Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет4/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      25
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
Жан жыласа жыламай қала ма көз?!
Өмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..» [33, 230 б.].
Мағжан  адамдарды  бағындыратын  өлімнен  қашып  құтылуға  бол-
майтындығы  жайында  ой  толғап,  лайықта  өмір  сүре  білумен  қатар,  со-
нымен бірге ажалды да қаймықпай қабылдау керектігін мойындағаны әрі 
нақтылап айтып кеткені бекер емес. 
Мағжан  Жұмабаев  өзінің  «Орал  тауы»,  сондай-ақ  «Алыстағы  бауы-
рыма» атты өлеңдерінің мына бір жолдарында бүгінгі күнде, ХХІ ғасыр-
дың басында өзінің дамуының жаңа белесіне шыққан, адамзат көкжиегін 
кеңейтуге  және  әлемді  жаңартуға  септігін  тигізетін  түркішілдік  және 
жалпытүркілік тұтастық идеяларының жаршысы ретінде сөз қозғайды: 
«Анамыз бізді өсірген, қайран Орал,
Мойның бұр тұңғышыңа, бермен орал!
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал» [33, 38 б.].
* * *
«Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру? Жүр, кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа» [33, 55 б.].
Мағжанның идеялары барша әлемдегі түркі халықтары арасындағы 
бауырластық  қатынастардың  қалыптасуына  және  дамуына  орасан  зор 
үлес болып табылатынын ерекше атап өткен орынды болар еді. 
Қорқыттың  этикалық  әлемі  –  бұл  қазақ  халқы  қоршаған  табиғатқа, 
ұлы  Отанға  және  оның  батырлық  өткеніне  деген  сүйіспеншілігін  жиған 
ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, 
болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың 
қазынасы. Ойшыл-сәуегейге жас та, кәрі де, әрі бақытсыз да жүгінді және 
одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек-
теріне жылылық таба білді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғам-
дық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы 
шоғырланған  мақал  мен  мәтелдер  ретінде  қабылданады.  Оның  қанатты 
сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін 
қалмайды; жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды», «ескі мақта 
мата болмас; ескі жауың дос болмас», «Сөнген қайта жанбас, өлген қайта 
тірілмес» [34, 487 б.]. 
Қорқыт Ата ілімдерінде түркі рухы сарқылмайды және өлмейді. Егер 
ақылгөй бұрынғы уақытта түркілер бірлігінің нышаны болса, енді қазіргі 

26                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
уақытта ол – олардың болашаққа деген үміті. «Ол болмаса ХХІ ғасырда түркі 
мәдениеті мен руханиятын толыққанды қайта өрлету мүмкін болмас та еді. 
Бұл жерде қазақ халқы да шет қала алмайды және де оның қайта өрлеуі 
өркениеттің жалпытүркілік формулаларымен тығыз астасып жатады, – деп 
С.Н.  Ақатай  дұрысын  айтқандай,  мұнымен  түркі  халықтарының  Қорқыт 
мұраларына деген зор ынталық ұмтылысын түсіндіруге болады [25, 686 б.]. 
Шын мәнінде «Қорқыт өмірі түркі тілдес халықтардың ортақ көркемдік 
санасы мен тарихи зердесін қалыптастыруға ұйтқы болды дерлік. Қорқыт 
ата – үнемі ел мен жер кезген, өзін өмірден, өмірді өзінен іздеген тынымсыз 
жан,  патшалардың  ақылшысы  болған  ерекше  тұлға»  деген  қазақстандық 
ғалым Ж.Ж. Молдабеков өз сипаттамасын береді [35]. Осы тұжырымдарға 
тектес пікірді Шығыс мәдениетін терең зерттеуші ғалымдардың бірі болып 
саналатын В.Бартольдтің де өз зерттеулерінде кезінде білдіргенін айтуға бо-
лады. Әрине, Қорқыт образы болашақ зерттеулерде жаңа қырынан ашыла 
түсеріне күмән келтірмейміз. Тек бір айта кететін нәрсе: аты шартарапқа 
белгілі болған тарихи кейіпкер Қорқыт бейнесі жалпы түркі әлеміне ортақ 
тұлға,  оны  этникалық  сипатта  жекешелендіруге,  меншіктеуге,  еншілеуге 
тырысудың қажеті шамалы. Өйткені, оның көтерген мәселелерінің ауқымы, 
маңызы кез келген ұлттың кеңістігінен кеңірек жерді алып, барлық адамзатқа 
ортақ деңгейге жетеді. Сондықтан, Қорқыт бабаның ерекше келбетін бір-ақ 
сөзбен жинақтап «түркілік тарихи тұлға» деген мәмілеге келген дұрыс деген 
ойдамыз. Түріктер де, әзірбайжандар да, түркімендер де, қазақтар да және 
басқа да халықтар оны өткен тарихымызда «осындай ортақ ғұламамыз бол-
ды» дегеннен ұтылмайды деген ойды келтіре аламыз.
Жоғарыда  аталған  түркілік  заманның  шығармаларының  екеуінен  де 
тәңіршілдіктің сипаты мұсылманшылдықпен салыстырғанда басым екенін 
байқаймыз. Бұл құбылысты тарихи кезектесуден туындаған түркілердің өз 
заманының тарихи ерекшелігі десе де болады. Жалпы батырлықты қастер-
леген, дәріптеген көне заманда Жоғарыдағы Көк пен қара Жердің арасын-
дағы байланыс негізінен адам арқылы жасалатындығына күмән болмаған 
және ол түркілердің дүниеге көзқарасында терең орын алып, бұл қатынасқа 
деген  толық  сенім  көрініс  беріп  отырады.  Ал,  енді  тотемдік  ұғымдардың 
орын алуы, кейбір қасиетті хайуандардың әлі де халықтың ділінде сақталып 
келе жатқанын алғашқы түркілік шығармалардан айқын аңғарамыз. Қазақ 
халқының түркілік кезеңінде көптеген аңыздар, ертегілер, дастандар, батыр-
лар жырлары қалыптаса бастайды. Олар нағыз халықтық дүниетанымның 
негізін  құрап,  этникалық  дамудың  даралылығын  танытатын  сипаттарды 
жасауға  іргетас  болатындай  құдіретке  ие  бола  алған  еді.  Әрине,  бұндай 
процестер барлық халықтардың тарихында орын алғаны белгілі. Дегенмен, 
сөз қадірін жоғары қойған халықтар үшін жоғарыдағы рухани байлықтың 
маңыздылығы өте-мөте биік болғанын атап өтуіміз керек.
Адамзат тарихында Қорқыт Ата есімінің ерекше мәртебесі мен маңы-
зы бар екені белгілі. Себебі, Қорқыттың дүниеге көзқарасы, дүниетаным-
дық жүйесі, құндылықтар әлемі, немесе тұтастай алғандағы философия-

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      27
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
сы  түркі  әлемінің,  соның  ішінде  қазақ  руханиятының  қайнар  бастауы, 
алғашқы рухани іргетастарының бірі. Қорқыт туралы аңыздардың қазақ 
даласында кең тарағаны соншалық оны білмейтін қазақ кемде кем болған. 
Қазақ  өмір  туралы  толғанғанда  үнемі  Қорқыт  келбетін  есіне  түсірмей 
өзінің ойларын өрнектеген емес, тұжырымын сомдаған емес. Сондықтан 
осындай феноменнің жете бағаланбай, өткен кеңестік кезеңде жете зерт-
телмей келуінің өзі дәуірдің мойнына жүктелетін базына десе де болады. 
Дегенмен ешқандай әрекеттер жасалмады десек артық кеткен болар едік. 
Өз  шығармаларында  Қазақи  Қорқытқа  тоқталып  өткен  ғалым  Шоқан 
Уәлиханов, Кітаби Қорқытты ғылыми айналымға қосқан Мұхтар Әуезов, 
белгілі түркологтар Ә. Марғұлан мен Ә. Қоңыратбаевтар және В.В. Бартольд, 
В.М. Жирмунский, Ә.А. Диваев және т. б. көптеген зерттеушілердің еңбек-
тері қорқыттану саласында зор екенін ескеруге тиістіміз.
Қазақ жерінде Қорқыт Ата бейнесі жалпы түркілік әлем үшін, оның 
ғасырлар қойнауынан келе жатқан тарихи санасы үшін рухани мұра тұр-
ғысынан алғанда маңызды. Бұл мәселенің өзі философиялық зерделеу сипа-
тында да күрделі құбылыс екені анық. Қорқыт бейнесіне әлемдік деңгейде, 
түркілік  зерттеушілер  арасында  және  сонымен  ұлттық  замандастарымыз 
арасындағы  ізденушілердің  еңбектерінде  біршама  сараптаулар  жасалын-
ғаны  белгілі.  Тіпті,  зерттеушілердің  Қорқыт  Ата  туралы  тарихы  мәлімет-
терді қарастыра келіп, ондағы Қорқыт келбетін – Қазақы Қорқыт, Кітаби 
Қорқыт, Тарихи Қорқыт деп жіктемеленуінің өзі ғалымдарымыздың тарих-
тың қатпарларын тереңдей түсінуге, өткенімізді Ақиқатқа жақын зерделей 
түсуге деген зор талпыныстардың нәтижесі деп бағалауға болады [36, 8 б.]. 
Қорқыт дүниетанымын зерделеуге арналған қазақ тіліндегі диссерта-
циялық  еңбектердің  қорғалуы  да  елеулі  оқиғалар  қатарына  жатады. 
Міне  осы  еңбекте  диссертациялық  жұмыстың  авторы  Б.Аташ:  «өлiммен 
күрестiң  нәтижесiнде  бабамыз  жер  кiндiгi  сыр  бойына  келiп  тоқтап, 
кеңiстiк – уақыттың орталықтардың тiрек нүктесiне көтерiлмейдi, ол тек 
символикалық түрде дүниеде орталықтандырылған көзқарасқа бас иедi. 
Сондықтан,  қайталанбас  уақытты  құрмет  тұту,  өмiрдiң  әр  сәтiн  қадiр-
леу құндылықтарына табан тiрегендiктен, өмiрдiң мәнi – оның болмысы, 
нақ сол өмiрдiң өзi деген тұжырым айқындалады» – дейді [37]. Автордың 
негізгі ғылыми жетістігі – Қорқыттың дүниетанымда нағыз өмір филосо-
фиясының  негізі  қалыптасқанын  аңғарғанында,  соны  даналықтың  түркі-
лік үлгісі екендігін зерделей білгенінде деген ойдамыз.
Сонымен қатар, қазіргі заманда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы 
философия тарихынан дайындалған оқулықтардың барлығынан Қорқыт 
есімі қомақты орын алуы қуанарлық жағдай. Мәселен, «Қорқыт жырла-
рында,  –  деп  жазылады  «Философия  тарихы»  атты  еңбекте,  –  батырлық 
пен  әсемдiк,  нәзiктiк  пен  сұлулық  қобыз  сарынымен  үндесiп,  үлкен  бiр 
философиялық  ой-арнаға  алып  келедi.  Табиғаттың  тылсым  күштерiн, 
адам жанының көңiл-күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыздың қобыз iшегiмен 
аса  бiр  нәзiктiкпен  жеткiзе  бiлгендiгiне  қайран  қалып  отырмыз»  [38]. 

28                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Әрине, адамның дүниеге деген қатынасы әр қилы сипатта өрбуі мүмкін. 
Қобыздың  үнімен,  музыканың  әуенімен  философиялық  ойды  жеткізу 
қиынның қиыны екені анық. Дегенмен соны ұйып тыңдай білген, дарын-
ды қобызшының тылсым дүниеден жеткізе білген жүрек сырын қабылдай 
білген  түркі  тайпаларының  тыңдарманының  мәдени,  дүниетанымдық 
деңгейінің  біршама  биік  болғанын  да  ескеруге  тиістіміз.  Сондықтан,  ру-
ханият әлемінің қалыптасуы мен дамуы бір жақты тек жасампаздықпен 
айналысушы  тұлғаның  әрекетімен  ғана  байланысты  емес,  ол  оның  өзін 
қоршаған  әлеуметтік  ортамен  диалогқа,  сұхбатқа  түсуі  арқылы  кемел-
денетінін байқауға болады. Бұл философияның әмбебап заңдарының ішкі 
қисынына сәйкес келетін құбылыстар десе де болады.
Мемлекетімізде 2004 жылдан қазіргі кезеңге дейін жүзеге асырылып 
келе жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасында орта ғасырлардағы түркілік 
ойшылдар философиясына бірнеше том арналған болатын. Міне солар-
дың ішінде Қорқыт дүниетанымына, оның философиялық әлеміне өзіндік 
орын берілді. Қорқыт Ата кітабындағы Қорқыттың нақыл сөздерінің дана-
лыққа  толы  астары  барынша  айшықталып,  тарихи-философиялық  пай-
ымдаулар жасалынды. Бұл еңбекте: «Егер біз замандастарымыздың ғана 
емес, болашақ ұрпақтарымыздың да бір-біріне арқа сүйер мәңгілік бау-
ыр болып, ынтымақтаса тіршілік етуіне тұғыр іздесек, сол мықты тұғыр 
да  Қорқыт  Ата  аманатына  адалдық  болмақ»  деген  этикалық  ұстаным 
келтіріледі [39].
Ал,  енді  жоғарыдағы  айтылған  жәйттер  сонау  тарих  түкпіріндегі 
түркілік кезеңнің өзінде халқымыздың тарихи санасында руханият мәсе-
лелеріне,  рухани  құндылықтарға,  әлеуметтік  дүниедегі  жасампаз  диа-
логтың  өрбуіне  барынша  ынтазарлықтың,  қызығушылықтың  болған-
дығын білдіреді. Бұл игілікті ұмтылыстың түп-тамырында жалпы адами 
болмыстың терең мәні мен мағынасы байқалады, тылсым әлемнің құпия-
сын түсінуге деген қадамдары көрініс береді. Сонымен қатар, тіршілікте 
«Өмір»  деп  атау  берілген  керемет  құбылысқа  ата-бабамыздың  өте-мөте 
жауапкершілікпен,  аса  ұқыптылықпен  қарағандығын,  оның  әрбір  сәтін 
Қорқыт бейнесі арқылы құндылық ретінде бағалағанының куәсі боламыз. 
Шын мәнінде өмірдің қыр-сырын танып, білуге тырыспаған, оны зерделе-
меген пенде бұл тіршілікте өзінің кейпін табиғаттың басқа мүшелерінен 
биік  ұстай  алмайды,  табиғи  шектеулердің  ауқымында  қалып  қояды.  Ол 
тіршіліктегі  табиғи  инстинктердің  паш  етілуі,  көрініс  беруі  деңгейінде 
ғана,  соларды  қамтамасыз  ету  ауқымында  ғана  ғұмыр  кешеді.  Осындай 
жағдай адамзаттың рухани эволюциясына демеу болмайды, керісінше, те-
жеу болады.
Жалпы түркі әлемінің кемеңгер дана тұлғасы – Қорқыттың өмір фило-
софиясының  негізі  адамның  қатаң  тағдыр  мен  тылсым  әлем  алдындағы 
қорқынышына, үрейіне негізделген емес, ол, керісінше, осы мәселеге терең 
назар аударып қарасақ, адамға берілген өмірді барынша қадірлеп, дәріп-
теп, оның кейбір еленбей келген қырларын айқындап, оны барынша жоға-

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      29
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
ры деңгейге көтеріп, лайықты сүруге, оны «Адам» деген атқа сай келетін 
тұрғыда ғана түсінуге, зерделеуге, оны барынша мазмұнды, мәнді өткізуге 
шақыратынын  байқаймыз.  Қорқыттың  өмір  сүру  тәжірибесі  –  Жоғарғы 
Рухтың жалпы адамзатқа берген нағыз адамша өмір сүрудің озық рухани 
үлгісі сияқты, ол шынтуайтына келгенде гуманистік, өмірсүйгіштік идеялық 
негіздерге сүйенген қағида іспетті. Ал енді шын мәнінде өмір мәнін тереңдеп 
түсінген адамға Қорқыттың өмірі – ерекше жасампаз бағдар беретін рухани 
бағдаршам, яғни оның негізінде адамның тіршілігі – қарапайым күйкі тірлік 
емес, ол тек қана шығармашылыққа сүйенген, рухани құндылықтардан су-
сындайтын іс-әрекет қана нағыз өмірге жетелейді деп тұрғандай. Осындай 
рухани тұрғыларымен, бағдарларымен бұл аңыздық тұлға көшпенділердің 
тіршілік  үшін  күресі  заманындағы  ерекше  құбылыс  екендігін  байқатады. 
Адам шығармашылығының әр қилы рауаждануының, дүниеде көрініс бе-
руінің арасында оның ең бір жоғарғы сипаты ретінде байқалатын нәрсе – 
адам бойындағы дүниеге келгеннен байқалатын өнерге деген бейімділіктің 
тамырларын, талшықтарын өрбіту, оны әлемге жасампаздықпен паш ету 
болып  табылады.  Әркімнің  бойында  болуға  тиісті  ерекше  қабілеттердің 
көрінісін, материалдық әлемдегі шығармашылықпен әлеуметтенуін әдетте 
адами дарындылықтың сипаты деп қабылдаймыз. Ол жарыққа толығымен 
шыққанда ғана өзінің толық мәніне, өзінің мазмұнына сәйкес күйге ие бо-
лады,  үйлесімділікті  орнықтырады,  адамдар  мен  халықтар  арасындағы 
сұхбатты  тереңдетеді.  Сөйтіп,  руханият  әлемі  дамуға,  өркендеуге,  өрбуге 
өзіндік түрткі болатын дүниемен астасады. Жалпы Л.Н. Гумилевтің айтып 
кеткен пассионарлық құбылысының өзінің қалыптасуы белгілі бір заңды-
лықтарға,  қозғаушы  күштерге  сүйенері  анық,  әсіресе,  осындай  тарихи 
тұлғалардың жасампаз әрекеттерінің, шығармашылығының сапалық нәти-
жесі болуы тиіс деп бағалауға болады деген ойдамыз.
Қорқыттың  қобызды  тартуы,  өнердегі  өзінің  шығармашылығын  паш 
етуі  –  Ғалам  мен  Ақиқат  алдындағы  жеке  тұлғаның  жай  ғана  музыкалық 
дарындылығын танытуы ғана емес, ол адамның көп жақты, әмбебап болмы-
сының бір қырын көрсету, сөйтіп, сол арқылы Ғаламдағы – Өмір деген ұлы 
құндылыққа жол ашу болып табылады. Кімге болсын осы тіршіліктегі өмір 
патшалығында барынша ұзақ қалу үшін, оған берілген рухты шыңдау үшін 
адамдық  бір-бірімен  байланысып  жататын  бірнеше  қасиеттерді  танытуы 
тиіс: біріншісі – адамның жан дүниесінің нұрын жарқырататын Махаббат 
деген ерекше рухани құбылыс болса, екіншісі – әрбір тұлғанның даралылы-
ғын білдіретін оның Шығармашылық әлемі болып келеді. Ақиқаттың сы-
рын ұғуға тырысу – нағыз әлемге деген риясыздықтан, шынайылықтан бас-
талады және одан туындайтын іс-әрекет жасампаздық қасиетке ие болады. 
Міне,  осы  ерекшеліктеріміздің  арқасында  адамдар  әлемінде  руханилық-
тың, ізгіліктің негізі қаланады, махаббат деген ерекше қасиет адам өмірінің 
мәніне  айналады.  Бұл  ақиқаттың  астарына  күмәндана  қарау  әркімнің  өз 
еркінде болары анық. Дегенмен, ақиқаттың болашағы қара түнекпен, теріс 
құбылыстармен салыстырғанда түбінде айқын, жарқын бола түсері белгілі.

30                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Міне,  бұл  дүниелар  ғасырларды,  тарихи  кезеңдерді  жалғастыратын 
және өзіндік діни мағынасы да бар рухани өзек, адамзат тарихын тұтастан-
дырушы өмірдің іргетасын құрайтын Метаидея, әмбебап құндылықтар бо-
лары анық. Адам қандай қоғамда, қандай тарихи кезеңде өмір сүрсін жоға-
рыдағы  құндылықтарды  айналып  өте  алмайтыны  анық.  Ал,  енді  қазіргі 
кезеңде нарық пен жаһандану процестерінің әлеуметке ұсынған жасанды 
және  әсіреқызыл  құндылықтары  мен  қалыптары  қазіргі  жастардың  сана-
сын жаулап ала бастағаны алаңдатады. Демек, бұл дүниелар сайып келген-
де  ұлттың  болмысын,  тұтастанған  келбетін  дүниетанымдық  деңгейде  ба-
рынша ыдырату және бірте-бірте қалыптасуға және дамуға тиісті шынайы 
руханият әлемінен жас ұрпақты аулақтату, руханилықтан шеттету болып 
табылады.
Қорқыт  Атаның  түсіне  кіріп,  аян  берген  періштелер  оны  әмбебап 
Шығармашылыққа  шақырады,  бойындағы  дарынын  әлемге  паш  етуге 
жетелейді. Оны тіршіліктегі әртүрлі игіліктерді, байлықтың көздерін, ма-
териалдық  құндылықтарды  пендешілікпен  теріп  алуға  емес,  бойындағы 
дарының  риясыз  беруге,  әлемге  сыйлауға  ұмтылдырады.  Бұл  кез  келген 
діни моральдің қайнар бұлағы болатын тұрғы, ұстаным. Сондықтан оның 
күнделікті қарапайым тіршілігі, жасампаздыққа толы әрекеттері қоршаған 
әлеуметтік  орта  үшін  нағыз  өмірге,  адами  керемет  ғұмырға  айналады. 
Соның арқасында ғұлама Қорқытты қазіргі кезеңге дейін қалың түркі елі 
пір тұтады, оның аты даналықтың үлгісіндей болып кеткені белгілі. Жалпы 
Қорқыт Атаның даналығын үлгі тұтқан пенделер әр жерде кездесері анық. 
Дегенмен өмірдің барлық құпиясы кез келген адамның қысқа ғұмырында 
толық ашылмақ емес. Сондықтан адамдар арасындағы сұхбаттың, ақпарат-
ты өзара тасымалдаудың, ойларды түйістірудің маңызы арта түседі. Бұл күр-
делі мәселеге адамзат болып жұмыла қараудың қажеттілігі туындап отыр. 
Қорқыттың әрбір шығармасы жай ғана орындалған күй емес еді, оның 
әрқайсысы әлемге, өмірге деген махаббаттан туындаған жүрек лебізі (ин-
тенциясы) болатын. Шығармашылықтың болмыстағы көрінісі тек дәстүрлі 
түсініктегі  өнер  салаларымен  шектелмейді,  ол  адам  болмысының,  оның 
әлеуметтік әлемінің барлық саласын қамтиды. Тіршілік етуді өнер деңгейіне 
көтерген  адам  ғана  оны  Өмір  сүру  дәрежесіне  дейін  жеткізе  алады.  Ал, 
тіршілікті  тек  инстинктік-табиғи  шамада  өрбіту  оны  өмірде  пендешілік 
ауқымынан шығара алмайды. Өмірдің алдымен маңызды құндылық екен-
дігін кеңінен мойындатпайды. Пенде болса қандай жағдайда болсын, қан-
дай ортаны мекен етсін күйкі тірліктің құрбаны, құлы болып қала береді. 
Сондықтан, қоғамға қажетті діни негіздерді ұлттық идеяны рационалдық 
деңгейде  зерделеуде  тұлғалар  шығармашылығынан,  жүгінгеніміз  де 
қоғамның кез келген қарапайым мүшесіне көмегін тигізетін рухани күшті 
табуды көксеуден туындайтын әрекетке жататыны анық.
Шын мәнінде өмірдің кез келген сәті әрбір адам үшін берілген кере-
мет мүмкіндіктерді пайдалана бастауының көрінісі. Оған деген немқұрай-
лылық немесе оны пендешілікке бағындыру – адамды рухани құлдыраудан 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      31
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
«өлім» деген құтқарушысының құшағына қарай жетелетеді. Бұл Жоғарғы 
Рухтың заңы. Өйткені, жан барынша кірлемеу үшін, пенде түнекке қарай 
құлдырамау үшін тағдыр «өлім» деген көпірдің есігін ашады. Тек біздер 
оған «Сұм Ажал» деген баға беріліп, тіршілікте көз көріп, үйреніскен жан-
дарымызды оған қимаймыз. Негізінен алғанда жан мен тәннің арасындағы 
айырмашылық та, бірлік те осы болмыстың екі қырының – өлім мен өмірдің 
байланысын танытады. Тәннің уақытша болмысы осындай жалпы табиғат 
пен Рухтың ырғаққа толы заңдылығына бағынады. Ал, жанның мәңгілігі 
оның кіршіксіз таза болуы. Оның рух арқылы дамуы – адамға берілген ора-
сан зор жауапкершілік пен сынақ іспетті. Сөйтіп, Өмір – Жоғарғы Қасиетті 
Рухтың Жер бетіндегі Зерде Иесіне сенімінен туындаған дүние және оған 
берілген  «баға  жетпес  сыйы»  деп  бағалауымыз  керек  сияқты.  Адамның 
өзінің таңдау құқығы өзінде болғанмен туа біткен бейімділік те үлкен рөл 
атқаратыны хақ.
Қорқыт  көтерген  мәңгілік  мәселесі  –  өмірсүйгіштікке  шақыру  және 
өмірді  сүйген  адам  ғана  өз  ұрпағын  адамгершілік  негізінде  тәрбиелейді, 
сол  арқылы  жалпы  халықтың  болашағы  алдында  өзінің  жауапкершілігін 
түсінеді және перзенттік борышын барынша парасаттылықпен, ыждағатты 
түрде  орындауға  тырысады.  Адамның  тектілігі  де,  намысының  негізгі 
кейпі  де  осында  жатыр.  Тектілікке,  атаққа  іліну  немесе  байлық  пен  ман-
сап құру жатпайды, керісінше, дүниенің сырын, оның терең мәнін жүре-
гіңмен  түсініп,  ақылыңмен  екшеп,  айналаңа  жылуыңды  шаша  жарқын 
өмір сүруді жатқызуға болады. Адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені 
көркейтуге  өз  үлесін  қосуы,  дарынын  шабытпен  шалқытып,  адамдарды 
біріктіре  білсе  тектілік  танытқаны.  Бұл  болмыста  өмір  сүре  білу  дегені-
міз  әлеуметтік  шындықтағы  қиындықтарды  белсенді  түрде  жеңе  білу, 
мүмкіндігінше  тіршілікпен  үйлесімділікті  орнатуға  атсалысуы.  Бұл  іс-
әрекеттегі ұқыптылық – адамның үлкен Өмірдің алдындағы жауапкерші-
лігі. Қорқытты қалғып кеткен кезінде жыланның шағып өлтіруі де кездейсоқ 
оқиға ғана емес. Бұл – адамдарға берілген Жоғарғы Рухтың ескертуі іспетті. 
«Ешқашанда  пендешіліктің  қызығына  түсіп,  нәпсінің  құлы  болмау» 
қажеттігіне меңзеген дерек деп түсінуіміз керек сияқты. Өйткені, адамның 
қандай  деңгейде  болғанына,  қоғамға  сіңірген  еңбегінің  қандай  болғанына 
қарамастан  Ұлы  заңдылықтың  алдында  барлық  жандардың  біркелкі  жағ-
дайда  жауапкершілігі  бар  екенін  білдіртеді.  Яғни,  бұл  өмірде  кездейсоқ 
ешнәрсе болмайды. Дүниенің бәрінің ішкі себептері мен мәні бар, ал өзін-
дік    құбылыстар  біздің  әрекеттеріміздің  нәтижесі.  Міне,  сондықтан  әрбір 
адам  өзі  айналысқан  кәсібін  өнер  деңгейіне  дейін  көтерсе,  онда  ол  жал-
пы  Ғаламдық  және  қоғамдық  үйлесімділіктің  пернесін  басады,  көптеген 
әлеуметтік қайшылықтар өзіндік шешімін табар еді. Оның орнына адами 
пендешілік  жалған  құндылықтардың  жетегінде  кетуге  бейім.  Сондықтан 
көптеген қайшылықтарымыз жалғасын табуда екені белгілі.
Сөйтіп,  Қорқыттың  өмірдің  құндылығын  өнерден  іздеуі  өзіндік  аза-
маттық  идеялық  ұстаным  ретінде  келесі  ғасырларда  әл-Фарабидің  оны 

32                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал