Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет40/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        299
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Қазақтың хор каппеласы, 
ұлттық би ансамбльдері кірді. 1937 жылдың 17 қаңтарынан бастап музыкалық 
театр Қазақтың опера және балет театры болып қайта құрылды. Қазақстанда 
құжаттық-киноленталар  көрсетіле  бастады.  «Советтік  Қазақстан»  айдарлы 
киножурнал  шыға  бастады.  Ауылдарда  электр  жарығы  мен  радио  жұмыс 
істей  бастады.  Қол  жеткен  оңды  нәтижелер,  дәстүрлі  мәдениетті  «түрі 
ұлттық,  мазмұны  социалистік»  осылайша  түрлендірді.  Бірақ  кеңестік  сын-
шылар идеологиялық тұрғыдан өнер адамдарын да қудалауға алды. Тарих-
шы Ә.Тәкенов өз зерттеулерінде былай деп жазды: «Біржан-Сарадағы» Бір-
жанның  феодалдарға  қарсы  күресі  көрсетілмегені  үшін,  «Абайдағы»  Абай 
«ұлы орыс мәдениетінің» әсерін көрсете алмағаны үшін сазгерлерге кінә та-
ғылған еді. А.Жұбанов нысанаға жеке алынған-ды. «Қазақ сазгерлерінің өмі-
рі мен шығармашылығы» атты ғылыми-зерттеу монографиясын талқылауда 
сол  30  жылдардағы  «шылық»  пен  «щинаны»  қайта  қолданды.  1951  жылы 
28  қыркүйекте  «Казахстанская  правда»  газеті  М.Төлебаевтың  «Қазақстан 
музыкатануындағы бұрыс бағыт туралы» деген сын мақаласын жариялайды. 
А.Жұбановты  буржуазияшыл-ұлтшылдығы,  панисламист,  пантюркистігі 
үшін айыптады. Сазгердің «Социалистік Қазақстанда» қателіктерін мойын-
дауы оны 18-19 қазандағы республикалық сазгерлер одағы қазақ музыкасын-
дағы  буржуазияшыл-ұлтшылдық  бұрмалаушылық  туралы  талқылауға 
Мәскеуден үш өкіл қатысты. Б.Г.Ерзакович: «ұлтшыл, әрі космополит» десе, 
сазгер  Иванов-Сокольский  «музыкатанудағы  бекмахановшылдықты  дәріп-
теуші»  дейді.  Осылайша  А.Жұбанов  шығармашылығының  елімізде  тара-
луына  тыйым  салынды.  Барлық  осы  прогрессивтік  құбылыстар  Қазақстан 
руханиятының  басқаша  бір  жаңа  арнамен  өркен  жаюына  ықпал  етті.  Бар-
лық  облыс  оталықтарындағы  бой  көтерген  қалалар  қалалық  мәдениеттің 
орталығына айналды. Қазақ рухының тағы бір артықшылығы олардың танып 
білуге деген құштарлығы. Жеке адамдардың шығармашылық, жасампаздық 
әлеуеті артты. Басқалардан оқып-тоқып үйренуге деген ынталары олардың 
батыс ғылымын меңгерулеріне ықпал етті. 
Ақындарымыз  О.  Сүлейменов,  Қ.  Мырзалиев,  М.  Мақатаев. 
Т. Молдағалиев, М. Шахановтар ой мен сезімді тербеткен, адам жанының 
айнасы  дейтіндей  шығармаларымен  қазақ  поэзиясын  биікке  көтерді. 
Олардың барлығы орыс және Еуропа классиктерін қанып оқып, ақындық 
болмыстарының ішкі әлемін байытты. Қазақ поэзиясын күллі адамзатқа 
ортақ әлемдік үлгілермен жаңғыртты. Сонымен қатар олардың барлығы 
дерлік халқымыздың ұлттық рухын сабақтастықпен жалғастырып жырмен 
өрнектеді. Мұқағалидың: «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жау-
ып өзіне қайтарамын» – дегені, мұраларымызды жаңғырту еді. Табиғатпен 
астасқан  жанды  жаратылыс  пен  қатар,  ұлттық  салт-дәстүрлерімізді, 
мінезіміз  бен  тектіліктілігімізді  сақтауды  поэзиясы  арқылы  қалдырды. 
Ақындарымыз социалистік өмірдің ұрандатқан шат-шадыман тіршілігін 
жырлауға  ұсыныстар  берілсе  де,  ұлттың  тәлім-тәрбиесіне,  бет-бедеріне 
арналған жырларын шығармауы мүмкін емес еді. Олжас Сүлейменовтің 

300                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
«Жазушы»  баспасынан  1975  жылы  жарық  көрген  «АзиЯ»  кітабы  болды. 
Осы  кітаптың  шығу  үлкен  дауға  айналып,  филологиялық  айтыстың  бір 
ұшығы саясатқа тірелді. Зерттеу объектісі болған «Игорь жасағы туралы 
жырды» («Слово о польку Игореве») талдау барысында – дейді Ш. Елеуке-
нов – қазақ тілінің ХІІ ғасырдағы  орыс  әдебиетінің інжу-маржанын жасауға 
атсалысқанын бұлтартптай дәлелдейді. «Жырдың» беймәлім авторы қос 
тілді – орыс тілімен қатар қыпшақ тілін білген, ол жырдағы түркизмдер-
ден  анық  көрінеді  дейді.  Дала  мен  Ресейдің  көне  мәдени  байланыстары 
хақындағы көзге шұқитын анық мағлұматтарды елемеу, қазақ пен орыс-
тың  жаны  мен  қанының  араласқанын  әбестікке  санау,  «Жырдың»  жаңа 
қырынан зерттелуіне өре түрегеліп байбалам салу зауқайым бір қате емес. 
Империялық сана жалған методологияны саналы түрде әдейі арқа тұтты 
[43].  Жаңа  әдіснаманың  негізінде  тарихи  ескерткіштер  мен  мұраларды 
зерттеудің ешқандай идеология мен биліктің ығына жығылмай бүгінгі күн 
тұрғысынан  зерделеуді  мақсат  етті.  Мәскеудің  ашу-ызасын  қоздырғаны, 
автордың «аға халықты» бұрынғы мешеу қалған «надан», «қараңғы» қазақ-
пен теңестіруі болды. Орысқа қарсы, ұлтшыл көзқараста деген айыппен 
кітаптың таралуына тыйым салынды. 
ХХ ғасырдың ортасында Қазақстанда кәсіби философиялық жұмыс-
тар жарық көре бастады. Руханиятымызда батыстық үрдістердің кең қанат 
жая  бастауы  жаппай  өріс  алды.  Батыс  философиялық  мұраларымен 
танысуға,  оларды  зерделеуге  тікелей  мүмкіндіктер  ашылды.  Қазақтың 
философиялық  ойы  енді  кәсіби  жолға  түсті.  Алғашқы  философиялық 
зерттеулерге  материалистік  тұрғыдан  Қ.  Бейсембиевтің  монография-
сын айтуға болады. Ұлттық психология ғылымын Н. Жандилдин өрбітті. 
Н.А. Мұсабаева философияны жаратылыстану ғылымдарының жетістік-
терімен  байланыстырды.  Ал,  Жоғарғы  партия  мектебін  бітірген,  СОКП 
Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспи-
рантурасын бітірген мамандар Ә. Жаймурзин, Т. Жұмағазин, Қ.Х. Рахма-
туллин,  Н.С.  Сәрсенбаевтар  кәсіби  философияның  дамытуға  атсалысты. 
Әрине  олардың  зерттеулерінде  социализм  идеясы,  халықтар  достығы, 
интернационалистік тәрбие сияқты мәселелер басымдық танытты. Еркін 
ойшылдыққа  жол  берілмеген  тұста  маркстік-лениндік  диалектикалық 
және тарихи материализм мәселелерімен айналысты. 
Қазақстандағы нағыз кәсіби философиялық ой еліміздің тарихындағы 
жеке адамға «Сталин культіне» табынушылық жойылған кезден басталды. 
Жылымыққа шығып, бой жазғаннан кейін рухани жаңғырулар өріс алған 
тұста қоғамдық ойда дүр сілкіністер болды. Философиялық ойдың өзегі 
болып  табылатын  диалектикалық  логикамен  айналысатын  философия 
мектебінің қалыптасуы әлемдік философиялық ойға қосылған бір үлкен 
үлес  еді.  Қазіргі  философия  мамандарының  мақтаныш  сезіммен,  үлкен 
ілтипатпен  еске  алатын  есімдер:  Жабайхан  Әбділдин,  Мамия  Баканид-
зе, Лев Науменко, Югай Герасим, Ағын Қасымжанов. Қазақ ССР Ғылым 
Академиясының  Философия  және  құқық  институтының  директоры  ака-

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        301
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
демик С. Зиманов сол жас ғалымдар жайлы шаттана есіне алады. Әсіресе, 
ұлы ойшыл философтардың Канттың, Гегельдің, Фейербахтың. Маркстің 
мұралары олардың пікірсайыстарының өзегі болды. Олар жаңа негіздегі 
ғылыми еңбектер жазуға кірісті. Шығармашылық топтың алғашқы кітабы 
«Танымдағы диалектика мен логика проблемасы» 1963 жылы жарық көрді. 
Кітапта  қозғалған  негізгі  мәселелер:  адам  ойы  мен  танымының  диалек-
тикалық табиғаты, логиканың диалектикалық тұжырымдамасы, нақтылы 
ұғым,  таным  субъектісінің  белсенділігі.  Осы  мәселелерді  батыл  да  терең 
теориялық  талдаулары  нәтижесінде  Одақ  көлемінде  философиялық 
қауымның қызығушылығын тудырды. Сол кездегі «Вопросы философии» 
журналында өте жоғары бағаланған пікірсарапқа ие болды.
Одан кейін де диалектикалық логиканың мәселелеріне арналған бір-
неше кітаптар жарық көрді. Әсіресе 1967-1968 жылдары Ж.М. Әбділдин-
нің «теориялық танымдағы бастама мәселесі», ал Л.К. Науменконың «Диа-
лектикалық логикадағы монизм принципі», М.И. Баканидзенің «Логика-
лық формаларды субординациялау проблемасы», Б.С. Сахариевтің «Ар-
найы  қатынастылық  теориясындағы  кеңістік  пен  уақыттың  өзара  байла-
ныс  проблемасы»  сияқты  іштей  өзара  біртұтас  монографиялардың  жа-
риялануы диалектикалық логика бойынша зерттеулерді тағы бір белеске 
көтерді. Теориялық білімді құрудың бастамасы, басқы пункті туралы бұл 
мәселені шешпей, диалектикалық философияны әрі қарай дамыту мүм-
кін  емес  еді  [44].  Қазақстандық  философиялық  ойдың  төңірегіне  жан-
жақтан  диалектикалық  логиканың  мәселелері  қызықтыратын  мамандар 
жинала бастады. 1968 жылы Мәскеуден, Ленинградтан, Киевтен, Ташкент-
тен,  Тибилисиден,  Минскіден  белгілі  ғалымдар  мен  философтардың  ба-
сын біріктірген Бүкілодақтық симпозиумның ашылуы осының куәсі. Одан 
кейігі өткізілген симпозиумдар 1977 ж., 1983 ж., 1990 ж. диалектикалық ло-
гика бойынша зерттеулердің орталығына айналып кең өріс жайды. Бүкіл-
одақтық симпозиумдар енді халықаралық дәрежеде өтті. Енді оған Болга-
риядан, Чехословакиядан, Польшадан, Германиядан, Румыниядан атақты 
философ ғалымдар қатысып, пікір алысты. 
1970 жылдардан кейін қазақстандық философия мектебінің көкжиегі 
жаңа лекпен толықты. Олардың қатарын Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Қ. Әбішев, Т.Ы. 
Әбжанов,  Ә.  Нысанбаев,  В.И.  Ротницкий,  А.С.  Балғымбаев,  А.А.  Ивакин, 
Н.Қ. Мұқитанов, М.С. Орынбеков, М.С. Сәбитов, Г.Г. Соловьева, А.А. Хами-
дов,  І.  Ерғалиев,  М.З.  Изотов,  С.Ю.  Колчигин,  А.Б.  Капышев  құрды.  Енді 
осы ғалымдардың атсалысуымен 1990 жылдардан бастап диалектикалық 
логиканың алты томдық жинағы жарық көре бастады. Бұл еңбекте адам-
дардың таным қабілетінің мәнін ашуға ұмтылушылық басым болды. Соны-
мен қатар дүниеге ғылыми диалектикалық көзқарасты қалыптастыруды 
көздеді.  Кеңес  Одағында  академиялық  философияда  диалектиканы 
қолдануда  алға  жылжулар  көрініс  береді.  Сөйтіп,  Қазақстандағы  кәсіби 
философияның  қалыптасуы  мен  дамуы  қазақ  халқының  ХХ  ғасырдағы 
руханиятының жаңа деңгейінің құрылуына алып келді деуге болады.

302                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Хамидов А.А. О диалектике мнимой и подлинной// Адам Әлемі №1, – 2002, 
50-51 с.
2. Орынбеков М.С. Духовные основы консолидации казахов.  Алматы, 2001. – 
211 с.
3.  Конквест  Р.  Соңғы  Империя  //  Қазақтар.  Шетел  әдебиетінде.  –  Алматы: 
Атамұра; Қазақстан, 1994 . – 151 б. 
4.  Нысанбаев  Ә.Н.,  Әбжанов  Т.Ы.  Қысқаша  философия  тарихы.  –  Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 272 б.
5. Шоқай М. Таңдамалы. - Алматы: Қайнар – Т. 1. 1998 – 153-154 бб.
6. Мұсаева Н.Р. Мүлгіген жанды рух оятар // Ақиқат. №8, 1998 ж. 52-53 бб.
7. Малинин Г.В. Известия МОН РК. Серия общественных наук. №6. С. 9. Ал-
маты, НИЦ «Ғылым».
8.  Кішібеков  Д.  Қазақ  халқының  мінез-құлқы,  ойын-сауықтары,  рухани 
тіршілігі // Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы: Ғылым, 1999, – 81-99 бб.
9. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар. – Т.1. – 1998. – 512 б.
10. Гумилев Л.Н., Иванов К.П. Этнические процессы: два подхода к изучению // 
Социс № 1, 1992, – 54 с.
11. Зікібаев Е. Ел намысын оятқан. //Ақиқат. №12, 1995 ж. – 27 б. 
12. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар. Т.1. – 1998. – 512 б. 
13.  Сегизбаев  О.А.  Казахская  философия  XV  –  начала  ХХ  века.  –  Алматы: 
«Ғылым», 1996. – 472 с. 
14. Елікбев Н. Дәуір тынысы: қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды: КР 
ІІМ Қар ЗИ, – 200 б. 
15. Бурабаев М.С. Становление социалистического сознания в Казахстане. Ал-
ма-Ата, Наука, 1981. – 249 с.
16. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы, Қайнар. Т.1. 1998. – 512 б., 175-176 бб.
17. Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. Алматы: Қазақ 
университеті, 2001. – 197 с. 
18. Шоқай М. Таңдамалы. Алматы, Қайнар, 1999, Т.2. – 231 б.
19. Байтұрсынов А. «Қазақ» газеті. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ре-
дакциясы, 1998. – 560 б. 
20.  Қойгелдиев  М.  Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры.  (ХVIII-XX  ғғ.). 
Зерттеулер. – Алматы, Жалын, ЖШС, 2004. – 400 б.
21.  Ерғали  І.Е.  Философия  как  духовная  деятельность  (под  общ.  Ред. 
А.С.Серикбаева) – Астана: 2003. – 283 с.
22. Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин қазақты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына 
қосуды армандаған тұлға // Ана тілі, 9-15 маусым, 2011. №23 (1071)
23.  Нұрмұратов  С.Е.  Жаһандану  және  философиялық  пайымдаудың 
ұлттық  типі  //  Әлемдік  және  қазақ  философиясындағы  антропологиялық  дис-
курс.  Халықаралық  ғылыми  конференция  материалдары.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2008. – 471 б.
24. Ақыш Н.  1920-30 жылдардағы қазақ романындағы ұлт-азаттық идея // 
Тәуелсіздік  идеясы  және  көркем  мәдениет.  Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы, 
2011, – 304 б.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        303
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
25. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1960. 
– 38 б.
26. Есімов Ғ. Сана болмысы; Саясат пен мәдениет туралы ойлар. – Алматы: 
РИМП «Эксимо» – ПКП «Венере», 1994 – 224 б.
27. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік / Әдебиет және өнер жайлы ойтолғау/ Ал-
маты: Ана тілі, 1997, – 256 б.
28. Әбішев Қ. Философия (оқу құралы) Алматы, «Ақыл кітабы», 1998. – 266 б.
29. Габдуллин М. О состоянии и задачах изучения казахского эпоса // Вестник 
АН Каз ССР, 1953, №4. – 17-18 с.
30. Омарбеков Т. Ермұқанның ерлігі//Ақиқат, 1998. №9, – 39 б.
31. Мырзалы Қ. Мәңгі майдан. Алматы: Жазушы, 1992, – 36 б.
32. Бейсембиев К. Идейно-политические течения в Казахстане конца ХІХ – на-
чало ХХ века. 
33. Әуезов М. Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы, 1961. – 358 б.
34. Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы. 1974. – 110 б.
35. Елеукенов Ш. Кешегі және бүгінгі роман: дағдарыс па, жаңа беталыс па? 
Жұлдыз, 1990. №12, – 179 б.
36. Нұрышева Г. Адам өмірінің мәні. Философиялық антропология. Мәдениет 
философиясы. Дін философиясы. Жиырма томдық, 19-том. Астана: Аударма, 2006. 
– 536 б. 
37. Сүлейменов О. Шоқан // Ақиқат. №4. 1996. – 52 б.
38. Есім Ғ. Адам-зат // Философиялық антропология. Мәдениет философи-
ясы. Дін философиясы. Жиырма томдық, 19-том. Астана, Аударма, 2006. – 535 б.
39. Балақаев Т. Армия және ұлт саясаты // Қазақ тарихы. №2. 1994. – 43-44 бб.
40. Ай, заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды) 2 томдық / Құрастыру-шы 
М.Мағауин, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1989. Т – 1. – 384 б.
41. Бурбаев Т.К., Бурбаева П.Т. Қазақ рухының өзекті мәселелері // Әлемдік және 
қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс: Халықаралық ғылыми кон-
ференция материалдары. Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 471 б.
42.  «Қазақстан».  Ұлттық  энциклопедия.  Бас.ред.  Ә.Нысанбаев  –  Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, Бас редакциясы, 1998. – 720 б.
43. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. Астана: 2002. – 832 б.
44.  Сәбит  М.  Қазақстанда  диалектикалық  логика  мектебі  дамуының  басты 
кезеңдері мен нәтижелері//Адам әлемі, №4, 2001. – 14 б.
4.2. Қазіргі заманның этномәдени процестері ауқымындағы қазақ 
ұлтының рухани келбетінің жаңғыруы
Қазіргі  заман  құндылықтық  бағдарлардың  әралуандылығымен,  ша-
шыраңқылығымен және қайшылықтығымен сипатталып отыр. Бұл қазақ-
стандық қоғамның да, этномәдени ауқымдағы қазақ ұлтының да рухани 
дамуына, сондай-ақ жекелеген адамның әлеуметтік өмірімен қатар, руха-
ни экзистенциалдық болмысына да өз әсерін тигізуде. 

304                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Руханилық  қашанда  адамзат  ақылы  мен  жанды  санасының  ұмсына 
ұмтылатын құпия кеңістігі болып келеді. Ежелгі дәуірден бері келе жатқан 
космогониялық идеялар, ғаламның тұтас жетілгендігі туралы ойлар адам-
ды  әсемдік  пен  әділдіктің,  тәртіп  пен  үйлесімдіктің  себептерін  іздеуге 
итермеледі. Руханилық мәселесі адамның өмірдің мәнін пайымдауы бары-
сында жағымды жолды таңдаумен байланысты болды. Алайда бұл іздеу 
мен таңдау өмірде бар нақтылық пен ой-қиялдағы идеалдылықтың сәйкес 
келмеуін  мойындауға  да  әкелді.  Құндылықтық  бағдарларды  таңдау  ора-
сан зор рухани ізденістерді қажет етті, ол адамның өзінің ішкі әлемімен 
қатар,  оны  қоршаған  сыртқы  дүниедегі  материалдық  құбылыстар  мен 
үдерістерді  де  танумен  сипатталды.  Бұл  әлемдерді  пайымдауда  ақыл 
мен сананың рөлі артты, әсіресе материалдық әлемді ақылмен танудағы 
жетістіктер  жаратылыстық  ғылымдар  мен  техниканың,  технологияның 
бүгінгі прогресіне әкелді. Біртіндеп адам өндірген дүниелер одан жатсыну 
құбылысын  тудырды.  Әлеуметтік өмірдің  қазіргі  кеңістігінде  құндылық-
тық бағдарлар руханилықтан материалдық саласына аударылып, әлемге 
деген тұтынушылық қатынас белең алды. Идеалдылық пен реалдылықтың, 
материалдық пен руханилықтың алшақтығы айқындала түсті. 
Болмыстың бір формасы ретіндегі қоғам рухани және материалдық 
құрамдастардан  тұтас  құралады.  Олардың  тепе-теңдігінің  бұзылуы 
адамның  дүниетанымдық  бағдарын  сақтауға  қабілетті  тұтас  түзілім 
ретіндегі  қоғамдық  сананың  сөгілуіне  жағдай  туғызады.  Бұл  мәселелер 
бүгінгі  күні  материалдықтың  көлеңкесінде  қалып  қойған  руханилықтың 
мән-мағынасын  қайта  бағалап,  оның  болмысын  философиялық  тұрғыда 
тереңірек зерделеуге итермелейді.
Қазіргі замандағы жаңа мыңжылдықтың бастауында әлемдік қауым-
дастық  рухани  салада  ғаламдық  өзгерістерді  бастан  кешіруде.  Алдың-
ғы  ғасырлардың  индустриалдық  қоғамына  тән  нарықтық  және  өрке-
ниеттік құндылықтар, батыстық универсализм мен бұқаралық мәдениет 
дамыған  елдердің  жаңа  постиндустриалды  ақпараттық  қоғамға  өтуі  бары-
сындағы  трансформациялық  процесс  нәтижесінде  өзгерістерге  ұшы-
рауда.  Қалыптаса  бастаған  түбірлі  жаңа  ахуалға  сай  адам  ескі  қоғамда 
технологиялық,  экономикалық  және  саяси  жүйелердің  элементі  болып 
келсе,  енді  бұл  қатаң  сыртқы  детерминациялық  ықпал  жойылып,  ен-
дігі  жердегі  әлеуметтік-экономикалық  даму  тұлғаның  біліміне,  рухани 
әлеміне, оның дамуы мен әлеуметтік-мәдени ұмтылыстарына бағынышты 
болады. Өткен ғасырға тән ғаламдық мәселелер кейінге ысырылып, жеке 
тұлғаның  жеңісі  нәтижесінде  болашақта  өмір  сүру  тәртібі  универсалда-
нып,  гуманизмнің  жаңа  типі  қалыптасады.  Футурологиядағы  осындай 
ғылыми болжамдар қазірдің өзінде әлемдегі көркем мәдениеттің, өнердің 
және діннің қайта бағалану үрдістерімен дәлелденеді. Индустриалдыққа 
дейінгі  (аграрлық)  және  индустриалдық  қоғамға  тән  ауызекі  және  кітап 
мәдениеттерінің  орнына  жаңа  ақпараттық  қоғамда  аудиовизуалды  тех-
ника  мен  компьютерге  негізделген  «экрандық»  мәдениет  қалыптасады. 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        305
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Бұл жаңа ақпараттық технология ғылыми-техникалық прогрестің өзге де 
жетістіктерімен қатар, мәдениет кызметінің принциптерін, рухани үдеріс-
тердің мазмұны мен ағымын, білімнің формалары мен ойлаудың типтерін 
көп жағдайда сапалы түрде өзгерте алады.
Кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  ыдырауы,  дүниежүзін  екі  лагерьге 
бөлген екі жүйе теке-тіресінің ақырынан кейінгі еліміз егемендігін алған 
соңғы онжылдықтар ішіндегі жаңалықтар қоғамдық өмірдегі руханияттың 
келбетін мүлдем өзгертті. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы тұсындағы 
қазақ халқының руханияты мен қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер 
тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті 
қайта жаңғыртуымен сипатталды. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен 
тоталитаризмнің  ықпалымен  мәдени  азғындау  мен  трансформацияға 
ұшыраған  ұлттық  мәдениетті  қайта  өркендету  мемлекеттік  деңгейде 
төмендегі міндеттерді шешуді жүктейді:
ең алдымен, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі (фунда-
менталды) құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оя-
татын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту;
осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін 
толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сана-
ны қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу;
ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-
рухани мол мұрасын игеру.
Бұл бағытта көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Ана тілдің мемлекет-
тік мәртебе алуы, Абай мен Жамбылдың 150 жылдығы кең көлемде ата-
лып  өтілуі,  1997  жылдың  «Қоғамдық  келісім  және  саяси  қуғын-сүргін 
құрбандарын  еске  алу  жылы»,  1998  жылдың  «Халық  бірлігі  мен  ұлтгық 
тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы», 
2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы», 2001 жылдың «Қазақстан тәуел-
сіздігінің  он  жылдығы»  деп  жариялануының  нәтижесіндегі  атқарылған 
қыруар  жұмыстар,  сөз  жоқ,  елдің  мәдени  төлтумалылығын  қалыптас-
тыруға үлкен әсерін тигізді. Алайда мәдени даму мен саяси, әлеуметтік-
экономикалық дамудың арасындағы келісімнің болмауы мен сәйкессіздік 
бұл мәселенің екінші жағын айқындайды. 
Ұлттың  өткен  тарихы  мен  дәстүрлі  рухани-дүниетанымдық  тұғыр-
ларын  қалпына  келтіру  қазіргі  заманға  сай  озық  батыстық  өркениеттік 
құндылықтар  мен  жаңашылдықтарды  жаппай  жөн-жосықсыз  қабылдау 
үрдісімен  қатар  жүрді.  Саясатта  осы  уақытқа  дейін  қысым  көріп  кел-
ген  республикадағы  титулдық  ұлттың  мүддесін  көздейтін  ұлтжанды-
радикал,  ура-патриот  топтардың  жанайқайымен  бірге  батыстық  бағдар 
ұстап  демократиялық  және  ашық  қоғамды  тездетіп  құруға  шақырған 
либерал-демократтардың  үні  де  басым  шығып  жатты.  «Дәстүршілдік» 
пен  «батысшылдық»  тақырыптарының  тартысы  бүкіл  қоғамдық  өмірді 
қамтып,  саяси  күрестегі  негізгі  мәселенің  біріне  айналды.  Экономика 
саласындағы  мемлекеттік,  халықтық  меншікті  талан-таражға  салумен 

306                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қатар  жүрген  жаппай  жекешелендіру  барахолкалар  мен  дүңгіршектер 
кейпіндегі «өркениеттік нарыққа» өтудің бастапқы қадамы болды. Мәде-
ниетте тәуелсіздікпен жігерленген рухани әлемдегі ұлттық рухтың оянуы 
нарықтық  қатынастарға  тән  құндылықтардың  өмірге  терең  енуі  нәти-
жесінде  оның  дағдарысқа  ұшырауымен  қабат  жүріп  жатты.  Бұл  қаты-
настар мен құндылықтар өмірге «бейімделіп» үлгірген халықтың аз ғана 
бөлігін байлыққа кенелтсе, ал басым бөлігі кедейшілікке ұрынды.
«Тұрпайы капитализмнің» осындай ықпалдары қазақстандықтардың 
рухани  тұрғыдағы  мәдени  өзіндік  бірегейлігінің  (самоидентичность) 
қалыптасуына  кері  әсерін  тигізіп,  оны  ең  өзекті  мәселеге  айналдырды. 
Қазіргі жағдайдағы мәдени бірегейліктің қарама-қайшылықты тұрпаты-
ның біздің ойымызша төмендегідей алғышарттары бар:
адамдардың  саяси  және  экономикалық  салалардағы  өзгерістерден 
гөрі мәдени өзгерістерге сезімталдығы, сонымен қатар әбден сіңіп кеткен 
тоталитарлық сананың қасаңдығы;
нарықтық қатынастарға көшудің салдарынан ескі және жаңа құнды-
лықтардың қақтығысы барысында ішкі біртұтас құндылықтық бағдардың 
жоғалуы, дүниетанымдық вакуумның пайда болуы;
республикадағы мәдени әртектіліктің жоғары деңгейі, тұрғылықты ха-
лықтардың  полиэтникалық  және  поликонфессионалдық  құрамы,  әсіресе 
орыстар  мен  қазақтардан  және  мұсылмандар  мен  православтардан  тұра-
тын биэтникалық және биконфессионалдық құрылымның басымдығы.
Әсіресе,  соңғы  жағдай  этносаралық  дау-жанжалдарды  тудырмау 
мақсатында мәдениетке қатысты мемлекеттік саясатта ішкі саяси тұрақ-
тылық  пен  азаматтық  татулық,  мәдени  плюрализм  бағытын  ұстануға 
мәжбүрлейді.  1995  жылы  құрылған  Қазақстан  Халықтары  Ассамблея-
сының  үшінші  сессиясында  елбасы  Н.Назарбаев  Қазақстан  халқы  жаңа 
этникалық  қауым  еместігін,  әртүрлі  ұлттардан  құралған  азаматтардың 
саяси  қауымдастығы  екендігін,  дамудың  қазіргі  кезеңінде  мәселенің 
осылай  қойылуы  ғана  бірден-бір  дұрыс  бағыт  екендігін  атап  өтті.  Бұл 
объективті  қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  қабылданған  саяси 
бағдар  «Қазақстан  халқы»  деген  ұғымды  тудырып,  этникалык  бірліктен 
гөрі  азаматтық  және  саяси  бірліктің,  мемлекеттік  бірегейліктің  дәл  сол 
уақыттағы басымдылығын алға тартты. 
Руханият  саласында  өзіндік  бірегейліктің  қалыптасуы  үшін  оның 
мәдени-дүниетанымдық парадигмасы ретінде, Ұлттық идеяның қажетті-
лігі туралы қоғамдық пікір де  кеңінен сөз болды. Мұның төңірегінде  әр 
алуан пікірлер де ұсынылды: «Еуразияшылдық», «Қазақстан – жалпы біздің 
үйіміз», «Еркіндік түбі бірлікте», «Іштесу», «Атамекен» және т. б. «Жоғары 
идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды» деген Ф.М. Достоевскийдің сө-
зін еске ала отырып, бүгінгі күннің сұранысына жауап беретін, адамдардың 
ішкі  рухани  болмысымен  астасып  жататын,  жалпыхалықтық  қолдауға 
ие  болатындай  біріктіруші  идеяның  жоқтығын  мойындауға  тура  келді. 
Ешқандай  идеология,  ешқандай  символ,  институт  немесе  құндылықтар 


1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал