Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет31/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       231
руханиятының түптамыры                                   
Абай адамның рақымды болуы оның көр азабынан қорыққандығына 
байланысты емес, оның өз қылықтары үшін ар алдында, ақыл-ойы, өзін 
қоршаған адамдар алдында жауапкершілігін сезінуімен деп есептейді.
Абайдың этикалық тұжырымдамаларында «еңбек» ұғымының айрық-
ша орны бар, өйткені қазақтың ойшыл-ақынының еңбектің адам өмірін-
дегі мәні туралы айтылмайтын шығармасы жоқ деп әсірелеусіз айта ала-
мыз. Еңбек әрекетін Абай адамның рухани, ақыл-ойының калыптасуының 
негізі деп есептеді: «Ақыл, ғылым – бұлар – кәсіби» [21, 219 б.]. Ол сонымен 
қатар, еңбек адам жанын түлетеді, ал еңбектен алыс жүретін жалқауларда 
жаман әдеттерге бейімділіктер көп кездесетінін келтіреді. «Еріншектік – 
күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, 
кедейлік – бәрі осыдан шығады» деп жазады «Ғақлиясында» [21, 207 б.].
Еңбек,  халық  атына  еңбек  ету  –  адамның  мінез-құлқы  мен  іс-әре-
кеттерінің  өлшемі,  ең  жоғарғы  игілікті  іс  деп  сенеді  ойшыл.  Халыққа 
қызмет ету идеясы, өз мүддесінен халық мүддесінің басымдылығы Абай 
шығармашылығының арқауы болып өтті.
Адамның қалыптасу процесінде тәрбиенің, қоршаған ортаның рөлі-
не  үлкен  мән  бере  отырып,  Абай  өзін-өзі  тәрбиелеумен  айналысудың 
қажеттілігі  туралы  ойды  баса  айтады.  Адам  өз-өзіне  басқаша  көзбен 
қарауға, өзіндік талдау, өзіндік баға беру, өзіндік бақылау қажеттілігі ту-
ралы есте сақтауға тиіс. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, 
күнінде  бір  мәртебе,  болмаса  жұмасында  бір,  ең  болмаса,  айында  бір, 
өзіңнен  өзің  есеп  ал!  Сол  алдыңғы  есеп  алғаннан  бергі  өміріңді  қалай 
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің 
өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің 
де білмей қалыппысың?» деген тоқтамға келеді қазақ ойшылы [21, 151 б.]. 
Жоғарыда тоқталып өткендей, Абайда адамды қандай да бір әрекеттер 
жасауға  итермелейтін  қажеттіліктерді  қанағаттандырудан  туатын  жағдай-
лар деп атап кеттік. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандырудың да шегі бар, 
оның өз мөлшері бар деп есептейді ойшыл: «әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі 
бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бұл үлкен керек іс... 
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, 
мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де 
өлшеуі бар» [21, 222 б.]. Бірақ мөлшерді қалай білеміз? Ұятты сезіну, арлы-
лық адамды парасаттылық пен асып-таспаудың жолында ұстап тұрады де-
генге тоқталады Абай. Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев 
пен  Абайдың  ұят  туралы  ой-пікірлерінің  соншалық  күтпеген  үңдестігіне 
таңданушылықпен  назар  аударғымыз  келеді.  Вл.  Соловьев  ұят  сезімі,  ұят 
дегеннің  өзі  жалпы  адамдықтың,  моралъдық  маңызды  бірінші  элементі 
деп  есептеген,  ұятты  мінез-құлықтың  айрықша  реттеушісі  дей  келіп,  Де-
карт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін». 
«Ұятты  жоғалту»,  яғни  «адамдықты  жою»  деген  байламға  келеді  орыс 
философы [26]. Ал Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сөзінде осы ұғымды 
толық талдай келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы» [21, 

232                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
182 б.] дейді. «Ғақлияның» он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой 
қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі 
үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кеткен 
кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?» [21, 149 б.]. Екі ойшылдың идеяларында-
ғы  мұндай айқын үндестіктің, этикалық идеялардың мұндай жаңғырығын 
түсіндіру  қиын.  Абайдың  Вл.Соловьев  еңбектерімен  таныс  болды  деген 
ұйғарымға  келуге  болады,  себебі  олар  Ресейде  көптеген  журналдарда 
жарияланған,  кеңінен  танымал  болды,  ал  Абай  бай  кітап  қорымен  әйгілі 
Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болғаны жұртшылыққа белгілі.
Ж. Аймауытұлы «Абай» журналында жарияланған жоғарыда аталған 
мақаласында, қазақ ағартушысының этикалық қағидаларына байланысты 
былай деп жазады: «Шеберлікті меңгер», оқы, еңбек ет, тәрбиелі бол, адам 
бол,  шамаңды  парықтай  біл  деп  Абай  табаңдылықпен  қайталайды.  Ол 
халқының  қамын  ойлады,  адамдық  атына  қызмет  етуге,  адамды  туысын-
дай сүюге шақырды» [22]. Ж. Аймауытұлы сондай-ақ Абайға «дананың көре-
гендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол 
өмір бойы «жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды» [22].
Біздің  көзқарасымызда  жазушы  Абайдың  этикасының  негізгі  өсиет-
терін талғампаздықпен өте дәл айқындады, оның өн бойында адамға деген 
гуманистік идеялар тұнып жатқан болатын.
Абай ғұмыр бойына адамдық идеяларын ұсынды, ол адамды шыққан 
тегіне,  қоғамдағы  дәрежесіне,  ақсүйектігі  мен  байлығына  қарап  бағала-
мауға; адамның адамдарға жасаған жақсылығына, оны рухани дүниесіне 
қарап бағалауға үңдеді, рухани қасиеттер – адам өміріндегі басты нәрсе 
деп  есептеді.  Нұрлы  ақыл  мен  ойлы  жүрек  адамды  бастап  жүруге  тиіс, 
сонда ғана оның еңбегі мағыналы, ауқаттылығы орынды. Ол адамның ішкі 
әлемі  әрқашан  даму  үстінде  болатынын  байқап,  өзінің  негізгі  этикалық 
принципі «Адам бол!» дегенді имандылықтың жетілуі тұрғысынан түсінді.
Басқа да ағартушылар секілді Абай да қоғамның жақсаруына иман-
дылықты жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп, ал оның жоғарғы 
міндетін халық игілігіне жарауға ұмтылу деп білді.
Ойшыл-ақынның  этикалық  идеасы эстетикасымен тығыз  өріліп жа-
тыр. Абайда имандылықты жетілдіру – бұл этика мен эстетиканың бірлігі, 
ол белгілі бір эстетикалық құндылыққа ие. Ол үйлесімді тұтастықты іздеу-
ді  өнер,  сөз,  поэзия  арқылы  жүргізеді,  тірліктің  күйкілігін  эстетикалық 
тәрбие жолымен жеңуге, шындық өмірмен байланыстағы сөз құдіретімен 
адамдарға әсерін тигізуге әрекет етеді. Өз поэзиясының өмірлік негізі жай-
лы  былай  деп  жазады:  Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін,  жоқ-барды 
ертегіні термек үшін» [21, 126 б.]. Абай поэзияның мазмұнына, өлеңдердегі 
ойға үлкен мән берді: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың 
бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер 
қай баласы?» [21,90 б.].
Абайдың жанға жақын идеяларының бірі адамды табиғатқа жақын-
дату: адам мен табиғат, табиғат пен махаббат, табиғат пен өмір, табиғат 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       233
руханиятының түптамыры                                   
және өнер оның поэзиясының сүйікті тақырыптары болды. Абай шығар-
машылығында нақтылы пейзаждық, лирика көлемі аса көп емес, барлығы 
бірнеше өлеңдер: «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», 
«Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры» және басқалар. Дегенмен 
бұл  шығармалардың  Абай  шығармашылығында  алар  орны  салыстыр-
малы  түрде  ерекше,  өйткені  бұл  өлеңдерде  қазақ  даласындағы  жылдың 
төрт мезгілі толығымен суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың көркемдігі 
айшықталып,  ақынның  дүниеге  көзқарасы,  оның  идеялық-көркемдік 
кредосы,  оның  көшпелі  өмір  жағдайындағы  әлеуметтік  проблемаларды 
түсінуі,  адамды  түсінуі  тұтастай  көз  алдымызға  келеді.  «Оның  жылдың 
төрт мезгіліне /көктем, жаз, күз және қыс/ арналған ғажап өлеңдері Еуро-
паның көрнекті ақындарының өлеңдерімен қатар тұрар еді» деп жазады 
Ә. Бөкейханов [10, 8 б.]. 
Абай  үшін  табиғат  өзгеріссіз  материалды,  нақты,  тамаша  әрі  адам-
мен,  әлеуметтік  ортасымен  тығыз  байланысты.  Ол  нақтылы  шындықты 
ақын көзімен қабылдайды, яғни оны әсемдіктің тұлғасы ретінде ұғынады, 
«Әсемдік – бұл өмірі!» деген Н.Г.Чернышевскийдің еңбектерімен «Совре-
менник» журналы арқылы танысқан соң, Абай да оның бұл эстетикалық 
принципімен келісер еді. Абай өзінің «Адамның кейбір кездері» өлеңінде: 
«Ызалы  жүрек,  долы  қол,  Улы  сия,  Ащы  тіл.  Не  жазып  кетсе,  жайы 
сол, Жек көрсеңдер өзің біл» [21, 257 б.] деп Н.Г.Чернышевскийдің эсте-
тикалық  идеяларының  әсерінсіз  жазбауы  мүмкін  емес.  М.О.Әуезовтің: 
«Чернышевскийдің  диссертациясының  тек  қана  он  жетінші  тезисіндегі 
өнердің  туындылары  өмірді  түсіндіріп  және  болмысқа  үкім  шығаруға 
тиісті деуі қазақ классигінің дүниетанымындағы көп нәрсені айқындады» 
деп жазуы дәл шындықты көрсетеді [23, 353 б.]. 
Абай  эстетикалык  көзқарастарына,  оның  қазақтың  қоғамдық  ой-
санасындағы  сұлулықты,  әсемдікті  жаңаша  түсінуіне,  қоғам  өміріндегі 
өнердің орнын білуге жалпы орыстың қоғамдық-философиялық ойы, орыс 
революцияшыл демократтарының эстетикасы үлкен ықпалын тигізді.
Біз  жоғарыда,  Абайдың  ақындық  өнерге,  поэтикалық  шығармашы-
лыққа, өнердің қоғам өміріндегі орнына көзқарастарында төңкеріс жасау-
ға әсер еткен Семейдегі жер аударылушылармен қарым-қатынасы деп атап 
өттік, бұл түсініктер /сол кездегі қазақ қоғамдық ойында үстемдік еткен/ 
бойынша, өлең, ән, музыка шығару – жарамсақ ақындардың өзіне нан таба-
тын үлесі деп бағаланатын. Абай мұнан кейін – өзін сол кездегі дала аристо-
кратиясы жек көретін ақын деп атаудан қорынбады, ал поэтикалық өнерге 
құрметпен қарады. Ол шайырлық және философиялық шығармашылық 
жолына түсе отырып, өнерді бай-шонжарлардан сый-сияпат алу құралына 
айналдырып,  сонысымен  өнердің  биік  атағын  төмендеткен,  алтын  сөзді 
мысқа айналдырған қазақ ақындарын әшкерелеген көптеген өлең жолда-
рын жарыққа шығарды.
Абай жасөспірім шағынан бастап өз дәуірінің бел ортасында болды, 
дәуірдің  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы  оның  әлеуметтек-саяси  қөзқа-

234                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
расында,  көркем  шығармашылығында  және  іс-әрекетінде  айқын  әрі  дәл 
көрінді.  Абай  өзінің  көрнекті  рухани  сапарын  ерте  сезінді  және  де  биік 
міндетіне қатысты қателеспеді деп ойлаймыз.
Абайдың  ертерек  жазылған  шығармаларында  бой  көрсеткен  әлеу-
меттік және азаматтық арқаулар, кейін оның шығармашылығында алдың-
ғы орынға шықты. Ол қоғамдық құрылыс, сайлау жүйесі /патшалық рефор-
маға сәйкес енгізілген/, билер соты құрылымының мәселелеріне баса на-
зар  аударды.  Қазақ  ойшылы  өз  заманының  феодалдық-патриархалдық 
қоғамының ұнамсыз жақтарын қоғамды феодалдық топтарға бөліп таста-
уынан, халықтың күшін бөлшектеуінен көрді. Абай шығармашылығының 
арқауына айналған ой – ру, тайпа арасындағы жанжал, дау-дамай, алауыз-
дықты  жою  қажеттілігі,  ұлттық  сананың  дамуына  ықпал  ететін  ұлттық 
бірлікті нығайту еді.
Өзін ешқашан иектен арғыны көрмейтін рулық мүдделермен шек-
темеген  Абай,  шын  мәнінде  халық  ақыны  ретіңде  сезінді.  Әрқашан 
болашағын ойлаған ақын қазақ халқын бірлікте, бірегейлікте болғанын 
тіледі, ол қазақтардың бірлігін өз бойына рухани өмір мен тіл саласын-
да сіңіре білді. Ол: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» [21, 48 б.], – 
деп жан айқайын білдіреді... Өз халқын шексіз сүйген, оның тағдырына 
қандастық  ортақтастығын  сезінген  Абай  ол  туралы  тура,  аяусыз  сөз 
найзасымен  түйрей  айтады.  Диалектикалық  тұрғыдан  бұл  түсінікті 
әрі ұғынықты. Лермонтов «жұмбақ» деп атаған махаббат осы болатын: 
«Мен Отанымды сүйемін, бірақ мендегі махаббат жұмбақ»... Жұмбақтық 
өз  халқын:  игілікті,  биік,  жоғары  мақсаттар  мен  идеалдарға  ұмтылған 
биіктен көргісі келген, үлкен тілектен туындап жатады деген ой түйеміз. 
Абайдан басқа ешбір адам, дәл осылайша, қазақтар бойындағы ұнамсыз 
қылықтарды,  қазақ  қоғамындағы  теріс  құбылыстарды  аяусыз,  уытты 
сөзбен әшкерелеген емес.
Қазақ ойшылы патша үкіметінің реформасына сәйкес енгізілген  сай-
лау жүйесіне баса назар аударады [27]. Сайлау жүйесін сынауда Абайдың 
көзқарасы Ш.Уәлихановтың «Сот реформалары туралы жазбаларындағы» 
пікірлерімен  үндесіп  жатады:...  «біздегі,  даладағы  сайлаулар  қазіргі 
уақытта рулық тұрмыс заңы әсерімен рулық алауыздықтармен шектелу-
де  және  бай  қырғыздардың  /қазақтардың  –  Авт./  даңғойлығын  қанағат-
тандыруға қызмет етіп, әрі лай суда балық аулауды жетік меңгерген орыс 
чиновниктерінің  баюына  жағдай  жасауда»  [28].  Абай  да  осы  бір  сайлау 
жүйесін  кесірлі  деп  санайды,  өйткені  ол  рулар  арасындағы  жанжалды 
күшейтеді, жаңа жағдайда мансап үшін күресті күшейтіп, даукестік пен 
парақорлықты туғызды.
Сот құрылымы туралы мәселеде қазақ ойшылы мерзімсіз сайланатын 
билерді /қазылар/ дұрыс деп табады. Ол билер саны жұп болмау керек деп 
есептейді, себебі «Би екеу болса, дау төртеу болады» [21, 133 б]. Қазақтар 
үшін қоғамдық ұйымның ең тәуір түрін іздеуде Абай таза рулық басқару 
тәжірибесін қолайлайды, ол былай деп жазады: «ол заманда ел басы, топ 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       235
руханиятының түптамыры                                   
басы деген кісілер болады екен. Көш – қонды болса, дау – жанжалды бол-
са, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің ша-
руасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай 
бітірсе,  халық  та  оны  сынамақ,  бірден  бірге  жүгірмек  болмайды  екен» 
[21, 213 б]. Халық өз басшыларының соңынан ерді, өз табынушыларының 
кемшіліктерін көрмеді, олардың көрегендігін мадақтады, оларды құдайдай 
көрді,  халықтың  өзі  де  жақсы  бола  түсті  деп  есептейді  Абай.  Бұлайша 
болғанда: «бәрі де өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде 
жоқ  болмаса,  солардың  қамын  жемей  қайтеді?»  деп  риторикалық  сұрау 
қояды қазақ ойшылы.
Абай  рулық  басқаруды  көтермелей  көрсетеді,  дегенмен  кейбір  тұс-
тарда оның айтқандары дұрысқа келеді. Өнегелілік тұрғысынан келгеңде, 
ру  басы  рулық  қоғамда  халыққа  әлдеқайда  жақын  болды,  оның  мүше-
лерінің қамын ойлап, феодалдық қоғаммен салыстырғанда, олардың ар-
ожданына құрметпен қарады.
Рулық басқаруды көтермелей көрсетсе де, Абай оның кемшіліктерін 
көре білді. Бұрынғы «елбасы» мен топбасының кемшілігі олардың «білі-
мінің болмауы» деген тоқтамға келеді. Ол күшті, ақылды, оқыған әрі бай 
билеушінің ру арасындағы алауыздықты жоюға қабілеті жетеді, халықты 
әлеуметтік өрлеу жолымен алып жүреді деген терең сенімде болды. Фео-
далдық бытыраңқылықтан орталықтандырылған мемлекетке өту кезеңін-
де күшті де ақылды жеке адамға сену көптеген ойшылдарға тән болғаны 
бізге  белгілі,  бұл  салада  Абай  көзқарастары  жаңалық  емес,  бірақ  олар 
қазақ даласында жаңаша естілді. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа 
өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген 
кім? Ол – көп, ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» [21, 183 б] 
дейді Абай 1896 жылы «Ғақлияның» отыз жетінші сөзінде.
Күшті  тұлғаның  әрекет  етуіне  жағдайлардың  жоқ  екеңдігін  ескере 
отырып,  бірақ  та  өз  идеяларынан  бас  тартпай,  қазақтың  ойшыл-ақыны 
халыққа қолайлы және қазақтың болмысына оңтайлы әлеуметтік жаңару 
жолын  іздейді  және  әлеуметтік  өсу  /өрлеу/  адамның  қоршаған  дүниені 
тануына және бұл танымның адамдардың іс-әрекеттерінде жүзеге асуына 
тікелей байланысты деп біледі. 
Абай адам үшін ұлы бақыт халықтың қайғы-қасіреті мен ауыртпалы-
ғын жеңілдету деп біледі, оның жоғары міндетін адамдарға зор пайда әке-
лу деп бағалайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның 
бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген 
құлының бірі боласың» [21, 183 б.] деп жазды қазақ ойшылы. Абай өзінің 
бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық игіліктерге, ақиқат адамдық 
болмысты  іздеуге,  адамға  лайық  өмірге  ұмтылуға  сарп  етсе,  сондай-ақ 
оның  ізбасарлары  –  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Әлихан  Бөкейханов,  Ах-
мет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек 
Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеген, 
оның ісін жалғастырушылар болды.

236                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Олардың  шығармашылық  мұраларына  талдау  жасау  –  бұл  ойшыл-
дардың  көптеген  мәселелерді  мүлде  тереңнен  қозғағанын,  ал  олардың 
ұсынған ой-толғамдарының бағасын бүгінгі күні ғана нақтылай бағамдауға 
болатынын көрсетеді. Мәніне жете үңіле қарасақ, олардың өз заманынан 
оза туғандығын сеземіз, себебі қазіргі кезеңде олардың бұдан жетпіс-сексен 
жыл  бұрын  айтып  кеткен  проблемаларын  шешу  үстіндеміз.  Абайдың 
ізбасарлары  қазақ  фольклорына,  Шығысқа,  Ресей  мен  Батыстың  рухани 
мәдениетіне бет бұруды тоқтатқан жоқ, өз көзқарастарында Шығыс пен 
Батысты  ұластыра  отырып,  олар  Абайдың  поэтикалық  дәстүрлерінің, 
оның руханилық, философиялық, этикалық, эстетикалық қағидаларының 
толыққанды жалғастырушылары, мирасқорлары болды. Абай секілді олар 
да өз шығармаларында адами тіршіліктің бірлі-жарым фактісін өмір ту-
ралы тұтастай философиялық жинақтау сатысына дейін жеткізді, ал адам 
проблемасы  олар  үшін  өзекті  мәселеге  айналды,  осыны  шешу  арқылы 
басқа да мәселелерге жауап табуға ұмтылды.
Абайдың шәкірттері, оның идеяларының өзіне тартар әсерімен рух-
танып,  ұлы  қазақ  философ-ақынының  шығармашылығының  желісін  құ-
раған  әсемдікке,  сұлулыққа  ұмтылды,  әсіресе  оның  мәңгілікке,  өмірдің 
мәнін  іздеуге  құрылған,  адам  қасиетінің  биіктеуіне  бағытталған  оның  ой-
толғамдарының құрылымын айрықша бағалады. «Талабым, таяғым, жіге-
рім, азығым, маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазығым...», деп шын ниеті-
мен жазады Жүсіпбек Аймауытұлы 1918 жылы «Абай» журналында [22].
Абай  шығармашылығының,  адамшылық  жаңғырық-үні,  оның  тар-
тымдылығы мен жоғары құндылығы – оның адамды жаңарту жолдарын 
іздеуде, оның рухани дүниесін байытуға ұмтылысында, оның күш-жігері 
мен  қабілетіне  сене  отырып,  жетілдіруге  жағдай  жасауға  талпынуында 
жатыр.  Абай,  адам  дүниенің  жиынтығы,  жаратылыстың  шыңы,  қоғам-
ның  негізі  мен  тамыры  деген  ұйғарым  жасады.  Оның  әділдік  идеалын, 
имандылық  талаптарын  қалыптастыруға  үндеп,  әрбір  адамға  арнаған 
«Адам  бол!»  деген  қағидасының  мәні  күні  бүгінге  дейін  көкейкестілігін 
жоғалтпаған.
Абай идеяларының дәл осы өзектілігі мен қажеттілігі қазіргі уақытта 
сегіз  мыңнан  аса  атауларды  құрайтын  Абай  туралы  орасан  зор  әдебиетті 
өмірге әкелді. Бұл ұлы ақын-философқа деген қызығушылықтың кеңдігі 
мен  тереңдігін  ғана  білдіріп  қоймай,  Абайдың  өз  заманының  айнасы 
болғандықтан  және  бұл  айнаға  зер  салмай  қазақ  халқының  тарихын  да, 
дәстүрін де, идеялық ұмтылысын да, өткені мен болашағын да танудың, 
ұғынудың  мүмкін  еместігімен  сипатталатын  белгілі  бір  заңдылықты 
түсінуден хабар беретін тәрізді. 
М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  пен  өнер  институтының  абайтану 
бөлімінің  мәліметтерінше,  соңғы  жылдары,  әсіресе  ұлы  ойшылдың  150- 
жылдық  мерейтойы  қарсаңында  Абайдың  шығармашылық  мұрасына 
қатысты  30-дан  аса  монографиялар  жарияланған.  Олардың  арасынан 
Абайдың  философиялық  көзқарастарын  зерттеу  саласында  жазылған 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       237
руханиятының түптамыры                                   
Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» [29] және «Абай туралы философиялық 
трактат» [30] деп аталатын еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бұл шы-
ғармаларда  автор  ойшылдың  дүниетанымының  кеңейтілген  картинасын 
ашып беріп, терең талдау жүргізеді. Сондай-ақ М.Орынбековтің «Абайдың 
философиялық көзқарастары» [31] атты монографиясында айта кету керек. 
Біздің  пікірімізше,  таяуда  ғылым  ретінде  100  жыл  толған  абайтану 
саласындағы зерттеулер болашақта одан ары белсенді түрде жалғаса бе-
реді, өйткені Абай – сарқылмас рухани қазына және қазақ философиялық 
ойының ең биік шыңы, ал абайтанушылардың әрбір жаңа буыны ұлы ой-
шыл  –  философтың  шығармасынан  қазіргі  заман  мен  адамның  рухани 
әлемін терең түсінуге септігін тигізетін нәрсені табады.
Қазақ мәдениетінің және философиясының маңызды ерекшелігі әлем-
ді  тұтас  қабылдау  деп  есептейміз,  сонымен  бірге  көбінесе  сезімдік  фило-
софиялық-көркем ұғым көп жағдайда рационалды ойлаудан кем түспейді, 
кейбір жағдайда оны басып озып, аса өнімді болады. Шындыққа рухани-
практикалық  тәсілмен  енетін  және  объективті  ақиқатқа  өзінің  ерекше 
құралымен  кіретін  әлемді  философиялық-көркем  игеру  өзінше  қазіргі 
адамдардың дүниетанымдық және рухани пайымын күйзеліс жағдайында 
шешетін философиялық-этикалық мәселелердің кең бағалайды. 
Өкінішке орай, адам өзінің рухани баюын ойлауды қойды, өз қылық-
тарының адамгершіліктік түпкі мәнін елемейтін болды. Мұндай рақымшы-
лық, көпшілік, жауапкершілік, игілікті іске жұмылу сияқты жоғары адам-
гершілікті  көріністер  екінші  орынға  қалады.  Әлеуметтік-экономикалық, 
саяси және мәдени ықпалдар нәтижесінде жеке адамға да, қоғамға да әсер 
ететін  өзгерістер  болады.  Дәл  адамгершілікті  бағдардың  жоқтығы,  рухани 
мәдениет деңгейінің төмендеуі – бұл бүгінде әлемде кездесетін шындық. 
Мұндай  жағдайда  тек  пайдаланып  қоймай,  жасауға,  тудыруға  қабі-
летті жоғары адамгершілікті, рухани бай адамды тәрбиелеу маңызды бола 
түседі. Қоғамдық дамудың мәні мен мақсаты толық, шығармашылық өмір 
сүріп, әрбір адамның мүмкіндігін кеңейтуден тұрады.
Біздің көзқарасымызша, бұл мәселе қазіргі заман адамында үздіксіз 
рухани-адамгершіліктік даму бағдары жоқтығымен қорытылады. Қазіргі 
бүкіл  әлемді  жайлаған  жаһандану  жағдайында,  нарық  апаты  қатынас-
тардың жалпылығына әкеліп, уәж бен әсерді бір қалыпқа түсіреді, адам 
өміріндегі шығармашылық бастаудың жұтаңдануына әкеледі. «Жүйелен-
ген,  біртекті,  бірполюсті  адам  болу  мүмкін  ыңғайлы  шығар,  бірақ  ро-
боттан  кем  емес,  –  дейді  академик  Ж.М.  Әбділдин,  –  Қазіргі  жаһандану 
дерексіз бірегейленуге әкелмеуі керек. Мұндай жағдайда бұл ұлы шегініс 
болады... Бірігуге тырысып, бөтен тәжірибені, технологияны, білімді пай-
далануға, бәсекеге қабілетті болу керек – сонымен бірге өз бейнеңді ешқа-
шан жоғалтпау керек» [32, 41 б.]. 
Шындығында, қандай бірегейлену болмасын қауіпті, себебі, ол бұрма-
лайды,  ал  негізінен  дамуға  мүмкіндігі  бар  ұлттық  мәдениеттің  көптеген 
түрін жойып жібереді. 

238                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал