер үшін шайқаста ғана мерт болуы керек» деген қағида жетекші 
культ ретінде халық дүниетанымында терең бекігенін байқатады. Бұл ердің 
абыройы, азаматтық даралылығы өз заманында осындай істерден танылған 
деген сөз.
Жалпы адамзат тарихындағы философиялық ағымдарға, дүниетаным-
дық  бағыттарға,  мектептерге  ортақ  қасиет  –  олардың  барлығында  адам 
өліміне деген қатынастың ұқсастығы. Барлығына дерлік «адам өмірі өлім-
мен  аяқталады»  деген  түсінік  бекіген.  Яғни  адам  денесінің  тіршілігі  оның 
жанының о дүниеге кетуімен сәйкестендіріледі. Бұл түсінік бойынша Өмір 
адамға  бір-ақ  рет  беріледі.  Ал  оның  өзінен  кейін  қалдыратын  мұрасы  – 
ұрпағы, атқарған қызметі мен әртүрлі іс-әрекеттерінің нәтижесі, естеліктер 
(«ғалымның  хаты,  жақсының  аты»).  Бұл  жан  мен  тәнді  сәйкестендіріп, 
бір-бірінен  ажырамас  кейіпте  қарастырушылықтан  туындаған  түсініктер. 
Әрине, осындай көзқарастардың басымдық танытуы өзіндік пайымдаулар, 
тұжырымдар  туындатуы  сөзсіз  еді.  Соның  бірі  –  «жалған  дүние»  туралы 
дәстүрлі қоғамда қалыптасқан дүниетанымдық қағидалар болатын ХVІІІ–

58                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының жыр сүлейлері осы мәселені 
өзіндік тұрғыдан зерделеп өткен.
Кез  келген  халықтың  тарихи  рухани  құндылықтар  жүйесі,  яғни  ру-
ханият әлемі барынша күнделікті өмірдің қыр-сырына, кәдуілгі ырғағына 
бойлап  еніп,  қоғамдағы  адамдардың  қиындықтардан  сүрінбей  өтуіне 
көмектеседі. Бір кезеңдерде халықтың рухани құндылықтарының ішінде 
сұрыптаудан  өткендері  «жеті  қазына»  ретінде  таңдалынып  отырылған. 
Оның  кейбірінде  діни  мән  басымдылық  танытса,  екіншісінде  халықтың 
әлемді тану, игерудегі өмірлік тәжірибелері негізгі рөл атқарып отырған. 
Ал, енді Антика заманында гректердің әлемдегі ең құдіретті жеті қазынасы 
натурфилософиялық сипатта тұжырымдалған болатын. Оған жататындар 
төмендегілер: Көк аспан. Күн. Ай. От. Су. Жер. Ит.
Бұл жерде Ежелгі Грек жеріндегі басымдық танытқан материалистік 
тұрғыдағы көзқарастың нышанын байқаймыз. Ал енді ислам діні қасиетті 
күші бар жеті құбылыстың қатарына нені жатқызады. Соған назар ауда-
рып көрелік. Бұл жердегі рухани құндылықтар иерархиясы төмендегідей 
болып қалыптасқан: Қыдыр. Бақ. Ақыл. Денсаулық. Әйел. Тұз. Ит.
Бұл жерде «Қыдыр», «Бақ» сияқты діни категориялардың этномәдени 
деңгейде қазақтардың құндылықтар жүйесіне де терең бойлағанын бай-
қаймыз.  Бұл  қазақтың  наным-сенімдеріндегі  ұлттық  дүниетанымның 
өлшемдері мұсылмандық ұғымдармен, түсініктермен біршама астасқанын 
сездіреді.  Әсіресе,  бұл  өзара  байланыс  өлген  адамды  жерлеу  рәсімінде 
айқын байқалады. Дегенмен де, қазақтың халықтық жеті қазынасы өзгеше-
леу  болып  келеді  және  оларға  мыналар  енгізіледі:  Ер  жігіт.  Сұлу  әйел. 
Ақыл, білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы (ит).
Жоғарыдағы жіктемелерден байқағанымыз – үш түрлі құндылықтар 
жүйесінде  де,  руханият  ортасында  да  қайталанатын  нәрселер  бар  екен, 
олар: «жеті» саны мен «ит» болып тұр. Ал басқа құбылыстар болса өзара 
салыстыра қарағанда мүлдем сәйкес келмей отырғаны байқалады.
Соңғы уақытта қоғамдық санада қазақтың дәстүрлі жеті қазынасы ту-
ралы пікірлер алуандығы байқалуда. Мәселен, «жеті қазынаның» мынан-
дай нұсқасы қазақи ақиқатқа сәйкес келетіндігі тұжырымдалуда:
Кездік. Садақ. Дұзақ (қақпан). Шақпақ. Қазан. Біз. Ит.
Бұл соңғы жүйедегі ерекшелік әрбір құндылықтың заттық мағынада-
ғы тиімділігінің басымдылығы және ол қазақтың далалық, көшпелі өмір 
салтына тікелей тұрмыстық тиімділігімен дәлелденеді.
Дегенмен, жоғарыдағы пікірталастардың негізі далалық білімнің дог-
малық  мағынада  болмайтындығынан,  әр  қилы  нұсқалары  параллельді, 
қатар өмір сүруге құқығы барлығын білдіреді. Руханияттағы демократия-
лық  ұстанымдарға  жақындық  десе  де  болғандай.  Жазба  мәдениеті  ол 
жағынан алғанда ойлау көкжиегін белгілі бір тәртіптерге қарай тарылта 
түсетіні анық. Міне, тарихтың тек Ақиқатқа қарай ұмтылысының белгілі 
сан қырлы сипаттағы әралуандығы, күнгейі мен терістігі де осында сияқты. 
Сондықтан  әлеуметтік  ортадан,  этностың  болмысынан,  оның  санасынан 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      59
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
«жеті қазына» емес, адамға қажетті «жетпіс жеті қазынаны» да табуға бо-
лар  еді.  Бірақ  мәселе  нақты  тарихи  кезеңге,  этномәдени  кеңістікке  бай-
ланысты  қоршаған  ортамен  өзіндік  диалогқа,  сұхбатқа  түсудің  сипатын 
анықтауға деген талпыныстарды көрсететін іспетті. 
Халықтағы ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе жат-
қан  рухани-этникалық  құндылықтарды  зерттеу,  оның  сан  қырлы  сы-
рын, астарын ашуға тырысу тек сол ұлттың өзі үшін ғана емес, сонымен 
қатар жалпы адамзаттың мәдени байлығына қосылған үлес болып табы-
лады. Өйткені әр халықтың әлемді бейнелеудегі ерекше рәсімдері бола-
ды.  Жеке  адам  өз  халқын  жақсы  танып  білуі  үшін  халқының  әрбір  сал-
тында  дәстүрлі  қалыптасып  алған  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерді  өзге 
этностардың  мәдени  құндылықтарымен  салыстыра  отырып  қарастыру 
керек. Ал этноұлттық құндылықтар туралы ой айтар алдында осы құры-
лымды, жүйені құрайтын кейбір этнотарихи ұғымдарға тоқтала кетелік.
Қазақтың  руханияты,  оны  ұлттық  философиясы  түркілер  дәуірінде 
бастауларын алған далалық қазақ поэзиясымен тығыз байланыста дамы-
ғаны белгілі. Жалпы дүниетаным көбінесе ауызша поэтикалық формада, 
көркем бейнелер арқылы өрбіді. Қазақ ділінің, өмір салтының ерекшелігі 
өзінше бір дүние. «Демек, дала поэзиясы – қазақы дүниетануды түсінудің, 
халықтың  өзін-өзі  тануының  қайнар  бұлағы.  Мұнда  дүниенің  қазақи 
ұлттық  түсініктегі  бейнесі,  философиялық  және  поэтикалық  астары  қа-
быса,  асқан  көркемдікпен  көрсетілген.  Халқымыздың  кемел  ойы,  пәк 
гуманизмі, асыл мұраты, терең сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, өкініштері 
мен сүйініштері – бәрі-бәрі оның поэзиясында сайрап жатыр. Қазақ по-
эзиясы  қазақ  халқының  рухани  даму  эволюциясының  шежіресі  іспетті» 
деген тұжырым халықтың ерекше дәстүрлер әлемін айқындап тұрғандай 
әсер қалдырады [63].
Сонымен, ортағасырлық түркілік ойшылдар өмір сүрген тарихи кезең 
мұсылмандық  менталитеттің  түркілік  ортада  орныға  бастауымен  сипат-
талады  және  соған  байланысты  екі  дүниетанымдық  үлгінің  Орталық 
Азиядағы  түйісуі  –  әлеуметтік  кеңістікте  ерекше  түсініктер  құрылымын 
туындатты. Түркілік дәуірдегі халқымыздың руханияты мен мәдениетінің 
әлемдік әртүрлі бағыттағы мәдени процестермен байланысын Ғарифолла 
Есім былай бағамдайды: «ХІ ғасырда түрлі түркі тілдес тайпалар парсы 
мәдениетін  жатсынбай  қабылдай  бастады,  оның  объективті  себептері 
де бар болатын. Соның бірі, түркі қағанаты ыдырап, оның орнына жаңа 
мемлекеттер, жаңа этностар пайда бола бастаған заманда олар өзге, жаңа 
мәдени дүниетанымды қажет етті. Мұндай қажеттілік болмағанда араб-
парсы  мәдениеті  түркі  әлеміне  тарамас  еді»  [64].  Қазақ  руханиятының 
мұсылмандық  дүниетаным  мен  құндылықтарды  қабылдауын  зерттеуші 
кездейсоқтық деп есептемейді, олар халықтың зердесінде қордаланған ру-
хани сұраныстар мен қажеттіліктердің нәтижесі екенін жеткізеді. 
Түркілік ойшылдардың шығармашылығында «Адам – әлем » қатына-
сын  сипаттаудағы  араб-мұсылмандық  қағидалармен  мен  ортағасырлық 

60                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
түркілік дүниені түсінудің нақты синтезі анық байқалады. Түркілік дүние-
танымның  қайнар  көзі  болған  тарихи  ахуалға  ортағасырлық  түркілік 
қоғамдық  ой-сана  мен  мұсылмандық  тұжырымдардың  кірігуі,  ықпалда-
суы, өзара байланысы жатқызылады. Ғұламалардың жекеленген, даралан-
ған  дүниеге  көзқарасының  қалыптасуына  тікелей  әсер  еткен  ислам  діні-
нің  этикалық  қағидалары  мен  араб-мұсылман  философиялық  дәстүрі 
екендігі белгілі және ол этномәдени құрылымдармен синтезде бола оты-
рып  халықтың  ерекше  тарихи  руханиятының  онтологиялық  іргетасын 
қалыптастырды.
Тарихтың сынағынан өтіп, қазіргі ұрпақтың қолына тиген ортағасыр-
лық  ойшылдардың  діни-философиялық  көзқарастары,  этно-мәдени 
түсініктері  мен  құндылықтық  бағдарлары  тарихи  процесті,  шығыстық 
ойлау  дәстүрін,  дәуірдің  этикалық  басымдылықтарын  тереңірек  және 
нақты  кейіпте  тануда,  зерделеуде,  оларға  тарихи  философиялық  тұрғы-
дан түсіндірме беруде айрықша құндылығы бар рухани дүниелер болып 
табылады.  Шығармалардың  жалпы  бағыт-бағдары  адамгершілік  ұста-
нымдарын насихаттауға арналған, сондықтан оларды көбісі ғасырлар тезі-
нен өте алған. Бұл философиялық еңбектердің қазақ халқының түркілік 
кезеңіндегі қомақты орны бар және оның терең руханилыққа толы тари-
хи мазмұны бар және ол нағыз руханияттық, өркениеттік рухани мұраны 
қалыптастырады.
Қоғамдық рухани дамудың қайнар көзі адамның жеке басының дүние-
танымдық,  мәдени  жетілуінде  екендігін  түркілік  ғұламалардың  шығар-
машылығында көркемдік бейнелерді суреттеу, пайымдау жолымен көрсе-
тіледі. Бұл әрекеттер қазақты руханиятына етене жақын қасиетке айналған 
ерекше дәстүр екендігі кейінгі ғасырлардың рухани келбетінен байқалады. 
Басқаша айтқанда, Ақиқатқа ұмтылған әрбір адамның алдында көптеген 
қайшылықтар мен жаңылысулар болатындығын, тек соның барлық ауырт-
палығына  шыдаған  және  оларды  жүректің  жылулығын  сақтай  отырып 
өзінің  ғұмырында  жеңе  білген  жан  ғана  бақытқа  жететіндігі,  тағдырға 
ризашылық білдіре алатындығы тұжырымдалады. Бұл құндылықтық жү-
йеде, руханияттық иерархияда адамның білімге деген ұмтылысы жоғары 
болу керектігі халықтың ділінде ұйыған.
Нұрлы ақылдың адам өмірінде атқаратын қызметі биік екендігі жал-
пы мұсылмандық мәдениетте болсын, түркілік танымдық құрылымдарда 
анық көрініс табады. Ойшылдардың ақылға сүйене отырып өмір сүруге 
шақыруы түбінде адамдардың парасаттылық пен даналықты қадірлеуіне 
әкелетін тарихи маңыздылығы бар идея. Адам болмысының рационалдық 
негіздері  оның  руханилық  құрылымдарымен,  қадамдарымен  астасқанда 
ғана  тұлғаға тиімді нәтиже беретіндігін ойшылдар зерделеген, қордалаған 
терең мазмұны бар түсініктердің қатарына жатады.
Жалпы  дүниетанымның  негізгі  субъектісі  адам  болғандықтан,  оның 
сөз бен тілге деген қатынасы ойдың құралы ретінде болары анық. Осы тұр-
ғыдан  алғанда  адамның  тұтастанған  келбеті  көрініс  беруі  үшін  түркілік 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал