Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет32/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
Қазақстандық  қоғамның  қайта  құрылуы  кезінде  қазақстандықтар-
дың өмірлік, құндылықтық бағдарында белгісіздік пайда болды. Сонымен 
бірге, адамдар ертеңгі күнге деген сенімділіктің азайғанын сезеді. 
Бұл  тұрғыда  мәні  жағынан  қазақ  философиялық  ойының  этикалық 
идеясы болып табылатын жалпыұлттық идеяның рөлін асыра бағалау қиын. 
Егер  жалпыұлттық  идея  адамдардың  санасында  қалыптасып,  іс  жүзінде 
жүзеге асса, онда мақсаттар мен құндылықтардың көрсетілген белгісіздігін 
жоюға болады, сонымен бірге тұтас қоғамдық сананы табуға әсер етеді. 
Ұлттық  идея  елдің  алдында  оның  барлық  күштерінің:  саяси,  эконо-
микалық, мәдени, рухани, адамгершіліктік нығаю міндеттері тұрған жер-
де пайда болатынын әлемдік тәжірибе көрсетеді. Ұлттық идея этностық, 
мәдени,  дүниетанымдық  қайшылық  сахнасы  болмауы  керек,  себебі  бұл 
идея тек  біріктіруші  идея,  егер  ол  мұндай  мақсатта  қолданылмаса  онда 
бұл басқа идея болғаны. 
Біздің көзқарасымызша, қазақ философиясы тарихының рухани өтке-
нінде ұлттық идеяның терең негізі қаланған. Біз профессор Н.Р. Мұсаева-
ның  «қазақ  философиясының  тұңғиығына  бойлаған  сайын,  оның  інжу-
маржанын үлкен табандылықпен көрсетіп, аса бір ерекше ілтипатпен тере 
бастаған сайын қазақ феномені өзінің табиғи, тарихи, тылсым қасиеттерін 
аша түсіп, өзінің рухани биіктігін, ірілігін, тереңдігін байқата түсетіні анық» 
[33, 3 б.] деген ойымен келісеміз. 
Шындығында,  қазақ  рухани  мұрасының  бай  қазынасы  мен  этикаға 
бай философиялық ойы қазақ халқының әлемдік тарихта біртұтас фено-
мен ретінде құрылғанына әсер етеді. Қазақ қоғамының сапалы өзгешелігі 
өмірдің  құндылықтық-адамгершілік  мәнісінің  басқа  қоғам  болмысымен 
салыстырғанда үлкен мәнге ие болатынын ашып көрсетуге болатындығы-
мен қорытындалынады. Бұл қазақ қоғамының этикалық құрамының күн-
делікті өмір шындығына табиғи байланысатынын көрсетеді. 
Қазақстандық философ А.Б.Қапышев «Ұлттық идея және өмір мәні» 
мақаласында  ұлттық  идея  жайлы  қызықты  пікірін  білдіреді:  «Ұлттық 
идеяны халық әлемдік дамуға енгізуге тиісті қор ретінде анықтауға бола-
ды... Ұлттық идеяның мазмұны адамның түпкі мәнін, оның руханилығын 
көрсетуі қажет. Егер ұлттық идея пайда болып, ойдағыдай өмір сүре алса, 
онда оның ортасында ұйытқысы ретінде халық болуы керек...» [34, 34 б.]. 
Біз  егер  мәселені  осы  мәнде  түсінсек,  онда  егемен  Қазақстанның 
ұлттық идеясы Абайдың рухани мұрасы болуы керек, оның «Адам бол!» 
принципі арқылы оның дүниетанымдық бағыты адам болмысының ірге-
лі негізіне бағытталады. Абайдың жетілу мен дамуға итермелейтін үнде-
уі рухани-адамгершілік қатынастар ортасындағы ақылдың іске асу мәнін 
түсіндіреді,  өйткені  ол  адамдық  қатынасты  тек  адамнан  адамға  қарай 
сырттай бағытталған көзқарасты ғана сипаттамайды, адамның өзіне іштей 
бағытталған көзқарасты да сипаттайды. 
Бүгінде, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихи негізінде Абайдың эти-
калық идеялары дамып, жаңа мағынамен толығып, жаңа мәнге ие болады. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       239
руханиятының түптамыры                                   
Қазақ ойшылының адам жанын, қазақтың жанын философиялық поэзия 
үлгісінде  түсінісе  алатын  жаңа  қазақстандық  ұрпақтар  қалайтын  кемең-
герлігі мен құпия сыры осында жатқан болар. 
Абайдың этикалық идеялары әлеуметтік мәселелермен жиі ұштасып 
жататындықтан  ашық та анық сипатталады. Оның ізгілік, еңбек пен адам-
гершілік  жайлы  ойлары  біздің  кезімізде  өзекті  болып  отыр.  Профессор 
Г.Г.Ақмамбетов өзінің «Абайдың адамгершілік ілімдері» деген мазмұнды 
мақаласында: «Абайдың дәл өзі, менің көзқарасымша, қазақтардың адам-
гершілік  ілімінің  негізін  салушы.  Абайдың  философиялық-этикалық 
дүниетанымының ортасында адам, оның санасы, сезімі, ақылы мен адам-
гершілігі,  нақты  жеке  тәртібі  жатыр.  Философиялық  ой  қаншалықты 
алысқа әкетіп, жоғары самғаса да ол болмыстың – нақты, қазіргі адам жай-
лы,  қиын да айлакер сұрақтардың шешімін табу үшін күресетінін ұмыт-
пауы керек. Абайдың философиялық-этикалық ойлары бұл атаққа лайық, 
өйткені олар әрқашан адамға, оның мұқтаждығы мен ықыласына жақын» 
[35, 12 б.] деп көрсетеді. 
Абай болашақпен өмір сүрді, ертеңгі күнге қарай білді. Ол – біздің за-
мандасымыз, болашақ ұрпақтың замандасы. Ойшыл даналығы – күнделік-
ті тірліктен жоғары болып, жоғарыдан өз уақытын, өз халқын қарап оты-
ру. Өз халқының жағдайын жақсы білуі арқылы Абай біздің замандасы-
мыз бола алады. 
Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді әкелді, 
оны даму принципімен байланыстырды: ол өзінің халқы еріншектіктен, 
надандықтан  құтылып  қана  қоймай,  әлемдік  мәдениет  қазынасын  да 
игере білгенін қалады. Зердені дәріптей отырып, ол жаңа құндылықтық 
бағдарларды,  өмір  мәнін,  адам  бақытын  жаңаша  түсінуді  қалыптас-
тырды. Бірақ адамның жаңа ұстанымы Абайдың ойынша – бұл оның адам-
гершілігі, рақымдылығы, достығы, махаббаты. Сезім жақсыны жаманнан 
ажырата  біліп,  ізгілікті  басшылыққа  алады.  Мұндай  білім,  зерде  және 
сезім  арақатынасы  білімнің  сезіммен,  сеніммен,  адамның  түпкі  мәнінің 
біртұтастығымен байланысынан қорытынды шығарады. 
Абайдың Шәкәрім сияқты сөзден гөрі ойы көп, ол құдай берген ша-
бытпен, сезіммен ойын ашып көрсетеді. Оның шығармашылық бейнелері, 
философиясы  көпшілікке  көрініп  тұрғандай  ойға  қаласың.  Сонымен 
бірге  дәлділігі,  логикалығы  иррационалдық  және  тылсым  күшті  сарын-
мен үйлесім табады. Абай – нағыз ойшыл, өйткені ол тек ойлап қана қой-
майды, даналық мұратын іске асыруға тырысады. Абайдың білімді адам-
гершіліктен бөлмейтіні оның  адамгершілік ілімін шарықтата түседі. Ол 
үшін шынайы мінез-құлық – бұл адамгершілікті мінез-құлыққа жатады. 
Абай дүниетанымы терең ұлттық бағытты құрайды, ал қазақтың фи-
лософиялық  бағдарлары  оның  негізін  қалайды.  Ойшылды  өз  халқының 
болашағы мазалады, ал бұл адамгершілік жетілу мәселесі ретінде жүретін 
этикалық идеяға жетекші болған өлеңдер ұлттық идеяға салмақты, үлкен 
күш береді: 

240                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз. 
Тілеуің, өмірің алдыңда, 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі, 
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз» [36, 71 б.].
Рухани  жаңғырған  тәуелсіз  Қазақстанда  Абайдың  этикалық  идея-
лары ең жақсы ұлттық идея бола алады деп неге айтамыз? Себебі, қазақ 
философиялық  ойындағы  Абай  –  жаңа  дүниетанымның,  жаңа  дүниеге 
қатынастың,  әлемдегі  адам  мен  оның  орнының  жаңаша  түсінігінің  жар-
шысы. Қазақ ойшылын көбінесе өз замандастары түсінбеді, қабылдамады. 
Өйткені оның өз ойы мен армандарын өте алыста еді. 
Абай адам өз ісінің себебі мен мақсатын басқадан іздеген ескі дүние-
танымдық бағыттардың жарамсыз екенін, дұрыс өмір сүруге кедергі келті-
ретінін терең ұғынған. Ойшыл біздің кезімізде маңызды да өзекті болған 
қазақтар  дамыған,  білімді  халықтардың  деңгейіне  өмір  сүргісі  келеді, 
егер олармен бәсекелеске түскісі келсе, өздерін түгел өзгертуі тиіс, өзінің 
өмірін қайта қарап, жаңа дүниетанымдық бағдарлар тудыруы тиіс деген 
ойын насихаттаған. 
Қазақ философиясының өзегіне айналған Абай – қазақ халқы рухының 
жаршысы  деп  сеніммен  айтуға  болады.  Ұлы  қазақ  ойшылы  мұрасының 
философиялық  негіздеріне  ықыластың  жандануы  ұлттық  өзіндік  сана 
мен  халық  бірлігін  бекіте  түседі  деп  ойлаймыз.  Философ  жалпыға  ортақ 
лайықты  адамның  қалыптасу  шарты  білім  мен  еңбек  деп  түсінген.  Ол  өз 
шығармаларында білім қандай да бір байлыққа қол жеткізу емес, алдыңа 
қойылған мақсат – адам дамуының іргелі негізі деп пайымдаған. Абайдың 
бұл  идеялары  бүгінде  қазіргі  заманға  лайық,  ал  президенттік  «Болашақ» 
бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттерінде оқып жатқан 
бес мыңға жуық қазақстандықтар – Абай өсиеттерінің өмірде іске асу үлгісі 
деп айта аламыз. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       241
руханиятының түптамыры                                   
Абай  қазақтарды  рухани,  адамгершілікті,  білімді,  еңбекқор  халық 
ретінде көргісі келді және әрқашан «Не істеу керек?», Халықты қараңғы, 
кедейліктен қалай құтқаруға болады? Оларға ерінбеудің, ештеңе істемей, 
сайран салудың қажетсіз екендігін қалай түсіндіруге болады?  Еңбек ету-
ге қалай үйрету керек? Қалай бәсекелес бола білу керек? деген  сұрақтар 
қойып отырды. Абайдың өз замандастарына қойған бұл сұрақтары бүгінде 
өзекті, қажет, олар өткір айтылған, біздің кезімізде де қазақстандықтарды 
оятуға, өз өмірі жайлы ойлануға шақырғандай. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Орынбеков  М.С.  Духовные  основы  консолидации  казахов.  –  Алматы:  ИД 
«Аркаим», 2001. – 252 с. 
2. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 1999, – 296 с. 
3.  Ерғалиев  І.Е.,  Рысқалиев  Т.Х.  Абай  как  мыслитель  //  ҚР  ҰҒА  Хабарлары. 
Қоғамдық ғылымдар сериясы, 1995. №5. – 23-27 бб. 
4. Айтматов Ш.Т. Абай Кунанбаев и духовные ценности общемировой ци-
вилизации // Абай. Наследники. На перепутье... Алматы: Агентство «Аль-Халел», 
1995.– 103-106 с. 
5. Кекілбаев Ә. Быть сыном народа // Абай. Наследники. На перепутье... Алма-
ты: Агентство «Аль-Халел», 1995.– 108-113 с. 
6.  Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар  шежіресі.  Орынбор, 
1911. 84 б.
7. Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Алғы сөз. Шығармаларының І томдығы – М., 
Саяси баспа, 1954. – 12-33 бб.
8. Бельгер Г.К. кітабы бойынша цит.: Гете және Абай. Эссе. Алматы, Жалын, 
1989. – 104 б. 
9. Әуезов М.О. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, Ғылым. 
1988. – 368 б. 
10.  Бөкейханов  Ә.Н.  Абай  (Ибрагим)  Құнанбаев.  (Қазанама).  Батыс  Сібір 
Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбалары. 
ІІІ шығарылым, 1907. – 1-8 бб. 
11.  Ресей.  Біздің  еліміздің  толық  географиялық  сипаттамасы.  Санкт-
Петербург. 1903. 18-т. 
12. Дулатов М. Абай. «Қазақ» газеті. 1914 ж. №67. А.Н.Веселовскийдің «Шығыс 
жинағына» (1914 ж.) Абай және М.Дулатов шығармалары енді. 
13. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы, Ғылым. 1966. – 260 б. 
14. Мырзахметов М. Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы, Ғылым. 
1982. – 292 б. 
15. Қасымжанов А.Х. Әбу-Насыр Әл-Фараби. М., 1982. – 200 б. 
16. Марғұлан Ә.Х. Шығармашылық сапардың басы. Кітапта: Мұхтар Әуезов – 
совет әдебиетінің классигі. Алматы, Ғылым, 1980. –150 б. 
17. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.

242                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
18.  Потанин  Г.Н.  Қырғыздың  соңғы  ханзадасының  киіз  үйінде  (Көкше-тау 
уезіне сапардан). Уәлиханов Ш.Ш. Шығ. V томдығы. 5-т. Алматы, 1985. – 528 б. 
19. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. «Қазақ» газеті, 1913 жыл. №39, 40, 43.
20. Марғұлан Ә.Х. Еңбекпен өткен өмір. Жұлдыз, 1986. №1. – 176 б. 
21. Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы. Шығ. екі томдық толық жинағы. ІІ-том. Ал-
маты, Жазушы. 1995. – 384 б.
22. Аймауытұлы Ж. Журнал туралы. «Абай» журналы. 1918. №1. 
23. Әуезов М. Абай Құнанбаев: Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, 1967. – 391 б. 
24. Лосев А.Ф. Отан. Лит. газета. 1999 ж. 24/01, 6 б. 
25. Ғабдуллин Б. Абайдың этикалық көзқарастары. Алматы, 1970. – 104 б. 
26.  Гулыга  А.  Владимир  Сергеевич  Соловьев.  Мақала.  Литературная  газета. 
1989. 18/01. 
27.  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғы»  (1822  ж.);  «Жетісу  және  Сырдария 
облыстарын  басқарудағы  Уақытша  ережелер»  (1867  ж.);  «Далалық  Генерал-
губернаторлық басқару туралы Уақытша ереже» (1868 ж.). 
28. Уәлиханов Ш.Ш. Шығ. бес томдық жинағы. 4-т. Алматы, 1985. ҚСЭ Бас ре-
дакциясы. – 463 б.
29.  Есімов  Ғ.  Хакім  Абай  (даналық  дүниетанымы).  Алматы,  Атамұра-
Қазақстан, 1994. – 200 б.
30. Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат. Алматы, Қазақ университеті, 
2004. – 83 б.
31. Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. Алматы, Білім. 1995. – 136 с. 
32. Абдильдин Ж.М. Казахская общественная мысль – часть духовной истории 
мира // Бәйтерек, 2008, №5. – 35-41 бб. 
33.  Мұсаева  Н.Р.  Қазақ  философиясындағы  адам  мәселесі.  Филосо-
фия  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертацияның авторефераты. Алматы, 1998. – 36 б. 
34. Капышев А.Б. Национальная идея и смысл жизни // ҚР ҰҒА Хабарлары. 
Қоғамдық ғылымдар сериясы, 2005, №5. – 33-39 бб. 
35.  Ақмамбетов  Г.Ғ.  Нравственное  учение  Абая  //  ҚР  ҰҒА  Хабарлары. 
Қоғамдық ғылымдар сериясы, 1995, №5. – 11-23 бб. 
36. Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы. Шығ. екі томдық толық жинағы. І-том. Ал-
маты, Жазушы. 1995. – 336 б.
3.2. Қазақ руханилығының қалыптасуы мен дамуы аясындағы 
Шәкәрімнің этикалық мұрасы
Егер  де  философияны  тек  рационалды-логикалық  білімнің  ерекше 
тегі ретінде ғана емес, оны түпкі мағынасында, дәлірек айтқанда, ойлаудың 
анағұрлым  жалпы  формалары  арқылы  берілетін  өзіңді  тану  мен  өмірді 
игеруге деген, даналыққа деген сүйіспеншілік ретінде түсінер болсақ, онда 
Шәкәрім  Құдайбердиевті  қазақ  философиясын  бұрын-соңды  болмаған 
биікке көтерген философ және ойшыл деп атауға толық құқығымыз бар. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       243
руханиятының түптамыры                                   
Ол  өзінің  туындыларында  қазақ  халқының  ой-толғаулары  мен  арман-
аңсарларын нақты көрсете білді, өз заманы адамының өмір философия-
сын, оның болмыс, мораль, этика туралы түсініктерін шеберлікпен білдіре 
алды. 
Абайдың кемеңгерлікпен айтқан мынадай бір сөзі бар: «Өзінің шебер-
лігімен,  ой-толғамымен  және  көргенділігімен  жоғарғы  рухани  күштерді 
сезінуге дейін жеткен және міндетті түрде өз бойына сүйіспеншілік пен 
ақиқатты жинақтаған адамды ғана данышпан немесе ойшыл деп айтуға 
болады» [1, 177 б.]. Бұл сөздерді қазақ руханилығының рәміздерінің біріне 
айналған Шәкәрімге қатысты да айтуға болады. 
Қазақ халқының руханилығы оның тарихи дамуы процесі барысында 
қалыптасты. Көне философияның бастапқы кезеңдерінде адамның әлемге, 
әлемнің адамға ашықтылығы айқын аңғарылады. Көшпелі қазақ «обал жа-
сама» деген принциптен көрінетін ғарышқа деген, табиғатқа деген ерекше 
қатынасты қалыптастырды. Қоршаған әлем ол үшін тек өзі өмір сүретін 
орта ғана емес, оның ішкі «Менін», оның мәнін де білдірді. 
Осы орайда У.К.Әлжанова мен К.К.Бегалинованың мынадай қызықты 
ойын келтіруге болады: «Халықтың қаны мен тәніне еніп кеткен оның өт-
кені руханилықтың өзегін құрайды. Бірақ бұл өткен шақ адамның әлемге 
деген рухани қатынасының барлық формалары арқылы, яғни халық эпо-
сында,  жыраулар  мен  ақындардың,  философтар  мен  саясаткерлердің 
шығармашылығында,  қазақтың  ұлттық  идеясында  бейнелене  және  өзге-
рістерге  ұшырай  отырып,  халықтың  бүкіл  тарихының  сүзгісінен  өтеді. 
Адам мен адам қатынасы ретіндегі адам мен әлемнің өзара қатынастарын 
айқындайтын  дәл  осы  ұлттық  идея  өткен  мен  бүгінді  жалғастыратын 
және бүгін сол арқылы келешекке ұмтылыс іске асатын көпірдің немесе 
арқанның қызметін атқарады» [2, 25 б.]. 
Бұл  тұрғыдан  алғанда  Шәкәрімнің  философиясы  бүгінгі  күні  өзінің 
рухани болмысында халықтың санғасырлық тарихында ең ізгі мұраларды 
сақтап қалған және әлемді өзгертпес бұрын, алдымен өзіңді өзгерт деген 
принциппен өмір сүретін субъект, болашақтың белсенді субъекті болуға 
септігін тигізетін жаңашылдықты қалыптастыра алатын қазақ халқының 
келешекке ұмтылысында маңызды орын алады. 
Абайдың ізбасары ретінде Шәкәрімнің философиялық көзқарастары-
ның түп-төркінін талдай отырып, оның идеялық қайнар көздері – бұл ежел-
гі  түркі  мәдениеті,  қазақтардың  халық  ауыз  әдебиеті,  көпғасырлық  тари-
хы бар Шығыс мәдениеті мен сопылық дәстүр, сондай-ақ орыс мәдениеті 
арқылы, өз қайнарларында антикалық дәуірден бастау алатын батыс еуро-
палық мәдениет екендігін кесіп айтуға болады. Ол өзінің «Жасымнан жетік 
білдім...» деген өлеңінде өз дүниетанымының үш қайнар көзін көрсетеді: 
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін, 
Сол тілге аударылған барлық білім. 
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, 

244                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жарқырап қараңғыдан туып күнім. 
Оятқан мені ерте – Шығыс жыры
Айнадай айқын болды әлем сыры. 
Талпынып орыс тілін үйренумен 
Надандықтың тазарып кетті кірі» [3, 143 б].
Сабақтастықтың бұл бағыттарын – түркі мәдениетін, Шығыстың рухани 
мәдениетін және орыс мәдениетін – Шәкәрім өз ұстаздарын атап шығатын, 
өзінің  «Түркі,  қырғыз,  қазақ  һәм  хан  әулеттерінің  шежіресі»  еңбегінде 
көрсетіп береді. Ол атасы Құнанбайдың арқасында түркі жазуы мен орыс 
хатын  білгендігін  атап  өтеді.  «Кейінірек,  –  деп  жазады  Шәкәрім,  –  менің 
ұстазым... Абай болды. Ол өте сирек талант пен ақылдың адамы, мұсылман 
және орыс ғылымдарының құдай дарын берген танымал білгірі еді». Балауса 
шағымнан бастап, онан сабақ алдым, мен оның және өзге жазушылардың 
жазған  қолжазбалары  мен  кітаптарын  оқыдым...  ғылымның  шапағатымен 
нұрландым... Онан кейін менің ұстазым әрі тәлімгерім «Тәржиман» газетінің 
редакторы Ысмағұл Гаспринский болды» [4, 84 б.]. 
Шындығында,  Шәкәрімнің  өзіне  дейінгі  және  өз  замандастарының 
жеткен жетістіктерін игеруге, өз бойына сіңіруге, өңдеуге және түйіндеуге 
деген құдіретті дарыны болғандығы даусыз. Әр замандағы және әртүрлі  
халықтардың  әрқилы  философиялық  ілімдерімен  таныса  отырып,  ол 
ең  алдымен,  өз  дүниетанымына,  өзінің  рухани  ойлау  дүниесіне  жақын 
нәрселерді  алды,  яғни  оларды  өзінің  қуатты  шығармашылық  рухының 
сынынан қорытып шығады. Осыдан Г.Гейненің мынадай ойы еске түседі: 
«Ұлы  кемеңгер  өзге  ұлы  кемеңгердің  көмегімен,  тек  ассимиляция  (сіңі-
рілу)  арқылы  ғана  емес,  үйкелістің  нәтижесінде  ғана  қалыптасады.  Ал-
мазды алмаз ғана жылтырата алады. Сол сияқты Декарттың философия-
сы  Спинозаның  философиясын  тудырған  жоқ,  тек  оның  пайда  болуына 
ықпал етті» [5, 64 б.]. 
Шәкәрім өзге тілдерді білмеген өзінің тілі туралы да ештеңе білмейді 
деген сенімде болды. Ойшыл өзінің ана тілінен басқа, түрік, араб, парсы 
тілдерін үйренді, орыс тілін толық меңгерді, яғни нақты бес мәдениеттің 
тоқайласқан  тұсында  тұрды.  Ол  Пушкинді,  Лермонтовты,  Толстойды, 
Салтыков-Щедринді,  Омар  Хайямды,  Хафизді,  Рудакиды  және  көптеген 
өзгелерін түпнұсқадан оқыды. Шәкәрім «Дубровский» және «Метель» (Да-
уыл) шығармаларын өлең түрінде қазақ тіліне аударды. 
Қазақ ойшылының Лев Толстоймен хат алысып тұрғаны белгілі, сон-
дай-ақ  Шәкәрімнің  Ясная  Полянада  (Ашық  Алаңқай,  Толстойдың  тұрған 
жері)  өткен  ұлы  орыс  жазушысының  80-жылдық  мерейтойына  қазақтар-
дың арасынан жалғыз өзі барғандығы туралы мәлімет бар. Шәкәрімнің өз 
шығармашылығында Л.Толстойға деген ерекше қатынасы туралы жазған-
дығын, өзін ұлы орыс жазушысы мен ойшылының шәкірті санағанын атап 
өту керек. Оның мынадай өлең шумағына сілтеме жасауға болады: 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       245
руханиятының түптамыры                                   
«Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. 
Жанымен сүйді әділет ардың жолын, 
Сондықтан ол иесі терең ойдың» [3, 143-144 бб.]. 
Адамзат өмір сүруі мен дамуының кеңістігі ретіндегі жаратушы ту-
ралы, діни сенім туралы екі ойшылдың да толғаныстары таң қаларлық-
тай  қиюласады  және  терең  идеялық  үндестікке  ие  болып  келеді.  Осы 
мәселеге арнайы мақала жазған зерттеуші-шығыстанушы Ғалым Боқаш 
Шәкәрім  мен  Толстойдың  рухани  жақындастығы  мәселесін  салмақты 
түрде талдайды [6].
Екі ойшыл да адамдарды өз рухтарында анағұрлым асқақ және текті 
игіліктерді  қалыптастыруға  шақырды  және  адамның  ар-ұяты,  абыройы, 
әділдігі, оның жүріс-тұрысы мен қылықтарының этикалық нормасы және 
әлемге деген рухани-адамгершілік қатынасының квинтэссенциясы ретін-
де көрінеді деп пайымдады. Бұл ойшыл – гуманистердің пікірінше, ар-ұят 
адамның ақиқатқа ұмтылысынан туындайды және адамнан, ең алдымен, 
әділеттілікті, өз міндеттеріне деген адалдықты, сондай-ақ атқарған ісінің 
дұрыстығына деген ішкі сенімді талап етеді. 
Құдай  мен  жан  туралы,  рух  пен  тән  туралы  пайымдай  отырып, 
Л.Н.Толстой былай деп жазады: «...Жан туралы мен бір нәрсені білемін: 
жан  құдайға  жақындықты  қалайды.  Кім  ой  толғауға  машықтанса,  оның 
сенімге кіруі қиын, ал Құдаймен тек сенім арқылы ғана тұруға болады. Тән 
рухтың бағынышты иті болуы тиіс, рух оны қайда жұмсаса, солай жүгіріп 
кетеді. Ал біз қалай өмір сүреміз? Тән долданады, құтырады, ал рух бей-
шара  әрі  аянышты  күйде  оның  артынан  зорға  үлгереді  [6].  Шәкәрімнің 
төмендегі шумағы орыс ойшылы Толстоймен рухани тұрғыда үндес және 
өте жақын: 
«... Әлемді мен билесем, 
Зұлымдықты сүймесем,
Залымды ұндай илесем, 
Нәпсі болса, маған құл» [3,186 б.].
Шәкәрімнің  қазақтардың  тағдыры  туралы  толғана  отырып,  елдің 
шығыс және батыс самалдарынан қиылысында орналасуының маңызды-
лығын мойындайтыны еш күмән туғызбайды, сондай-ақ ол Шығыс және 
Батыс даналықтары арасында дұшпан және қарсы күштерді емес, арасын-
да өмір біте қайнасып жататын полюстерді көреді. Ойшыл қазақ халқы-
ның терең толғаныстары мен көңіл-күйлерін білдіре отырып, өз көзқарас-
тарында Шығыс пен Батыс идеяларының синтезін біріктіреді. 
Шәкәрімнің Шығыс пен Батыстың рухани құндылықтарын игеру про-
цесі туралы айтқанда, мұның тек поэзиялық және философиялық қайнар 
көздердің қазақ мәдениеті жағдайына (бұл кезде олардың көпшілігі қазақ 

246                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал