Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет6/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      39
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
салуға  болмайтындығы  бесенеден  белгілі.  Қалалардағы  адами  өзіндік 
қатынастардағы өзара толерантты, өзара түсіністіктегі байланыстарды қа-
лыптастыруға жол ашудың мүмкіндіктері қандай деген сауал да пайда бо-
лады. Бұл жерде айта кететін жағдай – философиялық тұрғының мәселенің 
түп тамырын анықтау үшін маңыздылығын баса айту керек. Философиялық 
түсінік  әрқашанда  мәселенің  қайнар  көзін,  даму  ерекшелігін,  болашағын 
тұтастай қарастыруға тырысады. Осы тұрғыдан алғанда ойшылдың рухани 
мұрасында адамды кемелдендіретін руханилыққа үлкен маңыз берілетін-
дігі нағыз философиялық даналық деуге болады. 
Ондай  сапалы  өзгерістер  алдымен  азаматтардың  дүниетанымында, 
зердесінде жүзеге асуы тиіс. Осыған орай ұлы ойшыл қоғамдық болмыс 
үшін  тәрбиенің,  ақыл-парасаттың  маңыздылығын  үнемі  алға  тартады. 
Тәрбиенің шынайы өзегі жеке адамның Рухани әлемге назарын толығы-
мен аудара бастаған шағынан басталады. Оған дейінгі кезеңде әрбір пенде 
Күш патшалығының заңдылығымен өмір сүруге бейімделеді. Бұл заңды-
лықтың басымдық танытатын принципі табиғи бәсекелестікте жеңілмеу, 
тіпті, реті келсе басқалардан үстем болуға тырысу. Сан ғасырлық тарих-
та  осы  құндылықтық  бағдар  жұртшылық  үшін  маңызды  болып  келді. 
Сондықтан  ол  өз  кезегінде  қайырымдылықты,  ізгілікті  қоғамдық  даму-
да  жетекші  бағыт  ретінде  мойындамайды.  Өкінішке  орай,  осы  кейіптегі 
қайшылықты әрекеттер рухани дүниені де барынша үйлесімділіктен тай-
дырып, қоғамдағы дағдарысты жағдайларды туындатады. Материалдық, 
саяси  әлемнің  дағдарысы  алдымен  руханият  әлеміндегі  дағдарыстардан 
бастау алады. Қазіргі заманның қаржылық дағдарысының астарында руха-
нияттық  жалпы  дағдарыс  жатқаны  белгілі.  Ал  енді  ойшылдың  рухани 
мұрасына біз терең үңілсек, онда осы ойларды жете ұғынамыз.
Жалпы қоғамдағы рухани құндылықтар мен ерекше идеялардың іші-
нен  әл-Фарабидың  атап  көрсететін  ерекше  ұғымы  –  «қайырымдылық» 
феномені  болып  табылады.  «Қайырымдылық  екі  түрлі  болады,  –  дейді 
ғұлама:  этикалық  және  интеллектуалдық.  Интеллектуалдық  –  (жанның) 
ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, па-
расат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайы-
рымдылық – (жанның) ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, 
ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылай-
ша  бөлінеді»  [42,  195-196  бб].  Бұл  жерде  қоғамда  анықталған  этикалық 
қайырымдылықтардың нағыз рухани құндылықтар екенін атап өтуге бола-
ды. Сонымен қатар, осы қасиеттердің тұрақтануы үшін көп рет қайталануы 
және  соған  үйренуі  қажет  екендігі  айтылады.  Бұл  адамның  тұлға  болып 
қалыптасуындағы Ойшыл Алланы бірінші тұлға ретінде қабылдай отырып, 
өмірдің өзгерістерін түсіндіруде үнемі қайта жаңғыру – «эманация» идея-
сын басшылыққа алады. Бұл дүниенің өзгермелі қасиетін мойындау және 
сонымен  қатар  тұрақты  негізі  бар  екендігін  де  ескеру  қажет  болып  табы-
лады.  Ғаламды  барынша  ұқыпты  сараптаудан,  жіктеуден  өткізген  ойшыл 
адамның өмірінің мәнін бақытқа жетумен байланыстырады. Бірақ, бақытқа 

40                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
жетуді ол кәдімгі өзімшілдіктен ажырата біледі. Сондықтан әл-Фарабидің 
негізгі әлеуметтік тұғырнамасы гуманизм, адамсүйгіштік принципіне сүйен-
ген деген ғылымдағы пікірлердің жалпы бағытымен келісуге болады [45]. 
Бақыт ұғымы, бақыт идеясы әл-Фараби философиясының өзегін құрап 
тұр. Бұл феноменнің адам үшін құндылығы аса зор екендігі үнемі ескертіледі. 
Бақыт мәселесін жан-жақты қарастырған ойшыл мынандай тұжырымдарды 
келтіреді:  «Бақыт  бұл  өзі  үшін  ғана  ізделетін  қайыр,  жақсылық.  Бақытқа 
жетуге  көмектесетін  ерікті  әрекет  –  бұл  әдемі  әрекет.  Оларды  тудыратын 
адамгершілік  пен  әдеттер  –  бұл  қайырымды  нәрселер»  [41,  239  б].  Сөйтіп, 
гуманизм  мәселесі  негізінен  адам  болмысының  түптамырын  құрайтын  – 
қайырымдылық,  әділеттілік,  бақытқа  ұмтылу,  ақыл-парасаттылық  құбы-
лыстарымен  байланыстыра  отырып  қарастырылады.  Бұл  ортағасырлық 
Шығыс  философиясы  үшін  үлкен  теориялық  жетістік  болатын.  Әсіресе, 
«бақытқа  жетудің  жолы  философиямен  айналысу»  деген  тұжырымы  бұл 
азаматтарды білімге, оқуға, ағартуға шақыруының белгісі [42, 35 б]. 
Классикалық  грек  ойшылдарымен  салыстырғанда  әл-Фарабидің 
өмірі  исламдық  теократиялық  мемлекетте  өткендіктен  ағарту  ісінің 
маңыздылығын  баса айтады. Ол философияны ағарту процесімен қатар 
дамытуға болатындығына баса назар аударады [46]. Бұл исламдық ілімге 
догмалық мағынада келмей, адамның қалыптасуындағы жан-жақты білім-
нің  қажеттілігін  арттыруда  үлкен  рөл  атқаратын  әрекет  еді.  Әрине,  әл-
Фараби мұсылмандықтың сыншысына немесе қарапайым апологетіне ай-
нала қойған жоқ. Ол қоғамдағы әртүрлі  әлеуметтік процестердің өзіндік 
объективтілігі  рухани  бастаудың  тұлғалық  қырлардың  ерекшеліктермен 
астасып жататынына меңзейді. Осыған қарап әмбебап қасиеттерге ие бо-
латын құбылыстардың түпкі субстанциясы адам тіршілік ететін әлеумет-
тік  болмыстағы  руханилық  жүйесі  сипатында  көрініс  беретінін  байқай-
мыз.  Ал,  біз  жоғарыда  қайырымды  қаланың  ерекшеліктерін,  ондағы 
азаматтардың  бойындағы  қадір-қасиеттердің  қалыптасуын  баяндағанда 
әлеуметтік ортаға қажетті рухани құндылықтар мен рухани сабақтастық 
туралы, яғни руханият туралы сөз қозғағанымыз болып табылады.
Әл-Фараби  қайырымды  қаланың  теориялық  үлгісін  жасау  арқылы 
адамзаттың  болашағына  ғылыми  болжам  ретінде  аманат  қалдырады. 
Әрине,  бұл  әрекет  сырт  көзге  утопиялық  іс-шара  сияқты  болып  көрінуі 
мүмкін. Бірақ, мәселе басқада. Атақты философ адамзаттық болашағына 
сенеді,  ақыл-парасаттың  дамуына,  түбінде  әділеттілік пен  жақсылықтың 
жеңетініне үміттенеді. Бұл идеялық ұстаным шын мәнінде руханият әле-
мін  өзара  байланыстырушы  болашаққа  сеніммен  қараған  оптимистік 
мағынадағы жасампаз философияға жатады.
Әл-Фарабиден кейінгі Орталық Азиядағы түркі әлемінде тарихи про-
цесте,  өзінің  ерекше  философиялық  көзқарастарымен  танымал  болған  ой-
шылдар келді. Солардың ішінен Бұхара маңында дүниеге келген Әбу Әли 
Хусейн Әбу Абдаллах ибн Сина (Авиценна) өзінің дәрігерлік, философия-
лық  еңбектерімен  әлемге  мәшһүр  болған  еді.  Батыс  оны  медицинаның 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      41
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
атасы деп таныған. Осы екі философтың дүниетанымын ғылыми салысты-
рудан өткізген Ә.Нысанбаев былай деп жазады: «Әл Фараби үшін де, ибн 
Сина  үшін  де  философия  тек  жоғары  метафизикалық  білім  емес,  оның 
діни-адамгершілік мағынасы бар. Оның бұл мағынасы жанды құтқаруда, ал 
жанды құтқаруға білім алу (оқу-ағарту), соның ішінде санамен тексерілген 
құдайдың  бастапқы  себебін  де  білу  арқылы  және  ақыр  соңында  кез  кел-
ген  теориялық  пікірдің  ақиқатқа  сәйкестігін  формальді  өлшеу  негізінде 
анықтауға  бағытталған  «өлшеуші  ғылым»  ретінде  аподиктикалық  логи-
ка  көмегімен  қол  жетеді.  Сондықтан  философия  рациональды  теология-
мен  ұштасады  немесе  теологиялық  концепция  метафизикалыққа  жақын 
тұғырнама ретінде қаралады. Жалпылап айтқанда, исламда адамның бұл 
дүниедегі өмірінің жоғарғы мақсаты мен мәні – жанды құтқару негізгі әдіс 
ретіндегі  көмегімен  табиғат,  адам  туралы  және  ақыл-оймен  ұғынылатын 
мәндер туралы шынайы білімге жету қабілетіне тікелей байланысты» [47].
Сөйтіп, әл Фараби де, ибн Сина да және т. б. түркілік ғұламалар өз 
заманында қандай ғылымның түрімен айналыссын олардың үнемі адамға, 
оның рухани дәрежесіне қажет және маңызды екендігін басымды идея етіп 
алып отырған, жан мен рухтың өте тығыз байланыста болатынын, руханият 
әлемінің ішкі тұтастығын ескерген.
Әл-Фарабидің адамның зердесіне көңіл бөлу жөніндегі ойы – тұлғаның 
бойынан шығармашылықтың қайнар көзін, субстанциясын, белсенділіктің 
түптамырын іздеуі болып табылады. Ал, өмір болса – шексіз таным процесі 
іспетті және осы тынымсыз үрдісте адам жетілуге тиісті. Осы ауқымы кең 
процестен шеттеп қалған адам үнемі қайшылықтар мен қиындықтарға тап 
болады, өмірдегі шынайы құндылықтар жүйесінен алыстай түседі. Сөйтіп, 
потенциалды  зерденің  нақты,  әрекетшіл  зердеге  айналуы  жеке  бастың 
ерекше белсенділігіне телінеді. Бұл жердегі жауапкершілік әркімнің жеке 
басының өзінде жатыр. Ал, оны үйлесімді жүйеге түсіру процесінде фило-
софияның ерекше құдіреті бар деген ойға жетелейді.
Әл-Фарабидің бұл пікірі кездейсоқ қалыптаса қойған жоқ. Ол өзінің 
рухани  ұстаздары.  Платон  мен  Аристотельдің  философиялық  көзқарас-
тарына сүйене отырып, ежелгі грек қоғамындағы философияның атқарған 
рөлі  араб,  парсы,  түркі  елдерінде  де  болса  екен  деген  асқақ  арманға 
ұмтылады. Әрине, Зерде мен Бақыт, Жақсылық пен Үйлесімділіктің белең 
алып кете қоюы оңай емес екенін  де ескерген  ойшыл, барлық тұлғалық 
дамуды  білімнің  көкжиегін  кеңейтуден  бастау  керек  екендігін  жақсы 
түсінеді.  Міне,  сондықтан  осы  іске  өзі  де  белсене  араласып  ғылымның 
әртүрлі саласы туралы еңбектер жазады, ешқандай халықтың өкілдерін, 
мәдениеттерді  бөле  жармай,  жалпы  адамзатқа  өз  шығармашылығының 
нәтижелерін ұсынады. Міне, сондықтан да болар әл-Фараби ілімінің жал-
пы  рухани  мұра,  қазына  ретіндегі  құндылығы  барлық  мәдениеттерге 
ортақ игілік, ешкімді бөле-жармай әмбебап үйлесімділікті іздеуі – қазіргі 
тарихи кезең үшін де маңызды болып табылады. Бұның барлығы қазіргі 
ұрпаққа да үйренуге тиісті парасатты өнеге, тәлімдер.

42                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Тарихи  процестегі  ұлы  тұлғалардың  атқарған  қызметі  мен  ұшан-теңіз 
еңбегі  шын  мәнінде  мәдени-дүниетанымдық  тұрғыдан  үлкен  секірісті 
білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт терең мағына мен мәнге толғанын 
көрсетеді, келесі соған ұқсас тарихи тұлға үшін нағыз рухани үлгіге айнала-
ды. Осындай рухани үлгіні өзіне өте жақын қабылдайтын адам және оны іс 
жүзінде қолданатын кісі жеке басының өмір өткелдерінде рухани даму жо-
лында болады. Ал, адамның мәдени болмысы бұл әлемде айқын көрініс та-
уып (осындай құбылысты ғылымда «хронотоп» деп атаймыз), өзінің сол та-
рихи кезеңге тән ғана бейнесі мен типін ғана емес, сонымен қатар болашаққа 
да тән қасиеттерді, әрекеттерді жаңаша сипатта таныта бастайды деген ой-
дамыз. Осы кезде рухани сабақтастық құбылысы көрініс береді.
Адамның әлеуметтік кеңістік пен уақыттағы орнын анықтау процесін-
де  ол  сол  кезеңнің  құндылықтарын  мойындауымен  ғана  шектелмейді. 
Кез келген жетілу, даму жолына түскен адам тарихта қордаланған және 
болашақта болуға тиіс рухани құндылықтарды игеруге ұмтылады. Сөйтіп, 
ол  өзінің  іс-әрекеті  арқылы  әмбебап-адамдық  қызметтерді  атқару  жо-
лында  болады,  яғни  тарихи  процесті  біріктіре,  тұтастандыра  түседі.  Со-
нымен  мәдени  әмбебап  идеялар  қатарына  жататын  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  әрбір  ұлттық  мәдениетте  өзінше  ерекше  түрде  көрініс 
береді. Ал, оларды тасымалдаушы, паш етуші рөлді атқарушылар жеке 
тұлғалар болуы мүмкін, бірақ оның ұғымдық сипат алатын кездері де бо-
лады. Сондықтан тарихты жасайтын халық деген қанатты сөз бар. Өйткені, 
қарапайым  адал  тіршілігімен  қайырымды  қоғамды  құруға  ат  салысып 
жүрген қоғам мүшесінің жалпы халықтық, халықаралық бірлікті нығай-
тудағы рөлін төмендетуге болмайды. Қоғамдық ортаның үйлесімділігі сол 
қоғамда  өмір  сүретін  барлық  адамдардың  дүниетанымы  мен  өмір  сүру 
тәсіліне  байланысты.  Тарихи  тәжірибе  көп  нәрсеге  үйретеді,  адамның 
тағдыры басқалардың да тағдырымен астасып жататындығын дәлелдейді. 
Сондықтан  халқымыздың  ұлттық  болмысындағы  құндылықтар  жүйесін 
игеру, түсіну, зерттеу қазіргі күрделі заманда маңызды іс болып табылады.
Ал, енді бұл талдаулардың бір қырын орта ғасырларда өзінің белгілі 
бір даму биігіне жеткен араб философиясынан, яғни шығыстық мұсылман-
дық  философиядан  іздегеніміз  дұрыс  сияқты.  Өйткені,  халқымыз  дүние-
танымдық  әмбебаптылықты,  субстанциялық  бастауларды  мұсылмандық 
көзқарастан,  этикалық  негіздегі  құндылықтардан,  қайырымдылық  фило-
софиясынан  іздеген  іспетті.  Бұл  жалпы  Шығыстың  мәдениеттеріне  ортақ 
рухани қасиет, құндылықтық бағдар болып табылады. Шығыстың ең биік 
жетістігі  руханият  әлемін  өзіндік  даналық  үлгілерімен  өрнектей  білуінде. 
Фараби  философиясы  бұл  тұрғыдан  алғанда  биік  нәтижені  көрсететін, 
гуманистік мағынадағы философиялық жүйе.
Түркілердің  өз  тіліндегі  алғашқы  энциклопедиялық  еңбектердің  бірі 
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» [48] болып табылады. Бұл еңбектің ерек-
ше маңыздылығы автордың қоғамдағы мәселелердің барлығына мораль-
дік  баға  бере  алуымен,  мейірімділікке,  әділеттілікке,  қайырымдылыққа 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      43
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
шақыруында  болып  отыр.  Ойшыл  адамдардың  әлеуметтік  ортадағы  іс-
қимылдарының белгілі бір тәртіпке сәйкес келуге тиістілігін айтады. Міне, 
қоғамда  осындай  дүниетанымдық  негіздердің,  бағдарлардың  белсенді 
құрылымы,  терең  мазмұны  қалыптасқан  жағдайда  ғана  әрбір  азаматқа 
игілікті  әсерін  тигізетіндігін  ғұлама  тарихи  шығармасында  оқырманына 
барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысқан. Ал, енді далалық менталитет-
ке ұғынудың қандай түрі қолайлы болатынына тоқталатын болсақ, онда, 
әрине, екі басымдылық танытатын үрдісті, немесе принципті атап кетуге 
болады. Алдымен, шығарманың мәтіні өлең сөзбен жеткізіліп, поэтикалық 
қабылдаудың, қарым-қатынастың күші, сиқыры барынша қолданылуы ти-
іс. Екіншіден, кез келген мәтіннің өзегін рухани-адамгершілік мәселелерді 
дәріптейтін этикалық категориялар жетекші рөлді атқаруы тиіс. Міне, осы 
екі талаптың екеуіне де Жүсіп Баласағұнның тарихи мұрасы толық жауап 
бере  алады.  Сондықтан  ол  тарих  сынағынан  өткендіктен,  адами  күрделі 
мәселелердің көбісіне оңды жауап бергендіктен ғана қазіргі кезеңнің құн-
дылықтар жүйесіне лайықты түрде қосылып отыр дей аламыз.
Адам  бойындағы  ақыл-парасатқа  жүгіну,  оның  қоғамдағы  сындарлы 
рөлін айқындау және әлемге оны паш ету әл-Фарабиден кейін қазақ дала-
сында  (кеңірек  алғанда  түркі  елдерінде)  кең  қанат  жая  бастады.  Мәселен, 
Жүсіп Баласағұнның шығармашылығында адамға қажетті құндылықтарды, 
руханилықты қоғамның ішінен, адамның болмысынан табуға болатындығы 
суреттеледі. Жүсіп Баласағұнның құндылықтар жүйесінде этикалық ұғым-
дар  –  Ақыл-ой,  Әділдік,  Бақыт  және  Теңдікке  ерекше  мән  берілген.  Бұл 
адам  мен  қоғамның  үйлесімділігін  жоғарыда  аталған  игіліктер  атқарады 
деген пікірді, идеяны білдіреді. Бұл ойлардан біз Жүсіп Баласағұнның жал-
пы этикалық концепциясында әл-Фарабимен көп ұқсастықтар бар екенін 
байқаймыз.  Олардың  ортақ  руханилыққа  толы  идеяларды  басшылыққа 
алуы, ойшылдардың өзара үндесуі кездейсоқ жағдайға жатпайды.
Мұсылмандық  құндылықтардың  басымдық  танытуы  кезеңімен  қоса 
зайырлы қоғамға тән кейбір әлеуметтік процестер жүріп отырғанын түркі 
әлемінің тағы бір алыбы Махмұд Қашғаридің шығармашылығынан тануға 
болады.  Оның  «Диуани  лұғат  ат-түрігінде»  түркі  халықтарының  тілі, 
фольклоры және этнографиясы, түркілердің этникалық терминологиясы, 
олардың рухани мәдениеті мен болмысы жан-жақты талқыланады. Нағыз 
рухани  мәдениет  қалыптасуы  үшін,  рухани  құндылықтарды  далалық 
өркениетке сай өрнектеу үшін осындай алғашқы жолбастаушылар қажет-
ақ  еді.  Міне,  сондықтан  өмір  қажеттілігі  мен  мұқтаждығын  игеру  үшін, 
олқылығының орнын толтыру үшін, ұрпақтар сабақтастығын биік деңгей-
де жалғастыру үшін тарихи процесте осындай ғұламалар көрініс беретін 
сияқты.  Әрине,  әл-Фараби  ислам  дінінің  этикасын  жоққа  шығармайды, 
керісінше,  ділдік  тазалық,  адамдарға  деген  қайырымдылық,  әрбір  істегі 
парасаттылық  қажеттігі  туралы  ойларымен  адамдардың  қарапайым 
тіршілігіне жақындата түседі. Моральдік абсолюттердің адамның бойына 
жинала  қойылуы  оңай  емес  екендігін,  оның  бір  актілі  процесс  еместігін 

44                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
терең түсінген ойшыл өзінің жеке басының ісімен де қоршаған әлеуметтік 
ортаға  үлгі  болуға  тырысады.  Оның  кейінгі  ұрпақтарға  қалдырып  кет-
кен барлық жұмыстарынан, философиялық трактаттарынан өте ізгілікті 
жанның  ұмтылысы,  шабыты,  шығармашылығы,  ықыласы  сезіледі.  Бұл 
әл-Фарабидің даналығының белгісі, әлемді, адамдарды, табиғатты сүйген-
дігінің  көрінісі.  Бұл  ғұламаның  келесі  ұрпақты  руханилыққа  шақырған, 
рухани құндылықтарды бағалауға итермелеген әрекеті деп түсінеміз. 
Ал, енді Махмұд Қашқаридің түркі халықтарының сөздік қорын ғы-
лыми ретке келтіріп, оны «Дивани лұғат-ат түрк» деген атпен әлемге та-
ныстыруы үлкен маңызы бар оқиға екенін айта кеткеніміз жөн [49]. Бұл 
еңбекте түркі тілдес халықтардың фольклоры мен тарихи аңыздары, тіл-
дік  байлығы  өз  дәуірінің  талаптарының  барынша  жоғарғы  деңгейінде 
сипатталады. Міне, сонымен жоғарыдағы шығарма түркілік өркениеттің 
жазба  мәдениетінен,  яғни  хаткерлік  мәдениетінен  кезінде  құр  алақан 
болмағанын танытатын дүние болып тұр. Қазіргі жас ұрпақ сол тарихи 
дәуірдегі  халықтық  дүниетанымның  інжу-маржанын  осы  еңбек  арқылы 
білуіне болады және қазіргі кезеңдегі Кіндік Азиядағы мәдениеттің рухани 
бастаулары өте бай болғанын аңғара алады. 
Түркілік  руханияттың  көрнекті  өкілі  «М.  Қашқаридің  еңбегі  –  көне 
түркі  халқының  тілдік  және  этникалық  сана-сезімінің  жарқын  көрінісі 
ретінде  бағалы,  әдеби  және  мәдени  дәстүрлердің  өркендеуіне,  кемелде-
нуіне ықпал еткен, араб халифаты дәуірінде халықтың өзін рухани таны-
туына үлкен мүкіндіктер туғызған бірегей тілдік ескерткіш» [50] деген ғұ-
ламаның  шығармашылығына  Қ.Ұ.Әлжанның  берген  бағасы  шындыққа 
сәйкес келеді деген пікірдеміз. Тек осы ескерткіштің ғасырлар қойнауында 
қалған рухани байлығын қазіргі жаһандану жағдайында лайықты деңгей-
де дамыта алсақ қана халқымыздың тілінің болашағын күйттегеніміз бо-
лып есептеледі. Онсыз ұлттық мәдениетіміздің ішкі руханиятының әлеуеті 
мен даму мүмкіндіктерін әлсіретіп аларымыз анық.
Түркілік әлемінің Еуропалық өркениетпен қарым-қатынасы күрделі 
жағдайда өрбіп отырғанын ескеру қажет және ол көп жағдайда шендесу, 
текетірестік кейіпте болғанын айтуға болады. Өйткені, заманның жалпы 
даму үрдісі қырғиқабақ қатынастардан, бәсекелестіктен түзелгендіктен ті-
лі басқа, діні басқа түркілер мәдениетін Батыстық этникалық, өркениеттік 
әлем  биік  деңгейде  қабылдаудан  алшақ  болатын.  Бірақ  өзара  қарым-
қатыстардың  қажеттілігі  нарықтық  салада,  мәдени,  тұрмыстық,  кейде, 
тіптен, саяси салаларда өрбуге тиісті болды. Бұл адамзаттың түбінде ортақ 
тарихы,  тағдыры  болғандығының  бір  дәлелі  еді.  Ал,  енді  мәдениеттер 
арасындағы осы өзара қатынастарды жеделдетуші тетіктердің бірі болып 
саналатын негізгі құрал сөздік болып табылады. Осындай алғашқы сөздік-
тердің қатарына «Кодекс куманикус» жинағы жатады. Римдіктердің, жал-
пы  еуропалықтардың  қыпшақтардың  тіліне,  мәдениетіне  деген  қызығу-
шылығы осы тарихи сөздіктің пайда болуына себепкер болды. Бірақ бұл 
сөздікті құрастырушылардың аты тарих беттерінде белгісіз күйінде қалып 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      45
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
отырғаны белгілі. Дегенмен осындай тарихи мәтінің болуы халқымыздың 
сонау түркілік кезеңінің өзінде құрлық аралық қатынастарда біршама би-
ік деңгейге көтерілгенін білдіреді. Жоғарыдағы тарихи жәдігерді, сөздікті 
сол  кезеңде  этноәлеуметтік  кірігу  процестерінің  басталып  үлгіргенінің 
куәсі іспетті құбылыс деп атаса да болады.
Сол сияқты түркілік дәуірде өзінің терең ойлы шығармашылығымен 
танылған  ғұламалардың  қатары  көптеп  саналғанын  атап  өтуімізге  болады. 
Олардың барлығына тән ортақ қасиет шығыстық ділдің барлық нұсқаларын 
керемет тілмен жеткізе білуінде. Әрбір оқиғаны суреттеудегі, сипаттауда-
ғы  шеберлік  әрдайым  өзінің  тыңдарманын  еріксіз  ұйытып  кетуге  бейім 
тұратындығында  жатқан  болатын.  Міне,  сондықтан  тілдің  дамуындағы 
көркемдік сипатты қадірлеу Шығыстық мәдениет үшін, оның ішінде түр-
кілік  кезең  үшін  өте  маңызды  болғанын  байқаймыз.  Сонымен,  түркілік 
дәуірдің  кеңістігіне  сәйкес  келген  қисынмен  астарланған  ата-тегіміздің 
басшылыққа  алған  құндылықтық-мағыналық  құрылымдарына,  мәдени 
мұра ретінде қалдырған шығармаларына, еңбектерінің нәтижелеріне ба-
рынша  объективті  сипаттама  бере  отырып,  олардың  қазіргі  заманға  да 
қажеттілігі  мол  рухани  дүние  екенін  айта  аламыз  және  оның  әрбіріне 
ерекше  құрметпен  қарау  керек  екенін  ескеріп,  осы  қатынасты,  тарихи 
бағалауды келер ұрпаққа дәстүр етіп қалдыруды мақсат тұтуға тиістіміз.
Түркі  дәуірінде  (ХІІ-ХІІІ  ғасырларда)  фәлсафаны  кең  қазақ  даласы-
на  таратуға  ат  салысқан,  қазіргі  зерттеушілер  шығармашылығына  аса 
көп талдаулар жасай қоймаған ойшылдардың қатарына Ахмед Ибн Мах-
муд  Иүгінеки  жатады.  Бұл  ғұламаның  философиялық  ой-толғауларын 
жүйелеген, сұрыптаған Ә. Құрышжанов пен І. Ерғали. Ахмед Иүгінекидің 
«Ақиқат сыйы» деген еңбегі нағыз діни философияның үлгісі [51]. І. Ерғали 
ортағасырлық  ойшылдың  философиялық  дүниетанымына  талдау  жасай 
келіп,  «…әдиб  Ахмедтің  ой-толғаулары,  тіпті  ойларының  желісі  мен  са-
рындары, негізгі мәселені қоюы мен шешім іздеуі де Абай мен Шәкәрімнен 
аумайды десек шындықтан алшақтағанымыз болмас еді. Осы тұрғыдан ал-
ғанда, Ахмед Иүгінекидің мұсылман Ренессансынан кейінгі ортағасырлық 
арабтілдес елдерде, соның ішінде түркілер қаласы мен даласының алғашқы 
ағарту дәуірі сияқты діни сипатты ағарту кезеңі болған жоқ па екен деген 
ойға да келесіз?!…» – деген пікірін білдіреді [52]. Әрине, ағартушылық та-
мырлары тарихтың тереңінен келеді және ол адамзаттың әмбебап рухани 
құндылықтарының  бірі,  руханиятты  қалыптастырушы  тетік.  Сондықтан 
А.Иүгінекидің Ақиқатты іздеуі бұл іс-әрекетсіз жүзеге аспас еді. 
Ахмед Иүгінеки өз замандастарына білім мен ғылымның шындыққа 
жетелейтін сырын ашуға тырысады, қараңғылықта жүріп өмірдің де өтіп 
кеткенін  байқамай  қалу  мүмкін  екендігінен  сақтандырады.  Ойшылдың 
данышпандығы  осында.  Осындай  білім  мен  ғылымға  қарай  ұмтылудың 
қажеттілігі қазіргі Қазақстан елінің руханияты үшін де көкейкестілігі күн 
сайын арта түспесе, кемімейді деген ойдамыз. Заманауи үдерістердің та-
лабы осындай. Ақпараттар ағыны білім мен еркіндік құндылығын қазақ 

46                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал