Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет43/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
[15, 48 б.] нәтижесінде қоғамымыз көптеген өзгерістер мен жаңалықтарды 
басынан  өткізді.  Экономикада  нарықтық  қатынастарға  көшсек,  сая-
си  салада  демократиялық  ашық  қоғам  құруға  ұмтылдық.  Ал  батыстың 
бұқаралық мәдениетінің үлгілері қазақы болмысты жан-жақты ығыстыра 
отырып,  әсіресе  жастардың  санасынан  орын  ала  бастады.  Батыстық 
мәдениет  пен  ұлттық  мәдениеттің,  метрополиядан  енген  инновация-
лар  мен  дәстүрдің  арақатынасын,  алғашқыларының  әсер  ету  деңгейін 
анықтамас  бұрын,  кешегі  көшпенділер  ұрпағы  үшін  жаңалық  болып 
отырған нарықтық қатынастар ұғымы, оның сипаттамасы мен функцио-
налды құндылықтарын, қарама-қайшылықтары мен мәдениетке ықпалын 
қарастырайық.
Нарықтық  шаруашылықтың  негізгі  белгілері  отырықшылық  пен 
қала  мәдениетінің,  жазудың,  меншіктің,  мемлекеттік,  азаматтық  қоғам-
ның алғашқы нышандары пайда бола бастаған ежелгі дүниенің өркениет 
ошақтарында қалыптаса бастады. Ұзақ эволюциядан өткен бұл қатынас-
тар  жаңа  заманда  Еуропадағы  тауар-ақша  қатынастары  мен  машина-
лы  төңкерістің  орын  алуы  нәтижесінде  жедел  қарқынмен  дамып,  өткен 
ғасырда бүкіләлемдік сипат алды.
Индустриялық  қоғамның  әлеуметтік  принциптері  социологиялық 
әдебиеттерде  жан-жақты  зерттелген,  ал  осы  буржуазиялық  қоғамның 
шаруашылық мәдениеті мен этикасы М.Вебердің еңбектерінде [21] сөз бо-
лады. Капитализмнің өсуі ағартушылықтың кең қанат жаюымен, ұлттық 
мәдениеттердің қалыптасуымен, әлеуметтік-мәдени реттеудің компонен-
ті  ретінде  азаматтық  құқықтың  бекітілуі  сияқты  мәдени  өзгерістермен 
қатар  жүрді.  Кейінірек  ғылыми-техникалық  төңкерістің  нәтижесінде 
өндірістік еңбек пен ғылыми білім арасындағы байланыс ерекше күшейе 
түсті.  Бұл  кезеңге  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  АҚІІІ,  кейінірек 
1930-50-жылдары  Батыс  Еуропа,  ал  50-60-жылдары  Жапония  және  т.  б. 
Қиыр  Шығыс  елдері  түсті.  Ғылыми-техникалық  прогресс  техниканы 
жаңа  қоғамның  негізгі  қозғаушы  күші  ретінде  бекітіп,  адамның  болмы-
сы мен дүниетанымын белгілі дәрежеде өзгерістерге (трансформацияға) 
ұшыратты.  Өндірістік  және  технологиялық  бәсекенің  нәтижесінде 
бұрынғы саяси және мәдени шекаралар бұзылып, қоғамдар арасындағы 
кеңістіктегі  кедергілерді  жойып  жібере  алатын  коммуникацияның  жаңа 
құралдары  –  масс-медия  пайда  болды.  Ал  рухани  мәдениет  бұқаралық 
сананың индустриясына айналды.
Енді нарықтық қатынастарға тән функционалдық құндылықтарға келейік.
1. Жетістік және табыс. Бұл – байлыққа жету жолындағы буржуазия-
лық  қоғамға  тән  негізгі  құндылықтар.  Осы  мақсатта  көбіне  аморальдық 
және тіпті, кейде қылмыстық тәсілдер де қолданыс табады.
2. Жеке меншікке ие болу. Нарықтық тұлғаның құндылықтар жүйесінде 
бұл  ең  негізгі  орынды  алады.  Э.Фроммның  кең  танымал  кітабының 
атауындағы келтірілген дилемма [22] (Иемдену, не болу) осы құндылыққа 
меңзейді.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        323
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
3.  Индивидуализм.  Буржуазиялық  санада  еркіндік,  мүмкіндіктер 
тендігі,  бәсекелестік,  жеке  табыс  деген  ұғымдармен  тығыз  байланыс-
ты  болғанымен  нақты  өмірде  адамға  қатысты  –  антигумандылығымен, 
қоғамға  қатысты  –  антиәлеуметтілігімен,  мемлекет  пен  заңға  қатысты  – 
антидемократиялығымен сипатталады.
4.  Құқық.  Сот  жүйесі  арқылы  қамтамасыз  етілетін  міндетті  қалып-
тардың  (нормалардың)  қабылданған  жүйесі.  Бұл  ең  алдымен  жеке  мен-
шікті қорғауға бағытталған.
5. Белсенділік және еңбек. Бұл – тауар мен капиталдың үнемі айналым-
да  болу  қажеттілігінен  туындайтын  құндылықтар.  Бұл  әлеуметтік  және 
мәдени  құрылымдардың  барлық  алуан  түрлі  элементтерін  қарқынды 
қозғалысқа келтіреді.
6. Тұтынушылық. Бұрынғы рухани құндылықтардың орнын гедонизм, ма-
териалдық комфорт, кеңейтілген тұтынушылық (ширпотреб) алмастырады.
7.  Универсализм.  Яғни  батыстық  қоғам  құндылықтарының  өзге  мәде-
ниеттерге таралуы немесе американдық пен еуропалық мәдениеттің «қал-
ғандарынан» үстемдігі.
8.  Практицизм  (прагматизм)  және  рационализм.  Тургеневтің  «Әкелер 
мен  балалар»  романындағы  негізгі  кейіпкер  Базаровтың  образына  тән. 
Оның  ойынша,  ең  бастысы  –  өмірдің  шарттарын  практикалық  есептеу, 
сондықтан да «тиянақты химик кез келген ақыннан жиырма есе пайдалы».
Жоғарыда  жалпылама  келтірілген  батыстық  құндылықтар  мен  на-
рықтық қатынастар әлеуметтік және мәдени салада карама-қайшылықтар 
қалыптастырады.  Нарық  пен  капитал,  мемлекет,  бюрократтық  режим, 
кейде, тіпті бүкіл қоғам адамның қалыпты жүріс-тұрысы мен ойлау тәрті-
біне мүлдем сай келмегендіктен оның табысқа жетуден үміті үзіліп, ішкі 
үйлесімділігі  мен  бағдарын  жоғалтады.  Философия  мен  әлеуметтік  пси-
хологияда  «бөлектену»  (отчуждение)  деген  ұғыммен  белгілі  бұл  көңіл 
күй кейде аномиямен (нормадан тыс, Э.Дюркгейм, Г.Мертон) де астасып 
жатады. Адамның «жалпы механизмге бағынған бұрандаға айналуы» [23, 
689 б.] экзистенциалдык фрустрация феномендерін, оның шектен шыққан 
формасы  –  суицидизмді  өмірге  әкеледі.  Бұл  жағдайлар  белгілі  жазушы 
Ф.  Кафканың  романдары  мен  әңгімелерінде  («Үкім»,  «Түрме»  т.  б.)  [24] 
реалистік  тұрғыда  сипатталса,  француз  ойшылы  А.Камю  шығармала-
рында  философиялық  тұрғыда  пайымдалады.  («Сизиф  туралы  аңыз») 
[25,  252-309  бб.].  Қазіргі  заманғы  батыстық  мәдениеттің  универсалды  ба-
сты  принципі  түріндегі  техницизмнің  жаппай  таралуы  гуманитарлық 
бағдардағы  зиялы  қауым  өкілдерінің  антитехницистік,  антисциентистік 
қозғалыстарын тудырды.
Бұқаралық мәдениет классикалық мәдениеттің декаденттік дағдарысқа 
ұшырағаннан кейін, бұрынғы «мәдениеттің репрессиялық» (З.Фрейд) си-
патынан  босанған  соң  1914-1929  жылдары  АҚШ-та  қалыптасты.  Бірінші 
дүниежүзілік соғыстан кейінгі «Ұлы депрессиядан Американы құтқарған 
Голливуд»  деп  айтылады.  Мәдениеттің  бұл  типі  мен  варианты  жалпы 

324                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
мәдениеттің  қызмет  ету  функциясын  түбегейлі  өзгертті.  Ол  төмендегі 
кызметтерімен сипатталады: тұрақсыз, сенімсіз, ауыспалы және өзгермелі 
уақыт  ағымында  адамның  әлеуметтілігі  мен  мекен  ету  аймағын  (виталь-
ность)  камтамасыз  ету,  психологиялық  кернеу  мен  қақтығыстық  ахуал-
ды бәсеңдету, бұқаралық ақпарат құралдарының рухани реттеушіліктегі 
универсалдығы, адамның талғамы мен өмір сүру стилін қамтамасыз ету, 
әлеуметтік топтарды жақындастыру және т. б.» [26, 134 б.].
Апологеттік концепцияларда бұқаралық мәдениет өмірлік деңгейдің 
өсуі мен қоғамдық өмірді демократияландыруға ықпал ететін негізгі фактор 
ретінде көрінгенімен, оны сыни тұрғыдан пайымдайтын теориялар да бар. 
Мысалы, Г.Маркузе өзінің «Бір өлшемді адам» деген еңбегінде оны қалың 
бұқараның жағдайы мен қоғамдық сананы бағындырушы құрал ретінде сы-
найды [27]. Э.Фромм өз еңбектерінде техника дамуының дегуманитарлық 
салдарын  жазады  [28].  Ал  белгілі  испан  ойшылы  Х.Ортега-и  Гассет 
бұқаралық мәдениетті жоғары және элитарлық мәдениет тұрғысынан сы-
найды [29]. Мұнан өзге көптеген жалпы бұқаралық мәдениетке деген сыни 
көзқарастарда бұл құбылыс – «демонизм», «төменгі сапалы», «тұтынушы», 
«белден төменгі» т. б мәдениет түрлерінде талқыланады.
Егер мәдениеттану ғылымында негізінен екі дилемма – Батыс және 
Шығыс  ажыратылатын  болса,  ал  көшпелі  қазақтардың  шығыстың  оты-
рықшы  өркениеттерінен  де  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Сонымен  қатар, 
қазақтардың  өзге  де  көршілес  халықтардан,  мысалы  жоңғарлардан, 
қалмақтардан  құндылықтар  жүйесінде  елеулі  айырмашылықтары  бар. 
Олар бір орталыққа бағынған қуатты әскери мемлекет кұрып, озбырлық 
пиғылдарымен ерекшеленсе, қазақтар өз этнонимі сипаттап тұрғандай 
(«қазақшылық» – еркіндік) мемлекеттілік идеологиясының деңгейі төмен, 
бірақ  атамекенін  сыртқы  жаудан  қорғау  олардың  бастарын  біріктіріп 
отырды.
Көшпелі  шаруашылыққа  негізделген  біздің  халқымыздың  дәстүрлі 
мәдениеті үшін батыстық құндылықтар мүлдем жат. Олардың арасындағы 
түбірлі  айырмашылықтар  төмендегі  негізгі  дихотомиялармен  байла-
нысты.  Өмір  сүру  тәртібінде  отырықшылдық-көшпенділік,  мекен  ету 
аймағында  қала  –  дала,  шаруашылық  жүргізу  үрдісінде  интенсивтілік  – 
экспансивтілік,  саяси  салада  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  –  рулық 
қауымға негізделген конфедерация, әлеуметтік қатынастарындағы таптық 
байланыс – қандас-туыстық байланыс, құқық жүйесінде заң – әдет, қорша-
ған  орта  мен  табиғатқа  қатынасында  эксплуатация  –  экология,  рухани 
мәдениетінде  жазба  дәстүр  –  ауызша  дәстүр,  дамуында  өзгерістер  –  тұ-
рақтылық, рухани құндылықтар жүйесінде индивидуализм – рушылдық, 
ұят-ар, прагматизм – жомарттық, рационализм – гедонизм.
Метрополиядан  ене  бастаған  жаңашылдықтардың  (инновация)  сал-
дарынан  дәстүрлі  мәдениеттің  эрозияға  ұшырауы  барысындағы  құнды-
лықтар жүйесіндегі өзгерістерді он тоғызыншы ғасырдың зар-заман ақын-
дары  мен  Абай  жырлаған  еді.  Халқымыздың  бойына  жат  қылықтарды 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        325
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
саралай  келе  «ел  қыдырып  ас  ішіп»,  еркек  арын  сататын,  ел  бұзатын 
тентектерді Абай «пысықтар» деп атап, оның типін даралайды:
«Пысық деген ант шықты
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты» [30, 96 б.].
Ұлы ақынның бұл сөздері бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтқан 
жоқ.  Ұзаққа  созылған  трансформациялық  кезеңдерден  соң  дәстүрлі 
құндылықтар жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады. Нәтижеде, халқымызға 
тән  қанағатшылдық  (Қанағат  қарын  тойғызады)  –  пайдакүнемділікке, 
имандылық – имансыздыққа, жанынан жоғары тұратын ар – көрсеқызар-
лыққа, байтақ далаға тән кеңпейіл – күншілдікке, жомарттық – бақай есеп-
ке, қонақжайлылық – сарандыққа, қара қылды қақ жаратын әділеттілік – 
пәлеқорлық пен жалақорлыққа, батырға тән аңғалдық – қулық-сұмдыққа, 
жаңалыққа құштарлық – өсек-аяңға, сабырлылық – күйгелектілікке, уәде 
мен антқа беріктілік (ең жаман қарғыс «ант ұрсын») – өтірік пен сатқындық-
қа,  ер  мінезділік  –  пысықтыққа,  үлкенге  деген  құрмет  –  көргенсіздікке, 
төзімділік – шыдамсыздыққа, қарапайымдылық – даңғойлыққа айналды. 
Бүгінгі  әлеуметтік  және  мәдени  энтропия  жағдайында  жоғарыдағы  жат 
қасиеттерге бұрын құлақ естіп, көз көрмеген қылықтар мен құбылыстар 
қосылды: жыныстық бағдарын өзгерту, жезөкшелік, саудагершілік, зина-
қорлықпен қатар қылмыстық әлемде кісі өлтіру, әйел зорлау, өз-өзіне қол 
жұмсау т. с. с.
Дегенмен  де,  бүгінгі  өркениеттік  өмір  тәртібін  түгелдей  қаралап, 
оны толығымен теріске шығаруға болмайды. Тарих доңғалағы бізге бағы-
нып, кері айнала алмайды. Егер біз қазіргі өмір шындығын дәстүрлі құн-
дылықтар  тұрғысынан  сынайтын  немесе  бағалайтын  болсақ,  онда  қате-
ліктерге  бой  ұрамыз.  Біздің  бүкіл  материалдық  мәдениетіміз,  рухани 
дүниетанымымыз,  әдет-ғұрпымыз  бен  салт-дәстүріміз,  тіпті  тамақтану 
рационымызға дейін көшпелі мал шаруашылығы мен соған сәйкес өмір 
сүру  тәртібіне  негізделіп  құрылған.  Егер  қатал  табиғат  қойнауындағы 
шаруашылық пен өмір тәртібі, көшпендіге тән қозғалыс ет, сүт өнімдерін 
молынан  пайдалануды  талап  етсе,  урбанизация  деңгейі  жоғары  және 
өмірқамы отырықшылдыққа бейімделген бүгінгі жағдайға мұндай тұты-
нушылық өзін ақтамайды және күнделікті рационға жеміс-жидек аралас-
тырмаса қиын салдарларға соқтыруы мүмкін.
Дәстүр – түптеп келгенде адамның материалдық және рухани қажет-
тіліктерін  өтеуге  негізделген,  сол  себепті  ол  замана  талаптарына  сай 
өзгеріске  түсіп  немесе  жаңартылып  отырады.  Қазіргі  техногендік  өрке-
ниет  функционалды  рационалдылығымен,  тартымдылығымен,  ыңғайлы-
лығымен  ерекшеленіп,  адамның  өмірқамының  жеңілдігін  қамтамасыз 
етеді. «Капиталистік қоғамда адамды «нарыққа» тәрбиелеу, оның «нарық-

326                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
тық»  менталитеті  мен  санасын  қалыптастыру  тым  жас  кезден  бастала-
ды,  жеткіншекті  икемділікке  баулиды,  іскерлік  белсенділік  пен  бәсекеге 
үйретеді. Материалдық байлыққа, өмірлік жақсы жағдайға деген қажеттілік, 
өзінің  тұрмыстық  жағдайын  түзеуге  деген  ұмтылыс  азаматтық  өркениет 
дамуының қуатты ынталандырушы күші болып табылады» [31, 19 б.].
Біздің  бүгінгі  қалыптасқан  ахуал,  бір  ғасыр  ішінде  бірнеше  түбірлі 
мәдени  өзгерістерді  бастан  кешіре  отырып,  белгілі  дәрежеде  эрозияға 
ұшыраған ұлттық дәстүріміздің сақталу деңгейі және батыстық бұқаралық 
мәдениеттің үнсіз агрессиясы немесе оның ықпал ету деңгейі әсіресе жас-
тар  арасында  алаңдатарлық  жағдай  туғызып  отыр.  Техногендік  дамуға 
тән экрандық және клиптік мәдениеттің жойқын күші осыны дәлелдейді. 
Дәстүрлі рухани құндылықтармен қатар адамзат баласының ойлап тапқан 
ұлы туындысы – Кітап беделіне де үлкен қауіп төніп отыр. «Өркениеттік 
қауымдастықка ену» деген ұранының астында электронды технократизм 
әсерінен мәңгүрттену үрдісі онан әрі күшейе түсуде. Социомәдени кеңістік 
пен  индивидуалдық  санада  әлеуметтік  енжарлық,  аномия,  азаматтық 
нигилизм  сияқты  келеңсіз  құбылыстар  бүгінгі  күннің  шындығына  ай-
налды.  Өзінін  жеті  атасын  немесе  түйеде  неше  өркеш  барын  білмейтін 
қазіргі ұрпақ «көк қағаздың», киллердің, шулердің, гомосексуалистің кім 
екенін  жақсы  біледі.  Бөгенбайды,  Қабанбайды,  Кенесарыны  білмесе  де, 
Шварцнеггер мен Сталлонені, Брюс Ли мен Ван-Даммды жақсы таниды. 
Бекболат  Тілеухановтың  орындауындағы  халық  әндері  мен  күйлерінен 
гөрі, батыстық хип-хоп, рэп, рок, хэви-металл тәрізді стильдер мен жанр-
лардағы  даңғаза  музыкаға  әуес.  Батыстық  шоу-мәдениеттің  немесе  шу 
мәдениеттің тегеуріні осындай салдарға әкелді.
Дәстүр мен Жаңашылдық арақатынасы кез келген ұлттың әлеуметтік-
мәдени  динамикасында,  әсіресе  транзитті  қоғамдарда  күрделі  және  қай-
шылықты мәселелердің қатарына жатады. Олардың өзара әсерінің негізгі 
үш  формасын  айқындауға  болады:  біріншісі  –  жаңашылдыққа  қарсылық 
көрсете  отырып,  оны  теріске  шығару  және  ескі  тәртіпке  сүйену;  екіншісі 
– жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі – жаңа-
шылдықты өзгерте отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру. 
Егер  мәдени  Жаңашылдық  қоғамға  тереңінен  сіңіп,  ал  мемлекет 
–  Дәстүрдің  сақтаушысы  болса,  онда  бұл  талас  соңғысының  мүддесіне 
шешілмейді.  Қазақстандық  қоғамда  ұлттық  дәстүрді  қайта  жанданды-
ру  бұқаралык  сипат  ала  алған  жоқ.  Сондықтан  тұрғындардың  басым 
бөлігі дәстүрлі қалыптарды бұза отырып, нарыққа бейімделу барысында 
жаңашылдық пен таңсық (экзотика) атаулының барлығын байыбына ба-
рып сараламай қабылдауда немесе жөн-жосықсыз жұтуда. Тұрғындардың 
келесі бір бөлігі – орта және онан жоғары буын өкілдері реформаға қарсы 
шығып,  ескіні  қайтаруды  талап  етіп,  дәстүршілдікті  көксейді.  Жаңа 
жағдайға тез бейімделе алғандар – негізінен қала жастары. Бірақ бұл жер-
де  жаңашылдық  дәстүрге  сай  формаларға  бейімделмеген.  Бұл  қоғамда 
мәңгүрттену үрдісінің етек алып келе жатқандығын байқатты.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        327
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Мәдениеттердің өзара әсерінің технологиялық интеграция жағдайын-
да  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мәдениеттің  ақпараттық  және  коммуни-
кативті  қызметтері  қазіргі  интеграциялық  процесте  ұлттық  мәдениет 
дамуына  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін.  Шындығында  биліктің  құдіреті,  ең 
алдымен оның мәдени (рухани) гегемониясында: сананы басқара алатын 
нәрсе шын мәнінде адамдарды да бағындыра алады. Технологиялық ком-
муникацияның әр алуан түрлері (өндірістің, көліктің, телекоммуникация 
мен  байланыстың,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жаңа  технология-
лары) бұқаралық санаға, әлеуметтік және индивидуалдық жүріс-тұрысқа, 
құндылықтық  бағдарға  орасан-зор  ықпалын  тигізді.  Өмір  тәртібінің 
стереотиптендірілуі, адамдар арасында қатынастардағы стандарттық кли-
ше,  экспрессия,  қылықтар,  мимика,  артикуляция,  киіну  стилі  –  осының 
бәрі  мәдениеттің  коммуникативті  процесіндегі  психологиялық  ерекше-
ліктердің нәтижелері. Ал бұл адамзаттың техникалық жетістіктерін реф-
лекссіз, пайымдаусыз және жойқын күшпен пайдалануының салдары.
Технологиялық  коммуникация  құралдарының  –  жарнамалар,  кино-
видеоөнімдер, әртүрлі  фирмалар мен автокөліктегі экипировкалар мәде-
ниеттің индивидуалдық және әлеуметтік субъектілеріне, әсіресе жастарға 
деструктивті әсерін тигізеді.
Кез  келген  ақпараттың  астарында  белгілі  бір  философия  бар,  яғни 
кез-келген ақпараттан белгілі бір ұғым қалыптасады. Телеэкрандағы мәнді 
нәрсе  санаға  көшірілуі  арқылы  нақты  өмірде  де  өзекті  болып  шығады. 
Тележурналистер мен жарнамашылардың финанстық пайда түсіру мақ-
сатында  дүрлікпе  қуалауы  қажетсіз  сценалар  мен  сюжеттерді  экранға 
шығарып, ол тікелей жастар санасына қарай жол тартады.
Бұрынғы мәдени қондырғылар идеологиясыздандырылған соң оның 
орны  коммерциялық  негіздегі  жарнамалар  мен  видеотека  арсеналымен 
толықтырылды. Сондықтан да қазіргі бұқаралық сана кез келген деструк-
тивті негіздегі психологиялық манипуляцияға бейім.
Шулер,  киллердің  кім  екенін  ауыл  баласы  да  біледі,  технологиялық 
бум  еліміздің  түпкір-түпкірлеріне  дейін  жетіп,  ауылды  да  аралап  жүр. 
Дегенмен де ұлттық қадір-қасиетіміздің негізгі ұйтқысы – ауыл екені сөз-
сіз. Қазақ даласы жазы ыстық, қысы суык, жері қуаң аридті аймаққа жа-
тады. Осыған сәйкес бірнеше мыңдаған жыл бойы бұл аймақта негізінен 
жалғыз шаруашылық-мәдени тип – көшпелі мал шаруашылығы үстемдік 
етті. Ата-бабаларымыз экожүйемен санаса отырып қатал табиғат аясын-
да қауымдасу арқылы берекелі тірлік құрып келді. «Ауыл болсаң, қауым 
бол», «Көппен көрген ұлы той» деген тұжырымдар осының дәлелі. Рулық 
жүйенің де осыған сай бөлінуі этникалық фактордан гөрі әлеуметтік қа-
жеттіліктен  туындайтын  еді.  Салт-дәстүрлер  мен  әдет-ғұрып,  ұлттық 
құндылықтар мен рухани әлем де осы экожүйемен үйлесімді үндестікте 
құрылған еді.
Кеңес дәуіріндегі жаппай ұйымдастыру мен тәркілеу тұсында, көш-
пенділіктің  тамырына  балта  шабылып,  халқымыз  отырықшылдыққа 

328                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
көшті. Ғасырлар бойы шаруашылық дәстүрі мен күнкөріс көзінен солақай 
саясаттың  кесірінен  айрылған  халық  ашаршылық  қырғынын  басынан 
өткізді. Алайда, бұл тұста көшпенділік жойылғанымен ауылдың ұжымдық 
қауымдық қалыбы сақталып қалды.
Ал бүгінгі нарықтық экономика ауылдың бет-бейнесін мүлдем өзгертті. 
Нарықтық экономикаға бет бұрудың жөні осы екен деп, ауыл шаруашылы-
ғының ұжымдық негізін бұзған кезде төрт түлік малды сатуды ғана білетін 
тобыр қаптап шыға келді. «Ауруын жасырған өледі» дейді халық даналығы. 
Ауыл шаруашылығында нарықтық экономиканы экосистемамен теңдесті-
ріп жүргізе алмағандығымыздан небір ұядай қыстаулар қаңырап бос қал-
ды.  Елді  мекендердегі  өндірістік  және  әлеуметтік  инфрақұрылымдардың 
бәрі  жаппай  күйреді.  Бұрынғы  мал  шаруашылығымен  айналысатындар 
жұмысы бар жерлерден де бұрын, мектебі мен емханасы бар орталықтарға 
лықсып көшуде. Сөйтіп, қазақ ұлтының мәйегі болып келген ауылдардың 
шырқы бұзылуда [5, 454 б.].
Ғасыр  аяғындағы  әлеуметтік  сілкіністерге  төзе  алмай,  жаңа  қатынас-
тарға  бейімделе  алмағандардың  негізгі  бөлігі  ауыл  халқы  болды.  Жұмыс 
іздеп, күнкөріс көзін табу мақсатында ауыл жастары қалаға қарай ағылды. 
Бұл  контингент  оңтүстік  астанада  вокзалдар  мен  барахолкаларда  –  жүк 
арқалағандардың, жетім бұрышта – пәтер іздегендердің, Сейфуллин даңғы-
лында – жұмыс іздегендердің, Абай-Саин көшелерінің қиылысындағы тәнін 
сатқандардың қатарын толықтырды. Экономикалық ахуалдың мұндай сал-
дары, сөз жоқ, таяу болашақта-ақ қазақ халқының ұлттық болмысына кері 
әсерін тигізеді.
Кезінде сауатсыз жүргізілген жекешелендірудің салдарын енді түсінген-
дей мемлекет ауыл шаруашылығын жандандыруға енді бет бұрған сыңайлы. 
2000  жылдың  «Мәдениетті  қолдау»  жылы  деп  жариялануына  байланысты 
ауылдық  жерлердегі  дүңгіршектер  мен  мал  қораларға  айналған  мәдениет 
ошақтары (кітапхана, клуб т. б.) қайта қызметін бастады, оның үстіне шаруа-
шылық тіріліп, ауыл жастары қалаға қарай ағылуын тоқтатқандай болды. Ал 
мұндай жағдай ұлттық мәдениетті сақтап қалуға деген үмітті оятты.
Бүгінгі күні әлемдік глобалистикада (мегатенденцияларды зерттейтін 
пән) мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және пессимистік 
пікірлер  қалыптасқан.  Алғашқыларының  сендіруінше  әлемдік  мәдениет 
дұрыс жолмен даму үстінде, келешек ғылыммен, техникамен, ақпаратпен, 
рационалды  ұйымдасқан  экономикамен  байланыстырылып,  батыстық 
мәдениеттің құндылықтары (табыс, билік, еркіндік, күш және т. б.) архе-
типтік деп саналса, батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. 
Пессимистер,  Шпенглерден  бастап  қазіргі  әлемдік  мәдениет  құлдырау 
үстінде деген пікірді ұстанады.
Орыстың  ұлы  ойшылы  Н.Бердяев  1920-жылдардың  өзінде-ақ  былай 
деп жазды: Біз антикалық әлемнің құлаған тұсына ұқсас дәуірде өмір сү-
ріп жатырмыз. Индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының 
тоқтаусыз  өсуі,  тұрғылықты  халық  саны  мен  тұтынушылықтың  шексіз 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        329
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
өсімі,  сенімнің  жойылуы,  рухани  өмірдің  бәсеңдеуі  –  осының  бәрі  адам 
өмірінің  сипатын,  оның  стилін  өзгертіп,  оны  табиғат  ырғағынан  айы-
рып  индустриалды-капиталистік  жүйенің  қалыптасуына  алып  келді. 
Машиналар  мен  техника  және  олардың  билігі  мен  шапшаң  дамуы  екі 
дүниежүзілік  соғыс  пен  әлеуметтік  зілзалаларды,  ашаршылық  пен 
құлақ  естімеген  ауруларды,  атомдық  қатерді,  экологиялық  және  антро-
пологиялық  дағдарыстарды,  адамгершілік  пен  моральдың,  жалпы  руха-
нилықтың  дағдарысын  тудырды.  Қазіргі  заманғы  көптеген  ойшылдар, 
мысалы,  М.Хайдеггер,  К.Ясперс,  Л.Мэмфорд  және  т.  б.  мәдениет  пен 
өркениеттің дағдарысын техникамен байланыстырады.
Дағдарыстық құбылыстардан шығу жолы ретінде адам мен табиғатқа 
қайта жақындау – гуманитарландыру мен этикалық идея ретінде ұсыны-
лады.  Ресейлік  философ  Г.Гачевтің  ойынша  біз  табиғатпен  санасуымыз 
қажет. Жалпы болмыспен, ғарыштағы өзге де көршілерімізбен (сумен, ауа-
мен, ағаштармен, антилоптармен) олардың болмыстағы орнын, өзінділігі 
мен  субъективтілігін  ескере  отырып,  қатысуымыз  керек.  Қазіргі  кездері 
белең алып отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар, эзо-
териялық өмір салты, педагогикалық эксперименттер (мысалы Вальдорф 
педагогикасы), қарапайым тамақтану, медитацияның әртүрлі формалары 
және т. б. болашақ әлемдік мәдениеттің жаңа баламасының нышандары 
болып табылады.
Қоғамымызда білім берудің жаңа моделіне өту барысында орта оқу 
орындарында этика, эстетика, ұлттық дүниетаным сияқты пәндерді енгізу 
аса  маңызды  шаралардың  қатарына  жатады.  Бұл  пәндер  оқушылардың 
рухани  және  көркемдік  құндылықтар  туралы  түсінігін  және  отанымыз-
дың, туған өлкеміздің мәдени жетістіктерінің әлемдік мәдениет дамуы та-
рихындағы алатын орны туралы ұғымын кеңейтеді.
Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  дамуы  барысындағы  ең 
маңызды міндет республиканың болашақ азаматтарын тәрбиелеу, оларға 
терең кәсіби білім берумен қатар, ортақ мәдениет, нағыз зиялылық және 
моральдық қасиеттерді бойына дарыту болып табылады. Әрине, бұл сала-
да қоғамдық пәндердің атқаратын рөлі үлкен.
Әлемдік  және  отандық  мәдениеттің  адамгершілік-эстетикалық  қыр-
ларын  оқып-үйрену  орта  және  жоғары  білім  арасында  осы  күнге  дейін 
сақталып  отырған  саңылаудың  орнын  толтырар  еді.  Мұндай  пәндерді 
мектеп қабырғасына ендірудің нәтижесінде білім беру саласында белгілі 
бір  сатылық  жүйе  бекітіліп,  гуманитарлық  пәндерді  оқытудың  жалпы 
деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туады.
Бүгінгі  күні  қалыптасқан  әлеуметтік,  ғылыми-техникалық  жағдай-
ларға  орай  білім  беру  саласын  техникаландыру  мен  мамандандырудан 
гөрі,  оның  интеллектуалдық  жоне  эстетикалық  шығармашылық  ком-
поненттерін  жоғарылату  маңыздырақ.  Бұрынғы  кеңестік  ағарту  сала-
сының  жетістіктері  мен  басымдылықтары  ұмыт  калды.  Белгілі  ғалым 
А.Х.Қасымжановтың  тұжырымдауынша  «Орталық  Азия  мен  Қазақстан 

330                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал