Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет5/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
ғылым  мен  білімнен  іздеуімен,  дінмен  астастыруымен  жалғасады.  Бұл 
түркі мәдениетінің, менталитетінің жаңа ерекше қырын танытады, яғни ол 
дәстүрлер сабақтастығында өзіндік өрнегін тапқан шығыстық өркениеттің 
бір көрінісі болатын «Шығыстық ұстаздың терең ойлы» еңбектері – өмір 
сүрген кезеңде шығармашылық арқылы үлкен жетістіктерге жетуге бола-
тындығын дәлелдегендей. Бұл дерек Қорқыттың түркілік даладағы Өмір 
идеясының шын мәніндегі жасампаздығының белгісі. 
Түркілік  мәдениет  тарихындағы  Қорқыттың  рухани  мұрагерлері 
өмір құндылығын нағыз Мәндік және Мағыналық деңгейге дейін көтерді. 
Әсіресе, шығыстық рухани ділімізде Қожа Ахмет Ясауидың орны бөлек. 
Оның  барлық  сопылық  өмірі  Аллаға  деген,  адамға  деген,  Ақиқатқа  де-
ген махаббатты жырлауға арналған. Міне, сөйтіп түркі даласында рухани 
құндылықтардың негізгі жүйесі сонау ерте заманнан-ақ аңғарыла бастаған. 
Ғұламалар өз ұрпағына дұрыс жолды меңзеп, көрсете білген. Сондықтан 
бұл  рухани  мұралар  әлі  де  терең  философиялық  зерттеулерді  қажет 
ететін  дүниелер.  Бұл  құбылыс  бүгінгі  күні  қайта  табысқан  барша  түр-
кі  халықтарының  ынтымағы  мен  бауырластығын  көздің  қарашығындай 
сақтау қажеттігін тағы да ұғындыра түседі. Қорқыт Ата өсиеттерінен алар 
бірінші рухани тағылым осы десе де болады. Руханилықтың қалыптасуы 
мен  дамуы  осындай  ішкі  шынайы  байланыстарды,  өзара  қатынастарды 
айғақтай түсетін шамаларға тәуелді болып келетіндігі байқалады.
Қорқыт – елдің бірлігін нығайтуға үлес қосқан қоғамдық қайраткер 
және ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өз орны бар философ-
гуманист. Рухани әлемді зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт филосо-
фиясын Шығыстық шумер эпосы «Гильгамеш туралы жырдағы» Гильга-
меш әрекетімен салыстырады. Ал енді мәңгілік өмір жолында күресу, күй 
арқылы ажалды жеңу философиясы әлемдік философиядағы ерекше ой. 
Жалпы өмір мен ажал, жан мен тән, пәнилік пен бақилық түсініктері – түр-
кі дүниетанымындағы ең түбірлі және маңызды ұғымдар. Мәңгілік өмір 
туралы армандамайтын халық болмайды. Міне, осы идея өміршеңдігімен 
танылады.
Қорқыт Ата – түркілік мәдени кеңістіктің ауқымында өнер алды қара 
қобызды  түркі  жұртының  аруақты  аспабына  айналдырған  ұлы  күйші, 
бүгінгі  тілмен  басқашалау  айтқанда,  түркінің  саз  өнерінің  негізін  қалау-
шы. «Күй атасы – Қорқыт» деген ұғым арқылы қазақ халқы өзінің дүние-
танымынан, дүниені көркем бейнелер арқылы игеруге бейімдеу екенінен 
хабардар етеді.
Қорқыт Ата – бүкіл түркі жұртына ортақ болып келетін имандылық 
пен  сыйластық,  әдептілік  пен  ізеттілік  өлшемдерін  кейінгі  ұрпағына 
өсиет  етіп  кеткен  данагөй  тұлға.  Қорқыт  жырларындағы  отансүйгіштік, 
ізгілік пен әдептілікке шақыру, сабырлылық пен төзімділікті дәріптеуі – 
тарихи санамызда орын алған асыл қасиеттер. Осы рухани болмысымыз 
бен  дүниетанымымызды  келер  ұрпақтарымызға  жеткізу  үшін,  адам-
зат  өркениетінің  тарихында  лайықты  орын  алу  үшін  біз  Қорқыт  Ата 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      33
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
мұрасын зерделей түсуіміз керек. Жалпыадамзаттық даналық ақыл-ой қа-
зынасының шынайы тарихын жасауды мақсат еткен әлем зиялылары да 
мойындаған тұлғаның, немесе кейбір түсініктердегідей аңыздық образдың 
рухани мұрасын жүйелі пайымдау арқылы, жан-жақты зерделеу арқылы  
нағыз ұлттық идеяның негізін анықтауымызға жол ашылары анық.
Сөйтiп,  Қорқыттың  өмiрдiң  құндылығын  өнерден  iздеуi  келесi  ға-
сырларда  әл-Фарабидiң  оны  ғылым  мен  бiлiмнен  iздеуiмен  жалғасады. 
Бұл түркi мәдениетiнiң жаңа қырын танытады, яғни ол дәстүрлер сабақ-
тастығында өзiндiк өрнегiн тапқан шығыстық өркениеттiң бiр көрiнiсi бо-
латын «Шығыстық ұстаздың терең ойлы» еңбектерi – өмiр сүрген кезеңде 
шығармашылық арқылы үлкен жетiстiктерге жетуге болатындығын дәлел-
дегендей. Бұл Қорқыттың «өмірді қадірлеу» идеясының ғасырларды сабақ-
тастыратын жасампаздығының, өміршеңдігінің белгiсi, тарихи айғағы. 
Шынымен де үлкен Еуразиялық кеңістіктегі халықтардың бір-бірімен 
қарым-қатынасында көптеген зерттелуге тиісті қалтарыстар бар екені рас. 
Олар  болашақтағы  ғылыми  зерттеулердің  еншісінде.  Тек  бұл  мәселеде 
этникалық  өзімшілдікті  жоғары  қойып,  тарихи  оқиғаларға  объективті 
баға беруден алшақ кетуге болмайды. Онда әртүрлі жырлар мен тарихи 
тұлғаларға таласудың жолына түсіп кету қаупі күшейеді. Сондықтан, өмір 
туралы  толғаныстардың  қайсысын  алсақ  та  руханият  әлемін  байытатын 
дүние болғаны жөн. Қорқыт туралы аңыз бен Қорқыт кітабының жалпы 
ділдік нұсқасына жақын келетін жырға «Оғызнаманы» жатқызамыз [40]. 
Бұл жырдың құндылығы Қорқыт Ата кітабы сияқты түркілік руханияттың 
өзіндік бастауын айқындау қызметін атқаруында болып отыр.
Сондықтан  «Оғыз  қаған»  туралы  аңыздың  барлық  түркі  халықтары 
үшін ортақ мәдени мұра екеніне шек келтірмейміз. Оғыздарға қарсылық 
білдірген халықтардың ішінде дін жағынан алғанда әртүрлі  сенімде болған 
халықтардың болуы заңды құбылысқа жатады. Өйткені, бұл жырда Тұран 
жерінде ислам діні әлі де өз күшіне ене қоймаған кезеңдегі тарихи дәуір-
дің оқиғалары баяндалады. Тәңірілік діннің ықпалында болған халықтар 
басқа сенімді де құрметтегені байқалады. Осындай өркениет аралық диа-
логтың ежелден қалыптасқанын аңғарамыз. Осы дәстүр ұрпақтарды бір-
бірімен байланыстырды, мәдениеттерді тарихи біртұтас ете түскен сияқты.
Қазақ жерінде кең тарай бастаған әртүрлі батырлар жырлары осы Оғыз 
қағанға  арналған  аңызға  ұқсас  болып  келеді.  Соған  қарағанда,  ерлердің 
ерекшелігін сипатталу дәстүрі сол кезеңде қалыптаса бастаған іспетті. Міне, 
сөйтіп, түркі даласының тарихи келбеті бірте-бірте өз күшіне еніп, жаңа 
құндылықтар жүйесі әрбір адамның дүниетанымының қалыптасуына өзі-
нің терең ықпалын тигізе бастайды. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс 
өлтіреді» деген нақыл сөзіндей «ер намысы» ұғымы түркілік менталитеттің 
түпқазығына айналады. Міне, соның арқасында осынша кеңістікте түркілер 
емін-еркін өмір сүруге мүмкіндік алады. Әрине, тарих доңғалағы түп-түзу 
сызықпен қозғалмайды, ол әртүрлі сынақтардан, кедергілерден өтеді. Де-
генмен, әр халық өзіне құнды деген рухани дүниесін сақтап қалуға, оны 

34                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
дамытуға  тырысуы  тиіс.  Онсыз  мәдени  сабақтастықтың  үзілуі  мүмкін. 
Ол  халықтың  этникалық  келбетін  бедерсіздендіреді.  «Оғызнама»  келесі 
ұрпаққа рухани мұра болғандығымен құнды. 
Әрине, қарапайым баладан ерекше туған нәрестенің артықшылығын 
көрсетудің тарихи эпостарда әртүрлі  жолдары болғаны рас. Бірақ жырды 
қалыптастырушы авторлар (немесе белгісіз бір автор болуы мүмкін) «Осы 
ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп, бұдан артық ембеді. Шикі ет, 
тамақ, шарап тіледі» деген сипаттамаларды береді. Міне, сөйтіп, жырды 
құрастырушылар өз оқырманын бірден елең еткізеді. Тіптен, шарап тілеу 
шамасына дейін жеткізеді. Сөйтіп, Оғыз бірден туғаннан басқа балалар-
дан табиғи болмысы жағынан көш ілгері болғандығын авторлар тікелей 
баяндаумен  айналысқаны  байқалады.  Әрине,  бұл  сипаттауларды  нағыз 
ерлікке,  елін,  жерін  қорғауға  тәрбиелеудің  халықтың  өзі  ойлап  тапқан 
өзіндік  фольклорлық  технологиясы  деп  түсінуге  де  болады.  Сондықтан, 
реалистік негіздегі, тіптен, прагматистік негіздегі тәрбиеге бас ұрған қазіргі 
тарихи  кезеңдегі  замандастарымыз  үшін  жырдың  сюжетіндегі  кейіпкер 
бейнесінің  неге  олай  суреттелетіндігі  түсініксіз  болуы  да  мүмкін.  Жас 
ұрпақ кейбір әсірелеуді қабылдамауы да мүмкін. Бірақ, мәселенің іргелі 
тұстарына барынша ұқыппен назар аударғанымыз дұрыс іспетті. 
Бұл  жерде  ерекше  маңыз  беріп,  көңіл  аударатын  нәрсе  ретінде  та-
рих сахнасына, ментальдік, яғни ділдік құрылымдарға түркілік заманның 
негізгі  құндылықтық  бағдарларының  басымдылықтарын  түсіну  мәселесі 
шығады. Оғыздар өмір сүрген тарихи кезең үшін қандай әлеуметтік, саяси 
және рухани мәнділіктер қоғам үшін негізгі маңыздылыққа ие болған де-
ген сұрақ туындайды. Әрине, жаугершілік заманы, кеңістік пен уақыттың 
қатаң бәсекелестікке бағынған кезеңінде негізгі мәселе тіршілік үшін күрес 
болғаны анық. Ол мәселені Оғыз батырдың Қат халқымен шайқасынан да, 
одан кейінгі елді басқарған кездегі көптеген басқа жұрттармен шайқасынан 
байқаймыз.  Яғни,  жырдың  жалпы  мазмұнына  үңілетін  болсақ,  бұл  тір-
шілікте өмір үшін үнемі күресте болу керек. Бірақ сол күрестің мақсаты 
жеке  бастың  ғана  амандығын,  қадір-қасиетін  күйттеу  емес,  ең  бастысы 
елдің қамын ойлау, оның әрбір өкілі үшін жанкештілікпен тер төгу, тіптен 
қан  төгу  деген  тарихи  тұжырым  астарланып  жеткізіледі.  Міне,  осын-
дай  әрекетке  баруға  кім  дайын  болуы  керек?  Әрине,  Оғыз  қаған  сияқты 
ерліктің  үлгісін  көрсетер  тұлға.  Ал,  енді  өзінің  жеке  басының  мүддесін 
үлкен қауымдастық мүддесіне бағындыруға дайындық, халық үшін қандай 
қиындыққа әрқашанда дайын болу ниеті рухани жағынан алғанда біршама 
жетілген әлеуметтік субъектінің әрекеті болып табылады. 
Оғыз қағанның түркілер тарихында қомақты орын алу себебі де осындай 
шығыста басымдық танытқан дүниетанымдық бағдардың озық үлгілеріне 
сәйкес келетін тарихи кейіпкер болуында деген ойдамыз. Сондықтан, Оғыз 
қаған жыры – түркілердің оғыз тайпаларының ауқымынан асып, көптеген 
көрші елдердің тарихи болмысында, руханиятында ерекше мәдени құнды-
лық ретінде өз орнын табады. Бұл мәдени ықпалдасудың көрінісі. Жалпы 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      35
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
халықтардың  нағыз  шынайы  бағалауы  әрқашан  да  этникалық  шеңберде 
шектеліп қалуды қаламайды. Егер әртүрлі мәдениетте орын алған тыңдауға, 
қадірлеуге тұратын бейнелер, сол мәдениеттен тысқары жерлерде де белгілі 
бір  құрметке  ие  болатыны  белгілі.  Мәселен,  мұсылман  елдерінде  Ғайса 
пайғамбар,  Сүлеймен  пайғамбар  туралы  аңыздар  орта  ғасырларда  кең 
тарағаны белгілі. Сол сияқты Оғыз қағанның түркі елдері ғана емес, басқа да 
көрші елдердің рухани өміріне ерекше тарихи тұлға ретінде ендеп кетуіне 
кедергі болмағанына сенімдіміз. 
Оғыз қағанның үйленуінің суреттелуі де кереметтерге толы. Әсіресе, 
өзінің алғашқы жарын кездестіргендегі сипаттау Оғыз заманындағы басым-
дық  танытқан  дүниетанымдық  эстетикалық  келбеттерді  айшықтайды. 
«Осы қыз сондай көрікті еді: күлсе Көк Тәңірінің өзі күлетіндей, жыласа 
Көк Тәңірінің өзі жылайтындай еді» деген жолдардан бұл дүниенің әсемдігі 
мен мұңының өзі әйелдің қас-қабағына қордаланғандай әсер қалдыртады. 
Яғни,  дүниенің  бәрін  ұйымдастырушы,  басқарушы,  реттеуші  күшті  Көк 
Тәңірі дегеннің өзінде, оның өзі ер адамның өмірлік серігі болатын арудың 
жан дүниесінің ырғағына үнемі назар салатындай кейіпте түсініледі. Бұл 
Көк Тәңірінің орнын, ең жоғарғы күш ретіндегі мәртебесін төмендету емес, 
ол,  керісінше,  әйел  затын  барынша  асқақтату,  оны  әлемдегі  әсемдіктің, 
нәзіктіктің, үйлесімділіктің тетігі, белгісі ретінде қарастыру болып табыла-
ды. Міне, осындай әйелге деген жоғары деңгейдегі рухани қатынастардың 
талай ғасырлар бойы түркі әлемінде орын алып келгеніне дәлелдер тарихи 
деректерде, ғұламалардың тарихи шығармаларында барынша жеткілікті. 
Тек  «ортағасырлық  Шығыста  ғана  әлеуметтік  қатынастар  негізінен 
озбырлық,  өктемдік  сипатта  болған»  деген  сыңаржақты  түсінік  Еуропа-
орталықтық түсініктерде басымдық танытып келгені белгілі. Өкінішке орай 
біздің  халқымыздың  өткен  тарихын,  қазіргі  заманымыздың  анықтаушы 
бейнесін осындай кертартпа және шолақ мағынада ғана бағалаушы, байып-
таушы кейбір әріптестеріміздің көптеген әлеуметтік кеңістікте ежелден те-
рең қарым-қатынастардың мәдениеті орныққанын, мәдениетаралық рухани 
диалогтың өзіндік дәстүрі мен үлгісі қалыптасқандығын байқамайтындығы 
қынжылтады. Бірақ шынайы ғылыми танымның ұстанымдары кез келген 
үстірт пайымдаулардан биік тұратындығын тарих сан рет дәлелдеп берді.
Шын мәнінде үстірт көзқарастардың сараптауы бойынша, Шығыс дәс-
түріндегі жалпы әйелге деген қатынасты теріс бағалап, оған «иерархиялық 
сипаттағы  өзара  байланыс»  деп  сыңаржақты  пайымдау  береді.  Әйелдің 
сұлулығы мен қатар байыптылығына ғасырлар бойы тәнті болған түркілік 
әлем  болса,  оған  деген  құрметі  мен  мадақтауын  ешқашан  төмендетпеген 
және оны «Ғаламның керемет әсем бөлшегі» ретінде үнемі жырға, шығарма-
шылыққа қосып отырған, шабыттанған. Міне, осы дәстүріміздің қазіргі за-
мандағы жалғасы болғанын қалаймыз және әйелді тек қана қоғамның еңбек 
етуге қатыса алатын, әлеуметтік қатынастарға қажетті әлеуметтік субъектісі 
ретінде  қабылдауымыз,  оның  табиғи  әсемдігін,  ерекше  қылықтылығын 
екінші қатарға ысырып қойып, рухани тағайындылығын елемеуіміз, сөйтіп, 

36                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
нарықтың  қатаң  заңының  қисынына  жегіліп,  жеңіліп  кете  беруіміздің  өзі 
рухани дүниеміздің кейбір қырларының әлсірегенін, ғасырлар бойы қалып-
тасқан түркілік заманнан келе жатқан әйелді сыйлауға бағышталған тама-
ша дәстүрлеріміздің іргесін сөгілтіп жатырмыз ба деген қауіп тудыртады. 
Міне,  сондықтан  Оғыз  қағанның  өз  жарын  қалай  сүйгенін,  ұлдары  мен 
қыздарын қалай мәпелегенін нағыз тәлімдік өнегесі бар дәстүрлі қоғамдағы 
педагогикалық сипаттағы әрекеттері деп бағалауға болады. Дәл осыған ұқсас 
Қорқыт бабаның әйел баласына, оның ішіне өзінің қарындасына деген құр-
метке, махаббатқа толы туысқандық көзқарасы тәлімдік үлгі ретінде аңыз 
болып қалғанын айта кетуіміз керек. Бұл қасиеттер мен қатынастар тағылық 
басымдық  дәуірде  қалыптаспасы  анық.  Олар  тек  өзіндік  өркениеттілік 
деңгейге көтерілген қоғамда ғана қалыптасуға тиісті руханилық мағынадағы 
дүниелер екенін атап өткеніміз жөн. Еркек пен әйелдің өзара рухани диа-
логы,  өзара  түсінісуі  адамзаттың  тарихын  рухани  тұтастандырып  тұрған 
құбылыс.  Бұл  қатынастар  мен  түсініктер  түркілік  заманнан  келе  жатқан 
өмір философиясының шынайы өзегі болып табылары анық.
Қорқыт  зерделеген  өмір  философиясы  келер  ұрпақты  үнемі  опти-
мизмге,  болашақты  өз  қолыңмен  шыңдауға  шақырады,  әрбір  жанның 
ғұмырының бекер емес екендігінен хабардар етеді. Осы сенімнің құдіреті 
талайларды  небір  қиын  асулардан,  зобалаң  кезеңдерден  сүрінбей  өтуге, 
тағдырдың  сынақтарын  жасампаздықпен  жеңуге  итермеледі.  Сонымен 
қатар, түркілік дүниенің өмір мен өнердің арасындағы руханилықты, ру-
хани қатынастарды, шынайы диалогты құрметтегенін білдіреді.
Ал, енді ислам діні қазақ жеріне кеңінен тарай қоймаған кезеңде туын-
даған Қорқыт Ата бейнесі түркілік болмыс үшін рухани мағынада күрделі 
құбылыс деуге болады. Ол түркілік кезеңнің рухани мәселелерге барынша 
ынтазарлықпен  қарауының  куәсі  екені  белгілі.  Жалпы  Қорқыттың  өмір 
философиясы адамның тағдырдың алдындағы қорқынышына негізделген 
жоқ, керісінше, терең назар аударып қарасақ, онда сол өмірді барынша 
лайықты сүруге, оны адам деген атқа сай келетін тұрғыда ғана түсінуге, оны 
барынша мазмұнды өткізуге шақырады. Қорқыттың өмір сүру тәжірибесі 
–  Жоғарғы  Рухтың  жалпы  адамзатқа  берген  адами  өмір  сүруінің  озық 
рухани  үлгісі  сияқты,  ол  гуманистік,  өмірсүйгіштік  идеялық  негіздерге 
сүйенген. Шын мәнінде тереңдеп түсінген адамға Қорқыттың өмір үлгілі 
арқылы адамның тіршілігі тек қана шығармашылық арқылы нағыз өмірге 
айналатындығын байқатады. Шығармашылықтың ең бір жоғарғы көрінісі 
өнерді өрбітуде, түсінуде деген түсініктер туындайды.
Заман өзгеріп, заң түрленгенмен қоғамда адами әлемнің түпқазығын 
құрап  тұратын  іргелі  дүниелер  болады.  Солардың  қатарына  руханият 
мәселесін жатқызуға болады. Руханияттың маңыздылығы бұрын да, қазір 
де арта түспесе кемімейді. Себебі, ол адам болмысының мәндік негізі бо-
лып табылады. Оған назар аудармаған ойшыл жоқ. Сондықтан кез келген 
рухани  әлемде  қалыптасқан  және  дамыған  идеялар  мен  құндылықтарға, 
әртүрлі  маңыздылықтар  мен  мағыналы  дүниелерге  терең  назар  ауда-

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      37
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
рып, олардың өз заманына ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ пен 
өркениет  үшін  де  өзектілігі  зор  екенін  атап  көрсетіп  отыратын  көрнекті 
тұлғалар  болады.  Солардың  қатарына  шығыс  әлемінің  ұлы  данагөй  ой-
шылы, көрнекті философы Әбу Насыр Мухаммед ибн Ұзлағ әл-Фарабиді 
жатқызамыз. Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байла-
ныстарды,  қасиеттерді,  сипаттарды  құндылық  ретінде  өрнектей  білген. 
Сондықтан әл-Фарабиді энциклопедист-ғалым деп танимыз, оның «Екінші 
Ұстаз» (Аристотельден кейінгі) деп құрметті атаққа ілінгені де бекер емес. 
Әл-Фарабидің  барлық  еңбегін  –  перипатетизм  мен  жаңа  платоншылдық-
ты синтездеген шығармалар жиынтығы ғана деген тұжырымдармен шек-
теп  тастауға  болмайды.  Себебі,  ұлы  ғұламаның  өзіндік  философиялық 
рефлексиясы орта ғасырлық ерекше ділдің, қоғамдық болмыстың, тарихи 
сананың сипаттарын кеңінен қамтыған. Сонымен қоса болашақ қоғамдағы 
кеңістіктерде  әлеуметтік  проблемалардың  туындауы  жөніндегі  пікірлерін 
білдіреді.  «Мемлекет  қайраткерінің  афоризмдерінде»,  «Қайырымды  қа-
ла тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында әл-Фараби өз за-
манында сирек кездесетін ойлар айтады, тіршілік пен ой-пікірдің тарихи 
негіздерін қайта құру тұрғысынан алғанда аса маңызды қағидалар ұсына-
ды;  мұнда  адами  белсенді  қызметтер  қалыптастырған  және  дамытқан 
қоғамның тегі туралы, мемлекеттік құрылыс жайлы, қоғамдық тіршіліктің 
түрлі  формалары,  адамның  этикалық  және  басқа  мінез-құлық  ережелері 
туралы баяндалады [41, 36 б ]. 
Әл-Фараби сияқты көрнекті философтың тарих сахнасында пайда бо-
луын түсіндіру үшін дүниежүзілік тарих пен философия тарихының ішкі 
байланысы  мен  сабақтастығына,  өзара  әрекеттесуіне,  ықпалдасуына  са-
раптаулар жасауымыз керек. Бұл әдіснамалық тұрғыдан қоғамдық ғылым-
дарда қолданылып жүрген ғылыми тәсіл. Яғни, әл-Фарабидің көзқарасы 
ұстаздарының (тікелей және түпкі мағынадағы) ілімдерімен астасып жата-
ды. Платонды, Аристотельді, Плотинді және т. б. көптеген философтарды 
жан-жақты қарастыра отырып, ұлы ойшылдың философиялық жүйесіне 
кілт  таба  аламыз,  оның  рухани  мұрасын  қазіргі  заманда  тиімді  қолдана 
алатынымыз анық [42]. Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуші ғалымдар осы 
принциптерге  сүйене  отырып  біршама  табыстарға  жетті.  Бірлескен  іс-
әрекеттердің арқасында ұжымдық және жеке монографиялар шығарылып, 
ізденушілер  тарапынан  диссертациялар  қорғалынуда  [43].  Осындай  жа-
ратымпаз іс-әрекеттер болашақта жалғаса беретініне сенімдіміз. Өйткені 
ұлы  жерлесіміздің  қазіргі  заманғы  ұлт  руханиятына  қалдырған  рухани 
мұрасы ұшан-теңіз деуге болады. 
Әл-Фараби өзінің шығармаларында жердегі адамдардың бәрі қосылып 
болашақта  ұлы  қоғамды  құрайтынын  айтады.  Бір  қарағанда  ол  утопия 
сияқты көрінетін идея. Дегенмен, бұл мақсаттың өзіндік сипаттамасы бар. 
Сонымен қатар, қоғамдық жүйені жіктей отырып олардың орташа қоғам
кіші қоғамға бөлінетіндігіне, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар екеніне 
тоқталады. Әсіресе, ғұлама құндылықтар әлемін (шынайы, немесе жалған) 

38                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
негізінен  қалалардан  іздейді.  Мәселен,  ғұламаның  «қайырымдылық» 
идеясын  өзектендірген  мынандай  тұжырымдары  кездеседі:  «Адамдар 
бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын 
қойған  қала  қайырымды  қала  болып  табылады,  ал  адамдары  бақытқа 
жету  мақсатымен  бір-біріне  көмектесіп  отыратын  қоғам  қайырымды 
қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп 
отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақса-
тымен  бір-біріне  көмектесіп  отыратын  болса,  бүкіл  жер  жүзі  осылайша 
қайырымды болмақ» [44]. Шынымен де қайырымдылықты ұмытқан жан-
ның  өзегін  тек  өзімшілдік  пен  ашкөздік  қана  толтыратыны  белгілі.  Ал 
өзімшілдік болса адамды, кейде үлкен қауымдастықтарды пендешіліктің 
құрсауына түсіретін мықты қақпан, шырмауық екеніне дау жоқ.
Адам өмірін тіршілікте жай ғана, әдеттегі сипатта ғана сүрмей, үнемі ол 
процесте қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылуға 
қажеттігін  ескертеді.  Ұлы  ойшыл,  сонымен  қатар,  қоғамдағы  ең  негіз-
гі  рухани  құндылықтарға  адамаралық  «өзара  көмектесуді»  жатқызады. 
Сөйтіп,  әлеуметтік  қатынастарға  руханилық  құбылысы  мен  имандылық 
араласқанда,  жан-жағына  шапағатын  төгіп  пәрменді  рухани  дамуға  нәр 
бергенде ғана шынайы құндылықтар жүйесі қалыптасатынына меңзейді. 
Ал, енді осындай қоғамды, қаланы басқарушы адамның көпшілік алдында 
жауапкершілігі көп екендігін ескеріп, оған көптеген шарттар мен талап-
тар қояды. Сөйтіп, қайырымды қаланы қайырымды адамның басқарғанын 
қалайды.  Бұл  қазіргі  заманда  өрбіген  мәдениетаралық  сұхбат пен  демо-
кратиялық принциптерді адамгершілік принциптермен көмкеруге, олар-
дың құрылымына моральдік негіздерді енгізудің маңыздылығына шақы-
ратын қадам болып табылады. Осындай мағынадағы ойлар мен түсініктер 
шын мәнінде қазіргі замандағы кез келген әлеуметтік орта үшін де артық 
болмайды.
Әл-Фараби  өзінің  еңбегінде  «Қайырымды  қала  надан  қалаға,  өнегесіз 
қалаға, алыс-беріс қала мен адасқан қалаға қарама-қарсы» [44, 389 б] деген 
пікірді білдіреді. Сонымен қатар, қоғамда көрініс беруі мүмкін ділгер қала, 
даңғой қала, құштар қала, маңсапшыл қала, құбылмалы қала, пасықтық пен 
бақытсыздық  қаласы  деген  қалаларды  жіктейді.  Міне,  осындай  Ақиқатқа 
баратын  тура  жолдан  адасқан  қалалар  жөнінде  өз  сипаттамасын  беріп, 
олардың  алдында  негізінен  бақытсыздық  күтіп  тұрғанын  ескертеді.  Бұл 
сараптаулардың қазіргі кезең үшін де маңызы зор. Қайырымдылықтың ор-
нын қатаң бәсекелестікке негізделген өзімшілдік билеген кезеңде дамыған 
елдер  үшін  де  өзара  ынтымақтастық  мәселесі  шешімін  таппай  отырған 
нәрсе.  Қазіргі  заманның  өзінде  Батыс  пен  Шығыста  тек  қана  мемлекет-
тің  күштеу  құрылымдары  арқылы  тәртіп  пен  қатынастар  реттеліп; 
басқарылып  отырған  әлеуметтік  кеңістіктер  көптеп  саналады.  Бұл  руха-
ни  құндылықтардың  құнсыздануы,  «өркениетті»  деп  өздерін  бағалаған 
әлемнің көлеңкелі тұстары болып келеді. Ал қайырымды қаланы тек қана 
құқықтық  реттеуші  органдар  мен  мекемелер  арқылы  ғана  қалыптастыра 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал