Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет36/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
іргесін қалаған алғашқы адам. Білімді дамыту – ұлт қамы екендігін ол ерек-
ше  ескертеді.  Әрбір  адам  өзінің  жеке  басының  емес,  басқалардың  қамын 
ойлағанда ғана ұлт пен ел көгерер, ұлтына жақсылық жасаған адамның аты 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасар дейді. 
Міржақып  Дулатов  қазіргі  кезде  маңызды  орын  алып  отырған  тіл 
мәселесіне  де  көп  тоқталған.  Тіл  өткен  дәуір  мен  қазіргі  заманды,  бола-
шақты  байланыстырып  отыратын  кілт  екенін  көрсете  білген.  «Қазақ 
тілінің мұңы» шығармасында өзі тіл орнында тұрып сөйлейді: «Мен зама-
нымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай 
сайраған  тілі  едім.  Мөлдір  судай  таза  едім.  Жарға  соққан  толқындай 
екпінді  едім.  Мен  наркескендей  өткір  едім.  Енді  қандаймын?  Кірленіп 
барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» 
[5, 309 б.], – дей келе, қазақ тілінің шұбарланып, орысшадан қалай болса 
солай аударылып жатқанын, мектептегі оқулықтардың қате-қате аудары-
луы  туралы  мәселелерді  сөз  етеді.  «Қазақ  тілін  жүргізетін  комиссияның 
құлағына алтын сырға» деген шығармасында осы комиссияның шығарған 
жарлығының өзі адам түсінбестей екендігін айта келіп, «қазақша» мынау 
болса, орыс болып-ақ кетелік деушілер табылмай ма? Сонда не бетімізді 
айтамыз? дейді. Тіл тек халықпен бірге өмір сүреді, тіл арқылы халықтың 
табиғатын,  қоғамды  танып  білуге  болады.  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  деп 
қазақ тілді жоғары бағалаған. Міржақып Дулатовтың мақаласы осы біздің 
заманымызға  арнап  жазылғандай.  Жетпіс  жыл  бойы  басылып  келген 
тіліміз,  егемендік  алғанымызға  жиырма  жылға  жақындап  қалса  да  тура 
сол Міржақып заманындағыдай өзекті мәселеге айналып отыр. 
Қандай да бір халық болмасын, оның ұлттық тұрмыс-тіршілігінде тіл 
шешуші  рөл  атқарады.  Бұрын  айтып  келгеніміздей,  тіл  қарым-қатынас 
құралы ғана емес, тіл дегеніміз – адам. Адамның адам болып жүргенінің 
өзі осы тіл арқасында. Сол сияқты тіл дегеніміз – ұлт. Ұлттың ұлт болып 
өмір сүруінің басты шарты – осы тіл. Бұл турасында ұлы Мағжан тама-
ша айтқан: «Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де 
–  қымбат.  Тілсіз  ұлт,  тілінен  айырылған  ұлт  дүниеде  жасай  алған  емес. 
Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. 
Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен 
қымбат нәрсе болмаққа тиісті» [7, 289 б.]. Әрбір ұлт өзінің болашағы жай-
лы істерін, күресін – тілін, сол тілде жасалған рухани құндылықтарды да-
мытудан,  соған  кең  өрістер  ашудан  бастаған.  Тіл  мәселесін  дұрыс  шеше 
алмаған талай халықтар тілі жойылып, сонымен бірге өзі де тарих сахнасы-
нан түсіп кеткен. Сондықтан да ертеңін ойлаған халық барлық уақытта да 
тілін көзінің қарашығындай сақтап, тілі күшейгенде күшейіп, әлсірегенде 
әлсіреп отырған. Тілдің де өмір сүру заңдылықтары бар. Ең алдымен, оған 
еркіндік  керек.  Еркіндігі  болмаған  тіл  қанат  жайып  өркендей  алмайды. 
Мұны Кеңес өкіметі кездеріндегі қазақ тілінің халінен анық көруге бола-
ды. Содан кейін барып, сол тілдің өзегі боларлық негізгі заңдылықтарын 
сақтап, тілбұзарларға қарсы күресіп, оның дұрыс жолда дамуына барлық 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       271
руханиятының түптамыры                                   
жағдайлар туғызатын қамқорлық жасалынып отыруы керек. Тіл мен ой 
бір нәрсенің екі жағы сияқты. Сондықтан да тіл белгілі бір ұлттың ұлттық 
ойы мен сана-сезім дәрежесін де аңғартады. Тіл дамымаса, сол ұлттың ойы 
да дамымайды, демек, ертеңін ойлауға тиісті ұлт болашақ даму жолдарын 
дұрыс анықтай алмайды, не істеу керектігін жаңаша ойлап, шеше алмай-
ды. Сондықтан да тілді дамыту дегеніміз – ұлтты дамыту деген сөз, оның 
келешегін ойлау деген сөз. Олай етпеген, яғни тіл мен ойға өріс бермеген 
ел «уақыт өткен сайын өмір сүру қабілетінен айырылады».
Алаш  зиялылары  бастаған  рухани  мәселелер  бүгінгі  Қазақстанның 
тәуелсіздік  мұраттарымен  сабақтасып  жатыр,  өйткені,  олардың  тіл  тақы-
рыбы төңірегіндегі ойлары қазіргі кезде де өміршең екендігі белгілі. Қазақ 
тіліндегі  басылымдар,  ана  тілінде  білім  алу,  тілдің  қоғамдағы  мәртебесі, 
ана  тілінде  тәрбие  беру,  Қазақстандағы  қазақ  тілінің  басымдығы  сияқты 
мәселелер  А.  Байтұрсынұлы,  Х.  Досмұхамедұлы,  М.  Шоқай,  М.  Дулатов, 
Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. еңбектерінде көрініс тапты. Алаш қай-
раткерлерінің ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтқан ой-пікірлері қазіргі 
ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды. 
Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер 
деңгейінде  отыр.  Президент  Н.Ә.  Назарбаев:  «Ғасыр  басында  мемлекет 
мүддесін  ойлаған  ұлы  қазақтардың  жеке  басының  тағдыры  да  қасіретті 
болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. 
Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басы-
ның  қасіретімен  қатар  өрілген  қызметі  өзінің  бірегей  құбылыс  ретіндегі 
тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен 
де осы заманмен үндес» [11, 22 б.] деп ерекше бөліп көрсеткен еді.
Ж.  Аймауытовтың  мақалаларының  бірі  «Тіл  туралы»  деп  аталады. 
Онда  тіл  мәселесін  сөз  ете  отырып,  кей  халықтардың  бір-біріне  әсер-
ықпалын  дәлелді  көрсетеді.  Жетісу  мен  Сырдарияда  өзбектердің  әсері 
бар, Қостанайда орыс, ноғайдың әсері мол дейді. Араб-парсы тілдерінен 
енген  сөздердің  тұрмыста  сіңіп  кеткенін,  тіпті  мақал-мәтелге  айналып, 
кеңінен қолданылатынын тілге тиек етеді. «Газет тілі қалай түзеледі?» де-
ген мақаласында орысшадан аударылған сөздердің түсініксіз, жаман ауда-
рылғанын, оқыған адам түк түсінбейтінін ренішпен айтады. «…орысшадан 
аударылған, орысшаға жанасқан сөздерге қарасаң томармен жүрген қазақ 
арбадай миыңды, жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата жөнеледі. Қай жерде 
мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып-қып еткендей боласың» [2, 216-
217 бб.]. Қазіргі егеменді болған кездегі тіліміздің проблемасын Жүсекең 
сол  кезде  айтып  кеткендей.  Көшедегі  жарнамаларды  оқысаң  жүйкеңді 
түйгіштеп, зырқылдата жөнелетіннің нағыз өзі болады. 
А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж.Аймауытовтар шығармашылығының 
өзегі болған тіл мәселесінен, ана тілінің тағдырынан Мағжан Жұмабаев та 
сырт қала алмады. Тіл мен ұлтты бір-бірінен бөлуге болмайды, ұлт болу 
үшін ең алдымен тілі болуы керек, тілі кеми бастаса ұлт та құри бастайды 
дейді ол. 

272                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! [7, 60 б.]
«Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ 
емес.  Ондай  ұлт  құрымақ.  Ұлттың  ұлт  болуы  үшін  бірінші  шарт  –  тілі 
болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа 
тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, 
тарихы,  тұрмысы,  мінезі  айнадай  көрініп  тұрады»  [7].  Ұлттың  болмы-
сын,  басқалардан  ерекшелендіріп  тұратын  маңызды  рухани  табиғатын 
түсінген  Алаш  қайраткерлері  әрқашан  тіл  мәселесін  ұлттан  бөліп  қара-
маған. Мәселен, А. Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да 
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де 
жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың 
тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек 
қарнымыз  ашпас  қамын  ойлағанда,  тіліміздің  де  сақталу  қамын  қатар 
ойлауымыз керек» десе, М. Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», 
М. Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен 
қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің 
маңызымен  бірге  ескерту,  сақтандыру  ойлары  да  жатыр.  Біздің  заманы-
мыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында.
ХХ  ғасырдың  басында  қазақтың  ұлттық  идеясы  заман  талабына  сай 
сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан 
ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы 
Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері та-
рихи  мүмкіндікті  мүлт  жіберіп  алмау  жолында  жан  аянбай  еңбек  етті. 
Бұл  ел  тарихындағы  елеулі  кезең  турасында  Президент  Н.Ә.Назарбаев: 
«ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  Қазақстанның  қоғамдық  саяси 
өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отан-
дық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» 
партиясының  жетекшілері  ұсынған  қағидалары  күні  бүгінге  дейін  өз 
маңызын сақтап отыр» – деп, әділ бағасын берді [11]. 
Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы, 
бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси қуа-
ты  керек.  Біздің  алдымызда  мемлекеттік  тілді  ұлттық  идея  дәрежесіне 
көтеру  міндеті  тұр.  Өйткені  мемлекеттік  тіл  –  ұлттың  ұйытқысы.  Бүкіл 
Қазақстан азаматы осы мемлекеттік тілдің төңірегіне топтаса алады. Қазақ-
стандық патриотизмнің негізін қалаушы да – мемлекеттік тіл. Өз еліңнің 
патриотизмін көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес.
Алаш  қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының  қазақ 
жеріндегі  аса  асқынған  кезеңінен  басталды  десек  те,  Алаш  идеясы  одан 
әлдеқайда  бұрын  өмірге  келіп,  күні  бүгінге  дейін  елім,  жерім  деп  ұлт 
болашағын  ойлаған  әрбір  қазақ  жүрегінің  терең  түпкірінен  орын  теп-

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       273
руханиятының түптамыры                                   
кен.  Өйткені,  Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы  отаршылдыққа  қарсы 
бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозға-
лыс еді. Ұлтты сақтайтын – ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, 
тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты 
деп қабылдағанымыз дұрыс. Алаш идеясы ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт 
өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концеп-
циясы. 
Ханкелді Әбжанов былайша ой түйіндейді. «Осылайша, ұлттық идея-
ны  кемеңгерлікпен  түзу  Алаш  қозғалысын  аспандатты,  дұрыс  ұлттық 
идеяға  табан  тіреген  Алаш  қозғалысы  қазақ  қоғамы  тарихының  жаңа 
белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни, ұлттық идеяға адалдық, жан-
кештілік,  интеллектуалдық  биік  өремен  ағымдағы,  кезек  күттірмейтін 
қазіргі  және  болашақтағы  міндеттерді  айқындай  білу  –  бүгінге  жеткен 
Алаш аманатының ең құндылары» [12].
Ұлттық идеяны көтерген қазақ зиялылары Қазақстандағы жердің де, 
мемлекеттің де иесі – қазақ халқы, ал қалғандары диаспоралар екенін ай-
тумен  болды.  Қазiргі  кезде  тарихи  отанында  жүрген  қазақтар  мен  диа-
спора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей емес. 
Отанында  жүрген  қазақтар  үшiн  Қазақстанның  бүгiнi  мен  ертеңi  басты 
мәселе,  ал  шетте  жүрген  қазақтар  жүрген  ортасында  қазақ  болып  қалу 
қамын көбiрек жейдi. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айыр-
машылық  ұлғаймаса,  қабыспайтыны  ақиқат.  Қытайдағы  қазақтардың 
кейiнгi  толқыны  қытайланып,  Түркиядағылар  түрiктенiп  бара  жатқаны 
белгiлi. Еуропа қазақтары арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен 
сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе жас буынның ана тілін мүлдем 
білмей ұмыта бастағанын мойындауға мәжбүрміз. Сондықтан мың өлiп, 
мың тiрiлумен азаттыққа жеткен қазақтың тағдырын анықтағыш ұлттық 
идеясы Қазақстанда ғана өз жемiсiн бере алады. 
Жаһандану  үрдісінде  қазақ  тек  өз  рухын,  жаңғырту,  асқақтату 
арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан 
ұланғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай болса, бүгінгі қазақты 
зұлымдыққа  емес,  адамгершілікке  бейімдеу  ұлттық,  мемлекеттік  дең-
гейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы керек. Олай 
болмайынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айы-
рылуы мүмкін.
Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы 
саясатын  ұлттық  сипатта  жүргізуді,  яғни,  ұлттық  мүдделер  негізінде 
жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың бір жолы қазақ идея-
сын жаңғырту болып табылады. Оның алғы үлгілері кешегі Алаш ұсынған 
жолдарда,  қанымызда  ұйықтап  жатқан  ұжымдық  санадағы  архетиптер-
де жатыр. Бұлардың барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын 
көтеруге  жұмыс  істеуі  керек.  Олар  әсіресе,  тілдік  саясатта,  мәдениетте, 
жалпы  руханиятта,  қоғамдық  өмірде  көрінуі  тиіс.  Сонда  ғана  бөтенге 
ұқсамайтын, өзіндік жүру жолы бар қайсар рухты қазаққа айналамыз.

274                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жиырмасыншы  ғасыр  басындағы  шоқжұлдыздардың  сол  заманда 
көтерген мәселелерінің мәні терең екенін енді біле бастағандаймыз. Олар 
өз заманынан озық туған тұлғалар еді. Өздері заманның алға тосқан тос-
қауылдарына қарамастан халқына адал қызмет етті, өз халқының ұлттық 
сипат, ерекшеліктерін, адамзат қоғамы ауқымында алатын орнын, өзгеге 
ұқсай бермес асылдарын, жалпы адамзаттық құндылықтар қатарынан та-
былар өзіндік үлесін Уақыт және Кеңістік сияқты философиялық ұғымдар 
аясында  зердеден  өткізді.  Қазақтың  басын  қосып,  жеке  ұлттық  мемле-
кет  жасаймыз  деп  бел  байлағанда,  ұлт  бойындағы  қайталана  бермейтін 
болмыс, асқақ рух, бай тарих алашорда қайраткерлерінің қиялына қанат 
бітіріп,  жігерлендіре  түсті.  Бүгінгі  республиканың  дербестік,  егемендік 
алу идеялары, ұлттық тіл мен әдебиеті, дәстүрлерімізді дамыту жөніндегі 
ойларды сол кездегі ұлт зиялылары айтып кеткен. Олардың мұрасының 
ескірмей, күн сайын жаңарып отыруы да осында жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Уваров В. «Духовность» // Этико-философский журнал «Грани эпохи». 2005, 
№23. 25 б.
2.  Аймауытов  Ж.  Шығармалары.  5  томдық  жинағы,  Алматы:  Ғылым,  1999. 
5-том. – 456 б. 
3. Аймауытов Ж. Шығармалары. 5 томдық жинағы,  Алматы: Ғылым, 1998. 
4-том. – 465 б.
4. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. – 560 б. 
5. Дулатов М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. 
6. Қараш Ғ. «Замана», Алматы: Ғылым, 1994, – 240 б. 
7. Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989, – 448 б. 
8. Нысанбаев Ә. Мағжан Жұмабаев: «Әз Жәнібек сендер бол, мен Асан болып 
өтейін» // Жас алаш. – 2003. – 12 сәуір. – 4 б.
9. Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде» // 
«Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі 
кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Семей. 
2008. – 26 б. 
10.  Дулатұлы  Міржақып.  Ахмет  Байтұрсынұлы  (өмірбаяндық  очерктен 
үзінді) // Ана тілі, 1991, 24-қаңтар. – 4-5 бб.   
11. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.: Атамұра, 1999.
12. Әбжанов Х. Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы // «Алаш қоз-
ғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халық-
аралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Семей, 2008. – 9 б.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        275
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
4. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ МЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ РУХАНИЯТЫ ДАМУЫНЫҢ 
МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
4.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ халқы руханиятының 
ерекшеліктері: мәселелер мен қайшылықтар
Кеңестік кезеңдегі қазақ халқының рухани дүниесі екі әлемнің бетпе-
бет  келуімен  сипатталады.  Дәстүрлі  қазақ  руханилығы  мен  жаңашыл 
батыс  әлемі.  Сөйтіп,  сенімді  ақыл  ығыстырып,  ғылым  дінді  жеңіп,  олар 
өмір салты мен дүниетанымның негізіне айналды. Бұл жерде ең бастысы 
философиялық дүниетанымдар мен көзқарастардың ортақ мәселесі қазақ 
қоғамын жетілдіру мен ұлт тәуелсіздігі еді. 
Кезінде  Алаш  зиялылары  ұлттық  мүддені  Батыс  Еуропалық  демо-
кратиялық  күрес  аясында  жүргізді.  Кеңестер  Одағының  құрамында 
болған  кезден  бастап  дәстүрлі,  даналық  түріндегі  философиялық  ой-
жүйелерді  түгелдей  дерлік  коммунистік  партияның  ресми  философия-
сы  сыни  көзқарас  тұрғысына  сай  келмегендер  ретінде  жоққа  шығарды. 
Кеңестік  кезеңге  дейінгі  қазақ  философиялық  ойы  адамдардың  өмірлік 
басты бағдарларды көрсетуші ретінде өзінің қоғамдағы орнын анықтаған 
болатын.  Оның  негізгі  мәселелері  «Адам  мен  Әлем»,  «Адам  мен  Адам» 
қатынасы келген еді. 
Ұлы Далада уақыт пен кеңістік аясында әрқашан ірі көлемде қауым-
дасқан  әлеуметтік  тіршілік  құрған  қазақ  деген  халық  болғаны  белгілі. 
Ондағы  жеке  адамдар  ортақ  руханият  негізінде  қоғамды  біріктіруші 
күшке  айналды.  Ал  енді,  жетпіс  жыл  бойы  кеңес  адамдарының  санасы-
на  сіңірілген  философияның  негізгі  өзегін  Сталиннің  1938  жылы  жарық 
көрген «Диалектикалық және тарихи материализм туралы» деген жұмы-
сы құрды. А.А.Хамидов ол жұмыс жайында: «катехезис пен әскери жар-
ғыны елестетеді» – деп сипаттайды [1]. БКП (б) Орталық Комитетінің жар-
лығымен  Сталиннің  бұл  жұмысы  қағидаға  айналып  мемлекеттік  фило-
софия дәрежесіне көтерілді. Осылайша Кеңестер Одағында Мемлекеттік 
философия пайда болды. Философиядан Табиғат пен Тарихты біріктіру-
ші және оның өзегі мен мәселесі  болып табылатын Адам ғайып болды.
Сондықтан да ұлттық философиялық ойлар өрісі тарылып, оларға ен-
дігі жерде  мемлекеттік ресми идеологиямен қатар тұруға мүмкіндік бол-
мады. Қазақ халқының философиясының дамуының осылайша тоқырауын 
қазақ  философы  М.С.Орынбеков:  «Өзінің  жеке  философиясы  болмаған 
елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тек-
тік факторларға тәуелділігі күшейе түседі» деп атап көрсеткен болатын [2]. 
Қазақ философиясының кеңестік кезеңдегі даму барысы социализм-
нің  алғашқы  жылдарындағы  жазалау  мен  қудалауға  ұшыраған  көрнекті 
қайраткерлердің  шығармашылығымен  өрнектеледі.  Олардың  филосо-

276                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
фиялық еңбектері Қазақстандағы халық өмірінің алуан түрлі мәселелері-
не  арналған  қоғамдық  ойларды  құрады.  Қазақ  философиясы,  рухани 
ой  кешу  үрдістері  социализм  жеңісінің  бағыты  мен  социалистік  сананы 
қалыптастыру жолына түсті. Қазақ халқы өзінің мәдени-рухани, дәстүрлі 
ерекшелігі мен өзіндік болмысынан ажыратылды. Жаппай диалектикалық 
және тарихи материализм үстемдік құрды.
Ресейлік, кейінгі Кеңестік империялар қазақ халқының басқа халық-
тар сияқты мәдени өзгешелігінен, тәуелсіздігінен қаншалықты ажыратуға 
ұмтылса  да,  шын  мағынасында  әлсірете  де,  толық  жойып  жібере  алған 
жоқ. Дегенмен қандай жолды бірден-бір құндылық деп таңдаса да, ондай 
құндылықтардың ар жағында жататын, бүкіл адам баласына тән түпкілікті 
құндылық – ол еркіндік. Тіпті құлшылықтың өзін адамдар таңдайтын бол-
са, ол да сол еркіндіктің салдары. Онсыз ешбір таңдау болмас еді. Тәуелсіз-
дік  үшін  күрес  дегеніміздің  өзі  де  осы  түпкі  құндылыққа  ұмтылыстың 
көрінісі.  Қазақ  халқының  тәуелсіздіктен  айрылып,  орыс  империясының 
құрамында  тіршілік  ете  бастаған  кезеңде  қазақ  зиялыларының  баста-
масымен «Алашорда» үкіметі дүниеге келді. Бірақ қазақ халқы еркіндік 
пен тәуелсіздіктің дәмін тұщынып, кең тыныс ала алмады. Сол кезеңнің 
аласапыранында  тәуелсіздік  тұншықты.  Ол  жөнінде  ағылшын  ғалымы 
Р.Конквест былай деп жазады: «Демократиялық және автономиялық рес-
публика  құруға  тырысқан  қазақтардың  ықпалды  ұлтшыл  ұйымы  1917 
жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен съезінде «Алашорда» атты 
үкіметін құрды. 1918 жылғы 17 қаңтарда большевиктер әскерлері қалаға 
басып кірді, сонымен тәуелсіз қазақ мемлекеті қысқа ғана өмір сүрді [3, 21 б.]. 
Осындай аумалы-төкпелі кезеңде ұлттық теңдік пен саяси бостандықты, 
ұлттық мемлекеттік тұтастықты халық сезіне де алмады. 
Қазақ  халқының  тағдыры  патшалық  Ресейге,  одан  кейін  Кеңестік 
Империяға қараған дәуірде жағдай осылай болды. Бірақ ондай мойынсұ-
ну, дербес, автономды субъект болудан қалу – халықтың өзіндік өзгеше ру-
хани әлем ретінде ғайып болудың жолына түсу болуы мүмкін. Қоғамдық 
ой-сана  көтерген  мәселенің  түп  тамыры  ішкі  бірлік,  біртұтастықпен 
қатар, сырт күшке басыбайлы болмау. Осы дәуірді біртұтас халықты ішкі 
бірлікке  құрастыра  алатын  құндылықтардың  қалыптасу  кезеңі  деуге  бо-
лады. Бүтін өмірлік негізін ойсыратып жатқан бөгде күштің өктемдігіне 
ыдыраңқы  бейғам  елді  жұмылдыра  алатын  нәрсе.  Осы  дәуірдегі  бүкіл 
рухани  күйзелістің  негізгі  сарыны,  әлі  де  халықтық  тұтастыққа  жете 
алмаған елдің зиялыларының осы ахуалдан шығу жолдарын іздеп шарқ 
ұруы  болып  табылады.  Алашордалықтардың  ұсынып  отырған  автоно-
миясы  демократиялық  Республика  болатын.  Алашорда  автономиясы 
таптық жікке бөлінушілікті жақтамады. Олардың басты арманы, мақсаты 
егеменді ұлт мемлекетін құру. Алғашында кадеттер партиясының мүшесі 
болған  Әлихан  Бөкейхан  одан  қалай  шыққаны  жөнінде  былай  деп  жа-
зады:  «Біздің  ұлттық  автономия  құруымызға  кадеттер  қарсы.  Осы  жол 
айырылған соң мен қазаққа Алаш партиясын құруға тырыстым», – дейді. 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        277
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Осылай  Алашорда  өкіметі  талқандалып,  Кеңес  өкіметі  орнады.  «Ақтар 
да,  қызылдар  да»  қазақ  халқының  тәуелсіз  мемлекет  болуын  қаламай, 
оның халық ретінде өмір сүруін неше түрлі демографиялық апаттар мен 
аштықты  қолдан  жасағаны  барлығымызға  аян.  Зиялы  қауымды  қуғын-
сүргінге түсіріп, ақырында ату жазасына бұйырып, сол арқылы ұлтты ой-
өрісін тарылтып, тілін кесіп, тұншықтырып отырды. Ендігі жерде дәстүрлі 
тұрмыс  тіршілігі  шайқалып,  жойылуымен  қатар,  өзі  үшін  адамдықпен 
бара бар деп түсінетін, өз болмысын қалап, өзі анықтайтын күйден мүлдем 
айырылды. Өзіндік әлемге деген өзгеше бір қатынас бүкіл өмірді, әлемді 
өзгеше  түйсіну,  онымен  өзгеше  бір  үйлесу  жарық  дүниеден  кетеді.  Ол 
дүниесіз «қазақ» деп аталатын осындай дүниені құрғандардың әлемі бол-
майды.  ХX  ғасыр  басындағы  саяси-экономикалық,  әлеуметтік,  ғылыми-
техникалық  түбегейлі  демократиялық  өзгерістер  адамзаттың  тарихында 
жаңа диалектикалық даму процесін тудырғаны белгілі. «Кеңес Одағында 
жаңа тапсыз қоғам орнату, адамзаттың тағдырының жұмбағын шешуге ба-
ғытталған бүкіл әлемдік, әлеуметтік-саяси тәжірибелер, жобалар жасалы-
нып, олар «социализм» деген атпен практикалық түрде жүзеге асырыла 
бастады, осы идеяның қаншама миллиондаған жандарды осы процестің 
жолына құрбандыққа шалды» – дейді Ә. Нысанбаев пен Т. Әбжанов [4, 141 б.].
Социализм идеясының басты ұраны: «Барлық елдердің пролетарла-
ры бірігіңдер!», деп басталады. Олардың мақсаты қоғамды қарама-қарсы 
таптарға  бөліп,  сол  таптар  күресі  арқылы  революциялық  төңкерістер 
жасап  пролетариат  диктатурасын  орнату  еді.  Коммунизм  мен  социа-
лизм  ілімінен  алынған  идеяларды  қазақ  қоғамына  күштеп  таңды.  Өзіне 
тән  қоғамдық  қатынастары  орныққан,  тұрмыс-тіршілігі,  рухани  әлемі 
өзгеше дамудағы қазақтарға, пролетариаты жоқ елге, сол пролетариаттың 
диктатурасы керек пе еді? Осы мәселе жайында кеңестік  идеологияның 
қате кемшіліктеріне ғылыми тұрғыдан дәлелді сыни пікірлерді қазақ хал-
қының ойшылы эмигранттық ғұмыр кешкен М. Шоқай айта алды. Боль-
шевиктердің  Түркістанда  орыс  үстемдігінің  екінші  дәуірін  бастағанын, 
Ресейдің  орыстандыру  саясатынан  іс  жүзінде  еш  өзгешілігі  жоқ  қулық-
сұмдықтарын  Лениннің  «социализм»,  «интернационализм»  негіздеріне 
сәйкестендіру  үшін  большевиктер  бір  жаңа  формула  ойлап  шығарды 
дейді. Олар енді мәдениеттің «түрі ұлттық, мазмұны-пролетарлық» болсын 
деді. Асылында халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас нәрсе. Оны 
«мазмұнға» және «формаға» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет 
өзінің мазмұнымен айқындалады [5]. Түрі ұлттық мазмұны социалистік 
деп  аталған  формулаға  сәйкес  келмеген  әдебиет,  өнер  туындаларына 
қатал  партиялық  бақылау  қойылып,  М.  Жұмабаев,  А.  Байтұрсынұлы, 
С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров сынды халқымыздың асыл ұлдары 
түрмелерге жабылып, ақырында социализмнің құрбаны болды. 
Мұстафа Шоқай тіл мәселесі жөнінде оның екінші орынға ығыстыр-
латынын көрсете келіп, орыстың Пушкин, Тургенев, Толстойлар жасаған 
«ұлы орыс тіліне» Ленин өзі ғана табынып қоймай, оған барлық больше-

278                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал