Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет37/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
виктерді де бас игізді дейді. Пушкин дворяндар тобына жатса, Тургенев ка-
питалистерге, Толстой асқан бай «граф» еді. Олар жасаған ұлы әдебиеттің 
іші  де,  сырты  да  ұлттық  болды.  Онда  пролетариаттың  иісі  де  жоқ...  Ал 
біздің халқымыз өзінің Ахмет Байтұрсынұлы мен Шолпандарын оқи ал-
май отырғандығына күйініп жазды. Бұл революция біздің халқымыздың 
дамуындағы прогресті бір ғасырға шегерді.
Кеңестер  Одағындағы  көшпенділер  өркениетінің  құндылықтық-
дүниетанымдық дамуы жайлы ой шолу біздің философиялық әдебиетте 
әлі  де  өз  зерттеушілерін  күтуде.  Қазіргі  Қазақстандағы  рухани  әлемнің 
қалыптасуы мен адамдарда өмірлік құндылықтар қалыптасуы жайлы әлі 
байыпталмаған мәселелер баршылық. Кеңес өкіметі орнаған соң көшпе-
лілердің рухани құндылықтары тоталитарлық жүйенің толық идеология-
ландырылған  жалған  құндылықтарымен  алмастырылды.  Қалыптасқан 
экономикасы негізінен мал шаруашылығымен айналысқан елді колхоздар 
мен совхоздарға күштеп біріктірді. Далалық демократиясы қалыптасқан 
қоғамнан  тоталитарлық  жүйеге  негізделген  социалистік  қоғам  орнатты. 
Социалистік қоғамда ең бастысы адамның субъектілік өзгеруі болды. Бұл 
жердегі тереңнен біліне бермейтін дүниетанымдық тұрғыдағы өзгерістер 
әрине құндылықтарды рухани қайта бағалау. Ұлы Абайды толғандырған, 
шығармашылығына арқау болған қазағының рухани даму мәселесі кеңес-
тік кезеңде де, қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында да өзектілігін жойған 
жоқ. Адамзаттың өсіп-өркендеуінің, жетілуінің, рух әлемінің мәңгіліктігін 
көрсетеді.
Өздерінің нені бағалы деп, нені дәріптеп, құндылыққа балап жүрген 
жүйесі  өзгеруімен  бірге  жеке  адам  да  субъект  ретінде  елеулі  өзгеріске 
түседі. Басқа сапаға өтіп, соған сеніп, соны қадір тұтады. Қазақ халқының 
да субъект ретінде өзгеріске ұшырауы осы кеңестік кезең болды. Бұл жер-
де өмір сүрудің мән-мағынасы болып саналатын құндылықтардың өзгеруі 
субъект ретіндегі жеке адамдар басқа бір сапаға өзгеріп, соған сеніп, соны 
тұтады.  Н.  Мұсаева  руханилықты  мақсатты  мағыналы  іс-әрекеттің  түп 
негізі дей отырып, оның түпкі мақсатын адамның өзін жетілдіру ғана емес, 
сонымен  қатар  өзіне  тән,  өз  болмысында  мүлгіген  мәндік,  мағыналық 
мүмкіндіктерін  жетілдіру  екеніне  тоқталады.  Адамның  біртұтастыққа, 
яғни сан қырлы қасиеттерге көтерілуі оның өзін өзі жетілдірумен тікелей 
байланысты. Бүгінгі даму дегеніміз – өткен кезеңдердің тәжірибесі. Адам-
дар өз бойына шамасы келгенше өткен кезеңдер тәжірибесін жинақтап, 
сұрыптап,  оның  рухын  өз  бойына  сіңіруге  тырысады  [6].  Халқымыздың 
рухани әлемі өзінің өткені арқылы тамырын жайып содан нәр алды. Он-
дай мәдениеттің тұңғиығына бойлап, оның мән-мазмұнын түйсініп-түсіну 
адамның рухани өсуіне әсер етеді.
Қазақстанда ұзақ жылдар бойына күштеу идеологиясының үстемдік 
етуіне байланысты құндылықтық-бағдарлы және реттеуші-тәрбиелік ком-
плекстер этникалық субъектілердің өмір сүру мақсаттарын жүзеге асыруға 
мүмкіншілік бермеді [7]. Иә, батырлық пен батылдық, ерлік пен қаһар-

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        279
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
мандықтың небір үлгісін жасаған, эпостар қалдырған ұлттың рухын басып 
жаныштаған  қандай  күш  деген  сұрақ  туады.  Кеңес  Одағы  ыдырағаннан 
соңғы  кезеңде  ғана  руханиятымызды  қайта  қарастыру  мүмкін  болды. 
Кеңестік философияны қайта жаңғыртып, оның негіздеріне ғылыми тұр-
ғыдан  талдаулар  жасалынды.  Мысалы,  Д.Кішібеков  Кеңестік  кезеңдегі 
қазақ халқының менталитетіндегі өзгерістерге былайша тоқталады: 
1) 20 жылдардың аяғында мыңдаған жылдық көшпелі тұрмыстан күрт 
өзгеріске  ұшырап,  отырықшылыққа  көшті.  Бұл  оңай  болған  жоқ.  Елдің 
үрдісі, дағдысы, өмір сүру тәсілі өзгерді.
2)  Өндіріс  құрал-саймандарына  жеке  меншік  жойылып,  қоғамдық 
меншік  үстемдік  құрды,  мемлекеттік,  қоғамдық  меншікті  көздің  қара-
шығындай қорғау қажеттігі қатал әрі ауыр заңдар арқылы халық санасына 
сіңірілді.  1932  жылғы  7  тамызда  қабылданған.  1946  жылғы  ауыл  шаруа-
шылық  артелінің  Жарғысын  бұзушылыққа  қарсы  қабылданған  заңдар 
осының дәлелі. Бұл заңдармен мыңдаған адамдар қоғамдық, мемлекеттік 
меншікке қол сұққаны үшін сотталып, тіпті ату жазасына бұйырылды. [8].
Кеңестік идеологияның қазақ қоғамының дамуына кері әсері туралы 
ұлттық  зиялыларымыз  Қазан  төңкерісінен  кейін-ақ  өздерінің  көзқарас-
тарын ашық түрде айта бастады. Алаш көшбасшылары Мұстафа Шоқай, 
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың қазан төңкерісінен 
кейінгі жердегі тағдыры, тәуелсіздігі туралы мәселені теориялық тұрғыдан 
қайта  қарастырды.  Өйткені,  большевиктердің  түпкі  мақсаты  мен  қазақ 
зиялыларының ұлт-азаттық мүдделері бір-бірімен ымыраға келмейтін еді. 
Қ. Бейсембиев өзінің зерттеулерінде: «Қазақ ұлтшылдары большевизм-
ге  қарсы  қандай  аргументтерді  қойды?  Олар  қазан  революциясын  қалай 
бағалады?  деп  сұрақ  қоя  отырып,  өзі  соған  былай  деп  жауап  береді: 
«Әрине олар Ресейдегі социалистік революцияны бір қоғамдық құрылыс-
тың басқамен ауысуы емес, әлеуметтік-экономикалық прогрестің жарқын 
көрінісі деп қарамай, бүтіндей орыс мемлекеті мен орыс халқының жайы-
луының көрінісі деп есептеді». Бұндай тұжырымдама кеңестік философия-
ның  буржуазияшыл-ұлтшылдық  көзқарастар  мен  дүниетанымды  сынға 
алу болатын. Жұмыстың зерттеу әдісі партиялық сын тұрғысынан, таптық 
көзқарастар аясында жүргізілгендіктен ондағы шындықты көрсету мүмкін 
болмады.  Бірақ,  бұл  зерттеу  социализм  тұсында  қазақ  зиялыларының 
ұлтты  бақытты  өмірге,  әділетті  қоғам  орнатуға,  тәуелсіздігін  қамтамасыз 
ету жайындағы идеяларымен көзі қарақты оқырманға танысуға мүмкіндік 
жасады. Кеңестік кезеңде «алаш» деген сөздің өзін айтуға тыйым салынып, 
халық  жадынан  өшіруге  тырысты.  Ұлттың  еркіндігі  жолындағы  күрескер 
М.Шоқай өзінің Түркістан ұлттық күресінің себептері мен мақсаттары жай-
лы  мақаласында  «Ресейдегі  патша  үкіметінің  құлағанына  қуанған  едік»  – 
дейді. Алайда біздің бақытымызға қарсы, басқа бір Ресей – большевиктік 
Ресей – кеңестік Ресей пайда болды. ...Атамекеніміздің патшалық Ресейдің 
отарынан  кеңестік  Ресейдің  отарына  айналдырылды.  Осы  Түркістандағы 
қозғалысқа ғылыми тұрғыдан дәл сараптамалар жасаған да М.Шоқай бол-

280                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ды. «Кеңес үкіметінің орыс емес өлкелерде жүргізіп жатқан ұлт саясатына 
мұқият назар аударыңызшы, сонда сіз бұл өлке халықтарының орыстарға 
қарсы көтерілмеуден басқа амалы қалмай отырғанына көз жеткізе аласыз... 
Түркістандықтар  көтерілмей  тұрмайды.  Өйткені  олардың  ұлттық  намы-
сы әлі өлген жоқ [9]. Тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрес арқылы 
ғана сол кездегі тығырықтан шығудың көзін көрсетіп берген болатын. Кеңес 
үстемдігінің біздің ұлттық идеяларымызға қарсы бағытталғандығын, оның 
пролетариат диктатурасы түрінде көрінген формасы халқымыздың саяси-
әлеуметтік ұғым-түсініктеріне сәйкес келмейтіндігін ашып көрсетті.
Кеңес  үкіметінің  «әскери  коммунизмнен»  жаңа  экономикалық  сая-
сатқа көшуінен соң, оның талаптары мен түркістандықтардың ұлттық мүд-
делері  арасында  пайда  болған  кереғарлықтар  Мәскеу  үкіметінің  Түркіс-
тандағы  ең  жақын  жақтарына  да  белгілі  болып  қалды.  «Әскери  комму-
низм» аяқталар кезде Мәскеу большевиктерінің Түркістанға біршама сая-
си, экономикалық бостандық беру жөніндегі «төңкерісшіл уағдаларына» 
сенетіндер  шыға  бастаған.  Олар  өздерінің  сол  сенім-үміттерімен  боль-
шевиктер  партиясына  кіргенін  айтатын.  Солай  айтуға  хақылы  да  еді.  Іс 
жүзінде жағдай мұндай үміттердің бос елес екенін дәлелдеді. 
Кеңес үкіметінің жаңа экономикалық саясаты түркістандық отаршы-
лық езгіні бұрынғыдан бетер ауырлата түсті. Түркістанды орыс астығына 
тәуелді  етіп  қойған  мақта  саясаты,  Түркістан  шаруашылығын  Мәскеу 
үкіметі мүдделеріне құрбан етіп жіберген колхоздар, орыс шаруалары мен 
Түркістан шаруалары арасындағы экономикалық, мәдени қайшылықтар-
ды тым асқындырып, Түркістанда орыстарды патша заманындағыдан әл-
денеше есе көбейтіп жіберген мұғажыр саясаты, Түркістандағы мемлекет 
аппараттарының «ұлттандырылмауы», Түркістанның ұлттық мүдделерін 
орыс пролетариаты диктатурасының талаптарына сәйкестендіретін боль-
шевиктік  саясаттың  «ұлы  орыс  державалық»  рухы  –  міне,  осылардың 
бәрі Түркістандағы «ұлттық большевиктердің» көзін ашты. Ленинизмнің 
кешегі  мүриттері  бүгін  партияның  «сара  жолынан»  тайып,  оппозиция 
түрінде көріне бастайды.
Түркістан  қасіреті  жалғасуда.  Түркістанның  бақытсыздығы  сол  – 
большевиктік төңкеріс біздің әлі ұйымдасып үлгермеген балаң кезімізде 
шарпыды. Орыстың патшалық мекемелері біздің ұлттық дамуымызды те-
жеп келген болса, большевиктер басқаруы халқымызды ұлттық сезімнен 
жұрдай етуге, мұндай сезімді көкірегінен біржолата сылып тастауға тыры-
сып отыр. Осылайша М.Шоқай кеңестік жүйенің халқымыздың рухын ба-
сып-жаныштап, жоқ етуге тырысып бағып жатқан іс-әрекетін объективтік 
шындық ретінде көрсетті. Ал ұлттық сана-сезімі, белгісі жоғалса онда ол 
мәңгүртке айналады.
1932 жылы «Яш Түркістанның» №37 санында «Желтоқсан естеліктері» 
атты  мақаласында:  «1917  жылдың  10  желтоқсанында  «Түркістан  авто-
номиясын»  жариялау  кезіндегі  Түркістан  халқының  саяси  рухы  бірден 
көтеріліп, Ташкент маңынан қалаға мереке күні 13 желтоқсанда 10 мыңнан 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        281
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
астам жігіттер атпен кірді. Жергілікті халықтардың рухын түрік көтерген 
осы  мерекеден  большевиктер  қатты  қорықты.  Ташкенттегі  митинг  сал-
танатты  жағдайда  аяқталып  жұрт  үйлеріне  қайта  бастады.  Қаланың  бір 
топ түрік тұрғындары көне қала жаққа кетіп бара жатқан, митингішілер 
«Ордадағы» тар көпірдің үстінен енді өте бергенде оқ атылып, пулемет-
тер сақылдап қоя берді... Қарусыз құр қол халық басы ауған жаққа қашты. 
Оқиға болған жерде түріктердің ондаған өлігі қалды... Осы күннен бастап 
орыс большевиктері мен біздің арамызда ашық қанды күрес басталды» – 
деп  еске  алады.  Түркістанның  бақытсыздығы  көтерілісшілер  ұйымының 
әлсіздігіне, басшылықтың күшті бір саясатты орталыққа ие бола алмауында 
еді... Алайда күшті ұйымы, тәжірибелі әскері басшысы болмаған қарусыз 
халық мұздай қаруланған, кемелді мемлекетке қарсы күрескенде, мұндай 
күрес  немен  тынбақ?  Осы  тарихи  құбылыс  жайында  М.Шоқай  кезеңнің 
тарихи  оқиғаларына  ғылыми  түрде  шолу  жасай  отырып,  сол  кездегі 
Ұлыбритания  отары  Үндістан  мен  «Кеңес  Одағының  тәуелсіз  Республи-
калары» арасындағы айырмашылықты көрсетіп талдау жасаған болатын. 
Осы екі жағдайдағы отар елдегі сөз бостандығы жайындағы мәселені салы-
стыра отырып зерттеу ақиқатты көрсетіп берді. Большевиктер «отарлық 
құлдықта»  деп  санайтын  Үндістанның  тәуелсіздігі  хақында  шетелдіктер-
мен ашық сөйлесе алады. Ал Кеңес ұлттық республикасындағы туысқан 
халықтар  болса  «тәуелсіздік»  туралы  жұмған  ауыздарын  ашуы  мүмкін 
емес. Олар тек қана Мәскеуде бекітіліп рұқсат етілген «рухпен» сөйлеуге 
мәжбүр... Отарлаушы мемлекетке тән белгілерді біз кеңестік Ресейдің ба-
сынан анық көріп отырмыз... Біз «Кеңестік шығыстағы өлкелерді» қызыл 
отар,  яғни  «отаршылдық  тепкісінде  жатқан»,  отаршыл  мемлекетке  ар-
зан бағамен шикізат беріп, қымбат бағамен өнеркәсіп товарларын алуға 
мәжбүр  болған  мемлекет  деп  санаймыз.  Отарлаушы  мемлекетке  тән 
барлық белгілерді біз кеңестік Ресейдің басынан анық көріп отырмыз [12]. 
Большевиктер  өздерінің  құйтырқы  саясаттарын  жан-жақты  ойлас-
тырды.  Мысалы,  Қазақстанда  ұлттық  жұмысшы  табын  қалыптастыру, 
индустияландыру,  тың  жерлерді  игеру,  жастарды  екпінді  комсомолдық 
құрылыстарға  аттандыру  ұрандатқан  бастамалардың  ішкі  астарында 
орыстандыру жатты. Тың игеру кезінде ішкі Ресейден 1,5 миллион адам 
әкелінді.  Нәтижесінде  солтүстік  аймағымыз  саны  мен  санасы  жағынан 
ұлтымыздың кемшілік тартқанын көрсетті. Демограф М.Тәтімовтің тәуел-
сіздігіміздің  алғашқы  жылдарында  жарық  көрген  «Қазақ  әлемі»  зерт-
теуінде нақтылы деректер келтіріле отырылып көрсетілген. 
Кез  келген  этносқа  күш  көрсету,  ол  қандай  түрде  болмасын  санада 
өшпенділік  тудырып,  әлеуметтік  үлкен  қақтығыстар  мен  жауласушы-
лықты өрбітеді. Этникалық субъектілердің құқықтық, саяси, мәдени құн-
дылықтарын  жойып,  ұлттық  ерекшеліктерінен  бас  тартуға  мәжбүрледі. 
Субъектілердің ішкі әлемін – олардың дүниетанымдық, дүниеге қатынас-
тық деңгейлерін құлдыратпақ болды. «Жауласу мен қантөгістер адамдарға 
олардың біркелкі екендіктері туралы ойды сіңірмек болған кезден баста-

282                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
лады» – деген Л.Н.Гумилев пен Е.П.Ивановтың пікірлері кеңестік ұлттық 
құрылымдық формадағы этносаралық қақтығыстардың шығу тегіне мең-
зеген болатын [10].
Орыс большевиктерінің саяси мәдениетінің төмендігінен және адам-
гершілік тұрғысынан да түрік халықтарына көрсеткен озбырлықтары дөре-
кі түрде өріс алып үстемдікке қол жеткізген болатын. Түркістандағы оқиға 
елу жылдан кейін Алматыда қайталанды. Енді кеңес үкіметінің үстемдік 
құрғанына 70 жылдай уақыт өткен соңғы 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ 
жастарының  бейбіт  түрдегі  наразылық  шеруіне  сол  баяғы  әдіспен  ату, 
түрмелерге жабу, қудалау сияқты тәсілдер қолдану арқылы жауап берді. 
Жастардың  өз  наразылықтарын  білдіруі,  ендігі  жерде  ұлттың  түбегейлі 
мүдделерін  көздемейтін  шешімдермен  ымырасыз  қарсы  екендіктерін 
ашық жариялауы еді. 
Кеңестік әміршіл-әкімшіл үкімет сол баяғы өркөкіректікке басып, ұлт-
тық рухты ескі тәсілдерді қолданып басып жанышты. Алаңға шыққан жа-
стар әрекеті темір құрсаулы елдегі әділетсіздікке әрі қарай төзудің мүмкін 
еместігін, ұлттық намыс пен рухтың ояу екенін білдіреді. Керек кезінде халқы 
үшін, ұлтының болашағы үшін жан пидалық, сын сағаттарда сол намыстың 
күрт оянуы бейсаналық астарларда үнемі жататындығын байқатады. Осы 
1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасынан  кейін  Жазушылар  Одағының  плену-
мында  Колбинге  жазушы  Сафуан  Шаймерденов  ұлтымыздың  көкейкесті 
мәселесіне арналған сұрақтар берді. «Менің жүрегімде көңілімде екі күдік 
қана бар. Олар туралы үнсіз қалу арыма сын. Өйткені бұл күдіктер менің жа-
нымды жейді. Сонымен бірінші сұрақ... Қазақстан ЛЖКО ОК баяндамасын-
да ұлтшылдық көріністері туралы көп айтылды, ал шовинизм көріністері 
жөнінде  ауыз  ашылмады.  Демек,  Қазақстанда  шовинизм  жоқ  дей  аласыз 
ба? Сіз: «Жоқ, дей алмаймын. Шовинизм Қазақстанда бар. Біз ол туралы 
айтуды баяндамада ұмытып кетіппіз» дедіңіз. Сізге шын, айқын жауабыңыз 
үшін  рахмет...  Екінші  сұрақ...  Сіз  Қазақстанға  келген  кезден:  «қазақ  тілін 
үйренемін  деп  мәлімдедіңіз.  Сіз  қазір  қазақ  тілін  үйреніп  жүрсіз  бе?  Сіз 
«Иә, үйреніп жүрмін деп нығарлай айтқансыз. Қазақ тілін үйренуге деген 
ынта-ықыласыңыз үшін рахмет. Сіз осы арқылы қазақ тілін үйрену тура-
лы тіпті ойламайтын да біздің республикамыздың қазақ емес партия, кеңес 
қызметкерлеріне жақсы үлгі-өнеге көрсетесіз. Алайда сіз сұраққа жауап бе-
рер алдында, сұрақ хатты оқыған сәтте қарқылдап күлдіңіз. Дәл осы кезде 
үйде, телевизор алдында отырған менің денем түршігіп кетті. Өйткені бұл 
күлкілі сұрақ емес еді...» [11]. Бұл қазақ зиялыларының халықтың көкейін-
дегі арман-тілегін соңғы Империяның алдында мәлімдеуі еді. Тоталитарлық-
авторитарлық  жүйенің  этникалық  өзгешеліктерді  жойып,  халықтарды, 
ұлттарды біртұтас кеңестік социалистік ұлтқа біріктіру идеясының жүзеге 
аспайтындығын пайымдатқызған болатын.
Қазақ  халқының  философиялық  ойы  ХХ  ғасырдың  30  жылдарында 
өзінше  ой-кешетін  ұлы  тұлғаларынан  айырылуымен  байланысты  үзіліп 
қалды.  Бұл  үдеріс  сол  кезеңнің  саясаты  мен  биліктің  жан-түршігерлік 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        283
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
қаталдығымен  сипатталады.  Қуғын-сүргінге  ұшырату  мен  адамдарды 
өлтіру  түрінде  жүргізілді.  Қазақ  философиялық  ойының  табиғи-тарихи 
даму жолының нақ осы кезеңде үзілгендігі туралы О.А.Сегізбаев: «КСРО-
да керісінше түсіндіріліп бұрмаланған марксизмнің, басқасын қойғанда, 
осы елдің құрамына табиғи-ұлттық айырмашылықтарымен кірген халық-
тардың философиясын жоғалтуына әкеліп соқты» – деп көрсетті [13, 349].
Социализм  дәуірінің  ұлттың  психологиясына  әсерін  зерттеуге  көп-
теген  ғалымдарымыз  ой  толғады.  «Кезеңдегі  халқымызды  өзіндік-психо-
логиялық  және  мәдени  өзгерістерге  жетелеген  күрделі  әлеуметтік-саяси 
процесстердің бірі – мәдени революциясы» деп жазды Н.Елікбаев. Ғылыми 
әдебиеттердегі осы мәдени революция туралы көптеген пікір-таластармен 
қатар, ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдары болған өзгерістер мен табыстар-
ды түбірінен жоққа шығара алмаймыз. Осы процестің қадамы мен оңды 
нәтижелері  туралы  пікірлер  жаңаша  ойлау  мен  бағалау  кезеңіне  дейін 
жетістік  ретінде,  зор  ықыласпен  бағаланып  келді.  Мәдени  революция 
қоғамның рухани өмірін өзгертуге арналды. Мәдени революцияның жал-
пы заңдылықтары: адамдар санасындағы ескіліктің зиянды қалдықтарын 
жою және адамгершілікке тәрбиелеу; ғылыми көзқарасты қалыптастыру; 
қоғам ісіне берілген жаңа халықтық зиялы қауымды өсіріп нығайту; халық 
ағарту жүйесін социалистік жолмен қайта құру; жалпы халықтың мәдени-
техникалық дәрежесін өсіру; социалистік мәдениетті қалыптастыру және 
дамыту; барлық еңбекші бұқараға мәдениет ошақтарын пайдалануға жол 
ашу және т. б. мәселелер қамтылды [14]. 
Бұл  аталған  шаралардың  нәтижесінде  халқымыздың  Одақтағы  жүз 
шақты ұлттар мен ұлыстар қатарында ағартушылыққа қол жеткізіп, еуро-
палық ғылым мен білімге сусындады. Бірақ бұл жаңашылдық қоғамдағы 
ірі өзгерістер халық жадынан өзінің тарихын, дәстүрлерін жоққа шығара 
отырып  жүзеге  асырылды.  Түрік  өркениеті  мен  мәдениеті  жайындағы 
кез келген ақпараттар мен дереккөздерді кеңестік идеологияның қырағы 
қорғаушылары жойып отырды. Олар түркі мәдениетінің тарихына теріс 
көзқарас  қалыптастырды.  Оның  архаикалық  түбірлерін  «ескіліктің  қал-
дығы»  деп  тұқыртып  ұмыттыруға,  қолданыс  аясын  тарылтуға  күштеп 
көндірді.  Өздерінің  отар  елдерінде  бұндай  саясат  жүргізу  әрине  «аға 
халық» үшін болашақта өздерінің артықшылықтары алдында бас игізуді 
көздеген мақсаттан туған еді. 
Кеңестік кезеңнің солақай саясаты халқымыздың мәдени мұралары-
ның  жойылып  кетуіне  себепші  де  болды.  Большевиктер  «мешіттер  мен 
кесенелерді, шіркеулерді қирату керек» деген айдармен вандализмге жол 
ашты.  Кеңестік  кезеңнің  осындай  сорақылықтарын  отандық  философ 
М.С. Бурабаев өз  зерттеулерінде ашып көрсеткен болатын. Сол кезеңнің 
өзінде  араб  әрпімен  жазылған  әдеби  мұраны  құртудың  қате  екені  жай-
ында: «қазірге шейін «мұсылмандық» әдебиет деп аталып жүргендердің 
барлығы діншіл деп есептеді. Ол дұрыс емес. Оның «мұсылмандық» деп 
аталуы оның мұсылман халықтарының тілінде араб әрпімен басылуында. 

284                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Ол  әдебиеттердің  арасында  социал-демократтық,  марксистік  басылым-
дар  болды»  –  деп  жазды  [15].  Дін  дінсіздікпен,  атеизммен  алмастырыл-
ды. Халықты діннен бездіру дөрекі түрде талап етілді. Діннің өзі рухани 
бастаулардың негізгі тіректерінің бірі. Ал, өздерін әлмисақтан мұсылман-
быз дейтін қазақтарды патшалық Ресей де, кеңестік Ресей де шоқындыру 
мақсатын көздегенімен, дінінен бездіре алмады. Большевиктер қорқыныш 
пен  үрей  тудыра  отырып  өздеріне  құлақ  кесті,  бас  шұлғитын  құлдық 
сана  қалыптастыруға  тырысты.  Ұлттық  құндылықтар  «отаншылдық», 
«ұлтшылдық»,  ендігі  жерде  «интернационализм»,  «тапшылдық»  деген 
ұғымдармен жаңа-жасанды моральдық қағидаларды ұстанумен айырбас-
талды. Сол кездегі саяси атқа айналған «пантүркішіл», «панисламшыл», 
«ұлтшыл-уклонистер» деген жарлық біздің ірі Тұлғаларымыз бен ұлттық 
зиялыларымызға тағылды. 
Рухани  жетілген  адамның  үлгісін  кезеңнің  зиялыларының  бойынан, 
іс-әрекетінен табамыз. Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз? Осы ұғымды 
түсіндіруде, оған дәл жауапты М.Шоқайдың өзі береді. Ұлттық зиялылар 
қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы-
на қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар кіреді. Халықты ұлт деңгейіне 
көтеру яғни, жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын 
бірлестіріп,  олардың  санасын  біртұтас  саяси,  әлеуметтік,  ұлттық  санаға 
жеткізуде ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың мінде-
тіне  жүктеледі.  Дүниежүзінде  зиялыларсыз  ұлтқа  айналған  саяси,  әлеу-
меттік  халық  бұқарасы  бірлігі  ешқашан  болған  емес.  Сондай-ақ,  халық 
бұқарасынан қолдау көрмеген жағдайда зиялы қауым ештеңе істей алмай-
ды [16]. М.Шоқайдың бұл тұжырымдары Кеңестер үстемдігі орнағаннан 
кейінгі  халқымен  зиялыларының  арасындағы  ортақ  сананың  қалыптаса 
алмауынан  туындады.  Зиялыларымыздың  өрелі  ой-тұжырымдарының 
негізгі  алтын  қазығы  еркіндік  идеясы  болды.  Отаршыл  Империя  құра-
мында ұлттық еркіндік пен тәуелсіздік жайлы ойды жүзеге асыру жолы 
өте ауыр жол еді. Бірақ еркіндік идеясы ешқашан халқымыздың рухани 
өмірінен өшкен емес. Ұлттық философияда да ол желі үзілген жоқ еді. 
Қазақ мың өліп, мың тірілсе ол оның рухының мықтылығынан дер едік. 
Руханилық тарихта сан түрлі тоқырауларға ұшырайды. Сыналады, шығын 
болады бірақ өмір сүруін тоқтатпайды. Руханилықты «халық болмысының 
адамгершілік қабаты, саналылық пен бейсаналылықтың қоспасы» деп анық-
тайды  А.Қасымжанов.  Қазақ  халқының  руханилығы  кеңестік  кезең  идео-
логиясының  әсерінен  архаикалық  құбылыс  ретінде  қарастырылды.  Даму 
үдрісі  «таптық»,  «пролетарлық  мәдениет»  деп  аталатын  әдіспен  ұлттық 
мәдениеттердің ерекшеліктерін қырқып тастау әсерінен тоқырады [17].
Тоталитарлық кеңестік кезеңнің өзіндік социалистік идеясының әсе-
рін  зерделеу,  ол  жүйелердің  философиялық  қырларын  ашып  көрсету 
тақырыбымыздың  негізгі  өзегі  болып  табылады.  Сол  идеяның  рухания-
тымыздың дамуына кері әсерлері туралы зерттеулер тек қана еліміз еге-
мендігін алғаннан кейінгі жылдары ғана мүмкін болып отыр. Оған себеп, 


1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал