Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет45/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                      және этномәдени негіздер
рамас  байланысқа  көңіл  аударады.  Өндіріс  процесіндегі  адам  әрекеті, 
мейлі ол конвейерде тұрсын немесе адам-машина жүйесінің құрамында 
болсын  оның  санасына  жалпы  социомәдени  сипаттамалар  әсер  етеді. 
Индустриалдықтан постиндустриалдық қоғамға өтуге тән тағы бір үрдіс, 
ол  –  өндірістегі  орталықсыздандыру  және  коцентрациясыздандыру.  Бұл 
қоғам  сегментация  негізіне  құрылған,  сондықтан  да  қазіргі  қоғамға  тән 
өмірлік ағым мен тілдің, жүріс-тұрыс пен идеялардың стандарттығының 
орнына әр алуандық басым болып келеді.
ІВМ және Microsoft сияқты корпорациялардың үлгілері бүгінгі ақпа-
раттық  ағымның  қаншалықты  қарқындылығын  дәлелдейді.  Адам  мәде-
ниеттің субъекті: постиндустриалды қоғамға өту барысында оның өндіріс 
жүйесіндегі орны мен рөлі тез өзгереді, социумның социомәдени сипатта-
малары да өзгеше ерекшеліктерге ие болады.
Ал 1990 жылы американдық авторлар Д.Нэсбитт жоне П.Эбурдиннің 
«Мегатенденциялар.  2000  жыл.  90-жылдары  бізді  не  күтіп  тұр?»  деп  ата-
латын  еңбегінде  адамзат  дамуы  псрспективасының  радикалды  түрде  өзге 
үлгісі келтіріледі. Ол үрдістердің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
1. 1990-жылдардағы ғаламдық экономикалық бум. Жаңа жоғарғы тех-
нологиялар.
2.  Социализм  элементтерінің  еркін  нарықтық  қатынастармен  үйле-
сімді бірлігі.
3. Өмір сүру тәртібінің универсалдығы және мәдени ұлтжандылық.
4. Жеке және мемлекеттік әл-ауқаттың жақсаруы.
5. Көркем мәдениеттің, өнердің қайта өрлеуі.
6. Діни қайта өрлеу.
7. Жеке тұлғаның жеңісі. 
Технология  дамуындағы  жаңа  үрдістерді  талдай  келе  бұл  авторлар 
энергошығындар мен шикізат тұтынудың төмендеп, биотехнологияның та-
быстары тамақ өнімдерін өндірудегі тағы бір «жасыл төңкерісті» болжайды.
Жердің алтыдан бір бөлігі толығымен аяқ басты деп саналатын осы 
жаңа  қоғамдық  қатынастарға  байланысты  ғылыми  әлемде  қалыптасқан 
болжамдар, теориялар мен идеялардың жалпы мазмұны осындай.
Енді осы әртүрлі концепцияларды ескере отырып постиндустриалды 
қоғамның негізгі салалардағы – технологиядағы, яғни өндіріс құралдары 
мен  шаруашылық  жүргізу  тәсілдеріндегі,  әлеуметтік  құрылымындағы, 
қоғамның саяси ұйымдасуында және рухани принциптеріндегі негізгі си-
паттамаларына тоқталайық.
Өндірістің жаңа түрлері – электроника және информатика, ғарыштық 
өндіріс, биотехнология, қызмет көрсету өндірісі мен мәдениет индустриясы 
өндірістің жиынтық жүйесіне сапалы өзгерістер әкеледі. Олар экологиялык 
қауіпсіздік талаптарына бейімделгендіктен табиғатқа деген қоғамның жа-
ңа қатынасы қалыптасады. Олар ауыр өнеркәсіп пен бұқаралық өндірістің 
рөлін  оларды  дамушы  елдерге  диверсификациялау  арқылы  төмендетуге 
мүмкіндік  береді.  Электронды  және  ақпараттық  өндірістің  жаңа  түрлері 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        339
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
майда серияларға бағдар ұстайды және жоғарғы маманданған еңбек және 
құралдар мен зерттеулерге мол шығынды талап етеді. Ғылым негізгі өндіру-
ші күшке айналады, өндіріс трансұлттық қалыпқа өтеді.
Шаруашылық  және  қоғамдық  өмірді  реттеудің  иерархиялық  құры-
лымынан оның желілік (тораптық) құрылымына өту іске асады. Нәтиже-
сінде әртүрлі бір-бірінен алшақ тұрған компоненттер тікелей бір-бірімен 
байланысқа түседі. Ұлттық экономикадан әлемдік экономикаға өту де осы 
бағытта  жүреді.  Оның  көрінісі  трансұлттық  компаниялармен  біріккен 
мекемелер түріндегі шаруашылық құрылымдардың ғаламдық өзара әре-
кетінің әртүрлі формалары болып табылады.
Бұрын машиналардың үстемдігінен таңылған өмірқамының барлығы 
да өзгеріске түседі. Еңбек өнімділігін арттыру мен өндірісті антропология-
ландыру  мақсатында  мекемелер  мен  концерндер  барған  сайын  ауыспа-
лы  кесте  бойынша  жұмыс  істейтін  болады.  Ішінара  жұмысқа  қамтудың 
өсуімен  бірнеше  кәсіпті  қоса  игеріп,  әйелдер  мен  жастарды  жұмыс-
сыздықтан  сақтауға  болады.  Қызмет  көрсету  экономикасының  кеңеюіне 
байланысты  тұтынушылық  әдеттер  де  өзгереді:  супермаркеттер  түні 
бойы ашық, отбасылық өмірдің «кестесі», күн режимі, тамақ ішу мезгілі 
және т. с. с. өзгерістерге ұшырайды. Қызмет көрсету өндірісінде туризм 
миллиондаған адамдарды қамтып, өте кең масштабқа ие болады.
Техниканың дамуы функционалдық форманың өзгерісімен байланыс-
тырыла бастайды. Техника адамның органикалық қажеттілігін ескеруі ба-
рысында тек сервистік қана емес, өндірістік салада да кеңінен тарала бас-
таған техникалық дизайн үлкен маңызға ие болды. Бұл бағытта эстетика 
техникада өзінің қолданысының жаңа мүмкіндіктерін тауып, өнеркәсіптік 
дизайнның кеңінен дамуына жол ашылады.
Ақпараттық және коммуникативтік технология өндірістің ең динами-
калық  компонентіне  айналды:  материалдық,  салада  да,  сонымен  қатар 
әлеуметтік және қоғамдық реттеудің көптеген принциптерін радикалды 
өзгерістерге  ұшырататын  рухани  салада  да.  «Ақпараттық  төңкерістің» 
масштабы  мен  шапшаңдығы  бұрын-соңды  тарихта  болмаған  құбылыс. 
Компьютерлік технологияның негізіндегі мәліметтердің формалданылуы, 
сонымен бірге өте алыс қашықтықтардағы ақпарат алмасудың ғарыштық 
байланыспен  қамтамасыз  етілуі  әлеуметтік  өмір  қамының  өзге  де  блок-
тарының қызметіне, мысалы экономика мен саясатқа үлкен әсерін тигізеді.
Мәдениеттаным  үшін  постиндустриалды  қоғамның  «постэкономи-
калыққа» айналуының өзі де маңызды құбылыс болып табылады. Нарық-
пен реттелетін бұрынғы материалдық игіліктер мен қызметтер өндірісіне 
қоса  «адам  өндірісі»  секторы  ерекше  мәнге  ие  болады.  Рухани  өндіріс 
«адамдық ықпалға» бет бұрып, негізгі мақсатқа және жетекші компонент-
ке айнала отырып, басымды рөл атқара бастады. Жеке корпоративтік және 
индустриалды-капиталистік  меншікпен  қатар  рухани  құндылықтармен 
өлшенетін  интеллектуалды-индивидуалдық  және  постиндустриалдық 
меншік  қалыптаса  бастады.  Өндірістік  саладағы  нарықтық  қатынастар 

340                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
жаңа  социомәдени  ықпалдарға  жол  береді:  тұлғаның  интеллектуалдық 
шығармашылық және әлеуметтік потенциалына, материалдық өндіріске 
бөлінетін  шығын  мен  қаржы  ғылым,  білім  беру,  әлеуметтік  қамсыз-
дандыру, денсаулық сақтау және рекреакция салаларына қарай ауытқиды. 
Өндірістегі  жетекші  рөл  бірте-бірте  өндірістік  корпорациялар  мен  биз-
несмендерге емес, зерттеу мен дамудың корпорацияларына, институттар 
және университеттерге көшеді.
Сонымен  бірге  өзінің  мамандылығы  мен  білімі  арқылы  өндірістік 
процеске  маңызды  үлесін  қосатын  әрбір  қызмет  етушінің  дербестілігі 
деңгейі артады.
Постиндустриалды мәдениеттің тасымалдаушысы ретіндегі адамның 
жаңа типін қалыптастыру орасан зор шығынды қажет етеді: отбасында ба-
лаларды тәрбиелеу, білім алу, әлеуметтендіру мен тұлға қалыптастырудың 
прогрессивті типтері. Бұл үшін әрине қатып қалған «мұра» ретінде емес, 
керісінше үнемі қозғалыстағы рухани өндірістің алғышарты мен құралы 
ретінде мәдениеттің орасан әлемі қажет. Оның нәтижесі қазіргі мәселелер 
әлемді игеруде қабілетті «көп өлшемді адамды» қалыптастыру болып табы-
лады. Интеллектуалды меншікте адамның өзіндік қалыптасуға деген жеке 
ұмтылысымен қатар мемлекеттік, жеке, қоғамдық қорлардан құралатын 
үлкен  құрал,  қаржы,  уақыт  және  еңбек  шығындалады.  Бұл  шығынның 
формасы тек ішінара түрде жинақталады. Американдық экономистердің 
есептеуінше қазіргі қызметкерді даярлау мен тәрбиелеуге (10 жасқа дейін) 
кететін  жалпы  шығын  150-ден  300  мың  долларга  дейінгі  шамада  (1981 
жылғы есеп бойынша). Ал егер университет түлектерін алар болсақ, онда 
олардың дайындығына кететін шығын шамамен 1 млн. долларды құрайды. 
Осы есептерді ескерсек, Америкада жинақталған адам капиталы 45 трлн. 
долларды құрайды. Бұл 1985 жылғы 12 трлн. 770 млд. долларды құрайтын 
барлық  американ  корпорацияларындағы  бүкіл  активтердің  сомасынан 
әлдеқайда артық [5, 170б.].
1980-жылдардың  соңындағы  адам  капиталының  жинақталуы  АҚШ-
та 2,2 трлн. долларға бағаланса, ал өндірістің заттай-материалдық факто-
рына салынған капитал онан да мардымсыз, яғни 700 млд. долларды ғана 
құрайды.
Бұл  мәліметтер  постиндустриалды  қоғамдағы  мәдениет  саласының 
жаңа жағдайын, отбасы, білім беру, ғылым, ақпарат, көркемдік әрекеттің 
жаңа  рөлін,  оның  өндірістегі  жетекші  секторға,  оның  «базисі»  мен 
қозғаушы күшіне айнала бастағанын көрсетеді.
Бұл  өз  кезегіндегі,  өндірістің  өзге  салаларының  мазмұнына  өз  та-
лабын  қояды.  Жалақыдан  гөрі  еңбектің  мазмұны  қызметкерді  көбірек 
қызықтыратын  болады  және  өндірістің  гуманитаризациялануы  қажет-
тілікке айналады. Онсыз ұсыныстардың активизациясы мен еңбектің жо-
ғары сапасы туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Кәсіпкерліктің өзі материалдық игілікке жетудің құралы болғаннан гө-
рі, индивидтің өзін айқындауы мен өз қабілетін білдірудің тәсіліне айналады.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        341
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Мұның  бәрі  осы  уақытқа  дейін  батыстық  өркениет  жетекшілігінің 
негізгі принциптерін қайта құруға әкеледі. Олардың бүкіл әлемге таралып 
отырған индустриалды универсалийлерінің ішндегі негізгі өзгешеліктері 
төмендегідей сипатта:
1. Стандарттауды алуан түрлілікпен, плюрализммен алмастыру. Бұл 
тұтынушылыққа,  саяси  қалыпқа,  діни  өмірге,  көркемдік  талғамға,  этни-
калық элементтердің арақатынасына, сәнге, отбасы нысандарына ықпалын 
тигізетін өндірістің жаңа типтерін өмірге әкеледі.
2.  Тек  өндіріс  пен  саясатта  ғана  емес,  мәдениетте  де  құрылымдық 
және индустриалдық байланыстардың орталықсыздандырылуы жетекші 
принципке айналды. Астаналардың үлестік салмағы «тума таланттарды» 
дүниеге әкеліп қана қоймай өздеріне ғылыми орталықтар мен универси-
теттерді де қалыптастыра алатын көптеген «перифериялық» орталықтарға, 
тіпті бұрынғы «мылқау провинцияға» қарай ойыса бастайды.
«Бұрынғы астаналар» (Париж, Рим, Лондон, Афины, Нью-Йорк және 
т. б.) жоғарғы беделі мен барлық белгілі мұражайлар, кітапханалар, кар-
тиналық галереялар, театрлар мен университеттерін сақтағанымен жаңа 
желілік және ғарыштық ақпарат жүйелері білімдерді, образдар мен рәміз-
дерді  қоғамның  бүкіл  рухани  өрісіне  тарата  алады.  Бұл  ақпаратты,  ал 
онан соң қоғамды басқаша құрылымға келтіретін рухани байланыстарға 
әкеледі.
3.  Минимизация  максимизациядан,  немесе  О.Тоффлердің  тілімен 
айтқанда «макрофилиядан» басым түседі. Бұрынғыдай өндірістің көлемі 
мен техникалық және тұрмыстық өмірдің сандық көрсеткіштерінің көлемі 
азаяды. Бөлшектердің дәлдігі өнімнің санын кысқартады.
4. Реттеу биліктері мен деңгейлерінің стандарттылығы мен тұрақты-
лығына  негізделген  коғамның  бұрынғы  иерархиялануы  мен  төрешіл-
діктену мәртебесі құлап, оның орнына мақсатты және ахуалдық байланысқа 
негізделген  уақытша  құрылымдар  мен  байланысты  полифункционалды 
ұйымдар келеді. Қоғамның кеңінен ақпараттануы бұрынғы қоғамдық вер-
тикальды  бөліністі  экономикалық,  әлеуметтік,  психикалық,  көркемдік, 
медициналық  және  жыныстық  мәселелерді  шешуші  дербес  топтардың 
арасындағы өзара әрекеттің горизонтальды жағдайына әкеледі.
5. Стандарттық қоршаудың бұзылып, әр алуандылықтың қалыптасуы 
өндірістің, саясат пен мәдениеттің локальдық (жергілікті) ерекшеліктерін 
игеруге жағдай жасайды. «Жаңа толқын» өркениеті діннің, мәдениеттің, 
экологияның  қалыптасқан  құрылымдарын  біртұтас  экономикалык  үлгі-
лердің  пайдасына  ауыстырмайды.  Дәл  осы  принцип  бұрынғы  шалғай 
түпкірлер мен әлсіз дамушы елдердің маңызды резервтерін қосуға мүм-
кіндік  береді.  Лидерді  қуып  жету  барысындағы  оның  әдіс-тәсілдерін, 
құрылымы мен жетістігіне еліктеп, сапалы секіріс пен адам төзгісіз ауыр 
жолмен даму мақсатын алға қоюдан сақтандырады.
6. Индустриалдық қоғам дамуының алғышарты базистік салалар мен 
инфрақұрылымдарға (ресурстар, жолдар, көлік, капиталдық жабдықтар) 

342                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
орасан зор қаржы мен құралдарды жұмсаумен сипатталса, ал жаңа жағ-
дайларда, «адамдық капитал» маңызды мәнге ие болады, яғни қазіргі тех-
нологияларды,  ең  алдымен  ақпараттың  «интеллектуалды  технологияла-
рын» меңгерген дайын кадрлардың рөлі жоғарылайды.
Енді, әлеуметтік, саяси және мәдени салалардағы өзгерістерге келейік.
Д.  Беллдің  айтуынша,  егер  индустриалдық  қоғамда  кәсіпкер-бизнес-
мендер белсенді рөл атқарса, ендігі «жаңа адамдар» қатарына арнайы ма-
мандар («меритократтар»), дәл ғылымдар элитасы («когнират») — менед-
жерлер,  ғалымдар,  математиктер,  социологтар,  экономистер  және  т.  б. 
жатады.  Сондықтан  өндірістің  жаңа  құрылымдарындағы  жетекшілік  рөл 
өнеркәсіптік-қаржылық корпорацияларға емес, зерттеу мен даму орталық-
тарына,  тәжірибе  зертханаларына  тиесілі.  Таптық  байланыстардың  әлсі-
реуі  идентификациялық  формалардың  партикулярлық,  өзгермелі  және 
кейде ескі қалыптарын да қайта әкелді: территориалдық, кәсіби, этникалық, 
конфессионалдық және «ортақ мүддесіне» қарай т. б. түрлері. Болмыс пен 
өзіндік сананың осындай бұрынғы формалары нарықтық және азаматтық 
қатынастар  жүйесіне  бейімделе  отырып,  қайта  жаңғыра  түсу  үрдісі  де 
байқалады.
Саяси салада көпшіліктің мүддесін көздейтін партиялық жүйе жаңа 
жағдайлардың талаптарына қарай бейімделеді. Әртүрлі азшылықтардың 
мүддесі мен құқықтарын жалпы жүйеде қамтамасыз ете отырып қорғай-
тын қоғамда көптеген ұйымдар пайда болады. Әдетте көпшіліктің еркін 
білдіретін демократиялық принцип те осылай қарай ыңғайланады.
Д.Беллдің  ойынша,  мәдениет  техникамен  салыстырғанда  өркениет-
тің динамикалық компонентіне айналды. Әрине мәдениет өзге институ-
ционалдық  негізгі  құндылықтармен  салыстырғанда  инерттілігімен 
ерекшеленеді.  Бірақ  жаңа  принциптердің  заңды  шығарушысы  ретінде 
жаңалық  пен  оригиналдылықтың  негізгі  құндылықтар  екендігін  мойын-
дата отырып жетекші орынға ие болған жаңа мәдениет қоғамның өмірін 
түрлендіреді. Қоғам енді жаңалықты енжар түрде қабылдап қана қоймай, 
ескіліктен шығармашылықты жаппай тұтынатын барлығын қамтушы ры-
нокка айналды. Авангардтың жеңісін жалпы мойындағандықтан барлық 
мәдениет оның образына сай үлгіге келеді. Авангард идеясы заңды түрде 
адамгершілік,  әдеп-ғұрып  және  әлеуметтік  қатынастар  салаларында 
мәдениет приматын бекітуге қызмет етеді.
Индустриалдыққа  дейінгі  қоғамда  адам  өзінің  тұлғалы  контактінің 
негізгі  жүктемесін  –  өзге  адаммен,  ұстазбен,  данышпанмен  және  т.  б. 
бөлісті. Бұл контакт, әрине бүгінгі күні де адам қалыптасуының бастапқы 
кезеңдерімен  қатар  қарым-қатынастың  өзге  де  салаларында  үлкен  орын 
алады. Бірақ, кешегі күнге дейін кітап мәдениеті үстемдік етіп келді. Осы-
ған сәйкес әрбір адам өзін қалыптастыру процесі мен деңгейін ұстап тұру 
барысында жүздеген және мыңдаған кітап немесе өзге басылым өнімдерін 
тұтынып келді. Бұл мәдениет пәтерлерді кітаптар мен жорналдарға тол-
тырды,  кітапханалық  қоймалар  мен  кітап  басушы  индустрияның  кең 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        343
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
тармақты  торабын  қалыптастырды.  Бірнеше  ғасырлар  бойы  мәтіндік 
әдебиет көркем шығармашылықтың негізгі формасы болып келді.
Постиндустриалды,  ақпараттық  қоғамда  аудиовизуалды  техникаға, 
компьютердің  видеотехникамен  және  басқа  да  байланыс  құралдарымен 
біріктірілген  жүйелерінің  негізінде  қалыптасқан  «экрандық»  мәдениет 
үлкен мәнге ие бола бастады. Ақпаратты өндіру, сақтау, тарату және тұты-
ну  мүлікті  өзге  технологиялық  негізде  өндіреді  және  бұл  мәдениеттегі 
түбірлі өзгерістерге әкеледі. Бұл қандай өзгерістер?
1.  Ақпаратты  өңдеу  мен  тасымалдаудың  компьютерлік  ғарыштық 
технологиясына негізделген «экрандық мәдениет» өзінің табиғи болмы-
сы  жағынан  интернационалды  және  ұлттық-мемлекеттік  шекараларды 
оңай  кесіп  өте  алады.  Оның  тілдік  шектеулермен  де  байланысы  жоқ, 
сондықтан  әртүрлі  тілдегі  аудиториялық  санаға  «аудармашысыз»  кіре 
алады.
2. Ақпарат сақтаудың жаңа жүйелерінің компактілігі (шағын сыйым-
дылығы) және кез келген қашықтыққа дәл және тез тасымалдану мүмкін-
дігі  кез  келген  процесті,  оның  ішінде  өндірісті,  басқаруды,  білім  беруді 
және т. б. түбірлі түрде орталықсыздандыруға қабілетті. Орталықтанған 
иерархиялық  (сатылы)  жүйенің  орнына  мақсаттары  мен  қызметтерінің 
динамикасына қарай оңай трансформацияға көшетін коммуникациялар 
мен қатынастардың желісі пайда болады. Сонымен бірге мұндай коммуни-
кациялық жүйе мемлекеттік органдар мен төрешілік ақпарат қозғалысын 
басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен, жаңа ақпараттық технология ғылыми-техникалық прогрес-
тің  өзге  де  жетістіктерімен  қатар  мәдениет  қызметінің  принциптерін, 
рухани  процестердің  мазмұны  мен  ағымын,  білімнің  формалары  мен 
ойлаудың типтеріні көп жағдайда өзгерте алады.
3.  Бұқаралық  коммуникацияның  қазіргі  каналдары  арқылы  алына-
тын  ақпараттың  алуан  түрлілігі  мен  жеткіліктілігі  бір  жағынан  әлемдік 
мәдени-ақпараттық кеңістіктің біртектілігіне, барьерлер мен перделердің 
алынуына, ал екінші жағынан адамның өз бағдарына жауап бере алатын 
және  таңдай  алатындай  ақпараттың  үлкен  әр  алуандылығына  әкеледі. 
Видеокомпьютерлік және ғарыштық байланыс барлық елдер мен халық-
тарда болып жаткан әртүрлі жағдайлар, құбылыстар туралы дәл мағлұ-
маттарды адамның көз алдына әкеледі.
Ақпараттық кеңістіктің біртектілігі барлық мәдениеттердің түпкілікті 
ұқсастықтарын  адамға  таңбайды.  Керісінше,  өзге  акпараттық  желідерде 
қызығушылық туғызатын және қосымша ақпарат әкелетін ұксастығы жоқ 
қасиеттер ерекше құндылыққа айналады.
Экран, әрине жазба мәтінді жоққа шығармайды, қайта оны ауызша 
сөзбен,  бейнелік  көріністермен,  анимациялық  тәсілмен,  музыкалық  ды-
быспен және т. б. толықтырады. Оның үстіне әрбір мәтін және кез келген 
бағдарлама әртүрлі  мәнде, қозғалысқа және басқаруға бейімді болып кел-
ді. Мәтіннен, мәдени субъектіге бағытталған бір мәнді және бір бағыттағы 

344                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ақпарат ағымының орнына экранмен сұхбат (диалог) элементтері пайда 
болады.
Постиндустриалдық  қоғамда  болашаққа  қарай  бағдар  ұстау  басым 
болып  келеді.  Даму  мен  гүлденуге  әкелген  тарихи  жол  ретінде  өткенді 
бағалай отырып, оптимистік үрдіс өзін толығымен болашаққа арнау үшін 
дамуға кедергі келтіретін өткенді «мұрағатқа өткізуді» қажет етеді. Кейде 
өткен шақ «ретро» стилінде жаңа өмір салтына енуі де мүмкін. Қоғам жал-
пы болашақтың сценарийін құруы тиіс, алдағы нарық өзгерістерін болжау 
барысында  үкімет  пен  корпорациялар  жоспарлар  құруы  керек.  Бұлай 
болмаған жағдайда үкімет сайлауы да жиілейді, корпорациялар шығынға 
ұшырайды, ол одан таңдау мен болжамдағы өз қателігін енді қайталамау-
ға  тырысады.  Бұл  қондырғы  адамның  сезімталдығы  мен  менталитетіне 
әсер  етеді.  Оның  реакциясына  жаңашылдықты  ұстап  калуға,  жарамсыз 
кәсіптен  аулақ  болуға,  «уақытты  сезінуге»,  бүгінгіні  болашақтың  болжа-
мымен ұштастыра білуге септігін тигізеді.
Француз социологы А. Моль масс-медианың пайда болуымен қоғам 
мен  индивидтің  бұрынғы  мәдени  жетістігі  өзінің  мәнін  жоғалта  бастай-
ды  деп  есептейді  [6].  Тіпті  қоғамда  қабылданған  базалық  білім  беру 
жүйесі  де  өзінің  бұрынғы  рөлінен  айырылады.  Қатардағы  адам  үшін 
отбасындағы,  мектептегі  немесе  колледждегі  алынған  білім  мөлшерінен 
гөрі  радиодан  естіген,  теледидар  немесе  кинодан  көрген,  газеттер  мен 
жарқағаздардан оқығандары үлкен мәнге ие бола бастайды. Нәтижесінде 
тұлғаның дүниетанымы мен құрылымын құрайтын бұрынғы білімдер мен 
құндылықтар  жүйесі  масс-медианың  ықпалымен  қалыптасып  отыратын 
ауыспалы қондырғылармен алмастырылады.
Бірақ  мұны  «техникалық»  қондырғының  бейнесі  деп  түсінуге  бол-
майды.  Бүкіл  елдің  компьютерлендірілуі  білім  мен  ақпарат  таратудың 
ескі  формаларының  барлығын  жоюды  білдірмейді.  Мәдениет  трансля-
циясының  тұлғалык  формалары  –  ата-аналардан  балаларға,  ұстаздан 
шәкіртке сияқты формалары бұрынғысынша өз рөлдерін атқара береді. 
Адам рухының жоғарғы образдары мен жоғаргы құндылықтарын білдіре-
тін классикалық өнер мен кітап мәдениеті де сақталады. «Компьютерлік 
төңкеріске»  қарамастан  дамыған  елдерде  мәдени  ренессанс  және  бест-
селлер  рыногының  кеңею  үрдістері  де  байқалады.  Бірақ  жаңа  дәуір 
информатиканың  жаңа  құралдары  басым  болатын  рухани  өмірдің  өзге 
құрылымын қалыптастырады.
Сонымен  жаңа  постиндустриалды,  ақпараттық  қоғамның  өмірдің 
барлық салаларындағы жалпы сипаттамасы осындай. Уақыттың билігіне 
пирамидалар  ғана  бағынбайды.  Қазірдің  өзінде  күнделікті  өмірге  ене 
бастаған бұл жаңа дәуірдің құндылықтары ертеңгі күні қоғамдық болмыс-
ты анықтайтын доминантқа айналуы да сөзсіз.
Әлемдік даму осындай бағдар ұстаған тұста бүгінгі тәуелсіз Қазақстан 
алдында уақыт талабынан туындайтып қатал міндеттер тұр: жаңғырту, за-
ман ағымына бейімделу, әлемдік өркениеттің даңғыл жолына түсу және 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        345
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
тез өзгермелі заманда болашаққа бағдар ұстайтын стратегиялық курсты 
айқындау.
Жаңғырту міндетін, «ең алғаш XX ғасырдың басында қазақтың рефор-
машыл-демократтары қойған еді. Бұл мәселенің шешу мүмкіндігінен екі 
рет айырылып қалдық. Алғашқысында, Ресей және оның ұлттық аймақ-
тармен  қарым-қатынасының  демократияландыру  мүмкіндігін  больше-
виктер  кесіп  тастады.  Үлкен  адамдық,  интеллектуалдық  шығындар  мен 
моральдық  құрбандықтарды  көтере  отырып,  психологиясына  экология-
ны  айтпағанның  өзінде  құлдық  қасиеттің  вирусы  енгізілген  ұлт  артқа 
лақтырылды. Екінші рет горбачевтік қайта құру кезіндегі огарев процесі 
барысында  ұлттық  республикалардың  өкілдерінің  берілген  егемендікті 
нақты  автономияға  айналдыруға  мүмкіндіктері  бар  еді.  Бұл  жағдайда 
Қазақстан автономиясы жөніндегі Алашорда бағдарламасы нақты үлгіге 
айналар еді» [7, 32 б.].
Алаш  қозғалысы  төңірегіндегі  қазақ  зиялылығының  жаңа  буыны, 
дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдерінің мұраты болған қазақ халқының 
ұлттық төлтумалылығын сақтау, рулық-тайпалық ұстанымдардан арылып 
ұлттық  бірегейлікті  орнықтыру,  ұлттық  мемлекеттілікті  қалыптастыру 
мәселелері  бүгінгі  күннің  де  көкейтесті  мәселесіне  айналды.  Профессор 
Т.Х. Ғабитовтың ойынша «беті жабулы қазанның ішіндегі әлемдік мұрадан 
нәр ала алмайды. Сондықтан заман талабын мәдени уақытта кванттау (ай-
ырып алып толтыру) қажет» [8, 63 б.].
Қазіргі уақытта мәдениет адам болмысының эпицентрі ретінде пай-
ымдала  бастады.  Кез  келген  ұлт  немесе  халық  өзіндік  ерекшеліктерін 
жоғалтпай  мәдени  бірегейлігін  сақтаған  жағдайда  ғана  өмір  сүре  және 
дами алады деген көзқарас бекіді. Сонымен бірге өзге халықтар мен ұлт-
тардан  бөлектеніп  «қытай  қорғанын»  құрып  алып  емес,  олармен  өзара 
әрекеттесе, мәдени құндылықтармен алмаса отырып дамиды.
Күрделі тарихи және табиғи жағдайларда Қазақстан өзге елдер мен 
халықтардың,  Батыс  пен  Шығыстың,  Оңтүстік  пен  Солтүстіктің  ықпал-
дарын бойына сіңіре отырып өзінің төлтума мәдениетін қалыптастырып, 
сақтап  келді.  Қазіргі  отандық  мәдениетгің  алдындағы  күрделі  міндет  – 
болашаққа  бағытталған  мәдени  бағдарды  қалыптастыру.  Бұл  үшін  жал-
пы  сауаттылық  жетістігі,  халықтың  білімінің  біршама  жоғары  деңгейі 
маңызды  алғышарттар  бар.  Дегенмен  де  бұл  ғаламдық  міндетті  шешу 
өте күрделі,  өйткені  бұл бүкіл өзінің  тарихи дамуы  барысындағы  біздің 
мәдениетке тән терең қайшылықтарды мойындауды қажет етеді.
Бұл қайшылықтар дәстүр мен жаңашылдықтың, ұлттық және әлем-
дік  мәдениеттердің,  төлтума  және  батыстық  мәдениеттердің,  рухани 
құндылықтар  мен  нарықтық  құндылықтардың,  тәуелсіз  сана  мен  адам 
болмысындағы  отаршылдық  пен  тоталитаризм  қалдықтарының  ара 
қатынасына негізделеді.
Отандық  мәдениеттің  бастан  кешіріп  отырған  аласапыран  кезеңі 
–  жаңа  құбылыс  емес,  тарихи  дамуда  қайталанып  отыратын  құбылыс. 

346                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал