Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет33/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
тілінде  «сөйлей»  бастайды)  бейімделуін  ғана  білдірмейтіндігін,  сонымен 
қатар мәдениет ретінде жалпыәлемдік контекспен сұхбатқа түсіп отырған 
қазақтың философиялық мәдениетінің нақты қалыптасу процесі екендігін 
атап өту керек. Оның шығармашылығындағы өзге мәдени рухани кеңістікті 
қабылдау – бұл әрі оның қазақтар үшін Шығыс пен Батыс әлемдерін ашуы 
тұрғысынан, әрі әлемнің қазақтың руханилығын тануы тұрғысынан қосып 
алғандағы екіжақты өзекті процесс. Ол көшпенді – қазақтардың көз алдында 
әлемдік мәдениеттің өзектілігін алға тартады және сонымен бір мезгілде ол 
өзге мәдениеттің оқырманы үшін өзінің идеяларының терең әрі көрегенді 
маңыздылығымен, сондай-ақ ұлттық бояуымен күмәнсіз қызығушылық ту-
дыратын жарқын, өзіндік және терең ойшыл болып табылады. 
Шәкәрімнің өлеңдері өмір мен оның қайталанбастығы туралы, фәни 
дүниедегі  барлық  нәрсенің  өткіншілігі  туралы,  бұл  әлемде  еркіндікке 
жетудің мүмкін еместігі туралы терең философиялық толғауларға толы. 
Ақын-ойшылдың шығармаларында қазақтардың космологиясы мен кос-
могониясы  бейнеленген,  философиялық  мазмұндағы  картиналар  мен 
терең образдар құрастырылған. «Бәйшешек бақшасы» деп аталатын өлең-
дер мен әңгімелер циклінде философтың өмір мен өлім туралы мынадай 
ой-толғауы кездеседі: 
«Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы, 
Ортасы – өмір, жоқтық қой – екі басы. 
Сағымдай екі жоқтың арасында 
Тіршілік деп аталар біраз жасы. 
Жоқтық, барлық – жоғалмақ араласы, 
Үш еріксіз болады мағынасы 
Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса, 
Өмірдің он тиындық жоқ бағасы» [3, 154 б.] 
Өмір  мен  өлімнің  философиялық  мәселелерін  осылайша  талқылау 
көбіне Шәкәрімнің діни дүниетанымының қайнар көзі болып табылатын 
сопылық дәстүрмен байланысты екендігін атап өту қажет. Бұл туралы біз 
өз жұмысымыздың барысында кеңірек тоқталамыз. 
Қазақтың  бұл  көрнекті  ойшылы  адам  мәселесін  түпкі  категория 
ретінде  негіздейтіндіктен,  бұл  оның  философиялық  іліміндегі  орталық 
тақырып  болып  табылады.  Осы  ұстаныммен  Шәкәрім  ең  алдымен  адам 
мен  оның  жаны  зерделенетін  және  онда  бұл  мәселе  көбінше  «Құдай  – 
Адам»  қатынастары  аясында  қарастырылатын  шығыс  философиясының 
дәстүрін жалғастырды. 
«Менің пайымдауымша, – деп жазады ойшыл, – адамның жақсы өмір 
сүруінің негізіне адал еңбек, арлы ақыл-ой, шынайы жүрек жатуы тиіс» 
[7].  Шәкәрімнің  пікірінше,  мейірімділік,  қайырымдылық,  ұстамдылық, 
саналылық, адалдық, төзімділік, әділеттілік – міне, осы қасиеттер адамға 
ажырамастай тән болуы керек. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       247
руханиятының түптамыры                                   
Ойшылдың  философиялық  көзқарастарының  ерекшелігі  алдыңғы 
орынға  этикалық  ұғымдарды  қоюымен  сипатталады  және  бұл  оның 
пайымдауларының  моральдық  бағытта  болуын  айқындайды.  Шәкәрімді 
оның  философиясының  негізгі  мәселесіне  айналған  адам  тақырыбының 
этикалық  қыры  терең  толғандырды.  Ол  адам  болмысының  мәні  мен 
мағынасы мәселелерін тереңінен зерттеді, ар-ождан туралы ілімді қалып-
тастырды.  «Ынсап»,  «рақым»,  «мейірім»,  «адал  еңбек»,  «таза  жүрек», 
«адамшылық», «ар», «ұят», «сабыр», «ұждан» сияқты этикалық категория-
лар оның философиялық-этикалық көзқарастарының өзегін құрайды. 
Шәкәрім тұлғаның адамгершілік кемелденуін ғылым және біліммен 
байланыстырды және бұл адамға өз іс-әрекетін моральдың талаптарына 
сәйкестендіріп, терең ұғынуға және пайымдауға септігін тигізеді деп сана-
ды. Ойшылдың пікірінше шынайы игілікке ғылым арқылы жетуге болады. 
Мысалы: 
«Ғылымсыз адам – айуан, 
Не қылсаң да ғылым біл... 
... Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде, 
Қалсын десең артыңда адам атың» [3, 251 б., 93 б.]. 
Біз  жоғарыда  айтып  өткендей,  адам  мен  оның  қоғамдағы  жағдайы, 
адам мен оның өмірдегі тағдыры, адам мен оның адамгершілік қасиеттері 
Шәкәрім үшін, оның төңірегінде ойшылдың философиялық идеялары ай-
налып  жүретін  мәселелердің  желісіне  айналды.  Адам  мәселесінен  шыға 
отырып,  қазақ  философы  адамның  ақыл-ойынан,  оның  құмарлықтары 
мен көңіл-күйлерінен, психикалық жағдайынан, мінез-құлқынан, қылық-
тарынан және т. б. көрінетін тәндік және рухани субстанцияның байланы-
сын, жан мен тәннің тұтастығын пайымдайды. 
Шәкәрім үшін адамның мұраты – бұл адамгершілік тұрғыда жетіл-
ген адам, ал адамгершіліктің үлгісі (эталоны), қайырымдылық пен зұлым-
дықтың таразысы өзінің шынайы «Меніне» ие болуға, өзін-өзі тануға жету 
жолын жетілдіруге қабілетті адамның өзі болуы тиіс. Адам мен адамзат-
ты адамгершілік тұрғыда жетілдіруге деген үмітке, гуманистік идеалдарға 
толы, адам мен оның дамуын жаңартудың жолын іздестіруге бағытталған 
мынадай шумақтар Шәкәрімге тиесілі: 
«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, – 
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол. 
* * * 
Тамам жанның мінін айт, 
Жалған айтпай, шынын айт. 
Аяп, ішің жылып айт,
Адамды бастыр ілгері!» [3, 151 б., 159 б.]. 

248                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Кемелденген  адам  туралы  қазақ  ойшылының  толғаныстарында 
адамның  рухани  жетілдірілуі  маңызды  орынға  ие  болады.  Бұл  үшін, 
Шәкәрімнің  пайымдауынша,  адамның  рухы  оның  құмарпаздықтарынан 
үстем  болуы  тиіс,  өйткені  тәннің  қалауы  өткінші  және  тек  тұрпайы 
ақиқаттарды білдіреді, ал рух мәңгі ақиқаттарға ұмтылады. 
Шәкәрім  өзінің  шығармашылығында  Абайдың  шығармаларына  тән 
болып келетін қоршаған ортадан түңілу мен жалғыздық пафосын қабыл-
дап  алды.  Зерттеушілердің  дұрыс  аңғарғанындай,  «Шәкәрімде  ағарту-
шылық пен ақыл-ойға табынушылыққа сақтықпен қатынас жасау басым, 
өйткені  сырттан  енгізілген  батыстық  құндылықтардың  сіңірілмегенін 
жә-не  қақтығыстардың  көзіне  айналғанын  әлеуметтік  практика  көрсетіп 
берді» [8, 133 б.]. Ойшылдың есептеуінше, ақыл-ой рухани шабытты бо-
луы  керек.  «Қазақ  халқы  үшін  ол  енді  «ағартушы»  емес,  адамгершілік 
пен даналыққа ұмтылған әркім үшін жанды өзіндік «ағартушы», – деген 
ойды А.Әміребаев әділ түйіндейді [9, 270 б.]. Қазақ философының терең 
көзқарасына сәйкес, адамның жоғарғы рухани мән-мағынаға қол жеткізуі 
ғана оны өмірде адам етеді. 
Шәкәрім  көшпелі  өркениеттің  соңғы  ошағының  қирауының  куәсі 
болды.  Ол  өзінің  шығармаларында  келмеске  кетіп  бара  жатқан  руха-
ни  мәдениетпен  қайғылана  әрі  мазасыздықпен  қоштасады.  Ойшыл  бұл 
жағдайға  терең  қапаланды,  өйткені  көшпелі  өркениеттің  мәңгілік  бей-
болмысқа  енуі  адамның  жанын,  оның  табиғат  пен  әлемді  өз  үйі  ретін-
дегі  қабылдауын  күрт  және  кенет  өзгертеді.  Дәл  осыған  орай  Шәкәрім 
қазақтардың  өзін,  өздерінің  өмір  тәртібін,  оның  үрдісін,  оның  мәнін  өз-
гертуге,  әрбір  адамға  жаңа  ахуалда  пайдасын  тигізетін  жаңа  сапаларға, 
қасиеттерге  ие  болуына  көмектесуге  асықты.  Ойшыл  жаңа  отырықшы 
өркениетте  өмір  сүруге  тура  келетін  өз  тайпаластарына  жаны  ашыды. 
Бірақ, сонымен бір мезгілде, оның адам мен әлемнің ажырамас тұтастығы 
бұл жаңа тарихи дәуірге сіңіп кетуге мүмкіндік беретініне сенімі мол бол-
ды, өйткені бұл тұтастық адам мен табиғат арасына алынбас кедергілер 
қоятын, адамды өз болмысынан ажыратып жіберетін техницизм жағдай-
ында оны құтқаратын адамзат болмысының өзегі болып табылады. 
Шәкәрімнің айтуынша, адамның жаны, оның ақпейілділігі, тәртіпті-
лігі, адамгершілігі адамның мәнінің, әлем мен адамның болмысының негі-
зіне  айналуы  тиіс.  Сондықтан  да,  ойшылдың  адамзаттық  қасиеттердің 
ең  тәуірі  ретінде  түсіндіре  отырып,  ұжданды  әлемнің  субстанциясы  деп 
қарастыруы,  адамды  ар-ұятты  адамгершілікті  етуге  үйрететін  ұждан 
ғылымын қалыптастыру туралы әңгіме қозғауы тегін емес. 
Ұждан  ғылымы  туралы  Шәкәрім  өзінің  28  жылдық  зерттеу  жұмы-
сының  нәтижесі  болып  табылатын  «Үш  анық»  философиялық  тракта-
тында  жазады.  К.К.Бегалинова  былайша  дұрыс  атап  өтеді:  «Үш  анық» 
қазақ  халқының  тарихи  тағдырындағы  шұғыл  өзгерістік  кезеңде  жа-
зылды. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, Ақпан, 
Қазан төңкерістері және өзге оқиғалар қазақ даласында да қызу үндестік 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       249
руханиятының түптамыры                                   
тапты. Олар Шәкәрімді де бей-жай, тыныш және қатыссыз қалдыра ал-
мады [10, 18 б.]. 
Өз халқы мен оның болашағы үшін жанын ауырту ойшылды дағда-
рыстан шығудың жолдарын азаптана іздестіруге итермеледі. Неге әртүрлі  
халықтар,  мейлі  ол  ағартылған  болсын,  мейлі  ағартушылық  жолындағы 
халықтар  болсын,  бүкіл  өзінің  рухани  қуатын,  білімі  мен  күшін  өздері 
сияқты адамдарды құртуға жұмсайды деген ой оған маза бермеді. 
Шәкәрімнің трагизмі (азаптануы) оның өзіне жақын адамдардың көз 
жұмуына байланысты да күшейе түсті: немере ағасы Абайдың, кіші бау-
ырлары (інілері) Мағауия мен Ақылбайдың өмірден өтуі күйзелте түсті. 
Бұл  қайғы  адам  өмірінің  өткіншілігі  мен  күйзеліс  сезімін  шектен  тыс 
шиеленістіріп, өмір мен өлім, шынайы және жалған өмір сүру, адамның 
бақытқа жетуі мәселелерін жаңаша қарауға мәжбүрлей отырып, Шәкәрім-
нің бүкіл ішкі рухани әлемін аударып төңкерді. 
«Үш анықта» Шәкәрім Ақиқат туралы мәселені қояды және бұл мәсе-
ленің арнайы шешімін ұсынады. Ақиқатқа жетудің жолы күрделі, соқтық-
палы екендігін атай отырып, ойшыл былай деп жазды: «Адам ақиқатты 
бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді...» [11, 6 б.].
Өмір мен өлім мәселелерін қарастыра отырып, ол бірінші анық ретінде 
материалистік  дүниетанымды,  екінші  –  теологиялық  дүниетанымды, 
үшінші анық ретінде – ар-ұжданды атайды. Көптеген ақиқаттардың, анық-
тардың арасынан Шәкәрім осы үшеуін бөліп қарастырады, олар өздерінің 
дәйектілігімен  және  дәлдігімен  өзара  таласа  алады  және  сол  дәуірдің 
негізгі қақтығысын білдіреді. 
Ойшыл  өз  бастауын  антикалық  философиядан  алатын  екі  қарама-
қарсы көзқарастарды – материалистік және идеалистік көзқарастарды са-
лыстыра отырып, олардың қайсысы шынайы екендігін анықтауға ұмтылды. 
Шынайылықтың  рационалдық  өлшемін алға  тартатын  материалис-
тік  дүниетаным  адам  жанының  мәңгілігі  мен  жаратушы-құдай  идея-
сын  теріске  шығарады.  Шәкәрім  үшін  бұл  адамның  өзін  жоюмен  бір-
дей.  Ойшылдың  пайымдауынша,  мұндай  түсінік  адамзат  қоғамының 
азғындауына,  сондай-ақ  адамның  табиғатында  материалдық  пен  био-
логиялықтың үстемдігіне алып келеді. 
Шәкәрім  адамның  күмәнсіз  руханилығын  сенімді  түрде  көрсетіп 
береді. Және де адам рухани мақұлық болғандықтан, ол өзінің жанымен 
келісім мен үйлесімділікте болып, бақытқа жете алады, ал жанның күнде-
лікті әлемдегі проекциясы ұждан болып табылады. 
Ойшыл адамдарды өз жандарын әділетті, ар-ұятты өмір сүру арқылы 
оятуға  шақырды.  Ұждан  адамның  іс-әрекетін  қадағалайды,  оның  өмірін 
жауапкершілікті және парасатты етеді. Шәкәрім былай деп жазды: «Адам, 
нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда мұсылманша ұждан, орыс-
ша  совесть  бар...  Меніңше,  совесть  –  жанның  тілегі...  Жан  екі  өмірде  де 
азығы  –  ұждан,  совесть  деумен  еш  нәрседен  кемдік  көрмейді.  Тіпті  бұл 
жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық дегенім осы [11, 30 б., 34 б.].

250                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Шәкәрімнің  дүниетанымы  –  бұл  болмыстың  мәңгі  сұрақтарын 
жүйелі және қайшылықсыз пайымдаудың үлгісі. Ойшыл үшін жан мен 
ұждан  мәселесі  философиялық  рефлексияның  дерексіз  мәселесі  емес, 
адамдардың  өмірқамының  өзі  үшін  қажетті,  шешілуі  әбден  мүмкін  ди-
лемма.  Философты  терең  толғандырған  өмірдің  мәні,  жанның  мәңгілігі 
мәселелері оның шығармашылығының түбірін құрайды, ал оларға жауап-
ты ойшыл тұтастай дүниетаным тұрғысынан беруге тырысты. 
Шәкәрім дәл осы үйлесімді және бүтін дүниетаным шеңберінде адам 
өміріне жоғары парасат берудің мүмкіндігіне шек келтірмеді. Дәл осын-
дай дүниетаным бұл ойшылдың өзіне де тән болғандықтан, ол адамның 
рухани  өсімінсіз,  тұлғаның  адамгершілік  кемелденуінсіз  бұл  әлемде  кез 
келген  іс-әрекет  өз  мән-мағынасын  жоғалтатынына  сенімді  болды.  Егер 
қайырымдылық  пен  әділеттілікке  деген  ұмтылыс  адам  жанында  басым 
болмаса,  онда  тіршілік  өмір  сүрудің  қажетті  шарты  болып  табылатын 
сапалық аспект жоғалады, – деп пайымдады қазақ ойшылы. 
Зерттеушілердің  дұрыс  аңғарғанындай,  «Шәкәрім  Құдайбердиев 
Батыстық өркениеттің қарқынды дамуы барысында қалыптасқан рухани 
және  мәдени  вакуумды  терең  сезінген  ойшылдардың  қатарына  жатады, 
сондықтан да ол ойшыл және ақын ретінде адамзат бақыты мен игілігін 
іздеудің қалыптасып үлгірген шығыстық дәстүрін жалғастырды» [12, 51 б.]. 
Шәкәрімнің  Шығысты  қабылдауы  Шығыстың  өзінің  күрделі  бет-
бейнесіне  орай,  әр  деңгейлі  және  көпқырлы  болып  келеді.  Ол  да  Абай 
сияқты,  өз  шығармашылығының  бастапқы  кезеңінде  шығыстық  әсем 
поэзиялық дәстүрге шығармашылық шабыттың қайнар көзі ретінде ден 
қойды. Онан ары, ағартушылық дәстүрге ере отырып, ойшыл енді өзге мә-
дениеттерді игеруге шақырумен тоқталып қалмай, өзіндік өзегін Шығыс 
құрайтын  Жарықтың  әлеміне  терең,  философиялық  тұрғыдан  «бойлау-
ды»  насихаттады.  Шығыстың  арқасында  Шәкәрім  Шығыстың  «терең  дү-
ниетанымдық парасат аясында және ең жоғарғы мағынада Ұстазға айнал-
ды. Бұл оған өз бойына шығыстық руханилықтың дәстүрлеріндегі көшпелі 
поэзиялық  мәдениетті  бойына  сіңірген  өзінің  жеке  философиялық  кон-
цепциясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Шәкәрімнің  философиясы  әрі  элитарлы  (бекзаттық),  әрі  жұмбақ-
тығымен  ерекшеленеді.  Ойшыл  адамдардың  көпшілігі  әдетте,  тек  сын-
дарлы,  күрделі  ахуалдарда,  «болу  немесе  бордай  тозудың»  баяғыдан 
белгілі  диллемасымен  бетпе-бет  келген  жағдайларда  ғана  пайымдайтын 
уақыттан  тыс,  мәңгі,  абсолютті  ақиқаттар  туралы  жазды.  Бұл  мағынадан 
алғанда  Шәкәрімнің  ілімі  экзистенциалды.  Философиялық  білімді  этика-
ландырудың шығыстық дәстүрін қабылдай отырып, ол, алғашқыда солай 
болып  көрінгенімен,  дұрыс,  тақуа  өмір  кешуге  шақырған  жоқ,  адамның 
алдына  терең  экзистенциалдық  таңдауды  қойды:  қалыптасу  және,  демек, 
«болу», немесе Жаратылыс әлемін таңдау. Тіршілік әлемімен, салыстырма-
лы, өткінші, құндылықтардың әлемімен басып-жаншылған адамның оянуы 
– қазақ ойшылының философиялық көзқарастарының маңызды мәселесі. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       251
руханиятының түптамыры                                   
Шәкәрімнің  ілімі  адамның  ішкі  әлемін  зұлымдықтан,  ашкөздіктен, 
екіжүзділіктен, өзімшілдіктен және өзге де күнәһарлықтан тазаруға жағ-
дай жасайды және адамның кемелденуі мен тазаруына ықпал ететін Алла-
ға жүгінуге шақырады. Бірақ зерттеушілердің пікірінше, «ол Аллаға соқыр 
сеніммен  табынуға  шақырмайды,  оның  діні  –  бұл  сүйіспеншілік  этика-
сы.  Сүйіспеншілікті  немесе  махабатты  –  ойшыл  адам  болмысының  суб-
станционалды негізі, жанның интуициясы, Ақиқат, Қайырымдылық пен 
Сұлулықтың тұтастығы ретінде түсінеді [10, 16 б.]. Философтың пікірінше, 
махаббат адамды тазартады, асқақтатады, мейірбанды етеді. 
Шәкәрімде  көбіне  Абайдың  этикалық  категориялары  дамытылады 
және кеңейтіледі. Ол аса терең этикалық феномендердің бүтіндей қазынасы, 
әсіресе  ынсап  категориясы  талданады.  «Ынсап»  сөзі  ұжданды  (совесть), 
әділдік, адалдық, адамның шындыққа, өзара көмекке және қайырымдылық-
қа  ұмтылысын  білдіруі  мүмкін.  Бірақ  бұл  ұғымдардың  ешқайсысы  да 
«ынсаптың»  шығыстық  түсінігінің  мәндік  мағынасы  мен  әралуан  реңінің 
бүкіл гаммасын бере алмайды. Сондықтан, біздің пікірімізше, бұл ұғымның 
бүкіл мән-мағынасын сақтау мақсатында «ынсапты» өзіндік этикалық фено-
мен ретінде ғылыми айналымға енгізген дұрыс болар еді. 
Шәкәрімнің нық сеніміне сәйкес, дәл осы ынсап адамдарды ашу-ыза-
дан және зорлық-зомбылықтан сақтайды, ал егер кімде ынсап, ар-ұждан, 
абырой, қайырымдылық болса, онда ол ешқашанда әділетсіз және залым 
қылықтарға бармайды. 
Ынсап ұстамдылықтың, сабырлылықтың, қанағаттың негізі болып  та-
былады, ал ынсаптың талаптарын өз өмірінің қағидаларына айналдырған 
адам өзгелерге қатысты жамандықтың, зұлымдықтың пиғылынан әрқашан 
аулақ  болады.  «Талап  пен  ақыл»  деген  өлеңінде  Шәкәрім  былайша  ой 
толғайды: 
«Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – 
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. 
Алтауының ішінде ынсап әділ, 
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. 
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды, 
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды» [3, 128 б.].
Ынсап – ақыл-ой, әділеттілік, жауапкершілік, өзара түсіністік, мейі-
рімділік сияқты әлеуметтік-этикалық категориялармен тығыз байланыс-
ты. Шәкәрім былай деп атап өтеді: 
«Ынсап пен мейірім, әділетті, 
Жаныңдай көріп жан сақта. 
Ол жолда өлсек, неміз кетті
Мақсұтқа жетпей қалсақ та» [3, 189 б.]. 

252                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Шәкәрім адам өміріндегі ынсапқа үлкен мән бере отырып, бұл этика-
лық феноменнің ақиқатқа деген ұмтылыстан туындайтынын, адамның өзі 
сияқтыларға  деген  жанашырлығымен,  аяушылығымен,  қолғабыстылығы-
мен байланысты екендігін зерделейді. 
Әділеттілік  –  бұл  адамдардың  қауымдастықтағы  тұлғааралық  қаты-
настарындағы  мызғымас  адамгершілік  құндылық  және  маңызды  этика-
лық  феномен.  Халықтың  адамгершілік  құндылықтарына  сәйкес  келмей-
тін құндылықтар қашанда оның ішінде ашу мен наразылық тудыратыны 
сөзсіз. Әділеттілікке деген наразылық қазақ халқындағы мынадай мәтелден 
көрінеді: «Ынсапсызға ерік берсең, елді талар», «Зұлым есіктен кірсе, ын-
сап түндіктен шығады». 
Ынсап – адамның сенімімен, ұстанымдарымен және олардың адамның 
тікелей өмірқамындағы тікелей көріністерімен байланысты болып келеді. 
Қазақтар арасында мынадай мақалдар кеңінен таралған: «Ынсап – діннің 
жартысы», «Ынсапсыздың иманы жоқ». 
Ынсап – адамды аморальды, заңға қайшы әрекеттерден сақтандырады 
және  сонысымен  бұл  этикалық  феномен  тұлғаның  әлеуметтік  жүріс-
тұрысын  реттеудің  өзіндік  механизмі  ретінде  көрінеді.  Талай  азапты 
бастан  кешіргенімен,  бұл  сынақтардан  бас  имей  өтіп  шыққан  қазақ 
халқының  даналығы  өмірдің  қызығы  мен  қуанышын  татуда  мынаны 
ескеруді  үйретеді:  өзіңнен  әлсіз  адамдарға  –  қайырымдылықпен,  өзің 
қатарлыларға – ынсап тұрғысынан, өзіңнен күшті адамдарға ақыл-оймен 
саналы  қатынас  жаса.  Ынсаптың  көмегімен  адам  өзінің  құмарлықтары 
мен  қалауын  тізгіндей  алады.  Ынсап  –  адамның  ұстамдылығының 
негізгі қызметін атқарады, бұл этикалық ұғым қанағаттың негізі түрінде 
көрінеді. Ынсап және қанағат этикалық феномендерін адамның өзін-өзі 
кемелдендіруінің,  оның  рухани–адамгершілік  тұрғыда  тазалануының 
және  өмірдегі  ең  маңызды  мақсаттардың  бірі  –  бақытқа  жетудің  жолы 
ретінде ұғындырылады. 
Шәкәрімнің өз замандастарына бағытталған ізгілік пен кеңпейілділік 
туралы, шынайылық пен шыншылдық туралы, қанағатшылдық пен адам-
зат тәрбиесі туралы, игілік пен бақыт туралы, сонымен бірге олардың анти-
подтары – қаталдықты, жалғандықты, ашкөздікті, сараңдықты, тәкәппар-
лықты және өзге де жанның азғындануы мен надандығынан туындайтын 
күнәһарлықтарды сынауы мен айыптауы бүгінгі күні де өз құндылығын 
жоғалтқан жоқ. 
Бүгінгі заманның адамы үшін «Бәйшешек бақшасы» цикліндегі «Шын 
бақ  қайсы?  Күншіл  кім?»  өлеңдерінен  алынған  Шәкәрімнің  төмендегі 
шумақтары аса маңызды болып табылады: 
«Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек
Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. 
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: 
Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       253
руханиятының түптамыры                                   
Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ, 
Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ» [3, 166 б.] 
Өз  артыңда  жақсы  ат  пен  жақсы  із  қалдыра  білу  ретіндегі  бақыттың 
шәкәрімдік  түсінігінің  де  құндылығы  мұнан  бір  де  кем  емес.  Ойшылдың 
пайымдауынша, жақсы ат өз халқыңа, оның мүдделеріне қызмет етуді ада-
ми парыз және қасиетті міндет деп түсінетін адамдардың артында қалады: 
«Адамдық борышың, – 
Халқыңа еңбек қыл. 
Ақ жолдан айнымай 
Ар сақта, оны біл. 
... Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң 
Шын бақыт – 
Осыны ұқ. 
Мәңгілік өлмейсің!» [3, 267 б.]
Шәкәрім  адамның  бақыты  оның  жанының  байлығымен  және  іс-
әрекетінің адамшылығымен анықталатынына нық сенді. Ойшылдың пай-
ымдауынша,  кім  адал  және  сүйіспеншілікпен  еңбектенсе,  сол  бақытты. 
Адамзат  баласын өзіңнің туған балаңдай сүйсең, оған әділ болсаң – міне, 
шынайы бақыт осы, деп ұйғарды Шәкәрім. 
Кім парасатты және сыпайы болса, кім адал және әділ болса, кім өз 
бойына  жақсылықтарды  сіңіре  білсе,  сол  ғана  бақытқа  жете  алады.  Па-
расат – бақыттың негізгі компоненттерінің бірі және сондықтан да адам 
саналы  және  рухани  мақұлық  ретінде  соған  сәйкес  әрекет  етуі  керек, 
«нәпсінің  құмарлықтары  мен  қалаушылықтарына  шектен  тыс  берілуге, 
өтірік айтуға, парасатты адамдарды қудалауға, өзге адамға қысастық және 
күншілдік көрсетуге құқы жоқ. Қазақ философының көзқарасынша, бұл 
қағидаларды ұстанған адамдар ертелі, кеш бақытқа қол жеткізеді. 
Шәкәрімнің рухани мұрасын талдау көрсеткендей, адамзат өмір сүруі 
мен  дамуының  кеңістігі  ретіндегі  Алла  туралы,  діни  сенім  туралы  (ой-
шылдың  «Иманым»  деп  аталатын  шығармалардың  бүтіндей  циклі  бар) 
ұлы ақын-философтың шығармашылығында қомақты орын алады. Оның 
үстіне,  ойшылдың  бүкіл  дүниетанымы,  барлық  оның  философиялық 
көзқарастары діни таныммен суарылған деп батыл түрде тұжырымдауға 
болады. 
Шәкәрімнің діни дүниетанымының қайнар көзі көпғасырлық тарихы 
мен өзіндік ерекшеліктері бар сопылық дәстүр болып табылады. Аскетизм 
мен шектелу арқылы жанды тіршіліктің былғанышынан тазарту, ал ең бас-
тысы – Құдайға деген шексіз махаббат, онымен тұтастықта бірігіп кетуге 
мүмкіндік  беретін  құдіретті  махаббат  идеясы  –  суфизм  сияқты  күрделі 
ілімнің маңызды белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктері. Сопылықты 
уағыздаушылардың есептеуінше, адамның жаны – бұл оған уақытша ғана 

254                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал